Тақырып. Экономикалық ілім тарихы.
1. Экономикалық ілімдер тарихы. Экономикалық ілімдер тарихы: даму кезеңдері.
2. Вавилон, Қытай, Индия және Ежелгі Грецияда қалыптасқан ой-пікірлер.
3. Ортағасырлық экономикалық ілімдер.
Экономикалық ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуынын ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып калыптасты. Қалай өмір сүру, қажеттіліктерін, игіліктерді өндіру, бөлу процестеріндегі қарым-қатынастардың барлығы алғашқыда экономикалық ой-пікірлер, ілім негізінде қалыптасып, шаруашылықты жүргізудің белгілі бір әдісі түрінде көрінді. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде экономикалык ойлар мен ойшылдар көріне қойған жоқ.
Экономикалық ілімдердің ғылым ретінде қалыптасу кезеңі XVII ғасыр болып табылады, бірак экономикалық көзқарастар коне заманда да кездеседі.
Оның емір сүру кезендерінде бірнеше мектептермен, ағымдармен ауыстырылды.
Экономикалық әдебиеттерде экономикалық ілімдер тарихының пәні тенірегінде алуан түрлі кезқарастар кездеседі. Экономикалық ілімдер тарихы пәні тұжырымдамасы туралы экономикалық ғьшым саласындағы танымал беделділердің арасында да ортак пікір жок. Қазіргі кездегі экономикалық кезқарастардың жіктелуі, экономикалық ғылымның пәнін түсінуге мүмкіндік береді. Олардың арасынан классиктерді (олар экономикалык ғылым пәнін қоғамдық байлықты өндіру зандары деп есептейді); неоклассиктерді (олардың ойынша, экономика ғылымы шектеулі өндірістік ресурстар жағдайында үтымды шешімдерді іздестірумен айналысуы тиіс); марксистерді(оларды өндіру, бөлу, айырбастау жәпе тұтыну процесінде туындаған экономмка.лык катыпастарды зерттейді). кейнсшілдерді (олар экономикалық өсу факторларын зерттеген және факторлық талдау негізінде макроэкономпкалык реттеу ұсыныстарын жасаған); маржиналистерді (олар «экономикалық адамның» ұтымды іс-әрекеттерін зерттеген); монетаристерді (олар экономиканы тұрақтандыру және жумысбастылыкты камтамасыз ету факторы ретінде монетарлық, ягни акша несие саясатын алған); ииституционалистерді (олар экономикалык катынастарды әлеуметтік, саяси және рухани қатынастармең баиланыстырып карастырған) және т.с.с. бөліп қарауға болады. Дегенмен. жасалган әр түрлі тужырымдарға карамастан, карама-қайшыдыктар жиі кездеседі және олар классиктердін көзқарастарымен ойдағыдай ұштасып жатады.
Белгілі экономистердің көзқарастарын жүйелеумен және ашумен шектеліп қоймай, идеялардың өзара байланысын, реттілігін, әдістер мен корытындылардың трансформациясын анықтауға ұмтылады.
Экономикалық әдебиеттерде де қысқаша талдау жасағаннан аңғарғанымыз, экономикалық ілімдер тарихы пәнін зерттеу бойынша үлкен жұмыс Батыста және Ресейде жүргізіледі.
Қазакстанда аталған мәселелер осы күнге дейін жеткіліксіз зерттелген. Экономикалық әдебиетте ғылым тұрғысынан алғандағы экономикалық ілімнің тарихи аспектілерін қамтитын бірқатар басылымдар бар (Я.Ә.Әубәкіров, О.Ж.Әлиев, В. К. Досқалиева, С. А. Доскалиев, М.Қ.Елеусізов, Р. Е. Елемесов, Е. Б. Жатқанбаев, Д.Қ.Қабдиев, К. К. Қанатбаев, К. Н. Нәрібаев, Т. С. Сарбасова, Ө.Қ.Шеденовтың жәнет.б.). Соған қарамастан, Қазакстандағы экономикалык ілімдер тарихын кешенді тұрғыдан қарастыруға арналған ғылыми деңгейде зерттеулер әлі тиісті жолға қойылмаған. Сондықтан да осы багьптағы ізденістер әрі жалғасуда.
Экономикалык ілімдер тарихы ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Кез-келген ғылыми зерттеудің әдіснамалык негізі — диалектикалық танып білу әдісі болып табылады. Бұл әдістін ғылыми мәні мынада: барлық экономикалық құбылыстар мен процестерді олардың дамуы түрғысынан — жай түрінен күрделісіне, төменгі сатыдан жоғарысына қарай қарастырылады. Осы процестерді қарастыру кезінде танып-білудің көптеген тәсілдерін қолданады. Танып білудің диалектикалық әдісі барлык ғылымда қолданылатын жалпы тәсіл болып табылады. Диалектиканың жалпы заңык қолдана отырып экономикалық ілімдер тарихы өзіне тән ғылым ретінде сипаттайтын арнайы зерттеу әдістерінде қолданады.
Экономикалык ілімдер тарихынын пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы — ғылыми абстракция әдісі болып табылады. «Абстракция» терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Кұнделікті омірде «абстракция» кобінесе нақты болмыстан тыс жоне тек ойдан, елес ретінде түсіндіріледі. Ал накты ңәрсе — бүл күнделікті өмірде керінетін құбылыс шындығы. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз. откінші жақтарыя дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып кәрсету процесі. К.Маркс айткан болатын: «...экономикалық формаларға анализ беруге микроскопты да, не химиялық реактивты де пайдалануға болмайды. Бұл екеуінің орнына абстракцияның кү;ші жүруге тиіс». Кобінесе қүбылыстың мәнін тұсінуде, сол кездегі кездейсок, қосарланған кейбір жағдайлар кедергі жасайды. Сондықтан да басты нәрсені шешіп алу үшін — мәселенің мәпін токып, опы терең корытындылау, кедергі жасайтын, екінші дәрежедегі күбылыстардан дерексіздендіру кажет.
Абстракциялык ойлау процесінде экономикалык категориялар (тауар, нарык, ақша, капитал. пайдажәне т.б.) калыптасады. Экономикалык категория — логикалық үгым жоне адамдар арасындағы әлеуметгік-экономикалық қайсы бір катынастарды көрсетеді. Демек, экономикалық ыімдер тарихы адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды экономикалык категориялар ретінде бейнелеу аркылы окытады.
Кез-келген процесті зерттеуде экономикалык ілімдер тарихы зерттеудің тарихи және логикалық әдістерінің бірлігін колданады. Осы тенденцияның дамуын айқындау үшін, күбылыс пен процестің пайда болуы. олардың өсу жолдарын корсету кажет. Демек, экономикалық ілімдер тарихы принципті басшылыққа алады. Экономикалық қатынастарды тарихи көзқараспен зерттей отырып, экономикалық ілімдер тарихтың сонынан ілесе алмайды. Себебі, тарих көп жағдайда кездейсоқ факторлар, қым-қиғаш қүбылыстар, кері шегіністер мен ілгері озып кетушіліктер іс әрекетіне бой алдырады. Осы кездерде экономикалык ғылымының логикасы көмекке келеді. Сондықтан да экономикалық ілімдер тарихы әдісінін ең маңызды принциптері — зерттеудің тарихи әдісі жәгге логнкалык әдістерінің бірлігі болып табылады. Логикалык әдіс — деп жазды Ф.Энгельс, — бүл сол бір тарихи әдіс, тек тарихи дамудын кездейсоғынан басталған. Экономикалык ілімдср тарихы осы тарихи сатыдағы болмысты бейнелейді жоне «заңға сәйкес, шындыкты тарихи процестің өзі беріп отырады».
Экономикалык процесті танып-білуде жалпы, ерекше және жеке бірлестігі әдісін қатаң сактау орын алады. Экономикалық зерттеуде анализ (талдау) және синтез (жинактау) тәсілі де колданылады. Табиғатта да, қоғамдада зерттелетін қүбылыстар мен процестер қасиеттер мен сипаттар жиынтығына ие болады. Осы обьектіні дүрыс түсіну үшін, оларды ең алдымен күрамдас боліктерге жіктеу қажет. Зергтелетін күбылыс өзіиін қүрамдас боліктері мсн жактарына жіктеледі. Осы боліктер мен жактардын әрқайсысын тәптіштеп түтас қубылыстың қажетті бір болігі ретінде карастыруды анализ (талдау) дсйміз. Алаііда кұбылысты қарастыру тек татдаумен шсктелмейді. Әрбір құрамдас бөліктерді зертгеп болған соң, осы элементтерді қайтадан түтас етіп біріктіру қажет. Зерттелетін құбылыстардын бөліктерін жүптастыру жоне оларды түтас қүбылыс ретінде танып-білуді синтез (жинактау) дейміз.
Ғылыми болмыс экспериментті қолдануды, экономикалык процесс пен қүбылыстардыц математикалык әдістерін жасауды да қарастырады. Осының барлығы жаца теория, түжырымдамалар мен экономикалык заңдардыц калыптасуын камтамасыз етеді. Кез келген қоғамдык омір мен табиғат сияқты экономикада кездейсоктықтыц тікелеп ауыртпалығына күбылыстардың ретсіз бейнелеріне бағытталған белгілі зандылықтарға жол салады.
Экономикалык ілім — ертедегі ен ескі және бай тарихы бар ғылымдардың бірі. Экономикалык ойдың алғашқы козін біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда ергедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) нен Аристотельдің (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінен табуға болады. Экономикалык (тауарлы-акша) байланыстардын дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізеді. Ол сол кездердегі жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей. жалпы ұлттық, мемлекеттік шаруашылықты жүргізудін жалпы ережесін анықтаудың алғашкы талпыныстарымен бірге пайда болды.
Қорыта айтканда, казіргі кезде экономикалық ілімдер тарихы мынадай төрт ірі ағымдармен сипатталады:
-бірінші ағым «неоклассикалық» деп аталып, ол өзіне казіргі «монетаризм» жәнс «неолиберализм» теорияларымен жұптасады. Неоклассиктер — А.Смиттің тікелей ізбасарлары былай деп есептеді: сьср нарықтык экономика субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе оте жақсы қызмет атқарған болар еді;
-екінші ағым «капитализмді реттеу» теориясымен айқындалады. Оның негізін қолдаушы ағылшын экономисі Дж.Кейнс (1883-1946 ж.ж.) болып табылады;
-үшінші ағым «институционализм» теориясымен айкындалады. Оның негізін калаушы американ ғалым-экономисі Торстейн Веблен (1857-1929 ж.ж.) болып табылады. Оның 1899 жылы «Парыксыз топтың теориясы» атты енбегі жарык көрді. Осы ағы.м үшін кашіталистік коғамның дамуы мен түрінін өзгеруіне арналған зерттеулер сипаты тон. Т.Вебленнің ізбасарларына «индустриалды коғам» теориясын жасаған американ ғалым-экономисі Дж.Гэлбрейтті (1908 ж.) және «конвергеицнк» (латынның жакындасу, үксайтын деген созі) теориясын жасаған голланд ғалым-экономисі Я.Тинбергеиді жаткьвнмыз. Американ ғалым-экономисі Пол Самуэльсонның (І915ж.) айтуынша, бүл тсорияларда «аралас экономиканың» түп тұлғасы қарастырылған.
— төртінші ағым әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық теориясымен айқындалады. Осы тсориянын негізін қалаушылар кеміс ғалымы, мемлскепік кайраткср
Людвиг Эрхард (1897-1977 ж.ж.) және геоманияның экономисі Вальтср Оккен (1891-1950 ж.ж.) болып табыладіл.«Экономика ғылымының ғылыми максатын терентұсіму үшін ең жақсысы үлы үш экономистердін. А.Смит. К.Маркс жопе Дж.М.Кейнстін еңбектерін зерделс-п оқу жеткілікті» - дейді америкнндық белгілі экономист, жаңа институтдиоңалдык бағыттыц өкілі Р.Хайлбпонср. Ьүдан ч артық экономика гылымына берілер баға жок секілді. Себебі -. Роберт Хайлбронср келтірген бүл үш атақты экономистер экономика ғылымыида түбегейлі озгеріс жасау арқылы өз есімдерін мәнгглік қалдырған ғалымдар. Олар экономикалык жүйелердің нарыктық, жоспарлы. аралас түрлерінін негізін қалаушылар.
Экономика мен экономикалық ілімдер тарихынын негізгі теориялық негізі - экономякнлыктеория (саяси экономикд) курсы. Өткен заманғы және қазіргі одемге таиымад атакты экономист ғалымдардын, теориялык мсктеитер мен экономикалық бағыттардыц иегізп экоиомнкалык концепцияларыныц талқыламаларьпі с.ітыстыра отырып алған білімнін экономика.тык теорин курсын терен меңгеруге жол ашатыиы созсіз.
Тастан жасалған балта мен садақ экономиканы қурамайды ол тек техникалық қурал ғана болып табылады. Бірақ бірнеше балталар мен садақтардын топтасуы аңшылардың буғыларды өлтіруге, оның егін өзара бөлісуге, әсіресе аңшылыққа шықпаса да балта мен садақ жасаған шеберге беруге жағдай жасайды. Осылай қауымның өмірі бірте-бірте курделене туседі.Бул экономиканың әлі де болса пісіп жетілмеген дөрекі түрі.
Мұнда сөз тек садақ, балта, ет. балық сияқты заттарға қатынас туралы болып отырған жоқ. жалпы ендіріс, ондағы бөлініс, айырбас, материалдық игіліктерге деген қажеттілік жайында болып отыр.
Бұл қатынастарды К.Маркс. әлсіз де нашар дамыған өндіргіш куш болса да. өчдірістік катынастар деп атағанБұл кезеңде экономикалық ойлар әлсіз дамыған. Олар өмір деген жалпы уғыммен қоса еріліп. адамдардың санасында буддизм, христиандық, мұсылмандық діни турде бейнеленеді.Барлық экономикалық ойлар өздерінің жағдайлары мен билеуші тап жағдайларын қорғау мақсатында болды. Дегенмен айырбас, ақша, баға, сауда. қарыз проценті деген уғымдар ежелгі гректер мен египеттіктерге белплі болған. Ежелгі Шығыс.Ежелгі Египет
Ежелгі Шығыс - әлемдік еркениеттің бесігі.Біздің эрамызға дейінгі 4 мыңжылдықта осы елдерде алғашқы мемлекеттік құрылымдардың пайда болуы құп иеленушілік қоғамда экономикалық басқарудың мемлекеітж фоомасына әкелді. Міне осы кезеңде Ежелгі Египетте экономикалык ой-пікірлердіңіоіінде непзінен мынадаи мәселелер тұрды:
1. мемлекеттік шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару:
2. мемлекетті жұмыс күшімен және өндіріс құралдарымен жабдықтау;
3. жұмысшыларды азық-түлікпен камтамасыз ету:
4. жекеменшікті қорғау.
Ежелгі Азия. Вавилония. Вавилония патшасы Хаммурапидің (билікеткен жылдары 1792-1750 б.э.д.)заңдар жүйесі мына мәселелерді қарастырды:
- жоғары моралды этикалық нормалар (егер баласы әкесіне қол жұмсаса, оның қолы шабылды);
- біреудің жеке меншігіне қол сұқпау (егер бір адам езге біреудің малын яки затын ұрласа, ол адам ұры болып есептеледі де тиісті жазасын алады);
- материалдық шығынды етеу жауапкершілігі (егер құрылысшының кінәсінен ол салған үй құлап қалса, иесіне келтірілген шығынды толық етейді);
- еркін адамның құлға айналуын қорғау (мысалы.адам алған қарызын уақытында қайтара алмаса.оны өтеу үшін қарызалушыға Зжыл жұмысжасағаннан кейінғанаол еркіндік те болады).
Қытай. Мұндағы экономикалық ой пікірлер Конфуций (552-479 жж б.э.д.) идеялары негізінде қалыптасты.
Конфуциилік пікір қоғамды табиғи күштер, әкімшілік-құқықтық немесе пайдакүнемдік-экономикалық тәсілмен емес, тек моральді-этикалық нормалардың көмегімен басқару қажет Дейді.
Конфуциидің пікір бойынша ел билеуші адам кішіпейіл, ұстамды, әрбір іс-қимылы саналы, міндетін мүлтіксіз әрі адал атқаратың өзіне және езгеге талап қоя білетін адам болуы қажет.
Ел билеуші сонымен қатар жоғары иманды, ез халқының дәстүрі мен салтын сүюі, білуі, оны сақтауы шарт. Халық пен мемлекет игілігін ойлай отырып, сол халықтың сүйіспеншілігіне, сеніміне ие болуы керек.
Саяси-экономикалық трактат Гуан-цзы (І\/-ІІІ ғ.б.э.д.).Бұл трактат бойынша қоғам мүшелері әлеуметтік принциптерге сай белінеді.Мемлекетті билеушілердің бәрі бірдей атақты болаалмайды, олай болған жағдайда ел жұмысшыларсыз табыссыз қалған болар еді.
Гуан-цзы трактаты Конфуций идеясын одан әрі дамытушы.Трактәтта төмендегідей экономикалық мәселелерге назар аударылады:
заң-ел билеушісінің қолындағы қаруы емес, одан да жоғары тұрған күш бар-ол қазына байлығын емес, халықтың тұрмысын жақсартуға жұмыс жасауы керек;
шаруашылықты әлеуметтік-экономикалық басқарудын негізгі мақсаты ақшә саясаты мен тауар қорларын молайту арқылы олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету;
шарулардың экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында салық жүйесінде нанның бағасын көтеру арқылы өзгеріс жасау.
Үнді. Үнді тарихында экономикалық ойларды білдіретін ұлы ескерткіштердің бірі Артхашастра (ІУ-ІІІ ғ.б.э.д.) трактаты.Бұл трактаттың авторы Каутилья Виннигупта -император Чандрагупта 1 ~ң кеңесшісі әрі министрі.Трактат бірнеше белімнен тұрады, соның ішінде III бөлімі - мемлекетті басқару, IV бөлімі - ел байлығы туралы яғни ежелгі үнді мемлекетінің шаруашылық жағынан дамуы мен оны басқару туралы экономикалық жағынан кеңес беруші нормативтер жиынтығы.
Трактатта келтірілетін экономикалықжағынан маңызды бір мәселе, жоғары үкіметті бірнеше жылдарға жететін азық-түлік бойынша сақтандыру қорларын құруға міндеттейді. Бұл қорға кіретін азық-түлік пен материалдардың нақты тізімі көрсетіледі (дәрі, қару-жарақ, азық, асыл тастар т.б.). Жоғарыда келтірілген елдерде экономикалық ойлар құл иеленушілікжәне феодализм құрсауындағы шаруашылықты жүргізудің азиялық тәсілін дәріптейді.
Ежелгі Греция. Құл иеленушілік қоғамның үстемдік құруы кезіндегі Ежелгі Грецияның экономикалық құрылымының сипаттамасын сол дәуірдің ойшылдары Ксенофонт,Платон, Аристотельдің еңбектерінен білуге болады.
Ксенофонт (б.э.д. 430-355 ж.ж.). Платон мен Аристотельдің замандасы Ксенофонт Афиндік ірі аристократ отбасынан шыққан.ұлы грек философы Сократтың шәкірті. Негізгіеңбектері: "Экономикос", "Жер шаруашылығы туралы". Бұл еңбектерінде ол экономикалық көзқарасын баяндайды.Ұзақ уақыт емір сүрді.Тарихшы әрі мемлекет қайраткері, құл иеленушілік дәуірдің ойшыпы, саяси кезқарасы тұрғысынан алғанда аристократияны жақтаушы. Ол Спартандықтардан Олимпияға жақын жерде ауыл шаруашылығымен айналысты.Осыған байланысты жазылған "Жер шаруашылығы" еңбегін нағыз ауыл шаруашылығының энциклопедиясы деуге болады. Негізінен ауыл шаруашылығы - сол кезеңдегі гректер үшін шаруашылықтың ең маңызды саласы болып есептелді. Сондықтан да Ксенофонт өз еңбектерінде натуралды шаруашылыққа аса зор мән берді, натуральды шаруашылықты тұрақты және сенімді деп есептеді. Ол ауыл шаруашылық жұмыстарымен, жер игерумен. бақша өсірумен, жүзім шаруашылығымен айналысуды дұрыс деп тапты. Өйткені адамды рухани әрі материалдық тұрғыда толық қамтамасыз ете алатын жерден алынатын өнімдер екенін білді.(кім жақсы,адал еңбек етсе, жер сол адамды жарылқайды).
Ксенофонт - "экономика" терминінің авторы.Бұл сез грекше екі сөздің оікоз - үй, шаруашылық, потоз -заң, ереже бірігуінен шыққаңбаламасы - үй шаруашылығын немесе белгілі бір шаруашылықты жүргізу тәсілі, әдісі деген мағнаны білдіреді
Ксенофонт адамдардың жекелей байлығының алтын немесе күміс түрінде қорлануына қарсы болды.Алтын, күміс, басқа да байлықты айналымға жібермей сақтағаны үшін айып телету керектігін атап өтті.Бұған қарсы шара ретінде темір ақшаны кіргізуді ұсынды. "Темір айналымы жүру үшін темір ақша қолдану керек,"- деген.
Сондай-әқ Ксенофонт қазына формасындағы ақшаның ролін жоққа шығармады. Ол өзінің "Салық туралы" деп аталатын кітабында былай дейді: "Егер ақшаң артық болып, оны қазынаға жинасаң, одан үлкен қанағат аласың. Кімде ақша, байлық бар, сол өзінің жағдайын күрделі деп есептейді". Ксенофонт бір жерде отырып жұмыс істейтін қоленершілерге және олардың еңбегіне көп мән бере қоймады, оны құлдарға лайықты кәсіп деп бағалады.Сауданы да ерікті грек үшін айналысуға тұрарлық іс-әрекетке жатқызбады.Дегенмен дұрыс маманданудың аркасында (еңбек бөлінісіі үлкен жетістіктерге жетуге болатынын мойындады. Ол өзінің трактатында "Кімде-кім өзіне белінген жумыеымен нақтылай айналысса, ол соны шебер орычдап шығады.'-дейді.Сонымен қатар "Киропедия" еңбегінде баға құрылымы процесін талдауға жол бердг яғни бағаның ауытқуы тауарлар (мыс, темір, азық-түлік) ұсынымы мен сұранымына байланысты өзгеретіндігін айтады.
Ксенофонт құл иеленуші қоғамныңойшылы болғандықтан. лагерлік өмірді және қатаң тәртіпті жақтады.Сондәй-ақ құл иеленушілерді қауымға бірігуге шақырды. Өйткені олар бірігіп іс қылғанда ғана құлдарға қарсы тұра алады - деді. Құлдықтың болуының дұрыстығына Ксенофонттың ешқандай күдігі болмады. Ол құлды қалай ұстау керектігіне, оларды қанау жолына кеңестер беріп отырды. Персиядағы деспотизмді жоғәры бағалаған. Спартан елінде орнаған тәртіпті қолдаған.Әсіресе бірге жұмыс істеу, бірге ойнау, бірге тамақ ішу адам тәрбиесіне қажет деген.
Ксенофонт аса байлықты жаратпады."Байлық өзінің қажетіне жетсе болғаны, ал артылса оны жолдастәрыңа берген дурыс",-деп кеңес берген. Ол езінің "Домострой" кітабында мынадай да кеңестер береді: "Ұқыпты бол, малыңды босқа шашпа, күшің келсе, қажетті мекемелер салуға көмектес. Еңбек бөлінісін кушейтуге жұмса. ол еңбек өнімін күшейтеді".
Платон (б.э.д. 427-347 ж.ж). Гректің ұлы философы, әкесі жағынан қуғанда атақты Афинаның соңғы патшасы Кодр, ал шешесі жағынан алғанда гректің "жеті данасының" бірі Солон. Бұл Платонның жас кезінен ой-өрісінің қалыптасуына әсер калдырғаны сезсіз. Негізгі еңбегі "Саясат немесе мемлекет" деп аталады. Осы еңбегінде ол өз алдына аристократтар мүддесін қорғау мен олардың жағдайларын жақсарту міндетін қойды. Бұл кітапта ол жаңа идеалды мемлекетті бейнелеп, оны утопиялық бөліктермен беледі. Осы мемлекетте тұратын адамдарды 3 топқа бөледі:
- философтар - мемлекетті басқарумен айналысады;
- жауынгерлер - басқарудың мемлекеттік аппаратын құрушылар;
- егіншілер, қолөнершілер, көпестер - олар еңбекпеңсаудамен айналысып, жеке меншіктері болады және оз еңбектерімен жогарыдағы екі топты асырайды.
Алғашқы екі топтың меншігі болмады. Олардың арасындағы еңбекбөліністерін қарастыра отырып, Платон көпестерге кеп көңіл бөлді.Табиғи еңбек бөлінісін ол айырбастың қажеттілігімен байланыстырды.әсіресе ұсақ саудамен. Ал жалпы саудаға.соның ішінде ірі саудаға, ол теріс пікірде болды және олардың табыстарын табыстың табиғи түрі деп есептемеді.
Қоғамның басты шаруашылық түріне ол да ауыл шаруашылығын жатқызды. Ксенофонтка карағанда ол қолөнер шаруашылығын жоққа шығарған жоқ. Мемлекеттің экономикалық непзін натуральды шаруашылықтан керді. сондықтан да өз еңбектерінде осы шаруашылык туоін жақтады. "Натуральды шаруашылық дегеніміз - өзін-өзі қамтамасыз ететін шаруашылық",- деді. Ал қүлдар мәселесінде ол қүлдарды азамат атағына қоспай. топтан тыс қалдырды, яғни идеалды мемлекет күра отырып, құлдықты ұлғайтуды коздеді. Қулдық мәңп деп есептеген
Платон әзінің екінші еңбегі 'Заңда" әрбір топтардың м'ндеттер! мен құқылары нақть: белініп көрсетілген қалә. мемлекеттердің калыптасуы қажеттілігі туралы жазады. "Мемлекет адамдардың мұқтаждығынан туындайды, себебі ешкім де ез бетінше мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмайды",-депжазды.Платон мемлекетті адамдардыңтабиғи түрдегі қауымдастығы турінде қарастыра келе.мемлекеттің екі бөлікке: байлар мен кедеилерге бөлінбей тұрмайтындығы туралы әлғашқы ой қозғаушы. Экономикалық мәселелермен айналысу және оны шешу Платонның тікелей мүддесінде болған жоқ. Бірақ кейбір экоиомикалық және әлеуметтік мәселелері туралы көзқарасы өте қызығарпық. Мысалы ол ақшаға қоғамда болып тұратын жәуласудың бір себебі ретінде сипаттама бере келіп.оны айналыс құралы түінде қарады. Экономикалық мәселелерді шешуде ол мыналарды үсынады:
-процент негізінде несие беруге және тауарларды несие есебінен сатып алуға тиым салу.яғни қарыз операцияларын шеттегу;
- бағаның қүбылмалығын заңдастыру;
- еп тауар қорларының қаншзлықты болуына байләнысты экспортқа (импортка) шектеу кою.
Аристотель ( б.э.д.384-322 ж.ж.). Аристотель - құл иеленушілік қоғамдағы ең ірі идеологтардың (ойшылдардың) бірі, заманының ірі философы әрі ұлы Платонның шәкірті. Ол қоғамның құлдар мен құл иеленушілерге бөлінуін адамдардың табиғи ерекшеліктерімен сипаттайды. Сонымен қатар, Аристотель орта ауқатты құл иеленушілер тобын көбейтіп, оларды мемлекеттік әділ айырбас көмегімен қамтамасыз ету керек деп есептейді. Осы мақсатпен Аристотель тарихта алғаш рет айырбас құнды талдады.
5 қасық = 1 үйге формуласын ойлап шығарды, яғни тауар арасындәғы теңдікті іздейді. Бұл еңбек құн теориясына алып келеді. Сондай-ақ айырбас құнның тауар бағасының ұрық формасы екендігін ойлап табады, ягни 5 қасықтың 1 үйге тең әкендігі туралы қорытындьға келеді. Әділетті айырбас процесі принциптерінің негізін салады. Айырбас тепе-теңдігі арқылы құнның еңбектік теориясына жол ашады. Ақша мелшерін есептеп шығарды. Ол әқшаны Платоннан гөрі тереңірек түсінді.Тауар - ақша қатынасының дұрыс дамымауы Аристотельдің "тауарлар бір-бірімен ақшаның арқасында ғана өлшенеді",-деген қате тусінуіне алып келді. Ол ақшаны жан-жақты пайдалану керектігің, бірақ әрбір шаруашылық езін-езі қамтамасыз етуі керектігін айтып өтті, яғни бұл жерде Аристотель натуральды шаруашылықты қолдады.Оның алғашқылардың бірі болып экономикаға қатысты кетерген мәселелері әлі күнге шейін экономистердің ортақ мәселесі мен пікір таласына айналып отыр. Аристотельдің өзінің еңбектері "Никомахово этика", "Саясат" деген шығармаларында мемлекеттің құрыпымын зерттейді. Сонымен қэтар мұндағы экономикалық көзқарастары А.Смиттің "Халықтар байлығы" кітабының 1-ші тарауымең К.Маркстің "Капиталының" 1-ші кітабының 1-ші бөлімімен тікелей байланысып жатыр.Үш данышпанның үшеуі де ақша айналымын жан-жақгы зерттеп, өз ойларын ортаға салады.
Құн - саяси экономияның негізгі категориясы.Аристотель осы терминді зерттей келіп екі түрлі ойға келді:
1 Құнның негізі еңбек болып табылады және ол обьективті.2. Құнның негізі болып сондай-ақ тауар тиімділігі де есептеледі, ол субьективті. Аристотель шьғармаларында осы екі бағыттың да ұрықтары бар.бірақ кебінесе екіншісі. Мысалы, мен сенің тауарыңды аламын, өйткені сенің тауарың маған қажет, сен менің тауарымды аласың, себебі менің тауарым саған қажет. Бұл айырбастың негізінде жалпы тұтыну жатыр.
Аристотель жалпы шаруашылық кызметті екі салаға-экономика және хрематистикаға бәледі. Осыған байланысты байлық екі түрлі жолмен жасалынады. Біріншісінің мақсаты-қажеттілікті қанағаттандыру, ал екіншісінің мақсаты - ақшалай қор жинау (баю).Осьған сәйкес шын байлықпен айналысушы саланы экономика (ойкос - шаруашылық, номос - заңдылық, яғни шаруашылықты жүргізу), ал байлықтың ақшалай түрімен айналысушы саланы хрематистика (хрема - иелену, хал-жағдай) дейді. Нәтижесінде экономикаға - натуральды шаруашылықты, хрематистикаға - ірі сауданы (есімқорлық, баю мақсатындағы) жатқызады. Осыған сәйкес байлықты да Аристотель екі түрлі мағынада түсіндіреді: натуральды (заттай) және ақшалай. Шын байлық - тұтыну құнының жиынтығы дей келіп, бұл шектеулі, ал ақшалай байлықтың шегі жоқ дейді.
Сол себепті Аристотель бірінші экономист болып табылады.
Ежелгі Рим. Кене дәуірлердегі экономикалық ойлар ез дамуын одан әрі жалғастырып, Римде аяқтады. Мұнда да құл иелену кезеңінің кезекті сатысын яғни құлдарды қатаң түрде қанаумен, құлиеленушілік қоғамның ыдырауын білдіретін құл мен құлиеленуші арсындағы қайшылықтың асқынуы әрі күресінің күшеюімен сипатталатын, құлиеленушілік шаруашылықты жүргізудің жаңа түрлерін білдірді. Сол кездегі қоғамның басты мәселелері:құлды иеленудің езін-езі ақтауы: ірі құлиеленушілік шаруашылықты, қожалықты (лати-фундиялар) ұйымдастыру мен жүргізу тәсілдері болды. Осы мәселелер теңірегінде Марк Порций Катон (б.э.д. 234-148 жж.), МаркТеренций Варрон (б.э.д. 116-27жж.), Луций Юний Модерат Колумелла (б.э.д.іғ.) өздерінің ой-пікірлерін білдірді.
Марк Катон - әскери басшы, әрі квестор (қаржылық және сот ісін жүргізуші лауазымды адам), сонымен қатар езі ірі жер иеленуші, ол үшін езінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын натуралды шаруашылық нағыз мінсіз шаруашылық түрі болыпесептелді. Катон өндірілген өнімнің бір бөлігін сатуға болать , ал өздері өндіре алмағандарын сатып ала алатын сауданы да жоққа шығармады. Өзінің "Жер иелену" трактатында сл құлдарды өндіріс қаруына жатқызды, оларды қатаң тәртіп ;д ұстау, қанау арқылы еңбегін пайдалану туралы кеңестер ме> нұсқаулар берді. Әсіресе құлдардың арасына келіспеушілік пен шиеленіс тудыру арқылы әдейі іріткі салып отыру, аур,-, еңбекке жарамсыз құлдардан дер кезінде құтылып жұмь.о күштерін іріктеп тазарту, құлдарды иесіне адал болу үшн оларды жастайынан бастап иесінің ықпалында тәрбиеляу туралы ұсыныстары сол кездегі құлиеленушіл,к шаруашылықты оңтайлы жүргізуге бағытталған Катонныіі ұстанған принциптерін былайша жинақтауға болады:
-құл еңбегіне негізделген шаруашылықты дұрыс ұйымдастыру және басқару;
-"сөйлейтін" ендіріс қаруының тұрмыс деңгейін (тамақ, киім-кешек, үй т.б.) олардың жағдайына сәйкес қалыптастыр/:
-құлиеленуші шаруашылықты құлдарды тиімді, қата^ тәртіппен пайдалану арқылы оңтайлы жүргізу;
- шаруашылықта өндірілген өнімдер мен қажет
қаржыларды есепке алып отыру.
Марк Варрон - ғалым, экономист, жазушы. Негізгі еңбе: і "Ауыл шаруашылығы туралы" трактатында Рим экономикасындағы құл иеленуші шаруашылық түріндз шиеленіскен қарама-қайшылықтардың мемлекеттік деңгейдо тереңдеп орын алуын, сондағы қалыптасқан әлеуметтіі--экономикалық жағдайды сипаттайды. Бұл күрделі жағдайдың құлиеленуші шаруашылыққа тигізер теріс әсерін сезінгендіктен. оған өздерінің кәсіптерін, ірі жер қожалықтарын (латифундияларды) басқарушыларға беріп, тастап, қалалык жерлерге қашып кеткен құл иеленушілерді кінәлайды.
Экономиканы тек қана егіншілікпен ғана емес, сонымен қатар мал шаруашылығын дамыту, агрономиялық шараларды қолдану, құлдардың материалдық қызығушылығын пайдаланү арқылы қанау тәсілін жетілдіру жолдарымен нығайтуға болатыны жөнінде жол іздеді Осылардың нәтижесінде шаруашылықтың табысы молайып, өндіріс тиімділігінің артатындығын білді. Варрон өндіріс қаруларын үш түрге бөліп ажыратады: сөйлейтін (құл), мылқау (құрал-сайман ібыстаушы (жегін мал немесе өгіз). Осылардың ішінде ол діріс қаруының "сөйлейтін" түріне яғни құлға көбірек назар дарды. Оларды қандай жұмыста болмасын тиімді пайдалану, жұмыс күшінің ұдайы өндірілуіне жағдай жасау (мысалы, олардың үйленіп, үй болуына жол беру арқылы үрім бутағын ата қоныста алып қалу) туралы ойлар айтты.
Колумелла - ауыл шаруашылығы туралы 12 кітап жаза отырып, онда құлиеленуші шаруашылықты қайта құруға байланысты шаралар жүйесін ұсынушы, соның ішінде алғашқылардың бірі болып шаруашылықты жүргізудің интенсивті түріне байланысты мәселелер көтерді. Әсіресе құл еңбегі өнімділігінің төмендеуі (олардың өз жұмысын дұрыс атқармауы, бір-бірінің малың құрал-сайманын, т.б. заттарын ұрлауы, иелерін алдауы т.б.) ауыл шаруашылығын күйзеліске ұшыратып, Рим экономикасын жалпы дағдарысқа әкелгендігі және ол дағдарыстың тереңдеп бара жатқандығы айтылады. Колумелланың "Римнің түбіне жеткен латифундиялар",- деген сөзі осының айғағы. Бұдан шығудың жолын ол еңбек өнімділігі жоғары еркін өндірушілерді,отаршылдықты пайдаланудан көреді.
Римдегі экономикалық ойлардың тарихы ағайынды Тиберий (б.э.д. 163-132 жж.) мен Гай ( б.э.д. 153-121 жж.) Гракхилердің есімдерімен тығыз байланысты. Себебі бұлар Римді сақтап қалу үшін аграрлық реформа жасауды ұсынушылар. Реформа авторлары жерсіз және жерлері аз шаруалардың мүддесін көздеді, олардың ірі жер иелері латифундиялықтарға қарсы күресін жақтап, оларға жер үлесін бөліп беруді ұсынды. Бұл бастама және ауыл шаруашыльғындағы күйзеліс пен экономикадағы дағдарыстың одан әрі тереңдеп шиеленісуі, кейіннен құлдардың өз бостандықтары үшін күресіне жалғасып, ірі жер иеленуші қожалықтардың яғни латифундиялардың жойылып, Құлдардың еркіндік алуына ұласты. Римдегі ірі құлдар көтерілісінің бір мысалы Спартактың басшылығымен болған б.э.д. 74-71 жж. көтеріліс.
Ежелгі Греция мен Римдегі ойшылдар ез еңбектерінде құл иеленудің классикалық кезеңіндегі құл еңбегіне негізделген Натуралды шаруашылықты қорғады, яғни бұл елдерде енДірістің құлиеленушілік тәсілі басым болды.
Жарияланған-2015-09-08 17:45:59 Қаралды-11005
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина