Тақырыбы: Қырлы төсті құстар.
1. Құстардың ең басты отрядтарына, тұқымдастарына сипаттама, географиялық таралуы.
2. Құстардың маңызы.
1.Бұл отряд тармағына қырсыз төстi құстар мен пингвиндерден басқа ұшуға қабiлетi бар, қырлы төстi сүйегi бар қазiргi құстардың барлығы жатады. Арктикадан Антарктикаға дейiн барлық географиялық аймаққа таралған. Тiршiлiк ететiн ортасы да алуан түрлi. Көпшiлiк түрлерi өмiрiнiң бiраз уақытын суда өткiзсе, ендi бiр түрлерi ашық далалы жерлерде, орманда т.б. орталарда өткiзедi.
Қазақстанда кездесетiн қырлы төстi құстар 23 отрядқа бөлiнедi. Солардың маңызына қарай сипатталады.
Гагар тәрiздiлер отряды/Маймаққазтәрізділер(Gaviiformes). Суда жақсы жүзедi, сүңгидi, бiрақ нашар ұшады. Артқы аяқтары созылыңқы, мойыны ұзын, тұмсығы екi бүйiрiнен қысыңқы. Қанаттары, құйрығы қысқа болады. Қауырсыны тығыз орналасқан. Балапандары ширақ және үлпiлдек мамықты болады. Қара жемсаулы гагар бiздiң елiмiзде көбiрек кездеседi. Бiрден үшке дейiн жұмыртқа салады. Жұмыртқасын атасы мен анасы кезектесiп басады. 28 күннен кейiн жұмыртқадан балапан шығады.
Поганкалар отряды/ СҰҚСЫР ҮЙРЕКТӘРІЗДІЛЕР (Podicipediformes). Поганкалар гагарларға туыстық жағынан жақын. Олардан мөлшерi жағынан кiшiрек әрбiр саусақтарының айналасында жарғақтары болады. Бұлардың iшiнде үлкен поганка немесе чомга кең тараған. 2-7 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын атасы мен анасы кезектесiп басады. Поганкалар өмiрiнiң барлығын суда өткiзедi. Тек дем алу үшiн ғана судан жағалауларға шығады.
Ескек аяқтылар отряды (Steganopodes). Су құстарының iшiндегi iрiсi, (0,4-тен 13 кг-ға дейiн). Ескек аяқтылар тұщы суда, көбiнесе теңiзде тiршiлiк ететiн, саусақтары жарғақпен қосылған. Су құзғындары мен бiрқазан тәрiздi құстар. Олардың бәрi жақсы жүзедi және ұшады. Тұмсығы ұзын екi жақ сүйегiнiң аралығында созылмалы терi қалтасы бар. Балықпен қоректенедi. Ұя салғанда топтанып бәрi бiр жерге салады. Бiрден алтыға дейiн жұмыртқа салады, оларды ұрғашысы мен еркегi басады. Моногамды. Балапандары жұмыртқадан шыққан әлсiз, қызылшақа болады. Қазақстанда екi тұқымдасқа жататын бес түрi кездеседi. Қызғылт бiрқазан, бұйра бiрқазан Қазақстанның қызыл кiтабына енген. Дене мөлшерi iрi, салмақтары 12 кг-ға дейiн.
Дегелек тәрiздiлер отряды (Ciconiformes). Дене мөлшерi әртүрлi iрi келген құс (салмағы 0,1-6 кг дейiн). Мойыны, аяқтары ұзын болып келедi. Тұмсығы түрлi пiшiндi, ұзын, заттарды шоқуға ыңғайлы болып келедi. Қазақстанда таралған түрлерiнiң салмағы 150 г-нан 4 кг дейiн болады. Бұлар жануар тектес азықтармен қоректенедi. Ұя салғанда топтанып бiр жерге жиналып салады. Ұялары ағаш басында, бұталарда, жартастарда, үйлердiң маңайында т.б. болады. 2-9-ға дейiн жұмыртқа салады, оларды ұрғашысы мен еркегi бiрiгiп басады. Балапандары жұмыртқадан шыққан әлсiз, қызылшақа болады. Қазақстанда үш тұқымдасқа жататын 13 түрi бар – көкұқтан, дегелек, бақылдақ (кваква), оқпан (волчак), көлбұқа (выпь), жалбағай (колпица), каравай т.б. Қызыл кiтапқа енген түрлерi: сары құтан, кiшi ақ құтан, қалбағай, қарабай, ақ ләйлiк, қара ләйлiк.
Қаз тәрiздiлер отряды (Anseriformes). Үйрек, қаз және аққу тәрiздi, бұлар нағыз су құстары. Жақсы жүзедi және сүңгидi. Тұмсығы жалпақ, сырты жұқа терiмен қапталған, тұмсығының ұшында мүйiздi пластинкалары бар. Кейбiр түрлерiнде жақтарының жиектерiнде мүйiздi тiсшелерi болады. Құйымшақ бездерi жақсы жетiлген. Қаздар су маңында кейде далада өсiмдiктермен қоректенедi, балықтарменде қоректентiндерi бар. Ұялары су маңайында болады, кейде судан алыс жерлерде болуы ықтимал.Балапандары үлпiлдек жүндi. Көпшiлiгi жыл құстары. Олардың маңызы зор, көпшiлiгi кәсiптiк маңызы бар құстар. Үй қаздары Қазақстан даласында кең тараған жабайы сұр қаздардан шыққан. Үй үйректерi Европа мен Азияда кең тараған барылдауық үйректен шыққан. Ендеше алдағы уақытта да құстардың жаңа тұқымдарын шығаруда әлiде мүмкiншiлiктер туатыны сөзсiз.
Тырналар отряды (Gruiformes). Ашық далалы жердi, жиiрек судың маңайын мекендейтiн iрi құс (салмағы 2-15 кг дейiн) Мойны аяқтары және тұмсығы ұзын, ал құйрығы қысқа, жақсы жүретiн құстар. Олардың тамақтарының құрамында өсiмдiк тектес, және жануар тектес азықтар бар. Ұяны жерге салады, жұмыртқадан балапандары ширақ үлпiлдек жүндi болады. Тырналардың барлығы да жыл құстарына жатады. Қазақстанда 6 түрi тiршiлiк етедi – тырна, қара тырна, қызылсирақ тырна, ақ тырна, ақбас тырна.
Дуадақтар отряды (Otides). Далалы және шөлейттi жерлерде тiршiлiк ететiн iрi құстар. Құрғақ ортада тiршiлiк ететiн болғандықтан, оларда құйымшақ безi болмайды. Азықтарын күндiз iздейдi. Жақсы жүгiредi, ұшады, қажымай талмай жүре бередi. Негiзгi азығы өсiмдiк тектес, ал жаз айларында нсекомдар мен омыртқасыз жануарлармен қоректенедi. Топтанып өмiр сүредi. Ұяны жерге салады. Жұмыртқадан балапандары ширақ үлпiлдек жүндi болады. Жыл құстарына жатады. Қазақстанда олардың үш түрi кездеседi – жекдуадақ, безгелдек, дуадақ. Зиянды насекомдарды жеп пайда келтiредi.
Қызыл кітап - сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай - күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Жыртқыш құстар
|
Сұр тырна (серый журавль). Денесі қаздан ірі, аяқтары серейген, мойыны ұзын құс. Жұптасып жүреді, ал қоныс аударар кезде топталып ұшады. Ұшып бара жатқанда аяқтарын артқа, мойынын алға созып жібереді. Аспанда ұшқанда бірінің артынан бірі қатар түзеп, үш бұрыш тәріздес қатар түседі. Денесіндегі жалмы жауыр сындарының түсі бозғылт сұр. Тамағындағы, төсіндегі қауырсындарының түсі және «тақиясы» қара болып келеді, ал желке тұсы жалаңаш қып-қызыл. Сұңқылдаған дауыс шығарады. |
|
Қекілік. Үлкендігі алақарғадай тауық тұқымдасына жататын құс, Әдетте топ-тобымен кейде жұптасып жүреді. Қиыршық тасты тау беткейлерінде қысқа қанаттарының көмегімен жоғары қарай жорғалап бара жатқан кекіліктерді жиі кездестіруге болады. Тұмсығы, аяқтары және көзінің айналасы қып-қызыл. «Қоккогок-когок-кек-кок» деген тауық даусына ұқсас дыбыс шығарады. Кекіліктің шілден айырмашылығы — екі бүйірінде бауыр жағына қарай тарамдалған қара жолақтары болады. Таулы өңірдің құрғақ далалы белдеуіндегі жар қабақтарда және сусымалы тас үйінділеріне жақын мекендейді. Кәсіптік маңызы бар құстардың қатарына жатады. |
Бөктергі. Кептерден сол ғана кішілеу келген, сұңқар тұқымдасына жататын құс. Бөктергі (кобчик) қоразының қауырсындарының реңі қарақошқыл. Кұйрығы мен қанаттарының астындағы қауырсындарының түсі тотық түсті күрең. Ал, мекиендерінің арқасындағы қауырсындарының түсі көлденең қара теңбілдері бар сұрғылттау. Бауыр жағы мен басы қара секпілді таңбалары бар күрең түстес, екі ұртында қара «мұрттары» болады. «Ки-ки-» деп қатты дауыс шығарады. |
Үрпексары. Қарғадан үлкен келген ірі жыртқыш құстардың бірі. Қалықтап ұшып жүргенде ақ дақтары бар ұзын ірі өте кең қанаттарын байқауға болады. Бұл құстың құйрығы да ұзын. Үрпексарының (курганник степной) арқа жонындағы қауырсындарының түсі қоңыр күрең, ал бауыр жағы қоңыр жолақтары бар күлгін болып келеді. «Кей-кей-кей» деп аспанда қалықтап ұшып жүреді. Ашық далалы өңірлерде тіршілік етеді. Көшіп жүретін құс. Ұясын биік тау құзарлардың басына, тау шатқалдардың беткейіне кейде ағаш басына да салады, Ұясында күңгірт дақтары бар 2-ден 5-ке дейін ақшылдау жұмыртқасы болады. Зиянды кеміргіштермси де қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. |
Сұр шіл. Үлкендігі кептердей, тауық, тұқымдасына жататын құс. Сұр шіл (серая куропатка) жұптасып және үйір-үйір болып жүреді. Қауырсындарының реңі күңгірт теңбілдері бар күлгін сұрғылт түсті. Екі ұрты мен алқымындағы қауырсындарының түсі күрең. Қанаттарының сыртқы жағы тотық түсті қоңырқай болып келеді. Бауыры ақ. Қатты «чир-гик» деп шықылықтап жүреді. Орманды-дала өңірлерінде жәнс тау етектерінде жүрекі. Отырықшы құстар. Ұясып жер бетіне салады. Шіл өте өсімтал құс. Көбейер кезінде ұясына қоңырқай сарғьш 14-тен 24-ке дейін жұмыртқа салады. Кәсіптік маңызымен қатар ол зиянды насекомдармен азықтанып шаруашылыққа пайдасып тигізеді. Шілдердің қорегінде ең негізгі орын алатын егістіктер мен ормандардың аса қас жауы — қуыршақтанған қоңыр көбелектер, өсімдік қаһ-далалары және қызылшаның көптеген зиянкес насекомдары. Сонымен қатар арам шөптердің дәндерін сүйсініп жейді. |
|
Дала құландыны. Үлкендігі қарғадай алғыр жыртқыш құс. Құйрығының және қанаттарының ұзындығына байланысты қарғадан үлкендеу болып көрінеді. Дала қуландынының (лунь полевой) сыртқы бейнесі кәдімгі кезқуйрыққа ұқсас болғандықтан кейбір жерде аңшылар кезкұйрық деп те атайды. Құландының кез құйрықтан айырмашылығы құйрығы екі айыр болмайды, тұтас доғал болып келеді. Ашық далалы жерлерде, бұтасы бар шалғынды алқаптарда жайлап қанаттарын екі-үш рет қағып қойып, қалықтап ұшып жүреді. Қоныс аударатын құстардың қатарына жатады. Ұясын жерге салады. |
|
Ақ иық немесе қара құс. Қаздан ірілеу келген жыртқыш құс. Жалғыз немесе парымен жүреді. Аспанда қалықтап ұшып жүргенде кең қанаттарының ұшы салаланып саусақ тәрізді болып көрінеді. Ақ иық (орел могильник) жеке-дара ағаштардың басында, мая шөптердің үстінде, телеграф бағаналарының басында және т. б. биіктеу жерлерде жиі демалып отырады. Оны ашық далалы өңірлерден жиі кездестіреміз. Бұл құстың сыртқы бейнесі қара қоңыр, «тақиясы» мен мойны сарғыштау және иықтарында ақ дақтары бар. «Кьяв-кьяв» деп қатты дауыс шығарады. |
|
Қыранқара. Ірі жыртқыш құс Арқа-жоны қара қоңыр, иықтарында ақ дақтары болмайды. Бауыр жағындағы қауырсындарының түсі қапаттарына қарағанда ақшылдау. Қыранқара (орел степной) құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аудандарды мекендейді. Күзде жылы жаққа ұшып кетеді. Ұясын биіктеу төмпешіктерге немесе аласа бұта басына салады. 1—3 жұмыртқа басып, балапан шығарады. Қыранқара жемін әуеде ұшып жүріп те, кеміргіштердің інінің төңірегіне барып, аңдып отырып та аулайды, Ең негізгі қорегі егістіктердің аса қас жауы — кіші саршұнақтар. Саршұнақтың бұл түрі жоқ жерде ол зорман, қызылұрт және үлкен саршұнақтарды аулайды. |
|
Күйкентай. Кептерден сол ғана кішілеу келген жыртқыш құс. Сұңқар тұқымдасына жатады. Ұшып жүргенде ұп-ұзын қанаттары мен құйрығы анық байқалады. Аспанда қанаттарын жиі дірілдетіп бір орында біраз уақыт тұрады және қайта ұшады. Күйкентай (пустельга) құйрығының түсі күңгірт көлденең жолақтары бар күрең болып келеді. Бауыр жағындағы қауырсындарының түсі қоңыр секпілді ірі жолақтары бар кәмескі ақшылдау. Ызғарлы «кли-кли-кли» деп дауыс шығарады. Бүл құстың бөктергіден айырмашылығы, арқа-жонындағы қауырсындарының түсі күрең болып келуінде. |
|
Кәдімгі құрқылтай. Торғайдан кішілеу келген өте епті құс, Ағаштың жіңішке бұтақтары мен аласа бұталардың арасында тіршілік етеді. Құрқылтай (ремез обыкновенный) қалың жапырақтардың арасында парымен немесе үйірімен жүреді. Даусынан оңай тауып алуға болады. Денесінін үстіңгі жағы сарғылт түсті, ал бауыр та жағы алқызыл. Басы күңгірт сұр түсті. Тұмсығынан құлағына дейін созылған қара жолағы болады. Нәзік «тенни-тейн» деп дауыс шығарады. Су қоймалары мен өзен мен көл жағасындағы жапырақты және шоқ ормандарда тіршілік етеді. Көшіп-қонып жүретін құс. Ұяларын алмұрт тәрізді етіп, шептен тоқиды. |
Лашын. Үлкендігі қарғадай келген сұңқар тұқымдас жыртқыш құстардың ішіндегі ірісі; Ұшып жүргенде ұзын әрі үшкір қанаттары және қысқа құйрығы байқалады. Биіктеу жерлерде «қаздиып» отырады. Лашын (сапсан) денесінін үстіңгі жағы көкшіл сұр түстес қара түске дейін барады. Басы мен «мұрты» қара. Бауыры реңсіз ақшылдау немесе күреңдеу. Екі ұрты ақ, «Кьяк-кьяк» деп қатты дауыс шығарады. Мекендейтін жерлері әрі мандар, терең тау шатқалдары және ашық далалы өңірлер. |
Үлкен сарышымшық. Үлкендігі торғайдай құс. Денесінін түсі әртүрлі болып келген өте әдемі шымшықты алыстанақ байқауға болады. Басының екі жағында ақ дақтары бар «тақиясы» қара, ұшқалақтап, секендеп жүретін құс. Арқа жоны жер түстес, құйрығы қара, қанат тары көгілдір түстес те оның арасында көлденең ақ жолақтары айқын көрініп тұрады. Үлкен сарышымшық (большая синица) ормандарда, бақтарда да әдетте адам мекеніне жақын жүретін құс. |
2.Құстар – омыртқалы жануарлар iшiнде жоғары сатыда дамығандардың бiрi. Денесi қауырсынмен жабылған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Дамудың келесi сатысында құстардың ұшу қабiлетi жетiле түстi. Бұл қасиет қанаттыларға дүние жүзiне кең таралуына мүмкiндiк бередi. Сөйтiп тiршiлiкке қолайлы құрылықты да, суды да, ауаны да жайлады. Құстарға маусымдық көшiп отыру тән сипат, олардың iшiнде жыл құстары ерекше көзге түседi. Сол сияқты құстардың iшiнде отырықшы және көшiп жүретiн де тобы бар. Құстың әртүрлi бiрнеше түрлi биогеоценозда тiршiлiк етуi мүмкiн. Әрине құстардың көптеген түрлерi орманда тiршiлiк етедi. Олар сонда тiршiлiк ете жүрiп өсiмдiк тектес, жануар тектес азықтармен қоректенедi. Олардың бiрқатар түрлерi жемдi талғап жесе, ал екiншiлерiнiң азыққа талғамы аз байқалады. Құстар ұяларын ағаш қуыстарына, ағаш бұтақтарына, жерге салады. Далалы жердiң құстары – шалғынды, дала, шөл және шөлейт жерлерде – ұяны жерге салады. Таулы, қыратты жерлерге биiк құздарға салады.
Құстардың адамның рухани өмiрiнде алатын орны зор. Адам құстарды клеткаларда ұстап өзiне жақындатуға тырысады. Алайда адамдар ең алдымен құстардың шаруашылық және практикалық маңызына мән бередi. Құстар ауыл және шаруашылығы үшiн зиянды жәндiктер мен кемiргiштердi жеп санын елеулi дәрежеде азайтушылар.
Пайдаланған әдебиет
1. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. Ч.1,2. М., 1979.
2. Махмутов С. Омыртќалылар зоологиясы. Алматы. 1994.
3. Адольф Т.А. и др. Руководство по зоологии позвоночных. М.,1977.
4. Карташев Н.А. и др. Практикум по зоологии позвоночных. М., 1969.
Жарияланған-2015-10-07 21:37:38 Қаралды-7044
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану