Тақырып. Халықаралық және аймақтық стандарттау
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымы (ISO)
Стандарттау жөнінде халықаралық ұйымы (СЖХҰ) 25 ұлттық ұйымдары ұсынысы бойынша 1946 жылы құрылған. СЖХҰ электротехника және электроника саладан басқа барлық аймақтардың стандарттау жұмыстарын жүргізу, ұйымдастыру және басқару мәселелерімен айналысады, сонымен қатар сертификаттау проблемаларын қарастырады.
ISO құрамына 120 мемлекеттердің стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдары кіреді. ISO-ң басқару органдары: генералдық ассамблея, Кеңес, Техникалық басқару бюросы. Жұмыс органдары: техникалық комитеттер (ТК), комитетішілік, техникалық консультативті топтар.
ISO кеңестің қарамағында жеті комитеттер бар ПЛАКО (техникалық бюро), СТАКО (стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу комитеті), КАСКО (сәйкестікті бағалау комитеті), ИНФКО (ғылыми техникалық ақпарат жүргізу комитеті), ДЕВКО (дамушы мемлекеттерге көмек көрсету комитеті), КОПОЛКО (тұтынушылар мүддесін қорғау комитеті), РЕМКО (стандарттық үлгілер жөніндегі комитет). ISO-ң ұйымдастыру құрылымы 1 суретте көрсетілген.
Халықаралық электр техникалық комиссия (МЭК)
1906 жылы өткен 13 мемлекет уәкілдері қатысқан халықарарлық конференцияда Халықаралық электр техникалық комиссия (ХЭК) құрылды.
МЭК электротехника, электроника, радиобайланыс прибор жасау салаларында стандарт жөніндегі жұмыстарымен айналысады. Көптеген мемлекеттер МЭК-тің мүшесі ретінде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйыдарымен кіреді. Кейбір мемлекеттерде, мысалы Францияда, Германияда, Италияда, Бельгияда және т.б. МЭК жұмыстарына қатысу үшін арнайы комитеттер құрылған.
МЭК-тың мүшелері ретінде 40-тан астам ұлттық комитеттер кіреді, бұл бүкіл әлем халықтың 80% құрайды. МЭК-тың ресми тілдері – ағылшын, француз және орыс болып қабылданған.
МЭК-тың әзірлеп шығарылған халықаралық стандарттары екі түрлі болып келеді:
- жалпы техникалық, салааралық деңгейінде қолданылады;
- техникалық талаптары тек қана бір өнімге арналған стандарттар.
Бірінші топқа терминология, стандарттық кернеу және жиілік, әр түрлі сынау және т.б. жөніндегі нормативтік құжаттар кіреді. Екінші топқа көптеген тұрмыстық электр приборлардан бастап спутник байланыстарға дейін арналған стандарттар кіреді.
МЭК-тың негізгі стандарттау объектілері:
- электротехникалық өнімдерге арналған материалдар (сұйық, қатты, газдалған диэлектриктер, мыс, алюминий, олардың қорытпа-лары, магниттік материалдар);
- электротехникалық жабдықтар (қозғалтқыштар, жарық-техника-лық жабдықтар, релле, кабель және т.б.);
- электроэнергетикалық жабдықтар (буылы және гидравликалық турбиналар, электрөткізгіш тізбектер, генераторлар, трансформа-торлар);
- элктротехникалық өндірістің өнімдері (интегралдық схемалар, микропроцессорлар, платалар және т.б.);
- электрондық жабдықтар;
- электр құралдар;
- спутник байланыстардың жабдықтары;
- терминология.
Халықаралық стандарттауға қатысатын халықаралық ұйымдар
ООН-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) – бұл ООН-ның экономикалық және әлеуметтік Кеңесінің органы (ЭКОСОС ООН).
Стандарттау саласында ЕЭК-тың негізгі міндеті - стандарттау саясаттың негізгі бағытын әзірлеу және осы аймағындағы негізгі проблемаларды анықтау.
ЕЭК ISO, МЭК және басқа халықаралық ұйымдарымен бірге “ЕЭК-тың стандарттау жөніндегі тізімі” деген құжатты дайындалып жарияланды. Бұл құжаттың мақсаты – ЕЭК-қа кірген мемлекет үкіметтеріне ұлттық проблемаларын шешуге көмек беру, халықаралық стандартаудың приоритеттік аймағында тез арада дамыту және барлық әлемдегі елдердің стандарттау туралы жұмыстарын үйлестіру.
ООН-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы 1945 жылы үкіметаралық арнайы ұйымы ретінде құрылған. Оның ішіне мүше ретінде 160 мемлекет кіреді. Бұл ұйымның Жарғыға сай мақсаты – жалпыға бірдей жақсы жағдай жасау және азық–түлік пен ауылшаруашылық тағамдарын шығару өндірісін және тарату жұмыстарын тиімділігін жоғарылату және ауыл халқының тұрмыс жағдайын өркендету болып табылады.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ) ООН-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңестің ұсынысы бойынша 1948 жылы құрылды.
БДСҰ-ның мақсаты – барлық дүние жүзіндегі халықтардың денсаулығын ең жоғары деңгейге жеткізу. БДСҰ-ның мүшелері болып 180 мемлекет кіреді олардың ішінде Қазақстанда бар.
Көптеген проблемалармен айналысатын БДСҰ келесі қызметтерді дамытуды көздейді: денсаулық сақтау қызметтерін дамыту; аурулардың алдын алу және емдеу; денсаулық сақтау кадрларын көбейту және олардың сапасын жоғарылату; қоршаған ортаны жақсарту; денсаулық сақтау бөлімдерін; фармакология және токсика-логия бөлімдерін нығайту.
БДСҰ ISO-да консультативті беделі бар және 40-тан аса техникалық комитеттердің жұмыстарына қатысады.
“Алиментариус Кодексі” деген комиссия азық-түлік өнімдерге қатысты халықаралық стандарттарды әзірлейді. Бұл комиссия БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының ұсынысы бойынша құрылған және олардың құрамында 130-дан астам мүше мемлекеттері бар. Комиссияның негізгі міндеттерінің бірі – негізгі тағам жөніндегі стандарттар туралы халықаралық келісім жасау және осы стандарттарды ұлттық стандарттау жүйелерге енгізу.
Жалпы еуропалық стандарттау ұйымдары
Еуропалық стандарттау ұйымы (ЕСҰ) 1961 жылы құрылған. ЕСҰ-ның мүшелері ретінде 17 еуропалық мемлекеттерінің стандарттау ұлттық ұйымдары кіреді, олар: Австрия, Белгия, Ұлыбритания, Грекия, Дания, Германия, Испания, Исландия, Италия, Люксембург, Норвегия, Нидерланды, Португалия, Финляндия, Франция, Швеция, Швейцария. Бұл жабық ұйым. Еуропалық деңгейде ЕСҰ үшін стандарттау процесі мына жұмыстардан тұрады: барлық мүдделі жақтардың консенсус негізінде стандарттарды жоспарлау, әзірлеу және қабылдау.
ЕСҰ-ның негізгі мақсаты – еуропалық стандарттарды әзірлеу арқылы тауарлардың және қызмет жасау саудасын дамыту.
ЕСҰ еуропалық стандарттарды мына салаларға әзірлейді: авиация жабдықтары, суды ысыту газ приборлары, газ боллондары, көтеру механизмдердің бөлшектері, газ плиталары, пісіру және кесу, құбырлар және құбыр жолдары, сорғы станциялар және т.б.
Скандинавия аралық стандарттау ұйымдары (ССҰ) 1952 жылы құрылды. Оның мүшелері – Дания, Норвегия, Финляндия, Швеция стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдарымен кіреді.
ССҰ-ның басқа ұқсас ұйымдардан ерекшелігі ол аймақтық жалпы скандинавиялық стандарттарды әзірлемейді. Оның себебі көптеген жасап шығарылған өнімдері шет мемлекеттерге сатылады, сондықтан халықаралық стандарттар кеңінен пайдаланылады. Мысалы, Дания 1970 жылдардан бастап ұлттық стандарттардан түгел халықаралық және аймақтық стандарттарға көшкен.
ССҰ-ның негізгі міндеттері:
- скандинавия мемлекеттердің стандарттарын өзара сәйкестендіру және ұлттық нормативтік құжаттарының техникалық талаптарын бірыңғайландыру;
- стандарттау жұмыстарының ақпаратын ұйымдастыру;
- стандарттарды әзірлеу тәжірибесін тарату және ISO, МЭК, ЕСҰ және т.б. ұйымдарына кіретін мемлекеттерімен келісім бағытымен жұмыс істеу.
Тәуелсіз мемлекеттер достығының (ТМД) стандарттауы
Стандарттау жөніндегі жұмыстар 1992 жылы қабылданған келісім шарт «Стандарттау, метрология және сертификаттау аймағындағы саясатын жүргізу келісімі» бойынша жүргізіледі. ТМД мемлекеттердің барлық стандарттау ұлттық ұйымдары құрылған Мемлекетаралық кеңесінің (МАК) мүшесі ретінде кіреді. Бұл Кеңес мемлекетаралық стандарттарды әзірлеп қабылдайды.
Стандарттау жөніндегі барлық жұмыстар МАК қабылдаған бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады. 1996 жылға дейін 2000-нан астам жаңа мемлекетаралық стандарттар әзірленіп қабылданды.
Барлық ұйымдастыру жұмыстары ГОСТ 1.0-92 «Мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын жүргізу ережелері. Негізгі қағидалар.» бойынша жүргізілуі керек. Сонымен қатар, қосымша «Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі ережелер», «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды тексеру және баспаға дайындау тәртібі» және басқа негізге алынған нормативтік құжаттар қабылданған.
МАК–тың шешімі бойынша еуропалық стандарттарды мемлекетаралық ретінде қолдануға болады егер мына ережелер сақталынса:
- ТМД стандарты қандай еуропалық стандартқа сәйкес келетіндігі туралы нұсқау болу керек;
- нормативтік құжатты жаңғыртуға ЕСҰ–ның рұқсаты бар деген деректер ескерілуі тиіс;
- еуропалық стандарттарына қайшылы келетін ТМД-ның барлық ұлттық стандарттары қолданудан алынуы тиіс;
- еуропалық нормаларды тікелей қолдануға алынған стандарт-тардың барлық көшірмесі ЕСҰ-ға міндетті түрде жіберілуі керек.
Әдебиеттер тізімі
1. Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии. – М.: ЮНИТИ, 2000.
2. Шишкин И.Ф. Метрология, стандартизация и управление качеством. – М.: Издательство стандартов, 1990.
3. Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации. -М.: , 2001.
4. Уголев В.С., Чичеров В.Л. Стандартизация в нефтяной промыш-ленности. – М.: Недра, 1991.
5. Бурдун Г.Д., Марков Б.Н. Основы метрологии. -М.: Издательство стандартов, 1985.
6. Сергеев А.Г., Крохин В.В. Метрология. -М.: Логос, 2002.
7. Якушев И.А., Воронцов Л.Н., Федотов Н.М. Взаимозаменяемость, стандартизация и технические измерения. -М.: Машиностроение, 1987.
8. Маркин Н.С. Практикум по метрологии. -М.: Издательство стандартов, 1994.
9. ҚР «Стандарттау туралы» заң. -Астана, 1999.
10. ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң. - Астана, 2000.
11. ҚР «Сертификаттау туралы» заң. - Астана, 1999.
12. ҚР СТ 1.0-2000, ҚР СТ 1.2-98, ҚР СТ 1.3-2000, ҚР СТ 1.4-99, ҚР СТ 1.5-2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі.
13. ҚР СТ 2.0-2001, ҚР СТ 2.3-2001, ҚР СТ 2.4-2000, ҚР СТ 2.6-99, ҚР СТ 2.9-2000, ҚР СТ 2.11-2000, СТ 2.12-2000, ҚР СТ 2.15-2000, ҚР СТ 2.21-2001, ҚР СТ 2.30-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі.
14. ҚР СТ 3.0-2001, ҚР СТ 3.1-2001, ҚР СТ 3.5-96, ҚР СТ 3.9-97, ҚР СТ 3.11-97 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификат-тау жүйесі.
Жарияланған-2015-09-25 17:50:29 Қаралды-10286
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина