Тақырыбы: "Ғимараттар мен үймереттерді қайта конструкциялау"
1: «Ғимараттар мен үймереттердің жағдайы бойынша тексеру».
1. Ғимараттар мен үймереттердің жағдайын тексеру әдістері.
2. Ғимараттар мен үймереттер деформацияларын анықтау.
3. Жеке конструкциялардың деформациялауын бағалау.
4. Конструкциялардың деффектоскопиясы.
1. Ғимараттар мен үймереттердің жағдайын тексеру әдістері.
Ғимараттар мен үймереттерді тексеру бұл олардың техникалық жағдайына толық қанды баға беретін жұмыстар жиынтығының ең негізі болып табылады. Себебі, тексеру барысында ғимарат және оның жекеленген конструкциясының нақты көтеру қабілетін және эксплуатациялық жарамдылығын тексеріп қайта консрукциялау жоба жасауда бірден-бір орын алады. Мұнан басқа тексеру барысында оптималды конструкцияның жоспарлық шешім жасау технологиялық өзгерістердіескере отырып, көтеру конструкциялары күштетудің мүмкіндік тәсілдерін қарастыру еңбек шығынының материалды ресурстарды және уақыт мерзімін азайтып, қайта конструкциялау жұмысын орындайды.
Ғимараттар мен үймереттердің жағдайын тексеру әдістері.
Ғимаратар мен үймеретердің құрылыс конструкциясын тексеру үшін арнайы дайындалған құрал-саймандармен қамтамасыздандырған жоғары инженерлік техникалық қызметкерлерді жібереді. Тексеру алдында міндетті түрде ғимарат туралы толық мәлімет жинауы тиіс, мұнан басқа ғимараттар мен үймереттерді тексеріп, конструкциялық шешімдерді қабылдау құжаттарды тексеру керек. Қайта конструкциялау негізгі болып ондағы технологиялық өзгерістер әсер ететін жүктемелер мен әсерлер немесе қажетті жоспарлау өзгерістер сонымен қатар қайта конструкцияланатынан кейін жалпы экслуатациялау болып табылады. Әдетте тексеру жұмысы екі этаптан тұрады: алдын-ала немесе жалпы тексеру, тиянақты тексеру. Жалпы алғанда конструкцияларды тексеру жұмыс түрінен тұрады:
- конструкцияларды алдын-ала көзбен шолып тексеру;
- техникалық құжаттарды зерттеу, ғимараттардың нақты пайдалану ерекшеліктерімен және болашақ технологиялық процестерімен, сонымен қатар эксплуатациялау немесе пайдалану режимімен жүреді;
- инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық, инженерлік-гидрометрологиялық ізденістер;
- нақты конструкцияларды тиянақты (бөлшекті) тексеру, өлшеу және бар ақауларды анықтау;
- конструкциялық материалдарын талдау мақсатында үлгілердіалу;
- болашақ әсер және жүктемелерді анықтау;
- ғимараттар немесе жеке конструкциялар нақты есептік схемасын анықтау ессептеп тексеру.
Алдын-ала немесе жалпы тексеру оның ішінде көлемдік-жоспарлық және конструкциялық шешімдер құрылыс инженерлік-геологиялық жағдайда және пайдалануға тексеру, тиянақты тексеру, тұтас тексеру.
Тексеру үшін қолданылатын аспаптар негізінен екі топқа бөлінеді:
1. Құрылыс конструкцияларының тірлі пайда болған дифармацияларды ескере отырып жобалық жағдайға сәйкестігіне арналған приборлар. Бұл мақсат үшін біз геодезиялық аспаптарды пайдалануға аталған аспаптар көмегімен (Т30П, Т30, Т2, Т25К, Т302П), онан басқа нивелирлер (Н1, Н35, Н10, Н3, т.б.) негізгі ғимарат немесе оның жобалық жағдайына сәйкестігін тексереді.
2. Ғимараттар және конструкциялар дайындарлағ материалдардың беріктігін және деформациялық жағдайында анықтауға арналған приборлар, әдетте материалдардың беріктігі оны қиратып немесе қиратпай сынау арқылы анықталады. Атап айтқанда келесі механикалық аспаптар вибро маркалар сағат типті индекаторлар немесе өлшегіштер, конструкция амплетудасын өлшегіш аспап конструкциясында пайда болатын жарық шақтарды МПБ-2, МПБ-3, МИР-2. Мұнан басқа түрлі деформациялық өлшегіш аспаптар. Арматураның қорғау қабатын және арматураның диаметрін анықттайтын приборлар ИЗС-2, ИЗС-10 аспабы, ультро дыбысты аспаптар, қошқаровтың этолонды балғасы. Ғимарат жйне оның конструкцияларын диагностикалау түрлері.
2. Ғимараттар мен үймереттер деформацияларын анықтау.
Деформацияларды орын ауыстыру негізінен арнайы аспаптар көмегімен анықталады. Деформация жалпы болып бөлінеді. Мұнда тұтас ғимарат және оның конструкцияларының орын ауыстырып, деформацияланады. Жергілікті деформациялар мұнда орын ауыстыру, майысу, бұрылу тек бір конструкциямен шектеледі. Жалпы деформация пайда болу негізінде ғимараттың негізгі бір келкі шөкпеуі салдарынан туындайды. Аталған ақау (орын ауыстыру) ғимаратты пайдалану барысында оның негізінен көтеру қабылеті дұрыс емесанықталғанан немесе жобада көрсетілгендей нормальді жағдайда пайдалануда пайда болады. Әдетте бұл ақау гидро-геологиялық жағдайынан шөккіш топырақ суланудан, сонымен қатар сумен және жылумен жүйесін қамтамасыз етілуінен туындайды.
Ғимарат және оның конструкциялық шөгуін қисаюын, жылжуын өлшеу мақсатында инженерлік геодезиялық тәсілдер қолданылады. Ғимараттар мен үймереттер шөгу материалдары белгілеу және олар тірек реперлері деп аталады. Аталған реперлер ғимараттын 30-120 метр қашықтыққа орналасады және олардың негізгі практикалық тұрғыдан сығылатын топырақтан болу тиіс шөгу маркалары ғимарат периметрі бойынша іргетастарға орналастырлады, материал майлы сыр көмегімен ұстынға жазылады.
3. Жеке конструкциялардың деформациялауын бағалау.
Жеке конструкциялардың жергілікті деформациялануы болып оның майысуы және түрлі жазықтықта бұрылуы болып табылады. Осы орайды аталған деформациялардың пайда болуы міндетті түрде ескерілуі тиіс, бірақ бұл көрсеткіштер мәні майысуы бұру бұрышы, оның шектік мәнінен аспауы тиіс. Әр бір конструкцияға оны ғимарат құрамына жұмыс істеуіне байланысты. Жобалау нормалары бойынша шектік мәндері анықталады.
Әдетте конструкцияларының иілуіне салыстырмалы түрде анықталады. Майысуды анықтау үшін геометриялық немесе гидростатикалық невелирлеу әдісі қолданылады.
Геометриялық невелирлеу зерттелетін конструкциялауға топсалы түрде іліп немесе конструкцияларға вертикальды орнатып невелир және рейка көмегімен жұмыстарды атқарамыз.
Гидравликалық (гидростатикалық нивелирлер) иін өлшеуіш, базалық өлшеуіш шыны трубкалардан өз-ара ризанка шлангамен жалғау арқылы шығарылады. Демек гидростатикалық невелирлеу өз-ара байланыстырылған құбырлар негізінде жасалынған.
Гидравликалық нивелирлеу геометриялық нивелирлеуге қарағанда дәлірек пайдалануы оңай үлкен бос кеңістікті қажет етпейді.сонымен қатар орналасқан бөлмелердегі нүктелерді салыстыру мүмкіндігі бар.
4. Конструкциялардың деффектоскопиясы.
Құрылыс материалдарының және түрлі конструкцияларының ақауларын анықтауда деффектоскопия қолданылады. Болу мүмкін ақаулар микро және макро жарықшақтар, бос қуыстар, материалдарға қатнасы жоқ бөлшектер, т.б. Демек, деффектоскопия әдісімен бетон қабатын алмастан арматураның орнуғу үшін (темірбетон конструкциялары үшін) сонымен қатар қабырға ішінде орналақан металл конструкцияларының қималарын анықтайға болады.
Бетон немесе болаттан орын алатын ақауларды анықтау үшін ультро дыбысты деффектоскопия әдістері қолданылады.
Жалпы жүктеме әсерлер. Негіздерді күшейту.
Объектілерді қайта конструкциялауды жобалау барысында болашақ құрылысты жүргізу ғимараттың ескі ғимараттарға әсері зерттелуі тиіс. Лента тәріздес және қадалы іргетастар үшін бұл тексеруді келесі жағдайларда жасаудың қажеті жоқ:
-егер сығындалатын қалыңдық бойынша топырақ орташа серпімділік модулі ε>15МПа және ескі және жаңа ғимараттар іргетастар арасы L>0,25Нс, мұндағы Н- ҚМжЕ 2.02.01-83 бойынша сәйкес сығымдалу қалыңдығының тереңдігі.
-егер жаңа ғимараттың іргетасы тұтас плитадан орындалатын болса, нақты ғиараттың шөгу есебі жасалынбайды;
-егер ε>30МПа және L>0,5Нс болса, жаңа құрылыстың нақты ғимаратқа әсерін жою мақсатымен келесі іс-шаралар қарастырылады:
1) бөлу қабырғалары;
2) иінді іргетастар;
3) жаңа іргетастарды рационалды түрде орнықтыру.
Міндетті түрде жаңа ғимараттар іргетастардың деңгейі нақты ғимараттың деңгейімен біркелкі болуы керек. Себебі ағын сулар және басқа да түрлі құбылыстар әсерінен іргетастар шөгуі мүмкін.
Аталған іс-шараларды жасау мүмкіндігі болмаған жағдайдақазаншұңқырларды жасау алдында онда келесі қорлау жұмыстары, атап айтсақ шпунттар, қадалар және топырақтағы қабырға атты іс-шаралар жүргізілуі тиіс. Мұнан басқа топырақты химиялық әдістермен нығыздауға болады (силикаттау, цементизация және термиялық күйдіру).
Шатыр бөлу қабырғаларын ауыстыру және күшейту.
Ескі тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарды қайта конструкциялау барысында көбінесе шатыр конструкцияларын толық ауыстыру немесе күшейту жұмыстары туындайды. Аталған конструкциялардың негізгі көтергіш элементтері әдетте ағаш болып келеді. Ал қорғау қабаты болаттан, асбестті цементті шиферден, жазық плиталардан, т.б. орындалады. Егер шатыр конструкциясы қатты тозғын болса, онда оны ауыстыру темірбетон конструкциясымен жасалынады. Себебі темірбетон конструкциясынан орындалған шатыр ұзақ мерзім қызмет етеді, сол себепті оны шатырларды толық ауыстыру барысында қолданылады. Көтергіш элементтер ретінде темірбетон таврлы стропиллалар қолданылады. Егер бойлық қабырға (көтергіш) жоқ болған жағдайда стропиллалар сыртқы қабырға орнықтырылып, қимасы дөңгелек болат көтергішмен тартылады.
Шатыр консрукциясын қайта конструкциялау кезінде оған көтергіш және қорғауыш конструкция ретінде эффективті материал болып армоцементті қабыршақты кеңістікті конструкциялар қолданылады. Мұнан басқа аралығы 8,85, ені 1,5м армоцементті тавр қималы панельдерде қолданылатын рулон тәріздес жұмсақ материалдардан орындалған жабындарды дұрыс пайдалану үшін олардың жұмсақтығын қамтамасыз ету қажет. Оларды қайта конструкциялау кезінде дәл өзінің құрамына сәйкес смола тәріздес материалмен өңдеу қажет.
Конструкция кемістіктерін жою.
Ғимараттың құрылысы және пайдалану кезінде түрлі кемістіктер және ауытқулар пайда болуы мүмкін. Әдетте олар ғимараттың пайдаланылуына қауіп туындырмайды. Бірақ олар ғимараттың ішкі және сыртқы көрінісін нашарлатады. Ал ұзақ мерзім ол кемістіктерді жоймаса, апатты жағдайға алып келуі мүмкін. Бетон және темірбетон ұзақ мерзім қызмет ететін материал болып саналады. Бірақ бұларды материалдар секілді универсалды болып табылмайды. Себебі созылуы нашар жұмыс істейді және т.б. Мұнан басқа бетонның жұмыстарды жасау барысында ақаулар болуы мүмкін. Ал олар өз ретінде пайдалану барысында түрлі күрделі кемістіктерге алып келіп, ақырында конструкцияның қирауына мүмкіндік туғызады.
Темірбетон конструкцияларының ең бір осал жері – ол арматураның коррозияға душар болуы. Темірбетондағы арматураны коррозиядан қорғау кальций гидроксидімен қамтамасыздандырылады. Ол цемент массасының гидротациялану жағдайында пайда болады. Бірақ аталған қорғау бетон қабатының тығыздығынан және оның қалыңдығынан тікелей тәуелді. Жөндеу жұмыстары барысында қираған немесе ақауланған аудан толығымен тазаланады. Қажет жағдайда қосымша арматураланып торкреттеу әдісімен бетондалады. Ақау көлемі кіші болған жағдайда оларды жою үшін түрлі полимерлер , синтетикалық смолалар және полимерлі материалдармен жасалған пленкалармен жойылады. Анықталған бос және кеуек орындар цемент ерітіндісімен құйылады.
Көтергіш конструкцияларын ауыстыру. Жабындарды ауыстыруға арналған конструкциялар.
а) тавр қималы темірбетон прогондары мен жабын конструкциясын ауыстыру.
б) қоставр қималы темірбетон прогондары мен жабын конструкциясын ауыстыру.
1 - ағаш еден;
2 - ағаш лагалары;
3 - жылу қабаты;
4 –жеңіл бетонды плита;
5 –тавр (қоставр) қималы темірбетон прогондары.
Конструкция жағдайын бағалау.
Тозу дәрежесі бойынша конструктивті элементердің классифекациясы.
Тексеретін ғимараттар мен үймереттердің құрылыс конструкцияларында оның түріне сипаттамасына көтеру қасиеті және пайдалану байланысты. Түрлі ақауларға душар болуы мүмкін. Бұл ақауларды бағалау үшін арнайы анықталған дефформация және деффектілер түріне байланысты бір жүйеге келтіріп оларды классификациялары (ақаулар ведомостері) туралы мәліметтерге енгізеді.
Құрылыс элементінің ақаулар түрлерін тиянақты бір жүйеге келтіріп сонымен қатар нормада көрсетілген басқада ауытқуларды анықтап конструкцияның техникалық жағдайына байланысты категориясын орнықтырады және оларды күшейтудің бастапқы іс-шараларын анықтайды.
Конструкциядағы ақауларын тиянақты талдау, тек қана темірбетон конструкциясына ғана емес, сонымен қатар ағаш және бетон конструкциясы үшін қолданылады.
Іргетастарды және жер сілемін тексеру.
Ғимараттар мен үйлер қайта конструкциялау алдында оны тексеру барысында іргетастар және жел сілемінің көтеру қасиеті анықталуы тиіс. Ол үшін гидрогеологиялық инженерлік геологиялық зерттеулерді құрылыс алаңында жасаймыз, сонымен қатар іргетастардың астындағы сілеміне және нақты (сілемдері үшін) іргетастар үшін инженерлік геологиялық нәтежелер келесі жағдайлар жүргізіледі:
- жұмысшы сызбалары жоқ және іргетастарды тұрғызу құжаттары жоқ болған жағдайы;
- ғимараттар жер үсті бөлігіндегі конструкциясында дефформациялар анықталса және олардың пайда болуы жер сілемінің жер сілемінің бір келкі шөкпеген жағдайы;
- егер жүктелу сипаты өзгерсе немесе жүктеме мәні қайта конструкциялау барысында ұлғайса;
- жер төлі бөлшектерін жасау қажеттілігі пайда болу жағдайы;
- технологиялық процесс өзгергенде (іргетастарға агрессивті сұйықтар әсері немесе жоғары және төмен температура әсері туындаса және т.б.) бұл тексерулер ашық шруптар көмегімен жүргізілген. Ал олардың алаңында орналасуы және қажетті саны әр бір нақты жағдай үшін қарастырылады.
Аталған шуруфттар әр бір конструкциясының түрінің ең жүктелген және аз мөлшерлерде жүктеген аудандарда сонымен қатар сыртқы және ішкі қабырғалар тұсында арнайы қондырғылар орналасқан тұсында және т.б. жасайды.
Шруптарды міндетті түрде тым көп дефформацияланған конструкциялар жанында жүктемелер бір шама жоғарлайтын учаскелерде міндетті түрде қазылады. Шруптарды жасау барысында олар арқылы атмосфералық және т.б. сулардың іргетасқа өтпеуін қамтамасыз ету керек. Тексеру жұмыстары аяқталған соң шруптағы топырақтар қабатын нығыздалып толтырлады.
Шруптардың тереңдігі іргетас табанынан 0,5-1 метрнен кем болмауы тиіс. шруптан алынған топырақтар қасиетін анықтау үшін қиратпай сынау және экспресс әдістері қолданылады. Мысалы, электронды акустикалық тәсіл көмегімен бір өсті сығудан туындаған күштер арқылы деффармация модулі және беріктігі анықталады. Зертханалық сынаулар арқылы топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері анықталады.
Тас және арматуранын тас конструкциясын тексеру.
Тас және арматуранын тас конструкциясын тексеру барысында міндетті түрде элементтерді анықтайды. Олардың жағдай ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Көзбен шолу және арнайы аспаптар көмегімен конструкцияға қойылатын мөлшерлі талаптардан және жобалық шешімдерден ауытқулар анықталады. Бұл кезде конструктивті элементтің нақты өлшемдері қабырғаның өз ара және жабын конструкциямен және каңқамен түйісу түрі тас және арматураланған тасконструкциясы өз жазықтығында және оған перпендикуляр жазықтығында дефформациялану мәні арқалық жабын плитасының қажетті тірелу жоғарыда сақталмағандығы болат арматуралары және жапсырма бөлшектерінің жағдайы. Олардың каррозияға душар болу дәрежесі анықталады. Ақаулар келесі әсерлер арқылы туындаумүмкін механикалық, динамикалық, температуралық, сұйықтың әсері және мұнан басқа жер сілемі диффереционал бір келкі болмауынан.
Қайта конструкцияланатын ғимараттардың негіздерінің топырақтарын күшейтудің негізгі тәсілдерінің салыстырмалы сипаттамасы.
Топырақты күшейту тәсілдері |
Топырақтар |
Қолдану эффектілігі |
|
Аталуы |
Кф м/тәул |
||
1. Цементация – цемент суспензиясы іргетас табанының астына жайғастырылады. |
ірі дәнді құмдар үшін |
80 |
беріктігі R=10-35 кгс/см2 немесе 1-3,5 МПа су өткізбеушілігі |
2. Силикатизация – химиялық ерітінділер инъекторлар арқылы сығымдалады. |
құмдар, шаң тәріздес грунт |
0,2-80 |
беріктігі R=6-35 кгс/см2 немесе 0,6-3,5 МПа су өткізбеушілігі |
3. Смолизация – синтетикалық смола тұрақты кристалл аралық байланыстар жасайды. |
майда дәнді құмдар жер асты сулары дейгейі жоғары болғанда |
0,5-5 |
беріктігі R=15,25 кгс/см2 немесе 1,5-2,5 МПа су өткізбеушілігі тиөмендейді. |
4. Обжиг (күйдіру) – мұндағы ыстық ауа температурасы 600-800°C қысыммен енгізіледі. |
шаң тәріздес құмдар, қара топырақ |
Ауа өткізгіштігі 0,1 см/сек |
беріктігі R=10-40 кгс/см2 немесе 1-4 МПа суға тұрақтылығы |
Темірбетон конструкцияларын күшейтудің негізгі әдістері.
Темірбетон конструкцияларынан жасалған үймереттерді және ескі конструкцияларды күшейту бойынша өндіріс ережелері және технологиясы.
Тас конструкцияларынан ғимараттарды және үймереттерді қайта конструкциялау үшін оның негізгі көтеру конструкциясының нақты беріктігін білу қажет. Бұл бағалау әдетте қиратып және қиратпай сынау әдістерімен сол ғимараттың кірпіш ерітіндісінің беріктігін және сонымен қатар болаттың аққыштық шегін анықтаймыз. Бұл жерде бірден-бір көтеру конструкциясының қабілетінің төмендеу факторлары міндетті түрде ескерілуі тиіс (жарықшақ, жергілікті зақымдалулар, эксцентриситеттің вертикал бойынша үлкеюі, көтергіш конструкциялар арасындағы кемуі немесе бұзылуы, мұнан басқа жабын және қабатаралық жабын плиталарының прогондарының жобалық жағдайдан ауытқулары). Тас конструкциясының негізгі сығу күшіне жұмыс істейтіне ескере отырып оларды күшейтудің ең ұтымды тәсілі болып болаттан, темірбетоннан және арматураланған ерітінділер арқылы арнайы құрсау жасау болып табылады.
Арқалық және прогондарды күшейту. Күшейтуді конструктивтік шешімі.
Аталған конструкцияларды күшейтудің оңай және тұрпайы түрі. Ол аталған конструкция қатаң немесе серпінді тіреу орнату болып табылады. Бірақ оған технологиялық процестер кедергі жасаса, онда аталған күшейту қолданылмайды. Әдетте қатаң тіреулер астына немесе жаңадан жеке іргетастар жасалынады.
1-сурет. Қатаң тіректі қолдану арқылы арқалықты нығайту.
1 – күшейтілген арқалық;
2 – қосымша іргетас;
3 – күшейткіш ұстын (тірек);
4- болаттар.
2-сурет. Қатаң порталмен арқалықты нығайту.
1 – күшейтілген арқалық;
2 – қатаң портал;
3 – металды бондаж.
Өндіріс ғимараттарды қайта конструкциялау.
Өндіріс кәсіпорындарды техникалық қайта жабдықтау және қайта конструкциялаудың мақсаты және міндеттері.
Өндіріс өнімдерінің көлемінің ұлғаюының негізгі қоғам қажеттілігінің өсуін қанағаттандыруға арналған. Ол үшін: өндірістердің материалды техникалық базасына сапалы өзгеріс енгізуді интерсификациялау арқылы жүзеге асырады. Демек, өндіріс қуатын толығырақ пайдалады, сонымен қатар шикізат және жаран қорының барлық түрін қолданылады, жұмысшылар еңбегін жеңілдету арқылы жұмыстың өнімділігін жоғарлатады. Осы аталған жұмыстар арқылы біз өндірісті қайта конструкциялау және техникалық тұрғыдан қайта қаруландырудың соңғы мақсатына жетеміз. Бұл жерде өндіріс орынының шығара бастауын бірден-бір фактр ретінде ескеру керек.
Қайта конструкциялау және техникалық қайта қаруландыру фактрлар схемасы.
Қайта контрукциялау негізінде, ескі техниканы бүгін күн талабына жауап беретін жаңа техникаға ауыстыру қондырғылармен құрал-саймандарды мадернизациялау өндірісте комплексті түрде механизациялау және автоматизациялау технологиялық процестерді өндірісті ұйымдастыруды жақсарту оның ішінде мамандандырлу және каперациялауды ерекше өсіру шикізатының эффективті түрін қолданады. Шығарылатын өнімнің сапасын жоғарлату және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру болып табылады. Бұл үшін келесі түсініктер өндірісте қайта конструкциялау және техникалық қайта қаруландыру үшін орнықтылған:
1. Кеңейту
2. Қайта конструкциялау
3. Өндірісте қайта конструкциялау
1. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды кеңейту, бұл қосымша жаңа өндіріс орындарының құрылысы, нақты цехтар және негізгі объектіліерді кеңейту, аталған аймақта қызмет атқару және қосалқы ғимараттарды қосымша немесе жаңа өндіріс алаңдары ретінде пайдалану сонымен қатар осы өндіріс құрамына кіретін, жаңа өндіріс құрамына кіретін жаңа өндіріс және филиалдар құрылысы. Аталған жаңа өндіріс орындарының барлығы негізгі өндіріс балансында орналасқан.
2. Қайта конструкциялау - бұл нақты цехтар және негізгі объектілерінің негізгісі қайта құру. Әдетте аталған жұмыстар атқару барысында өндіріс орындарын кеңейтілу іс-шаралар қарастырмайды.
3. Техникамен қайта қаруландыру – бұл жекеленген өндіріс орындарының техника-экономикалық деңгейін жоғарлату алдыңғы қатарлы техника және технологияларды учаскілерге және цехтарға ендіру механизациялау, автоматизациялау және тозған ескі құрал-саймандармен қондырғыларды жоғарғы өнімді жаңаларына ауыстыру демек техникалық қайта қаруландырудың негізгі мақсаты бұл өндірісте түбегейлі интектификациялау өнімді шығаруеңбек өнімділігін артырып, өнім сапасын жоғарлату жаңа технология арқасында жұмыс орындарын қолданатын материалдар көлемін үнемдеп өнімнің өзіндік құнын кеміту, мұнда техникалық қайта қаруландыруға қарастырған қаржы көлемін оның құрылыс мантаждау жұмыстарының 10% аспауы тиіс.
Өндірістік ғимараттарды қайта конструкциялау ерекшеліктері.
Өндіріс ғимараттарын қайта конструкциялау барысында келесі міндеттер атқарлады:
1. Нақты ғимараттар көлемдік жоспарлық құрылымын мадарнизацияланатын немесе орнықтырлатын жаңа өндірісінің қажеттілігіне келтіру, ал кейбір ғимараттардың функцианалды арналуы өзгереді. Демек, мұны жаңа қызмет және цехтар жағдайына келтіру.
2. Нақты ғимараттардың көтергіш және қорғау конструкциялардың эксплуатациялық сапасын жоғарлату және оны жаңа өндіріс талаптарына сәйкестендіру.
3. Ғимараттың негізгі құрылыс өлшемдерін өзгерту (пішімін, жоспарын, бөлмелерін биіктігін, ұстын торын) аталған жұмыстар технологиялық процесстер тоқтатылмай атқарылуы тиіс.
4. Мадернизацияланатын өндірістің инженерлік жүйелерін мадернизациялау арқылы қажеттілігін қамтамасыздандыру және оны жұмысшылар жоғарғы норматалаптарына келтіру.
5. Ғимараттың сыртқы және ішкі көрінісі сәулет көлемдік сапасын жетілдіріп, көркейту.
Өндіріс ғимарат мен үймереттерді қайта конструкциялау жүргізу қажеттілігі.
Шығарылатын өнім және оған қажетті жаңа аспаптар жаңарлату қысқа мерзім арасында болып тұрады, ал олар орналасқан ғимараттар мен үймереттер бастапқы қалыпта сақталады, атап айтсақ машина құрылыс өндірісінде технологиялық өзгеруі және өндірістік аспаптардың жаңалануы 10-15 жыл, химия өндірісінде 6-8 жыл, электроникада 5 жыл. Ғимараттар мен үймереттердің оның физикалық тұрғысынан ұзақ мерзім қызмет етуі 50-100 жыл. Демек, егер біз ғимараттарды ұзақ қызмет етуін төменгі шекарасын алатын болсақ, онда атқарлатын негізгі технология өзгеріп тұрады. Бұл дегеніміз аспаптарды ауыстыру өзгерту барысында өндірістік ғимараттарды жаңалап қайта конструкциялау қажеттілігі туындайды. Ол үшін қайта конструкциялау алдында кәсіпорындарда бастапқы парамертлермен анықтау үшін және негізгі қорды жаңалау концепциясын анықтау ретінде комплексті зерттеу жүргізеді.
Негізгі қорды жаңалайдың комплексті концепциясы.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Матвеев Е.П. Реконструкция жилых и гражданских зданий. - М., 1999.
2. Под редакцией А.Л. Шагина Реконструкция зданий и сооружений. – М.: 1991.
3. Реконструкция промышленных предприятий. В 2-х томах под ред. д.т.н. В.Д. Топчия. Справочник строителя. -М.: Стройиздат, 1990.
4. Савиовский В.В., Болотских О.Н. Ремонт и реконструкция гражданских зданий. -Харьков, «Ватерпас», 1999.
5. Справочник прораба. Под общей ред. А.И. Парамонова. - Алматы: Изд-во «Капитал», 2006.
Жарияланған-2015-10-16 17:46:31 Қаралды-8806
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану