UF

 

Тақырыбы: «Әлеуметтік жұмыстағы стандарт және мониторинг» 

 

 1. Стандарттаудың пайда болуы мен дамуының тарихи аспектілері.

                                                                                                      

1. Стандарттаудың қалыптасуы мен дамуы.

2. Қ.Р. стандарттардың мемлекеттік жүйесінің жасалу және енгізу жолдары.     

3. Стандарттаудың әлеуметтік маңызы. 

 

Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуына, халықтар арасында техникалық, ғылыми, мәдени, экономикалық-әлеуметтік қатынастар-дың дамуына байланысты халық шаруашылығының барлық салаларын стандарттауға көп көңіл бөлінуде. Әлемнің дамыған және дамушы елдерінде, халықараралық, аймақтық, ұлттық ұйымдар мен фирмаларда, түрлі кәсіпорындарда, өндіріс пен экономиканы, әлеу-меттік саланы басқаруда стандарттау өте қажет. Ғылым мен техниканың алға басуына, өндірістің дамуына байланысты, стандарттау принциптерін қол-данудың өрісі күннен-күнге кеңеюде.

Ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі замандағы дамуы оның жетістіктерінің халық шаруашылығының барлық салаларымен, оның ішінде экономикалық-әлеуметтік саламен тығыз байланыстылығымен сипатталады. Себебі, барлық саланың жұмыстары күрделеніп, арасында қарым-қатынастар дамуда, қажетті шикізаттар мен материалдарға қойылатын талаптар өсуде. (Мысалы, халықтың әлеуметтік қорғауға деген талап, қажеттілік).

Осыған байланысты, барлық бұйымдарды ғылыми зерттеуден бастап жобалау, жасау, қолдану кезеңінің барлығында, оның деңгейі мен сапасын басқару жүйесінде стандарттаудың рөлі өте күшті.

1926ж. Кеңес Одағында алғашқы мемлекеттік стандарттау жүйесі бидай өнімдері мен қара металдардың стандарттарын қабылдаудан басталды. Мемлекеттік стандартпен қатар, әрбір кәсіпорындар-да, министрліктерде, бірлестіктерде, ғылыми-зерттеу институтында, оқу орындарда стандарттау бөлімше-лері жұмыс істейді. Халық шаруашылығының кейбір салаларда стандарттау туралы арнайы ғылыми-зерттеу мекемелері бар, сол саланың жұмысының тиімділігін, деңгейін, сапалығын арттыру жолында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бәрінде стандарттау жүйесі қолданылады.

Халық шаруашылығының барлық саласына қажетті стандарттарды арнайы ғалымдар мен мамандар жасайды. Мемлекеттік стандарттау жүйесінде стандарттау жөніндегі зерттеулерді арнайы ғылыми-зерттеу мекемелері жүргізеді. Жобалау, процестерді жетілдіру және мекемелерді басқару үшін өздерінің күнделікті жұмыстарда басшылар т.б. түрлі стандарттарды пайдаланады. Сөйтіп, халық шаруаларда жұмыс істейтіндердің бәрінің сол саладағы қызметтерістандарттардың талаптары мен ережелеріне сай жүргізіледі.

Дүние жүзі халықтары арасында экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық болуы, қарымқа-тынастықтардың тиімді дамуы, халықаралық сауда процестеріндегі техникалық кедергілерді болдырмау жолдарында да стандарттау жүйесі ұйымдастырудың негізі болып табылады.

Біздің елімізбен шетел арасында түрлі байланыстарды жетілдіріп тереңдету үшін стандарттаудың маңызы зор. Стандарттау туралы жұмыстардың барлығы стандарттаудың Мемлекеттік Жүйесінің ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Бұл жүйе халық шаруашылығының барлық саладағы стандарттау жұмыстарын реттеп, белгілі тәртіппен жүргізіп отырады. СМЖ-ның ережелері мен қағидалары мынадай мәселелерді қамтиды:

1)      Стандарттаудың мақсаты мен міндеттері;

2)      Стандарттауды жүргізудің әдістемелері;

3)      Стандарттау жұмысын жоспарлаудың тәртібі;

4)      Мемлекеттік, салалық, кәсіптік стандарттарды ж/е стандарттаудың нормативтік-техникалық құжаттардан жасаудың, ендірудің, оларға өзгерістен кіргізудің тәртібі;

5)      Стандарттау обьектісі, стандарттаудың категория-сы мен түрлері;

6)      Стандарттарды жасаудың, мазмұнын жазып дайындаудың біріңғай ережесі;

7)      Стандарттарды ендіру мен бұзбай орындауды мемлекеттік қадағалау мен ведомстволық тексерудің тәртібі, т.б.                                                       

       Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің өрлеуі, өнім сапасының артуы үшін стандарттың ғлыми-техникалық деңгейі жоғары болуы қажет. Қазіргі заманға сай ондаған өнімнің біртектес түрлеріне қойылатын талаптарды анықтайтын стандарттарды жасауға шұғыл көшу қажет болды. Мұндай стандарттар ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кезеңдегі өсуіне сай.

Болашақ талаптарға сай стандарттар ғылыми-зерттеу, жобалау, тәжірибелік-техналогиялық жұмыстардың нәтижелеріне негізделіп жасалынады, олар ғалымдар, конструкторлар, жобалаушылар т.б. ғылыми-техникалық жетістіктерін өндіріске енгізуге әсер етеді.

       Қазіргі кезде қай саладағы жұмыстың сапасын, тиімділігін арттыру, ол өте маңызды экономикалық, әлеуметтік ж/е саяси мәселе. Сондықтан бірге ғылым мен техниканың, дамуындағы, экономиканың дамуындағы негізгі проблемалардың бірі.

       Сапасын арттыру көптеген факторларға тәелді, олар:

1)      зерттеу жұмыстарының дәрежесі;

2)      тәжірибелік үлгілерді игеру;

3)      тексеру мен сынауды ұйымдастыру;

4)      дәрежесі мен тұрақтылығы; т.б.

    Сөйтіп, стандарттау жүйесінің рөлі қоғамның дамуымен, оның ғылыми-техникалық өрлеуімен, кең көлемдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайлармен байланысты.

    Стандартаудың ғылыми-теориялық негіздерін, әдістемелері мен практикасын терең оқып-үйрену мәселесі, халық шаруашылығының барлық салалардағы басшы қызметкерді, кадрларды дайындауды, олардың кәсіби дәрежесін жоғарылатуда үлкен рөл атқаратын мәселе.

    Стандарттаудың, ғылым мен техниканың түрлі салалары сияқты ғылыми негізделген терминдері бар. Терминдегі ретсіздік мамандардың өзара түсінісуін, әдістемелік құралдарды жасауды қиындатады және халық шаруашылығын басқаруға электрондық-есептеу техникасын енгізуге кедергі жасайды.

    Қазіргі кезде терминдерді стандарттауға шет елдерде ж/е біздің елдерде көп көңіл бөлінеді. Терминдерді реттеу мен стандарттау проблемасымен ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, салалық ғылыми-зерттеу институт т.б. айналысады.

    “Стандарттау ” деген термин ұзақ эвалюциялық жолдан өткен. Стандарттау туралы біздің түсінігіміз ғылым мен техниканың, өндірістің даму сатыларымен байланысты. Ұлттық ж/е халықаралық деңгейдегі экономикалық байланыстың кеңеюімен стандарттау жүйесі де дамыды, соған байланысты терминдер анықталынды. Стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу комитетін (СТАКО) құрды. Бұл комитет алдына стандарттау терминдерінің анықтамаларын тағайындау мақсаты қойылды.

    Сөйтіп, стандарттау, стандарт, мамандандыру, үйлестіру (унификация), симплификаттау сияқты маңызды терминнің анықтамасы берілді. СТАКО ұсынған анықтамалар ИСО кеңесінде қабылданып, Мемлекеттік стандарттау жүйесі белгілеген анықтамалардың негізін құрды.

    ИСО құжаттарында стандарттау терминіне мынандай анықтама беріледі: “Стандарттау”-ғылым, техника және экономика салаларда көп рет қайталанатын және осы салалардың мақсаттарын тиімді дәрежеде ретке келтіретін мәселелерді шешу жолындағы әрекет. Жалпы алғанда, бұл әрекет стандарттарды жасау жариялау және оларды қолдану процестерінде орындалады.

    Ескерту. Стандарттау әрекетінің негізгі мақсаты өнімнің немесе қызмет көрсетудің функционалдық міндеттерінде жарамдылығын жақсарту болып табылады.

    Стандарттауды оның атқаратын жұмысының көлеміне байланысты ұлттық және халықаралық деп бөледі

    Ұлттық стандарттау-бір мемлекет ішіндегі стандарттау жұмыстары.

    Халықаралық стандарттау-бірнеше дербес мемлекеттің қатынасындағы стандарттау жұмыстары.

    Халықаралық стандарттаудың нәтижесінде халықаралық стандарттау жасалады, оларды сол дербес мемлекеттер тікелей немесе өздерінің ұлттық стандарттарын жасауда пайдалануда.

    Стандарт. Бұл терминді дұрыс анықтаудың мәні үлкен. Стандарттаудың халықаралық ұйымы (ИСО) мынандай анықтама береді:

    “Стандарт: мүдделі жақтардың бір-бірімен бірлесіп, келісімді немесе мақұлданған түрде жасаған, ғылым мен техниканың ж/е практикалық тәжірибесінің нәтижелеріне негізделген, қоғамның пайдасына бағытталған, стандарттау органикамен қабылданған техникалық құжаттар”.

    Бұрынғы Кеңес Одағында стандарттаудың ерекшесіне мынандай анықтама берілген: “Стандарт-өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік-техникалық құжат:осы құжатты жасау, өндіру, пайдалану, сондай-ақ стандарттаудың басқа да обьектілеріне қойылатын талаптар туралы ережелер. Стандарттар материалдық обьектілерімен қатар, ұйымдастыру-әдістемелік және қоғамдық сипаттағы обьектілерге де қатысты талаптар, нормалар, ережелер туралы құжаттар.

    Үйлестіру (унификайия) – стандарттау әдісінің бір түрі; Ол әдісте функционалдық міндеттері бірдей элементтерінің (типтер, түрлер, размер) жалпы саны орынды қысқартылады;

    Типтеу – стандарттаудың тағы бір әдісі; бұл әдісте типтік конструкциялық, техникалық, ұйымдастырушылық  және басқа да типтік шешімдер жасап қабылданады. (кей ел-де симплификация).

2. Стандарттарды жасау процесі төмендегі сатыдан тұрады:

1-ші саты – стандарттар жасауды ұйымдастыру, стандарттарды жасауға қажетті техникалық тапсырмаларды бекіту;

2-ші саты – стандарттар жобасын жасау (1-ші редакциясын) ж/е оны пікір таласына беру;

3-ші саты – әртүрлі пікірлерді талқылау, стандарттың жобасын (соңғы редакциясын) жасап, оны бекітуге беру;

4-ші саты – стандарттардың жобасын талқылау, бекіту ж/е тіркеу. Ең жауапты саты – 1ші. Бұл саты стандарттың негізгі мазмұнын, прогресін көрсетеді.

    Техникалық тапсырмаларда стандартты жасаудың мақсаты, стандарттың мазмұны, талаптары (көрсеткіштер, нормалар, ережелер), басқа стандарттармен байланысы беріледі. Стандартты жасау жұмысының көлемі беріледі, қажет болған жағдайда жобаны негіздеу үшін ғылыми-зерттеу н/е экспериментальдық жұмыс жүргізіледі.

    Техникалық тапсырмаларда стандартау жобасымен келісетін, жобаны мақұлдаған мекемелер мен ұйымның тізімі беріледі.

    Техникалық тапсырманы жасау үшін стандарттың обьект туралы материалдарды отандық ж/е шетелдік техниканың жетістігін  ескере отырып, зерттеп талдау қажет.

    Стандарт жобасын жетік мамандар сол саланың білікті кадрлармен бірлесе отырып жасауы қажет.

    Стандарт жасаудың маңызды сатысы оны талқылау. Талқылау жүргізетін ұйымдар мен мекемелердің  саны жеткілікті көп және олар өкілетті болуы керек. Талқылау кезінде мүдделі жақтармен бірге тәуелсіз жақтың да пікірі ескерілуі тиіс.

    Стандарттаудың ақырғы жобасы стандарттың тиімділігін негіздейтін (техникалық-экономика) негіздерін ақпараттық картамен бірге бекітуге беріледі.

    Стандарттар бекітілу алдында Мемлекеттік стандарттың ғылыми-зерттеу институтының бірінде терминалдық және құқықтық экспертизадан өтеді.

    Мемлекеттік стандарттың стандарт жобасын бекіту өндіәріс немесе мекеме мен сол сала өкілдері қатысқан алқада  өткізіледі. Мұнда стандарттың сол салаға байланысты деңгейі, негізделуі, стандартты енгізуге қажетті  шаралар және енгізудің мерзімі қаралады.

    Мемлекеттік стандарттар стандарт баспасында басылып, таратылады. Стандарттар бекітілгеннен кейін министрліктер мен ведомствалар стандарттарды енгізу шараларының жоспарын бекітеді: осы жоспарға сәйкес мекемелер мен ұйымдар стандартты енгізудің ұйымшылдық-техникалық шараларын тағайындап іске асырады.

    Стандартта белгіленген нормалар, талаптар, ережелер, техникалық құжаттарда толығымен қамтылған және өндіріске қолданатын болса, өнімнің сапасы стандартта көрсетілген талаптарға сай болса, онда берілген стандарт енгізілді деп есептелінеді.   

 

2.   Нарық-әлеуметтік қызметтің көпқырлы кешенді жүйесі ретінде. Әлеуметтік стандарт түсінігі, мәндік сипаттары әлеуметтік жұмыс қоғамдық құбылыс ретінде.

 

1.       Әлеуметтік қызметтегі стандарттарды жасау жә-не енгізудің нормативтері, мазмұны және принциптері.

  а) Стратегия және стандарттар.

  б) Мониторингті жасау жолдары.

 

    Әлеуметтік қызметте стандарттарды жасау жағда-яттар мен өзгерістерге стратегиялық жауап беру болып табылады. Стандарттарды жасау және олар-ды үнемі мониторинг жасау және қайта қарау әлеуметтік қызмет жүйесін стратегиялық жоспар- лаудың міндетті элементі болып табылады.

    Стратегияны жасауға басқару (биіктен) ұйым-дарының және әртүрлі комитет өкілдері қатысады, олар қолда бар ресурстарды неғұрлым тиімді қол-дануға ықпал етеді.

    Стандарттар икемді болуы тиіс, өйткені үнемі өз-геріп отыратын әлеуметтік саладағы, денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы жоспарлаудың өзгеріп отыруына байланысты сол жағдаяттарға бейімделгіш болуы қажет.

    Әлеуметтік қызмет стандарттары кәсіби іс-тәжі-рибеде қолдануға болатын нақтыланған болуы қа-жет.

    Стандарттарды енгізуге әріптестік нарық-қаты-настар жасаудың маңыздылығы орын алады, себебі әлеуметтік қорғау стандарттары тікелей көмекке  іс-әрекет арқылы қамтылатын болғандықтан. Әріптестік басқару билігімен қатар жүргізілгенде ғана өз нәтижесін береді.

    Стандарттарды бекіту азаматтардың өмір сүру сапасын әлеуметтік қызмет көрсету, олардың тиімділігін арттыра отырып, экономикалық тұрғыдан әлеуметтік қызметтің бағытталғандығына байланысты болады.

    Стандарттар әлеуметтік қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылады. Стандарттар қызмет көрсету нәтижелігін емес, осы қызмет көрсетуші-лердің, қызметкерлердің жұмыстарын тиімді ұйым-дастыру болып табылады.

    Сондықтан:

1)        Стандарттардың болуы әлеуметтік қызмет көр-сету сапасына кепілдік бола алмайды.

2)        Стандарттар әлеуметтік қызмет көрсетудің әр-түрлі даму деңгейіне сәйкес қайта қаралып, өң-деліп, үнемі қайта жасалып отырады.

  Қызмет көрсету стандарттары-қызмет көрсету тұ-рақтылығын өлшейтін анықтауыш критерий болып табылады. Бұл критерийлер әлеуметтік қызмет басшылығымен мақұлданады.

            Стандарттың екі типі бар:

• Құрылымдық (структуралық) стандарттар-қызмет құрылымына қатысты критерийлер. Мамандармен қамтамассыз етілуі, қаржыландыру және материал-дық ресурстар (құрал-жабдық, бөлме т.б.)

• Функциональдық стандарттар-қызмет көрсету са-пасын көтеруге өз іс-әрекетін бағыттаған персонал (маман) іс-әрекетіне қатысты критерийлер.     

            Стандарттардың үш деңгейі:

  Минималды стандарттар-шектеулі жағдаятта жә-не ресурстық қызмет көрсетудің минималдық құ-рылымы.

  Оптималды стандарттар-шектелген және ресурс-тық жағдайындағы қол жеткізген тәжірибелерді айқындайды.

  Идеальды стандарттар шектелген және ресурстық жағдайындағы максималды мүмкіндігіне ие тәжі-рибелі айқындайды.

  Стандарттар белгіленген құрылымдағы қызметтің сәйкес келу, келмеуін өлшеу үшін қызмет етеді. Әрбір стандарт мақсат, іс әрекеттің мақсатқа сәй- кес келуі, іс-әрекеттің бірыңғай болуы қажет.

            Әлеуметтік қызметтегі стандарттар облыс-тық, аудандық көлемде басқару билігі өкілдерімен қатар әлеуметтік қызметкерге қызмет көрсетудің бірізділік болуын қамтамасыз етеді.

            Стандарттар түсінікті және нақты болуы қа-жет. Олар ресурстар, қаржыландыру, заңнамалық талаптар және кадрлық ресурстарды бейнелеу қажет.

  Әрбір стандарт төмендегі критерийлерге жауап беруге міндетті.

1.      Сандық бағалау мүмкіндігі.

2.      Стандарттарды бір-біріне әлеуметтік саясаттық сәйкес келуі.

3.      Стандарттарды әлеуметтік қызметіне көрсетіл-

    ген мүдделі мен принциптеріне сәйкес келуі.

4.      Шындық және нәтижелі келуі

5.      Экономикалық тұрғының бағытталуы

стандарттарды жасау-бұл кешенді үрдіс, оған басшылар және әлеуметтік қызметкерлер қатыспау, санымен қатар әлеуметтік қызметті алатын адамдардыңда көз қарасы есептелінеді.

            Әрбір стандарт мына талаптарға жауап беру қажет.

1.      Санның бағалау мүмкіндігі

2.      Анық, нақтылық

3.      Нәтижеге қал жеткізуі

  Әрбір әлеуметтік қызмет көрсету жоспары жасалынады:

1.      Қызмет көрсететін қызметкер

2.                      Қызмет көрсетуге қатысушы оның міндеті

3.      Кәсіби бағдарламасы ұйым және жабу тәртібі

4.       Стандарттардың ішкі мониторинг процедура-лары

5.      Стандарттың басталу уақыты.

6.      Жүзеге асқан қызмет түрлері.

Әрбір стандарттар алты принципке сәйкес болуы қажет.

1.    Стандарттар нақты қызмет көрсетуге қатысты. Әрбір әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары бөлек жасалады.

2.    Функционалдық стандарттар тек қана нақты көмек алатындарға бағытталған.

3.    Стандарттар қызмет (казночение) мәніне қарай сәйкес болады. Іс-әрекет, мониторинг стандарттар арқылы жүзеге асырылып, қызмет көрсету тиімділігін арттырады.

4.    Жасалған стандарттардың түсінікті болуы оны қолданудың маңызды факторы болып табылады.

5.    Барлық стандарттар қол жеткізуге болатын қажеттілік-яғни мамандарды тиімді жұмыс істеу талап етеді.

6.    Барлық стандарттау эканомикалық мақсатқа бағытталған болуы қажет, яғни мамандарды қаржы ресурстарына сай болуы.

Стандарттардың мазмұны.

Құрылымдық және функционалдық стандартта әртүрлі, өзара байланысты мақсаты бар.

       Құрылымдық стандарттарға:

а) Қызмет көрсеткіштері, қызметкерлер саны.

ә) Қызметкерлердің кәсіби дайындығы және квалификациясы.

б) Тәжірибесі

в) Қаржыға қажет ресурстар

г) Қызмет көрсетілетін тұлғаның қажеттілік денгейі сәйкес келуі

д) Қызмет көрсету минималдық жағдаяты.

       1)  бөлме (здания)

       2) құрал-жабдық

       3) транспорт

       Әлеуметтік қызмет көрсететін стандарттар барлық қызмет түрлері үшін арнайы жасалу міндетті. Облыстық көлемдегі қызмет түрлері:

       а) қарттар үйі

       б) Балалар үйі, ақыл-есі кем балалар интернаты

       в) Психоневрологиялық интернат.

Аудандық, ауылдық денгейде қызмет көрсету:

а) тұрғындарға әлеуметтік қызмет ету орталықтары;

б) қарттар, мүгедектерге әлеуметтік қызмет ету орталықтары

в) мүмкіндігі шектеулі балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары

г) балаларды әлеуметтік реабилитациялаудың оталықтары

д) жалғыз басты қарттар үйі

е) тұрғындардың әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының бөлімдері.

       Мониторинг

Әлеуметтік стандарттар қызметінің көрінісіндегі сапасын тиімді мониторинг арқылы белгілеуге болады.

       Мониторинг – мақсаты қызмет тиімділігі және экономикалық үнемділігін жақсартуға бағытталады және әлеуметтік қызметтің стандарттарға сәйкес келу келмеуін анықтау болып табылады.

       Мониторингқа жауапты тұрғындарға қызмет көрсететін ұйым деректері болып табылады.

       Мониторинг ішкі және үнемі жүргізілетін бақылау және тексеру жүргізу үшін  мониторингқа жауапты адамды тағайындайды.

 

3. Өмір денгейі және өмір сапасы-әлеуметтік экономикалық талдаудың базалы категориясы ретінде.

Өмір сүру денгейінің әлеуметтік көрсеткіштері.

1.    Қазақстандағы әлеуметтік қиындықтардың өсуінің негізгі проблемалары.

         а) Кедейшілік

         ә) Жұмыссыздық

         Қазақстанның дамуының қазіргі этапында көптеген әлеуметтік проблемаларды ішкі саяси және әлеуметтік тұрақтылықты анықтайтын белгілі бір қауіп төндіретін объективті факторлар құрайды. Әлеуметтік қиындықтың бастамасы 1993жылдан басталады, яғни елде жүргізілген саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар кезінде мемлекеттің әлеуметтік сферадағы қызметіне бірден шектеу қойылды.

         1991-1993 жылы өтпелі кезеңінің қарама-қайшылығына алып келген халықтарды әлеуметтік қорғаудың ескі кеңістік жүйесі әлі қызметін жойған жоқ еді. 1993-1997ж мемлекеттік саясатта экономикалық тенденциялар басым болғандықтан, қоғамда әлеуметтік қайшылықтар өсіп кетті. Бұл әлеуметтік қорғаудағы мәселелер инфляция арқылы, бюджеттегі дефицит, өндірістегі стагнация, экономиканың көлеңкелі секторының көтерілуімен шешілуімен байланысты болды. Әлеуметтік сферадағы ұйымдар дәсдүрлі негізгі бар ресурстарын жоғалта бастады. Дәл осы кезеңде әлеуметтік сферадағы дотацияларда қысқарды, сонымен бірге мемлекет ұсынған осы сфераның қызметінің принциптері де, механизмі де тиімсіз болды

         1998ж бастап бұл сферадағы жағдай біртіндеп теңеле бастады. Дәл осы жылдары мемлекет негізгі әлеуметтік мәселенің шешілуімен айналыса бастады, еңбек ақы, зейнетақы және басқа да әлеуметтік трансферттермен байланысты.

         Мемлекеттік бюджетіндегі әлеуметтік саланың сақталуындағы шығындар әжептеуір көтерілді. Бұл әлеуметтік сфераның құлдырауын жеңілдетті. Басқа сөзбен айтқанда, барлық әлеуметтік параметрлерінің құлдырауы жүзуге жеткен жағдайда  «парашютпен ұшу» процесі жүре бастады.

         Дәл қазіргі сәтте Қазақстан экономикасы тұрақтанды, экономикалық өсудің тұрақты темпіне жетті. Мұндай кезеңде әлеуметтік сфера өздеріне қатысты мемлекеттік саясаттың өзгерісін және адекватты реформаларды талап етті. Сонымен бірге әлеуметтік сфераның денгейін сапасын көтеру үшін стандарттау мәселесі уақыт күттірмейді.

      Азаматтардың әлеуметтік құқығын қорғаудағы мемлекеттің қызметі 2003ж әлеуметтік сауалнаманың қорытындысына сай келетін, актуальды проблемаларды шешу арқылы анықталады. Қазақстандағы әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету сферасындағы көкейтесті проблемалар:

1.      Кедейшілік;

2.      жұмыссыздық;

3.      әлеуметтік кепілдіктің жетіспеуі;

4.      адам құқығының бұзылуы;

5.      ұлтаралық сферадағы проблемалар;

6.      күрделі экологиялық жағдай

         Қазақстанның әлеуметтік саясатындағы проблемаларды жеке қарастырып көрейік .

         1. Еліміздегі халықтар арасындағы кедейшілікпен күрес. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері кедейшілікті жою үшін бағдарламалар мен концепциялар аз қабылданған жоқ. Бүгінге дейін Қазақстанда 54 мемлекеттік және салалық бағыттар қабылданып, жүзеге асырылуда, кедейшіліктің денгейін көтеру туралы тікелей басқа да жанамалай болса да бағдарламаларда қаралған.

Мысалы, халықтың өмір сүру денгейін көрсету туралы экология және қоршаған ортаны қорғауды жақсарту бағдарламасы; кіші кәсіпкерлікті қолдау; 2000-2002 жылғы кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес; Әлеуметтік даму аспектісі барынша «Білім» «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламалары, алғашқы медиктік-санитарлық жәрдем және туберкулезді емдеу туралы бағдарламалар; ауылды кешенді дамыту туралы; мүгедектерді реабилитациалау туралы; таза су ; басқару аспектісі бойынша коррупцияға қарсы күрес: салықтық және бюджеттік әкімшіліктігінің жүзеге асырылуы туралы т.б.

         Жоғарғы аталғандармен бірге, кедейшілікке қарсы мемлекет қаншама Заң және Заңнама актілерін қабылдауда. Жалпы мемлекеттік органдардың осы проблемаға қатысты қызметі мынадай бағыттарға негізделген: макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, аз қамтылған тұрғындарға финанстық және т.б. қолдау көрсету; кәсіпкерліктің дамуына қажетті жағдай құру: қажетті құқықтық база қалыптастыру; коррупцияға қарсы күрес пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету; инвестициялық проектілерді жүзеге асыру т.б.

         Бірақ қабылданған бағдарламалар жеткілікті түрде қажетті материалдық және техникалық ресурстармен қамтылмаған. Олар нақты приоритеттік жүйесінің бөлінуінсіз құрылған олардың жүзеге асырылуында мониторинг жоқ. Сондықтан қолданылған көрсеткіштер біржақты.

         Мемлекеттің кедейлікті азайту, тұрғынның өмір сүру денгейін көтеру және еліміздегі орташа тапты қалыптастыру жөнінде белсенді әрекеттеріне қарамастан, бұл сферада бірнеше проблемалар шешілмеген, жалғасуда.

         1. Мемлекеттік құрлымының жұмысында кедейліктің себебін жоятын, қысқартатын комплексті келісім жоқ. Бағдарламалық құжаттарда кедейшілікке байланысты проблемаларды айқындамайтын жалпы декларативті формулировкалар берілген.

         2. Қазақстандағы кедейшілікпен күрестің жақын арадағы перспективасында тек тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтардың кіріс денгейін көрсету және жұмыссыздықты қысқарту қызметіне арналған. Бірақта кедейшіліктің басқада өлшемдері, халықтың кедей топтарының біліміне деген, денсаулығы, қоршаған орта жағдайына деген мүмкіндігі тендерлік теңдігі т.б. бағдарламалық құжаттарда тиісті көрінісін таппаған.

         3. Қабылдаған құжаттар кедейшілікке қарсы бағытталған кедейшілікке түскен кедейшіліктің категориясын ғана анықтайды, бұл категорияға қалай түсу факторын қарастырмайды. Кедейшіліктің басты индикаторлары; жасы, жынысы, үй басының, отбасының көлемі.

Мысалы, егер үй шауашылығын жас адамдар басқарса, кедейлердің ең төмен денгейіндегі болып есептелінеді, әсіресе қазіргі еңбек нарығына төтеп бере алмаған  жастар; Үй асыраушысы жасы 55-тен асқан, әсіресе әйел адам және зейнетақы жүйесі бойынша,                

көпбаласы отбасылар.

         4. Тұрақтылыққа бағытталатын реформалар қолдан қолға әлеуметтік сферадағы құрылымдық реформалармен жүруі тиіс. Мысалы, Қазақстанның уақытша кредиттік ақшалай саясаттағы негізгі міндеттері инфляцияны қысқарту және халықаралық резерфтердің қауіпсіздік денгейін қолдау. Бірақ, бұл саясат, есептік ставканың төмендеуіне әкелмейді, және банкідегі пайыздық ставканың қысқаруына әкелмейді. Өте төмен инфляцияда шын мәніндегі пайыздық ставка кредит бойынша 20-30%-ды құрайды жылына, бұл кредиттер Қазақстандағы көптеген қымбат тұратын азаматтарға не істеп жатқанын көрсетеді. Тұрғындардың ипотекалық кредиттік жүйесінің сипаты да осындай

         5. Бағдарламаларда, «кедей» сөзіне нақты анықтама беруден бастап, кедейшілікке толық сипаттама берілу қажет.

         6. Құжаттарда жауапкершілік пен өкілеттіліктің шектеулі механизмі, сонымен бірге жергілікті билік органдардың да нақты берілуі керек.

         7. Құжаттарда:

-жұмыспен қамтылуы және бұқаралық жұмыссыздық қысқартылуы;

-білім беру және денсаулық қызметің қамтамасыз ету;

-еңбек ақы саласындағы әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету;

Кедейшілікпен тиімді күрес жүргізу-өндірістің неғұрлым көп болуы өмір сүруінің негізін кеңейтеді; еңбек ақы және кәсіпкерлік.

 

     4.    Еліміздегі тұрғындар арасындағы жұмыссыздықты қысқарту.

         Жұмыссыздық денгейін төмендету проблемасы жоғарғы аспектілердің қатарындағы кедейшілікпен күреспен байланысты. Мемлекеттің жұмыссыздық денгейін төмендетуде арнайы жұмыстар жүргізілуде.

         Жұмыссыздық дегеніміз белгілі уақыт кезеңіндегі еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмысының жоқтығы. Жұмыссыздық нарық экономикасына көшкен елдердің бәріне тән сипатты ерекшелік болып бара жатыр.

         Жұмыссыздықтың мынадай себептерін бөліп көрсетуге болады;

1) мекеменің (құлдырау, депрессия) уақытша экономикалық қиындығы нәтижесінде басшылық жұмыс орнын қысқартады;

2) өндірістерде жаңа технологияларды дайындау және қолдану, яғни өндірісте толық автоматизацияландыруға мүмкіндік беру, адам еңбегін ауыстырады;

3) еңбек ақының өзгеруі.(айлықтың көбеюі, жұмысшылардың санының азаюына әкеледі)

4)еліміздегі демографиялық жағдаяттар, өзгерістер(туудың бірден өсуі т.б)

5) еңбек нарығындағы маусымдық өзгерістер.

         Жұмыссыздықтың пайда болу себептерін ескере отырып, оның Қазақстанда өмір сүретін түрлерін анықтауға болады.

         1. Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми-техникалық прогрестегі (өндірістің азық түлікті қолданылады) азықтүлік өндірісіндегі қолданудың жалғасы,сонымен бірге тауарлар мен қызмет көрсетудің бір түрлерінің сапасы және жаңа заманғы түрлерінің ауыстырылуымен байланысты. Мұндай жағдайда өндірістің құрылымы өзгереді, сонымен бірге еңбек ресурстары да өзгереді.

         2. Функционалдық жұмыссыздық-бір жұмыстан екінші жұмысқа немесе мекен жайын өзгеру себебіне байланысты туындайды функционалдық жұмыссыздық тағы бір себебі халықтың миграциасы.

         3. Маусымдық жұмыссыздық-өндіріс саласында еңбек ресурстарына маусымдық сұраныстар туады. (Маусымдық құрылыс, ауыл шаруашылығы.)

         4. Циклды жұмыссыздық-мекеменің өндіретін өніміне жеткілікті сұраныстың болмауынан.

         5. Жасырын жұмыссыздық-кейбір мекемедегі экономикалық жағының төмендегінен жұмысшылар шықпайды, олар ұзақ мерзімді демалысқа шығады немесе толық жұмыс күнін істемейді. Ресейде жасырын жұмыссыздық экономиканың құлдырау кезінде пайда болады.

         Жұмыссыздықтың өзінің оң және теріс жақтары бар.

Бір жағынан еліміздегі өндіріс денгейі төмендейді салық шығарылуының денгейі; халықтың өмір сүру денгейі құлдырайды жұмыссыздықтық әсер етуінен:

         Ал бір жағынан, жұмыссыздық еңбек нарығында бәсекелестікті тудырады, яғни жұмыс күшінің денгейі я№мен біліктілігін жоғарылатады. Жұмыссыздық жағдайында адам еңбек өнімділігі мен сапасын көтеретін өз орнын ұстауға тырысады.

         Мемлекеттік органдардың еліміздегі жұмыссыздықты төмендетудегі жүргізген күш-жігеріне қарамастан, бұл ситуация еңбек нарығында тұрақсыз күйінде қалуда.

         1. Жұмыссыздық денгейінің бағалау жүйесі, жеке тұлғаны жұмыспен қамту жөніндегі орталықтағы санымен сәйкес келмейді.

         2. Жасырын жұмыссыздық етек алуда. Бұл өндірістің құлдырауына байланысты

         3. Қазақстанда құжаттарда жұмыссыздықтарға сипаттама берудегі негізгі ұғымдарға экономикаық құқықтық тұрғыдан анықтама берілмеген (қоғамдық жұмыс, тиімді еңбекақы, лайықты жұмыс т.б.) Мысалы,

АҚШ-та ұлы депрессия жылында «қоғамдық жұмыс» ұғымы автожолдардың құрылысын жөндеу болған, ал бізде «қоғамдық жұмыс» десе, көшені көгалдандыру немесе тазалық деп түсінеді.

         4. Құжаттар азаматтық қоғамдық институтының қатысуын қарастыру қажет. (кәсіподақ НПО, СМН)

 

       5. Халыққа қызмет көрсету стандарттары.

 

1.          Кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету стандарты.

    а) әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі.

    ә) әлеуметтік қызмет көрсетудің талаптары.     

   “Халыққа қызмет көрсету. Кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету. Көрсетілетін қызметтердің көлемі” Мемлекеттік стандарты “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңын іске асыру мақсатында әзірленді. Осы стандарт 2003 жылғы 3-ші қаңтарда енгізілді.

     Бұл стандарт үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдауға мұқтаж кемтар балаларға көрсететін қызметтерге қолданылады.

     Осы стандарттың ережелері халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдары, халықты әлеуметтік қорғау мекемелері, протез – ортопедиялық орталықтар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, ұйымдық – құқықтық нысанына қарамастан кемтар балаларға әлеуметтік қызметтер көрсетумен  айналысатын басқа да заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

     Стандартта тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады:

     Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

     Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық бөлімшесі.

     Кемтар балалар: Туа біткен, тұқым қуалайтын, жүре пайда болған аурулардан немесе белгіленген тәртіппен расталған жарақаттану салдарынан болған тіршілік қыз-

Метінің шектеулілігі  бар дене және (немесе) хүйке кемістігі бар 18 жасқа дейінгі балалар.

     Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау: Кемтар балаларға тіршілік қызметінің шектелуін жеңу және орнын толтыру үшін арнаулы әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтерін көрсететін білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі.

     Әлеуметтік бейімдеу: Кемтар балаларды әлеуметтік ортаға белсенді бейімдеу.

     Оңалту: Ағза функциясының  тұрақты бұзылуынан денсаулықтың бұзылуына байланысты тіршілік әрекетінің шектелуін жоюға немесе олардың орнын барынша толығырақ толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік – экономикалық іс шаралар жүйесі.

     Әлеуметтік қызметкерлер: Тікелей әлеуметтік көмек көрсететін немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастыратын, кемтар адамдарға әлеуметтік, құқықтық және көмектің өзге түрлерін жүзеге асыратын органдар, мекемелер мен ұйымдар штатындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар.

     Әлеуметтік тексеру: ешкімнің көмегінсіз қозғалуының, күнделікті қызмет ету қабілетінің, экономикалық дербестілігі мен тиісті жастағы балалардың жас нормативтерін ескере отырып, қоғамға кіріктіруін шектеуге байланысты болатын әлеуметтік жеткіліксіздіктің дәрежесін анықтау.

     Әлеуметтік қызмет көрсету: бөгде адамдарлың көмегіне мұқтаж кемтар балаларға әлеуметтік қолдау, әлеуметтік – тұрмыстық, әлеуметтік – медициналық, психологиялық – педагогикалық, әлеуметтік – құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметтер жұмысы.

         Үйде әлеуметтік қызмет көрсету ПМПК қортындысы бойынша басқа адамның күтіміне мұқтаж мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға көрсетіледі. ПМПК – психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация – кемтар балаларға диагностика мен психологиялық – медициналық – педагогикалық тексеру жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік білім мекемесі.

     Мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға қызмет көрсету үшін үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері құрылады, олардың мәртебесі мен құрылымын жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Әлеуметтік көмек бөлімшелері мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі кемінде 80 және балаға қызмет көрсетілетін болса ғана құрылады. Қажеттігіне қарай ірі қалалар мен мекен жайлардағы бірнеше бөлімшелер біреу болып біріге алады. Қызмет көрсетуге мұқтаж балалардың саны бөлімше құруға мүмкін болмаса күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер лауазымы жалғызілікті кәрілер мен мүгедектерге қызмет көрсететін әлеуметтік көмек бөлімшесінің немесе әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық орталығының немесе интернат – үйінің штатына енгізіледі.

     Әлеуметтік қызметкерлердің штаттық бірліктерінің саны бір әлеуметтік қызметкердің 6 баладан асырмай қызмет көрсету есебімен белгіленеді. Жекелеген жағ-

дайларда, баланың дамуы мен жүріп – тұру белсенділігіндегі ауытқулар дәрежесін ескере отырып күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкердің жүктелімі 4-5 бала болуы мүмкін. Егер отбасында екі немесе одан да көп қызмет көрсетуге мұқтаж балалар болса әр бала жеке тұлға ретінде есептеледі. Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер кесте бойынша бір балаға аптасына кемінде 2-3 рет барады.

     Қызмет көрсетуге алу үшін мынадай құжаттар негіз болады.

    - баланы қызмет көрсетуге қабылдау туралы ата-анасының немесе баланың өзге заңды өкілдерінің өтініші;

    - басқа адамның күтімі қажет туралы ПМПК қорытындысы;

    - денсаулығының жағдайы туралы емдеу – профилактикалық мекеменің медициналық картасы;

    - мүгедектігі туралы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің анықтамасы.

     Қызмет көрсетуге қабылдауға қарсы көрсетулер:

    - жұқпалы, венереологиялық, бактериятаратушылық, тубуркулездің өршіген түрлері, мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымдарында емдеуді талап ететін өзге де ауыр сырқаттар;

     Қызмет көрсетуден шығарып алу ата-анасының немесе баланың өзге заңды өкілдерінің дербес өтініші бойынша немесе баланы интернат-үйіне орналастырғанда не өзге себептер бойынша жүргізіледі;

     Әлеуметтік көмек бөлімшелері әлеуметтік қызметтерді мынадай нысандарда көрсетеді:

    - денсаулық сақтау, білім беру органдарымен бірлесіп арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж кемтар балаларды анықтау және есепке алу;

   - кемтар балаларды әлеуметтік тексеру, оның мүддесі мен мұқтажын білу мақсатында баланы қоршаған микро-ортаны тексеру;

   - көмектің нақты түрі мен нысанын белгілеу, ПМПК мамандары жасайтын жеке бағдарламаны есепке ала отырып, жеке қызметтер көрсетудің картасын құру.

   - ата-аналарға ауру баланың жалпы күтудің практикалық машықтарын, әдістерін және баланың дамуына жәрдемдесетін тәсілдерді үйрету;

   - кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына балаларды жүріп-тұру мен әлеуметтік машықтарға (киіну, жуыну, асхана құралдарын пайдалану, ақша ұстау, заттар сатып алу және тамақ әзірлеу, телефонмен, көлікпен пайдалану т.б.) мінез-құлық, өзін-өзі бақылау мен қарым-қатынас дағдыларын үйретуге көмек көрсету;

   - оңалту іс-шараларын іске асыру және баланы отбасына бейімдеу мақсатында ата-аналармен жұмыс жүргізу;

   - баланың бос уақытын ұйымдастыру (ойындар, кітаптар оқу, оларды талқылау, кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және басқа)      

   - бала мен ата-анасына психологиялық жәрдем көрсету;

   - балалар кемтар ата-аналармен жеке және топтық іс-шаралар (семинарлар, тренингтер, және т.с.) ұйымдастыру арқылы ағарту-профилактикалық жұмыстар жүргізу;

   - қажетті арнайы медициналық жәрдем алуға және медициналық қызмет көрсетуге, атап айтқанда дәрігерді үйге шақыруға, емханаға бірге баруға көмектесу;

   - шұғыл жағдайларда бірінші медициналық көмек көрсету;

   - медициналық көрсеткіштер бойынша протез-ортопедиялық бұйымдармен, техникалық және өзге де құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

   - қамқорлықты, қорғаншылықты белгілеу, жәрдемақылар тағайындау, интернат-үйлеріне немесе аумақтық орталықтарға орналастыру және көмектің басқа түрлері үшін құжаттар рәсімдеуге жәрдемдесу;

   - консультативтік, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар беру мәселелер бойынша көмек көрсету;

   - аз қамтамасыз етілген қатарындағы, кемтар балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге құжаттар рәсімдеуге жәрдемдесу;

   -  аз қамтамасыз етілген қатарындағы, кемтар балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына демеуші көмек көрсету үшін қоғамдық ұйымдармен, қайырымдылық қорларымен байланыс жасау және дамыту;

     Балаларға қызмет көрсету психологиялық-медициналық- педагогикалық консультациялардың мамандары әзірлеген жеке бағдарлама бойынша жүргізіледі. Баланың денсаулығының жағдайына, қозғалу белсенділігіне байланысты әлеуметтік көмек бөлімшесі көрсететін қызметтер көлемі мен әлеуметтік қызметкердің жүктемесі белгіленеді. Әлеуметтік қызметкерлер көрсететін қызметтер үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі мен баланың ата-анасы немесе өзге заңды өкілдерінің арасындағы шарт негізінде тегін көрсетіледі.

     Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы Орталық уәкілетті орган бекіткен “Әлеуметтік қамтамасыз ету және жұмыспен қамту қызметінің басшылары, мамандары мен басқа қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалығы” белгілейтін лауазымдық міндеттерге сәйкес өз жұмысын орындайды. 

 

6. Білім беру саласындағы қызмет көрсету стандарттары.

 

1.      Мемлеккеттік білім беру стандарттары.

2.      Білім беру стандартының тиімділігін арттыру жолдары.

 

         Оқу орындарындағы ең маңызды нормативтік құжаттардың бірі білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір денгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, студенттер мен оқушылардың оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды. Мысалы, Қазақстан Республикасындағы бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарттарының мазмұнына әлем туралы (әлем туралы әдеби көркем, аңыз және басқа да ғылыми білімдер элементтері); қызмет түрлері туралы (ойын, т.б,) білімдерді оқушы меңгеруі тиіс.

         Білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері-азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарлатуы, Республикадағы оқыту кеңістігі бірлігі қызметтерін сақтау, білімнің гумандық қызметтері және оны басқару болып табылады. Білім берудің мемлекеттік стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді:

         - білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін жалпы мәдени ортаның жағдайын ескерту;

         - нәтижесін дұрыс мөлшерлеу;

         - білім беру салаларының және сатыларының сабақтастық стандарттарының ережелерін бұзбау;

         - жеке тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес әрбір мектеп сатыларының ерекшеліктерін ескере отырып, білім мазмұнымен қамтамасыз ету;

         - білім мазмұнының оңтайлы түрін көрсету;

         - оқушы жастардың қызығушылығы мен бейімділігіне сәйкес мемлекеттің, аймақтық, мектептердің білім мазмұнын көрсету.

         - мектеп оқушыларының оқу жүктемесін мөлшерлеуге көмектесу;

         - тексеру жағдайында жылдам қызмет көрсету;

         Білім беру стандарттары оқу жоспарлары мен бағдарламаларын негіге алады. Оқу жоспарлары белгілі бір оқу орындарында оқытылатын оқу пәндерінің құрлымын оларды оқыту барысы мен ретін, әрбір пәнге берілген сағат санын (әрбір оқу пәніне бөлінетін апталық сағат саны) анықтайды. Базалық оқу жоспары барлық студент жастар үшін ұсынылатын міндетті мемлекеттік білім беру стандарты-ның негізгі деңгейі болып табылады.

         Білім мазмұны ооқушы жастардың алуға тиісті білімі, дағдылары оқу бағдарламасында көрсетілген оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқу бағдарламасында әрбір пәннің мақсаты мен міндеттері; пәннің сипаты мен құрылысы және пәнаралық байланысы; оның мазмұны-ның бірізділігі көрсетіледі.  

        2. Қазақстандық эканомиканың жетістігі, көбнесе, бәсекелесуге қаблеті жоғары технологиялық эканомика үшін мамандардың жаңа буынан дайындауды қамтамасыз етуге арналған жоғары кәсіптік білім беру жүйесін жуық арада түбегейлі қайта құра аламыз ба, соған байланысты. Жоғары оқу орындары жүйесінің алдында жеке тұлға тарапынан да, сондай-ақ тұтас қоғам тарапынан да туындайтын білім алуға деген қажеттілікті неғұрлым толық қанағаттандыру мақсаты тұр.

         Қазіргі білім беру парадигмасы ауысты, яғни басты назар кәсіпқойлықтан білімдарлыққа қарай ауып, енді қоғам өз мүшелерінің білімпаз болуына кепілдік беруден гөрі әр адамның үздіксіз білім алуына мүмкіндік туғызу үшін жағдай жасап, оны қолдауға көшіп отыр. Сондықтан Қазақстанның білім беру жүйесі әр адамға өзін тек өз қоғамының мүшесі ғана емес, сондай-ақ әлемдік қауымдастықтың мүшесімін деп санауға мүмкіндік беретіндей, біріңғай мәліметтік-білімдік кеңістіктің негізі болып табылатын жалпы әлемдік стандартқа сәйкес болуы тиіс.

         Білім беру стандарттарын тәжірибеге енгізу әр елде олардың әлеуметтік мәдени жағдайларына, дәстүрлеріне байланысты әрқалай жүзеге асырылады. Мысалы, білімді нарықтық жолмен реттеудегі және оның мазмұнын прагматикалық бағдарлаудағы танымал ел болып саналатын АҚШ-та стандарттау шектен тыс еркінсіп кетуден «қашу» іспетес. Ал білімді бір орталықтан басқару жүйесі қалыптасқан және оқыту бағдарламалары энциклопедиялық сипат алған ТМД елдерінде стандарттаудан білім беруді үйлестіру мен мемлекеттендіруден ұйымдасқан түрде бас тарту, оның мазмұнын қайта құру, интеграциялау және реинтеграциялау мүмкіндігі күтіледі.

         Міне, білім беру стандарттарының ұлттық, заң шығарушылық және тұжырымдық түрлерінің, оларды жасау мен тәжірибеге енгізуді ұйымдастыру механизімінің бір-біріне ұқсамайтыны осыдан. Әйткенмен де, егер стандарт деп білім берудегі белгілі бір параметрлерді тағайындайтын, нормативті актілердің бір жиынтығын түсінетін болсақ, онда оның білім беруде және қоғамда орындалатын қандай да бір жалпы міндеттері айқын білінеді.

         Қазіргі білім берудегі және әлеуметтік саясаттағы стандарт-ол;

         1) қазіргі кезеңдегі білім берудің мақсаттары мен мазмұнын қайта қараудың құралы, оны жаңартудың жолдары;

         2) мемлекеттің өз ұлтының білімділік денгейі үшін күнделікті артып отырған жауапкершілігінің және білімнің қоғамдық мәні бар жалпы ұлттық мазмұнына қатысты келісімге қол жеткізудің формасы;

         3) қоғамның білім берудің қазіргі кездегі әлеуметтік мәдени жобасы мен әлеуметтік технологиясы ретіндегі жаңарған қызметі мен роліне қатысты ой толғау әдісі;

         4) вариативті және диверсификацияланған білім беру тәжірибесін білімдік көп түрлілігін реттеуді қолданудың жолы;

         5) білім беру жүйесінің нәтижелілігі мен білім сапасын бақылауды әділеттендіру проблемасын шешудің кілті;

         6) әрбір елдегі азаматтың білім денгейінің осы елде қабылданған білім беру кезеңдерінің, сатыларының және денгейлерінің әрқайсысында динамикалық түрде (сол ел үшін неғұрлым тиімді қарқын мен формада) өсуінің себепкері;

         7) жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің сұраныстарын неғұрлым жоғары дәрежеде үйлестіретін ұлттық білім беру өнімдерін жобалауды болжау тәсілі;

         8) білім беруді ұлттық білімдік мәдениет ауқымында парадигмалық қайта бейімдеу механизмі;

         9) білім беру саясатын демократияландыру мен білім беру саласындағы дискриминацияға қарсы күрес факторы.

         10) білім берудің бүкіл дүниежүзіндегі жалпы өркениетті денгейін қолдаудың құралы.

         11) білім беру мекемелерін олардың типтері, түрлері және катигориялары бойынша жіктелудің негізі;

         12) білім туралы құжаттарды академиялық және кәсіптік мойындауды ретке келтіру жолдарының бірі.

«АҚШ,Жапония, Батыс Европа елдері жоғары мектептерінің дамуы соңғы үш онжылдықта бір ғана бағытта жүреді. Нәтижесінде бұл елдердің жоғары білім беру жүйесі едәуір жақындасты» деп атап көрсетілген.

Осы елдердегі білім жүйесінің жақындасуының негізі бағыттары мыналар:

         1) жоғары оқу орында дейінгі (жалпы орта) білім алу мерзімі 12-14 жылға дейін ұлғайды (мысалы, Англяда -13-14жыл, Данияда -12-13жыл, Индияда -12, Италияда -13, Канадада -12-14, АҚШ-та -12, Германияда -12-13, Жапонияда -12 жыл және т.с.с);

         2) білім берудің аяқтаушы 2-3 жылдық кезеңінде елеулі мамандандыру (гуманитарлық, жаратылыстану және технологиялық бағдарға) сақталынған;

         3) барлық дерлік жоғары білімнің бір денгейлі жүйесінен бастартып, көп денгейлі жүйеге өту байқалады, оның үстіне толық жоғары білім (тереңдетіп оқыту денгейі немесе бір жақты мамандандыру) алушылардың саны жоғары білімі барлардың жалпы санының 20 процентіненаспайды;

         4) іргелі пәндерді оқыту мен мамандандыру арасындағы дұрыс ара қатынасты анықтау бойынша ізденіс барлық елдерде бір бағытта жүргізілуде, яғни бір жақты мамандандырудан бас тартып, жоғары оқу орнында базалық бағдарлама бойынша оқыта отырып, кең профильді кадрлар дайындауға көшіруде. Мамандандыру негізінен, өндіріс орындарында жұмыс істеу кезінде жүзеге асырылады;

         5) барлық оқу орындарында жұртшылықтың білім алуға деген алуан түрлі сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған оқу бағдарламаларының қоры кеңейтілуде. Мұнда білім беру жүйесі экономика, ғылым және мәдениет саласындағы өзгерістерге тез бейімделуге мүмкіндік беретіндей әрі неғұрлым құбылмалы болып барады, ал бұл жеке тұлға үшін еңбек нарығының аумалы-төкпелі кезеңінде «сақ» болуға жағдай жасайды.

         6) оқытудың мазмұнын, формасы мен әдістерін жаңартуға байланысты болатын және оқыту үрдісінің құрлымын да, оқу орындарының ішкі құрлымын (кафедралардың, факултеттердің, университеттер құрамындағы институттардың рөлі өзгереді) да едәуір өзгеруге әкеп соғатын жаңа оқыту технологиялары пайдаланылуда;

         7) жоғары оқу орнының негізгі типі университет болып табылады.

         8) жоғары білім берудің университеттік жүйесі ғылымды қажет ететін өндіріске тікелей қатысуға мамандар дайындайтын университеттік емес секторлармен толықтырылады (Ұлыбританияда – политехникалық колледждер, Францияда- технологиялықинституттар, Германияда – жоғары кәсіптік мектептер);

         9) телекомуникациялық мәліметтік технологиялар негізінде дистаты жоғары оқу орындары деп аталатын жаңа типті мектептер жасалуда;

         10) студенттер мен оқытушылардың халықаралық елгезектігі, жоғары білім туралы құжаттардың, ғылыми дәрежелер мен атақтардың эквиваленттігі мен мойындалуы проблемаларын шешу үшін барлық елдерде жоғары оқу орындарын аккредитациалау мен аттестациялау жүйесі педагогикалық тестілеу қызметі мен зачеттық өлшемдер жүйесі (кредиттер, баллдар, пункттер, сағаттар, семестрлер) енгізілуде.

         Жоғары білім беруді стандарттау терең ғылыми және практикалық білім мен жоғары денгейдегі кәсіптік мәдениетті талап ететін қазіргі уақыт пен жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың сұраныстарына сай мамандарды дайындау қажеттілігінен туындап отыр.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-23 15:00:06     Қаралды-9805

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »