Тақырып. Шет мемлекеттеріндегі стандарттау
Америкадағы стандарттау және технологиялардың ұлттық институты
АҚШ-тағы стандарттау жөніндегі ұлттық орган Америкалық стандарттау және технологиялар ұлттық институты (NIST) болып табылады. NIST - үкіметке жатпайтын және коммерция мен айналыспайтын ұйым, экономиканың жеке секторында ерікті стандарттау жұмыстарын үйлестіреді және әзірленген стандарттардың ұлттық статусын беру туралы шешім қабылдайтын ұйымдардың жұмыстарын басқарады. АҚШ-та тек қана бір мекеме, яғни NIST ұлттық стандарттарды бекітеді, бірақ өзі стандарттарды әзірлемейді. NIST-тің негізгі мақсаты – жалпы мемлекеттік проблемаларды шешу, соның ішінде энергетикалық қорын экономдау, қоршаған ортаны қорғау, адамдардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде NIST-тің мүшесі ретінде 1200 фирма, 250-ден астам өндірістік және сауда компаниялары, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар кіреді. Институттың қаржы кұрылымы мемлекеттік бюджетке тәуелсіздігін көрсетеді, мысалы 37% мекемелердің жарнасы болып келеді, 15% - мүдделес ұйымдарының мәлімдемесі бойынша арнайы бағдарламаларды құрудан, 4% - әр түрлі баспаларды сатудан түскен және 1% - басқа табыстар.
Британия стандарттар институты
Британия стандарттар институты (BSI) инженер-механик, инженер-кеме жасау, инженер-электрик және инженер-металлург қоғамдарының ұсынысы бойынша 1901ж. құрылған. Бұл тәуелсіз ұйым, 1929 жылы қабалданған және 1981 жылы қайта қаралған Жарғы бойынша өз жұмыстарын атқарады.
BSI-ның негізгі функциялары – стандарттарды әзірлеу жұмыс-тарын үйлестіру және стандарттарды бекіту. Жоғарғы заңдылық органы – жылына бір рет жиналатын Генералдық конференция болып табылады. Бұл Генералдық конференцияда BSI-ның есептері тыңда-лады және президент пен оның орынбасарлары сайланып финанс ревизорлары тағайындалады. Жоғарғы атқару органы – Генералдық конференцияға бағынатын, институт жұмыстарын басқаратын және барлық жұмыс бағыттарын бақылайтын Басқару Кеңесі. Жоғарғы Кеңесті BSI-ның президенті басқарады. BSI құрамына жеке және ұжым мүшелері кіреді, барлығы 15000-нан астам фирмалар, мекемелер және жеке тұлғалар.
Стандарттау жөніндегі француз қауымдастығы
Францияда стандарттау жөніндегі ұлттық мекеме – стандарттау жөніндегі француз қауымдастығы (AFNOR) болып табылады. AFNOR-дың негізгі функциялары:
- стандарттау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру, басқару және үйлестіру;
- стандарттарды әзірлеуге түскен мәлімдемелерді талдау және жаңа стандарттардың қажеттілігін анықтау;
- ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту;
- стандарттардың енгізу жұмыстарын бақылау;
- стандарттарды насихаттау және сату;
- ұлттық экономиканың даму приоритетін есепке алып стандарттаудың жылдық бағдарламасын құрастыру;
- өнімді ұлттық NF стандартқа сәйкестікті білдіретін белгімен белгілеу жұмыстарын басқару;
- мамандарды оқыту, дайындау және қайта дайындау;
- Франция мемлекетін халықаралық стандарттау ұйымдарына өкілдеу.
Неміс стандарттар институты
Неміс стандарттар институты (DIN) 1975 жылы құрылған.
Негізге алынатын стандарты DIN820 Неміс ұлттық ұйымының стандарттау жұмыс принциптерін анықтайды:
- еркінділік, кез келген тұлғаның стандарттарды әзірлеу жұмыстарына қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, ал қабылдаған нормативтік құжаттар ұсыныс ретінде пайдаланылады;
- жариялылық, барлық стандарт жобалары жариялауға жатады;
- барлық мүдделі жақтардың қатысуы – барлық қатысушы заңгерлік тұлғалардың тең құқықтылығы;
- бірлік және қайшылықсыз, барлық стандарттау жүйесінің бірлігін қамтамасыз етеді және жаңадан қабылдаған стандарттардың күші бар нормативтік құжаттарымен сыйысушылығын тексереді;
- нақтылық, стандарттардың қазіргі ғылыми-техникалық деңгейіне сәйкес болуы;
- жалпы пайдаға бағытталу;
- экономикалық нақтылыққа бағытталу;
- стандарттаудың халықаралыққа бейімделу, DIN-ның қызметі саудадағы техникалық тосқауылдардың жоюына және Еуропада бірлік сауда құру.
Өнеркәсіпті стандарттардың жапон комитеті
Жапон стандарттау ұлттық ұйымы – 1949 жылы құрылған Өнеркәсіпті стандарттардың жапон комитеті (JISC) болып табылады. Бұл комитет Ғылыми және техника бірлестігінің басшылығымен жұмыс атқаратын Сыртқы сауда және өндіріс министрлігінің консультативті органы.
JISC құрамына кіреді: Стандарттау жөніндегі кеңес, салалар бойынша кеңестер, техникалық комитеттер. Стандарттау жөніндегі кеңес - Комитеттің генералдық конференцияларын ұйымдастырып жүргізеді және жұмыстарын жоспарлап орындалуын қадағалайды. Салалық кеңестер және техникалық комитеттер өндірістің негізгі салалардың және құрылыстың стандарттарын әзірлейді.
Әдебиеттер тізімі
1. Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии. – М.: ЮНИТИ, 2000.
2. Шишкин И.Ф. Метрология, стандартизация и управление качеством. – М.: Издательство стандартов, 1990.
3. Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации. -М.: , 2001.
4. Уголев В.С., Чичеров В.Л. Стандартизация в нефтяной промыш-ленности. – М.: Недра, 1991.
5. Бурдун Г.Д., Марков Б.Н. Основы метрологии. -М.: Издательство стандартов, 1985.
6. Сергеев А.Г., Крохин В.В. Метрология. -М.: Логос, 2002.
7. Якушев И.А., Воронцов Л.Н., Федотов Н.М. Взаимозаменяемость, стандартизация и технические измерения. -М.: Машиностроение, 1987.
8. Маркин Н.С. Практикум по метрологии. -М.: Издательство стандартов, 1994.
9. ҚР «Стандарттау туралы» заң. -Астана, 1999.
10. ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң. - Астана, 2000.
11. ҚР «Сертификаттау туралы» заң. - Астана, 1999.
12. ҚР СТ 1.0-2000, ҚР СТ 1.2-98, ҚР СТ 1.3-2000, ҚР СТ 1.4-99, ҚР СТ 1.5-2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі.
13. ҚР СТ 2.0-2001, ҚР СТ 2.3-2001, ҚР СТ 2.4-2000, ҚР СТ 2.6-99, ҚР СТ 2.9-2000, ҚР СТ 2.11-2000, СТ 2.12-2000, ҚР СТ 2.15-2000, ҚР СТ 2.21-2001, ҚР СТ 2.30-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі.
14. ҚР СТ 3.0-2001, ҚР СТ 3.1-2001, ҚР СТ 3.5-96, ҚР СТ 3.9-97, ҚР СТ 3.11-97 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификат-тау жүйесі.
Жарияланған-2015-09-25 17:49:32 Қаралды-4083
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина