Тақырып. Классикалық саяси экономияның қалыптасуы мен дамуы.
1. Физиократтар және олардың экономикадағы мақсатты теориялық концепциясы.
2. Экономикалық либерализм концепциясының пайда болуының тарихи шарттары.
3. У.Петти – ағылшын классикалық саяси экономиясының негізін салушы.
4. А. Смиттің экономикалық ілімі.
5. А.Смиттің еңбектеріндегі «классикалық мектеп».
6. Социал-утопистердің концепцияларындағы либералды экономиканың реформалануы.
Буржуазиялық саяси экономияның классикалық сипат ала бастаған ғылыми бағыты капиталистік өндіріс тәсілінің туындап орнығу шағында қалыптасты.
Капиталистікқарым қатынасауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіп саласында да дамыды. Мануфактуралық өндіріс тоқыма және тау-кен саласында, кеме құрылысы мен металлургия және мақта-мата өнеркәсіптерінде дами түсті.
Сыртқы сауда капитал салымының маңызды саласына айналды. Англия сыртқы сауда рыногында Испания Голландия мен Францияны ығыстыра отырып езініь, отаршылдық империясын құрды. Отаршылдық талан-тараж ағылшын буржуазиясының байлық көзіне айналды.
Маркс XVII ғ. ағылшын революциясындағы буржуазияның жеңіске жетуін жаңа құрылыстың жеңісін білдірді, деп атап көрсетті. Капитал экономиканы өз ырқына көндіре отырын қоғамдық қарым-қатынастарды өзгеріске ұшыратты. Осы уақытқа дейін сауда саласында меркантилизм үстемдік құрып келген болса, енді мануфактуралық капитализмнін, қалыптасуымен табыстың жаңа көздері пайда болды.
Сауда капиталы мен өнеркәсіп капиталының арасындағы үстемдік жолына бағытталған тартыс-теория мен практиканың қарама-қайшылықтарына жалғасты. Өнеркәсіптің қарқынды дамуымен сауда капиталын өзіне бағындырған өнеркәсіп капиталының үстемдігі, бұған дейінгі қалыптасқан меркантилистік көзқарастардың өзгеруіне әкелді. Капиталистік өндірістің феодалдық өндірістен артықшылығын негіздеуші өнеркәсіп буржуазиясының өкілдері қажет болды. Бұл міндетті классикалық буржуазиялық саяси экономия атқарды. Ол жөнінде Маркс бұл мектептің міндеті "тек буржуазиялық өндірістік қатынастарда байлықтың қалай жасалатындығың өндірістік қатынастарды заңдылықтар меч категориялар түрінде көрсете отырып, қоғамдық байпықты жасаудағы бұл заңдар мен категориялардың феодальдық қоғамнык заңдылықтары және категорияларымен салыстырғанда әлдеқайда ыңғайлылығын дәлелдеп көрсетуінде",-депжазды
Сауда саласының сыртқы көріністерін тұжырымдаумен ғана щектелген меркантилистермен салыстырғанда классикалык мектептің өкілдері феодализмді алмастырған капитализмнің ішкі экономикалық байланыстарын зерттеуден бастады. Олар материальдықөндірісті зерттеді. "Қазіргі саяси экономия өзінің аіынайы ғылыми бастауын теориялық зерттеудің айналыс саласынан өндіріс саласына ауысуынан алады",- деп жазды К.Маркс.
Сонымен қатар ол "классикалық саяси экономия деп, мен өндірістің буржуазиялық қатынастарының ішкі байланыстарын зерттеген У.Петтиден басталатын бүкіл саяси экономияны түсінетіндігімді біржолата ескертемін" деп, осы мектептің маңыздылығын атап көрсетті.
Ағылшынның классикалық буржуазиялық саяси экономиясының негізін салушы У.Петти болды(1623-1687). К.Маркс оның экономика ғылымына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалап, оны "нағыз ғұлама экономист-зерттеуші",- деп атады. Сонымен қатар К.Маркс оған "ағылшынның саяси экономиясының атасы", - деген атақ берді.
У.Петти көзқарастарындағы меркантилизм идеясын мынадай жағдаймен түсіндіруге болады: Англияда сол кездері Францияға қарағанда капиталистік қатынастар тез ұлғайып, сауда, ақша айналысы жылдам дамып өсті. Сонымен катар Англияның өнеркәсіп өндірісінің дамуы жағынан да өзге Еуропа елдерінен көш ілгері болуы, капитализм экономикасын теориялық жағынан талдауға қолайлы жағдай жасады. Осы жағдайлардың бәрі Петтиге жаңа ғылымның көшбасшысы болуына себебін тигізді.
Петтидің қаламынан көптеген еңбектер жарық көрді: «Салымдар және алымдар туралы трактат" (1662), Даналардың сөзі"(1664), "Ирландияның саяси анатомиясы" (1672), "Саяси арифметика"(1676), "Ақша туралы -түрліойлар" (1682). Оның алғашқы еңбектері саяси экономияны негіздеуге алған және белсенді сауда айналымын (балансын) дәріптейді. "Саяси арифметика" деген еңбегінде Петти меркантилизм идеясын қатты ұстанады: "өндірістің және сауданың басқа түріне қарағанда, ел үшін алтың күміс, басқа да құнды тастардың қорлануына жағдай жасайтын сыртқы сауда мен сондай тауарларды өндірумен айналысу тиімді",-дейді ол.
Меркантилист ретінде ол бір жағынан мемлекеттің экономикаға араласуын қолдаса, екінші жағынан бұл араласудың өндірісті дамытуға ықпал жасау керектігін айтады
Петти экономикалық құбылыстардың сыртқы көріністерінен гөрі оның ішкі себеп-салдарлы байланыстарын ашуға тырысты. Сондықтан ол саяси экономиядағы ғылыми абстракция тәсілін пайдалануға жол ашты. Айналыс саласын зерттеумен ғана шектеліп қалмай, шаруашылықтың негізін өндіріс саласы құрайтынын түсінді. Көпестер "ешқандай өнім шығармайды,- деп жазды У.Петти, - мемлекеттің денесіндеп қан мен нәрлі сусындарды, әсіресе ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өнімдерін әрі-бері қуып белушінің ролін ғана ойнайды". Оның бұл ойынан қоғамдық байлықтың саудада емес, материалдық өндіріс саласында жасалатындығын аңғару қиын емес.
Петти- құнның еңбектік теориясының негізін салушы. Құнныңнегізін құраушы, құндыжасайтынеңбекекендігітуралы Еуропада алғаш рет тұжырым жасады.
Өзінің "Салымдар мен алымдар туралы трактат" деген еңбегінде ол, "нан мен күмістің белгілі бір мелшерін ендіруге соншалықты еңбек мөлшері жұмсалады, сондықтан да тауарлардың бір-біріне тең болуы, олардағы бірдей еңбек мөлшерінің жұмсалғанд ығында,- деп түсіндіре келе, тауардың құны еңбек түрінің әр-түрлілігімен емес, оны өндіруге жұмсалған жұмыс уақытымен өлшенеді",- дейді.
Петти сұраныс пен ұсыныстың ара қатынастарынан өзгеріп отыратын тауардың нарықтық және табиғи бағаларын ажырата білді. Мұны ол саяси бағамен түсіндірді. Сонымен қатар Петти тауар бағасының негізін "табиғи баға", немесе құн құрайтынын тұжырымдай білді. Тауардың құнын ол тек ақшалай нысанда қарастырды.
Құн заңын нақты емірмен байланыстыру жолында У. Петти мынадай қанатты сөз қалдырды: "Байлықтың әкесі-еңбек, шешесі жер".
Петти тауардың екі жақтылы қасиетін көре алмады. сол себепті ол тауардың тұтыну құны мен құны, нақты және абстрактылы еңбектердің арасындағы айырмашылықтарды ажырата алмады. Дегенмен оның осы қайшылықтарының езі классикалық саяси экономияның құн проблемаларын шешудегі ізденістерінде жоғары маңыздылыққа ие болды.
Петти жалақыны жұмысшының өзі мен отбасының күнкерісі үшін ең теменгі ақшалай алатын еңбегінің бағалануы деп сипаттады.Жалақы деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым жұмысшы бар күш-жігерімен еңбек етеді деп есептеді.
Құнның еңбектік теориясына сүйене отырып Петти жердің құны туралы маңызды қадам жасады. Жер құнын ол рентамен тьғыз байланыста қарастырды. Оның пікірінше жердің құны капиталдандырылған рента, яғни белгілі бір жылдар үшін алынатын жылдық рента сомасы. Оның есебінше жердің құнын үш ұрпақтың(әкесі, баласы, немересі) бірлесіп өмір сүру үзақтығымен анықталатын жылдық рента мөлшері құрайды: бұл шамамен 21 жыл, яғни әкесі(50 жыл), ұлы(28 жыл), немересі(7 жыл).
Рента теориясымен тығыз байланысты қарыз процентін ол "ақшалай рента" түрінде қарастырады және процентті жер рентасынан туындайтын табыс түрінде көрсетеді.
Өзінің "Ақша туралы әр-түрлі ойлар" еңбегінде ол процентті арендалықтөлемге теңейді, әрі оны заңжүзінде реттеп отыруға қарсылық білдіреді. Рентаны Петти капиталистік табыстың жалпылама түрі деп санағандықтаң проценттің де негізін содан іздеді. Капиталистік қатынастардың әлі дұрыс даму алмағандығынаң қарыз процентінің пайданың бөлек бір түрі екендігін қарастыра алмады.
Франциядағы классикалық саяси экономияның дамуы П.Буагильбердің атымен байланысты (1646-1714). Ол "Франциядағы бөлшек сауда", "Астықтың еңделу табиғаты, оның саудасы және пайдасы туралы трактат", "Байлықтың табиғаты туралы ойлар, ақша және салықтар" туралы еңбектердің авторы. П.Буагильбер Людовик ХІУ-ң кезінде жоғарғы сот және лауазымды қызметтер атқарды.
П.Буагильбер Франция елінің экономикалық жағдайының қайыршылық деңгейге жетуіне, әсіресе француз шаруаларының мүшкіл халіне меркантилистерді кінәлі деп санады.
П.Буагильбердің пікірінше, үлт байлығы ақшада емес, пайдалы іспен айналысуда, яғни ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде деп есептеді. Сондықтан да ауыл түрғындарының жағдайын жақсартып, шаруаларды қанауды қысқарту, ауыл шаруашылығына жәрдемдесу керек деген пікірді үстанды. Ол колбертизмнің экономикалық доктринасына қарсы болды.
Қоғам байлығы туралы меркантилистердің пікіріне қарама-қарсы бағытты үстана отырып, оның негізін ауыл шаруашылығынан іздеді әрі қоғам байлығын түтыну құндарының сомасы ретінде қарастырды. Оның пікірінше, ақша үнемі қозғалыста болуы қажет, ол тек айырбас құралы рөлін атқаруымен шектеледі.
П.Буагильбер экономикалық теорияның маңыздылығына назар аударды. У.Петтиден тәуелсіз ол құнның еңбектік таориясының негізін салды. Сондықтан да ол Франциядағы классикалық саяси экономияның негіздеушісі болып есептеледі. Буагильбер нарықтық баға мен "таза құнды" ажырата білді. Егер нарықтықбағаны- кездейсоқдеп есептесе, "таза қүн" заңды құбылыс, ол тауарды өндіруге жұмсалған еңбекпен анықталатынын білді. Оның шамасын Буагильбер жұмыс уақытымен анықтады. Буагильбердің ойынша қүн бірдей еңбек шығындарын білдіретін тауарлардың айырбас пропорциясы ретінде көрінді. Тауардың тауарға айырбасталуы осы тепе-теңділіктің сақталуын қамтамасыз етеді және бұл айырбас еркін бәсекелестікте дамиды деген ойды түжырымдады.
Құнның тауарлы және ақшалай түрлерінің арасын ажырата алмағандықтан П.Буагильбер ақша туралы қарсы пікірлерді қалыптастырды. Оның пікірінше. ақша "жалпы жазалаушы", "адамзатқа қарсы үрыс ашатын" барлық жаманшылықтың бастамасы ретінде қалыптасты.
Жалпы П.Буагильбер экономикалық мәселелермен XVII ғ. 70-шіжылдарынан бастап айналыса бастайды. 1691 жылдары ол өзінің "жүйесі" туралы жариялайды. Бұл "жүйе" Буагильбердіңқазіргі жағдаймен түсіндіргенде, буржуазиялық-демократиялық сипаттағы реформалар жиынтығы.
П.Буагильбердің бұл "жүйесі" мынадай негізгі үш элементтен түрады.
Біріншіден, ол елде ауқымды салықтық реформа жүргізу қажет деп есептеді. Нақтылай байыбына бара алмаса да, бұрынғы ескі тәртіптің орнына, яғни регресті салық жүйесін алмастырып, пропорциональдық немесе прогрессивті салық жүйесін енгізуді ұсынды. Буагильбердің бүл үсынысы өз заманындағы өткір ұсыныс болып есептелді, себебі жоғары ахуалды адамдар мен шіркеу өкілдері салықтың ешбір түрін телемейтін. Ол өз ұсынысы арқылы оларды да кедейлер сияқты салық төлеуіне мәжбүрледі.
Екіншіден, ішкі сауданы шектеуден бссату туралы ұсыныс жасады. Оның ойынша кеден бекеттерінен "жолды тазалау" керек, осы шаралардың нәтижесінде елдің ішкі сауда рыногын кеңейту, еңбек бөлінісін зрттыру және тауарлар мен ақша айналымын жақсарту мәселелерін шешу мүмкіндігі туды.
Үшіншідең Буагильбер астықтың еркін нарығын енгізуді және оның бағасыныңтабиғи өсуіне кедергі жасамауды талап бтті. Ол ауыл шаруашылығының шығындарын жабу және оны одан әрі өсірмеу мақсатында астықтың төмен бағасын жасанды түрде үстап отыру саясатын ұстанды.
П.Буагильбер осы реформалары арқылы жалпы елдің табысын молайтуға, шаруашылық жағдайын көтеріп халықтың тұрмысын жақсартуға болатынына ел билеушілерін сендіріп отырдЫ.
Өзінің экономикалық көзқарастары арқылы П.Буагильбер елдің экономикалық өсуінің қалай анықталатындығына. экономиканың құлдырауы мен тығырыққа тірелу себептеріне назар аударды. Осылайша ол халық шаруашылығында әрекет етуші, оның дамуын қамтамасыз ететін заңдылықтарды теориялық мәселеге айналдырды.
Ол "экономикалық тепе-тенділік пен прогрестің негізгі шарты орта есеппен әрбір саланың өндіріс шығындарын жаба алатын, пайда мен таза табысты қамтамасыз ететін пропорциональды(теңбе-тең) немесе қалыпты бағалар, олар тауарлардың үздіксіз айналымын қалыптастыра отырып, тұтыну сұранысының тұрақтылығын қолдайды",- деп жазды.
Классикалық буржуазиялық саяси экономияның толығырақ даму алуы ағылшын ғалымдары А.Смит (1723-1790) және Д.Рикардоның (1772-1823) еңбектерінде орын алды. Бұл кезеңде Англия экономикалық қатынастардың барлық жағынан алдыңғы қатарда болды. Англия басқа батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда ауыл шаруашылығының қарқынды дамуымең өнеркәсібінің тез өсуімен және белсенді сыртқы саудасымен ерекшеленді.
Англияда сонымен қатар капиталистік қатынастар күшті дамыды, ол өз кезегінде өмірге буржуазиялық қоғамның негізгі табын (класс) алып келді. Буржуазия- қоғам дамуын үдетуші прогрессивті тапқа айналды.
XVIII ғ. Англиядағы капитализмнің тез арада дамуы мен капиталдың қорлануына мына жағдайлар әсер еттк бұрынғыша отаршылдық тонау; сыртқы сауда (әсіресе, құл саудасы); үкіметтік займдар. Капитал өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына құйылды. Нәтижесінде ірі орталыктанған мануфактуралар мен капиталистік қожалықтар пайда болды.Шаруалардан жерлерін тартып алу процесі жалғасты, осы себепті XVIII ғ. ортасында Англияда шаруа-меншіктенуші "гап жойылды. Ғасырдың басында Англия аграрлы ел болса, өнеркәсіптің қарқындауына байланысты ол индустриальды-афарлы елге айналды.
Мануфактуралар жылдам дамығанымен ішкі және сыртқы Рьіноктың сұранысын қанағаттандыра алмады. Сондықтан ХҮІІІ ғ. ортасынан бастап мануфактурадан фабрикаға көшудц, техникалық және экономикалық алғы шарттары пісіп жетілді. Ел өнеркәсіптік төңкерістің алдында тұрды.
Осы себептерге байланысты жаңа капиталистік өндіріс • і обьективті ғылыми талдау қажеттігіне буржуазия табы мүдцепі болды.Осылайша XVIII ғ. екінші жартысынан-ХІХ ғ. басына дейінгі аралықта Смит пен Рикардоның шығармаларымен байланысты экономикалық ойлардың туындауына жағдаи қалыптасты. Бұлардың екеуі де заманының терең ойлы алдыңғы қатарлы зерттеушілері болды.
Адам Смит(1723-1790) Керколди қаласында шотландтық кеден шенеунігінің отбасында өмірге келген. Ол қалалық мектеп пен Глазго және Оксфорд университеттерінен жақсы білім ала отырып тарих, философия, әдебиетпен айналысады. математика, физиканы зерттей отырып заманының білімді адамдар санатында болады. 28 жасында Глазго университетіне моралдық философиядан профессор болып қабылданады.
Оның алғашқы ғылыми зерттеулерінің нәтижесі "Адамгершілік сезімдері теориясы" деген еңбегінде жинақ түрінде жарық көрді. 41 жасында Смит университеттегі жұмысын тастап аристократ отбасыларының біріне тәрбиешілік жұмысқа ауысады. Өзінің тәрбиеленушісімен бірге ол Еуропада саяхат жасап жүргенде, Париж бен Швейцарияда Вольтер, Дидро, Д.Даламбермен, физиократ мектебінің өкілдері Ф.Кенз мен А.Тюргомен танысады.
1766 жылы туған қаласы Кирколдиге оралысымен өзінің атақты "Халықтар байлығы және оның себептері" кітабын жазуға толығымен кіріседі. 1766 жылдың наурыз айында ол кітабын жарыққа шығарады, бұл еңбегін ол Ф.Кенэге арнағысы келген, бірақ өкінішке орай бұдан екі жыл бұрын Кенэ өмірден озған болатын.
Смиттің бұл кітабының зор жетістіктерге ие болғандығы сондай. автордың көзі тірісінде бірнеше мәрте қайтадан басылып шықты. Орыс тіліне 1804 жылы аударылып мұнда да бірнеше рет қайтара басылып шықты. "Халықтар байлығы' бес кітаптан тұрады. Теориялық талдаудың барлығы дерлік алғашқы екі кітабында топтастырылған.
"Халықтар байлығының" өмірге келуі экономика ғЫлымының дамуына үлкен жаңалық әкелді. Өзінің кітабында Смит ғылымның негізгі саласы ретінде саяси экономияның калыптасу кезеңін тиянақтайды. Мұнда экономикалық теорияның зерттеу пәні болып табылатын барлық сұрақтарға орын берілген.
Методологиясы. Адам Смит мануфактуралық кезеңнің экономисі. Өнеркәсіптік төңкеріс енді ғана басталғандықтаң мануфактуралық өндіріс тәсілінде машина, қондырғылардың қолданылуы шектеулі болғанмен, жұмысшылардың арасында еңбек бөлінісі жақсы дамыды. Осы фактыларды ескере келе Смит адамзат қоғамын адамдардың бір-бірімен әр-түрлі еңбек өнімдері арқылы кең түрде айырбасқа түсетін "айырбас одағы" түрінде қарастырды.
Айырбасқа деген бейімділікті ол тарихтан тыс, қоғамдық даму кезеңінен тәуелсіз, адамзат табиғатының басты қасиеті ретінде қарастырды. Бұған ол адамның өзімшілдік қасиетін жатқызды. Адам өзінің осы қасиетін шаруашылық қызметінде басшылыққа ала отырып әрекет етеді. Адамдар бір-біріне қызмет көрсете отырып, еңбек және еңбек өнімдері арқылы араласады, өзінің ойлаған бас пайдасына жетуге тырысады. Олардың әрбірі бұл тұрғыда "экономикалық адамды" бейнелейді.
Смиттің пікірінше.экономикалық құбылыстар - бұл жеке адамдардың өз қалауларынан тәуелсіз, обьективті және стихиялы(берекесіз)заңдылықтармен реттелетін процесс. Бұл заңдарды Смит табиғи құбылыс деп есептеді және оны да адам табиғатымен байланыстырды. Бұл үшін ол экономикадағы осы процестерді анықтаушы, түбірлі заңдылықтарын бөліп алып қарастыратын және жеке элементтердің өтпелі. кездейсоқтықтан оқшауланған ұғымын білдіретін абстрактылы тәсілді пайдаланды. Дегенмен Смит бір мезгілде абстрактылы уғыммен қатар экономикалық құбылыстардың ішкі заңдылықтары мен байланыстарының нақты көрінісін көрсетуге тырысты. Осы мақсатта ол абстрактылы адамнан капиталистке, капиталистік шаруашылыққа ауысып, оның сипатын ғылыми тұрғыда жүйеледі.
Смит меркантилизмді қатты сынға алды, әсіресе ол сыртқы саудаға еркіндік беру талабын қойды. Кейіннен оның бұл пікірі фритредерлік (еркін сауда) саясатының негізіне айналды.
Керісінше Смит ғылыми әрі прогрессивті элементтерге толы физиократтар іліміне оң баға берді. Әсіресе физиократтардың қоғам байлығының көзі ақшада емес, тауар массасында деген тұжырымдамаларын жоғары бағалады. Смит физиократтарды экономикалық саясаттағы өзінің одақтастарына жатқызды. Бірақ физиократтардың таза табыстың тек ауыл шаруашылығында ғана жасалып, қалған салаларда құнның жасалмайтындығы туралы тезистерін қабылдамады.
Смит зерттеулері саяси экономияның методология саласына елеулі үлес қссты. Ол саяси экономияның ғылым ретінде екі түрлі мәселесін анықтады: обьективті экономикалық шынайы құбылысты талдау, оның даму заңдылықтарын ашу(позитивті немесе оң жағы); фирма мен мемлекеттің экономикалық саясаты үшін берілетін ұсыныстарды орындау, өндіру (нормативті жағы).
Смит методологиясының басты құндылығы оның әрбір экономикалық құбылысты қоғамның негізгі таптарының мүддесі тұрғысынан зерттегендігінде.
Еңбек бөлінісі туралы ілімі. Смиттің халықтар байлығы
туралы кітабы жұмысшылардың өз ісіне мамандануы арқылы еңбек өнімділігі мен өнім көлемін бірнеше мәрте өсірген түйреуіш жасайтын мануфактурадағы еңбекбөлінісі мысалын келтірумен басталады.
Смит еңбек бөлінісі еңбек өнімділігін үш түрлі тәсілмен арттыратындығын көрсетті: жекелеген жұмысшының ептілігі мен іскерлігін жоғарылату арқылы; бір жұмыс түрінен екінші жұмыстүріне ауысуға қажетті жұмыс уақытын үнемдеу арқылы; машиналар мен қондырғыларды ойлап табуға ықпал жасау арқылы. Осылайша ол мануфактурадағы еңбекбөлінісінің рөлі мен машиналық өндірісті дамыту жолын көрсетті.
Оның экономикалық көзқарастары жүйесінің негізінде қоғамдық байлықтың өндіріс процесіндегі еңбекпен жасалатындығы туралы идея жатыр. Өндіріс көлемі мен өндірілген өнімдерді тұтыну ең басты екі түрлі фактормен анықталатындығы айқындалды: өнімді еңбекпен айналысатын тұрғындар үлесімең еңбек өнімділігі деңгейімен. Мұндағы еңбек бөлінісімен байланысты және экономикалық прогреске әсер етуші екінші фактордың маңыздылығы басым болды.
Смит еңбек бөлінісін рыноктың ауқымдылығымен тығыз байланыстыра білді. Ауқымды рыноктың өндірістің мамандануы мен еңбек бөлінісіне қолайлы жағдай туындататынын, еңбек өнімділігінің жоғары болатынын, ауқымы тар рыноктың керісінше әсер ететінін дәлелдеді. Еңбек бөлінісі төңірегінде өзіне дейінгі ойшылдардың пікірімен салыстырғанда оның пікірі мағыналы болды. Ол еңбектің қоғам байлығының қайнар көзі, ал еңбек бөлінісінің еңбек өнімділігін арттыру мен қоғам байлығын молайтудың маңызды факторы екендігін көз жеткізе дәлелдеді.
Еңбек бөлінісінің қалыптасуын Смит адамдардың айырбасқа деген бейімділігімен түсіндіреді. Оның пікірінше бұл адамның табиғи қасиетімен байланысты. Айырбасқа деген бейімділік "еңбек бөлінісін алғаш туындатты",- дейді оп Оның бұл пікірі қайшылықты жағдайды білдіреді, себебі еңбек бөлінісі тауар өндірісі мен тауар айырбасынан бұрын қалыптасқан еңбек бөліністерінің айырмасын ажырата түсіне алмауында. Алғашқысы қоғам дамуының барлық сатыларында кездессе соңғысы капитализмнің туындысы. Смит капиталистік шаруашылықты үлкен мануфактурамен теңестіреді, оныи қателесуі де осыдан, себебі капиталистік кәсіпорындар арасындағы еңбек бөлінісі ретшіл, бей-берекетсіз қалыптасса, мануфактурадағы- саналы түрде, капиталистің еркімен қалыптасты.
Ақша туралы көзқарас. Еңбек бөлінісінен кейін Смит ақша мәселесін қарастырады. Ақшаның пайда болуын ол тауар мен тауардың тікелей айырбасталуының техникалық қиындьғымен түсіндіреді. Осы қиындықты болдырмас үшін әрбір өндіруші айырбасқа түсе алатын тауарды алуға тырысты. Бұл жалпылама айырбастың қүралы ақша болып табылды.
Смит ақшаның ерекше тауар екендігін түсінді. Ақша тауарлар массасынан бей-берекеттүрде бөлініп шықты. Бірақ ақшаның жалпылама эквивалент рөлін Смит түсінген жоқ. Смит үшін ақша тек тауар айырбасын жеңілдетуші, кездейсоқ аралық қызмет атқаратын айналыс құралы болды. Ол ақшаның қоғамдық еңбекті сіңіруші қоғамдық байлық түрі екендігін ажырата алмады. Бірақ Смит қоғамның шын байлық көзін ақшамен байланыстырған меркантилистердің көзқарасын қателікке санады. Алтын және күміс ақшаларды ол тауарларды рынокқа жеткізуге жәрдемдесетін даңғыл жолмең айналым дөңгелегімен салыстырды.
Ол толық металл ақшалар мен қағаз ақшаларды да ажырата алмады, бірақ соңғысына артықшылық баға берді Себебі қағаз ақшалардың айналысы металл ақшаларға қарағанда арзанға түсті, әрі қоғам айналыс шығындарының төмен болуына мүдделі болды. Смит қағаз ақшалардың құнсыздану мүмкіндігін мойындағанымең оған онша кеңіл бөлмеді. Банкноттардың артық шығарылуын болдырмау үшін Смиттің ойынша банкноталардың алтынға еркін айырбасталымының болуы қажет.
Құн теориясы. Смит өзінің зерттеулерінде құн мәселесіне көп орын бөлді. Ол қоғамдағы сұраныс пен ұсыныстан тәуелді, кездейсоқ түрдегі нарықтық бағаны ажырата білді.
Құн туралы Смит бірнеше анықтама келтіреді.
Біріншіден құн - еңбек шығындарымен анықталады. Смит тұтыну құны мен айырбас құнды дәл ажырата білді. Нәтижесінде Смит әрбір тауардың екі түрлі қасиетін белгіледі: 1)тауардың пайдалылығы, немесе тұтыну құны; 2) тауардың басқа бір тауарға айырбасталуы. Ол бір тауардың екінші бір тауарға айырбасталу теңдігінің (пропорция), еңбек шығындарымен анықталатынын дәлелдеді. Ол айырбас құнының жұмыс уақытымен өлшенетінін тікелей анықтады.
Смит құнның еңбектік теориясында кемшіліктер жіберді, ол тауардың екі жақты қасиетін дұрыс ажырата алмағандықтан еді. Смиттің бұл сәтсіздігін Маркс капитализмге, капиталистік қатынастарға деген тарихи көзқарастың жоқтығымен түсіндіреді.
Еңбекті ол барлық тауардың құнын өлшегіш құрал ретінде қарастырғанмен, құн- Смиттің пікірінше заттыңтабиғат берген табиғи қасиеті. Сондықтан Смит тауардың құнына сіңген өндіріс құрал-жабдықтарының (тұрақты капитал) құнын ескермеді, тауардың құнын жаңадан жасалынған құнға жатқызды. Сонымен қатар ол ауыл шаруашылығындағы құн тек қана еңбекпен емес, табиғаттың өзімен де жасалынады деген пікірді тұжырымдады. Айта кету керек, Смит құнның сапалық мазмұнынан гөрі сандық қасиетіне көбірек көңіл бөлді.
Екіншіден құн - айырбас процесі кезінде белгілі бір тауарды сатып алу үшін жұмсалатын еңбек мөлшерімен анықталады. Жәй тауарлы өндіріс жағдайында бұл анықтама әділетті, ал капитадизмде оның мағынасы жоқ.
Үшіншіден құн- табыстармен анықталады. Смит құнның еңбектік теориясын капитализм шартына сәйкес басқаша құрды, яғни құн табыс көзінің үш түрі: еңбекақы, пайда және ренталардың қосындысынан құралады. Ал тауар өндірісі үшін жалға алынған жер пайдаланылмайтын болса, тауардың құны тек жалақы мен пайдадан құралады. Бұл Смиттің өндіріс шығындары теориясы позициясында тұрғандығын аңғартады. Оның құнның табыс түрлерінен құралатындығы туралы Ұйғарымы іскер-бизнесмендердің көзқарасын білдіреді. Тұжырымдама құнның еңбектік теориясына бірікпейтіндіктен кейіннен "Смиттің догмасы" аталды. Өйткені құнның еңбектік теориясына сәйкес тауардың құны еңбек шығындарымен анықталатын болса, ол ешуақытта табыстармен анықталмайды.
Табыстар туралы ілімі. Смит капиталистік қоғамдағы үш тапты ажыратты. Олар - жұмысшы, капиталист және жер иеленуші. Осыларға сәйкес ол табыстың негізгі үш түрін белгіледі: 1) жалақы, 2) пайда, 3) рента. Құнның еңбектік теориясына сүйене отырып бұл табыстардың қайнар көзіне еҢбектіжатқызды.
Жалақы. Жалақыны құнның өзгерген формасы әрі жұмыс ^Үшінің құны екендігін Смит білген жоқ, жалақыны ол еңбектің "Әғалануы деп түсінді. Бірақ жалақы деңгейін анықтауда, ол жалақының негізінде жұмысшының отбасы мен болашақта өзінің жұмыс күшін ауыстыра алатын бала-шағасын асырауға, ө^ір сүруіне қажетті қаржылардың құны жатқандығы туралы Өзіне дейінгі көзқарастарды дамыта білді. Сейтіп ол нақтысында қалыпты жалақы деңгейін жұмыс күшінің құнына жиынтықтады. Жұмыс күші құнының құрылымын зерттей келе, ол оның ең төменгі шегін (минимум) белгіледі. Егер жалданбалы жұмыс ^Үшінің құны (қалыпты жалақы) осы деңгейден төмен болса жұмысшы нәсілінің" құрып кетуінежағдай туындайды. Мұндай жағдай қоғамдағы экономиканың кемімелі (регресс) сипаттағанында байқалады. Мысал ретінде ағылшынның Ост-Үнді компаниясының қол астындағы Үнді территориясы айтылады. Смит экономикасы тоқырау жағдайындағы елдердің (Қьітай XVIII ғ.) жалақы деңгейі өмір сүру деңгейінен сәл жоғары болатынын айтады. Ал экономикасы жоғары дамыған елдердің (Америка) жалақы деңгейінің де жоғары болатынын, олардың Жалақы мөлшері жалғыз күн көріс деңгейімен ғана емес, салт- дәстүр, мәдениет, тұтыну шамаларының мөлшерімен анықталатынын мысалға келтіреді. Смит жалақы мөлшерінің тұрақты түрдегі тұрғындар Қозғалысының (есуі немесе кемуі) әсерінен болатынын келтіреді
Жер рентасы. Рентаны сипаттаи келе Смит оған бірнеше анықтамалар береді: 1) рента бұл- жұмысшыньіні өнімінен шегеріп тастағандағы жер иесінің иеленетін теленбеи қалған еңбегі 2) рента - бұл табиғи факторлардың іс-әрекет.нің нәтижесі, 3) рента - ауыл шаруашылық енімдеріне деген монополияның нәтижесі.
Рентаның қалыптасуын ол жерге деген жеке меишікпен байланыстырды. Ол жер учаскілерінің құнарлыль^ы әрі орналасуы жағынан айырмашылықтары бар екендіпн және осы айырмашылықтардың дифференциялдық рентаны құрау себептері болатынын байқады.
Смит астық ендіретін жер учаскілерінен алынатын рентаның, ауыл шаруашылығы өндірісі енімдерінің барлық түрінен алынатын рентаны анықтайтындығын дұрыс белпледі. Капитал туралы. Смиттің талқылауынша капитал - бұл капиталистің болашақта табыс алуына қажетті өндіріс процесінде пайдаланатын босалқы қорлары. Капитал Қорлануының басты факторына ол ұқыптылықты жатқызды. Смит капиталдың негізгі және айналым капиталы больщ бөлінетініне зор мағына бөлді. Ол негізгі капиталға мыналарды жатқызды: 1) машиналар мен басқа да қажетті еңбек құралдары, 2) сауда-өнеркәсіптік мақсаттарға арналған үйлер мен құрылымдар, 3) жерді пайдалану, өңдеу шаралары (құрғату, тыңайтқыштар, тазалау т.б.), 4) қоғам мүшесінің оқу мен жаттығу арқылы еңбекке дағдылану, пайдалы қабілеттері. Айналым капиталы да осындай бөліктерден тұрады: 1) ақша, 2) азық-түлік босалқы қорлары, 3) шикізаттар мен жартылай шикізат, материалдар, 4) дайын, бірақ әлі өткізілмеген дайын өнімдер.
Негізі капитал Смиттің түсінігінше айналым процесіне қатынаспайды, иесінің қолында қалатын қорлар. Ал екіншіане, айналым процесіне өз иесінен бір формада кетіп, екінші бір формада оралатын капиталды жатқызды. Бірақ Смит капиталдың үздіксіз функционалды формалық өзгеріске ауысып, қозғалыста болатынын, әр түрлі тәсілмен айналыста болатынын жетік түсіне алмады.
Өндіріс туралы көзқарас. Ұдайы өндіріс теориясына Кенэнің енгізген құндылығы Смит теориясында одан әрі даму алған жоқ. Мұнымен қоса ол өндірілген қоғамдық өнімнің құны-жалақы, пайда, рента түріндегі табыстар сомасына тең болатындығын пайымдап мәселені одан әрі күрделендірді. Басқаша айтқанда, өндірілген қоғамдық өнім құны жанадан жасалған құнға тең болды, ал сол енімді өндіруге қатынасқан өндіріс құрал-жабдықтарының құны ескерусіз қалды. Смит жиынтық қоғамдық өнімнің түгелдей табыстарға бөлінетінін дәлелдей алды. Бірақ Смиттің қателесуі де осында. Өндірілген тауардың құнында жаңа жасалынған құнмен қатар тауарға сіңген ендіріс құралдарының да құны бар. Бұл еткен жылдардағы еңбек өнімі. Сондықтан да жаңадан жасалынған құнға тең табыстар сомасы әрқашан қоғамдық енімнен аз болады.
Смиттің пікірінше таза табыс - бұл бір жылдағы еңбекпен жасалынған жаңа құң яғни ұлттық табыс. Нәтижесінде өткен жылдардағы еңбекпен жасалынған әндіріс құралдарының құны ескерусіз қалды, ал жылдық өнім құны табыстар сомасына тең болып шықты. Бұл жерде
Смиттің экономикалық ілімінде капиталдың қорлануына үлкен мән беріледі. Шын мәнісінде табысының елеулі бір белігін жинап оны өндірісті ұлғайтуға, қосымша жұмысшыларға жұмыс берге жұмсайтын, сол арқылы қоғам байлығын есіруге ықпал жасаушы капиталистіңтарихи тұлғасын көрсетеді. Бірақ, қазіргі кезқарас тұрғысында нақты қорлану көзі болып табылатын негізгі және айнымалы капиталды көбейтуге жұмсалатын күрделі қаржы туралы Смит ештеңе айтпайды. Смиттің ойынша қорлану жалақының жоғарылауына әкелетін жұмысшылар үшін тиімді. Осыдан ол капитализмнің дамуына байланысты жұмысшылардың тұрмыс жағдайы жақсарады деген пікірді ұстанды.
Еңбек өнімділігі туралы. Смит ғылымға еңбектің енімді және өнімсіз түрлері болатынын енгізді. Олардың айырмашылықтарын ажыратты, қай еңбек түрінің "ұлт байлығының" өсуіне ықпал жасайтынын анықтады.
Экономикалық және моралдық тұрғыдағы оппозициялық көзқарасын білдірді. Кейіннен бұл буржуазия өкілдерінің ғана емес жалпы жұмысшы табының да көзқарасына айналды Сондықтан В.И. Ленин Смитті " алдыңғы қатарлы буржуазияның ұлы идеологы" тұрғысынан сипаттады Қорытындысында өнімді еңбек- бұл тауар өндіруге жұмсалғач еңбек, ал өнімсіз еңбек- қызмет көрсету түрлері екенін байқауға болады.
Сонымен байлық еңбекпен жасалынады, ал еңбек өнімдері өздері үшін емес айырбас үшін өндіріледі. Бұл туралы Смит "әрбір адам айырбаспен күнін көреді, белгілі жағдайда сатушы да болып кетеді",-дейді. Тауарлы қоғамның да мәнісі осында.тауарлар айырбас үшін өндіріледі. Мәселе тауар мен тауардың айырбасталуы оларға жұмсалған еңбектің баламалылығында(эквивалент) емес. Айырбас нәтижесі өзара тиімді. Осы қарапайым идеяда-үлкен мағынажатыр. Біреу егін егіп нан пісірсе, екіншісі мал өсіріп ет дайындайды, өнімдері өзара айырбасқа түседі.
Мемлекеттің экономикалық саясаты туралы. Шаруашылық іс әрекеттердің еркін түрде жүруін Смит қоғам байлығының негізгі шартына жатқызды. Мемлекет неғұрлым экономикалық өмірге аз араласса, соғұрлым шаруашылықтың дамуы жақсарады. Еркіндік қоғам игілігіне нұқсан келтіретін жағдайда ғана мемлекеттік реттеу орын алуы тиіс. Смит мемлекеттің мұндай пайдалы шараларына банкнота шығару. елдің, азаматтардың қорғанысын қамтамасыз ету т.б. жатқызды.
Халықаралық еңбек бөлінісінің маңыздылығын ескере отырып Смит өзара елдер арасындағы еркін саудаға да жол берді. Әрбір ел басқа жерлермен салыстырғанда арзанға түсетін тауарларды өндіруге маманданғаны дұрыс. Халықаралық еңбек бөлінісі осылайша қалыптасады. Бұл барлық елдерге де тиімді. Мемлекеттің саясаты осы мамандануға қарсы болса, халықаралық масштабта елге зиян шектіруі сөзсіз деген пікірлерді ұстанды.
Сонымен өзінің кітабында Смит меркантилистердің алтын мен күмісті қорландыру қажеттілігі туралы идеяларын жоққа шығарды. Ол қоғам байлығының нағыз көзі материальдық игіліктерді өндіру процесінде екенін көз жеткізе дәлелдеді.
Давид Рикардо (1772-1823)- ағылшынның классикалық саяси экономиясының ең ірі өкілдерінің бірі. Ол ірі биржа кәсіпкерінің отбасында дүниеге келген Өзінің үйінен жас кезінен кетіп, биржа ойынымен айналысуы оны миллионерлік деңгейге көтерді. Сондықтан да оның алғашқы еңбегі ақша айналымына арналуы тегін емес. Оның жаратылыстану ғылымдары-физика, математика, химия, геология және т.б. айналысуы саяси экономияны зерттеуші ірі ғалым болып қалыптасуына маңызды рөл атқарды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның даму шыңын білдіретін "Саяси экономия және салық салу бастамасы" деп аталатын еңбегі 1817 жылы жарық көрді.
Давид Рикардо- классикалық буржуазиялық саяси экономияның соңғы ұлы өкілі. Одан кейін ғылыми буржуазиялық экономияның кейбір маңызды жекелеген мәселелері Р.Джонс, Дж.Рамсей, А.Шербюлье еңбектерінде шамалы уақыт дамыды. XIX ғ. ортасына таман тұрпайы (вульгарлы) буржуазиялық саяси экономияның үстемдігі орнады.
Рикардо буржуазияның мүддесін қорғады. Бірақ ол қоғамның өндіргіш күштерінің прогрессивті даму мүддесін қорғауды өзінің міндетне көбірек алды. К.Маркс "Рикардоның бірбеткейлігі оның ғылыми адалдығында ғана емес, өз позициясы үшін ғылыми міндеттілігінде",- деп жазды. Ол буржуазия мүддесін қоғамның өндіргіш күштерінің (жұмысшы табы) мүддесімен сәйкес тұстарында ғана қорғай білді. Ал олардың арасында қарама-қайшылық туындаған жағдайда ол буржуазияға қарсы шешуші түрде қарсы шықты. Оның бұл іозициясына К.Маркс баса назар аударды. Оның бұл әлеуметтік позициясы оның еңбегінің обьективті құндылығын білдіреді.
Тұрпайы буржуазиялық саяси экономия өкілдерінің классикалық мектептен айырмашылығы, олар өндірістік Катынастардағы үстем тап өкілдерінің, олар кейде өндіргіш күштердің дамуының тежегішіне айналса да, мүддесін қорғайды. Рикардоныңтеориялық-танымдақ ілімі мен таптық бағдардың арасында тікелей байланыс бар. Міне осы байланыстың арқасында классикалық буржуазиялық саяси экономия Рикардо теорияларында биік шыңға көтерілді. Сондықтан да Рикардо классикалық мектептің шеңберінде капитализмнің ғылыми талдануының мүмкіндігін толық тауысты.
Методологиясы мен зерттеу пәні. Рикардо позициясының ерекшелігіне және оның саяси экономияны зерттеу пәніне бөліну саласын зерттеуі жатады. Саяси экономияның пәнін Рикардо қоғамдағы негізгі үш таптың, жер иелері, капитал мен ақша иелері және жұмысшы таптарының арасындағы ұлттық табыстың бөлінуі деп есептеді.
Өзінің "Саяси экономия бастаулары және салық салу" еңбегінде қоғамдық өнімнің бөлінуі туралы "осы бөлінуді басқарудың заңдылықтарын анықтау- саяси экономияның басты мәселесі",-деп жазды. Дегенмен Рикардо талдау объектісі ретінде өндіріс саласын да назардан тыс қалдырмайды.
Рикардо методологиясының тағы бір ерекшелігі, оның экономикалық көзқарастарыныңжүйесі құн теориясы негізінде құрылды. Алғашқылардың бірі болып ол саяси экономия тарихында капитализмнің экономикалық теориясының негізіне саналы түрде капиталистік ендірістік қатынастарды, соның ішінде тауарлы қатынастарды жан жақты ашып көрсететін құнның еңбектік теориясын салды. Бұл теория Рикардо іліміндегі капитализмнің экономикалық құбылыстарын зерттеудің бастамасы болды. Осы теория арқылы ол экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми тәсілін даярлауда ілгері қадам жасады.
К.Маркс бұл туралы: "Рикардоның тәсілі әуелі тауардың құн мөлшерін жұмыс уақытымен анықтаудан, содан кейін экономикалық қатынастардың құнның бұл анықтамасына қарама-қайшы келмейтіндігін немесе оны қалай түрлендіретіндігін зерттеуден басталады",- деп жазды.
Рикардоның капитализмді талдауда алғашқылардың бірі болып саналы түрде құн теориясына сүйенуі жағдайды хубірімен өзгертті. Капиталистік экономиканың жекелегең белек жақтарын емес, ішкі байланысты негіздерін жиынтық түрде ғьілыми талдауға мүмкіндік туды. Маркс айтқандай " Рикардоныңғыльім үШ|Н ұЛЫ тарихи маңыздылығы да осынла". Рикардо ендіріс серпінін рыноктық механизм мен табыстардың қалыптасуы шартында көрсетуге тырысты, осы турғыда ол абстрактылы тәсілді пайдаланды. Бұл тәсіл оған экономикалық құбылыстардың нақты көрінісін керуге, жер құнарлылығының мелшерлік сипаттамасын, тұрғындар санының өсуін, құн, рента, баға. жалақы, пайда өзгерістерін анықтаудағы сандық талдаулар жасауына көмектесті.
Рикардо да Смит секілді экономикалық либерализмді жақтады. Мемлекеттің экономикаға араласуын қаламады. Қоғам байлыының басты шарттарына еркін бәсекелестікті, еркін сауда мен еркін кәсіпкерлікті жатқызды. Рыноктық механизм ол үшін мәңгі әрі жалғыз, оңтайлы экономикалық жүйе болып есептелді. Өндіріс, оның пікірінше тауарларға деген телемқабілетті сұранысты ездігінен тудырып, тауарлардың еткізілімін қамтамасыз етеді.
Құн теориясы. Смит секілді Рикардо тауардың айырбас және тұтыну құнын ажырата білді. Ол Смиттің құнның еңбектік теориясын қолдай отырып "кез-келген құнның негізі еңбек" екендігі туралы тұжырым жасады. Ол капиталистік пайданың қанаушылық табиғатын түсінді, пайданың жұмысшы еңбегінің нәтижесі оны капиталистің қайтарымсыз түрде иеленетінін, қосымша құн теориясын ашпаса да білді. Бірақ Смиттен айырмашылығы, ол тауардың тұтыну құнына, оның пайдалылығына назар аударды. Сөйтіп тұрақты капиталдың өндіріс процесіндегі алатын орнын, оның тауардың құнына кіретінін көрсетті.
Рикардо Смитке қарағанда құн заңының капитализм жағдайында өмір сүретінін білді. Бірақ оның қалай іс-әрекет жасайтынынкөрсетеалмады. Бұл мәселені Марксөзініңөндіріс құны туралы ілімінде шешті. Маркстің пікірінше капитализм шартында өндірілген тауарлар капиталистікі болып есептеледі. Капиталист еңбек шығынын емес, капитал жұмсайды. Капиталистік өндіріс шығындары мен орташа пайда өндіріс құнын құрайды.
Рикардо өндіріс құнының - құнның өзгерген түрі екенін түсінбеді. Сондықтан ол құнның анықтамасын жұмыс уақытымен орташа пайда заңымен байланыстырды.
Рикардоның капитализм тұсындағы құн заңының іс-әрекетін түсіндіре алмауы оның методологиясындағы кемшіліктерге байланысты. Себебі ол капиталистік өндірістің тауарлы өндірістің дамыған түрі екенін түсіне алмады. Жекелеген тауар өндірушілердің өндірген тауары мен өндіріске салынған капиталдың нәтижесінде өндірілген тауарды теңестіруге болмайтынын түсінген жоқ.
Еңбекақы туралы ілімі. Рикардо жалақыны - еңбектің табиғи бағасы деп есептеді. Оның пікірінше, бұл жалдамалы жұмысшының күн көрісіне қажетті табысы. Рикардо жұмысшыны өз еңбегін сатушы, ал жалақыны оның еңбегі үшін төленетін төлем ақы түрінде қарастырды. Табиғи еңбек бағасының мөлшері күнделікті қажетті тамақ пен өмірге қажетті заттардың бағасына тура пропорционалды. Бұдан басқа еңбектің нарықтық бағасы болады, ол сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасымен анықталады.
Рикардо сонымен қатар мөлшері жұмысшының тұрмыс жағдайын анықтайтын нақты жалақыны да ажырата білді.
Рикардо сол сияқты жалақыға әсер етуші факторларды да анықтады, олардың қатарына: азық-түлік, тамақ, өмірге қажетті заттардың бағасының өзгерісі, еңбек сұранысы мен ұсынысының ара қатынастары, жұмысшылардың ұдайы өндірісі шығындары.
Жалақы туралы Рикардоның келтірген аргументтерінің ішіндегі басты орынды, жалақыны тұрғындардың қозғалысымен байланыстыруы алады
Рикардо жұмыс күнінің ұзақтыгын тұрақты шама ретінде қабылдады. Сондықтан паиданы көбейтудің ол тек бір ғана жолын ұсынды- ол еңбек өнімділігін аргтыру. Ап еңбек өнімділігі жұмысшының жалақы түршде элатын қүнын азайтады. Олай бопса, Рикардо пайданың сальк ырмалы түрде өсетінін білді.Рикардо пайда нормасының төмендеу мәнісіне көп көңіл бөлді. Ол "пайда нормасының азаю заңын'' қалыптастырды. Оның талқылану барысы былайша жүреді: ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі темендейді. Бұл тамақ өнімдерінің бағасының және номиналды жалақының есуіне әкеледі. Олай болса, қоғамның дамуымен бірге өндірілген құнның көп белігі жалақыға жұмсалады, бұл өз кезегінде пайда нормасын азайтады. Бұл олай емес, пайда нормасы капитализмнің дамуымен бірге темендемейді, керісінше артады. Мұны тәжірибе дәлелдеді. Пайда мен жалақы арасындағы байланыс заңы былайша қалыптасады: жалақының төмендеуі пайданы жоғарылатады. Мұның себебі, тама.қ өнімдеріне деген сұраныстың артуы, оны өндіруге қажетті еңбекті арттыруды талап етеді және бағаны есіреді. Тағы бір ескеретіні, жалақының темендеуінен пайда өседі, бұл капиталдың қорлануы мен тұрғындардың өсуіне әкеледі.
Капиталистік шаруашылықта, еркін бәсекелестікке байланысты жалпы пайда мен пайда нормасының төмендеу тенденциясы (беталысы) заңы жұмыс жасайды.
Жер рентасы туралы ілімі. Құнның еңбектік теориясына суйене отырып Рикардо жер рентасы туралы ілімін дамытады. Ол рентаны табиғи күштердің әсері арқылы түсіндіруге тырыскан әрекеттерді жоққа шығарды.
Рикардоның түсінігінше рента құн заңына сәйкес құралады. Ол табиғат өнімі емес, еңбекпен жасалынады. Рента түсінігін пайдамен және капитал үшін алынатын процентпен араластыруға болмайды. Жерге жеке меншіктің болуы, рентаны алудыңжалғыз негізі болып табылады. Жер иеленуші өндіріс процесіне араласпайды, бірақ меншік иесі ретінде еңбек енімін иемденуге қатынасады.
Рикардо рента туралы ілімін әуелі ауыл шаруашылығындағы фермер-арендаторлар арасында үстемдік еткен еркін бәсекелестікті зерттеуден бастайды. Олар ез капиталын ауыл шаруашылығына ортзша пайда нормасын әкелген жағдайда ғана салады. Бірақ ауыл шаруашылығының енеркәсіпке қарағанда езіне тән ерекшегпктері бар. Ауыл шаруашылығына жұмсалған капитал. жәр ресурстарының шектеулігі, табиғи жағдайлары мен қүнарлылығының әр-түрлілігі сияқты мәселелермен үшырасады. Жерге жұмсалған
бірдей капитал мен еңбек шығындары, сапа мен сан жағынан әртүрлі өнім береді. Бірақ, ауыл шаруашылығындағы ендірілген барлық өнімдердің құны нашар жерлерге жұмсалған шығындармен реттеледі. Ал ендірілген өнім бірлігіне шаққанда шығыны аз болатын жақсы жерлерде, қосымша табыс құралады. Фермерлер бәсекелестіктің әсерінен туындаған орташа пайдамен қанағаттанады, ал жақсы жерлерден түсетін қосымша табысты жер иелері иемденеді. Осы меншік иелері иемденетін қосымша табысжер рентасын білдіреді.
Демек, рента, Рикардоның кезқарасы бойынша орташа пайдадан артық жасалынған құн. Ол бағаның рентадан емес, керісінше рентәның бағадан байланысты болатынын дұрыс анықтады.
Рикардо тек дифференциалды рентаның болатынын мойындады. Ол дифференциалды рентаның шамасын құнарлылығы төмен немесе нашар жерден алынған өнім құны мен жақсы жерден алынған енім құндарының айырмашылығы арқылы дәл анықтай білді. Қоғамның дамуымен бірге дифференциалдық рентаның да ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының өсуі салдарынан есетінін білді.
Рикардо абсолюттік жер рентасын теріске шығарды. Экономистердің кепшілігі Рикардоның бұл шешімін мынадай себептермен құптамады. Ауыл шаруашылығындағы капиталдың органикалық құрылымының темендігінен енім құны оныңөндіріс құнынан жоғары болады. Нан және басқа да ауыл шаруашылық өнімдері ендіріс құнымен емес ез құнымен сатылады. Өндіріс құнынан артық құн абсолюттік рентаны құрайды. Абсолюттік рентаның құрылу себебі - жерге деген жеке меншік монополиясы. Абсолюттік рентаны жер иесіне жалға алушылардың барлығы, соның ішінде жақсы жерлерді жалға алғандар да телейді.
Ақша теориясы. Ақша айналымына Рикардо елеулі кеңіл белді. Ол инфляцияға қарсы, ақша айналымының тұрақтылығы үшін күресті және ақша жүйесінің негізін құрайтын алтын деп есептеді. Бірақ айналыс құралы ретінде алтынды пайдалану ақылға симайды, өйткені алтын монеталардың айналысы қоғамға қағаз ақшалардың айналысымен салыстырғанда қымбатқа түсетіндігін айтты.
Ақшаның сандынық теориясы негізінде Рикардо алтынның халыкарамқ қозғапалыс заңдыльіқтарын түсіндіруге тырысгы Баға деңгеііінің ақш іша санына байланк-істылығы, Рикардоның гмыниіа алынның е.аелдер арасындағы қозғалысын тудырады
Ақшаның артық мөлшері мен олардың құнсыздануы, ақшаның елден сыртқа шығарылуы мен бір мезгілде сырттан тауарлардың келуін күшейтеді. Және керісінше. Соңында ақша мен тауарлардың халықаралық қозғалысы нәтижесінде тепе-теңділік орнығады.
Салыстырмалы артықшылық принципі. Рикардо халықаралық еңбек бөлінісінің салыстырмалы артықшылық теориясын алғашқы жасаушы. Халықаралық сауда жүргізудің орындылығын ол Смит секілді абсолюттік шығын шамаларын емес, салыстырмалы шығындарды салыстыру негізінде көрсетті. Ел мен елдің саудаласуынан туындайтын пайдаға. ендірістің тиімді салалық құрылымын орнату арқылы жетуге болатынын айтты.
Ұдайы өндіріс процесі туралы көзқарас. Рикардо құнның табыстардан құралуы туралы Смиттің көзқарасымен келіспеді. Керісінше, құнның табыстарға белінетіндігіне күмән келтірмеді.
Рикардо үшін капиталистік ендіріс тәсілі ұлғаю шегі болмайтын абсолютті ұғым. Капитализм тұсында оның пікірінше, ара-тұра артық өндіріс орын алғанымен жалпы артық ендірудің мүлдем болмайтындығы туралы көзқарас болды. Басқаша түсіндірер болсақ тек жекелеген тауарлардың ғана артық өндірілуі орын алады.
Рикардоның ойынша.капиталистік өндірістің негізгі мақсаты тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру. Сондықтан, тек пайда нормасының төмендеуінен басқа ендірістің өсуі мен сұраныстың ұлғаюын шектерлік ешқандай кедергілер болмайды. Ақшаны айырбастың техникалық құралы ретінде қарастырғандықтан, Рикардо тауардың тауарға тікелей айырбасы (Т-Т) мен тауар айналымының (Т-А-Т) арасындағы айырмашылықтарды ажырата алмады. Ол сатып алу-сатудың тұтастығын негізге алды, сатудан кейін сатып алудың міндетті түрде орын алатыны туралы ойды бекітті. Бұл Ж.Б.Сэйдің пікірінен туындаған идея. Өмір бұл тұжырымдаманы теріске шығарды.
Қорытындысында, Рикардоның экономика ғылымына қосқан зор үлесін қоғам мойындады. Ол классикалық саяси экономия теориясын жасауды қорытындылаушы, сондықтан да әлемнің ұлы экономистерінің ішіндегі тізімде, оның Смиттен кейінгі екінші орынды иеленуі әділетті болып саналады.Ұсақ буржуазияльіқ саяси экономия мен тұрпайы саяси экономияның қалыптасуы
Жарияланған-2015-09-08 18:07:24 Қаралды-11358
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина