UF

Тақырып. Ортағасырдағы экономикалық ойлар.

 

1. Орта ғасырдағы экономикалық концепциялардың дамуы. Схоластика.

2. Меркантилизм экономикалық теорияның  алғашқы нарықтық концепция ретінде. Атлантикалық меркантилизм.

3. Батыс еуропадағы меркантилизм. Еуразиялық транзиттік идея.

Орта ғасырлардағы экономикалық ойлар Араб елдеріндеп феодализмнің дамуымен қатар қалыптасты.

Мұхаммед (570-632 жж.) саяси қайраткер, исламның негізін салушы.

Әлемде өз орнын тапқан, өз әлемі, өз кеңістігі бар, теориялық жағынан негізделген классикалық төрт діннің бірі-Ислам діні (қалған үшеуі иудайзм, буддизм, христиандық).

Ислам (бейбітшілік) - тар шеңбердің, әдет-ғұрыптардың жиынтығы емес, ешбір ұлттың артықшылығын уағыздамайтын және бірде - бір қағидасын жоққа шығармайтын, жеке адамға немесе топқа, ұлтқа, партияға, билеушілерге емес, бүкіл адамзатқа қызмет ететін әлемді, халықтарды, жер бетін біріктіріп ұстайтын бағыт-бағдар, темірқазық.

Ал бұл діннің қайнар көзі - Құран Құран - әлем мәдениетінің негізгі іргетасы.Құран жер бетіндегі барша адамзат баласына жақсы-жаманды ескертіп, тіршілігімізде мәнді, иманды, мәдениетті, салауатты өмір сүруімізге, ғаламда болып жатқан құбылыстардың ілімін, ғылымын, білімін, жаратылысын қорытындылайтың жер бетіндегі барша адамзат баласына көрсеткен ақиқат, бірлік, өмір сүру ережесі. Құранның алғашқы сүресі де "оқы" деп басталады. Ал әрбір ғылымның бастауы оқумен келетініхақ. "Ғылым дамыған кезде, Ислам дадамиды" деген Мұхаммед пайғамбар.

Құранда келтірілетін экономикалық ойлардың қысқаша тұжырымдамалары мынадай: жерді жаратушы аллатағала.оны әркім өз еншісіне ала алмайды, немесе оны меншіктене алмайды; материальдық және әлеуметтік теңсіздіктердің болуы да алланың жаратуынан; сауда адал және таза түрде жүруі қажет; біреудің меншігіне немесе мүлкіне қол сұғуға болмайды, олай болған жағдайда кінәлі тиісті жазасын алуы керек; аллаға сенуші адам тұрмыс жағдайлары ауыр адамдарға көмек ретінде, тапқан табысының есебінен өз еркімен қайырымдылық жасап  отыруы  қажет;  өсімқорлық,  баю  мақсатындажасалынатын сауда және басқа да делдалдық іс-әрекеттерді, жоғары процент алуды күнәға есептеді.

Ибн-Хальдун (1332-1406 жж).

Араб халқының атақты ойшылы. тарихшы . саясаткер. ғалымы. Шын аты-жені Абу Заид Абд ар-Рахман ибн Мұхаммед аЛь Хадрами. Негізгі еңбектері "Өмірбаян", "Үлкен тарих" (Пролегомен).Тунис қаласында өмірге келгең атақты тұқымнан шыққан, атасы Абу-Фарис ірі Ифрикии қалаларының бірінің әмірі болған. Ибн-Хальдунның еңбектерінің құндылығы мынада, оның пікірінше тарихи процестің негізінде пайғамбарлар мен патшалардың іс-әрекеттері.қызметтері емес, адамзат қоғамының дамуы жатыр.

Қоғамдық емірді ол адамдардың бірігуіндегі өндірістік қызметі ретінде қарастырды. Адамдарды жануарлардан ажырататын да осы қоғамдық өмір, яғни адамдардыңұжымға бірігуге және қажеттіліктерін бірігіп қанағаттандыруға икемділігінде деп түсінді.

Адамзат тарихындағы негізгі бағыттаушы күшке материальдық қажеттілікті жатқызды. "Адамдар жануарлардан ездерініңерекшеліктеріне байланысты белектенеді, солардың ішіндегісі ғылым мен қоленер",- деп есептеді Ибн Хальдун.

Оның пікірінше адамдар әуелі жабайылық жағдайда (таваххуш) болады.Әрі қарай табиғаттан бөлініп, әлеуметтік жағдайды иеленеді. Адамзаттың бұл дамуы екі сатыдан тұрады, оны ойшыл екі түрге беледі: бидава, адамдар негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады, екіншісі хидара.айналысатын кәсіптер қатарына қоленер, сауда, ғылым мен енер т.б. қосылады. Сейтіп тарихи процестің даму кезеңдерін жасай келе Ибн Хальдуң соңғы кезеңді (хидара) қалалардың қалыптасуымен, өмірге қажетті игіліктерді өндіретін ендірістің дамуымен тікелей байланыстырды.

Ибн-Хальдун байлық пен табыстың негізгі көзі адам еңбегінде деп есептеді.Осы тұрғыда ол "кез-келген табыс құнға теңбе-тең",-деген пікір айтып шын мәнісінде құнның еңбектік теориясын тікелей керсетті (қажетті және қосымша өнім, осыған сәйкес қажетті және қосымша еңбек). Құнның жеке адамның еңбегімен емес, қоғамдық қажетті еңбек шығындары арқылы анықталатынын байқаған. Сонымен қатар Ибн-Хальдун баға Құрылымы туралы, бағаның сұраныс пен ұсынысқа, ендіріспен тасымалдау шығындарына, және рынок жағдаиына тәуелділігі туралы бірталай ойлар қалдырған.Айталық кейбір азық-түлік тағамдарының бағасына әртүрлі рынок және қала қожайындарының мүддесіне жиналатын алымдар мен салымдардың да қүны кіріп әсер ететінін байқаған.

Ибн-Хальдунның еңбектерінде ақша мәселесі маңызды орын алған. Ақшаның негізгі табыс, қорлану, байлық көзі және құн өлшемі қызметін атқаратындығын айтады.

Айналымда толық құнды ақшалардың (алтың күміс) болу керектігін, қолдан ақша жасаушыларды әшкерелеп, айналымдағы ақшаның алтын және күміс құрамын ресми түрде төмендетуші ел басшыларына қарсылық білдірген.

Батыс Европа. Феодализм кезеңіндегі экономикалық ілім

Алғашқы рет феодализм Шығыста пайда болды ( Қытай б.э.д. ІІІ ғ, Үнді б.э.д. IV —Vғғ), бірақоның құлдырауы өтебаяу жүріп отырды.Осындай жағдайда дүниежүзілік экономикалық орталық Батыс Еуропаға ауысады.Феодализм дүниежүзілік құбылыс болғанымен, әр елде, әр континентте және әр аймақта бет бейнесі әр түрлі болды.Феодализмге тән натуральды шаруашылық, крепостнойлық және ірі феодалдық жер иеленушілер.Бұл меншіктердің бәрі жер рентасы арқылы өткізілген.

Құлдан крепостнойдың айырмашылығы, крепостнойдың жеке меншік құрал-сайманы және оның қожайын жерін игеру мүмкіндігі болды.Ал бұл феодализмнің шаруашылық қарқынын жоғарылатты.Феодализм құл иеленушілік құрылысқа қарағанда прогресті түрде дамыды.

Феодализм кезінде экономикалық орталықтар ауылға ауысады, сондықтан аграрлық қарым-қатынастар феодализмнің бет-бейнесін өп жылдар бойы анықтады.

Еуропада феодализмнің дамып өсуі кезінде қалалардың экономикалық ролінің көтерілуі байқалды. Батыс Еуропада феодализм даму сатысында бірнеше этаптан етті:

1.              У-Х ғғ. генезис кезеңі.

2.              Хі-ХУ ғғ. феодализмнің дамып өсуі.

3.              XVI ғ.- XVIII ғ.-дың ІІ-ші жартысы феодализмнің ыдырауы және капитализм генезисі.

Шығыстағы феодализмнің ерекшеліктері: қауым. касталық және таптық системада дамыды, мемлекеттік және шіркеулік, жер иеленушілік құл иеленушіліктің қалып қоюы. ұзаққа созылған соғыстар, қарыз үшін құлдыққа сатып жіберу т.б. Қалалар әскери, діни, сауда орталықтары ретінде қалыптасты.

Орта ғасырларда қалалар қоленершілер мен сауда орталығы болған (мастерлер, көмекшілері, оқушылары). Бірақ сауданың дамуына феодалдық бытыраңқылық пен дворяндық зорлық-зомбылық тежегіш болды.

Бара-бара феодализм қоғамында IV классқа белінген тәп өкілдері құралды:

шаруалар.

Ақсүйек, феодал-серілер.

Феодалдіни қызметкерлер.

Қалабюргерлері.

Дегенмен феодализм тұсында ойлау теслогиялық бағыттан шыға алмады (христиан, будда, мұсылмандық). Мәдениет негізінен жанама тұрғыда болды.Феодализм кезіндегі экономикалық ойлардың дамуына каноникалық доктриналардың кезқарастары әсер етіп отырды.

Каноникалық доктринаның кернекті қайраткерлерінің бірі Ф.Аквинскийдің өзін атап өтуімізге болады.

Ф.Аквинский (1225-1274 жж),(Аквинат), итальян ақсүйек отбасынан шыққан. Өлгеннен соң жарты ғасыр еткенде шамамен 1321 жылыәулиеатанғакАтақтытрактаты "Теология оомасы" деп аталады.Өзінің экономикалық кезқарастарын Аквинский сұхбаттүрінде жазған. Мысалы сұрақ-жауап ретінде шіркеу қызметкерлері мен Аристотельдің арасындағы пікірталас түрінде керсетіп, соңынан өзі қорытындылап отырған "Дүниені билеуші құдай, сондықтан орталық әкімшілік орнауы, бірақ патшалар мен корольдер шіркеуге бағынуы тиіс",- деген. Сол сияқты "басқа тап екілдеріне қырын қарау күнә, құдай қандай тапқа сені белсе. сен сонда болуың керек" Деп мәлімдеуі оның әлеуметтік теңдікті қаламағандығын білдіреді.

Ол адамдардың әлеуметтік рухани қанағаттылықта болып Құдайға сенуін қалады, есімқорлық жолымен байлыққа ұмтылуды күнә санады. Өсімқорлықты "ұятты кәсіп" деп атан оны айыптады."Егер бай болсаң літір-садақа беріп қайырым жасап, құдайға құлшылық етуің керек",- деген.

Тауар өндіру мәселесі Ф.Аквинскийдің шығармаларында екінші орында тұрды, дегенмен "әділетті баға" жөнінде көптеген пікірлер айтты.Қала тұрғындарының бағаны айырбастың баламасы ретіндегі түсінігіне көңіл бөліп, ол бағаны адамдардыңтабына қарай молшылыққа кепіл болатын құралы деп пайымдады.

Ол айырбасты екіге бөлді: оның біріншісі қатынасқа түскен екі жақтың өзара қатынасын анықтайды, бұған заттардың "біркелкі бағасы" кепіл болады; ал екіншісі "бүтіннің бөлшекке" өзара қатынасы, қоғам емірінде кім жоғары тұрса, соны молшылықпен қамтамасыз етті, яғни бағаның қалыптасу процесі осы айырбасқа қатысушы адамдардың қоғамда алатын орнына байланысты болды.Бұл феодалдық қоғамның мүддесіне сай еді.

Аквинский ақшаның айналым құралы мен байлық кезі ретінде қажеттілігін мойындады және жер рентасын алуды қолдады.

Процент алуды Аквинский күнәға санайды, дегенмен уақыт өте келе бұл сұрақты шешудің ымырашылдық түрін байқатады.Оның талқылауынша процент кредиторға (қарыз берушіге) дебитордың (қарызгердің) тәуекелділігі үшін берген сыйақысы, яғни қарыз ақша бере отырып кредитор ол ақшаны пайдаланудан түсетін мүмкін табысын (мысалы жер сатып алу. үйгекерек- жарәқалут.б.)жоғалтады, мұнымен қосаақшаның қайтарылуының кешіктірілуі де оған мықты шығын әкеледі.Ал ақшаны пайдаланушы бұл жерде тікелей пайдаға ие болады. Міне осы алған пайдасымен қарызгер кредитормен бөлісуі қажет, сонда ғана процент ез мағынасын ақтайды.

Аквинский жеке меншік мәселесіне көп назар аударды.Жеке меншіктен ол шаруашылық негізін көрді, адам табиғатынә>-: байлықты иеленуге құқылы дей келе, меншіктің ада^' қажеттілігін қанағаттандырудағы табиғи құбылыс екеніп айтады.М554-1612) болды, оның еңбегі "Әртүрлі біздің отандастарымыздың кейбір қарапайым шағымдарының қысқаша мазмұны" деп аталады. Бұл еңбегінде автор ақшаны сыртқы елге шығарудың бағаның күрт есуіне, нәтижесінде халықтың тұрмысының нашарлауына әкеліп зиян келтіретіндігін дәлелдейді. Сонымен қатар сырттан қымбат бұйымдардың әкелінуіне тиым салынды, шұға ендірісін кең көлемде есіре отырып саудаға көп уақыт бөлуді ұсынды. Бірақ іс жүзінде мұндай монетаризмнің мағнасы болмады. Англия отаршылдықжолғатүскеннен ақ, кеме құрылысы дамыды, отар елдермен арадағы сауда, басқа да қосымша сауда жолдары мен тауарларды еткізу рыноктарын іздеу күшейді. Оның үстіне Кромвельдің Навигациондық актісі Англияның көпестеріне отарлап алған елдеріндегі сауда монополиясына жол берді. Шетелдік кепестерге Англияға тек ездерінің тауарларын ғана әкелуге рұқсат берілді.

XVII ғ. меркантилизм доктриналарын келеке етуші памфлэттер (сықақ әңгімелер) кебейді. Соның мысалы ретінде Ост-Үнді компаниясының директорларының бірі Т.Меннің (1571-1641) "Англия мен Ост-Үнді арасындағы сауда туралы ой қозғалымдары" сықақ әңгімесі "сауда балансы" теориясының шығуына әкелді. Бұл еңбегінде ол монетаризмді әшкерлейді. Оның пікірінше сауда мемлекетті байыту тәсілі, сол сияқты Мен "саудадан басқа ақша табудың тәсілі жоқ", дей келе "егер экспортқа шығарушы тауарлардың құны жыл сайын сырттан әкелінетін тауарлардың құнынан жоғары болған жағдайда елдің ақша қоры кебейеді" деген пікірді айтады. Англия мен Ост-Үнді компаниясы арасындағы сауда қатынастарының Англия үшін тиімділігіқоның кеме құрылысын дамытуға қосқан үлесін Мен "ұлы және мәртебелі іс" деген сөздерімен дәлелдейді.

Т.Мен ақшаны сыртқы елдерге шығаруға қарсы болмайды. Бұл туралы "алтын сауданы туғызса, ал сауда ақшаны көбейтеді",-дейді. Мол, артық ақша қорлары экспортты ұлғайта алмайды, керісінше олар тауарларды қымбаттатады, кейбір жағдайларда сыртқы сауданың нәтижесі шығынмен жүргені де Дүрыс, ейткені ағылшын тауарлары үшін рынок сақталады деген пікірлер де айтылды.Т.Меннің екінші еңбегі "Сыртқы саудадағы Англияның байлығы немесе біздің сыртқы сауданың Балансы біздің байлығымыздың үдетушісі ретінде" (1630) деп аталады.Осы атаудың өзінен-ақ "сауда балансының" мәнісі дәл аңғарылады.Бұл еңбек автордың қайтыс болғаннан кейін жарияланғанымен (1664)ағылшын меркантилизмініңдамуына зор үлесін қосты.Автор еңбегінде сырттан сатып алғаннан гөрі шетелдерге тауарларды көбірек сату, ауыл шаруашыльғында өнеркәсіп шикізаттары базасын кеңейту, шетел тауарларын тұтынуды азайту, олармен бәсекелестікті күшейту, ағылшын тауарларының сапасын жақсарту бағытында түрлі ойлар мен нұсқаулар қалдырды. Т.Мен сән-салтанатты тұрмыстың өлшемі отандық тауарларды тұтынуда екендігін білдіріп, "дәулеттілердің керексіз, артықшылықтары жарлыларға жұмыс тауып беруі мүмкін" дегенді айтады.

Француз меркантилизмі ағылшын меркантилизміне қарағанда әлсіз болды, себебі ол әлі де болса ортағасырлық даму элементтерінің қыспағында болды, буржуазия әлсіз күйде әрі мануфактуралық өндірісдұрыс дамымады.

Меркантилизм саясатын сауданы жан-жақты дамытудың қаруы ретінде қолға алған Генрих XIV еді. Ол осы мақсатпен 1606-1607 жж. бірқатар шетелдермен келіссөздер жүргізе отырып тоқыма өнеркәсібі өнімдерін сырттан әкелуге, құнды шикізат түрлері жібек пен жүнді шетелге шығаруға тиым салды, Канаданы отарлауға ықпал жасады.

Меркантилизмнің 1661-1683 жж. Францияда кең түрде таралуына Людовик XIV министрі Кольбер (1619-1693) көп еңбек сіңірді.Ол мемлекеттің күш-қуаты қармағындағы ақша көлемімен анықталады, оның нағыз қайнар көзі саудада дегенді айтты.Осы бағытта Кольбер 1664жылы Ост-Үнді компаниясын ашады, мануфактуралық өнеркәсіпті дамытуға үлкен күш жұмсады. Протекционистік кедендік тарифті кіргізді, салық салуды, нанның бағасын төмендету саясатын жүргізді. Бұл шаралардың бәрі елдегі сауданы дамытудың алғы шарттары деп есептеді. Сонымен қатар Кольбер нанды шетелге шығаруға тиым салып, ал оның сырттан еркін әкелінуіне мүмкіндік бере отырып фермерлік шаруашылықтың қалыптасуын тежеді. Сол кездегі Францияның ішкі рыногының қарсыласы Англияға қарағанда "тар" болуы осы жағдаймен түсіндіріледі- Кейін Франциядағы Кольбер жүргізген меркантилизм саясатының "кольбертизм" атануы да осы себептерден.

Француз меркантилизмінің дәлірек аитсақ пайдакүнемділіктің егжей-тегжейлі экономикалық бағдарламасы А.Монкретьеннің (1575-1621) "Саяси экономия трактаты" (1615) шығармасында берілген. Монкретьен экономика ғылымына "саяси экономия" терминін алғашқы енгізуші ретінде өз есімін мәңгілік етті. Ол "адамдар бақыты -байлықта, ал байлық - еңбекте" деген пікір айтты. Шын молшылық отандық өнімдерді пайдалану мен тұтынуда, оларды өндірушілер жұмыспен қамтылғанда "пайдалары елде қалады" деп тұжырымдайды.Сонымен қатар кепестердің "өте пайдалылығын", сауданың "әр-түрлі қолөнердің негізгі мақсаты", шетелдік саудагер, кәсіпкерлердің ел байльғын іштен сорушылар екндігі, оларды елден қуу туралы бірталай пікірлер айтылады.

Монкретьен мемлекеттің экономикаға араласуың салықтың салынуын құптаушы, өнеркәсіптің дамуы мен оның өнімдерін жетілдіру жолдары туралы нұсқаулар береді, саудадан түскен пайданы иеленуге де қарсылық білдірмейді.

Ресейде меркантилизмнің пайда болуы XVIІ-Х\/111 ғғ. дамыды. Ең алғаш рет меркантилизм идеясын атақты дипломат А.Л.Ордин-Нащокин (1605-1680) енгізді. Ол ақсүйектер отбасында туып - өскен, ірі жер иеленуші болған монархияға жан-тәнімен берілген адам болды. Ол сауда жөнінде жоғары пікірде болды.

Орыс меркантилизмінде I Петр -дің жарлықтары жеке дара орын алады (1682-1725).

Ерекшеорынды көпесадам И.Т.Посошковтың (1652-1726) экономикалық көзқарасы алады. Ол "Әр-түрлі халықтар туралы" деген шығарманың авторы. Оның "Байлық пен жарлық" деген кітабы I Петрге арналған болатын.

Меркантилизм идеялары В.Н.Татищев (1696-1750) шығармасында да орын алды. Ол "Россия тарихы" деген шығармасымен әйгілі. Бірақ өзінің бірнеше еңбектерінде, әсіресе   "Мысалы,    көпестер   мен   қолөнер   туралыпайымдамалар" деген трактатында (1748) ол экономикалық мәселеге өз көзқарасын білдіреді.

Жеке дара меркантилизм элементтері, оның ішінде шынайы сауда балансын қорғау идеясы М.В.Ломоносовтың (1711-1765) экономикалық көзқарасында көрініп қалып отырды.

Экономикалық өмірдің бүтіндей теориялық концепциясын құрушы алғашқы идеялардың жиынтығын ұсынған физиократтар мектебі. Бұл мектеп ХҮІІІ ғ. Францияда қалыптасты.Физиократтар ілімінің және оның мектебінің негізін салушы Людовик XV сарай дәрігері Франсуа Кенэ болды (1664-1794). Кенэ осы ілімнің негізін салып қана қоймай оның экономикалық және саяси бағыттарын да қалыптастырушы. Бұл ілім Францияда негізінен өтпелі кезеңде, феодализмнен капитализмге өту шағында емірге келді.

Физиократтық ілімнің мектеп болып қалыптасуының себебі, осы ілімнің идеясың әсіресе Кенэнің ойларын насихаттаушы әрі жалғастырушы А.Тюрго, П.Дюпон де Немур, Д.Аламбер, В.Мирабо, Г.Летрон секілді шәкірттер легініңөмірге келуі. Кейде бұл мектепті сол уақыттары "экономистер" мектебі деп те атаған.

XVIII ғ. ортасында Англияда өнеркәсіп ендірісінде төңкерістер жүріп, әлемдік рынокты жаулап алу деңгейінде болғанда, Франция әлі феодалдық аграрлы елдер қатарында еді. Ауыл шаруашылығы бұл кезде ауыр салықтардың әсерінен дағдарыс жағдайында болды. Сондықтан экономикалық кезқарастардың, пікірталастар мен қайшылықтардың назарында ауыл шаруашылығы, оны дағдарыстан шығару мәселеләрі тұрды.Міне осы мәселелерді шешуді физиократтар қолға алды. Олар ауыл шаруашылығын ел байлығын қамтамасыз етуші жалғыз ендіргіш сала ретінде түсінді. Ал енеркәсіп саласын физиократтар енім бермейтін салаға жатқызды.

Буржуазиялық саяси экономиядағы физиократтардыН сіңірген еңбегі, олар меркантилистермен салыстырғанда эколномикалык    құбылыстарды    зерттеу    мәселесін

Өндіріс күштерінің дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі, қолөнер мен сауда орталығы болған қалалардың өсуі, енімділік рентаның ақшалай рентаға алмасуы, феодализмнің дамуын жаңа кезеңге дайындады.Мұны феодализмнің соңғы құлдырау кезеңі деуге де болады.Сонымен қатар бұл кезеңде капитализмге етудің алғашқы алғышарттары да пісіп жетілді. Оларға жататындары:

ақшалай рентаның басым болуы;

шаруа қожалықтарының нарықтық қатынастарға қарай тартылуы;

жұмыс күштерін жалдайтын мануфактуралардың пайда болуы;

батыс еуропа елдерінің саяси ұсақталуының жойылуы, нәтижесінде орталықтанған ұлттық мемлекеттердің -абсолюттік монархияның пайда болуы;

ХУ-ХУІ ғғ. ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуы. Ьүл жаңалықтардың ашылуы әлемдік рыноктың құрылуының оастамасы болды.Тауар айналымы жақсарып көбейді және

атыс еуропа елдері арасында азия елдерінің өнімдері мен америка елінің қазыналарына таласудың бәсекелестігін тудырды;

ірі тауар партияларын экспорттаушы ірі кәсіпорындар құрылды;

сауда капиталы жылдам өсті және оның өнеркәсіг капиталына қарағанда үстемдігі байқалды.

Феодализмнің ыдырауының тағы бір себебі капиталдын алғашқы қорлануы.

Капиталдың алғашқы қорлануының мазмұны болып табылатындар:

-тауар өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарынан оқшаулануы.Бұл процестің негізінде шаруалардан жерді күшпен тартып алу жатыр;

-отаршылдық шапқыншылық саясат.Басып алынған жерлер тоналды, ал тоналған қазыналар капиталға айналды.Бірінші отаршыл империяға жататын елдер Португалия мен Испания, олардың соңынан отаршылдык күреске Голландия мен Англия және Франция елдері кіреді;

отар елдермен арадағы сауда теңсіздігі. Отаршылдардың байлығының басты көзі құлдар саудасы болды;

өзге елдерден табылған құнды металдардың мол кені.Бұл сол құнды металдардың құнының төмендеуіне әкелді де, соңында қалған барлық тауарлардың бағасын өсірді. Нәтижесінде нақты жалақы төмендеп, саудагерлер мен кәсіпкерлердің пайдасын өсірді. Ал помещик-феодалдарды акшалай оброктың құнсыздануы үлкен шығынға ұшыратты.Оның орнын олар арендалық төлемдермен толықтырды.

Капиталдың алғашқы қорлануының классикалық түрі Англияда өтті.Жерге иелік мұнда шіркеу мен католик монархтарының жерлерін конфискалау арқылы жүрді.Осындай түрде алынған жерлер кәсіпқой фермерлерге жалға берілді. Жерлерінен айрылған шаруалардың босап қалуы ішкі рыноктың қалыптасып дамуына жол берді, бірақ бұл әлі тұрпайы түрде еді. Капитализмнің дамуына "ұлы жағрафиялык ашулар" да септік болды. Бұл ашулар дүниежүзілік рыноктын қалыптасуын жеделдетіп, Америка, Азия және Африка елдерін басып алумен тонаушылыққа әкелді. Ал дүние жүзілік сауданың   дамуы   көпестердің   рөлін   жоғарылатты.

Меркантилизм терминінің өзі итальяның мерканте сөзінен шыққаң баламасы "көпес" дегенді білдіреді.Бұл терминнің астарында мынадай мағыналар жатыр, біріншіден меркантилизм капиталдың алғашқы қорлану кезеңіндегі феодалдық-абсолюттік мемлекеттің экономикалық саясатын білдіреді, яғни сауда капиталының (ірі сауда монополиясының) мүддесін қорғап, экспортқа жұмыс жасайтын сауда мен өнеркәсіптің дамуына ықпал жасайды. Екіншіден. меркантилизм айналыс саласын зерттеуші, классикалық табиғаты жағынан сауда капиталының мүддесін қорғаушы, меркантилистік экономикалық саясатты мақсат тұтушы экономикалық ілім.Меркантилизм саяси экономияның алғашқы мектебі бола отырып, оның өкілдері мемлекеттің көмегі, абсолютизмнің көмегіне сүйенуге тырысты.Аюсолютизм, оның бюрократты армиясы, дәулетті өмір сүруші өкілдері қаражатты толтыру көздерін іздеді. Бұл туралы «Абсолюттік монархия байлыққа, соның ішінде ақшалай байлық көзіне мұқтаж болды»,-дейді К.Маркс.

Меркантилистіксаясаттыңда басты мақсаты елге неғұрлым байлықтың алтын мен күміс түріндегі көлемін көптеп тарту болды.Мұндай ұмтылыстың обьективті негізі тауар-ақша қатынастарының дамуына байланысты ақшаға деген қажеттіліктің өсуі еді.

Меркантилизмнің дамуы екі кезеңнен өтті: алғашқы және кейінгі. Бірінші кезеңде ақша балансы саясаты жүрді. Оның негізгі мақсаты қалайда елде ақша қаражаттарын қалдыру. Алтын мен күмісті ұлттық көлемде қорға жинау үшін ақша айналымын реттеу қажет болды. "Ақша айналымын реттеу тоқырауға әкеліп соғуы керек, өйткені лордтардың сандығында ақша айналмай өлі жүк болып қалады",-деді Ф.Энгельс.

Екінші кезеңде сауда балансы саясаты жүргізілді. "Сауда балансы" принципі ішкі сауданың кең көлемде дамуымен іштегі ақшаның жұмысқа қосылуынә себепкер болды.

Соңғы кезеңдегі меркантилистер ақша аумағын тауар аиырбастау аумағына айналдыра бастады, ақшаны шетелге шығаруға қарсы болмады. Шетелден арзан тауар өнімдерін сатып алып, оны ел ішінде ішкі рынокта қымбатына сатып отырды. Отарлау саясаты оларға өз өнімдерін өткізу үшін және

Анн Робер Жак Тюрго (1727-1781) физиократтардың ішінде маңызды орынға ие. Ол тек Кенэнің идеяларын жалғастырушы ең қабілетті шәкірті ғана емес, оны капиталистік қатынастарды терең талдап зерттеуші жүйеге айналдырушы. Маркстің сөзімен айтқанда: "Тюргоның идеялары арқасында физиократтық жүйе дамыған түрге айналды".

Оның экономикалық теориясы феодализм тұсындағы капиталистік өндірістің одан әрі дамуының тарихи қажеттілігін, сәйкесінше капиталистік қатынастардың туындауын тереңірек ашты.

Тюрго 1774 жылы Людовик ХУІ-ң тағайындалуымен Бас қаржылық бақылаушы қызметін атқара жүріп, елдегі салық салу, сырттан әкелінетін өнімдерден баж салығын алып тастау тәртіптерін заң жүзінде реттеп отырды.Бірақ оның бұл реформалық іс-әрекеттері үстем тап өкілдері тарапынан қолдау көрмей, қарсылықтарының нәтижесінде күйреуге ұшырады. Дегенмен, Тюргоның ғылыми әрі мемлекеттік дәрежедегі іс-қимылы зая кеткен жоқ, керісінше капиталистік өндірістің одан әрі дамуының тарихи қажеттілігіне әсерін тигізді. Осы орайда Маркс оны тағы да жоғары бағалап "ескі қалыптасқан тәртіпті күйретуші жеке тұлғалардың бірі" деп атапкөрсетті.

Тюргоның өте жоғары маңыздылыққа ие ең басты экономикалық еңбектерінің бірі 1766 жылы жарық көрген "Байлықтың қалыптасуы мен оны бөлу туралы ой-толғаныстар" деп аталады. Еңбек қысқаша әрі нақты 100 шамалы тезистер түрінде жазылып үш бөлімнен құралған. Бірінші бөлімде ол физиократтық жүйенің мағнасын аша отырып "таза өнімнің" тек қана табиғаттың адамзат баласына берген сыйы емес, ол қарапайым шаруаның ерекше еңбек өнімділігінің жемісі екендігін әрі оны жер иесі иемденетініне баса назар аударады. Келесі бөлім баға мен құн және ақша мәселелеріне арналады. Соңғы бөлімде капиталистік қоғамдағы капитал мен табысқа, таптық құрылымға талдау жасалынады.

Тюргоның өндірістік қатынастардағы таптық құрылым түсінігінде Кенэге қарағанда ілгерілеушілік байқалады.  Кенэнің қоғамды үш тапқа бөлген идеясын одан I дамытты. Мұндағы ерекшелік Тюрго фермерлер мен өнеркәсіп    өкілдерінің   құрамын   жұмысшыләр    мен капиталистерге бөліп қарастырады. Мысалы өнеркәсіп тобының өкілі кәсіпкер -капитәлистің қолында бәрі бар, зор капитал иесі бола отырып ол жоғары пайда табады, керісінше өнркәсіп тобының келесі деңгейдегі өкілі қарапайым жұмысшының қолында өзінің жұмыс күшінен басқа ештеңе де жоқ. Оның капиталистен айырмашылығы езінің күнделікті еңбегі үшін тек күнкөріс деңгейіндегі жалақысымен ғана шектелетіндігі. Ал олардың жалақысының күнкөріс деңгейімен шектелу себебін ол еңбекке деген сұраныстың  ұсыныстан төмендігімең осының салдарынан жұмысшылар арасындағы бәсекелестікпен түсіндіреді.Тура осы сияқты Тюрго фермерлер тобын да осындай екі деңгейге бөліп қарастырады.

Бестоптан тұратын Тюрго құрған бұл қоғамдық модель Кенэ құрған үш топтық модельге қарағанда шынайылыққа жақын Себебі бұл модель Тюргоны қоғамның байлық көзін тек қана ауыл шаруашылығынан іздеген физиократтармен салыстырғанда осы байлықты жалпы материалдық өндіріспен байланыстырған ағылшынның классиктеріне жалғастыратын көпір сияқты болды.

Бұл тұрғыда оның басты жетістігі "өнімсіз" топқа жататын жалдамалы еңбекке талдау жасауы болып табылады. Яғни қарапайым еңбек иелері ендіріс құрал-жабдықтарынан айрылған, ал олардың жалғыз табыс көзі тек алатын жалақысымен ғана шектелген. Керісінше өндіріс-құрал жабдықтары мен жерді капиталистер өз қолдарына шоғырландыра отырып олар сонымен қатар шаруалардың да еңбегін қанап түскен таза өнімге де өздері   қожалық етеді. Жұмысшылардың жалғыз күнкөріс көзінің бұл түрі жалақыны Тюрго өндіріс-құрал жабдықтарын меншіктенуші мен жұмысшылардың арасындағы айырбас процесін реттеуші заңдылық тұрғысында көрсетеді. Маркс Тюргоның   "таза өнімін" кейде "қосымша еңбек түрінде көрініс табады" деп атап көрсетті.

Тюрго нарықтағы бағаның қалыптасу процесін зерттегеі Ол бағаны негізгі және ағымдағы деп бөледі. Алғашқыси жумысшының затты бағалау құнына тең, ол одан әрі төмеи бола алмайды. Ал ағымдағы баға нарықтағы сұраныс пен ұсыныс ара қатынәстарына байланысты қалыптасады.

Тюрго "капитал" ұғымын енгізуші, рентаны пайданың қайнас көзіне жатқызды. Өнеркәсіп және сауда пайдаларын капиталдан түсетін табыс түрі деп есептеді. Капиталдьі "қорланған құндылықтар" дей келе, ол өндіріске салынған капиталдың өздігінен өсу қабілетін мынадай тәсілдер арқылы анықтауға тырысты. Біріншідең капитал жер сатып алуда қолданылады (ол рентаның алынуын қамтамасыз етеді). екіншіден, өнеркәсіп кәсіпорындары сатып алынады (бұп өнеркәсіптік пайданы қалыптастырады), үшіншіден, ір ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастыруға жағдай жасайды (бұл шаруа қожалықтарының пайдасын қалыптастырады). төртіншіден, сауда саласында пайдаланылады (бұл сауда пайдасын тудырады). Келесі кезектегі тәсілде Тюрго капиталды қарыз процентін алудың көзі ретінде несиелікоперациялармө^ байланыстырады. Сонымен қатар ол процент мөлшерінің нарықта капиталдың молшылығы мен жетіспеушілігін анықтаушы    құрал    екендігін    түсіндіреді.     Процент мөлшерлемесінің төмен деңгейін капиталдың молшылығыһ білдіретін көрсеткіш деп бағалайды.

Тюрго ақшаны тауар әлемімен байланыстыра білді, әсіресе алтын мен күмістің басқа тауарлардың құндылығын анықтаудағы тауарлық табиғатын білгенмең ол акшаның мәнін толық аша алмады. Себебі ақшаның қажеттілігінің тауардың ішкі қайшылықтарынан туындайтынын ажырата алмады. Ол ақшаны айырбасты жеңілдететін техникалық құрал ретінде ғана қарастырды.

Ф.Кенэнің «Экономикалық кестесі»

Барлық қоғамдық капиталдың айналымы мен ұдайы өндіріс процесін талдау үшін Кенэ капиталдың құрамына жіктеу жасады. Өндіріс пен өнім өткізілімінің тұрақты қайталануын білдіретін "ұдайы өндіріс" ұғымын ол саяси зкономияға алғаш рет енгізді. Осы ұдайы өндіріс процесінің сипаттамасын ол өзінің"Экономикалық кесте" (1758), еңбегінде көрсетті. Түрлі математикалық еселтеулерді пайдалана отырып, ол Францияның ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы жэне таза өнімнің натуральдық және ақшалай нысандағы айналымын көрсете білді.

"Экономикалық кестеде" қоғам үш негізгі топтарды біріктіретін тұтас бір организм түрінде қарастырылады. Қоғамның топтық құрылымының сипатталуы Кенэ үшін айналым процесі арқылы жиынтық өнімнің осы үш топ арасында бөлінетіндігіне байланысты қажет болды. "Ұлт,- деп жазды Кенэ,- азаматтардың үш тобынан тұрады: енім ендіруші топ, меншіктенуші топ және енім ендірмейтін немесе нәтижесіз топ". Өнім ендіруші топқа фермерлер, шаруалар, ауыл шаруашылығындағы жалданбалы жұмысшыл.ар, жерді еңдеп оған белгілі бір шығын жұмсайтындар жатты, бұлар "таза өнімді" өндірушілер. Меншіктенуші топқа король, ірі жер иелері, шіркеу қызметкерлері, яғни ауыл шаруашылығындағы өндірілген "таза енімді" иеленушілер жатқызылды. Өнеркәсіп саласында жұмыс жасайтьіндардың бәрі өнім бермейтін топты.  Бұлтопқа сонымен қатар, қоленершілер, осы саладағы жалданбалы жұмысшылар, капиталистер, ұсақ сауда иелеріжатқызылды. Кенэ осы үш топтың арасындағы макроэкономикалық байланысты алғашқы жасаушы, оның еңбегі де осында. Осы "Экономикалық кесте" еңбегінде қоғамдағы өндірілген жиынтық өнімнің жылдық айналым қозғалысын көрсетті. Кейіннен бұл идея ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің құрылымын талдауда, қоғамдық өнімді есептеу принципінде, халық шаруашылығы балансының моделін жасауда өзініңжалғасын тапты.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-08 17:53:01     Қаралды-4646

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »