Тақырып. Криминологиялық болжау мен жоспарлау
1.Криминологиялық болжау және жоспарлау ұғымы.
2.Криминологиялық болжау мен жоспарлаудың түрлері.
Криминологиялық болжау және жоспарлау ұғымы. Криминологиялық алдан-алудың ең негізгі ерекшеліктерінің бірі қылмыстылық пен оның детерминанттарын алдын ала болжау, оларды ескерту мүмкіндігі болып саналады. Болжам – бұл белгілі бір құбылысты ғылыми негізде практикалық қажеттілік үшін анықтау және оның келешегіне баға беру. Криминологиялық болжам – бұл алдағы жағдайды (деңгейді, құрылымды), оның детерминантарын белгілі бір уақыттағы алдын алу мүмкіндіктері, өзгеруі туралы пікірмен байымдау.
Болжам қылмыстылықтың белгілі бір аумақ аймағында өзгерісін, жалпы қылмыстылықты тұтастай және оның жекелеген түрлерін қамтуы мүмкін. Болжамға қажетті ақпараттарды алу, өңдеу және талдау болжам аталады. Ғылыми болжаудың нәтижесі болып болжамның өзі саналады. Болжам тиісті құбылыстың өткені мен қазіргісі туралы жинақталған ақпараттың жәй ғана сомасы болмайды, оның құрамында осы құбылыстың келешегі туралы түсініктің екі ұштылығын, белгісіздігін азайтатын ақпарат болады.
Болжау тиісті кезең ішінде қылмыстылықпен күрестің мақсаты мен міндетін қалыптастыруға жіне оны жүзеге асыру қызметін, соның ішінде қылмыстылықты ескертуді жүзеге асыруды жоспарлауға көмектеседі. Бұл жерде әңгіме жәй ғана қызметті күтіліп отырған әсер ету объектісіне «икемдеу» турасында емес, қылмыстылықты төмендету (деңгейін азайту, құрылымын жеңілдету), әсер беру және белгілі бір кезеңде және белгілі бір аумақта қылмыстылықты ескертіп және оны мейлінше азайту турасында болып отыр.
Криминологияда болжау белгілі бір шектеуде назардан шығаруға болмайды, бірақ асыра бағалауға болмайтын қылмыстылық пен оның элементтеріне байланысты проблемаларды ғылыми негіздеп зерттеу іс-тәжірибеде де маңызды нәтиже береді.
Криминологиялық болжау мыналарды пайдалануды ұсынады:
а) қылмыстылықтың динамикасымен тұрақты және белсенді байланысқан жалпы әлеуметтік үрдістердің (демографиялық-экономикалық, идеологиялық, әлеуметтік-психологиялық, ұйымдық-басқару және басқа) жай-күйі мен тенденциясын сипаттайтын кемінде өткен он жылдың мәліметтік деректері;
б) криминологиялық болжам қамтитын кезең ішіндегі осы үрдістердің жай-күйі мен тенденциясының жоспарланған (болжанатын) өзгерістері туралы деректер;
в) қылмыстылықтың «реңді» құбылыстарының (маскүнемдік пен алкоголизм, жыныстық аморализм, арамтамақтық өмір салтын кешу, валюталық іс-әрекет және басқа) кемінде кейінгі он жылын сипаттайтын мәліметтік деректер мен зерттеу жетістіктері;
г) алдын алу шаралары мен қылмыстық-құқықтық шаралар жүргізу тәжірибелерін сипаттайтын тенденциялардың (көлемі, құрылымы, және нәтижесі) мәліметтік деректері мен зерттеулерінің таңдаулы жетістіктері;
д) қылмыстылықпен күрестің құқықтық реттеуі мен ресурстық қамтамасыз етілуінің жоспарланған өзгерістері туралы деректер.
Криминологиядағы болжау криминологиялық болжамның қылмыстылық болжамы (тұтастай немесе оны жекелеген құрамы) және жеке қылмыстық қылық болжамы болып екі түрге бөлінеді.
Қылмыстылықтың алдағы жай-күйінің шымылдығын ашатын криминологиялық болжам оның болашақтағы болады-ау деген, қажетті деген сипаттарын анықтап, әрекет жасауды басшылыққа алады. Қылмыстылықпен күрес қоғамдағы барлық келелі істер сияқты жоспарлы түрде жүргізіледі. Жоспар – бұл белгілі бір тәртіпті, жүйелілікті орныдау мерзімі мен жауапты орындаушыны күні бұрын қарастыратын белгіленген шаралар жүйесі. Қылмыстылықпен нәтижелі күрес жүргізу қылмыстылықтың өзіне ғана мақсатты әсер етіп қана қоймайды, оның себептеріне де, оны тудыратын және пайда болуына жағдай жасайтын шарттарына да әсер етеді, яғни тиісті түрде осы күреске қатысушылардың кең шеңберін, әр түрлі деңгейдегі, әр түрлі бағыттағы алдын алу шараларының жоспарларын ұсынады.
Криминолгиялық болжамдар мұндай жоспарлауға қажетті ақпараттық материалдар беріп қана қоймайды, қылмыстылықпен күрес шараларын жасауға бағытталған ғылыми көзқарастардың базасы болып табылады.
Жоспарлау мақсатын жүзеге асыру белгілі бір қағидаларға сүйенеді. Қылмысты ескерту жоспарының қағидалары әлеуметтік-экономикалық жоспарлау қағидаларымен хаттасады. Жоспарлаудың мынадай қағидалары көрінуге тиіс: заңдылық, демократизм, объективтілік және ғылымға негізділігі, нақтылығы және мақсаттылығы, жалғасын табушылығы, үздіксіздігі, бақылаулылығы және басқалары.
Жоспарлау процесінің құрамында үш негізгі кезеңді айрықша көрсетуге болады: талдаулық, болжаулық және жоспарлы шараларды жасау кезеңі. Кезеңдер өз кезегінде мынадай жоспарлау процедурасының мынадай кезеңдерінен тұрады:
- ұйымдастыру-дайындық – бұған жоспарларды жасаушылар құрамын анықтау, жоспарлаудың жекелеген бағыттарына, тараулары мен бөлімдеріне жауапты адамдарды белгілеу, жұмыстардың жоспар-кестесін жасаудың нұсқасы жатады;
- ақпараттық-талдау – мұнда құқық бұзушылықтың деңгейіне, динамикасына және құрылымына әлеуметтік-саяси, отбасы тұрмыстық, экономикалық, құқықтық идеологиялық, мәдени, моральдық және басқа да факторлардың әсер ету дәрежелері туралы мәселелерге жауап қарастырылады; мұнда сонымен бірге, қылмыстылықтың және өзге де құқық бұзушылықтардың жай-күйін, олардың себептері мен шарттарының оқып-зерттеу жөніндегі бағдарлама жасау, алдын алу жұмысының озық тәжірибесін тарату, тиісті ақпараттар жинау, оларды статистикалық өңдеу мен талдау қорытындылар жасау кіреді;
- болжамдық – мұнда құқық бұзушылықтардың алдын алу жүргізілетін шарттарының алдағы ықтимал көріністеріне түсінік беріледі. Болжамдық кезең құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамытуға, бағытталған жоспарлаудың және оның жекелеген бөліктерінің келешегі бар, шындыққа жанасатын мақсаттарын таңдап алуға жағдай жасайды, қандай мәселегеге көңіл бөлуді, міндеттерді қандай ретпен шешуді белгілейді, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі қызметтің болашақ жүйесінің үлгісін жасап, осы үлгілерді жүзеге асыруға қатысы бар шарттардың шеңберін белгілейді;
- жоспар жасау – оған мыналар жатады: алдын алу қызметінің негізгі бағыттарын жәнесоған қатысты жоспардың құрылымын нақты алдын алу шаралары, жауапты орындаушылар мен мерзімін анықтау, жоспарды талқылаудан өткізу, оны толықтырып өңдеу ме бекіту;
- жоспарды орындау – бұл кезеңге тапсырмаларды орындаушыларға жеткізу, орындауға жауапты адамдар мен органдарды анықтау, жоспардың орындалу барысы мен нақтылығын бақылау жатады.
Криминологиялық болжау мен жоспарлаудың түрлері. Криминологиялық болжам күрделі ішкі құрылымдарға ие болып және оған мына элементтерді енгізеді:
- қылмыстылықты оның жай-күйімен, құрылымдарымен және қозғалысымен (динамикасымен) біріктіре болжау;
- қылмыстылықтың себепті кешендерін болжау;
- қылмыстылықтың әлеуметтік зардаптарын болжау;
- қоғамның жаппай, сондай-ақ, жекелеген әлеуметтік топтары мен буындарының криминалдау дәрежесін болжау;
- жеке қылмыстық мінез-құлықтарды болжау;
- қылмыстылықты ескерту, алдын алу мен жолын кесуді болжау.
Криминологиялық болжауды түрге бөлудің айтарлықтай кең тарағаны деп жалпы (әлеуметтік) және жеке (тұлғалық) болжау түрлері саналады.
Жалпы криминологиялық болжаудың әлеуметтік құбылыс, қылмыстылықтың белгілі бір категориялары (қайталанған, қасақана және басқа), қылмыстың жекелеген түрлері және қылмыстылыққа айтарлықтай әсер ететін факторлар кешені сияқты өзіндік объектілері болады. Жеке болжаудың қылмысқа себепкер болатын жеке мінез-құлқы мен факторлары сияқты өз объектісі болады.
Қылмыстылықты болжау дегеніміздің өзі ғылым іс жүзіндгі тәжірибелердің әсерімен алдағы уақыттағы болатын қылмыстылықтың негізгі ағымдарын көре біліп, тек сапалы ғана емес, мүмкіндігінше сандық анықтық пікір енгізе отырып, міндеттер белгілеу мен оларды шешуді бастау кезінен басталады. Мұндай міндеттерді шешу үшін криминология арасында экстраполяция, модельдеу, сараптау бағасын беру сияқты маңызы күштірек арнаулы әдістерді қолдануға мәжбүр болады.
Статистикадағы экстраполяция - өткен ағымда белгілі болғанды келешекте тарату. Экстраполяцияның мақсаты үшін мәні тиісті есептеулерге сәйкес келетін түзу сызықтардың түйісуі. Бұл түзу сызық тренд деп аталады, ол мүмкіндігінше динамикалық қатардың барлық нүктелеріне (мәнімен) жақынырақ жанаса өтуі тиіс.
Криминологиялық болжауда көбірек тараған әдіс – сараптық баға беру әдісі болып табылады. Бұл әдістің мәні құзырлы адамдар тобының сарапшылардың білімі мен шығармашылық қабілеттерін алдағы зерттелетін объектілердің жай-күйін білуге жұмылдыруда. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану үшін сарапшы ретінде, біріншіден, сарапталатын объекті жөнінде жақсы білетін мамандар, екіншіден, бағалауға қатысатын сарапшылардың саны (20-дан 50 адамға дейін) негізгі пікір айтушыны әшкерелеу мақсатындағы мәліметтік өңдеуге жететіндей болуы тиіс. Ең соңында маңыздысы сарапқа түсетін объекті туралы сарапшыдан мейлінше жеткілікті сенімді ақпарат алу үшін жағдай жасау керек.
Жарияланған-2015-09-15 12:07:37 Қаралды-6880
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина