Тақырып. Алғашқы қауымдық коғамның ыдырауы
1. Металдың өндіріске енуі, оның шаруашылықтың дамуына әсері
2. Қола және алғашқы темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері
3. Еңбектің жыныстық, жастық бөліністері. Шаруашылық сапалары арасындағы айырмашылықтың тереңдеуі
4. Айырбастың дамуы. Мүліктік жіктеліс
5. Үлкен патриархалды отбасы. Патрономия
1. Алғашқы тұрмыстық қоғам ыдырауының ең маңызды өндірістік алғы шарты металдарды кеңінен пайдалануға көшу болды. Адамзат тарихы мүлде жаңа формаларға ие боларлықтай, металл қарулардың енгізілуінің соншама тамаша мәдени және әлеуметтік алға басушы өз салдары болды.
Металдар ғасыры екі дәуірге: қола ғасырына және темір ғасырына бөлінеді.
Қола ғасыры дегеніміз адамзат тарихында қоладан жасалған еңбек қарулары кеңінен таралған және осы қаруды тастармен қатар немесе солардың орнына қолданған дәуір еді. Темір ғасыры дегеніміз темір металлургиясы мен темір қарулардың таралуымен сипатталатын уақыт болатын. Еңбектің темірден жасалған қарулары аса маңызды материал болып отырғандықтан, қазірде де осы заманғы дәуір де темір ғасырына енеді. Алғашқы тұрмыстық тарихтың археологиялық дәуірленуінде ертедегі темір ғасыры термині жиі қолданылады.
Қола дегеніміз — мыс пен қалайының, кейде алмастың, қорғасынның, мышьяктың немесе мырыштың әр түрлі үлесте балқытылған қоспасы. Ең жақсы ара қатынас —90% мыс пен 10% қалайы. Қола қарулар мыс қаруынан тек қатты ғана емес, өткір де келеді, бірақта оларды құю оңайырақ, өйткені мысқа қарағанда (1083°) қола анағұрлым төменгі температурада (700—900°) балқиды. Алайда, мыс сияқты қола қарулар да тас қаруларды түгелдей ығыстыра алмады. Бұған себеп, біріншіден, бірқатар жағдайларда, қоладан тастың жұмыстық сапалары жоғары болды, екіншіден, қару жасалатын тастар барлық жерде дерлік бар еді, ал қоланың, әсіресе, қалайы үшін шикізат көзі өте сирек еді.
Мыс және қалайы рудаларына бай аудандарды мекендеген тайпалар металл шығаруға маманданып, көршілес елдің халқын солармен жабдықтап қамтамасыз етіп отырды. Мыс Иранда, Кіші Азияда, Аравия мен Арменияда,қалайы Иран мен Аравияда болды. Европада ертедегі мыс кен орындары Испанияда, Францияда, Австралияда, Венгрия мен Англияда, ертедегі қалайы кен рудалары Испания мен Англияда ашылды. Қытайдың оңтүстігі мен Солтүстік Вьетнамда ашылғаны белгілі. ТМД территориясында қола ғасырының ірі металлургиялың орталықтары Кавказда, Уралда, Қазақстанда, Ертіс және Енисей маңы өлкелерінде мәлім еді.
Ең ертедегі металл қарулар өзінің формасы жағынан тас қаруларды бүтіндей қайталады. Тек адамзат бірте-бірте жаңа материалдың ең тиімді қасиеттерін пайдаланатын қару формаларын: балталарды, қашауларды, балғаларды, қайлаларды, кетпендерді, орақтарды, пышақтарды, қанжарларды, сапыларды, шапқыларды, найза ұштықтарын, жебелерді, тағы басқаларды жасап шығарды.
Қола ғасырының дәл шежірелік шеңберін көрсете қою қиын. Қола бәрінен бұрын б. з.-ға дейінгі III мың жылдықтың орта шенінде Оңтүстік Иран мен Месопотамияда белгілі болды. Египет пен Үндістанда ең көне қола қарулары б. з.-ға дейінгі II мың жылдықтың басына жатады, Қытайда қола біздің заманызға дейінгі XVIII ғасырда кеңінен қолданылды. Америкада біздің заманыздың І мың жылдығында ғана кеңінен қолдана басталды.
ІІІ және ІІ мың жылдықтар межесінде қола индустриясы Кіші Азияда, Сирияда, Палестинада, Кипр мен Критте, ал II мың жылдық бойында — бүкіл Европа мен Азияда таралды. Европа елдерінің көпшілігі үшін қола ғасыры негізінен б. з.-ға дейінгі II мың жылдықты қамтиды. Қола ғасырының ақыры, қоланы темір ығыстырғанда келіп жетті.
Ерте темір ғасыры өзінің алдындағы археологиялық дәуірлермен салыстырғанда шежірелік жағынан өте қысқа.
Темір дүние жүзінде ең көп таралған металл болғанына қарамастан, оны адам кешірек игерді, өйткені таза күйінде табиғатта мүлде кездеспейді және қиын өңделөді. Тіпті сонау көне заманда-ақ адамзатқа метеориттік темірлер белгілі болған, бұлардан жасалған б. з.-ға дейінгі IV мың жылдық басындағы Египеттегі молалардан жекелеген сәндік бұйымдар табылған. Жер текті темірден жасалған ұсақ заттар б. з.-ға до-йінгі III мың жылдықтың бірінші жартысындағы Египетте, Месопотамия мен Кіші Азияда кездеседі. Рудадан темір алудың ең көне тәсілі, шикізат соғу процесі тек б. з.-ға дейінгі II мың жылдықта ғана ашылды. Ең ықтимал бір болжамға сәйкес шикідей соғу процесін б. з.-ға дейінгі XV ғасырда Армения тауларында тұрған хеттамға бағынғаи тайпалар тұңғыш қолданды. Европада табылған жекелеген темір заттары Германия мен Италиядағы б. з.-ға дейінгі II мың жылдықтың аяғына жатады. ІІ мың жылдықтан кейін Палестинада, Сирияда, Кіші Азия мен Грецияда, Үндістанда темір қару-жарақтарды жаппай жасау басталды. Осы уақытта темір өндірісін Шығыс Европа халыңтары игерді. Орталық, Солтүстік және Батыс Африкада темір ғасырының басы б. з.-ға дейінгі I мың жылдыққа жатады. Б. з.-ға дейінгі VIII—VII ғасырларда темір қарулар Шығыс Европаның Оңтүстік далаларында Орта Азияда, Месопотамия мен Иранда, Европада, Альпіден Солтүстікке қарасты аймақтарда үстемдік ете бастады. Б. з.-ға дейінгі V ғасырда темір Европаның қиырдағы солтүстігі мен Қытайға енеді. Үнді-Қытай мен Индонезияда темір жаңа заманның межесінде таралады. Америкада, Австралия мен Тынық мұхитының көптеген аралдарында темір европалықтардың осы облыстарға келуімен бірге б. з.-дың II мың жылдықтарында ғана белгілі болды.
Салыстырып алғанда мыс тауып алудың сирек, қалайының одан да гөрі сирек көздерінен айырмашылығы темір рудалары, рас, көбінесе ең төменгі сорттары барлық жерде дерлік ұшырайды, бірақ рудадан темір алу мыстан гөрі әлде қайда қиын. Темірді балқыту, яғни оны сұйық күйінде алу әрқашанда көне заман металлургтарының қолынан келе бермеді, өйткені бұл үшін өте жоғары температура (1528°) керек еді. Темірді шикі соғу процесінің көмегімен қамыр тәрізді күйде шығарды. Бұл сопло арқылы ұста көрігіне ауа үрленіп, арнаулы пештерде 1100—1350° температурада темір рудасы көміртегімен тотықсыздандырылды. Пештің түбінде криц – салмағы 1-ден 8 кг-ға дейін кеуектенген, қамыр тәрізді темір кесегі түзілетін, мұны тығыздау және ішінара одан шлакты сығып шығару үшін балғамен талай рет соққылау қажет еді. Крицтік темір жұмсақ болатын, бірақ сонау ежелгі заманда-ақ темір бұйымдарды шыңдау тәсілі немесе оларды цементациялау тәсілі (көміртектендіру) ашылған еді. Темірдің неғұрлым жоғары механикалық қасиеттері, сондай-аң темір рудаларының жалпы қолдан келетіндігі мен жаңа металдың арзандығы оның қоланы, сондай-ақ қола ғасырында қару шығарудың аса маңызды материалы болып қала берген тасты тезінен ығыстыруды қамтамасыз етті.
Өндіріске металдың енуі шаруашылық қызметінің барлық саласын дамытуда, ең алдымен, егіншілік пен мал шаруашылығын дамытуда төтенше роль атқарады.
Неолит пен энеолитте егіншіліктің өсуі тас индустриясының шектелуі техникалық мүмкіндіктерімен тежелді. Орман табанын тас балтамен тазалау қисапсыз күш-жігер жұмсап, орасан көп уақыт кетіруді талап етті. Қола балталар белгілі дәрежеде бұл процесті жеңілдетті де, егіншілік алқапты ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осы, сондай-ақ тозған ескі учаскелерді енді жақсылап өңдеудің қажеттігі, өз кезегінде егіншілік процесін жеңілдету туралы ойластыруға итермеледі, бұл сайып келгенде қола қаруларынан, күш көлік тартқан жырту қаруларына көшуге алып келді.
Бұл көшудің қалай болғандығы туралы мәселе осы уақытқа дейін ғылыми таластың нысаны болып қалып отыр. Сірә, бір жырту қарулары кетпендерден, басқалары темір күректен, кейбіреулері алғашқыда тырма ретінде пайдаланылған бұтақ-бұтақ бөренеден шыққан болса керек, әуелгіде күш көлік жерде терең борозда жырту үшін бөренені, ауыр кетпенді және басқаларды қосылып тартқан адамдардың өзі болды да, тек содан кейін ғана адам күшін өгіздің, аттың немесе есектің күші алмастырды, деп жобаланады. Ең көне заманғы жер жырту қаруларының эволюциясы да жеткілікті зерттелмей отыр. Бірақ бұл эволюция көбінесе географиялық жағдайларға тәуелді еді: оратын қаруларды тек жұмсақ топырақтарға ғана қолдануға болады, әрі мұнда олар өте ерте пайда бола алатын еді де, сызаттайтын және жыртатын қарулар қатты топырақ үшін жарамды болып, өзінің жеке эволюциясын басынан өткерді.
Қола дәуірінде жырту қарулары Азия мен Европаның көптеген елдерінде: Египетте, Қосөзенде, Қытайда, Солтүстік Италияда, Швейцарияда, Германияда, Данияда, Польшада қолданылды. Алайда, қоланың морттығы одан жыртатын қарулардың жұмыстық бөлігін жасап шығаруға мүмкіндік бермеді, бұл түгелдей ағаштан жасалған күйінде қала берді де, кетпендерді дерлік барлық жерде ығыстыра алмады. Темірдің пайда болуымен жағдай шұғыл өзгерді, бұдан орманды жерді аршу үшін тиімділігі жоғары балталарды ғана емес, сондай-ақ қарулардың мықты жұмыстың бөлігін де жасай бастады. Нақ ертедегі темір уақыты кетпендік егін шаруашылығынан жыртатын егін шарушылығына кеңінен көшу уақыты еді.
2. Ең ежелгі мемлекеттердің территориясынан тыс қола ғасырының адамзат ынтымақтастықтары бізге көбінесе археологиялық мәдениеттердің аттары бойынша белгілі. Тек өте сирек жағдайда ғана қола ғасырының археологиялың мәдениеттерін жазба төркіндер бойынша белгілі тайпалармен және халықтармен байланыстыру немесе тіпті қандай да болсын мәдениеттің иесі қайсы тілдік топқа жататынын анықтау ғана қолдан келеді.
Балқан түбегінің (Македониядан оңтүстікке қарай), Кіші Азияның батыс жағалауының, Крит аралы мен Эгей теңізінің басқа да аралдарының елдерін атау қабылданғандай, Эгей дүниесі елдерінде қола мәдениеті ең жоғарғы гүлденуге жетті. Эгей мәдениетінің археологиялық ескерткіштері Крит аралында және Пелопоннесте — Микендерде барлығынан көп ашылды. Сондықтан да бүкіл осы дүниені басқаша крит-микен дүниесі дейді. Бұл мәдениет дамуының ертедегі энеолиттік дәуірі б. з.-ға дейінгі IV— II мың жылдықтарға жатады. Қола ғасыры Критте б. з.-ға дейінгі 2200 жылдар шамасында басталды да, оның дамуы, сөзсіз, Таяу Шығыс өркениетінің күшті ықпалында өтті. Мұнда таптық қоғам мен мемлекеттің тууы осы уақытқа қарай орайласады. Материктік Грецияда бұл процесс болса б. з.-ға дейінгі XVIIІ—XVII ғасырларда басталды.
Дунай бассейнінің елдері қола ғасырының археологиялық мәдениеттері жергілікті энеолиттік, негізінен алғанда егіншілік мәдениеттің жалғасы болып келеді. Алайда, енді өзен сағасынан басқа құнарлылығы одан шамалы жерлер өңделе басталды. Аң аулау мен мал шаруашылығы үлкен шаруашылық маңызға ие болды. Мекен-жайларды тек аңғарларда ғана емес, сондай-аң жота-төбелерге де сала бастады және оларды жиі бекіністермен орнықтырды.
Орта және жоғарғы Дунай бойы мен Чвхословакияда және Висланың жоғарғы ағысы жағында тараған Баден мәдениеті неолит пен қола ғасырының өлі арасына (б. з.-ға дейінгі III мың жылдықтың аяғымен ІІ мың жылдықтың басы) жатады.
Европадағы ертедегі қола ғасырының жеке мәдениеттерінен Прага маңындағы кең мола қорығы бойынша аталған унетицк мәдениетінің ерекше маңызы бар. Ол қазіргі Чехияны, Төменгі Австрияны, Силезияны және Тюрингияны, Саксонияны қамтитын еді. Оған бүкіл Орта Европа территориясын алып жатқан бірқатар ұқсас мүліктер жатты. Унетицк мәдениетін жасаған тайпалар Рудных Гор, Судет және Батыс Бескид бай кен орындарын пайдалана отырып, қола құю ісімен шұғылданды.
ІІ мың жылдықтың екінші жартысында Дунай бойы тайпаларына тән мекен-жайлардың формалары жал мен орлар қоршаған және қада-діңгектерге тірелген өткелшелердің үстіндегі өзен аңғарларында салынған ағаш күркелерден тұратын поселкелер (террамалар дейтіндер) болып келеді. Террамалар, сондай-ақ солтүстік Италияда, әсіресе, По өзенінің аңғарында таралған.
Б.з.б. ІІ мың жылдықтың басында Солтүстік және Орталық Европада өздерінің ыдыстарын шиыршық жіп іздерімен безендірген (шиыршық қышы) және тамаша жалтыратылған жауынгер балталармен пайдаланған тайпалар таралған. Бұл тайпалардың көпшілігі үшін шаруашылықтың негізгі саласы мал шаруашылығы болған. Бұл тайпалар даму дәрежесі жағынан әлі де болса кейінгі неолит дәуірінде тұрғанына қарамастан шежірелік түрғыдан олардың мәдениеті қола ғасырына енеді.
Осы кездегі Германияның, жоғарғы Австрияның, Голландияның, Данияның, Оңтүстік Скандинавияның территориясында қола ғасырында сипаты жағынан қорған қорық жерлеулеріне өте жеқын мәдениеті бар толып жатқан тайпалар мекендеді. Алуан түрлі қола бұйымдардың арасында шеті қатпарлы (сабын бекітуге арналған шеті қайырмалы) балталар, тайпалардың осы тобына ортақ болып табылады. Бұл тайпалардың негізгі қарекеті егіншілігі қосалқы мал шаруашылығы болды.
Қоңырау тәрізді кубоктар мәдениеті ескерткіштерінің таралуы б.з.б. ІІ мыңж. басындағы Европа тарихында қызықты құбылыс болып саналады. Бұл мәдениет әуелгі баста Испанияда туады да төңкерілген қоңырау түріндегі, тарақты батырма белдікшелермен безендірілген кәдуілгі шағын қыш ыдыстар бойынша аталып кеткен. Бұл ескерткіштерді қалдырған халықтар Батыс және Орталық Европадан Польшаға дейін, Закарпатье мен Венгриядан Британия мен Италияға дейін таралған.
Ертедегі қола ғасырында металлургияның маңызды орталығы Пиреней түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігі болды, мұнда Эль-Аргар мәдениеті өмір сүрді. Бұл егіншілік мәдениеті еді, бірақ кен ісі мен мегаллургия шаруашылықта үлкен роль атқарады және Эль-Аргар қола бұйымдары Солтүстік Италияға дейін жетіп, Пиреней түбегінен сырт жерде кеңінен таралады. Эль-Аргар мекен-жайлары төбенің үстіне салынып, тас қабырғалармен қоршалды. Үйлер көп бөлмелі және тіпті екі қатарлы да болды.
Батыс Европаның қола ғасырындағы археологиялық мәдениет ескерткіштері бұл кезде азық-түлік ресурстарының едәуір молаюы (ең алдымен мал басының артуы есебінен) болды және қола өндірісі мен айырбас едәуір дамуға жетеді деген қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
Евразияның далалық аймақтарындағы қола ғасырының ең маңызды археологиялық мәдениеті Андронов мәдениеті (Андроново селосының маңындағы мекен-жай бойынша аталған) болды. Андроново тайпалары Қазақстан мен Оңтүстік Сібір территориясында тұрды. Бұл тұрпайы егіншілікпен де шұғылданған мал шаруашылықты тайпалар еді. Оларға малды қыста қолда ұстап бағу мәлім болатын. Андроновтық тұрғындары натуралды шаруашылық жүргізген қауымдар құрады және өздері еңбек қарулары мен үй мүлкінің заттарын жасап шығарды. Қола өңдеумен үлкен табыстарға жеткен маман-құймашылар шұғылданды. Бұлардың кейбіреулері енді қауымнан бөлініп қалып, тапсырысқа жұмыс істейтін қыдырма шеберлерге айналуы да мүмкін. Қола құю ісінің дамуы тайпа аралық сауданың жандана түсуіне жол ашты. Жерлерінде металл кен орындары бар тайпалар мен қауымдар бұларды арнайы қазып шығарумен шұғылдана бастады. Өндіргіш күштердің едәуір өрлей түсуі, тайпалардың жоғарғы тобының қолдарында байлықтың қорланып жиналуына әкеп соқты. Б.з.б. ІІ мың жылдықтың екінші жартысында андронов тайпалары Оңтүстік Қазақстан мен Қырғызстанға дейінгі Оңтүстік бағытта ірге тебеді. Амударияның төменгі жағында тараған тазабагьябтік мәдениетіне жақын болды.
Үнділердегі қола ғасырында хараппа мәдениеті деп аталатын ертедегі құл иеленушілік қоғам мәдениеті туады (Пенджаб провинциясындағы елді пункт бойынша аталған). Хараппа мәдениетінің гүлденуі б.з.б. III мыңж. аяқ шеніне жатады.
II мың жылдықта Қытайда қола пайда болған кезде, мұнда алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, б.з.б. XVIII ғасырды Шань (Инь) мемлекетінің туумен аяқталған таптық, құл иеленушілік қоғамға бірте-бірте көшу болды.Месопотамияда,
Египетте, Үндіде, Греция мен Қытайда қалыптасқан ертедегі құлиленушілік өркениетінің халқы, басқа елдердің адамдарына қарағанда металл шығарып өңдеуді ерте игерді. Құл иеленуші өркениеттерден солтүстікке қарай ертедегі темір ғасыры дәуірінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау сатысын бастан өткерген және таптық қоғам мемлекеттің тууы қарсаңында тұрған Европа мен Азияның алғашқы тұрмыстық тайпалары мекендеді.
Б.з.б. VII ғасырда қалыптасқан және б.з.б. V—IV ғасырда гүлденуге жеткен Евразия даласындағы темір ғасырының ең дамыған мәдениеті скиф-сақ тайпаларына тиісті. Металлургия өндірісінің белгілері бірқатар скиф қалаларын қазып аршығанда табылып отыр. Темір жасау және ұсталық қол өнер кәсіпшілігінің ең көп мөлшердегі қалдықтары, сірә, көне Скифияның, арнаулы металлургиялық ауданының орталығы болған Никопольге жақын Каманск қаласында табылды. Темір қарулар скифтерде жер жырту егіншілігінің кеңінен тарап, сан алуан қол өнер кәсібінің дамуына жол ашты.
Қара теңіз маңы далаларындағы ерте темір ғасырының скиф дәуірінен кейінгі келесісі осы арада б.з.б. ІІ ғасырдан бастап б.з. IV ғасырына дейін үстемдік еткен сармат мәдениеті болып табылады. Сармат тайпалары Солтүстік Қара теңіз маңында үстемдік етіп тұрғанда Солтүстік Қара теңіз маңы, Жоғарғы және Орта Днепр бойы және Днестр бойы батыс облыстарында тараған «жерленген алқап» мәдениеті (зарубинецк және чер-няхов) етек алады. Бұл мәдениеттер егіншілік тайпаларына — скиф кезінің орманды-далалық алқабының егіншілер ұрпағына тиісті еді.
Мыс пен қалайы көп болған оңтүстік Сібір мен Алтайда, темір басқа жерлерге қарағанда кейініректе, б.з.б. IV— III ғасырларда пайда болып тарады. Темір бұйымдер тагар (жоғарғы Енисей) және Май-эмир (Алтай) мәдениеттерінің ең кейінгі ескерткіштерінде ұшырайды. Темір біздің заманымыздың өлі арасында ғана кеңінен таралады. Енисейдегі таштық мәдениеті, Алтайдағы пузырыкск, ғұн мәдениеттері.
Батыс Европада темір ғасыры әдетте екі дәуірге — гальштат (б.з.б. 900-503 жж.) және латен (б.з.б. 500 жж. - б.з. басы) дәуіріне бөлінеді. Батыс Европа темір ғасырының ертедегі кезінде аталған гальштат мәдениеті осы кездегі Австрияның, Югославияның, Чехословакияның бір бөлігінің шегінде таралды, мұнда оны көне заманғы иллирийліктер жасады, Оңтүстік Германия мен Францияның Рейн маңы депертаменттерінде тарады, мұнда кельт тайпаләры тұрды. Гальштат дәуірі үшін еңбектің қола және темір қарулары мен қару-жарақтарының болуы және қоланың бірте-бірте ығысуы тән болып келеді. Шаруашылық жағынан бұл дәуір егіншіліктің өсуімен, әлеуметтік жағынан рулық қатынастардың құлауымен сипатталады.
V ғасырдан латен мәдениеті тарайды, мұның гүлденуі Римдіктер Галлияны жаулап алғанға дейін созылады (б.з.б. I ғ.). Латен мәдениетінің таралған ауданы — Рейннен батысқа қарайғы Атлантика мұхитына дейінгі, Дунайдың орта ағысының бойымен одан солтүстікке қарайғы жерлер. Латен мәдениеті кельттермен байланысты болды. Кельттер тайпаларының орталығы және алуан түрлі қол өнер кәсіпшілігінің шоғырланған жері болған үлкен бекіністі қалалары болды. Латен дәуірінде қола қарулар енді қайтып ұшыраспайды, бірақ Римді жаулап алулар кезінде Европада темір мейлінше кеңінен таралады. Жаңа заманның басында Рим жаулап алған аймақтарда Латен мәдениетін рим мәдениеті алмастырады.
Европаның солтүстігінде Оңтүстікке қарағанда темір 300 жылға дерлік кейін тарады. Ертедегі темір ғасырының аяғына қарайғы уақытқа Солтүстік теңіз, Рейн, Дунай мен Эльба аралығындағы территорияда, сондай-ақ Скандинавия түбегінің Оңтүстігінде мекендеген Герман тайпаларының мәдениеті, Пшевор мәдениеті деп аталған батыс славян, лужицк халқы ұрпақтарының мәдениеті жатады (б.з.б. ІІІ-II ғғ. - б.з. IV-V ғғ.). Пшевор тайпалары көне заманғы авторларға әуелі венедтер, ал кейініректе склавиндер деген атпен белгілі болған деп жобаланады.
Тіпті темірдің тарағанымен де алғашқы тұрмыстық қауымдық қатынастар ұзақ жойылмаған жер шары аймақтарының арасында Тропикалық Африканы атауға болады. Ең, жаңа деректер бойынша темір металлургиясы сірә, б.з.б.II мыңжылдықтан, сонау ертедегі ежелгі заманнан Африканың әр түрлі тайпаларына белгілі болған. Сөзсіз б.з.б. VI ғасырда-ақ темір Нубияда, Суданда, Ливияда даярланып шығарылған. Африканың кейбір тайпалары қола ғасырын аттап өтіп, тас ғасырынан темір ғасырына ауысады.
3. Қола мен темірді қолдану қолөнерлік қызметтің дамуына қуатты түрткі салды. Мұнда металлургияның өзінің бірінші дәрежелі маңызы болды. Металдан алуан түрлі еңбек қаруларын, үй мүлкін, әсемдік бұйымдарын, қару-жарақтарды жасады. Мәселен, атап айтқанда, қола ғасырының басталуымен қанжар мен жауынгерлік пәуеске пайда болды, қорғаныс сауыттары кең тарады. Темір болса, қол өнерлік бұйымдардың түр-түрін бұрынғыдан да кеңірек ұлғайта түсті де, ең бастысы қол өнерлік ісін ұйымдастыруда түбірінен төңкеріс жасады. Тас және сүйек қаруларды жасап шығару, өру мен тоқу ісі, қыш құю, тіпті қолаларды құйып шығару, міне осының бәрі қоғамның әрбір мүшесінің қолынан келетін процестер еді. Темір металлургиясы болса, ерекше құрылыстарды, күрделі дағдыларды, жалпы алғанда жоғары арнайы мамандықтарды талап етті. Алғашқы тұрмыстық заманда ұсталар барлық жерде халықтың ерекше жігін құрағаны этнографиялық тұрғыдан анықталып отыр. Кейде Тропикалық Африканың тайпаларының көпшілігіндегі сияқты олар құрметке бөленді, кейде берберлердегі, арабтардағы немесе кафирлердегі сияқты бұларды жек көрді, бірақ екі жағдайларда да бұларға соқыр сеніммен үрке қарады.
Басқа кәсіпшілік те күрделене түсті. Металл, әсіресе, айтып отырған теміріміз, ағашты, сүйекті, мүйізді, тасты, теріні өңдеу үшін жаңа қарулар берді. Қола дәуірінде тоқыма станокты ойлап табумен тоқыма ісі одан әрі дами түсті. Қыш дөңгелектерінің ойлап табылуы қыш өндірісінің одан әрі дамуына жол ашты. Металлургия ғана емес, сондай-ақ кәсіпшілік қызметінің басқа түрлі де еңбек шығынық, шеберлікті, тәжірибені барған сайын көптеп керек етті. Қауымшылардың арасынан ерекше асқан шеберлер бөлініп шыға бастады. Адамзат тарихында екінші, еңбектің ірі қоғамдық бөлінісі — егіншіліктен кәсіпшілік бөліне бастады.
Ең көбірек қолайлы экологиялық аймақтарда (Месопотамия, Египет, Инд бассейні) алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырау процесі б.з.б. ІП-ІІ мың жылдықтарға қарай аяқталды, қолайлылығы азырақ аймақтарда (Океанияның, Африка мен Американың кейбір азырақ аудандарында) осы уаңытқа дейін түгелдей аяқталып біткен жоқ. Өзінің кең байтақ кеңістіктік және уақыттық ұзын-арнарлығында бұл процесс табиғат ортасының ерекшеліктерімен байланысты өзгешелігімен, қоғамның шаруашылық қызметінің бағытымен, бұрын қалыптасқан өркениеттің айналадағы алғашқы тұрмыстың тайпаларға ықпалымен, ең соңында процестің өзінің қарқындарымен ерекше болуы табиғи нәрсе еді. Бірақ алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырау варианттары қалайша өзгеше болғанымен, сайып келгенде, олар рулық ұйымдардың ыдырау формаларына сүйене отырып, патриархат және кейінгі матриархат деп атауға болатын екі негізгі вариантқа келіп тіреледі.
Жоғарыда сипатталған өндіргіш күштерінің жаңадан өрлеуі жыныстар арасында еңбек бөлісінің тәртібін түбірінен өзгертті. Кетпендік егіншілікке қарама-қарсы жыртатын егіншілік көбіне ер адамдар еңбегінің сферасына айналды. Сондай-ақ мал шаруашылығы да ер адамдардың ісі болды: кейбір халықтарда, мәселен, үнділік-тода мен оңтүстік африкалық зулустарда тіпті әйелдерге үй жануарларына жақын келуге тыйым салынды. Орасан зор қоғамдық маңызға ие болған металлургиялық өндіріс те ер адамдардың қарекеті болды. Бірақ, шаруашылық қызметінің бұрынғы бағыты сақталған жердің өзінде де олардың дами түсуі, мәселен, орман отағанда, кетпендік егіншіліктегі, мелиорацияда немесе ирригацияда ер адам еңбегінің маңызын арттыра түсті. Әйелдердің еңбегі бірте-бірте үй шаруашылығының шеңберінде шектеле берді; мұнда да бұл өзінің ерекшелігінен айырыла бастады, өйткені үй шаруашылығының кейбір салалары, ең алдымен, қыш жасау мен тоқымашылық ісі қол өнер өндірісінің арнаулы салаларына айнала бастады.
4. Еңбекті қоғамдық бөлісу айырбастың шуғымен қосарланды. Алғашқы тұрмыстың айырбас ретіндегі өздерінің табиғат ортаның арнаулы байлықтарымен, мәселен, қауашақтар және бояу-сырмен бағалы ағаштардан және тастардан жасалған бұйымдармен айырбас табиғи түрде ертедегі рулық құрылыс гүлденген дәуірде туды. Алайда, мұндай алмасулар азды-көпті оқтын-оқтын болып тұрды: еңбектің қоғамдық бөлісінің тууымен бұл тұрақты сипатқа ие болды. Диқаншылар малшылардан ет, сүт өнімдерін, тері, жүн, әсіресе, тасымал күш құралы ретінде қажет болған жұмыс малын алып отырды. Өз тарапынан малшылар егіншілік өнімдерін, металл, қыш және басқа да бұйымдарды қажет етті. Қауым араларында тұрақты айырбастың дамуы, тіпті жаңа қоғамдық институттардың ең алдымен бөгделерге —олардың өмірі мен мүлкін қорғауды кепілдік еткен қонақжайлық институтының тууына әкеп соқты, Егіншілік пен кәсіпшіліктің бөлінуімен айырбас бұрынғыдан да гөрі көптеп дами түсті, әрі ең бастысы тек қауымдар шекараларында ғана емес, сондай-ақ олардың ішінде де тұрақты жүргізіле бастады. Өнімнің бір бөлігі тікелей айырбастау үшін, яғни тауар ретінде шығарыла басталды. Жұртшышық арасында айырбасталатын заттардың тепе-теңдігі туралы ұғым бірте-бірте қалыптасты, құн және айырбас қаржысы өлшемі туды. Мұндай құралдар — матаның, жүннің белгілі бір көлемдегі және сападағы кесегі. Сирек кездесетін ұлу қауашақтары (Гана мемлекетінің осы заманғы ақша бірлік өлшемі «седи» ашанти тілінде «ұлу қауашақ» деген үғымды береді) тағы басқалар бола алатын. Алайда, бұл көбінесе мал болады, мал атынан бірқатар елдердің көне тілдерінде ақшаның аты шығады (санскритск «рупиа», латынша «пекуниа», көне орысша «скот»), ал содан кейін металл құйма, пластинка, шыбық немесе сан алуан дайын бұйымдар түрінде ақша шығады. Мәселен, аса маңызды сауда жолдарының бойында шоғырланған «қазыналардың», немесе дұрысырағы айырбасқа арналған және ұсталар немесе шеберлер жерге тыққан материалдар мен бұйымдардың қоймалары құрамына қарағанда, Европаның қола ғасырында айырбастың көп таралған жабдығы қару мен қоладан жасалған әшекейлер болған.
Айырбастың дамуымен қатынас құралдары жетілдіріле түсті. Дөңгелекті пәуескелер тарай түседі, жолдар салына басталды, ескекті де желкенді кемелер пайда болды. Б. з.-ға дейінгі ІІ мың жылдықтың ортасынан жегетін көлік ретінде жылқы пайдаланыла бастады.
Өндіргіш күштерін дамытуда қоғамдық еңбек бөлісі орай қуатты секіріс бола отырып, өз кезегінде еңбек қызметінің өнімділігін одан әрі арттырудың шешуші факторы болды. Егіншілікте, мал шаруашылығында, кәсіпшілікте мамандану қарулар мен дағдыларды жетілдіре түсуге жол ашты, өндірілген өнімдердің мөлшерін арттырып, сапаларын жақсартты. Адам еңбегі тіршілік етуге қажеттіден гөрі көп өнім бере бастады, яғни өнім тұңғыш рет қажетті және қосымша өнімге бөлінді. Сонымен бір адам басқа адамның өндірген артық өнімін иемдену үшін, яғни қанаушылық қатынас үшін экономикалық жағдайлар туды. Сондықтан да, Энгельс атап көрсеткендей, енді «еңбек өнімділігін арттырумен бірге алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлісі, ал демек өндірістік қызмет сферасын кеңейтумен де байлықты жиынтықтап алғанда, сол кездегі тарихи жағдайларда өзінен-өзі қажеттілікпен құлдықты тудырады. Алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлісінен екі тапқа — мырзалар мен құлдарға, қанаушылар мен қаналушыларға қоғамның алғашқы ірі бөлінуі пайда болды». Сонымен бірге байлық пен құлдар үшін тонаушылық соғыстарды дамытуға жағдай туды.
Сонымен қатар еңбек өнімділігінің өсуі өндіріс процесін жеке-даралауға әкеп соқты, жеке бас иемденуінің көзі ретінде, жеке-дара еңбек мүмкіндігін жасады. Адам өзінің табиғатпен күресінде техникалық мүмкіндігі неғұрлым жоғары болған сайын, ол неғұрлым көп өндіре алған сайын, туған-туысқандармен біріккен қызметтің қажеттігі соғұрлым аз болды. Бұл рулық қауымның ұжымдық шаруашылығы мен ұжымдық меншігін жекелеген отбасылардың жеке шаруашылығына және жеке меншігіне айналдырды және сонымен бірге осы арқылы ру ішінде мүліктік жағынан теңсіздіктің дамуына жағдай жасады.
Жеке шаруашылық пен жеке меншіктің тууы инициатива мен пайдакүнемдікті өрістетіп, еңбек өнімділігі мен одан арғы бөлінісін өсіруге, товар өндірісі мен айырбастың дамуына итермелеуші болған прогрессивті тарихи процесс болды. Алайда, сөзсіз өз ара көмек көрсететін, рулық меншікті бірігіп пайдаланатын және өндірілген өнімді тең қамтамасыз ететіндей бөлісетін өзінің салт-саналарымен рулық қауым бұл процеске қарсылық керсетті. Рулық өндірістік қатынастар өздерін басып озған өндіргіш күштеріне барған сайын көптеп сай келе бермеді. Сондықтан да рулық қауымның өкімет билігі жойылуға тиіс болды. Еңбек парцеллизациясының дамып отырған жағдайында экономикалық жағынан мықты отбасылар ерекшеленіп, өз туған-туыстарынан бөлінуге тырысты. Рудың жаппай делокализациясы рулық байланыстардың территориялық байланыстарға көшуі, рулық қауымның көршілік қауымға айналуы басталды.
5. Матриархаттан патриархатқа өту процесі рудың шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық өмірінің барлық жағын қамтыды. Бірақ ол, ең алдымен, жаңадан туған экономикалық ұяларға — жеке отбасылар мен отбасылық-некелік қатынастардың барлық жағына соқты.
Жеке отбасылардың күштерімен шаруашылықты жүргізу, олардың тұрақты, тұтасқан ұжымдарға айналуын талап етті. Осыған байланысты тұрақсыз қосақ некені ерлі-зайыптылардың мықты бірлестігі — моногамия ығыстыра бастады. Ер адамның шаруашылық ролінің артуымен бірге некелік ірге алмасудың локальдылығын өзгертуді — ер адамның әйелге емес, әйелдің ер адамға келуін талап етті,— бұл матрилокальдық ірге алмасудан патрилокальдық ірге алмасуға көшуді және некелесудің жаңа формаларының дамуын тудырды. Бұрын, аналық рулық қауым дәуірінде ер адам қосақ некеге түсе отырып, қалыңдық пен оның туғандарына шамалы сыйлықтар тартумен тынатын. Енді ол әйелді өз қолына алатын болды, сондықтан да оның бағасын қайтаруға, оның еңбектік күшін сатып алуға тиіс болды. Сатып алу некесі осылай туды, мұнда күйеудің отбасы қалыңдыққа алым төледі (славяндарда — вено, түркілерде қалың мал т. б.). Қалай да қосалқы болып, кеңінен таралмағанына қарамастан, аналық-рулық құрылыс жағдайларында неке қиысудың неғұрлым кәдуілгі, әрі басқа, өте сирек формасы — әйелдерді зорлап иелену, оны ұрлап әкету (алып қашып әкету) болды.
Патрилокальдылықтың тууы матрилокальдық дәстүрлерімен қатты күрес үстінде өтті және өзіне тән ымырашылық формалардың пайда болуымен қосарланды, бұлардың көпшілігі қатып-семген сарқыншақтар түрінде ұзақ сақталды.
Бұл өтпелі дәуір салттарының ерекше кешені матрилокальдылық патрилокальдылықпен ауысқанда, әдетте біраз уақыт әлі де, туыстықты ана жағынан есептеумен байланысты болды. Бұл кезде әйел ерінің отбасы мен руына келіп ірге тепкенде, оның балалары сол руға жатпайтын және белгілі жас мөлшеріне жеткенде шешесінің отбасы мен руына қайтып оралатын. Мұнда олардың ең жақын нақтылы туысы анасының бауыры болатын, оның баласы осындай тәртіп бойынша өзінің анасының аға-інісіне барады. Жиені нағашы ағасының үйінде тұрады. Соның шаруашылығында жұмыс істейді, оның өсиет ұстаздығына құлақ асады. Отбасы, немесе ең жоқ дегенде, оның қабілетті бөлігі соншама туғандары мен олардың балаларынан емес, нағашы ағалары мен олардың жиендерінен тұратын еді. Бүкіл осы тәртіп, сондай-ақ оның осы қалпында ұзаққа сақталып келген сарқыншақтары (көбіне жиендер мен оның нағашы ағасының арасындағы ерекше жақындық туралы ұғым) авункулат деген атқа ие болды.
Өз шаруашылығын жүргізетін жеее отбасылардың пайда болуы рулық меншіктен жекеленіп бөлінген, оқшауланған отбасылық меншіктің пайда болуымен қосарланды. Бұл меншіктікті ер адам өз балаларына беруге тырысты. Бірақ руды аналық жақтан сонау мен мұралану мұндай мүмкіндікті жоққа шығарды, ал авункулат жағдайларында дамыған ымырашылдық салт—нағашы ағалардан жиендердің мұралануы — авункулаттың бүкіл жүйесі сияқты жеке отбасының тұтас болуына жол ашпады. Ол қарама-қайшылық ана бағытынан әке бағытына көшумен аяқталатын ескі тәртіптерді түбірінен өзгерту жолымен ғана шешіле алатын. Ескі тәртіп жаңаға қатты қарсылық көрсетті, бірақ қоғамның экономикалық ұясы ретінде жеке отбасының нығая түсуіне қарай туыстық пен мұралануды ана жағынан санауды әке жағынан санау бірте-бірте ығыстырды.
Матриархаттың патриархатқа айналуы, Энгельстің сөзімен айтқанда, адамзат басынан өткен ең радикалды революциялардың бірі болды. Табиғи түрде мінез-құлқы мен санасында дәстүр күші ерекше көрініп отырған алғашқы тұрмыстық адамға, бұл айналу онша оңайға түсе қойған жоқ.
Бірақ патриархаттың болуы тек дәстүр шеңберінде ғана жүре алмады: ерте ме, кеш пе, бұл неғұрлым тура да қатал форманы қабылдауға тиіс болды. Жоғарыда айтылғандай, ертедегі рулық қауымның өзінде-ақ жыныстардың белгілі бір оқшаулануы, соның ішінде олардың тұрақтардағы өз ара оқшаулануы туады. Дамыған рулық қауымдардың отырықшы поселкелерінде тамақ ішетін, ұйықтайтын, инициация дәмін тататын, рудың үйленбеген жастары жұмыс істейтін, ер адамдардың арнаулы үйлері болған. Бұдан да гөрі кейініректе матриархатқа қарсы күрестің барысында ер адамдардың үйлері осылардың негізінде ер адамдардың немесе құпиялық одағы дейтін ұйымдық орталықтарына айналды. Ер адамдар одақтары Меланезия мен Батыс Африка тайпаларында жақсы сақталған, Микронезия мен Америка тайпаларын да белгілі, Азия мен Европаның бірқатар көне және осы заманғы халықтардың сарқыншақтарынан қадағалауға болады. Бұл олардан матриархаттан патриархатқа өту дәуірінің жан-жақтық дерлік таралған қоғамдық институтын көруге мүмкіндік береді. Одақтың өз басшысы, өзінің жиыны мен той-томалағы, жыр жырланып, би биленіп қосарланатын өздерінің рух-билеп-төстеушілері мен діни рәсімдері, кейде тіпті өзінің ерекше «тілі» де болды. Мұның бәрі әйелдерден және бейхабарлардан құпия ұсталды, бірақ кұпия, әрине, салыстырмалы түрде ғана болатын, өйткені одақ қадам басқан сайын өзін көрсетіп, тіпті аналық-рулық құрылыстың тірегін бүлдіруге бағытталған өзінің қызметін баса көрсеткен.
Кей жерлерде ер адамдар одақтарына қарама-қарсы оларға азды-көпті ұқсас келеін әйелдер одақтары құрылды. Алайда олар дәуірдің экономикалық тенденциясына қарсы тура алмады да, әдетте қандай да болсын билейтіндей қоғамдық ықпалға ие бола алмады.
Матриархаттың орнына келген патриархат күрделі де қарама-қайшы қоғамдық форма болды. Сырттай, ол көп жағынан рулық қүрылысты еске түсірді, іс жүзіне келгенде оның ыдырау формасы болды. Бұл, алдымен, патриархалдық руға әуел бастан-ақ өзінің өмір сүру фактісінің жалғыз өзімен рулық қоғамның негізін бүлдірген, экономикалық жағынан дербес отбасылар қарсы тұрғандығынан көрінді.
Мұндай отбасының алғашқы формасы, сондай-ақ үлкен отбасы, отбасылық, үлкен отбасылық немесе үй-жайлық қауым деп аталған патриархалдық отбасы болды. Бұл әке тарапынан ең жақын туыстардың бірнеше, әдетте үш-төрт ұрпақтарынан – олардың балаларын, немерелері мен шөберелерін және отбасының барлық ересек ер адамдар мен әйелдерді қоса алғанда бір немесе бірнеше бауырлардан тұратын. Сондай-ақ отбасы құрамына құлдар да кіретін. Патриархалдық отбасыға 200, тіпті 300-ден адам кірген жағдайлар мәлім. Отбасы мүшелері жерді, мал мен басқа да өндіріс құрал-жабдықтарын ынтымақтасып биледі, шаруашылықты бірігіп жүргізді және жалпы қордан тамақтанып, киім киіп, өндіргендерін ынтымақтаса отырып тұтынды. Отбасыны «ақсақал», ал әйел бөлігін «бәйбіше», әдетте ақсақалдың әйелі басқарды. Көбіне олар шынында да жас жағынан үлкен болды, бірақ олардың қаусауы немесе жарамсыздығы жағдайларында отбасы басқа біреуін сайлай алатын еді. «Ақсақал» мен «бәйбіше» отбасының жеке мүшелері арасында шаруашылық жұмыстарын бөлді және бұлардың орындалуына басшылық етті, қорлардың жұмсалуына әмір етті, тәртіп пен адамгершілік жағын бақылап қадағалады, отбасылық жеке бір кісіге табынуды басқарып мадақтады. Отбасының аса маңызды істері, мәселен, мүліктерді аулақтату немесе сатып алу, әйел алу немесе күйеуге беру барлық ересек ер адамдар мен әйелдерден тұратын жалпы кеңесте шешілді. Сонымен бұл рудан оқшауланғанымен, одан өзінің құрамы мен сапалық айырмашылығы бар, бірақ өз ішінде әлі де алғашқы тұрмыстық қауымдық ұжымдылықты сақтаған ұя болды.
Өсіп ұлғая келіп, патриархалдық отбасы жақын туысқандығымен байланысты басқа патриархалдық отбасыларға бөлінді, әдетте, олар жеке поселке немесе елді-мекен жеке кварталын құрап, көршілес болып тура берді, әрі жерді бірігіп билеуді, мәселен, шабындықтарды немесе отбасы араларында оқтын-оқтын бөлісіп отыратын жыртатын жерді сақтады. Олар шаруашылық жағынан өз ара көмегімен, қоғамдың ынтымағымен, ортақ ата-бабаларының атына саятын ерекше атауымен бірігетін, кеңес этнографы М.О.Косвен тұңғыш жақсы зерттеген мұндай топтар патронимия деп аталды.
Өзінің тегін бір атадан бастайтын патриархалдық отбасылар мен патронимияның барлық мүшелері петриархалдың ру құрады. Бұған да ішкі ортақтықтың белгілі бір сипаттары тән болды. Руға патронимиялар мен отбасылар арасында қайта бөлінетін немесе бөлініп қойылған жерге жоғары меншіктік тиісті болатын, тура мұрагері жоқ болып қалған жағдайда мал-мүлікті туысқандары мұраланды, басымырақ сатып алу құқығына преэмпцияға т.б. ие болды. Әдетте, ру экзогендік болып қала берді, бірақ бірқатар халықтарда (бантудың бір бөлігі, арабтар, мадагаскардың мальгаштары) патриархатқа көшу экзогамияны бұзды, ал патриархалдық отбасы мен патронимия ішінде мүліктерді сақтап қалуға тырысу, тіпті кері тәртіпті — әке жағынан немере және шөбере бауырлар мен қарындастар арасында некелесу түріндегі рулық эндогамияны тудырды (ортокузендік некелер дейтіндерді). Қоғамдық жағынан ру мүшелері өз ара көмек көрсету, өз ара жауапкершілік және қорғау міндеттілігімен, идеологиялық жағынан — ата-баба ру басыларына, ендігі жерде тотемикалық емес, антропоморфтық ортақ жеке адамға табынумен, жалпы діни рәсімдерімен т. Б. байланысты еді.
Патриархаттың орнауы әйелдердің отбасылық және қоғамдық жағдайының бірте-бірте нашарлауымен қосарланды. Бұған атап айтқанда, сатып алу некесінің дамуы мүмкіндік жасады. Егерде әуелгі некелік алым біраз дәрежеде, әлі де болса қалыңдықтың туған-туыстарына берілетін дәстүрлі сыйлықтарды еске салса, енді бұдан арғы жерде алым көлемі артты да әйелге кәдуілгі сату-сатып алу заты ретінде қарай бастады. Бой жеткен қыз, өзін сатып алған отбасыға: өз еріне, «ақсақалға», «бәйбішеге» сөзсіз бағынуға тиіс болды. Егер әйел төркін-жұртына қайтып оралғысы келсе, оның туыстары алымды қайтып беруге тиісті болды; сондықтан да айырылысу әйел үшін іс жүзінде мүмкін болмады. Тіпті күйеуі өлгеннен кейін де ол сатып алған отбасыда қала берді. Леврит салты орнықты, бұл салт бойынша, жесір әйел өлген адамның туыстарының біріне күйеуге шығуға тиіс болды. Әйелдердің мүліктік және мұрагерлік құқықтарының қымтырылуы, көптеген халықтарда оның меншігінің жалғыз қалыңдық мүлкіне ғана келіп тірелуіне әкеп соқты: айырылысу жағдайында әкеден қалған өзінің балаларына деген оның құқықтары да шектелді. Мұралық етудің патриархалдық тәртібі әкелік фактінің даусыздығын талап ете отырып, некелік моральдің жаңа ережелерін тудырды. Ауқатты адамдар қосалқы әйелдерді алды, кей жерлерде некенің жанама түрі ретінде көп әйелділік туды. Мұның бәрі әйелдердің тұрмыс жағдайына әсерін тигізбей қала алмады, әйелдерге ер адамдардан кейін тамақ ішуді, оларға жол беруді т. б. таңған бірқатар арнайы патриархалдық салттар пайда болды. Отбасылық сферадан кейін әйелдің тең құқықсыздығы қоғамдық өмір мен идеология саласына тарады. Әйелдер азды көпті дәрежеде қауымдық жиындарға, сот істеріне, діни табыну істеріне қатынасудан шеттетілді, көптеген патриархалдық рулар әйелге лас тіршілік иесі ретінде қарады.
Әдебиеттер:
1. Першиц А., Монгаит А., Алексеев В. - Алғашқы қоғам тарихы. А, 1974.
2. Першиц А., Алексеев В. - История первобытного общества. М., 1990.
3. Всемирная история в 24-х томах. Авторский коллектив. Бадак А.Н.
и другие. Минск-М., 2000 т. 1. Каменный век.
4. Першиц А., Алексеев В. - История первобытного общества. М, 2004.
Жарияланған-2015-09-08 16:54:39 Қаралды-10405
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану