Тақырып. САҚТАРДЫҢ ҚАРУЫ,ӘСКЕРИ ӨНЕРІ ЖӘНЕ ПАРСЫ ПАТШАСЫ КИРДЫ ЖЕҢУ (б.з.д. 529 ж)
Әскери өнердің дамуында сақ жауынгерлерінің үлкен орны бар. Олардың соғыс жүргізу өнері мыңдаған жылдар бойы жаулары мен достарының назарын аударып келді,әрі ежелгі құл иеленуші мемілекеттердің әскери өнерінің мамуы-на езіндік әсерін тигізді. ежелгі әскери теоретиктер сақтардың әскери өнерін зеттей келе,олардың ерекшеліктерін көрсетті және пайдалануға кеңес берді.
Сақтардың негізгі қаруы садақ пен ұзын найза болды. Сақ садақтары екі сеппелі бөліктен тұрды: сыммен жалғастыры-ла тартылған қос мүйіз.
Геродот айтқандай,сақтар садақты кеудесіне емес,иығына койып атқан, олар оң иыққа да, сол иыққа да қойып ата берген. Сақ жауынгері – ол атты садақшы Авдиевтің айтуынша, оның күші – «жебе де, қорамсаппа және болдыруды білмейтін жүйрік атта». Садақ пен найзадан басқа, сақтарда қысқаша қылыш және арқан болды.
Сақтардың қорғаныс құралдары қалқан, сауыт, бас киім болды. Қалқан шағын ғана болды, теріден жасалды. Сауыт алғашында мыстан, кейіннен темірден жасалды, денеге тиіп тұрады, бірақ жауынгердің қимыл қозғалысына кедергі жасамады.
Сақ әскерлері жеке топтан рулық топ тұрды.
Бірнеше отряд тосқауыл жасау үшін алдыға жіберілді және бұларды қолдану үшін қосымша күш жұмсалды. Негізгі мақсат майданның тұтастығын бұзу болды. Ұрыс шебін атты әскер құрады, жаяу соғысқан жоқ.
Сақтар, негізінен өз жауын күшпен емес, айламен алды. Соғыс, әдетте, күтпеген жерден шабуыл жасау түрінде басталып отырды. Тұтқиылдан шабуыл жасап жауынның есін жиғызбастан арғы жағына өте шығуға ұмтылды немесе өтірік шегініп қапыда қарсы шабуыл жасады. Соғыс табысты өткен жағдайда сақтар жауын толық талқандағанша қуалап толық жойып жіберуе ұмтылды. Ал жеңіске ұшыраған жағдайда, айқасты өздерінің пайдасына шешілгенше жалғастыра берді.
Сақтарда үнемі жайылым жетіспеді. Олардың күшін әлсіреткен ең басты нәрсе тайпалар арсындағы қақтығыстар болды.
Б.з.д. VI ғасырдың II жартысында Иран жеріндегі Парсы мемлекетті жаулап алу соғыстарын жүргізді. Парсы патшасы Кир Кіші Азияны жаулап алғаннан кейін Окс ( Әмудария) және Яқсарт (Сырдария) өзендерінің арасын мекендейтін сақ тайпаларына ( Массагеттерге) басып кірді. Томерис патша басқарған Массагеттерге аса күшті жаумен соғысуға тура келді. Сақ жауынгерлерінің де күші әлсіз еместі. Сақ әскері тез қимылдайтын етті, соғыс ісінің үздік шеберлері болатын. Олардың ең басты ерекжелігі әрі артықшылығы – олар қыр-сырын жақсы білетін өз жерлерінде соғысты.
Б.з.д. 529 жылы Парсы әскерлері Оқс өзенінен өтіп, бірнеше сақ отрядын талқандады. Томерис өз жеріне жаузы тереңдей енгізіп, шақтауға апрып талқандау үшін, өз жауынгерлеріне жылдам кері шегінуге бұйрық берді. Жеңіске мастанған Парсылар Сақтардың соңынан қуып берді де, сақтар алдын ала ойлағандай шатқалға жетіп, Парсылар құрылған қақпанға тап болды.
Осы шатқалда парсылар түп-нұсқасымен талқандалды, Кир патшасы өлтірілді. Юстиннің айтуынша, осы ұрыста Сақтар 200 мың Парсыны құртып жіберген. Бұл сан ұлғайтылып көрсетілген шындығында, бірнеше ондаған 1000 Парсы құртылған. Өйткені олар ( Парсылар) үнемі үздіксіз соғысып отырғандықтан өз тайпаларының есебінен жауынгерлер саны толықтырылып отырса да, тек ондаған мыңға жеткенін алайда, 200мың болмағандығын байқауға болады.
Соғыс ісін жүргізуде, атап айтқанда, жаппай соғысқа кірісуде де, жеке жеке шабуыл жасауда да сақ соғыс өнерінің өзіндік ерекшеліктері болды. Сақ стратегиясы соғыста күшті дұрыс бағалай білумен, оны өз пайдасына өзгерте алуымен сипатталады. Жаудың күші сан жағынан басым түскен жағдайда сақтар соғысқа кіріспей, әдейі өз жерінің ішіне ғана шегініп отырды. Жау күші әлсіреген жағдайда, шегінер жолын кесіп, оларды қоршап алып, құртып жіберуге тырысты. осылайша сақтар соғыс барысында күшті өз пайдасына бұруда бірінші болып стратегиялық шегініс жасау әдісін қолданды.
Сақтардың соғыс жүргізу әдісінің де өзіндік ерекшелігі болды. Сақтар әскерді өзара келісімге келіп отыратын екі топқа бөлді: бірінші отряд соғысқан жауға қарсы майданға шыққанда, екіншісі жау тылында немесе жау шегінген жағдайда соққы беруге дайын тұрды.
Сақтар бұл әдісті ескі Грек – Рим авторлары атаған «Кіші соғыстарда» кеңінен пайдаланды. Олар кедергілер жасады. Алдап түсірді, күндіз де түндеде тұтқиылдан шабуыл жасап, тез жоқ болып кетіп отырды.
Жарияланған-2015-09-09 21:58:08 Қаралды-15756
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану