Тақырып. Жедел-іздестіру қызметінің теориясы - ғылыми білімнің бір саласы ретінде
1. Жедел-іздестіру қызметі - қылмыспен күресудің мемлекеттік-құқықтық түрі.
2. Жедел-іздестіру қызметі теориясының пәні, мақсаты және жүйесі.
1. Жедел-іздестіру қызметі - қылмыспен күресудің мемлекеттік-құқықтық түрі. Мемлекеттің негізгі мақсаттарының бірі ол қоғамдық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті сақтау және қылмыстылықпен күресу болып табылады. Бұл мақсаттарға жетуде құқық қорғау органдары өз құзіреті шегінде әр түрлі деңгейдегі міндеттерді шешеді.
Заңдармен және басқа да нормотивтік-құқықтық актілермен құқық қорғау органдарына қылмыстық-құқықтық, әкішілік-құқықтық, қылмыстық іс жүргізу, жедел-іздестіру және бақа да функциялары анықталған.
Құқық қорғау огандарында жедел-іздестіру қызметі ерекше орынға ие.
Ерекшеліктері:
1. Жедел-іздестіру қызметінің өзіне ғана тән міндетері мен мақсаттары;
2.Мақсаттарына жету үшін қолданылатын жасырын күштері, құралдары және әдістері.
Қылмыспен күресудің мемлекеттік-құқықтық түрі ретінде жедел-іздестіру қызметі мемлекеттің атынан және мемлекеттің мәселелерін шешу үшін, арнайы құзірет берілген субъектілерімен өткізіледі.
Жедел-іздестіру қызметі деген түсінік біздің мемлекетте Кеңес одағы кезінде 1958 жылы, жаңа «Қылмыстық іс жүргізу кодекс» қабылдануымен енді.
Бұған дейін нормативтік актілерде және арнайы әдебиеттерде бұл қызмет келесі терминдермен белгіленіп отырды: жария емес тергеу, қылмыстық-іздестіру жұмысы, қылмыстық іздеу (уголовный сыск), жедел жұмысы. Бұлардың барлығы қылмыспен күресу мақсатында жария және жасырын жедел шараларын өткізетін арнайы бір қызметтің мағынасын білдірді.
1958 жылы қабылданған Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 114-бабында, қылмыстың белгілерін және қылмыс жасаған адамдарды табу мақсатында анықтау органдарымен жедел-іздестіру шараларын өткізу қажеттілігі көрсетілді.
Жедел-іздестіру қызметін зерттеу алғашқыда криминалистика ғылымының шеңберінде пайда болып осы ғылымдар жиынтығымен бірге дамыды. Жедел-іздестіру қызметінде криминалистиканың әдістері мен құралдары қолдана басталды (сот фотографиясы, сөздік портрет, дактилоскопия, қарау, тінту тергеу әрекеттерінің тактикалары және т.б.).
Жедел-іздестіру қызметінің теориясы криминалистикадан басқа келесі құқық ғылымдарымен тығыз байланысты: қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық құқық, азматтық іс жүргізу құқығы, әкімшілік құқығы, конституциялық құқық, заңгерлік психология, сот медицинасы, сот психиатриясы және т.б.
Жедел-іздестіру қызметі теориясының негіздерінің дамуына әсерін тигізген 1917 жылғы революциядан кейінгі шыққан нормативтік актілердің ішінен:
1 «Спекуляция мен күресу туралы» нұсқаулары;
2 «Қылмыстық іздеу органдарын ұйымдастыру туралы» нұсқау.
1918-20 жылдары жедел-іздестіру қызметіне қызметкерлер дайындайтын алғашқы курстар мен мектептер ашыла бастады. Мысалы: «Оренбург милиция басшылар құрамына арналған мектеп» кейінгі уақытта осындай мектептер Алматыда, Қарағандыда, Шымкентте ашылды. Осы мектептерде жедел-іздестіру қызметіне арнайы кафедралары құрылды. Кәзіргі уақытта жедел-іздестіру қызметінің циклы немесе кафедралары Республиканың ішкі істер министрлігінің барлық арнайы оқу мекемелерінде бар.
Бұрыннан қалыптасып келе жатқан, жедел-іздестіру қызметінің қызметкерінің қаруы «қулық, ақша және лайықты жағдай» деген көз қарастың уақыты өтті. Жедел-іздестіру қызметкерінің қаруы оның ойлау қабілеті, адамадармен тіл табыса білу және арнайы білімінің болу қажет. Кәзіргі уақытта жедел-іздестіру қызметкері өзінің күшіне сенуі қажет.
1920 жылдыры жедел-іздестіру қызметінің теориясы мен практикасында заңдылықты бұзумен байланысты күрделі қателіктер мен деформациялар жіберілді. Ғалымдарға жедел-іздестіру қызметінің проблемаларын шешу қиындыққа соқты, себебі осы теорияны зерттеуде көтермелер көрсеткен құпиялығы болды. Отан соғысынан кейін жедел-іздестіру қызметін зерттеу жаңадан жаңартылды.
Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметін реттеу мақсатында 1994 жылы 15 қыркүйекте «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің қолы қойылып, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Қаулысымен осы күннен бастап, күшіне енді. Бұл заң Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау органдарының жедел-іздестіру қызметін реттейтін тұңғыш ресми жарияланған нормативті-құқықтық акті болып табылады. Бұл заң қабылданғанға дейін жедел-іздестіру қызметі тек ведомстволық, жарияланбайтын (құпия) нормотивтік актілерімен реттелетін.
Заңның қабылдануына негізгі себептердің бірі ол, Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасы өзін... құқықтық, демократиялық мемлекет» деп бекітуі. Осы конституциялық принципке лайықты болу үшін және құқықтық мемлекет құру үшін «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңды қабылдау туралы мәселелері туындады.
Казіргі уақытта жедел-іздестіру қызметі ғылымында келесі мәселелер шешімін табуда: жедел-іздестіру қызметі ғылымының пәні анықталды; жедел-іздестіру қызметінің негізгі түсініктері, терминдері белгіленді; жедел-іздестіру қызметінде қолданылатын күштер, құралдар және әдістер анықталған; басқа білімдердің жетістіктерін жедел-іздестіру қызметінің мақсаттарына жету үшін қолдану.
Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңы Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын жедел-іздестіру қызметінің мазмұнын айқындайды және оны жүргізу кезінде заңды құқықтық кепілдіктер жүйесін баянды етеді.
2 Жедел-іздестіру қызметі теориясының пәні, мақсаты, жүйесі. Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңын зерттеп, реттеп, оны жетілдіру – жедел-іздестіру қызметі теориясының міндеті болып табылады, ал жедел-іздестіру қызметі теориясының пәні осы бағыттағы ғылыми прициптері мен ережелерін оқып үйрену және оны тәжірибеде қолдана білу болып табыладлы.
Жедел-іздестіру қызметі теориясының пәнінде теориялық және практикалық сұрақтар логикалық байланыста қарастырылып берілген.
Жедел-іздестіру қызметінің теориясы пәнінің мақсаты келесіде:
1. Қылмыстардың алдын-алу, ашу, тергеу, қылмыскерді және із-түссіз жоғалып кеткендерді іздестіру мәселелерін өз бетінше шеше алатын жоғары дәрежелі заңгерлер дайындау;
2. Жедел-іздестіру қызметінің жұмысын және олардың проблемаларын білу және оларды зерттеу;
3. Болашақ заңгерлерге, құқықтық-этикалық нормалар қағидаларын сақтауды, мамандық этикасын және конспирация (жасырын, астыртын) сақтауды үйрету және тәрбиелеу.
Заңгерлер дайындайтын азаматтық оқу мекемелерінде жедел-іздестіру қызметінің теориясы Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның және басқа да заңдық актілердің шеңберінде ғана беріледі.
Бұл мекемелерде жедел-іздестіру қызметімен байланысты мемлекеттік құпия болып табылатын сұрақтар қарастырылмайды.
Пәннің жалпы мақсаттарына жету үшін, оқу-тәрбиелеу процесін келесі мәселелерді шешуге бағыттау қажет:
1. Жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру және тактикасының ғылыми негіздерін білу;
2. Қылмыстарды ескерту, оларды ашу үшін жедел-іздестіру істерінде жария және жасырын құралдарды, әдістерді және тәсілдерді қолдана білу;
3. Жедел-іздестіру қызметінде заңдылытқы, конспирацияны сақтай білу;
4. Тиісті құқық қорғау органдарында жедел-іздестіру қызметін реттейтін құқықтық актілері мен деректі құжаттарымен танысу;
5. Жедел-іздестіру қызмет бөлімшелерінің оң тәжірибесімен танысу;
6. Жедел-іздестіру қызметінің негізгі құжаттарын дұрыс және толық толтыра білу;
7. Жедел-іздестіру қызметінің аппараттарында қызмет ету үшін қәсіби қажетті және маңызды барлаулық, моральдық, демократиялы принциптерді сақтау қасиеттерін тәрбиелеу.
Жедел-іздестіру қызметі теориясының пәнінің жүйесі - 2 бөлімнен тұрады. Кейбір авторлар 3-бөлімге бөледі.
|
Жалпы бөлім |
- |
Жедел-іздестіру қызметінің теориясы - ғылыми білімнің бір саласы ретінде |
- |
Жедел-іздестіру қызметінің түсінігі, мақсаты, белгілері мен функциялары |
- |
Жедел-іздестіру қызметінің құқықтық негіздері мен принциптері |
- |
Жедел-іздестіру қызметінің түрлері |
- |
Жедел-іздестіру қызметінің субъектілері және объектілері, олардың құқықтары мен міндеттері |
- |
Жедел-іздестіру қызметіндегі құжаттау және дәлелдеу |
- |
Құқық қорғау органдарының жедел-іздестіру құралдары |
|
Ерекше бөлім |
- |
Жедел-іздестіру шараларының түсінігі, түрлері, оларды тағайындау негіздері мен өткізу шарттары |
- |
Жедел-іздестіру шараларын шектеу және тоқтату негіздері |
- |
Жедел аппараттардың іздеу жұмыстары |
- |
Жедел-іздестіру қызметінің қылмыстарды ескерту мақсатында өткізетін жұмыстары |
- |
Белгісіз жағдайда жасалған қылмыстарды ашу бойынша өткізілетін жедел-іздестіру шаралары |
- |
Адамдарға сауал қою – жедел-іздестіру шарасының түсінігі, әдістері мен тактикасы |
- |
Жеке адамды белгілері бойынша іздеу және ұқсастыру |
- |
Жедел-іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау |
Пайдаланған әдебиеттер
- Қазақстан Республикасы «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңы, 15 қыркүйек 1994 жылы
2 Гинзбург А.Я. и др. Основы оперативно-розыскных действии. Учебно-практическое пособие; Алматы. ТОО “Аян-Эдет” 1999г.
3 Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы. Учебно-методическое
пособие. Алматы: “Данекер”, 2001 г.
4 Сысалов М.П. Оперативно-розыскная деятельность в РК. Учебное
пособие. Алматы: “Данекер”, 2002 г.
Жарияланған-2016-01-25 15:16:14 Қаралды-9757
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина