UF

Тақырып. Экономикалық ғылымдағы әлеуметтік-экономикалық бағыты.

 

1. 20 ғасырдың басындағы Американдық институционализм

2. Жаңа институционализм

3. Ұзақ мерзімді экономикалық тербеліс пен коньюнктура теориясы

4. Бәсеке және монополия теориясы    

 

1917-1945 жылдар арасында бәсекеде әлемдік үлкен өзгерістер болды: қоғамның жаңа түрлері өмірге келді, капитал демократизацияланып, мемлекеттік тоталитарлық, мемлекеттік социализм, фашизм және т.б. әлеуметтік жүйелер пайда болды.

Бүл әлеуметтік процестер экономикалық ой-санаға экономикалық ілімге де өз ықпалдарын тигізді.

Жаңа экономикалық бағыттар пайда болды.

-  Институционалдық теория (Т. Веблен, Д. Коммонс, У.Митчелл) " 

-  Неолибералистік бағыт (М.Вебер, В.Ойкен)

- Аралас экономикалық теория, экономикалық өсу.

1929-1933 жылдары, капиталистік елдердегі үлкен депрессия кезеңінде Батыс Европада маржинализм-экономикалық теориясы үстемдік стті. А. Маршалл, Л. Вальрас неоклассикалық дәстүрлсрді жалғастырды. Баға мсн табыс еркіндігін, мсмлекеттің экономикаға араласуына қарсы "Іаіssег fаіге" ережелерін ескс салды. Л. Вальрас, Ф. Визер рыноктық қатынастармен қатар мсмлекеттік реттеуді қажет деп түсінді. А. Пигу рыноктың қатесін сезді. Э. Чемберлен жетілмеген бәсеке теориясын жасады.

Бірақ бұлардың бәрі неоклассикалық принципті жақтады. Экономикалық либерализм кәсіпкер еркіндігі алдында бас иеді. А.Л.Роббинсон, Ф.Хайек, Э.Чемберлен дағдарыстың себебі - жалақының икемсіздігі, ірі компаниялардың бағаға бақылау жасауы ден түсіндіреді.

1929-1933 дағдырыс жылдарында институционализм теориясыныи беделі тез өсті. Оның авторы Т.Вебленді американың "Марксы" деп атады. Жаңа тарихи мектептің бір бағыты ретінде институционализм – екі  мағынаны білдіреді:

1. Институция - тәртіп, дәстүр, берілген, қальштасқан.

2. Заң - мсмлекеттік мекеме немесе белгілі ұйым түрінде дәстүр мен ережесін бекіту.

Т. Вебленнің экономикалық ілімі.

Институционализм - қоғамның дәстүрлерін, құқылық заңдарын жүзеге асыру үшін халықтар мен топтардың ойлау жүйесін тұрақтандырып, оны басымырақ етеді. Институттар адамдар қызметінің шегі мен түрін анық белгілейді. Шын мәнінде "институт" термині экономикалық және экономикалық емес тәртіпті қамтиды. Бұлар мемлекеттік заңдарды шығару және ұлттардың дәстүрлі қоғамдық жүйесін ұйымдастыру тәртіптері.

Методикалық жағынан институционалдық бағыт-әлеуметтік нысандарға, адамның экономикалық тәртібіне, олардың дәстүрлі, қүқылық нормасына ықпал жасайды.

Институционализм капитализмнің әлеуметтік қайшылығын көрді және оны реформалауды ұсынды. Абстракциялық тәсілге сенбей, шындықты суреттеуге шақырды. Оның көрнекті өкілдері - идеологтары Торстейн Веблен (1857-1920), Джон Коммонс (1882-1945), У.Митчелл (1874-1940),

Американ экономисті Т. Вебленнің басты еңбектері "Жатып ішер топтар теориясы" (1894), "Іскер-кәсіпкерлер теориясы" (1904), "Шеберлер инстинктісі және технологиясының дәрежесі" (1919), "Ірі кәсіпкер және адам" (1919), "Инженерлер мен пайдалану жүйесі", "Абсенттік меншік және жаңа уақыттағы кәсіпкерлік" (1923).

Институционализмнің негізін салушы ретінде Т. Веблен экономикалық құбылыс  ты қоғамдық психологиямен байланыстырды. Адамның биологиялың мәніне, оның инстинктісін басқаруға, дарвинизмге көңіл бөледі. Инстинкт - аман-сау сақтану (ата-ананы сезіну), шсңберлік инстинктісі (тиімді әрекет ке бейімделу), бәсекеге дайын болу.

Т. Вебленнің саяси зкономия пәні - адамзат қоғамы. Бірақ адам экономикалық үлгіге сыймайды. Сондықтан Веблен институттарды құруды, дамытуды ұсынды, мақсатты белгілеу, техниканы, технологияны өзгертуге шақырды. Демек Т. Веблен методологиясы - технологиялық бағыт. Психикалық технократтық көзқарас қазіргі теорияны екіге бөлді; экономикалық өсудің сатысы және индустриалды өркениетке жету.

Веблен қоғам тарихын үшке бөлді. Оларға: тағылық, қолөнер және өнеркәсіп кезеңдері жатады. Осы кезендерге қарай ол адамдар өмірін суреттсйді. Ертедегі адамдарда шынайы ынтымақ болды. Мұнда меншік, айырбас, баға және т.б. болмады. Соңынан материалдық игілік қорланады, әскери және т.б. адамдар тобы көбейеді.

Веблен капиталистік жүйе, капиталистік шаруашылық екі сатыдан тұрады дейді: 1. Шеберлер-кәсіпкерлер; 2. Финансистер. Ол меншіктің әлеуметтік басқаруына көңіл аударды. Капиталдық, финанстық, акционер түрлері, автоматика, ірі капиталистік меншік - абсенттік (сезінуге болмайтын, көзге көрінбейтін) меншік айтылады.

Т. Вебленнің творчествосына экономистердің көзқарасы түрліше болды. Ірі бизнесмендер оған қарсы болды. Банктер жойылады дегенге сенбеді. Бірақ Вебленді жақтаушылар - (Дж. Гелбрейт, О. Тоффлер, Р.Хейлбронер және т.б.) да көп болды.

Т. Веблен "жатып ішер топтар" теориясында өндірмейтін, бірақ мүлкі бар топтардың бизнес әлеміндегі дәстүрлі, яғни арамтамақтар мен жыртқыштар заңдарынан шығатын мінез-құлықтарын көрсетеді.

Мұнда сұраныс заңынан шығатын бағалар емес, "жоғарыдағы топтарға" арналған ерекше бағалар, товарлар болады. Тіпті мұны "Веблен эффектісі" деп те атайды. Оның қоғамдық құрылымдар эволюциясы дегені институттарды табиғи таңдау, ол - өмір сүрудің күресінен туындайды. Осы жерде П. Самуэльсон, М. Шумпетердің адам әрекетінің "айуандар логикасы" сияқты жүйелі түрде эмпирикалық-дедукциялық тәсілді қолданды, себебі ол өмір сүрудің дарвинизмдік күресі деген ойын орынды келтірген.

Т. Вебленнің ұсынған реформасы - ғылыми-техникалық прогрессті үдету, инженер-техниктер интелегенциясының маңызын арттыру. Олар бизнестің индустриалдық жүйеге тәуелдігін анықтайды, сөйтіп өкімет инженер-техниктердің қолына көшуге тиіс. Енді осында индустриалды қоғамның төбесі көрініп тұрған жоқ па? Веблен одан әрі  "жаңа тәртіп" орнатады. Индустриалдық жүйе "Абсентистік меншікке" (монополистік) қарсы әрекет  етеді, өйткені технократтар мен индустриалдардың ұраны-ақшадан пайда келтіру емес, бүкіл қоғамға қызмет ету.

Дж. Коммонапың экономикалық ілімі.

Дж. Коммонс (1862-1945 жж.) жанұя , кәсіподақ, сауда бірлестіктері, өндірістік корпорация, мемлекеттегі құқықтық қатынастар және т.б. ұжымдық институттарды зерттей отырып, құқықтық институттарға ерекше мән берді, институтционализмнің заңды құқықтық бағытын басқарды.

Ол құн концепциясында, товардың, өнімнің құны ұжымдық институттар заңымен келісіледі дегенді дәлелдейді. Маркстің тап күресіне Коммонс мемлекеттік реформа, заң шығару және ұжымдық институттар ұсынған үкіметті қарсы қойды.

Дж. Коммонс "Капитализмнің құқықтық негізі" (1924 ж.), "Институционалдық экономика. Саяси экономиядағы оның орны" (1934 ж.) және т.б. шығармаларында әлеуметтік қайшылықтың "шиелснуінің себебі - кәсшкерлердің таза емес" мононодистік бәсекесінің салдары деп санайды. Экономикалық реформалар барысында мемлекеттік заңдылықты күшейту қайшылықтарды жоюға алып келді. Сөйтіп бұл - капитализмнің әкімшілік сатыға өту кезеңін суреттеу болды.

Дж. Коммонс пен Т.Вебленнің жоғарыдағы ұсыныстары 30-шы жылдарда АҚШ президенті Ф. Рузвельттің "Жаңа бағытының" экономикалық негізін құрады. Дж. Коммонстың әлеуметтік дүниесі каиитал тұсында үш: сауда кәсіпкерлік, банктік және әкімшілік сатыдан тұрады. Осы арқылы таптық үйлесімге жетксн еді.

У.К. Митчеллдіц экономикалық ілімі

Уэсли Клэр Митчелл (1874-1948). Т. Вебленнің оқушысы және оның жолын жалғастырушы. Ол "Вебленнің ілімі" деген жинақ әзірледі.

У. Митчелл "Экономикалық теориялардың түрлері туралы лекциясында" (1935) Вебленнің ілімінен бастады. Ол экономикалық және экономикалық емес процесстердің өзара байланысына баса назар аударды. Мысалы социология мен мәдениетке, психология және адамдардың қоғамдағы тәртібіне, мінез-құлқына үлкен мән берді.

Бірақ экономикалық ілімде Митчеллді көбіне "Теориясыз өлшемдер" концспциясының өкілі ретінде қабылдайды, оның себебі, М.Блауг, У. Митчелддің экономикалық теориядағы методологиялық пікірталастарға қатыспауынан көреді. Институционалдық бағытты статистикалық деректермен толтырып, олар соңынан гипотезаларға құнарлы негіз болды. АҚШ-тың экономикалық зерттеу ұлттық бюросының директоры ретінде У.Митчелл В. Леонтьевті жұмысқа шақырды. Кейіннен ол туралы В. Леонтьев "Митчеллі е АҚШ-тың көптеген экономистері қарыздар, өйткені ол ешқандай алдын-ала шарттарға негізделмеген тікелей байқауға, фактілерге сүйенген ірі көлемді экономикалық статистиканы суреттеуге шақырды" деп жазды.

Сонымен У.Митчеллдің институционалдық теорияға қосқан үлесі: біріншіден, экономикалық факторларға (ақша, несие, қаржы) тікелей әсер ететін экономикалық емес факторларды (психология, тәртіп, заң) зерттеу, яғни сандық көрсеткіштерді және заңдылықтарды математикалық өндеу арқылы өзгерістерді білді, екіншіден, дағдарыссыз цикл концепциясын негіздеу.   Ол   үшін   экономикаға   мемлекеттің   араласуының   бірнешес варианттарын талдайды.

АҚШ-та экономиканы зерттеудің Ұлттың бюросын басқару барысында У.Митчелл 20 жылдарында кең тараған "конъюнктуралық барометр" бағытына негіз салды.

Динамикалық қатарларды талдау арқылы ұлттық шаруашылық индексін құру жолын, экономикалық өсуін болжады. Ал Бұл экономикалық ғылымда жаңа саланы - эконометриканы дүниеге әкелді. Экономстриканың негізінде математика мен статистика жатыр. Осылардың арқасында У.Митчелл "кіші", "үлкен" цикддарды, тіпті циклсіз дамитын экономиканы да көрсетті.

Әрине, 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс, "Гарвард барометрінің" методологиялық негізінің әлсіздігін көрсетті.

20-30   жылдардағы   институционалистердің   басты   ұсынысы экономикаға әлеуметтік бақылау қою осы күнге дейін өміршеңдігін жойған жоқ. Бұл сол жылдарда өмірге келе бастаған кейнстік және неолиберализм концепцияларына теориялық алғы шарт болды.

XX ғасырдың 30 жылдарында А. Маршаллдың сын кезбен қайта қарауының нәтижесінде жекеленген және жалпы теңдікке деген ой-сана езара бастады. Теоретиктер Бұл кезде капитализмнің жаңа сатысы империализмді көрді, монополиялар үстемдігі әлеуметтік, халықаралық сипат алды.

Монополия теориясының мақсаты - капитализмнің монополиялық кезеңіндегі рыноктың өзгерістерін талдау, оған түсінік беру. Монополия тсориясын бірі-бірінен тәуелсіз бірнеше экономистер жасады. Әсіресе қазіргі кезде Э. Чемберлиннің теориясы бірауыздан қабылданып, одан кейін Дж. Робинсон, П. Самуэльсон, И. Шумпетерлердіц көзқарасы да мақұлдануда. Э. Чемберленнін. "Монополистік бәсеке" деген еңбегі сегіз рет қайта-қайта басылуының өзі біраз жайды аңғартады. Э. Чемберлен "пайда-фирманың рыноктағы ең басты мақсаты" деп ашық жазды.

Алайда монополистік бәсеке теориясы монополияны ірі өндірістен, өндіріс шоғырлануымен байланыстырмайды. Капиталдың орталықтануы, шоғырлануы да назардан тыс қалады. Сөйтіп, монополистік бәсекенің пайда болу шарттары еске алынбайды. Еркін бәсекенің нәтижесінде капитализм монополистік капитализмге ауысатыны да қаралмайды.

Монополистік бәсеке бағамен байланысты Э. Чемберлин монополия рынокты бақылайды деп келіп рыноктың үлесін көрсетеді: бір-бірінен дифференциялаиған өнімдер - товарлар қасиеттері, ал сапа қасиеттері жарнамада, сондықтан екінші дифференция - жарнаманың өзгерісінде, Әрине бұлар да бәсекенің қорытындысы. Жалпы бәсеке үш бағытта -бағаның өсуі, өнімніц сапасы және жарнама арқылы жүреді. Бірақ II, Самузльсон атап өткеніндей монополистік бәсекеде бағадан тыс бәсеке болатыны көрсетілмеген.

Э. Чемберлен экономикадағы теңдіктің бұзылуы экономикалық ортаға категориямен заңдардың әсері деп түсінеді. Ал, институционалистік бағыт жетілмеген бәсеке-адамдық фактордың әсері деп есептейді. Мүгіы монетарист М. Фридмен де байқады. Сондықтан Э.Чемберленнің теориясы жеке фирмаларга жарайды және ол материалдық монополияны талдауды толықтырды. Чемберленнін олигоиолия жөніндегі ойларын П.Самуэльсон қолдап, оны дамытты. Біраң 1970 жылдары монополияның шоғырлануы 1900-1929 жылдаран кемдеу керінді.

Д.В. Робинсонның экономикалық ілімі

Джоан Вайлот Робинсонның (1903-1983) "Жетілмеген бәсеке" теориясын ұсынды. Оны "Жетілмеген бәсекенің экономикалық теориясы" (1931) деген еңбегінде өз ойларын, көзқарасын жан-жақты көрсетеді. Робинсонның "жетілмеген бәсеке" жағдайында өндіруші бәсекелестер түрлі товарлар өндіреді, өз товарына монополия жасайды. Бірақ мұнда өнім көлемі азаяды. Сондықтан баға жоғарылайды, фирмалар енді монополияға бірігеді. Сөйтіп олар мемлекеттің араласуын жақтайды. Өйткені, қалыптағы тепе-теңдіктің бұзылуы бүкіл шаруашылық жүйеге әсер етіп, жалдамалы еңбекті қанауды күшейтеді. Дж. Робинсонның экономикалық көзқарасын былай топтауға болады.

Біріншіден, жетілген бәсеке тұсында кәсіпкерлср монополияға бірігуге онша құмар емес, ал жетілмеген бәсекеде, рынокта фирмалар тиімділікке жете алмайды. Сондықтан, олар монополистік бағаны өсіреді, өнімді азайтады, өндіріс шығындары де кемітіледі.

Екіншіден, монополия жетілмеген бәсеке жағдайында өнімдерді товар - субституттан бөлектеу, оқшаулауға ұмтылады, яғни, дифференциация күшейеді.

Үшіншіден, жетілмеген бәсеке әрекет  ететін монополияланган рынокта Робинсонның айтуынша мынадай жағдай болуы мүмкін: жекелеген бірлескен сатушылар бар, бірақ бәсекелес сатушылар аз рынокта өнімнің көлемі қандай болуын анықтау қажеттігі туады.

Төртіншіден, Робинсон мынандай теориялық қорытынды жасайды: жетілмеген бәсеке үстемдік еткен дүниеде әндіріс факторларын қанау және ірі бірлестіктердің ұсақ фирмаларды жойып жіберу қаупі күшейеді.

Джоан Робинсонның Бұл экономикалық ой-пікірлері, көзқарастары рыноктық экономикаға көшіп жатқан ТМД елдері үшін өте бағалы. Сондықтан да Қазақстанда құрылған монополияға қарсы комитеттің жұмысын одан әрі жетілдіру - экономикалық реформаны жүзеге асырудың кепілі.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-08 18:10:24     Қаралды-3743

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »