Тақырыбы: Балықтардың дене пішіндері және қозғалысы
Негізгі түсінік: Дене пішіні және пластикалық белгілері. Балықтардың әртүрлі жағдайда тіршілік етуі олардың пішінінің әртүрлі болуына себеп болды. Әсіресе көп кездесетін пішіндер төмендегідей.
1. Ұршықтектес (торпедотектес). Денесі жақсы сүйірленген, тұмсығы үшкір. Бұл типке ұзақ уақыт жоғары жылдамдықпен жүзе алатындар жатады: тунец, скумбрия, албырт.
2. Жебетектес. Денесі ұзын, арқа және аналь қанаттары құйрығына жақын орналасқан Бұл пішінді балықтар ұзақ уақыт жақсы жүзе алмайды. Жасырынып тұрып өзінің жеміне, не жауынан құтылу үшін өте тез қимылдайды (шортан, сарган, сайра).
3. Таспатектес. Денесі ұзын, екі бүйірінен қысыңқы (сығылған). Үлкен тереңдікте тіршілік ететіндер. Жәймен денесін ию арқылы жүзеді. Өкілдері: қылыш балық, майшабақ королі.
4. Жыланбалықтектес. Денесі ұзарған, көлденең кесіндісінде сопақ. Жәймен денесін ию арқылы жүзеді. Бұндай пішінділер: миногалар, миксиндер, жыланбалықтар.
5. Жалпақ. Кейбір балықтардың денесі биік, екі бүйіріненсығылған (камбалалар, тырандар, ай-балықтар), екіншілерінің денесі дорзовентральді сығылған (теңіз шайтаны, скаттар). Су түбіне жақын тіршілік ететін, аз қозғалатын балықтар.
6. Шартектес. Бұндай пішін кірпі-балыққа, пиногорға тән. Судың таязында тіршілік ететін кірпі-балық қауіп туған кезде өзінің ерекшеқабына су толтырып, шарға айналады. Бұндай пішінді балықтар өте жай жүзеді.
Көптеген балықтарды ешқандай топқа жатқызуға болмайды – аралық пішінді болады. Ал кейбіреулері тіпті таңқаларлық (атша-шүберекті, желкенділер, ұзынқұйрықтылар, денесінің көп бөлігін сүйек қаптаған кузовиктер, т.б.).
Қозғалуы. Дене пішіні мен тіршілік ортасының көптүрлілігі балықтардың қозғалу әдістерінің де әрқалайлығының себептері. Олардың үш түрлі қозғалу әдістері белгілі – жүзу, жорғалау және ұшу. Балықтарға жүзу типтік әдіс, ол денесі мен құйрығының бүйір иілуі арқылы іске асырылады. Дененің иілуі бұлшық еттің жиырылуының нәтижесі. Омыртқасы көп балықтар денесін күштірек иеді.Дене құрылысы бүйір иілуге келмейтін балықтар қанаттарының толқын тәрізді қозғалуы арқылы жүзеді (скаттарда–кеуде қанаттары).
Балықтар құрылысының ерекшеліктеріне, физиологиялық жағдайына, судың температурасы мен басқа факторларға тәуелділіктен әртүрлі жылдамдықпен жүзеді. Ең жылдам жүзетін балық семсер балық – сағатына 120 шақырым жылдамдықпен жүзе алады.
Қозғалудың бір әдісі кеуде қанаттарының және құйрығының көмегімен су түбінде жорғалау (жорғалағыш алабұға, теңіз шайтаны, теңіз әтеші). Мысалы, тропикалық аудандардың жорғалағыш алабұғасы құрғаққа шығып кеуде қанаттарының, құйрығының және желбезек қақпағының тікенектерінің көмегімен жорғалайды. Ол дымқыл ауада бірнеше тәулік құрғақтағы омыртқасыздармен қоректеніп тіршілік ете алады.
Ұшу (қалықтау) аз ғана балықтарға тән, мысалы, Әлемдік мұхиттың тропикалық және субтропикалық суларында тіршілік ететін ұшатын балықтар ұзын әрі жалпақ қанаттарын жайып жіберіп жыртқыштардан құтылу үшін бұл балықтар судан секіріп шығады да, біршама уақыт қалықтайды, сол мерзімде 200-400 м жерге бара алады.
Жарияланған-2015-09-09 22:13:16 Қаралды-15923
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану