Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда морфологияны оқытудың қиындықтары және оны жеңу жолдары.
- Сөз таптарын оқыту барысындағы тіл дамыту жұмыстары.
Сөйлеушілердің өзара қатынасы пікір алысуға бірі ез пікірін дәлелдеуге, екіншісі біріншісінің дәлеліне келісуге не қарсы тұруға, шағым етуге т. б. Жетелейді. Олардың өзара қатынасы неғұрлым тереңірек болса, солғұрлым сөйлесуі, пікір алысуы жеңіл болмақ.
Көптеген тіл сабақтарында сөйлеу ситуациясыньщ түзілмеуінін ен, басты себептерінің бірі, оқушылардьщ құрған сөйлемдерінің өздерінің іс-әрекеттерімен байланыстырылмағаныннан деп білу керек. Сөйлеу ситуациясын оқушылардың іс-әрекетімен байланыстыру оларды тек пікір айтуға жетелеп қоймайды, сонымен бірге, ана тілінін қатынас құралы екендігін түсінуіне ықпал етеді.
Тіл үйренудің қалыптасқан өз заңдылықтары бар. Бұл заңдылықтардың тілші ұстаздардың білуі оқу-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруға септігін тигізеді.
1Сөздің құрамын айтудан бұрын қысқа-қысқа сөлемдерді оқытып,әр сөйлемде неше сөз бар екенін, әр сөзде неше буын,әр буында неше дыбыс бар екенінтаныту керек. Осындай бүтіннен бөлшекке қарай талдау жасағанда , бала әр бөлшектен, керісінше , бүтін сөз, сөзден сөйлем құралатынын білсін.
Балалар түбір, туынды сөздерді салыстыра отырып, мағыналық айырмашылықтарын,соған лайық тұлғалық айырмашылықтарын айтуға тиіс. Балаға құлын сөзі мен құлыншақты, өгіз бен өгізшені айырып айтып беру де оңай емес. Соны айттыру, білмесе, білдіру үшін бірнеше қосыиша сұрақ ,салыстыру үшін сөздер беруге болады. Сөз мағыналарын танытқаннан кейін оған жалғанған жұрнақтарға назар аудару қажет. Бала сөздердің мағыналарының бұрынғыдан өзгеруіне қосымшалардың әсері барын аңғаратын болсын.
Одан әрі сөздің буын, дыбыс құрамының әр түрлі болатынын білдіру керек те, енді сөздің түбірі, сөздің қосымшасы болатынын білдіру дұрыс. Оқушы оларды байқау салыстыру негізінде ұғынуға тиіс.
2-сынып оқушысы үшін оңай, түсінікті әрі жеңіл қосымша –көптік жалғау. Түбірге жалғанған сол қосымшадан бастап, басқа сөздердің түбірін,қосымшаларын балаларға айырта білу керек. Соларды айыра болатын болғанда, түбірдің негізгі мағына білдіретін сөз бөлшегі, қосымшаның түбірге жалғанып,оған мағына үстейтіні, түбірдің мағынасын өзгертетіні,сөз бен сөзді байланыстыратыны біртіндеп түсіндіріледі. Гүлдер далаға көрік берді сияқты сөйлемдерді көшіргенннен кейін ,ондағы сөздерді оқушыға қосымшасыз айттырып көру керек. Сондай салыстырулар нәтижесінде оқушылар қосымшалардың керектігін аңғарады. Немесе домбырашы-домбыра, балықшы-балық, ән-әнші сияқты сөздерді салыстырып,әрқайсысының түбірі бір,мағыналары әр басқа екенін,олай болу себебін оқушылардың өздері айтатындай болсын. Содан кейін түбір сөздің, қосымшалы сөздің, қосымшаның анықтамасын, ережесін оқытып, дәптерлеріне көшіртуге болады. Оларды әбден ұғындырып алып, артынан дағдыландыру үшін берілген жаттығуларды орындату керек.
2.Сөздің түбірге жалғанатын бөлшегі екенін, қосымша жалғанған сөздің қосымшалы сөз екенін түсініп оқушы түбірден қосымшаны айыра алатындай болған кезде , жуан, жіңішке қосымшаларды сөздерге жалғатып машықтандырамыз. Сөйлемдерден түбір сөздерді таптырамыз. Осы арада түбірге қосымша жалғатып айттыру керек. Енді оқушылар қосымшаның сөзге жалғанғандығы қызметін аңғаратын болады.Жуан дауысты түбірге жуан,жіңішке дауысты түбірге жіңішке қосымша жалғанатынын мүдірмей айта адлатындай болсын.
Сөзге жалғанғанның бәрін қосымша деп тану да, таныту да қиын емес. Қиыны –қосымшаның жалғау,жұрнақ болып бөлінуі. 2-сынып оқушысы жұрнақтан жалғауды айыра алатындай бастапқы білім берудің дұрыс жолдарын қарастырған ол қиыншылықты да жеңе алады. Сөзге жұрнақ жалғанғанда, оның бұрыңғы мағынасы өзгеріп, басқа затты білдіретіні, жалғау жалғанғанда, сөздер ондай өзгеріске үшырамайтыны түсінікті болсын.
3.2-сыныпта жалғаулардың аты аталмайды. Мұғалім соны біле тұра , сөздерге көптік тәуелдік жалғауларын да жалғатып, олардың да сөз мағыналарын мүлде өзгертіп жібермейтінін,байланыс үшін жалғанатынын оқушыларға түсіндіруі тиіс. Бұл арада жекелеген сөздерге жұрнақтардың тиістісін жалғата білумен қатар,қосымшалардың буын үндесуі жайындағы бұрын өтілген емле ережелері де ескеріледі. Ол үшін әрқайсысы өз беттерімен үш қатардағы сөздерге іштей тиісті жұрнақтарды жалғап байқасын. Содан кейін мұғалім:
- Қой сөзіне қай жұрнақты жалғауға болады?
-Қой сөзіне -шы жұрнағын жалғауға бола ма?
-Етік сөзіне қай жұрнақты жалғауға болады?
-Етік сөзіне -ші жұрнағын жалғауға бола ма?-деген сұрақтар қою арқылы сөздерге кез-келген жұрнақтарды жалғай беруге болмайтынын,дыбыстық үндескен жұрнақтарды жалғауға болатынын ұғындыруы керек.
Жалғаулар туралы жалпы түсінік қалыптасқанда, қосымшаларды, жалғауды жұрнақтан(керісінше) айыра білу мақсаты қойылады.
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. -А., 1999.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. -А.,1998.
4. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.
Жарияланған-2015-09-19 19:59:39 Қаралды-5128
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина