Тақырыбы. Үндістан халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы (1918-1947ж.ж.).
Үндістанның қазіргі әлемдік саясата рөлі.
1. Үндістанда халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы. Үндістанға ағылшын капиталының кең түрде енуі, темір жолдар мен кәсіпорындардың салынуы, банктердің ашылуы ұлттық буржуазия мен жұмысшы табының қалыптасуына жағдай туғызды. Ағылшын үкіметінің Үндістанды басқару жүйесінде білім беру саласында жасаған реформалары, бірқатар университеттердің ашылуы. Үнді жастарының еуропалық білім алуы үнді ұлттық зиялыларын қалыптастырды. ХХ ғасыр Үндістан халқы ұлт-азаттық қозғалыс ауқымы кеңейді, оған жаңа әлеуметтік күштер тартылды және ол неғұрлым ұйымдасқан сипатқа ие болды. Үнді зиялылары елдің саяси және қоғамдық өмірінде Үнді Ұлттық Конгресі партиясы (1885ж) негізін қалады. Бұл партия свадеши (Отандық өндіріс) және Свардж (өзін өзі басқару) ұрандарын көтерді. Үнді қоғамының діни бөлінісі (индуизм және ислам) ұлт – азаттық қозғалысына да ықпалын тигізді. Мұсылман зиялылары жеке саяси ұйым- мұсылман лигасын (1906ж) құрды. Шаруалар ұлт – азаттық қозғалысты құрады. Үнді Ұлттық Конгресі ұсынған сатьяграха (зорлықсыз қарсылықсыз) идеясын қабылдады.
2. Гандизм – ұлттық буржуазиясының идеологиясы Мохандас Карамчат (1869 - 1948) – Индияның ұлт – азаттық қозғалысының аса көрнекті қайраткері. Индия ұлттық Конгресі партиясының көсемі. Раднекот Саураштра княздігінде туылған. Ганди саяси күрес құралы ретінде күштеуді қолданбайтын «Жай қарсыласу» дейтін программаны ұсынды. Діни – этикалық форма алған Гандидің білімі Гандизм деп аталады. Гандидің ұлттық буржуазия идеологиясы – Индияның тәуелсіздік жолындағы күресте ұлттық конгрестің идеологиясы деп аталды. Ағылшын өкімет орындарын қуғынға ұшыратқан. Талай рет 1922 – 1924ж.ж. және 1930-1931ж.ж. тұтқында отырды. Индияның азаттық қозғалысының ардагері, Индияның тәуелсіздік жолындағы күресте Индус – мұсылман бірлігін жақтаушы болған Ганди елде зор ықпал мен беделге бөленді. Индия халқы оны Махатма – ұлы, осал адам, қасиетті адам деп атайды.
3. Азаматтық бағындау қозғалысының принциптері ҮҰК (ИНК) саясатының өзгеруі және оның маңызы. ҮҰК мен Гандидің басшылығымен елде төрт рет (1920-1922, 1930, 1932-1934 және 1942 жылдары) бүкіл Үндістанды қамтыған азаматтар бағынбау, қозғалыстары өткізілді. Барлық қалалармен ауылдардағы үнділіктер ағылшын тауарларын сатып алудан бас тартты, ағылшын банктеріне, мейрамханаларына, кинотеатрлармен кітапханаларға кірмеді, ағылшындармен барлық іскерлік қатынастарды тоқтатты, ағылшын отаршыл үкіметі мен сотының шешімдерін орындамады. Миллиондаған адамдар қатысқан бейбіт игерулер, бейбіт ереуілдер өткізді үнді ұлттық буржуазиясы өзінің банктері мен кәсіпорындарының зиян шегуіне қарамастан, ағылшындар мен іскерлік байланыстарын жүргізуден бас тартты. Сатьяграха науқандары үнді халқының отарлық езгіге қарсы орасан зор белсенді қимылы болды. 1929 жылы Үндістанның Конституциясын жасау үшін сайман комиссиясы құрылған болатын.
5. Мұсылман лигасы және оның саясаты – Үнді қоғамының діни бөлінісі (индуизм және ислам) ұлт – азаттық қозғалысына ықпалын тигізді. Мұсылман зиялылары жеке саяси ұйым – Мұсылман лигасын (1906 ж.) құрды. Алғашқы жылдарда мұсылман лигасы мен Үнді Ұлттық Конгресі тәуелсіздік жолындағы күресте бірлескен әрекет жасады. Оның саяси Үндісчтанды Ағылшын отарынан құтқарып, Үндістан мемлекетін орта Азия және әлемде тәуелсіздігін мойындатуға ат салысты. Және Үндістан мемлекеті тәуелсіз ел болып танылды. Ол қазіргі күнге дейін экономикасы тұрақтанған мемлекеттің бірі.
6. Екінші дүние жүзілік соғыскезеңіндегі Үндістан 1939 жылы Екінші дүние жүзілік соғыс басталған кезде Үндістан вице-королі Линлитгоу елді соғысқа қатысушы ел деп жариялап, британдық – Үнді әскерлерін әр жақтағы майданға аттардыра бастады, оның құрамында 1,5 млн үнділіктер болды. 1940ж. қазанда Гандес жекелеген Сатьяграха жүргізу туралы шешімін жария етті. 1942ж. тамызда ҮҰК тыйым салынды. И.Ганди, Дж.Неру, В:Патель, т.б. ұсталды, елде жаппай ереуілдер өтті. Үнді комунистері 1939 – 1941 ж. Германияны жақтап келді, 1942ж. тамызда ағылшын үкеіметі анық қызмет атқаруға тиісті болды. 1943 – 1944 ж,ж, аштыққа қарамастан, Үндістаннан 1 млн астық шетке кетіп жатты. И.К.Ганди мен М.Жиннаның пікір алмасу 1944 ж. өтті. 1945 жылы Көктемде мынадай келісім болды. Уақытша үкіметтің құрамында әр партия 40 % орынды иеленді, қалған 20 % орын кесапаттыларға, християндарға, парсыларға, синхтерге тиесілі болды. Ал елді екіге бөлу туралы мәселені қарастыру Үндістанның саяси мәртебесін реттеп үлгерді.
7. Үнді Одағы мен Пәкістан Республикасының құрылуы – 1950 жылы конституция бойынша Индия – суверенді (дербес) республика. Конституцияны Дж Неру ат салысты. Индияда заң билігін президент, екі палатадан халықтық палата мен штаттар, советінен құралған парламент жүзеге асырады. Республика президенті – Прасад, премьер – Министр Джавахарлал Неру. Билеуші партия – Индия ұлт конгресі. Буржуазияшыл – реформистік партия – халықтық социал Еңбекшілердің алдыңғы отряды – Индия Коммунистік партия
Пакистан – ислам республикасы. Пакистан – Азияда, Үндістан түбегінде орналасқан. Арасы 1,6 мың км. бірінен бірі бөлек жатқан батыс Пакистан және Шығыс Пакистан. Пакистан мемлекет, болып 1947 ж. бұрынғы Британ отары – Индияның екі доминанға бөлінуі нәтижесінде құрылды. Олар – Индия Одағы, бұған индуст дініндегі халықтар тұратын облыстар енді және Пакистан бұған мұсылман халықтары тұратын аудандар қарады. Пакистан – мешеу аграрлы ел 1951 ж. халық Лигасы құрылды.
8. 1950жылғы Конституция. Дж. Неру және сыртқы экономикалық проблемалар – 1950 ж. қаңтарда Үндістан өзін республика деп жариялады. Сол кезде қабылданған және буржуазиялық – демократиялық бостандықтарды жариялады. Тәуелсіздікті жеңіп алған сәттен бастап – ақ Үндістан Ұлттық Кеңесі елдің билік жүргізуші партиясы болды. Дж. Неру сыртқы экономикалық проблеманы шешу үшін – мемлекетарасындағы бейбіт қатынастарды нығайтуға бағытталған және мына бес принципке: бір бірінің территория бүтіндігі мен суверенитетін өзара қадірлеу, тиіспеу, басқа мемлекеттер ісіне араласпау, экономикалық саяси немесе идеологиялық сипаттағы сылтаулардың қандайымен болса да бір бірінің ішкі істеріне араласпау, теңдік пен өзара тиімділік, бейбіт өмір сүру принциптеріне негізделді. Дж. Неру экономикалық проблемаларды, Корея, Иран, КХР, Пакистан мемлекеттерімен бірігіп жүргізіп отырды.
9. Қазіргі таңдағы Үндістанның ядролық бағдарламасы – 1953 жылы 27 ақпан айында Еуропалық Кеңес Одағымен бірігіп отырып ядролық қару пактісіне қол қойылды, 1 ядро тоннасы – 1,000000$ = 87257 Э ақшасына тең келеді. 1992 жылы дипломатиялық қарым қатынастарда Үндістан аймағы ядролық бағдарламасын басқа мемлекеттерге ұсынды, егер біз ешкімге тиіспейміз, ал егерде біздің жерімізге мемлекет көз тігетін болса біз ядролық қаруымызбен түгел қырып жоямыз деген ұранды пікірлер тасталды.
Жарияланған-2015-10-03 19:54:59 Қаралды-15069
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану