UF

Тақырып. БАТЫС ЕВРОПАДА ФЕОДАЛДЫҚ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

 

  1. Рим империясындағы дағдарыс
  2. Халықтардың Ұлы қоныс аудару дәуірінің басталуына дейінгі ежелгі германдықтардың қоғамдық құрылысы.
  3. Батыс Рим империясының құлауы және варварлық патшалықтардың пайда болуы.
  4.  «Орта ғасыр» деген терминнің, феодалдық құрылыстың мәні және орта ғасырлар тарихын дәуірлерге бөлу
  5. Орта ғасырлар туралы дерек беретін түпдеректердің түрлері
  6. Орта ғасырлар тарихының тарихнамасы

 

Құл иеленудің дағдарысы. Колонат эволюциясы. Эмфитевсис. Прекарий. Патронат және коммендация. ІІІ-Ү ғасырлардағы экономикалық құлдырау. ІІІ-Ү ғасырлардың аяғындағы Рим империясының қогамдық және мемлекеттік құрылымы.

Европа феодализмі кейінгі антикалық қоғамдық қатынастармен герман, кельт, славян және орталық, солтүстік, Шығыс Европаның өзге халықтарының рулық-тайпалық "варварлық" қогамымен синтезі ретінде.

Герман тайпаларының қоныстану территориясы. Аграрлық қатынастар. Г.Л. Маурердің марка теориясы, классикалық вотчина теориясының авторларының еңбегі және «страсбург мектебінің» тарихшыларының еңбектері бойынша германдықтардың шаруашылығы мен аграрлық құрылымы, әлеуметтік құрылым. Ежелгі германдықтардың саяси құрылымы. Германдықтардың рухани мәдениеті. Шет елдік және Қазақстандық тарихнамадағы (ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы) ежелгі германдықтар тарихының мәселелері.

Халықтардың Ұлы қоныс аударуының себептері. Герман тайпаларының көшіп-қону жолдары. Империя Құлаганнан кейінгі варварлық патшалықтар. Жалпы нәтижелері мен "варварлық жаулап алудың" маңызы. Батыс Рим империясының құлауы мен варварлық патшалықтардың қалыптасу мәселесін зерттеу саласындағы әлемдік және отандық тарихнаманың үлесі.

Тарих ғылымындағы "орта ғасырлар" және "феодализм" терминдерінің мазмұны. Орта ғасырлар ұзақ дәуірді қамтиды. Орта ғасырлар деген терминнің өзі латынның «медиум аевум» деген сөзінен Италияның 15-16 ғғ. гуманистік бағыттағы әдебиетшілері мен тарихшылары арасында пайда болды.

Әртүрлі халықтардың феодализмге көшуі бір мез-гілде өткен жоқ. Сондықтан,  тарихнама ғылымы орта ғасырлар тарихын 3 негізгі дәуірге бөледі:

  1. Алғашқы орта ғасыр – феодалдық алғашқы кезең – Ү ғ. аяғынан ХІ ғ. дейін, бұл кезеңде феодализм үстемдік ететін өндіріс тәсілі ретінде қалыптаса бастаған еді.
  2. Орта ғасырдың екінші кезеңі – ХІ ғ. орта шені-нен ХҮ ғ. аяғына дейін феодализм өркендеп, феодалдық құрылыстың шарықтап тұрған кезі.
  3. Кейінгі орта ғасыр – ХҮІ-ХҮІІ ғ. алғашқы жар-тысы – феодализмнің ыдырап, феодалдық қоғам-ның түп-төркінінде капиталистік қатынастардың туындап қалыптаса бастаған кез.

 Кез-келген қоғамдық құрылыстың ерекшеліктері мен сипатты белгілерін оның өндірістік қатынастары құрайтыны бізге айқын. Сондықтан, феодализм сөзінің мазмұны мен қоғамдық құрылыстың ерекшелігін түсіну үшін біз феодалдық өндірістік қатынастар деген не екендігіне шолу жасауымыз керек.

ШОЛУ (тақтада):

феод    -   феодал      –     аренда -   шаруа

(жер) – (жер иеленуші)         - (жал) – (жалға алушы)

САЛЫСТЫРУ:

Негізгі айырмашылық

Көне дәуір

Орта ғасыр

Жаңа дәуір

құл

шаруа

Жұмысшы

Ешқандай дүниесі жоқ

Жалға алған жері бар

Ешнәрсесі жоқ, бірақ жалданып еңбекақы таба алады

 

ТАПСЫРМА: Шаруалар мен құлдарды бір-бірімен салыстыру.

Салыстыру позициялары: 1. бас бостандығы; 2. еңбек етуі; 3. отбасылық жағдайы; 4. құықтық жағдайы: өмірін сақтай алуы, меншік иемденуі, мұрагерлік жасай алуы.

Шаруалар өздері өңдейтін жерлердің ешқашан да иесі болып көрген емес, олар белгілі-бір шарт бойынша жерді небәрі ұстай тұрушы ғана болды. шаруалар бөлінген жерді үнемі пайдаланып, өз ұрпақтарына мұраға қалдырып, сол жерде дербес ұсақ шаруашылықпен айналысты.

Феодалдардың шаруаларға мұндай үстемдігі экономикалық үстемдік деп аталды. Осыдан өзге феодалдар шаруаларға экономикалық емес те үстемдік кең дамытылды. Өйткені мұндай үстемдіксіз шаруалардың феодалдың пайдасына төлемдер төлеп, еңбек етуі мүмкін болмайтын еді. Сонымен орта ғасырларда феодалдар шаруаларға екі сипатта үстемдік жасады:

 

Экономикалық

Экономикалық емес

Жердің феодалдың       меншігінде болуы

крепостнойлық құқық   

Алғашқы орта ғасырда

шығу тегі жағынан теңсіздік

Кейінгі орта ғасырда

Мақсат: феодалға табыстың неғұрлым көбірек түсуін қамтамасыз ету. Олар: жер рентасы, барщина, оброк

 

Сонда, шындап келгенде ақыр соңында төмендегідей айырмашылықтың пайда болғандығын байқаймыз:

 

          Негізгі айырмашылық

Көне дәуір

Орта ғасыр

Жаңа дәуір

құл

шаруа

Жұмысшы

Ешқандай дүниесі жоқ

Жалға алған жері бар

Ешнәрсесі жоқ, бірақ жалданып еңбекақы таба алады

Бас бостандығы жоқ

Бас бостандығы жоқ

Бас бостандығы бар

  

Сонымен қоса, феодалдық қоғамда жер иелунің ерекше формасымен қоса қабат, феодалдық иерархия да үлкен маңызға ие болған болатын. Иерархия сатысының ең жоғарғы сатысында король өзінен кейінгі барлық сеньорлардың ең жоғарғы сеньоры болды, алайда, ол кезде «Менің вассалымның вассалы – менің вассалым емес» деген принцип те жүзеге асырылды.

Нақтылай айтсақ,

Сеньор

король

;

 

Вассал

князь

;

 

Сеньор

Вассал

герцог

;

 

сеньор

Вассал

граф

;

 

сеньор

Вассал

барон

 

 

сеньор

Вассал

Рыцарь

D

 

сеньор

Вассал

Кіші

рыцарь

D

 

сеньор

 

В.И.Ленин орта ғасырларға тән 4 сипатты белгіні атап көрсетті:

1. натуралды шаруашылықтың үстемдігі;

2. ұсақ шаруашылықтың феодалдық өндірістің негізі болуы, оның өзінде капитализмдегідей еңбекші еңбек құралдарынан аластатылмаған, керісінше онымен тығыз байланыста;

3. шаруаларды өз өнімінің бір бөлігін беруге (оброк) немесе немесе феодалдың жерінде тегін жұмыс істеп беруге мәжбүрлейтін экономикалық емес үстемдік;

4. техниканың дамуының өте төмен, қарапайым деңгейі.

Орта ғасырлар баяғыда аяқталып қалып енді келмеске кеткендей болып көрінеді, бірақ осы алыста қалған Орта ғасырлар қазіргі кезеңдегі көптеген негізгі ұғымдарды қалыптастырды. Олар:

  1. Қазіргі кездегі ұлттар пайда болып, қалыптасты;
  2. Орта ғасырларда қазіргі кездегі пайдаланылып жүрген көптеген тілдер пайда болды;
  3. Монетеистік (ислам, христиандық, будда) діндер дамыды;
  4. Европада көптеген парламенттер мен сот жүйелері қалыптасты.

Егер, алғашқы орта ғасырларда Батыс Европа барлық елдерден де артта қалып кеткен болса, соңғы ортағасырларда осы елдердің барлығын даму жағынан басып озды. Нақ осы орта ғасырларда Батыс Европа дүниежүзілік-тарихи дамудың орталығына айналды, сөйтіп, Ұлы географиялық жаңалықтардан кейін өзінің ықпалына дүниежүзінің барлығын қарата алды. Отарлық құлдық жойылып, Батыс Европа елдерінен Азия мен Африка елдері азат болғаннан кейін де осы елдерде Батыс европаның саяси және құқықтық жүйелері, философиялық және адамгершілііктік құндылықтары сақталып қалды.

Батыстың осындай керемет табысы мен жеңісінің себебі неде? Оның алғышарттары нақ қашан қалыптасты? Біз осы сұрақтарға 3 кредит деңгейінде жауап беруге тырысамыз.

2. Феодалдық мемлекет әр кезеңде әртүрлі формада билік етті:

1. Алғашқы кезеңде – ірі формадағы, бірақ,               мемлекеттік негізі осал мемлекеттер (Ұлы Карлдың империсы)

2. 10-12 ғғ. – князьдық, герцогтық, графтық және басқа да түрлер (феодалдық бытыраңқылық)

3. 13-15 ғғ. – «сословиелік монархия» (феодалдық орталықтану)

4. 16-17  ғ. – абсолютті монархия түріндегі билік қалыптасып, ортағасырлық Европа мемлекеттері билік жүйесінің ең сорақы түрінің біріне өтті.

Феодалдық өмірдің ұйымдастырылуы, әлеуметтік институттар. Қауым және вотчина. Орта ғасырлық қала. Мемлекет, Құқық және шіркеу. Европадағы   орта   ғасырлар   дөуірін   кезендерге   бөлу.   Батыс   Европалық феодализмнің   тарихи орны және аймақтың өркениеттілік ерекшеліктері. Феодалдық қоғамның орнауындағы Азия және Африка елдеріне тән ерекшеліктер. Жер меншігі түріндегі ерекшеліктер. Орта ғасырлардағы Шығыс елдері тарихының Батыс елдері тарихымен байланысы.

Орта ғасырлар тарихының деректері (ІҮ-ХҮІІ ғасырлар). Ортағасырлық деректерді   жіктеу   (табиғи-географиялық,   этнографиялық,   заттық,   сурет-бейнелеу, жазба). Ортағасырлық жазба деректер: нарративті (баяндаушы, құжаттық, заңдық). Ерте орта ғасырлар тарихының маңызды деректері (ІҮ ғасырдың аяғы - XI ғасырдың ортасы). Феодалдық қатынастардың гүлденген кезеңінің деректері (XI ғасырдың ортасы - ХҮ ғасырдың аяғы). Кейінгі орта ғасырлар тарихының негізгі деректері (ХҮІ-ХҮІІ  ғасырлар). Ерте  орта ғасырлардағы Қытай жылнамалары. "Хан кітабы". Зороастризмнің қасиетті кітабы - "Авеста". Сасандық сот кітабы. Қасиетті Құран кәрім. "Артхашастра"-үндістандық саясат туралы трактат. Дамыған феодализм кезіндегі маңызды деректер.   Араб   географтары   мен  саяхатшыларының  еңбектері.  Жер  бөлу жөніндегі құжаттар. Жеке меншіктік және Құқық туралы заңдар. "Моңғолдың құпия  шежіресі",  "Ұлы  Ясса".  Кейінгі  орта ғасырлардағы  (ХҮІ-ХҮІІ  ғғ.) деректер. Заңдар жинақтары мен тарихи жылнамалар. Сауда-саттық, айырбас, алым-салық жөніндегі құжаттар.

 

Әдебиеттер:

  1. Сказкин С.Д. Орта ғасырлар тарихы. ІІ. – Мектеп, 1979. Б. 9-34.
  2. Иандзе А.А. Эпоха уний в Северной Европе ХII – нач. XVII вв.- СВ., 1986. Вып.50.
  3. Сапрыкин Ю.М. Социально-политические взгляды английского крестьянства в ХIV – XVII вв.- М.,1972.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-08 17:16:41     Қаралды-13974

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »