UF

Тақырыбы: Бассүйексіздер типі тармағы. Қабықтылар – TUNICATA тип тармағы.

 

 

1. Бассүйексіздер тип тармағы .Басхордалылар класы Cephalochordata.

Морфологиялық және биологиялық  сипаттамасы.

2. Қабықтылар – TUNICATA тип тармағы.

 Класс Асцидиялар – Ascidiae

 Класс Сальпылар – Salpae.

 Класс Аппендикуляриялар -Appendiculariae

 

1.Бас қаңқасыздар – мейлiнше қарапайым, бiрақ хордалылардың барлық қасиетi сақталынған сан жағынан аздау теңiз жануарлары. Бас сүйексiздердiң iшiнде ғылымға белгiлi өкiлi ланцетник (Branchiostoma lanceolatum Pall.) Ланцетник ұзындығы 8 см, екi бүйiрi қысыңқы кiшi жануар. Көбiне теңiздiң таяз жерлерiнде құмға кiрiп, тек бас жағын шығарып жатады. Бас сүйексiздердiң денесiнiң соншалықты қарапайым болып келуi, олардың өмiр сүру жағдайына тiкелей байланысты. Олар теңiздiң таяз жерлерiнде тiршiлiк етедi, көпшiлiгi уақыттарын судың түбiнде, құмда өткiзедi. Олардың қорегi судың iшiнде кездесетiн ұсақ жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi.

           Систематикасы:

    Хордалылар типi- Chordata

    Бассүйексiздер тип тармағы – Acrania

    Бас хордалылар класы – Cephalochordata

    өкiлi ланцетник -  Branchiostoma lanceolatum Pall

Терi қапшығы . Екi қабаттан тұрады. Сыртқысын – эпидермис, iшкiсiн – кутис деп атайды. Ланцетниктiң эпидермисi бiр қабаттан тұрады, оның сыртын жұқа кутикула қаптап жатады. Кутис қабаты нашар дамыған және ол қоймалжың тканьдерден құралады.

Ет жүйесi. Денесi бiркелкi орналаспаған. Ет әсiресе денесiнiң арқасында көп болады. Ет жүйесi миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлiнедi. Миомерлер бiрiнен-бiрi миосепта деп аталатын дәнекер тканьдермен шектелген.

        Хорда ланцетниктiң арқа жағында бүкiл денесiн бойлай созылып жатады. Хорда негiзiнен қаңқа қызметiн атқарады.

Нерв жүйесi. Бүкiл дене бойынша хордамен қатарласып созылып жатқан нерв түтiгi. Нерв түтiгiнiң iшi қуыс болып келедi, ол қуысты невроцель деп атайды. Түтiктiң бас жақ бөлiмiнiң қуысы кеңiп бас миының өсе бастауына себебiн тигiзедi.

       Ас қорыту жүйесi. Бiрнеше бөлiмдерi бар хорданың астына орналасқан. Ауыз алдындағы қарамалағыш түтiктерiнiң түп жағында ауыз орналасқан. Ауыз қуысы екi бүйiрiнде жүздеген желбезек саңылаулары бар көлемдi де, ұзын жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақ сыртқы ортаға ашылмай желбезек айналасындағы қуысқа ашылады (атриалдық қуыс). Дененiң артқы жағында аналь тесiгi орналасқан, сол арқылы қорытылмаған зат сыртқа шығады (нәжiс).

      Сезiм мүшелерi. Өте  қарапайым. Жарық тiтiркендiргiштi жарық сезгiш – Гессе көзшелерi қабылдайды. Ол нерв түтiктерiнiң iшiнде орналасқан. Иiс шұңқыры арқылы судың химиялық қасиеттерiн ажырата алады. Сонымен бiрге дененiң сыртқы қабаты эпидермисте бытырап жатқан сезгiш клеткалары болады.

Қан айналу жүйесi. Қан айналу жүйесi тұйық. Жүрегi болмайды. Сондықтан ланцетниктiң қаны көптеген қан тамырларының жиырылып-жазылып тұруы нәтижесiнде қозғалады. Қан айналу жүйесi негiзгi екi қан тамырларынан – арқа мен бауыр және олардың көпеген торларынан тұрады.

Тыныс алу жүйелерi. Ас қорыту мүшелерiнiң алдыңғы бөлiгi жұтқыншақ ауыз қуысынан денесiнiң ортасына дейiн жүзге жуық желбезек саңылаулары алып жатады. Желбезек саңылауларының қабырғалары қан тамырларымен қамтамасыз етiлген. Желбезек саңылаулары бiрден сыртқа ашылмай, атриалдық қуысқа одан атриопор арқылы сыртқа ашылады.

Зәр шығару жүйесi. Жұтқыншақ маңайында орналасқан көптеген (90) жұп нефридия түтiктерiнен тұрады. Әрбiр мүше бiрнеше тесiктерiмен дене қуысына ашылады да, бiр тесiкпен желбезек маңындағы қуыспен жалғасады.

Көбеюi. Бас сүйексiздер жынысты жолмен көбейедi, дара жыныстылар. Олар көптеген жұп жыныс бездерi желбезек маңындағы қуыстың ұзына бойына орналасқан. Жетiлген жыныс клеткалары уақытша пайда болған жыныс жолы арқылы желбезек  маңындағы қуысқа келiп, одан атриопор арқылы  сыртқа суға шығарылады. Жыныстық клеткалары су түбiне жақын қабатқа барып ұрықтанады, яғни ланцетниктiң ұрықтануы сыртта болады, ұрықтық дамуы суда өтедi.

 Дамуы. Бас сүйексiздердiң (ланцетниктiң) эмбриональдық дамуын бiрiншi рет зерттеген К.О.Ковалевский (1865). Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзiмде дамиды.

2. Қабықтыларға немесе личинка хордалыларға – асцидиялар, сальпылар және аппендикуляриялар жатады. Олар мұхиттар мен теңiздерде кеңiнен таралған. Личинка хордалылардың шамамен 1100 түрi белгiлi, оның 1000 су түбiндегi заттарға бекiнiп отырып тiршiлiк ететiн асцидия класына жатады. Көптеген асцидиялар жеке жүрiп тiршiлiк етедi, ал қалғандары бiрнешеуi бiрiгiп колония құрады. Олардың басқа хордалылардан айырмасы ересек личинка хордалыларда хорда мен нерв түтiктерi болмайды, керiсiнше, личинкалық дәуiрде типтiң барлық негiзгi қасиеттерi анық көрiнедi. Личинкалық дәуiрiнде желбезек, хорда және нерв түтiктерi болады.

 Дене құрылысы. Денесi туника деп аталатын қалың қабықпен қапталған қап тәрiздi болады. Денесi екi үлкен тесiк арқылы (сифондар) сыртқы ортамен қатынас жасайды. Екi тесiктiң бiреуi ауыз сифоны арқылы организмге су кiредi де, төменiрек орналасқан екiншi клоака сифоны арқылы су сыртқа шығады.

 Нерв жүйесi. Ауыз және клоака сифондарының аралығында орналасқан нервтерi қуыс емес. Нерв жүйесi нашар дамыған. Жұтқыншақтың үстiнде жатқан кiшкентай ганглиядан денеге бiрнеше нерв талшықтары тарайды. Сезiм мүшелерi жетiлмеген өте жұқа еттерi қапшығы бар.

Қан айналу жүйесi. Қан айналу жүйесi ашық. Қан жүректiң жиырылып-жазылып тұруы нәтижесiнде қозғалады. Жүректен барлық мүшелерге қан тарайды, оның iшiнде жұтқыншақта жатқан желбезек тесiктерi тыныс алу қызметiн де атқарады. өйткенi сумен кiрген оттегi газ алмасуға қатынасып, организмдi оттегiмен қамтамасыз етедi.

 Зәр шығару жүйесi. Арнайы зәр шығару мүшесi жоқ.  Қорытылмаған қалдықтар кейбiр клеткаларда жиналып сол организм iшiнде қалып қояды.

         Ас қорыту жүйесi. Кіретiн ауыз сифоны арқылы ортамен қатынас жасайтын ауыз қуысынан басталады. Ауыз жұтқыншақпен, жұтқыншақ асқазанмен және таға тәрiздi iшекпен, iшек сыртқа шығатын сифонға ашылған аналь тесiгiмен жалғасады. Су ағынымен iлесiп келген ұсақ организмдер мен органикалық бөлшектер бездi нашауық эндостильдiң түбiне жиналып, эпители кiрпiкшелерiнiң қозғалуының арқасында, шырынға оралған єоректiк заттар iшекке түседi де сол жерде қорытылады.

            Көбеюi. Тiршiлiк ету ортасына бейiмделгендiгi соншалықты, олар тек жынысты жолмен ғана емес, жыныссыз жолмен де көбейедi. Личинка хордалылардың бәрi қос жынысты (гермафродиттер).Ұрықтануы аналығының iшiнде және сыртқы ортада болады. Жынысты көбейгенде ұрықтанған жұмыртқалардан өз бетiмен жүзетiн личинкалар дамиды. Олар ересектерiне ұқсамайды. Көптеген түрлерi жыныссыз жолмен көбейедi. Жыныссыз көбеюi бүршiктену арқылы орындалады. Асцидияларда отырып тiршiлiк етуiне байланысты көпшiлiк мүшелерi дамымаған.

 Дамуы. А.О.Ковалевский асцидияның дамуын мұқият зерттегенге дейiн, жануарлар жүйесiнде олардың орны белгiсiз болып келдi. Ғалым өзiнiң зерттеуiнiң нәтижесiнде асцидияның дамуы ланцетниктердiң эмбриональдық дамуына ұқсас екенiн және личинкаларының да дене құрылысының ұқсастығы олардың да құйрық қанаттары арқылы қозғалатынын көрсеттi. Личинкаларында хорда мен нерв түтiктерi жақсы дамыған. Личинкалары өз бетiмен бар болғаны бiр күн, кейде бiрнеше сағат қана жүзiп жүредi де су астындағы бiр заттарға бекiнiп отырып тiршiлiк етедi. Бiр жерде бекiнiп тiршiлiк етуiне байланысты денесi өзгерiске ұшырайды, атап айтқанда хорда, нерв түтiктерi дамымай жойылып кетедi. Сөйтедi де денесi ересек асцидияның дене пiшiнiне ұқсап қап тәрiздi болады.   

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Ланцетниктің сыртқы құрылысы.
  2. Ланцетниктің тері қапшығы.
  3. Ланцетниктің ет жүйесі
  4. Ланцетниктің нерв жүйесі
  5. Ланцетниктің сезім мүшелері.
  6. Эндостильдің қызметі
  7. Эндостильдің құрылысы
  8. Ланцетниктің көбеюі

      Пайдаланған әдебиет:

1. Губашев Н.М. Зоология практикумы : оқу құралы / Н. М. Губашев, А. К. Днекешев, С. М. Жумагазиева ; ЖӘгір хан атындағы БҚ АТУ. -Орал : БҚ АТУ, 2007. - 151 с

2. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. Ч.1,2. М., 1979.

3. Махмутов С. Омыртќалылар зоологиясы. Алматы. 1994.

4. Олжабекова К.Б. Омыртқалылар зоологиясы : Университеттердің биология факульт. бакалаврлары мен магистранттарына арналған оқу құралы / К.Б. Олжабекова ; К. Б. Олжабекова, Б.Е. Есжанов. - Алматы : Қазақ  ун-тi. – 2007. 1-бөлім. - 400 с. (Жоғары оқу орындарының қауымдастығы)

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-07 20:57:20     Қаралды-12105

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »