UF

МАЗМҰНЫ

 

І    Кіріспе бөлім...........................................................................

 

ІІ   Негізгі бөлім...........................................................................

 

          І-тарау  Қылмыстық құқықтағы қылмыс туралы ұғым,

         оның белгілері және ол туралы ғалымдардың пікірлері..........

 

1.1  Қылмыстық құқықтағы қылмыс туралы ұғым

        мен оның белгілері..............................................................

1.2  Заңгер ғалымдардың қылмыс және оның белгілері

       туралы пікірлері....................................................................

  1.  Қылмыстың басқа құқық бұзушылықтан

        айырмашылығы ...................................................................

 

ІІ-тарау  Қылмыстың түрі мен құрамы.......................................

 

ІІІ-тарау Қылмыс санаттары........................................................ 

 

ІУ  Қорытынды..............................................................................

 

У   Пайдаланылған әдебиеттер....................................................

КІРІСПЕ

 

Бітіру жұмысы қылмыстық құқық бойынша „Қылмыстың түсінігі” деген тақырыпқа арналған. Жұмыс кіріспеден, қорытындыдан және үш тараудан тұрады. Олар:

  1. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың түсінігі мен белгілері;
  2. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың құрамы мен түрі;
  3. Қылмысты топтастыру.

Қорытынды, пайланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспеде пайдаланылған әдебиеттерге шолу жасалған.

Бірінші тарауда қылмыстық құқық бойынша қылмыстың (топтастыру) түсінігі мен белгілеріне анықтама берілген.

Екінші тарауда қылмыс құқық бойынша қылмысты топтастыру туралы айтылады. Қылмысты жіктеуде оның қоғамға қауіптілігінің мәні мен дәрежесіне және ҚК.  9-бап бойынша кінәсінің түріне қарай қарастырылады. Қылмыс қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай түрі 4 топқа бөлінген: 1) онша ауыр емес; 2) ауырлығы орташа; 3) ауыр; 4) ерекше ауыр қылмыс. Мұнда қылмыстың басқа тәртіп бұзушылыққа қарағанда қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі мен сипаты  айтылған.

Қорытынды бөлімде қылмыстың алдын-алу мәселелері сөз болады.

Бітіру жұмысы қылмыстық құқық саласындағы ғылыми дәрежелерге, соңғы жылдардағы мемлекеттік құжаттарға негіздейді басты мақсат еткен.

Зерттеу еңбектері:

1. Прохорова В.С. Монография. Қылмыс және жауапкершілік. Ленинград университеті баспасы. 1984. 135 б. Бұл еңбек қылмыстық-құқықтық категориясы – қылмыс пен жауапкершіліктің іргелілігін зерттеуге арналған.

Бұл еңбекте қылмыс қүрделі әрі жан-жақты әлеуметтік құбылыс ретінде қаралып, оның бір жағынан, әлеуметтік құқықтық мәне мен мазмұны, екінші жағынан, құқықтық түрі талданған. Бұл үшін қылмыстың зияндылығы мен оның себебінің механизмін зерттеп, әрбір қылмыстың қоғаммен адамдардың тиісті байланысына қатысты нақты заман әкелгенін дәлелдеуге ұмтылады.

2. Кривоченко Л.Н. Қылмысты жіктеу. Харьков. Жоғарғы мектеп. 1983. 130 б.

Бұл монографияда  қылмысты жіктеу мәселесі оның қоғамдық қауіптілігінің мәні мен дәрежесі қылмыстық-құқықтық жалпы бөлігіндегі олардың орны зерттеледі. Мұндай жіктеудің материалды және формальды белгісін, нақты қылмыс категориясының жалпы және өзіндік ерекшелігін, оның заңды қылмыстық-құқықтық зардабын зерттейді. Қылмысты жіктеуді жетілдірудің қылмыс заңдарының сот, тергеу практикасында қолданылуына қолайлы жағдайлар жасалуына арналған тиісті ұсыныстар енгізілді.

3. Сахаров А.Б. КСРО қылмыскерлердің жеке ерекшелігі мен қылмыстық себептері. М. Заң әдебиеті, 1961. 277 б.

Сахаров еңбегінде қылмыскердің жеке ерекшелігімен оның қоғамға қарсы қылықтарының себебі туралы мәселе әлеуметтік жағынан зерттеледі.

Автор соттау кезіндегі сот тәжірибесін пайдалана отырып, қылмыскердің мінезінің негізіне  жататын оның жеке көзқарасы мен қылмысқа түрткі болушы жағдайдың себебін тандайды. Қылмыскердің іс-әрекет жасауының субъективті және объективті жағдайы, жеке тұлғаның адамгершелегінің қалыптасу жайы қандай болатыны да сөз етіледі.

4. Дурманов Н.Д. Қылмыс туралы түсінік. М.Л. КСРО Ғ.А. баспасы, 1948. 311 б.

Профессор Дурмановтың монографиясы бұл күнде де өзінің ғылыми және практикалық құндылығын жойған жоқ.

Бұл жұмыстағы басты ой – қылмыс заңдылық ұғым бола отырып, қоғамдық өмірдегі белгілі бір байланыста болатынын, содан негіз алатындығын айту.

Мұнда алғашқыда қылмыс нақтылы жасалған объективті өмірдегі адамның іс-әрекеті ретінде анықталады. (1 бөлім).

Келесі бөлімде қылмыстық материалдық белгілерінің ерекшелігі анықталады. (ІІІ, ІV, V бөлімдер).

Мұнда одан кейінгі екі бөлім қылмыстық заңға қарсы әрекет-әрекетсіздік екендігін заң жүзінде анықтауға арналған (VI, VII бөлімдер).

VIII бөлімде қылмыстық әрекеттің моральға қатынасын айтады.

ІХ бөлімде жоғарғы бөлімдерде айтылғандарға тандау жасайды, қылмысқа жалпы анықтама береді.

Соңғы Х бөлім қылмыс пен тәртіпті бұзушылықтың өзгешелігін бір-бірінен шектеу туралы айтылған.

5. Саркисов Г.С. Қылмысты ескертудің әлеуметтік жүйесі. Ереван. „Аэстан” баспасы, 1975. 157 б.

Монография қылмысты ескертудің проблемаларына арналған. Мұнда қылмысты жоюдың міндеттері мен шаралары қаралады, әлеуметтік жүйесіне талдау беріледі. Яғни оның ұғымы, мазмұны, субъектісі, жіктелуі бұл жүйе құрылысының кейбір ерекшеліктері, оның тиімды  болуына жасалатын жағдай айтылған.

6. РСФСР-ға еңбегі сіңген қайраткер, заң ғылымының докторы, профессор М.И. Ковалевтің монографиясында („Қылмыс ұғымы мен белгілері және оның жіктеудегі мәні”. Свердловск, 1977 ж.)

Монографиясында кеңестік қылмыстық-құқықтық ғылымдағы негізгі проблемалардың бір ретінде қылмыс туралы түсінік зерттеледі.

Автор бұл тақырыпта қылмыстық жауапкершіліктің заңды негізінде қылмыстық белгілері мен құралын анықтауға байланысты көптеген сұрақтар төңірегінде сөз еткен. Сондықтан қылмыс туралы Қазақстан Республикасы криминалист ғалымдардың, оның ішінде профессор Г.Ф. Поленовтың, профессор Жекебаевтың, Нұртаевтың, Баймурзиннің ғылыми еңбектерінде де айтылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің жаңа жобасында қылмыс туралы жаңа анықтама берілген. Мұнда қылмыстың да жазамен қорқытып тыйым салған адамнан жеке басының, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіретін немесе зиян келтіру қауіпін тудыратын кінәлі іс-әрекет /әрекет немесе әрекетсіздік/ қылмыс болып табылады деп көрсетілген. Бұл жерде қылмыстың негізгі белгісі қоғамға қауіптілік деген сөз жоқ. Оның орнында зиян келтіретін немесе зиян келтіру қауіпі деген сөз бар. Яғни болашақта зиян қылмыстың ұғымының негізгі белгісі қарастырылады. Ал, бітіру жұмысында қарастырылатын мәселе қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша қылмыстың түсінігіне тоқталу болып табылады.

 

 

БІРІНШІ ТАРАУ

  1. Қылмыстық құқықтағы қылмыс туралы ұғым мен белгілері

 

Қылмыстың алғашқы нормативті анықтамасы „РСФСР қылмыстық құқығын басқарудың бастамасында” /1919ж./ берілді, 5-бап „Қылмыс қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынас тәртібін бұзу”. 6-бап „Қылмыс сол жүйенің қоғамдық қатынасына қауіпті әрекет не әрекетсіздік” ретінде анықталған. 8-бап қылмыстың сол жүйесін қоғамдық қарым-қатынасын қауіпті деп танылуының негізі айтылған. Мұнда бұл жүйенің қоғамдық қатынасы „пролетариат диктатурасы кезеңінде капитализмнен коммунизмге өтудегі ұйымдастырушы топтық, көпшілік еңбекшілердің мүддесіне” сәйкестігі көрсетілген.

1922 жылғы РСФСР ҚК 6-бабында қылмыс „коммунистік құрылысқа өтудің өтпелі кезеңінде жұмысшы мен шаруалар өкіметі белгіленген кеңес құрылысына қауіп төнетін әрекет пен әрекетсіздік” деп мойындаған.

1928 жылғы РСФСР ҚК 6-бабында „социалистік құрылысқа өтудің өтпелі кезеңінде жұмысшы мен шаруалар өкіметі белгіленген кеңестік құрылысқа қарсы бағытталған не болмаса тәртіп бұзушы қоғамдық қауіпті әрекет не әрекетсіздік деп белгіленген.

Қылмыстық материалдық белгілерін одан әрі дамыта отырып қоғамға қауіптілігін 6-бап ескертпесінде былай белгілеген: „Осы кодекстің негізгі бөлімінің баптарында маңызы шамалы және зияндылығының зардабы қоғамдық қауіптілік  мәнінен айырылған жаттанды және теріс ықпалға түскен белгілері бар әрекет қылмысқа есептелмейді.

Осыған ұқсас қылмыс туралы ұғым мен маңызы шамалы істер одақсыз республикалардың ҚК 1926-1935 жылдарға дейін болды. /1/

Қылмыс туралы ұғымның кейбір заңды жинағында өзара айырмашылықтар болғанымен, қылмыстың басты белгісі ретінде оның әлеуметтік табиғатын білдіретін қоғамға қауіптілігі негізге алынды.

Қазақстан Республикасында қылмыстық анықтама берілген. Ол ҚК 9-бабы бойынша айтылған: Қылмыстық заңда көзделген қоғамдық құрылысына оның саяси және экономикалық жүйелеріне, меншікке, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және басқа құқықтарымен бостандықтарын қиянат жасау қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп танылады.  Бұл анықтамаларда қылмыстың қауіптілігі тікелей айтылған. Бұл туралы басқа да баптарда айтылған, мысалы, 2-бап: Бұл міндетті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қандай қылмыс болып табылатындығын анықтайды және қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиісті жазаны белгілейді. /2/

3-бап бойынша „қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қалмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекеті қасақана немесе абайсызда істегенде айыпты адам тартылады. Қазақстан ҚК 9-бап қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің белгілерін саралап, оның жалпы түрлерін көрсеткен: қоғамдық құрылыс, шаруашылық жүйесі, сонымен қатар мемлекет тәртібін қылмыс пен бұзушылықтаң барлық түрі. Бұдан шығатын қорытынды қылмыстың басты белгісі – оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамдық қауіптілік адам іс-әрекетінің формасын емес, оның материясы мен мазмұнын беретін материалдық белгісі ретінде қаралады. /2/

Қылмыстық қоғамдық қауіптілігі объект және субъекті белгілерінің жиынтығына байланысты.

Қоғамдық қауіптіліктің мазмұны қылмыстық объектіге әкелген зияндылыгының көлеміне де байланысты.

Қоғамдық қауіптілік көбінесе зияндылықтың зардабының  мәні мен өлшемін, кінәсінің формасы мен түрінен, ниетінен, қылмыстың мақсатынан, оның жасалуынан, т.б. көрінеді. /3/

Қоғамдық қауіптіліктің мәні қылмыстың заңдылығының өзгешелігінің сапасын анықтайды. Ол қылмыстық қол сұғудың объектісінің мазмұнына нақты қоғамдық қатынас, әкелген зиянның мөлшері, көлемі, маңызы, мазмұны /материалдық, моральдық, идеологиялық, рухани, әлеуметтік психологиялық, ұйымдастыру-басқару/ қылмысты қол сұғудың жасалу ерекшелігіне /зорлау, зорлықсыз, қарапайым немесе машықтанған/, кінәсінің түріне /әдейі не байқаусызда/, қылмыстық ниет пен мақсатының мазмұнынан /арам пиғылы, жеке опасыз ниеттері/ байланысты.

Қоғамдық қауіптілік дәрежесі – ол қауіпті істің бір немесе сол мәнімен салыстырғнада топтық көрінісі. Ол шығынның көптігінен /ірі материалдық шығын, жеңіл тән жарақаты/, кінәнің дәрежесі мен /алдын ала ойластырылған, кенеттен ойланған өрескел байқаусыздық/, қылмыстық мотиві мен мақсатының опасыздық дәрежесімен,  қылмыстық қауіптілігінің орнының ерекшелігіне, уақытша байланысты „қылмыстың жасалу жағдайы мен /соғыз кезінде, қоғамдық апат жағдайында/ және басқа қылмыстың жасалу жағдайлармен анықталады.

Қоғамдық қауіптілік әрекеті, егер жасалғанда ол заңда көрсетілген болса, яғни заңға немесе құқыққа қарсы болмаса қылмысқа есептелмейді.

Қылмыстық құқыққа қарсылық қылмысты әрекеттің басқа міндеті белгісіне жатады. Құқыққа қарсы қылмыс заңда қаралған нақты қоғамдық қауіпті әрекетпен сипатталады.

Заңға қарсы әрекет қылмыстық заңда көрсетілген норманы бұзып, тиым салған іс жасап, заңмен қорғалған белгілі объектіге зиян жасау. Мысалы, Қазақстан ҚК 175-бапта „Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе 2 жыл мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады” делінген. Бұдан байқағанымыз біреудің мүлкін ұрлау заңға қарсы әрекет, себебі заңмен қорғалған біреудің меншігіне шығын жасау болып табылады.

Қылмысты сипаттай келе оның адамгершілікке жатпайтын қылық басқалардың моральдық қарсылығы тудыратын жат қылық екенін аңғарамыз.

Біздің қоғамға құқық пен адамгершілік бір-біріне қарсы шықпайды, қайта толық бірлікте болады. Бұл біздің қоғамға құқық пен адамгершілікті бір қағидамен қатар қоятындығын байқатады. Бірақ адамгершілікке жат қылықтың барлығы бірдей қоғамдық қауіптілік дәрежесіне жете бермеуі мүмкін. Ол әкімшілік, азаматтық немесе т.б. ретте адамгершілік жағының талқыға салынуы мүмкін.

Сонымен қорыта келгенде, біздің қылмыстық теорияда заңмен қорғалған объектіге қастық жасау, зиян келтіру немесе зиян келтіру қауіпін төндіру, заңға қарсы іс-әрекет қылмыс деп есептеледі. /4/

 

 

  1. Заңгер ғалымдардың қылмыс және оның белгілері туралы пікірлері

 

Қылмыс онымен тікелей байланысты жаза қоғам тарихының барлық дәуірлерінде өзгеріссіз болып келген ұғымдар емес. Қылмыста құбылмалы, өзгеріп тұратын ұғымдардың бірі. 1926 жылы Ресей Қылмыстық Кодексі, 1959 ж.  қабылданған Қазақстан Қылмыстық Кодексімен салыстырғанда, қазіргі уақытқа дейін 75 бап алынған.

Қылмыс дегеніміз – біріншіден, қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекет. Бұл қылмыстың тарихи анықтамасы; екіншіден, бұл қоғамға қауіпті іс-әрекет. Бұл жерде бірінші формальды анықтама, ал екінші материалды анықтама. Яғни қылмыс қауіпті ғана әрекет немесе әрекетсіздік емес, тек қылмыстық заңда атап көрсетілген әрекет немесе әрекетсіздік.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 9-бабында қылмыс дегеніміз – қылмыстық заңда көзделген қоғамдық құрылысқа, оның саяси және экономикалық жүйелеріне, мемлекеттік меншікке,  азаматтардың жеке басына,  саяси, еңбек, мүліктік және басқа құқықтарымен бостандықтарына қиянат жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет /әрекет немесе әрекетсіздік/. Сондай-ақ құқық тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет.

Қылмыс кез келген заңға қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік емес, ол тек қылмыстық заңда көрсетілген нормаға қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыстық заңға қайшы әрекет немесе әрекетсіздік  дегеніміз қылмыстық заңдарға кіретін нормаларға көрсетілген құрамдағы белгілерге дәл келтіретін әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыстық заңға қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздіктердің басқа да заңдарға қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздіктерден өзгешелігі бар. Ол мынада: қылмыс деп саналатын әрекет немесе әрекетсіздік тек қылмыстық заңда қаралатын нормаларға қайшы болуға тиісті. Қылмысты әрекет қылмыстық заң оны істеуге тыйым салған әрекет. Қылмыстық әрекетсіздік – қылмыстық заң істе деп міндеттеген әрекетті істемеушілік.

Болгарияның Қылмыстық Кодексінің 2-бабында қылмыс дегеніміз – кінәлі түрде істелген заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті ісі делінеді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңдарының міндеті Қылмыстық Кодекстің 2 бабында былай делінген: „Қоғамдық және мемлекеттік құрылыста, меншікті, азаматтардың өз басы мен құқықтарын және бүкіл құқық тәртібін қылмыстық қол сұғушылардан қорғау”.

Қазіргі уақытта қылмыстық негізінің 4 белгісі бар.

а) қоғамға қауіптілігі

б) қылмыстың кінәлі сілтеуі

в) қылмыстық заңда көрсетілуі

г) жаза.

Қоғамдық қауіптілік бұл қылмыстың негізгі белгісі, ол қылмыс мағынасын ашады және де іс-қимылды мемлекет қылмыс деп танитынын көрсетеді.

Л. Шуберт „Іс-әрекет қоғамдық қауіпті деп тануды анықтау тек заң шығарушыларға байланысты деп санайды”, сондықтан онымен келісуге болмайды. Заң шығарушыға тек қандай қоғамдық қауіпті іс-қимылды қылмыс деп тануды ғана анықтау қатысты немесе байланысты.

   Ал, осы Л. Шуберттің кітабында М.Д. Шаргородский мынадай пікір жазды: „Қоғамдық қауіптілік – бұл адамның нақты іс-қимылының объективті-әлеуметтік қасиеті, ол белгілі бір сатыда қоғамдық қауіптілік құқыққа қарсылық, ал кейде қылмыстық жазалау болады”.

Қылмыстың қоғамға қауіптілігі туралы мәселені шешу қылмыстың қандай маңызы бар объектіге қол сұғуына немесе қол сұғуға бағытталуына, яғни объективті келтірілген, немесе келтірілетін зиянның мөлшеріне байланысты.

Қоғамдық қауіптілік қоғамға зиян іс-қимылды білдіреді. Ал басқаша айтқанда қоғамдық қауіптілік іс-қимылы қоғамдық қатынастарға белгілі бір зиянды қауіпін жасайды, келтіреді. Ал қылмыс зиян келтіретін қоғамдық қатынастардың тізімі ҚР К-дегі  2, 9 - баптарда көрсетілген.

Бұл қоғамдық қауіптілік көптеген елдер әдебиетінде талқыланған, солардың ішінде жалпы қылмыс түсінігінің қоғамдық қауіптілік белгісі, оның мәні мен мағынасы поляк әдебиетінде де талқыланады. Польша КІЖК-нің 49-бабына маңызы аз іс-қимыл түсінігін енгізгеннен кейін, қоғамдық-қауіптілік қателік пен барлық қылмыстық құқықтағы қиыншылық панацеясын айналдырылған деген көзқарастар айтылады.

Өсек, жала, қорлау, сабау, зорлау сияқты ерекше процессуалдық ретпен қозғалатын қылмыстық істердің қылмыс категорияларында қоғамдық қауіпті іс-қимыл оның объективті мәнін өзгертпейді.

Н.Ф. Кузнецов өз кітабында: „Барлық қауіптілік зияннан басталуын көрсетеді, сондақтан қылмыстың аяқталуын қоғамдық қауіпті дұрысырақ, қоғамдық зиян деп айтсақ болады,” – деп жазды. /Н.Ф.Кузнецов. „Преступление и преступность”. 618 с./.

Н. Кузнецов ҚК-не қылмыстық сипаттамасын көрсету үшін „қоғамдық зиянның іс-қимылын қолдану қажет”, - деді.

Барлық қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі болады. Олар қоғамдық қауіптілік сипаттамасымен, дәрежесімен ерекшеленеді, яғни осыған байланысты әр түрлі зардап дәрежесі болады. Ол көбінесе қылмыс түрлеріне бөлген кезде заң шығарушымен есепке алынады.

Қоғамдық қауіптіліктің сипаты – қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипаты оның сапасын, ал дәрежесі қоғамға қауіпті қылмыстың санын жинақтайды.

Барлық құрам элементтері – объект және субъект, олардың өздерінің мазмұны – қоғамдық қауіптілік сипаты. Олардың барлығы бірігіп тиісті қылмыстардың мазмұны мен сипатын құрайды. Қылмыс объектілерінің мазмұнын қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар мазмұнын құрайды. Объектілердің мазмұны қоғамдық қауіпті қылмыстың сипатын анықтауда маңызды роль атқарады. Объектіде байланысты олар шамалы емес, ауыр, өте ауыр болып бөлінеді.

Қылмыс қауіптілігінің сипатын анықтау үшін, объектіге қарау қажет. Міне осы жерден бандитизм өзінің қоғамдық қауіптілік сипатымен, әскерге қызмет етуде бас тартудан, бұзақылық заңсыз емделушілікпен шұғыл түрде бөлінеді.

Қауіптілік зиянның сипатына байланысты материалдық, моральдық зиян келтіретін қылмысты бөлуге болады. Және де олардың біркелкі сипаты анықталады.

Қоғамдық қауіптілік қоғамдық қылмыстың сипатына – күштеу тәсілі, ауырлату белгісі, құралы бұлардың барлығы әсер етеді.

Қоғамдық қауіптілік қылмыс сипатының басты маңызды белгісі болып, кінә формасы қасақана немесе абайсызда және қылмысты іс-әрекеттің мазмұнының себебі және мақсаты болып табылады.

Бір объектіге жасалынған қылмыс өзінің сипатымен бөліне алады, яғни кінә формасының бөлінуіне байланысты, мысалы, қасақана өлтіру, абайсызда жасалынған қылмыстан басқа сипатқа ие болады. Сондықтан да заң шығарушы оларға жауаптылықты әр  апта әр түрлі қарайды.

Себеп және мақсат мазмұны қылмыстың қоғамдық қауіпті қылмыс сипатына әсер етеді. Ол қылмыстарды спецификалық туыстық сипаты бойынша бөлуге мүмкіндік туғызады.

Практикада бандитизмдік пен шабуыл жасап тонау қылмыстары қылмыстық қауіптілік сипаты бойынша бір текті болып есептеледі. Қоғамдық қауіптілік қылмыс сипатына аз да болса, субъект мазмұны әсер етеді /ол жалпы немесе арнаулы, жай қылмыскер болмаса, ерекше қауіпті рецидивист/.

Қоғамдық қауіптілік сипаты – қылмыс топтары үшін және ерекше қауіпті рецидивистерді анықтау үшін үлкен мағынасы бар.

Қоғамдық қауіптілік дәрежесі бұл қылмыстың материалдық белгісінің сандық жағы. Барлық қылмыстың іс-әрекетін сапалық белгілерімен қатар сандық жағы бар.

Қылмыстық қоғамдық қауіптілік дәрежесі негізінен залал дәрежесінің қауіптілігіне, оның көлеміне байланысты жасалынған қылмыс тәсілі, орны, уақыты, сипаты бойынша болғанымен, қоғамдық қауіпті қылмыстың дәрежесі бойынша әр түрлі болып келеді. Күштеу тәсілі әр түрлі күштеу дәрежесінде болады.

Кінә және оның формаларының дәрежесі болады. Қоғамдық қауіпті қылмыс дәрежесі бойынша заң шығарушымен, ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларға бөлінеді. Бұл типтік қоғамдық қауіптілік дәрежесі. Оны заң шығарушының өзі топтап, түрлі жеңілдіктерді, қылмыс белгілерін көрсетіп оны анықтайды.

Қылмыстық қоғамдық қауіптілік дәрежесі сотта нақты жаза және жазаны қоғамдық ықпал, әсер етуі мен ауыстыру сұрағын шешуде маңызды роль атқарады. Қылмыстық қоғамдық қауіптілігінің нақты дәрежесін анықтауда, жазаны дараландыру үшін және кінәліні жұртшылыққа қайта тәрбиелеуге беруді шешу үшін екі топтағы жағдай есепке алынуы қажет: барлық қылмыстық іс-әрекеттің субъективті және объективті белгілерінің қоғамдық қауіптілігінің нақты дәрежесі бір жағынан және жеңілдететін ауырлататын Қылмыстық Кодексте көрсетілген 53-54 баптағы жағдайлар екінші жағынан.

Жаза тағайындаудың жалпы негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 52-бабына сәйкес істелген сипатын және қоғамға қауіптілік сипатын, айыптының жеке басының кім екендігін, істің жауаптылықты жеңілдететінін және ауырлататынын мән-жайларды есепке алады.

„Жаза дегеніміз – істелген қылмыстың сазайын тарттыру ғана емес, оның мақсаты сотталған адамдарды  түзеу, әлеуметтік-әділеттік ниет орнату болып табылады және еңбекке адалдықпен қарау, заңдарды дәлме-дәл орындау, сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстырады істеуден сақтандыру болып табылады”, - делінген ҚРҚК-нің 38-бабында.

Қылмыстың екінші қасиеті – ол қылмыстың кінәлі істелуі болып табылады. Қылмыстың тағы бір белгісі – ол қылмыстың заңда көрсетілуі, әрекеттің заңға қайшы екенін, яғни қылмыстық заңмен қылмыс ретінде қаралуын білдіреді.

Ал басқаша сөзбен айтқанда, қылмыс жасаған адам, мұндай әрекеттің дамуын құрайтын заң нормаларын бұзады.

Қоғамға қауіптілік – қанша қылмыс болса да, қылмыс құрамы болмаса, ол қылмыс деп тану үшін міндетті түрде қылмыстық заңмен қаралуы мүмкін. Осы орайда айта кетейік Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 3-бабында „Қылмыс жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет, қылмыстық жауаптылықтың негізі болып табылады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Ал 4-бапта „Іс-әрекеттің қылмыстылығы және жазаланушылығы сол іс-әрекеттің істелген кезінде күші жүретін заңы бойынша белгіленеді” – делінген.

Н.Д. Дурманов өз кітабында былай деп жазды: „Әкімшілік немесе тәртіптік ретте қаралатын өз мөлшердегі бұзақылықтар барлық қоғамдық қатынастар жүйесін қорғамайды”.

Дурманов және басқа авторлар қылмыс болып саналмайтын құқық бұзушылықты қоғамға қауіпті деп санамайды,  бірақ сонымен бірге олардың қоғамға зиян екенін мойындайды.

Шынында көшеде рұқсат етілмеген жерден өтсе, трамвайда билетсіз жүрсе, және т.б. қоғамға қауіпті іс-қимыл деп санауға болмайды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 9-бабының 2-тармағында „Қылмыстық заңда көрсетілген қандай да бір іс-әрекетте формальдық жағынан қылмыстық белгілері бар бола тұрса да, бірақ маңызы шамалы болғандықтан, қоғамға қауіп келтірмейтін бұл әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс деп саналмайды” – деп көрсетілген.

Қылмыс болып саналмайтын іс-әрекет басқа құқық бұзушылықтар әкімшілік, тәртіптік, азаматтық демектер және моральға қарсы теріс қылықтар – бұл құқық бұзушылық болып саналмайды.

Құқық бұзушылық – қылмыс болып саналмайтындықтан, олар қоғамдық қанынастар жүйесін қозғамайтындықтан, қоғамға қауіпті емес деп бекіту дұрыс емес. Қылмыстардың тек белгілі бір саны ғана барлық қоғамдық қатынастарда тиісті бағаланған. Бұлардың санына кейбір аса қауіпті мемлекеттік қылмыстар, кейбір жеке адам басына тиісті қылмыстар кіреді.

Қоғамдық қатынастардың үлкен бөлігі қылмыстық заңда реттелмейді. Олар басқа құқық нормалары, мораль нормаларынмен реттеледі.

Сонымен бірге қылмыс және басқа да құқық бұзушылық қоғамдық қатынастарға тиісті және қоғамдық қауіптілікті көрсетеді.

Міне осындай әрекеттер құқық бұзушылық болып табылады. Теріс қылыққа қарсы күрес жүргізуі мүмкін.

Жоғарыда айтып кеткендей Н. Дурманов және басқа да заңгерлер „көлікте билетсіз жүру, көшенің рұқсат етілмеген жерінен өту, бұл құқық бұзушулықтар, қоғамға қауіпті іс-әрекет емес”, - дейді.

Ал шындап қарайтын болсақ, бір адам көлікте билет алмасы, мемлекетке аз мөлшерде болса да зиян келеді. Ал көптеген адамдар белгілі уақыт аралығында билет алмаса, трамвайда тегін жүрсе, онда ол мемлекетке аз мөлшерде болсын, әйтеуір зиян келтіреді. Көшеде рұқсат етілмеген жерден өту, қоғамға қауіпті іс-әрекет, өйткені көлік қозғалысына әйтеуір қауіпсіздік туғызады. Ал мұны статистика бойынша жол апаты оқиғалары дәлелдейді, ондай апаттардың  көбісі жаяу жүргіншілер кінәсінен болады.

Трамвайда билетсіз жүру сол адамның кері қасиеттері – екіжүзділік, пайдакүнемдік т.б. адамды кері сипаттайды. Осындай қылықтар күнделікті құбылысқа айналмас үшін, бұл құқық бұзушылық болып қаралып, белгілі әкімшілік санкциялары қолданылады. ҚРҚК-нің 9-бабында 2-тармағында көрсетілгендей, қылмыс болып саналмайтын іс-әрекеттер әкімшілік немесе тәртіптік жауапқа тартылады. Мұндай шешімге тек сот практикасында негіз бере алады. Сот орындары кейде қылмыстық андуды қысқартып, қоғамға қауіпсіздік іс-әрекеттің жоқтығын көрсетіп, оларға тәртіптік санкция қолдану қажеттігін мойындайды.

Ал бұдан мысал келтіретін болсақ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы  сотының қылмыстық істер жөніндегі сот коллегиясы Бульцев пен Буренков ісі бойынша былай деген: „Бульцев пен Буренков колхоз аттарын, көршілес деревняға баруға өз еріктерімен алғандаға туралы айғақ және сот тергеуінде сотталушылармен мойындалған. Бірақ бұл әрекеттің қоғамға қауіптілік сипаты аз мағынада болғандықтан, олар қылмыс болып табылмайды” – деген.

Бульцев пен Буренков колхоз мүшесі сияқты теріс қылық жасаған қылмыстық ретте емес ауылшаруашылық артель уставында қарастырылған ретте жазалануы мүмкін.

9-баптың 2-тармағында көрсетілген іс-әрекет белгілері екі түрлі болуы мүмкін. Бірінше – шамалы дәрежеде қоғамға қауіптілік болмайтын іс-әрекет. Бұл әрекеттер қылмыстық заңның кейбір белгілеріне сәйкес келуі мүмкін, бірақ олар не қылмыстық, не әкімшілік жауапшылыққа тартылмайды.

Іс-әрекеттің 2 түрі – бұлар белгілі дәрежеде қоғамға қауіпті болатын, бірақ қылмыстық жауапкершілікке тартылу дәрежесінде емес. Ол 9-баптың 1-тармағында айтылған қылмыстық, қоғамға қауіптілік дәрежесіне етпейді. Бұл іс-әрекеттер өздерінің қауіптілік дәрежесіне сәйкес әкімшілік  немесе тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Теріс қылық қоғамға қауіптілік бірдей емес. Бұлардың ортақ жері – ол екеуінде де сөз, іс-әрекет туралы болуында. Араларындағы айырмашылық – қылмыс пен теріс қылық әр түрлі дәрежеде қоғамға қауіпті. Олар әр түрлі зиян келтіреді. Сонымен бірге қылмыс немесе теріс қылық адамға қауіпті, жеке адамға қоғамдық әсер ету шарасын немесе қылмыстық-құқықтық ретте істі қарау және оған қандай жаза қолдану қажеттігін шешуде жасалынған іс-әрекеттің қоғамдық қауіпсіздігінің болмауынан емес,  қандай жаза дұрыс болатынын ескертіп, құқық бұзушыға жақсырақ түзеуші әсер ету және т.б. жағдайларды еске ала отырып тағайындайды.

Ал әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз заңмен немесе басқа нормативтік актілермен қорғалатын мемлекет органдарының орындаушы, бөлуші, өздерімен әкімшілік жауаптылық немесе қоғамдық әсер ету шараларын көздейтін қоғамдық қауіпті іс-әрекет.

Бұл әкімшілік теріс қылық ішінен қауіптірек құқық бұзушылықты бөлуге болады. Оларды сот әкімшілік санкцияларымен жазалайды. Тәртіптік теріс қылық пен мемлекеттік тәртіпті бұзатын нормативті актілермен рұқсат етілмеген, қызмет бабындағы адамның тәртіптік алымға тартылу қауіпі сияқты қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер.

Азаматтық деликтер – қоғамдық қауіпті мүліктік бұзақылықтар және де басқа қоғамдық қатынастардағы  мүліктік емес бұзушылықтар жатады. Азаматтық заңдардағы және басқа да семьялық, жерлік праваларының азаматтық құқық санкцияларында қаралады.

Моральға қарсы теріс қылық бұл қоғамдық және азаматтық жеке іс-әрекеттің шеңберінің қандайын да болса да жасалынатын моральды нормалармен қарастырылады.

Қылмыстық тиісті жалпы объектісі әкімшілік, тәртіптік және азаматтық деликтердің жалпы объектісінен кеңірек.

Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықтың арасындағы айырмашылықтар объект,  қоғамдық қауіптілік және құқыққа қарсылық арқылы өтеді. Мемлекеттік саяси және экономикалық негіздері, адам өмірінің қоғамдық қауіпсіздігі және мемлекеттік басқару негіздері, кейбір аса қауіпті әскери қылмыстардың объектілері тек қана осы қылмыстық право қорғауында болады. Ал құқықтың басқа салалары бұл объектілерді тек жаңашалап қана қорғайды.

Қылмыс пен құқық бұзушылық түрлеріне сәйкес объектілері бойынша да айырмашылықтары білінеді. Бұлар негізінен, басқару ретінде алып-сатарлыққа, бұзақылыққа, каңғыбастыққа қарсы қылмыстар.

Тәртіптік теріс қылмыстар объектісі мемлекеттік тәртіп. Ол қандай да болса коллектив қатарындағыларға нақты бекітілген тәртіпке бағынуды міндеттейді. Ал азаматтық құқық бұзушылық объектілері азаматтық заңда нақты көрсетілген. Қылмыс барлық уақытта қылмыс емес құқық бұзушылықтан қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесімен қауіптірек болады.

Барлық құқық бұзушылар қоғамға қауіпті. Яғни, олар шын мәнінде қоғамдық қатынастарға белгілі  зиян келтіреді  немесе оған қауіп тудырады.

М.А. Шнайдер, А.М. Васильев және И.С. Салошенколардың көзқарасы мынадай болды: „Қоғамдық қауіпті тек қылмыс белгісі деп санап, ал басқа құқық бұзушылықта қоғамға қауіпті емес, қоғамдық зиян деп айтуды ұсынады.

Қылмыс құқық бұзушылардың зала тәсіл, уақыт, орын жасалынған қылмыстың мақсаты мен арнаулы субъектің ерекше сапалығымен ерекшеленеді. Бұлардың ішінде шешуші қылмыстық залал, одан кейін қайталау болып табылады. Субъективтік элементтерден ерекше мағынаны мақсат алады. Сонымен қатар қылмыстан басқа құқық бұзушылықтардан бөліп қарауда, қылмыстық субъективті белгілері ретінде заң көп ретте қатыгездікті айтады. Құқық бұзушылықтар әкімшілік тәртіптік және азаматтық нормалар тыйым салынумен, әкімшілік санкциялар қылмыстық санкциялардан едәуір кіші репрессивтігімен ерекшеленеді.

Қылмыстық жазалау басқа әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылықтан қатаңдау. Ал моральға қарсы теріс қылық ешқашанда мемлекеттік күштеу шараларымен жазаланбайды.

Қылмыс топтарының негізі болып олардың жалпылай қоғамдық қауіптілігі, болмаса қылмыстық іс-әрекеттің нақты белгісі болмаса осындай белгілер жиынтығы бола алады.

Қылмыс белгілері толық болмаса, ондай іс-әрекет қылмыс болып табылмайды. Оны мына мысалдардан көреміз: Алматы облысы, Жамбыл аудандық халық сотының 1997 ж. 11 сәуіріндегі үкімен Әбдиев Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің  251-бабы, 4-бөлігіне сәйкес айыпталып 11 айға бас бостандығынан айрылған және жазасын өтеген.

Ол суық қару болып саналатын қолдан жасалған пышақты жеке меншік көлігінің ішінде ұстағаны үшін айыпталған.

Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Төрағасының бірінші орынбасары Әбдиевті жазықсыз деп тауып Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төралқасына наразылық жолдаған. Наразылықта Әбдиевке тағылған айыптың дәлелсіздігіне байланысты оған қатысты сот үкімін жойып, істі қысқарту жөнінде мәселе қойған және өз ұсынысың төмендегі дәйектермен түсіндірген.

Алдын-ала тергеу кезінде Әбдиевке ҚК-тің 257-бабы, 2-бөлігімен (кәнігі бұзақылық), 179-бабы, 1-бөлігімен (шабуыл жасап тонау, яғни жәбірленушінің өміріне не денсаулығына қауіпті түрде күш жұмсап немесе сондай күш жұмсаймын деп қорқытып, азаматтардың өзіндік меншігіндегі мүлкін иемдену мақсатымен шабуыл жасау), 177-бабы, 3-бөлігімен (алаяқтық, яғни алдау немесе сеніміне қиянат жасау жолымен азаматтардың өзіндік меншігіндегі мүлкін иемденіп, жәбірленушіге едәуір залал келтірген алаяқтық) айыпталды. Алайда, Әбдиевтің бұл қылмыстарға қатысқаны дәлелденбеген соң, қудалау тоқтайды да, ҚК-тің 251-бабы, 4-бөлігі бойынша қозғалмай қылмыстық іс сотқа тапсырылып, ол осы бапқа сәйкес сотталды.

1996 жылы 20 қантарда болған тінтудің құжатында Әбдиевтің зайыбы Әбдиева Людмиланың меншігіндегі ВАЗ-21011 автомашинасының ішінен болат жүзді, қоңыр қызыл пластмасса сапты қолдан жасалған пышақ табылғаны жазылған. Л. Әбдиева бұл құжатты шағым-арызымен қоса, нақтылау сотына тапсырған.

Ал криминалдық сараптың 1996 жыл 18 маусымындағы актысында машинадан табылған пышақтың сабы сары деп көрсетілген. Криминалдық сараптың егжей-тегжейлі тексеруінен өткен осы сары сапты пышақ тексерудің қаулысымен іске заттай айғақ ретінде тіркеуге тиіс еді, ал шын мәнінде іске қоңыр сапты басқа пышақ тіркелген. Бұл сәйкессіздік күдік тудырады.

Алматы облысы Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі Қысраушин прокурордың рұқсат қағазынсыз Әбдиева Людмиланың үйінде тінту жүргізген. Шұғыл тінту жүретіндей себептің болмағаны іске тіркелген қағаздардан анық көрінеді, тінту қаулысында да бұл асығыстық себебі түсіндірілмеген, сондай-ақ тінту жүргізілген жайында прокурорға бір тәуліктің ішінде хабарлауға тиіс. Тергеуші бұл тәртіпті де бұзған.

Аталмыш жағдайлар Әбдиевті айыптайтын құжаттардың үстіртігін дәлелдің жоқтығын көрсетеді. Сондықтан соттың осы құжаттарға сүйеніп, Әбдиевті ҚК-нің 251 бабы, 4-бөлігімен айыпқа тартуы негізсіз.

Әбдиевтің қылмыс жасағанын анықтайтын басқа нақты даусыз дәлелдер жоқ, ал Әбдиевтің өз айыбын мойынына алғанын дәлел санауға болмайды. Өйткені Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 51-бабына орай, айыптанушының өз айыбын мойынына  алуы, оған қосымша дәлелдер болғанда айыптауға негіз бола алады.

Бұған қоса куә Әбдиева Людмила мен сотталушы Әбдиевтің көрсетулерінде тінту кезінде моншадан табылған қызыл сапты пышақты Әбдиева бұрынғы күйеуі Мәмбетовпен бірге тұрғанда күнделікті отбасының тірлігінде пайдаланғаны айтылған. Оны ешкім суық қару деп ойламаған. Демек, криминалдық сарап анықтамасы. Әбдиев пен оның зайыбы Әбдиева Людмиланың пышақтың суық қару екенін білмеуі күмәнсіз.

Алматы облыстық төралқасы наразылықты қанағаттандырып, Әбдиевті толық ақтады.

Алматы облысы, Жамбыл аудандық халық сотының 1998 ж. 11 ақпандағы  үкіммен азамат Вернер Г. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 286-бабы, 2-бөлігі бойынша 5 жылға бас бостандығынан және үш жыл көлік айдау құқығынан айрылып, абайсызда қылмыс жасағандардың жазасын өтеуге тиісті болған.

Ол аудан орталығы Ұзынағаш селосының Мәметова және Комсомол көшесінің қиылысында жолмен жүру тәртібінің ІІ, І және 15, 4-тармақтарын бұзып, өзіне бекітілген Камаз-5411 „самосвал” машинасымен 11 жасар Курт Юлияны қағып кеткен. Кеудесінен, басынан жарақаттанған бала сол жерде қайтыс болған.

Вернердің ісімен танысқан Жоғарғы Сот Төрағасының бірінші орынбасары оның жазалануын заңсыз деп тауып, Алматы облыстық соты төралқасына наразылық жолдаған. Наразылықта Вернерге қатысты сот шешімдерін жойып, қылмыстық істі жабу керектігі жөнінде айтылған. Оның әрекетінде қылмыс белгілері жоқтығын дәлелдеу үшін төмендегі дәйектер келтірілген, Вернер алдын ала тергеуде өзін жазықты деп есептемейтіндігін айтып, істің қалай болғаны жөнінде жан-жақты көрсету берген. Ол түскі үзіліс кезінде өзіне бекітілген автомашинамен Мәметова көшесін бойлап, үйіне қарай бет алған. Комсомол көшесімен қиылысатын жерге жеткенде қызыл жарық жанып, ол жасыл жарық жанғанша тоқтап тұрған. Көше қиылысының арғы бетінде, жолдың сол жағында жарықтың жануын күтіп, ГАЗ-53 маркалы екі автомашина тұрған. Автомашинаның біреуі Комсомол көшесімен онға  бұрылатынын көрсетіп, оң жақ жарығын жаққан. Қарсы беттегі жүк автомашиналары тар жолдың (ені 6 метр) ортасына дейінгі жерді алып тұрғандықтан Вернер олармен ілінісіп қалмас үшін және жол жиегіне тақау жердегі ойыққа түспес үшін машинасын жолдың оң жақ шетіне тақап, ойықты екі дөңгелеқтің ортасына келетіндей етіп жүрген. Машинаның жылдамдығы сағаныта 30-40 шақырымнан, яғни қажетті қалыптан аспаған. Машинасын Комсомол көшесінің ортасына жетіп, қарсы келе жатқан үйшікті автомашинасымен теңеле берген кезде ол машинаның алдынан жылт ете қалған әлдебір қызыл түсті көзі шалып қалған, іле-шала дурс еткен дыбыс естілген. Ол дереу машинасын жол жиегіне тоқтатып, кабинадан шыққанда басы машина дөңгелегімен жаншылып, жол үстінде жатқан оқушы қызды көрген. Әрлі-берлі өтіп жатқан жүргізушілерге айтып, жол инспекциясының қызметкерлерін шақыртқан, олар жол-көлік  апаты болған жердің өлшемін алып, оқиғаның суретін сызып, Вернердің арақ ішкен-ішпегенін тексеріп, оның сау екенін куәландырды. Үйшікті автомашинасының тасасынан шыға келген қызыл күртелі қызды ол көрмеген және тар жолда машинаны бұрып үлгері еш мүмкін емес еді. Сондай-ақ жол қозғалысы тәртібін бұзғаны да анықталған.

Алдын-ала тергеуде және сот тергеуінде де Вернердің көрсетулері егжей-тегжейлі тексеріліп, ақиқаттығы расталған, басқа да дәлелдер оның көрсетуін растай түскен.

Бұл істі тіркеген Жамбыл ауданнық ішкі істер бөлімі, тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Қ. Жармағанбетов қаза болған Курт Юлияның жақын тұрған көліктің алдынан жолды кесіп, жол қозғалысы тәртібінің 5, 6 тармағын өрескел бұзғаны, ал жүргізуші Вернер тарапынан жол қозғалыс тәртібін бұзушылық болмағаны себепті Вернерге қатысты қылмыстық іс қозғамау жөнінде қаулы шығарған. Семиозер ауданы прокурорының орынбасары іске қатысты қаулы шығарып, аға тергеушінің қаулысын жоққа шығарған.

Осыдан кейін қылмыстық іс қорғалып істі тергеу бөлімшесінің тергеушісі В. Вутеровқа тапсырылған, ол да өз кезегінде жан-жақты тексеріп, тергеу жұмыстарын жүргізіп, Вернердің іс-әрекетінде қылмыс белгілері жоқтығын анықтап, қылмыстық іс қозғалмау жөнінде қаулы шығарған. Аудан прокурорының орынбасары Қожагелдин бұл қауылыны да жойып, істі тексеруді сол ішкі істер бөлімігің тексерушісі В. Крамарчукқа тапсырған. Крамарчук те Вернердің іс-әрекетінде қылмыс белгілері жоқ деп тауып, істі жабу жөнінде қауылы шығарған. Аудан прокурорының орынбасары, іс прокуратура қызметкері П. Шписке берілген. Ол Вернерді жол қорғанысы тәртібінің 15, 4 тармағын бұзды, яки ол осы тармақта көрсетілгендей, жүргізушінің жолды аяғына дейін кесіп өтуіне жағдай жасамады деп айып тақты. Сондай-ақ, Вернерге жол жағдайының ерекшелігін ескермей, жол қорғанысы тәртібінің (ЖҚТ) ПД-тармағын бұзды деп айып тағылды. Бұл (тармақты) айыпты растайтын дәлелдердің жоқтығы ескерілмейді. Алдын-ала тергеуде де, сот тергеуінде де оқиғаны көзімен көрген куә Әмірбаев сол күні түскі үзіліске Комсомол көшесі арқылы барғанын Комсомол көшесі мен Мәметова көшелерінің қиылысындағы автобус аялдамасына №1 автобус келіп тоқтап, ішінен қызыл күрте киген оқушы қыз портфелін ұстап шығын көше қиылысына қарай жүгіре жөнелгенін, Мәметова көшесінің бір бетінде екі ауыр жүк машинасы (біреуінің үйшігі бар), ал екінші бетінде Камаз тоқтап тұрғанын, ол кезде жасыл жарық Комсомол көшесінің бойынша жанып тұрғанын айтқан. Одан әрі оқиғаны былай суреттеген.

Қыз жол қиылысында тұрған жүк машиналарына жеткенде, Мәметова көшесінде жасыл жарық жанып, машиналар орнынан қозғалды. Көшенің қарсы беттегі Камаз үйшікті жүк машинасының тасасынан қыз жүгіріп шығып, Камаздың сол жақ тұмсығына соғылды, қатты соққыдан қыз үшып тура машинаның дөңгелегінің астына түсті. Жүк машинасының біреуі Комсомол көшесімен оңға бұрылып, ал екінші Мәметов көшесімен тура кетті, ал Камаз дереу тоқтап, ішінен үрейі ұшқан Вернер шыққан.

Федотова, Козак және басқа куәлардың айтқандарын да осыны растайды. Козак жол қиылысында Камаздан басқа „Москвич” қорапты жеңіл машина тұрғанын айтып, көрсетуді толықтыра түскен.

Кәмелетке жетпеген куәлар Зингер, Гуднецкая, Никитендердің көрсетулеріне қарағанда, өлген қыз әуелі „Москвичтың” алдын қиып өтуге ұмтылып, үлгермеген соң тоқтап тұрған да іле жақындап қалған Камазға қарамастан  жол қиылысына жүгіріп шыққан. Сарапшы Б. Рамазанов жасаған сот автотехникалық сараптың қорытындысында машинаның апат болған жердегі ізі 10,5 метр екендігі Камаз машинысының жол қиылысында тоқтаған кездегі жылдамдығы сағатына 71 шақырым болғаны, жүргізуші Вернедің жол апатын болдырмауға техникалық жағынан еш мүмкіндігі болмағаны анықталған.

Алайда қосымша тағайындалған сот автотехникалық сарапшы Рамазановтың дәлелдерін қате деп тауып, Камаз автомашинасының жылдамдығынан, оның қызды басуға мүмкіндігі болған-болмағанын нақты анықтайтын дәлелдер жоқ деген тұжырымға келген. Қазақ сот сарабы Ғылыми Зерттеу институты хатында жан-жақты жазылған.

Бұл жағдайлар ҚССҒЗИ сарапшысы Г. Ригер өткізген қосымша сот автотехникалық сараптың актысында да расталады. Актыда ақауы жоқ Камаз автомашинасының есепті жылдамдығы көрсетілгендей, машина тоқтағаннан кейін 10,5 метр сырғыған болса, онда оның жылдамдығы 7 шақырым сағаттан аспауы керек делінген.

Осылайша автомашиналық сарапта Вернердің машина жылдамдығын асыра айдағаны және машинаның нақ алдынан жол қиылысынан жүгіріп шыққан қызды баспайға техникалық мүмкіндігі болғанын растай алмады.

Осы айтылған Тәртібінің ІІ, І және 15, 4 тармақтарын бұзып кісі өліміне себепкер болды деуі негізсіз. Сот айыбы талассыз, нақты дәлелдерге емес, болжамға құрылған. Сондықтан соттың іске қатыста үкімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 287 бабына сәйкес, заңды саналуы мүмкін емес, осыған орай үкімді өзгерссіз қалдырған облыстық соттың касациялық ұйғырымы да негізсіз.

Іске тіркелеген қағаздарды екшеп көргенде қосымша айқындауды қажет ететін жағдайдың жоқтығы, жаңа айғақтар жинаудың мүмкіндігі біткені айқындалды. Демек, істі қайтадан қосымша тексеруге жіберудің еш негізі жоқ.

Алматы облыстық сотының төралқасы наразылыққа орай істі қайта қарап, халық сотының үкімі мен касациялық ұйғарымды жойып, Вернердің әрекетінде қылмыс белгілері жоқтығы себепті істі жауып, оны қамаудан босатты.

Қазіргі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бойынша қылмыс төрт санатқа бөлінеді.

  1. Қоғамға онша қауіпті емес
  2. Шамалы ауыр қылмыс
  3. Ауыр қылмыс
  4. Ерекше ауыр қылмыс.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің „Қылмыстық жауапшылықтан және жазадан босату туралы” 10 бабына сәйкес.

1. „Осы Кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді.

2. Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасағаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

3. Жасалғаны үшін осы Кодексте көздеген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.

4. Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.

5. Жасалғаны үшін осы Кодексте екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.

Егер тергеудің жүргізген немесе істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруі мен байланысты айыптының істеген қылмысының қоғамға қауіптілік мәні жойылады немесе оның өзі қоғамға енді қауіпті емес деп танылса, қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға болады”, - делінген. Мұнан әрі қарай қоғамға онша қауіпті емес, қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адам, егер оны қылмыстық жаза қолданбай-ақ түзеу және қайта тәрбиелеу мүмкін деп танылса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін”, - деп көрсетілген. Бұл ретке ҚК-ның завдарында сәйкес мына шешімдердің бірі қабылдануы мүмкін.

  1. Әкімшілік жауапқа тарту туралы
  2. Іс – материалдарын жолдастық соттың қарауына беру туралы
  3. Іс–материалдарын жасы толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына беру туралы.
  4. Адамда қоғамдық ұйымға немесе коллективіне кепілге беру туралы.

Ал егер ауыр емес қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адам, мұндай қылмыс үшін заңда бір жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе басқа да жеңілірек жаза көзделген болса да, егер оны қылмыстық жаза қолданбай-ақ түзеу және қайта тәрбиелеу деп танылса, ол әкімшілік жауапқа тартылып, „қылмыстық жазадан босатылуы мүмкін” деп қарастырылады, осы қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға мынадай әкімшілік шаралары қолданылуы мүмкін: жүз сомға дейінгі мөлшерде айып пұл немесе табысынының 20 процентіне дейінгісін ұстай отырып, жұмыс істеген жері бойынша бір айдан екі айға дейінгі мерзімге (тұтқынға) түзеу жұмыстары немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге тұтқынға алу.

Қоғамға қауіптілігі күшті қасақана әрекеттер ауыр қылмыстар болып табылады. Ауыр қылмыстарға Қылмыстық Кодексінің 71-бабына сәйкес мыналар жатады: Мемлекеттік Комиссиялық құрылысына мемлекеттік және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар және мемлекеттік опасыздық бандитизм (185 бап) қатынас жолдарын және транспорт құралдарын білдіру (299 бап), жалған ақшаны немесе бағалы қағаздарды қолдан жасау немесе сату (206 бап) абайсызда кісі өлтіру (101 бап), денені ауыр дәрежеде (ауыр) қасақана жарақаттау (103 бап), әйелді зорлау (120 бап), кәнігі немесе ерекше кәнігі бұзақылық (257 бап), атылатын қаруды, оқ-дәріні немесе жарылғыш заттарды үрлау (205 бап), дезертирлік (234 бап) және тағы да басқалар. Кейбір ауыр қылмыстарға жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылады.

Бірақ ол жазаның тағайындалған мерзімінен кем дегенде төрттен үш бөлігін іс жүзінде өлгеннен кейін қолданылуы мүмкін.

Кейбір ерекше аса ауыр қылмыстарға өлім жазасы немесе он жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айыру сияқты жазалар қолданылады. „Аса ауыр қылмыстарға мемлекеттік қылмыстар, қасақана кісі өлтіргендік „ жатады. Ал қылмыстық Кодекстін 23 бабына сәйкес „өлім жазасын кешірім беру ретінде бас бостандығынан айырумен ауыстырған кезде ол 25 жылдан да көп мерзімге тағайындалуы мүмкін, бірақ жиырма жылдан аспауы керек”.

„Қылмыс жасағанға дейін он сегіз жасқа толмаған адамдарды және қылмыс жасаған кезде немесе үкім шығару қарсаңында жүкті халде болған әйелдерді өлім жазасына кесуге болмайды. Үкімді орындау қарсаңында жүкті болған әйелге өлім жазасына қолдануға болмайды” деген ҚРҚК-нің 32 бабының 2 тармағында.

Кейбір ерекше ауыр немесе ауыр қылмыста шартты түрде мерзімнен бұрын босату қолданылмайды (46 бап) ҚК.

Әртүрлі қылмыс жасаған адамдарға қылмыс жасағаны үшін жаза қолданылады және режим тағайындалады.

„Ауыр деп саналмайтын қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталғандарға – жалпы режимдегі колоналар, ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталғандарға күшейтілген режимдегі колония, ерекше қауіпті мемлекеттік қылмыстар үшін не бұрын бас бостандығынан айыру түрінде жаза өтеген сотталғандарға қатаң режимдегі колониялар, ерекше қауіпті рецидивистер деп танылғандар – ерекше режимдегі колоналар жатады”.

Әр мемлекеттің заңдарында қылмыстарды топтауда, категорияларға бөлуде өздерінін ерекшеліктері бар. Мысалы, ағылшын қылмыстық құқық алатын болсақ, онда барлық қылмыстар екі топқа бөлінеді.

  1. Айыптының айыптау актін тапсыруға міндетті қылмыс.
  2. Суммаралық юрисдикция ретімен қаралатын және жоғарыдай қажет етілмейтін қылмыс. (Курс советского уголовного права. 1 т., 73 б).

Бірінші топтағы қылмыстың өзі үш түрге бөлінеді: а) „Тризн”,                 б) „Фелония”,  в) „Миксдиминор”. 

„Тризн” – корольдің жеке басына, мемлекеттің ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне тиісті байланысты қылмыс.

„Фелония” – бұл өзімен, мүлкін конфискелеуді көрсететін қылмыс.

„Миксдиминор” – барлық қалған қылмыстар.

 

1.3  Қылмысты басқа құқық бұзушылықтан айырмашылығы

 

Қылмыс құқық бұзушылықтың жеке бір көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмысты азаматтық-құқылық, әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылықтан және бейморальдық жат қылықтардан ажырата білудің маңызы ерекше. Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықтың өзара басты айырмашылығы құқықтық қайшылықтың мәніне байланысты. Қылмыс әр уақытта да қылмыстық заңға қайшы болады. Басқа құқық бұзушылық құқық саласының басқа нормаларына, заңдар мен мемлекеттің ең ауыр күштеу шарасы – қылмыстық жаза және содан туындайтын сотталғандық атақ болып табылады. Басқа құқық бұзушылыққа мұндай жазалау шаралары жоқ, ал қолданылған ықпал ету шаралары сотталғандық атақ әкелмейді.

Кейбір қылмыстар басқа құқық бұзушылыққа орын алмайтын қоғамдық қатынастарға (адамның өмірі, мемлекеттің қауіпсіздігі) қол сұғады.

Қылмысты қол сұғушылықтың объектісі бойынша айқындалатын қоғамға қауіптіліктін сипаты мұндай іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда қылмысты басқа құқық бұзушылықтан ажыратудың еш қиындығы жоқ. Кейбір реттерде құқық бұзушылықта да, қылмыста да бір объектіге қол сұғу мүмкін. Мысалы, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзу үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық белгіленген. Мұндай аралас құқық бұзушылықта қоғамға қауіптіліктің дәрежесін дұрыс анықтаудың маңызы ерекше. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің негізгі көрсеткіші келтірілген зиян мөлшері болып табылады. Егер көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарының дұрыс қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзуы, осының салдарынан жәбірленушінің денесі орта немесе одан жоғары дәрежеде жарақатталса немесе едәуір материалдық нұқсан келтірілсе іс-әрекет қылмыс қатарына, ал көрсетілгеннен гөрі аз зиян келтірілсе, әкімшілік тәртіппен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады. Сонымен, келтірілген зиян мөлшері қылмысты басқадай құқық бұзушылықтан ажыратуға мүмкіндік беретін бірден-бір белгі болып табылады. Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметінің қасақана әрекетті қылмыс (309 бап), ал елеулі зиян келтірмеген басқа әрекеттер тәртіптік теріс қылық болып табылады. Өзінің нақты құқығын немесе басқа адам таласа алатын жорамалды құқығын, белгіленген тәртіптен тыс өз бетінше жүзеге асыру, бұл азаматтың құқығының елеулі түрде бұзулуына әкеп соқтырса, қылмыс ретінде сараланады. Ал елеулі түрде бұзушылық жоқ болса, мұндай әрект әкімшілік жолмен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады. Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықты бір-бірінен қоғамға қауіптілік дәрежесінің көрсеткіші арқылы ажыратуға да болады. Қазақ ССР-нің 1959 жылғы Қылмыстық кодексі бойынша көп жағдайларда бірінші рет істеген құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалау шаралары қолданылған адамның дәл сол іс-әрекетті қайталап жасауы қылмысқа тартуға негіз болып табылады. Мысалы, кәсіптік маңызы бар суларда рұқсатсыз немесе аулауға тыйым салынған кезде, я рұқсат етілмеген тұстарда балық аулау, су андарын аулау, суда жүргізілетін басқа бір кәсіппен айналысу, егер бұл әрекеттер бұрын да осындай тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жолмен айыппұл тартқаннан кейін істелген болса, ол қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылатын. Ондай болмаған жағдайда іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылатын. Енді іс-әрекетке әкімшілік шарасы қолданылса, ол қайталану санына қарамастан қоғамға қауіптілік дәрежесіне ие болмайды, яғни қылмыс қатарына жатпайды. Әскери қылмыстарды тәртіптік теріс қылықтан ажыратуға көп жағдайда іс-әрекеттің істелген ауқыты, жағдайы, орны үлкен әсер етеді. Мысалы: соғыс уақытында өз бетімен кетіп қалу – қылмыс, ал бейбіт ауқытта істелген осы әрекет тәртіптік теріс қылық болып табылады. Іс-әрекетті қылмыс немесе басқа құқық бұзушылық қатарына жатқызуға негіз болатын қоғамға қауіптіліктің дәрежесі қылмысты субъективтік белгілерге жататын кінәнің насындарын, ниет пен мақсаты дұрыс анықталған да байланысты. Мысалы, денені жеңіл түрде жарақаттау қылмысқа жатпайтын іс – теріс қылық, мұндай ретте келтірілген зиянды өтеу азаматтық құқық тәртібімен реттеледі. Егер лауазымды адам пайдақорлық немесе басқа бір зұлымдылық ниетпен құжаттарға жалғандық жасаса – қылмыс, ал ондай ниет болмаса, ол қылмыс болмайтын құқық бұзушылықтың түрі болып табылады. Қылмыс пен бейморальдықтың ара қатысын дұрыс түсінудің де маңызы ерекше. Кез келген қылмыс бір мезетте моральға жат құбылыс болып табылады. Яғни, моральдық норманың ауқымы үлкен. Кез келген құқық бұзушылық бір мезетте моральдық норманы бұзушылық негізінде бағаланады. Дегенмен, қылмыс пен бейморальдық теріс қылық бірінен-бірі объекті, қоғамға қауіпкерлік, сондай-ақ құқыққа қайшылық белгілері бойынша ажыратылады.

Бейморальдық объектісі қылмыстың объектісіне қарағанда кең ауқымда болады -  адамдардың өзара қатынасы, мысалы, махаббат, достық, жан ашарлық сияқты құбылыстар тек қана мораль нормалары арқылы ғана реттеледі. Бұл моральдық нормалардың объектісін құрайды. Қылмыс әр уақытта белгілі бір іс-әрекет, ал адамдардың теріс мінез құлқын, жаман ойлары, соларды айтудың өзі моральға жат құбылыс болып табылады. Қылмысқа қарағанда моральға жат теріс әрекеттер  арнамысты аяққа басу, өзімшілік сияқты өзара тіркес элеуметтік – психологиялық мазмұнға ие.

Қылмыс пен бейморальдықты құқыққа қайшылық белгісі арқылы нақты ажыратуға болады. Қылмыс дегеніміз қылмыстық заң арқылы тыйым салынған іс-әрекеттер. Ал моральдық жат қылықтар құқық нормаларымен реттелмейді. Мораль нормалары ауызша (мысалы, әдет-ғұрып) немесе жазбаша (жолдастық немесе билер соттарының ережелері, адамдардың этикалық кодексі, қала тұрғындараның моральдық кодексі, Гиппократ анты) болуы мүмкін. Отбасы мүшелерінің арасындағы қатынасты реттеу мораль нормалары арқылы реттеледі. Мысалы, ата-ананың балаларға, балаларының ата-аналарына деген қамқорлығының бұзулуы немесе оқушы мен оқытушының өз арасындағы педагогикалық өнегелік нормаларының бұзулуының орын алуы мораль нормаларымен анықталады.

Балаларды асыраудан немесе тәрбиелеуден бас тарту, бұлтарту, қорғаншылық құқықтарын пайдаланып қиянат жасау, ата-анасына немесе жұбайына көмектесуден бұлтару қылмыс болып табылады.

Мұндай іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Бұл іс-әрекеттер әрі  моральға жат құбылыс, әрі қылмыс, өйткені моральдық норманың ауқымы қылмыстық норманың ауқымынан кең.

Моральдық норманың қылмыстық нормадан тағы бір өзгешелігі сол. Моральдық норманы бұзған жағдайда оны бұзушыларға жұртшылықтың, жұм мүшелерінің жек көрушілігі сияқты қоғамдық әсер ету шаралары қолданылады.

Ал істелген қылмыс үшін әр уақытта заңда белгіленген белгілі бір жауаптылық түрі белгіленеді.

Қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық жолмен жазаланушылық болып табылады. Өйткені, қылмыс дегеннің өзі, қылмыстық заң жазамен қорқытып тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.  Мұның өзі қылмыс құрамы туралы сипаттама басқадай құқылық актілерде емес, тек қылмыстық заңда ғана көрсетілетіндігін және осы іс-әрекет үшін қылмыстық заңның санкциясында жазалау қатері қарастырылатын көрсетеді. Бұл жерде нақты істелген қылмыс үшін қолданылатын жаза мен қылмыстық құқық нормасының санкциясында көрсетілген жазалау қатері, жазалау мүмкіндігі туралы түсініктерді шатастыруға болмайды. Жазалау қатерімен қорқытып тыйым салу қылмыстың белгісі болып табылады. Нақты қылмыс істеген адамға жаза тағайындамау немесе оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатып, оған қоғамдық ықпал ету шараларын қолданғанда, оның іс-әрекеті қылмыс қатарынан шығып қалмайды. Өйткені, жазалаушылық қылмыстың белгісі ретінде істелген әрбір қылмыс үшін жаза тағайындалуы мүмкін екендігін, сол себепті қылмыстық заңға қайшы іс-әрекеттерді істеуге жазалау қатері тыйым салады. Нақты өмірде қылмыс істелгенімен, егер ол ашылмай қалса оған жаза тағайындалмай қалады. Кейде қылмыс ашылғанымен, сот ондай қылмысқа заңда белгіленген негіздермен жаза тағайындауды қолданбауы да мүмкін. Демек, қылмысты жазалау қатерімен тыйым салу қылмыстың белгісі, ал жаза тағайындау немесе тағайындамау іс-әрекеттің зардабының көрінісі болып табылады.

Сонымен, біз қылмыстың қоғамға қауіпті, кінәлі, құқыққа қайшы және жазалаушылық сияқты қажетті белгілері бар екендігін әсте естен шығармауымыз керек.

Осы белгілер арқылы қылмысты іс-әрекетті басқа да құқық бұзушылықтан ажыратамыз.

     

ЕКІНШІ ТАРАУ

Қылмыстың түрі мен құрамы

 

Қылмыстың құрамы туралы жалпы түсінің былай құралады:

а) жүйе,

ә) қылмыстық заңда қаралған,

б) мәңді,

в) іс-әрекеттің объективті және субъективті элементі және оның белгілері,

г) оның қоғамдағы қауіптілігін анықтау,

д) қажетті және жеткілікті,

е) құқық қолдану органдардың оны саралауға тиісті қылмыстық құқықтық норманың болуы.

Қылмыстың құралы элементінің  мазмұнына қарай объективтік және субъективті болып бөлінеді. Біріншісі: әлеуметтік-психологиялық қылмыс субъектісінің сипатына қатысты және сыртқы белгілерін жасайды.

Объективті элементке – объект және қылмыс құрамының объективті жағы, субъективтіге – субъект және қылмыс құрамының субъектісі жатады.

Қылмыстық объектісі  - бұл қылмысты іс-әрекеттің неге бағытталғандығы.

Қылмыстың объектісі қылмыстың заңмен қорғалған қоғамдық қатынаспен сипатталады. Бұл объектілер Қазақстан Қылмыстық Кодексінің 7-бабында тізбеленген.

Оған мемлекеттік құрылыс, меншік, азаматтың жеке басы, саяси, еңбек, мүліктік және басқа азаматтық құқықтары, қоғамдық тәртіп т.б. Мысалы, өлім кезінде қылмыстың объектісі басқа адамның өмірі, ұрлық кезінде мемлекеттік немесе жеке адамның меншігі.

Жалпы объект – қылмыстық заңмен қорғалған мемлекеттік қоғамдық қатынас. Қылмыстың жалпы объектісі Қазақстан Қылмыстық Кодексінде анықталған. Онда қылмыстық заң – Қоғамдық құрылысын, оның саяси және экономикалық жүйесін меншікті, азаматтардың жеке басының құқықтары мен бостандықтарын және бүкіл меншіктік тәртіпті қиянат жасауды қорғау.

Тікелей объект – қылмыстық қол сұғылған, заңмен қорғалған қоғамдық қатынас. Мұндай объектіге басқа адам өмірі, оның ары мен денсаулығы т.б.

Кейбір қылмыс материалдық затқа (предметке) әсер ету арқылы жасалады. Мысалы, ұрлық кезінде мүлік алынады. Бұл деген қылмыстың заты.

Кейбір қылмыс жасағанда адам өміріне, денсаулығына, жеке игілігіне зиян келеді. Мұндай жағдайда жәбірленуші туралы айтамыз.

Кей жағдайларда жәбірленушінің әлеуметтік-демографиялық сипаты жасалған қылмысқа оның қоғамдық қауіптілігінің сипатына әсер етеді.

Мысалы,  полиция  қызметкеріне немесе халық жасақшысына қарсылық көрсету ауыр қылмыс болып саналады.

Ауыр қылмысты анықтауда жәбірленушінің мінезі аз роль атқармайды.

Ішінара зерттеуде қасақана жасалған кісі өлтірудің 30 проценті жәбірленушінің қылығынан, яғни мас болған кезінде жасаған. 110 дене жарақаты мен зорлаудың 30 жағдайы жәбірленушінің жағымсыз мінезінен болған. Автотранспорт апаты кезінде 10 процент жағдайда адам өлімі жүргізушінің, ал 90 процент жағдайда адам өлімі жәбірленушінің өзін дұрыс ұстамауынан болады.

Қылмыстың объектілі жағы:

Қандай да болмасын қылмыс адам мінезінің актісі болып саналады. Қылмыстың сыртқы жасалуын сипаттайтын белгілер жиынтығы қылмыстың объективті жағы.

Қылмыстың объективті жағы әрекетпен жүзеге асады. Мысалы, аса озбырлықпен өлтіру (Қазақстан ҚК 95 бабы) не болмаса әрекетсіз, мысалы, куә болудан бас тарту немесе жәбірленуші ретінде көрсетуден бас тарту.

Кейбір қылмыста көбінесе орны, уақыты, жағдайы және оның жасалуы үлкен мән береді.

Кейбір қылмыстық жасалу орнына байланысты қауіптілігі күшейеді. Мысалы: соғыста майдан даласында мародерлік бірден бір қауіпті әскери қылмыс.

Қылмыстың жасалу уақыты да жекелеген қылмысқа әсер етеді. Мысалы, әскер қатарынан қызметке шакырылудан бас тарту бейбіт кезден гөрі соғыс кезінде.

Қылмыстың жасалу кезіңдегі жағдайда оның қауіптілігін заң жүзінде бағалауға әсер етеді. Өзінің міндетін ақырына дейін атқармаған командирдің құрамындағы адамның командир тарапынан тиісті жарлық болса да, суға батып бара жатқан соғыс кемесін тастап кетуі аса ауыр әрекет деп саналады.

Қылмыстың ауырлығы оның жасалу жолына да байланысты. Мысалы, өртеу және басқа тәсілмен қасақана мемлекеттік мүлікті құрту мен бүлдірудің қоғамдық қауіптілігі әлдеқайда жоғарылайды.

Қылмыс субъектісі.

Қазақстан ҚК 15-бабында қылмыстық жауапқа қылмыс істеген уақытына дейін он алты жасқа толған адам тартылады делінген.

Қылмыс субъектісі бұл қасақана немесе абайсызда жасаған қауіпті әрекетіне қылмыстық заңда көрсетілгендей қылмыстық жауапкершілік беретін адам.

Дамыған елдердің бір қатарына қылмыстық жауапқа ерте жастан тартылады. Мысалы, Канадада 7 жаста, Англияда 10 жаста.

Қылмыстық заңдар жинағында жасөспірімді қылмыс үшін жазалауда ерекше қаралады. Кәмілетке жасы жетпегендерге өлім жазасына, жер аудару жазасына тартылмайды. Кәмілетке жасы жетпегендерді жауапқа алғанда жеңілдетеді.

Заңдар жинағында қылмысты жұмысына, қызметіне, мамандығына немесе арнайы міндетіне байланысты белгілі категорияның  адамдары жасайтын түрі бар. Мысалы, әскери қылмысты тиісінше қызметкерлер жауап береді. Қазіргі заңдар жинағында „рецидив” және „рецидивист”.

Рецидивист (қаныпезер), бұл жоғарғы қоғамдық қауіпті қылмысты сотталған соң тағы қайталаушы қызметкер. Ол кейбір қылмысында адамның қоғамдық қызметтен безуіне қиянат жасайтын және қылмысын қайталайды. Мұндай қылмысты ҚК-нің 200/6-бабында 1-бөлігі мен қатаң жаза бір жылға бас бостандығынан айыру, ал 2-бөлімінің 5 жылға дейін бас бостандығынан  айырылады. 13-бапта: 1) Бұрын қасақана жасалған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.

2) Қылмыстың қайталануы:

а) егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін, екі рет бостандығынан айыруға сотталған болса, осы одан қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда қауіпті деп танылады.

3) Қылмыстың қайталануы:

а) егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшін кемінде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасалған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда; 

б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға, сотталған жағдайда;

в) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда аса қауіпті деп танылады.

4) Он сегіз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшін соттылығы, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген тәртіп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілмейді.

5) Қылмыстардың қайталануы осы кодексте көзделген негіздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтырады.

Соттауға жатпайтын жастағылар аса қауіпті рецидивист деп танылмайды.

Заңда жауапқа тартудан жас ерекшелігі тиісті роль атқарады.

Қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген кезінде есі дұрыс емес болған адам, яғни ескілікті, есі ауысқан ауруы болады, есінің уақытша кіресілі-шығысылы болуы, кемтарлығы немесе басқа бір сыртқаттай күйде болуы себепті өзінің әрекеті жөнінде өзіне есе бере алмайтын адам қылмыстық жауапқа тартылмайды.

Кінәлі емес деп тануда екі белгіге қарайды:

1) Дәрігерлік (биологиялық және психологиялық) Қазақстан ҚК – аурудың тізімі берілген;

1. Ескілікті есі ауысқан ауру;

2. Есінің уақытша кіресілі-шығасылы болуы;

3. Кем ақылдылық;

4. Өз әрекетіне есеп бере алмайтын ауру.

Ескілікті есі ауысқан – шизофрения, қояншық, маникалық-депрессиялық, психоз және басқа психологиялық аурулар. Есінің уақытша кіресілі-шығасылы болуы патологиялық эффект, патологиялық болу. Сананың бұлынғыр тартуы және адамға дұрыс бағдарлай алмайтын ететін басқа аурулар.

Кем ақылдылық бұл туа біткен не болмаса жас кезінде құлап жарақаттанудан немесе ауыр менингит және т.б. аурулар.

Егер есі дұрыс еместікке күдік туса, онда психологиялық сот экспертизадан өткізеді. Есі дұрыс емес деп танылған адамға медициналық сипаттағы шаралар қолданылуы керек.

Мысал келтірейік, Ж. деген Б-ны ешкім тұрмайтын үйді өртеуге үйттеп көндіреді. Ж.б-ға айтыпты: „Кешке қыдырғанда жаңған үй жақсы жарық болады”, - деп. Б. үйді өртейді, оны пайдаланып Ж. ұрлық жасайды. Психологиялық сот экспертизасы Б-ның кем ақылды екендігін дәлелдеді. Б. үйді жаққан кезінде өзіне есеп бере алмай, қайта „көңілді” болды дейді. Үйді кемақалдының көмегімен, қолымен Ж. жаққан. Сондықтан тиісті жазасына алды. Б. емдеуге медициналық мекемеге жіберілді.

Көптеген жағдайда мас қылмысты мас кезде білмей жасадым деп ақталғысы келетіндер бар. Қазақстан ҚК 18-бапта қылмысты мас күйінде істеген адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.

Қылмысты қасақана істеу Қазақстан ҚК 20-бабында айтылған. „Егер қылмыс істеген адам өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігіне қоғамға қауіпті екенін біле түра, оның қоғамға қауіпті зардаптарын болжай түра, бұл зардаптардың болуын тілеп істесе немесе зардаптардың тууына саналы түрде жол берсе, қылмыс қасақана істелген деп танылады.

Қылмыста қасақана істеудің 2 түрі болады.

  1. Тікелей
  2. Жанама

Мысалы, Н. қызғаныштан әйелін өлтірген. Ол мұның қоғамдық қауіпті іс екенін мойындайды. Бұл қасақана істеу. С. деген М-ның қастықпен үйін өртейді. Өрт кезінде М-ның шешесі қайтыс болады. С. үйді өртеген кезде кісі өлімі болуы мүмкін екенін білді. Үйді өртеуі қасақана істеу. Ал шешесінің өлімі жанама (Қазақстан ҚК 95-бап).

Қылмыстың субъективті белгісінің бірі – мақсат.

Мақсат – қылмыскердің неге де болса талпынуы. Кейбір қылмыстық заңдар жинағында мақсатты қылмыстың құрамының элементіне жатқызады. Мотив пен мақсат білу қылмыстың қандай дәрежеде екенін анықтауға ғана емес, сонымен қатар қылмысты алдын-алудың іс-шарасын жасауға да көмектеседі.

 

 

 

 

ҮШІНШІ ТАРАУ

Қылмыс санаттары

 

Қылмысты оның қоғамдық қауіптілігінің характері мен дәрежесіне қарай топтастыру проблемасы қылмыстық құқық ғылымынаң өзекті мәселесі. Соңғы жылдары бұл мәселеге ғылымдар ден қойғанмен, бір жақты шешімге әлі келе алмаған  жоқ. Қаралған мәселе заңда нақты шешім болмауы, қылмыс категориясы туралы пікірді әртүрлі айтуда. Сондықтан заң әдебиеттерінде әртүрлі жіктеу кездеседі. Кейбір авторлар қылмысты бес санатқа бөледі, кейбіреуі төрт санатқа бөледі.

Қазақстан Республикасының Қылмыс Кодексінің 10-бабы бойынша:

  1. Онша ауыр емес
  2. Ауырлығы орташа
  3. Ауыр
  4. Аса ауыр

Қылмысты тек қана екіге бөлу яғни ауыр немесе оған жатпайтын деп көрсету де кездеседі. Қоғамдық қауіпті әрекеттің характері мен дәрежесі қылмысты іріктеудің негізіне жатады. Заңдар жинағында жекелеген қылмысқа сипаттама бергенде аса ауыр және өте қауіпті ұғым қолданылады. Дегенмен, бұлардың құқықтық зардабын салыстыра келгенде бір-бірінен айырмашылығы жоқ екендігі, сондықтан бір топқа біріктіріп ауыр қылмыс деуге болады.

Санаттардың әр қайсысына тоқталып өтетін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 10-бабы бойынша.

Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет. Сондай-ақ жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет.

Сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп (аталады) танылады.

Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын  қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін осы Кодексте он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.

Ауыр қылмыстарға мыналар жатады: Мемлекеттік Конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар яғни мемлекеттік қауіпсіздік. (ҚРҚК-нің 105 бабы) жаппай тәртіпсіздіктер (241 бабы), көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (229 бабы) жалған ақшаны немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату (200 бабы) жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (807 бабы). Қарақшылық (179 бабы). Бөтен адамның мүлкін қасақана жою не бүлдіру (187 бабы). Абайсызда кісі өлтіру (101 бабы). Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103 бабы). Бұйрыққа бағынбау, жауынгерлік кезекшілікті немесе шекаралық қызметті атқарудың ережелерін бұзу (367, 375 баптар), қашқындық (373 бабы).

Заң шығарушылар ауыр қылмыстың тек екі конструктивті белгісін көрсетеді.

Бұл әрекет әдет ойланған және жоғары қоғамдық қауіптілік әкелетін болады. Мұндай ауыр қылмыс мемлекетке, қоғамға жеке адамның мүддесіне қасақана жасалатындықтан қатаң жазаланып ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылады. Кейбір ауыр қылмыстарға жер аудару, жерінен айдап жіберу, мүлкін конфискелеу сияқты қосымша жаза қолданылады. Мысалы, әйелді зорлау (120 бап). Билікті немесе қызметтік өкіметтікті асыра пайдалану (1308 бап). Пара беруші мен пара алушының арасындағы делдал болу (313 бап). Кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту (344 бап). Қылмысты ауырлататын жағдайда жауап беруге мәжбүр ету (347 бап). Көрінеу әділетсіз сот үкімін шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару (212 бап), есіртке заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259 бап). Бұрын ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айырылған екінші рет осындай қылмысты қайталаса соттың үкімімен өте қауіпті қаныпезер деп танылады. Өте қауіпті мемлекеттік қылмыскер мен кейбір ауыр қылмыскерге шартты түрде бас бостандығынан айырып міндетті жұмыс істеу жазасы шартты мерзімінен бұрын босату, жазасын жеңілдету жүрмейді. Сонымен қатар ауыр қылмыстыға амнистия қолданылмайды.

Қылмыстық қоғамдық қауіптілігінің сипаты қылмыс жасалған объектінің мазмұны мен маңыздылығына, объектінің шеккен зардабының характеріне (материалдық, моральдық, саяси және т.б.) байланысты.

  

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Тәртіп бұзушылықпен, қылмыспен күресудің басты құралы, оның алдын-алу үшін біріншіден, қылмыс пен тәртіп бұзушылықтың адамгершілікке жат қылықтардың жасалу, оған сәйкес жағымсыз дәстүр мен салттардың сақталу себептері мен жағдайын зерттеу; екіншіден, осыған сәйкес қоғамдық өмірдегі жоғарыда айтылған себептер мен жағдайларды болдырмаудың іс-шарасын жасау.

Алдын-алу ісіне әлеуметтік, экономикалық саяси, идеологиялық, құқықтық және басқа да құралдар мен әдістер біріктірілген.

Әрбір мемлекеттік орган өздерінің негізгі функциясымен қатар қылмысты алдын-алу ісіне белгілі бір дәрежеде қатысып отырды. Сонымен қатар қылмыстың  алдын-алу жұмысының негізгі функциясы болатын мемлекеттік орган бар. Қазіргі кезде бұл іспен айналысуға әкімшілікпен оның жағынан құралған комиссияның ролі зор. Себебі әкімшілік өз территориясындағы мекемелер мен кәсіпорындардың яғни көпшілікті қылмысты алдын-алу ісіне қатыстыруға ықпал жасайды әрі олардың жұмыстарына үйлестіріп отырады. Әкімшілік мәжілістерінде, сессияларда қылмыспен күрес мәселесі үнемі қаралады. Онда тәртіп сақтау органдарының мекемелер  мен кәсіпорындардың қоғамдық тәртіп сақтауда жасаған іс-шараларын жүзеге асыру барысын тындайды.

Профилактикалық жүйенің маңызы маманданған элементіне тәртіп сақтау органдары (сот, прокуратура, ішкі істер органы және т.б.) жатады. Олар мемлекеттік өкілеттілігі бар тәртіп пен қылмыстың алдын-алу ісін өз құзыреті негізінде жүргізеді.

 

  

Нормативтік актілер:

 

  1. Қазақ Республикасының Конституциясы. Алматы. 1998.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. Алматы. 1999.

 

  Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Н.Д.Дурманов. Қылмыс ұғымы. КСРОҒА баспасы. 1948. 249б.
  2. Қазақ ССР Қылмыстық Кодексі. Алматы, 1997.
  3. Н.Ф.Кузнецова. Қылмыс пен қылмыстылық. Москва университеті, 1969.
  4. Қазақстан қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы, 1986.
  5. Прохорова В.С. Монография. Қылмыс және жауапкершілік. Ленинград университеті баспасы. 1984.
  6. Кривоченко Л.Н. Қылмысты жіктеу. Харьков. Жоғары мектеп. 1986.
  7. Сахаров А.Б. КСРО қылмыскерлердің жеке ерекшелігі мен қылмыстық себептері. М., Заң әдебиеті, 1961.
  8. Саркисов Г.С. Қылмысты ескертудің әлеуметтік жүйесі. Ереван. „Аэстон” баспасы. 1975.
  9. Ковалев М.И. Монография. Қылмыс ұғымы мен белгілері және оның жіктеудегі мәні. Свердловск, 1977.

 

   

ЖОСПАР

 

 

І    Кіріспе бөлім

 

ІІ   Негізгі бөлім

 

          І-тарау  Қылмыстық құқытағы қылмыс туралы ұғым, оның

          белгілері және ол туралы ғалымдардың пікірлері.

 

1.  Қылмыстық құқықтағы қылмыс туралы ұғым мен оның белгілері

2.  Заңгер ғалымдардың қылмыс және оның белгілері туралы пікірлері

3.  Қылмыстың басқада құқық бұзушылықтан айырмашылығы

 

ІІ-тарау  Қылмыстың түрі мен құрамы

 

ІІІ  Қорытынды

 

ІУ  Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-04-29 22:37:15     Қаралды-13566

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »