UF

Тақырып. Алғашқы кауымдық коғамның ыдырауы

 

1. Жеке меншіктің пайда болуы мен дамуы. Меншік түрлері

2. Мүліктік және әлеуметтік жіктелістер. Байлар мен байлық ұғымдары

3. Тонаушылық соғыстар. Әскери топтардың құрылуы және олардың кауымдағы орны

4. Басқару жүйесіндегі өзгерістер. Мемлекеттік ұйым негіздері

5. Тайпа одақтарының ыдырауы және халықтардың қалыптаса бастауы

6. Тілдік топтардың құрылуы

 

1. Рулық қоғамның ыдырау формалары қандай да болсын дәуірдің негізгі мазмұны жекеменшіктің, таптың және мемлекеттің шығуы болып қала берді.

Еңбек өнімділігінің өсуі өндірістің жеке даралануы мен артық өнімнің пайда болуына жол ашты, бір адамның өндірген артық өнімін екінші адамның иеленуіне мүмкіндік берді. Сонымен қабат өсіп отырған өнімділік пен еңбектің қоғамдық бөлінісі айырбас үшін арнаулы өнім шығаруды мүмкін етті, тауар өндірісі тұрақты айырбас пен бөгделеу тәжірибесін жасады. Еркін бөгделенетін жеке меншіктік осылай туа бастады, бұл маңдай алды рулық құрылыс дәуірінің жеке бас меншігінен, ең алдымен, қанау қатынастарына жол ашатындығы арқылы көзге түсетін.

Кейбір тамақ өнімдері мен қолөнер бұйымдары металдар, өндіріс құрал-саймандары мен қарулары, өнімдерінің артықтарын, мал шаруашылығымен айналысқан халықтарда жеке отбасылардың ең алдымен малды көбейтіп, жинауы жеке меншіктіктің бастамасын жасады. Жеке меншіктіктің ең ертедегі түріне төменде сөз етілетін құлдар жатты. Артық қор заттары бар адамдар, оларды натуралды формада емес, жалпы қабылданған эквиваленттерді, заттық ақша түрінде қор етіп көбіне қазынаға айналған формада жинауға тырысуы табиғи нәрсе еді. Мұндай қазына мен эквиваленттері ретінде көбінесе сирек ұлу қауашақтар, жүн-терілер, маталар, металл бұйымдар, мал мен құлдар болды.

Этнографиялық деректер байлықты қорлап жинау, ең алдымен, рулық және тайпалық көсемдердің отбасыларында болғанын дәлелдейді. Бұл түсінікті де: нақ осы көсемдер әуелгі баста әлі де бүкіл қауымға тиісті болған құнды дүниелерді сақтаушы және жарлық етіп бөлуші болды.

Жеке байлықтардың қорлануы және жеке меншіктіктің тууы туралы жаңаша түрде археологиялық деректер де дәлелдейді. Мәселен, династияға дейінгі Египет мола-қорықтарынан табылып отырған заттарға, енді меншіктік белгілер салынған, ал бұлардың рулық емес отбасылық екені даусыз, өйткені көршілес мола-қорықтарда бұлар алуан түрлі келеді. Жоғарыда аталып өткендей қола ғасырына көптеген мыс құймаларының қоймалары, мыс және қола қарулар, қару-жарақтар, әсемдік бұйымдары, әлбетте қазына ролін атқарған ақшалар жатады.

Жеке меншіктіктің орнығуы рулық ұжымдылық дәстүрлерімен қатты күрес үстінде өтті. Жеке отбасылардың өздеріне керексіз артық өнімдерді жинап қорлауы неғұрлым мүлікті, неғұрлым мүліксіздермен бөлісуге тура келетін алғашқы тұрмыстық құрылыстың рухының өзіне қайшы келді. Байып кеткен көсем, егер ол өзінің артықшылығынан айырылғысы келмесе, думан-той жасап, туыстарына сый-құрмет көрсетуге, тапшылық көргендерге көмектесуге тиіс болды. Мұның үстіне көне заман дәстүрлерінің жинап қорлау тенденцияларына кескілескен қарсылығы жаппай үлестіріп, тіпті қорланып жиналған мүлікті құртып жіберудің ерекше салттарын өмірге әкелді. Көптеген халықтарда өлген адамды, әсіресе көсемді жерлегенде оның байлықтары құртылды, қоса жөрленді, қатынасқандарға үлестірілді әрі тек бір бөлігі ғана өзінің мұрагерлеріне берілді. Бірақ қалай болған күнде   де   ыдыраған   рулық   қоғамның диалектикалық   күрделі    де    қарама-қайшы салттары,   тіпті   жеке  меншіктің   қорлануын шектей отырып, сайып келгенде, жеке меншіктік   қатынастардың  дамуына  жол   ашты.

Жеке меншіктіктің дамуы еңбектің негізгі шарты және жалпыға ортақ құралы болған жерге қауымдық меншіктің сақталуымен кідірістеді. Сонымен бірге жылжымалы заттар, соның ішінде өндіріс қарулары жерді өңдеуші жеке отбасылардың жеке меншігі болып қалып отырғанда жайылым, пішендік, аңшылық және балықшылық орындары ыдырап бара жатқан рулық немесе қалыптасып келе жатқан көршілес қауымның ұжымдық меншігі болып қала берді. Оның үстіне әзірге жерге ұжымдық меншік болып отырғанда жеке меншіктік екінші дәрежелі, бағынышты сипатта болды, басымдық маңызға ие бола алмады, өйткені Маркс атап көрсеткендей, «қоғамдық ұжымдық меншікке қарама-қарсы тұрған жеке меншіктік тек... еңбектің сыртқы жағдайлары жеке адамға тиісті болған жерде ғана өмір сүреді». Еңбекті индивидуализациялау мен жеке меншік негіздерінің дамуы жерді жекеменшіктенуінің пайда болуына сөзсіз әкеп соғатын еді. Бұл жылжымалы мүліктерге жеке меншіктікке қарағанда анағұрлым кескілескен күрес үстінде туды да, әуел баста тіке формада болмады. Жыртылатын жер мен кәсіпшілік орындары әлі де ұзақ қауымның бөгделенбеген меншігі болып санала берді, бірақ қауымдық мөлдектерді пайдаланған жеке отбасылар қайта бөлісуге қалайда кедергі жасауға тырысып, жердегі өз учаскесін мұралық билеу құқығына ие болып дербес билеп-төстеуді бекітуге тырысты. Әсіресе, көшпелі малшылар жерге ұжымдық меншіктік фикциясын ұзақ сақтады.

Жекеменшіктік қатынастардың дамуы оған тән болып келетін ұжымдық тәртіптерді бұза отырып, үлкен отбасыға да енді. Отбасы басы отбасылық шаруашылықтың жеке-дара әміршісі және отбасылық мүліктің меншік иесі болуға, өз өкіметін күшейтіп, шексіз билікті үй иесі болуға тырысты. Бұл өзінің дүние мүлкін оқшаулап, өзінің әйелдерімен және балаларымен дербес отбасылар құруға тырысқан басқа ересек ер адамдардың қарсылығын тудырды. Осыған байланысты, бөліп берушілік пен бөліп алушылықтар жиілей түсті. Үлкен отбасылар басқаларға, бірақ әзірге, әлі де болса үлкен, енді қалай да көлемі жағынан кіші отбасыларға бөлінді. Бірақ оларда берік болып шықпады: ішкі қайшылықтармен шатасып бөлінісіп, олар үсті-үстіне жарылып бөліне берді. Үлкен отбасылық қауым тек ата-аналар мен олардың балаларынан тұратын және өзінше үнемі дамып келе жатқан жеке меншіктік негіздерді сақтап отырған шағын немесе моногамдық отбасыға үздіксіз орын бере берді.

Сонымен, егер жеке меншіктіктің қалыптасу процесін отбасының дамуымен салыстыратын болсақ, онда мұның ішінде үш кезеңді бөліп алуға болады. Бұлардың бірі — ру ішінде сыртқы дүние тұрғысынан алғанда жеке, бірақ отбасылық қауымның, өз тұрғысынан алғанда ұжымдық үлкен отбасы меншігінің бөлінуі. Екінші кезең — енді үлкен отбасылық ұжым тұрғысынан алғанда да оқшаулана түскен үлкен семья басшыларының жекеленген меншіктерінің бөлінуі. Ақырында үшінші кезең — жеке меншіктік қатынастардың ұзақ уақытқа негізгі иесі болып алған шағын отбасылардың меншіктерінің бөлінуі.

2. Жеке меншіктік пен қосымша өнімнің сөзсіз пайда болуы мүліктік дифференцияның салдарынан болды. Рулық тайпалық ақсақалдарда, абыздарда және әсіресе өз жасақтарымен әскери қолбасшыларда байлық жиналып жатқан кезде, басқа қауымшыларда шамалы артық өнімдер болды немесе олар да мүлде жоқ болды. Басталған мүліктік жіктелуді орасан зор дәрежеде күшейтіп, тездете түскен фактор құлдық болды.

Қосымша өнім қолында жоқ, бұзылмаған рулық қоғамда құлдық мүмкін емес еді. Сондықтан   да   мұнда   тұтқын   ер   адамдар әдетте өлтірілді, ал әйелдер мен балалар иемделіп жеңген тайпаның толық құқылы мүшелеріне айналды. Әсіресе, соғыста өлгендердің орнын толтыру керек болған кейбір жағдайларда ер адамдарды да иемденетін еді.

Қосымша өнімнің пайда болуы, енді құлға айналдыра бастаған әскери тұтқындардың еңбегін пайдалануды бірден мүмкін етті. Сірә, әуел баста құлдар бүкіл қауымның меншігі болса керек, бірақ әдеттегі қауымдық құлдық құлдардың іс жүзінде көсемдерге тиістілігін бүркегендері көп кешікпей қауызға айналды, осымен қатар жеке құл иеленушілік кеңінен тарады. Алғашқы кездерде құлдар көбінесе үй шаруашылығында пайдаланылды. Алғашқы құлдар барлық әйелдердің жұмыстарын атқарды, су тасыды, отын дайындады, тамақ әзірледі, итке ас берді. Құлдар қожайындарымен бірге тұрды, олармен бірге шатырдың астында ұйықтады, бір үстел жанында отырып тамақ ішті. Басқа бір жағдайларда олар жеке лашықтарды жайлап, өздерінің иелеріне көмектесе отырып, өзі шағын шаруашылық жүргізе алды. Оларға біршама жұмсақ қарады, әрі көптеген жағдайларда белгілі бір мүліктік және жеке бастың құқықтарын пайдаланды, Түрлі халықтарда болған салттар құлға өз қожасының мұрагері болуға, басы бос әйелдермен неке қиысуға рұқсат етілді, қожасына риза болмаған жағдайда көсемге шағым айтып, басқа кісіге кете алатын болған, құлдарды сатуға, өлтіруге, тіпті қатаң қарауға тыйым салынды және т. б. Құлдарды ерекше қадағалау деген болмады, өйткені төзімді жағдайларда тұрған құлдар әдетте қашуға ұмтылмады. Құлдар әлі де болса өндірісте ерекше орын алмаған және үй ішінің кішісі, отбасы мүшесінің кішісі ретінде көрінген құлдықтың бұл тұрпайы формасы, үй-жайлық немесе патриархалдық құлдық деген ат алды.

Құл саны бірте-бірте арта түсті, олардың еңбегі үй шаруашылығының шегінен шығып зор маңызға ие бола бастады. Құл еңбегі тек құрметті деп саналатын жұмыстарда, мәселен, аң аулауда біршама аз қолданылды, Құл-дыққа алудың әуелгі көздері — соғыс тұтқындарын басып алуға — ендігі жерде жаңа көздер — құл саудасы мен құлдардың балаларын құлға айналдыру келіп қосылды. Құлдық жағдай мұрагерлікке айналды. Құлдардың жағдайлары күрт нашарлап кетті. Құлдардың ешқандай меншігі болмады және өз қалауынша үйлене алмайтын болды. Олардың некесінің қоғамдық маңызы болмады және жай тұрысу ғана деп есептелді. Құлдарға қатал қарады; көне дүниедегі Спартадағы сияқты, оларға үрей тудыру, үшін, бұлардың лашықтарына оқтын-оқтын жаппай шабуыл жасау қолданылып жүрді. Жаңа үйлер мен қайықтарды жасағанда, инициация және жерлеу кезінде құлдарды рәсімдік өлтіру кеңінен қолданылды. Бұл тұтқындарды өлтіретін неғұрлым көне салттардың қалдығы еді.

Сонымен үй-жайлық құлдық бірте-бірте өндірістік құлдықңа айналды. Үй ішінің кіші адамынан құлдар қоғамдық өндірісте ерекше орын ала бастаған, өндіріс құрал-жабдықтарынан айырылған халықтың құқықсыз тобына айналды, демек құлдардың ерекше табын құрады. Алайда, құлдардың шығуының басқа да салдары болды: патриархалдық құл иеленушіліктің өзі-ақ еркін қауымшылардың арасында жіктелуді тездете түсті. Әскери табыстың басқа түрлері сияқты құлдар ең алдымен тайпаның жоғарғы тобының - көсемдердің, жасақшылардың, олардың ең жақын туыстарының меншігі болады. Құлдарды қанай отырып, ол басқа қауымдықтардан тезірек өз байлығын молайта түсті. Жеке меншік пен айырбас институтының да мұндай жағдайларында бұл тайпалық жоғарғы топтың қолында малдың көп те ең жақсы табындары, кәсіпшілік жайлар, қолөнері өнімінің қорлары болуына әкеп соқты. Бір мезетте жиі түгелдей таңырланған және дербес шаруашылық жүргізу мүмкіндігінен айырылған қауымшылардың басқа бір бөлігінің кедейленуі табиғи нәрсе еді. Қарыздарға бой ұрып, бұлардың кейбіреулері құлдыққа сатумен немесе өзін сатумен аяқталатын ұзақ кіріптарлыққа түсті.

Кедейленген қауымшылардың екінші бір бөлігі өзінің шағын шаруашылығы мен жеке бас бостандығын сақтады, бірақ бай тайпаластарынан заттай немесе ақшадай қарыз алып отыруға үнемі тиіс болды. Осы негізде қанаудың сан алуан түрлері пайда болды: сауда-саттық, қарыз берушінің шаруашылығында жұмыс істеп өтеу, өндіріс қаржылары мен қаруларын үлестей жалға алу, мұнда ауқаты шағын қауымшы, байдың күш-көмегін немесе мал табынын қарызданып, оған алған өнімнің бөлігін беріп, өтеп отырды. Қанаудың осы формаларының барлығы, әдетте экономикалық езгіге рулық немесе көршілік өз ара көмек түрін беруге мүмкіндік тудырған, көне дәстүрлермен әлі де бүркемеленетін еді.

Тонаушылық соғыстар қанаудың тағы да бір түрін туғызды: үздіксіз тонауды болдырмау үшін әлсіз тайпалар өзінің неғұрлым күшті көршілеріне, ал іс жүзінде олардың көсемдеріне тұрақты алым-салық төлеп отыруға жиі келісіп отырды. Мұндай тайпалардың қатардағы қауымшылары жеке өздерінің көсемдерінен де басқа көсемдерден де екі жақты езгіні басынан кешірді және халықтың ерекше жартылай еркін тобына жиі айналып отырды.

Тез қаулап өскен мүліктік дифференциация қоғамдық тұжырымға ие болды. Бай да ықпалды жоғарғы топтар мұрагерлік басшылыққа үміт артқан тайпалық ақ сүйек, шыққан тегі, нәсілді, ерекше құрметті жағдайлы болып оқшауланды, арнаулы айырым белгілері және басқа артықшылықтары болды. Кедейлер – қатардағы қауымшылар қарапайым адамдар ретінде оларға қарама-қарсы қойылды. Туысқандардың, рулардың, тайпалардың тұйық кәсібі топтардың — касталардың, аға да кіші жөн-жүйелерінің бағыныштылығына байланысты неғұрлым күрделі жүйелер де туды, бірақ, сайып келгенде, бұлардың бәрі бай мұрагерлік ақ сүйектер мен азды-көпті оған тәуелді нашар тұқымды кедейлердің арасындағы қарама-қайшылыққа келіп тірелетін.

Сонымен, қоғамның құл иеленушілер мен құлдарға бөлінуі, қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуімен, ал тұрпайы патриархалдық құл иеленушілік қанаудың тууы — тұрпайы патриарлдық феодалдық қанаудың тууымен қосарланды. Бұл формалардың екеуі де қоян-қолтық келіп, белгілі бір нақтылы тарихи жағдайларда бұлардың бірі жеңіп шығып, антагонистік таптық қоғамның өндірісінің  үстемдік   етуші   құл   иеленушілік немесе феодалдық тәсіліне айналуы үшін алғашқы тұрмыстық  қауым  құрылысы   ыдырауының  процесінде пісіп жетілді.

3. Басы артың өнімнің пайда болуы соғыстардың дамуына жол ашты. Тайпа аралық соқтығыстар, әрине, бұрын да болып тұрған. Бұлар тайпалық шекаралардың бұзылуынан, кісі өлтірістерден немесе тайпаластарының запы-зәбір көрулерінен, басқа да себептерден болатын. Алайда бұлар біршама сирек болатын. Маңдай алды рулық қоғамның адамдары әдетте «шағын қанмен» шектелуге, мәселен жанжалды бір немесе бірнеше қос қарсыластардың жекпе-жегімен шешуге тырысып, соғысқа тек шектен шыққан құрал ретінде ғана бой ұрды. Байлық пен баюға құмарлық пайда болысымен жағдай өзгерді: соғыстық тонау тез де оңай баюға мүмкіндік берді. Соғыс енді тек тонау үшін ғана жүргізілетін болды. Энгельстің сөзімен айтқанда «тұрақты кәсіпшілік» болып алды. Жеңушілер құнды болып келетіндердің бәрін, — қазынаны, қару-жарақты, малды, құлдарды, кейініректе сондай-ақ көршілес жерлерді — құнарлы егістіктерді, ең жақсы жайылымдар мен кәсіпшілік жайларды басып, тартып алды.

Соғыстарды тұрақты кәсіпшілікке айналдыру, соғыс техникасы мен соғыс ұйымдарын дамытуға жол ашты. Нақ осы кезде бейімділігі аса жоғары аңшылықтан айырмашылығы шапқыншылық және қорғаныс қару-жарақтары — жауынгерлік найзалар мен палицалар, қанжар мен қалқандар, дулығалар, сауыттар, латалар пайда болды. Мекен-жайлардың айналасында барлық жерде қорғаныс құрылыстары — үйілген топырақ жалдар, орлар, қорған-бақтар пайда болды. Темір ғасырының басына қарай Европа мен Азияның көптеген елдерінде ерекше бекініс паналар — бекіністер, жауынгерлік мұнаралар т. б. кеңінен таралды, мұнда дұшпан шапқыншылығы кезінде адамдар өзінің өмірі мен мүлкін сақтап құтқарды. Соғыс тәсілдері күрделілене түсті, шабуыл және қорғаныс тактикасы жетілдірілді, біріккен соғыс әрекеттерін жүргізуді тәртіпке келтіру керек болды. Тайпалық ұйым рулық ұйымнан күрт басымдық алып өзінше бір әскери-тайпалық ұйымға айнала бастады. Соғыс пен қорғаныс мақсатын көздеп тайпалар, әдетте, өз ара туыстас болып келетін тайпалар барлық жерде одақтарға біріге бастайды.

Бұл жағдайларда шеберлік өнеріне көп жағынан тайпаластардың   тағдыры  тәуелді болған әскери қолбасшы үлкен маңызға ие болады. Алғашқыда бұл бұрынғы басшы болатын, бірақ бұдан арғы жерде, әдетте, басқа ақсақалдарды кейінгі қатарға ығыстырған тайпаның немесе тайпа одақтарының ерекше әскери көсемі пайда болады. Тайпалардың немесе тайпалар одағының әскери күшін барлық соғысуға қабілетті ерлер, бүкіл қаруланған халық құрады, бірақ олардың арасынан тонаушылық    жорықтарға үнемі қатысып отырған және оның жасақтары ретінде көсемнің айналасына бірте-бірте топтасқан күшті де батыр жауынгерлер бөліне бастады. Морган іле-шала Маркс пен Энгельс «Әскери демократиясы» деп атаған өкіметтің арнаулы ұйымы туады. Бұл әлі де болса демократия  еді, өйткені  барлық алғашқы  тұрмыстық  демократиялық  мекемелер:   халық   жиналысы, ақсақалдар   кеңесі, тайпалық  көсем   сақталған   болатын.  Бірақ екінші жағынан бұл, енді басқаша әскери демократия   еді,   өйткені  халық   жиналысы қаруланған әскерлердің жиналысы ғана болды, ал өз жасақтары қоршаған және қуаттаған әскери қолбасшы басқа көсемдердің есебінен барған сайын көптеп ықпалға және өкімет билігіне ие болды. Әскери демократия жүйесі   әлі де болса барлық жауынгерлердің   теңдігіне   жол   берді: тонаушылық жорыққа қатынасқан әрбір адамның табыстық өз үлесіне құқығы болды. Бірақ, екінші жағынан, бұл енді іс жүзіндегі теңдік дегенді білмеді: тек әскери қолбасшы ғана емес, сондай-ақ оның жақындары мен жасақтары да тоналғаннан өзіне көп те ең жақсы бөлігін  ала бастады. 

Азды-көпті нышан білдірген әскери демократия жүйесі рулық құрылыстан таптық қоғамға өтуді бастан кешірген дүние жүзінің барлық халықтарына тән болып келді. Тарихи, археологиялық және фольклорлық түп-төркіндерге қарағанда әскери демократияны інжілдік еврейлер, гректер, этрускілер, римдіктер, скифтер, сақтар, сарматтар, исламға дейінгі арабтар, кавказ эпостарының кейіпкерлері т. б. білген.

Байлықтың пайда болуымен шарттас бола отырып, тонаушылық соғыстар мен әскери демократияның бүкіл жүйесі өз кезегінде жеке меншіктіктің дамуының, ал сонымен бірге таптар мен мемлекеттер тууының маңызды факторына саналады.

4. Әлеуметтік жіктелу әлеуметтік қайшылықтарды туғызды. Тайпа ақ сүйектерінің байлықтары мен артықшылықтары кедейлер мен құлдар тарапынан қорғап күзетуді қажет етті. Алғашқы тұрмыстық халық өкіметінің рухына толы дәстүрлі рулық-тайпалық органдар бұл үшін жарамсыз болды. Олар өкімет билігін ұйымдастырудың жаңа формаларына орын беруге тиіс еді.

Мұндай ұйымдардың алғашқы бастамалары құпия одақтар болды. Көптеген тайпаларда құпия одақтар өзінің дамуында, негізінен алғанда бай адамдардың одақтарына айналды, өйткені бұларға ену ірі заттай немесе ақшадай жарналарды, той-думан жасауды және т. б. талап етті. Ақшаға одақтағы қоғамдық рангілер де, кейде тіпті оның басшы қызметі де сатылып алынды. Мұның есесіне құпия одақтар рулық қауымның өкімет билігінен өз мүшелерін тартып алды, олардың меншігі мен ықпалды жағдайын қорғады, барлық наразыларға іріткі салды. Бірқатар жағдайларда, құпия одақтар рулық-тайпалық органдардың тұтқаларын түгелдей дерлік билеп-төстеді және қоғамдық тәртіпті сақтау, сот істерін жүргізу, соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешу функцияларын иемденіп, қуатты ру аралық және тайпа аралық ұйымдарға айналды.

Шапқыншылық жасау және қорғаныс үшін тайпалардың топтасуын қажет еткен тонаушылық соғыстардың дамуы өкіметтің тайпалық органдарының маңызын тағы да күшейте түсті, бірақ енді бұл бойында таптық диктатураның рухын сақтаған бізге белгілі әскери демократияның арнаулы формасы еді. Әскери көсем өкімет билігінің сипатында бірінші қатарға дәстүрлермен даурықтырылған жеке басының беделі емес, нақтылы күш-қуат, байлық, құлдар мен тәуелді кедейлерге үстемдік, әскери жасақтың күші қойылды. Туған-туыстармен және тайпаластарымен қатар оның жеке өз басына берілген бөгделер, тіпті таңдаулы құлдар кіре алатын, оның жасағы рулық-тайпалық байланыстармен емес, тек өз қолбасшысына берілгендігінен ғана тұтасқан жеке бірлестік еді. Оған сүйене отырып, көсем тайпаның салттарын аттап өтіп, оған өз еркін беруге мүмкіндігі болды. Рулық-тайпалың жоғарғы топқа көсемнің ең жақын туған-туыстары мен аға жасақшыларға бірте-бірте орын беруге тура келді, бірақ өзінің меншігін мықтап қорғауға ынталы бола отырып, ол жаңа тенденцияларға оншама батыл қарсылық көрсетпеді. Сонымен, әскери демократияның органдары рулық-тайпалық ұйымдардан барған сайын қол үзе берді, өз халқына қарсы бағытталған үстемдік ету мен езгінің дербес органдарына айналды.

Әскери демократияның ашық таптық демократияға айналуы мен мемлекеттік немесе саяси құрылыстың қалыптасуымен аяқталды. Мұның аса маңызды сипаты тікелей халықпен үйлеспейтін, одан бөлінген ерекше, күштеу аппараты бар қоғамдық, немесе жүртшылықтық өкіметтің пайда болуы еді. Әдетте, бұл әскери демократияның түбірінен трансформацияланған органдары болатын. Тайпалардың ірі одақтарының әскери көсемі әміршіге — князьге, корольға, ханға және т. б. айналды. Оның төңірегіндегілер ақылшылар, қостаушылар болып алды. Жасақ әскерге айналды, мұның көмегімен мемлекег өзінің негізгі функцияларын: қаналушы бұқараның қарсылығын басып, соғыс жүргізуді жүзеге асырды. Мемлекеттік өкімет билігінің ерекше органы өзінің сөзсіз тармағы — түрмелермен — сот орны болды; сот ісін билеп-төстеушінің өзі де, сондай-ақ оның көмекшілері мен орнын басушылар да жүргізе алды. Бұқараға идеологиялық ықпал етуге арналған мемлекеттік өкіметтің тағы да бір тұтқасы діни табынудың таптық трансформациясына ұшыраған органдар болды.

Мемлекеттік құрылыстың екінші бір аса маңызды сипаты халықтың рулық-тайпалық емес территориялық принцип бойынша бөлінуі еді. Әлі де болса, кейде олардың аттарын сақтағанымен бұрынғы рулық-тайпалық өлшемдермен сай келмейтін округтар, болыстар және т. б. туды. Бұл ақырғы нәтиже жеке қандастық байланыстан көршілік байланысқа көшудің көптен келе жатқан процесінің тұжырымдалуы болып табылды. Сонымен бірге территориялық бөлінуді енгізу рулық-тайпалық ынтымақтардың қалдықтарын және рулық-тайпалық ақ сүйектердің ықпалын әлсіретті.

Мемлекеттің пайда болуы таптық қайшылықтардың ымыраласпайтындығының нәтижесі және таптық қоғам қалыптасуының қорытынды актісі болып табылды.

Мемлекетпен бірге құқық, яғни үстем таптың еркін білдіретін және мемлекеттің зорлаушы күшімен қамтамасыз етілген мінез-құлықтың міндетті ережелерінің жиынтығы келіп туды. Бұған дейін қоғамдық ықпал етудің күштеу негізіне сүйенген және ұзақ қолдану салдарынан салтқа еніп кеткен мораль ғана болды. Қоғамның таптарға бөліну процесінде үстемдік ететін жоғарғы топ өздері үшін ең қолайлы салттарды іріктеп алды және оларды өз қажеттеріне орай түрін өзгертіп, мемлекеттік күштеу күшімен оларды сақтап отыруды қамтамасыз етті. Бұл ең алдымен, аң сүйектердің меншігі мен артықшылықтарын қорғаған нормалар болды. Мәселен, егер, бұрын ұрлау жағдайларында, анықтап ажырату үстінде қылмыс жасаған туыстарға немесе бөгделерге үлкен маңыз беріліп, тек ұрланып алынғандарын қайтаруға зорлап көндірген болса, енді қандай да болсын меншікке қол сұғушылыққа жаза қолданылатын болды, ал ақ сүйектердің меншігіне қол сұғу ерекше қатты жазаланды. Ол үшін бірнеше еселеп орнын толтыртты, мүгедек етті, өлтірді, құл-құтанға айналдырды. Өткендегі ең ауыр қылмыс — экзогамдық тыйым салулардың бұзылуы,— қылмыс болудан қалды, оның есесіне таптық касталық неке тыйымдарын бұзу енді, кейде ауыр жазаланатын болды. Ұрып-соққанда, мертіктіргенде, өлтіргенде рулық емес, екі жақтың әлеуметтік шыққан тегі туралы мәселе енді бірінші дәрежелі маңызға ие болатын болды.

5. Алғашқы қауымдың құрылысқа тән этникалық ортақтық формасы тайпа болды, мұның мүшелері, ру мүшелері сияқты, қандас-туыстық байланыстармен бірікті. Рулық қауымнан көршілік қауымға ауысу процесінде бұл байланыстар нашарлап үзіле бастады. Өзінің құрамында тайпаның қандас-туыстық ортақтығын ыдыратып жайып жіберген тайпалық одақтардың құралуы да осы бағытта әрекет етті. Оның кеңінен қолданылған құлдарды еркіндікке жіберу, еркіндегілер мен құл араларында некелесу және көңілдес ретінде күңдерді пайдалану жағы бар тұрпайы құл иеленудің дамуы тайпа ішінде этникалық араласу процесін күшейте түсті, халықтардың орын алмасуымен қосарланған соғыстардың дамуы және жаулап алулар тайпалардың бірімен-бірінің араласуын күшейтті. Тайпалық эндогамия норма болудан қалды. Тайпалық құрылыс әлі де қарсылық көрсетіп бақты: бөгде біреулер иеленетіи   болды, жат текті топтар ойдан шығарылған ата-тек пен тайпаларға таңылды. Дегенменен, барлық осы процестердің сөзсіз нәтижесі, этникалың ортақтықтың формасы ретінде тайпалардың бірте-бірте жойылып, кұлауы болды. Мұның орнына тайпалар одағының ұзақ уақытқа бармаған өтпелі фазасынан өтіп, этникалық ортақтықтың неғұрлым кең формасы — халық тобы туды.

Осылай    жалпы    белгілерінде    алынып, сипатталып шыққан халық тобының қалыптасу механизмі  көне  гректердің,  германдықтардың,  славяндардың, түркілердің   және   басқалардың тарихи   және археологиялық  материалында ғана емес, сондай-аң оңтүстік африка тайпа топтарының бірі бантуда, мәселен, этнографиялық жағынан қадағаланады. XVII—XVIII ғасырларда, енді өзінің ыдырау сатысынан өтіп  алып,  рулық-тайпалық  құрылыс болып тұрды. XIX ғасырдың басында, бір тайпалардың көсемі Дингисвайо, ағылшын агрессиясына   тойтарыс   беру   үшін,   қарулы   қолмен көршілес тайпаларды біріктіре бастады. Содан соң оның атақты  қолбасшысы Чакемен ағылшындарға және буралармен күрес жүргізген олардың мұрагерлерінің бірнеше ондаған тайпаларды өзіне бағындырып, күшті әскери ұйымды және басқарудың әскери-демократиялық формасын  құру қолынан келді. Осындай күшті бірлестікті, осындай мақсатты  көздеп, екінші  көсем, Мосекатсе   де,  әрі   оның   ұлы   Лобенгула  да құрады. Тайпа аралық және тайпа ішілік күрестің барысында әлеуметтік дифференциация   күшейді,   ертедегі  таптық  қанау қатынастары  дамыды,  жеке  топтардың  жаппай орын ауыстыруы және араласуы болды. Сол уақытта бірігу   барысында экономикалық, тілдік және мәдени байланыстар күшейе түсті.   Сөзсіз  сыртқы  жаудан  қорғаныс  қажетінен тездей түскен бұл процесс, XX ғасырдың  бас  кезінде-ақ  Чакенің  туған  тайпасының аты бойынша амазулу, зулу аты тағылған бірыңғай халық тобын құрауға әкеп соқты.

Халық  тобы,   негізінен   алғанда,   қоғамның   антагонистік топтарға бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен бір мезетте туды. Этникалық ортақтықтың формасы ретінде бұл тайпалардан қандас-туыстық байланыстардың болмауы арқылы айырылды, бірақ оның басқа негізгі белгілерін: территория, тіл, мәдениет бірлігін сақтады. Енді бұл белгілер жаңадан дамуға ие болды. Мемлекеттік құрылыс халық топтарының территориялық тұтастығын нығайтты; оның құрамына енген тайпалардың араласуының, ассимиляциясының белсенді процестері оның мәдениеті мен тілін байытты.

6. Енді тілдерінің халық тобы тіліне айналу уақытына қарай көптеген    тілдік топтар,  яғни ортақ түбірге саятын грамматикалық құрылыс пен негізгі сөздік қоры бар тіл топтары қалыптасқан да еді. Тіл топтары қалыптасуының басы  мен  жолдары туралы мәселе жөнінде таластар бар. С. П. Толстов, Д. Б. Бубрихтың гипотезасын дамыта отырып, алғашқы тұрмыстың тіл  үздіксіз дейтін  қағиданы ұсынды. Оның пікірі бойынша, адамзат әуел баста рулық қауым шектерінде бірі екіншісіне бірте-бірте өткен толып жатқан рулық тілдерде сөйледі, бірақ кейінгі палеолиттің ақырында-ақ, мезолиттің басында неғұрлым ірі топтарға — тілдік топтарға жымдасып шыңдалып   құрыла   бастады. Алайда, мамандардың көпшілігі тілдік топтардың құрылуы,   негізінен    алғанда, алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырау дәуірінде болды және ол үшін тән болып келетін халықтың жаппай орын ауыстыру және араласу процестерімен байланысты еді, деп санайды. Бұл процестер, бір жағынан, олар алмасып орналасқанда, кейбір ірі тайпалар тілінің дифференциясына, екінші жағынан, одан арғы жерде тіл негіздердің жаңадан бөлінуіне бастау берген тайпа тілдерінің толық емес ассимиляциясына әкеп соқты. Бұл көзқарастар  бірін-бірі   жоққа   шығармайды. Тілдік  семьялардың   құрылуы әуел басқы эйкумендердің ұлғаюы кезінде туып, алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырауы мен таптық қоғамның құрылуының қауырт дәуірінде тездей алатын еді.

Қалай болған күнде де, алғашқы тұрмыстық тарихтың аяқ кезінде-ақ ең ірі тілдік топтар өмір сүрді. Солтүстік Африкада, Оңтүстік-Батыс Азияда семит-хамит тіл тобы қалыптасты, бұған көне египеттіктердің, семит (аккадықтар, вавилондар, ассириліктер, финикияндар, көне еврейлер, арабтар т.б.), кушит (самалиліктер, галлалар) және берберскі топтары халықтарының тілі жатады. Оның солтүстігін ала кавказ тіл тобы, оңтүстігіне қарай Африканың орта шенінде банту тіл тобы құрылады.

Оңтүстік Азияда дравидтер, мұнда, монкхмер тілдік топтары, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Океанияда — малайск, полинезийск тілдік тобы бөлінеді. Шығыс Азияда тай-қытай және тибет-бирман топшаларына тарамдалған қытай-тибет тобы қалыптасты. Орталық Азия алтай тобы тілдерінің таралу ошағы болды, бұларды таратушылар түрік, монғол және тунгус-манчжур халықтары — Азия континентіне кеңінен қанат жайып орналасты. Оңтүстік-батыс Сібірде кейінде Солтүстік пен батысқа тараған орал тіл тобы (финно-угро-самодийок) қалыптасты.

Ақырында, Балтық теңізі мен Орта Азияның арасындағы бір шектерде дүние жүзіндегі ең ірі үнді-европалық тіл тобы туады, бұған көне халықтардың бірсыпыра, қазірдің өзінде-ақ өлі тілдерімен қатар, балтық, герман, кельт, роман, иран, үнді-арийск, сондай-ақ армян, грек және албан тілдері жатады. Алғашқы тұрмыстық эйкуменнің шет аймақтарын мекендеген және аз дәрежеде тілдік ассимиляция мен дифференциация процестері тарапынан (әсіресе, австралиялықтар, американ үндістері, Африканың көптеген тайпалары) тайпа тілдері ірі топтарды құрамады. Алайда, олар да көптеген жағдайларда ерекше, әзірге әлі де болса жеткілікті зерттелмеген топтарды құрады.

 

Әдебиеттер:

 

1. Першиц А., Монгаит А., Алексеев В. - Алғашқы қоғам тарихы. А, 1974.

2. Першиц А., Алексеев В. - История первобытного общества. М., 1990.

3. Всемирная история в 24-х томах. Авторский коллектив. Бадак А.Н.

и другие. Минск-М., 2000  т. 1. Каменный век.

4. Першиц А., Алексеев В. - История первобытного общества. М, 2004.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-08 16:57:55     Қаралды-8595

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »