Тақырып. Ғылыми білім негіздерінің қалыптасуы
1. Халық емшілері
2. Жартастағы бейнелер. Мүсін онерінің алғашқы ескерткіштері
3. Әуен, үн, би. Музыкалық аспаптардың пайда болуы
4. Жазудың қалыптасуы. Ең ежелгі жазу құралдары
1. Рулық құрылыс ыдырауы дәуірінің қауырт қаулаған экономикалық және әлеуметтік процестері тиісті білімдер негіздерінің одан әрі өсуіне жол ашты. Егіншіліктің, әсіресе, ирригация егіншілігінің дамуы күнтізбені, демек астрономиялық байқауларды реттеуді талап етті. Егерде меланезийліктер жұлдыздар мен планеталарды айырудан ары бармаса, енді полинезийліктерге көптеген жұлдыз шоқтары мен жекелеген жұлдыздар белгілі болды. Алғашқы күнтізбелер әдетте айлық күнтізбелер еді, бірақ айлық жыл күндік жылмен сай келмеді, бұл да математикалық білімдердің дамуына түрткі салды. Бұдан басқа есептеу жүйесін жетілдіруге жол ашқан айырбастың дамуы және егіншіліктің тууы геометриялық есептеп шығару ісін өрістетті. Рудалық металдарды балқытудың дамуымен химия негіздері туды. Тонаушылық соғыстардың дамуымен байланысты құрылыстық және теңіздік жорықтар сол бір астрономиялық байқауларды жинауға, сондай-ақ география мен отографияның дамуына жол ашты.
Соғыс біршама зақымданған қол-аяқты ампутациялай алатын хирургияны дамытуда да өз ролін жаман атқармады. Халықтың өсуі мен мал шаруашылығының дамуы эпидемияның қауіп-қатерін арттырды, онымен күресе отырып, алғашқы тұрмыстық медицина, кей жерлерде, мәселен, Шығыс Африкада сырқаттарды әлсіретіп формалардың тұрпайы сақтық егулеріне эмпирикалық жолмен келді.
2. Бейнелеу өнерінің үлгілері көптеген археологиялың ескерткіштер бойынша мәлім. Дөңгелех мүсін мен ою-өрнек бедер ориньяк-солютрей тұрақтарының аталып та өткен әйел тұлғалары мен жануарлардың мадлендік бейнелерін көбінесе көрсетіп береді. Осымен бір мезетте жануарлардың, сирек өсімдіктер мен адамдардың графикалық және бейнелеу өнері туады. Бұлар Ориньяктың тұрпайы дара контурларынан өзінің көрнектілігі жағынан тамаша Мадленнің үңгірлік фрескаларына және жер орта теңіздік мезолиттің көп тұлғалы аңшылық та тұрмыстық композицияларына дейін дамыды. Мезолитте адам бейнелері неғұрлым жиі бола түседі, ол сірә, айдаушылардың біртекті тобырларынан мерген де, жолы болғыш атқыштарды алға шығарған садақ пен жебенің пайда болуын дұрыс байланыстырады. Жануарлар мен адамдарды, аңшылық және әскери көріністерді, билерді және діни салттарды өте зор реалистікпен және экспрессиямен бейнелейтін бушмендердің тас бетіндегі суреттері мадлендік және каспийліктермен ұқсас келеді. Бірақ бүтіндей алғанда артта қалған тайпалардың бейнелеу өнері мезолитте басталған реализмнен шарттылыққа бет бұруды көрсетеді.
Кейінгі неолиттік және энеолиттік тайпалардың бейнелеу өнерінде, негізінен алғанда, бұрын басталған орындаудың шартты мәнеріне көшу тоқталмады. Бұл уақыттың туындылары әдейі қарапайымдай түсуге, бүтіннің орнына оның қайсыбір етене бөліктерін бейнелеуге, кебіне едәуір мөлшерде стильдеуге ұмтылуды көрсетеді. Бейнелеу өнерінде декоративтік бағыт, яғни тұрмыстағы барлық заттарды, әсіресе, киім-кешекті, қарулар мен үй мүліктерін көркем оймыштармен, қималармен, кестемен, аппликациямен, тағы басқалармен көркемдеу өте кеңінен тараған еді.
3. Өнердің басқа түрлерінің тууы этнографиялық жағынан қадағаланады. Ауыз әдебиеті шығармашылығында адамдар мен олардың салттарының шығуы ата-бабаларының ерліктері, дүниенің және табиғаттың әр түрлі құбылыстарының шығуы туралы аңыздар бәрінен бұрын дамыды. Көп кешікпей бұларға әңгімелер мен ертегілер қосылды.
Музыкада вокальдық немесе әндік форма, сірә, аспаптық музыкадан бұрын шықса керек. Тіпті былай болғанда, қарапайым еңбек, аңшылық және басқа әндер туралы жырлағанда, отты жерліктер мен веддалар бірде-бір музыкалық аспаптарды білген жоқ. Бірақ жалпы, музыкалық аспаптар да өте ерте пайда болған. Ағаштың екі кесегінен немесе керілген тері бөлігінен жасалған соғылатын тетіктері ең қарапайым шиқылдақ аспаптар еді, бұл олардың прототипі, сірә, садақтың кермесі, түрлі шиқылдақтар, гуілдектер, ысқырғыштар, трубалар, флейталар болса керек. Флейталар, сірә, археологиялық жағынан алғанда кейінгі полеолиттің ескерткіштерінен табылған бүйірлерінде тесіктері бар түтікті сүйектерден көрінетін болар.
Ақырында, алғашқы тұрмыстық өнердің ең көне түрлерінің қатарына мадлен суреттерінің бірі тура дәлел болып отырған билер жатады. Әдетте алғашқы тұрмыстық билер ұжымды да көрнекті болып келеді: бұл көбінесе аң, балық аулау, жинап-теру, некелік қатынас, әскери қимыл, т. б. көріністер маскалардың көмегімен жасалған имитация еді. Ауыз әдебиеті, музыка және бейнелеу шығармашылығымен қосыла отырып, кейде тұрпайы драмалық көрініске айнала келіп, мұндай билер алғашқы тұрмыс өнерінің танымдық және тәрбиелік мәнін мейлінше айқын білдірді.
4. Алғашқы тұрмыстық қоғамның рухани мәдениеті дамуының шырқау шегі және сонымен бірге оны таптық өркениеттен бөліп тұрған шектердің бірі тәртіпке келтірілген жазу-сызудың жасалуы еді. Әдетте, бұл тек жалпы мәнін ғана хабарлаған тұрпайы пиктографияның идеографиялық, немесе логографиялық хатқа бірте-бірте айналуы еді, мұнда тіркескен белгі таңбалары жеке сөздерді немесе біздің ребустарымыздағыдай бұлардың ортақ буындарын көрсететін. Шумерлердің, египеттіктердің, эламиттердің, қытайлардың, критяндардың, этрускілердің, майялардың, ацтектердің және басқа да халықтардың өте көне келетін иероглифтік жазуы дейтіндер осындай. Кейін иероглифтік жазулардан неғұрлым дамыған буындық және әріптік-дыбыстық (алфавиттік) жазу-сызу жүйесі шықты
Пиктографиядан айырмашылығы тәртіпке келтірілген идеография ұзақ арнайы оқуды керек етті және қалың бұқара халықтың қолынан келе бермеді.
Мұны сақтаушылар, ал көбіне жасаушылар абыздар болды. Алайда, жазу-сызу абыздардың қолында осыдан бастап білімдерді жинап, таратып берудің жаңа құралы, мәдениетті таратудың жаңа қаруы болды.
Жазу-сызу әр түрлі халықтарда негізінен алғанда біріне-бірі байланыссыз, тап пен мемлекеттің пайда болу қарсаңында туды.
Әдебиеттер:
1. Першиц А., Монгаит А., Алексеев В. - Алғашқы қоғам тарихы. А, 1974.
2. Першиц А., Алексеев В. - История первобытного общества. М., 1990.
3. Всемирная история в 24-х томах. Авторский коллектив. Бадак А.Н.
и другие. Минск-М., 2000 т. 2. Железный век.
4. Першиц А., Алексеев В. - История первобытного общества. М, 2004.
Жарияланған-2015-09-08 17:08:21 Қаралды-2545
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану