UF

Тақырыбы: Ортағасырлық мемлекеттер (Х-ХІІғғ.)

 

1.Қыпшақтар

2.Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.)

3.Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.)

4.Найман мен Керей ұлыстары

 

Қыпшақтар Қыпшақ этнонимі алғаш рет VІІ ғасырда кездеседі. Қыпшақтар Шығыс Қазақстан өңірін, Ертістің жағасын және Алтай тау-ларын мекендеген. ҮІІІ ғасырда Қимақ қағанатына тәуелді болған қыпшақтар ХІ ғасырда қимақтардың барлық жерлеріне иелік етеді. Өйткені ХІ ғасырда қимақ қағанаты құлайды. Қыпшақтар Каспийден Сырдарияға дейінгі жерлерді басып алады. ХІ-ХІІ ғасырларда Орта Азиядағы түркі тілдес тайпалардың ішінде халқы көбі осы қыпшақтар болды. Оғыздарды Сыр, Арал, Каспий бойынан қыпшақтар ығыстырды. ХІ ғасырдың екінші ширегінен бастап жазба деректерде “Оғыздар даласы” Дешті Қыпшақ деп атала бастады. Ал, орыс жылнамаларында қыпшақтарды “половецтер” деп атаған. Сондай-ақ, қыпшақ мемлекеті араб деректерінде “Дешті Қыпшақ қағанаты” деп аталынды. Хандықта билік әкеден балаға мұрагерлікпен беріліп отырды. Хандық биліктің орталығы “Орда” деп аталды. Әскери басқару жүйесі оң және сол қанат болып бөлінді. Оң қанаттың орталығы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласы. Сол қанаттың орталығы Сырдария бойын-дағы Сығанақ қаласы еді. Жалпы, қыпшақ бірлестігіне түрік тілдес қимақ, оғыз, құман, ежелгі башқұрт тайпалары да енген. ХІІ ғамсырдан бастап Арал маңына билік жүргізген кезде құра-мында қаңлылар, қарлұқтар мен жікілдер де болған. ХІ ғ. қыпшақтар Русь, Византия, Венгрия халықтарымен жан-жақты алыс-беріс жасай бастады. Қыпшақ хандары “Ел бөрілі” тайпасынан ғана сайланды. Шыңғыс ханның Отырарды ойрандауынан кейін де қыпшақтар тарихтағы өз орнын жоғалтқан жоқ. Қыпшақ хандығы құлағанымен, оның халқы мүлде жойылып кеткен жоқ. Олар өздерінің тарихи дамуын жалғас-тыра берді кейін қазақ халқының этникалық құрамының негізгі бір таянышыны айналды. Шаруашылығы. Қыпшақтар негізінен мал шаруашылығымен және ішінара егіншілікпен де айналысқан. Оларда тұрмыстық кәсіп, қолөнер де жақсы дамыған. Сонымен қатар қыпшақ-тарда ағаш шеберлері, темір ұсталары қалыптасып, зергерлік те жақсы дамыған.

Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) Х ғасырдың орта шенінде Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағында Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы болды. Қарахан әулетінің негізін салушы-Сатұқ Боғра хан. Боғра хан елді түрік кезеңінде басқарды. Қарахандар әулеті Яғма тайпасының өкілдерінен болды. Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін, сияқты түрік тілдес тайпалар кірген. Қарахан мемлекетінің құрылуын тездеткен жағдайлардың бірі - қарлұқ қағанатының ыдырауы болатын. Қарахан мемлекетінде жер иеленуді “Иқта”, ал иеленушілерді “иқтадар” (парсы сөзі) деп атаған. Арабша жерді иеленушілерді “муқта” деп атаған. ХІ ғасырдың 30-жылдарында Қара-хандықтар мемлекеті шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Батыс бөлікке-Мауреннахр, Ходжент жерлері кірді. Астанасы Бұхара қаласы болды. (кейін Самарқантқа ауысты). Шығыс бөлікке Жетісу, Шығыс Түркістан жерлері, Тараз, Испиджаб, Шаш қалалары кірді. Орталығы Баласағұн, кейіннен Қашғар қаласы болды. Қарахандықтар мемлекетіндегі билеушілер өз аттарынан теңге шығара алды. ХІ-ХІІ ғғ. Қарахандықтар мемлекеті өзіне Мәуреннахр мен Жетісу жерлерін қосып алды. Екі қағанатқа бөліну кезеңі жарты ғасырға жуық созылды. Ал, 960 жылы Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Қарахандықтардың сәулет өнері ескерткіштерінің бірі - Қарахан кесенесі. Қарахан мемлекеті алғашқы кезде түрік қағанатының дәстүрлерін жалғастырғанымен, оны экономикалық және әлеуметтік тұрғыда қайталауды жөн көрмеді. Бұл мемлекет Орта және Алдыңғы Азияның түрік импе-риясында жедел әрі толық дами бастады. 1141 жылы Қарахан мемлекетінің екі хандығының да билігі қарақытайлар қолына көшті. Қарахандар мемлекеті шын мәнінде тарих сахынасынан кетті. Шаруашылығы.Қарахандар кезеңінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік өңірлеріндегі халықтар негізінен көш-пелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында жылқы өсіру алдыңғы орында болды.

ІХ—Х ғасырларда Қарахандықтардың бір бөлігі отырықшылыққа және егін шаруашылығына бет бұрды, сөйтіп қала мәдениетіне көшті. Ал, діни қызметкерлер мен әскери адамдар ірі жер иеліктерін өз қолдарына шоғырландырған. Мәдениеті. Қарахан мәдениетінің ірі орталықтары-Тараз, Испиджаб қалалары болған. Ортағасырлық жазушылар Таразды “Саудагерлер қаласы”, Испиджабты “Саудагерлер кен бұлағы” деп жырлаған. Қарахан мемлекетінде сәулет өнері әсіресе Х-ХІІ ғасырларда шарықтады. Айша бибі, Алаша хан, Бабаша хатун, Сырлытам күмбездері, Әулие ата мазарлары қарахандықтар сәулет өнерінің туындылары. Қарахан дәуірінде ұлы ғұламалар Махмұд Қашғари “Диуани лұғат ат-түрік”, Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” атты еңбектерін жазған, өзге де атақты адамдар өмір сүрген.

Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.) Қарақытайлар мемлекетінің құрылуы Орталық Азиядағы қидан тайпасымен тығыз байланысты. ІV ғасырдың жазба деректерінде қидандар монғол тілдес тайпа ретінде көрсетіледі. Қарақытай билеушісі Елұй Дашы Жетісуда өз мемлекетін 1128 жылы құрды. Бұл мемлекет 1128-1213 жылдары өмір сүрді. Жетісудағы жергілікті түркі тілдес халықтармен араласып кеткен қидандар “қарақытай” деп атала бастады. Ал, 1141 жылы Қарахан мемлекетінің екі хандығының да билігі қарақытайлар қолына көшті. Сөйтіп ХІІ ғасырдың 30-40 жылдары қазіргі Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағы, Бұхара мен Самарқант, сондай-ақ Мауараннахр аймағы қарақытайлардың қол астына қарады. Бұл мемлекеттік бірлестіктің шекарасы тұрақсыз болды саяси ахуалдарға байланысты өзгеріп отырды. Қарақытай мемлеке-тінде ақшаның “динар” деген түрі тарады. Қидандардың ел басшысы “гурхан” титулын иеленді, ол “хандардың ханы” дегенді білдіреді. Гурхан әскерде қатаң тәр-тіп орнатып, тұрғындарды тонауға тиым салды, тұрақты салық-тарды бекітті. Гурхан өзінің ордасын Баласағұн түбіндегі Құз-Ордада құрды. Елюй Даши 1143 жылы қайтыс болды, енді билік гурханның жесірі Табуянға ауысты, ал 1150 жылы оның ұлы Елюй Иле гурхан тағын иеленді. Оның кезінде алғашқы рет халық санағы жүргізілді, 84 мың отбасы тіркелді, сірә бұл Сырдария мен Еміл арасын қоныс-танған тұрғындар болуы керек. Иленің өлімінен кейін 1163 жылы елді Елюй Дашидың қарындасы Бусуган басқарды. Ал, 1169 жылдан 1203 немесе 1214 жылға дейін билеуші болған ең соңғы гурхан Чжилугу (Чжулху) кезінде бұл аумақта іргелі өзгерістер жасалды. Орталықтан басқаруды жергілікті жерге беру айналып кел-генде қарақытай әскербасыларының шын мәнінде автономия-лық, яғни дербес билеушілер болуына әкеп соқты. Ал, 1212 жылы монғолдардан ығысқан наймандар Күшілік ханның бас-қаруымен осы аумаққа қарай лап қойды. Осылайша, ХІІІ ғасырдың басында наймандар қарақытай-ларды Жетісу өңірінен ығыстырды. Ал, 1211 жылы Күшілік хан қарақытай билеушісін құлатты. 1211-1213 жылдары Жетісуда-ғы билік найман билеушісі Күшілік ханның қолына өтті.

Найман мен Керей ұлыстары Наймандар-ежелгі түрік тайпаларының бірі. Наймандар Ертіс өзенімен Орталық Монғолия арасындағы жерлерді мекендеген. Монғол тілінде найман сөзі “сегіз” деген мағынаны білдіреді. Наймандар керей, меркіт, қырғыздармен көрші болған. ХІ ғасырдың бас кезінде наймандар христиан дінін қабылдады. Мұның өзі наймандардың ертефеодалдық кезеңде басқа мемлекеттермен және халықтармен этно-мәдени байланыста болғанын дәлелдейді. Қидандар мемлекеті құрылғаннан кейін наймандар оның құрамына кірген, бірақ Елюй Даши өлімінен кейін тәуелсіздік алып, өздерінің билеушісі етіп Инанч-Білге Буху ханды тағайындады. Найман мемлекеті батысында керейлерден бастап, Батыс Монғолия мен Шығыс Қазақстан аумағын мекендеді. ХІІ ғасырдың аяғында ХІІІ ғасырдың басында найман хандығы екіге бөлінді, оны Инанчтың екі ұлы: Даян хан мен Бұйрық хан басқарды. 1204 жылы монғолдар Даян ханды, 1206 жылы Бұйрық ханды талқандады. Кейін елді Даянның ұлы Күшлік хан басқарды. Күшліктің қуаты тез күшейді. Ал, наймандардың Қазақстанның жеріне қоныстануы ХІІ ғасырдың аяғында болатын. Найман конфедерациясына сегіз тайпа кірді. 1208 жылы Монғолиядан ығыстырылған наймандар Жетісуға ауып келді. Ал, ХІІІ ғасырдың басында наймандар қарақытайларды Жетісу өңірінен ығыстырды. 1218 жылы монғолдар наймандарды талқандап, қашып кеткен Күшлікті Бадахшанда өлтірді. Шығыс Түркістан мен Жетісу монғолдардың қол астына өтті. Ал, керейлердің шығу тегі туралы ғалымдар әр түрлі пікір ұстанады. Біреулері монғол типтес десе, енді біреулері ежелгі түрік тайпасы дейді. Керейлер туралы алғашқы мәліметтер олардың христиан дінін қабылдануына орай ХІ ғасырдың төртінші ширегінде кезедеседі. Керейлер Солтүстік Монғолиядағы Селенга, Онон өзендерінің жағасын мекен еткен. Астанасы Орхон өзенінің жағасындағы Қатын-балық қаласы болған. Керейлердің билеушісі Тұғырылхан Шыңғыс ханның әкесі Есукей батырдың досы болған. Шыңғысханның әскерінен жеңілген керейлер Шығыс Қазақстан, Алтай өңіріне өтеді. Кейіннен Алтын Орда мен Ақ Орданың құрамындағы тайпалардың бірі болады. Керейлер Ашамайлы және Абақ керей деп екі тармаққа бөлінді. Керейлердің этнонимі Қара теңіз жағалауындағы далалық жер атауларында кездеседі. Керейлердің екінші бір бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалып, Орта жүз қазақтарына (қара-керей, абақ-керей) атауымен енді, сөйтіп бұ-рынғы “кереит” деген этноним атауындағы “т” жалғауы алынып қалды. Бұл кезде Орта Азия, Жетісу және Қашқария жерінде өзіндік жаңа этникалық түрге айналып, жаңарған әлеуметтік, экономикалық құрылымдар, рухани мәдениет қалыптасты. Со-ның нәтижесінде феодалдық мемлекет құрылып, түрік тайпалары отырықшылыққа көше бастады, қалалар салынды. Өкінішке қарай монғол шапқыншылығы осындай жүйелі дамудың табиғи процесін бұзып кетті. Керейлер салық жинаушыларды “шерби” деп атады. Керей орта жүздің бас тайпаларының бірі. Қазіргі кезде керейлер Қазақстаннан басқа ТМД, Қытай, Монғолия, Түркия сияқты мемлекеттерде өмір сүруде. Шаруашылығы: Наймандар мен керейлердің шаруашы-лығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Төрт түлік малдың барлығы өсірілді. Олар аң аулауды және балық аулауды кәсіп еткен. Сонымен қатар, қолөнершілері ат әбзелдерін, арба, қару-жарақ жасай білген.

 

Такырыбы: Голарктикалық флоралық аймақ

1. Голарктикалық флоралық аймаққа сипаттама.    

2. Голарктикалық тармақтың  жіктелуі, Жапон аралдар флорасы;

 

 

 

 

 

Голарктикалық флоралық аймаққа сипаттама. Голарктика флоралық аймағын салыстырмалы түрдегі проф.В.В. Алехинмен 1944 және акад. А .Л .Тахтяджанның 1978 жеке флоралың тармақтарға бөлгендерін келтіріп отырмыз.

Проф. В.В.Алехин 1944 бойынша: I. Қытай - Жапон флоралық  тармагы. 2. Орманды Жерорта теңізі. 3. Макаронезия. 4.Азия, Жерорта теңізі. 5. Солтүстік Африка - Үнді 6.Евразия даласы. 7. Европа-орманда Сібір. 8. Солтүстік Америка - Атлантика. 9. Солтүстік Америка - Тынық мұхиты.ІО. Прери. ІІАрктика.

Акад. АЛ.Тахтаджян 1978ж  бойынша: I. Циркумбореальды. Ш 2. Шыгыс Азия. 3. Солтүстік Америка - Атлантика. 4. Тay. |5. Макаронезиск. 6. Жерорта теңізі 7. Сахара-Аравия 8Иран- Туран   9. Мадреан                                                                      

Қытай-Жапон флора тармағы. Голарктика флоралық облыс тармагының ішіндегі өсімдіктер түрлеріне бай  - 20 000, ертеде пайда болган Қытай-Жапон флорасы. Бүл жерлерді бор дәуірінде  ІІ, мүз қаптаған жоқ, теңіз трансгрессиясы болған жок.,жазактықпен тау аймағы зоналарға бағынышты болсада ертедегі өскен өсімдіктер   реликт   сол дәуірден қазіргі  эраға жетті.

Қытай жазықтығы солтүстіктен оңтүстікке қарай-Манчжурйя, | Уссурия, Солтүстік Корея флора ормандары кіреді Даур балқарағайы, корея самырсыны, маньчжурия, Уссурия қарағайы.аралас жалпақ жапырақты   МонҒолия емені / Guetcus    moriqoca  den tаta;   Үйеңкі, шетен / fraxinusmanshurica, шегіршін.граб  / Carpinus,      cordata/ жөке / ляпа - / Tilia   amarenses/ . бархыт ағашы / pheelodendron    amurense / :, орман жаңғағы.даур кайыңы,шыша, балқарағай, лиан түрлері, амур жүзімі / Vitisamorenses жень-шень. Солтүстік  Қытай ормандары жапырақтарын түсетін батыс Европа аралае ормандарыиа уқсас - үйеңкі,машат,қандыағаш,қайың, емен, жөке,шегіршін,гледичия, катальпа, павлоний,айлант , Маньчжурия   жаңғағы   маньчджуия жаңғағы орех, бұталы өсімдіктерден:родний.

Орталық Қытай /Сысуань, Юньнан/. жер бедері тегіс емес қыр.жота, мәңгі қар басып жатқан тау.жазық дала.субтропикалык. ормандар - магнолия, лавр.мәңгіжасыл емен,камфор,жаңғақ ағаштар.раушан,бамбук,пальмадан, көптеген түрлері / thachycrpus\және cоlamus,рододендрон.Тау белдеулеріне биіктеген сайын ағаштар сиреп 3000м   биіктікте - шырша.форстер майқарағайы.Потанин балқарағайы,одан биікте рододендрон тоғайы.арша,тал. Альпі белдеуіңде - қозыгүл.круппа, генициан.соссюрен және бас-бореальды түрлер.Орталық ішкі қытай Голарктика өсімдіктері оңтүстік шығыс Азия,Европа,Солтүстік Америка өсімдіктеріне үқсас. Субтропикалық ылгалды орман өсімдіктері - орталық ішкі Қытай, теңіз жағалауы, Янцзы атырауы және оның онтүстік жагалауларын-да өсіп тұр.Орманды жерлер таудың 2500-3000м биіктігіне дейін көтерілген. Мәңгі жасыл субтропика өсімдіктері бальзамин, ликвидамбор, гамамелидтер, рододендрон, камелий, падуб яғни Европадағы Жерорта теңіз жағалауындағы Маквиске ұқсас.Үштік дәуір орман өкіддерінен - магнолия,аралия,лавр, тюльпан, каки алмасы,Туя, кунгигамия,саговник, гинкго, подокарпус,пальма, бамбук және жерді жапқан мәңгіжасыл шөптесін, лианда апифитті өсімдіктер.Қазіргі кезде орманда,субтропикалық жерлерде көптеген жылдар бойы егін егіліп.ирригациялық жұмыстар жүргізілгендіктен орманды ағашты жерлер тек.тау асуларымен   қыраттарда ғана қалған.Мәдени есімдіктерден - күріш, I коллоквиум, дурра,батат,мақта, I шабдалы.,өрік,шай,цитрус,мәуе.жеміс- жидек, сәнділік ағаштар егілген.

 

 

ЖАПОНИЯ АРАЛДАР   ФЛОРАСЫ. Жапон аралдарының Азия материгінен ертеде бөлінуі, ол аралдарының жерінің таулы болуы өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар тууымен қатар.оқшауланудың өзi эндемді өсімдіктер түрлерінің көп болуына себепкер.Көктем жаз айларында Жапон аралд

ары гүлдеген өсімдіктерге көмкеріліп тұрады; шие, өрік, қозыгүл, глиция, желайдар; лалагүлділер- құртқашаш, күзде - хризонтема, камелии, кейбір өсімдік түрлері  жылы қыстада гүлдеуін тоқтатпайды.

Жапонияның оңтүстігінде: тропикалық фикус, пальма қаптап өседі.Жасыл ағаштар,"қаттыжапырақтылар" емен.шамшат.терек.шомы жаңғақ,шынар,    "жұмсақжапыраңтылардан" қызғалдақ тюльпан ағашты,протеин түқымдасы, магнолия,олеандр,гранат,лавр,жалаңаш түкұқ,ымдастардан - гинкго, секвойя, саз кипарисі.

Солтүстік Европада үштік дәуірдің соңында қылқан жапырақтылардың   Европа бореальдык. түрлері - балқарағай, шырша, майқарағай, жапырағы түсетін тал.орман жаңғағы,қайың,қандыағаш. Бұл орман өкілдері мұзды мұхиттың сууына,ауа райының езгеруіне байланысты оңтүстікке қарай ығысады.Аркто үштік флора үштік дәуірде 3 зональды типке бөлінді: Полтава, Торғай және бореальда флорасы.

Муз дәуіріне дейін Европада   тундрада,   .  дала флорасы болған жоқ.Тек солтүстік Каспий ойпатындағы дала жазықтығында болды оңтүстік шығыста Орта Азия шөлейтіне ауысты.Үштік дәуірден Монголияда Гоби.Шығыс Таймырда казіргі Лаплата теңізі, Шығыс Сібір теңізі, Канада архипелагы,Забайкалье,солтүетікке қарай Арктика даласы болды деген жорамал бар,

Голарктика жерінде өсімдік түрлеріне өте бай, әртүрлі болу себебін жер көлемінің үлкендігімен деп есептесе, физико географиялық материктің орналасу жағдайын-Арктикамен Субтропиказонасына дейін созылып жатқандығынан есептеп  шығарыпалған  жөн. 

 

 

Тақырыбы: Австралия  флоралық аймағы

                         

1. Австралия флоралық аймағына жалпы сипаттама

2. Флоралық аймақтың өсімдіктерінің ерекшеліктері.

 3. Австралия материгінің флоралық тармактарға жіктелуі.

 

 

 

 

Австралия флоралық аймағына жалпы сипаттама. Австралия құрлығы флоралық аймағына – Тасмания, Жаңа Гвинея, Бисмарк, Кіші Зонд, Жаңа Зеландия, Меланезия, Микронезия, Полинезия аралдары, Гавай аралдарының біраз бөліктері жатады. Австралия биогеографиялық аймағы тек осы құрлыққа тән, сонау ерте ғасырдан сақталып келе жатқан  өсімдіктер түрлері көп.

Эндем туыстары 570 , оның ішінде протеин, хакея, вертикордия, коноспермум, изопогон, бұршақ, рута, мирта, гудения туыстары. Протеин тұқымдасының 700 көптеген түрлері осы жерде өседі, доминанттар- гравиллея, банксия.        Австралияның өсімдігі органикалық дүниесі ортаңғы бор дәуірінен бері  дамып келеді. өсімдік түрлерінің 75 %  эндемиктер. Құрлықтың солтүстік шығысында тропиктік мәңгі жасыл, оңтүстік шығысында тропикке таяу құрғақ эвкалипт орманына, селдір орманға, саваннаға айналады. Шөлейттерінде тікенді, бұталы тоғайлар, шөлдерінде злак тұқымдастар өседі. Кесуге жарамды ағаш ормандар құрлық көлемінің 2 % ғана құрайды. Олар көбінесе қатты шірімейтін сүрегі бағалы шай, шайыр алынатын эвкалипттерден тұрады.

Австарлияның ботаникалық  облысынан Австралия материгі және Тасмания аралы кіреді. Австралияда 10000 тек жоғары сатыдағы өсімдік, оның 314 эндем. Эндемді өсімдіктердің бұл материкте көп болып кездесуі де Австралия материгінің ертеде жеке бөлініп кетуі салдарынан деп түсіну керек. Полиморфты түрлері де көп, эвкалипттің -500 түрі, акацияның 486 түрі, мелялеук- 100 түрі бар. Австралия өсімдігінің көпшілігін эвкалипт, лептоопермум, мелялеук, акация түрлерін орнитофилия – құстар тозаңдандырады. Папугай құстарының өзі 30 проц. өсімдіктерді тозаңдандырады.

Флоралық аймақтың өсімдіктерінің ерекшелігі. Австралия материгінің өзіне тән ерекшелігі бар: яғни, дәл орталықтан шетке қарай материк орталығында шөл – скрэб – саванна, эвкалиптті орман, Австралияның солтүстік – шығыс жағалуы тропикалық орман, 2,5 территориясы тропикалық зонада, қалғаны субтропика, салқын территорияға жатады.

Австралия эндем өсімдіктері түрлерінің көп болуы, керемет сәнді болып гүлдеуі ешбір басқа флоралық облысқа тең келмейді. Бор дәуірінен Австралия жерінің оқшауланып, географиялық бөлек болуы, басқа материктермен қосылмауы, өсімдіктер алмасуы болмағандықтан деп түсіну керек. Австралия эндемдері біркелкі  болып бір жерде өспейді, материктің кез-келген жерлерінде эвкалипт, акация, казуарин банксия өсімдігі материктің оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жерлерінде өсіп тұр. Эндемдердің материктің әр жерлерінде өсуін, таралуын, сонау ертедегі Австралия жеріндегі Эремей геологиялық құбылыстарымен байланысты. Эремей атты теңіз материктер ортасында мезозой дәуірінде Австралияны шығыс екіге бөліп тұрған. Қазіргі кезде эремей Австралияны шығыс батыс қылып екіге бөліп тұр. Оңтүстік-батыс Австралияда 4384 өсімдік түрі, оның 82% эндем. Онша үлкен емес мұндай аймақта эндемдердің шоғырлануы басқа ешбір материкте кездеспейді. Орталық Австралия даласы эремейде 2208 эндем, яғни, 65% эндемдік өсімдік  түрлерінің көптігі және олардың басқа материкпен туыстығының байқалмауы, сол үштік дәуірден өзгеріссіз өсе берген. Материктің шығыс жағына қарай өсімдік түрлері  азая береді: 4339, оның 29% эндем, ал оңтүстік шығысында – 2171.

Солтүстік тропиканың жартысында 500-1500 мм жылына жаңбыр жауады да, сиректе, селдір саваннаға ұқсас өсімдік бірлестігі қалыптасқан. Тасманияның кейбір жерлерінде  жерлерінде мәңгіжасыл қатты жапырақты эвкалипт ормандар, бұталы өсімдіктер өседі.Материкте солтүстік тропика бөлімінде саваннаның ылғалды зонасында жазда сирек болса да жаңбыр жауады.

Сахара, Намиб шөлдерінен айырмашылығы Австралияда өсімдіктердің галофитті формациясы сораң, алабұта, ақ тікен, жұп жапырақтылар, прутняк. Саваннада 300-500 мм жаңбыр жауады,эвкалипт орманымен шектесіп, алыстаған сайын ағаштар сиреп, бойында 30-35 аласарып, казуарин мен акацияға орын береді.

Эвкалиптті орманда 500-700  мм жаңбыр жауады, қыс айларында көбірек жауады. Эвкалипт бағана тіріздес биік ағаш, көлеңкесі аз, сондықтан да кейінгі ярустарда- протеин тұқымдас өкілдері ксанторея, лилия тұқымдасынан казуарин, ертеден келе жатқан казуарин тұқымдасынан. Эвкалипт ағашының биіктігі 100 м жапырағы қозғалмалы, суды аз булану үшін күнге қырымен қарап турады да, сондықтан да көлеңкесі жерге түспейді. Сирек түрі әртүрлі: сары, сұр, қызыл, қоңыр. Өте тез өседі. Сондақтан да оларды батпақты жерді құрғату мақсатында егіледі.

Склерофильді мәңгі жасыл орман Австралияның оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Австралияның бұл бұрышында 82 проц. Эндемді өсімдіктер өседі. Шығыс пен батыста қатты жапырақты ормандар ерте ғасырдан қалған фрагменттер. Доминант эвкалипттің көптеген түрлері, банксия-протеин тұқымдасынан; хакея ,альбиция, каллистемон.

Австралия шөлі материктің орталық бөлімінде Эир аралын айанла, батысында Виктория, Улкен құмда шөл, ал Гибсон шөлі осы Виктория мен Үлкен құмды шөл ортасында 27гр. Оңтүстік ендікте, топырақ бетін латерикті қабыршақ, астында каолинді балшық бар 120-200 мм суды, ылғалдылықты өзіне ұстап тұрады: злактардан спинифекс – 4 түрі, галофитті өсімдіктерден прутняк алабұта, сораң шөп, Шобер ақтікені, акапия, казуариндер, эвкалипт

Флоралық аймақтың тармактарға жіктелуі. Австралия материгінің флоралық оқшаулану ерекшелігін ескере отырып көптеген флоралық тармақтарға бөлінген:. Австралия материгін 5 тармаққа бөлген. Профессор Алехин В.В. 1949 жылы австралия флорасын 3 тармаққа бөлген. Солтүстік шығыс Австралия флоралық тармақ орманына Малезия флоралық элементтері көбірек. Сондықтан да палеотропикалық флоралық ықпалы басым.

Эремей аумағы үлкен емес. Австралияның орталық бөлімі, солтүстік батыс жағалауы. Бұл тармақ саванна, дала, орталығы шөлдала. Ксерофитті бұта, тікенегі бар, адам өте алмайтын қалың «тоғай» жергілікті адамдар «скрэб» деп атайды. Негізінен акация, эвкалипт, казуарин өсімдіктері өседі.

Оңтүстік шығыс флоралық тармағы. Австралияның ең қоңыржай ауданы, мәңгі жасыл орман, эвкалипт, акация, казуарин, протеин тұқымдастарымен аралас өскен.

 

 

 

 

               

 

 

 

Тақырыбы:  Антарктикалық флоралық аймақ.

 

 

 

 

1) Антарктида флоралық аймағына сипаттама.

2) Антарктида флорасының ерекшелігі.

3) Субантарктикалық аралдар өсімдіктері.

    

 

 

 

 

Антарктида флоралық аймағына сипаттама. Антарктида флоралық аймағы 400 оңтүстік ендіктен басталып Американың оңтүстік батыс бөлімімен жалғасын тауып Фокленд, Антарктида аралдары, оңтүстікке қарай Керулен, Окленд/ Кергелен, Оклид/ Депте жазығы, Антарктида құрлығында таралған. Оңтүстік Американың оңтүстік батыс бөлімі, 40 градус оңтүстік ендіктегі Мергелен бұғазына дейінгі- Отты жер, Грейяма жері, Георгия, Оңтүстік Шотланд аралы, алыстау орналасқан Жаңа Зеландия, бұл ендіктегі  Сантьяго, Буйнес- Айрес, Чили, Аргентина елдеріндегі шеткі аралдар да кіреді.

Субантарктида аралдарына- оңтүстік Георгия, Антипад, Фолкленд, Маккуори, Кергелен аралдары жатады да, Отты жер, Окленд аралдарымен шектеседі. Голарктикалық флора зонасы материктің, оңтүстік жер бөлігінің палеотропикалық  флора облысының жағасы ретінде орналасқан. Бұл флоралық аймақта 1600 өсімдік түрінің 1200-і осы аймаққа эстермальдық жағдайға бейімделген, 75 проценті эндемикалық. Қоңыржай тропикадан басқа биополярлы полюсті белдеулерден Антарктида аймағына ерте дәуірлерден таралған өсімдіктер түрі ғана өседі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты  Антарктидада өсімдік түрлері өте аз. Дегенмен климаты қатал деген аралдармен , аудандардың өзі де тақыр өсімдіксіз емес.

Антарктида жерінде- ауа райы, жер бедері, құрылымы, аумағы, аралдары голарктикаға ұқсас, айырмашылығы: Голарктикада мұхит ішінде жеке-жеке  аралдар архипелагы болып орналасқандығы; екіншіден Австралия, Африка, Америка сияқты үлкен континиенттерден алыс жатқандығы; үшіншіден Антарктиданың өзі жеке аралдар құрамы болып, ол аралдар арасын теңіз емес, өте терең мұхит суы бөліп тұратындыңы. Солсебептерге байланысты Антарктида аралдарының арасының өзара қатынасы болмағандықтан Антарктида аралдарында өз ерекшеліктері бар флорасы болуымен ерекшеленеді.

Антарктида флорасының ерекшеліктері.   Антарктида флорасы/ түрі, саны, эндемі/   туралы мәліметтер түрінде оқымыстылар ой- тұжырымдары да дір ретке келмеген. Барлық флоралық аймақпен салыстырғанда Антарктида да моно және олиготипті (аз, кішекнтай) ареалдары бір-бірінен алшақ орналасқан аралдарда 11 эндемді тұқымдас өседі. Антарктида Гондван материгімен бірге бір тұтасып тұрған кезінде, кейін геологиялық, тектоникалық жағдайларға байланысты  Гондван жеке-жеке материктерге, аралдарғы бөлініп, үштік дәуірдің бірінші жартысында гүлді өсімдіктердің жер бетінде доминант болып таралған кезеңі еді. Плейстоцен мұз қаптаған кезеңде Антарктида өсімдіктері- қалампыр, раушан гүлділір, шатырша, сабынкөк тұқымдастар өкілдері- солтүстікке қарай Эквадор, Колумбия биік таулы жерлеріне дейін жеткен.

Антарктида  жаз айларында тау беткейі, күнге қараған жота, қырлар, күн сәулесімен тастар 300 дейін қызады. Жан-жәндіктердін өсіп өнуіне азда, қысқа болса да мүмкіншілік туады: күй талғамайтын қынаның 300 түрі, мүктердің 70, жер бетіне өсетін балдырлардың 10 түрі өседі. Бұталы қыны өкілдері де кездеседі. Грейама жерінде қоңырбас, селдірік және бір қалампыр тұқымдастарының өкілдері кездеседі. Солтүстік Антарктидада бұл деңгеіде ағаш өкілдері шағын «орман» құрып тұр.Антарктида көкжасыл балдыр, жасыл балдыр прознола, қына өседі.  Антарктида метеригінің орта центріне жақындаған сайын өсімдік түрлері азая береді.Оңтүстік полюстегі Нансен тауы оңтүстік орталық жер нүктесінде  де өсімдік түрлері бар.

Антарктида флорасы бор дәуірінің жоғарғы сатысына Оңтүстік Америка материгімен бірге байланысқан болатын.  Нәтижесінде гүлді өсімдіктерден- мүктер, Антарктида биіктіктері, Анд тауына,оңтүстіктегі далаға дейін жетті. Оңтүстік шамшат бұталы ағашы, мәңгі жасыл және күзде жапырағы түсетін Оңтүстік Америка және Жаңа зеландия жерінде де өседі. Раушан гүлділер тұқымдасы өкілі- ацена субантарктикалық аралдарда шөптесін өсімдік болып, кеңінен таралған. Америка, Жаңа Зеландия, Голантарктика жерлерінде өсетін қылқан жапырақтылардың ең қарапайым түрі- подокарпус үлкен де етті, шырынды жеміс- бүрі алыстан мұндалап тұрады.Азия, Еуропалық тропикада өсетін Омелаға ұқсас, фицроя туыстары, ағаш тәріздес папортник- блехнум, протейін тұқымдасы өкілдері, Қырымдағы орман жаңғағына ұқсас, қылқан жапырақтардан –араукария, қызыл су жидек өседі. Көпшілік өсімдіктер Антарктидада, Арктикада өскен биополярлы ареалды өсімдіктер деп аталады.

Субантарктикалық аралдар өсімдіктері. Өсімдік түрлері өте аз, негізінен споралы өсімдіктер, ағаш өсімдіктері жоқ, қазбалық палеоботаникалық жұмыстар ертеде ағаш өсімдіктер болғанын дәлелдейді.

Оңтүстік Америкаға жақын Фокленд аралында -135 гүлді өсімдіктің эндемикалық, злактар қоңырбас, бетеге, аумағы 2 метр келетін домалақ шар тәріздес. Оңтүстікке қарай өсімдік түрлері азая береді. Оңтүстік Георгия аралында 15 түрлі гүлді өсімдіктер бар. Эндем: ацена Кергелен аралы тас қуыстары, ық жерлерде плингея, кергелен капустасы, жапырақтары сәлде болса жалрақтау, кресгүлділер тұқымдасы, азоралла трехвильчата.

Субантарктикалық флоралық облысын жер бедеріне, байланысты 3 зонаға бөлеміз.

Субантарктикалық  орманды тармақ-400-800  оңтүстік ендік, тылғалы мол-2460 мм жылына жаңбыр жауады, қоңыржайлы.Анд тауының аумақты жерін алып жатқан мәңгі жасыл Вальдиви орманы деп атайды. Ағаш биіктері 40-45 ммәңгі жасыл ормандар өкілдері, қылқан жапырақтылар-фицория, аралас антарктида шамшаты,  эфкрифия, магнолия, дримус, ағаш тәпіздес папартниктер, қалың қамыс болып өскен бамбук, лиандар, эпифиттер, паразитті тіршілік ететін мизодерндер теликті өсімдіктер.

Тау беткейлерінде тек қылқанжапырақтфылар өкілдері- араукариялықтар орман құрып тұр. 480 ендіктегі оңтүстікке қарай Вальдивия орманынан Анд тауларының батыс беткейлерінде  ылғалы мол, жылына 2864 мм, орташа жылдық температура +6,5 0. Климаты да  субантарктикалық Мергелен орманы мәңгі жасыл дримус шамшат, қылқан жапырақтылардан –лиандрада, эпифиттер кездеседі.

 

                

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.Сағындықов Ж. Өсімдіктер геолграфиясы. Алматы.,1997.

2. Байтенов М.С. Флора Казахстана, том  1,2.Алматы,1999.

3. Смирнов А. Мир растений. Москва, 1981.

4. Прозорова Т.А.,Черных И.Б.Биоразнообразие растительности парка.

5.  Павлов Н.В. Эндемические и реликтовые растения Казахстана. В сб. «Ботаника в Казахстане», Алма-ата.

6. Голосков В.П. Родовой эндемизм во флоре Казахстана. В кн. «История флоры растительности Евразии»,Л.1972.

7.Карамышева З.З.,Рачковская Ботаническая география степного части центрального Казахстана.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-28 11:42:31     Қаралды-23845

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »