UF

Тақырыбы. Аймақ деңгейіндегі мемлекеттік инновациялық саясаттың қалыптасуы.

 

  1. Мемлекеттің инновациялық даму стратегиясы және оның жаңа бағыттары.
  2. Қазақстан Республикасындағы инновациялық жүйенің ерекшеліктері мен технопарктік құрылымдары.

Мемлекеттің ғылыми-техникалық саясаты, оны орындаудың жолдары мен шаралары, стратегиялық бағыттары, әсіресе, инновациялық даму стратегиялары айтарлықтай мәнге ие.

Бүгінгі таңда инновациялық дамудың стратегиясын жасау мен орындаудың объективті қажеттілігі туындап отыр. Оның маңызды бағыты ретінде ғылыми-техникалық прогресстің ең басты бағыттары бойынша технологиялық сферасының дамуы ғылыми сыйымды салалардағы технологиялық жетістіктермен және ғылыми сыйымды өнімдердің кеңінен шығарылуымен қамтамасыздандыруы қажет. Осыған орай, айырбастауға арналған ресурстар өндірісінде жоғары технологиялық деңгейге және инновациялық процесінің интенсификациясына жетуге ұмтылу керек, сонымен қатар, инновациялық даму қабілеттілігіне ынталандыру қажет. Бұл жерде жетекші рольді халықаралық деңгейде өнімнің бәсекеге қабілеттілігі артады. Осыған сәйкес, бәсекелілік күрестің орталығы ғылыми-техникалық жарысу облысына ауысып, инновацияларды тарату процесін жылдамдатуы қажет. Инновациялық дамудың стртегиялық мақсаттары болып табылатындар:

  • ғылыми зерттеулерді бағдарлау және қолдау;
  • ғылыми-техникалық даму бағыттарын реттеу;
  • стратегиялық жоспарлау;
  • қаржылық қолдау, ресурстарды орналастыру;
  • білім беру және кадрларды даярлау;
  • технологияларды беруді ұйымдастыру;
  • лицензиялық-патенттік құқық;
  • инновацияларды бақылау және бағалау.

Инновациялық даму стратегияларын қамтамасыздандыру үшін дамыған инфрақұрылымды құру қажет және ең бастысы, тиімді ұлттық инновациялық стратегиялардың негізгі бағыттарын жасау, оны ынталандырудың жаңа механизмдерін жасау қажет. Соңғысына арнайы мақсатты қорлар, мемлекетік гранттар, жеңілдетілген жағдайларда несиелендіру және қаржыландыру, инновациялық өңдеулердің амортизациясы мен жеңілдетілген ынталандырулар инновациялық бағдарламаларды орындаулар жатады. Инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруда макро және микродеңгейдегі  ұйымдастырушылық шаралар (яғни, халық шарушылығы және кәсіпорындар деңгейінде) да айтарлдықтай роль атқарады.(1 сурет)

  Макродеңгейдегі (халық шаруашылығы деңгейі) ұйымдастырушылық шешімдер инновациялық несиелік қор, тәуелділіктің орнын толтыратын инновациялық қор, инновациялар бойынша салалық агентство, ұлттық инновациялық бағдарлама және стратегия, патент жүйесі және патенттер банкі, мониторинг және т.б. қамтиды.

  Инновациялық ғылымды жоспарлаудың қазіргі заманғы тәжірибесінде мемлекеттік салалық республикалық және аймақтық деңгейлердегі кешенді ғылыми-техникалық бағдарламалар кеңінен орын алды. Олардың инновациялық іс-әрекеттерде кеңінен қолданылуы қазіргі заманғы ғылым мен техникаға сай тенденцияның бар болуына, көпшілік жаңа ғылыми-техникалық мәселелердің сала аралық және ведомства аралық сипат алуына; олардың кешенділігінің өсуіне; ғылыми – техникалық іс-әрекеттер көлемінің ұлғаюына; зерттеулер мен өңдеулердің қымбаттауына байланысты.

  Ғылыми-техникалық мәселелерді шешуде жан – жақты кірісу берілеген әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға жетуге бағытталған өзара байланысқан және өзара шартталған  іс- шаралардың қалыптасуын талап етеді, мұны өзі мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларлы құрайды.

Кешенді ғылыми-техникалық бағдарламалар (жылдық ұзақ мерзімді) жоспарлардың сабақтастығын қамтамасыз етеді. Ұзақ мерзімді мәселелері ұзақ және ағымдағы жылдық жоспарлардың негізгі  ғылыми-техникалық проблемаларын шешудің кешенді бағдарламасын құру барысында дәл анықталып, бөлінеді. Ғылыми-техникалық бағдарламалардың жиынтығы ғылыми-техникалық дамудың болашақ жоспарының адрестік бөлігін құрайды.

Ғылыми мен техниканың дамуының жаңа бағыттарын бірінші деңгейінде ғылыми-техникалық дамудың мемлекеттік бағдарламасын дайындау қарастырылады. Екінші деңгейінде – дамудың ішкі бағдарламаларын салалық басқаруды дайындау мен ғылыми-техникалық даму көрсеткіштерін бекіту қарастырылады. Үшінші деңгейде – белгіленген бағыттарға сәйкес меншікті бағдарламаларды біріктіру және ұйымдастыру қарастырылады. Осылайша, мақсатты бағдарламалық басқару аймақтың ғылыми-техникалық дамуының маңызды мәселелерін дер кезінде анықтауды қамтамасыз етеді.

Инновациялық және ғылыми-техникалық іс-әрекеттерді белсенді ету әр түрлі заңдар мен нормативтік құжаттардың   жасалуымен негізделеді, ал олардың болмауы тек құқықтар ғана емес, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыруды да шектейді.

 

2.ҚР-ғы инновациялық жүйенің жаңа моделінің қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, ҚР-ғы ғылыми – техникалық ортаның реформалануы елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерден артта қалып отыр. Ғылыми ұйымдардың негізгі саны мемлекеттік секторға қарайды ды бюджеттен қаржыландырылады, ол әрине жеткіліксіз. Сәйкесінше, Қазақстандық нарыққа шет елдік технологиялардың ағылуы мүмкін және ондағы бәсекенің нығаюы ықтимал.

  Екіншіден, бұрынғы социолистік жүйенің республикаларындағыдай, Қазақстанда да технологиялардың ішкі және сыртқы трансфертінің ерекше жоспарлық моделі қалыптасқан. Нәтижесінде 10 жыл ішінде Қазақстанда институционалдық және ақпараттық инфрақұрылым болған жоқ.

  Үшіншіден, Қазақстандағы инновациялық іс-әрекетті реттеудің жоспарлық моделін мұрагерлікке қалдырғаннан кейін әр түрлі субъектілердің бірлесе әрекет ету әдет-ғұрып қалыптаспады. Осы уақытқа дейін республикалық және аймақтық құралымдар деңгейінде олардың функциялары шектелмеген.

Осынының бәрі билік институттарын инновациялық сферадағы жағдайды талдау үшін қажетті ақпараттармен хабарсыз болуына алып келеді. Өнімдік және технологиялық инновацияларды меңгеру, базистік, жақсартушы және псевдо инновациялар арасындағы қатынас, ішкі нарыққа шет елдік технологияларын ағамы және олардың сапалық сипаттамаларын ескеру, лицензиялардың импорт пен экспортты, өнеркәсіпен ғылым секторлары арасындағы өзара байланысты, технологиялар трансфертін формаларының пропорциясы сияқты маңызды процестер инновациялық іс-әрекеттерді басқару құрылымын анықтау шешімдерін қабылдауда жетіспейді, болмайды. Елдегі қалыптасқан ғылыми инновациялық жүйе ең алдымен мемлекет үшін ең жаңа, басты болып саналатын өндіріске ғылымның үлкен жаңалықтарын енгізуді талап етеді, сонымен қатар, экономикалық  стратегиялық мәселелерін шешуге бағытталған көпшілік ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бүтіндей жетекшілік ету қамтамасыздандырылмайды.

Осыған орай, біріншіден, мемлекетке ғылыми ұйымдарды, ең алдымен, академиялық ұйымдарды жаңа қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға, стратегиялық жоспардағы ұлттық экономиканың тиімділігін жоғарлатуға бағыттауы қажет. Жоспарлы экономика жағдайында жаңалықтарды жоспарлау туралы идея орындаған  болса, нарықтық экономика жағдайында мәселе принципиалды жаңа қажеттіліктерді жоспарлау жөнінде және осының негізінде жаңа технологияларды іздеу туралы қойылады.

Екіншіден, бәсекеге қабілетті өнеркәсіптік өндіріс негізінде фундаментальді және қолданбалы ғылымның барынша маңызды жетістіктерін жүзеге асыруды қарастыратын жаңа ғылыми-техникалық бағыттар бойынша бірлескен республикалық-аймақтық бағдарламалардың қалыптасуы ұтымды. Демек, өкілеттіліктің айтарлықтай бөлігімен аталған мақсаттарға  арналған мемлекеттік бюджет құралдарының анықталған үлесін міндетті түрде бағдарлама дирекциясына беру қажет.

Технопарктік құрылымдар – бұл кішігірім мекемеде орналасқан, қызмет көрсетулердің екі-үш түрін (мысалы, ғимараттарды жалға беру мен коммуникация) көрсететін ғылыми қонақ үйлер сияқты қарапайым құрылымдардан бастап айталықтай кеңістікті алатын және инновациялық процестердің дамуы үшін аймақтық ғылыми - өнеркәсіптік кешенді таныстыратын ғылыми парктерге, технополистерге немесе ғылыми аймақтағы дейінгі өз бетінше әрекет ететін шаруашылық формалар.

Күрделілік дәреженің өсуі бойынша технопарктік құрылымдардың негізгі типтерін келесі түрде жеткізуге болады.

  • инкубаторлар (инновациялық орталық), бизнес инкубатор, ғылыми орталық және т.б.
  • технологиялық парктер (ғылыми - өнеркәсіптік экологиялық инновациялық конверсиялық технологиялық, ауыл-аймақ, бизнес- парк);
  • технополистер;
  • ғылым мен технология парктері.

Технопарктік құрылымдар басқа да белгілері бойынша жүктелуі мүмкін. Масштабтылығы, ғылыми сиымдылығы, әрекет етуінің мақсаты және т.с.с. Технопарктік құрылымдар жоғарғы технологияларды ғылыми сферадан өндіріске өткізу үшін барынша тиімді .

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-14 15:12:56     Қаралды-2112

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »