UF

Тақырыбы. Ұлыбритания (1918-1938 жылдардағы)

 

1.Ұлыбританияның экономикалық және саяси дамуы.

2. Капитализмнiң уақытша тұрақтану кезiндегi Ұлыбритания (1924–1929 жж.).

3. 1926 жылғы жалпы халықтық ереуiл

4. 1929-1933 жылдардағы дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс жылдардағы Ұлыбритания

Бірінші дүниежүзілік соғыста Антанта елдерінің жеңісі Ұлы-британияның беделiнiң өсуiне әкелдi. Негiзгi қарсыласы Германия жеңiлiп, Версаль бiтiмi нәтижесінде Германия отарлары Ұлыбританияға берiлдi. Сонымен қатар, араб және басқа шығыс елдерi де бағындырылды. Ұлыбритания бұрынғыша отарлық империя болып қала бердi. 1918 жылы 11 қараша күнi бiтiмге қол қою салтанатында Ұлыбританияның сыртқы iстер министрi Керзон сөз сөйлеп, «Империяның қасиеттi туы бүкiл әлемде желбiреуде, бiртұтас империя дүниежүзi халықтарының тағды-рын шешуге бел байлап отыр» – дедi. Ал, шын мәнiнде ағылшын буржуазиясының бұл мақтанышы ұзаққа барған жоқ. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталғаннан кейiн Ұлыбрита-нияның экономикалық дамуы әлсiреп, дүниежүзiндегi үлес салмағы азайып, экономикасының дамуы «ауру» адамға ұқсады. Бұған не себеп болды? Ендi соған талдау жасап көрейiк.

ХIХ ғасырдың соңғы он жылында Ұлыбритания экономикасы жедел дамыды. Оның негiзгi себебi: 1. Өндiрiстiк төңкерiс аяқталып, өнерк.сiп шаруашылығы жаңа құралдармен жабдық-талып, өндiргiш күш тез өстi. Шет елде ағылшын қаржысы үстем болды. Ұлыбритания отарлық империя ретінде өз отарларында үстемдiкке ие болды. Халықаралық сауда жүйесi ағылшын монополиясының қолында болды. Ұлыбританияның бақталас елдерi болмады. Ұлыбритания дүниежүзiндегі бiрден-бiр империя болды.

Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталғанда бұл процесс ке-рiсiнше дамыды. Оған бiрнеше себептер болды:

1. Дүниежүзiндегі жаңа капиталистiк елдер - Германия мен АҚШ экономикасы жедел қарқынмен даму жолына түстi. Экономикалық даму қарқыны Ұлыбританияны басып озды. Өндiрiсте жаңа технологиялық төңкерiс енгiзiлдi. Өнеркәсiп орындары жаңа тауарларды көптеп шығарып, Ұлыбритания тауарларын ығыстыра бастады. ХХ ғасырдың 20-жылдарында Ұлыбритания өнеркәсiбiндегi технология ескiрдi. Германия мен АҚШ-тың дамуына қарқынды тойтарыс беру үшiн, монополияға өте көп күрделi қаржы қажет еді. Ондай қаржы ағылшындарда болмады. Шет елге салған капиталы өсiмдi аз бере бастады. Ұлыбритания өз капиталын таза пайда табу үшiн отар елдердегi өндiрiске салды да, ал iшкi ұлттық өндiрiс құрылымы өзгермей қалды, технология да жаңартылған жоқ. Ұлыбритания экономи-калық дамуы Германия мен АҚШ-тан артта қала бастады.

2. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс Ұлыбританияның экономи-касына айтарлықтай әсер еткені сондай, ол АҚШ мемлекетiнiң алдында қарыздар болып шықты. Германия соғыста әлсiре-генiмен, АҚШ соғыстан байып шықты. Мысалы: Ұлыбритания-ның мемлекеттiк қарызы 1914 жылы 645 млн ф.ст. болса, 1918 жылы 7,8 млрд ф.с. өсті. Ал, АҚШ-қа қарызы 1919 жылы 850 млн ф.ст. жеттi. Ұлыбританияның өнеркәсiп салалары тозып, әлсiредi. Байырғы өнеркәсiп салалары: көмiр, тоқыма, кеме жасау артта қалды.

ХХ ғасырдың 20-жылдарында Ұлыбританияның көмiр өнеркәсiбi 20%-ға жаңа технологиямен жабдықталса, АҚШ-та көмiр өнеркәсiбiнiң 70%-ы жаңа техникамен жабдықталды. Көмiр шахталарында бұдан 50-60 жыл бұрынғы техника пайда-ланылды.

Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жаңа экономикалық дағдарысқа әкелдi. 1921 жылы өнеркәсiп өнiмдерiн шығару 1913 жылғы шығарылған өнiмнiң 61%-ын бердi. Өнеркәсiптегi тұрақсыздық жұмыссыздықты көбейтiп, 1 млн адамға жеттi. Дүниежүзiлiк өнеркәсiп өнiмдерiн өндiрудегi үлес салмағы төмендедi. 1913 жылы 15% болса, 1921 жылы 10%-ға жеттi. Жоғарыдағы айтыл-ған мысалдар Ұлыбританияның беделiнiң түсуiне, «ауруға» ұшырауына әкеліп соқты.

3. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс Ұлыбританияның дүние-жүзiлiк қаржы саласында да құлдырай түскенін байқатты.

Елдегi экономикалық дағдарыс еңбекшi халықтың тұрмыс жағдайының нашарлауына әкелдi. Жұмысшы табы саяси және экономикалық күреске шықты. Тап күресiнiң күшеюi Ллойд Джордж үкiметiн жеңiлдiктер жасауға мәжбүр етті. 1918 жылы сайлау реформасын жүргiзiп, 21 жасқа толған еркектер, 30 жасқа толған әйелдерге сайлау құқықтары енгiзiлдi. 14 жасқа дейiнгi мектеп оқушыларына мiндеттi бiлiм алу енгiзiлдi. Экономикалық дағдарыс ағылшын буржуазиясының бiрiгiп либералдық үкiметке қарсы топ құруына жағдай жасады. Консерваторлар саяси билiк үшiн күреске шықты. Лейбористiк жұмысшы партиясының қатары өсiп, елдегi саяси партияға айнала бастады. Либерализм көзқарасы дағдарысқа ұшырады. Осындай саяси дағдарыс жағдайында 1918 жылы желтоқсанда парламент сайлауы өттi. Сайлауда консерваторлардың қолда-уымен либералдар жеңiске жеткенiмен, парламентте жұмысшы партиясы iрi оппозицияда болды. Лейбористер сайлауда өз бағдарламасымен қатысып, 62 депутаттық орынға ие болды. Лейбористердi 2,5 млн сайлаушылар қолдап дауыс бердi. Сайлаудан кейiн консерваторлар мен либералдар бiрiккен үкiмет құрды. Ұлыбританияның премьер-министрi болып Ллойд Джордж тағайындалды. Бұл үкiмет 1922 жылға дейiн елдi басқарды. 1922 жылы Ұлыбританияда үкiметтiк дағдарыс бо-лып, жаңадан консерваторлар үкiметi құрылды. Премьер-министрi Бонар-Лоу болды. Соғыстан кейiнгi екi үкiмет те реакциялық, халыққа қарсы саясат жүргiздi. Елде саяси дағдарыс жалғаса бердi. Екi үкiмет те Ресейдегi большевиктер үкiметiне қарсы саясат жүргiздi. Бұл саясат алдағы парламент сайлауында лейбористердiң жеңiп шығуына негiзгi себеп болды. Себебi, Ресейдегi қазан төңкерiсi Ұлыбританиядағы саяси дағдарысты тереңдеттi, жұмысшы табының Ресейдегi Кеңес үкiметiнiң саясатын қолдап, «Тарт қолыңды Кеңестiк Ресейден» деген ұрандағы қозғалыстың кең етек алуына жол ашты, бұл қозғалыстың басында лейбористер тұрды.

Капитализмнiң уақытша тұрақтану кезiндегi Ұлыбритания (1924–1929 жж.). Жаңа парламент сайлауы қарсаңында саяси күштердiң ара салмағы реформалық жолды қолдаған Лейбористiк партия жағына ауысты. Бұдан бұрынғы реакциялық бағыт ұстаған партиялардың халық арасында беделi түстi. Лейбористер сайлау қарсаңында өз бағдарламаларын жариялады. Онда бiрiншiден, елде әлеуметтiк-экономикалық реформа жүргiзу, яғни жалпы ұлттық бiрыңғай жалақы, салық реформасы, жұмыссыздықты азайту, жол құрылысын жүргiзу, тұрғын үй мәселесiн шешу, әлеуметтiк қорғау, жалпыға бiрдей сайлау заңын жетiлдiру сияқты мәселелер көтерілді. Сыртқы саясатта КСРО-ны елшiлiк деңгейде мойындау да маңызды мәселе ретінде қарастырылды. Лейборист партиясының жетек-шiсi Рамзей Макдональд «Таймс» газетiне берген сұхбатында: «Заңдылықты сақтай отырып, реформа арқылы, еңбекшi ха-лықтың қолдауына сүйенген мұндай партия бұрын-соңды елде болған емес» - деді.

1923 жылы желтоқсан айының 6-ы күнi кезектен тыс парламент сайлауы болды. Сайлауда лейбористер партиясы iрi жеңiске жеттi. Оларды 4,5 млн сайлаушылар қолдап, парла-ментке 191 депутат өткiздi. Сайлаудан кейiн 1924 жылы қаңтар айының 22-і күнi Ұлыбританияда тұңғыш рет лейбористiк партия үкiмет құрды. Бiрiншi лейборист үкiметiнiң премьер-министрi Рамзей Макдональд болды.

Жаңадан құрылған үкiметтiң көбi оңшыл лейбористер болды. Сондықтан олар монополиялық буржуазияның мүддесiне сәйкес саясат жүргiзе бастады. Солшыл лейбористер үкiметтiң құрамына кiре алмай қалды. Олар үкiметті сайлау алдындағы әлеуметтiк-экономикалық реформаны iске асыруға шақырды. Елде еңбекшi халықтың қозғалысы етек алып, сол-шыл лейбористердiң талабын қолдады. Р.Макдональд үкiметi сайлау алдындағы көптеген уәделерiн орындаудан бас тартты. 1924 жылы ақпан айында КСРО-ны мойындап, екi ел арасында сауда жасау туралы келiсiмге қол қойылды. Зейнеткерлер мен мүгедектерге зейнетақы мөлшерiн өсiрдi, жұмысшыларға арнап тұрғын үй салуды қолға алды.

Бiрiншi лейбористік үкiмет халық алдында әшкереленiп, еңбекшi халық үкiметтiң iшкi саясатына қарсы күреске шыға бастады. Үкiмет, сонымен қатар Ұлыбритания Коммунистiк партиясының басшысы Кэмпбеллдi қудалап, сотқа тартты. Ол «Workers» газетiне жазған мақалалары үшiн айыпталды. «Кэмп-белл iсiне» жұмысшы табы қарсы шықты. Үкiмет амалсыздан өз шешiмiнен бас тартты. Бiрақ парламенттегi либерал мен консерваторлар Макдональд үкiметiнiң шешiмiне қарсы шығып, лейборист үкiметiне сенiмсiздiк жариялауға ұсыныс жасады.

«Кэмпбелл iсiн» сылтау жасап Р.Макдональд үкiметтi таратты. 1924 жылдың 8-і қазан күнi үкiмет таратылып, 1924 жылы 29 қазанда парламент сайлауы өткiзiлiп, консерватор партиясы жеңiске жеттi.

1924 жылы қазан айында консерватор үкiметi құрылып, премьер-министрi болып Стэнли Болдуин отырды.

1926 жылғы жалпы халықтық ереуiл. 1924 жылы Ұлы-британия экономикасы бiркелкi тұрақтану жолына түсе бастады. Финанс саласы тұрақтанып ф.ст. алтын баламасы өсiп, ағылшын тауарлары шетелге көптеп шығарыла бастады. Алайда, өнеркәсiп өнiмдерiн шығару соғысқа дейiнгi деңгейде қалды. АҚШ экономикасының жедел қарқынмен дамуы, ағылшын рыногын бiртiндеп жаулап алып, дүниежүзiнде өз үстемдiгiн арттыра түстi. Сонымен қатар АҚШ Еуропадағы Ұлыбританияның негiзгi бақталасы Германияны қаржы жағынан қолдап, экономикасының жедел дамуына көмектесті. Консерваторлар үкiметi iшкi экономикалық тоқырауды тоқтата алмады. Еңбекшi халық өздерiнiң тұрмыс жағдайларының нашарлауын консер-ваторлар үкiметiнен көрдi. Елде саяси дағдарыс күшейе түстi. Әсiресе, бұл кезде ағылшын көмiршiлерiнiң жағдайы төмендей бастады. Консерваторлар үкiметi көмiр өнеркәсiбiне мемле-кеттiк көмектер беруден бас тартты. Көмiр өнеркәсiбi жұмыс-шыларының үкiмет алдындағы талабын лейбористер мен ағылшын кәсiподақ ұйымы Тредюнионның Бас Кеңесi қолдады. Үкiмет пен жұмысшылар арасында жекпе-жек басталды.

1925 жылы маусым айында шахта иелерi үкiметтен жұмысшылардың жалақысын қысқарту туралы шешім қабылдауды сұрайды.

Үкiмет көмiр шахта иелерiнiң бұл талабын орындаудан бас тартады. Көмiр шахтасының жұмысшылары бұл талапқа қарсы шығып, 1925 жылы 1 тамыз айында жалпыұлттық ереуiл жария-лайды. Көмiр шахтасы жұмысшыларының талабын елдегi темiржол, машина жасау, өнеркәсiп, кәсiподақ ұйымдары қол-дады. 1925 жылы шiлде айының 31-і күнi көмiр шахта иелерiнiң талабына қарсы жұмысшылар ереуiлге шығып, елдегi көмiр басқа елдерге жiберiлмей қалады. Үкiмет көмiр жұмысшыларының талабын орындауға мәжбүр болды. Жұмысшылардың жалақысын тоғыз ай бойында сақтап тұру үшiн 24 млн фунт қаржы бөлдi. Сөйтiп, ағылшын жұмысшылары iрi жеңiске жеттi, 1925 жылдың 31 шiлдесі «қызыл жұма» күнi болып тарихта қалды. Көмiр шахталары жұмысшыларының жеңiсi уақытша болды. Үкiметтің өз уәдесiн толық орындамауы салдарынан 1926 жылы көмiр жұмысшылары жалпыхалықтық ереуiлге дайындала бастайды. Жұмысшылардың бұл ойын күн бұрыннан бiлген үкiмет те оларға қарсы дайындық шараларын жасайды. Тоғыз ай бойы көмiр қорын дайындап, ереуiлге шыққан жұмысшыларды ауыстыру үшiн штрейкбрехердi әзiрлейдi. Егер ереуiл жүзеге асқан күнде, елде төтенше жағдай жариялауға дейiн баратынын ескертедi. Үкiмет жалпы халықтық ереуiлге тойтарыс беру үшiн дайындалып жатқанда, лейбористік партияның тредюнион кәсiподақ ұйымы олармен келiсiм жасап, халықты үкiметпен келiсiмге келуге шақырады.

1926 жылы сәуiр айының 29-ы күнi тредюнион ұйымының Бас кеңесiнiң конференциясы өттi. Конференция жұмысшылар талабын ескерiп, мамырдың 1-і күнi жалпыхалықтық ереуiлдi бастауға шешiм қабылдады.

1926 жылы мамыр айының 4-і күнi жалпыхалықтық ереуiл басталып, ереуiлге 5 млн жұмысшы қатысты. Жалпыхалықтық ереуiл бүкiл елдi түгелдей қамтыды. Көмiр шахталары жұмыс-шыларын басқа өнерк.сiп салаларының жұмысшылары мен қызметкерлерi қолдады. Британ кәсiподақ ұйымының Бас кеңесi басшылары мұндайды күтпеген едi. Үкiмет саяси дағдарысқа тап болып, келiсiмге келудің жолын iздестiре бастайды. 1926 жылы мамырдың 12-і күнi Бас кеңес жұмысшыларды жалпы ереуiлдi тоқтатуға шақырады. Жұмысшылардың көбi Бас кеңестiң шақыруына сене бастайды. Ереуiлшiлдер арасында жiк туды. Үкiмет пен кәсiподақтың Бас кеңес басшылары жасырын келiссөздер жүргiзiп, ереуiлдi тоқтатуға күш салады. Лейбо-ристiк партия басшылары да үкiмет жағына шығады. Сөйтiп, жалпы ереуiлдi қолдаған кәсiподақ және лейбористік партияның сатқындығынан 12-і мамыр күнi жалпыхалықтық ереуiл жеңiлiс тапты.

1926 жылғы жалпыхалықтық көтерiлiс жеңiлiс тапқаннан соң, ағылшын буржуазиясы, еңбекшi халыққа қарсы консерва-тивтiк бағыт ұстады. Болдуин үкiметi 1927 жылы ақпан айында парламент арқылы «өндiрiстiк келiспеушiлiк және тредюниондар туралы» реакциялық заң қабылдады. Бұл заң бойынша жалпы ереуiлге шығу қылмыспен теңестiрiлдi. Жұмысшы та-бының ынтымақтастығына, көшеге шеруге шығуға тыйым са-лынды. Заңда ереуiлге шығатындықтарын 2 ай бұрын үкiметке хабарлауы қажет делiнген еді.

Ағылшын корпоративтiк буржуазиясы жұмысшы табының сағын сындырғаннан кейiн, кәсiподақ ұйымымен және лейбо-ристік партиямен ынтымақ орната бастады. 1927 жылы тред-юнион конгресiнiң Бас кеңесi өнеркәсiп иелерiн бiрiгуге шақы-рып «өндiрiстi жақсарту және ағылшын өндiрiс тауарларының рынокке шығарудағы бақталастықты күшейту» туралы келiсiмге қол қойды. Өндiрiс иелері атынан Империялық химия трестiнiң басшысы Альфред Монд осындай келiсiмге келуге шақырды. Бұл келiсiмдiк саясат «Мондизм» деп аталды. 1928 жылы тред-юнион конгресiнiң жиналысында баяндама жасаған кәсiподақ басшылары «тап күресiнен бас тарту» керек екендiгiн айтты. «Мондизм» жұмысшы табына жақсылық әкелген жоқ. 1929-1933 жылдарда Ұлыбритания экономикасында дағдарыс кү-шейдi еңбекшi халықтың тұрмыс жағдайы нашарлады.

1929-1933 жылдардағы дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс капиталистiк елдер арасындағы қайшылықты күшейте түстi Консерваторлар үкiметiнің Еуропада беделi түсiп, АҚШ-тың қолдауымен Германия экономикасы жедел қарқынмен дами бастады. Франция үкiметiнiң сыртқы саясаты Еуропа елдерiнде бiршама әлсiреп, оқшаулана түстi. Болдуин үкiметi АҚШ-тың Германияны қолдау саясатын жақтады.

Сөйтiп, АҚШ және Ұлыбритания бiрiгiп, Германияны осы кезден бастап КСРО-ға қарсы соғысқа дайындай түстi. Консер-ваторлар үкiметiнiң антисоветтiк саясаты елде кең етек ала бастады. У.Черчиль бұл кезде консерватор үкiметiнiң құрамында финанс миниистрi болатын. Ол КСРО-ға қарсы батыл шаралар жүргiзуге шақырды. 1926 жылы маусым айында КСРО елiн айыптаушы «Ақ кiтап» деген жарық көрдi. Британ компартиясының кеңсесiн тексергенде «Мәскеудiң қолынан жасал-ған ағылшындарға қарсы құжаттар табылды» деп жала жа-былады. Бұл кiтаптан кейiн парламентте КСРО-ға қарсы айып тағылып, КСРО елiмен арақатынасты үзiп, елшiлiктi қайтару туралы талап қойылды.

1927 жылы Варшава темiржол вокзалында кеңес елшiсi Вой-ков қастандықпен өлтiрiледi. Совет үкiметi бұл қастандықты ұйымдастырушы Болдуин үкiметi деп таниды. Сол жылы Лондонда кеңес-ағылшын сауда үйiнде арандатушылық ұйымдастырылады. 1927 жылы мамыр айында консерваторлар үкiметi КСРО-ға нота жiберiп, елшiлiк қатынасты тоқтатады.

Екiншi лейбористтiк үкiмет. Елдегi экономикалық дағдарыспен қатар консерваторлар үкiметiнiң реакциялық iшкi және сыртқы саясаты 1929 жылғы парламенттiк сайлауда жеңiлiске ұшырады. Парламенттiк сайлау қарсаңында лейбористік партия «Еңбек және ұлт» деген бағдарламасын алып шықты. Бұл бағдарламасында: жұмыссыздықты жою, капиталға салық енгiзу, 1927 жылғы жұмысшы табына қарсы шығарылған заңды жою, көмiр шахталарында 7 сағаттық жұмыс күнiн енгiзу, көмiр, транспорт (көлiк саласын), энергия және жердi национа-лизациялауды қарастырды. КСРО-мен елшiлiк қатынасты қал-пына келтiру талаптарын қойды. Консерваторлар сайлау алдын-да сайлаушылар реформасын жүргiзiп, әйелдерге 30 жастан емес, 21 жастан сайлауға қатысып дауыс беру құқығын енгiздi. Бұл сайлаушылардың санын 8 млн көбейтiп, сайлауда дауыс берушiлердiң саны 29 млн жеттi. Сайлау қарсаңында консер-ваторлардың сайлаушылар алдында беделi түсiп, лейбористер-дiң сайлауда жеңiске жететiнiне ешқандай күмән келтiрмедi.

1929 жылы мамыр айында парламенттiк сайлау өттi. Лейбористер 287 депутаттық орынды жеңiп алды. Консерва-торлар – 260, либералдар – 59 депутат өткiзе алды. Лейбористер жаңа үкiмет құрды. Премьер-министрi Макдональд болды. Үкiметтiң құрамына Гендерсон, Сноуден, Мориссон т.б. кiрдi.

Парламенттiк сайлаудан кейiнгi құрылған лейбористік үкiмет өздерiнiң сайлау алдындағы сайлаушыларға берген уәдесiн орындауға кiрiсiп, бiршама қызмет атқарды. Алғашқы шаралары елдегi жұмыссыздықты жою үшiн, қоғамдық жұмыс орындарын ашты, жұмыссыздарды Канадаға жiбердi, бiрақ оларға онда да жұмыс таба алмады. Жұмыссыздарға кiшiгiрiм жер бөлiп бердi. Жұмыссыздарға мемлекеттiк көмек көрсету шараларын жүргiздi.

1930 жылы жұмыссыздарға берiлетiн мемлекеттiк жәрдем ақының мөлшерiн өсiрдi. Бұл шаралар аяғына дейiн жүргiзiлмедi. Жұмысшы табының негiзгi талаптары орындалмады. 1927 жылғы заңды жоя алмады. Көмiр шахталарында 7 сағаттың орнына, 7,5 сағат жұмыс уақыты белгiлендi. Лейбористік үкiмет құрылған кезде басталған дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс елге ауыр зардаптар әкелдi. Бiрақ та үкiмет iрi монополияға көптеген жеңiлдiктер жасады. Капиталға салынатын салық мөлшерi азайтылды, өнеркәсiптiң көбi жеке меншiктiң қолында сақталды. Сайлау алдындағы тағы бiр уәделерi орындалмады. Артта қалған көмiр өнеркәсiбi национализацияланбады. Iрi компаниялардың таза табысы өстi. Мысалы: 1929 жылы компаниялардың жылдық табысы 49,4 млн фунт болса, 1930 жылы 54,5 млн фунтқа артты.

Лейбористік үкiмет халық алдында әшкереленiп, өздерiнiң уәделерiнен шыға алмады. Еңбекшi халық өздерiнiң тұрмыс жағдайларын жақсарту үшiн күреске шығып, саяси-әлеуметтік талаптар қойып отырды. Олар КСРО елiмен елшiлiк қатынасты қалпына келтiрудi талап еттi. 1929 жылы шiлде айының 2-і күнi лейбористік үкiмет бұл мәселенi қарастырып жатқанын түсiн-дiрдi. Екi ел арасында келiссөздер басталды. 1929 жылы қазан айының 3-і күнi ағылшын-кеңес келiсiмдердiң нәтижесiнде елшiлiктi қалпына келтiруге қол қойылды. 1929 жылы қараша айының 5-і күнi елшiлiк қатынас қалпына келтiрiлдi. Сол күнi кеңес-ағылшын сауда келiсiмiне қол қойылды.

«Ұлттық» үкiметтiң құрылуы. Екiншi лейбористік үкiмет құрылғаннан кейiн елдегi экономикалық дағдарыс тереңдей түстi. Жұмысшы партиясының еңбекшi халықтың алдында беделi толық әшкерелендi. Сайлаушылар алдындағы берген уәдесi сөз жүзiнде қалды. Экономикалық дағдарыс лейбористер партиясында жiк туғызды. Жұмысшы табына қарсы күрес күшейiп, еңбекшi халық есебiнен мемлекеттiк бюджеттi 120 млн ф.с. қысқарту туралы мәселе күн тәртiбiнде тұрды. Үкiмет жалақыны 20%-ға қысқартуға шешiм қабылдады. Экономика шығынын үнемдеу туралы Мэя жоспарын қабылдау керек екенiн айта бастады. Бұл жоспарға Ұлыбритания коммунистiк партиясы және Британ кәсiподақ Конгресi қарсы шықты. Елдi тағы да ереуiлдiк қозғалысқа шығуға шақырды. 1931 жылы ақша-қаржы дағдарысы күшейдi. АҚШ заем беруден бас тартты. 1931 жылы тамыз айының 23-і күнi Үкiмет отырысы болып, елдегi ақша-қаржы дағдарысынан шығу туралы мәселе қаралды. Үкiметтiң 21 мүшесiнiң 11 мүшесi жұмыссыздыққа бөлiнетiн төлемдi қысқартуға қарсы дауыс бердi. Үкiметтiк дағдарыстан кейiн премьер-министр Макдональд отставкаға кетуге шешiм қабылдады.

Макдональд кеткеннен кейiн «Ұлттық» бiрлiк үкiметi құрылды. Жаңа үкiметтiң құрамы 10 адамнан тұрды. Макдона-льд бастаған топ «ұлттық лейбористер» үкiметі құрамына кiрдi. Либерал партиясынан екi адам кiрдi. Макдональд үкiметтi басқара бердi.

«Ұлттық» бiрлiк үкiметтi дағдарыстан шығудың жолдарын қарастырып, бiршама батыл шараларды қолға алды. «Үнемдеу» жоспарына сәйкес 85 млн ф.с. қаржы алынды. Салықтың жаңа түрлерi енгiзiлдi. Макдональд премьердiң жалақысын 20%-ға қысқартты. Еңбекшi халықты елдегi дағдарысқа байланысты түсiнiсуге шақырды. «Үнемдеу» саясаты елде халық қозғалы-сына әкелдi. Лондон қаласында бiрнеше мың адам қатысқан шерулер өттi. Шеруге қатысқандар «халықтан қолыңды тарт», «ұлттық үкiмет жойылсын» деген ұрандар алып шықты. Инвер-гордан қаласындағы теңiз моряктары мен порт жұмысшылары ереуiлге шықты. Олар жалақыны қысқартуға қарсы болған едi. Ағылшын үкiметiнiң тiрегi болып келген теңiз моряктарының шығуы буржуазияны қатты қорқытты. Экономикалық дағдарыс аяқталғаннан кейiн 1934-1935 жылдары елде саяси тұрақтану басталып, «ұлттық» үкiметтiң беделi өстi. Өндiрiс қайтадан жұмыс iстей бастады. Жұмыссыздардың саны 2086 мың адам-нан, 1937 жылы 1665 мың адамға азайды. Өнеркәсiп өнiмдерiн шығару 20%-ға өстi. Өнеркәсiптiң жаңа салалары қайтадан жұ-мыс iстей бастады. 1935 жылы қараша айында парламент сай-лауында консерваторлар жеңiске жеттi. 1935-1937 жылдары Болдуин премьер-министр болады. 1937 жылдың мамыр айынан 1940 жылдың май айына дейiн Н.Чемберлен үкiметтi басқарды. «Ұлттық бiрлiк» үкiметiнiң iшкi және сыртқы саясаты реакция-лық бағытта болды. ф

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-03 20:49:09     Қаралды-12133

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »