UF

Тақырып. Сүйекті балықтардың қаңқасы.

 

Негізгі  түсінік: Қаңқа. Қаңқа сүйеніш, корғаныш және қозғалыс қызметгерін атқарады, сонымен қатар дененің пішінін, кеңістіктегі қалпын анықтайды, ішкі органдарды қолдайды және қорғайды. Қаңка еттердің жиырылуы нәтижесінде сүйектерді қозғалтуымен бүлшық еттермен бірге қозғалу жүйесін құрайды.

Балық каңқасы сыртқы және ішкі қаңқа жүйесі болып бөлінеді. Сыртқы қанқа (егер ол бар болса) барлық уақытта сүйектен тұрады. Қазіргі дөңгелек ауыздылар мен шеміршекті балықтарда сыртқы қаңқа болмайды. Ең күрделі сыртқы қаңқа бекіре балықтарында болады.

Балықтардың ішкі каңқасы тірек (желі), бас, жұп қанаттардың белдеуі мен тақ қанаттар бекитін сүйектер.

Бас қанқасы. Екі бөлімге бөлінген: ми сауыты (біліктік немесе нейральді бас каңқасы - нейрокраниум) және висцеральді (спланхнокраниум). Ми сауыты мидың және күрделі сезім мүшелерінің корғанышы және жақтар мен желбезек аппаратынын таянышы. Ми қорабы тірек канқасының жалғасы сияқты хорданың алдындағы жұп трабекула және парахордалии шеміршектерінен қалыптасады, кұрылысы бойьшша оның екі типін ажыратады;

 платибазальді - түбі жалпақ, көз шаралары бір-бірінен алшақ орналасқан,   олардың  ортасындағы   кеңістікте  ми  болады   (миногалар  амфистилиялык - жақ аппаратының алдыңғы бөлігі ми сауытының екі бүйіріне екі өскін арқылы, ал арты гиомандибуляренің көмегімеы жалғасады (ертедегі акулалар мен сүйекті ганоидтылар);

гиостилиялык - жақ аппараты ми сауытына тек гиомандибуляре арқылы жалғасады (қэзіргі акулалар, шеміршекті ганоидтылар жэне нағыз сүйекті балықтар);

аутостилиялық - жоғарғы жақ ми сауытымен бітісіп кетеді (бүтінбастылар, қостыныстылар).

Қостыныстылардың қаңқасы бір жағынан қарапайым болса, екінші жағынан - өте маманданған. Ми сауытында шеміршек көп, сонымен қатар теріден пайда болған сүйекті элементтер де дамиды. Шүйде белімінін құрамына алғашқы үш омыртқа кіреді. Шаршытаңдай шеміршегі шеміршекті ми сауытының бүйір бөлімдерімен бітісіп кетеді, сондықган гиомандибуляре өзінің аспа қызметін жоғалтады. Бастың бұндай типі аутостилиялық деп аталады. Астыңғы жақ Меккел шеміршегінен, оның алдынан дамигын тістері бар жабынды - спениальді (sрепіаіе) сүйектерден тұрады.

Әдетте иіссезу бөлімі өре сүйегіне астымен жанасатын тақ иіссезу сүйегінен және жұп бүйір иіссезу сүйектерінен тұрады, дегенмен кейбір балықтарда (шортан) ортаңғы иіссезу сүйегі болмайды. Бұлар хондральді сүйектер, ал төменгі сатыдағы нағыз сүйекті балықтарда олардың орнында жабынды сүйектер болады және олар басқаша: ортаңғы иіссезу сүйегі жоғарғы иіссезу, ал бүйір иіссезу - маңдайалды сүйектері деп аталады.

Есту бөлімі бастың әрбір бүйірінде бес сүйектен құралған: сына тәрізді кұлақтық, қанат тәрізді кұлақтық, жоғарғы құлақтық, алдыңғы құлақтық  және артқы кұлақтық, дегенмен соңғысы кейбір балықтарда болмайды. Жоғарғы және төменгі кұлақтық сүйектерге самайарты сүйек арқылы иық белдеуі жалғасады.

Шүйде бөлімі, шүйде тесігін қоршаған төрт сүйектен тұрады: жоғарғы шүйде, негізгі шүйде және екі бүйір шүйде сүйектері. Қарапайым нағыз сүйекті балықтардың ми сауытында шеміршек көп сақталады.

Тірек қанқасы. Бұл хорда немесе омыртқа жотасы. Хорда немесе арқа желісі, серпінді және майысқақ көпіршікті тканьнен кұралған, сыртында коллагенді талшықтардан тұратын қабығы болады. Хорда ересек бүтін бастыларда, қостыныстыларда және шеміршекті ганоидтыларда сақталады. Басқа балықтарда хорда тек алғашқы даму сатыларында болады, сосын оны қоршай дамитын шеміршекті не сүйекті омыртқалар алмастырады. Миногалардың хордасының үстінде кішкентай шеміршекті таяқшалар - жоғарғы  доғаның бастамасы бар.

Әрбір омыртқа омыртқа денесінен, оның үстіндегі жүйке доғасынан жүйе бұл доға жоғарғы істік есінді болып аяқталады. Омыртқа денесінің төменгі жағында көлденең өсінділер - парапофиздер болады, оған кеуде бөлімінде қабырғалар жалғасқан. Құйрық бөлімінің омыртқаларының парапофиздері өзара бітісіп гемаль доғасын кұрайды, бұл төменгі істік өсінді болып аяқтыды. Жүйке доғасының ішкі қуысын жұлып өзегі (омыртқалардың жұлын өзегімен жұлып созылған), ал гемаль доғасының ішкі қуысын гемаль өзегі (бұнда кұйрық артериясы мен құйрық венасы созылған) деп атайды (22 сур.). Көпшілік балықтардың омыртқалары амфицельді (алды да, арты да ойық), сауытты шортандарда - опистоцельді (алды дөңес, арты ойық).

Бүтін бастылардың, қостыныстылардың және бекірелердің омыртқа денесі болмайды, ал желі - жүйке және гемаль доғалары бар хорда. Бекірелерде хорда шеміршекпен қоршалған. Желінін құрамына кеуде бөліміндегі омыртқалардың көлденең өсінділеріне жалғасқан қабырға да кіреді.

Қабырғалар дәнекер ұлпалы қабаттың талшықтарынан миосептада пайда болады - кұрсақ қуысының таянышы. Қабырға кейбір балықтарда кішкентай - қуысының түгел қамтымайды (ақулалар мен бекірелер), ал кейбіреуінде жоқ - скаттар мен теңіз тебендері. Көптеген балықтардың етінде жүйке доғасына не омыртқа денесіне, не қабырғаға жанаса алатын майда ет сүйектері болады.

Қанаттар мен олардың белдеулері. Арқа және анальды қанаттарының   түсін   пішіні   әр қатай   ет   пішіндей   радиатилер,   иемесе   птергофорлар кұрайды.    Бұларға,   жұқа   тері    қатпаршағын   ұстап    тұратын,    қанат талшықтары  бекиді.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-09 22:15:06     Қаралды-11765

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »