Тақырып. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің қалыптасуы және оның қазіргі жағдайы
Кіріспе
- 1990 жылдан бастап халық ағарту саласында болып жатқан өзгерістер
- Тарихты оқыту әдістемесінің ғылым ретінде зерттейтін объектісі
Әдістеме сөзінің орысша баламасы көне гректің «методос», яғни, зерттеу жолы, «таным тәсілі» деген сөздерінен шыққан. Тарихты оқыту әдістемесі тарихты оқыту базасын, оның заңдылықтарын өскелең ұрпаққа білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсатында пайдалану үшін тарихты оқыту барысын, заңдылықтарын, басқа ғылымдармен байланыстарын зерттейтін пән.
Тарихты оқыту әдістемесі ғылыми пән ретінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, мектеп концепциясын, жоғары сапалы, жан-жақты дамыған адамдарды даярлау міндеттерін басшылыққа ала отырып, оқытудың мазмұнын, ұйымдастыруын, әдістерін жасайды.
Тарихты мектепте оқыту – күрелі, сан қырлы, қарама-қайшылыққа толы педагогикалық құбылыс. Оның заңдылықтары оқушыға білім беру, оны дамыту мен тәрбиелеу арасындағы объективті байланыс негізінде анықталады. Ал үдерісінің (процесінің) негізі – оқушыларды оқыту. Әдістеме оқушылардың білім алу қызметін оқытудың мақсат-міндеттеріне орай, оқу материалын меңгеруге басшылық жасаудың әдістерін, тарихты оқыту барысының негізгі бөліктері арасындағы объективті, тұрақты қайталанатын байланыстарын оқып, зерттейді және оқытудың мақсаты мен мазмұнын айқындап көрсетіп береді. Мақсат пен мазмұнға сәйкес оқыту мен білім берудің ыңғайлы түрі таңдалып алынады. Тарихты оқыту үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі орта мектп оқушыларының тарихи білімді меңгеруде жақсы нәтижеге қол жеткізуінің тұрақтылығымен анықталады.
Оқытудың мақсатын дәл айқындау оның тиімділігін арттырудың бір жағы. Мақсаттарды анықтау оқытудың жалпы міндеттерін ғана емес, сондай-ақ, оқушылардың дамуын, білімін, іскерлігін, оқу барысын қажетті материалдармен қамтамасыз етуді де қарастыруы керек. Мұғалім сабаққа қойған мақсатқа әрқашан қол жеткізе алатындай деңгейде болуы тиіс. Мазмұн – тарихты оқытудың міндетті бөлшегі. Тарих ғылымының және оның методологиясының, педагогиканың және психологияның, әдістеменің дамуы оқытудың мазмұны мен көлеміне үлкен ықпал жасайды. Сондай-ақ, заман өзгерісі, жаңа уақыттың жаңаша өмір талабы мектептегі тарих пәнінің мазмұнына өзгерістер енгізеді.
Тарихты оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық тиімділігі оның оқытудың мазмұны мен мақсатына, оқушылардың жас ерекшелігі және даярлық деңгейіне сәйкестігі арқылы анықталады. Тарихты оқыту әдістемесі оқытудың әртүрлі бөліктері арасындағы объективті түрде қалыптасқан өзара тәуелділікті зерттей отырып, оқыту барысында білім беру, тәрбиелеу, дамытуды біртұтас жүйе, сондай-ақ, оқушының санасына, сезіміне және тәртібіне ықпал етуді тұтас дүние түрінде қарастырады. Гуманистік, ұлттық патриоттық, сонымен қатар, неғұрлым объективті дүниетаным қалыптастыру мақсаты – ой-сезім, ерік күшінің бірлігін туындатуы қажет.
Әдістеме ғылым ретінде:
- Не үшін оқыту, яғни, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып және мектеп курсының нақты мүмкіндіктеріне сәйкес қандай мақсаттарды қою мүмкін және қажет?
- Нені оқыту, яғни оқытудың мақсатын неғұрлым табысты жүзеге асыру үшін оқытудың ыңғайлы мазмұны мен оның құрылымын қалай таңдау керек?
- Қалай оқыту керек, яғни, оқу әрекетін қандай тәсілдермен неғұрлым тиімді жүзеге асыру, оқушыларға білім беруде, тәрбиелеуде және дамытуда жоғары нәтижеге қалай қол жеткізуге болады? - деген сауалдарға жауап береді.
Әдістеме оқытудың саналуан әдістері мен тәсілдерін ұсынады, сипаты мен мазмұны жағынан әртүрлі материалда мен олардың оқу әрекетін ұйымдастыру арасындағы байланыстардың мағынасчын ашады. Бұл байланыстарды білу мұғалім қызметіне жәрдем жасайды.
Жаңа дәуірде тарихты оқытудың әдістемесі пәнінің басты методологиялық негізі – гуманистік көзқарас болып табылады. Тарихты оқыту барысын зерттеген кезде әдістеме оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктерін ескереді, педагогиканың жалпы теориясын басшылыққа алады. Тарих ғылымы оқу пәнінің негізі болғанымен, алайда, оның кішірейтілген үлгісі болып табылмайды. Мектеп пәні ретіндегі тарихтың құрамына тарихнама пәні енгізілмейді және жекелеген даулы мәселелер қосылмайды.
Оқыту әдістемесінің өзінің ерекшелігі – ол арнайы тарих ғылымы тәріздес тарихтың заңдылықтарын зерттемейді. Оның өзінің арнайы, күрделі міндеттері бар: мектепке қойылатын талапқа сәйкес тарих ғылымының негізгі деректерін таңдау, тарихты оқытуды жас жеткіншектер тарих мазмұнын неғұрлым толық, әрі саналы меңгеріп, осылар арқылы азамат ретіндегі көзқарасы мен ұстанымы гуманистік бағытта қалыптасқан тұлға ретінде сомдалуы жүзеге асатындай етіп құру.
Тарихи үдерісті мектепте оқытудың түрі, тәсілі, құралдары ғылыми зерттеу тәсілдерінен өзгеше, алайда, жоғарғы сыныпта пайдаланылатын саналуан «зерттеу» тәсілдері жасөспірімдердің ғылыми зерттеу жұмысының алғашқы үлгілерімен танысуға мүмкіндік жасайды. Егер тарих ғылымы тарих сабағының пәні ретіндегі мазмұнын анықтаса, педагогика ғылымы берілген тарихи білімдердің абстракциялану көлемі мен деңгейін айқындап берді. Сондықтан, тарихты оқытуда табысқа жету үшін сабақ беру іс-тәжірибесінде, нені және қалай оқыту керек деген проблеманы шешуде, әдістемелік зерттеулерде педагогиканың жетістіктерін ескеріп отыру керек.
Тарихты оқыту әдістемесі психологиямен де тығыз байланысты. Психология курсынан бізге оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастырған кезде мұғалім нақты фактілерді талдай отырып, жалпылау және түсінік қалыптастыруға өтетіні белгілі. Бұл индуктивті әдіс деп аталады. Сонымен қоса, қазіргі заманғы психология балалардың тарихи материалмен мектептен тыс жерлерде де танысатынын ескертеді. Сондықтан, танымды ұйымдастыру дедукциялық әдіс, яғни, оқушыларды алдымен теориялық ережелермен таныстырып, соңынан барып фактілермен таныстыру арқылы да жүзеге асырылады. Сондай-ақ, оқушылардың танымында сезімдік және рационалдық қызметтерін ұйымдастыру қажет екендігін ескертеді, оқытудың көрнекілігін және оқушылардың белсенді ойлау қызметін талап етеді.
1. Қазақстан Республикасы тарихы пәні, оны оқыту әдістемесін қалыптастыру.
1.Тарихты оқыту әдістемесінің педагогикалық-психологиялық пәндермен байланысы
- Тарихты оқыту әдістемесінің міндеттері
Тарихты мектепте оқытудың әдістемесінің міндеттері оның мазмұны мен педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орнына байланысты болады. Әдістеме мұғалімдерді тиімді тарихи білім беруге қажет оқытудың мазмұнымен және педагогикалық құралдармен, біліммен және іскерліктермен қаруландырады.
Мектепте тарихи білім берудің құрылымы мен мазмұнының проблемасы арасында факті мен теориялық тұжырымның арақатынасы, оқушы санасында тарихи түсінік және қоғамдық даму заңдарын түсінуді қалыптастыру, тарихи үдерістер мағынасын ашу маңызды орын алады.
Әдістеменің маңызды міндетінің бірі – оқушылардың ойлауын дамыту. Оқушылардың тарихи ойлауын дамыту, олардың ойлау тәуелсіздігін қалыптастыру міндеттері өздеріне сәйкес әдістер және оқу құралдарын қажет етеді.
Тарих курсында концентрациялық түрде адамзаттық өндірістік, әлеуметтік-саяси және адамгершілік тәжірибесі көрсетілген. Оқытудың әдістемесінің өзекті міндетінің бірі – тарихтың мектеп курсының тәрбиелік мүмкіндігін ашу, тарих сабақтарында тәрбиелеудің міндеттін тиімді шешудің жолдарын анықтау. Сөйтіп, тарихты оқыту барысында тәрбие беру, білім беру, дамыту мақсаттарын біріктіре жүзеге асыру.
Тарихты оқыту әдістемесі оқушыларға жаңа материалды меңгеру кезінде өздерінің бұрын алған білімдерін неғұрлым толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарды іздестіреді, сондықтан, әр тақырып беретін білімнің өзектілігін іздестіру барысында курсішілік және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру проблемасы пайда болады.
Әдістеме мектеп тәжірибесін зерттеуге негізделеді. Әдістемелік зерттеулер бақылау және тәжірибе қою тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.
Бірінші жағдайда зерттеуші оқыту үдерісіне ықпал етпейді, керісінше тарихты оқыту іс-тәжірибесіндегі жетістіктер мен кемшіліктер туралы білім жинақтайды. Оқыту іс-тәжірибесін талдау мынадай бөліктерден құралады:
- Педагогикалық басылымдарда жарық көрген іс-тәжірибелерді оқып-зерттеу;
- Оқыту нәтижелерін көрсететін құжаттарды, мұғалімдер баяндамасы, мәлімдемелері, оқушылардың жазба жұмыстары, сабақ конспектілері мен оны талдау хаттамаларын және анкеталарды оқып-зерттеу;
- Оқыту барысын тікелей бақылау (сабаққа қатысу, мақсат, мазмұн, оқытуды ұйымдастыруды және басқаларын анықтау).
Тарихты оқытудың педагогикалық іс-тәжірибесін талдау әдістемелік зерттеуге материал береді.
Тәжірибе қоя отырып зерттеу кезінде тәжірибені жасаушы арнайы, белгілі-бір мақсатты көздеп оқыту үдерісіне кіріседі және зерттеу мақсатына орай оқу үдерісін қайта құрады, оның мазмұнына, құралдарына, оқыту тәсілдеріне жаңа өзгерістер енгізеді. Алайда, оқытудың үдерісінің кез-келген өзгертілуі барысында оның жалпы заңдылықтары әрқашан есте болуы тиіс.
2. Қазақстан Республикасы тарихы пәні, оны оқыту әдістемесін қалыптастыру
- Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті құндылықтарына мектеп оқушылары қызығушылығын арттыру
- Оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану іскерлігін қалыптастыру
Жоғары деңгейде тұжырымдалған жалпытарихи және әлеуметтік түсініктер жүйесін меңгеру оқушыларды тарихи даму заңдылықтарын түсінуге алып келеді. Тарихи даму заңдылығын ашу дегеніміз – тарихи құбылыстар мен процесстер арасындағы объективті, ішкі, маңызды, үнемі қайталанып отыратын байланыстырды анықтау деген сөз. Бұл байланыстарды анықтау үшін оқушы фактылық білімнің үлкен қорын меңгеруі керек. Сондықтан, тарихи даму заңдылықтарын түсінуді қалыптастыру ұзақ та күрделі болып келеді.
Тарихи үдерістің заңдылығын меңгеру үшін тарихи құбылыстардың арасындағы белгілі-бір байланыстар тобын анықтай алу керек. Оның алғашқысы – себеп-салдарлық байланыстар. Оны саналы түрде меңгеру үшін байланысқа түсуші әрбір түсінік пен құбылыс туралы және олардың байланысының себебі мен салдары, яғни нәтижесі туралы толық білім оқушы санасынан орын алуы тиіс.
Мысалы, мемлекеттің пайда болуын түсіндіре отырып мұғалім өзара байланысты образды фактілердің тізбегін құрайды. Яғни, еңбек құралының жетілуі, еңбек өнімділігінің артуы, артық өнімнің және бір адамның екінші адамды қанауының мүмкіндігінің, қарама-қарсы таптардың, мемлекеттің пайда болуы. Осы тақырыпқа байланысты кесте мектеп оқулығында бар, бірақ соның аппликациялық түрін сабақ үстінде оқушылардың көзалдында біртіндеп құру маңызды. Мұғалім түсіндіруін тыңдап және көрнекі образдарды көре отырып, олар заңдылық тізбесінің әрбір бөлігінің кезектілігін тереңірек түсетін болады. Ең алғаш рет бұл схема Ежелгі Египет тарихы материалын меңгеру кезінде түсіндіріледі. Дәл осы тізбе Қосөзен және Грекия мемлекеттерінің пайда болуын түсіндірген кезде де пайдаланылады. Оқушылар бұл тізбені өзбеттерінше құрастыра бастаған кезде мұғалім тапсырманы күрделілендіреді. Индия мен Қытайдағы мемлекеттердің пайда болуын қарастыру кезінде (оқу жылының соңы, оқушылар нақты фактілік материалдың үлкен қорын жинақтаған, кесте тізбесінің кезектілігін меңгерген кез) мұғалім тізбе байланыстарының алғашқы және соңғы нүктелерін ғана көрсетеді де, қарастырылатын елдің нақты материалының негізінде еңбек құралының жетілуі мен мемлекеттің пайда болуы тізбесін оқушылардың өздерінің толық құрастыруын талап етеді.
Байланыстардың екінші тобы – аймақтық байланыстар. Мысалы, ежелгі дүние мемлекеттеріндегі табиғат жағдайы мен шаруашылық түрлері арасындағы байланыстар, адамзат қоғамының белгілі-бір бағытта дамуына оның географиялық жағдайының ықпалы және т.б. Тарихпен таныса отырып, оқушылар қоғам өміріне табиғат жағдайлары бірқатар ықпал етеді; ежелгі заманда адам табиғатқа тәуелді болады; табиғатты толық меңгергеннен кейін адам оны қорғай бастады деген қорытындыларға келеді. Жоғарғы сыныптарда экологиялық мәселелерге үлкен көңіл бөліне бастайды.
Байланыстардың үшінші тобы – мерзімдік байланыстар, яғни, белгілі-бір кезең ішінде болған оқиғалар мен құбылыстардың реттілігі мен бірмерзімділігін анықтау. Мысалы, феодалдық қоғамның дамуының белгілі-бір кезінде феодалдық бытыраңқылықтың пайда болуы мен орталықтандырылған мемлекеттердің қалыптасуы ортағасырлық мемлекеттерде ғана жүзеге асып отырды.
Заңдылық – көптеген заңдардың қызметінің нәтижесі. Сондықтан, оқушыларға заңдылық түсінігін айтпас бұрын, оларды «заң» түсінігімен таныстырған жөн. Бұл үшін жоғарғы сынып оқушыларын «қоғамдық даму заңдылығы» түсінігімен таныстырамыз.
«Қоғамдық даму заңдылығы» түсінігі – білім қалыптастырудың барлық жүйесіндегі әрі маңызды, әрі өте күрделі кезең. Алдымен заңның белгілерін атап шығып, осыдан соң оларды түсіндеру қажет. Заң дегеніміз, объективті түрде құбылыстардың арасындағы олардың мағынасын көрсететін жалпыға бірдей, тұрақты байланыс. Оқушылар төменгі сыныптан бастап «Қандай ортақ белгісі бар?» деген сұраққа жауап бере бастайды. Заң туралы білім нақты тарихи материал, түсініктер жүйесі және теориялық тұжырымдау кезінде қалыптасады. Қоғамдық дамудың заңдылықтарын түсінуді қалыптастыру тарихи білім жүйесін толық меңгеру негізінде жүзеге асырылады. Фактілер жүйесін меңгерген оқушы оларды бір-бірімен салыстыра отырып, белгілі-бір құбылыстардың белгілі-бір дәуірде болмай қоймайтындығына көз жеткізеді.
Оқушылар тарихи материалды меңгергеннен кейін ғана жалпылаушы қорытындылар жасай алады. Оқушыларды оқиғаның басты және қосалқы себептерін анықтауға, себеп пен түрткіні, себеп пен қажетті тарихи алғышарттарды өзара ажырата алуға үйрету қажет. Бұл әрине, 6 сыныптан басталады. Сабақта үнемі «Неге?» деген сұрақ қойылып, қарастырылатын барлық оқиғаның болу себебіне үнемі назар аударып отыру қажет. Ол оқушының ойын оятып, құбылыстың байланысын көруге, тарихи заңдылықты анықтай алуға үйрететін жаттығу болып табылады. Жоғарғы сыныпта жұмыс күрделіленеді, назар себеп-салдарлық және заңдылықтық байланыстардың арақатынасына аударылады.
Заңдылықтарды қалыптастыру оқушылардың белгілі-бір интеллектуалдық іскерліктерді білуін қажет етеді (мысалы, жалпылау және абстракциялау). Сондықтан, оқушылардың тарихи заңдылықтарды түсіну қабілетін көтеру үшін олардың жалпы ойлау қабілетін дамыту да қоса-қабат жүргізілу қажет. Ол әртүрлі әдіс-тәсілдер көмегімен жүзеге асады. Соның біреуі – салыстыру әдісі. Салыстыру барысында құбылыстар мен үдерістердің (процесс) жалпы белгілері мен ерекшеліктері, олардың даму идеясының өзі анықталады. Салыстыруға үйрету міндетті түрде төменгі сыныптардан бастап, жоғары сынытарға қарай бірте-бірте күрделілене береді. Алғашқы кезде оқушылар құбылыстардың тек ортақ белгілерін, немесе айырмашылықтарын ғана іздеп табады, ал салыстыру үшін оларға тарихи құбылыстардың аз ғана белгілері беріледі. Бірте-бірте ұқсастықтары мен айырмашылықтары бір мерзімде табылуы тиіс нысандардың саны көбейе береді, ал салыстыру неғұрлым абстрактылы түрде жүргізіледі.
3. Қазақстан тарихын оқыту барысында мектеп оқушыларының санасында тарихи білімді қалыптастыру.
- Әдіскерлік құрылымды талдау
- Тарихи білім мен фактілер
Тарихты тану үдерісі фактіні меңгеруден басталады. Тарихи фактінің ерекшелігі – оның қайталанбайтындығында, оны бақылаудың мүмкін еместігінде. Сондықтан, қандай да болмасын тарихи факт туралы оқушының түсінігін қалыптастыру үшін оқушының қазіргі замандағы заттар мен құбылыстар туралы білімімен байланыстыру қажет. Мысалы, Фарос маягының әлемнің 7 кереметінің бірі екендігін түсіну үшін оқушының бәрінен бұрын қазіргі заманғы маяктар туралы түсінігі болуы керек (оның үлкендігі, неден жасалғандығы, не үшін жасалғандығы және т.б.).
Бірақ, жекелеген фактіні білуі – оқушының тарихты меңгергендігін көрсетпейді. Өзара байлнысы жоқ фактілердің қарапайым тізбегі тарихи материалды саналы түрде меңгеруді мүмкін ете алмайды. Сондықтан, тарихты оқыту үдерісінде фактілер өткен өмірде болған маңызды байланыстар мен өмір заңдылықтарын меңгеру үшін, өзара салыстыру үшін қажет. Тарихи фактілер өте көп. Тарихты оқыту үдерісін ұтымды жүргізу үшін, оларды дұрыс топтастыра алу қажет.
Тарихи фактілер екі сипатта болуы мүмкін:
Біріншіден, бұл тарихта бір ғана рет, белгілі-бір жағдайларда ғана, тек белгілі бір адамдар ғана қатысқан, мерзім мен кеңістік ішінде қатаң шоғырланған жекелеген оқиғаларды көрсететін фактілер. Олар қайталанбайды. Мысалы, Мұз қырғыны – бұл жеке тарихи оқиға. Ол Чуд көлінде 1242 жылдың 5 сәуірінде болды. Онда А.Невскийдің әскері мен немістің «төбат-рыцарьлары» қатысты. Ресейдегі крепостнойлық құқықтың жойылуы да жеке оқиға. Ол Ресейде 1861 жылдың 19 ақпанында болды. Оны жоғарыдан жасалып, шаруалардың өте үлкен наразылығын туындатты.
Екіншіден, белгілі бір тұтас тарихи кезең мен дәуірге тән, олардың сипатты белгісін көрсететін тарихи құбылыстар да болуы мүмкін. Мысалы, барщина мен оброк – феодалдық құрылыс кезіндегі шаруалардың атқарған міндеттіліктері. Бұл фактілерді меңгерген кезде оны француз шаруасының, ағылшын шаруасының немесе орыс шаруасының атқарғанын білу маңызды емес, барщина мен оброкты басқа тарихи құбылыстардан ерекшелеп тұрған сипатын білу маңызды. Мұндай фактіні біз тарихи құбылыстар қатарына жатқызамыз. Басқа мысал: өндірістік төңкеріс – бұл қол еңбегінің машина еңбегімен алмастырылып, фабрикалық өндіріске өту және бұрын тарихта болмаған таптардың пайда болу үдерісі. Бұл үдеріс әлемнің әртүрлі бұрышындағы саналуан елдерде де болуы мүмкін. Аталған үдерістің болуы үшін капиталистік қарым-қатынас дамуы керек. Сондықтан, бұл тарихи факт - тарихи құбылыс.
Фактілер көлемі, күрделілігі, мағынасы жағынан өзара ерекшеленеді. Мысалы, Қырым соғысы – бұл жекелеген, қайталанбайтын факт болып табылатын тарихи оқиға. Ол тарихта бір ғана мәрте (1853-1856 жж.), нақты хронологиялық кезең ішінде болды. Бұл соғысқа белгілі бір елдер ғана қатысты (Ресей, Түркия, Англия, Франция), кеңістік ішінде шоғырланған (әскери қимылдар Қара теңіз, Қырым түбегінде, Кавказ тауларында болды). Бұл оқиғаны түсініп, меңгеру үшін оны одан кішірек, Синоп шайқасы, Севастополь қорғанысы, Камчаткадағы-Петропавловск қорғанысы тәріздес фактілермен танысу арқылы игеру керек. Яғни, өзінің толық ашылуы үшін неғұрлым кішірек фактілерді білуді талап ететін күрделі фактілер – бірінші кезектегі фактілер, ал, кішірек фактілер – екінші кезектегі фактілер деп аталады. Бірінші кезектегі фактіні түсіну екінші кезектегі фактіні меңгермейінше мүлдем мүмкін болмайды.
Өз кезегінде екінші кезектегі фактілер де нақтыланады. Мысалы, жоғарыда келтірілген Синоп шайқасының өзі орыс және түрік эскадрасының орналасуы, олардың сапқа тұру ерекшеліктері, қару-жарақтарының ерекшеліктері, шайқас эпизодтары және т.б. бөліктерден құралады. Бұл фактілер тарихи білімнің алғашқы бөлшектері деп аталады. Әдістемеде олар тек бір ғана қарапайым тарихи құбылысты немесе оның бір ғана сипатты белгісін көрсетететін қарапайым фактілер деген топқа біріктіріледі.
Тек әртүрлі сипаттағы фактілерді өзара ұштастыра отырып, тарихи оқиғаның нақты образын жасап шығаруға болады. Бұл тарихи фактілер мен материалдарды таңдап алуды өте ұқыптылықпен жүргізуді талап етеді. Бұл кезде мұғалім оқушылардың есінде өмір бойы сақталуы міндетті негізгі фактілерді және олардың өзінің мазмұнын ашу үшін қажетті қосалқы фактілердің арақатынасын дұрыс реттеп таңдап алуы қажет.
4. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі.
- Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі және оның байланысы.
- Тарихты оқытудың екі түрлі әдіснамасы және оның байланысы.
- Тарихты оқытудың екі түрлі әдістері.
Материалдық әлемнің тұтастығын, оның құбылыстарының бірлігі мен қарама-қайшылығын оқушылар мектеп пәндерімен танысқан кезде бірте-бірте сезіне бастайды. Алайда, бұл білімдерді синтез жасамаған жағдайда бөлек-бөлек болып қала береді. Жүйелі бьілімдерді қалыптастыру, дүниетаныдық идеялоарды түсіну үшін пәнаралық байланыстарды орнату маңызды. Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды пайдалану жалпы тарих курсының біртұтастығын және маңызды түсініктер мен дүниетанымдық идеяларды меңгеруді қамтамасыз етеді.
Пәнаралық байланыстар пәндерге ортақ фактілер, түсініктер, идеялар, іскерліктер мен дағдыларға орай қалыптастырылуы қажет. Сондай-ақ, пәнаралық байланыстар әмбебаптық сипатта болады. Өйткені олардың қызметі мен ықпалы барлық пәндерге жалпы, ортақ болып келеді.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырмайынша дүниетанымдық көқарастың біртұтастығын сақтау мүмкін емес. Пәнаралық байланыстарты жүзеге асыру күрделі, өйткені, бұл мұғалімнің тек өзінің ғана пәнін білуді ғана емес, сондай-ақ жалпы мәдениетінің тереңдігін, пәнаралық байланыстар орнатылатын пәндерден хабардар болуды талоап етедлі.
Түсініктер бойынша пәнаралық байланыс құру үшін, біріншіден, мазмұны мен құрылымын білу және осы түсініктің жалпы білім қатарында алатын орны қандай екендігін білу керек. Екіншіден, осы түсініктің қандай белгілері басқа пәндерге қарастырылатынын білу маңызды.
Байланыс бағыттары тек қана мазмұн мағынасы ғана емес, сондай-ақ, оқушылардың осы түсінікпен немесе оның белгілермен әрбір пәнде таныстыру кезегімен де анықталады. Сондықтан, пәнаралық және пәнішілік байланыстар ретроспективалық, мерзім жағынан сәйкес және перспективалық болып бөлінеді және пәнаралық байланыс орнатылып жатқан тарих сабағының үстінде оқушыларға осы түсінік туралы білім аяқтаймыз, жаңғыртамыз немесе алғашқы білім бөлшектерін беруді бастаймыз.
Перспективалық байланыстарды туыстас пәндерде қайталауды болдырмас үшін ескерген жөн.
Тарихтың көптеген маңызды түсініктерімен заңдылықтарын қоғамтану пәні де оқып-таныстырады. Сондықтан, бұрыннан оқушыларға белгілі материалды жаңа қырынан көрсету түсінікті неғұрлым толық, әрі барлық қырынан ашуды мүмкін етеді.
Оқу үдерісінде көптеген байланыстар сабақ мазмұнына байланысты саналуан бағытта дамуы мүмкін. Бұл байланыстардың ретсіз шашылып кетпеуі үшін пәнішгілік байланыстарды орнату маңызды. Сондықтан, тарих курстарында көркем әдебиеттің дамуының бағыттарын, қалыптастыруын, дамуын біле отырып, тарихпен байланыстырып отыру керек.
Пәнаралық және пәнішілік байланыстарға сүйеніп отыру көптеген жалпы қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Алайда, көркемшығарма туындыларын оқушылардың теориялық білімімен ғана қамтамасыз етіп қана тоқталатын деңгейде емес, олардың ішкі жандүниелік тұрақты позициясына айналатындай жеткілікті көлемде таныстыру қажет. Пәнаралық байланыстар іскерліктер мен дағдыларды қалыптасту да ескеріліп, орнатылады. Пәнаралық байланыстың бұл түрі оқушыны дамыту ісі үшін маңызды. Оқу жылы барысында оқушы тек білімінің белгілі-бір мөлшерін ғана алып қоймай, сондай-ақ олармен оқып танысу барысында оқу еңбегінің бірқатар іскерліктерін меңгереді. Оқу жылы барысында меңгеретін іскерлік пән бағдарламаларында көрсетіледі. Ал, тарих бағдарламаларында, көптеген іскерліктер пәнаралық сипатта болады. Мысалы, ІХ сынып тарихы бағдарламасында басқаіскеріктермен қоса,оқушылардың реферат жазуды үйренуі көрсетілген. Бұл іскерліктің ретроспективалық та, перспективалық та байланысы бар. Оны қалыптастырудың бастапқы кезеңі 8 сыныпта қазақ тілі және әдебиет пәнінде басталады. Осыдан соң бұл іскерліктің қажеттілігі тарих пәнінің бағдарламасында көрсетілген (9 сынып). Бұл іскерлікті қалыптастыру Х-ХІ сыныптарда әдебиет пәні бойынша шығарма жазу кезінде аяқталадв.
Тарих сабақтарында арнайы жұмыстар жүргізбейінше тарихи-саяси тақырыптарға реферат жазып, оны қорғау сол бетінде қалыптаспай қалатындығын тәжірибе көрсетті.
Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың мынадай тәсілдері бар: мұғалімнің бұрын оқып, таныстырылған фактіні, түсініктерді, заңдылықтарды, идеяларды оқушы есіне түсіру; алдыңғы білімдерді қолдануды талап ететін сұрақтарды қоюы; қорытынды кестелер құру; оқушылардың басқа пәндердің деректерінің негізінде мәлімдемелер мен баяндамалар жасауы; тарих пәні сабағы үстінде басқа пәндерден жазған дәптерлерін пайдалануы және осыған ұқсас басқа да тәсілдерді қолдау жақсы нәтиже береді.
Пәнаралық немесе пәнішілік байланысты оқушылардың мұғалім сауалына жауап бере отырып өздері орнатқаны маңызды екендігі түсінікті.
Бұл тәсіл оқушыға тәрбие беруші және дамытушы ықпалын жасайды, сонымен қатар оның есте сақтау қабілетінің қаншалықты дамығандығын,логикалық тұрғыдан ойлай алуының, білім жүйесін құрастыра алуын көрсетеді. Сондықтан, еске түсіру мен білім синтездеуді немесе басқа пәндерден үйренген іскерліктерін жаңа жағдайға пайдалануды қажет ететін репродуктивті және проблемалық сұрақтар мен тапсырмаларды беру – пәнаралық байланыстың басты мақсатын жүзеге асырудың маңызды әдістемелік тәсілі болып табылады. Алайда, бұл тәсіл барлық сыныптардың барлық сабақтарында толық қолданылмайды. Оны пайдаланудың тиімділігі сыныптың білім және іскерлік деңгейінің дамуына тәуелді болады.
Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды жүзеге асыруда оқушыларға басқа пәндерден алынған білім мен іскерліктерді пайдалануды талап ететін тапсырмаларды орындау немесе проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін бұрын алынған білім мен іскерліктерді тез еске түсіруге жәрдем беретін бірқатар дидактикалық құралдар да бар. Олар: оқулықтар мен құждат мәтіндері, оқукинофильмдері фрагменттері, мәтіндік және сандық кестелер, өнер шығармаларының репродукциялары, нұсқаулар, әптердегі әртүрлі жазбалар. Сыныптың көпшілігі пәнаралық байланысты орната алмай жатса, немесе берілген сұраққа жауап бере алмаса, онда мұғалім сондай тапсырманың үлгісін көрсете отырып, оқушылардың тапсырманы орындауына қол жеткізе алады. Оқушылардың пәнаралық сипаттағы білімін пайдалана алуына дағдыландыру үшін, мұндай жаттығуларды бірнеше рет жасату керек, оның өзінде оларды біртіе-бірте күрделелендіріп отыру маңызды.
5. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің қалыптасуы және оның қазіргі жағдайы
1. Қазақстан мектептерінде 1940-1950 жылдардың басында оқыту мәселелері.
2. 1950-1960 жылдардың соңы мен 1960-шы жылдардың басында Қазақ КСР тарихын оқытудың әдістемесі мен мектептерде тарихи білім берудің дамуы.
3. Қазақ КСР тарихының жаңа оқулықтары мен бағдарламалары.
1917 жылдың Жалпыресейлік ІІ съезде В.И. Лениннің ұсынысы бойынша білім берудің А.С. Луначарскийдің басшылығымен ағарту Халық Комиссарлығын құру туралы қаулы қабылданды. 1917 жылдың 9 қарашасындағы Декрет бойынша ағарту Комиссиясы құрылды.
Мұғалімдердің буржуазиялық тарихи әдебиетті айдалануынан қауіптенген А.В. Луначарский мен оның орынбасары М.Н. Покровский жүйелі тарихи білім берудің оң ықпалын жоққа шығара бастады. М.Н. Покровский: «... ІІ сатыда, тіпті жұмысшылар факультетінде оқытылатын тарихты ХҮІ ғасырдағы гуманистер жазған, ал біз әлі де сол қалпында оқытып жатырмыз. Төртжүз жыл өтті! Ол кезде тарихты ежелгі, орта және жаңа тарихқа бөлу дұрыс болып көрінгенімен, қазіргі кезде мұндай бөлініс өз мағынасын толық жойды.
Азаматтық тарихтың орнына еңбек тарихы және әлеуметтануды меңгеру ұсынылды. Тарихи білім беру өрісінде революциялық өзгерістер жасалды. Бірінші кезеңде (1917 ж. – 30-шы жылдардың басы) тарихи білімнің ескі мазмұн-мағынасынан басартылды, ал тарихтың мектептегі курсы қоғамтану пәнімен алмастырылды. Қоғамтану пәні шеңберінде фактілерді маркстік тұрғыдан іріктеген тарих курсының шағын ғана бөлігі қалды.
Халық Ағарту комиссариатының мектеп реформасы бөлімінің меңгерушісі П.Н. Лепешинский осы бөлімнің 1918 жылы шілде айында өткізілген коллегиясында кеңестік еңбек мекnептерінің ұстанымын былай деп анықтады: мектептегі оқу уақыты жыл бойына тоқтаусыз жалғасады, ал сабақтардың үзілістері климат жағдайына байланысты болады; мектеп оқушылары аптаның 7 күні бойында да сабақ оқиды, бірақ оның екі күні экскурсияларға арналуы мүмкін; сынып сабақтары тоқтатылады да оның орнына еңбек сабақтары енгізіледі; бағдарламалар ұсынушылық сипатта болуы ғана мүмкін; оқытудың пәндік жүйесі еңбек мектептерінің ұстанымдарына қарама-қарсы келеді; мұғалімдер оқулықтарды пайдаланудан бастартуы керек; мұғалімдер тек қана анықтамаларды ғана пайдалануы және оқушылармен әңгіме жүргізуі тиіс.
Жаңа мектепте емтихандар, жазалаулар, оқушылардың білімін бағалаудың баллдық жүйесі және үй тапсырмасы толық тоқтатылды. Оқушыны бір сыныптан екінші сыныпқа көшіру педагогикалық кеңестің осы оқушының сабақ еңбегін орындауына берген бағасы мен пікіріне байланысты болды. Сыныптардың орнына майда топтар – «бригадалар»; сабақтардың орнына – зертханалық «студиялық» дәрістер енгізілді. Сабақтар американшық Дальтон жоспары бойынша қайта құрылды. Бұндай жүйе кезінде мұғалім білім бермейді, барлық білімді оқушының өзі меңгеріп алады.
1918 жылдың қазан айында РСФСР-дың Бүкілодақтық Орталық Комитеті «Бірыңғай еңбек мектебі туралы Ережесін» бекітті. Еңбек мектебі екі сатыға бөлінді: біріншісі – 8 ден 13 жасқа дейінгі балалар (5 жыл), ал екіншісі – 13-ден 17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін (4 жыл). Ұлдар мен қыздарды бірге оқытатын зайырлы тегін білім беру жүйесі қалыптасырылды.
І саты мектебінің 3-ші жылынан орыс тарихының қарапайым әңгімелерін оқыту басталды. Соңғы жылында Кеңес Конституциясын оқыту енгізілді. 1921 жылдың бағдарламасы туған өлке тарихын – адамдардың мәдени-тұрмыстық жағдайларын қарастыруды барлық әңгімелесулер мен экскурсиялардың басы тақырыбы етіп алды.
1920 жылдан бастап тарихтың үлгі бағдарламасын енгізудің әрекеттері жасалды. Алайда оны құқықтану, саясиэкономия және әлеуметтану және таптық күрес және ғылыми социализм теориясының дамуы курсы енгізілген кешенді түрін де қаылдамай тастады. 1921 жылдан қоғамтану курсы енгізілді. 1923 жылдан бастап пәндік білім беруден бастартылып, 1931 жылға дейін айналыста болған кешендік бағдарламалар енгізілді.
Қоғамтануды оқытудың мазмұны мен әдістері. Халық ағарту комиссариатының мемлекеттік ғылыми кеңесі мектепте ғылым негіздері емес, өмірліік кешендерді оқып-білу керек деп есептеді. Оқу материалының мазмұны үш негізгі тақырыпқа байланысты құрылды: табиғат, қоғам және еңбек. Оқытудың орталығына адамдардың еңбек әрекеті және оқушыларға олардың шығармашылық дербестігіне сүйене отырып, білім алу машықтарын меңгерту негізгі мақсат етіп қойылды. Тарихи мәліметтер қазіргі заман мәселелерін зерттеуге қаже болған жағдайда ғана қарастырылды. Олар: капитализмнің, ХІХ-ХХ ғғ. Батыстағы және Ресейдегі жұмысшылар қозғалысының пайда болуы.
Тарихтың ХІҮ-ХҮІ ғғ. кезеңдерін оқыту мүлдем қажет емес деп есептелді, өйткені бұл кезеңдердегі деректер мен мәліметтердің құндылығы мен шынайылығы төмен деп есптелді. Салысыру үшін буржуазиялық әлемнің тек кейбір материалдарын ғана алу керек деп есептеілнді. 1925 жылғы бағдарлама бойынша жоғарғы сыныптарға берілетін материалдар әр елдің тарихынан алынған мысалдар әлеуметтік типтері бойынша топтастырылды. Әлеуметтік очерктер мысалы мынадай тақырыптарды құрады: 1. Феодализм. 2. Қала және қала мәдениеті. 3. Сауда капиталының пайда болуы және географиялық жаңалықтар. 4. Сауда капиталы кезіндегі революция. 5. Сауда капиталының мемлекеті. 6. Сауда капиталының мәдениеті.
Оқушылардың жалпы дамуы, олардың дербестігі мен шығармашылық күшінің артуы үшін еңбек, зертханалық-бригадалық, зертеушілік әдістер ықпал етуі тиіс болды. Зертханалық дәрістер кезінде оқу материалын байланыстыра мазмұндауды өзінің мақсаты етіп қоймайтын жаңа типтегі құралдар пайдаланылды. Мысалы, А.А. Введенский мен А.В. Предтеченскийдің «Жоғарғы сыныптарға арналған жұмыс кітаптарында» жекелеген тақырыптарға байланысты материалдар, оларды ашуға қойылған тапсырмалар мен мақсаттар берілді, қорытындылар, сондай-ақ үйде оқуға әдебиеттер берілді.
6. Қазақстан тарихын мектепте оқытудың қазіргі жүйесі
- Қазақстан тарихы мектеп пәні ретінде
- Мектепте Қазақстан тарихы курсының ғылыми негізіндегі құрылымы
- Қазақстан мектептерінде білім берудің қазіргі жүйесі
- Қазақстан тарихы курсын оқытудың құрылымы
Оқушылар мақсатпен танысып, кітаптағы деректермен танысып, сұрақтарға жауап ждазды.Осыдан соң олар шағын қорытындыны оқып, ақырып бойынша қорытынды жасады. Тақырыпты меңгеру осы тақырып бойынша оқушылардың баяндама жасап, мұғалімнің қорытындылаған конференциясымен аяқталды.
Зерттеу әдісі тапсырма-подрядтарды орындауды қарастырды. Ол тапсырмаларды мұғалімдер жасап 5-6 адамнан құралған оқушылар бригадасына орындауға беріп отырды. Подряд-тапсырмаларға схемаларды, карталарды сызу, костюмдер мен қару-жарақтардың үлгілерін жасау кірді. Бригаданың 2-3 суретшісі жылдық есеп беруге дайындалып күні-түні сурет салумен айналысты. Мектептердегі жылдық есеп беру кезіндегі көрмеге оқушылардың еңбектері қойылып, оларды тамашалауға ата-аналары мен меймандар шақырылып отырылды.
Мысалы, «Деревняның өткені мен бүгінгісімен танысу...» деп аталатын кешенді жасалатын жұмыс кезінде феодалдық-крепостнойлық қатынастар зертелді. Алдымен оқушылар тақырып бойынша деректер мен әдебиетерді оқыды, онан соң шаруалармен әңгімелесіп олардың тұрмыстарымен танысты, экскурсияларға қатысты. Жинақталған материал негізінде олар диаграммалармен иллюстрацияланған «Шаруалар мен помещиктер қарым-қатынасы», «Шаруа шаруашылығы», «Шаруа толқулары» деген баяндамалар жасады. Бригадалық-зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру туралы әдістемелік кеңестер Б.Н. Жаворонков пен С.Н. Дзюбинскийдің «Қоғамтану бойынша жылжымалы лаборатория» деген кітабында берілді. Мысалы, зертханалық-еңбек әдісі экскурсиялар кезінде материал жинақтауды; оны оны өзінің алған әсері бойынша меңгеруді; оны зертханадағы жұмыспен ұштастыруды қарастырды. Оның өзінде жұмыс тапсырманың ір бөлігін орындаудың құралы ретінде қарастырыллды. Мұның өзі неміс педагогы Вильгельм Август Лайдың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы «Іс-әрекет мектебі» (көрнекілік әдісі) өте күшті ұқсады. Ол негізінен «адам әрекетіне», ооныі қозғалыс реакциясына ерекше маңыз берді. Сөйтіп, сурет салу, сызу, үлгілер жасау, дарматизация және ән айту пәндері маңызды болған еді.
Кеңестік мектепте Лайдың идеясы тарихты оқытуға еңбек әдісі деген атаумен алынды. Бірақ Лай алдымен оқытып, онан соң әрекет жасауға кіріссе, кеңестік мектептерде керісінше болды. Білімді алу әртүрлі оқиғаларды қайта жаңғырту, тарихи үлгілерді жасау кезінде алынатындығы қарастырылды. Мысалы, №5 мәскеулік гимназияның әдістемешісі Н.Г. Тарасов оқушылар модельдер жасаумен айналысып, алғашқы адамдардың баспаналарын, египет пирамидаларын, феодалдар замоктарын немесе ХҮІІІ ғ. дворяндар усадьбаларын жасайтын тарих кабинетін ашты. Оқыту тарихи музейлерге барумен жалғастырылды. Бұл жерде Н.Г. Тарасов оқушыларға түсініктер берген жоқ. Ол оқушыларды 5-6 адамнан тұратын бригадаларға бөліп, бірнеше витринаға бөліп, экскурсия өткізуге дайындалуды ұсынды. 20 минут өткеннен кейін олар экскурсия өткізе бастайды, оның соңында мұғалім тақырып бойынша қорытынды тұжырым жасайды.
Оқушылар өткен замандағы әртүрлі кәсіпорындарды жаңғыртып қайта жасап отырды (Мысалы, ХІХ ғасырдың соңындағы мәскеулік прохоров текстильдік фабрикасы). Б.Н. Жаворонков оқушылардың фабрикада өндірістің ұйымдастырылуы мен технкасын, жұмысылардың еңбегін зерттеп, фабриканың рынокпен, округтың өмірімен байланысын және тоқыма өнеркәсібінің тарихын анықтады.
Әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастырудың бір құралы алынған білімді іс жүзінде пайдалана алуы болып табылды. Оқушылар шаруалар және жұмысшылармен әңгімелер өткізіп, баяндамалар жасады, революциялық мейрамдар кезінде манифестациялар мне спектакльдер ұйымдастырды.
Сонымен, отан тарихы 1933 жылға дейін КСРО мектептерінде тарих дербес пән ретінде оқытылған жоқ. Отан тарихы маериалдары жалпы тарихтың сәйкес бөлімдерінде беріліп оырылды. Оқулықтар мен оқу құралдары болған жоқ, білімнің жалғыз көзі – мұғалім сөзі ғана болып қалды.
Тарихи білім берудегі жағдай 30-шы жылдарда өзгереді. Тарихи білім беруде тарихтың дербес пән ретінде қайта қалпына келтірілуімен сипатталған жаңа кезең басалады.партияның Орталық Комитеті зертханалық-бригадалық әдістен бастартуға нұсқау береді. Нақты сабақ кстесі негізінде, оқушылардың бір тобымен өткізілетін сабақ – оқу жұмысының негізгі формасына айналды (1931 жылдың 5 қыркүйегіндегі ВКП (б) орталық комитетінің «Бастауыш және орта мектеп туралы» және 1932 жылдың 5 тамызындағы «Оқу бағдарламалары және бастауыш пен орта мектеп режимі туралы» қаулылары). Тарихтың мектептегі жүйелі курсын қайа жаңғырту көзделді. Оқушыларды ғылымның негіздерімен толық қамтамасыз етілу көзделді.
Осы қаулылардың негізінде РСФСР-дың халық ағарту комиссариаты тарих пәнінің бағдарамасын жасап шығарды. Оның негізіне қоғамдық-экономикалық формациялар туралы маркстік теория алынды. Бағдарламалар қабаттылық принципімен жасалып, жалпы тарих тақырыптарынан кейін КСРО тарихының тақырыптары кіріктірілді.
Ежелгі дүние және орта ғасырлар тарихынан осы бағдарламаларға сәйкес алғашқы оқулықтар жазылып шығарылды. Оның авторлары өздерінің алдына жекелеген халықтардың азаматтық тарихын ашуды мақсат етіп алған жоқ, керісінше негізінен қоғамдық өмірдің формацияларының мағынасын ашумен болды. Отан тарихы бойынша материалдар жекелеген ендірме түрінде ғана берілді.
1934 жылдың 5 сәуірінде мектеп оқулықтарын тап күрестерін нақты оқиғалық фактілермен дәл сипаттамай, абстрактылық форма түрінде сипаттаулар ғана берілген деп сынаған «Мекептегі скелеттер» деген мақала жарық көрді. Сөйтіп 1934 жылдың мамыр айында КСРО-ның халық ағарту комиссариаты мен ВКП (б) орталық комитетінің «КСРО-да азаматтық тарихты оқыту туралы» деген қаулы жасалады. Курсты құрудың негізіне сызықтық (курсты бір рет қайталаусыз меңгеру) және тарихи оқиғаларды хронологиялық реттілігі бойынша баяндау ұстанымдары алынды.
Оқытулың сызықтық ұстанымы:
3-4 сыныптар – тарихтың қарапайым курсы (тарихың қысқаша курсы);
5 сынып – ежелгі дүние тарихы (Шығыс, Грекия);
6 сынып – ежелгі дүние және орта ғасырлар тархы;
7 сынып – орта ғасырлар тарихы және КСРО конституциясы (оны оқыту 1936 жылдан бастап енгізілді);
8 сынып – жаңа тарих, І бөлім; ХҮІІІ ғ. Соңына дейінгі КСРО тарихы;
9 сынып – жаңа тарих, ІІ бөлім; ХҮІІІ-ХІХ ғғ. КСРО тарихы;
10 сынып – ХХ ғ. КСРО тарихы; қазіргі заман тарихы (1958 жылдан бастап енгізілді).
7. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихын оқытудың ерекшеліктері
- Пән және курс мақсаттары, негізгі оқу материалы.
- Қазақ мемлекетінің құрылу тарихы.
- Көшпенді дала өркениетінің мәнін (маңызын)ашып көрсету.
- Қазақ халқының материалдық жағынан дамуы.
- Мемлекеттік және тарихи тұлғалардың тарихтағы орны.
- Қазақстанның ежелгі тарихының хронологиялық шеңбері.
Тарихи түсінік бұл – ғылыми білім жүйесінің өзегі. Оқыту барысында тарихи елестету мен тарихи түсінікті қалыптастыру бір мерзімде жүреді; түсінік елестету негізінде жасалады. Алайда, бұлардың өзара айырмашылығы да бар. Тарихи елес әр балада әртүрлі болып келеді, оның қалыптасуы балалардың мінезі мен психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес. Өйткені, баланың санасындағы бейнелердің қалыптасуына тек мектептегі сабақ қана емес, сондай-ақ, теледидар, кино, көркем әдебиет, көпшіліктік-ақпараттық құралдар мен интернет ықпал жасайды. Ал, тарихи түсінік барлық оқушыда бірдей деңгейде, анық қалыптасуы керек. Тарихи түсінікті игеру – көптеген тарихи фактілерді тұжырымдауға қажетті шарт.
Түсініктерді қалыптастыру үдерісіне тиімді жетекшілік жасау үшін, оның классификациясын білу керек. Түсініктер тарихи материалдың мазмұнына орай бөлінеді:
А) экономикалық - әртүрлі тарихи кезеңдердегі шаруашылық өмір мен еңбек құралдары, экономикалық үдерістер туралы;
Б) әлеуметтік-саяси – мемлекеттің әлеуметтік қатынастары мен саяси құрылысын көрсететін түсініктер (монархиялық, демократиялық, деспот, абсолютті монархия және т.с.с.);
В) тарихи-мәдени (қайта өрлеудің гуманистік мәдениеті, материалдық және рухани мәдениет т.б.);
Г) идеологиялық (діни, утопиялық социализм, коммунизм, фашизм т.б.).
Сондай-ақ, тақырып аясының кең немесе, тар екендігіне орай, классификацияның басқа түрі де болуы мүмкін:
- жекелеген елдердің белгілі-бір кезеңдеріне ғана тән болып келетін жеке тарихи түсініктер (сфинкс, мушкет, смерд, хан, төре т.с.с.). Бұл тарихи түсініктерді оқушы 1-2 сабақ материалынан меңгере алады.
- бір немесе бірнеше елдерге бір дәуір ішінде сипатты, тән болып келетін түсініктер (қарапайым өндірісі, буржуазиялық нарықтық қатынастар, феодализм және т.б.);
- әлеуметтік түсініктер – бір немесе бірнеше тарихи дәуірге тән тарихи үдерістің жалпы байланыстары мен заңдылығын көрсетеді. Олар ең жоғарғы тұжырымдау түсініктері. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тарихтың барлық курстаныда ашылады. Бұл түсініктердің толық түрде қалыптасуы бітіруші сыныпта жүзеге асырылады.
8. Жаңа және қазіргі заман тарихын оқытудағы ерекшеліктері.
- Негізгі идеялар мен түсініктер.
- Материал мазмұнын ашу әдістерінің ерекшеліктері.
- Курстың оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ерекшеліктері.
- Мектепте 8-9 және 10 сыныптардағы Қазақстан тарихы курсының құрылымы мен білімдік, тәрбиелік мәні.
Дамытушы оқыту оқушылардың білімін, іскерлігін, интеллектісін, ерік-жігерін, көңіл-күйін, оқуға деген ынтасын және басқа да танымдық қабілеттерін дамытып, олардың ойының дамуына ықпал етеді, көзқарасын қалыыптастырады, білімді алуды қамтамасыз етеді. Дамытушы оқытудың тиімділігі мен нәтижелілігі бірқатар шарттарды сақтағанда көтеріледі:
1. Оқушының өз қолы жете алатын, алайда бұл үшін бірқатар қиыншылықтарды жеңу керек тапсырмаларды беру әдісі. Бұл деңгей оқушының білім ала алу іскерлігінен бір ғана саты жоғары болуы тиіс. Оқыту оқушыға түсінікті түрде жүргізілуі тиіс, сонда ғана бұл үдеріс оған қызықты бола алады. Тым қарапайым немесе тым қиын тапсырма олардың қызығушылығын төмендетеді. Қиын, алайда орындалуы мүмкін болатын тапсырма оқушының өз күшіне деген сенімін арттырады.
2. Оқушылардың назарын фактілік материалға ғана емес, тоериялық қорытындылар ме тұжырымдарға да аудару тарихты мектепте оқытуды тиімділендіреді. Материал мүмкіндік беретін жерлерде даяр қорытындыларды оқушыларға бере салудың қажеті жоқ. Оқушының өзіне фактілерді тұжырымдату арқылы қорытынды жасауға мүмкіндік беру керек.
3. Оқыту тиімділіг мен оның шапшаңдығының арасында белгілі-бір байланыс бар. Шектен тыс шапшаң қарқын оқушыларға материалды түсінуге, бекітуге және терең түсінуге мүмкіндік бермейді. Ал, өте даяу қарқын да оқушылардың қызығушылығы мен ерік күшін төмедетіп, олардың ойлау қабілетін дамытуға бөгет болады. Яғни, әр сыныптың өзіне сәйкес келетін оқыту шапшаңдығын дәл анықтап алу өте маңызды.
Егер оқушы оқытудың мақсаттарын сезбесе оның материалды толық меңгеруі мүмкін болмайды. Сондықтан, оқушылар өз бетінше оқу іскерліктері мен машықтарына жаттығу жасауы да маңызды.
Оқушылардың мұндай қызметке, іс-әрекетке даярлығы белгілі-бір іскерліктер мендағдыларды меңгеруден басталады. Оқу іскерлігінің тәрбиелік те мәні үлкен, өйткені ол еңбексүйгіштікке, тәртіптілікке, жауапкершілікке және басқа да кез-келген адамның өміріне қажетті қасиеттерді қалыптастырады. Іскерлік дағдыларының қалыптастырылмауы оқушының тез шаршағыштығына жол береді, өйткені мұндай оқушылар өз еңбектерін ұтымды ұйымдастыра алмайды, сөйтіп оқу еңбегіне деген қызығушылығы барған сайын төмендей береді, үлгерімі төмендейді.
Іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырмас бұрын олардың мазмұнын анықтау керек. Психологтар мен педагогтар бұл бағытта жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарынан соң іскеріктер – іс-әрекеттің белгілі-бір түрін саналы түрде меңгеру, ал дағды – автоматизмге дейін жеткізілген іскерлік деген анықтаманы тұжырымдап шықты. Сондықтан, іскерлік бірте-бірте дағдыға айналады. Оосыған сәйкес, оқу үдерісі барысында іскерлік және дағды бір ммерзімде қалыптастырылады деп айта аламыз (мысалы, мәтінді оқи алу іскерлігі және шапшаң оқу дағдысы).
Іс-әрекетті меңгерудің жоғарғы сатысы ретінде белгілі-ібр дағдылардың негізінде неғұрлым жалпы, кең іскерліктер дами бастайды. Іскерліктер іс-әрекет тәсілі туралы білім және көпварианнты жаттығулар негізінде қалыптасады.
Бірақ іскерлікер мен дағдылар үш топқа бөлінеді:
- Оқу еңбегін ұйымдастыру (жұмыс орнын даярлау, ой еңбегі гигиенасын сақтау) және оқу әрекеті құрылымын меңгеру. Бұл жерде оқушылардың оқу міндетін саналы түрде өзбетінше қоюға, тапсырманы орындауды жоспарлау іскерлігі мен өзінің оқу және қоғамдық жұмысын өзі бағалауы және бақылау тәсілдерін меңгеруіне ерекше назар аудару керек.
- кітап және оқу ақпаратының басқа көздерімен жұиыс жасауды (оқу үдерісін меңгеруі, яғни, сипаты жағынан әртүрлі мәтінді оқи алуы, қарқыны, кітапты оқудың мақсатын анықтай алуы, ақпарат ала алуы және оларды бір жүйеге келтіре алуы).
Пайдаланған әдебиет:
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Жеті жарғы, 1999.
2.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. – Алматы: Жеті жарғы, 1999.
4.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы: Жеті жарғы, 1999.
5.Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы. – Алматы: Жеті жарғы, 1999.
6.Тұрлығұл Т.Т. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. – Алматы: Мектеп, 1984.
7.Тұрлығұл Т.Т. Тарих сабақтарын жетілдіру жолдары. – Алматы: Мектеп, 1984.
Жарияланған-2015-09-25 18:16:28 Қаралды-14597
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина