UF

Мазмұны

 

 

Аннотация

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Белгілер мен қысқартулар

Кіріспе

1 Негізгі бөлім..............................................................................................................9

1.1 Абцесс(этиологиясы,клиникасы,емі)..................................................................9

1.2  Шиқан сыздауық (фурункул) және көр шиқан (фурункулез).....................10

1.3 Шиқанның клиникалық белгілері.....................................................................10

1.4 Карбункул.......................................................................................................................11

2 Өзіндік зерттеулер..................................................................................................14

2.1  Proanamnesis........................................................................................................14

2.2  Anamnesis vitae...................................................................................................14

2.3   Anamnesis morbi.................................................................................................14

2.4  Status proesens communis universale..................................................................15

2.5   Status proesens localis .......................................................................................19

2.6  Diagnosis............................................................................................................19

2.7  Decursis morbi et therapia...................................................................................19

2.8  Еріkrisis............................................................................................................26

3  Техника қауіпсіздігі..............................................................................................28

Қорытынды...............................................................................................................29

Пайданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................30

Қосымша суреттер....................................................................................................31

1) Сурет......................................................................................................................31

2) Сурет......................................................................................................................32

 

Анықтама

 

 

Абсцесс - деп ұлпалардың шектелген іріңді қабынуын айтады.

Шиқан - терінің жүнді, түкті жерінде пайда болатын іріңді қабыну.

Қабыну д/з – қандайда болмасын механикалық әсерлердің патологилық процесі, организмннің қорғаныс қасиетінің төмендеуі.

Фастикулярлы – тек қана бұлшықеттің жұмысы ғана емес талшықтарыныңда жұмысының бұзылуы.

Ісік дегеніміз –клеткалардың тоқтаусыз шексіз көбеюімен сипатталатын сырқаттық процесс.

 

Кіріспе

 

 

Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде -мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді.

Жергілікті іріңді теріде және шелде пайда болатын аурулар жатады. Өздерінің саны да көп. Оларға шиқан, сыздауық (фурункул), көршиқан (фурункулез), сом (карбункул), іріңдік (абсцесс), шелдің қабынуы (флегмона) аурулар жатады.

Абсцесс - деп ұлпалардың шектелген іріңді қабынуын айтады. Ірің жиылған жерде патогендік қабық болады да, осы қабықтың сыртына ірің шыға алмайды, жайылуына мүмкіндік жоқ. Жоғарыда айтылған шиқан, көршиқан, аурулары асқына келе абсцесс жағдайына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар кенеттен қабыну процесіне шалынған мүшенің арасында абсцесс пайда болуы ғажап емес. Мысалы, өкпеге суық тиіп, ол кенеттен қабыну процесіне шалдығып қалса, өкпе арасында абсцесс пайда болуы мүмкін. Сол сияқты жарақаттану салдарынан тері астына, ағзаларға қан құйылса және әртүрлі себептерге байланысты сол жерге микробтар түсе қалса, құйылған қан іріңдеп, бір жерге жиналып тұрып алады. Асептика заңын сақтамай, дәріні қайнатылмаған ине-щприцпен денеге енгізгенде, сол иненің ұшы жеткен жерде ірің пайда болуы мүмкін. Жарақаттану, жаралану кезінде тері бұзылып, соның астыңғы қабаттарына микробтар ену арқылы қабыну процесіне жол ашылады. Кейбір жағдайларда мал сепсис ауруына ұшырағанда қанмен бірге таратылып жатқан микробтар ағзаға қонып, сол жерлерде абсцесс пайда болуына себепші болады. Мысалы, мұндай ауруларда кенеттен өкпе абсцессі, бауыр абсцесі пайда болуы мүмкін.

 

 

 

 

1 Негізгі бөлім

  1. Абцесс(этиологиясы,клиникасы,емі)

 

Жергілікті іріңді теріде және шелде пайда болатын аурулар жатады. Өздерінің саны да көп. Оларға шиқан, сыздауық (фурункул), көршиқан (фурункулез), сом (карбункул), іріңдік (абсцесс), шелдің қабынуы (флегмона) аурулар жатады.

Абсцесс - деп ұлпалардың шектелген іріңді қабынуын айтады. Ірің жиылған жерде патогендік қабық болады да, осы қабықтың сыртына ірің шыға алмайды, жайылуына мүмкіндік жоқ. Жоғарыда айтылған шиқан, көршиқан, аурулары асқына келе абсцесс жағдайына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар кенеттен қабыну процесіне шалынған мүшенің арасында абсцесс пайда болуы ғажап емес. Мысалы, өкпеге суық тиіп, ол кенеттен қабыну процесіне шалдығып қалса, өкпе арасында абсцесс пайда болуы мүмкін. Сол сияқты жарақаттану салдарынан тері астына, ағзаларға қан құйылса және әртүрлі себептерге байланысты сол жерге микробтар түсе қалса, құйылған қан іріңдеп, бір жерге жиналып тұрып алады. Асептика заңын сақтамай, дәріні қайнатылмаған ине-щприцпен денеге енгізгенде, сол иненің ұшы жеткен жерде ірің пайда болуы мүмкін. Жарақаттану, жаралану кезінде тері бұзылып, соның астыңғы қабаттарына микробтар ену арқылы қабыну процесіне жол ашылады. Кейбір жағдайларда мал сепсис ауруына ұшырағанда қанмен бірге таратылып жатқан микробтар ағзаға қонып, сол жерлерде абсцесс пайда болуына себепші болады. Мысалы, мұндай ауруларда кенеттен өкпе абсцессі, бауыр абсцесі пайда болуы мүмкін.

      Этиологиясы. Стерптакокк, стафилакокк.

Клиникасы. Домбығу, қызару болады. Жергілікті қызу болады, жұмысы болады.

Абцесстің жіктелуі:

  • Тері астылық
  • Шандыр асты
  • Бұлшықет іші
  • Кульпиярлы
  • Ыстық, суы.
  • Залалды, залалсыз.
  • Асептикалық іріңді абцесс
  • Скепиралық абцесс
  • Беткейлік, терілік

Абцесстің емі үшеу:

  • Тілу
  • Асперация жасау
  • экстрипация

  Асперация- шприцтті алып өзегі кең инені жалғап, жұмсақ жерге пункция жасаймыз. Инемен іріңді сорып аламыз. Бітеу жараны шприцпен алып сорып,антисептикалық ерітінді жасаймыз.

1.2 Шиқан сыздауық (фурункул) және көр шиқан (фурункулез)

 

Шиқан терінің жүнді, түкті жерінде пайда болады. Алтын түстес немесе ақ түрлі стафилакокк микробы терідегі жүннің түбіне, қуыс-қуысына еніп алады да, содан барып қабыну процесі басталады. Жүннің әр тал түбінен басталған қабыну май безіне шауып айналасындағы ұлпаларды да қабыну шалдықтырады. Дененің жүнді немесе түкті жерлерінде (қол және баста, сан және желке төрінде) пайда болған қабынуларды фурункулез немесе көршиқан деп атайды. Терінің қабыну процесіне шалынатын аурулардың ішінде шиқан мен көршиқан өте көп кездеседі. Мұндай аурулар дене тері тазалығының онша сақтамағандығынан пайда болады.

Патологоанатомдық өзгерістері. Ауру ең басында іріңді безеуден (пустула) басталады. Іріңді безеу құрамында нейтрофильдік лейкоциттер, стафилококк микробтары және фибрин (қанның белокты талшығы) болады. Стафилококк микробы өсіп-өніп, бара-бара төңірегіндегі ұлпаларға жайылып тері бүртіктеріне дейін жетіп, қабыну инфильтратына ұрындырмақ. Инфильтрат айналасындағы ұлпалар өліеттену, шіру жағдайына жеткенде бұл ұлпалар да іріңдей бастайды. Іріңді сұйық зат тері қыртысының қабатына жиналып, бір тал жүннің түбін іріңмен зақымдайды. Күн өткен сайын жүн талы өліксе жағдайға ұшырап, теңірегіндегі іріңдеген ұлпалармен терінің сыртына желі (стержень) тартады. Оны шиқан пісті дейді. Іріңдеген желінің сыртқа шығуына байланысты, оның орнында үнірейген жара қалады да, біраздан соң сол ара грануляциалық ұлпалармен жетіліп, ал шиқан шыққан жер тыртық боп бітеді.

 

  1. Шиқанның клиникалық белгілері

 

Терідегі жүннің бір талында және оның төңірегінде іріңді безеу пайда болып, түйін білінеді. Осы түйін әуелі шанышқылап ауырады да, сонан соң қыши бастайды. Бұл бастамасы ғана. Бір-екі тәулік өткен соң, әлгі жерде домбығу пайда болады. Ауру күшейе түседі де, терісі қызарып тұрады. Ісік ұшында ірің көрініп ұлпа қарайып, нүкте (өліксі) тәрізді боп көрінеді. Жүн талының төңірегінде пайда болған инфильтрат ұлғая түсіп, шамамен 5-6 күн, кейде 8 күннен соң іріңдеп, шіріп кеткен жүн талшығымен қоса сыртқа шығады. Соған байланысты, жара төңірегіндегі ісік кішірейіп, инфильтрат көлемі тарылады, ауру сезімі сап тыйылады. Ал көршиқанмен ауырғанда дененің жер-жерінен шиқан шығады. Ол кейде бірден пайда болады, кейде бірі жазылып жатса, екіншісі көріне бастайды. Кей кездері ондай шиқандар бірнеше ай бойы немесе жылдар бойы шыға береді. Мұндай жағдайы созылмалы немесе қайталанып келетін көршиқан ауруы дейді.

Шиқан дененің жүні жоқ жеріне шықпайды. Мысалы, шиқан ұлтан, саусақтардың іш жағына, аяқ саусақтарының төменгі жақтарына шықпайды. Шиқан жуылмайтын, кірлі жерлерге көп ұшырасады. Шиқан көбінесе иық, желке, бел және арқада, сондай-ақ сан терлерінде, құйрық, жамбас төңіректерінде кездеседі. Ал қабыну процесі, яғни іріңді ауру танау, немесе құлақ ішінде пайда болса, жануардың тынышы кетіп, ауру сезімі үдей түседі. Шиқан жануардың үстіңгі ерніне, маңдайына шықса сол жердегі домбықпа ісік біраз жерге жайылып кетеді. Шиқан жануардың бетіне, үстіңгі ерніне, танауына және танаудың айналасына, көздің төңірегіне шықса, жануардың жалпы жағдайы нашарлап, домбықса ісік тез жайылады, дене қызуы күрт жоғары көтеріліп, 41-42 градусқа жетеді. Шиқан төңірегіндегі қан тамырлары қатайып, қол тигізбейді, ауру сезімі күшейе түседі. Бет төңірегіне шыққан шиқан салдарынан сырқаттың мойын бездері шошып жануардың басын еңкейту қиынға соғады.

Шиқан ауруы жеңіл ауру емес. Ол жануар ағзасын, неше түрлі өзгерістерге шалдықтыруы мүмкін. Соның ішінде жиі кездесетіндері лимфаденит, тез байқалатын тромбофлебит аурулары. Шиқан тері астында жататын ірі күре тамырлар төңірегінде болса, бара-бара тромбофлебит, ал бет төңірегінде болса, сепсис жағдайына әкеп ұрындырады. Шиқан буын төңірегіне шықса, оның іріңі буын қуыстарына шауып, іріңді артрит жағдайына ұшыратуы мүмкін. Асқынбаған шиқан 7-10 күн емдеген соң із тұзы қалмай жоғалып кетеді.

Шиқан мен көршиқанды емдеу. Шиқанға қолданылатын амал - жергілікті емдеу мен жалпы емдеу. Жергілікті емдеу кезінде шиқан төңірегіндегі теріні 70 пайыз спиртпен сүртеді, 2 пайыз салицил спиртімен, немесе 1-3 пайыз спирттелген көк метилен ертіндісімен, немесе спирттелген бриллиант жасыл сұйығымен тәптіштей жуылады. Шиқан пайда болған жердің төңірегіндегі жүнді қырып тастайды. Жаңа басталған, яғни сыздап, ашытып қызара бастаған шиқан кішігірім кезінде йод жаға қойса, ол әрі қарай асқынбай, тоқтап қалуы да мүмкін. Жылулар (Минин лампасы, соллюкс-лампа, құрғақ грелка) және УВЧ сәулесі де аурудың бетін қайыратын шаралар. Сыздап, ісініп тұрған шиқанға әртүрлі майлы дәрілер жағуға болмайды. Аузы ашылып, іріңі сыртқа шыққаннан кейін ғана, жара бетіне тұзды суға малынған дәке қойып, байлап тастау керек. Денені қаптап кеткен немесе дененің әр жеріне пайда болмаған көршиқанды емдеу үшін пенициллин дәрісін новокаин дәрісімен араластырып енгізеді. Жалпы ем де қолданылады. Бұл бір кез жануарды көп жүргізбей, қораға жатқызып қою керек. Дене қызуы болса, антибиотиктер тағайындап, оған сульфаниламидтық дәрілерін қосқан жөн. Шиқан ісігін операция жолымен алып тастау әдісі ете сирек қолданылады.

Бір жердегі шиқан жазылып, дененің екінші жерінеде тағы пайда болса, сөйтіп ол жиі-жиі қайталап, созылмалы ауруға айналса, мұндай жануардың күре тамырынан 15-20 мл, қан алып оны жамбас терісіне енгізу керек.

 

1.4 Карбункул

 

Егер шиқан шыққанда бір тал жүннің түбі қабыну процесіне шалдықса, карбункул бүкіл жүн біткеннің түптерін бүлдіруі мүмкін. Жүннің қабыну процесіне шалынған бірнеше түбі өзара қосылып, сол процесс төңірегіндегі май бездері де қабынып, көлемі едәуір жайылған жалпы инфильтрат пайда болады. Карбункул ауруына шалынған жердегі тері мен шел торшалары өлі-некроз жағдайына ұшырап, көп уақытқа дейін жазылмайтын іріңді жараға айналады. Жануардың терісінде пайда болатын бұл пәле көбінесе желке маңайында, жауырын аралығы немесе жауырын аймағында, бел және құйрық төңірегінде жиі кездеседі. Жүдеген әлсіреген басқадай созылмалы аурудан айыға алмай жүрген жануарға аталмыш ауру жабысқақ келеді. Ондай жануардың ағзасында микробқа қарсы тұратын күші төмен, зат алмасу процесі нашар. Тек стафилоккок микробтары ғана емес, стрептоккок микробы жүн талшықтарында қабыну процесін қоздыруға әсер етеді. Қабыну процесін кейде стафилоккок және стрептококк микробтары араласып та туғызады. Карбункул процесі басталған жердің патологиялық өзгерістерін де білген жөн. Бірнеше жүннің түптері қабыну процесіне бірден ұшырағандық-тан, сол жердегі тері мен шел торшаларында қабынған инфильтрат қалыптасады. Осы инфильтрат астынан өтетін қан тамырларының қызметі нашарлап, коректік зат, оттегі дер кезінде жеткізілмегендіктен, сол жерлердегі ұлпалар өліксе жағдайына ұшырап, ақырында жайылып кеткен жалпы өліеттенген ұлпалардан құралған үлкен іріңді жара орнында тыртық қалады. Өліеттену процесі теріден, шел торшалардан да әрмен тереңдей түсіп,  кейде қара ет немесе бұлшық еттерді жауып тұратын фасцияны да ерітіп, шірітіп жіберетін қауіпі бар екенін есте сақтау керек.

Клиникалық сипаты мен белгілері. Ауру ең алғаш түймедей ісіктен басталады. Бірақ ісік күн сайын жайылып, көлемі ұлғая түседі де, шыдатқызбай, сыздап, солқылдап, әкете береді. Қол тигізе алмайсыз. Ісік пайда болған жердің терісі қара-күрең тарта ісініп, қатайып кетеді. Терінің эпидермис атты қабығында шұрық-шұрық тесіктер пайда болып, сол тесіктерден елек көздерінен түскен ұн сияқты, жасыл қошқыл қою ірің аға бастайды. Терең үңіліп, қадағалап қарайтын болсақ, сол тесіктер түбінен өліеттену жағдайына ұшыраған ұлпалар көрінер еді. Біраздан соң, осы кішігірім тесіктер өзара қосылып, тері бетінде көлемі үлкен жара пайда болады да, сол жарадан ірің, өліеттенген ұлпалар шыға бастамақ. Карбункул ауруына шалдыққан жануардың жалпы хал-жағдайы нашарлап, бүкіл ағзада жалпы өзгерістер байқалады. Жануарды жай-күйін тексерген дәрігер, оның дене қызуы 41 градусқа дейін көтерілген, тамыр соғуының жиілегенін, денесін суық қара тер басқанын, кейде есінен айырылып қалады. Жарадан ірің өліеттенген ұлпалар тері сыртына шыға бастаған күннен бастап, жануардың жалпы жағдайы жақсара түспек.

Дененің басқа жерлерінде пайда болса, ол лимфаденит, лимфангит, тромбофлейбит, сепсис, іріңді менингит жағдайына ұрындыруы мүмкін. Стафилоккок немесе стрептококк микробтарының салдарынан пайда болған карбункул ауруын топалаң ауруынан айыра білу керек.

Карбункул ауруына шалдыққан жануарды емдеу. Карбункул ауруы асқынып бара жатса аталмыш шалдыққандарды клиниканың хирургиялық бөлімшесіне орналастыру керек. Жаңа басталған дертке антибиотиктерді новокаин ертіндісімен қосып, бұлшық еттерге енгізеді. Жаңа басталған ауруға УВЧ әдісі де қолданылады. Қабыну ісігінің үстіне құрғақ таза шүберек салады. Немесе синтомициндік эмульсия жағып, байлап таңады.

Осындай емдердің айтарлықтай көмегі болмай жағдай қиындай түссе, ол малға операция жасалынады. Ол үшін наркоз беріледі, карбункул ісігінің беті айқастыра тілініп, ірің-шіріп кеткен барлық өліксі ұлпаларды алып тастайды да, ірің жиналған жерлер тазартылады. Операция кезінде қансырау аз болады. Операциядан кейін пайда болған жараны тікпей-ақ сол жараға тұзды суға малынған дәке салып, протеолиттикалық ферменттер ертіндісімен жараны жуып күн сайын таңып отырады.

 

 

2 Өзіндік зерттеу — Ауру тарихы

 

Өзіндік зерттеу жұмысымды М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Агроөнеркәсіптік факультетінің «Ветеринарлық медицина және зоотехния» кафедрасына қарасты Ветеринарлық клиникасында бастадым.

Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес, абцесс ауруымен ауырып тұрған ірі қараны емдедім. Жетекшім  Б.К. Ильясов болды.

 

2.1 Proanamnesis  

 

Малдың түрі –ірі қара

Малдың жынысы - ұрғашы

Малдың жасы - 4

Малдың тұқымы – шведский

Малдың салмағы - 350

Малдың лақап аты – Алма

Малдың иесі – Нұржанов Бекжан

Мекен - жайы - ОҚО, Кайтпас ауданы , 247 үй, 10 пәтер

 

2.2  Anamnesis vitae

 

Мал иесінің айтуы бойынша малды өте жақсы қоршалған, малдың күтімі өте жақсы, уақытысында әр түрлі құнарлы, витаминедерге бай азықтармен азықтандырып, табиғи суды беруге пайдаланады екен. Ауруға дейін малдың күйі, жағдайы, күтімі, мал өзін - өзі кеңістікте ұстауы, азыққа тәбеті, жатып тұруы, зәр, нәжісі бөлуі жақсы болған. Мал бұрын - соңды осы аурудың өтуіндей ауырмағанын айтады. Ауруға дейін белгілері жақсы болған. Малдың  иесінің айтуы бойынша мал ауырғаннан кейін малдың азыққа деген тәбеті төмендеп, мал арықтаған, бойында ауырсыну сезімі барлығын байқатқан, температурасы көтерілген, алдыңғы аяғын сылтып басқан, тік тұрғанда табанын жерге тигізбейді.

Малдың күндіз серуендегенде, кейіннен кіргізуге айдағанда мал енжарлық танытып, жүрмей тұрып алады. Малдың мінез -құлқы өзгерген, аяғын басарда сылтып басады. Малда бұрын бұрын - соңды мұндай белгілер байқалмағанын айтады. Бұл белгілер 1 апта алдын, яғни 10.03. 2010 күніне байқала бастаған. Малда бұрын ауру белгілер байқалмаған, малды дәрігерге көрсетпеген.

 

  2.3 Anamnesis morbi

 

Ауруға шалдыққан мал мазасыздана бастады. Аяғының болмашы қозғалысының өзінде ауырсынуы және сықырлау байқалады. Тәбеті болмай, жүре алмай қалды.

 

 

 

2.4 Status prоesens  communis universale  

 

1.  Жүрек - қан тамыр жүйесін зерттеу

Жүрек дүрсілінің ең жақсы байқалатын жері: ұсақ малдарда сол жақ шынтақтан 2-3 см жоғары 4-ші қабырға аралығында 5-7 см көлемінде, аумағында. Сиырда сол жақ иық буынымен жауырын жалғасқан тұсының сызығынан жүргізілген түзудің бойынан 7-8 см төмен, 4-5 см аумағымен 5-ші қабырға аралығында.

Тамыр соғуы: ырғағы орташа, тамырлардың қанға толу дәрежесі жақсы, тамырлар қабырғасының серпімділігі қалыпты, тамыр соғуының күші орташа.

Жүрек тұсын сол жақ 3-4 жақ қабырға арасын тексердім. Жүрек түрткісінің күшін және оның білінетін жерлерін фонендоскоппен тексеруге көштім. Жүрек саздарының дыбыстылығы - көмескі. Жүрек саздарының тазалығы - 1 - ші және 2 - ші саздардың жарықшақтануы орташа, эндокардиальды және перикардиальды шуылдар байқалмайды.

Жүрек шекарасы жоғары және артқы шекарасы өзгеріссіз. Жақсы сақталған.

Сипау арқылы жүрек тұсында көкірек жақтауының дүрсілін сеземіз. Жүрек түрткісі дегеніміз жүрек етінің жиырылуымен сәйкестеніп келетін көкірек жақтауының сыртқа керілуі.

2. Тыныстану жүйесін зерттеу.

Тыныс алу түрінің ырғағы аралас, ендікпесі жоқ. Өкпесін тыңдағанда фонендоскоп қолдандым. Маңдай, жоғары жақ қуыстарын, ауа капшықтарын пальпация және перкуссия жолымен тексергенімде өзгеріссіз.

Тыныс алу кезінде сыртқа шыққан ауаны зерттеген кезде оның танаудан шыққан екпіннің күшін, қызуын, иісін (жағымсызиіс - өкпе шірігенде), ацетон иісі - кетозда, аммиак иісі - уремияда білінеді.

Тыныс алу қозғалысын зерттеу көкіректі анықтап көруден, көргенде оның сыртқы пішінін, көлемін және көкірек қозғалысын, тыныс алу түрін, санын, жиілігін, ырғағын және тыныс алу қозғалысының біргей, бір мезгілде қозғалуын анықтаудан басталады. Көкіректің көлемін, қозғалысын және сырт пішінін малдың оң жақ, сол жақ қапталынан және артқы жағынан қараумен анықтайды.

Тыныс алу санын көкірек клеткасының бұлшық еттерінің жиырылуына, жылқы танауының желбіреуіне, тынысты сыртқа шығару екпінін санаумен анықтайды. Ауру малдарда тыныс алудың жиілеуі кездеседі және тереңнен жеңіл — жалпы дем алуы кездеседі.

Көмей және кеңірдікті тексергенімде пішіні өзгеріссіз, ауырсыну жоқ, жергілікті қызуы байқалмайды, көмей рефлексі орташа.

Өкпені аускультациялау кезінде - тыныс күшінің шуылдары жоқ, орны және сапасы өзгеріссіз, бөгде шуылдар - сырыл, қытырлау дыбыстары естілмейді, өзгеріссіз.

Өкпені перкуссиялағанымда - перкуссияның дыбыстық сипаты, естілу орны шекарасы өзгеріссіз жақсы сақталған

Дені сау малдардың мұрнынан су ағуы байқалмайды (немесе азғана сулы, сулы - кілегейлі сұйық байқалады). Мұрын, өкпе, бронх, қосалқы қуыстар қабынғанда және өкпе ісінгенде танаудан жайылмайтын (ұдайы) немесе әлсін - әлсін (араласып) бөлініп отыратын су ағу байқалады, ол сұйық , кілегейлі, кілегейлі - іріңді, іріңді - сасық иісті болып келеді.

Тыныс алу мүшелерін зерттеген кезде тыныс ырғағына көңіл бөледі - бұл демді ішке және сыртқа шығарудың өзара кездесіп алмасып тұруы.

Ұсақ малдарда саусақтар көмегімен нұқу тәсілі қолданылады. Көкіректі нұқу қабырғалар арасымен жоғарыдан төмен қарай соғу арқылы іске асады. Дені сау малдардың өкпе тұсын нұқығанда айқын, созылыңқы, дыңғырлаған дыбыс естіледі, ол өкпенің анық нұқу дыбысы деп аталады. Ал ірі қара малдарда аспаптық нұқу болады. Нұқу кезінде өкпенің шекараларын анықтайды, оны өкпенің ашық нұқу дыбысының сызданған сыбырлы немесе даңғырлаған дыбысқа ауысқандығынан білеміз.Дені сау малдардың көкірегін нұқығанда өкпенің анық нұқу дыбысын естиміз. Ауру малдарда нұқу дыбыстары өзгеріліп естіледі, оларға мына дыбыстар жатады.

Шыңқылдаған (шел, өкпе қабығы, өкпе қабынғанда), сызданған    сыбырлы    (экссудатты    плевритте,    өкпенің    фибринді қабынуы, жылқының плевропневмониясы, ала өкпе).

Даңғырлаған (өкпедегі тесік каверна, бронх түтігінің кеңеюі, кеуде
қуысына ауа толғанда пневмоторакс).

Шіңкілдеген (өкпенің ішіндегі доп тәрізді қуыс пайда болғанда ішкі қабаты тегіс қатты болады).

Түбі тесік қауақ тыңқылындай (өкпеде қуыс пайда болып ол бронхы арқылы жіңішке түтікшемен сыртқы ортамен байланысқанда шығады).

Өкпенің артқы нұқу шекарасы көлденеңінен жүргізілген үш түзу арқылы анықталады; 1.Сербек түзуі; 2.Жамбас сүйегінің төменгі басынан жүргізілген түзуі; 3. Иық буыны түзеді. Ауру малдың өкпесі таза, артық шулар жоқ.

3. Азық қорыту жүйесін зерттеу

Азыққа тәбеті орташа төмендеген, шөлдемейді. Азық пен суды еркін қабылдайды, шайнау сипаты жақсы, жұлыну, кекіру, құсу жоқ.

Ауыз қуысын ашып тексергенімде жоғарғы таңдайдың, жақтың, қызыл шектің, тілдің, еріннің, кілегей қабықтарының жағдайы, ауыздан шыққан иіс, сілекей бөлуі, тістердің жағдайы жақсы сақталған, өзгеріссіз. Өңешті пальпациялау арқылы тексергенімде ауырсынуы жоқ.

Ауыз қуысы мүшелерінің зерттеу кезінде тісі жоқ жерінен қолды енгізіп, тілді сыртқа шығару арқылы немесе ауыз кергішті (зевник) енгізу арқылы аузын ашамыз. Содан соң мыналарға көңіл аудару керек; 1 .Көру арқылы және сипау тәсілдері арқылы шырышты қабықтың күйін білу және зерттеу. Көзбен көру арқылы шырышты қабықтың түсуін, түсін оның өзгерістерін, жара және бөртпелері бар жағын анықтайды. Ауыздың шырышты қабығын сипап оның қызуын, сезімталдығын және құрзақтығын анықтайды.

2.Ауыздан шыққан иісті мал сілекейімен сулаған мақтаны иіскеп анықтайды. З.Тілді көру арқылы дақтарды және ісікті анықтайды.

4.Тістің күйін қараған кезде, тістің босауын, желінуін, түсуін, және оның өсіп кетуін анықтау керек.

Азық қорыту жүйесін зерттеу иттің азық қабылдау және су ішу қабілетін тексеруден басталады. Мал азықты қалай қабылдайды және суды қалай ішетінін анықтай отыра мынандай құбылыстарға мұқият зер салып қарау қажет;

а) Тәбет және оның бұзылуы;

б) Жұлу және шайнау, оның өзгерісі;

в) Құсу, кекіру және күйіс қайтару және олардың бұзылуы;

Ауыз қуысын, жұтқыншақты, өңешті және құстың жемсауын зерттеу. Ауыз қуысын зерттеудің негізгі тәсілдері көру, сипау және қосымша иіс сезетін мүшелер арқылы шыққан иісті анықтау.(иіскеу). Дұрыстап зерттеу үшін ауыз кергіштер қолданылады. Көзбен көру ауыз қуысының жабылуын және ашылуын, еріндерінің еріксіз қозғалуын, сілекей бөлінуінің және олардың бөтен өзгерістерін анықтаймыз.

4. Зәр бөлу жүйесін зерттеу

Несеп бөлу актісі -  жиілігі жоқ, несептің мөлшері орташа, несеп бөлу кезінде ауырсыну байқалмайды.

Бүйрек пен қуықта сипау кезінде көлемі өзгермеген, пішіні сақталған, консистенциясы жақсы, ауырсыну жоқ, қуықты тексеру үшін катетор енгізгенімде бөгде заттың болмағанын анықтадым.

Несептің физикалық қасиетін анықтадым. Несеп тұсы. Шыны цилиндрге зерттеуге арналған несепті құйып, сосын оның түсін күндізгі жарықта анықтадым.

Малдың түріне қарай несеп түсі - ақшыл - сарыдан, ашық - қоңыр аралығында болады. Несеп тұсінің өзгеруі ондағы басқа заттардың қосылуы салдарынан болады, несеп құрамында қан, гемоглобин, өт пигменттері және басқа да заттардың денедегі ауруды анықтау немесе емдеу мақсатымен жіберілген дәрі - дәрмектің түсіне байланысты.

б) Несеп консистенциясы (сұйықтығы). Несеп сұйықтығын екі шыны ыдыс алып оның біреуіне несеп құйып, содан соң оны жайлап келесі ыдысқа сапыра құю арқылы анықтайды. Барлық малдарда (дара тұяқтылардан басқа) несеп су тәрізді болады. Дара тұлқтыларда несеп кілегейлі болып келеді, құйғанда жіп тәрізді болады да ағады, себебі несеп құрамында муцин сілекейінің болуы.в) Несептің иісін сезім мүшелерімен анықтайды. сиырдың түріне қарай өзіне тән, лайықты несеп иісі болады. Қуық сал болғанда, қабынғанда, уратрадан несеп өтпей қалғанда несеп құрамының бұзылуы байқалады, осы сезде аммиактың иісі пайда болады. Куық ісігінде шіріген иіс, кетозда ацетон иісі кездеседі г) Несептің салыстырмалы тығыздығын анықтау.

Цилиндрге несепті құйып, оған жайлап бөліктерінде 1,0- ден 1,060 санына дейінгі көрсеткіші бар уро метрді батырады. Урометр бір қалыпқа келген соң оның төменгі шкаладағы бөлігіндегі көрсеткішін белгілеп анықтайды. Нефритте, нефроз, склерозда несеп тығыздығының төмендеуі байқалады. Несеп тығыздығының көтерілуі диспепсияда, колибактериозда, паратуберкулезде, құсқа да, шаншуда және дене қызуы көтерілгенде кездеседі. Несептің ракциясын индикаторлы қағаздың көмегімен анықтайды. Ол үшін идикаторды несепке батырып алып, содан соң индикаторды түрлі-түсті ілгілермен (бөліктермен) шкаламен салыстырып анықтайды, ондағы сандармен белгіленген сан бөліктері шкала несептің қандай реакция екенін көрсетеді.

Циститте, қуық қабынғанда, мал құсқаннан соң несеп негізгі сілтілі болып келеді. Қышқылды несеп бүйрек жүмысының жетіспеушілігінде, мал ұзақ ашыққанда және дене қызуы көтерілетін кейбір ауруларда кездеседі.

Ауырған сиырдың несеп бөлу жүйесі қалыпты жағдайда, ешқандай өзгерістер жоқ.

      5. Жүйке жүйесін зерттеу

Бас сүйекпен омыртқа бағана жотасының жағдайы — пішіні өзгермеген, перкуссиялау кезінде ауырсыну байқалмайды, мінез - құлқы орташа, сезім мүшелері жақсы сақталған, көру сезімі жақсы, лақап атын атағанда оның есту мүшесінің жақсы екенін байқадым, бел омыртқасын сипап көргенімде бойын тік ұстады, иіс сезу мүшесін зерттегенімде және теріні зерттегенімде өзгеріссіз болды.

Малдың  бас сүйегінің ми сауыты мен омыртқасын зерттеу. Көру     арқылы     малдың     бас     сүйегінің     ми     сауытының     мынандай ерекшеліктеріне көңіл аударамыз; көлемі мен пішініне, оның мүмкін болатын өзгерулеріне (шеке тұсының ісінуіне, бас сүйегінің соққыдан зақымдануы).

Сипау әдісімен бас сүйегінің ми сауытына жақын түрған терінің ығысуын (ысу - менингит бас миының қабықшасының қабынуы), жұқпалы індетті энцефалит ауруында (ауырсынуы байқалуы) қой ценурозы, эхиноккоз (құрт ауруы), мидың ісінуі кезінде және сүйек ұлпасының жұмсаруын анықтау қажет. Бас сүйегінің ми сауытын нұқу дыбыстың өзгерілуі бар ми санын анықтау қажет. Көру, сипау және нұқу тәсілдерімен омыртқаны зерттеп, одан алынған мәліметтерді арнайы дәптерге жазу керек.

Вегетативтік жүйке тамыр жүйесін зерттеу. Мал дәрігерлік тәжірибеде вегетативтік жүйке тамыр жүйесінің ахуалын анықтау үшін қолданылады. Бұл мақсатта көз - жүрек рефлексі қолданылады, ол үшін ең алдымен малдардың жүрек соғуының 30 секунд уақыт аралығындағы санын анықтайды. Содан соң Шаптала аспабымен немесе қол саусақтарымен көз шарасын 20-30 мм сынап бағанасы шамасындай күшпен босады. Тексерілген ауру малдың жүйке - жүйесі қалыпты жағдайда, ешқандай өзгерістер байқалмайды.

Дененің кеңістікте ұстауы және орналасуы амалсыз енжар қимыл. Тері жабындысның жағдайы - кілегей қабықтарын ісіндіріп, қуысына жинағандықтан оның саңлауы тарылып дем алу процесін қиындатады. Егер ауруды тудырған себептерді жоймаса, не тиісті ем қолданбаса, ауаның жеткіліксіздігінен және қабынба қалдықтарымен дененің улануынан малдар тұншығып өліп қалуы мүмкін.Жүннің және тері түгінің жағдайы жатық, түктік беріктігі төмен.Беткейдегі лимфа түйіндерінің жағдайы: жақ асты, иық алды, қызарған, көлемі өзгерген, пішіні  қалыпты, конституциясы  жұмсақ,  ауырсыну аздап бар, қызуы орташа. Көзге көрінетін кілегей қабықтардың  жағдайы:  коньюктивінде, танауында, ауыз қуысының кілегей қабығында өзгерістер айрықша көрінбейді.

 

2.5 Status prоesens  localis

   

Дене температурасы 1° - 37,5°С

Тамыр соғысы - 44

Тыныс алуы -16

      жалпы жағдайы - күйзеліңкі

Дене бітімі - орташа

Қоңдылығы - орташа

Дененің кеңістікте -ұсатуы және орналасуы амалсыз енжар қимыл. Тері жабындысының жағдайы - алдыңғы оң аяғының тізесінің тері бүтіндігі бұзылған, аз ғана ісік немесе домбығудың белгісі бар.

Жүннің және тері түгінің жағдайы жатық, түктік беріктігі төмен.

Беткейдегі лимфа түйіндерінің жағдайы : жақ асты, иық алды, көлемі өзгермеген, пішіні қалыпты, конституциясы жұмсақ, ауырсынуы бар, қызуы орташа.

Көзге көрінетін кілегей қабықтардың жағдайы: конъюктивінде, танауында, ауыз қуысының кілегей қабығында өзгерістер жоқ.

 

2.6 Diagnosis

 

Анамнез және клиникалық белгілеріне қарап диагноз – Домбығу, қызару болады. Жергілікті қызу болады, жұмысы бор. Сол себепті сан аумағындағы абцессі  деп қойдым.

 

2.7 Decursis morbi et therapia

 

Күні

Дене қызуы

Тыныс алуы

Тамыр  соғысы

Diagnosis  morbi

Diagnosis therapia

11.04.2011

40,5 ºС

58

95

Ірі қараның жалпы жағдайы нашар. Азыққа тәбеті жоқ, тек сұйық азық ішіп арықтаған. мал  суды көп мөлшерде ішеді. Мал тынышсыздануда. Ауырсыну байқалады. Домбығу, қызару болады. Жергілікті қызу болады, жұмысы болады.

 

Күтімін жақсартып,70 пайыз спиртпен, 2 пайыз салицил,1-3 пайыз спирттелген көк метилен ертіндісімен,бриллиант жасыл сұйығымен жуып. Жылулар (Минин лампасы, соллюкс-лампа, құрғақ грелка) және УВЧ сәулесі де аурудың бетін қайыратын шаралақолдандық. пенициллин дәрісін новокаин дәрісімен араластырып енгізеді. антибиотиктер тағайындап, оған сульфаниламидтық дәрілерін қостық.

12.04.2011

40,4 ºС

56

93

Ірі қараның жалпы  жағдайы нашар, азыққа  тәбеті жоқ.  тынышсыздануда. Ауырсыну байқалады. Домбығу, қызару болады. Жергілікті қызу болады, жұмысы болады.

 

 

Күтімін жақсартып,70 пайыз спиртпен, 2 пайыз салицил,1-3 пайыз спирттелген көк метилен ертіндісімен,бриллиант жасыл сұйығымен жуып. Жылулар (Минин лампасы, соллюкс-лампа, құрғақ грелка) және УВЧ сәулесі де аурудың бетін қайыратын шаралақолдандық. пенициллин дәрісін новокаин дәрісімен араластырып енгізеді. антибиотиктер тағайындап, оған сульфаниламидтық дәрілерін қостық.

13.04.2011

40,2 ºС

54

90,1

Малдың жағдайы қалпында, тәбеті жоқ.аяқ   тұсында  ауырсыну  байқалады. Домбығу, қызару болады. Жергілікті қызу болады, жұмысы болады.

 

Күтімін жақсартып,70 пайыз спиртпен, 2 пайыз салицил,1-3 пайыз спирттелген көк метилен ертіндісімен,бриллиант жасыл сұйығымен жуып. Жылулар (Минин лампасы, соллюкс-лампа, құрғақ грелка) және УВЧ сәулесі де аурудың бетін қайыратын шаралақолдандық. пенициллин дәрісін новокаин дәрісімен араластырып енгізеді. антибиотиктер тағайындап, оған сульфаниламидтық дәрілерін қостық.

14.04.2011

40,0 ºС

52

90

Малдың жалпы жағдайы төмен, бірақ азыққа  тәбеті  ашылған. Тынышсыздануы кішкене басылған.

Күтімін жақсартып,70 пайыз спиртпен, 2 пайыз салицил,1-3 пайыз спирттелген көк метилен ертіндісімен,бриллиант жасыл сұйығымен жуып. Жылулар (Минин лампасы, соллюкс-лампа, құрғақ грелка) және УВЧ сәулесі де аурудың бетін қайыратын шаралақолдандық. пенициллин дәрісін новокаин дәрісімен араластырып енгізеді. антибиотиктер тағайындап, оған сульфаниламидтық дәрілерін қостық.

 

 

 

17.04.2011

39,2 ºС

50

85

Күннен күнге малдың жағдайы жақсаруда. Ас қабылдауы  жақсы. Тынышсыздануы байқалмайды.

Күтімін жақсартып,70 пайыз спиртпен, 2 пайыз салицил,1-3 пайыз спирттелген көк метилен ертіндісімен,бриллиант жасыл сұйығымен жуып. Жылулар (Минин лампасы, соллюкс-лампа, құрғақ грелка) және УВЧ сәулесі де аурудың бетін қайыратын шаралақолдандық. пенициллин дәрісін новокаин дәрісімен араластырып енгізеді. антибиотиктер тағайындап, оған сульфаниламидтық дәрілерін қостық.

 

 

 

 

18.04.2011

39,0 ºС

48

85

Күннен күнге ірі қараның жағдайы жақсаруда. Ас қабылдауы  жақсы. Тынышсыздануы байқалмайды.

Күтімін жақсартып,70 пайыз спиртпен, 2 пайыз салицил,1-3 пайыз спирттелген көк метилен ертіндісімен,бриллиант жасыл сұйығымен жуып. Жылулар (Минин лампасы, соллюкс-лампа, құрғақ грелка) және УВЧ сәулесі де аурудың бетін қайыратын шаралақолдандық. пенициллин дәрісін новокаин дәрісімен араластырып енгізеді. антибиотиктер тағайындап, оған сульфаниламидтық дәрілерін қостық.

 

 

19.04.2011

38,5 ºС

48

83

Ірі қараның жағдайы жақсы,азықты жақсы қабылдауда, қалпына келуде.

Күтімін жақсартып,70 пайыз спиртпен, 2 пайыз салицил,1-3 пайыз спирттелген көк метилен ертіндісімен,бриллиант жасыл сұйығымен жуып. Жылулар (Минин лампасы, соллюкс-лампа, құрғақ грелка) және УВЧ сәулесі де аурудың бетін қайыратын шаралақолдандық. пенициллин дәрісін новокаин дәрісімен араластырып енгізеді. антибиотиктер тағайындап, оған сульфаниламидтық дәрілерін қостық.

 

 

 

21.04.2011

38,5 ºС

40

82

Малдың жағдайы жақсы,азықты жақсы қабылдауда, қалпына келген.

Күтімін жақсартып,70 пайыз спиртпен, 2 пайыз салицил,1-3 пайыз спирттелген көк метилен ертіндісімен,бриллиант жасыл сұйығымен жуып. Жылулар (Минин лампасы, соллюкс-лампа, құрғақ грелка) және УВЧ сәулесі де аурудың бетін қайыратын шаралақолдандық. пенициллин дәрісін новокаин дәрісімен араластырып енгізеді. антибиотиктер тағайындап, оған сульфаниламидтық дәрілерін қостық.

 

 

22.04.2011

38,5 ºС

35

80

Малдың жағдайы жақсы,азықты жақсы қабылдауда, қалпына келген.

Күтімін жақсартып,70 пайыз спиртпен, 2 пайыз салицил,1-3 пайыз спирттелген көк метилен ертіндісімен,бриллиант жасыл сұйығымен жуып. Жылулар (Минин лампасы, соллюкс-лампа, құрғақ грелка) және УВЧ сәулесі де аурудың бетін қайыратын шаралақолдандық. пенициллин дәрісін новокаин дәрісімен араластырып енгізеді. антибиотиктер тағайындап, оған сульфаниламидтық дәрілерін қостық.

 

 

     

     2.8 Еріkrisis

 

Эпикризис - ауру тарихы туралы кеңірек қорытындылау. Абсцесс - деп ұлпалардың шектелген іріңді қабынуын айтады. Ірің жиылған жерде патогендік қабық болады да, осы қабықтың сыртына ірің шыға алмайды, жайылуына мүмкіндік жоқ. Жоғарыда айтылған шиқан, көршиқан, аурулары асқына келе абсцесс жағдайына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар кенеттен қабыну процесіне шалынған мүшенің арасында абсцесс пайда болуы ғажап емес. Мысалы, өкпеге суық тиіп, ол кенеттен қабыну процесіне шалдығып қалса, өкпе арасында абсцесс пайда болуы мүмкін. Сол сияқты жарақаттану салдарынан тері астына, ағзаларға қан құйылса және әртүрлі себептерге байланысты сол жерге микробтар түсе қалса, құйылған қан іріңдеп, бір жерге жиналып тұрып алады. Асептика заңын сақтамай, дәріні қайнатылмаған ине-щприцпен денеге енгізгенде, сол иненің ұшы жеткен жерде ірің пайда болуы мүмкін. Жарақаттану, жаралану кезінде тері бұзылып, соның астыңғы қабаттарына микробтар ену арқылы қабыну процесіне жол ашылады. Кейбір жағдайларда мал сепсис ауруына ұшырағанда қанмен бірге таратылып жатқан микробтар ағзаға қонып, сол жерлерде абсцесс пайда болуына себепші болады. Мысалы, мұндай ауруларда кенеттен өкпе абсцессі, бауыр абсцесі пайда болуы мүмкін.

Домбығу, қызару болады. Жергілікті қызу болады, жұмысы болады.

Абцесс қолданылатын амал - жергілікті емдеу мен жалпы емдеу. Жергілікті емдеу кезінде шиқан төңірегіндегі теріні 70 пайыз спиртпен сүртеді, 2 пайыз салицил спиртімен, немесе 1-3 пайыз спирттелген көк метилен ертіндісімен, немесе спирттелген бриллиант жасыл сұйығымен тәптіштей жуылады. Абцесс пайда болған жердің төңірегіндегі жүнді қырып тастайды. Жаңа басталған, яғни сыздап, ашытып қызара бастаған шиқан кішігірім кезінде йод жаға қойса, ол әрі қарай асқынбай, тоқтап қалуы да мүмкін. Жылулар (Минин лампасы, соллюкс-лампа, құрғақ грелка) және УВЧ сәулесі де аурудың бетін қайыратын шаралар. Сыздап, ісініп тұрған шиқанға әртүрлі майлы дәрілер жағуға болмайды. Аузы ашылып, іріңі сыртқа шыққаннан кейін ғана, жара бетіне тұзды суға малынған дәке қойып, байлап тастау керек. Денені қаптап кеткен немесе дененің әр жеріне пайда болмаған көршиқанды емдеу үшін пенициллин дәрісін новокаин дәрісімен араластырып енгізеді. Жалпы ем де қолданылады. Бұл бір кез жануарды көп жүргізбей, қораға жатқызып қою керек. Дене қызуы болса, антибиотиктер тағайындап, оған сульфаниламидтық дәрілерін қосқан жөн.

 

3 Техникалық қауіпсіздік

 

Малдарға ем жасалынып жатқан кезде санитарлар әр түрлі жолмен түскен бөлінген, ластанған нәрселерді алып, орнын ылғалды әдіспен сүртіп, дезинфекция жасайды. Операциядан кейін, келесі операцияға дейінгі уақыт ішінде бөлмені жинайды, тазалайды және дезинфекция жасайды; арнайы жоспар бойынша операция жасалмайтын күні, бөлмені түгелдей жинап, тазалап және толық дезинфекцияланады; операция жасардын алдында тағыда соңғы рет шаң-тозаңнан сүртіп тазаланады. Емдеу бөлмесінде температура 22-25 градус С, 50 пайыздық ылғалдылық және жақсы тоңазытқыш болуы шарт. Клиника бөлмесін дезинфекциялау үшін бактериялды лампала қолданылады. Бөлмедегі ауа, оның қабырғалары, іші, оның ішіндегі құрал-жабдықтар және т. б. заттар дезинфекцияланады. Бактериоцитті ультракүлгін лампаларда, Операция бөлмесінде адамдар бар кездің өзінде де қолдануға болады. Лампаларды қойғанда олар өз айналасына микробтарды өлтіретін 2-3 метрлік алаң жасайды. Сондықтан лампаларды әр екі метр сайын қою немесе жылжыту керек. Операция бөлмесінде адам болған кезде лампаларды 6-8 сағат ұстаса жеткілікті. Ғылыми деректерге жүгінсек лампаларды бөлмеге 2-3 сағат қойғанда микробтарп едәуір азайса 6-8 сағатта 50-80 пайызға дейін кемиді. Егерде лампалармен бірге Операция бөлмесін ауамен тоңазытса онда микробтардың жойылуы 70-90 пайыз артатындығы анықталған. Клиникалық практикадан операция бөлмелеріне сапалы  дезинфекция жасалса, асептикалық операциялардан соң, іріңдеп асқыну 3-3,5 есе азайғандығы дәлелденген. Емдеу бөлмесінің тазалығын, дезинфекция жасап, жиналуын ұйымдастыру және оны бақылау бекітілген дәрігердің міндеті болып саналады. Асептикаға бөлмеден басқа, хирургтың қолын тазалау, операция жасайтын жерді өңдеу, тігін - таңғыш материалдарын дезинфекциялау жатады.

Хирургиялық клиникада жұмысқа кіріспес бұрын, студент тек
қана қатыспай, өзі кірісіп, тәжірибеге арналған малдарды қабылдап
оларға оқулық хирургиялық операцияларды дербес орындайды.
Кейіннен клиникада оқуда өтуі бағытында сол малдар оның
пациенттері болады. Оперативтік хирургияда операциялардың сәтті
орындалуы         оның атқарылу   техникасының     дұрыс қалыптастырылуына байланысты болатыны сөзсіз екеніне күмән болмайды, бірақ хирургиялық операциялардың тек қана жергілікті құбылыс деп есептеуге болмайды, керісінше ол организмнің барлық жүйелерін терең қозғайды. Осыған байланысты студенттерге анатомия, физиология, фармокология және басқада пәндерден толық білім алу қажеттілігі зор.

 

 

Қорытынды

 

 

Қорытындылай келгенде,   мен     Агроөнеркәсіп             институтының ветеринарлық медицина және зоотехния кафедрасының клиникасында өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес ірі қараның  сан аумағындағы абецесті емдедім.

Домбығу, қызару болады. Жергілікті қызу болады, жұмысы болады.

Клиникада мен көптеген ауруларды кездестірдім. (ішкі жұқпалы емес аурулар, инвазиялық аурулар, хирургиялық аурулар). Соның ішінде жиі кездескені - хирургиялық аурулар. Мен осы хирургиялық аурулар ішінен емдегенім және көп кездескені –абцесс.

Нәтижесінде он күннің көлемінде мал ауруынан айығып аяғынан тұрды.

Аурудан сақтандыру үшін және алдын алуға малдың азықтарына түзетулер енгізгенде рацион құрамына барлық ингридиенттермен қамтамасыз еттім.

Өндірістік практиканың жоғарғы білімді, әрі білікті, тәжиребелі маман қалыптастыруында маңызы зор деуге болады.

Клиникада мен көп тәжірибе жинадым. Мен ауруларды емдеуден басқа вакцинация жасау, бруцеллезге тексеру үшін малдан қан алу сияқты нәрселерді үйрендім.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Д.Чередков, В.Никаноров, В.Захаров. "Хирургия және ортопедия " Алматы, 1953 жыл. (200)
  2. Орысша -  қазақша  малдәрігерлік  сөздігі.   Т.Сайдулдин.  Алматы,   1993  жыл.(150)
  3. Б.К.Ілиясов."Алғашқы ветеринариялық жәрдем". Алматы 2001 жыл. (115)
  4. Б.К.Ілиясов. Ветеринариялық хирургия. Алматы 2009 жыл.(163)
  5. К.И.Шакалов,   Б.А.Баликиров,   Б.С.Семенов,   А.В.Лебедов,   А.И.Федеров,  В.А.Лукьяновский.    "Хирургические   болезни   сельско   -   хозяйственных  животных".(362)
  6. И.Е.Повоженко,         К.И.Шакалов,         И.А.Калашник,         Г.С.Мастыно, Б.А.Башкиров, Б.С.Семенов. "Частная ветеринарная хирургия" Ленинград, 1981 год. (165)
  7. Абдулла.А.А, Наметов А.М, Ильясов Б.К Клинико – гематологияческие показатели гнойных ран у овец при лечений шунгариновой и болезней животных Алматы 2005г (317)
  8. В.Шакалов   К.И,   Башкиров   Б.А,   Поваженко   И.С   Частная   ветеринарная  хирургия. Ленинград 1986г (25)
  9. Гатин. П.П. Б.К.Ильясов. Влияние 5% хлорофоса на здоровый глаз. Труды СЗВИ, 1970. (55б).
  10. Ілиясов Б.К. Жануарлар түріне байланысты  аминазинді қолданудың рекшеліктері. Журнал «Жаршы». - 2006.  (88 б).
  11. Ілиясов Б.К. Дитилинді ветеринариялық хирургияда қолдану және лажсыздан сойылған жылқы етінің    сезімдік көрсеткіштері.- Журнал «Жаршы».2006. (115 б).
  12. Ілиясов. Б.К. Жануарларды эутанзациялаудың әдістері. - Журнал «Жаршы». - 2006. (165 б).
  13. Ишмухамедов.Г.А. Г.А.Аухадиев, Б.К.Ильясов. Применение салициловой кислоты при гнойно-некротических процессах. Сб.Научных трудов, Ленинград-1990.  (142 б).

 

 

 

                                                          АСҚЫНҒАН АБЦЕСС

 

 

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-09-11 21:56:25     Қаралды-16826

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »