UF

Тақырыбы: Рекреациялық территорияның негізгі типтері

 

  1. Елді мекендер арасындағы рекреациялық территорияны дамыту, оның негізгі түрлері, теңіз жағалаулық аудандар,
  2. Емдік-санаториялық курорттар, тау шаңғысы туристік кешендері.
  3. Табиғи-рекрациялық саябақтар мен ұлттық саябақтардың территорияларды дамытудағы  маңызы, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

 

Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен насихаттау бүгінгі күннің үлкен парасаттылық эстетикалық мәні бар мәселесі. Бұл қоғамның зиялы мәдени күш-қуатын толықтырып, жеке адамның ой-кеңестігін жетілдіріп, қоғамдағы адамдардың ара-қатынасын байытады.

Ұлы Жібек жолы трассасының Қазақстан бөлігін зерттеу мен жаңғырту, біздің елде ғылым, мәдениет және туризмнің өркендеуіне байланысты басым бағыттардың бірі ретінде бірнеше рет ұсынылды.       Президент            Н.Ә. Назарбаеватың 1998 жылы 27 ақпандағы «Жібек жолы тарихи орталықтарының жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттерді мәдени мұрасын сақтау мен өркендету, туризмнің инфрақұрылымын құру» Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қойуы айтылудың бір айғағы. Оның іске асырылуы кең көлемді: ғылыми, мәдениеттанымдық, сәулет және әлеуметтік-экономикалық қызметтер түрін, яғни Жібек жол аймағын жан-жақты жетілдіруді қамтиды. Президент жарлығымен бекітілген жаңа бағдарламада, мәселені кешенді турде шешу ұсынылады.

Жібек жолы бұрынғы ғажайып трансконтинентальды сауда-экономикалық, Шығыс пен Батыстың дипломатиялық және мәдени қатынастары, өткен кезде қала мәдениетін өркендетуге үлкен тыныс берді. Соның ішінде Іле, Шу, Талас алқаптары мен Отырар-Сырдария оазисі де бар.

Мәдениет мекемелері арасында мұражайларға маңызды орын беріледі. Ол адамды тәрбиелеу мен мәдениетке баулудың негізгі құралына айналды. Мұражайлар бүкіл ғасырлар мен уақыттарды мәдени мұраларды сақтаушы болып, халықтық мәдени мұрасы мен көнесін,асылы мен ескерткіштерін сақтап әр беруші қоғамның мәдени рухани тұтынымын қанағаттандырушы болды. Соңғы жылдары мұражайға келушілер көбейді. Олардың ішіндегі көбісі туристтер болып келеді. Бұл кездейсоқтық емес. Туристік-экскурсия жұмысы келушілерге қызмет көрсетудің үлкен саласы болып, білім беру мен тәрбиенің негізгі құралы болып қалды.

Социологтар туризмге қызығушылық көлемі бұдан ары да артатынын дәлелдеп отыр. Себебі, туризм бұл адамды денсаулығы мен рухани жағынан жетілдіруші белсенді демалыс. Туризмді жетілдіру, туристик-экскурсиялық мекемелердің қызмет көрсетуін жаңа үлгілері мен түрлерін тауып, оларды жақсартуға итермелейді. Бүгінгі күні туризм-мемлекет экономикасына қомақты үлес қосатын өндіріске айналды.

Мұражайларға қызығушылықтың артуы мен туризмнің кең-құлаш жайып өркендеуінің арасында өзіндік шарты мен өзара байланысы бар. Мұражайлар және мұражайландырылған ескерткіштер туристік материалдар базасы болып, туристік-саяхатқа қатысушылар қатарын көбейтуге ықпал етеді. Тарихи-архитектуралық ансамбль негізінде туристик комплекстер пайда болады. Көптеген туристтік бағыттар өздерінің пайда болуы тек тарихи-мәдени ескерткіштері арқасында ғана екендіктерін біледі және ырзашылығы ұшан теңіз. Солардың ішінде ең белгілісі «Ұлы Жібек жолы» бағыты, оған көптеген мұражайлар, ескерткіштер, орта ғасырдың сәулет өнері Түркістан мен Шымкент кіреді.

Оңтүстік Қазақстан өлкесінің өткені қызықты әрі бай. Оған куә көптеген тарих, археология, монументальді өнер, архитектура ескерткіштері. Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысында есекрткіштерді қорғаудың мемлкеттік органдары 156 архитектура ескерткіштерін есепке алып, олар, қорғауға алынған. Оның 77-сі мемлекеттің қорғау-бақылауында. Олардың көпшілігі республикалық маңызы бар ескерткіштер қатарына жатқызылған.

Қазақстанның інжу-маржаны Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи Мавзолейінің даңқын бүкіл әлем біледі. Мешіт-мавзолей Арыстанбабты одан кем құрметтемейді, табиғаттың ғажайып бұрышы Ақсу-Жабағлы қорығы мәртебесін алған, Сайрамдағы Қарашаш-ана Мавзолейі ж.т.б (6-сурет.2-қосымша).

Қазіргі кезде жаңа жерлерді көру үшін саяхат ұйымдастыру, демалып, рахаттану, басқа елдерді көріп, жан дүниесін байыту, ескерткіштерді көп ғасырлық өнерді көруге құштарлық, ұмтылу бұқаралық сипат алды.

Келушілер тобының көбейуі қосмша көтермелеу ретінде мұражай тораптарын одан ары кеңейтуге, қолдағы бар экспозицияларды жетілдіруге, ғылыми-ағарту қызметінің түрлерін ендіруге итермелейді. Рекреациялық-демалу қажеттігі, турістік бағыттар бойындағы мұражай қорықтарды жетілдіруге тікелей ықпал етеді.

Облыстық тарихи өлкетану мұражайында жергілікті туристтерден бөлек, Турция, Сан-Диего (АҚШ), делегациялары, Иран, Индия, Франция, Ресей, Голландия, Қытай, Австрия, Канада, т.б. елшіліктері жиі қонақта болып турады.

Олардың іскерлік негізіне мұражай және туристтік-экскурсиялық мекемелердің бірлескен ұзақ мерзімді, болашақ және жылдық ағымдағы жоспарларын бірлесіп жасауы жатады.

Мұражайлармен туризм және спорт басқармасы тығыз байланыс орнатқан. Көптеген іс-шараларды облыстық экология және биоресурстар басқармасы да бірлесіп атқарады.

Маңызды ұйымдастыру мәселелерінің бірі мұражай экскурсияларын жоспарлау мәселесі.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, өлкенің тарихи және мәдени даму ерекшеліктерін айқын көрсетеді. Мұражайлар мен туристік  бюролар арасындағы қаржы қатынастарын реттеу мәселесіне байланысты көптеген қиындықтар бар. Қаржы мәселесі көбінесе мұражай пайдасына шешілмейді. Туристік бюро мен мұражай арасындағы қарым қатынас екеуіне де тиімді жағдайда шешілуі керек.

Мұражайлардың жергілікті және шет ел туристтеріне қызмет көрсетуді ұдайы, тұрақты серігі болатындар туризм және спорт басқармасы және қаладағы көптеген туристік бюролар.

Уақыт бүлдірген көптеген қорғандар, әскері қамалдар, керуен сарайлар, сауда және әкімшілік ғимараттар, сарай және діни кешендер тұрғындар орамы мен дәулетті адамдардың үйлері, өндіріс құрылыстары жақсы жабдықталу элементтері, байланыс, суғару жүйелері, олдар мен көпірлерді қалпына келтіру бұл мұраларды тек сақтап қалу емес, туристер қызығатын орынға айналдырып, инфрақұрылымды дамытуды қолдануға мүмкіндік береді.

Ал Көшпенділер өркенитеттілігі ескерткіштеріне келсек, оларды сақтау, мұражайландыру, қоршаған жер бедерін қалпына келтіру бағдарламада қарастырылған. Осы объектілерді маусымдық мұражай этнографиялық комплекстерін, киіз үй ауылдарын, арба үй, табиғатқа сай келетін көріністер қарастырылған. Мұндай шешім бұл жерде қысқа мерзімге туристтер мен басқа қызығушыларды көптеп келтіріп, көшпелі тұрмыстық мәдени дәстүрлерін толық ашып, сол маусым кезеңінде ескерткіштерді қорғауды ұйымдастыруды жолға қоюға ықпал етеді.

Қазіргі кезде облысымызда туристерге қызмет көрсетуде мұражайларда кездесетін қиыншылықтарды атап айтар болсақ бірінші мәселе мұражай қорлары және экспозицияларын кеңірек көрсету үшін жаңа құралдар мен қазіргі техниканы алуға қол жеткізу болып тұр.

Екінші мәселе: мамандардың назарын аударатын басты нәрсе экскурсияны кім өткізеді деген сұрақ. Мұражай қызметкері ме әлде туристік бюроның экскурсия жүргізушісі ме? Міндеттерді бөлісу қажет: туристік ұйымдар туристерге тұрмыс жағдайына байланысты мәселелермен айналысып, ал мұражай оларға мұражайдан тыс объектілерді көруге кешенді экспедициялар ұйымдастыруды қолға алуы керек.

Кешенді экскурссияларды дайындау мен өткізу Оңтүстік Қазақстан облыстық тарих-өлкетану мұражайында қалыптасқан. Облыс мұражайларында жергілікті халықтардың келуін одан ары тиімді ұйымдастыру үшін туристік ұйымдар мен мұражайлардың бірлескен күш-жігері қажет

Үшінші мәселе, аймақтық туризмді дамыту мәселелері. Жергілікті туризмді дамытудың болашақ бағытының бірі жанұялық демалысты жолға қою, демалыс күндері жорық ұйымдастыру (денсаулықты тузеуге бағытталған демалыс) жексенбі және мереке күндері арнайы 2-3 күндік саяхат серияларын ұйымдастыру болып табылады.

Талдаулар көрсеткендей мұражай ісі және туризмнің дамуының өзара байланыс процесстері мұражай мен турист мекемелері арасында байланыс орнату мүмкіндігі қажеттігін туғызады.

Туристтерге экскурсиялық қымет көрсету деңгейін шешуге байланысты мәселелер мынадай:

  • Мұражай мен туристік ұйымдар арасында келісім жүйесін жетілдіру мәселелері;
  • Қатысушылардың әлеуметтік-демографиялық сипатын, ескеретін, топтық туристік бағдарламалар жасау;
  • Маман мұражайтанушылар, психологтардың келуші-туристердің ақпарат мазмұнын қабылдау, мұражай экспозицияларының әсерін, экскурсияның көңіл-күйіне әсерін зерттеу мәселелері.

Сол себебтен мұражай туризм объектісі  ретінде «Жібек жолы» тарихи орталықтарын жаңғырту орталықтары ретінде, түркі тілді мемлекеттеріні мәдени игіліктерін сақтаушы, туризм инфрақұрылымын құрушы болып қала береді.

Ұлы Жібек жолы ІІ мың жыл бойы өмір сүрген. Бұл әлем тарихында дара ерекше құбылыс болды. Тұнық мұхитпен атлант мұхитының арасындағы көптеген халықтарды біріктірді. Жібек жолы деген ат толық мағына бермейді. Жібекпен сауда жасау б.з.д. ІІ және б.з.д. І мыңдықта ғана болды.

Ұлы Жібек жолы әр түрлі сауда мәдениет, жаңалық және жаңа ойлардың таралу жолы Евразиядағы көшпенділер мен отырықшы халықтың даму жолы болды.

Жібек жолы өркениет жолы болды. 

Бұрынғы Қазақстан территориясынан өтетін Жібек жолы бойына көптеген архитектуралық ескерткіштер салынған. Олардың ішінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі, Созақ ауданындағы Ысқақ баб, Отырар жеріндегі Арыстан баб күмбездері, Сайрамдағы Ибрагим ата, Қарашаш ана мавзолейлері қазірге дейін сақталған. Бұл мәдени архитектуралық мұраларды  халықаралық мәдени және танымдық саяхат бағдарламасына қосу қазіргі таңдағы Егеменді Қазақстан туризмінің шешімін күткен мәселелердің бірі.

Біздің өлке тарихы бай да, қызықты. Оның дәлелі қазірге дейін сақталған көптеген көне сәулет өнері мен монументальдық өнер туындылары. Солардың ішінде әсіресе архитектуралық ескерткіштердің орны бөлек. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысында 156 архитектуралық ескерткіштер есепке алынған. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауі мавзолейі Қазақстандағы тарихи архитектуралық құрылыстың інжу-маржаны ретінде бүкіл дүние жүзіне белгілі. Облыстағы архитектуралық ескерткіштер орта ғасырдың соңғы кезеңінде салынғанымен көбісінің әдепкі пішіні сол күйінде сақталған Облыс көлемінде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында салынған орын архитектурасының үлгісіндегі құрылыстарда бар. Осынау тарихи сәулет құрылыстарынан көптеген ғасырлар бойғы халық шеберлерінің тәжірибесін әсемдік туралы халық түсініктерінің жиынтық бейнесін көреміз.

Халық өнері қоғамның дамуымен, байланысымен өсіп, өркендейді. Ерте және орта ғасырларда сәндік қолданбалы өнермен қатар сурет пен сұңғат (живопись) үлгілері де болуы мүмкін. Бірақ олар қатты материалдарда орындалмағандықтан бізге жеткен жоқ.

Қазақстан территориясынан өткен Жібек жолы, ертедегі қалалардың пайда болуына байланысты керуен сарайы, мешіт, мавзолей, монша т.б. қатты материалдармен орындалатын сәулет өнері құрылыстарының сол кездегі жаңа үлгілері пайда болды.

Архитектуралық құрылыстардың, әсем болуы қажеттігінен құрылыстың жаңа конструкциялары мен формаларының түрлері интерьерлер мен экстерьерлер көріністерін сәндік көркем безендірудің тәсілдері пайда болды.

Көркемдеу элементтері халық өнері туындылармен синтездік байланыста дамыды. Ою-өрнектер архитектуралық құрылыстың фасадын, ішкі бөлмелерін көркем безендіруге қолданылды. Архитектурадағы фасад формасын композициядағы негізгі элемент деп қарасақ, ал қабырғалары мен күмбездері ішкі бөлмелерінің түрліше қосалқы элемент ретінде көрінеді.

Осы аталған сәулет ескерткіштері орналасқан елді мекендерде халық шеберлерін көптеп табуға болады. Жергілікті баспасөз материалдарын облыстың мәдениет департаменті құжаттарын және жеке елді-мекендердегі тұрғындарымен сұқбаттасу негізінде аталған архитектуралық мәдениет ескерткіштеріне жақын орналасқан елдімекендерде тұратын халық шеберлері туралы мәліметтер жиналды. Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізілген зерттеулер негізінде біз сәндік қоданбалы өнерінің шеберлерге бай өлке екендігіне көзімізді жеткіздік.

Шымкент қаласында тұратын А. Жүсіпова, М. Закаринов, С. Бегимова, Ұ. Жүсіпбаева жайлы мәліметтер жиналды.

Жүсіпова Ажар, 1912 жылы туылған. Республикалық, облыстық көрмелерге қатысып, Кеңес суретшілер одағының құрмет грамотасымен наградталған. Кілем тоқу, киіз басу мен құрақ құраумен айналысады (7-сурет).

Закаринов Марат, 1951 жылы туған. Республикалық бүкіл одақтық, Халықаралық сурет көрмелеріне қатысқан, Кеңес Одағы, Қазақстан суретшілер Одағының құрмет грамоталарымен, дипломдарымен наградталған. Қазақтың музыкалық аспаптарын сыйлық бұйымдарын жасаумен шұғылданады. Олардың негізгілері: қобыз, домбыра, шертер, жетіген, тұяқ, шылдырмақ.

Бегімова Самал, 1953 жылы туған Республикалық облыстық көрмелерге қатысқан. Қазақстан суретшілер Одағының құрмет грамоталарымен, дипломдарымен марапатталған. Киіз басу, құрақ құраумен айналысады. Құрақ көрпелер, сырмақтар, түскиіздер дайындайды.

Жоғарыда аталған халық шеберлерінің өнер туындыларын, бұйымдарын сувенирлерін халық арасына кеңінен таныстыру және оларды қолдау үшін өзіндік тәлім-тәрбие жұмыс түрлері мен әдіс құралдары сан алуан туризм қызметінің көркемдік мәдени+құралдарын пайдалануға болады. Әсіресе байырғы мәдени-ағарту жұмыстарының мынадай дәстүрлі қолданыстағы құралдарын: «динамикалық-қарымды, баспа сөз, көрнекі үгіт-насихат», «техникалық» құралдары, «аудиокөрілімді, жарық проекциялары аппаратуралары», макет, реквизит, бутаформа» т.б. тиімді қолдануға әбден лайық.

Туризмдегі көркемдік-мәдени іс-шараларда аты аталған өзіндік құралдар арқылы халық шеберлері өнер туындылары жаилы жариялық пен құндылық-баға беруде сайысқа түсу ықтималдықты арттырып, көрермендердің қызығушылық-құмарлығын дамытуға, қазақ қолданбалы өнерлеріне деген құрмет сезіммен қарау көз-қарас қалыптастыруға, сондайақ Жібек жолы бойындағы саяхат іс-шараларына – деген құштарлықты шақыруға алғы шарт жасауға болады.

Мұндай іс-әрекеттер тәжірбиесі туралы деректер жеткілікті. Ғылыми еңбектерде өнер шеберлері шығармашылығы көрмесіндегі экспонаттарды т.с.с. бір көріп шығудың өзі әр адамның көркемдік таным қызметіне «үлгіде» үйренуге ықпал жасайтындығы айтылған.

Осыдан келіп көне архитектуралық ескерткіштерінің жанынан тұрақты музейлер ұйымдастыру мәселесі өзінен-өзіақ туындайды. Ондай музейлерге мектеп оқушылары үшін «Атамекен» бағдарламасы бойынша экскурсиялар ұйымдастырып тұруға болады.

Көнеархитектуралық ескерткіштерінің жанынан музейлер ұйымдастыру, "Атамекен" бағдарламасы бойынша экскурсиялар жасау, жалпы қазақ қолөнер шебеолері туралы насихаттау қазіргі кезде шешімін күткен мәселелер.

Халық шеберлері шығармашылығын дамыту және қазақтың-сәндік қолөнерін туризм саласында және жастар тәрбиесінде қолдану үшін мынандай:

  1. Қол өнер шеберлерінің жасаған көркем бұйымдарын жинақтап, Жібек жолы бойында орналасқан әрбір ғимарат жанынан көрме, аукцион, музей немесе дүкендер ұйымдастыру.
  2. Сәулет ғимараты жанынан ұйымдастырылған, қолөнер бұйымдарын сататын дүкендердің сатушыларын, көрмелердің өнер танушыларын өнертану дайындығынан өткізу, оларға арнап әдістемелік нұсқаулар дайындау.
  3. Туризм саласының болашақ мамандарын қазақтың сәндік қолөнері білімдердін жетілдіретін арнайы дайындықтан өткізу сияқты іс-шараларды дүзеге асыру қажет.

Осыдан болса, керек, Ш. Уалиханов: «Ескі қалалардың қалдықтары мен тастан соққан құрылыстарына және тарихи деректерге бақсақ барлық Моғолстан жері ерте кездерде халқы мол, қалың ел отырықшы, мәдениетті ел екен, Ол елдің сол кездерде жазған кітаптары мен шежірелерінің болуы ғажап емес. Тек біздің дәуірге құлаған мұнара, мешіт, үйлерден басқа еш нәрсе жетпеген» - дейді.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.   Мироненко., Твердохлебов И.Т. Рекреационная география.М.1981.

2.   Царфис П.Г. Рекреационная география СССР.М. 1979.

3.   Казанская Н.С., Морфенин Н.Н. Сбор рекреационной географии.М. 1976

4.  Чижова В.П. Рекреационные нагрузки в зонах отдыха.М.1977

5.  Сайпов А.А.Теория и практика туризма Казахстана.А-А,1999

6.   Ким А.Г. Рекреационная оценка территории и развитие туристко-

      рекреационного хозяйства в Казахстане.А. 1997.

7.   Достопримечательные места Казахстана. А-А.1959

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-16 18:57:39     Қаралды-4350

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »