UF

Тақырып. Биологияны оқыту әдісі пәнінің мазмұны, мақсаты, міндеттері

 

Биологияны оқыту әдісі педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан  пәнінің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі.

Биологияны оқыту әдісі мектеп биология пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу, процестерінің жүйесі түрлі ғылым.

Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің биология пәндерін тәрбиелеу оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Биологияны оқыту әдісі, биологиялық мазмұнды, оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.

Мұғалімнің оқу материалын оқушылардың саналы түрде меңгеруін, оны өмірде қолдана білу дағдыларына үйрету жолдарының тиімді әдістерін үйретеді.

Әдістеме оқу пәнінің мазмұнын және оқу формаларымен тәрбиелеу жолдарын қарастырады.

Әдістеменың аталған бөлімдері бірін-бірі толықтырады және тығыз байланысты, бірлікте болады. Оқыту жұмыстарының құралдары мен жабдықтарын да анықтайтын осы әдістеме. Қорыта айтқанда әдістеме дегеніміз- биологияны қалай оқыту керек, нені үйретіп қалай тәрбиелеу керек, биологияны не үшін оқу керек? Деген сұрақтарға жауап береді.

Биологияны оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстарымен дамуын оқытады.

Биология пәнінің мазмұны және оның өзіндік ерекшеліктері, оқыту әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.

Биологиядан сабақ беру барысында тірі ағзалардың нақты фактілерін, табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын тірі табиғаттың даму эвалюциясының заңдылықтарын оқып білу оқушылардың ғылыми, диалектикалық материалистік көзқарастарын қалыптастырады.

Биологиялық білім қоршаған табиғи ортаның маңызын, табиғатты қорғау қажеттілігімен қалпына келтіру шараларын қоғамдық және жеке еңбектің гигиенасының маңызын түсінуге, оқушыларды өмірге бейімдеп, политехникалық білім алуға мүмкіншілік туғызады.

Атақты педагог К.Д. Ушинский айтқандай «Оқушылардың ақыл –ойын логикасын дамыту үшін жаратылыстану тарихын оқыту тиімді-деп есептейміз. »

Себебі тірі табиғаттың объектілерін бір-бірімен салыстыру, анықтау эксперименттер қою, щқушылардың ойлау қабілетін дамуын қамтамасыз етеді.

Биологияны оқыту әдістемесі. Жалпы биологияны оқыту әдістемесі  және арнайы биологияны әдістемесі болып екіне бөлінеді.

 Жалпы биологияны оқыту әдістемесі  мектеп биология курстарының пәндерінің мазмұны мен әдістеріне байланысты қарастырады.Аталған пәндердің бірізділігі, біртұтастығы  және тәрбиелеп оқытудың элементтерінің дамуы, биологияны оқытудың жүйесін анықтайды. Білім беру, оқытудың жүйелілігі оқушылардың саналы түрде білім қалыптастыруымен тиянақтылығын анықтайды.

Арнайы әдістерде сабақтардың әдістемесы, экскурсиялар сабақтан тыс жұмыстар кластан тыс жұмыстар қарастырылады.

  1.  Биологияны оқыту әдісінің ғылымдармен байланысы

 Биологияны оқыту әдісі барлық биология ғылымдар саласымен тығыз байланысты. Мектеп биология курстарынан сабақ беріп, оқыту үшін, мұғалім биология ғылымдар жүйесімен теориялық біліммен қаруланған тұлға болуы керек.

Табиғатта болып жатқан құбылыстардың сырын, ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда түсіндіру үшін мұғалімнің теориялық білімі үлкен рол атқарады. Мектеп оқулықтарының мазмұны ғылыми тұрғыда беріледі.

 Биология ғылымдар саласының негізгі зерттеу әдістері: бақылау эксперимент жүргізу және жинақталған фактілерді теориялық тұрғыдан қорытындылау болып табылады. Бақылау және эксперимент жолмен жинақталған материалдарды салыстыру, қорытындылау   зерделеу оқушылардың логикалық шығармашылық ойлауын дамытады.

 Мектеп биология курсиарының мазмұнынымен биологиялық ғылымдағы ең үлкен айырмашылық, оның мақсатында, көлемінде, құрылымында, әдісінде және мазмұндау формасында. Биология ғылымының мақсаты- зерттеудің нәтижесінде табиғат туралы жаңалықтар ашу. Мектеп пәнінің мақсаты оқушыларға ғылымның жинақталған фактілерімен заңдылықтарын жеткізу.

 Мектеп биология пәнінен шақтап берген көлемінде, оқушыларға артық ақпаратсыз күрделі ғылыми проблемалармен ғылым негіздерін хабарлау.

  Биология агрономия мен медицинанаың негізі болып табылады. Мектеп биологиясында бұл байланыс, оқушыларға политехникалық бағытта білім беру барысында, теорияны практикамен ұштастыруда көрініс береді.

  Әдістеме тек биология мазмұнының ерекшелігімен ғана емес, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жеке басының дамуына байланысты анықталатын болғандықтан балалар, психологиясымен де тығыз байланысты. Баланың жеке басының   дамуына байланысты, Биология курсының мазмұны кластан,класқа  жоғарылаған сайын күрделенеді. Сондықтан мұғалім сабақ беру барысында 5-8 кластарда бір сабақтың  өзінде әр түрлі әдістермен , тәсілдерді қолданады. Ал жоғарғы кластарда сабақ барысында бір-екі тәсілді қолданумен шектеледі. Сабақтың мазмұны фактілнрді қарастыру кезінде және теориялық қортынды жасау барысында күрделенеді .

 Биологияны оқыту әдісі педагогикалық ғылымдар саласына жататын болғандықтан , педагогшикамен  де тығыз байланыста, себебі дидактиканың жалпы принциптері  мен тәрбиелеу мәселелері бір.

 Мектептегі білім беру , тәрбиелеп оқыту негізінде жүргізіледі: материалдың мазмұны , оқыту әдістері, мазмұнның логикалық  түрде қарастырылуы , оқыту процесінің  барлық формалары мұғалімнің жеке тұлғасын тәрбиелейді, оның ғылымға деген көзқарасын арттырады.

 Табиғат туралы ғылымдардың негіздерін оқытудың мақсаты, диалектикалық –материалистік  көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.

 Кластан класқа жоғарылаған сайын біртіндеп оқушылардың биологиялық білімдері кеңейіп, тереңдетіледі,қоршаған әлемде танып- білуге болатынын, материаның әр уақытта қозғалысқа және дамуда екендігіне көз жеткізеді.

Сондықтан, биология пәнін нағыз ғылыми түрде оқыту,диалектикалық-материализмге негізделеді.Бұл философия ғылымымен тығыз байланыстығын көрсетеді.      

2. Биология оқыту әдісінің ғылыми негіздері

Әдістеменың ғылым ретінде қалыптасу мен дамуы, мұғалімнің қортындысымен,пікірлеріне,педагогикалық өнердің ғылыммен ұштасуына, шығармашылық зерттеулерге тікелей байланысты.

 Әдістеменің өзекті мәселерінің шешілуі бастапқы кезеңде  сараптау жолымен жүзегее асады.Біртіндеп жаратылыстанудың жалпы меодикасынан жекеленген піндер матодикасы бөлініп шықты.

 Қазіргі кезеңде әдістеменың ғылым ретінде дамкындағы өзекті мәселердің бірі осы кезде дейін жинақталған тәжірбиелердің қортындысын,материалдардың мазмұнын сараптап, биология пәнін оқутудың әдістемелік жағын түбегейлі жетілдіру болып табылған.

Биология материалдарының негізінде әдістеме,оқутудың мәсеселерін,тәрбиелеудің жолдарын жетелдіру барысында әдістемелық зерттеулер жүргізіледі.

Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында ғылыми-зерттеу институттарында,Академияларда зерттеу жұмыстары кеңінен комплексті түрде холға қойылған.

 Ғылыми жұмыстардағы ұсыныстар міндетті түрде,зерттеу нәтижесінде алынған қортындылардыңнақты дәлелдерімен негізделуі тиіс.

Әдістемелық мәселерді шешу, ғылыми зерттеулердің бірнеше сатылары мен әртүрлі зерттеу элементтерінің үйлесімділігінің кезектігінен құралады.

 Биологияны оқыту әдісінің абъектілері және ғылыми зерттеу әдістері төмендегідей.

1. Озат алдыңғы қатарлымұғалімдердің тәжірбиелеріне, құнды бастамаларды анықтау мақсатында бақылаулар жүргізіліп, жетістіктері мен кемшіліктерін көрсту.

  1. Әдістеменың шешілмеген, өзекті мәселелерін анықтапжұмыс болжамдарын алға қою.
  2. Болжамдарды шешу мақсатында мектептердеэксперименттер ұйымдастыру.
  3. Эксперимент жұмыстары мен бақылаулардың нәтижесін жинақтап-қорытып, сараптап болжамды растау, оның теориясын жасау.
  4. Жалпыға бірдей білім беретін мектептерде жарияланған әдістемелық жұмысты тексеруден өткізіп, әдістемелық теорияны бекітіп, дәлелдеу.

 Осылай зерттеулердің нәтижесінде әдістеме ғылым ретінде қалыптасады.

 Әдістеменыңөзіндік мәселелері – биологияны тәрбиелеп- оқыту өзіндік ерекшеліктері бар.

 Әдістемеда бұл іс- әрекеттер заңдылықтарға жатады.

  • Мектеп биологиясының мазмұны мен құрылымдағы ғылым негіздерінің синтезі;
  • Ұғымдар мен дағдыларды біртіндеп дамыту барысында оқушыларға саналы түрде берік білім қалыптастыру;
  • Оқыту әдістерінің және оқыту формаларының оқу материалдарының мазмұнына сай ұйымдастырылуы;
  • Оқыту және тәрбиелеу процесінің жан- жақты байланысы бір тұтастығы.

   Осы заңдылықтардың негізінде, биология әдістемесінде тәрбиелеп оқытудың жалпы жүйесіқұрылады :

1. Биологиялық түсәініктер жүйесі;

2. Оқыту әдістерінің жүйесі ;

3. Биологияны оқыту барысында тәрбиелеу жүйесі;

4. Оқу жұмыстарының формуларының жүйесі;

5. Оқытудың материалдық-техникалық базалыжүйесі.

 Әдістеме-оқытып-тәрбиелеудің мақсатын, педагогикалық іс-әрекеттің барысын, оқытудың тиімді,белсенді,әдістері мен жолдарын анықтайды.

 Мұғалім жас өспірімдер мен оқушыларға тиянақтыбілім,тәрбие қалыптастыруы үшін,оқу процесіне жетекші болатын әдістеменың ғылыми негіздерін білуі керек.

3. Биология пәні мұғалімінің маман ретіндегі ерекшіліктері.

XXI-Ғасыр мұғалімі қандай болуы керек.

Педагогикалық басылымдарда XXI ғасыр мұғалімінің моделі төмендегідей бейнеленген.

1 - іздемпаз ғалым.

2 - нәзік психолог

3 - жан-жақты шебер

4 - тынымсыз еңбеккер

5 - сұлулықпен сусынданған эстет

6 - терең қазыналы білімпаз

7 - кез келген ортаның ұйытқысы

8 - рухани бай гуманист

9 - адамгершілік пен патиотизм жаршысы

10 - идеал адам мүсіншісі.

  Оқушылардың дүниетанымын ғылыми түрде ұйымдастыруда,ғылыми-техникалық талаптарға сай білім беру мен таным белсенділігін арттыруда мұғалімдердің ғылыми-теориалық дайындығының маңызы зор.Бұл орайда мұғалімдердің ізденімпаздығы басты роль атқарады,яғни мұндай мұғалімдер-ізденімпаз ғалым болады.

 Чех педагогі Я.А.Коменскийдің ілімінен ілімінен бастап бүгінге дейін оқу әдістемесінде білім беруді ұйымдастырудың басты формасы.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-25 17:59:31     Қаралды-20081

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »