UF

Тақырып. Дүниетанымдық көзқарастар

 

1. Тотемизм, фетишизм, анимизм, магия

2. Діни түсініктерінің дамуы

3. Абыздар. Ақыл-ой және дене еңбектерінің бөлінуі

 

1. Ерте рулық қауым мүшелері дүниеге көзқарасының басты ерекшелігі олар өз-қоршаған табиғи ортадан бөліп ала-алғандығы еді. Азықтық территория, оның хайуанат, өсімдік және минералдың байлығы, оларға әрекет ететін стихиялық күштерден мұнда тұратын адам топтары — осының бәрі бірыңғай, адамдар табиғатпен теңдестірілген бүтін біртұтас дүние ретінде ойланды. Табиғатқа қандас-туысқандық ұйымға дейінгі адамның сипат-қасиеттері мен екі өз ара некелес жартыларға дуалистік бөлу, адамдарға оның стихиялық құбылыстарының тууына дейінгі табиғат қасиеттері танылатын еді. Әуел басқы діннің бұл ерекшелігі фантастикалық ұғымдардың және оларға қосарланған барлық бас июшілік әрекеттердің түрлерінің бәрінде — тотемизмде, анимизмде, магияда көрінетін еді.

Австралияның аборигендерінде, әсіресе, толық сақталған тотемизм дегеніміз қандай да болсын рулық топтың және оның тотемі — сирегірек өсімдіктердің одан да сирегірек басқа заттардың немесе табиғат құбылыстарының арасында тығыз байланыстың барлығына сенім. Ру өзінің тотемінің, мысалы, кенгурудың немесе бадананың атына ие болатын және сонымен ортақ бір ата-тектен шығатындығына, сонымен қандас туысқандықта екендігіне сенетін. Тотемге табынбайтын, бірақ осы рудың адамдарына көмектесетіндер оның «әкесі», «ағасы» тағы басқалар болып саналды. Ру өз тарапынан алғанда өзінің тотемін өлтірмеуге оған қандай да болсын зиян келтірмеуге, оны тамақ етіп қолданбауға тиіс болды. Әрбір руда өзінің әулиелік орталығы болды. Мұнымен тотемдік ата-бабалар және жаңа тіршілік иесіне негіз беретін олар қалдырған «балалық ұрықтар» туралы аңыздар байланыстырылатын, осында тотемдік реликвия сақталып, түрлі тотемдік салт-саналар жасалатын. Бүтіндей алғанда тотемизм рудың өзінің табиғи ортасымен байланысының, сол кездегі бірден бір түсінікті ұғылған байланыстардың өзгеше бір идеологиялық көрінісі еді.

Анимизм дегеніміз қандай да болсын денедегі (жан) немесе дербес әрекет етуші (рух) табиғаттан тыс тіршілік иесіне сенім. Ағылшын этнографы Э. Тэйлор діннің шығуының анимистік дейтін теориясын ұсынды, бұл теория бойынша түс, естен тану, өлім сияқты құбылыстарды түсіндіруге тырысқан кезде «пәлсапашыл тағының» санасында туған діни ұғымдардың ең көне түрі материалдық емес жанға және рухқа сену еді. Алайда, мұндай сенім-наным діннің бастапқы түрі бола алмайтын, өйткені материалдық емес туралы ұғым абстрактық ойланудың белгілі бір дамуына сүйенеді, бұл, шынына келгенде, жоқ болатын. Бірақ табиғатты бұлыңғыр жандандыру формасында анимистік сенім-нанымдардың қайсы бір ұрықтары, сөзсіз, рулық қүрылыстың ең ерте кездерінде-ақ пайда болды. Тасманийліктерде, австралиялықтарда, отты жерліктерде және басқа да ең тұрпайы халықтарда тірі және өлген адамдардың жаны әдетте дене күші, сезілетін тіршілік иесі ретінде ойлайтын қаскөй де ізгі рухтар, туралы бұлыңғыр ымдар болды. Осы ұғымдармен жоғарыда алынған кейінгі палеолиттік әйел мүсіндерінің олжалары көрсетіп отырған, аналарды — ошақ қорғандарын қасиеттеудің ертедегі формасы байланысты болған, деп ойлауға болады.

Магия дегеніміз оның табиғаттан тыс салдармен оқиғаның табиғи барысына адамның ықпал ету қабілетіне сенуге негізделген қимылдар. Байқалған фактілер мен құбылыстардың нағыз өз ара тәуелділігін кездейсоқ үйлесушілікті кері түсіндіре отырып, алғашқы тұрмыстық адам белгілі бір тәсілдердің және сөздердің көмегімен жаңбыр жаудыруға немесе жел тұруға, аң аулауда немесе жинап-теруде табысты қамтамасыз етуге, адамдарға көмектесуге немесе зиян келтіруге болады деп ойлаған. Атап айтқанда, өндірістік немесе кәсіпшілік магия мейлінше тараған: мәселен, аңға шығу алдында болашақ табыстың бейнесін «өлтіретін болған», бақсылық билерді билеген. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша мұндай салт-ғұрыптарды кейінгі палеолиттік суреттер мен мал мүсіндеріндегі жарақаттардың жиі белгілері археологиялық жағынан дәлелдей алады. Магияның басқа да негізгі түрлері — зиян келтіруші, жауға «апат» шақыру, сақтың жасау түрлері — осы апатты болдырмау, емдеулік — жараны және дертті бақсылықпен емдеу ерте дамыған.

Сонымен діннің ең ертедегі түрлерінің өзінде-ақ тек фантастикалық ұғымдардың ғана емес, сондай-ақ табынушылық тәжірибенің төркіндері де болған. Табыну тәжірибесі қоғам мүшелерінің негізгі көпшілігі үшін ұзақ уақыт бойына құпия болмады, діни салт-саналарды жасау жұрттың бәріне және әркімге лайықты іс болып саналды. Бірақ сенім-нанымдар дамып, табынудың қиындай түсуі мен оны жүзеге асыру белгілі бір білімді, шеберлікті, тәжірибені керек етті. Ең маңызды табыну әрекеттерін ең қарт ақсақалдар, ал содан соң ерекше мамандар жүзеге асыра бастады. Австралиялықтардың мифтері мен бірқатар тайпалардың әдет ғұрыптары көрсетіп отырғандай мұндай мамандар әуел баста, сірә, көбінесе әйелдер болса керек.

2. Рулық құрылыстың ыдырау процесінде өмірдің жаңа жағдайларына пара-пар діннің жаңа формалары туды немесе дами түсті. Патриархатқа көшу семьялықта, рулықта еркек ата-баба қолдаушыларға табынудың қалыптасуымен қосарланды. Кейбір кейінгі матриархалдық қоғамдарда, атап айтқанда, микронезийліктер мен кхасилерде осындай әйел арғы текке табыну дамыды. Егіншілік пен мал шаруашылығының дамуымен көршілес қауымдар үшін тән болып келетін адамның жыныстық потенциясын жерге беруді бейнелейтін, олардың эротикалық салттарымен және адамнан құрбандық шалуымен, әрі әсіресе, кеңінен тараған өлетін де тірілетін аруақтардың образымен, шұрайлылыққа ауыл шаруашылық табынуы орнықты. Тайпалық   ұйымдардың күшейе түсуі мен тайпалық одақтардың құрылуы тайпалық қолдаушыларға табынуды орнықтырды, бұлардың образдарында инициация   аруақтарының, табиғат құбылыстарын бейнелейтін мифологиялық кейіпкерлердің,   сарбаз-аруақтардың және т. б. сипаттары  кереметтеніп, өріліп   ұштасып   жатады.  Осы   дәуір   үшін ерекше тән болып келетін дін формалары құпия   одақтардың  үрей  тудыратын аруақтарына табыну мен тайпалық көсемдерге табынуды құрады. Бұларды тайпаның есен-саулығын сақтаушы деп білді. Ол табиғат құбылыстарын болдыра алады, жақсы өнімді, сәтті балық аулауды  соғыс  табысын қамтамасыз етеді деп сенді.   Көсемдер  өзінің  елімінен   кейін  де табынудың объектісі болып қала берді: олар өзінің тайпаластарына әрі ең алдымен өзінің ұрпақтары мен мұрагерлеріне көмектесетін ықпалды аруақтарға айналады, деп санады. Тайпаның күткендерін  ақтамаған көсемдерді тұғырдан тайдырған және орнынан түсірген  сәттер  де  болды,  ал  Африканың кейбір халықтарында қаусаған, демек, өзінің қасиетті күшінен айырылған көсемдерді рәсәмді өлтіру салттары да болып келген.

Діннің осы түрлерінің барлығы бір мезетте семьялық-рулық және тайпалық қорғандарда, аграрлық және әлемдік рухтарды, құпия одақтардың қаһарлы рухтарын және қасиетті даңқа бөленген көсемдерді политейістік құрметтеуді, құрап, өз ара қосылып, бірігіп өріліп кетті. Кәдуілгі рухтан бірнеше ерекше қуатты құдайларға дейін табынудың иерархиялық объектілері туды. Әскери демократияның дамуымен бас жағдайды көбінесе тайпалық құдай-сарбазға табыну орын алды, мұның сипаттары басқа табынулардың жеке сипаттарымен әдетте ұштасып кетті.

3. Діннің дамуымен бір мезетте табынуға қызмет ететін ерекше топ бөлініп шықты. Егер бір кезде табиғат күшіне ықпал ету қабілеті принципінде рудың барлық немесе ең жоғы көптеген мүшелеріне таңылып келсе, әрі діни функциялар рудың өкілдері ретінде ақсақалдар арқылы орындалса, енді бұл қабілетке күшті ата-тек қорғандардың, тамаша қасиеттердің, құпия білімдердің т. б. иесі саналған белгілі бір адамдар ие болды. Мұндай адамдар табынудың кәсібі — қыз-меткерлері — абыздар болып алды. Әдетте, бұлар белгілі бір дәрежеде діни функцияларды ғана емес, сондай-ақ кейбір оңды ілімдерді, тайпа салттарын түсіндіруді, сот істерін түгелдей билеп-төстеді. Көбіне олардың иерархиясын басты абыз болып саналатын көсем басқарды, басқа жағдайларда абыздар дүниесі өкіметпен бәсекелескен өзінің жоғарғы тобын құрды. Шынына келгенде, біз көріп отырғандай, әдетте әскери билеуші-көсемге айналған абыз емес, керісінше билеуші абызға айналды.

Сөйтіп, алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыстың ыдырауы процесінде дін бірте-бірте бұқараға идеологиялық ықпал етудің құралы, мемлекет билігін көрсетудің құралы болып алды.

Таптыққа дейінгі таптық қоғамға көшу сатысында кәсіби ой еңбегінің бөлінуі басталды. Мұндай кәсібилер жыраулар, әншілер, театрланған мифологиялық инсценировканы қоюшылар, бақсылар, абыздар болды. Бұлардың еңбегі бүтіндей алғанда қауымдық еңбек ретінде төленді, ал жеке алғанда өнер мен дінді өз өкіметінің билігін нығайту үшін пайдаланған әскери-тайпалық ақ сүйектер телеп отырды. Тек абыздар ғана емес, сондай-ақ көптеген әнші-жыраулар да көсемдерге бой ұрып, солардың қол шоқпарлары болып алды. Бірақ бүтіндей алғанда, маманданудың басқа түрлері сияқты кәсіби ой еңбегінің бөлінуі, рухани мәдениеттің дамып баюына орасан үлкен дәрежеде жол ашты.

Әдебиеттер:

 

1. Першиц А., Монгаит А., Алексеев В. - Алғашқы қоғам тарихы. А, 1974.

2. Першиц А., Алексеев В. - История первобытного общества. М., 1990.

3. Всемирная история в 24-х томах. Авторский коллектив. Бадак А.Н.

и другие. Минск-М., 2000  т. 2. Железный век.

4. Першиц А., Алексеев В. - История первобытного общества. М, 2004.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-08 17:10:07     Қаралды-3719

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »