1.Жинақтап қайталау сабағы
Мақсаты, түрлері, мазмұны. Оқылған материалды қорытып және жинақтауға мәселелер, тақырыптар,курстың бөлімдері және тұтас курсты қорытып қайталау үшін жинақтап қайталау сабақтары қызмет етеді. Оның мақсаты –білімді жүйелеп,оқиғаның тұтас картинасын жасау;оқып танысқан деректер мен процестердің қатынастарымен жаңа байланыстарын ашу;оқушыларға жеке деректен жинақтауға, маңызын анықтаудан себеп-салдарлы байланыстың мәнін ашуға өтуіне көмектесу.
Сабақ мақсатының дұрыс қойылуы қайталаудың базалық мазмұнын анықтап,негізгі материалды таңдау және сұрақтар мен тапсырмаларды құрастыруға мүмкіндік береді. Сабаққа бірнеше күн қалғанда мұғалім оқушыларға оның тақырыбын хабарлап, өткізудің жоспары сұрақтар мен тапсырмалар сыныпқа ілінеді.Ол мынадай кесте түрінде берілуі мүмкін:
Сабақтың тақырыбы |
Қайталауға арналған сұрақтар |
Қайталау-жинақтау сабағы практикалық жұмыс немесе әңгімелесу түрінде болады. Әңгімелесу орта буын оқушыларымен жиі қолданылады. Мұғалім оны алдын-ала ойластырылған жоспар бойынша жүргізеді. Жоспардың бір-біріне тығыз байланысты әрбір пункті талқыланады. Талқылау жекелеген оқушылардың кеңейтілген жауабы түрінде өтуі мүмкін.
Кейде қайталау – жинақтау сабағына мектеп дәрісі мен саяхатты да қосады. Дегенмен, оларда оқушылар білімін жинақтау қиынға түседі.
Қайталау- жинақтау сабақтары оқушылардың ауызша жауаптарымен бірге жазбаша жұмыстарын да қамтиды; мәселе шешу, тапсырманы орындау, тест тапсыру, түрлі кестелер толтыру сияқты.
Егер ағымдағы сабақтарда материал хронологиялық тәртіппен оқытылса, қайталау-жинақтау сабағында жинақтауды көледенең орналасқан таблицалар арқылы жүйелеуге болады.
Ойындар. Қайталау - жинақтау сабақтарында ойын элементтерін қолдануға болады. Оның көптеген түрлері болуы мүмкін.Ойынның бір түрі оқылған тақырып бойынша жазбаша жауап дайындағанда бірнеше экономика және құқық негіздерінен қателер жіберу түрінде өтеді. Бұл жерде астармен, бүркемелеп берілген қатенің табылуы,аңғарылуы неғұрлым қиын болса сол жұмыс құнды болып есептеледі.
5-10 сабақтың материалы бойынша жинақталған кесте толтыру жұмысын да ойындық сипатта өткізуге болады. Дата, ұғым,ребус, мәселелік сұрақ түріндегі кесте тақтаға алдынала жазылады. Сынып екі комендаға бөлінеді. Дұрыс жауап берген оқушы тақтадағы тапсырманы өшіреді.Әркім бір сұраққа ғана жауап береді. Материалды жай ғана жаңғыртқанға 1 ұпай,қосымша әдебиеттің мағлұматымен толықтырғанға 2 ұпай береді.
2. Қорытынды қайталау сабағы.
Мақсаты мен талаптары.Қорытынды қайталау сабағы оқу жылының соңында өткізіледі. Ол талдау-жинақтау әңгімесі немесе мұғалім лекциясы түрінде өтуі мүмкін. Оның мақсаты- оқыған матералды жинақтап, қорыту, маңызды деректер туралы білімдерді байыту, негізгі процестерді басталуынан аяқталуына дейін қадағалау. Осылайша өткен тақыраптар хронологиялық бірізділікпен емес, өзекті мәселелер бойынша қайталанады. Бұндай сабақтарда оқушылардың экономика және құқық негіздеріне деген белгілі бір көзқарасы қалыптасады. Оқушылар қисынды сұлба, кестелермен жұмыс барысында білімдерімен дағдыларын қолданады. Олардың білім элементтері көрініс табады. Талқыланған мәселелер мұғалімнің ой-түйінімен қорытындыланады. Қорытынды қайталаудың мазмұны курстағы маңызды әрі оқушылардың игеруіне қиын соғатын мәселелерді қамтуы тиіс. Қайталауда тақырыптық және мағыналық бірлік сақталып, қайталанар тақырыптардың тым көлемді болмағаны жөн.
Өткізу әдістемесі.Курстың проблемалары оны әлденеше рет қарастырған соң оқушыларға түсінікті болады. Оқу тоқсанының соңында мұғалім әр сынып үшін қорытынды қайталаудың жоспарын жасайды. Қайталау сабақ үстіндегі әңгіме немесе оқушылардың арнайы ғылыми әдебиеттер арқылы дайындаған баяндамасы түрінде өтеді. Сонымен бірге мұғалім қайталау сабағына қосымша әдебиеттерден деректер мен сандарды, дәйексөздер мен безендірулерді таңдап, жинақтайды.
Қорытынды қайталау сабағында оқушылардың түрлі мәселелердің сырын ашып, заңдылығын айқындайтын тақырыптық кестелермен жұмыс жасауының да маңызы зор.
Емтиханға дайындық. Бітіру емтихандарына дұрыс дайындалуға қойылатын талаптар жұмыстың нәтижелі болуына көмектеседі. Ол талаптар мынадай:
1. Курсты жақсы игеру үшін оқу жылы барысында өткен жылы оқып-үйренген мәселелерді қайталау.
2. Жұмыс дәптеріне кесте, сұлба және басқа да жазба түрінде қайталау материалдарын жинақтау.
3.Экономика және құқық негіздері курсының жеке сабақтарын жаңа материалдың тақырыбымен, ал жеке тақырыптарды жинақтау –қайталау сабақтарына тұтас бөліммен байланыста қайталау.
4. Қорытындылаушы оқу жылының соңындағы емтихан алдында және шетелдік тарихтың маңызды мәселелерін қайталау.
5. Қайталауға дайындақ барысында оқушылар үшін қандай сұрақтардың қиын болғандығы , өткен жылғы емтихандарда қандай кемшіліктер орын алғандығы ескерілуі тиіс. Бәрінен де бұрын емтихан билеттеріне енген сұрақтарды түсіндіруге көңіл бөлінгені жөн. Сабақта атқарылар жұмыс әртүрлі болуы мүмкін: оқушы жауабы, кеңейтілген жоспар, кесте түзу, оқу фильмін көру және т. б.
Қорытынды қайталау мұғалімнің оқушылар сұрағына дұрыс жауап беріп, барынша күрделі мәселелердің мәнін ашып, оқушыларды көбіне-көп орын алатын қателіктерден сақтандыратын емтихан алдындағы кеңесімен аяқталады. Онда мұғалім қайтарылар жауаптыуң үлгі құрылымы, карта, құжаттарды қолдану туралы ұсыныстар береді.
Ойын және саяхат.Білімдерді қалыптастыруда ойындардың маңызы зор. Балалар ондай сабақтарды түрлендіріп өткізуге деген қызықты ұсыныстар да көп болаыды.
Қорытынды сабақтарда түрлі ойын, викториналар қолдануға болады. Оқушыларға өткен шақта не болғанын,алыс болашақта не болатындығын білу өте қызғылықты. Оқушылардың уақыттық құбылыстарға деген қызығушылығын “Уақыт машинасы”ойыны қанағаттандыра алады. Ол оқушылардан экономика және құқық негіздерінен, датаны дәл беруді және олардың мәнін ашуда қиял мен суырып салып атудың мол болуын талап етеді.
1.Іскерлік пен дағдыны жүйелеу
Оқушылардың оқу жұмыстарының тиімділігімен нәтижелігін арттыру үшін бірқатар әдістемелік шарттар орындалуы керек. Біріншіден, оқу қолдан келетіндей оңай, бірақ жеткілікті деңгейде қиындықпен игерілетіндей болуы тиіс. Оқытуды оқушылар үшін түсінікті, әрі сол процестің өзін қызықты етіп жүргізу тиімді. Қолдан келердей оқу міндеттері тапсырманы орындауға ынталандырып, оқушының білімге деген ықыласын оятады. Керісінше өте қиын немесе өте оңай тапсырмалар қызығушылықты төмендетеді. Екіншіден, оқытудың тиімділігі оқушылардың деректік материалды игерумен бірге теориялық қорытындылар мен жинақтаулар жасай алуы да ескеріледі. Сабақ материалы мүмкіндік берсе, қорытындыны дайын күйінде ұсынуға болмайды. Деректерді жинақтау негізінде оқушыларды дербес, өздігінше қорытынды жасауға бағыттау керек. Үшіншіден, оқыту тиімділігі мен оның қарқыны арасындағы өзара байланыс бар. Қарқынның жылдам болуы оқушылардың материал мазмұнын игеруін өте аз уақыт қалдырса, қарқынның тым төмен болуы олардың ойлауының дамуын тежейді.
Оқу материалын саналы түрде игеру үшін оқушылардың дербес жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырудың маңызы ерекше.Оқу дағдылары мен ептіліктерінің болмауы оқушылардың өз еңбегін дұрыс ұйымдастыра алмауынан тым жұмысбастылыққа апарып соғады.
Әдіскерлер мен дидактиктер арасында іскерлік пен дағды туралы түрлі көзқарастар орын алған. Олар мыналар: іскерлік- қандай да болмасын қызметтің тәсілін саналы түрде игеру. Автоматты деңгейге дейін жеткізілген іскерлік-дағды болып есептеледі.Демек, іскерлік бірте-бірте дағдыға ұласады.
Жалпы дағдыларды төрт топқа бөлуге болады:
Оқу-ұйымдастыру дағдысы(әрекетті жоспарластыру, тапсырманы тиімді орындау, өзін-өзі бағалау, күн тәртібін реттеу).
Сөздік дағдылар (ауызша және жазбаша) (сұраққа жауап беру,мәтінді баяндау, байланыстыра мазмұндау,сынап-талдау).
Оқу-ақпараттық дағдылар (кітаппен (оқулық, хрестоматия) анықтама, библография,каталогпен жұмыс).
Оқу, ақыл-ой дағдылары (әрекетті дәлелдеу, ақпаратты қисындық тұрғыдан қорыту және мазмұндау, мәселені шешу, қабылдау және еске түсіру, өзін-өзі қадағалау).
2. Оқу жұмысының тәсілдері
Оқу жұмысының тәсілдері дегеніміз сипаты әртүрлі экономика және құқық негіздерінен материалды игеру жолындағы әрекеттердің тізбесі. Тәсілдерді құрайтын әрекеттердің тізбесі жұмыстың орындалу тәртібін,оның жалпы бағыттарын айқындайды. Оқу жұмысының тәсілдері сөздік-жазулық немесе кескіндемелік әрекеттерде айқын танылады. Ол жағдайда қолданылған тәсілдерді көруге,естуге болады.Сол арнайы тәсілді қолданғанда оқушының жіберген қатесін түзетуге және соның көмегімен оқу материалын тиянақты игеруіне көмек жасалады.
Экономика және құқық негіздерін оқу барысында оқушылардың бойында оқу еңбегінің , соның ішінде ең алдымен ойлау және ақыл-ой дағдылары қалыптасады. Олар экономика және құқық негіздерінен материалдың мазмұнын игеруге бағытталған қисындық операцияларды атқарады. Оқушылардың ақыл-ой дағдыларының деңгейі жоғары болған сайын олардың қисынды ойлау деңгейі де соғұрлым жоғары болады.
Оқу дағдыларының ендігі бір тобы арнайы экономика және құқық негіздерінен материалды игеруге бағытталады, оның нәтижесінде экономика және құқық негіздерінен диалектикалық ойлау дағдылары қалыптасады. Сондай дағдылардың бірі - экономика және құқық негіздерінен деректерді уақыт шегінде оқшаулау.
Экономика және құқық негіздерін оқыту барысында оқушылардың игеретін дағдыларының бір тобы оқулық мәтінімен , оқу құралдарымен және дереккөздерімен жұмыс істеуге байланысты. Бұл дағдылар мынадай әрекеттерді орындауды талап етеді: жай және күрделі жоспар құра білу; оқулықтың құрауыштарынан бағдар ала білу; алған білімдерін жүйелеп, қисынды пайдалану.
Экономика және құқық негіздерін оқу барысында оқушылар экономика және құқық негіздерінен процестің жекелеген кезеңдерін немесе ұқсас құбылыстарды, салыстыру олардың себеп-салдарлы байланыстарын анықтау, құбылыстар дамуындағы өзгерістерді көре білу дағдыларын да игеруі тиіс. Бұл дағдылар арқылы оқушының бойында алған экономика және құқық негіздерінен білімдерін мақсатты түрде қолдануға қол жеткізеді.
Бұл дағдыларды қалыптастыру мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі де ол жоғары сыныптарда оқушылардың дербес, өздігінен жұмыс істей алуына ұласуы тиіс.
Жалпы алғанда, оқу жұмысының тәсілдері мынандай тиісті ақыл-ой әрекеттерімен сәйкес келеді: талдау, жинақтау, жалпылау, оқу материалын салыстыру, экономика және құқық негіздерін материалды көз алдына елестету, есте сақтау.
3. Іскерлікпен дағдыларды қалыптастыру әдістемесі.
Экономика және құқық негіздерін оқытуда жоғарыда аталған іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі белгілі бір әдіс тәсілдерді меңгеріп алуы тиіс.Әсіресе мектепте экономика және құқық негіздерін оқыту барысында үнемі қажет болатын дағдыларды, қай сыныпта қандай дағды қалыптастыру қажет екендігін жетік білуі тиіс. Сонымен бірге мұғалім сыныптан сыныпқа өтке сайын дағдыны күрделендіріп дамытуды нақты жоспарластыра білуі керек. Мектеп бітірушілерді білімді дербес, өздігінен игеру дағдыларымен қаруландыру мақсатын көздейтін бұл бағыттағы жұмыстар мұғалімнен үлкен жауапкер- шілік талап етеді.
Бұл жұмысты оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп экономика және құқық негіздерінің әрбір курсының материалдары негізінде олардың бойында қалыптастырылатын дағдылардың тізімін белгілейтін мектеп бағдарламасымен танысудан бастау қажет. Бұл тізім сыныптан сыныпқа өтке сайын оқушылардың дағдыларын қалай дамытып, арттыру керек екендігіне бағдар береді.
Дағдыларды қалыптастыру мақсатты болуы тиіс. Әр сабақта қандай дағдыны қандай жолдармен қалыптастыру керек екендігі де белгілі болуы тиіс.Дағдыларды қалыптастыру жүйелі жүргізілуі үшін оқушыларға қажетті оқу жұмысының тәсілдері түсіндіріледі; сабақтардағы жаттығу тапсырмаларының жүйесін қамтамасыз етіп, олардың орындалуын қадағалауы қажет.
Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру бірнеше кезеңнен тұрады.
Бастапқы кезеңде оқушылар мұғалімнің басшылығымен оқу әрекетінің жаңа тәсілдерімен танысады.Мұғалім оқушыларға атқарылатын жұмыстың мақсатын айқындап, орындалу жолдарын түсіндіреді.Одан әрі жұмыс тәсілінің мазмұны мен оны орындалудың тәртібі түсіндіріледі(мысалы, оқулық мәтінін оқу, оны мағынасына қарай бөліктерге бөлу, одан басты ойды табу,мәтіннің негізгі ережелерін бірізділікпен орналастыру,оларды жоспар түрінде қағазға түсіру).
Келесі кезеңде мұғалім басшылығымен тәсілдерді игеруге қажетті әрекеттер іске асырылады. Ол әрекеттің тәсілімен бірізділігі қиындық сұлба немесе жаднама түрінде белгіленеді де оқушылардың бағдарламалық материалды игеруіне көмектеседі, бағыт береді. Жаднама зерттелген материалдың мазмұнын ашуға және белгілі бір дағды қалыптастыруғаарналған болу мүмкін.
Дағдыларды игерудің аралық кезеңі оқып-үйренген әрекет әдістеріне машықтану және қолдану, жаттығулар жасап,қиындық тапсырмаларды орындауды құрайды. Оқушыға таныс тәсіл басқа жағдайда және басқа материалды игеруге қоладнылады
Қорытынды кезең игерілген дағдыларды оқушының жаңа жағдайда, жаңа материалды өздігінен,дербес қолдануын қамтиды. Егер оқушы осы әрекетінде жоспар түзу, салыстыру сияқты дағдыларды дербес іске асыра алған жағдайда дағды қалыптасқан деп есептеуге болады.
Әрбір дағдыны игеруге жұмсалатын уақыт та әрқилы болады. Хронологиялық кесте түзу дағдысы бір оқу жылының көлемінде қалыптасса, салыстыру, талдау, тезис түзу, рефератжазу дағдыларын игеру үшін бірнеше оқу жылы қажет.
Түрлі оқу дағдыларын игеру оқушылардың ғылым негіздерін терең меңгеріп, экономика және құқық негіздерінен құбылыстардың байланысын, маңызын, ролін дербес анықтай алуына мүмкіндік береді.
1.Мектептен тыс оқыту жүйесі
Толыққанды жеке тұлға дайындау жүйесіндегі институттар ішіндегі мектептен тыс білім беру орындары маңызды рол атқарады. Осы орындарда көптеген жылдар бойы жастарды мәдениетке тарту, жеке шығармашылық мүмкіндіктері мен дарынын дамыту жолға қойылған.
Бүгінгі таңда өздігінен жұмыс істей алатын , білімін тереңдете білетін, өмірде өз орнын табуға құлшыңатын жастарды дайындауға сұраныс өте зор. Осы мақсаттарды іс жүзінде асыру үшін тәрбиелеу мен оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін табу қажет. Осындай білім беру үрдісінің негізінде өз мүмкіндіктерімен , қажеттілігімен және мүдделермен жеке тұлға тұруы керек.
ҚР-ның “Білім беру” Заңының “Дамыту жолында оқу бағдарламасы” туралы 12-бабында мектепетен тыс оқу орындары жұмыстарының негізгі бағыттары белгіленген.
Мектептен тыс білім берудің негізгі мақсаты мыналар:
-6 жас пен 18 жас аралығындағы жастарға жеке тұлға ретінде дамуына, денсаулықтарын шынықтыруына , кәсіби жағынан өз жолдарын дұрыс таңдауына ,шығармашылықпен еңбектенуіне қажетті жағдайлар жасау;
- оларды қоғам өміріне машықтандыру;
- жалпы мәдени деңгейлерін қалыптастыру;
- бос уақыттарын пайдалы да мағыналы өткізуді ұйымдастыру.
Мектептен тыс білім беру орындары баланың ақыл-ой деңгейінің дамуында,мүдделерін қанағаттандыруда ,кәсіби өзін-өзі анықтау қабілетінің артуында, жасөспірімдерді тәрбиелеуде үлкен орын алады.
Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруға педагогтар ұжымының даму стратегиясы мен тактикасында басшылыққа алатын негізгі идеясы- жастардың шығармашылық өсіп-өркендеуі.Әрбір баланың дарынды болуы үшін педагогтармен ата-ананың негізігі мақсаты- баланың қабілетін арттыру.
Балалар мектептен тыс білім беру орындарын өздері еркін таңдайды. Мектептен тыс білім беру оырндары балалардың отбасында, басқа орындарда олардың тәлім – тәрбиесін алдарына қойған мақсаттарына сәйкестендіре, жаңа әдістерді пайдалана отырып тереңдете түсуі қажет.
Мектептен тыс білім беру орындарында үш түрлі мақсат көзделеді.Олар:
-үйрету;
-шығармашылық өсулеріне жағдай жасау;
-өз мүмкіндігін дұрыс пайдалануына көмектесу;
Балаларға қосымша білім берудің орта мектептегі білім беруден ерекшелігі,баланың аңсары ауған құбылыстарды терең әрі тез меңгеруіне көңіл бөлетіндігіне.Бұл орайда баланың қызығуы оның кейбір қабілеттерін анық көрсетеді. Балаға қосымша білім беруді оның негізгі білімінің, әрі кәсіби бағыт алуының “келешекке қадамы” деп қарастыру дұрыс.
Қосымша білім беруді түрлендіру білім беру жүйесіндегі өзгерістермен тығыз байланысты.Қазіргі таңда жастарға бұрынғы ескі үйірмелерден айырмашылығы бар жаңа бағдарламалар жасау қажеттілігі туындап отыр. Ондай бағдарламалар дарынды балалардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуындағы қажеттілігі мүмкіншілігінің молдығы, қабілеттілігі сияқты қасиеттерін ертерек дөп басып табуға бағытталуы қажет.Ол бағдарламалар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, әр түрлі жұмыс түрлерін қамтуы шарт.
Республикадағы мектептен тыс білім беру орындарында балалардың дарындылығымен даму деңгейін анықтайтын айрықша білім беру технологиясы жинақталған.Дарынды балалардың өз ерекшеліктерін ескеретін жаңа бағдарламалар қалыптасқан:
-жеделдетіп дамыту бағдарламасы –баланың дүние тануға ұмтылысы мектептің білім беру деңгейінен артып кеткен жағдайда жеке пәндерге, құбылысқа деген қызығуын, іс-әрекеттің мазмұны мен әдістерін тез игеруін қамтамасыз етеді;
-тәжірибемен білімнің әр саласының мазмұнымен толықтырылған интегративті(байытылған) бағдарлама.
Бағдарлама бірдей жастағы және әртүрлі жастағы балалардың біріккен ұйымдарында іске асырылады. Бұл жерде білім берудің үш сатылы жүйесі тиімдірек болып саналады.
- Үйірме жұмысы .
- Қосымша білім беру және ғылымды тереңдекте оқыту.
- Тәжірибелік және ғылыми зерттеу жұмысы.
Мектептен тыс білім беру орындарының ұжымдары өздерінің ережесіне сәйкес өз іс-әрекеттері негізінде өздігінен бағдарлама жасайды. Бағдарламада оқушылардың мүддесі, қабілеті, отбасының, білім беру орындарының қажеттілігі ескеріледі.
Сондай бағдарламаға сәйкес мектептен тыс білім беру орындарының мынадай құрылымы ұсынылады.
1.Оқушылардың Кіші Ғылым академиясы республиканың барша оқушыларын қамтиды.Оның өз Ережесі, Жарғысы бар. ОҚИҒА жыл сайын ғылыми - практикалық мәслихат өткізіп тұрады. Мәслихатта балалар өз ғылыми жұмыстарының қорытындысы жайында ғалымдар мен мамандардан құралған әділқазылар алқасы алдында баяндамалар жасайды. Онда жұмыстардың қорытындысы шығарылып, өте жақсы орындалған жұмыстар марапатталады және баспасөзде жариялануға жіберіледі. Іріктелініп көзге түскен ОҚИҒА-ның мүшелеріне еліміздің жоғары оқу орындарына түсуге жеңілдік қарастырылады.
2.Бастапқы кәсіби мамандыққа дейінгі даярлық.Бұл ертеректе мектептерде өтетін оқу-өндіріс кобинаттары сияқты балаларға мамандық таңдауына , сол бойынша білім алуына мектеп қабырғасында мүмкіндік береді.
Мектептен тыс білім берудің мектептегі оқу-өндірістік комбинаттарынан айырмашылығы, ол оқушыларға мамандықтың түрлері кеңінен ұсынады және оқудың аяғында куәлік-сертификат береді.
3. Мектепетрге көмек орталығы. Мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарымен бірлесе отырып, бай техникалық құралдармен жабдықталған орталықтарда әр түрлі семинарлар өткізіліп отырады. Әр түрлі оқыту әдістемелерін даяралуды көздейді. Ғылымның әр саласында топтық олимпиадаларға, математикадан және физикадан халықаралық турнирлерге қатысу көзделген, ғылыми мекемелерде қазіргі заманғы озық техника мен технологияны оқу процесінде пайдалануға мүмкіндік мол. Мысалы, обсерваторияда астрономия пәнінен сабақтар жүргізіледі.
4. Сырттай оқытатын мектептер жалпы республика көлемінде оқушыларды көптеп қамтиды. Тұрған мекен-жайына қарамастан оқушылар химия, астрономия, математика, тарих пәндерімен терең шұғылдана алады.Оқу процесінің интернет жүйесімен қамтылуы оқудың бұл түріне кең жол ашады.
5. Үйірмелер , клубтар, шеберханалар-оқушылардың мүддесіне сәйкес жұмыс істейтін ең көп тараған түрлері.
Мектептен тыс оқыту жүйесінің болашағы зор. Жастардың шығармашылығын дамытып, қабілетін ашуға ықпал жасайтын бұл жүйенің аса мол мүмкіндігі ғылым мен техниканың дамуы, қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың жетілуімен бірге кеңейе түседі.
2. Кұқық және экономика негіздері пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері.
Мектепте пән бойынша жүргізілетін сабақтан тыс оқу тәрбиелік жұмыстары сабақтан тыс жұмыстардың алдына кешенді міндеттер қойылады.Ол міндеттер ең алдымен оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету және кеңейту, соның негізінде олардың пәнге деген қызығушылығын ояытып, таным процесін қызықты етіп ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыстарда тұлғаның азаматтық , еңбексүйгіштік, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау, өзара көмек, тәртіпітілік сияқты қасиеттерін тәрбиелеуге баса назар аударылады. Ал құқық және экономика негіздері пәнінен сынақтар жүргізу барысында оқушылардың кітаппен, анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу, кітапқа сын пікір жазу, реферат дайындау,дерек көздерінен жинақтаған материалдарды қорыту, көпшіліктің алдында хабарлама, баяндама жасау дағдыларын қалыптас-тыруға мүмкіндік мол. Демек, сыныптан тыс жұмыста білім бер, тәрбиелеу және дамыту міндеттері шешімін табады. Бірақ сабаққа қарағанда бұл жұмыс түрі басқа материалдармен және басқа жолдармен іске асады. Сондықтан да құқық және экономика негіздері пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері болады. Олар мынада: Біріншіден, сабақ уақыты реттелген міндетті оқу түрі болса, сыныптан тыс жұмыс ерікті сипат алады және оны өткізудің уақытын мұғалім белгілейді.Сыныптан тыс жұмыстың еріктілік сипаты оқушылардың әрекетін қызығушылығы, қабілеті, дербес бейімділігі, танымдық бастамашылығы мен дербестігі бойынша ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Екіншіден, сабақ мазмұны мемлекеттік стандарт, бағдарламамен белгіленсе, мұғалім сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын таңдауда біршама еркін болады.
Үшіншіден, жұмыстың көптеген түрлерін қолдану барысында оқушылардың психологиялық және жастықерекешеліктерін есепке алуға қолайлы мүмкіндік туады. Төменгі сыныптарда ойын жағдайы, драмалау элементтері, ал жоғары сыныптарда ғылыми, ғылыми-көпшілік әде-биетермен дербес жұмыс жасау түрлері қолданылады.
Төртінші, зерттеу жұмыстарының элементтерін ( мұражай, мұрағат, кітапханалардағы жұмыс) қолдану барысында оқушылардың ақыл-ой, практикалық дағдыларын қалыптастыруға кең мүмкіндік ашылады.
Бесіншіден, сабаққа қарағанда сыныптан тыс жұмыстарда өмірмен байланыс тығыз іске асады және оқушылардың қоғамдық пайдалы әрекеті (тақырыптық көрме ұйымдастыру,әдіс, хабарлама оқуы т.б) түрлене түседі. Сонымен бірге ерекшеліктеріне қарамастан сабақ пен сыныптан тыс жұмыстар өзара тыығыз байланысты. Қазіргі уақытта сыныптан тыс жұмыс оқытудың құрамды бөлігіне айналып кетті, бұл жердегі басты мәселе педагогикалық процесте оның ара жігін ажыратып қолдануға байланысты болмақ.
Сыныптық және сыныптан тыс жұмыстардың табиғи тұтастығы олардың екеуінің де бір міндетті шешуге мүдделілігінен туындайды. Сабақтан тыс кезде қызықты құқық және экономика негіздерінен деректерді оқып үйрену оқушылардың білімін байытып, олардың көзқарасын қалыптастырып, сабақ мазмұнын жан-жақты игеруіне көмектеседі. Сыныптан тыс іс-шараларда сабақтың мазмұнын саналы түрде игеруде қолданатын оқу в дағдылары қалыптасады.
3. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен түрлері.
Мұғалім алға қойған педагогикалық міндеттерді іске асыруы үшін құқық және экономика негіздері пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен түрлерін жетік білуі тиіс. Сыныптан тыс жұмыстар мынадай екі бағытта жүргізіледі:а) сабақ барысында игерген құқық және экономика негіздерінен білімдерді кеңейту және тереңдету;ә) өлкетану материалдарын оқып үйрену.
Сыныптан тыс жұмыс түрін таңдағанда мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін қатаң есепке алуы тиіс.
Сыныптан тас оқу. Балалар өмірінде кітапв оқу аса маңызды рөл атқарады. Құқық және экономика негіздері пәнінен сыныптан втыс оқу –оқушылардың бағдарламада белгіленген, оқулықта мазмұндалған міндетті білім шеңберіндегі құқық және экономика негіздері тақырыпта жазылвған әдеби және ғылыми көпшілік әдебиеттермен оқып танысуға арналады.
Сыныптан тыс оқудың міндеттерін іске асыру үшін үлкендер тарапынан мақсатты басшылық қажет. Бұл жұмыстағы мұғалімнің басшылығы екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең-кітапты насихаттау, екіншісі-оның мазмұнын игеруге басшылық жасау. Мұғалімнің ой-өрісінің кеңдігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты әр кезеңде ұйымдастырылатын жұмыс түрлері , әдістері түрленіп отырады.
Бұл бығытта оқылған кітап бойынша ауызша жорнал жүргізу; жоғары сыныптарда оқылған кітапқа пікір жазу; пікірталас ұйымдастыру сияқты жұмыс түрлері, әдістері түрленіп отырады.ъ
Саяси ақпарат алмасу бойынша барлық пән мұғалімдері соның ішінде бәрінен де көбірек құқық және экономика негіздерінен мұғалімдер тәрбиелік шаралар ұйымдастырады.Оның міндеті- оқушылардың қазіргі заманғы саясатқа деген қызығушылығын оятып, саяси ақпараттар ағынынан қорытынды жасай алу дағдыларын қалыптастыру, сол арқылы көпшіліктің алдында сөйлеуге дағдыландыру.
Құқық және экономика негіздері бойынша олимпиядалар өткізу қазіргі білім беру жүйесі қызметінің нәтижелерін анықтайтын басты өлшемдердің біріне айналған. Мектептен басталып республикалы, халықаралық деңгейге дейін өткізілетін пәндік олимпиада оқушы-лардың қызығушылығын арттыырып, олардың құқық және экономика негіздерінен білімді меңгеруіне ықпал жасайтын аса тиімді жұмыс түрі. Ол жұмыс түрінің мүмкіндігін оқу тәрбие процесінде барынша ұтымды пайдалану үшін құқық және экономика негіздерінен мұғалім дербес шығармашылық жоспар бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдас-тыра алуы тиіс.
Мектеп мұражайын ұйымдастыру бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде мұражай Кеңесі құрылып, тақырыптық жоспар бекітіледі. Екінші кезеңде экспонаттар жинақталып, экспозиция жасалады.Үшінші кезеңде мұражайдың өзінде жұмыстар атқарылады.Ол жұмыстар саяхат жүргізушіні дайындау, саяхат жүргізу, экспозицияны сабаққа дайындау, кездесулер ұйымдастырып, қорды толықтырудан тұрады. Мектеп мұражайын жабдықтаудың ең басты бағыты тарихи өлкетану болуы тиіс.
Сыныптан тыс жұмыстардың аталған түрлерін іске асыруда мұғалімнің атқаратын қызметі өте зор. Оның басшылығымен оқушылардың жұмысвтары шығармашылық сипат алып, жемісті бола түседі.
1.Экономика және оның құрылымы.
“Экономика” термині гректің “шаруашылық” және “заң” деген екі сөзінің бірігуінен пайда болған.Ол заңдарға, тәртіпктерге, нормаларға сәйкес жүргізілетін шаруашылық ұғымын білдіреді.
“Экономика” термині алғашқы кезде “үй шаруашылығын жүргізу тәртібі немесе өнері” ретінде пайдаланылса, ал қазіргі жағдайда мынадай мағынада қолданылады.
1) елдің халық шаруашылығын және оның әр түрлі салаларын (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы экономикасы); аудандардың , аймақтардың немесе бүкіл әлем шаруашылығын (аймақтардың экономика немесе дүниежүзілік эконлмика) қамтитын бөлігі;
2) адамдардың шаруашылық іс- әрекеттерін, оның заңдары мен заңдылықтарын және өндірістің әр түрлі жағдайлары мен элементтерін реттеумен айналысатын ғылым саласы.
Дәлірек айтқанда, қоғам мен адамдардың өміріне қажетті игіліктерді өндіре отырып, олардың сұраныстарын қамтамасыз ететін шаруашылық жүйесі болып табылады.
Экономика- адамдардың жер бетінде тіршілік етуі үшін өздерін материалдық жағдайлармен қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін қызмет-терінің жиынтығы.
Экономика- тауарларды өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну мен қызметтерді ұйымдастыруға байланысты адамдар іс- әрекетін зерттейтін ғылым.
Экономика ғылым саласы ретінде өзара байланысты үш түрлі сұраққа жауап береді:
- Не өндіру керек және қандай мөлшерде?
- Тауарларды қалай өндіру керек және кім өндіруі керек? Қандай ресурстар мен технологиялар пайдаланылады?
- Кім үшін өндіру керек, өндірілген тауарлар мен қызметтер тұтынушылар арасында қалай бөлінеді?
Бұл мәселелердің біріншісінде өндірістің құрылымына сипаттама берілсе, екіншісінде- технологиясын, үшіншісінде - өндірілген өнімнің тұтыну саласын қарастырады.
Экономика ең алдымен адамдар қатынасынан тұрады. Адам –экономиканың түпкі мақсаты, ал экономика тек адам өмірін қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Адамдар- экономиканың ажырымас бөлігі және белсенді қатысушысы. Олар экономикада үш жақты көрініс табады.
Бір жағынан, адам өндіруші, яғни тауарды, қызмет заттарды өндіруге тікелей қатысушы.
Екінші жағынан, адам- тұтынушы, яғни өндірілген тауарлар мен қызметтерді пайдаланушы. Үшіншіден, экономикадағы адамның тағы бір рөлі- тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы әрекеттерді үйлестіру, басқару міндеттерін атқаруы арқылы көрініс табады.
Экономиканың екінші бір бөлігі- табиғат. Адамдар табиғи байлықтарды, өсімдік пен жануарлар дүниесін, жылу мен жарықты, су, ауа, және пайдылы қазбаларды пайдалана отырып, экономиканы дамытады.
Экономиканың үшінші құрамдас бөлігі- “жасанды табиғат”. Бұлардың барлығы адамның іс әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Жасанды табиғат экономиканың бір бөлігі бола отырып, өз кезегінде жеке элементтерге: өндіріс құралдары, еңбек құралдары болып бөлінеді.
Өндіріс құрал-жабдықтары- адам әрекетінің нәтижесі ретінде өндірілген немесе дайындалған жаңа өнім өндіру үшін пайдаланылады.
Экономиканың тағы бір ерекше құрамдас бөлігі- инфрақұрылым.
Инфрақұрылым дегеніміз- өндіріс пен адамның тіршілік әрекеті жағдайларын қамтамасыз ететін объектілер жиынтығы.
Ол өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдардан тұрады. Экономиканың әлеуметтік маңызды бөліктерінің бірі адамдардың жеке қажеттіліктерімен мұқтаждықтарын қанағаттандыратын тұтыну заттары (тұтыну тауарлары) болып табылады.
Экомиканың әлеуметтік маңызды бөлігіне тұтыну заттары: тағам өнімдері, киім, тұрғын үй, мәдени- тұрмыстық және шаруашылық тұрмыстағы тауарлар мен рухани байлықтар кіреді.
Ақша мен ақша айналымы пайда болуының нәтижесінде, экономикада заттар қозғалысымен қатар ақша қозғалысы кеңінен орын алды.
Экономика туралы түсінік өзара байланысты салалардың жиынтығы түрінде кеңінен пайдаланған.
Экономиканың салалық құрылымы екі тлпқа: материалдық өндіріс және әлеуметтік-мәдени салаларға бөлінеді.
Егер материалдық - өндірістік салада материалдық- заттай өнім өндірілсе, ал әлеуметтік - мәдени салада рухани-ой, ақпараттық өнімдер өндіріледі.
Материалдық өндірістің негізгі саласы өнеркәсіп болып табылады. Өнеркәсіп қызметіне шикізатты алғашқы өңдеу және қайта өңдеу, материал өндіру, тағы басқалар жатады.
2. Микро және макро экономика .
Қазіргі кезеңде экономика ғылымы екі бөлімнен: Микроэкономика және Макроэкономикадан тұрады.
Микроэкономика-нарық туралы ғылым саласы ретінде өндіріс мүмкіндігін,тауарларды таңдауды және ұсыныс пен сұраныс, нарықтағы бағаны зерттейді.
Оның негізгі қатысушылары,яғни субъектілері: адамдар, фирмалар тұтынушылар, жанұя немесе өндірістік және әлеуметтік ұжымдар.
Микроэкономика мынадай көрсеткіштерден тұрады: өндіріс көлемі, сатудан түскен түсім, фирма қызметінің тиімділігі, кәсіпкерлік қызметтер, келісімдер.
Микроэкономика кәсіпорындардың іс- әрекеттерімен байланысты көрсеткіштерді, категорияларды қалыптастырады.
Көптеген ірі мемлекеттерде мыңдаған, миллиондаған әр түрлі кәсіпорындар көп мөлшерде тауарлар шығарады, сондықтан микро-экономика көрсеткіштері негізінде, елдің жалпы экономикалық келбетін көрсете алмаймыз.
Бүкіл экономиканың құбылыстарымен себептерін макро-экономика қарастырады.
Макроэкономика бүкіл ел экономикасын, оның өндірісін зерттеу мен айналысады.
Макроэкономика жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныс көлемін сипаттайды, осы екеуінің теңдігінен макроэкономикалық тепе - теңдік туындайды. Егер жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан артып кетсе, онда экономика инфияцияға ұшырауы мүмкін, ал керісінше, жиынтық ұсыныс жиынтық сұраныстан артса, онда экономика құлдырай бастайды.
Макроэкономика және микроэкономика бір-бірімен тығыз байланыс-ты. Микроэкономика макроэкономиканың негізі болып табылады. ”Макроэкономика” термині макроэкономикалық саясатта кеңінен қолданылады. Себебі макроэкономикалық көрсеткіштер үкіметтің жалпы экономиканы реттеудегі негізгі құралы болып табылады.
Экономиканың бір саласы – үй шаруашылығы.
Үй шаруашылығы- жеке жанұяның жүргізетін шаруашылығы.
Өндіріс экономикасынан үй шаруашылығы экономкасының айырма-шылығы- оның тұтынушылық және демалыс сипатында болуы.
Үй шаруашылығына жанұяның мүлкі, ақшалай қоры, өндірістік және тұтыну заттары жатады.
Үй шаруашылығы экономикасында жеке адамға тиесілі өзіндік мүлік қызметтеріне мыналар жатады.
- Өндіріс факторларын (жұмыс күшін) және мүліктерін сатудан алынған табыстар, жерге және тұрғын үйге төленетін жалгерлік төлемдер, банк салымдарынан түскен пайыз мөлшерімен акциядан, облигациядан табыстар алу.
- Үй шаруашылығын жүргізу процесіне қосалқы шаруашылықтарда жұмыс істеу, тұтыну заттары мен тұтыну қызметтерін, тағам өнімдері мен рухани игіліктерді сатып алу кіреді.
- Өскелең ұрпақтарды тәрбиелеу.
- Мемлекетке сыртқы экономикалық байланыстардан салықтар, төлеу, трансферттік төлемдерді пайдалану, шет елдермен экономикалық байланыстар жасау және де әр түрлі ақша аударымдарын алу.
1.Кәсіпкерлік әрекеттің негіздері және кәсіпкерлік бизнес жүйесін ұйымдастыру жүйесі.
Нарықтық экономиканың негізгі буыны-кәсіпкерлік.
Кәсіпкерлер нарықты қызмет көрсетулер мен тауарлар толтыыру арқылы табыс және жеке түсім алуды көздейді, сондай-ақ, өзі жауапкершілікті ала отырып, тәуекелге бел байлайды.
Кәсіпкерлік қызметіне жататындар:
- жер, капитал және еңбек ресурыстарын біріктіріп, ортақ қызметке айналдыру;
- бизнесте дербес шешім қабылдау ;
- коммерцияда, технологияда, ұйымдастыруда жаңашыл болу ;
- өзінің және жалға алған мүліктерін, уақытын, еңбегін, іскерлік қабілетін тәкекелге қою.
Кәсіпкерлік қызмет қоғамдық өндірістің барлық саласын қамтиды.
Кәсіпкерге мынадай талаптар қойылады:
- экология, қоршаған ортаны таза сақтау;
- халықтың денсаулығын жақсарту;
- өрт қауіпсіздігін сақтау.
Кәсіпкерлік жеке, ұжымдық, мемлекеттік және келісімшарттық болып бөлінеді.
ҚР заңдарына сәйкес қару- жарақ немесе есірткі өнімдерін шығаруға, сондай-ақ, адамның денсаулығына зиян келтіретін кәсіппен айналысуға қатаң шектеулер қойылған.
Кәсіпкердің:
- жеке кәсіпорын немесе ұйым ашуға;
- мүлікке ие болуға және қолдануға;
- жұмысшыларды жұмысқа жалдауға және шығаруға;
- еңбекті бағалау жүйесінің түрін белгілеуге;
- өзінің шаруашылық қызметін жоспарлауға;
- тарифтер мен бағаны белгілеуге;
- табысты өз еркімен жұмсауға;
- жеке табыс алуға;
- валюталық және сыртқы экономикалық операцияларға қатысуға құқылары бар.
Кәсіпкер :
- келіссөз бен келісімшартқа отыруға,
- жалдамалы жұмысшылардың еңбекақысын төлеуде мемлекет белгіленген минимальді өлшемнен кем төлемеуге,
- жұмысшылардың әлеуметтік сақтандыру төлемдерін мемлекеттік қорға төлеп отыруға,
- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге,
- тауардың сапасын жауап беруге,
- жеке табысы мен кәсіпорын түсімінен салық төлеуге міндетті.
Антимонополиялық заңдарға байланысты, кәсіпкерлердің төмендегі іс-әрекеттеріне тыйым салынады:
- нарықта алатын орны мен беделіне орай өндірісті тоқтатуға немесе азайтуға, тауарды айналымнан шығаруға, оған зиян келтіруге , тапшылық тудыруға,
- жарнама арқылы сатып алушыларды сапасыз тауармен алдауға, басқа бір фирманың сыртқы безендіруін көшіріп алуға.
Кәсіпкердің өз қызметін, құқығын және міндетін іске асыру үшін нақты білімі, практикалық дағдылары, жеке қасиеттері болуы қажет.
Кәсіпкер ең алдымен :
- нарықтық шаруашылықтағы экономикалық заңдар қызметінің механизмін білуі қажет,
- кәсіпкерлік және биржа қызметін, банкіні, салық жүйесін, сақтандыру компанияларын реттейтін халықтық жәке мемлекеттік заңдарды білуі керек, сондай-ақ, нарық қажеттілігін, тәуекел теориясын, адамдармен тіл табысуды,
- өз саласының қызметін білуі тиіс.
Кәсіпкер;
- жаңа коммерциялық ойларды ұсынуды және оның болашағын бағалай білуді;
- бизнес- жоспар құруды;
- кәсіпорын ашуды;
- стандартты емес шешімдерді таба алуды;
- белгісіз жағдайларда шешім қабылдауды білуі;
- келіссөз жүргізуі, келісімшартқа отыруы;
- өзіне тиістісін ала білуі , орындай алуы тиіс.
Жарияланған-2015-10-03 11:17:44 Қаралды-5702
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина