Тақырыбы. Жақтылар бөлімі. Балықтар класс үстi. Шеміршекті балықтар класы
1. Балықтар класс үстiне жалпы сипаттама, систематикасы
- Шемiршектi балықтарға сипаттама, құрылысы, қаңқасы
- Шемiршектi балықтардың систематикасы.
1. Балықтар омыртқалылардың iшiндегi төменгi сатыдағы желбезектерiмен тыныс алатын аузында қозғалмалы жақтары бар, суда тiршiлiк ететiн жануарлар. Ауыз қуысында нағыз тiстерi бар, көкiрегiнде және құрсағында қозғалыс мүшесi жұп жүзу қанаттары болады. Суда тiршiлiк етуiне байланысты балықтың дене құрылысына, тiршiлiгiне айтарлықтай өзгерiс кiргiзген. Барлық балықтарда бiр қан айналым шеңберi, тек қостынысты балықтарда ғана ауамен тыныс алғанда қан айналым шеңберi өзгередi (екi қан айналымына) Денсiнiң температурасы өзгерiп отырады (тұрақты емес). Балықтар қоректерiн жүзiп жүрiп iздеп тауып ұстайды, ортаға тез бейiмделе алады. Қазiр балықтардың 20 мыңға жуық түрлерi бар. Олардың түрлерiнiң көптiгiне қарай, балықтарға толық сипаттама беру үшiн балықтарды екi топқа бөледi: бiрiншi – шемiршектi балықтар, екiншi – сүйектi балықтар. Әрбiр класс өз алдына класс тармақтарына бөлiнедi.
2. Осы заманда тiршiлiк ететiн балықтардың iшiндегi қаңқасы шемiршектерден тұратын қарапайым құрылысты шемiршектi балықтар. Желбезек тесiктерi өзара перделермен бөлiнiп, денесiнiң сыртына ашылады. Желбезек қақпақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделi емес, плакоидты болады. Жүзу торсылдақтары болмайды.
Тақта желбезектiлерге акула мен скаттар жатады. Ғылымға акуланың шамамен 350 түрi, скаттардың 340 түрi белгiлi.
Дене пiшiнi. Тiршiлiк ету тәсiлiне қарай олардың денесi ұзынша, ұршық тәрiздi (акулада) және жалпақ сүйiрленiп барып бiтедi (скатта). Шемiршектi балықтардың дене мөлшерi 2м-ден 15-20м-ге дейiн (китовая акула) болады, ал кейбiреулердiң салмағы 1,5 тоннаға дейiн жетедi. Ал скаттардың ұзындығы 6-7 м-ге дейiн болады.
Шемiршектi балықтардың көкiрегi мен құрсағында горизонталь орналасқан қос қанаттары болады. Еркектерiнiң құрсағындағы қос қанатының iшкi жағынан саусақ тәрiздi өсiндiлер пайда болады, олар шағылысу мүшесi қызметiн атқарады. Құйрық қанатының жапырақшалары бiркелкi болмай, үстiңгi жапырақшасы үлкен де, ал астыңғысы одан кiшi болып келедi, сондықтан оны гетероцеркальды құйрық қанаты деп атайды.
Терi жабындысы. Эпидермистен түзiлген терi және дермадан тұрады. Сыртқы қанатының эпидермисi мүйiзденбейдi, өйткенi оның денесiн жылмағайландырып дененiң суға тиюi мен туатын кедергiсiнiң үйкелiс күшiн кемiтетiн үнемi шырыш бөлiп тұратын көптеген бiр клеткалы бездер орналасқан. Шемiршектi балықтардың денесiн қарапайым құрылысты плакоидты қабыршақтар қаптайды.
Қаңқасы. Шемiршектi балықтардың қаңқасы өмiр бойы шемiршектi болады. Қаңқасы омыртқа жотасынан және бас сүйегiнен тұрады. Омыртқаларын дене және құйрық омыртқалары деп екiге бөледi. Омыртқаларға бекiнген қабырғалар дене қуысын үстiңгi және бүйiр жағынан қоршап тұрады. Бас сүйегi ми сауытынан, сезiм мүшелерiнен тұрады. Басының тұмсық жағында – рострум деп аталатын өсiндi болады. Сондықтан ауыз басының астыңғы жағында көлденең саңылау түрiнде орналасқан. Қанаттары бiр жақ ұшымен белдеу бөлiмiне бекiсе, екiншi ұшы денесiнiң сыртында болады. Балықтардың құйрық және дене бұлшық еттерi метамерлi құрылысты болып келедi. Олар миосепта арқылы бiрнеше сегменттерге (бөлшектерге) бөлiнедi. Басында, жүзу қанаттарында, белдеулерiнде басқа бұлшық еттер орналасқан.
Ет жүйесi. Шемiршектi балықтардың еттерi әртүрлi қимылдарына, оған жұмсалатын күш-қуатына қарай жеке жiктерге бөлiнген. Ет жақсы дамыған күштi еттерi дененiң ұзына бойына омыртқа жотасына бiткен. Сайып келгенде балықтардың қаңқасы мен еттерi бiркелкi қайталанып, отыратын метамерлi құрылысты болады.
Нерв жүйесi. Балықтардың орталық нерв жүйесi ми мен жұлыннан құралады. Олардың миы басқа омыртқалыларға қарағанда, кемiрек жетiлген. Ол алдыңғы, ортаңғы, аралық, мишық және сопақша мидан тұрады. Бас миының барлық бөлiмдерi үлкейген, олардың құрылысы күрделенген. Алдыңғы мидың иiс бөлiмшесi үлкейген және химиялық тiтiркендiргiштi қабылдайды. Шемiршектi балықтардың тез қимылдауларына, жүзуiне байланысты тепе-теңдiк, жағдайын сақтау мақсатында олардың көлемi үлкейген. Сонымен бiрге жұлынының да құрылысы күрделенген.
Сезiм мүшелерi суда тiршiлiк етуiне байланысты түрлi тiтiркендiргiштi қабылдауға бейiмделген. Көздерi сыртқы жалпақ мөлдiр қабық пен көз алмасынан тұрады, қабағы болмайды. Алыстан көруi нашар, шемiршектi балықтар заттың түсiн айыра алмайды. Есту мүшесi iшкi құлақтан ғана тұрады. Оның ш жарты шеңберлi каналдары болады. Иiс сезу мүшесiнiң қызметiн жұп иiс сезу шұңқырлары атқарады. Бүйiр сызығы айқын байқалады. Бүйiр сызықтар балыққа жүзген кезде, оның жолында кездесетiн заттардан пайда болатын судың болмашы тербелiсiн қабылдауға мүмкiндiк бередi. Осы бүйiр сызықтарының арқасында балық су ағысының бағытын сезедi, жолында кездескен кедергiлердi көрмей-ақ айналып өтедi.
Қан айналу жүйесi. Балықтардың барлығында да қан айналу жүйесi ланцетниктердiкiне ұқсас. Барлық балықтарда, тек қостынысты балықтарда бiр қан айналым шеңберi болады. Сондықтан жүрек арқылы тек вена қандары ғана өтедi. Шемiршектi балықтардың жүрегi екi камерадан: жүрекше мен қарыншадан тұрады. Жүрекшеге вена қаны құйылатын веноздық (синус) қуыс жалғасады. Қарыншаға – артериялық конус жалғасады. Артерия қаны жүрекке соқпай, денеге тiкелей желбезектен таралады. Қан тамырлары мен өте жай қозғалады және оттегiне онша бай болмайды. Тотығу процесi тым нашар өтедi, сондықтан да балықтың денесiнiң температурасы жоғары болмайды, өзiн қоршаған ортаның температурасынан сәл ғана артып түседi. Суық суда балық денесiнiң температурасы төмендейдi, ал жылы суда – көтерiледi. Балықтарда қан жасайтын мүше көкбауыр бар. Көкбауырда және сол сияқты бауыр ұлпаларында эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жасалады.
Тыныс алу жүйесi. Шемiршектi балықтар желбезек тесiктерiнiң (саңылау) әрқайсысының аралықтары желбезек перделерiмен бөлiнiп, екiншi ұшы денесiнiң сыртына ашылады. Шемiршектi балықтарда желбезек қақпақтары жоқ. Желбезек саңылауларының алдыңғы және артқы қабырғаларына желбезек жапырақашаларының орналасуы нәтижесiнде желбезектер пайда болады. Желбезек перделерiнiң алдыңғы және артқы қабырғаларында жұқа желбезек жапырақшалары орналасқан, сонда өте көп қантамырлары(орналасқан) болып, газалмасуды тездетедi. Скаттарда желбезек тесiктерi бауыр жағында орналасқан. Желбезектерге су тек брызгальцелер арқылы ғана кiредi. Оларда газалмасу көбiне терi арқылы да болады. Акулаларда жоғарыда айтылған 5-7 желбезек тесiктерiнен басқа, көзiнiң арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын екi тесiктi көруге болады. Оларды брызгальцелер деп атайды.
Зәр шығару жүйесi. Денедегi зиянды заттар зәр шығару жүйе арқылы сыртқа шығарылады. Омыртқа жотасының астында лента тәрiздi қызғылт қоңыр түстi созылып жатқан екi бүйрегi бар. Бүйректер арқылы қаннан бөлiнiп шыққан несеп зәр түтiктерi арқылы қуыққа жиналып, одан несеп қуық тесiгi арқылы сыртқа шығады. Мұндай зәр шығару жүйесiн алдыңғы бүйрек немесе пронефрос деп атайды.
Ас қорыту жүйесi. Балықтардың ас қорыту жүйесi үш бөлiмнен тұрады. Алдыңғы, оған ауыз қуысы мен жұтқыншақ, ал жұтқыншақ қысқа өңешке келiп жалғасады; ортаңғы, оған өңеш созылмалы қарынға жалғасады, одан нағыз iшек басталады, iшектiң алдыңғы бөлiмi иiрiлiп барып шумақ шығарады. Lшектiң басталған жерiне тұйық, кейде пилорикалық өсiндiлер пайда болады. Сонымен бiрге бұл бөлiмге асқорыту бездерi – бауыр, бауырында өтi болады және ұйқы безi жатады; артқы, оған денесiнiң арт жағына қарай созылып барып дербес тесiк болып сыртқа ашылатын артқы iшек жатады.
Шемiршектi балықтардың ауыз қуысын қоршап тұратын жақтарында iрi тiстерi болады. Сондықтан шемiршектi балықтардың көпшiлiгi жыртқыштар. Олардың iшектерi, сүйектi балықтармен салыстырғанда қысқа болады, бiрақ тоқ iшегi жуандау iшiнде спиральды қақпақшалары болады. Олар iшектiң iшкi ас қорыту бетiн ұлғайтады. Бауыры үлкен үш бөлiктен тұрады. Шемiршектi балықтардың тамағының құрамына әртүрлi балықтар кiредi. Көпшiлiгi шаянтәрiздiлердi, моллюскаларды, құрттарды және омыртқасыздарды қорек етедi. Ең үлкен китовая акула (ұз.15 м) және гигантская акула (ұз.20 м) мұртты киттер сияқты узымен сүзiп планктонды организмдермен қоректенедi.
Көбеюi. Шемiршектi балықтарда аналық жыныс бездерi жұп болады. Олар бауыр жағындағы қуыста орналасқан. Жетiлген жұмыртқа клеткалар бiрден дене қуысына түседi, содан кейiн одан уылдырық түтiктерiнiң шұңқырына түседi. Демек, жұмыртқа клеткалары уылдырық түтiктерiмен тiкелей жалғаспайды. Уылдырық түтiктерi бiрден клоакаға ашылады. Ұрықтану iште өтедi. Акула мен скаттарда ұрықтану ұрғашы балықтардың жыныс жолдарында болады. Спермалар (шәует) ұрғашы балықтың жыныс мүшесiне еркек балықтың ерекше жаратылған қосалқы (копулятивный аппарат) мүшесi арқылы енгiзiледi.
Дамуы. Шемiршектi балықтарда даму әртүрлi жолдармен өтедi. Көпшiлiгiнде сары уызы көп жұмыртқа клеткалары ұрытанғаннан уылдырық түтiктерiне түсiп қатты қабыршақтар пайда болып, сыртқа шығады. Сол жерде ұрық ересек күйге жеткенше жатып дамиды. Екiншi бiр түрлерiнде сары уызға өте бай болады да, сыртына қатты қабық түзелмей, уылдырық түтiктерiнiң арт жағында дамиды. Дамудың мұндай әдiсiн жұмыртқадан тiрi туу немесе”тiрi жұмыртқа тууышылық” деп атайды. Кейбiр түрлерiнде нағыз тiрi туу байқалады. Олардың жұмыртқаларында қоректiк заттар өте аз болып, ұрықтанғаннан кейiн уылдырық түтiктерiмен жылжып отырып, оның кеңейген жерiне бекiп даму үшiн қажеттi заттардың бәрiн содан алады. Тiрi туатын түрлерiнiң жұмыртқасының сыртында қатты қабығы болмайды. Жұмыртқалары ұрғашысының ұрық жолында дамығанда, ұрықты анасының денесiмен тығыз байланыстыратын “сары уыз плаценттерi” (желточный мешок) болады.
3. Систематикасы:
Шемiршектi балықтар класы – Chondrchtyes
Тақта желбезектiлер класс тармағы – Elasmobranchia
I-отряд үстi акулалар – Selachomorpha
II-отряд үстi скаттар – Batomorpha
Бүтiн бастылар немесе химерликтер класс тармағы – Holocephali
Пайдаланған әдебиет:
1. Губашев Н.М. Зоология практикумы : оқу құралы / Н. М. Губашев, А. К. Днекешев, С. М. Жумагазиева ; ЖӘгір хан атындағы БҚ АТУ. -Орал : БҚ АТУ, 2007. - 151 с
2. Бәйімбет Ә.А., Темірхан С.Р. Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының қазақша–орысша анықтауышы. Алматы, 1999.
3. Қайымов Қ. Балықтар әлемінде. Алматы, 1973, 1980.
4. Дәуітбаева Ә. Омыртқасыздар зоология 1,2-бөлім. Алматы., 200
5. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. Ч.1,2. М., 1979.
Жарияланған-2015-10-07 21:02:59 Қаралды-4640
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану