Тақырып. Экологиялық және эвалюциялық түсініктерді қалыптастыру. Түр. Папуляция. Биосфера түсініктері
Пәнде -тіршіліктің популяциялық - түрлік деңгейінің түсінігіне сипаттама биологиялық түр тіршіліктің ерекше ұйымдық түрі, ал популяция оның құрамдық бірлігі ретінде қарастырылады. Оқушылар «особь», «түр» деген түсініктерді ажырата білуі керек. Оқушылар органикалық, дүниенің эволюциясына Ж.Б.Ламарктің, Ч.Дарвин көзқарастары бірдей деп ұсынбас үшін «особь», «түр» туралы түсініктерді оларға алдын ала білдіру дұрыс, тек осындай бірізділікте организмдік және организм үстілік жүйелерге тән заңдылықтарды ажырату қамтамасыз етіледі. Түр терминін оқушылар ботаника, зоология пәндерінде пайдаланады. Жалпы биология пәнінде түр түсінігі тереңдейді, К.Линнейдің, Ж.Б.Ламарктың, Ч.Дарвиннің - түрге көзқарастарын салыстыру түрде ажырататын белгілер түсінігін кіргізу арқылы кеңейеді. Бір туысқа жататын түрлерді анықтау жаттығулары түрдің морфологиялық, экологиялық, географиялық, физиологиялық, биохимиялық, генетикалық белгілерін анық игеруге жәрдемдеседі. Түрдің биологиялық жүйе ретінде сипатталуы үшін морфологиялық белгілердің жеткіліксіздігі К.Линнейдің құрастырған жасанды жүйесін оқып білуде атап көрсетіледі. Түр аралық шағылысуға тосқауыл болатын факторлар түрдің тұтастығын және үздіктігін қамтамасыз ететін тетік ретінде түсіндіріледі.
Цитологиялық және генетикалық негіздерін оқып үйренуде үйлесімсіз және сәйкессіз генетикалық тіркестік өзгерістердің (комбинациялардың) және сонымен бірге құнды гендерді сақтайтын және олардың түрдің генфондысында таралуына, жинақталуына жәрдемдесетін генетикалық тетіктер және көбеюі бөгеттердің эволюциялық маңызы анықталады. Түр туралы тақырыпта бір түрге жататын организмдердің тұқымқуалағыштық негізінің ұқсастығы анықталып, түрін ажырататын генетикалық белгі түсінігі дамиды. Тіршілік қарым-қатынастардың (тіршілік үшін күрес) эволюция үшін маңызы органикалық дүниенің даму тарихын, генетиканың және биоценологияның мәселелерін оқып білуде айқындалады. Түрді ажырататын географиялық белгілер түсінігін органикалық дүниенің дарвинизмдік эволюция теориясын, түр түзілудің жолдарын, биоценоз және биосфера туралы ілімдерді оқығанда жан-жақты, тиянақты қарастырылады. Организмдердің реакция мөлшері- түрдің маңызды қасиетінің, яғни мекен ортаға бейімделігіштігінің көрсеткіші. Кең және шектелген бейімделгіштік түсінігі эволюцияның бағыттары, түртүзілуі және түрдің құрып кетуі, сұрыпталудың түрлері жайлы білімдермен тығыз байланысты. Популяцияларды, түр тармақтарын тек қана ескі түрдің негізінде жаңа түрдің бастамы деген біржақты ұғым болдырмау үшін, түрдің құрылым түсінігі түртүзілісі білімдердің алдында беріледі.
Дарвинизм теориясын нақтылы деректер арқылы оқып меңгеруде популяция түсінігі түр ареалының елеулі оқшауланған аймағында шоғырланған тіршіліктің түр деңгейіндегі құрамды жүйесі ретінда дамиды. Популяция деңгейінде жүретін микроэволюция табиғи сұрыпталуымен бағытталған популяцияның генетикалық құрылымының өзгеру процесі ретінде түсіндіріледі. Осыған байланысты популяцияның гендік құрамының өзгеруінде популяциялық толқындар түсінігі мазмұндалады. Мәдени популяцияларды (мал тұқымы, сорт, штамм) білу табиғи тіршілік топтарының түсінігін игеруге мүмкіндік-жасайды. Генетиканы оқып үйренуде генетикалық құрылым генофонд, гендердің таралу заңдылықтары мазмұндалатындықтан популяция түсінігі айқындалып кеңейе түседі. Түр түзілуінің түсінігі эволюцияның негізі ретінде тіршіліктің популяциялық тішірлік деңгейі түсініктерінің ең түйінділеріне жатады. Оқушылардың түрлердің құрылымын, көбею қасиеттерінің оқшаулануын анық білулері- тұқым қуалайтын өзгергіштіктің әсері және табиғи сұрыпталудың негізінде өтетін түр түзілу процесі туралы білімдерді игерудің қажетті алғы шарты. Ұрпақтық түрлердің саны, сондай-ақ морфофизиологиялық өзгерістердің жіктелу дәрежесі бойынша эволюцияда түрлердің тең құнды болмайтындығы жайлы түсінік дамиды. Эволюцияда туыстардың тұқымдастардың, отрядтардың негізін берген түрлермен салыстырғанда кластардың тегі болған түрлердің мәнді маңызы атап көрсетіледі. Биоценоздық және биосфералық түсініктер, мағлұматтар пәннің соңғы тақырыптарында топтастырылған. Бірақ экожүйелік туралы білімдер кіріспе сабақтан-ақ басталып, онда биосфераның құрамды жүйесі ретінде биоценоз туралы алғашқы мағлұмат беріліп бүкіл пән тақырыптарында дамытылады. «Биогеоценоз» түсінігі табиғи бірлестіктер түсінігінде оқушыларға ботаника, зоологиядан 7 класста белгілі. Қазіргі кездегі ғылым түр, популяция, өзгергіштік және тіршілік үшін күресті биогеоценоздары тірі жүйелердің қарым-қатынастарының, жиынтығы ретінде қарастырады. Биогеоценоздардың қалыптасуындағы биотикалық ортаның ролі олардың ауысуын, уақытқа байланысты өзгеруін қарастырғанда анық байқалады. Популяциялар арасындағы байланыстар белгілі биогеоценоздардағы қоректену тізбегін, оларады өздігінен реттелу тетігін, экожүйелердің ауысу себептерін қарастырғанда нақтыланады.
Биогеоценоздағы энергия ағымы және зат алмасу түсінігі тіршілік үшін күрестің түрлерін, түрлердің мекен ортасына беймделуін, авто және гетеротрофты көректенуді, фотосинтез процестерінің, қоректік байланыстардың, көректік "тізбектің, сандық пирамида ережесінің ерекшеліктерін оқуға үйренуде бірталай мағлұматтар беріліп байыпталады.
Жарияланған-2015-09-25 18:03:02 Қаралды-4118
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина