Тақырып. Экономикалық өсу теориясы.
1. Экономикалық өсудің неокейнстік теориясы.
2. Экономикалық өсудін тарихи-институционализм және ретроспективті концепциялары.
3. Шығыс және Орталық Еуропадағы елдердегі негізгі теориялық концепциялар
Неолиберализм экономика ғылымының бір бағыты ретінде XX ғасырдың 30-шы жылдарында Германияда, еркін кәсіпкерлік туралы философиялық кезқарастың дағдарысы кезінде қалыптасты. Оның лидері- Фрайбург университетінің профессоры Вальтер Ойкен (1891-1950). Осыған байланысты неолиберализм теориясының жақтаушылары Фрайбург мектебін құрды. Ойкеннің өзі Фрайбург мектебінің дамытқан концепциясын ордолиберализм (латын тілінде огсіо- қатар, тәртіп мағынасын білдіреді) деп атады.
Жалпы неолиберализм бағытының әр түрлілігі кездеседі: Австрия мен Швейцариядағы неолиберализм (неомаржинализм), Франциядағы неолибералды дирижизм және Германиядағы неолиберализм (ордолиберализм). Осылардың ішіндегі соңғысының маңыздылығы басым. Себебі Германияда неолиберализм бағытының теориялық және практикалық жағдайда қалыптасуының шарттары мен мүмкіндігіболды:
-Германия басқа батыс елдеріне қарағанда капиталистік даму жолына кештеу түсті;
-феодалдық сарқыншақтардың ұзақ уақытқа сақталуы;
-Германияны қоршаған батыс елдеріндегі әлеуметтік шиеленістердің ершуі;
-экономистердің теориясын ең басты пайдаланушы әрі оған сұранысты қалыптастырушысы болып мемлекеттің табылуы;
-экономистердің көзқарастарына Г.Гегель (1770-1831) философиясының әсері (ол үкіметті халық рухының ең жоғарғы бейнесі деп есептеді).
Осы жағдайларға байланысты классикалық мектептің еркін бәсекелестікке негізделген көзқарастары германия экономикасына жарамсыздық танытты. Германия буржуазиясының өзінің сыртқы бәсекелестіктеріне қарсы тұруы үшін үкіметтің қолдауы қажет болды.
Сондықтан германиядағы экономикалық ойлар өздерінің назарын әр түрлі әлеуметтік институттардың, соның ішінде бірінші кезекте үкіметтің экономикалық рөліне аударды.
Сондықтан да неолиберализм бағытындағы Германия тармағының басқаларға қарағанда ықпалы күшті болды.
В.Ойкеннің көзқарастарына көп жағдайда зор әсерін тигізген М.Вебердің қоғамдық өмірдің идеалды түрлері туралы ілімі болды. Ойкеннің пікірінше экономикалық құрылыстың екі негізгі түрі бар: орталықтан басқарылатын шаруашылық және рыноктық шаруашылық. Біріншісінің өзі екі түрге бөлінеді. Оның бірі ұсақ бір- бірімен байланыссыз шаруашылық, яғни натуралды шаруашылық түрінде көрінеді. Мұндағы барлық экономикалық іс- әрекеттер олардың иесінің- патриархалды отбасының қожасы, құл иеленуші, помещик, т.б. еркіне бағынады. Екіншісі- халық шаруашылығы, яғни барлық экономикалық шаруашылық орталықтанған әкімшілік аппараттың үкімі арқылы жүргізіледі. Бұл әкімшілік өз мудделерін ғана ескеретін, ешбір бақылаусыз билік тобын құрады. Бұл билік тобы қоғам мүддесін қанағаттандыра алмайды.
Ойкеннің пікірінше рынок көп түрлі. Рыноктық шаруашылықта ұсынысты ұйымдастырудың 5 түрлі формасы, сәйкесінше сұраныстың да 5 түрлі ұйымдастыру формасының болуы мүмкін: бәсекелестік, ішінара олигополия, олигополия, ішінара монополия, монополия. Бұлардың әртүрлі комбинациясы рыноктың таза 25 түрін құрайды. Экономиканы олигополия мен монополия арқылы реттеу- экономиканы толық бәсекелестік пен орталықтанған әкімшілік басқарудың аралық формасы болып табылады. Бұған қосымша кейбір елде экономиканы басқарудың жекеше түрлері де қатар өмір сүруі мүмкін Басқарудыңмұндай комбинациялықтүріне Ойкең әкімшілік басқару кейбір рыноктық элементтерді бойына сіңіріп үстемдік құрған кеңестік экономиканы жатқызды.
Дәстүрлі либералдар мен жаңа австрия мектебінің теоретиктерімен салыстырғанда Ойкен экономикаға мемлекеттің араласуын мойындайды.
Ойкен мемлекеттің экономикаға тікелей әсер ету саласына экономикалық институттарды, ең бірінші кезекте бәсекелестікті дамыту институтын жатқызды. Өйткені еркін бәсекелестікті дамыту арқылы ғана жеке меншікке бақылау жүргізуге болады, нәтижесінде жеке меншік ез иесінің қажеттілігін қанағаттандыра отырып, жалпы қоғам игілігіне қызмет жасайды деп тұжырымдады. Сондықтан бәсекелестікті қорғауды Ойкен мемлекеттің міндеті мен қызметіне жатқызды.
Еркін бәсекелестікті мемлекет тарапынан қамтамасыз ету дегеніміз монополияға жол бермеу болып есептеледі. Осы себепті Ойкен монополиялық құбылыстарды бақылау мекемесін құруды ұсынады.
Германиядағы ұлттық- социалистік диктатура кезінде неолибералдық бағыт қудалауға ұшырады, себебі ол экономиканы жан- жақты мемлекеттік билеудің гитлеризмдік курсымен үйлеспеді. Үшінші рейх күйреуге ұшыраған соң ғана неолиберализм әлеуметтік рыноктық экономика концепциясына түрлену арқылы өмірге қайтара келді. Бұл концепцияның атын алғаш ойлап табушы неміс профессоры Альфред Мюллер Армак (1901-1978), бірақ оны ғылыми айналымға кеңірек енгізген, Гитлер үкіметі тұсында Швейцарияға жер аударылған неолиберал Вильгельм Рёпке (1899-1966).
Әлеуметтік рыноктық шаруашылық теориясының авторлары басқа экономика либералдары секілді, еркін бәсекелестікті рыноктық шаруашылықты орталықтан басқарылатын экономикаға қарсы қойды.
ХІХ ғасырдың либералдары мемлекеттің экономикадағы іс-әрекетінің салық жинау мен ақша эмиссиясымен ғана шектелу керектігін талап етіп қойды.
Фрайбург мектебінің идеясын жалғастырушылармемлекеттің экономикаға белсенді араласуы керек ,ц0гі есептеді.
Біріншіден, еркін бәсекелестігі бар рыноктық шаруашылыкта монополияның өмір сүруі қарама- қайшылықты жағдай тудырады. Мұндай жағдайда мемлекет монополияны болдырмауға қарсы шаралар жасауы тиіс немесе монополияга бақылау жүргізуі керек. Мемлекет еркін баға құрылымы мен бағалық бәсекелестікті қамтамасыз етуі керек. Кейбір жекелеген неолибералдар, мысалы Александр Рюстов (1885-1963) монополияны мемлекет меншігіне айналдыру керектігін ұсынды.
Екіншіден, мемлекеттің экономикаға араласуын тек шаруашылық мақсаттар ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және саяси мақсаттар да мәжбүр етеді. Өзінің іс- қимыль, шектеусіз рыноктық шаруашылықтың жағымды әрі жағымсыз әлеуметтік салдарлары бар: табыс айырмашылығындағы тым алшақтық, жекелеген әлеуметтік-демографиялық топтардың жағдаймен қамтамасыз етілмеуі, құлдырау жағдайына байланысты жұмыссыздықтың өсуі т.б. Осыдан барып туындайтын саяси тұрақсыздық, экстремистік қозғалыстар. революциялық дүмпулер. Сондықтан мемлекет аз табысты тұрғындардың пайдасына икемдеп кейбір табыстардын бөлінісін салық және бюджеттік қаржыландыру арқылы әлеуметтік бағдарлама ретінде жүргізуі тиіс. Бұл қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Әлеуметтік рыноктық шаруашылықтың кейбір теоретиктері, әсіресе А.Рюстов белгілі бір жағдайда бәсекелестікті де реттеу қажеттігін айтады. Өйткені бәсекелестіктің салдары рынокта ұтылыс тапқандардың жағдайын одан әрі қиындатады, этикалық тұрақтылыққа кері әсерін тигізіп, адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстарды әлсіретеді.
Әлеуметтік қатынастарға байланысты экономиканы мемлекеттік реттеуде әлеуметтік рыноктық шаруашылық теориясының өкілдері Ойкен позициясынан алшақтағанын байқауға болады. Өйткені Ойкең мемлекеттің табыстарды кедейлердің пайдасына икемдеп бөлуіне қарсы пікір ұстанды. Классикалықлиберализм- мемлекеттіңтүнгікүзетші рөлін атқаратын концепциясымен сипатталады: оның функциясына- азаматтардың мүлкі мен тыныштығын қорғау жатады. Ал әлеуметтік рыноктық шаруашылық теориясын жақтаушылар үшін, В.Рёпкенің айтуынша, мемлекет- футбол ойынындағы ойыншылардың ойын ережесін сақтауына кепілдік беретін төреші.
Макроэкономикалық дамудың шартын неолиберализм өкілдері ақша айналымының тұрақтылығымен байланыстырады. Сондықтан экономикалық дағдарыстардың болуын олар ақша- несие саясатының дұрыс жүргізілмеу себебінен іздейді.
Неолиберализм өкілдері инфляция құбылысын экономика үшін аса қауіпті деп санады. Олар экономиканы тапшы қаржыландыру көмегімен реттеуге болатын кейнсиандык концепцияға қарсы болды. Тіпті, олардың тұжырымдамасы бойынша экономикалық өсуді қамтамасыз ету мемлекеттің тікелей саясатына жатпайды. Мемлекеттің саясаты олар үшін, экономикалық өсуге өздігінен алып келетін еркін бәсекелестікке жағдай жасауға, оны қорғауға бағытталуы тиіс. Мемлекеттің инвестициялық қызметін еркін рынокты шаруашылықтың принципіне жат қылық ретінде теріске шығара отырып, олар экономикалық тепе- теңділікті еңбек ресурстарының толық жұмысбастылығымен байланыстырмайды. Неолиберализм екілдерінің теориялық талаптарынан туындайтыны, олар қаржы- экономикалық саясаттың мәні ақша айналымының тұрақтылығын, мемлекеттік бюджет пен төлем балансының тепе- теңділігін қамтамасыз етуде деп түсінеді.
70-ші жылдары әлеуметтік рыноктық шаруашылық теориясы кейбір өзгерістерге тап болады. Жаңа теориялық моделде мемлекеттің экономикаға әсерінің шеңбері ұлғаяды. Кейбір экономикалық және әлеуметтік жағынан маңызды дегенжекелегентауарлардың: ауыл шаруашылығыөнімдері, электр энергиясы, көлік қызметтері т.б. бағасын мемлекеттік реттеудің мүмкіндігі мен орындылығы мойындалады. Бұл мемлекеттік реттеу тікелей түрде, мемлекеттік кәсіпорындар үшін, және жанама түрде- кейбір шаруашылықтың жекелеген кәсіпорындары үшін субсидия арқылы жүргізілу мүмкіндігіне ие болды. Жаңа неолибералдық моделде тікелей мемлекеттік инвестицияға да жол берілді. Бұл инвестициялар тауарлары әлемдік рынокта жоғары бәсекелестікке ие, халық шаруашылығының қарқынды салаларына бағытталды
Әлеуметтік рыноктық шаруашылық теориясы екінші дуниежүзілік соғыстан кейінгі Германия үкіметінің жүргізген экономикалық саясатының негізін құрады. Осы теорияны негізгі әзірлеушілердің бірі, экономика профессоры, экономика министрі, одан соң федералдық канцлер Людвиг Эрхард (1897-1977) болды.
Аденауэр- Эрхард үкіметі өздерінің мемлзкеттік доктринасы ретінде неолиберализмді ұстанды. Жалпы Эрхард әлеуметтік рыноктық шаруашылықты капитализмнің де социализмнің де баламасына жатқызды.
Ұсынымның экономикалық теориясы езінің мағыналыль жағынан екінші неоконсерватизм мектебіне жатады. Ол 18 ғасырдың 70 жылдары кейнстік ілімнің дағдарысы кезін қалыптасты.
Ұсынымның экономикалық теориясы монетари - теориясымен салыстырғанда іргелі теория, ол барлы неоклассикалық теорияның идеялық, теориялық тәсілдері кеңінен қамтиды. Бұл теория негізінен консерватизм (ес тәртіпті сақтауды жақтайтын) өкілдеріне жатады және американдық экономикалық романтизм, прагматизм, саяси демогогия (дақпыралық) қоспаларынан шықан.
Біріншісі- оның методологиясы, ол екі мектептің. неоавстриялық және монетаризм мектебінің синтезі.
Неоавстриялык мектепті кұрған АҚШ-та қызмет атқарушы австоиялықтар. Оларға Людвиг фон Мизес (1881-1973) және оның оқушысы Фридоих Август фон Хайек (1889-1924).
Неоавстриялықтар- таза рынокты жақтаушылар және консерваторлар. Ұсынымның экономикалық теориясьіның өкігиәрі оздерінің ілімінде Ф.Хайектің ұсынған төрт түрлі тезисіне сүйенеді. Ф.Хайектің бірінші тезисі рыноктың монополиялык тәртібі. Ф.Хайектің пікірінше, экономиканың күрделілігі соншалықты, оның объективті заңдарын адамның ақыл-ойы түсіне бермейді. Сондықтан экономиканы реттеудің ең жаксы құралы смиттің "көрінбейтін қол механизмі" болып табыпады. Мемлекеттің рынокка араласуы экономикада бүлінушілікті тудырады. Хайектің ойынша "керінбейтін қол механ.измі" біріншіден, адамныңжекелеген еркін іс- қимылына сәйкес. екіншіден, шектеулі ресурстарды тиімді бөледі, үшічшіден. сұраныс, ұсыныс. баға құрылымы туралы дұрыс ақпараттар бере алады.
Хайектің екінші тезисі рыноктың таза болуын білдіреді. Оның ойынша мемлекет рынокты бүлдіреді, сондықтан да ол экономиканың мемлекеттік реттелуі туралы кез-келген шешімге қарсы. Ф.Хайек- Маркс ілімінің жанды қарсыласы. Ол мемлекеттің экономикаға араласуын "зиянды ез-езіне сенушілік" деп атады.
Хайектің үшінші тезисі- бюджеттің қайта беліну саясатын сынға алады. Бюджеттің қайта бөлінуі экономика мен қоғамға зиянын тигізеді, өйткені теңсіздік міндетті түрде болады. Бұл-рыноктың нәтижесі ғана емес. оның қажетті алғы шарты да.
Хайектің төртінші тезисі- кәсіподақтарды сынға алады. Кәсіподақтар, Хайектің пікірінше, еңбек нарығындағы мочополистер. Олар да рынокты ластайды, сондықтан олармен де күресу қажет деген пікір айтады.
Дегенмен ұсынымның экономикалық теориясының кейбір өкілдері Ф.Хайектің пікірімен барлықжағынан келісе бермейді. Олар Хайек секілді экономикадан мемлекетті толық шеттетуді емес, экономиканы мемлекеттің реттеуін төмендету шараларын ұсынады. Ұсынымның экономиклық теориясы бойыгша мемлекет екі мәселемен айналысуы қажет: 1) экономикалық өсуді қамтамасыз ету; 2) инфляцияны шектеу. Бұл теорияның пікірі монетаристердікінен де өзгешеленеді. Монетаристер айнылыс сферасын негізге алса, бұлар өндіріске көбірек назар аударады.
Ұсынымның экономикалық теориясының екінші ерекшелігі-жұмыссыздық теориясында жатыр. Ұсынымның экономикалық теориясының жақтаушылары әлеуметтік кепілдік жүйесіне толығымен қарсы.
М.Фелдстейн- әлеуметтік шығындардың, салықтың, ақша жинағының, инвестицияның, жұмысбастылықтың динамикалық қатарын жасады. Осыларға талдау жасай отырып, ол әлеуметтік шығындардың есебінен жұмыссыздықтың азаятыны туралы тұжырымға келді.
Фелдстейннің қарсыластары оның моделіне бірқатар сынақтар жүргізді, бірақ нәтиже шықпады. Оның қарсыластарының пікірі бойынша Фелдстейн өзінің моделіне қатты шектеу қойған. Сондықтан оның қарсыластары осы Фелдстейн моделіне ұқсас модель жасап шығарды. Нәтижесінде.бұлардың жасап шығарған моделіне сәйкес ұлттық табыстың дамыған елдерде 5%-і, ал Африка елдерінде 80-90%-і өндірілмей қалды. Осыдан кейін Фелдстейннің қарсыластары осы моделді АҚШ-тың мәліметтерімен салыстырып тексергенде оның іс- әрекетке қабілетсіздігін байқады. Нәтижесінде, Р.Рейган М.Фелдстейннің еңбектері бойынша экономикалық мүмкіндіктерге кеңес беруші ұлттық кеңесті таратып жіберді.
Ұсынымның экономикалық теориясының үшінші ерекшелігі- инфляция мәселелері. Бұл мәселе бойынша олар ақша массасын шектеу қажеттілігі туралы М.Фридменмен пікірлес. Бірақ бұл мәселені шешуде олардың арасында шамалы айырмашылық бар.
Фридменнің пікірінше бюджет тапшылығы жағымсыз болса да шынайы болатын құбылыс. Онымен санасып, келісім жағдайда болу қажет. Ал ұсынымның экономикалық теориясының жақтаушылары бюджет тапшылығымен келіспейді. Олардың ілімі бойынша бюджет тепе- теңділік жағдайда болу кажет. Олардың пікірінше, мемлекет шенеуніктеріне бюджет билігінде осалдық жібермеу керек. Сондықтан конгресс бюджеттің тепө- теңділік жағдайын қадағалап отыруы қажет.
Ұсынымның экономикалық теориясының төртінші ерекшелігі- экономикалық өсу теориясы. Олар экономикалық өсу теориясының өзіндік дербес концепциясын ұсынады. Бүл концепциядағы негізгі фактор- жинақ ақша. Экономиканың тұралаушылығын, немесе тоқыраушылығын олар экономикалық есім үшін қажетті ақша жинағының тым аздығымен түсіндіреді. Оның негізгі себебін рынокка жасалатын мемлекет тарапынан болатын қыспақ арқылы қарастырады. Осының әсерінең біріншіден басқарушы партиялардың өзгерісі кезінде рыноктың саяси тұрақсыздығынаң тұрғындар рыноктан ақшаны жылдам "лақтырып" тастайды. Екіншідон. салық салудың жогарылығы инвестицияның төмендеуіне әкеледі. Сондықтан қалыптасқан жағдайды түзеу үшін. экономикалык ұсыным теориясының әкілдері мемлекетті рынокқа араласгырмауды үсынады. Нәтижесінде валютаның тұрақтылығы артады. Бұл жерде олардын М.Фридмен пікірімен санасатындығы байқапады. Дегенмен Фридмен мемлекеттік реттеуде ақша саясатына сүйенсе, ұсынымның экономикалық теориясының өкілдері салық реформасына сүйенеді. Олардың ұсынысы бойынша қорлану механизмін қаита құрып. өндіріс тиімділігін арттыруға қолайлы ; жағдайлар жасау кажет. Ал бұған шамадан гыссалықтар мен инфляция кедергі жасайды. Мысалы, жоғары салықтар кәсіпорындар пайдасының 70%-не дейін алып, қаржыландыруды шектейді, несие ресурстарының қымбаттауына әсер етіп, несие қаржылаоын пайдалануды шекгейді. Сондыктан кәсіпкерлер мен үй шаруашылықтарына салық жеңілдікгерін беру керек немесе темендету қажет. Бірақ әуелі инвестиция мен жоғары табысты азаматтардың салығын төмендегу керек, 5ұл жинақ ақшзлардың тезірек инвестицияға айналуына әкеледі. Инвестиция өсуіне қарай жұмыс орыңцары да артады.
Былай қарағанда ҰЭТ (үсынымның экономикалық теориясы) жақтаушылардың пікірінше, олардың концепциясы тек дәулетті адамдар үшін ғана тиімді секілді. Шын мәнісінде. бұл жерде барлық табыстағы адамдар, соның ішінде аз табысқа ие жұмыс алушылар да ұтысқа шығады. Мысалы. олар үшін салықтың төмендеуі, қосымша жұмысқә қызығушылықты, ынталылықты өсіреді, еңбекақы есімін қалыптастырады, нәтижесінде жұмыс күшінің ұсынысы артады.
80 жылдардың басында сапық жүйесін реформалау (қайта құру) туралы ой- лікірді негіздеуші Артур Лаффер болдыА.Ласрфер ұсынымның экономикалық теориясының белгіг; өкілдерінің бірі. Оның атын әлемге әйгілеі ен "ЛафФер хисыш болды. Бұл қисық сызық салық мөлшерлемсі жоғарылаған кезде мемлекеттің табысының, салық түсімдерінің есебікек әуелі артатынын көрсетеді. Бірақ, егер салы.қ ме-лшерлемес; белгілі бір шекарадан асқанда (А нүктесінен). салык салудаи түсетін, табыс кемиді. Мұның себебі, тым жоғары салык мэлшері адамдардың болашақ экономикаға қызмет жасзу ынтасын жоғалтады. Осы шекарадан (А нуктесінен оні-а қарай і салық молшерлемесі асқан сайын, олардың жүмыска дегек ынтасы туседі, нәтижесінде мемлекет казынасына тусе~:.-; табыс та азаяды. Егер салық мөлшерлемееі одан өрі тұрақты турде жоғарыләй берсе, ерте ме кеш пе ол эшбір адамкың жұмыс жасағысы келмейтін денгейге жетеді, демек, салык.г. -н қазынаға түсуі де тоқтайды.
Неоконсеовативтік теорияның басқаша тармағы утымды (қолайлы) куту теориясы деп аталады. Бұл теория да өткен ғасырымыздың 70- жылдары қолданыла бастады. Қолайлы куту теориясының өзіне тән алғы шаргтары бар: теориялык тұрғыда олар терендігімен, прәктикалық түжырым-дамаларының ерекшеліктерімен айырықшаланады Сондықтан да бұл теорияны "жаңа классикзлык теория) де:: те атайды (неоклассикалық геориямен шатыетырмзу қажет). "Жаңа классиктер" микро және макро^кокомиканың қарама-қарсы бағытта қарастырылуына қарсы; олардың талдану аспектісінің ерекшеліктері болғанымен, объектілері бір-адамдардың экономикалық іс- әрекеті. "Жәңа классиктер" субъектілердің мінез-құлқын микро немесе макро моделінде болмасын, олардан тәуелсіз экономикалық у гымдылық тезисі тұрғысынан қарастырады.
"Жаңа классиктердің" апдыңғы қатарындн 1 Эбт жылы " Қолайлы күту және баға қозғалысы теориясы мәқаласын жариялаған американдық экономист- математик Джон Мут(1930 жылы туған) тұрды.
Жаңа классиктердің негізгі идеяларының бірі экономикалық объектілердің қолда бар мәліметтерді толық пайдалана отырып, алдағы экономикалық процестерге болжау жасауы, осыған байланысты сәйкесінше шешімдер қабылдауы. Мысалы, экономикалық объектілердің болашақтағы баға деңгейін болжай отырып, ағымдағы және келешектегі тұтынуды белгілей алады. Бірақ кейбір жағдайда экономикалық обьектілердің қолда бар мәліметтердің негізінде жасаған шешімдері теріс те болып шығуы мүмкін немесе әр түрлі бағалау нәтижесінде теріс шешімдер қабылдауы мүмкін. Сондықтан "жаңа классиктер" экономиклық объектілердің тиімді күтуі экономикалық жағдайлардың тұрақтылығында ғана ез-езін ақтайтынын мойындайды. Егер экономикалық тұрақтылық жағдайы болмаса, мысалы қарқынды инфляция кезінде, экономикалық объектілердің өткен жылдардың тәжірибесіне бағдар жасауы оңтайлы нәтиже бере қоймайды.
Мут идеялары 70-ші жылдары сұранысты ынталандыруға байланысты кейнсиандық саясаттың құлдырауынан кейін қолдау тапты. АҚШ-тағы қолайлы күту мектебінің қалыптасуына басшылық жасаған Роберт Лукас (1937 жылы туған) болды. Р.Лукас пен қатар, бірақ одан тәуелсіз американдық экономистер Томас Сарджент (1943 жылы туған) және Нейл Уоллес (1939 жылы туған) кейнсиандық саясаттың сәтсіздігін үкіметтің қысымы арқылы түсіндіреді.
Мемлекеттің экономикаға араласу қажеттілігін мойындай отырып, "қолайлы күту"теориясыныңжақтастары кейнсиандық және монетарлық экономикалық саясатты тиімсіз деп санайды. Сондықтан жалпы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін ең алдымен саяси ойлау әдісін езгерту қажет. "Қолайлы күту" теориясында тепе-теңдік ездігінен пайда болмайды деп керсетіпеді. Сондықтан, экономикалықтеорияныңаса маңызды міндеттерінің бірі экономикаға мемлекеттің араласуының әдістері мен шектерің түрлерін таңдай білуінде жатыр.
Уақыт факторын енгізуші Р.Лукас пен оның жақтастары қолайлы күту теориясынан туындайтын мемлекеттің экономикаға араласуының нәтижесіздігі туралы тезиске түзетулер жасайды. Олар мемлекеттің жасаған шаралары экономикалық субъектілер үшін тұтқиылдан, күтпеген жағдайда ғана экономикаға әсері болатынын мойындайды. Бірақ бұл тек қысқа мерзімде ғана тиімді.
Жаңа классиктер үкіметтің экономикаға ұзақ мерзімдік ықпалының тиімділік мүмкіндігін теріске шығарды десек дұрыс болмаған болар еді. Олар институциональдық саясат жүрпзудегі мемлекеттің теріс жақтарын байқай білді. Олар экономикалық ұйымдарда оң шешімдер қабылдауға көмектесетін тұрақты ережелер жасауды қолдады. Бұл мемлекетке рыноктағы өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекетін алдын ала болжауға мумкіндік беріп, түскен мәліметтерді дұрыс бағалауын қамтамасыз етеді.
Қолайлы күту мектебі өзінің танымалдығы жағынан 80-ші жылдардың алғашқы жартысында Чикаго мектебінен кейінгі орынды иеленді. Олардың кейнсиандық саясатқа қарсы бірқатар мәселелерінің ортақтығына байланысты кейбір экономистер "жаңа классиктерді" Чикаго мектебінің тармағына жатқызады. Шындығында екеуінің арасындағы айырмашылық алшақтығына сәйкес, Чикаго мектебін неоконсерватизм бағытына жатқызғаннан гөрі монетаризм ілімі шеңберінде қарастырған дұрыс.
Жарияланған-2015-09-08 18:18:39 Қаралды-4538
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина