Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Маркетингтік коммуникация жүйесіндегі жарнаманың рөлін зерттеп қарастыру. Жарнаманы ұйымдастырудағы маркетингтік зерттеудің пайдасы қандай дәрежеде екенін анықтау. Байланыс құралдарын жіктеу. Фирма имиджін жақсартуда жарнаманың, маукетингтік коммуникацияның рөлін қарастыру. Осындай сияқты сұрақтарды мен өзімнің курстық жұмысымда қарастырдым. Жалпы осы мәселердің түйіні қызметті немесе тауарды жарнамалау болып табылады, нәтижесіне келетін болсақ табыс көзін үлкейтіп, пайданы жоғарлату болып табылады, яғни туризмнен түсетін пайданы үлкейту. Қазіргі таңда жарнаманың орны туризм саласында ерекше. Туристік өнімді жарнамалау арқылы біз өз өнімізді нарықта өткізе аламыз.
Курстық жұмыстың мақсаты. Маркетингтік байланыс жүйесіндегі жарнаманың рөлін анықтау. Пайдалы және зиян жақтарын ашып көрсету. Жарнамадан түсетін пайданы есептеу.
Статистика жөніндегі агенттіктің былтырғы мәліметтеріне қарағанда, елімізге туризм саласынан 30 млрд.-тан астам теңге көлемінде табыс түсті, ал республика бюджетіне туризм қызметінен түскен табыс 6,5 млрд. Теңгені құрады. Ал, биылғы жылдың соңғы 6 айында өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда сыртқы туризм екі есеге өссе, ішкі туризм 2,8 %-ға артты. Біз алдағы уақытта да туризмнен түсетін табысты арттыра беретін боламыз. Бұл жұмыстар еліміздің бәсекеге қабілетті туризм индустриясын құруға мүмкіндік беретін болады, ал бәсекеге қабілетті туризм саласын біз алдағы бес-алты жылда жасауды жоспарлап отырмыз. Егер туризм индустриясы қарқынды дамыса – онда туризм инфрақұрылымы да дамып, ұлттық туризм өнімдеріне қызығушылық артады. Қазір елімізге орташа есеппен алғанда жыл сайын 4 млн. турист келеді екен. Мұның өзі үлкен көрсеткіш.
Курстық жұмыс нысанасы «Көмек» туристік ұйымының жарнамалық, маркетингтік іс әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл фирма нарықта қандай байланыс құралдарын қолданатын анықтау. Жарнамаға шығаратын қаржы көлемін және жарнамалау барысында өнімнің қаншалықты өтуын зерттеу. Жарнамалық ұйымдардың іс әрекетіне негізделген. Маркетингтік байланыс құралдарын зерттеу көзделген. Туризмнің экономикалық мүмкіншіліктері қарастырылған.
Туризм экономиканың ең ірі секторларының бірі. Бірқатар мемлекеттердің қазіргі таңдағы туризм жағдайына сараптама жүргізу нәтижелері оның дамуы ішкі туризмді, ұлттық туризмді дамытумен үйлесімді түрде ұштаса жүруі тиіс екендігін көрсетті. Кез келген мемлекеттегі ұлттық табысты мақсатты үлестіру арқасында ішкі туризм ұлттық экономика жағдайының тұрақтануына үлес қосады. Осы орайда елімізде туристік кластер мен инфрақұрылымды дамыту, Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру, «Ақтау-Сити», «Кендірлі», «Жаңа Іле» т.б. ірі жобаларды жүзеге асыру сынды маңызды міндеттер мен жобалар қолға алынды. Қазақстан Республикасының қайталанбас тарихи-мәдени мұрасы, географиялық ерекшеліктері, ешбір мемлекеттен кем түспейтін табиғи ресурстары жетіп артылады.
Қазақстан шетел инвесторлары тарапынан тартымды мемлекет ретінде танылды. Өзге мемлекеттер біздің елімізді аса бай туристік әлеуетке ие, сенімді серіктес ретінде қабылдайды. Туризм саласында жасалған екіжақты және көпжақты келісім-шарттар санының өсуі соның айғағы. Туризмді ұйымдастыру көп дайындықты талап ететін сала болғандықтан және халықты жұмыспен қамтудың бір көзі саналатындықтан, бұл бағыттағы кәсіби білімге ерекше мән беріледі. Динамикалық өзгерістерді, кәсіпкерліктің жаңа тенденциялары мен әдістері пайда болуын ескере отырып, туризм мамандарын туристік нарыққа, оның конъюктурасына бейімделе білуді үйрету өте маңызды.
1 Маркетингтік коммуникацияның негізгі құралдары
1.1 Маркетингтік коммуникация жүйесінің түсінігі
Жиырмасыншы ғасырдың 50 жылдары кәсіпкерліктің жаңа философиясы сияқты , экономикаға маркетингтік концепциясын енгізумен сипатталады. өның девизі сатылатын тауарды өндіру, өндірген тауарды сату емес. Маркетингті кеңінен қолданудағы негізгі мақсат максимум пайда табу. Мысалы; өндірісті экстенсивті түрде дамыту, өндірілетін өнім көлемін өсіру, өндірілетін өнім көлемін, сипатын жақсарту. Маркетингтік жүйені коммуникацияны таратушылар мен қабылдаушылар бірлестігі деп қараструымызға болады. Маркетинг ағылшын тілінен байланыс, хабар деген мағнаны білдіреді. Маркетингтік каммуникация рөлі жылдан жылға жоғарлауда. Маркетингтік каммуникация белгілі бір адамдарға, фирмаға әсер ететіндіктен мынаған бағытталады;
Маркетингтік мақсат:
- Тұтынушыны ынталандыру
- Тұтынушы қажеттілігін зерттеу
- Маркетингтік іс әрекет бойынша ұйымдар арасында және қоғаммен жақсы қатнаста болу керек.
- Ұйымның жағымды имиджін құру
- Ұйымның ісәрекеті жайлы қоғамды хабардар ету
- Тыңдаушылардың көңілін қарату
- Фирма өндіретін тауар жайлы ақпарат беру
- Сатып алуды ынталандыру
- Фирма және оның тауары жайлы ескерту
өз кезегінде маркетингтік каммуникацияның мақсаты қолданатын құралдарға байланыстымаркетингтік каммуникацияның құралдары, жарнама, коммерциялық пропаганда, өнімді ынталандыру, жеке сатылым.
Жарнама маркетингтік коммуникацияның негізгі элементі деген мынаған негізделеді, дамыған елдердің экономикасын маркетинг жалпылай қамтиды, сондықтан маркетинг жанама немесе тікелей түрде болсын жарнамалық іс әрекетке әсер етеді.
АҚШ та тауардың соңғы жалпы құнының 55-60% маркетингтік шығынды құрайды, яғни бұл шығындар жарнамаға, транспортқа, орамға саудаға, нарықта жылжуына кеткен шығын болып табылады. Жарнаманың жетістікке жетуі маркетингтің құралы ретінде мына екі шарттан тұрады: мақсатты бағыттылық, жүйелік сипаттама және жоспарлау функциясымен тығыз байланыста, тауарды өндірумен, сұранысты зерттеумен, баға құрылымымен тығыз байланысты. Жалпы маркетинг стратегия шеңберінде жарнама шикізат тауып, тек соны өндіріп, өткізумен айналысатын өндіріске тікелей активті түрде әсер етеді.
Қалыптасқан нарықтық жағдайда жарнама тек ақпараттық ғана емес коммуникативті рөлде атқарады. Нарық және тұтынушымен байланыс түзеді. Қазіргі жарнаманың ерекшелігі сұранысты реттеу емес , сол сұранысты іштен басқару болып табылады. Мұның себебі нарықтың өзі бірлестіктерден тұрады, сұраныстарды қасиеттеріне байланысты сигменттейді. Тауардың әртүрлілігі жарнамалық іс әрекетті жеңілдетеді және тиімділігін жоғарлатады. Пайда көлемі, қаражат соммасы диференциялды деңгейге байланысты.сұранысты зерттеудің орнына ендігі кезекте оның орнына тұтынкшы қажеттілігін зерттеуге ауысты. Р.Ривз көрсеткендей жарнама – бұл аз шығын шығару арқылы тұтынушы мотивіне ену, әсер ету.
Атақта жарнамашы Д.Оливи тауар имиджін комплексті символ құру ретінде қарастырылуы керек, деген теорияны құрды. Образды құру(имидж билдинг) қазіргі жарнаманың ең тиімді жолы болып табылады. Егер өндірушілер тауарды жарнамалау барысында жағымды етіп көрсетсе , оның жеклігін индивидуалдылығын танытса, онда ол нарықтың көп бөлігін өзіне алады және жоғары деңгейде пайда табады.
Сонымен «Адидас» фирмасының өнімдері салауатты өмір салты , спорттағы жетістіктер деген мағынамен ассоциацияланады; «Ролекс» сағаттары,» «Кросс» авторучкалары –– жетістікке жеткен бизнесмен атрибуттары сияқты. Қазіргі таңда , батыс мамандарының ойынша тауар бәсеклестігі «брэнд» бәсекелестігіне ауысып отыр дейді. өзіміздің жарнамашымыз И.Рыжков брэнд деген мағынаға мынадай түсінік береді, тауардың ұзақ мерзімді қалуын тудыратын іс әрекет. Бұл орамға, тауар белгісіне жарнамалық ақпаратқа әсер ету және бәсекелесте тауарды жақсылап көрсету.
Брэндинг бұл маркетинг зерттеу арқасында жарнамаға тапсырыс беруші мен жарнама ұйымдарының кең көлемде тұтынушының санасында тауар имиджінің жағымды жағын тудырады осылай түсіндіріледі. Д. Оливи былай деген «өндіруші өзінің тауарын ерекшелеп , брэндін ерекшелеп көрсетсе нарықтың көп бөлігін өзіне қаратады, ұзақ мерзімді табыс алады» . АҚШ нарығында бірінші орындағы брэнд түрлері; «Ливайс» – киім үлгісі , «Найк» – спорт тауары, «Форд» – автомобилі, «Кока-кола» – алкльсіз сусын.
Нақты нарықтық жағдай ,анықтайтын мақсатына байланысты мына іс әрекеттерді тиімді шешеді:
- Ақпараттау (фирма туралы, жаңа тауар туралы, болып жатқан жағдай туралы ақпараттау)
- Итермелеу (тұтынушы қалауын құрастыру, клинтке сатып алу туралы сендіру)
- Ескерту (тұтынушы ойында тауар туралы ақпаратты сақтау, тауарды қайдан алу туралы ескерту)
Соңғы нәтижеде жарнаманың барлық функциялары , маркетинг кешенінің басқа элементтері сияқты маркетинг коммуникация жүйесінің мақсатымен бірігеді; сұранысиы игеру, реттеу, шикізатты өндіру стимулдау.
Альфред Дж. Симин сөзі: «Жарнама – бұл тұтынушы үшін арналған , экономика механизміндегі шырақ пен майға теңестіріледі»
Адамның ажырамас бөлігі ретінде , күнделікті адамға әсер ету арқылы, адам өмірінде , қоғамда белгілі рөл атқарады. Қоғамдық өмірде , экономика саласында жарнманың орны ерекше.
Жарнаманың экономикалық орны былай сипатталады өндірісте капитал салымының көлемін көбейтеді, жұмысшы орнынң көбеюін, өнім нарығын кеңейтеді, бәсекелестікті тұтады.
Жарнаманың қоғамдық рөлі күнделікті миллиондаған потенциалды тұтынушыға әсер ету. Уинстон Черчил бұл жайлы былай деген, « жарнама ... қажеттілікті жоғары деңгейде тудырады» ол адам алдына өзін және жанұясын қамтамас ету , жақсы үймен, жақсы киіммен, ең жақсы тағаммен қамтамас етуге мақсат қояды.
Жарнманың білімдегі рөлі жаңа прогрессивті тауардың , жаңа технологияның ену процесі адам іс әрекетінің әр түрлі сферасында білім таратуға негіз болады.
Жарнаманың эстетикалық рөлін ескермей оны бағалау мүмкін емес. Бұрынғы заманнан қазіргі уақытқа дейін ең жақсы жарнамаларды өнер туындысы деп қарастыруға болады. Мысалы ретінде Тулуз – Лотрек француз суретшісі салған жарнамалық щиттары, Маяковскидің жарнамалық плакатитары, әлемге танымал кинорежисердің К Люша, Д Линча, А Канчаловскии бейне таспаларын жатқызуға болады. Тағы бір айта кетерлік жай әдемі сән үлгілерін, әтірлерді жарнамалау барысында бейне клипқа танымал актрисалар мен модельдерді шақырады . мысалы; Изабель де ля Фрессанж «Шанель» фирмасын көрсетеді, ол Францияның маринна титулының иегері,; Палина Парижкова «Эсте Лаудер», Изабелла Роселени «Ланком», Синди Крауфорд , Клаудия Шиффер «Ревлон». Осылай жарнама әсемде эстетикалық нормаларға сай клсе , онда ол тұтынушы санасында тауар туралы жақсы әсер қалдырады. Адамға жарнамалық әсерді жүзеге асырушы құрал, массалық коммуникациялық мәселесі өте күрделі. Жарнама беруші өзінің жарнамасы көпшілік назарына қалай қабылданатыны жөнінде жағдайды бақылай алмайды және өзіне таныс емес көптеген адамдар тобына жұмыс жасайды. Жарнама ұйымдастырушы массалық коммуникацияны қолдана отырып , тұтынушылардың назарын аудару мақсатында графикалық және көркемдік бейнелердің көптеген санын қолдану мүмкіншілігіне ие. Телекөрсетілімдік бағдарлама жүргізілуіне және белгілі тауарды мақтау кезінде есте қаларлық әуен және т.б қолданылады. Сондықтан жарнама беруші тауарға, оның сапасына және тұтынушылық қасиет мен оған деген сұраныстық көлемнің артуына байланысты жарнамалаудың тиімді әдісін қолданады. Айналадағы ақпараттың адамдармен қабылдануы мен іс әрекеті әрқашанда өзгеріп отырады. Жарнамалық орталықта адам іс-әрекеті процесіне ішкі және сыртқы фактор ретіне әсер етеді.
Сыртқы фактор-сізді қоршаған ортадағы дәл қазір болып отырған іс. Олар жыл сайын жаныңызда болатын адамдар болуы мүмкін.
Ішкі фактор-дәл қазір ішіңізде болып жатқан құбылыс. Мыс: сіздің әр түрлі заттарға деген көз-қарасыңыз , денсаулық жағдайы және көз-қарас.
1.2 Туристік өнімнің нарықта жылжу жүйесі(сатылуы)
Туристік фирманың немесе туристік өнімнің нарықта жылжуы маркетингтің негізгі құралы болып табылады. Қозғалу, өту, жылжу дегеніміз коммуникациялық байланыс арқылы тұтынушыға ақпарат беріп , өнімді сатып алу деген ынтасын тудыру. Мұндай коммуникациялық байланыстар мына каналдармен іске асады;
- Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өнімді жарнамалау
- Сатуды, өнімді өткізуді ынталандыру
- Тура сатылым (тура маркетинг)
- Қоғаммен байланыс(PR)
өнімнің нарықта қозғалуы инвестицияға байланысты . кәсіпкер жарнамаға ақша құйып, болашақта оның өнімі қандай көлеиде өтетініне марғұмсыз болады. Сондықтан маркетингтің осы езегінде өте сақ болу керек.
- Турөнімнің нарықта өткізудегі негізгі этаптары;
- Нарықта өнімнің өтуін, қозғалуын жоспарлау.
- Жарнамалау және өткізу каналдарын таңдау.
- Жарнамалық қаратпаларды құру
- Жарнаманың орындалуы және тиімділігін бағалау.
Турөнімгің нарықта қозғалуын жоспарлау. Турөнімнің нарықта қозғалуын және жоспарлауы өзіне мынаны енгізеді: нарықты зерттеу, мақсатты анықтау, бюджетті құру және бөлу.
Нарықты зерттеу – нарықтағы ұсыныс пен сұранысты зерттеу болып табылады. өткізу территориясы – жарнамалық ақпаратты жеткізу орналастыру территориясы. Тұтынушы ерекшеліетерін білу өнім туралы ақпаратты дәл және нақты жеткізуді қамтамас етеді. Турөнім анализі жарнамада өнімнің ерекшелігін атап көрсету үшін қажет. Мақсатты белгілеу өнімді өткізу үшін оның қасиетін , атын танымал ету. Бұл мына үшін керек:
- Турфирма атын шығару үшін.
- Жақсы имидж тудыру үшін
- Нарықта нық тұру және бәсекелестерге төтеп беру үшін.
Мақсаты бойынша туристік жарнма мына түрге бөлінеді. Тауар жарнамасы, тур өнімді танымал етуге арналған корпаратиыті жарнама, турфирма имиджін көтеруге, оның тауар маркасын танымал етуге арналған жарнама. Іскерлік дарнама, турфирманың басқа шаруашылық салалырамен әскерлік қатнас тудыруға арналған.
Жарнмалық бюджеттің құүрылуы. Жарнамалық бюджеттің құрылуы үшін келесі факторлар әсер етеді.
- Мақсатты нарықтың көлемі, өлшемі, потенциалы.
- Маркетингтік стратегияны іске асырудағы жарнманың рөлі.
- Туөнімнің өмірдік циклының жылдамдығы.
- Турөнім диверсификациясы.
- Сатылу көлемі, жоспарланған пайда.
- Бәсекелестердің жарнмаға кеткен шығыны.
- Қаржылық ресурс саны.жарнама көлемін , ақшасын қолда бар ресурсқа қарай ұйымдастыру.
Жарнамалық қаражытты бөлу бұл субъективті және индивидуалды болып келеді. Қаражатты бөлудің жалпы түрі немесе формасы жоқ.
Жарнамалық кіріспен шығысты жоспарлауға аяқ басу.
- жарнамалық кіріс ,шығысты турфирманың кіріс-шығыс қатнасын пайыздық түрде анықтау.
- Шығындар бойынша жарнамалық ассигнацияны анықтау.
Жарнамалық бюджеттің бөлінуі. Жарнаманы тиімді құру, қолдану үшін ассигнациясын шығындар статиясына негіздеп бөлу керек.
- жарнамалық істің функциясы бойынша (жарнама таратушыға төлеи, жарнамалық қаратпаларды , текстерд құру, адменистративті шығындар)
- жарнама тарту каналы бойынша
- жарнама түріне маршрут бағытына байланысты
Жарнама тартушымен жылжыту каналын таңдау. Бұқаралық ақпарт құралдарының нарықта әр түрлі формалары бар. Турфирманың алдаға мақсаты ең тиімді және үнемді жлды таңдау. Бұл үшін үнемі жарнамалық қызмет нарығын зерттеп лтыру керек. Жарнамалық ұйымның мынадай сипатына көңіл бөлу керек. Орналасуы, құрылымы,сапасы, жеңілдіктері, нарықтағы орны т.б. халықаралық туризм нарығында өнімді қозғалту және өткізу үшін мынадай жарнама тарату каналдарын қолданады.
Пресса – (газет және журнал) туристік қызметтерді жарнамалау үшін мамандандырылған арнайы журналдарды қолданады. «Туринфо», «ТТГ», «Туристік бизнес», «Туризм»: көптиражды жарнамалық газеттер «Экстран», «Центр плюс», «Из рук в руки».
Тікелей жарнама , пошталық таратылымдар немесе қолмақол брашюркаларды, буклеттерді тарату болып табыфлады.
Сыртқы жарнама – жолдағы,щиттегі, дуалдарда плакатта жазылған жарнаманы айтамыз.
Сатуды ынталандыру Б.А.Қ. арқылы жарнама каналында сатуды ынталандыру. Турөнімді сату немесе сатып алуда жеңілдіктер арқылы қосымшга стимулды қолдану. Сатуды ынталандыруда мыналар кіреді:
- туристік саяхатқа жеңілдіктер жариялау
- туристерге турды сатып алу барысында тегін қызметтер көрсету.
- Фирмалық ескерткіштерді тегін тарату
- Клиентке ерекше көңілмен қызмет көрсету.
Нарық сыйымдылығы және өткізу көлемін жоспарлау
Батыс кәсіпорындары қызметінің осал тұстары, сату саласы болып саналады, сондықтан да кәсіпкерлік пен басқарудың барлық негізгі салаларында рынок сыйымдылығы мен өткізу көлемін болжалдау негізгі роль атқарады.
Кез-келген қаржы жоспарының ақтық бағасы өнімді сату көлемінің мүмкіндігін болжалдауға немесе өткізуден түскен пайда көлемін болжалдауға байланысты. Сол себепте де рынок сыйымдылығы мен өткізу көлемін болжалдау маркетингте және өткізу ісінде айрықша роль атқарып қоймай, басқа да іс-әрекет бағытында шешуші фактор болып саналады. Мәселен, өндірісте - өндірістік қуат ауқымын жоспарлағанда, жабдықтауда – шикізат қажетін, ал қаржы саласында – ақша айналымы мен күрделі қаржыны жоспарлағанда болжалдау ерекше қажет.
Маркетинг пен өткізу саласында жоспарлаудың ең шешуші пункт мынадай көрсеткіштерді анықтау болып саналады:
- қысқа мерзімдік: өнімнің әр түрін өткізу (көлемі және құны), географиялық бағыт бойынша өткізу (көлемі және құны), бәсекелестер бағасы, сауда қызметкерлеріне қойылатын мақсатты нұсқаулар, қор деңгейі;
- орташа мерзімдік: өнім категориясы бойынша өткізудің жалпы өткізу, бағалар, жалпы экономикалық жағдай, рынокқа тауар жеткізілуінің ерекшеліктері, жаңа өнімдерді енгізу;
- ұзақ мерзімдік: өнім категориясы бойынша өткізудің жалпы көлемі, рынок орындарына тауарды толтыру, жаңа өнімдерді енгізу, рыноктағы бұрынға өнімдерді әкету, маркетингті зерттеудің маңызды ерекшеліктері, т.б.
Болжалдаған кезе, тек қысқа мерзімді ғана емес, сондай ақ орташа және ұзақ мерзімді бағалау ма болжалдауды ескеру керек. Соңғы екі уақыт мүмкіндігіне жататын факторлар ішінара болуы мүмкін, алайда олар қысқа мерзімдік болжалдауға елеулі ықпал етеді (мәселен, технологияның өзгеруі, кез келген артық материалдардың қолайлылығы, т.б.).
Рынок сыйымдылығы, өткізу көлемі мен бюджет аралықтарындағы байланыстарды үш түрлі тәсілмен анықтауға болады:
- рынок пен өткізу болжамы дегеніміз, нақты тауар мен қызметтің заттай түрінде болашақта өткізілуі (өткізудің сандық көрсеткіштің болжамы) және нақты, әрі потенциалды клиенттердің белгілі бір уақыт аралығында (қысқа, орташа және ұзақ мерзімде) тауарды өткізуден түскен пайда құнының болжамы;
- бюджет дегеніміз, табыстардың, шығындардың және белгілі бір уақыт кезеңінде сатылған өнім санының болжамы (мүмкіндігі) туралы қаржы құжаты (документ);
1-Кесте
Кәсіпорындарда жоспарлаудың құрылымдық схемасы
Фирма ішіндегі деректерді талдау
Өткен жылдардағы айналымды талдау әдетте кесте түрінде беріледі де, мұның өзі көп жылғы кезеңді қамтиды. Кестеде мыналар көрсетілуі тиіс:
- сату айналымы (саны);
- сату құны (айналымы);
- сату бағасы (өз өнімдері, бәсеке өнімдері);
- өз өнімдерінің өткізу болжамы;
- өткен жылдары орын алған жоспарлы және нақтылы көрсеткіштердің арасындағы ауытқулар.
Әр ай сайынғы көрсеткіштерді осылайша мұқият талдау және барлық ауытқу түрлерін мұқият қарастыру мүмкіндіктері өткізудің болашақтағы деректерін болжауға ықпал етеді. Өткізу статистикасы мынадай өзгерістер бойынша айқындалады:
- тауарлар және тауар топтары;
- сауда есебі, және өкілдіктер (сатушылар) есебі;
- сатып алушылар тобы;
- тапсырыс (заказ) саны мен жиілігі;
- сату жиілігі.
Тауарларды тобы бойынша айыру өте қажетті, өйткені сауда бағдарламасы көбінесе едәуір ауқымды. Оның үстіне тауарлардың кейбір түрлеріне сыртқы жағдайдың әр түрлі әсері ықпал етеді.
Сауда аудандары және аудан өкілдіктері бойынша айыру жекелеген аудандарда тауарлардың өткізілуінің дамуын көрсетуге, сауда қызметкерлерінің арасындағы өзара байланысты жарнамалардың және жарнама құралдарының тиімділігін талдауға, сондай ақ сатушылардың жалақы деңгейін белгілеуге мүмкіндік береді.
Барлық 5 пункт бойынша өткізудің жүйесі деректері өткізудің деректері мен мазмұны туралы мағлұмат береді. Тұтастацй алғанда фирма ішіндегі деректер өткізу жолдарын көрсетуге, әрі оған жұмсалатын шығындарды белгілеуге мүмкінді береді
Рынок туралы деректерді талдау Рынок туралы деректерді алу өте қажет, өйткені бұрынғы өткізу қызметінің көрсеткіштері болашақта өткізілуге тиісті тауарларды бағалауға мүмкіндік бере қоймайды. Тек айналым көлемі мен рынок факторларының әрекеті арасындағы ара қатынасты талдау, оның болашақта дамуын нақты бағалауға мүмкіндік береді.
Батыс кәсіпорындарында мынадай көрсеткіштер талданады:
- аудандарға және жас топтарына бөлінген тұрғын халық санының динамикасы. Мұндай мәлімет халық тұтанатын тауарларды сатуда ұйымдастыруда айрықша маңызы бар;
- әр жан басына есептегенде тауар тұтынылуы. Мұндай деректерді талдау тұтынушылардың талғам тілегіндегі өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді;
- халық (сатып алушылар) табысының динамикасы. Мұндай мәлімет шығынның бір түрінен екінші түріне ауысуын көрсетеді;
- сатып алу қабілетінің динамикасы;
- рыноктағы барлық салыстырмалы тауарларға тұтастай сұраныс динамикасы. Мұндай деректерді нақты өнеркәсіптік саладағы өндірістік қуаттың пайдалану статистикасы бойынша алуға болады. Осындай талдау өзара алмасытырылатын тауарлардың пайдалануының ауысу мүмкіндігін көрсетеді;
- бәсекелестердің өндірстік қуатының немесе нақты салада жұмыс істейтіндер санының өзгеру динамикасы.
1-3 пунктер бойынша қандай мәліметтердің алғанына қарай, кәсіпорын өзінің өндірістік бағдарламасын өзгертеді.
4-6 пунткегі деректерді талдау, тауарларды 3-тпқа бөлуге мүмкіндк береді:
- өскелең сұранысқа ие тауарлар;
- бейтарап тауарлар;
- сұранысы кеміген тауарлар;
Рынок бойынша деректерді тұтастай талдау, оларды фирма ішіндегі деректермен салстыру, рынок динамикасы мен кәсіпорын меншігіндегі динамика аралығында қалыптасқан пропорцияны бейнелейді.
Жарнаманы жоспарлау товарды өткізу жоспарымен бірге жасалады да, мұнда рынокты зерттеу нәтижесі және бәсекелестер қабылдаған шаралар ескеріледі. Өнімді өткізуде жарнаманың тиімділігін дәл анықтау ешқашанда мүмкін болмайтындықтан, кәсіпорын жарнама құралдарын пайдаланған кезде қалауынша еркін әрекет ете алады.
Дегенмен, жарнама бюджетін анықтауда мынандай тәсілдер анықталады:
1. Айналым процессін анықтау;
2. Бәсекелестер жұмсаған қаржыны анықтау;
3. Өзінде жұмсалған жарнама қаржыларын бағалау.
Әдетте бірінші және үшінші тәсілдермен жарнама құралдарының жалпы сомасы, ал екіншісімен - бөлінісі анықталады. Жоспарлар резервтерді ескере отырып жасалады.
Жарнама шараларының жоспарына жататыны:
- күнделікті жарнама шараларын өткізу жоспары;
- жарнама құралдары бойынша;
- жекелеген шараларды өткізу уақыты бойынша;
- көрмелер мен экспозициларға қатысу жоспары;
- жарнама шараларының қорытынды жалпы жоспары, бұған резервтер де жатады.
- арнайы жарнама науқандарын өткізудің жеке жоспары.
Ірі американдық фирманың қожайыны жарнама бюджетін талқылаған кезде былай деген көрінеді: осыған жұмсалған ақшаның жартысына жуығы желге ұшқанын білемін, бірақ оның неге те ктен – тек жұмсалғанын білмеймін. Көп жағдайда мұы өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Өткізу деңгейін сақтау, содан кейін арттыру үшін, жарнама шараларымен бір мезетте кәсіпорын имиджін (мәртебесін) сақтау және жақсарту мақсатында шаралар жоспарын қабылдау қажет. Мұның өзі өкілеттік шығындарға байланысты (журналистерді шақыру, қабылдау, газеттер мен журналдарға хабарландырулар жіберу, т.б.). Осының барлығының қоғамдағы байлансы қызметіне («паблик рилейшнс») тікелей қатысы бар.
Батыс рыноктары ауытқуын бағалағанда байқалатыны, фирмаларда баға үнемі өсіп, тұрақтанған, коньюктурасы жоғарылаған сайын, олар жарнамаға ақшаны аямай жұмсайды, ал тоқырау кезеңінде, үнемдей мақсатында жарнама бюджетін әдетте қысқартады. Мұны циклды жарнама деп атайды. Дұрысында төмен коньюктура кезеңінде жарнама қызметін жандандыруы, яғни оны антициклы ету қажет еді.
Тауар өткізудің ақырғы жоспары. Оның негізгі алынған деректерімен және болашақта өткізу болжамымен қаланады. Тауар өткізуді әр айға және аптаға жоспарланады. Егер тауарларды қайта бөлу тенденциясы байқалмаса, онда басты негіз ретінде тауарларды уақытша қайта бөліп өткізуді пайдаланады. Мұндайда жлдық мөлшер шамасын 100% етіп алады да, айлық айналымды жылдық айналымның бөлігі ретінде есептейді.
Бұл жылдық жоспар өндіріс жоспарына ықпал етеді, өйткені өндіріс процессі, әдетте, тауар өткізумен қатар жүреді. Дұрыстап бақылау үшін, тауар өткізу жоспарын тауар өткізу статистикасымен жасайды.
Жоспарды сандық көрсеткіштермен жасағаннан кейін, құндық көрсеткіштердің есебін жүзеге асырады, мұндайда әдетте орташа бағаға сүйенеді.
Содан кейін өнімнің жекелеген түрлері, тауар өткізу аудандары мен сатып алушылар тобы бойынша өткізу шығындарының жоспары жасалады.
Осыдан кейін, өндіріс құны мен сату бағасының ең төменгі деңгейі бойынша жоспарлы пайданы анықтайды. Мұнда ең көп жеңілдікті және төлем жағдайын анықтау керек.
Осы жоспарларға сәйкес жоспарлы тапсырмалар мен барлық сатушылар үшін қосымша нұсқаулар жасалады.
Сонымен, тауар өткізу жоспары қалған барлық жоспарларды жасаудың негізі болып саналады және де әрдайым бұған мыналар енеді:
- мөлшерлік (сандық) жоспар;
- құн жоспары;
- жеңілдіктер, мерзімдер және төлем жағдайлары туралы нұсқаулар.
Пайданы жоспарлау. Пайданы (кірісті) жоспарлау – кәсіпорынды басқарудың негізгі құралы. Кәсіпорын стратегиясы әдетте пайда табуға тырысатындықтан, бұл жоспар ең өзектісі болып табылады.
Пайдаы жоспарлаудың алуан түрлі тәсілдері болады, соның төртеуі неғұрлым кең тараған.
- Тиімділікті болжалдау. Жұмсалған капиталдың тиімділігін есептеу үшін айналым капиталы шамасы мен жұмсалған капиталдың түскен пайда мөлшерінің (%) мәнін табады. Мұнда мынадай формуланы пайдаланады:
Айналым қаржысы + күрделі қаржы-жұмсалған
АҚШ-та формула кеңінен, тіпті өнімнің жекелеген түрлері бойынша да қолданылады.
- Тиімділік лимитін талдау. Бұл тәсіл график арқылы жоспарлы пайданы, әрі капитал айналымы кезінде шығын амасының ауытқуы бойынша кәсіпорынның икемділігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Бұл талдауда «өлі нүкте» (шығынды жабу үшін ең аз йналым) ме жоспарланған айналымның арасындағы «қабыспаушылықтың» зор мәні бар. Тек осының өзі ғана капитал айналымын жоспарлағанда кәсіпорынның еркін әрекет етуін көрсетедеі.
3. Өтімділікті жабуды талдау (тиімділікті талдау варианты). Өндіріс шығындарын осы тұрғыдан қарастырғанда кәсіпорындар ақша жұмсайтындарға бөлінеді, бұған қатысты, мәселен, амортизация ығандары да жатады. Ақша жұмсауға сәйкес келетін құн қитсық сызығы нүктесінің, айналым қисық сызығы нүктесімен қиылысуы, өтімділікті сақтау үшін айналымның ең аз шамасын көрсетеді.
4. Аз айналымды регрессивтік бөлу. Аталған тәсілмен капитал айналымының айлық өзгерісі жоспарлы пайданың мөлшеріне қандай шамада ықпал ететіндігін бақылауға мүмкіндік береді.
Коммерциялық пропаганда
Коммерциалық пропаганда немесе паблисти (ағылшынша көрермен немесе публика) публикация немесе радио, теледидардағы презентация арқылы тауарға, қызметке деген сұранысты стимулдау болып табылады.
Өз мақсатына жету үшін коммерциалық пропаганда көптеген әдістер мен құралдарды қолданады. Оларды бірнеше бағытта жүйелеуге болады.
Бұқаралық ақпарат құралдарымсен байланыс (пресса, телевидения, ралио)
кәсіпорын ұйымдастыратын пресс конфнренция, брифинг онда фирма мәселелері қарастырылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарфына пресс релиздерді жіберу.
Фирма, қызметкері туралы статья стаьтялар жарнамалық емес сипатта болады.
Басшылармен оның қызметкерлерінің БАҚ сауалдамасын ұйымдастыру.
БАҚ редакторларымен жақсы қатнаста болу керек. Үлкен ұйымдарда арнайы осы БАҚ, пресса мен байланыста болатын, бұл жұмасты реттейтін қызметкерлерді тағайындайды.
- Падлисти баспа өнімдері арқылы мына формаға иемденеді.
А) фирма ісәрекеті жайлы ресми есептердің жыл сайынғы баспасы. Көптеген елдерде акционерлік қоғамдардың қаржы жағдайын баспаға беру міндетті болып табылажды.
Б) фирмалық пропагандалық проспекті басылымы. әдетте проспекте фирманың тарихы , жеткізген жетістіктері жазылады. Кей жағдайда ол оқырмандарды ұйымдық құрылымен,оның басшыларымен таныстырады. Бұл қоғам алдында фирманың ашықтаған біодіреді.
В) фирма журналының шығуы. Бұл пропаганданың ең қымбат түрі болып саналады. Оны сәндеу,ішіндегі текстердің маңыздылығы фирма имиджін көрсетеді. Мысалы; «Гетивей» ирландық авиакомпанияның шығаратын журналы. Осы журналдың бетін ашып қарайтын болсақ мынаны байқаймыз, полиграфиялық сапасы жоғары.. журнал сыртында фирма логотипі , тауар белгісі тұрады. Мұнда тек қана авиа компания туралы емес, әңгімелер, репортаждар, фирма жарнамасы сипатталған. Осылай журнал оқырмандар үшін қызықтық тудырады.
Г) фирмада мейрамдарды ұйымдастыру. Ұйымның юбелейі, нарықта болу ұзақтығы жатады. Пропагандалық мейрамдарға мүшелік сандар, мысалы миллионыншы автокөлік, жүзінші клиент осындай себептерді жатқызуға болады.
Маркетингтік коммуникация түрі ретінде коммерциалық үгіттеу түрлері.
- Тұтынушы аудиторияны кеңінен жаулау;
- шынайылық;
- қолданатын формалардың көп түрлілігі;
- жетістікке жеті үшін бағытты шешімдер қаьылдау;
- Аудиториямен бірреттік байланыс саласынң төмендігі.
Тұтынушы аудиторияны жаулап алу дегеніміз біріншщіден, бір мезгілде материалдық ақпаратты көптеген БАҚ көмегімен таратуға болады. Екіншіден, жарнамамен салыстырғанда оқырманның көңілін коммерциалық пропаганда жаңалық, факт, объективті ақпарат арқылы жаулап алады.
Коммерциалық пропаганда алға қойған мақсаты мен оны іске асыру жолы бойынша паблик рилейшнзға ұқсайды. «Паблик релейшнз» (ағылшын тілінен аударғанда қоғамдық байланыс деген мағнаны біодіреді.) паблик рилейшнз басты мақсаты фирма имиджін құру және сақтау болыр табфлады.
2 Жарнама және оның атқаратын қызметі
2.1 Жарнама тарату құралдары
Жарнама дегеніміз белгілі тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды көрсетуге және сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекеттер. «Жарнама» латын тілінен аударғанда «айқайлау» ұғымын сипаттайды. АҚШ маркетингтік ассоциациясы бойынша жарнама дегеніміз тауарларды, қызметтерді, идеяларды тұтынушыларға қарай жылжытуына арналған ақылы іс-әрекеттер.
Жарнама ерекшелігі;
- Қоғамдық сипаттама алады;
- Үгіттеуге қаражат қаблеттігібар сатушы жарнама арқылы өзінің хабарландыруын бірнеше рет қайталай алады;
- Мәнерлік– түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады.;
- Иесіз жарнама монолог ретінде жасалады.
Жарнаманың атқаратын қызметтері. Нарықтағы жарнама бернесі;
- Экономикалық бернесі – сұранысты қалыптастыру, өтімді ынталандыру, тұтынушыға тауарларды алғызуды тездету арқылы «сату-алу»үдерісін тездетеді;
- Ақпараттық бернесі – тұтынушыларды өндірушілер туралы және олардың тауарлары туралы ақпарат ағымдармен қамтамас ету.
- Коммуникациялық бернесі – маркетинг зерттеулері кезінде қолданатын сауалдама, тұтынушы пікірлерін жинау, тауар өтімін талдауарқылы жарнама нарық және тұтынушымен байланысын қамтамас етеді.
- Бақылау бернесі – нарықтағы өнімдердің жылжуын бақылауға мүмкіндік береді.
- Тузетім бернесі – өткізу саясатын дәне жарнама қызметін ұтымды жағына өзгертуге мүмкіндік береді.
- Сұранысты басқару бернесі – нақты тұтынушы топтарына көзделген әсер тигізу жолдарын табуға мүмкіндік ашады.
Жарнаманың негізгі түрлері;
- жарнама жеткізу әдісіне қарай: «қатаң» жарнама – қысқа мерзімді , агрессияшыл жарнама, «жайлы» жарнама – тауар аналысында қолайлы жағдай тудыратын жарнама.
- Мияткер түріне қарай: өндірушінің атынан жүргізілген жарнама көбнесе коммерциялық әрекетке байланысты. Жеке адамдар атынан жүргізілген жарнама хабарландыру сипатын алады.
- Тұтынушыға әсер ету әдісіне қарай: оңтайлы жарнама – әлеуетті тұтынушы ақыл ойына әсер ететін жарнама. Эмоционалды жарнама – тұтынушының сезіміне ,эмоциясына асоссация арқылы әсер ететін жарнама.
- Мақстатты аудитория түріне қарай; бизнес саласына арналған жарнама – өнімді өндіріс үрдісінде қолдану үшін сатып алатын тұтынушыларға арналған және делдаалдарға арналған жарнама.. жеке тұтынушыға арналған жарнама.
- Коммунмкация стратегиясыеа қарай; таңдамалы жарнама – нақты нарық сигментіне арналған жарнама. Жалпылама жарнама – жалпы нарыққа арналған жарнама.
- Компания мақсатына ұарай; ақпараттық жарнама –тұтынушының жаңа тауармен және жаңа фирмамен танысиыратын жарнама. Ескерту жарнамасы – тұтынушыларға есіне тауар туралы ақпаратты сақтауға арналған және тауарды қай жерде сатып алуын ескерту жарнамасы.
- Жарнама затына қарай; тауар жарнамасы– таурға сұранысиы қалыптастыратын және ынталандыфратын жарнама. Фирма жарнамасы – кәсіпорынның жқмысын жағымды көрсететін жарнама.
- Тигізетін әсерәне қарай,; тікелей жарнама – жеке тұлғаға арналған дрек жарнама. Жанама жарнама – көпшілікке арналған жарнама.
Жарнаманың мәтіні немесе суреттері қоғамның моралді номаларына теріс келмеуі керек. Жарнама басқа ұқсаса тауармен салыстырылмауы керек, яғни жарнамаға түскен тауарды мақтап бәсекелес тауарды жамандауға болмайды.
Мәтіндердің түрлері:
Ескертіп отыратын мәтіндер мәселен : қазіргі уақытта болып тұрған жеңілдіктердің бітейін деп жатқандығын клиентке хабардар ету кезінде қолданылады.
Иландыратын мәтін назарына ұсынылып отырған өнім жөнінде немесе фирма есімін клиент есте сақтап қалуына көмектесуі қажет. Осындай мәтінде жаңа тауарлардың атын қайта қайталап жазу сенімді ақтайды.
Сендіретін мәтін жарнамаланып тұрған тауар не қызмет түрінің артықшалықтарына акцент жасауы үшін қолданылады. Оның мазмұны потенциалды клиентке жарнамаланнып отырған тауар не қызметтің сатып алуы жөніндегі шешімін және осы фирманың тауар не қызметін қолдану өте сапалы және оған қажетті болатынын қабылдауына жәрдемдесу қажет.
Жарнамалық мәтін клиенттің шынайы пайдасын хабарлау қажет
Жарнамалық мәтіннің эффектілігі оның негізгі бөлігін логикалық ерекшелунеде шоғырлана түседі. Егер мәтін қысқа болса , онда басында не соңында орналасатын бір ғана сөзді ерекшелейді. Хабарландыру мәтіндік ретінде 50 және 75 сөздер аралығында қабылдана бастайды.
Кең ауқымды мәтінде ондай тәсілдерді қолдану жеткіліксіз. Онда қосымша әсер ету құралдарын, мысалға түсіндіру, қарсы қою, түрлі тілдік және суреттік элементтерді қолдану қажет.
Ескере кететін жайт, отбасылық суреттер, есімдерді бөліп көрсету оқырмандардың 1 – 3 бөлігінің назарын аудартады. Иллюстрация мен графикалардың болуы оқалған хабарландырудың санын 50 % - ға көбейтіледі. Мәтіннің сөзі көбейген сайын оның оқырмандары 100 – 150 – ге қысқарылып тұрады.
Жарнама әрекетін жүргізудегі негізгі сатылар. Маркетинг жүесіндегі жарнама қызметі бірқатар сатыларға бөлінген құрамдас удеріс негізінде сипатталады.
- Жарнаманың мақсатын анықтау
- жарнамалық жариялау туралы шешім қабылдау
- жарнама тарту құралдарын таңдау
- жарнама қаржысын анықтау
- жарнама қызметінің тиімділігін белгілеу
Жарнама мақсаттары кәсіпорын қабылдаған жалпы маркетинг және коммуникациялық стратегияға сәйкес анықталады . ол мақсаттарды екі үлкен топқа бөлуге болады.
- Тауарды өткізу саласына байланысты мақсаттар – сату көлемін молайтуға және тұтынушылардың таурды сатып алуға бағытталған.
- Коммуникация саласына байланысты мақсаттар – нақты идеяларды хабарлауға , кәсіпорын бейнесін қалыптастыруға бағытталған.
Жарнама мақсаты негізіндежарнамалық жариялау шешімдерін қабылдау тәсілдері анықталады. Алдымен ұсынатын тауардың ерекше қасиетін талдап, соның ішінен тұтынушы үшін маңыздыларының тізімі жасалады. Одан кейін жарнамалық жариялаудың қандай мақсатты аудиторияға арналуын нақты анықтау керек.
Жарнамалық жариялауды дайындаған кезде мына мәселелерді шешу керек;
- жарнамалық жариялаудың құрылымы;
- жарнамалық жариялаудың түрін;
- жарнамалық жариялаудың бет бейнесін.
Жарнамалық жариялаудың түрі тауарды тұтынушыға көрсету әдісіне байланысты болады. Олар: тауардың ұнатымды жақтарымен клиенттердің пікірін иемдену, қажеттілікті қанағаттандыратын тауарды жағымды қасиеттерін анық және дәлелді көрсету, тұтынушының көңілін көтеру үшін әзіл сықақ жағдай жасау.
Жарнамалық жариялаудың бет бейнесі көзделген ойды тұтынушыға ауызша не жазьаша түрде жеткізу керек. Жарнамада бес түрлі атқарымдық бет бейнесін айыруға болады.:
- ресми іскерлік;
- ғылыми түрде кәсібилік;
- жариялымдық;
- әдеби тілмен сөйлеу;
- деректі тілмен сөйлеу;
жарнамалық жариялауды дайындаумен бірге жарнама тарту құралдарынг таңдау мәселесіде шешілу керек. Жарнама құралдарын таңдау кезінде мына сұрақтарға жауап таңдау керек.
- Кімнің қажетін қамту керек? Бұл сұраққа жауап беру үшін нарықты сигменттеу керек.
- әлеуетті тұтынушы қай жерде орналасқан? Тұтынушылардың көбі орналасқан жерде жарнамаберілуі тиіс.
- Қашан дәне қайсы кезде жарнама берілу керек? Демек уақыты анықталу керек.
Жарнама құралдарын таңдауға мына факторлар әсер етеді.:
- Жарнаманың мақсаты;
- Жарнамалайтын тауардың ерекшелігі;
- Нарықтың керекті қамту көлемі;
- Жарнаманың мақсатты аудиторияға сәйкесиігі;
- Бәсекелестің жарнамалық әрекеттері;
- Керекті құралдардың қолда болуы;
- Жарнамының нарығы.
Жарнаманың қаржы көлемі анықталғанда келесі фактор әсер етеді;
- болжаған өткізу нарығының көлемі және мөлшері
- кәсіпорын маркетинг кешеніндегі жарнаманың рөлі:
- тауардың өмірлік кезеңі
- бәсекелестердің жарнама шығындары.
- өзінің қаржы мүмкіндіктері
дәрежелі жарнама көптеген шығындарды талап етеді. Сондықтан жарнама қызметінің тиімділігін бағалау жұмысы өте маңызды орын алады. Оның өзі манадаы мүмкіндіктерді береді:
- жарнаманың пайдалылығы туралы ақпарат береді
- әр бір жарнама тарату құралдарының нәтижелілігін көрсетеді.
- әлеуетті тұтынушыларға жарнаманың оңтайлы әсер ету шарттарын анықтайды.
Жарнаманың тарату құралдары :
Тікелей жарнама 1 пошта хаттары,баспа материалдар, 2 пошта арқылы бейне таспалар тарату.
- баспа жарнамасы – анықтамалар,каталогтар; пресс-релиз, баспасөз хабарламасы; буклет;анықтама;
- Сыртқы жарнама – үлкен плакат, роллер, электронды паносы; Сату орындарындағы жарнама – витрина, тауар қорабы, зат таңбасы.Жарнаманың басқада түрлері – көрме және жәрменке, компютер жарнамасы, лоторея.
Компютер жарнамасына электронды жарнама жатады, яғни ол дегеніміз интернет жарнамасы болып табылады.
Туристік өнімнің нарықта жақсы өтуі ушін электронды жарнаманың маңызы зор. Интернет-жарнаманың өлшемсіз масштабта болатын кеңістігі. Жарнаманың потенциялды тұтынушыларының саны 70 млн. Қонақүй туралы ақпаратты өткізу немесе жарнамалау қонақүй имиджін көтереді. Потенциалды әріптес іздеуге көмек береді.
Интернет жарнма арқылы клиентті қалай қызықтыруға болады? Ең бірінші, жарнаманы тартымды ету керек. Интернетте жарнаманың нақты әрі, тез өткізілуі жоғары бағаланады.Екіншіден, орналастыру орнын таңдай білу керек. Ақпаратты арнайы туристік WWW-серверлерде орналастырған жөн немесе қосымша клиенттерді тарту үшін басқа WWW- серверлерде орналастыруға болады.
Арнайы, Интурион(http://www.hro.ru/intour) онлайн қызметінің беттерінде туристік ұйымдарды ақпараттық және жарнамалық қызметпен қамтамас етеді. Интурион жүйесі мына бөлімдерден тұрады:
─Туристік ұйымдар- электронды онлайн анықтамасы
─Туристік ұсыныстар- туристік ақпарат немесе турлар ұсынысы
─әріптес іздеу-әріптес іздеуге тапсырыс
─елдер арасынла электронды саяхат
Интернеттің дамуы Еуропалық туристік компаниялар мен фирмаларына үрей тудыруда. Интернет желісі арқылы қонақүй номерлерін, авиабилеттерді, турдың басқада құрамдас бөлігін брондау клиентке, демалысын агенства көмегіне жүгінбей-ақ откізуіне мумкіндік береді. Қазақстанда интернаттің таралуы онша білінбейді. Компютер нарығының 1-2% қазақстандықтарға тиесілі. Сондықтан 3-4 жыл көлемінде қазақстандық турфирмаларға бұл жөнінде уайымдамауына болады.
2.2 Туристік қызметтің өтуін ынталандыру
Таурды сатуда өтімді ынталандыру үшін қысқа мерзімде түрткі шаралар пайдаланады. өтімді ынталандыру шаралары келесі жағдайларда қолданылады.
- нарықта ұқсас тұтыну қасиеттерімен бәсекелес тауарлар сатылған кезде
- нарыққы жаңа тауарды ұсынған кезде
- тауар құлдырау өмір кезегіне келген кезде
- төмендегі сұранысты жандандыру үшін
- ұсынған тауарға тұтынушы ақпараттығын күшейту үшін
Өнімнің өтуін ынталандыруда келесі ерекшелік тер орын алуы тиіс:
- тауарға деген тартымдылықты күшейтуол үшін тұтынушыны әр түрдлі жағдаймен қызықтыру керек.
- Сатып алуға шақыруларды көбейту;
- Сатып алуға тұтынушыны талаптандыру;
- Өтімді ынталандырудың үш жолы бар.
- сауда саласында делдалдарды ынталандыру. Бұл жол жанама өткізу арналарын пайдаланады. Делдалдарды ынталандыру үшін мына әдістер пайдаланады; баға жеңілдіктері, сауда жарыстарын жүргізу.
- өткізумен айналысатын фирма жұмысшыларын ынталандыру . ақшалай сыйлық, заттай сыйлық.
- Тікелей тұтынушыларды ынталандыру.
Адамның санасына жарнаманың жеке құралдарының психологиялық әсерінің тиімділігімен жарнаманың экономикалық тиімділігі айқындалады. Егер потенциалдық тұтынушыларды зат сатып алуға итермелейтін болса, онда психологиялық әсер нәтижелі келеді. Ондай жағдайда жарнаманың экономикалық тиімділігін адамға оның психологиялық әсер етудегі сатысына байланысты.
Жарнама беруші жарнамалаудың тиімділік есебін жөнге салу керек. Ол потенциалды тұтынушылардың жарнамалық оптималды әсерін айқындауға, оның жеке құралдарының нәтижелілігімен жарнаманың мақсатты бағыттылығы туралы ақпаратты алуға көмектеседі. Көбіне жарнамалық компанияларда жарнаманың жеке құралдарының нақты тиімділігін айқындай мүмкін емес болып отырады.
Жарнаманың экономикалық тиімділігін көбіне тауар айналымының дамуына оның әсерін өлшеу жолымен айқындайды. Бұл жерде тауардың жарнамалық әрекеті жүргеннен кейінгі қандай эфект береді, яғни соны нақты қояға мүмкіндік береді. Бағалы тұратын тауарлар міндетті түрде ойлануға әкеліп соқтырады. Осы жағдайда жарнама эфектісінің ұзақ уақытқа созылғанын байқайцсын. Тұтынушы алдымен тауаоды сатып алмас бұрын оның шығарылуы жөнінде , кейңн оның ерекшелігмен сапасы туралы ақпарат жинайды. Осыдан кейін ол ждаранамаланатын тауарды сатып алу жөнінде ой қалыптасады.
Жарнама қандай шеберлігімен тауар айналым өсіміне әсер етедігіні шығару үшін және оперативті және бухгалтерлік берілгендер талданады. Негізінен тауарады өткізудегі жарнама тауардың сапасына және тұтынушылық қасиетіне, бағасына, сыртқы көрінісіне, сауда ұйымының орналасқан жеріне және сатып алушыларға мәдени қызмет көрсету деңгейін ескеру керек. Жарнаманың экономикалық тиімділігі жөнінде жарнамалық құралдарды қолдануда жететін экономикалық нәтижелік бойынша айтуға болады. Экономикалық нәтиже кеткен шығынмен жарнаманың әсерінен алатын тауар айналымының қосымша табысы арасандағы байланыспен айқындалады.
2.3«Көмек» туристік ұйымының жарнамалаудағы маркетингтік байланыс құралдары
Көмек туристік ұйымы Оңтүстік қазақстан облысы Шымкент қаласында орналасқан. Осы туристік ұйымның жарнамалық іс әрекеттерін, маркетинтік саладағы байланыс құралдарын қарастырдым. Қолда бар мәліметтер бойынша бұл туристік ұйым өздерінің туристік өнімдерін өткізуде жарнамалаудың бірнеше құралдарын пайдаланады екен, атап өтетін болсақ теледидардағы жарнама, баспа сөз құралындағы жарнама, радио жарнама. Жарнамаға көп жүгінетін ұйымдар, бұл ақша қаражаты мол фирмалар болып табылады. Көмек фирмасы шет елдерге, Қазақстанның демалыс орындарына, түркістан сияқты діни қалаларға саяхат ұйымдастыратынын үнемі жарнама құралдарына беріп отыралы. Осындай іс әрекетпен ол өзінің фирмасы немесе өнімі жайлы ескертіп отырады. Себебі қазіргі таңғы нарықта болды менің клиентім жеткілікті көп, олар ешқайда қашпайды деп жараналық ұйымлдарға жүгінбей қаржыны қолда ұстап отыру қате іс әрекет болып табылады. өйткені нарықта жыл санап өзгерістер туындап жатыр және жаңадан көптеген фирмалар ашылуда. өз орын жоғалтпау үшін Көмек фирмасы маркетингтік зерттеулер жүргізіп жаранам құралдарын пайдаланады.
Көмек туристік ұйымы жас балалар дан бастап орта жастағы адамдарға дейін туристік саяхаттың көптеген түрін ұсынады.
Жарнама адамға әсер ету үшін ең алдымен жарнама проффесионалды түрде жасалынуы тиіс. Мәселен: Турфирмадағы жарнаманы алатын болсақ. Турфирманың ұсынатын қызметтері жарнамасы басқа бәсекелестік турфирмалардан айырықша болуы керек. Ең алдымен турфирманың аты – ол бір сенім білдіретін, жарқ етіп көзге түсетін я болмаса есте лезде сақталынып қалатындай болуы керек. Сосын сол турфирманы басқаратын менеджері – ол өзіне адам ( келіп кетуші, клиентті ) өзінің жақсы дайындалған жарнамаларымен тарта білуі қажет. Көбін бұл оның проффесионалдылығына байланысты. Осы фирма баспа сөз құралдарынын «Шара-бара», «Капитал плюс» сияқты газеттерге өнімін , қызметін жарнамалайды. Жарнамалауда неге осы баспа сөз құралын даңдаған дейтін болса, бұл адамдардың жалпы оқитын газеттерінің 90% құрайды. Яғни жарнамалаудың ең тиімді және қолайлы түрі.
Жалпы шығынның 35% жарнамалық іс әрекетке жұмсалады екен. Ал шетел фирмаларында тауардың соңғы жалпы құнының 55-60% маркетингтік шығынды құрайды, яғни бұл шығындар жарнамаға, транспортқа, орамға саудаға, нарықта жылжуына кеткен шығын болып табылады. Өнім үшін не ғұрлым шығын шығаратын болсақ ұйымға пайда сол ғұрлым көп түседі.
Қорытынды
Менің курстық жұмысымда негізгі қарастырған мәселелерім мынадай еді: маркетингтік коммуникация жүйесіндегі жарнаманың рөлін зерттеп қарастыру. Жарнаманы ұйымдастырудағы маркетингтік зерттеудің пайдасы қандай дәрежеде екенін анықтау. Байланыс құралдарын жіктеу. Фирма имиджін жақсартуда жарнаманың, маукетингтік коммуникацияның рөлін қарастыру. Осы сұрақтарға жауап іздей келе мен мынадай шешімдерге келдім, яғни жарнама мен маркетингтік байланыс бір бірімен тығыз қатнастаға жүйе тәрәздес. Жарнаманың өзі тауарды ,қызметті өткізу болып табылады. Маркетингтік коммуникация байланыс құралдары арқылы өнімді өткізу және жетілдіру болып табылады. Маркетингтік коммуникация кәсіпорынның өндіріс-өткізу жүйнсінде маңызды орын алады. Коммуникация дегеніміз тауарлар, қызметтер туралы хабарландыру, оларға деген тұтынушы сенімін күшейту, олар туралы ескерту үшін қолданатын әдіс. Кәсіпорын тұтынушыға тиімді әсер ету үшін коммуникацияның келесі амалдарын пайдаланады.: жарнама, арнайы сату, өткізуді ынталандыру, қоғаммен байланыс. Коммуникациялық элементтерді дұрыс қолдану арқылы нарықта тауарды ұтымды жылжытуға болады. Қалыптасқан нарықтық жағдайда жарнама тек ақпараттық ғана емес коммуникативті рөлде атқарады. Нарық және тұтынушымен байланыс түзеді. Қазіргі жарнаманың ерекшелігі сұранысты реттеу емес , сол сұранысты іштен басқару болып табылады. Мұның себебі нарықтың өзі бірлестіктерден тұрады, сұраныстарды қасиеттеріне байланысты сигменттейді. Тауардың әртүрлілігі жарнамалық іс әрекетті жеңілдетеді және тиімділігін жоғарлатады. Пайда көлемі, қаражат соммасы диференциялды деңгейге байланысты.сұранысты зерттеудің орнына ендігі кезекте оның орнына тұтынкшы қажеттілігін зерттеуге ауысты. Р.Ривз көрсеткендей жарнама – бұл аз шығын шығару арқылы тұтынушы мотивіне ену, әсер ету.
Туризм ең тиімді табыс көзі болып табылады. Бұл жағдайды қазір бүкіл әлем мойындап, түсініп отыр. Біздің қолымызда қазір мынадай бір дерек бар. Бүгінде дүние жүзі бойынша туризмнен түсетін табыс мұнайдан түсетін табыстан кейін екінші орын алады екен. Бұл нені білдіреді? Бұл – жер-жүзіндегі ұлттық жалпы өнімнің оннан бір бөлігі туризмнен түсетін табыстан келеді деген сөз. Міне, тағы мынадай бір деректі қараңыз. Өткен жылы дүние жүзін 800 млн. адам аралаған екен, олар бұл сапарларына 500 млрд.-тан астам доллар жұмсапты. Туризм – табыс көзі деген осы. Ал, бұл туристер қай елдерге барды, олардың таңдауы қай жерлерге түсті деп ойлайсыз? Әрине, олардың барған жерлері – табиғаты көркем, саяси тұрақты, демалуға барлық жағдай бар елдер болған. Сондықтан бізге туристерді осылай көбірек тарту үшін, ең бастысы еліміздің туризмдегі имиджін қалыптастырып алу керек, ал ол қазір сондай жолдың үстінде. Біз туристерге Қазақстан саяси тұрақты, барлық жағынан алғанда демалуға қолайлы ел, оның көркем табиғаты көз сүйсіндірерліктей керемет әсер қалдырады деп насихаттап отыруымыз керек. Сонда ғана нәтиже болады. Біздің пікірімізше, туризмді дамыту үшін ең басты керегі осы. Яғни, ең әуелі мемлекет тарапынан қолдау керек, одан кейін насихат болса заң жүзінде туризмді одан әрі дамыта беруге болады. Осылайша, туризмнен мемлекет қазынасына қомақты қаржы түсіруге болар еді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Исмаев Д. К. Маркетинг иностранного триузма в РФ. Теория и практика деятельности турфирм. Учебное пособие. – М.: ВШТГ, НОУ «Луч», 1988;
- Исмаев Д.К. Маркетинг гостиничных услуг в России – Учебное пособие М.: ВШТГ, НОУ «Луч», 1999;
- Исмаев Д. К. Основы сратегии и планирования маркетинг иностранном туризме: учебное пособие. – М. ТОО «Луч» 1994
- М. Горбылевой - минск: Экономпресс, Назарбаев Н. Ә. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» Алматы 1992 ж
- Бабақұлы Б. Тәуелсіздік нарық экономика Алматы «Ақиқат» 1996 ж
- Мейірбеков А.Қ. Әлімбетов Қ. Ә. Кәсіпорын экономикасы. Алматы. «Экономика» 2003 ж
- Үмбеталиев А. Керімбек Ғ. Кәсіпорын экономикасы және кіспкерлік - Алматы: «Бастау» 2002 ж
- Нысанбаев С. Н. Маркетинг негіздері - Алматы. 2003 ж
- Садыров Т. Дала мен қала 2006 жыл 14 шілде № 27
- Александрова А.Ю. Международный туризм: Учебное пособие для вузов. – М.: Аспект Пресс, 2001. – 464 с.
- Анискин Ю.П. Общий менеджмент: Учебник по общей теории менеджмента. – М.: РМАТ, 1997. – 120 с.
- Байлик С.И. Гостиничное хозяйство. Проблемы, перспективы, сертификация. – Киев.: БИРА -Р-, 2001. – 206 с.
- Бизюкова И.В. Кадры. Подбор и оценка. – М.: Московский рабочий, 1989. – 307 с.
- Биржаков М.Б. Введение в туризм. – СПБ.: «Герда», 2000. – 192 с.
- Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства. /Пер. с англ. – М.: Аспект Пресс, 1995. – 360 с.
- Бугаенко В.С., Каменский И.М. и др. Техника обслуживания и культуры работы в гостиницах. – Киев.: ВыАҚШя школа, 1977. – 285 с.
- Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Гостиничный и туристический бизнес. – Учебное пособие. – М.: Финансы и статистика, 200. – 352 с.
- Веснин В.Р. Основы менеджмента: Учебник. – М.: Триада Лтд., 1996. – 384 с.
- Волков Ю.Ф. Введение в гостиничный и туристический бизнес. – Ростов Н/Д.: «Феникс», 2004. – 352 с.
- Волков Ю.Ф. Технология гостиничного обслуживания. Учебное пособие. – Ростов Н/Д., 2003. – 285 с.
- Волков Ю.Ф. Интерьер и оборудование гостиниц и ресторанов. – Учебное пособие. – Ростов Н/Д.: Феникс, 2003. – 352 с.
- Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник. – М.: Юнити, 1994. – 685 с.
- Гостиничный и туристический бизнес. Учебник /Пол ред. проф. Чудновского А.Д. – Экмос, 1998. – 351 с.
- Гуляев В.Г. Организация туристической деятельности. – Учебное пособие. – М.: Нолидж, 1996. – 312 с.
- Джанджугазова Е.А. Маркетинг в индустрии гостеприимства: Учебное пособие. – М.: «Академия», 2005. – 224 с.
- Дурович А. Маркетинговые исследования в туризме: Учебно-практическое пособие / А.Дурович, Л.Анастасова – М.: Новое знание, 2002. – 348 с.
- Дурович А.П. Маркетинг в туризме: Учебное пособие 3-е изд., стереотип. – Мн.: Новое знание, 2003. – 496 с.
- Ефимова О.П., Ефимова Н.А. Экономика гостиниц и ресторанов: Учебное пособие, 2004. – 392 с.
- Жолдак В.И., Квартальнов В.А. Основы менеджмента в спорте и туризме. Т.2. Организационные основы: Учебник. – М.: Советский спорт, 2001. – 352 с.
- Жолдак В.И., Квартальнов В.А. Основы менеджмента в спорте и туризме. Т.2. Социально-педагогическое основы: Учебник. – М.: Советский спорт, 2002. – 184 с.
Жарияланған-2013-07-02 20:30:43 Қаралды-15198
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина