UF

Тақырыбы. АНГИОЛОГИЯ. ТАМЫР ЖҮЙЕСІ

 

  1. Тамыр жүйесі мүшелерінің анатомиялық құрамы мен маңызы
  2. Ішкі секреция бездері

 

Тамырлар жүйесі (сосудистая система) немесе жүрек-тамырлар жүйесі мен қан жасау мүшелері жануарлар организміндегі торшалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды (қоректік заттарды, оттегіні организмнің ұлпалары мен торшаларына жеткізу, зат алмасу нәтижесінде түзілген ыдырау өнімдері мен көмірқышқыл газын бөлу мүшелеріне тасымалдау), гуморальдық реттелуді, дене қызуының реттелуін қамтамасыз етумен қатар, маңызды қорғаныс қызметтерін де атқарады.

Тамырлар жүйесін зерттейтін анатомияның бөлімі — ангиология. Тамырлар жүйесі өз кезегінде құрылысы мен қызметі жағынан бір-бірімен тығыз байланысты және дамуы біртекті үш: қанайналым, лимфаайналым.

Қан айналым жүйесі қан тамырларынан, жүректен және олардың қуысымен үздіксіз ағып жататын сүйық ұлпа қаннан түрады. Қанды жүректен организмге алып шығатын ірі қан тамырларын артериялар (қызылтамырлар), қанды организмнен, керісінше, жүрекке алып келетін ірі қан тамырларын веналар (көктамырлар), ал артериялар мен веналардың аралығындағы тым жұқа қабырғалы

сурет. Қан және лимфа айналымдарының нобайы

1 — бастың капиллярлары, 2 - лимфа түйіні, 3 - көкірек өзегі, 4 - иық-бас артерия бағаны, 5 — өкпе капиллярлары, 6 — қолқа (аорта), 7 — артқы қуыс венасы, 8 — қабырғалараралық артериялар, 9 лимфа тамырлары, 10 — бүйрек капиллярлары, 11 - алдыңғы қуыс вена, 12 - алдыңғы аяқ капиллярлары, 13 — оң жүрекше, 14 — өкпе артериясы бағаны, 15 — оң қарынша, 16 өкпе веналары, 17 — сол жүрекше, 18 - сол қарынша, 19 - бауырдың капиллярлары, 20 — бауыр венасы, 21 — қақпалық вена, 22 — қарын капиллярлары, 23 — аш ішектер капиллярлары, 24 — жуан ішектер капиллярлары, 25 — жамбас-құйымшак, капиллярлары, 26 — веналар, 27 - артқы аяқ артериялары майда қан тамырлары

 

Жануарлар организміндегі қан тамырлары құрылысы мен атқаратын қызметіне байланысты: артериялар (қызылтамырлар), веналар (көктамырлар) және микроайналым арнасының тамырлары болып үшке бөлінеді. Организмнің үлкен қанайналым шеңберінде қолқа және артериялар арқылы жүректің сол қарыншасынан дене мұшелеріне оттегіге қаныққан артерия қаны, ал веналармен, керісінше, дене мүшелерінен жүректің оң жүрекшесіне көмір-қышқыл газына қаныққан вена қаны тасымалданады. Кіші қанайналым шеңберінде жүректің оң қарыншасынан өкпеге өкпе артериясы бағаны арқылы вена қаны, ал өкпеден жүректің сол жүрекшесіне өкпе веналарымен артерия қаны тасымалданады. Артериялар қанды жүректен организм мүшелеріне, веналар дене мүшелерінен жүрекке тасымалдайтын ірі қан тамырлары. Микроайналым арнасының тамырлары артерия тамырлары жүйесін вена тамырлары жүйесімен байланыстырып, организм мүшелеріндегі қан мен ұлпалар арасындағы торшалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды іске асыратын жұқа қабырғалы майда қан тамырлары. Тек, "ғажап торларда" ғана қан капиллярлары (қылтамырлар), артерияларды немесе веналарды (бүйректе, бауырда) өзара байланыстырады. Қан тамырлары мезенхимадан дамиды.

Артериялар (қызылтамырлар) — қабырғасының құрылыс сипатына байланысты эластинді, етті-эластинді (аралас) және етті қызылтамырлар болып үш топқа бөлінеді. Артериялар құрылысы жағынан түтікше мүшелер. Олардың қабырғалары үш қабықтан тұрады. Олар: ішкі интима, ортаңғы медиа және сыртқы адвентиция қабықтары.

Эластинді артерияларға қолқа мен өкпе артериясының бағаны жатады. Қанның жүректен жоғары қысыммен (150-200 мм сынап бағанасы) және үлкен жылдамдықпен (0,5-1,3 м/сек.) ағып шығуына байланысты аталған артериялардың кабырғалары қалың болып келеді және олардың серпімділік қасиеттері күшті жетілген. Ішкі қабығы интима екі қабаттан тұрады. Ішкі бетін астарлайтын эндотелий қабатын негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан жұқа эндотелиоциттер құрайды. Оның астындағы екінші эндотелийасты қабатын жіңішке талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасы түзеді. Бұл қабатта зақымдалған эндотелий қабатын қалпына келтіру қызметін атқаратын жас жұлдызша торшалар, макрофагтар, кейде аздаған ет миоциттері болады. Дәнекер ұлпасының аморфты заты гликозаминогликандарға бай. Ортаңғы қабығы медианы пішіні терезе тәрізді (фенстрлі) тесіктері бар 40-50 шақты эластинді жарғақтар кұрайды. Олар бір-бірімен өзара эластинді талшықтармен және қиғаш орналасқан миоциттер шоғырларымен қосымша байланысқан. Сыртқы қабығы адвентиция борпыл-дақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Оның коллаген талшықтары артерия бойымен ұзынынан орналасады. Адвентицияда артерияның қабырғасын қоректендіретін қан тамырлары мен жұмысын реттейтін жүйкелер болады.

Етті-эластинді артерияларға қолқа мен өкпе артериясы бағанының жүректен алыс жатқан ірі тармақтарын жатқызуға болады. Жүректен алыстаған сайын аталған тамырлар қуыстарындағы қанның қысымы төмендейді. Сондықтан, аталған кан тамырларында, олардың қабырғаларының серпімділігімен қатар, қосымша жиырылып, қанды әрі қарай айдап, жүрекке жәрдем беретін жиырылғыш құрылым пайда болады. Осыған байланысты артериялар медиасы құрамында эластинді жарғақтардың аралықтарында, сақина тәрізді орналасқан бірьңғай салалы ет ұлпасы миоциттерінің шоғырлары жетіледі де, аталған құрылымдар тең мөлшерде араласып жатады. Қалған қабықтары мен қабаттарының құрылысы эластинді артерия қабырғасының құрылысына ұқсас.

Етті артерияларға мүшелерге қан әкелетін қызылтамырлар немесе мүшелер ішіндегі артериялар жатады. Етті артериялардың ішкі қабығы интима үш қабаттан құралған. Олар: ішкі қабаты — эндотелий, ортаңғы қабаты эндотелийасты қабаты және сыртқы — ішкі

31 сурет. Етті артерия мен вена қабырғаларының құрылысы

1 - интима (ішкі қабығы), 2 - медиа (ортаңғы қабығы), 3 - адвентиция (сыртқы қабығы), а - эндотелий, б - ішкі эластинді жарғақ, в - медиадағы миоциттер ядролары, г — адвентициядан борпылдақ дәнекер ұлпасы торшаларының ядролары, д — тамырлар

 

Эластинді жарғақ. Ішкі эластинді жарғақ артерияның ортаңғы қабығы медиамен шектеседі. Медиа толығымен сақинаша орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінен тұрады. Ортаңғы қабық миоциттері шоғырларының аралықтарында эластин талшықтарының торлары болады. Ірі етті артерияларда медианың сыртқы жағында сыртқы эластинді жарғақтың пайда болуы мүмкін. Адвентиция қабығында айтарлықтай айырмашылықтар болмайды.

Айта кету керек, организмдегі бүкіл артериялардың жиынтығын денедегі "шеткі жүрек" — деп те атайды. Себебі, бұл қан тамырлардың қабырғасында орналасқан эластикалық және ет ұлпалары қанның қозғалысына айтарлықтай үлес қосады.

Веналардың (көктамырлар) — қабырғалары да интима, медиа және адвентиция қабықтарынан құралған. Қанның қысымы (15-20 мм сынап бағ.) мен ағу жылдамдығының (10 мм/ сек.) төмендеуіне байланысты веналардың қабырғалары жұқа және қуысы кең болып келеді. Веналардың интимасында ішкі эластикалық жарғақ болмайды, яғни ол ішкі эндотелий және оның астындағы эндотелийасты қабатынан тұрады. Сонымен қатар, бұлардың интимасында тек жүрекке қарай ғана ашылып, қанның бір бағытта ағуына көмектесетін қақпақшалар (клапандар) болады. Қақпақшасыз веналардағы қанның ағысын, арнайы қысқыштар (сфинктерлер) реттеп отырады. Мұндай веналарды дроссельды веналар — деп атайды.

Көктамырлар ортаңғы қабығының құрылысына сәйкес, веналардың: етсіз және етті түрлері ажыратылады. Етсіз веналарға сүйек, көкбауырдың перделік, ми қабықтарының, көздің торлы қабығының, бауыр бөлікшелерінің орталық веналарын жатқызады. Бұлардың қабырғаларын негіздік жарғақта орналасқан эндотелий қабаты және оның сыртындағы жұқа талшықты дәнекер ұлпасы құрайды.

Етті венаның қабырғасында артериялар қабырғаларындағыдай интима, медиа және адвентиция қабықтары болады. Организмдегі орналасу орны мен ортаңғы қабығының кұрылысына байланысты етті венаның өзі ет қабығы нашар, орташа және жақсы жетілген веналар болып үшке бөлінеді. Ет қабығы нашар жетілген веналар дененің жүректен жоғары жатқан бөліктерінде және ас қорыту мүшелерінде кездеседі. Олардың медиасын дәнекер ұлпалық аралықтар арқылы жалғасып жатқан жекеленген миоциттер шоғырлары кұрайды. Жүректің деңгейінде жатқан дене мүшелері веналарының интимасы орташа жетіледі. Ең жақсы жетілген веналардың ортаңғы қабығы аяқтардың веналары қабырғасында болады.

Веналардағы қанның қозғалуына, олардың ортаңғы қабығындағы миоциттердің жиырылуынан басқа көкірек қуысы тері қысымының ішке соруы мен веналармен көрші жатқан бұлшық еттердің жиырылып, веналар қабырғаларына қысымы және қақпақшалар әсер етеді.

Микроайналым арнасының тамырларына тым жұқа қабырғалы жіңішке қан тамырлары: артериолалар (қызылтамыршалар), венулалар (көктамыршалар), қан капиллярлары (қылтамырлар) және артериола-венулалық анастомоздар (жалғамалар) жатады. Лимфа капиллярлары мен лимфа тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасымен қоршалған микроайналым арнасының тамырлары дене мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілуін және керекті мөлшерде қанның қорлануын, олардағы торшалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасу мен ұлпалардағы артық сұйықтың ағып кетуін іске асырады.

Артериолалар (қызылтамыршалар) — арнасының диаметрі 50-100 м.км, етті артерияларды капиллярлармен (қылтамырлар) жалғастырып тұратын тым майда етті артериялар тарамдары. Олардың қабырғасы тым жұқа үш қабықтан: интимадан, медиадан және адвентициядан тұрады. Артериола интимасының өзін үш қабат: эндотелий, эндотелийасты қабат пен ішкі эластинді жарғақ құрайды. Ортаңғы қабығы — медиа 1-2 қабатта сақинаша орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінен түзілген. Адвентицияны борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. И. М. Сеченов артериолаларды "тамырлар жүйесінің шүмегі" — деп атап, олардың организмдегі атқаратын қызметіне үлкен баға берген. Артериолалар артерия қанының капиллярлар арналарына таралу деңгейін реттеп отырады. Олардың қабырғаларындағы бір қабатта сақинаша орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері жиырылып, босаңсып, артерия қанын керекті мөлшерде капиллярларға бөліп, қысқыш еттің, яғни "шүмектің" қызметін атқарады.

Жүрек (сердце) жануарлар организміндегі ішкі орта сұйық ұлпаларын қозғалысқа келтіретін орталық мұше. Ол көкірек қуысында, екі өкпенің аралығында солға қарай ығыса орналасады. Жүректің пішіні конус тәрізді. Оның жоғарғы жүрек табаны (негізі) — бірінші қабырғаның орта тұсында немесе иық буынының деңгейінде, ал төменгі жүрек ұшы (арех согdi) сол жақтағы 5-6 - ншы қабырғааралық кеңістікте, төссүйекке жақын орналасады. Жүректің алдыңғы дөңестеу жиегі үшінші, артқы жиегі алтыншы қабырғалар бойымен өтеді. Жүрек төрт бөлімнен тұратын етті-қуысты мүше. Оның қабырғасы үш: ішкі эндокард, ортаңғы миокард, сыртқы эпикард қабықтардан құралған. Жүректің сыртқы бетіндегі табанынан ұшына қарай ұзынынан өтетін оң және сол қарама-карсы жақтарындағы ұзынша сайлар  мен сол сайлар тұсында орналасқан ішкі ет перде жүрек қуысын: оң және сол бөліктерге бөледі. Бұл бөліктер жоғарғы жүрекшелерден және төменгі қарыншалардан  тұрады. Жүрекшелер қабырғаларынан сыртқа қарай қапшық тәрізді оң және сол жүрекше құлақшалары шығып тұрады. Әр бөліктегі жүрекше мен қарынша қуыстары бір-бірімен өзара оң және сол жүрекше-қарыншааралық (атриовентрикулалы) тесіктер арқылы қатысады. Аталған тесіктер жүректегі қанды жүрекше қуысынан қарынша қуысына қарай бір бағытта ғана ағызатын қақпақшалармен (клапандар) жабдықталған. Оң жүрекше-қарыншааралық тесікте оң атрио-вентрикулалы немесе үшжақтаулы қақпақша, ал сол жүрекше-қарыншааралық тесікте сол атрио-вентрикулалы немесе қосжақтаулы (митральды) қақпақша орналасады. Қақпақшалар жақтауларының ұштары сіңірлі желілер арқылы жүрек қабырғасындағы емізікше еттерге бекиді. Кақпақшалар жүрекшелер қуыстарынан қарыншалар қуыстарына қарай ашылады, ал кері бағытта жүрекше-қарыншааралық тесіктерді жауып, қанды қарыншалар қуыстарынан жүрекшелер қуыстарына өткізбейді. Оң жүрекшеге организмнен вена қанын алдыңғы және артқы қуыс веналар алып келеді. Оң жүрекше қабырғасы жиырылғанда, вена қанының қысымымен оң атриовентрикулалы (үшжақтаулы) қақпақша төмен оң қарынша қуысына қарай ашылып, вена қаны қарынша қуысына өтеді. Қанға толғаннан кейін, оң қарынша қабырғасы жиырылады да, қанның қысымымен оң атрио-вентрикулалы қақпақша оң жүрекше-қарыншааралық тесікті жабады. Вена қаны үлкен қысыммен оң қарынша қуысынан өкпе артериясы бағанына ағып өтеді де, өкпеге барады. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, вена қаны артерия қанына айналады. Оң қарыншадан өкпе артериясы бағаны басталатын тесік үш айшықты қақпақшамен жабдықталған. Бұлар вена қанын тек бір бағытта, яғни оң қарынша қуысынан өкпе артериясы бағаны арнасына қарай өткізіп, кері бағытта тесікті жауып, қанның артериялар арнасынан оң қарынша қуысына кері өтуіне мүмкіндік бермейді. Өкпеден артерия қаны 3-4 өкпе веналары арқылы жүректің сол жүрекшесіне құйылады. Одан артерия қаны сол атрио-вентрикулалы (қосжақтаулы) тесік арқылы сол карыншаға, одан әрі қолқа — аорта тесігімен қолқа арнасына өтеді. Қолқа тесігі де артерия қанын тек бір бағытта, яғни сол қарынша қуысынан қолқа арнасына қарай өткізетін үш айшықты қақпақшамен жабдықталған. Оң және сол атриовентрикулалы және өкпе артериясы бағаны мен қолқа арналары тесіктерінің негізін талшықты (фиброзды) сақиналар құрайды.

3 сурет. Сиырдың жүрегі А — сыртқы бетінің көрінісі, Б — жарылып көрсетілген

І — жүрек ұшы, 2 - ұзын сай қан тамырларымен, 3 - оң қарынша, 4 – оң жүрекше, 5 — тақ вена, 6 — артқы қуыс вена, 7 — өкпе веналары, 8 - өкпе артериясы бағаны, 9 — қолқа, 10 — сол қарынша, 11 — тәждік сай, 12 — тәждік артерия, 13 — сол құлақша, 14 — веналық қойнау, 15 — алдыңғы қуыс вена, 16 — иық-бас бағаны, 17 - тарақша бұлшық еттер, 18 - оң атрио-вентрикулалы қақпақша, 19 - көлденең бұлшық ет, 20 — қарыншалараралық ет перде, 21 — эндокард, 22 — миокард, 23 — эпикард, 24 — емізікше бұлшық ет, 25 — сіңірлі желі, 26 — қосжақтаулы қақпақша, 27 - айшықты қақпақша.

 

Жүрек жүрекшелері мен қарыншаларының ырғақты да, жүйелі қызметін жүректің жүйке-бұлшық ет жүйесі реттейді. Аталған жүйені қойнау-жүрекше және жүрекше-қарынша (посіиз аігіоүепіхісиіагіз) жүйке және бұлшық ет түйіндері, жүрекше-қарынша бұлшық ет түйінінен, яғни жүрекшелерден қарыншаларға қарай төмен бағытталған атриовентрикулалы бұдан және одан таралатын оң және сол аяқшалар құрайды.

Жүректің сол қарыншасынан қолқа арнасына өтетін артерия қанының 10%-ы жүрек қабырғасын қоректендіруге жұмсалады. Жүректің қан тамырларына: оң және сол тәждік артериялар мен үлкен, ортаңғы, кіші жүрек веналары жатады.

Жүректің жұмысын жүйке жүйесі вегетативті бөлімінің симпатикалық және парасимпатикалық бөліктері қосарынан жүйкелендіріп реттеп отырады. Симпатикалық жүйкелер жүректің бұлшық етін, оның қан тамырларын жүйкелендіріп, жиырылуын жиілетіп, жұмысын күшейтеді. Парасимпатикалық жүйкелер жүректің жұмысын „баяулатып, жиырылуын сиретеді.

Жүрек ұрықтық кезеңде эндокард мезенхимадан, миокард пен эпикард мезодермадан дамып жетіледі. Алдыңғы кезде екі түтікше болып қалыптасып, соңынан олар бірігіп жүректі құрайды.

4 сурет. Жүрекқаптың құрылысы. 1 - миокард, 2 — эпикард, 3 перикард қуысы, 4 — перикард сірлі қабығының париетальды жапырақшасы, 5 — жүрекқаптың фиброзды қабаты, 6 — перикардиальды плевра, 7 — қабырғалық плевра (көкірек қуысы қабырғасының), 8 — көкірекіштік шандыр, 9 — көкірек қуысының қабырғасы, 10 — жүрекқап байламы, 11 — перикард сірлі қабығы париетальды жапырақшасынын жүректің эпикардына (висцеральды жапырақшасына) ауысқан тұсы

 

Қан айналым шеңберлері. Жануарлар организмінде кіші және үлкен қан айналым шеңберлері ажыратылады.

Кіші қан айналым шеңбері жүректің оң қарыншасынан өкпе арқылы жүректің сол жүрекшесіне дейінгі қанның ағып өтетін жолы. Кіші қан айналым шеңберінде газ алмасу процесі жүреді. Жүректің оң қарыншасынан өкпе артерия бағаны арқылы көмірқышқыл газына каныққан вена қаны өкпеге әкелініп, өкпеде газ алмасу процесі жүреді. Қан оттегіні сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп, артерия қанына айналады да, өкпе веналары арқылы жүректің сол жүрекшесіне барады. Өкпе артерия бағаны  жүректен шамалы кеңейіп басталады. Бағанның бұл аймағын өкпе артерия бағанының қойнауы — деп атайды. Өкпе артерия бағаны жүректен шыққан соң, дорсокаудальды бағытта көтеріп, өкпе түбірі маңында оң және сол өкпе артерияларына ажырайды. Сол өкпе артериясы өз кезегінде екі: алдыңғы және артқы тармақтарға, ал оң өкпе артериясы төрт: алдыңғы, ортаңғы, артқы және қосымша тармақтарға бөлінеді. Аталған артериялар бронхтар тарамы бойымен тармақтала отырып, өкпе альвеолалары қабырғаларын шырмай орналасқан қан капиллярларына айналады. Альвеолалар тарамындағы ауа мен қанның арасындағы газ алмасу процесінен кейін, өкпеге әкелінген вена қаны оттегімен қаныққан артерия канына айналады. Артерия қаны өкпе көпіршіктері тарамындағы капиллярлар арқылы, осы қан капиллярларының бір-бірімен өзара қосылуынан түзілген өкпе веналарына (3-4) өтеді. Артерия қаны өкпеден өкпе веналары арқылы аттас артериялар бойымен кері бағытта жүректің сол жүрекшесіне әкелінеді.

Үлкен қан айналым шеңберінің артериялары. Қолқа (аорта) — үй жануарлары организмдеріндегі негізгі қоректендіргіш магистральды артерия. Ол омыртқа бағанының төменгі (вентральды) бетінің сол жағымен өтеді. Қолқа жүректен шыққан бойда, омыртқа бағанына қарай жоғары бағытталады. Жүректің негізі мен омыртқа бағаны аралығындағы қолқаның артқа қарай иілген бөлігін қолқа доғасы — деп атайды. Қолқа доғасынан қолқаның көкеттегі (диафрагмадағы) қолқа тесігіне — һіаіш аогіісиз — дейінгі бөлігін көкірек қолқасы — ал оның диафрагмадан кейін орналасқан құрсақ қуысындағы бөлігін — құрсақ қолқасы — деп атайды. Құрсақ қуысындағы құрсақ қолқасынан 5-інші және 6-ыншы бел омыртқалардың тұсында сыртқы және ішкі мықын артериялары таралғаннан кейін, құйымшақ аумағында құрсақ қолқасының жалғасы орталық құйымшақ артериясы — а. sасгаlia arteriа, ал құйрық омыртқалар аумағында орталық құйрық артериясы — деп аталады.

Үлкен қанайналым шеңберіндегі артериялық тамырлар жүйесі — қолқаның тармақтары.

Жалпы ұйқы артериясы (общая сонная артерия) — жануарлар денесінің бас аумағын артерия қанымен қамтамасыз ететін негізгі магистральды қан тамыры. Жалпы ұйқы артериясы иық-бас артериясынан ажыраған бойда кеңірдектің вентро-латеральды бетімен басқа қарай бағытталып, содан кейін оның дорсо-латеральды жағына көтеріледі. Жалпы ұйқы артериясын сыртқы жағынан иық-бас бұлшық еті жауып жатады. Иық-бас және төс-бас бұлшық еттерінің арасындағы мойындырықтық саймен, жалпы ұйқы артериясынан беткей жатқан сыртқы күретамыр (мойындық) венасы — ал жалпы ұйқы артериясының жоғарғы жағымен кезеген және симпатикалық жүйкелердің жалпы бағанының мойын бөлігі мен ішкі күретамыр (мойындырықгық) венасы — өтеді. Мойын аумағының алдыңғы жағында, жалпы ұйқы артериясынан төменірек көмекейдің қайтарма жүйкесі жатады.

Атлант-шүйде буынының тұсында жалпы ұйқы артериясынан миды артерия қанымен қамтамасыз ететін ішкі ұйқы артериясы ажырайды. Одан әрі жалпы ұйқы артериясының жалғасы  артериясы — деп аталады. Жалпы ұйқы артериясынан дененің мойын аумағындағы көршілес жатқан мұшелерге бұлшық еттерге, өңешке және кеңірдекке, оларды қоректендіретін майда артерия тармақтарын және қалқанша безге краниальды қалқанша артериясын бөледі. Краниальды қалқанша артериясы өз кезегінде қоректендіргіш артерия тармақтарын қалқанша безге, жұтқыншаққа және көмекейге бөледі.

Бүйрекүсті безі артериялары (надпочечные артерии) — көбіне бүйрек артериясынан ажырайды, бүйрекүсті безін тамырландырады.

Ішкі тұқымдық артерия (внутренняя семенная артерия) жыныс
бездерін қоректендіретін жұп қан тамыры. Еркек жануарларда бұл
артерия ен артериясы, ал ұрғашы жануарларда жұмыртқалық артериясы — деп аталады. Ен артериясынан өзегі аркылы өтіп, енді, ен қосымшасын және шәует жолын тамырландырады. Жұмыртқалық артериясы жатыр түтігі мен жатыр мүйіздеріне арналған тармақтар бөледі.

Каудальды шажырқай артериясы - құрсақ қолқасынан соңғы бел омыртқалардың тұсынан ажырайды. Каудальды шажырқай артериясынан екі артерия тармағы бөлінеді. Олар:                                                                            

а) сол тоқ ішек артериясы

ә) краниальды тік ішек артериясы

Алдыңғы аяқ артериялары бұғанаасты артериясының жалғасы — қолтық артериясының тармақтары болып табылады. Бұғанаасты артериясы сыртқы көкірек артериясы ажырағаннан кейін, қолтық артериясы — деп аталады.

Қолтық артериясы (подмышечная артерия) — бұғанаасты артериясының тікелей жалғасы. Ол иық буынының медиальды бетінде аттас венамен қатар орналасып, өз кезегінде алдыңғы аяқ аумақтарын артерия қанымен қамтамасыз ететін бірнеше артерия тармақтарын бөледі. Олар:

1. Сыртқы көкірек артериясы (наружная грудная артерия) — көкірек бұлшық еттерін артерия қанмен қамтамасыз етеді.

2. Жауырынүсті артериясы (надлопаточная артерия) — жауырын аумағының терісі мен теріасты бұлшық етін тамырландырады.

3. Жауырынасты артериясы (подлопаточная артерия) — жауырынның артқы жиегімен каудодорсальды бағытта жауырынның жоғарғы негізіне қарай көтеріліп, үшбасты бұлшық еттің ұзын басының медиальды бетімен жүріп, жауырынасты және үлкен жұмыр бұлшық еттеріне қоректендіргіш артерия тармақтарын бөледі. Жауырынасты артериясынан бұлардан басқа бірнеше артериялар ажырайды.

4. Иық артериясы (плечевая артерия) — иық аумағының негізгі магистральды артерия қан тамыры. Иық артериясынан иық аумағын артерия қанымен қамтамасыз ететін бес артерия ажырайды. Олар:

1) терең иық артериясы иық артериясьшан тоқпан жіліктің орта шенінде каудальды бағытта ажырап, шынтақ буынының жазғыш бұлшық еттерінде тарамдалып, соларды қоректендіреді.

2) коллатеральды шынтақ артериясы иық артериясынан тоқпан жіліктің дистальды бөлігінен каудальды бағытта ажырайды.

3) екібасты бұлшық ет артериясы иық артериясынан тоқпан жіліктің орта тұсынан ажырап, екібасты бұлшық етті қанмен қамтамасыз етеді.

4) шынтақтың көлденең артериясы шынтақ буынының бүккіш бетінен краниальды бағытта бөлініп, тізе және бақай буындарының жазғыш бұлшық еттерін тамырландырады.

5) жалпы сүйекаралық артерия білек сүйектерінің проксимальды сүйекаралық саңылауы тұсынан басталып, сүйекаралық каудальды және краниальды артерияларға ажырайды.

а) сүйекаралық каудальды артерия дорсальды тізе торын және терең пальмарлық доғаны түзуге қатысады. Терең пальмарлық доғадан өз кезегінде жіліншіктің пальмарлық терең артериялары шығады.

ә) сүйекаралық краниальды артерия білек аумағының алдыңғы бүйір бетімен өтіп, тізе және бақай буындарының жазғыш бұлшық еттерін тамырландырады.

5. Орталық артерия (срединная артерия) — иық артериясының жалғасы. Иық артериясы жалпы сүйекаралық артериясы ажырағаннан соң, орталық артерия — деп аталады. Орталық артерия кәрі жіліктің медиальды бетімен төмен түсіп, тізенің тамырлы торы мен жіліншік артерияларын түзуге қатысады. Орталық артериядан алдыңғы аяқтың білек аумағынан бастап, одан төмен жатқан аумақтарды артерия қанымен қамтамасыз ететін бірқатар артериялар ажырайды. Олар:

1) терең білек артериясы тізе және бақай буындарының бүккіш бұлшық еттерін тамырландырады.

2) кәріжілік артериясы тізе буынының жазғыш бұлшық еттерін қоректендіреді.

3) тізенің дорсальды тамырлы торы мен пальмарлық жіліншік
артерияларын
түзуге қатысатын артерия тармақтары.

Кәріжілік артериясы II дорсальды жіліншік артериясына байланыстырғыш артерия тармағын бөлгеннен кейін, терең пальмарлық доғаны түзуге артерия тармағын ажыратады да, одан әрі екі артерия тармағына бөлініп, II және III пальмарлы жіліншік артерияларына айналады. Бұл артериялар үшінші сүйекаралық бұлшық етке қоректендіргіш тармақтар бөліп, одан соң, III бақайдың жалпы пальмарлы артериясының тармағымен қосылып, беткей пальмарлық доғаны  түзеді.

Орталық артерия кәріжілік артериясы бөлінгеннен соң, коллатеральды шынтақ артериясымен жалғасатын пальмарлы тармақ бөледі де, III бақайдың жалпы пальмарлы артериясы — деп аталады. III бақайдың жалпы пальмарлы артериясы III жіліншіктің дорсальды артериясы тармағымен қосылып, медиальды бақай артериясымен жалғасып кетеді.

Беткей пальмарлық доғаны жасауға артерия тармағын ажыратқаннан соң, орталық артерияның жалғасы II бақайдың жалпы пальмарлы артериясы — деп аталады. II бақайдың жалпы пальмарлы артериясы — тұсамыс буынының жоғарғы жағында латеральды және медиальды бақай артерияларына тарамдалады. Аталған бақай артериялары бақайдың дорсальды және пальмарлы беттерінде проксимальды, ортаңғы, дистальды тармақтарға ажырайды және дистальды майтабан артериясын бөледі. Латеральды және медиальды бақай артериялары II бақай буынына топай артериясын бөлгеннен кейін, тұяқ сүйектің ұлтан бетінде бір-бірімен жалғасып, соңғы доғаны  түзеді.

Жамбас қуысы қабырғасының сүйектік негізін оң және сол жамбас сүйектері мен құйымшақ сүйек және олардың бұлшық еттері мен тері жабыны құрайды. Жамбас қуысында азық қорыту, жыныс және зәр бөлу мүшелер жүйелерінің мүшелері орналасады. Артериялар кұрсақ қолқасының соңғы бөлімдерінен бөлінеді. Құрсақ қолқасынан алдымен жануарлардың артқы аяқтарын қанмен қамтамасыз ететін оң және сол сыртқы мықын артериялары  бел омыртқалардың тұсынан ажырайды. Ал жамбас қуысы қабырғасы мен оның қуысындағы ішкі мүшелерді қоректендіретін оң және сол ішкі мықын артериялары құрсақ қолқасынан 6 (7) бел омыртқаның тұсында бөлінеді. Ішкі мықын артериялары ажыраған соң, құрсақ қолқасы орталық құйымшақ артериясы — деп аталады. Қүйымшақ аумағын қоректендіретін дорсальды және вентральды артерия тармақтары бөлінгеннен кейін, орталық құйымшақ артериясы орталық құйрық артериясына айналады да, дененің құйрық аумағын қанмен қамтамасыз етеді.

Ішкі мықын артериясы кұрсақ қолқасынан ажыраған бойда төмен қарай және жамбас қуысымен каудальды жаққа бағытталып, жамбас қуысынан кіші шоңданай ойығы арқылы шоңданай доғасы жанындағы жамбас қуысы қабырғасынан сыртқы бөксе аумағына шығып, каудальды бексе артериясы — деп аталады да, санарты бұлшық еттер тобын тамырландырады. Ішкі мықын артериясы өзінен жамбас қуысының қабырғасын қоректендіретін, париетальды артерияларды және жамбас қуысында жатқан ішкі мүшелерді тамырландыратын, висцеральды артерия тармақтарын бөледі.

1. Ішкі жыныс артериясы (внутренняя срамная артерия) — жамбас қуысын бойлай жыныс жүйкесімен бірге шоңданай доғасына қарай бағытталып, жамбас қуысынан шыққан бойда екі артерия тармағына ажырайды. Олар:

а) күнтимес (аралық) артериясы  анусты (артқы тесік), сыртқы жыныс мүшелерін және күнтимес аумағын тамырландырады. Күнтимес артериясы өз кезегінде дорсальды және вентральды артерия тармақтарына ажырайды. Жылқы мен итте вентральды тармақтан, ал күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада дорсальды тармақтан каудальды тік ішек артериясы бөлінеді.

ә) баданалық артерия еркек жануарларда дорсальды жыныстық мүше артериясына айналады. Ұрғашы жануарларда баданалық артерия клитор артериясы деп аталады да, сарпайды (клиторды) тамырландырады.

2. Кіндік артериясы (пупочная артерия — іштөлі организміндегі ең күшті жетілген артерия. Кіндік артериясы арқылы қан іштөлі организмінен ұрықжолдасқа (плацентаға) жеткізіледі. Төл туғаннан кейін, кіндік артериясы негізгі қызметінен айырылып, қуықтың бүйірлік байламына, ал ұрғашы жануарларда қосымша жатырдың жұмыр байламына да айналады. Артерия қаны бұл артерияның тек бастапқы бөлігімен ғана ағады. Кіндік артериясы
ішкі мықын артериясының бірінші тармағы. Кіндік артериясынан:

а) несепағар артериясы несепағарды қоректендіреді;

ә) краниальды қуық артериясы қуықты тамырландырады;

б) шәуетжолы артериясы еркек жануарларда шәуетжолын қоректендіреді. Ал ұрғашы жануарларда ортаңғы жатыр артериясы — деп аталады да, жатырды тамырландырады.

3. Каудальды қуық артериясы (каудальная пузырная артерия) —қуықты тамырландырады. Каудальды қуық артериясы еркек жануарларда қуықалды без артериясымен, ал ұрғашы жануарларда каудальды жатыр артериясымен бірге бір артерия бағаны болып басталады..

Артқы аяқ артерияларының тармақтары.

Филогенездің бастапқы кезеңінде артқы аяқтың қан тамырлары да, алдыңғы аяқтың қан тамырлары сияқты, негізінен метамерлік (сегменттік) қан тамырлары ретінде қалыптасады. Кейіннен, аяқтардың ұзарып өсуіне және олардың бөлімдерге бөлінуіне байланысты, қан тамырлардың метамерлік тармақталуы жойылып, олар магистральды бағандарға ауысады.

Қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда және құстарда артқы аяқтың негізгі магистральды қан тамыры қызметін шоңданай артериясы атқарады. Бұл артерия аталған жануарларда құрсақ қолқасынан, жамбас-ортан жілік буынынан сәл кейінірек ажырайды да, аттас жүйкемен бірге тырнақтарына дейін тарамдалады. Сирақ аумағында шоңданай артериясы шыбық артериясы — деп аталады.

Сүтқоректі жануарлардың жамбас аумағында шоңданай артериясының қалдығы: ішкі мықын және каудальды бөксе артериялары ретінде сақгалған. Сүтқоректі жануарларда құстардағы және басқа жануарлардағы магистральды шоңданай артериясының орнында басқа магастральды қан тамырлары, атап айтқанда: сыртқы мықын, сан және тобықасты артериялары қалыптасады. Сирақ аумағында асықты жіліктің алдыңғы артериясы бақай артерияларымен қосылып, кұстардағы шыбық артериясының орнында жетіледі. Бұған қоса, сан артериясынан артқы аяқ басының артқы жағын қоректендіретін анық (сафена) артериясы ажырайды.

Сыртқы мықын артериясынан төмендегідей негізгі артериялар ажырайды:

1. Айналмалы терең мықын артериясы (окружная глубокая подвздошная артерия) — сербек аумағындағы бел және құрсақ қабырғасы аумағындағы бұлшық еттерді қоректендіреді. Өз кезегінде бұл артериядан краниальды және каудальды тармақтар ажырайды.

2. Терең сан артериясы (глубокая бедренная артерия) — сыртқы мықын артериясынан құрсақ қуысында бөлініп, каудо-вентральды бағытта кұрсақ қуысынан шығып, жамбас-ортан жілік буынының жақындатқыш бұлшық еттерін (аддукторларын) тамырландырады. Терең сан артериясынан кұрсақүсті-жыныс артерия бағаны және медиальды айналмалы сан артериясы ажырайды.

Вена қан тамырлары

Жануарлар дене мүшелерінен қан жүрекке вена қан тамырлары (көктамырлар) арқылы жеткізіледі. Көптеген вена тамырлары қатар жатқан аттас артериялар және жүйкелермен бірігіп, тамыр-жүйке будаларын құрайды, Сондықтан, тамыр-жүйке будаларындағы вена тамырларының атаулары да, катар орналасқан артерияларға сәйкес келеді. Дегенмен, вена қан тамырларының тек өздеріне тән құрылымдық заңдылықтары мен тармақталу ерекшеліктерінің бар екендігін атап өткен жөн. Сондықтан, вена тамырларына тән морфологиялық зандылықтарға тоқтала кетейік. Олар:

1. Жануарлар организмдерінде артерияларға сәйкес келмейтін, өздерінше жеке дара жататын веналар да кездеседі. Бұларға жануарлар денесіндегі краниальды және каудальды қуыс веналар, көкірек керегесінің тақ веналары, бауырдағы қақпақтық вена, бас аумағындағы терең бет және ұрт веналары жатады.

2. Жануарлар денелерінде тамыр-жүйке будалары құрамындағы
терең магистральды веналардан басқа, тері астында беткей орналасқкан веналар да болады. Оларға: мойын аумағындағы сыртқы күретамыр (мойындырықтық) венасын, кеуде және құрсақ қабырғасының төменгі бөліктеріндегі, алдыңғы және артқы аяқтардағы теріасты веналарын жатқызады. Аяқтардың төменгі бөліктеріндегі, буындар аумақтарындағы теріасты веналарында және олардың ірі негізгі әкеткіш вена бағандарына ашылатын тұстарында көптеген жалғамалар болады.

3.  Кейбір тамыр-жүйке будаларындағы артериялармен қатар өтетін, артериямен аттас веналардың саны бірнеше болуы мүмкін. Мысалы, сыртқы және ішкі күретамыр   венасы т. б.

4.  Вена тамырлары бір-бірімен өзара жалғасып, көптеген жалғамалар (анастомоздар), вена тораптарын, вена доғаларын және вена тамырларының торларын түзеді. Веналардың арасындағы жалғамалардың көп болуы вена қан тамырлары жүйелері қызметінің жоғары деңгейде жүретіндігінің және вена тамырларының өз қызметтерін еш кедергісіз атқаратындығының белгісі.

5.        Вена кан тамырларының қабырғасы артерия қан тамырларының қабырғасына карағанда жұқа болып келеді. Веналардың ішкі қабаты интимада, тек жүрекке қараған бағытта ғана ашылатын қақпақшалар болады. Бұл кақпақшалар жүрекке қарсы бағытта веналардың арналарын жауып, қанды кері жаққа өткізбейді. Ал вена тамырларының арналары артерия арналарына қарағанда кең болып келеді. Жануарлар денесі қан тамырларындағы қанның жалпы мөлшерінің 85 % - ы вена тамырларының арналарында, тек 15 % -ы ғана артериялар арналарында болады. Оның үстіне, жануарлар денесінде вена қан тамырларының саны артериялар санына қарағанда екі еседей көп. Сондықтан, кейбір дене мүшелерінің вена қан тамырларының арналарында қанның қоры сақталады. Мысалы, бауырдың веналарында денедегі қанның жалпы мөлшерінің 20 % - ы, көкбауырда 16 %-ы, тері тамырларында 10 %  -ы, басқа дене мүшелерінде 36 % - ы қор ретінде сақталады.

5 сурет. Сиыр денесіндегі негізгі веналар

1 — ішкі мықын венасы, 2 — сыртқы мықын венасы, 3 — артқы қуыс вена, 4 — көкет, 5 — алдыңғы қуыс вена, 6 — желін негізінің артқы венасы, 7 — желін негізінің алдыңғы венасы, 8 — артқы құрсакүсті венасы, 9 — алдыңғы желін венасы, 10 — теріасты құрсақ (сүт) венасы, 11 — жалғама (аностомоз), 12 — алдыңғы құрсақүсті венасы, 13 — сүт құдығы, 14 — ішкі көкірек венасы

 

Лимфа айналым жүйесі

Лимфа айналым жүйесі қызметі мен құрылысы жағынан қан айналым жүйесі мүшелерімен тығыз морфологиялық байланыста болады. Себебі, бұл жүйе ұлпалар мен мүшелерде, олардағы зат алмасу процесі кезінде қаннан, оны қоршаған ұлпаға сүзіліп шыққан ұлпа сұйығынан басталып, соңында организмнен лимфаны жинайтын ірі лимфа өзектерінің (оң лимфа бағаны, көкірек өзегі) алдыңғы қуыс венаға құйылуымен аяқталады. Лимфа айналым жүйесінің жануарлар организмдеріндегі атқаратын қызметі алуан түрлі. Атап айтқанда:

1) ұлпааралық кеңістіктегі артық ұлпа (ткань) сұйығын өзіне
 сорып алып, дренаждық қызмет атқарады;

2) ұлпалардағы қан капиллярларының қабырғасы арқылы өте
алмайтын ірі молекулалы белоктық зат және ішекте қорытылған майдың мономерлері (май қышқылдары, глицерин) тікелей лимфаға сорылады;       

3) сыртқы ортадан организмге түскен бөгде заттар мен микроорганизмдерді жойып, лимфаны биологиялық және механикалық тазалаудан өткізеді;

4) лимфа түйіндерінде лимфоциттер мен антиденелер (иммунды глобулиндер) түзіледі.

Лимфа жүйесінің дамуы. Омыртқасыз жануарлар мен төменгі сатыдағы омыртқалы жануарларда лимфа жүйесінің қызметін вена қан айналым жүйесі атқарады. Балықтар мен қосмекенділерде лимфа айналым жүйесі қарапайым лимфа қойнаулары түрінде жетілген. Олар негізінен терінің астында және ішкі мүшелерде болады. Құстарда лимфа қойнауларының орнында жіңішке келген, түтікше лимфа тамырлары жетіледі. Лимфа тамырлары тек жүрек жаққа
қарай ғана ашылатын қақпақшалармен жабдықталған. Бірақ олардың
саны аз. Ал сүтқоректі жануарларда лимфа тамырлары тым жақсы
жетілген. Олардың ішісі бетінде қакпақшалар жиі орналасады.

Лимфоидты құрылымдар мен лимфа түйіндері тек жылы қанды жануарларда ғана болады. Мысалы, құстарда мұндай құрылымдар жұтқыншақта, өңеште жене бүйенде орналасады. Ал лимфа түйіндері негізінен сүтқоректі жануарларда жоғары деңгейде жетілген.

Лимфа — тірі сұйық ұлпа. Ол жануарлар организмдерінің сұйық ішкі орта ұлпасы ретінде торшалардан (лимфобласттар, лимфоциттер, макрофагтар, плазмоциттер) және торшааралық заттан (плазмадан) кұралған. Лимфа плазмасын ұлпалар мен мүшелердегі жоғарыда баяндалған торшааралық саңылаулардан, кеңістіктерден, қойнаулардан және қуыстардан сорылып, лимфа айналым арнасының лимфа капиллярларына өтетін ұлпа сұйығы кұрайды. Құрамы жағынан лимфа плазмасы қан плазмасына ұқсас. Ішектен ағып шығатын лимфаның құрамында ішек қабырғасы арқылы сіңірілген липидтер болатындықтан, оның түсі ақшыл болып келеді. Соңдықтан, ішек лимфа тамырларындағы ақшыл келген лимфаны хилюс  — деп атайды.

Лимфа тамырлары (лимфатические сосуды) пішіні саусақ тәрізді томпайып тұйық келген лимфа капиллярынан бастау алады.

Лимфа капиллярлары (лимфатические капилляры) тым жұқа қабырғалы лимфа тамырларының бастамасы. Лимфа капиллярларының диаметрі 5 мкм - нен 100 мкм - ге дейін өзгеріп отырады. Себебі, олардың қабырғалары жалаң қабат жалпақ келген эндотелий торшаларынан (эндотелиоциттерден) тұрады. Эндотелий мен оны сыртынан қоршап жатқан борпылдақ дәнекер ұлпасының коллаген талшықтарының арасында негіздік жарғақ болмайды. Сондықтан, лимфа капиллярларының диаметрі қан капиллярларына қарағанда кең де, созылмалы болып келеді және оларды қоршаған ұлпа сұйығы мен капиллярлар арасындағы зат алмасу процесі жеңіл жүреді. Эндотелиоциттердің аралықтарында, лимфа капиллярларының қуысына ірі молекулалы заттар, торшалар мен олардың ірі бөліктері өтетін саңылаулы тесіктер болады. Эндотелиоциттердің цитоплазмасында, лимфа капиллярлары қабырғаларының жиырылу арқылы өткізгіштігін реттеп отыратын актинді микрофиламенттердің бар екендігі анықталды. Жануарлар ұлпалары мен мүшелерінің құрылысы мен зат алмасу ерекшеліктеріне байланысты, лимфа капиллярлары тар ілмекті және кең ілмекті торлар түзеді.

Лимфа капиллярлары бір-бірімен қосылып, көптеген лимфа торларын құрайды. Лимфа капиллярларының жиі торлары, әсіресе, терінің шел қабатында, ішкі мүшелер кілегейлі қабықтарында және буын қапшықтарында кездеседі. Мида, жұлында, сүйектерде, гиалин шеміршегінде, көкбауыр паренхимасында, тері эпидермисінде, бауырда, көздің қасаң қабығы мен көз бұршағында лимфа капиллярлары болмайды. Өз кезегінде лимфа капиллярлары бір-бірімен қосылып, лимфа тамырларын құрайды.

сурет. Лимфа түйінінің құрылысы

1 — қыртысты зат, 2 — бозғылт зат, 3 — қыртысмаңы аймағы, 4 — лимфа түйіншелерінің ақшыл бөлігі (герминативті орталық), 5 — шеткі қойнау, 6 — бозғылтша баулар

 

ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІ. Ішкі секреция бездері немесе эндокринді бездер биологиялық белсенді заттар - гормондар түзіп солардың көмегімен организмдегі зат алмасу процесін реттеуге қатысатын мүшелер жүйесі болады.

Сондықтан эндрокринді бездерде өз секреттерін сыртқы ортаға немесе онымен жалғасатын дене қуыстарына қызаратын өзектер, бұл бездер секреттерін дененің ішкі ортасы - қаңқа, лимфа, ұлпалық сұйыққа шығарады. Осыған байланысты эндокринді бездер - ішкі секреция бездері, ал олар бөлетін секреттер - инкреттер немесе гормондар деп аталады. Гормондар   денедегі үздіксіз қозғалыста болатын қан, лимфа, ұлпалық сұйық арқылы организмнің барлық жүйелер мүшелеріне жетіп, олардағы эат алмасу қызметін реттеуге қатысады. Денедегі мұндай сұйық ұлпалар арқылы зат алмасуды реттеуді – гуморальды сұйық/ реттелу/ дейді.

Организмдегі зат алмасу деңгейінің гуморальді реттелуі жүйке жүйесінің бақылауында болады. Сондықтан денедегі, бұл екі түрлі реттелуді біріктіріп, нейро-гуморальді реттелу деп те атайды. Гормондардың бір-бірімен үйлесімді қызмет атқаруы осы экзокринді бездерді бір дене жүйесіне ішкі секреция бездеріне біріктіреді. Эндокринді бездердің үйлесімді қызметін орталық жүйке жүйесі, дәлірек айтсақ, аралық мидың   гипоталамикалық бөлігі реттейді. Гипоталамус сұр заты ядрошықта биологиялық белсенді заттар түзетін нейрондар болады. Гипоталамус осы белсенді заттардың көмегімен бүкіл эндокринді бездер жүйесінің орталық мүшесі - гипофиз қызметін реттеу арқылы ішкі секреция бездер жұмысын басқаруға қатысады.

Ішкі секреция бездер жүйесіне таза эндокринді боздермен /гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңыңдағы без, бүйрекүсті безі, гипофиз, эпифиз/ қатар қосарлы қызмет атқаратын /тимус, ұйқы безі, жұмыртқалық, ен/ мүшелерде жатады.

Эндокриндік қызметі бұл жүйеге жатпайтын /бүйрек, плацента, қарынның пилорикалық бездері, он екі елі ішектің кірмелері/ мүшелер де атқара алады. Олар да өздерінен дененің ішкі ортасына инкреттер бөледі.

Барлық эндокринді бездер құрылысы жағынан қомақты мүшелер. Олар сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Бездердің ішкі құрылысында строма және паренхима екі бөлік болады. Бұлардың басқа паренхималы мүшелерден құрылыс айырмашылығы - ішкі секреция бездерінің паренхимасында шығару өзектері мен соңғы бөлікшелері болады.

Эндокринді бездер паренхимасының құрылысы әр түрлі келеді. Мысалы,   торшалар тарамы бүйрекүсті безінің қыртысы, гипофиздің алдыңғы бөлігі, торшалар жиынтығы /ұрық безінің аралшалары, жұмыртқалық интестицинальді торшалары/ және көпіршіктер /қалқанша безі/ түрінде кездеседі. Гормондар бірден дененің ішкі ортасына бөлінетін болғандықтан ішкі секреция бездерінің тамырлануы өте жоғары дәрежеде дамыған. Қан капиллярларының құрылысы көбіне синусты болып келеді.

Гипофиз - көптеген эндокринді бездер қызметін реттейтін, ішкі секреция бездер жүйесінің орталық мүшесі, ол бас сүйегі ми сауыты бөлігіндегі түрік ері сайында орналасады. Оның сыртқы пішіні жұмыртқа тәрізді болып келеді. Гипофиз аралық мидың гипоталамикалық бөлігі құрамына кіреді. Сондықтан ол жүйке жүйесі мен эндокринді бездердің барлық нысанын қамтамасыз етеді. Гипофиз екі түрлі ұлпадан дамыған. Оның алдыңғы және ортаңғы бөліктері эпителий ұлпасынан, ал артқы бөлігі жүйке ұлпасынан тұрады. Гистологиялық препараттарында гипофиз бөліктерінің шекараларын оңай - ақ ажыратуға болады. Бұның ең үлкен пішіні үшбұрышты бөлігі - алдыңғы пішіні дөңгелекше келген бөлігі - артқы бөліктері. Бұлардың аралығында жатқан бөлік - оның ортаңғы бөлігі.

Хромофильді торшалардың өздері боялу сипатына сәйкес базофильді /негіздік бояулармен боялған/ және ацидофильді /қышқыл бояулармен боялған/ торшаларға бөлінеді.

Ацидофильді /эозинофильді/ торшаларға цитоплазмасы сарғыш - қызыл түсті көлемді торшалар жатады. Эозинофильді торшалар өздерінен дененің үлкейтіп өсуін қамтамасыз ететін соматотропты гормон және  жұмыртқалықтағы сары дененің өсуіне, желіндегі сүттің бөлінуіне әсер ететін лактотропты гормонды түзеді.

Базофильді торшалар гемотоксилин-эозин препараттарында нашар боялған көлемді торшалар. Арнайы әдіспен боялған препараттарда бұл торшалар көк немесе көгілдір түске боялады. Бұлардың ішінде тиреотропты гормондар түзу арқылы қалқанша бездің қызметін реттейтін пішіні дөңгелекше келген ірі торшаларды гонадотропты гормондар бөлу арқылы жұмыртқалықтағы фолликулдардың пісіп-жетілуіне әсер ететін ұзынша келген ұсақтау торшаларды, жұмыртқалықтағы сары дене ендегі жыныс гормондарын жасауды жеделдететін - лютеинотропты гормондар түзетін торшаларды, сонымен қатар бүйрекүсті безінің глюкокортикоидтық қызметін жақсартып, адренокортикотропты гормондарды жасайтын торшаларды ажыратуға болады.

Барлық хромофильді торшалар, әсіресе базофильдер, торшалар тармақтарының  шеткі жағында, қан капиллирларымен жанаса орналасады.

Хромофобты торшалар цитоплазмасы нашар, ядролары қою көк түске боялған ұсақ торшалар. Бұлар капиллярлар қабырғаларынан алысырақ торшалар тарамдарының орталық бөліктерінде орналасады.

Гипофиздің ортаңғы бөлігі дөңгелекше ядроларды жақсы боялған ұсақтау эпителий торшаларынан тұрады. Гипофиздің бұл бөлігінде денедегі пигменттік алмасу процесін реттеп сүтқоректілерде организмнің қараңғыға бейімделуіне көмектесетін интермедин гормоны түзіледі.

Гипофиздің артқы бөлігі нейроглия мен нейрондары өсінділерінен тұратын нейрондар өсінділерінің денесі гипотоламус ядросында жатқан нейросекреттік нейрондар аксондары құрайды нейроглия глиялдық торшалар питуициттер мен олардың талшықтарының жиынтығы нейросекреттік нейрондар құрамында вазопрессин және окситоцин деген гормондар бар нейросекрет түзетін вазопрессин тамырларындағы қан қысымын арттырып бүйректегі несептің түзілуін реттейді. Ал окситоцин желіндегі сүттің бөлінуін арттырып жатыр қабырғасындағы ет қабығының қабырғасындағы қамтамасыз етеді.

Гипоталамустан түзілген нейросекрет нейрондарының аксондары боймен төмен қарай ағып, гипофиздің бөлігінде жиналады да соңғы бөлігін нейросекреттер қоры жиналатын бөлік деп те атайды.

Эпифиз көлемі жағынан шағын келген шырша бүрі тәрізді бұдырлы мүше, сондықтан кейде бүр тәрізді без деп те атайды, сол аралық мидағы төрт төмпек денесінің алдыңғы төмпекшектерінің аралығында орналасқан.

Эпифиз де гипофиз тәрізді гормондарға ұқсас биологиялық активті  заттар жинап шығару арқылы ішкі секреция бездерінің қызметіне әсер етеді. Өзінің әсер ету дәрежесі бойынша эпифиз гипофиздің антогонисі қарама- қарсы әсер етуші болып есептеледі де, ішкі секреция бездерінің тропикалық / қоректендіру / функциясын / қызметін тежейді.

Қалқанша без – бұдырлы қызғылт қоңыр түсті көмекейден кейінірек, кеңірдектің бастапқы шеміршектерінің екі бүйірі мен вентральдік бетінде жатқан без. Бұның екі бүйір бөлігі және мойыншығы болады жылқының безі сыртқы беті тегіс болады. Мойыншығы нашар дамыған кезде тіптен болмайды. Шошқада керісінше без мойыншығы жуан болып келеді, ал бүйір бөліктері жақсы жетілген. Ірі қара және ұсақ малдан бүйір бөліктерді жақсы жетілген, ал мойыншығы жіңішке болып келеді.

Қалқанша без сыртынан тығыз ұлпалық капсуламен қапталған. Капсуладан ішке қарай дәнекер ұлпалық аралықтар безді бірнеше бөлікшелерге бөледі. Бұл бөлікшелер өз кезегінде көптеген фолликкулдерден /көпіршіктерден тұрады/ бөлікшелер аралық дәнекер ұлпа аралықтардан фолликулдер аралығымен жүк аралығымен өтетін өте жұқа бөлікшелер аралық дәнекер ұлпалық аралықтарын фолликулдер аралығымен өтетін өте жұқа бөлікшелеріштік аралықтар тарайды.

Без паренхимасының көпіршіктер /фолликулдер/ мен  фолликулдер аралық   торшалар   жиынтықтары - интерфолликулярлық   аралшықтарды түзетін   эпителиалді ұлпа құрайды.

Қалқанша без препаратын микроскоптың кіші үлкейткішімен зерттеу арқылы бездің негізгі бөлігін қабырғасы бір қабатты эпителийден тұратын фолликулдер құрайтындығын көруге болады. Фолликулдер қабырғаларындағы безді эпителий торшалары құрамында йод элементі бар тиреоидты /тироксин, трииодтиронин/ гормондар түзеді. Бұл гормондар организмдегі зат алмасу процесін белгілі бір дәрежеде жүруін, дене қызуының реттелуін қамтамасыз етеді. Бұнымен қатар, олар онтогенездің бастапқы кезеңінде орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдерінің дамуына да қатысады.

Препараттың тегіс кесілген жақсы жерін таңдап алып, микроскоптың   үлкен үлкейткішімен қараған кезде фолликулдер қабырғасының бір қабат куб немесе призма тәрізді эпителий торшалары - тиреоциттерден тұрады. Олардың дөңгелекше келген ядролары, базальдік жарғаққа жақын орналасады. Тиреоциттердің апикальдік төбесі коллоидпен толған көпіршік қуысына қарай бағытталған. Ал олардың базальдік жағы бөлінген гормондарды сіңіріп, одан әрі тасымалдаушы қан капиллярларымен шекаралас жатады.

Қалқанша бездің қызметі күшейген /гиперфункция/ кезде тиреоциттердің биіктігі артып, олардың ядроларының көлемі үлкейеді фолликулдер ішіндегі коллоид ерітіндісі сұйықтанып, онда кері сору қуыстары /вакуольдері/ жиі орналасады.

Ал, без қызметі төмендеген жағдайда /гипофункция/ тиреоциттер   жалпақтанып, торшалар ядроларының көлемі кішірейеді. Коллоид ерітіндісі қоюланып сору вакуолдері жоғалып кетеді.

Қалқанша без фолликулдері фолликулдераралық аралшықтардан дамиды. Бұл интерфолликулярлық аралықтар торшаларының ішінде парафолликулярлық торшаларды /К-торшалар/ кездестіруге болады. Олардың басқа торшаларға қарағанда үлкен пішіні дөңгелекше болып келеді. Бұл торшалардың цитоплазмасы солғын боялған. Аталған бұл торшалар құрамында йод элементі жоқ тиреокальцитонин деген гормон түзеді. Бұл гормон организмдегі кальций алмасу процесіне қатысып, оның сүйектерде қорланып жиналуын қамтамасыз етеді.

       Қалқанша маңындағы без - пішіні дөңгелекше немесе сопақша келген екі жұп без. Ол қалқанша бездің алдыңғы жағында орналасады. Қалқанша маңындағы без сыртынан жұқа дәнекер ұлпалық капсуламен қапталған. Одан без ішіне қарай дәнекер ұлпалық аралықтар тарайды. Бұл аралықтар арқылы без паренхимасына қан тамырлары мен жүйкелер өтеді.                            

Без паренхимасы қан капиллярларымен шырмалып жанаса орналасқан безді эпителий торшалар жиынтығын құрайды. Бұл торшалардың негізін паратгармонды түзетін, солғын боялған негізгі торшалар құрайды.

Паратгормон қан құрамындағы кальцийді көбейтіп, фосфорды азайту арқылы фосфор - кальций алмасу процесін реттейді. Торшалардың екінші бір тобы-оксифильді торшалар болып табылады. Бұлардың цитоплазмасы қышқылдық бояулармен қызғылт түске боялады. Оксифильді торшалар негізгі торшалардың пісіп жетіліп, іштен шыға бастаған түрі.

Бүйрек үстілік без – қоңыр-қызғылт түсті, бүйректің алдыңғы ішкі жағында жатқан жұп без. Сыртынан дәнекер ұлпалық капсуламен қапталған. Капсула астында нейрондар жиынтығы /интрамуральдік түйіндер / жиі кездеседі.

Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда без паренхимасы екі   бөліктен тұрады.

Капсула астында бүйрек үсті безінің қыртысты заты орналасқан. Гематоксилин - эозинмен боялған препаратта бұл зат көгілдір түсті болып көрінеді. Қыртысты заттың негізін зпителий ұлпасы құрайды. Бүйрек үсті безінің орталық бөлігінде жүйке ұлпасынан түзілген бозғылт зат орналасқан. Препаратта бұл зат көгілдір - бұрыл түсті болып көрінеді.

Бүйрек үсті безінің қыртысты затында үш аумақ ажыратылады. Оның  шеткі аумағы пішіні көпбұрыш келген, ядролары тығыз орналасқан, бірнеше торшалар тарамдарынан тұрады. Бұл аумақты-шумақты аумақ дейді.

Шумақты аумақта альдостерон, дезоксикортикостерон деген минералокортикоидтар гормондары түзіледі. Минералокортикоидтар организмдегі несеп түзуге процестерін реттеуге қатысады. Сонымен қатар қан лимфоциттерінің  қызметін күшейтуге ат салысады.

Қыртысты заттың бұдан ішкі жаққа қарай орналасқан бөлігі бір-біріне жанаса жақын орналасқан тік торшалар тарамдарынан тұрады. Бұл аумақ будалы аумақ деп аталады. Аталған аумақты құраушы торшалардан пішіні үлкен, ядролары ашығырақ боялған торшалар цитоплазмасы липидтерге бай көпіршікті болып келеді.

Бұл аумақта глюкокортикоидтар, кортизон, гидрокортизон, кортизол деген гормондар түзіледі. Бұл гормондар организмнің сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі, иммунды процесстерді реттейді және лейкоциттердің белсенділігін төмендетеді.

Қыртысты заттың терең бөлігінде тік торшалар тарамдары бір-бірімен өзара байланысып, иректелген тор құрайды. Сондықтан бұл аумақты торлы аумақ дейді. Мұндағы торшалар цитоплазмасы будалы аумақ торшаларының цитоплазмасына қарағанда тығыз келеді. Торлы аумақ торшалары жыныс гормондары /андрогендер мен эстрогендер / түзеді.

Бүйрекүсті безінің бозғылт заты құрылысы жағынан ұқсас, ал қызметі жағынан әр түрлі торшалардан тұрады. Бұл торшалардың кейбіреулері адреналин, ал екінші біреулері норадреналин түзеді. Бозғылт заттың капиллярлар торы жақсы дамыған. Капиллярлар қуысы кең болып келеді.

 

Негізгі әдебиеттер

1       Жаңабеков К., Жаңабекова Г.К. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» Оқулық. – Алматы «Сөздік - Словарь», 2005.

2       Жаңабеков  К.,  Махашов  Е.: Жануарлар анатомиясы.   - Алматы, «Білім»,  1996.

3       Хрусталева И.В. және т.б. Анатомия домашних животных. Учебник. -  Москва. «Колос», 1994.

4       Боккен Г.Г., Глаголов П.А., Боголюбский С.Н. Анатомия домашних животных. Учебное пособие. - Москва, «Высшая школа, 1961.

5       Гиммельрейх Г.А. и др. «Анатомия домашних животных» Учебное пособие. - Киев, «Высшая школа , 1980.

6       Жеденов   В.Н. Анатомия домашних животных. Учебное пособие. - Москва, «Высшая школа,    1965, 1973, 1977.

7       Осипов  И.Я.  Анатомия домашних  животных.  І - ІІ  часть.  -  Москва. «Колос»,    1965, 1972, 1977.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-03 16:19:36     Қаралды-18115

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »