Тақырыбы: Жер шары өсімдіктерінің таралу заңдылықтары.
1. Жер шары өсімдіктерінің түрлеріне сипаттама.
2.Брокман- Ерош заңдылығы.
3.Шөптесін өсімдіктер турлерінің таралуы.
4.Америка континентіндегі тропикалық орман.
Жер шары өсімдіктеріне сипаттама.
Жер шары өсімдіктері. 1.Тропикалық орманды алқап үш формацияға бөлінеді: а) ылғалды тропикалық орман. Экватордан оңтүстікке, солтүстікке қарай ылғалдылық азая береді. ә) суптропикалық ормандар өсімдіктері – мәңгі жасыл, қалыңды етті жапырақтары бар.Суптропика өсімдіктері жылылық пен ылғалдылықты қажет етеді.б) Қыс мезгілінде де жасыл болып тұратын орманды алқап- климаты ылғалды, жазы құрғақтау.
2.Шөлейтті дала белдеуі. Теңіз жағалауынан бастап, солтүстікке қарай шөл дала өсімдіктерімен алмасады. Тұрақты соғатын құрғақ жел пассат өсімдіктер түрімен, санына аз әсерін тигізбей қоймайды. Құрғақ, шөлдала температурасы төмендеу орманды зонамен полоса жалғасады.
3.Орманды белдеу алқабы. Жазда жасыл орман ағаштары, қылқанжапырақты және қатты жапырақты орман алқабы аумақты жерді алып жатыр.Теңіз жағалауында көктемі, жазы жылы, қыс суық болғандықтан,жапырақтары жылдың суық мезгілдерінде түсіп отырады, сондықтан қылқан жапырақты орман өкілдері шығысқа- континентальды ауа райы жағдайына ығысып, шоғырланған.Қатты жапырақты орман ағаштарыда құрғақта, жылы, бірақ ылғалдылық жетіспеген аралықтарда өседі.Қатты жапырақты орман өкілі-лавр Lauraceae – 2000 түрі бар, ылғалы молырақ теңіз жағалауында, жел өтінің пассат аумалы, ауыспалы болып тұратын жерлерінде өседі.Ылғалдылықпен, пассатқа бейімделсе лавр бұталы ағашы – субтропика қоңыржай жерлерді жаулап алар еді.
4.Ормансыз солтүстік белдеу. Негізінен, екі формацияға бөлінеді: а) ауа райының қолайсыздығына жел, қар байланысты, бойлары кішігірім қисық өскен бұта, ағаш, өсімдіктері өседі. б) ағаш өсімдігі өспейтін далалы алқап.
Тропикалық ормандар – қоңыржай климат ормандарынан бір-бірінен анық ажыратылады. Тропика ормандарына ағаш өсімдік түрлері өте көп, тіпті қатар тұрған екі ағаш түрін табу қиын. Бразилияда 3 кв.миль жерде 400-ге жуық ағаш түрінің өсіп тұрғаны кездескен. Тропикада ағаш түрінің көптігінен жоғарыдан қарағанда біркелкі емес теңбілденіп тұрады.
Тропикалық ормандардың кейбір жерлерінен балтасыз өту мүмкін емес.Лиандар – шырмауық өсімдіктер қалың қорған болып, басқа өсімдіктер бұтақтарымен шырмалып, жарық өткізбай тұрады. Тропикалық ормандар 4-5 ярусты, ал біздің ТМД орман ағаштары 2 ярус құрады. Ағаштары тік – бағана тәріздес аз бұтақталады 3-4.Тропикалық өсімдіктердің түрлерін ажырату қиын, себебі жапырақтары, гүлдері өте биікке орналасқанда өрмелеп шығуға лиандар, эпифитер жібермейді, тек түскен жемістері арқылы ғана өсімдік түрі анықталады, немесе морфологиялық анатомифлық құрылысын зерттеу арқылы анықтама беріледі.Ағаштары ұзында, бағана тәріздес тік өсімдіктен жер асты тамырларын да өз ерекшеліктері бар.Тропика ағаштарында тақтай тәріздас досковидные корни- қанат тәріздес- конгрофорус тамырлары жер бетіне шығыңқырап жоталанып, ирелеңдеп, созылып жатады.
Брокман- Ерош заңдылығы.
Жер шары өсімдігінің өсуі, бірлестік фитоценоз, ассоциация құруы, ағаш бұта, шөптесін өсімдіктер болып келуі,түрінің бір жерде аздығы, екінші дерде көптігі, орман, шөлдала, шалғын, су өсімдіктері болып бөлінуі, көптегін фактордың ауа райы, жер бедері, температура, ылғалдылық,топырақ әсері екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Солтүстіктен оңтүстікке қарай тундра, орманды тайга, алпақ, шалғынды жерлер,аралас орман, дала,шөл, суптропика,тропика болып бөлініп келсе,олардың әрқайсысы өзен, көл, қырат,тау, батпақтарына байланысты өсімдік зоналарына бөлінеді.
Швейцария ботанигі Брокман – Ерош М. «Идеальды континент» (1877ж) атты кітап шығарып, өсімдіктердің жер бетінде таралуы жөнінде өз заңдылығын ұсынды.Одан бері бұл заңдылық көптеген ғалымдар еңбегімен толықтырылып келеді.
Брокман – Ерош заңдылығы:
1.Жылықтың экватордан полюске қарай азаюы
2. Теңізден материкке соғатын ылғалды желдің өсімдікке табиғатына әсер ететіндігі.
3. Материктен теңізге қарай соғатын құрғақ жел пассат әсері.
4. Жаңбырдың теңізден материкке қарай азаюы.
Шөптесін өсімдіктер. Шөптесін өсімдіктер түрлері өте көп. Бірақ, олардың өсуі, көбейуі таралуы, қалың немесе сирек болуы өсіп тұрған жеріне, бұтала ағаш өсімдіктер түріне, ярусына тікелей байланысты. Ағаш өсімдіктер қалың, төменгі жағы көлеңке жерде болған жағдайда, ол жерде шөптесін өсімдіктер жоқ, ал жарығы мол жерлерде шөптесін өсімдіктер мол, биіктігі адам бойына дейін жетеді.Мысалы, имбирь Zingiberaceac тұқымдасы өздерінің тамаша гүдерімен, биік болып өсуімен ерекше сәнді болып көрінед.Шөптесін өсімдіктер ішінде споралы өкілдеріде басым: силагинелла, плаундар, папоротниктер. Папоротниктер тұқымдасы Hymenophyllaceae өкілдері жапырақтары бірақ қабаттан тұрады да, сол жапырақтары арқылы-ақ ылғалдылықты сорып алу қабілеті бар:шөптесін өсімдіктер тамыры өте нашар детілген. Астық тұқымдас өкілдері өте аз.
Лиан.Шырмауық тұқымдас өсімдіктер өкілдері түрлерінің көптігімен ерекшеленеді. Күнге,жарыққа ұмтылғандықтан ағаштар сияқты өте биік ағаштарға оралып, жоғарыға төбесіне дейін жетеді.Бұтақтан бұтаққа, мұрттары арқылы бекіп, жерге тиген жағдайда жанама, қосалқы тамырлар беріп, әрқарата өсуін жалғастыра береді де бұтақ не ағаш сынып жерге түскенімен лиандар басқа ағашқа жармасып өсуін жалғастыра береді. Пальмротанг Galamus туысы -300м дейін жетеді. Ароид тұқымдасы Philodendron, фикус туысы, бұрыш Piper, ваниаль Vanilla Bauhinia, лиан түрлері өздеріне тән ерекшкліктерімен ерекшеленеді.
Америка континентіндегі тропикалық орман.
Негізінен орманды жерлер Амазонка өзені, оның салалары,оңтүстік тропикаға дейінгі Атлант мұхиты жағалауларына орналасқан. Амазонка өзені жағалауы ормандары өте үлкен алқапты алып жатуымен қатар, тропикалық ең ылғалды орман.А.Гумбольдт бұл ормандарды аралап «Гиллей» гилейон- грек тілінде орман деген мағынада деп ат қойған. Америка тропика ормандарын 2 типке бөлген:
1. «игапо» -ылғалды орман, жаңбыр, тасыған су жинақталып тұратын сайлы жерде өсетін орман.
2. «Эте» - жаңбыр, тасыған су жете қоймайтын жоғарылау, биіктеу орналасқан орманды жер.Гилей ормандары эпифитті өсімдіктердің түрлерінің көптігі, әсіресе Бромелья ананас тұқымдасына жатады. Өсімдік өкілдері гулдерінің сәнділігі әдемілігімен ерекшеленеді де – «цистерналық» эпифиттерге жатады. Жапырақтар түбі воронка тәріздес болып келеді де, сол жерде 1л, дейін су жиналады. Мысалы, кактус оның ішінде Rhipsalis түрінде. Негізінен «игапо» жерлерінде; Hevea brasilensis, bertholletia excelsa, Dipterix odorata пальма түрлері phyteltphas,Manicaria, Astocarium. «Эте» жерлерінде пальманың:Euterpe, Attolea түрлері өседі. Амазонка салаларында су қылтарысында Ориноко өзені, су өсімдігі Виктория Регия (Victoria regia), Нимфей тұқымдас өкілдері көптеп кездеседі. Батыс жағалауы Индия, Цейлон Үнді қытай,Зонд, Ява, Суматра аралындағы ылғалды тропикалық орман адам қолымен жойылған.
Тақырыбы: Ареал,оның типтері.
1. Ареал туралы түсінік .
2. Ареал типтері.
3. Ареалдың қалыптасуы
4.Ареалдың бөлінуі, көлемінің өзгеруі – Дизъюнкция
Ареал туралы түсінік
Ареал - өсімдік түрлері немес тұқымдастарының жер бетінің белгі-лі бір аумақ – жер көлеміне орналасуы. Ареалға тиянақты мән бермей өсімдіктер түрін, туысын, бірлестігін, алып жатқан аумағы мен көле-мін білмей географиялық та, ботаникалық та тұжырым жасау мүм-кін емес. Сондықтанда ареал өсімдіктер географиясының өлшемі, объ-ектісі, негізгі құралы деп түсінген жөн. Түр немесе тұқымдас бір ареал-да немесе бірнеше түр, тұқымдас /таксон/ бірлесіп бір ареалда өсуі мүмкін.
Космополитті өсімдіктер барлық материкте кездеседі деген мағынада, яғни, дала, шөлдала, тропика, батпақты, тундрада, шөл, шалғынды жерлерде де өсе алады. Космополитті өсімдіктерде жыныстық жолмен көбеюі басым. Тамыр, сабақ, жапырақ мүшелері «жақсы» жетілген, экс-тремальды жағдайларға бейім өсімдіктер: құрақ /тростник – Phraqmites communis/, унлисма/частуха – Alisma plantago/, шолаң/ рдес – Patomogeton/ шалшықты шөп/лужайник – Limosella aquatica/, у таспа/мокрица –звездчат-ка – Senecio vulgaris/, зиягүл/ крестовник – Sellaria media/, қалуен/осот – Sonchus oleraceus/, бақ-бақ / одуванчик – Taraxacum vulgare/, қырықұ-лақ/ папоритник-орляк – Pretis aquiline, Polypodium valgare/ т.б.
Көлемі үлкен, кең аумақта таралған өсімдіктер түрін – эврихорлы, таралу аймағы шектелген өсімдік түрлерін – стенохорлы деп атайды. Гүлді өсімдіктердің көпшілігі таралуы шектеулі – стенохорлы ареалы болатындығы, яғни бір пунктте шоқталып / монокультура – роша / өсе-тіндігімен ерекшеленеді / әсіресе таулы жерлерде/. Мысалы, қарағай/эл-дарская сосна – Pinus eldarica/, Грузияның таулы аймағында 50 гектар жерді алып жатыр. Майқарағай / камчатская пихта – Abies qracilis / Камчатканың шығыс жағында шоқ – тоғай құрап тұр.
Ареал типтері. Материк – континенттерде алып жатқан аумағы, көлемі, конфигурация – пішіні әртүрлі бір-біріне ұқсамайтын болғандықтан белгіленген ареал типі жоқ. Тек, біртұтас және бөлінген /бір-бірінен алшақ орналасқан/ ареал типтері деп бөлеміз.
1. Біртұтас ареал – түрдің бөлінбей біртұтас, бүтін болып бір ай- мақта өсуі.
2. Бөлінген / ажыратылған / ареал – бір аумақта, не жер планета- сында 1,2,3 бөлімдерге /пункттерге/ бөлінген. Бөлімдердің бі бірінен ара-қашықтығы да, алып жатқан аумақ көлемі де әртүрлі. Мысалы, Aldrovanda vericulosa насекомдардан қоректе-нетін өсімдік / жер әлемінің әр жерінде / Оңтүстік Франция, Италия, Белоруссия, Украина, Воронеж, Курск, Волга жағалауы, Амур облысы, Жапония, Австралия / «арал» тәріздес өсіп тұр. Қырықұлақ / папоротник – Custopteris Sudetica / - Карпат тауларында, Орал, Сібір жерлерінде кез-деседі. Тек таулы жерлерде кездесетін тасжарған / камнеломка – Saxifraga,
шерменгүл /горечавка – Gentianа. Материктер бойынша лента тәріздес созыла ұзарып, өзен, теңіз, террасса жағалай аққайрақ / подбел – Petasites spurious/, ешкімия /смолевка - Silene parviflora/ т.б. ал, ебе қаңбақ/ качим-гипсолюбка – Gypsophila paniculata/ , кекіре / василек – Centaurea marschalliana/, дала өсімдіктері белгілі бір аймақта біртұтас болып өседі де, бірте-бірте аумағы жіңішкеріп барып бітеді. Ғасырлар бойы бір жерде өсіп өнген экологиялық өзгерістерге, факторларға / ауа райы өзгерістері / қалыптасып, бейімделген өсімдік түрлерінің таралу шегі де, ареалы да өзгеріссіз қалады. Өсімдіктер ареалы да таралу шегі де тұрақсыз да, таралу шегіде өзгермелі, қалыптасу фазасында. Себебі:
1. Өсімдік түрлері ауа райы топырақ өзгерістеріне өте бейімделгіш.
2. Өсімдіктер тарихи дамудың /эволюция/ әсерінен көлемін, ареа-лын азайтуы мүмкін.
3. Геологиялық, трансгрессия құбылысы әсерінен өсімдіктер ареалы кеңеюі де, кішіреюіде мүмкін.
4. Адамзаттың /антропогендік фактор/ саналы еңбегі арқасында өсімдіктердің ареалы кеңеюде, кішіреюі жағдайында ескеру қажет /плантациялар/.
Ареалдың қалыптасуы. Ареалдың пайда болуы ең алдымен өсімдіктердің бір түрінің белгілі бір жерге тұқымы түсіп, ылғал өсіп шығуына байланысты. Ол жерге бару, немесе жету тиіс – су, жел, жан-жануарлар, адамдар арқылы таралуы мүмкін. Осындай тұқымның жаңа жерге барып, алғаш өсе бастауын диаспора деп атайды. Тұқым арқылы да басқа тамырсабақ арқылыда вегетативті жолмен таралуы да, көбеюі де мүмкін. Әрине, тұқым жолымен болсын, вегетативтік жолмен болсын жаңа жерге бару, өсу, көбею, ол территорияны иемдену, басқа өсімдіктерді «ығыстыру» да өте ұзақ уақыт, күрделі процестер өтеді. Қандай да бір өсімдік түрі болмасын ең алғашында ол аз жерді иемденетіні, саныда аз болатыны белгілі.
Кейбір жағдайларда өсімдік бір түрінің өз ареалы – болуы, тек эко-логиялық жағдайларға тәуелділікпен Европада мысалы / ель европей-ская – Picea excelsa / – ал Азия жерінде ель сибирская /Picea obovata/ағаштары өседі. Экологиялық жағдайлардың әсерінен, кейбір өсімдіктер морфологиялық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, құртқашаш / касатик ирис – Iris pumila / өсіп тұрған жеріне / топырағына байланысты түр түсі /полихроизм/ – күлгін , көгілдір, ақ, сары, т.б. аралас түстермен ауысып, жалғасын табады. Кейіннен сол қалыптасып тұқым қуалайтын тұрақтылығымен ұштасады. Оңтүстік дала аруы – қызғалдақ та /тюльпан/ – Tulipa Schre / өсіп тұрған жеріне байланысты гүлдері сары, ақ, қара, қызыл болып келеді.
Ареалдың бөлінуі, көлемінің өзгеруі – Дизъюнкция. Қандай да бір өсімдік түрі болмасын өзінің территориясында барлық ареалда дерлік түгел алып жатпайды. Себебі, сол бір ареалдың өзіндегі барлық жерінде, оған қолайлы жағдай бола бермейтіні түсінікті. Сон-дықтанда әрбір өсімдік белгілі бір «нүктеде» өседі. Бір өсімдіктер түрі сол өз ареалында көп болып, кейбіреулері әр жерде, кейбіреу-лері сирек өседі. Өз ареалында көп тараған өсімдіктер төзімді де көп «қамқорлықты» қажет етпейді. Мысалы, жатаған бидайық / пырей ползучий – Apropyros repens /, ол сиректеу таралған өсімдік, өзі өсіп тұрған ортаға «жақсы» жағдайдың болуын қажет етіп мысалы, жүк жидек / клюква – Cxycocos palustris /, шықшып / росянка – Drosera rotundifolia/ оңтүстіктің орманды зонасында жоғарылау жердегі батпақ-ты жерлерді ғана таңдап өседі.
Өсімдіктер ареалы ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қала алмайды. Олардың аумағы бір уақытта кеңіп, бір уақыттарда қысқарып кеміп, тарылып отырады. Алғашқы кезде сол түр ареалда өсіп пайда бола-ды да оның аумағы, алатын территориясы кішігірім болады. Соңы-нан экологиялық тіршілік етіп отырған ортаға байланысты / жер, топырақ, ауа райы, ылғалдылықта/ ареалы кеңи бастайды. Өсімдіктердің сол түрінің таралу аймағы территория шегіне жетеді де, ареал аумағы шегіне жетіп тұрақты болады. Кейбір ареалдар керісінше регрессивтік өзгерістерге ұшырайды – территорияның өсіп тұрған аумағының, ареалда қысқаруы – тіршілік ортасындағы болатын өзгерістер, ауа райының құрғақшылық болуы, жер бедерінің, рельефтегі болған өзгерістер / жер сілкіну, дауыл \ факторлардың кері әсерінен үлкен аумақтағы ареал қысқарып, құрып, азайып, өсімдіктер кішкентай ғана жерде орналасып қалуы мүмкін. Мұндай ареалды – реликті ареал, мысалы, /секвоядендрон – мамонтовое дерево/, тюльпан / тюльпанное дерево Leriodendron tulipisera/, саз кипарисі / болотный кипарис Taxodium distichum/.
Ареалдың өзгеруі – уақытқа, экологиялық жағдайға байланысты, тек үлкею, кішірею жолында емес, біртұтас, бүтін ареалдың бөлініп, жеке-жеке бөлшектеніп, тіпті континенттерге таралып кетуі мүмкін. Мысалы, Магнолия /Magnolia/ екі континентте: І Солтүстік Америка ІІ Оңтүстік Шығыс Азияда. Катальпа /Catalpa/ туысының жағдайы да солай. Жеке-жеке бөлініп кеткен бір туыс өсімдіктердің жалпы саны /дизъюнк-ция/ 150.
Ареалдың бөлінуі немесе бір-бірінен ажырауы, таралуы /дизъюнкция/ бұл мәселенің де өз себептері жетерлік. Әсіресе, тарихи геологиялық өзгерістер, осыған байланысты ауа райы /жер бетінде жылдың төрт мезгілінің сақталмауы/, су/пылғалдылықтың жер бетінде бірдей болмауы/ жел, топырақ және адамзат қоғамы да бұл мәселеде үлкен рөл атқарады.
1. Климаттың қолайсыз болуына байланысты біртұтас ареал бірнеше бөлімдерге /бөлшектерге/ бөленеді. Cоның әсерінен кейбір жер-лердегі өсімдіктер жойылып кетті.
2. Бөліну, бөлшектену миграцияның әсерінен немесе сол жерде өсіп тұрған өсімдіктің ареалы әртүрлі жағдайына байланысты өліп, құрып,
жойылып кетуі. Мысалы, Европада мұз жүрген жерде кезде Альпі тауының жоғарғы биіктіктегі өсмідіктері жер қабатымен бірге төмен қарай жылжып мұзбен бірге ала кеткен. Мұз еріп кері қайтқан кезде еріген мұз сонымен өсімдіктерде солтүстікке қарай жылжып, ілесе өсіп отырған. Дегенмен Альпі тауының Альпі флорасы бұрынғы қалпына келген жоқ. Альпі флорасы түгел жойылып кетті.
3. Геологиялық жағдайларға байланысты континентальдық жағдай-лар, жердің төмен түсуі, су астына батып кетуі де өсімдіктерге кері әсер етті.
4. Вегенер А. Теориясы. Ареалдың бөлінуі тарихи геологиялық жағдайларға байланысты континенттердің бір-бірінен ажырауы, біртұтас континенттердің бірнеше материктерге бөлінуі, олардың бұрынғы дәуірде біртұтас болғандығы, бөлінген континенттердің өсімдіктердің бір-біріне ұқсастығы Европа мен Солтүстік Америка өсімдігі, Оңтүстік Америка мен Африка, Оңтүстік Африка және Австралия өсімдіктерінің ұқсасты-ғын А. Вегенер өз теориясына жорамалдап дәлелдеді.
5. Алғаш жерді иемденуде / таралу –миграция / споралы өсімдіктер «пионер» деп есептелінеді. Спораларының тез таралуына байланысты ең алғаш споралы өсімдік өкілдері өсе бастайды.
6. Жер шарына зерттеулер жүргізген ғалымдар, энтузиастар, туристер, корабль, самолет жолаушыларыда өздерімен бірге мәдени өсімдіктермен бірге арамшөптер өкілдерінде ала келді: агава / Agave americana / Мексикадан: майдажелек /мелколепестник Канадский – Erigeron Canadensis/ Солтүстік Америкадан Европаға таралды. Мәдени өсімдіктерді де жүгері, күнбағыс, кофе, какао, эвкалипт / Португалия / жемшөптік, техни-калық, сәнділік үшін кең алқапқа плантация күйінде өсірілуі дәлел.
Ареалдың бөлінуі, ажырауы, бөлшектенуі оларды зерттеу себеп-терін анықтаудың теориялық та, практикалық та маңызы тұр. Өсім-діктердің филогенетикалық заңдылықтарын білу, өсімдіктер географиясы туралы толық мәлімет алу үшін де қажет.
Эндемизм, реликт және викаризм.
1.Эндемді өсімдіктерге сипаттама.
2. Реликт және викаризм өсімдік түрлері.
3.Гилей,катинг,пампа,томилляр,скрэб,чапаральтүрлерінің салыстырмалы флорасы.
Өсімдік түрлерінің ішінде материктерде таралу шегі бар, белгілі, бір географиялық регионда ғана өсетін, басқа жерлерде жабайы түрінде кездеспейтін өсімдік түрін – эндемді өсімдік деп атайды. Эндемдер тек өсімдік түрлері ғана емес, басқада таксондарда (туыс, тұқымдас) болуы мүмкін. Әрбір географиялық континент – материктердің өз эндемді өсімдіктері бар. Эндемдер жер бетінде біркелкі таралмаған. Кей материкте түр саны да, көлемі де, үлкен аумақты жерлерді алып жатса да, екінші бір жерлерде – эндемді өсімдіктер пункт, аудан көлемінде қалып қойған, ал кей материктерде, ареалда да кездеспеуі де, өспеуі де мүмкін. Зерттеулердің нәтижесінде ертеді пайда болған материктерде, ареалдарда эндем түрінің көбірек өскендігі дәлелденді. Әсіресе, басқа материктермен қатынасы жоқ, жекеленген, оқшауланған материк ареалдарда эндемді өсімдіктер түрі көп. Мысалы, Жаңа Зеландия флорасының 75℅-ы эндемді өсімдіктер. Себебі, ұзақ уақыттар бойы Жаңа Зеландия басқа материктермен қатынаста болмай, араласпағандығынан деп дәлелденіп отыр.
Оқшауланған материктермен, аралдарда, ареалдарда ғасырлар бойы өзгеріссіз бірқалыпты өскен өсімдіктер тобында жаңа өсімдік түрлерінің пайда болу мүмкіндігі үлкен, екіншіден басқа материктерде бар, кейіннен әр түрлі факторлардың әсіресе жойылып, құрып кеткен өсімдік түрінің ареалдары сақталуы мүмкін.
Викаризм - өзара морфологиялық жағынан өте ұқсас бірақ әр түрлі географиялық аймақта өсіп тұрған өсімдік түрі: материктерде, аралдарда, таулы аудандарда \қыр, жота, шың, мұз, белестер, аралдар\ өсімдіктер таралуына өз әсерлерін тигізеді немесе материктен аралдардың бөлінуі - өсімдіәк өсіп тұрған ареалдар өздерінен өздері оқшаулана береді. Өз дәуінінде үлкен аумақты, ареалды қамтығанматериктің бөлінуі бөлшектенуі, ондағы өсіп тұрған өсімдіктердің бөлінуі – викаризм \лат. «викар» - заменяющий деген мағынада\ ареалы деп аталады.
Гилей – \гректің «гилейон» - орман деген мағына береді\. А.Гумбольдт Оңтүстік Америка \Бразилия, Амазонка\ орманды жерлерін зерттеп «гилей» деп ат қойған. Ылғалды экваторлық зона 3 – 10º с.е. – 10 – 15º с.е. Үлкен аумақты жерді алып жатқан Тьерра-Кальенте, Анд, Колумбия орманы, Шығыс Тринидада, Амазонка жаңбырлы массиві 5 млн. км² жерді алып жатыр. Америка мен Африка экваторлық барлық жағдайы бірдей, тек өсімдіктер түрі өзгеше. Жер шарында өсімдік түрлеріне өте бай күрделі құрылымды, ылғалды, жылы, күнімен түні тең жыл мезгілділерде ауыспайтын, өсімдіктердің жыл бойына гүлдеп, жеміс беретін мүмкіндіктері бар. Бразилия гилейінде 1 га жерінде – 1000 ірі ағаш, 8200 бұта, 3000 шырмауық, 100 эпифитті өсімдік түрі кездессе; Африка 1 га гилейінде ағаштың 700, 30 – 40 эпифитті өсімдіктер, Қытайдың \Юньань провинциясының оңтүстік жағында\ – 600 ірі ағаш түрі өседі. Бразилия гилейі Амазонка ойпатында – Хевея Мастиллоа \каучук алынатын өсімдіктер\, шоколад ағашы \шоколадное дерево – theobroma cacao\, Бертоллеция – Бразилия \Америка жаңғағы деп те аталады\, фикустар, Виктория Регия, пальма, орхидей, бромелья тұқымдас өкілі, биік ағаш, тамырлары 0,5 м тереңдікте ғана баратын жер бетіне шығыңқырап жататын тақтай тәріздес тамырлары бар.
Каатинг. Бразилия таулы үстірт, Чили, Анд, Перу 18º о.е. – 47º о.е. атлантика шекарасын алып жатқан жерлер кіреді. Жаңбыр жаууы жел мезгілдеріменде не ретімен сақталмайды да, жаңбыр қатты да тез аралықты жауады да, өсімдіктерге, топыраққа да сңіп үлгермейді. Дегенмен, сол жауған жаңбырдан эфемероидтар өсіп, гүлдеп, жеміс беріп жасыл түске боянып, соңынан құрғақшылық сезоны басталады да селдіреу, ксерофильді аймаққа айналады. Каатинг өсімдіктер құрғақшылыққа бейімделген, ұзаққа созылатын құрғақшылықта көптеген өсімдіктердің жапырақтары түспей тұра береді, тек бұршақ, бомбакс тұқымдастары өкілдерінің жапырақтары түсіп қалады.
Пампа. Оңтүстік Бразилия, Аргентина жеріндегі муссонды субтропика, екі үлкен ланшафты араукария өскен орман, Анд, Патагония даласы пампас немесе нампа деп аталады. Пампастың саваннадан айырмашылығы тек ағаштар жоқтығы емес, жыл мезгілдеріндегі сезондық ритмге сәйкес келмейді, мысалы, саваннада өте ыстық, құрғақшылық кезеңі болып жатқанда, пампаста салқын. Өсімдік түрлеріне өте бай, злактардың 1000 түрі өседі.
Пампа жерінде – паспалум \200 түрі\, ишемум, кортадерин, гинериум биіктігі 100 см солатын пампас шөбі \cortaderia argentea\. Шымды злактар: бетеге, қоңырбас, аристида, шағырбидай, арпабас, трясунка \briza\. Пампаның көк-жасыл гүлденгенде сәнін келтіріп тұрған: бөрі бұршақ, сиыр жоңышқа, бербена, порутлак, алқа тұқымдас өкілдері, десмидум, зиягүл, даражарнақтылардан – құртқашаш.
Гарига. Құрғақ, тасты, ірі ағаштары жоқ, емен \Кермесовый дуб – Quercus coccifera\ көбірек өскен жерлерді жергілікті халық француз тілінде «граулея» деп атайды: тас, шөп, размарии, дафне, дрог, ергежейлі пальма, қалың, ну қамыс болып өсіп тұрған жерлер Оңтүстік Испания Балеар аралдары \Мальерка, Ивиса, Баленсия\, Сицилия, Алжир, Марокко. Ергежейлі пальма Еуропа территориясында өсетін бірден бір пальма өкілі. Діні жоқ, жапырақ ұзындығы екі метр вегетативті жолмен тезірек тез көбейеді.
Кампос. Оңтүстік Америка, Бразилия таулы үстірті, Гран-Чако жазығы, Амазонка, Ла-Плата өзендері мекенін кампос деп атайды. Кампоста өсетін ағаштар аласа, сыртқы пішіні ағаштар тәріздес жапырағы түсетіні де түспейтіні де бар. Кампоста муссонды ауа-райы – жазы ылғалды, қысы құрғақ. Сондықтанда флора мен фауна ерекшеліктеріне: Жануарлардан – гуанако \лама\, кампос бұғысы, нанду, пума: өсімдіктерден – ағашты жерлерде «кампос» деп атайды. Гран-Чако жазығында сүрегі өте ауыр, суға батып кететін – Кебраго ағашы \Schinopsis larentzii\, кактустар, баобаб тұқымдасынан – пахир өсімдігі \сабағынан талшық, жіңішке тін шығып тұратындықтан жүнді ағаш деп атайды.\ Кампоста доминант өсімдік – пальма \пальма коперницкая восконосная или восковая пальма – Copernicia cerigera\, маурития или пальма бурити \Mauritia vinifera\. Кампосты, Льянкосты жерлерге тән – Маврикиев пальмасы \Mauritia flexnoza\ жергілікті халықтар бұл пальмадан май алады. Кампоста Карнауб пальмасы жергілікті халық – индустар үшін тіршілік көзі болып табылады
Льянос. Колумбия, Венесуэла жеріндегі Ориноко өзенінің сол жақ жағалауы, Гран-Чакоға жақын, Гвиан тау қыраты жерлерін алып жатыр. Парк тәріздер ландшафты болып келеді де, кей жерлерінде ағаш өсімдігі өспейді. Бразилия саваннасына ұқсас жыл мезгілдері сақталып жаңбыр сезонымен, ретімен жауып тұрады. Экваторға жақын орналасқан льяносты жерлер онша биік емес, бірақ ыстық, температура өте жоғары болып тұрады.Ориноко өзені өте үлкен алқапты алып жатқандықтан өсімдік түрлеріне бай: злактардан – боз шалғын, паспалум, паникум, өзен басқан жерлерде – су өсімдіктері, қияқ өседі.
Маквис. Мәңгі жасыл, ксерофильді формация. Испания, Алжир, Жерорта теңізі, Корсико үлкен алқабын мысалға алуға болады. Гарига, томиляр өсімдіктері кездесетіндігімен ерекшеленеді: бүлдірген ағаш \земляничное дерево – Arbitus angustifolia\, мирт \мирт обыкновенный – Mirtus communis\, пісте \фисташка – Pistacia lentiscus\, ладан \Сitrus\, олеандр \Mezium oleander\.
Скрэб. Австралия материгінің ормандары әртүрлі себептермен азайып, жойылып, олардың орнын қайтадан басып өскен мәңгілік жасыл өсімдіктер фромациясын скрэб деп атайды. Скрэбтің алып жатқан жері, аумағына, өсімдігіне қарай 3 типке бөлінеді:
I. Ағашты, бұталы өсімдіктердің қалың өскен жерлері, доминант эвкалипт – кіші скрэб деп аталады. Австралияның оңтүстік батыс, орталық орман массиві Муррей өзені аумағын алып жатыр.
II. Акация өсімдігінің қалың өскен жерін – мульга скрэб деп атайды. Доминант – акация \акация безжилковая – Acacia ancura\ жапырақтары нашар жетілген, ыстық мезгілдерде, жердің тұздылығы артқан жағдайда акация – скрэб өсімдігі өспейді.
III. Бригелоу – аралас типті скрэб деп атайды. Континенттің солтүстік шығыс бөлімін алып жатыр. Эвкалиптер аз, акация өсімдігі көп Стеркулия \Steculiaceae\ тұқымдас өкілі, пішіні шөлмек тәріздес өсімдік Брахихитон \Brachychiton\ эндем.
Томилляр. Бұта, шөптесін өсімдіктер өскен, бірақ өскен өсімдіктерде эфир майлары көп хош иісті қалың өскен жерлерді томилляр деп атайды. Әсіресе ерінгүлділер тұқымдас өкілдері тас шөп \тимьян, чабрец – Thymus\, лаванда. Жапырақтары кішкентай, түкпен жамылған, жерге төселіп өсетін түрлері де бар, өте сәнді болып, бүкіл жаз бойы ұзақ гүлденумен ерекшеленеді. Тас шөп, лаванда \тағы басқа ерінгүлділер тұқымдасы\ өсімдіктермен бірге лалагүлділер тұқымдас өкілдері размарин \Rasmarinus\ гүлдейді де жаз біте гүлдеу вегетациясы аяқталады.
Чапараль. Құрғақшылыққа төзімді, Мәңгіжасыл бұталы емендерден тұратын субтропикалық формациялар. Сан-Франциско биік емес тауларының батыс беткейі, Лос-Анжелес ендігінде қатты жапырақты бұта, Калифорния, Сьерры-Мадры тауларының батыс беткейінде оңтүстікке қарай орман ағаштарының биіктігі аласарып бұта өскен жерлерді – Чапараль \Чаппара – испан тілінде бұталы емен деген мағынада\ деп атайды. Бұл жерлерде \Оңтүстік Калифорния\ мәңгі жасыл, биіктігі 2 – 3 м келетін бұталы емен, алхор, сумах, қара жеміс \крушина – жестер цеаноту, вереск тұқымдас өкілі - арктостафилос\ чапаральда 18 түрі өседі.
Фригана. Тасты, құрғақ, топырақтың түйіршік құрамы бұзылған, желге жеңіл ұшатын, суға шайылған \эродированные почвы\, таудың жар беткейлерінде \Греция, Кавказ, Дагестан, Орта Азияда – Гиссар тауы, Оңтүстік Африка, Марокко, Азияның солтүстік жағы\ өсетін өсімдіктерді фригана деп атайды.
Эфемероидты \баданалы, пиязшық\ өсімдіктер ерте көктемде толық вегетациясын тез, аз мезгілде өтіп бітеді. Тау шатқалдарында, тік жота баткейлерінде тұрақты топырағы жоқ Жерорта теңізі – бұта, жартылай бұта, шым злактар өседі де ксерофильді фригана деп аталады.
ТАҚЫРЫБЫ: ДАЛА ӨСІМДІКТЕРІ.
1. Дала өсімдіктеріне сипаттама.
2. Евразия мен Европа далалы аймақтарының флорасы.
3. Солтүстік Америка прерриі.
Дала өсімдіктеріне сипаттама. Дала - ағаш өсімдіктер өспейтін тек ксерофильді ерекшелігі бар шөптесін өсімдіктер өсетін жазық жер. Далалы жерлер: Европада батыстан шығысқа қарай Обь өзеніне дейін , Дунай /Венгрия/ Дунай ойпаты / "пушта" деп аталады, солтүстік Америкада "пререй" , Оңтүстік Америка /Аргентина, Уругвай/ " пампа " деп аталады. Африка , Австралия,Азия жерлерінде де дала жазықтығы баршылық . Дала шөлге қарағанда ксерофильді қасиеті азда, ал орманды жерге қарағанда ксерофильді ерекшелігі көбірек.
Дала жазығының өсімдік доминанты селеу , бозбетеге /ковыль - Stipa/, Европа , Солтүстік Америка прериясында, Оңтүстік Америка пампасында барлық материк даласында кездеседі.Континенттердегі өсімдіктер экологиялық, физологиялық ксерофильді тіршілік ету жағынан айырмашылықтары бар.Жылдық жауатын, жаңбыр мөлшеріне жылдың төрт мезгілдерінің ұзақ, қысқалығы, жел, қарлы суық кезеңдеріне қарай - дала жазықтығын Европа, Солтүстікке қарай далалы жазықтықты - шабындық, оңтүстікке қарай бетегелі жазықтық деп бөлінеді.
Дала - шым түзетін астық тұқымдастар, кей жерлері тақыр, сирек жағдайда бұталар, эдификатормен ксерофитті көпжылдық өсімдіктер өсетін , уақытқа тәуелді өзгерістерге ұшырап отыратын арнайы құрыдымдары бар, үлкен алқапты кеңістікке орналасқан өсімдіктер ассоциациясы - бар, жазық, жайылымдық өңір.
2. Евразия мен Европа далалы аймақтарының ерекшеліктері. Евразияда дала зонасы үзілмей бір полоса болып Венгриядан Қытайға дейін созылып жатыр. Европаның кей жерлерінде Батыс Сібірде солтүстіктен оңтүстікке қарай ені 600 км-ге дейін жететін далалы жерлер бар . Шығыс Сібір/Красноярск өлкесі, Байкал маңы/ жерлерінде дала әр жерде арал тәріздес болып келеді. Дала зонасы Монғолия мен Қытай жерлерінде де жалғасады.
Бұл региондағы дала зонасы 3 аймаққа бөлінеді:
1.Солтүстік шабынды дала аймағы, жыл мезгілдерінде қарлы, жаңбырлы мезгілдер болып,қар , мұз ерігенде жинақталған су сай – тоғандарда дала мен орман ағаштары қатар өскен жерлер кездеседі.Далалы жер деп аталғанмен көгалды, шалғындыққа ұқсайды. Сондықтанда бұл жерлерді
орманды дала деп атайды.Ылғалдылықпен су жеткілікті болғандықтан өте сәнді гүлдейтін шөптесін өсімдіктер /salvia pratensis ,filipendula xapetala, anemone silvestris/жабайы сұлы , су оты, боз бетеге өседі.
Европа жағындағы Ресей далалы жерлері Оралдан асып, Обь өзеніне дейін жалғаса, созыла сібірлік жазық даланы құрайды.Сібірлікжазық дала Европа жерлеріндегі жазық далаларға өте ұқсас, айырмашылығы тек арал тәріздес бөлек – бөлек болып келуі: екіншіден сібір жерінде ойпат шалғынды жерлердің көп болуына байланысты.Сібір даласын сипаттай келе дала өсімдіктерінің экологиялық күрделі жағдайы батпақты , сор, сортаңды жерлердеөсуі.Европа даласына қарағанда Сібір даласының дала өсімдіктері Монғол өсімдіктері түрлері – ауысады.Дәл қазіргі уақытта Европа , Азия далалары түгел дерлік, айдалып мәдени өсімдіктер егілген деуге болады.
2.Оңтүстік бозды - бетеге бірлестігі өскен дала. Злак тұқымдастары өсімдіктерінен құралған шымды дала. Дала өсімдіктері басым,орманды жерлер қыр,жота,жырау-сайларда ылғал молдау жерде кездеседі:Калерия\Halleria qracilis \ боз-бетеге өкілдерінен\ ковыль-Лессинга- St.Capilata\ ,шығыс жағында \ St. Rubens\. Даланың батыс жағында доминант боз белеу \ ковыль украинский – Stipa ucrainica \.
3. Шеткі, шекарадағы оңтүстік аймағы-шым құраған дала өсімдіктері. Ауа райында құрғақшылық басымырақ. Оңтүстікке қарай құрғақшылық жалғаса келе бірте-бірте шөлді,шөлейтті жерлерге ауысады.
Венгрия Дала Пуштасы. Венгрия жерінде Дунаймен Тисса өзені аралығын, Дунай маңы ойпатын,үлкен аумақты алып жатыр. Жергілікті халықтар өз жазық даласын «пушта» деп атайды. Венгрия пуштасымен Ресей даласының көптеген ұқсастығы бар \14-сурет\. Қазір ол жерлердің барлығында егін егіліп, мал жайылып кеткен деуге болады. Дегенмен, доминант, боз селеу \ ковыль – Stipa cannis, St.
3. СОЛТҮСТІК АМЕРИКА ПРЕРИІ. Американдықтар дала зонасын прерий деп атайды.Прерии солтүстіктен оңтүстікке қарай алпыс градус с.е. Канада жерінен бастап отыз градус ендіктегі Техасқа дейін.Евразия жерінде кездеспейтін, өспейтін түрлерінің көптігімен, тек Америка Прерий өсімдіктері болуымен ерекшеленеді.
Батысқа қарай ауа – райы құрғақшылық етек алады да, өсімдіктер түрлері алмасып, прерий түрлерін құрады.Өсімдіктер бойлары аласа, сирек. Злак өсімдіктері - доминант, ал басқа өсімдіктер түрлері аз.Көпшілік жерлерде « Бизон және Грамм шөптері» өсіп тұр.Бұл өсімдіктердің бойлары аласа болғанымен малдардың жайлауымен, топтпуына жарамды.
Америка прериі 5 – типке бөлінеді:
нағыз орталық прерий;
шалғынды прерий;
аралас прерий;
аласа өскен злакты прерий;шымды злак;
Нағыз орталық прерий – Солтүстік, Оңтүсьік Дакота Небраска,Кензас штаттарына дейін созылып алып жатыр.Жаңбыр жеткілікті мөлшерде жауады,өсімдік тамырлары 1 –1,6 тереңдікке дейін барады.
Шалғынды прерий: Орталық прериден шығысқа қарай Миссури.Дала, шабынды, шалғынды, жаңбыр 100 см.Негізгі прериден айырмашылығы – жыра , сай, көктемде су тоқтағанжерлерде орманды ағаш – доминант.
Аралас прерий: Негізгі өсімдік бірлестігі, доминант stipa- boutelova. Негізгі орталық прериден батысқа қарай Монтана, Уаймонг, солтүстік , оңтүстік Дакота.Колорадо, Солтүстікке қарай Альберта , Саскечеван штаттары енеді.Негізінен ботаника тілімен айтқанда биік астық тұқымдас прерии аласа,төмен, кіші злак тұқымдас преридегі аралық, ортаңғы жағдайды алады.
Аласа өскен злактар прериі:Өсімдік бірлестік типі /aqropyrum –
stipa/. Шығыстан батысқа қарай Вашингтон, Орегон штаттарын қамтып,аралас және негізгі прерилерге өте ұқсас тек құмды далаөсімдіктері олардың тамырлары тереңде орналасқан.
Шымды злак прериі:Солтүстік батыс Небраски, Топырақтары ұсақ түйіршікті қара топырақ.Жаңбыр тереңгебармағандықтан,өсімдік тамыры жер бетіне жақынырақ орналасқан.Бұл преридің ерекшелігі – жыл мезгілдері, сезондары сақталады , жыл мезгілінде болатын ауа- райы өзгерістері /жаңбыр, қар, /қайталанып тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Сағындықов Ж. Өсімдіктер геолграфиясы. Алматы.,1997.
2. Байтенов М.С. Флора Казахстана, том 1,2.Алматы,1999.
3. Смирнов А. Мир растений. Москва, 1981.
4. Прозорова Т.А.,Черных И.Б.Биоразнообразие растительности парка.
5. Павлов Н.В. Эндемические и реликтовые растения Казахстана. В сб. «Ботаника в Казахстане», Алма-ата.
6. Голосков В.П. Родовой эндемизм во флоре Казахстана. В кн. «История флоры растительности Евразии»,Л.1972.
Такырыбы: Саванна
1.Саванна флорасына сипатттама.
2.Африка мен Шығыс Азия саваннналарының осімдіктерінің ерекшеліктері.
3.Австралия және Оңтүстік Америка саваннасының салыстырмалы ерекшеліктері.
Саванна флорасына сипатттама.
Саванна Африка және Оңтүстік Америка тропиктерінде ксерофитті шөптесін өсімдіктер өскен көлемді алқап. Дала, шөлді жерлерден саваннаның айырмашылығы сиректе болса саваннада ксерофилді ағаш өсімдігінің кездесетіндігі. Ксерофилді ағаштардың өсуі, ылғалдылық пен жылылықтың болуы деп те түсіну керек.
Саванна Африканың тропика жерін, Оңтүстік Америка, Гвианада Ориноко өзені алқабын, Бразилия, Австралия, Индия жерлерінде орналасқан. Бразилия саваннасында жылдық орташа температура 18-21*, Батыс Африкада -20-24*С. Сонымен, саванна барлық климатологиялық зоналарда, мәңгі жасыл да, жапырақтары түсетін (муссонды орман), құрғақ та сирек те орман, жыл мезгілдеріне байланысты батпақтанатын жерлер, злактар көптеп кездесетін биік тау саванналары, Ориноко өзен алқабы өсімдіктері – аристида, бородач, пальма (Маврикиева пальмасы), батпақты, сулы экстремальды жағдайларға бейімделген, таулы саваннада – паспалум, алькорнук, бирсонима, крессифолия.
Саванна ағаштарының жапырағы қатты, қауырсынды, қондырмалы, сабағы тік бағана тәріздес, қисық, аласа бойлы ағаштарды да кездестіруге болады. Ағаштардың сыртқы морфологиялық пішіні шатыр тәріздес болып келуі – қуаңшылықтан, желден сақтану тәсілдері деп түсіну керек. Шөптесін өсімдіктер топырақтары қызыл түстес – латеритті тип. Қосжарнақты өсімдіктер өкілдерінің тамыр түйнектері болуымен ерекшеленеді. Тамыр түйнектері қор, су жинақтау ролін атқарады. Шөптесін өсімдіктер ойпатты, сай-салалы, жылғаларда қалыңдау болып өседі.
Африка мен Шығыс Азия саваннналарының өсімдіктерінің ерекшеліктері.
Африка саваннасы. Басқа материк саваннасымен салыстырғанда Шығыс Африкадан Оңтүстік Сахараға дейін үлкен аумақты алып жатыр. Африка саваннасында ылғалдылық, жаңбыр ретімен, кей жерлерде 4-6, кей жерінде 9-10 ай құрғақшылық температура болып тұрады. Ылғалдылықтың азайып, ыстық пен аңызақтың артуы ағаш, шөптесін өсімдіктердің бейімделіп ксерофильді «тікенекті» сирек орманға айналуына бірден-бір себепкер. Негізгі Африка саванна өсімдіктері: боабаб, бомбакс тұқымдасының өкілі, биіктігі 10-25метр, жуандығы 10метр. Саваннаның 4000-5000 жыл өмір сүретін гигант эндемді негізгі өсімдігі. Жемісті қияр тәріздес ұзындығы 30-35см ыстық, құрғақшылық кезде піседі. Баобаб ағашы түгелдей дерлік халық шаруашылығына, мұқтаждарына пайдаланады. Жемісі тамақ, сыртқы қабығынан жіп, арқан, маталар тоқылады отын, жапырағы дәрі-дәрмек орнына, ал тұқымында – адонсонин атты алколоиді бар, уланғанда, жылан, қарақұрт шаққанда пайдаланады.
Пальма. (масличная пальма – Hyphaene thebaica), батыс экваторлық Африка жерінде өседі. Қазір мәдени өсіру жағы қарастырылып Африканың көптеген жерінде өсіріледі. Баобаб, акция, паркия (паркия двушаровая – Parkia biglebosa), мимоза тұқымдасы өсімдіктермен аралас өседі. Жабайы түрінде биіктігі 20-30метр, мәдени өскенде 15метр. Өсірген соң алғашқы 10 жылда гүлдейді, 80-120 жыл өмір сүреді. Жемісінде 22-70% майы бар. Тамақ, сабын жасау өнеркәсібінде , техникалық құралдар детальдарын майлау, экспортқа шығарылады.
Лофира. (лофира крылатая – Lophira alata, Ochnaceae тұқымдасы..) Қалың қаипарланған қабығының болуымен, қабығын өртегенімен қайтадан өсіп шығатын отқа күймейтін «керемет» тамырының болуымен ерекшеленеді. Өртке берілмейді. Халық шаруашылығында өнеркәсіп, өндірісте қолданылатын тұқымында майы бар.
Акация. (Acacia) – жер шарында кеңінен таралған космополит өсімдіктердің бірі. Африкада «акация саваннасын» құрған (акация сенегальская – Acacia Senegal, акация скиралеплодная - Acacia spirocarpa, акация жирафа – Acacia giraffae, акация беловатая - Acacia albida) шатыр тәріздес, ксерофильді – 5000-дей түрі бар. Құрғақшылық кезеңдерде қауырсынды жапырағы түседі. Жалпы акация тікенекті, филлодиі бар өсімдік. Сыртқы қабығында таниннің болуы илік ретінде қолданылатын клей алынады. Мебель жасау өндірісінде, өте сәнді гүлдейді, гүлінен дәрі-дәрмек жасалынады.
Шығыс Азия саваннасы. Үндістан, Үндіқытай муссонды тропикалық орман жерлерін Шығыс Азия саваннасы алып жатыр. (Зонд аралы, Малай архипелагы, Малакка түбегі) шөптесін өсімдіктер көптеп таралған, биіктігі 1-1,5иетр. Мысалы: злак аланг-аланг, Африка, Шығыс Азия саваннасында кеңінен таралған. Өзен жағалауы, орман, тоғай шетінде топырақ, құмды жерлерді бекітуге көптеп қолданылады.
Қант құрағы (сахарный тростник – Saccrum spontaneum.) ареалы Орта Азияда Сырдария, Амудария су жайылым табандарында, Индия жерлерінде биіктігі 3метрге дейін жетеді. Сиыр, ешкі, піл,буйволдарға шөптік азық, қантқұрағын, қант қамысын шағылыстыру арқылы қант қамысының мәдени сорттарын алады. Злак мискантус, темеда түрлері, бордач, бұршақ тұқымдасынан бутея (бутея односеменная – Butea monosperma), дальбергия (дальбергия туполистная - Dalbergia abdusifolia), мирт өкілдері эвгения ( Eukenia operculata ), қосқанатты жемістер тұқымдасынан сал ағашы (Schorea robusta).
Үндістан түбегіндегі саваннада ауа райының құрғақтылығы өсімдіктерге кері әсерін тигізеді. Өсімдіктердің бойы аласа жапырақ орнына тікен өседі, доминант акация, суккулентті сүттіген. Африка, орта Азия өсімдіктеріне ұқсас түрлері де көп – Acacia Arabica, Acacia senegal тікенегі бар бұршақ алқа тұқымдастары, селдірік бородач Үндістан түбегіндегі өсімдіктердің 30-40% Африка, Азия жерлерінде де өсетін, кездесетін өсімдіктер. Бұл ұқсастықтың өзі ертеде бұл материктің географиялық жағынан бір, біртұтас материк болғандығының дәлелі.
Австралия және Оңтүстік Америка саваннасының салыстырмалы ерекшеліктері.
Австралия саваннасы. Австралия саваннасы жан-жағынан қатты жапырақты бұталы өсімдіктер, екінші жағынан материк шөлдаласы жалғасын тапқан континенттің орталық және батыс жағында. Авсрталия саваннасына ландшафты австралиялық немесе Жаңа Гвинея флоралық аймағы жатады. Саваннада өсіп тұрған көптеген өсімдік түрлері папуас гиллеясына, яғни тропикалық емес субтропикалық ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Акация. Австралия саваннасында 300 түрі өседі. Ыстық ауа райы қолайсыз кезеңдерде жапырағы түседі де, жапырақ сағағы кеңеіп филлоидқа айналады. Жапырағы жоқ кезеңдерде флиодт ассимиляция қызметін атқарады. Акация ( акация серебристая – Acacia dealbata) Европа,ТМД елдеріне алып келінген. Қазір жерсініп, барлық Европа, Азия жерлерінде өсіп тұр.
Эвкалипт.Жапырағының күн сәулесіне қырынан орналасқандықтан жерге көлеңке түспейді. Жапырақ сырты қатты, мәңгіжасыл, жапырағында эфирмайлары болуымен ерекшеленеді.
Злактар – астреблия және Баркли үстіртінде көптеп өседі. Қуаңшылыққа бейім, төзімділігінен малға азық, жем, шөп ретінде теңдесі жоқ жоғары бағаланады. Темеда туысы (темеда четырехтычиночная – Themeda triandra, темеда ресничатая - Temeda ciliaric), жергілікті халық «кенгуру шөбі» деп атайды. Жемшөптік маңызы бар . Бордач (бородач шелковистый Andropogon serigeus) жылдың бар мезгілінде жап-жасыл болып, көгеріп тұрады. Мал-азықтың маңызы зор. Австралия саваннасының орталық аймақтарында доминант – лалагүл тұқымдастарындағы ағаш тәріздес шөптесін өсімдіктер - Hanthorrhoea.
Оңтүстік Америка саваннасы. Оңтүстік және Солтүстік Америка саванналары болып үлкен екі бөлікке бөлінеді. Алып жатқан аумағы жөнінен Африка саваннасынан кем. Жылына 800-1000мм жаңбыр жауады. Құрғақшылық 4-5 айға созылады. Амазонка өзенінен оңтүстікке қарай Токантис бассейнінде Мадейра жоғары беткейінде, Гран-Чако ксерофильді орман
Ағаштары жерінде сирек те, селдір. Бразилия таулы қыратында жыл мезгілдерінің ылғалды, жауынды жерлерінде өсетін сирек орман формациясы «кампус», «серрадус», «чаппаро» (емен ағашы деген мағынада), бордач, злактар, кактус аласа пальмалармен араласа өседі. Бұл монте формациясы солтүстік Венесуэлла, Гран-Чако жерлері өсімдіктеріне ұқсас. Гран-Чако батыс монте формациясында аласа бойлы ағаштар доминант – акация, суккуленттер аумақты жерді, сыртқы қабығында танин илік қасиеті бар сирек өсетін Кебрачо орман ағаштары өсіп тұр. Әсіресе, Гран-Чако шығысында түрлі-түсті Кебрач немесе Колорадо кебрачы, ақ кебрачтар өседі. Кебрачо деп жергілікті халық сүрегі, ауырда, қатты тығыз өсімдіктерді суда батып кететін қасиеттері үшін қойылған аттары. Кэбрар – сындыру, қирату, аго – балта деген мағына береді. Чако жазығының орталығында сиректе ,селдір орман өкілдері – альгоррабо және чаньяр ағаштары өседі. Бұл екі ағаш та жергілікті халық жейтін жемістер береді. Оңтүстік Америка саваннасына тән шөлмек, бөшке тәріздес діні бар – барригуда, хорриза өсімдіктері. Шөлмек (шалған) тәріздес діндері борпылдақ паренхимиялық клеткалардан тұрады да, жаңбыр суы жинақталады. Савннаның ойпатты, сайлы, жылғалы, ылғалы молдау жерлерінде қалың болып, аласа бойлы, мәңгіжасыл балауыз пальмасы – карнуба өседі. Карнауба және бабасу пальмаларынан балауыз алынады.
Тақырыбы: Шөл және шөлейтті жерлер өсімдіктері .
1.Шөл және шөлейтті жерлердің өсімдіктеріне сипаттама.
2.Ксерофиттер және олардың түрлері.
3. Галофиттер және олардың түрлері.
Шөл және шөлейтті жерлердің өсімдіктеріне сипаттама.
Өсімдік, үшін өмір сүруге өте қолайсыз, және өсімдігі өспейтін, бұта, шөптесін өсімдіктері сирек кей жерлерде мүлде өсімдік өспейтін, климаты құрғақ, жазы өте ыстық, қысы кейбір жерлерде суықтау, температурасы тәуліктің өзінде өзгеріп, ауытқып тұратын, өсімдіктер ылғи да судың, ылғалдың жетіспеуін сезінетін, материкте үлкен территорияны алып жатқан шөлді жерлер.
Шөл дала топырақ айырмашылықтарына қарай бірнеше түрге бөлінеді: тозаң топырақты, сортаң топырақты, құмды, қиыршықты, тасты. Бұл шөл далалардың бір-бірінен айырмашылығы өте үлкен, өсімдікке әсері де әрқилы.
1.Тозаң топырақты шөлдаланың топырақ диаметрі 0,05-0,001мм-ден аспайтын тозаң бөлшектерінен құралған. Мұндай майда тозаңдар бір-бірімен қатты нығыздалып басылып жатады да, тозаң аралық қуыстар өте кішкентай болғандықтан су өткізгіштік қасиеті өте нашар болады. Сондықтан жауын, қар суы топырақтың терең қабаттарына сіңбейді де,мұндай топырақтың 1-1,5 метрге дейін терең жер қабаттары көбінесе құрғақ болып келеді. Топырақтың жоғарғы қабатында жинақталған ылғалдың көбісі жаз айларында, күннің қызуынан тез буланып босқа ысырап болады да топырақ қабаттарында өсімдікке қажетті мөлшерде өсімдік қабылдай алатындай су мөлшері өте азайып су тапшылығына ұшыраған өсімдік әуелі солып, одан әрі бірте-бірте қурай бастайды. Осындай тіршілікке қолайсыз қуаңшылық жағдайға бейімделген өсімдіктерді ксерофиттер деп атайды.
2.Сортаң топырақты шөлдала (мысалға сор) көбінесе ойпатты жер асты суы жақын орналасқан жерде кездеседі. Мұндай жағдайда жерасты суы топырақ капиллярларымен жоғары көтеріліп буланады. Ал осы топырақ суына еріген минералды тұздар топырақ бетіне жыл сайын жинала береді де, топырақ сортаңданады. Сортаң топырақта су өте мол, кейде батпақты. Дегенмен бұл мол суды өсімдіктің пайдалануы өте қиын. Себебі, топырақта су таза күйінде емес, топырақ ерітіндісі күйінде болады. Топырақ ерітіндісінің концентрациясы өте жоғары болғандықтан, бұл су көптеген өсімдіктерге сіңімсіз. Яғни, сортаң топырақты жерлерде, сол жағдайға бейімделген өсімдіктер ғана өсе алады. Сортаң топырақты жерде өсетін өсімдіктерді галофиттер деп атайды.
3.Құмды шөлдаланың айырмашылығы өсімдіктің жайқалып өсетіні, онда ылғалды жақсы көтеріп, елең шөп, қамыс, бидайық сияқты шөптер, сонымен қатар тораңғы, жиде, тал сияқты бұта және ағаш өсетіні де осыған байланысты. Құмды жерде өсімдіктердің түрлері де өте көп кездеседі.
Құмның өсімдік тіршілігіне қолайсыз жақтары да бар: ол құмның сусуы. Қатты жел тұрған кезде құм сусып өсімдік тамырлары ашылып, сабақтарын құм басып қалады. Осыған сәйкес құмдарда өсетін өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға айрықша бейімдеушілік қасиеттері де бар. Құмды шөлдалада өсетін өсімдіктерді осамафиттер деп атайды.
4.Қиыршықты шөлдала - өсімдік өсуіне ең бір қолайсыз орта. Оның себебі топырақта қиыршықты тастардың өте көп кездесетінінен, топырақтың су сыйымдылығы өте төмендеп, су қоры аз жиналады. Сондықтан да қиыршықты шөлдалада өсімдік өте сирек өседі, аласа келеді, жер бауырлап өседі.
5.Тасты шөлдала – таста мүк, қынадан басқа өсімдік өсе алмайды. Бірақ тастардың жарықтарында, ойпаттарында қиыршық тас, құм, тозаң жиналады. Өсімдік тамыры тек осындай жерлерге ғана тарп, одан өзіне қажетті сумен қоректік заттарды алып отырады. Қиыршықты шөлдалада өсетін өсімдіктерді хасмофиттер деп атаса, тасты шөлдалада өсетін өсімдіктерді литофиттер деп атайды. Шөлдала өңірінде өсімдікке күшті әсер ететін бірнеше факторлар бар: күннің өте ыстықтығы, жауын-шашынның аздығынан топырақта судың тапшылығы, осылардың әсерінен қуаңшылық болуы, бұдан топырақтың сортаңдануы, шөлдалалы өңірде көшпелі, сусымалы құмды аймақтардың көлемінің ұдғаюы.
Ксерофиттер ,олардың түрлері.
Қазіргі кезде көптеген ғалымдар ксерофиттерді 6 түрге бөледі:
1.Суккуленттер – ксерофиттердің айрықша бір түрі. Бұл латынша «суккулентуз» - шырынды деген сөзден шыққан термин. Суккуленттердің өте көп тараған жерлері Американың Орталық, Оңтүстік және Солтүстік, сонымен қатар Африканың шөлдала аймақтары. Біздің еліміздің өсімдіктер қорында суккуленттер онша көп емес.
Суккулентердің өзі 2 топқа бөлінеді:
А)сабақты суккуленттер – кактустар ,сүттігендер, стаплиялар.
Б)жапырақты суккуленттер – алоэ, агавалар.
Суккуленттердің ерекшелігі, олардың денесінде су қоры мол жиналатын паренхимиялық тканьдердің болатындығында. Сондықтан басқа өсімдіктерге қарағанда суккуленттер етті, ісінген тәрізді толық, шырынды болып келеді.
2.Эксерофиттер. Грек сөзі «еу» - жақсы, нағыз деген термин. Бұл қуаңшылық жағдайында барынша төзімді, көбінесе жапырақтарын түк басқан шөлдала өсімдіктері. Эксорофиттерге жусандар, баялыш, бүйірген, теріскен, изен сияқты өсімдіктер жатады.
3.Гемиксерофиттер. «гемий» грекше шала деген мағынада. Ксерофиттерге қарағанда гемиксерофиттердің сумен жабдықталуы «қолайлы» жағдайда болады. Мысалы: жантақ-гемиксерофит өкілі. Жантақ өскен жерді соқамен жыртқан кездің өзінде жантақтың сабағы түп жағынан кесіледі де, оның суға дейін баратын тамыр жүйесі топырақтаң астыңғы қабатында кем дегенде 2-3 жыл бойы тірі күйінде сақталады. Тамырда тіршілік процесі жойылмағандықтан тамыр қысымының нәтижесінде тамырға сіңген су жоғары қарай жылжып отырады да, кесілген жерінен ағып топыраққа сіңеді. Су жеткілікті болғандықтан жантақ жапырақтары қалың, ашық түсті болып келеді. Бірақ жантақтың жапырағындағы ксерофиттерге тән белгі – оның халық шаруашылығына пайдалығы.
4.Стипаксерофиттер латынша «стипо» - нығыздалған, толық деген сөзден құралған термин. Бұған негізінен шөлдала аймағында өсетін астық тұқымдас өсімдіктер жатады. Мысалы: бидайық, еркекшөп, тырса, кедешөп . Бұлардың тамыр жүйесі шашақты онша тереңге енбейді. Усьтици аппараттары жапырақтың астыңғы жағына емес, үстіне орналасады. Жапырақтың үсті қырлы, қалың кутикула қабатымен қапталған. Жапырақтың үстіндегі қыр аралық сайларында қабығы өте жұқа қорғаушы клеткалар орналасқан . Күн қызған кезде бұл клеткалардағы су тез буланады да клетка жиырылады. Осының нәтижесінде жапырақ түтік тәрізді оралады да устьица арқылы булануы тоқталып, өсімдіктегі су босқа ысырап болмайды.
5.Пойкилоксерофиттер – грекше «пойкилос» - әртүрлі деген сөз. Бұған шөлдала аймағында тіршілік ететін, өзінің су режимін басқа ксерофиттер сияқты реттей алмайтын өсімдіктер жатады. Мысалы: тас бетінде өсетін қына өсімдіктері. Олар су мол жағдайда «қуалап» өседі де қуаңшылық кезеңде қурайды. Бірақ осы қураған жағдайда, пойкилоксерофитттер өзінің тіршілік қасиетін жоймайды. Аз да болса ылғал бар кезде олар қайтадан «қуалап» өсе бастайды.
6.Эфемерлер – грекше «эфемерус» - бір күндік деген мағынада яғни даму мерзімі өте қысқа қызғалдақ, мортық, шытыр сияқты көктемгі ылғал мол кезде қаулап өсетін, жазғы қуаңшылық болғанға дейін өзінің даму циклін толық аяқтайтын өсімдіктер тобы жатады. Сондықтан да эфемерлерді кей мамандар қуаңшылықтан қашып құтылатын өсімдіктер деп те атайды.
Галофиттер және оның түрлері. Галофит деген грек сөзі «галос» - тұз, фитон - өсімдік деген сөзден шыққан. Яғни, бұл сор және сортаң топырақты жерлерде тіршілік ететін топырақтағы тұздардың зиянды, улы әсеріне төзімді өсімдіктердің түрлері жатады. Ксерофиттер сияқты галофиттер де біркелкі өсімдіктер емес. Галофиттер түрге бөлінеді:
А)Эфгалофиттер – нағыз галофиттер. Бұл термин гректің «ау» жақсы, нағыз «галос» - тұз, «фитон» - өсімдік деген сөздерінен құралған термин. Эфгалофиттерді кейде тұз жинаушы өсімдіктер деп те атайды. Оның себебі топырақтағы тұздар суда еріген күйінде тамыр жүйелері арқылы өсімдікке қабылданылып, оның денесіндегі клетка шырындарында жиналады.
Б)Крипгалофиттер – деген гректің «крипо» - бөліп шығару деген сөзінен құралған. Бұлар денесіндегі артық тұздарды сыртқа бөліп шығарып тұратын өсімдіктер.
В)Гликогалофиттер грекше «геликос» - тәтті деген сөз. Дене мүшелеріне тұздарды өткізбейтін гликогалофиттер. Тұзданған сортаң топырақта өскенімен бұл өсімдіктердің тамырының ішкі анатомиялық құрылысында пробка қабаттары өте ерте пайда болады да, топырақ ерітіндісіндегі тұздар осы прбка қабатынан өте алмағандықтан өсімдік тұз көп мөлшерде жиналмайды.
Г)Тұз жинағыш галофиттер.Бұған көкпек, алабұтаның кейбір түрлері жатады. Бұл өсімдіктердің денесіне енген артық тұздар сыртқа бөлініп шықпай жапырақтың астыңғы не үстіңгі бетіне орналасқан қуыс бездерге жиналады.
Псаммофиттер – грек сөзі «псамос» - құм, фитон - өсімдік деген сөздермен құралған термин.Құмды шөлдалада өсетін негізгі қасиеті сусымалы құмның қолайсыз әсеріне төтеп беруге бейімделген өсімдіктер. Сусымалы құм сусыған кезінде псаммофиттердің тамырлары көбінес ашылып қалады да не болмаса сабақтары құмға басылып қалады. Ашылып қалған тамырлары құрғақ ауада қалса, аңызақ желдің, ыстықты өткізбей, тамыр бойындағы суды сыртқа шығартпай, тамырдың ішкі тканьдарын құрғақшылықтан қорғайды.
Тақырыбы:Тау өсімдіктері.
1. Тау белдеуіндегі өсімдіктерге жалпы сипаттама.
2. Тянь –Шань, Жоңғар Алатауы және Орта Азия тауларының флорасы.
3. Альпі мен Алтай тау өсімдіктерінің салыстырмалы ерекшеліктері.
Тау белдеуіндегі өсімдіктерге жалпы сипаттама.
Тау, жота, қырат - жер беті деңгейінен жоғары, көтеріңкі болатындығы, тау етегінен жоғарылаған сайын тау белдеулерінде жер жағдайының, өсімдік-жануарларының, ауа-райының өзгеріп отыратындығы, оларға экологиялық факторлардың әсер ететіндігі – жел, жаңбыр, қар, ағын сулардың тау-тастарын төменге қарай өзімен бірге ала кететін, тауға көтерілген сайын температураның төмендеуі, жыл бойы тау ұшар басында мәңгі мұз, қар жататыны, ылғалдылықтың артуы, ауа тығыздығы артып, тау шыңдарында бұлттардың қоюланып тұруы – тауға тән қасиет, тау ерекшелігі. Айтылған, келтірілген факторлармен, ерекшеліктер міндетті түрде тау белдеулерінде өсіп тұрған өсімдіктеоге өз әсерін тигізеді.
Таулар биік және аласа, көне, аралдық таулар, ландшафты тау, тау жоталары, тау сілемдері, жон, үстірт, өте биік /5000 м/, орташа /1000-3000 м/, аласа таулар /Орал, Ұлытау, Қаратау / болып бөлінеді.
Тау өсімдіктерінің түрлері –тау биіктігіне, ылғалдылығына, қар мұзына байланысты: биіктеген сайын орманды формация азайып, сиреп оның орын шептеріне өсімдіктер болса, ең биіктерінде қыналар мен мүктер ғана өседі. Альпі белдеулерінде –рододентрон, тал, ағаш түрлері кездеспейді. Альпі белдеуіндегі өсімдіктер тау етегі мен төменгіжазықтығында өспейді, тек, Арктика флорасында 40-60% ғана кездеседі, себебін тек проблемалық теориялар арқылы ғана дәлелдеуге болады.
Кавказ тауларында екі үлкен бөлікке бөлінеді: Солтүстік батыс –Кавкз жотасы және Орталық –батыс. Закавкзье және Оңтүстік –шығысында Кавказ таулары Курье, Арақсу, шөлді ойпаты қоршап жатады.
Батыс Кавказ -400-1100 м көбінесе жапырақтарын түсіретін шамшатты ормандар: 1100-1800 м –самырсын мен шырша аралас қылқан жапырақты ормандар: 1900-2000 м рододендрон субальпі шөптесін өсімдіктері: 2000-2300 м- альпі шалғындығының аласа шөптесін өсімдіктері: 2300-2350 жерге жабысып өсетін қомақты қойтас өсімдіктер. Кавказ тауларында өсімдіктерідің 6000 түрі өседі. Өсімдіктер негізінен мәңгі жасыл өсімдіктер: жидек ағаш /земляничное красное дерево- Argutos andrachne/, лавршие / лавровишня лекарственная- Laura-cerasus officinalis/, падуб /падуб-Ilex/, рододендрон / рододендрон Rododendran /, Кавказ пальмасы / Самшит –Buxus/.
Үлкен Кавказ жерінде 200 эндем өсімдіктер өседі. Тас шөптің / тимьян/ 236 түрі, оның 28-эндем деп атап көрсеткен.
ОРТА АЗИЯДА КЕЗДЕСЕТІН ТАУЛАР –Климаты құрғақ континентальді болғандықтан болғандықтан таудың жоғарғы белдеулері далалы жер жағдайыны ұқсайды. Өсімдіктері құрғақшылыққа бейімделгендіктен тікенекті, бұта түрінде. Шығыс кавказ, Дағыстанда таулы далалы жері көп. Алтайдан солтүстікке қарай бірте –бірте құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің түрлері азая бастайды.
Тянь –Шань, Жоңғар Алатауы және Орта Азия таулары
құрғақ континентальді климатты болып келеді. Тау етектерінде жусанды боз\полынно –злаковая пустынь –типчаковым- ковыльными\ Stipa Capillata, Sareptana\, сілтеулі шөл, жоғары биіктеген сайын селеулі дала \ Stipa Capillata\, ол біртіндеп барып шыршалы орманмен \ Picea Schrenkiana \ алмасады.
Іле Алатауында- 500-800 м тау етегін шөлдала аймағында эфемерлі өсімдіктер; орман-тоғай, мал шаруашылығына пайдалы: 800-1400 м биіктікте далалы аймағында шөптесін масақты өсімдіктер: 1200-2000 м биіктікте шалғынды өсімдіктер бітік өседі.
Жоңғар Алатауының шөлді аймағанда 600-1200 м биіктікке дейін шөлге тән өсімдіктер-жусан, изен, боз, қарабасшалғын, итмұрын, ұшқат, көктерек, алма, долана, тұшала, өрік. 2000 м биіктікте орманды-шалғынды-Сібір самырсыны, Тянь-Шань шыршасымен аралас өскен. Субальпі белдеуінде- доңызсырт, қоғажай, тасжарған, альпі,қызғалдағы өседі.
Қазақстандағы Алтай тауының биіктігі 4000 м. 400 м биіктікте бетеге, айрауық, қоңырбас, ал бұталардан-итмұрын, үшқат, долана, тобылғы, қарағай; 600 м биіктікте-жусанды-бетегелі шөптесін өсімдіктер;бұтадан- итмұрын, долана,сарыағаш,1000-1500 м қайың, көктерек, өзен аңғарларында терек,тал,долана,итмұрын,сарыағаш өседі. Тік жартасты беткейлерде Сібір шыршасы, самырсын, майқарағай, балқарағай сияқты қылқан жапырақтылар, тау шалғындығында-түлкіқұйрық, тарғақшөп, Сібір аюбалдырғаны, қоңырбас, күреңот көптеп кездеседі.
ЖОҢҒАР АЛАТАУЫ БЕЛДЕУЛЕРІ. -600 м дейін жусанды дала: 600-1200 м бозды-қоңырбасты дала, 1200-1800 м –орманды дала:1800-2700 м- шырша, самырсын, қарағайлы қылқан жапырақты орман: 2700-3000 м аршалы тоғай: 3000-300 м- альпі шалғындығы одан жоғары мәңгі қар басып жатады.
СОЛТҮСТІК БАТЫС АЛТАЙ ТАУЫ БЕЛДЕУЛЕРІ: 300м дейін-дала, 300-900 м- орманды дала; 900-1900 м қылқанды жапырақты орман; 1900-300 м –бұталы тоғай мен таулы- тундралы белдеу; 2300-2700м таулы тундра, жасыл мүктер; 2700 жоғары биіктікте мәңгі қар.
Оңтүстік Америкада 4000-5000м биіктікті- парамос, пуна деп атайды. Бұл жерде негізінен ылғалы өте аз әрі төменгі температура да өсе алатын өсімдіктер кездеседі.
Парамос- ксерофильді, ксерофитті өсімдіктер өсетін Анд тауы, ондағы ашық дала формациясын, «Халька», «Лома» деп те атайды. Пуна таудың суық, жазық далалы жерлерінде өсетін өсімдіктер формациясы.
Таудың, тау, қыр, жоталарының орналасуы жер континентінің көптеген ерекшеліктеріне сәйкес болады-экваторға жақын-алыстағы, жел өтіне, ықпалына тәуелділігі-жел, таудағы ылғалдылық, тау белдеуіне байланысты температура өз әсерін тигізеді.
АЛЬПІ МЕН АЛТАЙ ТАУЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕРІ. Бұл екі тауды мысалыға алып отырған себебіміз басқа таулармен салыстырғанда толық зерттелген. Кавказ таулары тундра флорасына қарағанда өсімдік түрлеріне бай: альпі түлкіқұйрығы- альпийский лисохвост \Alopecurus alpinus\, сабақсыз сылдыршөп \безетебельная смолевка –Silene olaulis\, дриада\, /Dryas octopetola/;эндемдер:еңлікгүл-эдельвейс/Leonto medium alpinum/, көкгүл/Gentiane acaulis/, наурызгүл/примула-primula hirsuta/, солданелла/soldanella/, сарғалдақ, бәйшешек, лалагүл, желайдар. Бұталы өсімдіктерден альпіде: жасыл қандыағаш /зеленая*ольха-Alnus viridis/, альпі родондендроны/альпийское родондендрон/, төселмелі қарағай/стелющая сосна-Pinus montana/ тал, арша, вереск, аюқұлақ /толокнянка/.
Алтай өсімдіктері түр жағынан Европа Альпі өсімдіктерінен өзгеше: Алтай тауларының солтүстікке орналасуы, континентальды климаттың ауытқуы, белдер, қырлыр, жоталардың , батпақты жерлердегі мүк, қына басқан жерлердің көптігі өсімдіктер дүниесінің ерекше болуына әсерін тигізеді.
Мүжілген, құлаған тау сынықтары \денудация\ ғасырлар бойы жинақталып сатылы жолақ құрады, оны солфлюционды террас дейді. Солтүстік шығысқа қарай континентальды климаттың күшеюі кедей белдеудің шекарасын кеңіте түседі. Мысалы, Саян, Забайкалье, Шығыс Сібір таулары, Орта Сібір қыраты, Орал, Кола түбегіне дейін созылған.
Тақырыбы: Тайга. Еуразия тайгасының флорасы.
1.Жалпы тайга флорасына сипаттама.
2.Тайга өсімдіктерінің салыстырмалы ерекшеліктері.
3.Еуразия мен Солтүстік Америка тайгасының флорасы.
1.Жалпы тайга өсімдіктеріне сипаттама.
Тайга—қылқан жапырақты орманды ағаш өсімдіктер жапырақтары қабыршақ, ұзынды, жіңішке, ине тәріздес, ішкі механикалық клеткалары жақсы жетілген ағаш,бұта өсімдіктерден құралған. Жер шарында географиялық таралу жағынан- Европа, Солтүстік Азия, Солтүстік Америка, Қиыр Шығыс, Солтүстік Евразия,Солтүстік Америка жерлерінде орман құрап тұрған жерлерді ТАЙГА деп атайды.Жылына 1-4 ай шамасында 10 градус жоғары температура, орташа жылдық температура 10-19 градус , қыста Сібірдегі – ең суық -52 -70 градус температураға жетеді. Өсімдіктердің вегетациялық периодтары да қысқа, ылғалдылыққа , жылылық, суыққа байланысты жазда жасыл орман алқабына қарағанда, қылқан жапырақты орман солтүстікке қарай ығысқан. Тундра мен шекаралас жерлерде тек қылқанжапырақ ағаш өкілдері ғана өседі. Тайга топырағында аэрациясы тежелген, күлгін түсті, батпақты жерлері көп, тек осындай эдефикалық факторға бейім өсімдіктер ғана өсе алады.Қылқан жапырақты орман ағаштары ылғалды да,суық территория жерінде өседі.
2.Тайга флорасының салыстырмалы ерекшеліктері.
Қылқан жапырақты орманның басқа зоналардағы өсімдіктерге ұқсамайтын,тек өзіне тән ерекшелігі бар.Тайга жерінде жалпақ жапырақты ағаштар өкілі өспейді,өсімдік ағаш түрлері де 1--2,көп емес,яғни,ағаш түрлерінің көп болмауы да тайгаға тән құбылыс. Тайгада орман ағаштары бір- екі ярусты ; бұталы ярус нашар жетілген , ал ең төмендегі топырақ жамылғы шөптесін қалың, әсіресе мүк жапырақ бетін түгел жауып жатыр деуге болады. Жоғарыда көрсетілген тайга ерекшеліктері – егер орман ағаштары – шырша, майқарағай ағаштарынан құралып күн сәулесі өтпейтіндей көлеңкелі болатын болса – қара орманды тайга деп , егерде орман – қарағай, балқарағай ағаштары қурап жерге – топыраққа айтарлықтай көлеңке түсірсе – жарық орман деп аталады. Жалпы тайга жер бетінде үлкен аумақты алып жатқандықтан , негізінде тайга орманы 20 – 30 түрлі ағаштар түрінен құралған.
Европа – Сібір тайгасы ағаш түрлеріне кедейлеу болатын болса , Солтүстік Америка , Шығыс Азия / Қиыр шығыстан Жапонияға дейінгі / жерлерін қылқан жапырақты ағаш өсімдіктер түрлері көбірек. Солтүстік Америка , Шығыс Азия жерлеріндегі ағаштар үштік дәуірден сақталған.
Тайга қылқан жапырақты орман Евразияның , Американың , Атлант мұхиты мен Тынық мұхитын орай , біртатас массив тек мұхит суы ғана бөліп тұр. Евразияда барлық қылқан жапырақты орманның 55% қара орман өкілдері / шырша, самырсын , майқарай / жарық орман / балқарағай , қарағай / кішкентай жапырақты / қайың көктерек /. Қылқан жапырақтардың төменгі белдеулерінде / қара жидек , ит бүлдірген , қызамық /, батпақты жерлерде – муктер , сфагнум /.
3.Евразия мен Солтүстік Америка тайгасының флорасы.
Евразия зонасы қылқан жапырақтардың орналасуы түр жағынан да Солтүстік Америкаға қарағанда кедейлеу. Евразияның көп жерлерінде бір ғана түр / монокультура / үлкен аумақты алып жатыр. /шырша – ель европейская , балқарағай – лиственница сибирская , даурская /.
Төменгі белдеулерде – бересклет , ұшқат , қарақат , аралия , лиандар , жүзім / Амур және Тунберге / , ампелопис, лимонник , аристология , шөптесін өсімдіктерден : майсаумалдық /майник двулистный /, эндем – женьшень , аризема турлері ,Джефферсония/Джефферсония сомнительная/.Джефферсония Евразия жерінде бір ғана түрі өседі,қалған түрлері солтүстік Америка жерінде.
Тайга үлкен аумақты алып жатқандықтан қылқан жапырақты ағаштардың да өсу,топталып өсу,түрлеріне,жерінде байланысты өсу ерекшеліктері болуы тән қасиеттері;сондықтан ,ландшафтына ,доминантына,
Кронасына қарай өз ерекшеліктері бар;шырша,майқарағай кронасы конус тәріздес ,Сібір майқарағайы жоғарғы жағы үшкір ,қарағай кронасы эллипс,шар пішіндес.Орманды алқап болғандықтан Евразия жерінде үлкен бір алқапты тек қана бір қылқан жапырақты/монокультура/шырша,қарағай немесе балқарағай өкілі өсіп тұруы да мүмкін.
Жапыраақтарының орналасу тәртібіне байланысты,жапырақты жақсы көретін және көленкеде өсе беретіндіктен қара орман және жарық орман болып бөлінеді.Шыршалы тайганы өсіп тұрған жеріне,өсімдік бірлестігіне қарай бірнеше подзоналарға бөлінеді: 1. шыршалы және жасыл мүктер:а/ қызамық,қара жидек,саумалдақ өсіп тұрған жерлер.б/ жасыл мүктер.Мүктер өсіп тұрған жерді батпақты,ылғалы мол жерлер деп түсіну керек.2.Шыршалы—сфагнумды жерлер.Сфагнумда басқа мүктер тәріздес батпақты жерлер белгісі/индикатор/.3.Шыршалы—шөптесін өсімдіктер өскен жер.Жер бетін қалыңдау өскен шөптесін өсімдіктер жауып тұрады.Сай-сала,арық,жыра,өзендерінің суы бар.4.Шырша,емен элементерімен аралас өскен жерлер орман жаңғағы,жөке ағашы/,шөптесін өсімдіктерден: бояушөп,адыраспан шөп,балшытыр,бұталы өсімдіктерден: қаражидек,итбүлдірген,қышқыл шөп, Сібір самырсыны,майқарағай өскен жерлер қара орман деп аталады да күн сәулесін төменгі жерге жібермейді,ағаш түбінде шөптесін өсімдіктер өспейді.
Қылқан жапырақты ағаштардың орман құрып өсуі,жапырақтарының 5—6 жыл көлемінде түспеуі күн сәулесін жылдар бойы жібермеуі,қылқан жапырақтарының ағаш түбінде шірімей төселіп жатуы,ағаштардың биік болуы—төменгі ярустағы бұта,шөптесін өсімдіктердің өсуіне жол бермейді.Сондықтанда төменгі ярус өсімдіктері көбінесе вегетативтік жолмен көбеюі басым,менмұндалап,анық көрініп тұруы үшін гүлдері ақ болып келеді.Жылылықтың,жарықтың жетіспеуінен өсімдікте басқада мүшелері бейімделген.Жылу мен жарықтың жетіспеуінен /ылғалдылық артылып жатса да/эфемерлі,эфемероидты өсімдіктер жоқ?
ЕВРАЗИЯ ТАЙГАСЫ.Солтүстікте Англияны,Скандинавия түбегі,ТМД,Солтүстік Жапония,дегенмен тайганың көп жерлері Россия территориясына батыста Карелиядан шығыстаЧукоткаға дейін созылып жатыр.Солтүстік Европа шыршасы/Piced abies/,кәдімгі қарағай/Pinus sylvestris/.Карелия жерінде де осы ағаш өкілдері өседі,тек шығыста қарай Печора өзеніне қарай жапырақтылар түрлері көбейе түсті.Қарағай,шыршадан басқа,орыс балқарағайы/ Larix rossica/Сібір шыршасы /Picea abovata/,Сібір майқарағайы / Abies sibirica /,Сібір қарағайы/Pinus sibirlca/.Батыс-Сібір жерінде де осы ағаш орыс балқарағайы өкілдері өседі.Европа шыршасы өспейді,оның орнына Сібір балқарағайы өседі.Шығыс Сібірде қылқан жапырақтар өкілдері түрлері өте аз,доминант болып даур балқарағайы/Larix gmelini/ кездеседі.Қиыр Шығыспен ,Солтүстік Жапония жерлерінде қылқан жапырақты тайга өкілдерінің түрі көбейе түседі.
Евразия тайга полосасында доминант болып үлкен аумақты балқарағай өкілдері алады да,шыршалар мен қарағай өкілдері аз көлемде өсіп тұр.
Балқарағай өсіп тұрған жерлердің де өз ерекшеліктері жетерлік. Балқарағай орманы құрғақта ,ылғалды да,тіпті батпақты жерлерде өсе береді. Құрғақта,құнарсыз топырақты жерлерде қыналы балқарағай,яғни ағаш түбі қыналармен жамылған,батпақты жерлерді де мүктер/сфагновые/балқарағай өсіп тұрған жерлерін сфагнум мүгі жауып тұр.Жалпы мұндай ерекшеліктер мәңгі мұз территориясында кездеседі.Балқарағайлы орманда бұталы өсімдіктер де жиі кездеседі: қайың/карликовая березка—betula nana/,қазанақ/багуьник болотный—ledum Palustre.Қандыағаш/ольховник/ Alnaster fruticosa/,шығыс сібір таулы жерлерінде рододендрон/рододендрон даурский—Rhododendron dahuricum/,самырсын/ кедровый стланник—Pinus pumila/
Қарағайлы ормандар өкілі де құрғақты,батпақты жерлерде өсе береді:
1.құрғақта,құнарсыз топырақта—қарағай қыналармен селбесіп 2. ылғалды,
бірақ құнарсыз жерлерде—қарағай ит бүлдіргенмен селбесіп 3.
ылғалдылығы жеткілікті мөлшерде құнарлығы да бар—қарағай қышқыл
шөппен селбесіп 4.ылғалды,құнарсыз топырақ—қарағай қара жидекпен
селбесіп 5.батпақты,топырағы құнарсыз—қарағай мүктермен селбесіп 6.
құнарлы топырақта қарағай орман жаңғағы мен жөке,шалғынды жерлер 7.
құнарлы топырақ,су жағаларында—қарғай шөптесін өсімдіктермен селбе-
сіп тіршілік етеді.
Тайгалық ормандарда—бұта, шөптесін өсімдіктерде көптеп кездеседі: қара жидек, итбүлдірген, Линния , қышқыл шөп , жылқы шөп , майсаумалдақ , плаунның көптеген түрлері : Бұл өсімдіктер батпағы жоқ, қылқан жапырақты ормандарда өседі.Көптеген орман жерлерін мүктер басып жатады: плауроциоум , гилокомиум , дикраниум, птилиум , родобриум . Батпақты ылғалы көп жерлердегі өсімдіктер түрі өзгеше : қазанақ, көкжелек, талдың бірнеше түрлері, қоға, сфагнум мүгі . Батпағы мен ылғалы азө жерлерде көкек мүгі/Polytrichum commune/өседі. Құрғақта , биік жағалауларда қылқан жапырақты ағаштармен бірге : вереск/ Calluna vulqaris/, аюқұлақ/ толокнянка – Arctos-tophlos uva-ursi/,мысық табан/ кошачья лапка—Antenaria dioica/,көде/осока веришатниковая—Carex ericetorum/, қылқан жапырақты ормандарда қыналар , түрлері де: бұталы қына кладония/ Cladonur ranqiferia,С.Sylvatica,C.alpestris/. Қылқан жапырақты тайга ормандарының енінің өзі көптеген 100 км алып жатқандықтан оңтүстіктен солтүстікке қарай ауа райы суып ылғалдылығы да көбейіп , топырақ құнарлығы да нашарлайды. Міне, осы факторлардың барлығы да өсімдіктердің өсуіне , таралуына, дамуына өз әсерін тигізеді.
Тақырыбы :Тундра флорасы.
1.Тундра флорасына сипаттама.
2.Евразия тундрасының салыстырмалы ерекшеліктері.
3. Европа тундрасының флорасы.
Тундра флорасына сипаттама.
Тундра ареалы – Скандинавия түбегінің солтүстік жағалауы Кола түбегі, Пона өзені , Ақ теңіздің солтүстік жағалауы, Канин түбегі, Нарьян – Марь, Салехард, Таз, Енесей, Хатанги, Анабар, Пур, Лена, Индигрика, Нижнеколымск, Анедыреь өзені, Колыма жотасы, Гижичинск, Корфа шығанағы. Солтүстик мұзды мұхит жағалау аралдары, солтүстик Америкада \ Чукотка, Аляска\ , Шығыс Сібір таулы аудандары\ Тайганың да ішіне енеді\, Европалық және Америкаға тундрасы, суық шөлдер барлығы тундралық циркумполярлық биогеографиялық облысқа кіреді.
Суық климатикалық пояста жылылықтың аздығы өсімдіктерге, олардың өсуіне, гулдеу, жеміс беруіне мүмкіндік жоқтың қасы. Жаздың өзі өте қысқа да, салқын. Жаздың суық поястағы ерекшелігі өсімдікке күн сәулесі тәулігіне 24 сағат полярлы күн , полярлы түн түсіп тұратындығы. Ауа райының қолайсыздығы - өсімдік түрлері де өте аз, сирек, тек өте суықтыққа бейім, төзімді түрлері ғана өседі. Ағаштар мүлде кездеспейді деседе болады, тек бұта мен шөптесін өсімдік - олардың да түрлері өте аз. Суық зоналық пояста өсіп тұрған тек мүктер мен қыналар. Жоғары сатыдағы өсімдіктер өкілі кездеспейтін, өспейтін жерлерде де мүктер мен қыналар өседі, түрлері де өте көп. Өсімдіктердің көпшілігі онша биік емес, жерге жақындау төселіңкіріп, кей жерлерде қалың кей жерлерде селдірлеу, сирек болып өседі.
2. Еуразия тундрасы. Жылдың орташа температурасы қыста да салқын /2-3/ ай жазы ең жылы ай шілде 10-14*. Қысы ұзақ та суық, ызғарлы, қар қалыңдығы жұқа. Қысқа да суық жаз өсімдіктердің барлық толық вегетациялық периодының өтуін қиындатады, қысқыртады. әсіресе, олар толық гүлдеп жеміс тұқым беріп үлгірмейді сондықтанда тундрада вигетациялық жолмен көбейетін көпжылдық өсімдіктер өседі. Ауарайының қолайсыздығынын тундра өсімдіктербаяу өседі.
Тундра өсімдіктері үшін ең қажетті фактор -ол жылылықтың аздығы. Дегенмен жаз айларында күн сәулесінен топырақ беті жылынады. Жер беті топырағының жылынуы, жерге жақын ауаның жылынуы - өсімдіктердің төселіп өсуіне, жапырақтың бүрленуіне қолайлы жағдай туады. Тундра өсімдіктерінің тамыры тереңге бармай, горизонтальды жер бетіне өте жақын орналасқан. Тундра өсімдіктеріндегі басымырақ кездесетін түрлері бұталары: дриада/Dryas- курапаточоя трава/,су жидек/ водяника- Empetzum/, ит жидек, көк желек, тал. Дриада мен көк желек өсімдіктері басқа өсімдіктермен салыстырғанда көбірек кездеседі. Жер жағдайы ауа райы өзгерістеріне, құбылмалығына байланысты тундра өсімдіктерінің түрі де морфолониялық пошымы да өседі. Қарамық /тарангорец-Polyqjnum/, түлкіқұйрық/лиссхвост альпийский-Alopecurus alpinus/, дюпонция/дюпонция Фишера Dupontia sischeri/,қияқ/ осока гиберборейская-Carex hyhtrbora/,қышқыл шөп/ кисличник двустолбчатый- Oxyria diqyna/қызғалдақтың көптеген түрлері /papaver japponicum/,мутник /Pedicularisl кекіребас/ остролодник- oxiropis /. Жергілікті халықтар жеміс, тамақ орнына пайдаланатын морошка / Rubus Chamaemo/ өте жиі өседі.
Тундрада бұталы өсімдік түрлері өте аз: қайың /карликов березка- Betula nana/, тал,/ива – Salix lanata/ Тундраның оңтүстік аудандарында қайың әжептеуір аумақты территорияда өсіп тұр. Тундраның барлық жерін/солтүстік\ аудандарына басқа мүк пен қына басып тұр. Мүк пен қынаның көптеген түрлері осы жерде ягель/ольний мох-cladonia, Altctora, Cetrariab , Stereocaulon,/
Тундра зонасы бірнеше аймаққа бөлінеді:оңтүстікке жақын тундра-орманды тундра. Өсімдіктер топырақты түгел жауып «қалындау» болып негізінен мүктер, қыналар, шөптесін өсімдіктер , бұта, жартылай бұта, сонымен қатар әр жерде сирек болсада ағаштар бірақ олар аласа тал мүлде кездес пейді, аласа бойлы бұталар, қайың биіктігі 0,5 м. Солтүстікке қарай – солтүстік аймақта – мүк пен қына өскен. Барлық жерді түгел дерлік мүк пен қына басып жатыр. Селдірлеу , сирек болсада шөптесін аласа бойлы – жартылай бұта өсімдік өкілдері. Олар мүк пен қынадан бойлары онша биікте емес.
Евразия тундрасында тек оңтүстіктен, солтүстікке ғана емес, батыстан шығысқа қарай ауа райы, рельеф, өсімдіктері жөнінен айтарлықтай өзгерістер бар. Сібір тауындағы тундра жерлердегі өсімдіктерді – гольцы деп атайды. Кедей белдеудегі өсімдіктер \гольцевой пояс\ биік ландшафты, тік жоталарда, жарт астарда, таудың тас қиыршық жерлерінде тундралы, таулы тундра, альпі, өкпе желі бар суық тау белдеулерінде кездеседі. Россияның қиыр шығысындағы Саян, Байкал жеріндегі Сохондо, Кавказ, Алтай, Карпат жерлерінде кездеседі.
Өсімдіктерден : тал, қайың, мәңгі жасыл итбүлдірген, су жидек, дриада \курапаточья трава\, мүктер, қыналар \ 800 түрі\, гүлді өсімдіктер \ 200 – 300 түрі\ ткндраның батыс зонасында \ягель тундрасын\ қынаның киладония, шығысында – алектория немесе цетрария түрлері көп. Өсімдік тамырлары тереңге бармай жан – жағына горизонталь тарамдалған.
Арктикалық Сібірдің орталық бөлімін – алекториялық тундра деп, яғни алектория қынасының көптеп өсетін жерін айтады. Кладония қынасы көптеп өсетін жерін айтады. Қайың \береза карликовая, береза тощая Киденторфа \тал\ ива круглолистная, ива полярная\, су жидек. Қияқ , қышқыл шөп, қызғалдақ, арктоус, дриада, морошка, бетеге, қияқ, қоңырбас\мятлик арктический – Poaartica \ су жидек\ водяники гермофродидитная . тунарандра өсімдігі үштік дәуірде мұз қаптағанда түгел жойылған.
Тундрада өсімдіктерден психрофиттер, яғни суық топыраққа, олиготорфты күнарасыз торфты топыраққа бейімделген өсімдіктер өседі. Торфты глейлі топырақ, шымды жерлер өте аз. Орманда тундрада ағаш өкілдері сирек, тек тоңның жер бетіне жақын немесе тереңгі қабаттарда екендігіне байланысты. Солтүстікке қарай арктика , полярлы шөлінде өсімдік өте аз, жануарларға жемшөптікке де жарамайды. Тундра зонасы, орманды тундра, ландшафты Евразия тундрасы Солтүстік Америка тундрасымен ұқсастығы бар. Тек солтүстік Америка жерін плейстоцен дәуірінде мұз қаптамаған. Көбірек кездесетін өсімдік түрлері: қызғалдақ \алпийский мак Poa alpine vaccinium ит бүлдірген, Vitis idgea аюбұлақ , Arctous alpinus, су жидек \ Dryas Octo petola\ қыналар, мүктер.
Америка тундрасында өсетін бетеге, Чукотка жерінде кездеседі европа тундрасында жылына 400 мм қар жауады, бірақ ылғида тоқтаусыз қатты соғатын екпінді жел 10 – 40 м\сек . жауған қарды мұз үстінен сырғытып ұшырап алып қалады. Европа тундрасында 50 см, Якутияда 25 см қар жауады. Топырақ температурасы жаз күндері 8* -10*.
Солтүстік Тундрада сол жерлерге бейімделген, терімстіктен орманды зонадан басталған өз морфологиялық ерекшеліктері бар өсімдіктер өседі. Ғасырлар бойы суық климат, жыл мезгілдерінде де айтарлықтай өзгеріс болмағандықтан, тек тундраға тән өсімдіктер өседі : ағаш өсімдіктер жоқ, тек бұталар, мүктер мен қыналар , тамыр түйнектері бар пиязды, баданалы. Топыраұ өте салқын болуына байланысты біржылдық өсімдіктер жоқтың қасы. Өсімдіктердің бүрлері тығыз қына, мүк шымында өсіп жетіледі. Сондықтанда тундрада споралы өсімдіктер \мүк пен қына\ доминант . осы өсімдіктер «қорғауында» басқа өсімдіктерде өсіп шығады.
Тундра өсімдігі үш ярусты : 1. Бұта 2. Шөптесін өсімдіктер 3. Мүк пен қыналар.
Европа тундрасының флорасы. Үш континентте кездесетін тундра жағдайыбіркелкі емес, В.Н. Гордков /1890 – 1953/6 Европа жерлерінде кездесетін тундраны төрт аймаққа бөледі, Оңтүстікке қарай орманмен жалғасқан. 1 орманды тундра. 2.Буталы тундра. 3. Қыналы, мүкті аймақ. 4. арктикалық тундра /полярлы шөлдала/.
Солтүстік Америка жеріндегі тундра барлық материктің солтүстік бөлімін түгелдей Атлант мұхитын Тынық мұхитына дейін Канада аралдарымен Арктика архипелагы түгел кірді. Табиғат жағдайы мен өсімдіктер түрлерімен жалпы түр, пішіні мен Солтүстік Америка тундрасымен Евразия тундрасында үлкен ұқсастықтар бар. Жылдық орташа температура нөл градустан төмен. өсімдіктердің де вегатациялық кезеңінде екі айдан аспайды /оның өзінде ызғарлы, қыраулы күндер болып тұрады/. Жылдық жаңбыр суммасы 250 – 500 мм . өсімдіктері де /экологиялық тундраға тән/ бойлары аласа, сыртқы шар, доиалақ, пішінді, жерге жақын төселіп өседі, қиыр түрлері ожика, злактар. Тундраның қары қалыңдау, жазда ылғалды, ық жерлерде қосжапырақты өсімдіктер, сарғалдақ, дриада, тасжарған, қызғалдақ, желайдар, крупка, примула шерменгүл басқада тұқымдас өкілдері. Тундра өсімдіктерінің тағы бір ерекшелігі – ауа райының құбылмалығы, суықтығы, жел, ылғалдылықтың көптігіне , жаз мезгілінің қысқарғандығына қарамай гүлдері сәнді де, ашық үлкен болып келуі /парадокс/.
Солтүстік Америка және Еуразия тундра өсімдіктерінің түрлері мен туыстарында ұқсастық / сол түрлерді ңөсуі/ дара мен қосжапырақтарында бірдей, Мысалы, қияқ /осока скальная/, қоңырбас /мятлик арктический/.
Солтүстік Америка тундрасындағы үлкен аумақтағы жерді қыналар алып жатыр. Кейбір жерлерінде қына жасылған биіктіктер - 25 см жетеді. Бұғы мүгі /оленьий/, топырағы құнарлы, ықтау, ойыс, ылғалды жерлерде қайың /карликовая береза/, тал, су жидек, өсімдіктері өседі. Солтүстік Америкада Евразияда тәріздес орманды тундрасы айғақталып тұрады, шырша /ель /, қайың / береза бумажная/, терек /тополь осиновидный/.
4 . Ең солтүстігі аймақ – Арктикалық тундра. Бұл жердегі мүк пен қына түгелдей топырақ бетін жауып тұрмайды. өсімдіктер түрлеріне де кедей. өсімдіктердің дриада және қызғалдақ /мак/ өкілдері ғана кездеседі.
Мұзды мұхиттағы Вайгач аралынан Чукотка түбегіндегі жерлерді қиыршық таста, саздық теңбілденіп шұбарланған, өсімдіктер жерін 50 – 60% ғана жауып тұрады. Доминант өсімдіктерде дриада, шөптерден : қияқ, қоға, злактардан /полярлы қызғалдақ/, дирконды, политрихты, жасыл, бауыр мүктер өкілдері : Dicranum elapatium Oncophorus wahlendersi \Hylocomium Rhacomitrium turgidum\ қыналар /лишаиникй/ рода/. Тау беткейлерінде тас беттерінде қаспақты қыналар өкілдері өсіп тұр.
Арктика тундра шөлі, Тундра да солтүстікке мұзды мұхитқа қарай Арктика суық шөл зонасы орналасқан. өсімдіктер тек тас, экземплярлар, біртұтас біріккен өсімдіктер жоқ, қаспақты қына, мүктер /ракомитриярлық гриммия/, гүлді өсімдіктерден / сарғалдақтар, қияқ, элактар, қызғалдақ, крупкалар /. Арктика шөлін 3 – 4 дәуірінде мұз қаптамаған. Сондықтанда өсімдіктері сол ерте кезден өзгеріссіз өсіп келе жатқан түрлері, тек ауа райы суықтығы, ылғалдылық көптігі / ылғалдылық көп болғанымен суық болғандықтан өсімдік пайдалан ламайды/, тоң, мұз жер қыртысы /полигониальные грунты, софлюкационные террасы/ өз әсерлерін тигізеді. Поляр шөлі тундраның солтүстік поюсінде орнласқан. Ресей жерінде Солтүстік мұзды мұхиттың көптеген аралдарын, Таймыр түбегін жатқызуға болады. Ауа райы организмге өте қолайсыз, тундрада да қатал. Жылына екі ай ғана температурасы 0* С жоғары болып тұрады. Жылы ай тамызда 4 – 5*С , қысы ұзақ, қатал, ызғарлы, қары аз. Полярлы тундра шөл жерінде түгелдей өсімдік жауып тұрған жер кездеспейді 50 – 60 % қына , мүк, балдырлар және гүлді өсімдіктер өкілі өте аз. Кей жерлерде жартылай бұта, бұташа, шөптесін өсімдіктер сирек болса да кездеседі. Екі айға созылатын жаз айларында кейбір өсімдіктер 20 см дейін көтеріліп өседі. Гүлді өсімдіктерден – түлкіқұйрық /лисохвост альпийский/, қызғалдақ /мак полярный / , тал /ива полярная/, , сарғалдақ / лютик серый/.
Полярлы тундра шөлі солтүстік жартышар арктикалық аудандарда – Шпицберген, Гренландия, Канада; артика архипелаг аралдарында өсіп тұрған өсімдіктері де біркелкі, бірдей деуге болады.
Полярлы тундра шөлі тек Арктикада емес Антартида да бар, Антарктида шөлді жерінде мүк, қынадан басқа әзірше табылған екі гүлді өсімдік : селерік /луговик антарктический - Deschampsia antarctica /, колобантус толстолистный – Colosanthus / crassisolius/.
Тақырыбы: Флоралық облыс аймақтары.
1. Өсімдіктердің жер шарында таралуы Флоралық облыс аймақтары.
1. Өсімдіктердің жер шарында таралуы
Өсімдіктердің жер шарында таралуы өткен тарихи эпохамен байланысты екендігін анализдеп, синтездеп көптеген қосымша факторлардың да себепкер болғандығы анық. Жалпы өсімдік географиясының өзі жер бетіндегі таралуы заңдылықтарын, тарихи себептерін анықтайтын , зерттейтін ғылым деп дәлелдеген . Флоралық ареалдың , аймақтың территорияның құрылуына , қалыптасуына негізгі әсер ететін тарихи фактор. Әрбір материктің өзінің құрылу тарихы,бағыты , этаптары , геологиялық өзгерістері бар.
Бір материк пен екінші материк арал болуы мүмкін арақашықтығы арақатынасы оқшаулануы сияқты ерекшеліктері бар.Біртұтас жер шары бірнеше бөліктерге бөлінді . Соның нәтижесінде де өзгешіліктер бар – тропика , субтропика , шөл ,дала , шөлейтті, тайга , тундралы жерлер пайда болды . Материктердің геологиялық бөлінуі факторлардың әсері – сол жердегі флораның дамуы , өсіуі , таралуы ,ареал құрумен қатар жаңа өсімдік түрлері таксондары пайда болды . Бір өсімдік түрі дамыса , екінші бір өсімдік түрлері жойылып, азайып бара жатқандығы белгілі. Бір регионда сақталып қалуы Гинкго , секвоя , эвкалипт. Бір материктен екінші материкте ораграфиялық , ауа райында ұқсастық болмайды . Тек, кейбір өсімдік түрлері бірнеше материкте космо политті өсуі мүмкін . Осы мысалдар мен факторлардың әсерінің өзі тарихи факторлардың ықпалы күштті болғандығының дәлелі .Өсімдіктер түрі , бірлестігі қандай бір жер болсада сол жерде өсіп шығуға өз әрекетін жасайды . Өсімдікке топырақ , ауа райы , жыл мезгілдері , геологиялық жағдай әсер ететіні белгілі. Өсімдік құрлымын , бірлестігін құрып , өз белдеуі , түрлері жинақталып , доминаттары шыға бастайды . Голарктикалық бореалдық климатта- өсімдік түрлері бірлестігіндегі орман , тундра , тайга , батпақ өсімдіктері мұз қатпау дәуірінен бұрында тіршілік етті емеспе. Кейбір өсімдіктер түрлері үштік дәуірден 30 млн жылдан бері ол Орта Азияда , тропикалық белдеуде оданда ертерек бор дәуірінде тіршілік етіп келе жатқан өсімдік түрлері бар. Мұз дәуірінен бұрын өмір сүріп біздерге жеткен өсімдік түрлерінің құрылысын салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер бар екендігі -уақытқа , эпохаға байланысты өзгерістер болғандығының дәлелі . Өсімдіктердің көптеген түрлерінің жер бетінде төрт рет мұз қаптағанынан жойылып кеткендері де аз емес . Өсімдіктердің жер бетінде таралуы , бөлінуі көп жағдайда жер бедеріне , ландшафтқа тайга , шөл, орман , дала , бөлінуіне де байланысты . Голарктикалық флоралық аймақта жер бедеріне , ландшафтқа, географиялық орналасуына байланысты өсімдік түрлері бар тропикалық флорамен салыстырғанда айырмашылық та бар . Өсімдіктер географиясы өсімдіктердің жер бетінде таралуы ілімінде – археология негізделген . Ареалда - өсімдік туысының , түрінің , тұқымдасының негіздері қаралып өсімдіктер семантикасына жинақталып өсімдіктер географиясы ғылым саласына өз үлестерін қосуда.. Жергілікті өсіп тұрған өсімдіктердің «Х» деп аталатын болса ал сол жерге қоныстанатын «диаспора» бір екеу болып көріне бастаған өсімдіктерді «У» деп барлығы бірігіп группа болып сол территорияны қамти бастайды . Сонымен қатар басқа жерлерде өспейтін кездеспейтін сол жерге тән өсімдіктерде болады . Мысалы , тропикада – пальма , америкалық кактустар
Флоралық облыс аймақтары.
Жер бетіндегі өсімдіктердің материктерге таралуы бор дәуірінен басталған . Барлық өсімдіктерді материктерикте 6 облыстық аймаққа бөлу – қазіргі ауа райы , топырақ эдапикалық факторларды тарихи геологиялық – палеогеографиялық негізінде бөлінген . Әрбір флоралық облыста түрдің , туыстың , тұқымдастың проценттік саны, өсіп тұрған аумағы әр түрлі . сондықтан флоралық обылыстарға , ареалға, провинцияға бөлінгенде – генетикалық , тарихи материктің географиялық орналасу жағдайы , пайда болу орталығы , қашан, қай эрада алғашқы таралу ерекшілік мекені ескерілген. Кейбір флоралық облыстары Қытай –Жопон флоралық обылысы , солтүстік Америка үштік дәуірден бері өзгеріске ұшырағанда , ол жердегі кейбір өсімдік түрлері басқа жерде өспейтін , кездеспейтін болғандықтан-Реликт облыс болып қалған .Кейбір обылыстарда Орталық Европа мұз дәуірінен , теңіз , су, геологиялық трансгрессияның нәтижесінде жер бедерінде , ауа райында қатты өзгерістер болып құрғақшылық артып -өсімдік түрлері қатты зардап шегіп , жойылып түр саны кеміп – деструктивті флораға айналған . Материктің кейбір жерлерінде өсімдіктер төзімділік нәтижесінде мүшелері өзгеріске ұшырау бейімделгіштік қасиеттерінің арқасында сақталған. Өсімдіктердің ареалдығы түр санының көптігі , аздығы, ауа райы , топырақ, алып тұрған аумағында байланысты емес . Мысалы неотропикадағы Малезия флорасы –тропикалық солтүстік жарты шарын ,Голарктикалық флораны қосқанда асып түседі .Аз ғана жерді алып жатқан Кап флоралық аймағы - өзіндегі өсімдік түр санымен , ерекшеліктерімен эндем, реликт ешқандай басқа флоралық облыспен тең келмейді..Өсімдіктердің таралуына кейбір флоралық облысқа құрғақшылықта,теңізде кедергі бола алмайды .Полиотропикалық флоралық облыс-тропика шығыс жарты шары Атлант, Тынық мұхит жерлерін алып жатыр.Голарктикалық флора-солтүстік тропикадан сырт жерлерде де, өсімдік түрлері ,туыстары ,тұқымдастары 3 материктерде жалғасқан.Әрбір облыс жер көлемінің бірдей болмауы , өсімдік түрлерінің фармацияның әртүрлілігі ,бір жерде аз ,бір жерде шоғырлануы ,жер бедері мұхит пен теңізден континетпен шектелуі –жердің геологиялық өсімдіктердің тарихы даму палеогеографиялық флора деп түсіну керек
Жер шары өсімдіктерінің георафиялық орналасуына байланысты- аймаққа, облысқа, ареалға, провинсияға бөлінді. Өсімдіктер өсіп тұрған жерлердегі алатын көлемі, аумағы, зонасы әртүрлі. Тек Рессейде тайга, Слтүстік Африка жерлерінде өсіп тұрған өсімдік түрлері белгілі бір түгел аумақ территорияны, немесе полосаны алып жатыр. Таулардағы белдеулерегі өсімдіктердің жазықтықтағы өсімдіктермен ептеп ұқсастығы бар. Мысалы, Кавказ тауларындағы өсімдіктер Европа жекріндегі Оңтүстіктен Солтүстікке қарай бағытталғанымен салыстыруға ұқсастығының барлығын байқауға болады. Тау биік болатын болса белдеулерге бөлінетіні, әр белдеуде өзіне тән өсімдіктер болатыны белгілі. Белдеулердегі өсімдіктер құрамдарының, түрлерінің өзгеруі биіктеген сайын климаттың өзгеруі деп түсу керек. Жоғарылап биіктеген сайын ауа райының суықтауы, өсімдік вегетациясының мерзімінің кемуі, көктемгі жылулықтың кеш түсуі яғни, қыс ерте түсіп жаз кештеу шығатыны. Жоғарылап , биіктеген сайын кей тауларда ылғалдылық артып, кей тауларда ылғалдылық кеміп құрғақ болып тұрады екен. Жапырағы түсетін ормандар қоңыржай ендікте, керсінше, континенть шетіне қарай шақталып ығысқан. Қиыр шығыстада орман ағаштары топтасып өседі де, мұхит жағалауларына жақындамайды, олар басқа өсімдіктер типтерімен алмасады. Солтүстік жарты шарда мәңгі жасыл қатты жапырақты тоғайлардың алатын орны ерекше. Олар субтропикалық белдеулердің құрғақ аудандарда , континенттің батыс жағалауында 35-40 ендіктен сына тәріздес басталып құрғақ шөл далаға жете бере кішіриіп барып бітеді. Бұл жерлерге қарама-қарсы субтропикалық еніктен, шығыс ылғалды континенттерінде мәң гі жасыл субтропикалық ормандар өсіп тұр. Тропика, субтропика, шөлдала, тайга, тундра деп сипаттама бергенде, сол жерлерге ғасырлар бойы бейімделген, тек сол жерлерге тән, суыққа , ыстыққа, экстремальды жағдайға бейім аймағы өсімдіктер тайга тундрада өседі. Жер шары континенттерін салыстырмалы ерекшеліктерге, өсімдіктерімен қысқаша шолу жасай отырып, оқымысты ғалымдарда бұл салдада еңбек еткен жоқ.
Дильс Л. 1929 жер шарындағы өсіп тұрған өсімдіктеріне байланысты алты флоралық аймаққа бөлді: 1. Палиотрпикалық 2. Кап 3. Галарктикалық 4. Ниотропикалық 5 .Антрактикалық 6. Австралиялық.
Энглер А. 1936 5 флоралық аймаққа бөлді: 1. Солтүстік флорадан Сыртқы флоралық аймақ. Бұл аймаққа 9 облысқа 47 провинсияға бөлді. 2. Палеотропикалық флоралық аймақ -9 облысқа 33 провинсияға бөлді. 3. Орталық және оңтүстік Америкалық флоралық аймақ -5 облысқа , 13 прв инсияға бөлді. 4. Теңіз жағалауы флоралық аймақ -3 облысқа көптеген провинсияға бөлінді.Олардың өсуі, дамуы, таралу тарихы барлық геологиялық өзгерістерге тікелей байланысты.
Тақырыбы: Неотропикалық аймақ флорасы.
1.Неотропикалық флоралық аймаққа сипаттама.
2.Неотропикалық флоралық аймақтың ерекшеліктері.
1.Неотропикалық флоралық аймаққа сипаттама.
Неотропикалық биогеографиялық аймақтың шекарасы Калифорниямен Мексиканың оңтүстік бөлігінен басталып 40с оңтүстік белдеуге дейінгі құрлықты және Оралық Америкаға таяу аралдарды басып өтеді: Калифорния түбегінен Мексика шығанағы Антиль архипелагы Багамаралы, Флорида шығанағы Атлантмұхиты, Гавана, Карибтеңізі, Гвинскқыраты, Амазонка, Бразилия,, Анд,, Оңтүстікте, 40соңтүстік ендікте Хуна-Фернандес, Галапогос /Панама, Бразилия /аралдары кіреді. Калифорния ,флорида түбегі оңтүстік тропика Мексика жағалауы, Орталық Америка, Антиль аралдары, Оңтүстік Американың үлкен яғни Жаңадүние бөлігін/ Новый свет/ түгел алғандықтан неотропикалық деп аталады .Неотропикалық биогеография аймағы Кариб, Оринок, Амазонка, Бразилия, Лаптан, Андаймақ бөімдерінде бөлінеді. Неотропика флоралық аймағы өсімдіктерг е өте бай . Бразилияның өзінде 40000 өсімдік түрі өседі.
Бұл аймақтың өсімдіктері әрүрлі,көбі мезофильді орман өсімдіктері, мысалы сүттіген, лавр, ойраншөп, мирта ,тұт, салинда, пальма, орхидеа, күрделігүлділер, астық, бұршақ, ерінгүлділер тұқымдасы өкілдері де кең тараған.Эндемик өсімдіктер көп емес -бромелия, кактус, осы аймаққа тән өсімдіктер. Неотропикалық флораның гүлді өсімдіктерінің шығу орталығы, таралуы, негізгі палеотропикалық өсімдіктер патшалығынан деп қабылдайды : бомбакс ,анон, гернайда, лавр, бромелия ,бұрыш, ризоферия, мирт, анокордия, сапиндовия, протеин, бигновения, орхидеа, пальма, тұқымдастары /450 /ескі және жаңа дүние бөлігінде де кездеседі. Оңтүстік Америка флорасы БатысАфрика тропикасымен байланысты жоғарғы борға дейін жалғасқан. Батыс Африка тропикалық тұқымдасы Бромелияның барлық түрі Оңтүстік Американың тропикасында тек эндемик түрлері ғана Гвинеяда өсіп тұр. Оңтүстік Америкамен Африка материктерінің ажырағанына өте көп уақыт болды, сондықтан да неотропикалық флорада оқшауланудың нәтижесінде қазір 30 –ға тарта эндемді тұқымдастар бар:
Маркгвария, Кариокария, Тавария, Юлиания, Беликания, Канн, Циклантия, Эндемді тұқымдастар. Неотропикада Настурция, тұқымдасы, өте кең тараған, сондай –ақкактус ,көк шнгүл, аройдты ,бромелия, Хразбалания, Цирилла, текалқа тұқымдасының ішінде ағаш өкілдері: меңдуана, дурман древовидный - /томат, томатноедерево, Мирта тұқымдасының өкілдері: фейоха, бегония ,флуксия , юкка, агава, пальма, туысының ерекше түрлері-хамедорея, маурития, свовль, негізінен мезофильді орман өсімдіктері-сүттіген , лавр, алабұта, күрделі, ерінгүлділер, элактұқымдасы, мәңгі жасыл лавр тәріздес жапырақтары барормандардың болуымен ерекшеленеді.
2.Неотропикалық флоралық аймақтың ерекшеліктері.
Неотропика флоралық аймағы 5 тармаққа бөлінген: Кариб теңізі, Гвиантау қыраты, Амазонка, Бразилия , Анд.
1) Кариб неотропикалық солтүстік бөліміне Оңтүстік Мексика Оңтүстік Америка және көптеген аралдар кіреді. Екі эндемді тұқымдас, 500 –ге тарта эндем туыстары ,әсіресе ертеден өсіп келе жатқан, морфологиялық құрылысы жағынан ерекшеленетін Микроция жас. Бұл өсімдіктің бір түрі ғана сатовниктерге жатады / Кубада өседі.
2 )Гвиантаулы қырат бөлімі: Оңтүстік Американың Солтүстік таулы жерлерін алып жатыр. 800 өсіидік түрі өседі, жартысы эндем. Эндем өсімдіктердің 90-96 таулы жерлерде, бір эндемді тұқымдас, 100 эндемді туыс, бұлар өте ертеден өсіп келе жатқандықтан - Реликт.
3)Амазонка флоралық бөлімі –неотропикадағы көлемі жағынан ең үлкені. Бұл флоралық бөлімде –Амазонка бассейіні Оринокоға орналасқан, негізінен жазық, тегіс жерлер. А.Гумбольдттың зерттеу жұмыстарын жүргізген, жаңбырдың көбірек жауатын, орманды –Гилей деп атаған жері. Бір эндемді тұқымдас, 500 эндемтуысы, 3000 жуық эндем түрлері бар.
4 ) Бразилия неотропис бөлімі. Бразилия үстүртіне орналасқан эндем тұқымдасы жоқ, 400 эндем туысы бар.Ертеден өсіп келе жатқан қылқан жапырақтылар өкілі –араукария араукарияу эколистная, подокарпус түрлері, Бразилия флоралық бөліміне тән өсімдік - падуб, жапырағы шай орнына пайдаланылғандықтан жергілікті халық бұл өсімдікті парагвай шәйі деп те атайды.
5)Андфлоралық бөлімі. Батыс Америка жағалауынан оңтүстік тропика,солтүстік материк шегін едейін созылып жатыр.Жері өсімдік түрлеріне бай болмағаны мен өздеріне тән ерекшеліктері бар-бір эндем тұқымдасы, бірнеше жүз деген турлері сақталған.
Тақырыбы: Палеотропикалық флоралық аймақ
1.Палеотропикалық аймақтың флорасына сипаттама.
2.Флористикалық тармақтарының салыстырмалы ерекшеліктері.
1.Палеотропикалық аймақтың флорасына сипаттама.
Палеотропикалық облыс – Африка және Азия материгінде негізгі белдеулерден оңтүстікке, тропика шөлдаласы арқылы батысқа оңтүстіктен созылып жалғасқан асқақ Гималай тауы, Үндіқытай тауы, шығыста Янцзы бассейн өзені, Тынық мұхитта Тайвань аралынан солтүстікке қарай Гавай аралы одан оңтүстік – ш ығысқа қарай ығысқан Америка жағалауларымен параллель жатады.
Палеотропикалық флоралық облысында жалпы тропикада, жақын орналасқан аралдары және өзіндік эндемді осімдіктер түрі көп – 10 000. 40 жуық эндемді тұқымдастар бар. Диптерокарп – 400, фикус – 1000, непентес өсімдігінің 70 түрі өседі. Мысалы, Қосқанат жемістілер – Азия материгінде тропика орманындағы мәңгі-жасыл ағаш – Малайск архипелагы, Замбези \Мозайка\ бассеинде Нигер \Нигерия, Чад, Камерун\ жерлерінде өседі. Бұл тұқымдастың аты – жемісті жаңғақты қоршай, орай орналасқан, тұқымның желмен таралуына жағдай жасайтын 2 қанатты тостағаншасы болуымен аталған. Жер бетінде 17 туысы, Африкада 2 туысы өседі, 400 түрі бар. Қосқанатты жемістілер ағаш, биіктігі 60-70 м отаны Малайск архипелагы, Жаңа Гвинея,Филиппин, Мадагаскар, Экваторлы Африка жерлеріне таралған. Сүрегі жеңіл өнеркәсіпте кеңінен қолданылады \диптерокарпус трехнервный\ ал, басқа түрінен \Шореа\ шайыр алынады. \Суматра\, ағашынан сапасы өте жоғары \Малобар майы деп аталатын\ май алынады. Палеотропикалық облыста кеңінен тараған өсімдік Панданус тұқымдасы \неотропикалық облыста циклоцвет тұқымдасын алмастырады\,панданус өсімдігінің өкілдерінің ареалдары – Африка тропикасы, Мадагаскар, Оңтүстік Азия, Солтүстік Австралия, Зонд, Полинезия, Жаңа Зеландия архипелагы. Панданус тұқымдасының 800 түрі бар, пальмаға өте ұқсас, барлық жерде пальмамен қатар таралып отырады.
Палеотропикалық эндем Непентес \Nepenthes – Nepen - thaceae\ тұқымдасы ш ы ғ ы с бөліктерде кездеспейтін – неотропикалық бормелия тұқымдасына ұқсас. Сағақтары арқылы басқа өсімдіктерге жармасып, кішкентай қоржындары арқылы насекомдарды қорытатын асқазан шырын бар. Непентес өсімдіктері Мадагаскар жерінен әрі кездеспейді: олар Ганга, брахмапутра джунглиясының, тропикасының ормандарының – Үлкен Зонд, Филиппин аралдары, Үнді – қытай, Жаңа Гвинея, солтүстік Австралия жерлерінде өседі. Таралу орталығы – Малезия 70 – ке тарта түрлері бар.
Африка, Азия тропика жеріндегі халық шаруашылығында үлкен маңызы бар – банан \Musaceae - банановые\ тұқымдасы. Банан 15 м биік болып келеді. Ұзында жалпақ – 4м жапырағы бар шөптесін өсімдік. Жемісі – 60% ұн тәріздес дәмі бар заттан, 16% қант, 5,6% крахмал, майларынан тұрады. Банан жемісінен – банан ұнын, мармелад, шырын, банан шарабын, өзін сол күйінде де тамаққа пайдаланады. банан шарабын, өзін сол күйінде де тамаққа пайдаланады. Банан оңтүстік Азиядан д егенде жорамал бар. Ал, бірақ ертедегі египеттіктер де әртүрлі сорттары өсірілген плантациялары болған. Тропикалық Америкада да 100 ге тарта сорттары өседі.
Пальма өсімдігінің кейбір түрлері палеотропикалық: пальма тени \Corypha\, кариота \Coryota\, арека \Areca\, нипа \Nipa\, Борасова пальмасы эндем ротанг пальмасы шырмауық тәріздес лиан 400 м. Шырмалып оралып созыла береді. Малезия, Индия жерінде ал, жалпы тропикалық Африкада аз кездеседі.
Эндем палеотропикалық өсімдік – имбир \Zinqibera-ceae\ тұқымдасы халық шаруашылығында техникалық, тамақтық \имбирь, кардомон, дәрмене тамыр\ ролі ерекше. Имбирь тұқымдасы Америкадағы Канн \сцитамин -\ тұқымдасына жатады өсімдігіне ұқсас. Африка, Азия ы л ғ а л д ы гилеясындағы керемет өсімдіктердің бірі – орхидей . Малезияда орхидея өкілі \апастазия-\ дұрыс гүл қоршауымен, 3 жеміс беретін аталығының болуымен ерекшеленеді.
Целогинэ \Coeloqyne\, дендроби \Dendro-bium\, ангрэкум \Anqraecum\, бульбофилл тропикада – эндем ароидты түрлері де көп. Көпшілігі эпифитті өсімдіктер тропикалық ареалдың мәнінде, сәнінде келтіріп тұрған осы өсімдіктер.
Флористикалық тармақтарының салыстырмалы ерекшеліктері.
Палеотропикадағы облысқа анализ жасай келе, оның географиялық орналасуы \тропика\ тарихы және қазіргі жағдайын ескере отырып 5 флористикалық тармаққа \подоблысқа\ бөлінеді: 1. Үндіафрикалық 2. Мадагаскар 3. Малезия 4. Жаңа Зеландия. 5. Санвич аралдары немесе Гавай.
1. Үндіафрика тармағы – Африка континентіндегі Сахарадан бастап оңтүстіктегі Оранж өзеніне дейін Азияда – оңтүстік батыс Аравия, Үндістан түбегі. Тар шөлінен бастап батыста ш ығ. Үндіқытайға дейін созылып, Солтүстіктегі Гималаймен қоршалған болып есептеледі.
Палеотропикалық өсімдіктер оңтүстік Америка, оңтүстік Азияға қарағанда – сиректеу, кедейлеу, ал жас жағынан бірдей. Бор, үштік дәуірден қалыңда, құйқалы Гвинея, Конго тропикалық орман өсімдіктері сақталған, 13000 түт түрі, бұршақ , пальма, ананас, стеркулия, панданус басқада Африка тұқымдастар өседі.
Африка тропика ормандарында биіктігі – 80 м келетін гигант, тамыр тіреуіштерінің болуымен ерекшеленетін Макаранги өсімдігі, халық шаруашылығында сүрегі, жемісі кеңінен пайдаланылады. Пальма рафии шырыны шарап жасауға пайдаланылады \Elaecis quineensis\ - пальма майы алынады. Ливия кофесінің отаны \Coffea liberica\, өте улы өсімдіктер \Erythro-phloeum quineense\ бұл өсімдіктердің қабығында жүрекке әсер е тетін улы зат бар. Биік банандар, бамбук, эпифит, эндемді өсімдіктер мүйіз жапырақты папоротник, кактус рипсалис шырмауық \лиа\ өсімдіктер арасында өседі.
Европада кездесетін өсімдіктерде Африка Жерорта теңізіне жақын жерлердегі өсімдік түрлері де кездеседі. Африкада арша, оңтүстігіндегі ареалы экватордан асып кеткен. Солтүстікте қылқанжапырақты өсімдіктер кездеседі, ал оңтүстікке Ньясса көліне қарай қылқан жапырақтылардың басқа түрі – каллитрис \Callitrisi\ өседі.
2. Мадагаскар флоралық облысы. Бұл палеотропикалық флоралық аймағының Мадагаскар тармағына \астанасы – Антанариву \ +Мадагаскар аралы және осы арал айналасындағы – Маскоренск, Сейшель, Амиранск, Комор және басқада кішігірім\архипелаг\ аралдары кіреді. Мадагаскардан батысқа қарай құрғақ Саваннаға ұқсас 33 туыс ш ы ғ. Африка өсімдіктері өседі. Мысалы, пальма, бұршақ, сүттіген тұқымдасы баобаб. Бұл байланыс өте ертеде болған. өйткені Мадагаскардағы эндем түрлері – Африкада өсіп тұрған эндем ұқсастығы осының дәлелі.
Арал орталығы үстірт жазықтық, сондықтанда бұл биік жерлерде өз ерекшеліктері бар; бейімделген – злактар, сирек кездесетін ағаштар, көп таралған пролеска, Канар \Африка, Наираби, Танзания\ аралы,Килиманджаро \Занзибар\ тауларында да өседі. Пролеска тәріздес таралу қазтамақ өкілінде де кездеседі. Тропикалық қоғажай \фиалка\. Мадагаскардан басқа Камерун, Абиссинии тауларында да өседі. Кап флоралық аймағы өсімдіктерінің Мадагаскар аралдарында өсуі – папоротник – мория дилобея, тротеин тұқымдастары, биік боп өсетін шөптесін өсімдік оңтүстік Африкамен ертеде байланыс болғандығының дәлелі.Мадагаскар аралының ш ы ғ . орта белдеуінде орналасқан Маскареи арал арал флорасы – тропикалық орман және тау беткейлеріндегі өсімдіктер – орхидей, папоротник \ағаш тәріздес түрлері циатза\. Пальма эндем өкілдері – Борассова және Арек группаларынан. Дегенмен Маскареи арал өсімдіктері Мадагаскар флорасынан кедейлеу.
Сонымен Мадагаскарда – 6765 өсімдік түрі, оның 89% эндем, үш эндем тұқымдасы бар. Сейшель аралында 338 гүлді өсімдік түрлері, 18% эндем, 5 пальма түрлері өседі. Сейшель аралында аты бүкіл әлемге таныс жемісі өсімдіктер ішінде салмағы жөнінен алғашқы орынды алатын \15-20\. Сейшель пальмасы.
3. МАЛЕЗИЯ. \Индонезия, Калимантано\ палеотропикалық тармағы. Палеотропикалық облыстың ш ы ғ. Жағына орналасқан. Батыс тармағы Гималай тауымен шектеліп, ш ы ғ. Оңтүстік қытай, солтүстікте голарктика тармағымен жалғаса келе оңтүстікте Янцзы \ Улан-Мурэн\ өзен бойымен, Гавай аралы, оңтүстік Африка, жағалауы, Жаңа Зеландия, Батыста Малезия Үнді – Африка жерлеріне дейін жетеді. Қазбадан табылған өсімдіктер Малезия аймағы қазіргімен салыстырғанда үштік кезеңнен өте аз өзгерген.
Малезия тармағында ең бай өсімдік түрі – 45 000. негізгі шоқталып, жинақталған жері Батыс Малезия \ Зонд флорасы деп те атайды\ тропикалық орман құрғақ. Жоғарғы белдеулерде бұршақ тұқымдастар өкілдестері, шатыр тәріздес кронгасы бар ағаштар, сүттіген тұқымдастары, бурзер ағаштары.
Малезияның батыс жерінде Цейлон аралы, \Шри-Ланка\ Индияның аралас өсімдігіне қарағанда Малезияның орман өсімдіктер құрамына ұқсас. Малезияның солтүстік –ш-да Гавай аралдары – Малезия өсімдіктерінің 93% Гавай арал эндем.
Малезия тармағында – ауылшаруашылық тропикалық мәдени өсімдіктер плантициясы: банан, қант қамысы – тростник, нан ағашы – таро, \ямс\, шай соңғы ғасырда пайда болған. Бұл жерде техникалық өсімдіктерден мақта, каучук, бояу алынатын индиго, куркум өсімдіктері өсіріледі.
4.. ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯ ФЛОРАЛЫҚ ТАРМАҚ. Жаңа Зеландия және оны қоршаған Кермадек, Чатам\Тынық мұхит, Австралия, Тасмания, теңізі Веллингтон\, Антипад аралдар осы флоралық аймаққа кіреді. Жаңа Зеландияда өсімдік және жануарлар әлемі мезазой эрасынан сақталып, өзгеріссіз келеді. Тауда, тау етектерінде өсімдік түрлеріне өте бай, эндемді өсімдіктер де жетерлік. Ашық сулы орман, тау етегінде өсіп тұрған папоротник түрлері \орляк\, злак, бұршақ тұқымдастарының орнына ірі ағаш тәріздес бөдене шөп, ағаш тәріздес күрделі тұқымдастар өкілі, шатырша гүлділер тұқымдастарынан-эндемді өсімдіктер.
Жаңа Зеландия өсімдіктің – 1843 түрі-оның 78% эндем, яғни, аралдық флора, ең жақын материк Австралияға дейін -1650 км, Оңт. Америкаға дейін 7700 км. Дегенмен, Жаңа Зеландия өсімдіктері субантарктикалық Америкамен көптеген өсімдіктері бірдей, ұқсас: мүктің – 46 түрі, қынаның – 30 түрі, гүлді өсімдіктер: кальцаолария, фуксия, бөдене шөп, шамшат. Жаңа Зеландия өсімдіктері Палеотропикалық тармаққа жатқандықтан Австралия өсімдіктеріне ұқсастық аз: мысалы, эвкалипт, акация, протеин тұқымдасының өкілі аз, ксанторей, казуарин жоқ. Осы өсімдіктердің жаңа Зеландия жерінен қазбадан табылғандығы үштік дәуірде Жаңа Зеландия мен Австралияның геологиялық жақындығы барының дәлелі. Субарктикалық Америкамен өсімдіктер арасындағы байланыс, ұқсастық ертедегі антарктида мезазойда бір континент болғандығының дәлелі – бұлармен қоса Америкамен Африканың оңтүстік төменгі жағы, Австралия және Жаңа Зеландия. КЕйінірек Жаңа Зеландия жеріне Панданус, Кокос пальмасы сияқты өсімдіктер Малезиядан тарай бастады. Жаңа Зеландия басқа материкпен байланысы болмай жеке дара оқшаулануда болғандықтан өзінің өсімдігі де, ауысып, таралып келген өсімдіктерде - Жаңа Зеландия өсімдігі болып қалып қойды. Чатам аралында пальмамен, ағаш тіріздес папоротниктердің оңтүстік шекарасының таралу линиясы өтеді. Басқа флоралық облыстармен салыстырғанда Жаңа Зеландия өсімдіктері халық шаруашылығы, техникалық ролі зор.
5. ГАВАЙ ФЛОРАЛЫҚ АЙМАҒЫ.
АШЫҚ мұхит ішіне орналасқан, ең жақын материк 3000 км Сандвич, Гавай аралдары тізбектеліп палеотропикалық аймақтың Гавай флоралық тармағын құрған. Жақын жерде материктің жоқтығы бірнеше мың км мұхитпен, теңіз қоршаған жеке дара флоралық оқшаулану салдарынан өз өсімдік ерекшеліктері бар түрлер тіршілік е т е ді . Сондықтан да аралдың барлық жерінде өсімдік өсіп тұрмайды. 1600 м биіктікке дейін ғана белдеуде- метросидерас, панданус, акация, кокос – пальмасы, ағаш тәріздес папоротник түрлері, алевритті ағаш \Гавай тунгасы\ одан төменгі тау етегінде егінді жерлер.
Сандвич аралы \түземді флора деп те аталады\ 705 түрлі гүлді өсімдік, оның 93% , яғни 653 түрі эндем \ Гавай аралынан басқа жерлерде өспейді де, кездеспейді де\. Эндем: Бригамия, папоротниктер, қоңырау ркталықтар тұқымдасы, аралас өскен орманның 76% ағаш, бұта 24% шөптесін өсімдіктер өкілі. Қылқан жапырақты өсімдіктер мүлде жоқ.
Малезия флорасымен туыстық байланыстылығы барлығы: 260 эндем түрінің Гавай аралындағы – 180түрі Тынық мұхиты аралымен, Индия мұхиты 46 неотропикалық флорамен, 18 – Азия, Африка континентальды флорасының ұқсастығы барлығы анықталды. Гавай өсімдіктері эндемдер басқа да бір жаққа таралып немес өздері құрып, кетті деп е шбір оқымысты айта алмайды. Тіпті Гавай аралындағы таулары вулкан атқылап жатқанның өзінде де мұхит суының көтерілуі , топырақтар өзгеріп, кемуік лава беткейінің өзінде, пассат желдерден суланып, тропикалық жылылық өсімдіктердің өсуіне диаспораға толық мүмкіндік бар. Гавай, Сандвич аралының географиалық жағынан жеке дара оқшаулануы, Америкаға, Азия өсімдіктерімен алмасу, таралу болмауы өз арал өсімдіктерінің таза эндем болып сақталынып қалды. Осы жеке дара оқшаулану, арал болып географиялық орналасуы, басқа материктермен қатынастың жоқтығы, эндемді өсімдіктер түрлерінің көптігі Гавай флоралық тармағы деп бөлуге тура келеді.
Сонымен: Палеотропикалық флоралық аймақты басқа оқымыстылар: Африка, Мадагаскар, Үнді – Малезиия, Полинезия, Жаңа Каледония деп 5 флоралық тармаққа бөлген. Эндем тұқымдас оның ішінде 5 өсімдік тұқымдасы \непентес,. Диптерокарп, банан, флагеллария, панданус айрықша ерекшеленеді. Кеңінен тараған тұқымдастар: пальма, тұт, сүттіген, элак, күрделі гүлділер, о pxидей.
Такырыбы: Голарктикалық флоралық аймақ
1. Голарктикалық флоралық аймаққа сипаттама.
2. Голарктикалық тармақтың жіктелуі,Жапон аралдар флорасы;
Голарктикалық флоралық аймаққа сипаттама.
Голарктика флоралық аймағын салыстырмалы түрдегі проф.В.В. Алехинмен 1944 және акад. А .Л .Тахтяджанның 1978 жеке флоралың тармақтарға бөлгендерін келтіріп отырмыз.
Проф. В.В.Алехин 1944 бойынша: I. Қытай - Жапон флоралық тармагы. 2. Орманды Жерорта теңізі. 3. Макаронезия. 4.Азия, Жерорта теңізі. 5. Солтүстік Африка - Үнді 6.Евразия даласы. 7. Европа-орманда Сібір. 8. Солтүстік Америка - Атлантика. 9. Солтүстік Америка - Тынық мұхиты.ІО. Прери. ІІАрктика.
Акад. АЛ.Тахтаджян 1978ж бойынша: I. Циркумбореальды. Ш 2. Шыгыс Азия. 3. Солтүстік Америка - Атлантика. 4. Тay. |5. Макаронезиск. 6. Жерорта теңізі 7. Сахара-Аравия 8Иран- Туран 9. Мадреан
Қытай-Жапон флора тармағы. Голарктика флоралық облыс тармагының ішіндегі өсімдіктер түрлеріне бай - 20 000 , ертеде пайда болган Қытай-Жапон флорасы. Бүл жерлерді бор дәуірінде ІІ , мүз қаптаған жоқ, теңіз трансгрессиясы болған жок.,жазактықпен тау аймағы зоналарға бағынышты болсада ертедегі өскен өсімдіктер реликт сол дәуірден қазіргі эраға жетті.
Қытай жазықтығы солтүстіктен оңтүстікке қарай-Манчжурйя, | Уссурия, Солтүстік Корея флора ормандары кіреді Даур балқарағайы, корея самырсыны, маньчжурия, Уссурия қарағайы.аралас жалпақ жапырақты МонҒолия емені / Guetcus moriqoca den tаta / ; Үйеңкі, шетен / fraxinusmanshurica , шегіршін.граб / Carpinus, cordata/ жөке / ляпа - / Tilia amarenses/ . бархыт ағашы / pheelodendron amurense / :, орман жаңғағы.даур кайыңы,шыша, балқарағай, лиан түрлері, амур жүзімі / Vitisamorenses жень-шень. я
Солтүстік Қытай ормандары жапырақтарын түсетін батыс Европа аралае ормандарыиа уқсас - үйеңкі,машат,қандыағаш,қайың, емен, жөке,шегіршін,гледичия, катальпа, павлоний,айлант , Маньчжурия жаңғағы маньчджуия жаңғағы орех, бұталы өсімдіктерден:родний.
Орталық Қытай /Сысуань, Юньнан/. жер бедері тегіс емес қыр.жота, мәңгі қар басып жатқан тау.жазық дала.субтропикалык. ормандар - магнолия, лавр.мәңгіжасыл емен,камфор,жаңғақ ағаштар.раушан,бамбук,пальмадан, көптеген түрлері / thachycrpus\және cоlamus,рододендрон.Тау белдеулеріне биіктеген сайын ағаштар сиреп 3000м биіктікте - шырша.форстер майқарағайы.Потанин балқарағайы,одан биікте рододендрон тоғайы.арша,тал. Альпі белдеуіңде - қозыгүл.круппа, генициан.соссюрен және бас-бореальды түрлер.Орталық ішкі қытай Голарктика өсімдіктері оңтүстік шығыс Азия,Европа,Солтүстік Америка өсімдіктеріне үқсас. Субтропикалық ылгалды орман өсімдіктері - орталық ішкі Қытай, теңіз жағалауы, Янцзы атырауы және оның онтүстік жагалауларын-да өсіп тұр.Орманды жерлер таудың 2500-3000м биіктігіне дейін көтерілген. Мәңгі жасыл субтропика өсімдіктері бальзамин, ликвидамбор, гамамелидтер, рододендрон, камелий, падуб яғни Европадағы Жерорта теңіз жағалауындағы Маквиске ұқсас.Үштік дәуір орман өкіддерінен - магнолия,аралия,лавр, тюльпан, каки алмасы,Туя, кунгигамия,саговник, гинкго, подокарпус,пальма, бамбук және жерді жапқан мәңгіжасыл шөптесін, лианда апифитті өсімдіктер.Қазіргі кезде орманда,субтропикалық жерлерде көптеген жылдар бойы егін егіліп.ирригациялық жұмыстар жүргізілгендіктен орманды ағашты жерлер тек.тау асуларымен қыраттарда ғана қалған.Мәдени есімдіктерден - күріш, I коллоквиум, дурра,батат,мақта, I шабдалы.,өрік,шай,цитрус,мәуе.жеміс- жидек, сәнділік ағаштар егілген.
ЖАПОНИЯ АРАЛДАР ФЛОРАСЫ. Жапон аралдарының Азия материгінен ертеде бөлінуі, ол аралдарының жерінің таулы болуы өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар тууымен қатар.оқшауланудың өзi эндемді өсімдіктер түрлерінің көп болуына себепкер.Көктем жаз айларында Жапон аралдары гүлдеген өсімдіктерге көмкеріліп тұрады; шие, өрік, қозыгүл, глиция, желайдар; лалагүлділер- құртқашаш, күзде - хризонтема, камелии, кейбір өсімдік түрлері жылы қыстада гүлдеуін тоқтатпайды.
Жапонияның оңтүстігінде: тропикалық фикус, пальма қаптап өседі.Жасыл ағаштар,"қаттыжапырақтылар" емен.шамшат.терек.шомы жаңғақ,шынар, "жұмсақжапыраңтылардан" қызғалдақ тюльпан ағашты,протеин түқымдасы, магнолия,олеандр,гранат,лавр,жалаңаш түкұқ,ымдастардан - гинкго, секвойя, саз кипарисі.
Солтүстік Европада үштік дәуірдің соңында қылқан жапырақтылардың Европа бореальдык. түрлері - балқарағай, шырша, майқарағай, жапырағы түсетін тал.орман жаңғағы,қайың,қандыағаш. Бұл орман өкілдері мұзды мұхиттың сууына,ауа райының езгеруіне байланысты оңтүстікке қарай ығысады.Аркто үштік флора үштік дәуірде 3 зональды типке бөлінді: Полтава, Торғай және бореальда флорасы.
Муз дәуіріне дейін Европада тундрада, . дала флорасы болған жоқ.Тек солтүстік Каспий ойпатындағы дала жазықтығында болды оңтүстік шығыста Орта Азия шөлейтіне ауысты.Үштік дәуірден Монголияда Гоби.Шығыс Таймырда казіргі Лаплата теңізі, Шығыс Сібір теңізі, Канада архипелагы,Забайкалье,солтүетікке қарай Арктика даласы болды деген жорамал бар,
Голарктика жерінде өсімдік түрлеріне өте бай, әртүрлі болу себебін жер көлемінің үлкендігімен деп есептесе, физико географиялық материктің орналасу жағдайын-Арктикамен Субтропиказонасына дейін созылып жатқандығынан есептеп шығарыпалған жөн.
Тақырыбы:Австралия флоралық аймағы
1.Австралия флоралық аймағына жалпы сипаттама
2. Флоралық аймақтың өсімдіктерінің ерекшеліктері.
3.Австралия материгінің флоралық тармактарға жіктелуі.
Австралия флоралық аймағына жалпы сипаттама
Австралия құрлығы флоралық аймағына – Тасмания, Жаңа Гвинея, Бисмарк, Кіші Зонд, Жаңа Зеландия, Меланезия, Микронезия, Полинезия аралдары, Гавай аралдарының біраз бөліктері жатады. Австралия биогеографиялық аймағы тек осы құрлыққа тән, сонау ерте ғасырдан сақталып келе жатқан өсімдіктер түрлері көп.
Эндем туыстары 570 , оның ішінде протеин, хакея, вертикордия, коноспермум, изопогон, бұршақ, рута, мирта, гудения туыстары. Протеин тұқымдасының 700 көптеген түрлері осы жерде өседі, доминанттар- гравиллея, банксия. Австралияның өсімдігі органикалық дүниесі ортаңғы бор дәуірінен бері дамып келеді. өсімдік түрлерінің 75 % эндемиктер. Құрлықтың солтүстік шығысында тропиктік мәңгі жасыл, оңтүстік шығысында тропикке таяу құрғақ эвкалипт орманына, селдір орманға, саваннаға айналады. Шөлейттерінде тікенді, бұталы тоғайлар, шөлдерінде злак тұқымдастар өседі. Кесуге жарамды ағаш ормандар құрлық көлемінің 2 % ғана құрайды. Олар көбінесе қатты шірімейтін сүрегі бағалы шай, шайыр алынатын эвкалипттерден тұрады.
Австарлияның ботаникалық облысынан Австралия материгі және Тасмания аралы кіреді. Австралияда 10000 тек жоғары сатыдағы өсімдік, оның 314 эндем. Эндемді өсімдіктердің бұл материкте көп болып кездесуі де Австралия материгінің ертеде жеке бөлініп кетуі салдарынан деп түсіну керек. Полиморфты түрлері де көп, эвкалипттің -500 түрі, акацияның 486 түрі, мелялеук- 100 түрі бар. Австралия өсімдігінің көпшілігін эвкалипт, лептоопермум, мелялеук, акация түрлерін орнитофилия – құстар тозаңдандырады. Папугай құстарының өзі 30 проц. өсімдіктерді тозаңдандырады.
Флоралық аймақтың өсімдіктерінің ерекшелігі
Австралия материгінің өзіне тән ерекшелігі бар: яғни, дәл орталықтан шетке қарай материк орталығында шөл – скрэб – саванна, эвкалиптті орман, Австралияның солтүстік – шығыс жағалуы тропикалық орман, 2,5 территориясы тропикалық зонада, қалғаны субтропика, салқын территорияға жатады.
Австралия эндем өсімдіктері түрлерінің көп болуы, керемет сәнді болып гүлдеуі ешбір басқа флоралық облысқа тең келмейді. Бор дәуірінен Австралия жерінің оқшауланып, географиялық бөлек болуы, басқа материктермен қосылмауы, өсімдіктер алмасуы болмағандықтан деп түсіну керек. Австралия эндемдері біркелкі болып бір жерде өспейді, материктің кез-келген жерлерінде эвкалипт, акация, казуарин банксия өсімдігі материктің оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жерлерінде өсіп тұр. Эндемдердің материктің әр жерлерінде өсуін, таралуын, сонау ертедегі Австралия жеріндегі Эремей геологиялық құбылыстарымен байланысты. Эремей атты теңіз материктер ортасында мезозой дәуірінде Австралияны шығыс екіге бөліп тұрған. Қазіргі кезде эремей Австралияны шығыс батыс қылып екіге бөліп тұр. Оңтүстік-батыс Австралияда 4384 өсімдік түрі, оның 82% эндем. Онша үлкен емес мұндай аймақта эндемдердің шоғырлануы басқа ешбір материкте кездеспейді. Орталық Австралия даласы эремейде 2208 эндем, яғни, 65% эндемдік өсімдік түрлерінің көптігі және олардың басқа материкпен туыстығының байқалмауы, сол үштік дәуірден өзгеріссіз өсе берген. Материктің шығыс жағына қарай өсімдік түрлері азая береді: 4339, оның 29% эндем, ал оңтүстік шығысында – 2171.
Солтүстік тропиканың жартысында 500-1500 мм жылына жаңбыр жауады да, сиректе, селдір саваннаға ұқсас өсімдік бірлестігі қалыптасқан. Тасманияның кейбір жерлерінде жерлерінде мәңгіжасыл қатты жапырақты эвкалипт ормандар, бұталы өсімдіктер өседі.Материкте солтүстік тропика бөлімінде саваннаның ылғалды зонасында жазда сирек болса да жаңбыр жауады.
Сахара, Намиб шөлдерінен айырмашылығы Австралияда өсімдіктердің галофитті формациясы сораң, алабұта, ақ тікен, жұп жапырақтылар, прутняк. Саваннада 300-500 мм жаңбыр жауады,эвкалипт орманымен шектесіп, алыстаған сайын ағаштар сиреп, бойында 30-35 аласарып, казуарин мен акацияға орын береді.
Эвкалиптті орманда 500-700 мм жаңбыр жауады, қыс айларында көбірек жауады. Эвкалипт бағана тіріздес биік ағаш, көлеңкесі аз, сондықтан да кейінгі ярустарда- протеин тұқымдас өкілдері ксанторея, лилия тұқымдасынан казуарин, ертеден келе жатқан казуарин тұқымдасынан. Эвкалипт ағашының биіктігі 100 м жапырағы қозғалмалы, суды аз булану үшін күнге қырымен қарап турады да, сондықтан да көлеңкесі жерге түспейді. Сирек түрі әртүрлі: сары, сұр, қызыл, қоңыр. Өте тез өседі. Сондақтан да оларды батпақты жерді құрғату мақсатында егіледі.
Склерофильді мәңгі жасыл орман Австралияның оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Австралияның бұл бұрышында 82 проц. Эндемді өсімдіктер өседі. Шығыс пен батыста қатты жапырақты ормандар ерте ғасырдан қалған фрагменттер. Доминант эвкалипттің көптеген түрлері, банксия-протеин тұқымдасынан; хакея ,альбиция, каллистемон.
Австралия шөлі материктің орталық бөлімінде Эир аралын айанла, батысында Виктория, Улкен құмда шөл, ал Гибсон шөлі осы Виктория мен Үлкен құмды шөл ортасында 27гр. Оңтүстік ендікте, топырақ бетін латерикті қабыршақ, астында каолинді балшық бар 120-200 мм суды, ылғалдылықты өзіне ұстап тұрады: злактардан спинифекс – 4 түрі, галофитті өсімдіктерден прутняк алабұта, сораң шөп, Шобер ақтікені, акапия, казуариндер, эвкалипт
Флоралық аймақтың тармактарға жіктелуі
Австралия материгінің флоралық оқшаулану ерекшелігін ескере отырып көптеген флоралық тармақтарға бөлінген:. Австралия материгін 5 тармаққа бөлген. Профессор Алехин В.В. 1949 жылы австралия флорасын 3 тармаққа бөлген. Солтүстік шығыс Австралия флоралық тармақ орманына Малезия флоралық элементтері көбірек. Сондықтан да палеотропикалық флоралық ықпалы басым.
Эремей аумағы үлкен емес. Австралияның орталық бөлімі, солтүстік батыс жағалауы. Бұл тармақ саванна, дала, орталығы шөлдала. Ксерофитті бұта, тікенегі бар, адам өте алмайтын қалың «тоғай» жергілікті адамдар «скрэб» деп атайды. Негізінен акация, эвкалипт, казуарин өсімдіктері өседі.
Оңтүстік шығыс флоралық тармағы. Австралияның ең қоңыржай ауданы, мәңгі жасыл орман, эвкалипт, акация, казуарин, протеин тұқымдастарымен аралас өскен.
Тақырыбы: Антарктидалық флоралық аймақ.
1)Антарктида флоралық аймағына сипаттама.
2) Антарктида флорасының ерекшелігі.
3) Субантарктикалық аралдар өсімдіктері.
Антарктида флоралық аймағына сипаттама.
Антарктида флоралық аймағы 400 оңтүстік ендіктен басталып Американың оңтүстік батыс бөлімімен жалғасын тауып Фокленд, Антарктида аралдары, оңтүстікке қарай Керулен, Окленд/ Кергелен, Оклид/ Депте жазығы, Антарктида құрлығында таралған. Оңтүстік Американың оңтүстік батыс бөлімі, 40 градус оңтүстік ендіктегі Мергелен бұғазына дейінгі- Отты жер, Грейяма жері, Георгия, Оңтүстік Шотланд аралы, алыстау орналасқан Жаңа Зеландия, бұл ендіктегі Сантьяго, Буйнес- Айрес, Чили, Аргентина елдеріндегі шеткі аралдар да кіреді.
Субантарктида аралдарына- оңтүстік Георгия, Антипад, Фолкленд, Маккуори, Кергелен аралдары жатады да, Отты жер, Окленд аралдарымен шектеседі. Голарктикалық флора зонасы материктің, оңтүстік жер бөлігінің палеотропикалық флора облысының жағасы ретінде орналасқан. Бұл флоралық аймақта 1600 өсімдік түрінің 1200-і осы аймаққа эстермальдық жағдайға бейімделген, 75 проценті эндемикалық. Қоңыржай тропикадан басқа биополярлы полюсті белдеулерден Антарктида аймағына ерте дәуірлерден таралған өсімдіктер түрі ғана өседі.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Антарктидада өсімдік түрлері өте аз. Дегенмен климаты қатал деген аралдармен , аудандардың өзі де тақыр өсімдіксіз емес.
Антарктида жерінде- ауа райы, жер бедері, құрылымы, аумағы, аралдары голарктикаға ұқсас, айырмашылығы: Голарктикада мұхит ішінде жеке-жеке аралдар архипелагы болып орналасқандығы; екіншіден Австралия, Африка, Америка сияқты үлкен континиенттерден алыс жатқандығы; үшіншіден Антарктиданың өзі жеке аралдар құрамы болып, ол аралдар арасын теңіз емес, өте терең мұхит суы бөліп тұратындыңы. Солсебептерге байланысты Антарктида аралдарының арасының өзара қатынасы болмағандықтан Антарктида аралдарында өз ерекшеліктері бар флорасы болуымен ерекшеленеді.
Антарктида флорасының ерекшеліктері. Антарктида флорасы/ түрі, саны, эндемі/ туралы мәліметтер түрінде оқымыстылар ой- тұжырымдары да дір ретке келмеген. Барлық флоралық аймақпен салыстырғанда Антарктида да моно және олиготипті (аз, кішекнтай) ареалдары бір-бірінен алшақ орналасқан аралдарда 11 эндемді тұқымдас өседі. Антарктида Гондван материгімен бірге бір тұтасып тұрған кезінде, кейін геологиялық, тектоникалық жағдайларға байланысты Гондван жеке-жеке материктерге, аралдарғы бөлініп, үштік дәуірдің бірінші жартысында гүлді өсімдіктердің жер бетінде доминант болып таралған кезеңі еді. Плейстоцен мұз қаптаған кезеңде Антарктида өсімдіктері- қалампыр, раушан гүлділір, шатырша, сабынкөк тұқымдастар өкілдері- солтүстікке қарай Эквадор, Колумбия биік таулы жерлеріне дейін жеткен.
Антарктида жаз айларында тау беткейі, күнге қараған жота, қырлар, күн сәулесімен тастар 300 дейін қызады. Жан-жәндіктердін өсіп өнуіне азда, қысқа болса да мүмкіншілік туады: күй талғамайтын қынаның 300 түрі, мүктердің 70, жер бетіне өсетін балдырлардың 10 түрі өседі. Бұталы қыны өкілдері де кездеседі. Грейама жерінде қоңырбас, селдірік және бір қалампыр тұқымдастарының өкілдері кездеседі. Солтүстік Антарктидада бұл деңгеіде ағаш өкілдері шағын «орман» құрып тұр.Антарктида көкжасыл балдыр, жасыл балдыр прознола, қына өседі. Антарктида метеригінің орта центріне жақындаған сайын өсімдік түрлері азая береді.Оңтүстік полюстегі Нансен тауы оңтүстік орталық жер нүктесінде де өсімдік түрлері бар.
Антарктида флорасы бор дәуірінің жоғарғы сатысына Оңтүстік Америка материгімен бірге байланысқан болатын. Нәтижесінде гүлді өсімдіктерден- мүктер, Антарктида биіктіктері, Анд тауына,оңтүстіктегі далаға дейін жетті. Оңтүстік шамшат бұталы ағашы, мәңгі жасыл және күзде жапырағы түсетін Оңтүстік Америка және Жаңа зеландия жерінде де өседі. Раушан гүлділер тұқымдасы өкілі- ацена субантарктикалық аралдарда шөптесін өсімдік болып, кеңінен таралған. Америка, Жаңа Зеландия, Голантарктика жерлерінде өсетін қылқан жапырақтылардың ең қарапайым түрі- подокарпус үлкен де етті, шырынды жеміс- бүрі алыстан мұндалап тұрады.Азия, Еуропалық тропикада өсетін Омелаға ұқсас, фицроя туыстары, ағаш тәріздес папортник- блехнум, протейін тұқымдасы өкілдері, Қырымдағы орман жаңғағына ұқсас, қылқан жапырақтардан –араукария, қызыл су жидек өседі. Көпшілік өсімдіктер Антарктидада, Арктикада өскен биополярлы ареалды өсімдіктер деп аталады.
Субантарктикалық аралдар өсімдіктері. Өсімдік түрлері өте аз, негізінен споралы өсімдіктер, ағаш өсімдіктері жоқ, қазбалық палеоботаникалық жұмыстар ертеде ағаш өсімдіктер болғанын дәлелдейді.
Оңтүстік Америкаға жақын Фокленд аралында -135 гүлді өсімдіктің эндемикалық, злактар қоңырбас, бетеге, аумағы 2 метр келетін домалақ шар тәріздес. Оңтүстікке қарай өсімдік түрлері азая береді. Оңтүстік Георгия аралында 15 түрлі гүлді өсімдіктер бар. Эндем: ацена Кергелен аралы тас қуыстары, ық жерлерде плингея, кергелен капустасы, жапырақтары сәлде болса жалрақтау, кресгүлділер тұқымдасы, азоралла трехвильчата.
Субантарктикалық флоралық облысын жер бедеріне, байланысты 3 зонаға бөлеміз.
. Субантарктикалық орманды тармақ-400-800 оңтүстік ендік, тылғалы мол-2460 мм жылына жаңбыр жауады, қоңыржайлы.Анд тауының аумақты жерін алып жатқан мәңгі жасыл Вальдиви орманы деп атайды. Ағаш биіктері 40-45 ммәңгі жасыл ормандар өкілдері, қылқан жапырақтылар-фицория, аралас антарктида шамшаты, эфкрифия, магнолия, дримус, ағаш тәпіздес папартниктер, қалың қамыс болып өскен бамбук, лиандар, эпифиттер, паразитті тіршілік ететін мизодерндер теликті өсімдіктер.
Тау беткейлерінде тек қылқанжапырақтфылар өкілдері- араукариялықтар орман құрып тұр. 480 ендіктегі оңтүстікке қарай Вальдивия орманынан Анд тауларының батыс беткейлерінде ылғалы мол, жылына 2864 мм, орташа жылдық температура +6,5 0. Климаты да субантарктикалық Мергелен орманы мәңгі жасыл дримус шамшат, қылқан жапырақтылардан –лиандрада, эпифиттер кездеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Сағындықов Ж. Өсімдіктер геолграфиясы. Алматы.,1997.
2. Байтенов М.С. Флора Казахстана, том 1,2.Алматы,1999.
3. Смирнов А. Мир растений. Москва, 1981.
4. Прозорова Т.А.,Черных И.Б.Биоразнообразие растительности парка.
5. Павлов Н.В. Эндемические и реликтовые растения Казахстана. В сб. «Ботаника в Казахстане», Алма-ата.
6. Голосков В.П. Родовой эндемизм во флоре Казахстана. В кн. «История флоры растительности Евразии»,Л.1972.
7.Карамышева З.З.,Рачковская Ботаническая география степного части центрального Казахстана.
Жарияланған-2015-10-22 19:30:22 Қаралды-18209
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану