UF

Тақырып. Экономикалық талдау негіздері

 

1.Экономикалық  талдау  және теориялық  таным.

 

Шаруашылық қызмет көптеген ғылымдардың зерттеу обьектіліері болып табылады.

Талдау обьектісін анықтау үшін шаруашылық қызметтің процестерігің негізін анықтау керек.

Процес д/з – бұл себепті шартты жағдайдың ағымы, құбылыстардың алмасуы белгіленген мақсаттарға сәйкес обьектілер жағдайлары.

Сонымен шаруашылық қызметі талдаудың пәні болып экономикалық процестер мен құбылыстардың себеп – салдарына байланыстары. Өндірісті басқару процесі барысында ұтымды шешім табады. Талдаудың мақсаты – бұл қол жеткізген нәтижелерді бағалау және   қызметінің тиімділігін жоғарылатудың резервтерін айқындау болып табылады.

Талдаудың мазаұны ғылыми пән ретінде оның атқаратын

Қызметтері:

 Экономикалық заңдардың әрекет ету заңдарын сипатын зерттеу, кәсіпорын  нақты жағдайда экономикалық процестер мен құбылыстардың қарқыны және заңдылықтарын орнату қызметі.

Ағымдағы және алдағы жоспарлардың ғылыми негізделуі – бұл дегеніміз кәсіпорын қызметінің нәтижелерін өткен жылға терең талдау жүргізу кәсіпорын  экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу орын алған қателіктерімен жетіспеушіліктерін анықтау.

Талдаудың орталық қызметі ол кәсіпорын – да алдыңғы қатарлы тәжірибелер, ғылыми жетістіктердің негізінде өндіріс тиімділігін арттыратын, резервтерді ашу, іздеу қызметін атқарады.

Қолда бар мүмкіншіліктерді пайдалану. Жоспарлардың орындалуы қол жеткізген экономиканың даму деңгейі  бойынша кәсіпорын қызметінің нәтижелерін бағалау.

Айқындалған резервтерді пайдалану бойынша шараларды қарсатыру.

Ресурстарды тиімді пайдалану мақсатымен басқармалық және қаржылық шешімдер мен жас-ң орындалуын бақылау.

Талдау қол жеткізген нәтижелерді бағалап қана қоймай қателіктер мен жетіспеушіліктер ді айқындайды және де өндіріс процестердің оперативті ықпал етеді. Сондықтанда талдаудың оперативтілігі әреккеттілігін бағалау.

2. Басқаша айтқанда, экономикалық құбылыстардың  бағалауда мемлекеттік экономикалық әлеуметтік халықаралық топтарымен саясатына сәйкес келуін ескеру қажет. Талдау ғылыми сипатта болуы шарт яғни таным теориясының диалектикалық жағдайына негізделуі керек өндірісті дамытудың экономикалық заңдарына талаптарын есептеп, экономикалық зерттеулердің жақ әдістемелерінпайдалану қажет.

Талдау кешенді болуы қажет, яғни кәсіпорын экономикалық жақтарын қамтуы қажет.

Жүйені ыңғаймен қамтамасыз ету. Бұл талап әрбір зерттейтін обьект күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырғанда қойылады.

Әрбір обьекті қарастырғанда және сыртқы байланыстарды есепке алып олардың жеке элеменнтерінің  өзара бағыныштылығы зерттеледі.

Талдау обьекті нақты тура болуы қажет. Ол қорытындылар тура талдамалы есептеулермен негізділуі керек.

Талдау әрекетті болуы шарт, яғни өндіріс барысы мен оның нәтижелеріне белсенді ықпал етуі, өз уақытында жұмыстағы қателіктер туралы н\о басқармасына мәлімет беруі қажет.

Талдау жоспар бойынша жүргізілуі қажет. Талдау оперативті болуы қажет. Талдаудың  еркінділігі ол д/з – талдауға жұмысшылардың көп бөлігінің қатысуын білдіреді.

Талдау тиімді болуы қажет. Яғни оны өткізуге кететін шығындар қайтарымды болуы қажет. Бұл қағидаларды талдаудың кез келген деңгейінде жетекшілікке алуы керек.

 

2. Экономикалық талдаудың обьектілері.

 

1. Шаруашылық  қызмет көптеген  ғылымдардың  зерттеу  объектілері  болып  табылады.  Талдау  объектісін  анықтау үшін  шаруашылық  қызметтің  процесттерінің  негізін  анықтау  керек. Процес  дегеніміз – бұл  себепті  шартты  жағдайлардың ағымы, құбылыстардың  алмасуы  белгіленген  мақсаттарға  сәйкес объектілер  жағдайы. Сонымен  шаруашылық  қызметті талду болып экономикалық  процестер мен құбылыстардың  себеп  салдарына  байланыстары. Өндірісті  басқару  процесі  барысында  ұтымды шешім  қабылдау болып  табылады. Талдаудың  мақсаты – бұл  қол жеткізумен  нәтижелерді  бағалау  және  кәсіпорын  қызметінің  тиімділігін  жағдайлардың  резервтерін  айқындау болып  табылады. Талдау  объектісі – шаруашылық  қызметтінің  эканомикалық  нәтижелері  болып  табылады. Талдаудың  мазмұны  ғылыми  пән  ретінде  оның  атқаратын  қызметтері  негізінде  айқындалады. 

Қызметтері :

  1. Эканомикалық  заңдардың  әрекет  ету  заңдарын  сипатын  зерттеу, кәсіпорын  нақты  жағдайында  эканомикалық  процестер мен  құбылыстардың  қарқыны  және  заңдылықтарын  орнату  қызметі.
  2. Ағымдағы  және  алдағы  жоспарлардың  ғылыми  негізделуі – бұл дегеніміз кәсіпорын  қызыметінің  нәтижелерін  өткен  жылға  терең талдау жүргізу, кәсіпорынның  эканомикасының  даму заңдылықтарын  зерттеу  орны  алған  қателіктер  мен  жетіспеушіліктерді  айқындау.
  3. Талдаудың  орталық  қызметі  ол  кәсіпорында  алдынғы  қатарлы. Тәжербиелер  ғылыми  жетістіктердің  негізінде  өндіріс  тиімділігін  арттыратын, резервтерді  ашу, іздеу қызметін  атқарады.
  4. Қолда бар  мүмкіншіліктерді  пайдалану. Жоспарлаудың  орындалуын  қол жеткізудегі  эканомиканың  даму деңгейі  бойынша кәсіпорын  қызметінің  нәтижелерін  бағалау.
  5. Айқындалған  резервтерді  пайдалану  бойынша  шараларды  қарастыру.
  6. Ресурстарды  тиімді  пайдалану  маңызымен,  басқарманың  және  қаржылық  шешімдер  мен  жоспарлардың  орындалуын  бақылау.

 

3. Экономикалық  талдаудың мазмұны мен мақсаты.

 

Талдау  қол  жеткізген  нәтижелерді  бағалап  қола  қоймай,  қателіктер  мен жетістіктерді  айқындайды  және де  өндіріс  процестеріне  опиративті  ықпал етілді.  Сондықтан  да  талдаудың  опиративтілігі  әрекеттілігін  бағалау. 

Эканомикалық  құбылыстар  процестері  мен  шаруашылық   жүргізу.  Өз  нәтижелерін  бағалауда  талдау  мемлекеттік  ыңғайда  негізделеді.

  1. Басқаша  айтқанда,  эканомикалық  құбылыстарды  бағалауда  мемлекеттік  эканомикалық  әлеумиеттік  халқаралық зандары  мен  саясатына  сәйкес  келуін  есептеу  қажет.
  2. Талдау  ғылыми  сипатта  болуы  шарт  яғни  таным  теориясының  диолектикалық  жағдаиына  негіздемелер керек  өндірісті  дамытудың  экономикалық  зеріттеулердің  жаңа  әдістемелерін  пайдалану  қажет.
  3. Талдау  кешенді  болуы  қажет, яғни  кәсіпорын  эканомикалық  қызыметінің  барлық  жақтарын  қамтуы  қажет.
  4. Жалпы  ыңғаймен  қамтамасыз  ету.  Бұл  талап әрбір  зеріттелетін  объект  күрделі  динамикалық  жүйе  ретінде  қарастырғанда қойылады. Әрбір  объекті  қарастырғанда ішкі  және  сыртқы  байланыстарды  есепке  алып  олардың  және элементтерінің  өзара  тәуекелділігінен  өзара  бағыныштылығы зерттеледі.
  5. Талдау  объекті  нақты  тура  болуы  қажет. Ол  объекті  қызыметті  айқындайтын  тексерілген  дұрыс  мәнге  негізделуі  қажет. Ол қорытындылар  тура  талдамалау  есептеулермен  негізделуі  керек.
  6.  Талдау әрекетті  болуы шарт  яғни  өндіріс  барысы мен  оның  нәтижелеріне  белсенді  ықпал  етуі, өз  уақытын  да  жетіспеушілікті  айқындауы,  жұмыстағы  қателіктер  туралы,  кәсіпорын  басқармасына  мәлімет  беруі  қажет.
  7. Талдау  жоспар  бойынша  жүргізілуі  қажетт.
  8. Талдау  оперативті  болуы  қажет.
  9. Талдаудың  еркінділігі  ол дегеніміз – талдауға  жұмысшылардың  көп бөлігінің  қатысуымен  білдіреді.
  10. Талдау  тиімді  болуы  қажет, яғни  оны өткізуші  ететін  шығындар  болуы  қажет.

    Бұл  қағидаларды  талдаудың  кез – келген  денгейінде  жетекшіліке  алуы  керек.    

4. Экономикалық талдау және басқа ғылымдармен байланысты. Экономикалық талдау түрлері.

 Эканомикалық  талдау  бірқатар  эканомикалық  және  эканомикалық  емес   тығыз  байланысты.

  1. кезекте  талдаумен  байланысты  ғылымның  ішінде  эканомикалық  теорияны  байланысты  көруге  болады. Ол  эканомикалық  заңдарды  олардың  әрекет  ету  механизімі  зеріттеп, барлық  эканомика  дамуының  теориялық  негізін  құрайды.

Талдамалық  зеріттеулерді  жүргізудің  барысында  осы  заңдардың әрекетін  есепке  алу  қажет.

Сонымен  қатар  экономикалық  талдау,  өндірісті  ұйымдастыру және жоспарлаумен  тығыз  байланысты. Талдау  кезінде  жоспарлы   материалдар  кең  түрде  қолданылады. Сондықтан  талдау  жүргізуші  экономиканы мемлекеттік  реттеу  негіздерін  және  талданып  отырған  кәсіпорынның  өндірісті  жоспарлау  әдістемесін  жақсы  білуі  қажет. Талдаудың  бухгалтерлік  есептен  байланыстылығы  2-ні жақты  сипатта  болады.

1.жағынан  бухгалтерлік  есеп  мәліметтері, шаруашылық  қызыметті  талдау  кезінде, деректердің  басты  қайнар  көзі  болып  табылады.

2.жағынан  талдауға  пайдаланған  талаптар, өз  кезенінде  бухгалтерлік есепке  де  қойылады.

Сондай – ақ  талдау  мен  статистикалық  байланыстар  арасындағы  белгілі – бір  байланыстарда  орын алады. Сонымен қатар  экономикалық талдау  кәсіпорындарда  қаржыландыру  және  несиелеумен  тығыз  байланысты.

Ұлттық  экономиканың сәйкес  салаларын,  қаржыландыру  мен несиелеу  тәртіптілік  қаржылық  және  несиелеу органдарынан мекемелерімен  байланыстылығын белгілейтін  шаруашылық.

Қызметті  жоғары  дәрежеде  талдауға  мүмкіндік  жоқ. Бұл  ғылымда белгілі – бір  дәрежеде  бірлік  бірі  өзара  байланысты. Талдаудың  негізгі  объектілеріне  жататындар.

  • Кәсіпорының  өндірісттік  құрылымы  өндірілген  өндірістің  үлгісі, өндіріс  кезеңін  ұйымдастыру.
  • Өндірісті  басқару  процесін  ұйымдастыру.
  • Шаруашылық  статистикасын  таңдау  өнімді  өндіруді  жоспарлау  және  өнімді  сатуды  әзірлеу.
  • Өндірісті  қал-у  капиталды  пайдалану  және  кәсіпорынның  табысын  қорландыру.
  • Өндірістің  материалдық  техникалық,  базамен  қамтамасыз  етілу.        
  •  Шикізаттардың  материалдық  жеткізілуі  босалқы  қорды  қолдау  және  оларды  ұтымды  пайдалану
  • Өндірістің  техникалық  жағдайымен  қажетті  инфрақұрылымды  құрылыс,
  • Өндірістік  шығындарды  қалыптастыру өнімнің  өзіндік  құнын кав-сы өн-ң баға  сая-ты,
  • Өндірістің  қаржы  ресурстары: Қаржылық  шаруашылық  қызыметі,кә-ті тәу-к  баға.
  • Кәсіпорын  жаңару  қызметі  өнімнің  сапасы  және  эканомикалық  проблемалар.
  • Кадрларды іріктеу,  оларды жұмысқа  қабылдау  еңбекті  ұйымдастыру, еңбекке  ақы  төлеу жүйесі, және  еңбек  өнімділігін  арттыруды  ынталандыру. 

Шаруашылық қызметтер талдауының жіктелуі

Олар сәйкесінше салалық  кезеңдік, кеңістік белгілерінен,  периоттық жүргізу, басқару объектілері.

Зерттеу әдістері, объекті жалпы  қамту прогламалардың мазмұндары, тұтынушыларды талдаудан тұрады.

Шаруашылық қызметтің талдауының жіктелуі оны дұрыс түсіну үшін оның мазмұны мен тапсырмалары үлкен мағынаға ие. Экономикалық әдебиеттерде шаруашылық қызметтерді талдау әр түрлі мағынасы бойынша жіктелінеді. Солар баойынша, қоғамдық еңбекті болуы негізінде анықталады, талдау салалық болып бөлінеді. әр түрлі экономикалық салалар (өндірістік, ауыл шаруашылық,көлік сауда ж.т.б)  яғни оларға арнайы тәсілдер қолданылады, және сала аралық.  Бұл ұлттық экономиканың шаруашылықтың қызметін талдаудың теориялық және методологиялық болып табылады. Яғни шаруашылық  қызметтің талдауының теориясы.

Салалық шаруашылық қызметін талдаудың объекті қажеттелігі өндірістегі салалардың әртүрлі болуымен түсіндіріледі қоғамдық өндірістерідің саласы өзінің еңбектің әрқилығын ерекшеліктеріне ие, өзінің мамандануы яғни экономикалық қарым қатынастар нәтижесінде болады.  Әр түрлі салалардың мамандануы әр экономикалық ерекшелігімен шарттарын жасау қажеттілігімен негізделеді.

Салалық барлық қоғамдық өндіріс салалары Бір*бірімен тығыз байланысты оларда  ортақ нәрсе көп жеке салалардың бір-бірімен байланысы, олардың арасындағы ішінара байланыстың болуы саларалық талдауын Шаруашылық қаржылық талдау жасау қажеттелігін тудырады. Шаруашылықты қызметтің талдаудың теориясы бұл- ғылымның жалпы методологиялық ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Шаруашылық қызметті талдаудың әр түрлі экономикалық саласын  алдыңғы тәжербиелермен толықтырады. Экономикалық анализдің мазмұнын  жалпы және салаларды қоса толықтырады. Экономикалық талдау бойынша жалпы теориялық білімін білу, салааралық талдауда ұқыпты квалификациялық практикалық қолданудың біріңғай әдісін  жасау қажетті шарттардың бірі болып табылады.

Кезеңдік белгісі бойынша шаруашылық қызметті талдау алдағы кезең мен  келешектегі ретраспективті тарихи. Алдағы кезеңді талдау шарашылық операциялардың іс-жүзіне асырғанша жүргізіледі. Басақарушылық шешіммен жоспарлы тапсырма  саларалық болжамжы жоспарлау және жоспарды орындау  күтімділік бағасы, ескерту қажеттілігіне негізделеді.

Келешектегі талдау шаруашылық акт аяқталғанан кейін жүргізіледі. Ол жоспарды орындауды қадағалау пайдаланбаған резевтер қорын қорытындылау кәсіпоарын шешімдеріне қанағатты баға беру негізінде қолданылады.

Ретроспективті талдау оперативті және қорытынды деп бөлінеді. Оперативті талдау шаруашылық  операциялары аяқталғанан немесе ситуациялық аз уақыт ішінде  өзгеруіне негізделеді.

Қорытынды есеп беру кезеңінде жүргізіледі.

Оның құндылығы кәсіпорынның кезең ішінде есеп қорытындысын ауқымды және жан жақты зерттеуді қолда бар мүмкіндікті пайдалану кәсіпорындағы  толық баға  беруді қамтамасыз етеді.

Кеңістік белгілері бойынша ішкі шаруашылық немесе  шараушылық аралық талдауды қарасытрады.

Ішкі шаруашылық талдау тек қана  зерттелетін кәсіпорын мен рның өлшемдері мен қызметтерін қарасытрады.  Шаруашылық аралық талдауда екі немесе одан көп кәсіпорындардың шешім қызметтері салыстырылады. Алдағы тәжербие мен кемшіліктер кәсіпорын қызметінің тиімділігіне дұрыс бағалау айқындауға мүмкіндік береді.

Мазмұндық программаны талдау кешенді және  тақырыптық болып келеді. Кешенді талдау кәсіпорын қызметін жан-жақты қарасытырады. Сол уақыттығы қызықты мәліметтердің мысалы материалдық ресурстарды қолдану кәсіпоарнының өндірістік қуатты өнімінің өзіндік құнын төмендеті немесе тағы басқа. Осы айтылған шаруашылық қызметін талдау формалары ұйымдастыру  ен жүргізу әдістері өз бетінше біріңғай.  

 

5.Экономикалық  талдаудың әдістері.

Әдіс пен ғылымда  өзінің зерттеу тәсілін түсінеміз талдау әдісінің сипатты белгілері оның өр уақытта салыстырыпп отыру қажеттілігі. Талдаудың маңызды әдістемелік негізі тек ғана  себеп-салдарды айқындап  қана қоймай индукция және дедукция  әдісі ароқылы   жүзеге  асырады.

Индукциялық талдау – жекеден жалпыға өту.

Дедукциялық талдау -  жалпыдан жекеге өту.

Элементтің  жүйелігі  олардың өзара  тәуеоділігін өзара байланыстылығын зерттеуге негізделеді.

Индукция мен дедукция әдістері  талдауда бір бірін толықтырып отырады. Жалпылау талдауда маңызды құбылыстар болып табылады. Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің процестері мен экономикалық құбылыстардың экономикалық себеп-салдарын жүйелі түрде және кешенді түрде, көрсеткіштер жүйесі жасалынып пайдаланылады. Жүйелі ыңғай бұл зерттеупроцесінде бірнеше бағыт болып табылады.

Жүйелі талдаудың процесінде бірнеше бағыттарды бөліп көрсетуге болады.

  • Талдау процесінде белгілі-бір жүйе  ретінде қарастырылады.
  • Оның негізгі мақсаты бір элементті толық  жасап баға бере алатын көрсеткіштерді жинау.
  • Зерттеліп отырған жуйеснің  жалпы  кестесі жасалады.
  • Жүйенің жалпы түрдегі экономикалық, математикалық  үлгіні қарастырылады.
  • Үлгімен жұмыс жасау

 Нарықтық қатардың қалыптасуы шаруашылық қызметінің бір тұтас кешенді талдауды ішінен және сыртқы талдауды бөлуді  қажет  етіп отыр .

Талдаудың бұл  түрлерінің әрқайсысының негізгі ақпаратты көздері бар.

Әлемдік тәжірбе көрсеткендей есеп-берудің екі түрі бар.

Бірінші түрі: акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондайақ сақтандыру ұйымдары және үкімет органдары, кәсіпорындардың жұмыс жағдайын және есептік кезеңге шаруашылық қызметтің нәтижелерімен таныстыру үшін қаржылық  басылымдармен бюллютендерде   арнайы анықтамаларда басылымдарда шығарылатын түрі

Екінші түрі: Басқару талдау түрі бұл  кәсіпорында шығатын өнімдердің және құнының өзіндік құнының нормативтері туралы сондай-ақ сапасының  төмендегені немесе ьтауардың мөлшерінің тыс шығарылып өтпей қалғанына байланысты мәлімдемелерден тұратын қатаң құпияландырылған басқа  тұлғалар үшін жабық болып табылатын ақпарат көзі.

 Ішкі есеп-берудің ішінде  жауап кершілікорталарымен олардың пайда болу орындары бойынша  шығындар сияқты  және  бөлімшелердің  жұмыс  нәтижелері  сипаттайтын маңызды көрсеткіштер туралы есеп-беру болып табылады.

Кәсіпорынның  жеке бөлімшелерінің шаруашылық  жүргізу  деңгейін анықтау  шығындар мен  нәтижелерді салыстыру , кім қалай жұмыс  жасайтындығын көруге мүмкіндік береді және еңбекке  ақы төлеуге қандайда бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау  басқару есебін ал сыртқы талдау  қаржыны қаржының есебін жүргізеді.Бүгінгі таңда нарыққа өту деңгейін бағалауда жаңа  амалдар қажет.

6.Талдаудың әдістері және оларды жіктеу

Талдау әдісін  пайдалану  зерттеудің  бірқатар  талдамалық әдістемелері арқылы көрсетуге болады. Ал жалпы әдістеме деп кез-келген  жұмысты мақсаты түрде  орындалуының  тәсілдерімен ережелерінің жиынтығын  түсінеміз. Сонымен қатар экономикалық  талдаудың әдістері талдаумақсаттарының техникалық түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін экономикалық талдаудың аналитикалық құралы болып табылады.

Өлшеу – экономикалық талдаудың бір элементті ретінде  сандық өлшемді анықтау процесін және  бизнес жоспардың шаруашылық обьектінің тиімділігі мен  динамикалық роындау нәтижелеріне бөлек фактордың  әсер ету бағытын көрсетеді.

Экономикалық қызметтің аналитикалық зерттеу соңғы кезеңінде  талдау нәтижелерінде  басқару шешімдерін қабылдау үшін ұсыеыстарда өңделетін экономикалық талдау әдістері.

FSA (құндық функцияналдық әдіс) – бұл  әдіс өнімнің өмірлік циклі  барысындағы  бір өнім бірлігіне кеткен  шығындардың  тиімділігінің жоғарылауын, өңделетін өнімнің  қызметін бекітетін операцияларды зерттеу әдісі.

SWOT – талдау әдісі (күш, әлсіздік,мүмкіндік және  қауіп деген мағананы білдіреді) бұл әдіс ұйымның  әлсіз немесе күшті жақтарын талдауға, потенциады  қауіпті  ортаны  жоспарлау мен  танып білуге  кәсіпорын стратегиялық  және тактикалық мүмкіндігін талдауға, қауіптерді жоюға әлсіз жақтарын төмендетуге, күшті жақтарын кеңейтуге бағытталған әдіс.

 «Тар орындарды» ашып көрсету және жүргізуші звенолар әдісі.Бұл әдіс  тереңдетілген  талдаудың бірінші кезеңіндегі  обьектілігін ашып көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл әдіс шаруашылық қызметтің  тиімділігін  жоғарылататын немесе дамуын қалыптастыратын немесе ұйымның қызметтік көрсеткіштеріннің төмендеуіне әсер ететін факторды ашып көрсетуде қолданылады.

«Тар орындарды»  ашып көрсету әдісі  бағалаудың өсу көрсеткіштерінің қатынасы арқылы қарастырылады. Олардың ішінде «тар орынды» анықтау үшін, теңсіздіктің жалпы мақсатты көрсеткіштерді дұрыс қою қажет.

Ал жүргізуші звено әдісі резервтерді анықтауда проритетді бағытты ашып көрсетеді яғнм экономикалық талдаудағы әдістер.

7.  Салыстыру тәсілі. Көрсеткіштерді салыстырмалы  түрде келтіру әдістері.

Эксперттік әдіс -  маңыздылығы кәсіби  білімдерді,  тәжірибелерді ойлауды  қабілетті терең эксперт маманды тарту арқылы логикалық түрдегі талдауды жүргізілетін әдіс.

Эвристикалық әдіс  – (грек тілінен аударғанда «іздеудемін» «табудамын»  «ашудамын»  деген мағынаны білдіреді) шындықты ашып көрсету мен теорилық зерттеу ережелерді зерттеудің терең нәтижелері.

Экономикалық талдаудың тәсілдері сандық және сапалық..

Сапалық  тәсілдер -  кәсіпорынның  қаржылық жағдайы туралы  нәтижелерді қорытындылап  талдауға, өтімділік пен төлем қабілеттілігін талдауға, инвестициялық потенциялды анықтауға ұйымның несие қабілеттігін анықтауға мүмкіндік береді.

Сандық әдіс – нәтижелі көрсеткішке түрлі факторлардың әсер етуі дәрежесін бағалау жоспарлау мен болжауға бағытталған әдіс, ол келесі түрлерге бөлінеді.

1) Статистикалық әдіс – бақыау, орташа өлшемдерді  анықтау,салыстыру мен топтастыру  индексін есептеу  және графмкалық әдістер жиынтығы.

2)      Бухгалтерлік (екі жақты жазуәдісімен баланыстық әдіс)

3)  Экономикалық-математикалық әдіс ( жай математикалық әдістері және т.б)

Сандық талдаудың әдістері мен тәсілдері келесідей  сандық әдістерден тұрады.

Факторлық талдау - олардың   тәртіптерін  зерттеу мақсатында  А және Б фактордың  бөлшектерінің зерттелуі  құрамдық элементтер бойынша жүргізіледі.Мұнда фактордың бөлшектелуі әрі қарайда жүргізілуіде мүмкін.

Стохостикалық факторлық талдау – нәтижелі  көрсеткішпен функцияналды көрсеткіштің байланыстан айырмашылығы ықтимал,  бірақ факторды толығымен зерттемейді.

Көрсеткіштердегі оптимизасия тәсілі: экономикалық-математикалық, программалау, жиынтық қызметті көрсету теориясы, операцияларды зерттеу  әдістерінің жйынтығы.

8.    Қатысты және  орта шамалар тәсілі. Топтастыру тәсілі..

Өзіндік құрамы бойынша көрсеткіштер абсалютты  және  салыстырмалы болып бөлінеді.

Абсалютты көрсеткіштерге - ақшалай натуралды немесе еңбек сиымдылығы және т.б.

Салыстырмалы көрсеткіштерге – пайыз, коэффицент, индекстермен анықталады.

 

Кешенді талдаудың көрсеткіштер жүйесі

 

 

 

9.Факторлық  талдаудың түсінігі, мақсаты  және типтері.

 

Ұлттық  экономиканың сәйкес  салаларын,  қаржыландыру  мен несиелеу  тәртіптілік  қаржылық  және  несиелеу органдарынан мекемелерімен  байланыстылығын белгілейтін  шаруашылық.

Қызметті  жоғары  дәрежеде  талдауға  мүмкіндік  жоқ. Бұл  ғылымда белгілі – бір  дәрежеде  бірлік  бірі  өзара  байланысты. Талдаудың  негізгі  объектілеріне  жататындар.

  • Кәсіпорының  өндірістік  құрылымы  өндірілген  өндірістің  үлгісі, өндіріс  кезеңін  ұйымдастыру.
  • Өндірісті  басқару  процесін  ұйымдастыру.
  • Шаруашылық  статистикасын  таңдау  өнімді  өндіруді  жоспарлау  және  өнімді  сатуды  әзірлеу.
  • Өндірісті  қал-у  капиталды  пайдалану  және  кәсіпорынның  табысын  қорландыру.
  • Өндірістің  материалдық  техникалық,  базамен  қамтамасыз  етілу.         
  •  Шикізаттардың  материалдық  жеткізілуі  босалқы  қорды  қолдау  және  оларды  ұтымды  пайдалану
  • Өндірістің  техникалық  жағдайымен  қажетті  инфрақұрылымды  құрылыс,
  • Өндірістік  шығындарды  қалыптастыру өнімнің  өзіндік  құнын кав-сы өн-ң баға  сая-ты,
  • Өндірістің  қаржы  ресурстары: Қаржылық  шаруашылық  қызыметі,кә-ті тәу-к  баға.
  • Кәсіпорын  жаңару  қызметі  өнімнің  сапасы  және  эканомикалық  проблемалар.
  • Кадрларды іріктеу,  оларды жұмысқа  қабылдау  еңбекті  ұйымдастыру, еңбекке  ақы  төлеу жүйесі, және  еңбек  өнімділігін  арттыруды  ынталандыру. 

 Шаруашылық қызметтер талдауының жіктелуі

Олар сәйкесінше салалық  кезеңдік, кеңістік белгілерінен,  периоттық жүргізу, басқару объектілері.

Зерттеу әдістері, объекті жалпы  қамту прогламалардың мазмұндары, тұтынушыларды талдаудан тұрады.

10. Экономикалық  талдаудың факторларын жіктеу  және жүйелеу

Шаруашылық қызметтің талдауының жіктелуі оны дұрыс түсіну үшін оның мазмұны мен тапсырмалары үлкен мағынаға ие. Экономикалық әдебиеттерде шаруашылық қызметтерді талдау әр түрлі мағынасы бойынша жіктелінеді. Солар баойынша, қоғамдық еңбекті болуы негізінде анықталады, талдау салалық болып бөлінеді. әр түрлі экономикалық салалар (өндірістік, ауыл шаруашылық,көлік сауда ж.т.б)  яғни оларға арнайы тәсілдер қолданылады, және сала аралық.  Бұл ұлттық экономиканың шаруашылықтың қызметін талдаудың теориялық және методологиялық болып табылады. Яғни шаруашылық  қызметтің талдауының теориясы.

Салалық шаруашылық қызметін талдаудың объекті қажеттелігі өндірістегі салалардың әртүрлі болуымен түсіндіріледі қоғамдық өндірістерідің саласы өзінің еңбектің әрқилығын ерекшеліктеріне ие, өзінің мамандануы яғни экономикалық қарым қатынастар нәтижесінде болады.  Әр түрлі салалардың мамандануы әр экономикалық ерекшелігімен шарттарын жасау қажеттілігімен негізделеді.

Салалық барлық қоғамдық өндіріс салалары Бір*бірімен тығыз байланысты оларда  ортақ нәрсе көп жеке салалардың бір-бірімен байланысы, олардың арасындағы ішінара байланыстың болуы саларалық талдауын Шаруашылық қаржылық талдау жасау қажеттелігін тудырады. Шаруашылықты қызметтің талдаудың теориясы бұл- ғылымның жалпы методологиялық ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Шаруашылық қызметті талдаудың әр түрлі экономикалық саласын  алдыңғы тәжербиелермен толықтырады. Экономикалық анализдің мазмұнын  жалпы және салаларды қоса толықтырады. Экономикалық талдау бойынша жалпы теориялық білімін білу, салааралық талдауда ұқыпты квалификациялық практикалық қолданудың біріңғай әдісін  жасау қажетті шарттардың бірі болып табылады.

Кезеңдік белгісі бойынша шаруашылық қызметті талдау алдағы кезең мен  келешектегі ретраспективті тарихи. Алдағы кезеңді талдау шарашылық операциялардың іс-жүзіне асырғанша жүргізіледі. Басақарушылық шешіммен жоспарлы тапсырма  саларалық болжамжы жоспарлау және жоспарды орындау  күтімділік бағасы, ескерту қажеттілігіне негізделеді.

 

11.Факторлық  жүйелердің  қайта  құрастырылуы және детерминациялық моделдеу.

Келешектегі талдау шаруашылық акт аяқталғанан кейін жүргізіледі. Ол жоспарды орындауды қадағалау пайдаланбаған резевтер қорын қорытындылау кәсіпоарын шешімдеріне қанағатты баға беру негізінде қолданылады.

Ретроспективті талдау оперативті және қорытынды деп бөлінеді. Оперативті талдау шаруашылық  операциялары аяқталғанан немесе ситуациялық аз уақыт ішінде  өзгеруіне негізделеді.

Қорытынды есеп беру кезеңінде жүргізіледі.

Оның құндылығы кәсіпорынның кезең ішінде есеп қорытындысын ауқымды және жан жақты зерттеуді қолда бар мүмкіндікті пайдалану кәсіпорындағы  толық баға  беруді қамтамасыз етеді.

Кеңістік белгілері бойынша ішкі шаруашылық немесе  шараушылық аралық талдауды қарасытрады.

Ішкі шаруашылық талдау тек қана  зерттелетін кәсіпорын мен рның өлшемдері мен қызметтерін қарасытрады.  Шаруашылық аралық талдауда екі немесе одан көп кәсіпорындардың шешім қызметтері салыстырылады. Алдағы тәжербие мен кемшіліктер кәсіпорын қызметінің тиімділігіне дұрыс бағалау айқындауға мүмкіндік береді.

Мазмұндық программаны талдау кешенді және  тақырыптық болып келеді. Кешенді талдау кәсіпорын қызметін жан-жақты қарасытырады. Сол уақыттығы қызықты мәліметтердің мысалы материалдық ресурстарды қолдану кәсіпоарнының өндірістік қуатты өнімінің өзіндік құнын төмендеті немесе тағы басқа. Осы айтылған шаруашылық қызметін талдау формалары ұйымдастыру  ен жүргізу әдістері өз бетінше біріңғай.  

  

12. Капиталды пайдаланудың интенсивті және тиімділік көрсеткіштері.

 

Капитал қалай орналасқан, қандай сферада және қандай қызметте қолданылады, осыған  байланысты кәсіпорынның  тиімді қызметімен оның қаржылық жағдайы тәуелді болып келеді. Сондықтан капиталдың орналасуы мен қалыптасуын талдау кәсіпорынның үлкен рөлді атқарады.Бұндай талдау жүргізудің негізгі ақпарат көзі болып  бухгалтерлік баланс табылады.   

Кәсіпорынның бұйрығымен баланстың актив  бөлімінде капиталдың орналастырылуы туралы мәліметтер көрсетіледі. Әрбір капиталдың түрлеріне байланысты жеке-жеке баланстың баптары көрсетіледі.

Осы мәліметтер негізінде кәсіпорын балансының актив бөлімінде қандай өзгерістер болғанын және кәсіпорынның жылжымайтын мүліктері, сондай-ақ айналым құралдары олардың ішінде өндіріс сферасы анықталады.

Кәсіпорынның құралдарын ішкі айналымда, сондай-ақ сыртқы айналымда қолдануға болады (дебиторлық берешек, акция, құнды қағаздар).

Кез келген кәсіпкерлік қызмет сферасында нақты қолма – қол ақшамен бастау алады, оның есебінен керекті ресурстар саны, өндіріс процесі және өнім өтімі ұйымдастырылады.

Капитал айналымы жүйелі өз қозғалысы барысында  3 сатыдан өтеді:

  • дайындау
  • өндірістік
  • өтімді

Бірінші сатыда кәсіпорын өзіне  қажетті негізгі қорлар, өндірістік қорларға ие болады.

Екінші  сатыда құралдардың бір бөлігі қорлар түрінде өндіріске тұседі, ал бір бөлігі қызметкерлерге еңбек ақы төлеуіне, салықтар және басқа да шығындар. Бұл саты дайын өнім шығарумен аяқталады.

Үшінші сатыда дайын өнім іске асады және  кәсіпорын шотына ақша құралдары ретінде түседі, кәсіпкердің алынған пайда мөлшеріне алғашқы сомасы көбірек.

Демек, капитал тезірек айналым жасаса, соғұрлым кәсіпорын өнімді алады және іске асырады. Жылдам айналымның арқасында ең біріншіден, өнім шығару көп қаржы жұмсамай жылдық өнім шығаруы көбейеді. Өнімнің  жылдам айналымның арқасында қаржы табысы көбейеді. Егер өндіріс пен тауар өткізу табыс әкелмесе, онда тауар айналымы жылдамдылығы қаражаттардың төмендеуіне әкеледі.

Капитал пайдасының көтерілуі өндіріс өнімдерін дұрыс үнемдеудің арқасында, шығынды көп жібермеудің арқасында барлық тауар айналымының жоғалуы осының салдарынан капитал ең бастапқы сомасына пайдамен келеді. Капиталды тимді пайдаланудың арқасы рентабельділік болады. Жылдық табыс пен иайналым капиталына капиталдың интенсивті пайдалануын талдау үшін коэффицент айналымы есептеледі, керісінше айналым коэффицентке капитал деген көрсеткіш болады. Байланыс капитал рентабельділікпен және айналым келесідей көрсетіледі:

Пайда / орта жылдық капитал сомасы = пайда / өткізуден табыс  х  өткізуден табыс  /  орта жылдық капитал сомасы  немесе ативтің рентабельділігіне (ROA) тең, сату рентабельділігіне (Rpп) көбейтеміз айналым капиталына (Коб).

ROA = Коб х Rpп

Бұл көрсеткіштер шет мемлекеттерде кәсіпорынның қаржысын бағалауда пайдаланады.  Капитал рентабельділігін  талдауда табыс бөлінеді. Негізгі концепциялардың рентабельлігін есептеу әлде қайда қарапайым, бірақ берілген инвестициялық база көрсеткіштері туралы көптеген пікірлер қалыптасқан.

Пайданың активтің жалпы соммасын, А.А.Бернстайнның пікірінше, ең жоғарғы көрсеткіш кәсіпорын қызметінің тиімділігін көрсетеді. Ол басшылық енгізген  активтердің табысын сипаттайды, олар құрылым көзіне тәуелсіз болып табылады.

Кейбір жағдайларда ROA-ді есептеуде активтердің жалпы сомасынан өндірістік есес активтердің алып тастағанға тең болады (негізгі құралдар мен қорлар, МЕА, алдағы кезең шығындары және т.б). Бұның ерекшелігі активтерерінен түскен  табысты басшылыққа жауапкершіліккті жүктемеу үшін жасалады, ол анық септігін тигізеді. А.А.Бернстайнның пікірінше, осы іс-әрекетті былай түсіндіреді, ROA-ны анықтау үшін ішкі басқару құралы  ретінде пайдалану тиімді және кәсіпорынның жалпы тиімділігін бағалау үшін жарамайды.

Акционерлер мен кердиторлар өз қорларын активтерге салуға кәсіпорын  басшылығына сеніп береді, өйткені олардың табыс әкімейтін болғандықтан. Егер осы активтерге капитал салуға  себептер болса, онда ROA есептеу кезінде инвестициялық базаны шығарып тастаудың  енқандай қажеті жоқ.

ROA-ны есептеу кезінде мүліктердің амотизациясын  инвестиция  базасына қосып, оны  бастапқы  және қалдық құны бойынша  есептеуге  бола ма деген әртүрлі пікірлер бар. Егер негізгі капиталдың тиімділігін  бағаласақ, онда мүліктің амортизациясы орташа жылдық  сомасы бастапқы құны бойыша анықтауы керек.

Методикалық анықтама негізінде монетарлық активтердің құнсыздануы

Инвестициялық процестердің сатысына байланысты барлық баланс баптары монетарлық  актив және монетерлық емес актив болып 2-ге бөлінеді.

Монетарлық  актив дегеніміз – айнымалы қаражаттарды және ағымдағы міндеттемелерді ақшалай бағалау, баланс баптары. Оларға мыналар кіреді: ақша қаражаты, депозиттер, қысқа мерзімді ақша қаражаты, қаржылық есеп.

Монетерлық емес актив дегеніміз – негізгі қаражаттар, аяқталмаған капитал құрылысы, қорлар, бітпеген өндіріс, дайын өнім тауарларды айтамыз.

Бұл активтердің нақты құны бағалаулардын өзгеруімен және уакыт агымдарымен өзгеріп отырады.Сондыктан олар қайта бағалауды талап етеді.Касіпорын активтерінің анализі процесінде біріншіден құрамы мен структурасының өзгеруін бақылау керек.

 

Кесте 1. Кәсіпорын активтерінің стуктурасы

 

Кәсіпорын қаражаты

Жыл басы

Жыл аяғы

Өсім

Млн. тг

%

Млн. тг

%

Млн. тг

%

Ұзақ мерзімді актив

17700

38,7

18800

33,1

+1100

-5,6

Ағымдағы актив

28000

61,3

38000

66,9

+10000

+5,6

Соның ішінде:

 

 

 

 

 

 

Өндіріс

14220

31,1

18300

32,2

+4080

+1,1

Айналым

13780

30,2

19700

34,7

+5920

+4,5

Қорытынды

45700

100

56800

100

+11100

-

Соның ішінде:

 

 

 

 

 

 

Монетарлық актив 

16355

35,8

20855

35,6

+4500

-0,2

Монетарлық емес активтер

29345

64,2

35945

34,4

+6600

+0,2

       

Кестеде көрсетілгендей, есеп беру жылында касіпорынның активтерінің структурасын талдау шамалы өзгергеy; негізгі кәсіпкерлердін проценті 5,6процент төмендеді; ал айналым тиісті түрде ұлғайды, соның ішінде өндіріс саласы 1,1 процентке және айналым саласы 4,5 процент. Осыларға байланысты к л құр н ұйым өзгерді. Жыл басында айналымның негізгі к лға қатынасы 0,63 процентті құрайды, ал жыл аяғында 0,5 процентті құрады.

Жалпы баланс валютасында маңызды орынды монет активтер алады.Бірақта есептік жылда олардың проценті біршама төмендеген.Егер монеттық активтер монеттық пассивтерден жоғары болса, онда баға өсімі мен сатып алушының ақша бірлігі төмендейді және активтердін ақшалай құнсыздануы касіпорынның қаржысының жоғалуына әкеліп соқтырады. Яғни керісінше, егерде монеттық сумманың пассивтері монеттық активтерден жогары болса, ақшалардың құнсыздануы инфляцияның себебінен касіпорынның ақшалай табыстығы өседі. Оны Д.А.Панновтың мына формуласынан көруімізге болады.

      

КL = (MПн - МАн) х Iк/ Iн + (МПк – МАк) х Iк/Iн – (МПн – МАк)

 

Мұндағы: КL – капитал сомасының өзгерісі 

           

                  МАн және МАк – монетарлы активтердің бастапқы және соңғы                          

                  бағаларын талдау процесі.

                  MПн және МПк - монетарлы пассивтердің бастапқы және соңғы                          

                  бағаларын талдау процесі.

2.Оларды есептеу мен талдау әдістемесі.

Дайын өнімде капиталды табудың ұзақтығы (Пдө) өндірістен жөнелтіп жібергенге дейінгі кезеңде қоймада сақталған дайын өнімнің уақытына тең:

Кәсіпорынның ағымдағы активінде айтарлықтай үлес салмақты аяқталмаған өндіріс алады. Аяқталмаған өндірістің қалдығының көбеюі өндірістің кеңейгенін немесе өндірістік циклдың ұзақтығының көбеюіне байланысты капиталдың айналымдылығының бәсеңдегенін дәлелдейді. Өндірістің ұзақтығының циклі шикізаттың дайын өнімге айналуына дейінгі уақытқа тең:

Өнімнің  әрбір түрі бойынша өндіріс процесінің ұзақтығын талдау оның өзгеріс факторларын бекіту маңызды. Өндірістік циклдің кезеңі техника деңгейінен, технологиядан, өндірістік ұйымдардан, материалды- техникалық құрал-жабдықтардан және басқа да факторларға байланысты. Оның қысқаруы кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің артқанын дәлелдейді.

 

1. Кәсіпорынның өндірістік негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау.

 

Негізгі құралдардың пайдалануын талдау

Негізгі құралдардың жағдайы мен динамикасы және  құрылымындарына  ерекше көңіл бөлінеді, өйткені олар ұзақ мерзімді  активтердің үлкен үлесін алаады.

Кәсіпорынның негізгі  қорлары екіге  бөлінеді:

  1. өнеркәсіптік - өндірістік
  2. өнеркәсіптік емес бөлімдерден тұрады,

Кәсіпорынның  өнеркәсіптік күшін   өндірістік - өнеркәсіптік қорлар анықтайды. Сондықтан да  активтік құрамды  (жұмыс машиналар мен құрал - жабдықтар) және пассивтік қорлар құрамын, оған қоса  жеке – жеке ішінара группаларға, яғни   олардың функцияналдық  жұмыстарына сай (өнеркәсіптік  жұмыстар ғимараттары, қоймалар, жұмыс және күшті машиналар, құрылғылар, есептеуіш машиналар құралдары   мен құрылғылдар, транспорттық құралдар және тағы басқа) белгілеп көрсетіледі. Мұндай детальдік тексеру резервтердің көрінуін негізгі қордың  қолдану маыздылығының оптималдық негізділігінде қажет.  Активтік және пассивтік құрамының ара қатынасына   үлкен қызығушылық тудырады, кәсіпорынның қор берілімі, қор рентабеьділігі мен қаржылық жағдайының күшті және жұмысшы машиналарының оптималды үйлесуін көп жағдайда бағынышты. 1- таблицадан көргеніміздей, есепті кезеңдегі  негізгі қордың құрылымы  мен негізінде  шынайы кірістердің болғанын айтады. Негізгі құралдардың  бағасы 1300 млн.теңгеге өскенін немесе 9 % -ға, мұның ішінде  негізгі өнеркәсіптік қордың 1600 млн. теңгеге немесе 12 % -ға өскен. Негізгі өнеркәсіптік қордың үлесі жалпы  сомасында  1,1% -ғаөскен және  сәйкесінше  өнеркәсіптік емес  қордың үлесі  тұрғын үйлердің қорының жекешелендіруіне  байланысты  төмендеген. Активтер бөлімінің қорының үлестік қоры мейлінше  өсті (52,75 % - тен 57,9 % -ға дейін)

 

1 – таблица. Негізгі  қордың  негізі, қозғалысы мен құрлымы

 

Негізгі қорлар тобы

Жыл басындағы

1 жылда түсті

1жылда

шықты

Жыл  аяғында

Млн.тг

Үл.салм%

Млн.тг

Үл.сал %

Млн.тг

Үл.сал%

Млн.тг

Үл.с %

Өнд-к өнер-к НҚ

13200

91,0

2500

92,6

900

64,3

14800

93,7

Басқа сала-ғы  өнер-к НҚ

-

-

-

-

-

-

-

-

Өнер-к емес НҚ

1300

9,0

200

7,4

500

35,7

1000

6,3

Барлық НҚ

14500

100,0

2700

100,0

1400

100,0

15800

100,0

Оның ішінде: активті бөлім

7650

52,75

2250

83,3

750

53,6

9150

57,9

 

Банктер мен басқада  инвесторлар кәсіпорын мүлігінің  құрамын зерттегенде  оның негізгі  құралдардың жағдайына  оның техникалық деңгейіне, өндіргіштігіне, экономикалық және  моральдік тозуына  көп назар аударады.

Бұл үшін келесі көрсеткіштермен есептеледі:

Жаңару коэффициенті (К жаңару), Жаңа қорлардың  жалпы бағасының жыл соңындағысын анықтайды:

К жаңару = Негізгі қорлардың түскен бағасы / Жыл соңындағы негізгі қорлардың бағасы = 2700/15800 =0,17

Негізгі қорлардың жаңару  уақыты (Т жаңару):

Т жаңару = негізгі құралдардың кезең басындағы  бағасы / Негізгі құралдардың түскен бағасы = 14500/2700 = 5,4 жыл

Негізгі қорлардың шығу коэффициенті (К шығу):

К шығу = Негізгі құралдардың шыққан бағасы/ Негізгі құралдардың кезең басындағы бағасы = 1400/14500= 0,097

Өсім коэффициенті (К өсім):

К өсім = Негізгі қорлардың өсім бағасы / Олардың бас кезіндегі бағасы = 2700-1400/14500=0,09

Тозу коэффициенті (К тозу):

К тозу = Негізгі қорлардың  тозу соммасы/ Негізгі қорлардың бастапқы бағасы = 5050/15800=0,32

Жарамдылық коэффициенті ( К жарамдылық):

К жарамдылық = Негізігі құралдардың қалдықбағасы / негізгі құралдардың  бастапқы бағасы = 15800-5050/15800= 0,68

 

2.Негізгі өндірістік қорлардың интенсивті және тиімді пайдалануын талдау.

 

Жаңа техниканы кіргізу жоспардың орындалуын, жаңа  обьектілердің іске қосылуын, негізгі құралдардың жөндеу жоспарларын  тексереді. Жаңа  замаңға сай жабдықтардың үлесі, оның  жеке топтағы көлемі және  де жабдықтардың автоматтандырылған үлесіне қарай анықталады. Қорлар жастық құрамы мен моралдық тозуына   қарай эксплуатациялық ұзақтығына мінездеме жасалады: (яғни 5,5 – 10,10-20 одан 20 жылға дейін) Жабдықтың орташа  жасы мына  формула арқылы есептеледі.

Х =   Хоі * ҮСі , мұндағы

Х – жабдықтың орташа жасы

Хоі – интервалдың ортасы

І – жабдықтың тобы

[Хо=(Хж +Хт)/2]; Хж, Хт – сәйкесінше интервалдың жоғары және төменгі  тобы .

ҮСі – жалпы көлемдегі жеке интервалдық топтар бойынша жабдықтың үлестік  салмағы.

Жұмысшы  машиналардың жағдайы, жабдықтар, құралдар, құрылғылар техникалық жарамдық топтама мінездеме үшін: жарамды жабдық, капиталдық жөндеу керек жабдық,  шығарып тастайтын жарамсыз жабдық.

Талдаудың маңызды мәселесі – кәсіпорынның негізгі өнеркәсіптік қорлармен жабдықталуын зерттеу. Машиналардың жеке түрлері, механизмдері, құрылғылар, ғимараттардың жабдықталуы нақты және  жоспарлы  жетіспеушіліктерді салыстыру арқылы  бекітіледі, өндірісті шығару  жоспарын орындау үшін қажет. Байытатын көрсеткіштерге  кәсіпорынның  негізгі өнеркәсіптік қормен жабдықталу деңгейін мінездегені еңбек қор қарулығы  мен техникалық еңбек қарулануына жатады.

Жалпы  еңбек қор қарулануының көрсеткіші  орташа жылдық бағасы мен өнеркәсіптік - өндірістік қорлардың орташа тізмдік  жұмысшылар санының (яғни басқа сменаларда  істейтін жұмысшы  сол еңбек  құралдарын қолданады.)

Еңбектің техникалық  қарулануының    деңгейі өндірістік жабдық бағасының  орташа тізімдік жұмысшылар санының үлкен  сменасының қатынасынан анықталады. Оның өсім қарқыны өндірістік еңбектің өсу  қарқыны бір –біріне  салыстыру арқылы жүреді.

 

  1. Кәсіпорынның өндірістік қуатты пайдалануды талдау. Технологиялық жабдықты пайдалануды талдау.

 

Мүмкіндігінше, өндірістік еңбектің өсу қарқынына  техникалық еңбек қарулануының өсім қарқынынан асып түсуі қаланады.

Негізгі  құралдарды  құндық бағалаудың мынадай түрлері бар:

  1. қорды толық қалпына келтіру құны  және оның дамыған жағдайға  келтіру бойынша бағалау. Бұл ұқсас материалды дамыған жағдайына  сәйкес пайдаланудың тиісті параметрлерін сақтауды көздейді.
  2. Қолда бар құрал – жабдықтарды бастапқы толық құны бойынша  бағалау оларды  тасымалдаудағы көлік шығындары және пайдалану кезіндегі  құрастыру  жұмыстарының құны. Негізгі құралдардың  бастапқы құны  бойынша кәсіпорынның балансында есепке алынады. Сондықтан оны баланстық құн деп атайды.
  3. Қордың тозуын есепке ала отырып, бастапқы және қалпына  келтіру құны  бойынша бағалау бұл  прцестің нәтижесінде  техника тетіктерімен құрал – жабдықтың  жоғары өнімділігін және оларды үнемді пайдалану жолдарын қарастыру көзделеді.

Лизинг – техника күштерінің  жалға берудің нысаны ұзақ мерзімге, яғни (3-5 жылға  және одан жоғары  жылдарға)

  1. Кәсіпорын құрал – жабдықтарды  немесе түрлі техника  күштерін жасап шығарушы.
  2. Жалға беруші (лизинг компаниялары)
  3. Жалгер (жеке тұлға, кәсіпорын, ұйымдар)

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Абрютина М.С Гарачев А.В. Анализ  финансово-экономической  деятельности предприятия. Учебно-практическое пособие-М. Издательство «Дело и Сервис», 1998-256с.

2. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник 2 – е издание / И.А. Богдиновская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и д.р. под общ.ред. В.И. Стражева – М.М. выш.школа 1998 – 397 с

3. Баканов М.Н., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник 7 – е, издательство, доп.и перераб. – М: Финиасы и статистика, 2002 – 416с

4. Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субьекта 2 – е издание, доп.- М.: Финансы и статистика, 2000 – 208с

5. Вакуленко Т.Г., Фомина Л.Ф. Анализ бухгалтерской (финансовой) отчетности для принятия управленческих решении – СПб.: Издательский дом Герда: 2001 – 288с

6. Дюсембаев К.Ш., Егембердиев С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие – Алматы: экономика, 1998 – 294с

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-12 15:44:46     Қаралды-28664

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »