UF

Тақырып. Қоғамдық қатынастардағы өзгерістер

 

1. Қоғамдық қатынастар

2. Ру, ру бірлестіктері және тайпа, оны басқару жүйелері

3. Неке және отбасы

4. Рухани мәдениет

 

1. Этнография ертедегі аналық-рулық қауымды зерттеумен тұңғыш шұғылданғанда, бұл осы уақытқа қарай географиялық және әсіресе тарихи ортаның өзгеруімен, көршілес қоғамдардың европалық отарлаудың т.б. ықпалымен барлық жерде түп-негізінен өзгеріске ұшырады. Әуел басқы ру формасын және түрін өзгертті. Бірақ ғылым ең бастысын қалпына келтіре алды; бұл туыстардың арасындағы қатынастарға тән тапжылмайтын ұжымдасушылық еді. Қамажаулап немесе айдап тығып аң аулау, бөгеттеп немесе аулармен балық ұстау, ұйымдасқан жинап-терушілік, үй-жай салып қайықтар жасау — міне, осының бәрі рудың біріккен күш жігерін талап етті, ал ортақ еңбек өндірістің құрал-жабдықтары мен өнімдеріне қауымдық меншікті тудырды.

Рудың ұжымдық меншігінде, ең алдымен, өндірістің басты құралы — жер бұл жағдайда оның шегіндегі барлық қолда бар аң аулау объектілері, балық шаруашылығы мен жинап-терушілік құралдар, үй мүліктерін жасау үшін шикі заттары т.б. бар территория болды. Жоғарыда сипатталған аңшылар мен балықшылар қоғамдарының бірде-бірі туған-туысқандардың барлық топтарының ортақ меншіктілігінен бөтен жерге меншіктіктің басқа формасын білмеді. Сондай-ақ аңшы адамдары мен балықшы бөгеттерін қайықтар мен ауларды, тұрғын үйлер мен оттарды рулық иемдену де кеңінен дәлелденіп отыр. Жеке адамдарға тек дара өздері ғана жасап шығарған еңбектің қол қарулары — найза, садақ, балта, тағы басқалар, сондай-ақ түрлі тұрмыстық заттар тиісті болды. Бірақ өндірістің бұл қарулары да, әдетте ұжымда және дайым оның қажетін өтеу үшін пайдаланылды, сондықтан да бұларға жеке адамның меншіктігі рудың ұжымдық меншігі ішінде сіңіп кеткендей болатын еді. Австралиялықтарда, отты жерліктерде, бушмендерде туған-туысқандарға тиісті заттарды сұрамай-ақ ала беруге рұқсат еткен және сонымен бірге олар жайында өздерінің меншігіндегідей қамқорлық жасау міндет етілген әдеттері мәлім.

Рулық қауым мүшелерінің жеке бас меншігі оның затқа деген қатынасы ғана, ал адамдардың арасындағы қоғамдық қатынастар ұжымдық рулық меншіктің тұтас үстемдігімен анықталатын.

Осындай түрде ру тек коллективтік аң аулаудың немесе балық аулау өнімдерінің ғана емес, сондай-ақ қандай да болсын жеке-дара табыстың да жоғарғы иесі болды. Австралия аборигендерінде, бушмендерде, отты жерліктерде және басқа да тұрпайы аңшы-балықшы тайпаларда атап көрсетілген қатысушылардың арасында бөлу, мүнда тіпті ең олжалы аңшының өзі де басқа туған-туыстарынан көп алмайтындығы ең көне принцип екендігі байқалған. Оңтүстік Шығыс Австралияның тайпасында кенгуруды өлтірген адамның табысқа ешқандай ерекше құқығы болмады, әрі бөліскенде оған еттің ең жаман дерлік бөлігі тиетінді. Осындай әдет-ғұрыптар Австралияның чепар, нарранг, нариньери, вотьобалтук, карамунди және басқаларында сипатталып жазылған XVIII ғасырдың аяғында бушмендерді бақылаған Дж. Барроу, оларда толық теңдік үстемдік етеді және топ мүшелерінің барлығының әрқайсының аңшылық табысынан үлес алуға құқығы болған, деп атап көрсетеді. Отты жерліктерде қауымның бүкіл өмірі теңгермелік тұтыну принципіне түгелдей толы болды: Дарвин «Бигль» кемесімен жасаған өзінің саяхаты кезінде аралдықтардың бір   тобы   бір  буда   пұлды   сыйлыққа алып, әрқайсы өзінің үлесін алатындай етіп, тең бөлікке жыртып бөлген жағдайларының куәгері болған.

Рулық қауым мүшелерінің ұжымдық қызметі еңбекті  қоғамдық бөлісудің қандай да болсын  формаларын білмейтін кооперацияның жай түрі еді. Алайда, өндіріс дағдыларының бірте-бірте  қиындай түсуі шаруашылықтың мамандануын талап етті. Сондықтан да алғашқы тұрмыстың адам табынында туған жынысы мен жасына қарай еңбекті  табиғи бөлісу  енді  одан  әрі дами түседі. Еркектер, көбінесе, аңшы, ал кейініректе  балықшы  әйелдер,  көбінесе, жинап-теруші, әрі үй ошағын ұстап сақтаушы болады,  балалар  мен  қарттар  еңбекке қабілетті туған-туыстарына көмектеседі. Руда оның  бүкіл  қоғамдық өміріне терең  із қалдырған жыныстық-жастық бөліс туады.

Ертедегі аналық-рулық қауымда негізгі жастық топтар балалардың, ересек ерлердің тобы болды. Қоғамның осындай топтарға бөлінуіне зор маңыз берілді, мұнда жастық меже ерекше мәңызды болып саналады,  бұдан өту инициация дейтін әйгілі салты салтанатты әдет түрде өтетін болды. Түрлі тайпаларда инициация салты алуан түрлі болды, бірақ шынына келгенде олардың мәні дайым жас өспірімдерді шаруашылыққа, қауымның ересек мүшелерінің қоғамдық және идеологиялық өміріне тарту еді. Австралия аборигендерінде жас жігітті аңшылық және соғыстық қаруды игеруге үйретті

оның бойында төзімділікті, ұстамдылықты  және тәртіпті баулыды, оны тайпаның әдет-ғұрпына, салтына және дін-нанымына қанықтырды. Инициацияланатындарды бірталай азапты процедуралар арқылы аштан ұстап жарақат салып, отпен таңба салып, шашын жұлып, тістерін сындырып т. б. жасап сынады. Бушмендер мен отты жерліктерде 13-14 жастағы жас өспірім балалар бір-екі жыл бойына кейбір тамақ түрлерінен бас-тартуға, ауыр жұмыс атқаруға, өз бойында шыдамдылық, жуастық және тәртіп тәрбиелеуге тиіс болған, қыздарды инициациялау да оны ұжымының толық құнды және толық  құқықты мүшесі  қызметіне дайындаудан көрінетін инициацияның құранды бөліктерінің бірі, некелік тіршілікке даярлау еді: оларға осы әдет-ғұрыптарға байланыстыларды хабарлады және олардың жыныс мүшелеріне әр түрлі операциялар жасады т.б. Әсіресе, ерлерді сүндеттеу кеңінен тарады, мұның жұқанасы  иудаизмнің  және исламның уағыздарында осы уақытқа дейін сақталып келеді. Көбіне оларды өзгеше оқшаулауға әкеп соғатын ересек әйелдер мен ерлерді топқа бөлу  жеткілікті  айқын  болды.  Кейбір  тайпаларда ерлер мен әйелдер тұрақтарда жеке мекен-жай болып жайғасты, түрлі астар даярлады, өздерінің құпия әдет-ғұрыптары мен сенімдері, кейде, тіпті, өздерінің құпия, «тілдері» болды. Ерлердің еңбек қаруы ерлердің   меншігі,   әйелдердікі — әйелдердің меншігі болып саналды.

Ертедегі аналық-рулық қауымда табиғи-жыныстық-жастық бөлулердің болуы мұнда үстемдік   және   бағыныштылық   қатынастар жасамады. Ерлер мен әйелдер әр түрлі, бірақ бірдей дәрежеде еңбек іс-әрекетінің қоғамдық  пайдалы   сфераларында   бірдей дәрежеде мамандандырылды. Атап айтқанда аналық бағыттағы, рудың өзінің аналық ұйымымен бірге, рулық құрылыс дамуының ең ертедегі кезінде-ақ, әйелдерге өте жоғары қоғамдық жағдай жасаған қауымның шаруашылық  өміріндегі  әйел  еңбегінің  көрнекті ролін  ерекше атап көрсеткен жөн. Австралия аборигендерінің әйелдері тіпті    отарлану жағдайынан   кейінде  де,   дәстүрлі   тіршілік салтының   бұзылуы    өзінде болған толық құқықтылығының көптеген қалдықтарын ұзақ уақыт ұстады. Олар мүліктік және мұрагерлік құқықтарға ие болды, қоғамдық мәселелерді  талқылап,  қоғамдың  рәсімдерді  жасауға қатынасып, ерлермен бірге көне әдет болды, әрі ағылшын этнографтары Файсон мен Хауиттің сөздеріне қарағанда, қоғамдық пікірге едәуір ықпал етті. Әйелдердің жоғарғы қоғамдық жағдайының бұдан да гөрі айқын сарқыншақтарын XVIII ғасырдың бірінші жартысында Сибирьге бірінші академиялық экспедицияға қатынасқан Стеллер мен Крашенинников ительмендерден атап керсетеді. Аңшылар мен балықшылардың жеке тайпаларында, мәселен, Мексика жағалауларындағы Тимбурон көлінде үндістердің сери тайпасында әйел рудың басы болған, ал ер адам-көсем тек соғыста жетекшілік жасау үшін ғана сайланатын тәртіп сақталған. Кейбір зерттеушілер (А.М.Золотарев, М.О.Косвен) бұзылмаған аналық ру жағдайларында мұндай тәртіп барлық жерде болуға тиіс деп болжалдайды.

Қандай да болсын артықшылығы, үстемдігі бар жастық категориялар болған жоқ. Рас, кейбір зерттеушілер, қарттардың — тәжірибе сақтаушылар мен қауым жетекшілерінің ықпалды жіктері айқын бөлініп көрінген Австралия аборигендерінің этнография деректеріне сүйеніп, ертедегі рулық қауымның өзінде-ақ геронтократия дейтіннің болғанын жобалайды. Бірақ бұл жағдайда австралиятану фактілері шынайы алғашқы тұрмыстыққа жанаса қоймайтындай. Алғашқы тұрмыс адамы өзгеше теңдесі жоқ табиғи қатал ортадағылары, әрі палеоантропология деректері көрсетіп отырғандай қырық жасқа дейін сирек өмір сүрген. Ертедегі рулық қоғамда еңбек қабілетінен айырылып қартайған туған-туыстарды өлтіру («ерікті өлім») әдет-ғұрыптары сан алуан тайпаларда кейін де сақталған сарқыншақтар әрекет етті, деп болжауға болады. Олардан, сол сияқты бағуға келмейтін қалжыраған, ауру жас балалардан құтылатын болған. Алғашқы тұрмыстық рулық қауым тең адамдар қауымы болды, бірақ тіршілік ету жолындағы қатаң күрес жағдайларында бұл тек адамдар өндіріс ұжымының толық қанды мүшелері ғана бола алатын еді.

2. Дуальдық ұйымның тууымен аморфты адам табынының орнына анық бейнеленген және тұрақты рулық қауым келді. Сонымен бірге алғашқы тұрмыстық қоғам неғұрлым күрделі құрылымға ие болды: екі дуальдық-экзогамдық ру жаңа әлеуметтік қауымдың — тайпаның өркенін құрады.

Алғашқы тайпалар біртұтас болып келмеді. Бұларға енген рулық қауымдардың арасындағы байланыс өз ара некелесу, әрі мүмкін, кейбір эпизодтық кәсіптермен — аңшылық қамажаулармен, некелік және басқа рәсімдерімен шектелген болса керек. Бірақ байланыстар бірте-бірте нығайып, күрделене түседі. Өз ара некелермен ұсталған байланыстар неғұрлым тұрақты шаруашылық ынтымағын, мәдени құнды заттар алмасуды, өз ара тілдік ықпалды тудырды. Бұл процесс археологиялық тұрғыдан байқалады: мезолит уақытына қарай тұрақтар тобын біріктіретін және рулық қауымдардың неғұрлым кең ұжымдарға – тайпаларға бірте-бірте шоғырлануын көрсететін мәдениеттің локальды варианттары туады. Алайда, этнографиялық деректер көрсетіп отырғандай тайпалар, әлі де болса, негізінен алғанда, этникалық қауымдықтар тек шамалы дәрежеде әлеуметтік қауымдықтар ғана болып қала берді. Басқа сөзбен айтқанда тайпалардың өз аты, өз территориясы, өз диалектіг өзінің мәдени-тұрмыстық ерекшеліктері болды, бірақ оларда әлі тайпалық өзін-өзі билеу, кеңес, көсем және басқа да дамыған тайпалық құрылыс белгілері жоқ еді. Рулық-тайпалық ұйымдардың ерте кезеңі үшін шамалы, бірақ бірте-бірте өсіп отырған тайпалардың ролі мен өте үлкен басымдық алған ру ролі тән болып келеді.

Ру алғашқы тұрмыстық қауымдық демократия принциптері негізінде басқарылды. Оның жоғарғы органы шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық өмірдің негізгі мәселелерін ынтымақтаса отырып шешетін, барлық ересек туған-туыстардың жиналысы. Мұнда, табиғи түрде  кемелденген, ақыл тоқтатқан, араларынан басшылар сайланған тәжірибелі    адамдар – ерлер мен әйелдер ерекше беделге ие болды. Басшылар   туған-туысқандардың өндірістік қызметіне басшылық  етті. Қоғамдық  салт-саналарды жасады, дау-таластарды жөнге алды, әскери соқтығыс кездерінде көсемдік етті. Олардың өкімет билігі жеке басының беделіне негізделгеніне     қарамастан, құрмет  тұту туған-туыстарының олардың көрнекті қасиеттеріне, тәжірибелеріне, біліміне негізделгенімен бұл толық нақтылы өкімет билігі еді.

Басшылар болса, рулық нормаларды, яғни туған-туыстардың мінез-қылықтарының міндетті түрде қоғамдық тұрғыдан сақталатын ережелерін сақтаушы және ардақтаушы болды. Бұл нормалар — өз ара көмек, өз ара қорғаныс, экзогамия т.б. ережелер ұжымның өмірлік маңызды мүдделеріне сай келді, әдетте бұл мүлтіксіз сақталатын еді. Бұдан басқа ұрпақтан ұрпаққа сақталып қолданыла отырып, олар әдеттік күшке ие болды, салт-ғұрыптарға айналды. Дегенмен туған туысқандардың арасындағы қарым-қатынастарда зоологиялық ерекшеленушіліктің қалдықтары көрінетін де, рулық тұрмыс-тіршілік нормалары бұзылатын. Бұл қоғамдық ықпал ету шараларын иландыруды ғана емес, сондай-ақ мәжбүрлеуді қолдануды керек етті. Елеулі теріс қылықтарға түрлі жазалар ұрып соғу, мүгедектеу, ал аса ауыр жағдайларда тіпті өлім жазасы  немесе осыған тең болған рудан қуып жіберу қолданылды. Мәселен, Австралия аборигендеріндегі ведда, сеноев руларында экзогамия ережелерін бұзған адам, туған-туыстарын тастап кетуге немесе өлуге тиіс болған. Бірақ рулық нормалар қаншама қатал болғанымен, олар жеке бастың мүддесін ұжым мүддесіне қалай аяусыз бағындырғанымен, бұлар қандай да болсын бір туған-туыстардың алдында екіншілеріне ешқандай артықшылық бермеді. Рулық қауымды өкімет билігін ұйымдастыру принципіне келгенде таптық мәжбүр етудің кейініректе туған аппаратынан, ал рулық нормалар — заңға айналдырылған үстем таптың еркі — құқықтардан айырымдалды.

3. Алғашқы тұрмыстық қоғамда дуальдық ұйымның пайда болуымен қатар, неке мен отбасы, яғни жыныстар арасындағы қатынастарды және олардың ұрпаққа қатысын реттейтін ерекше қоғамдық институттар туды.

Алғашқы жыныстық промискуйтеттен тікелей дамыған некенің адамзат тарихындағы алғашқы формасы, сірә, дуальды-рулық топтық неке болса керек, мұнда бір рудың барлық мүшелерінің басқа белгілі бір рудың барлық мүшелерімен некелесуге ерікті болған. Сонымен некелесудің бұл көне формасында, біріншіден, туған-туыстармен некелесуге тыйым салынды, екіншіден, екі белгілі бір рулардың өз ара некелесу талаптары (бағытталған экзогамия немесе эпигамия дейтіндер) және үшінші, зайыптық ортақтық талабы болды.

Дуальды-экзогамдық топтық некенің түрі өзгерген қалдықтары Батыс Виктория австралиялықтарынан жақсы қадағаланған. Олардың тайпалары екі фратрияға — Ақ және Қара какадуға бөлінген. Бұлардың әр-қайсының ішінде жыныстық қатынастарға қатаң тыйым салынған; сонымен бірге бір фратрия ерлері екінші фратрия әйелдерінің күйеулері және керісінше болып саналады. Екі экзогамдың өз ара некелес фратрияға — алғашқы рулардың дериваттарына бөліну — бұлардың көпшілігі екі емес, төрт немесе сегіз некелес таптық неғұрлым күрделі жүйені жасап үлгіргеніне қарамастан, басқа да австралиялық тайпаларда табылып отыр.

Топтық некеде зайыптық қарым-қатынастар, табиғи түрде кездейсоқ, оқтын-оқтын қысқа уақыттық болуға тиіс еді. Малакки семанттарында XIX ғасырда тұрмыста болған осындай тәртіптердің айқын сарқыншақтарын Миклухо-Маклай сипаттап жазды. «Бойжеткен қыз бір ермен бірнеше күн немесе бірнеше апталап тұрып, өз еркімен және ерінің келісімімен басқаға кете барады, тағы да мұнымен тек біраз қысқа немесе ұзағырақ уақыт қана тұра алады. Осылай етіп ол топтағы барлық ерлерді аралап шығады. Осыдан кейін барып өзінің бірінші зайыбына оралады, бірақ онда қалып қоймайды, жағдай мен тілегіне қарай жаңа уақытша жұптасуды тоқтатпайды». Осындай оқтындықпен, жағдай мен тілегіне қарай, ерлер де өз әйелдерімен қатынас жасады. Бұл жағдайларда зайыптар тіпті бірге де тұрмаған, некелік жұптықты тек жеке кездесулер мен өз ара келіп-кету түрінде жүзеге асырып, өз туған-туыстарымен әр рудың қауымдарында тұра берген. Мұндай некелік мекендесуге дислокальды деген ат тағылған. Этнография бұларды бірнеше тайпалардан мәселен, серилер мен Жаңа Гвинеяның папуастарының жекелеген топтарынан кездестірген. Басқа халықтарда дислокальды мекен-жай қалдықтары болып алғашқы бала туғанша бірге тұрмайтын әдеттері жатады. Ақырында, дислокальды мекен-жай туралы алыстағы естеліктер ерлер мен әйелдердің, бөлек ірге тепкендігі жайындағы мифтерде сақталып қалған (Страбонның самниттері, Палладий үнділері, кейбір Ирланд сагтарының кельттері, Марко Поло Аравия теңізі аралшылары және басқалар), сондай-ақ жеке тұрған амазонка-әйелдер туралы аңыздарда да кеңінен таралған болса керек.

Тек некелік қана емес, сондай-ақ отбасылық қатынастарда да топтық болды, бір рудың әйелі тапқан бала бүкіл рудың баласына айналды. Әрине, адамдар ол кезде де өздерінің ең жақын қандас туысқандарын ғана білді, алайда, биологиялық жеке-даралық емес, әлеуметтік топтық туыстық та есепке алынды. Бұл тәртіп дүние жүзінің барлық өз дамуында артта қалған халықтарында дерлік түрлі варианттарда сақталған классификациялық немесе классификаторлық дейтінде бейнеленеді. Классификациялық жүйе жеке, дара туыстарды емес, олардың топтарын, немесе «таптарын» айырады. Мәселен, австралиялық абориген «ана» деп тек өзінің туған анасын ғана емес, оның некелік табының барлық әйелдерін, «күйеуім» деп тек өзінің шын мәніндегі күйеуін ғана емес, оның некелік табының барлық ерлерін «ұлым» деп тек өзінің ұлын ғана емес өзінің некелес табы әйелдерінің барлық ұлдарын атаған. Туысқандықтың мұндай жүйесі мүшелері өз баласы мен қандай да болсын өз туыстарының баласы арасында айырмашылық жасалмайтын топтық отбасыда ғана туа алатын еді. Осы көне тәртіп туралы ерекше бір естелік бушмендерде сақталған: жаңа туған баланы мұнда алғашқы кезде анасы емес, рудың басқа әйелдері емізетін болған.

Жыныс қатынастарының бастапқы бей-берокеттігімен салыстырғанда алға қарай жасалған ірі қадам бола отырып, мұндай неке қалайда, әлі де болса жыныстар арасында қатынастарды реттеудің өте жетілдірілмеген формасы болып қала берді. Экзогамия жыныстық қатынастарды ру шегінен шығарды, бірақ бір рулық топқа жататын ерлердің немесе әйелдердің жаңа басқа ру мүшелерінің арасындағы қызғаныш негізінде бәсекелесу, соқтығысу үшін орын қалдырды. Сондықтан да қоғам ішінде некелік шеңберді сыға түсуге бағытталған жаңа тежеулер үсті-үстіне қалыптаса бастады. Сірә, күйеу баласы мен қайын енесінің немесе келіні мен қайнағасының арасында жуыспау салты түрінде кең тарап отырған осы уақытқа дейін сарқыншағы ішін ара сақталған түрлі жастық категория адамдары арасында некелесуге тыйым салу осылай туса керек. Өз ара некелес екі рудың барлық мүшелерін қамтыған әуел басқы топтық неке осы рулардың бір ұрпағына — кросс-кузендік — (тоғыспалы) екінші туыстық неке дейтінге жататын адамдар арасында ғана топтық некеге дейін бірте-бірте таралды. Себебі ол некенің мұндай формасында еркектер өз аналарының інісінің ңызына, немесе осы жағдайда өз әкесінің қарындастарының қызына, яғни өзінің екінші туыстық (немере) қарындастарына үйленді. Туысқандықтың бұл белгілерінің бәрі таза классификациялық екені түсінікті, ал іс жүзінде немерелер ғана емес, сондай-ақ шөберелер, неменелер, тағы басқалар, бауырлар мен қарындастар некелесе берген. Мұнда, экзогамия бұзылмаған: туыстығы ана жағынан есептеліп, түрлі руларға жата отырып, жалпы алғанда туыстар болып саналмаған.

Бұдан арғы жерде некелік шеңбер топтың кросс-кузендік некені тежеу есебінен тарыла түседі. Көптеген тайпалардың салттарында әуелі тоғыспалы немерелердің, содан кейін тоғыспалы шөберелердің және сондайлардың, бауырлардың және қарындастардың араларында некелесуді тыюдың дәйекті процесін қадағалауға болады. Неліктен тыйым салулар жүйесі барған сайын күрделене түсті, топтық некені іс-жүзінде жүзеге асыру барған сайын қиындай берді, жеке қосақтардың эпизодты бірге тұруының эпизодтығы бұрынғыдан азая берді. Австралиялықтардың, отты жерліктердің және басқа да неғұрлым артта қалған аңшы-балықшы тайпалардың этнография материалдары ертедегі рулық қауым дәуірінің аяғына қарай-ақ қос немесе синдиасмикалық  неке бірте-бірте қалыптасты деп санауға мүмкіндік береді.

Қос некеде тек белгілі бір қос кросс-кузендер қосылып қана қойғанымен ол баянсыз, оңай ажырайтын және біршама ұзаққа бармайтын болып қала берді. Оның «қосаңтығының» өзі де әрі-сәрі еді, ол әлі де болса топтың некелік қатынастардың әр түрлі қалдықтарымен ұзақ қоян-қолтықтасып жатты. Қос некеге түскен зайыптардың «негізгілерімен» қатар жиі «қосымша» әйелдері мен ерлері болды (австралиялықтарда және басқаларда пираунгару мен пиррауру салттары және басқаларында). Көптеген халықтарда полиандрия көп күйеулілік салты, сорорта – бірнеше қарындастармен бір мезетте некелесу, ал бұдан арғы дамуда — өлген әйелінің сіңлісіне, әрі левирата өлген бауырының әйеліне үйлену салттары белгілі болды. «Арылушы гетеризм» деп аталатын кеңінен таралды, бұл тәртіп бойынша бойжеткен қыз қосақталып некелесу алдында өзінің потенциалды ерлеріне кезекпе кезек берілуге тиіс, әрі қонақжай гетеризм - өздері басқа руға барғанда өздерінің потенциалды әйелдеріне ерлік құқығы болған, ал бұдан арғы дамуда — үй иесінің әйеліне, немесе қызына қонақтың құқығы болған. Ақырында, қосақ некеге некелесуге дейінгі және некеден тыс жыныс байланыстарына деген шыдамдылық, ал кейде көтермелеу катынасы жалпы алғанда ұзақ ңосарланады.

Алайда қосақ некенің басты айырым белгісі оның тұрақсыздығы емес еді, бұған негізделген қосақ отбасы ру құрамында бөлініп шыққан экономикалық ұя болып құралмады. Топтың отбасыдағы сияқты ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі болмады, бірігіп шаруашылық жүргізбеді, балалар тек аналар мен оның руына ғана тиісті болды, қосақ отбасы өмір сүруінің бастапқы кезінде некенің дислокальдылығы сақталғандығы мүмкін-ді.

Сонымен неке мен отбасы дамуының жалпы заңдылығы мынада еді. Іштерінде жыныстар арасында некелік байланыстың ортақтығы үстемдік еткен, әрі әуел баста бүкіл тайпаны қамтыған шеңбер үздіксіз тарыла берді. Бұл тарылу туыстардың арасындағы некелік бәсеке қатынастарын барған сайын жоя түсті және сонымен бірге оқшауланған ру ішілік бірлік өлшем ретінде семьяның тууына әкеп соқпады. Топтық та, әрі оның орнын басқан қосақ неке де рулық қауымның экономикалық мүдделеріне сай келді, оның ішкі тұтастығының етене көрінісі болды.

4. Сапиентация процесінің аяқталуы мен рулық құрылыстың тууы тек әлеуметтік қана емес, сондай-ақ алғашқы тұрмыстық адамзаттың дамуына да жол ашты. Ертедегі аналық-рулық қауым дәуірі рухани мәдениеттің, ең алдымен, тиімді білім бастамалары мен өнердің дамуында елеулі табыстармен көзге түсті.

Алғашқы тұрмыс адамының білім көзі оның еңбек қызметі болды, мұның барысында тәжірибе жинақталды, құбылыстың себептері мен салдары салыстырылды, байқаулар жинақталып жүйеге келтірілді. Тіршілік жағдайлары, ең алдымен, айналадағы табиғат туралы білім қорын жинауды талап еткені табиғи дүние еді. Австралия аборигендерінің, бушмендердің отты жерлікте-дің т.б. мысалында ертедегі рулық қауым мүшелері өз отанының ерекшелігі мен байлығы туралы мәліметтерді, география, ботаника, зоология, минералогия, метеорология және басқа да табиғаттану білімдері салаларындағы нақтылы мәліметтерді аумақты етіп жинады. Өзінің тіршілік етуін қолдау үшін, олар өзінің азықтық территориясын, шөптердің зиянды да пайдалы қасиеттерін, жануарлардың жүріп-тұру жолдары мен мінез-қылықтарын түрлі минералдардың ерекшеліктерін, іс үшін ағаштар мен басқа да материалдардың түрлерін жете білуге, із кесуге, ауа райын болжауға және жер-жерді бағдарлай білуге тиіс болды. Жер-жерді бағдарлауға аспан жұлдыздарын білу байланысты еді; осы заманғы зерттеушілердің бірі жердің жасанды серігін ұшыру туралы алғашқы хабарды жаңа «жүлдыздың» пайда болғанына көңіл аударған бушмендерден алғанын баяндайды.

Медицина, фармакология, токсикология сияқты білімнің   практикалық   салалары да едәуір дамуға ие болды. Адам сынған жерлерді, буын таюларды және жараларды емдеудің, ауру тістерді алып тастаудың және басқа да күрделі емес хирургиялық операциялардың, жылан шаққанды, ісіп жарылған жерлерді, суық тигенді, басқа да сырқаттарды емдеудің ең қарапайым тиімді әдістерін білді. Мезолиттен  бастап   кейбір   остеологиялық   материалдардан айқын қадағаланатын бас сүйекті трепанациялау мен зақымданған қол-аяқты     ампутациялау белгілі болды. Алғашқы тұрмыстық медицинада физикалық та  (массаж, суық және ыстық компрестер, су моншасы, қан алу), сондай-ақ өсімдік, мал және минерал текті  дәрі-дәрмек дарулары кеңінен қолданылды. Бұл жөнінде атап айтқанда, Австралия аборигендерінің халықтық медицинасы біршама жақсы зерттелгені  дәлел болады. Олар сүйек сынғанда  құрсау салуды, ерлік торы, күл, игуан майлары көмегімен, аққан қанды тоқтатуды, жылан шаққанда қанды сорып алып, жараны күйдіріп тастауды суық тисе монша буымен емдеуді, іш ауруларды — үпілмәлік майымен,    эвкалипт    смоласымен, орхидей баданасымен,   тері   ауруларын — саз балшық басып, несеппен жуып-шайып т. б. жасап емдей білді.

Жинақталып қорытылған, абстракты ұғымдар анағұрлым өлшеусіз шектеулі болып қала берді. Отты жерліктер мен австралияның аборигендерінде тек қана үш, ал бушмендерде төрт қана сандық мөрлердің таңбалары болды: бірден үш-төртке дейін, «бес» деу үшін «үш және екі» дейтін, оннан   асатын   барлық   сандар    «көп»    деген ұғыммен  берілетін.  Я,  сандық ұғымдардың абстрактылығының   өзі    әрі-сәрі     болатын: көптеген   зерттеушілер  тұрпайы   халықтар жалпы санды емес, тек белгілі бір заттардың санын ғана көз алдыға келтіретінін атап көрсетеді. Басқаша   айтқанда «екі», «үш», «бес» тағы басқалар емес, екі қол немесе аяқ, үш бадана немесе кесек ет, бес саусақ немесе найза, тағы басқалар болған. Есептеу нақтылы өмірлік талаптан туып, алғашқы тұрмыс адамдарының   тек тіршілік практикасында ұзақ өмір сүрді. Осыған байланысты ең қарапайым арифметикалық амал — қосу мен алу неғұрлым күрделі бөлу мен көбейтудің алдында болыпты-мыс деген кең тараған ұғым, сірә, қате екендігін атап көрсету қызық нәрсе. Өткен ғасырдың аяқ кезінде-ақ  неміс   этнографы  Карл Штейненнің көрсеткеніндей, туыстарымен табыстарды бөлуге байланысты бөлудің түп-тамыры өте ертеде туған, әрі, тіпті арифметикалық операциялардың ең көнесі болуы ықтимал. Есептен де гөрі анағұрлым ертеректегі бастапқы күйде қашықтықты өлшеу мен уақытты санау болды. Үлкен аралықтар шамамен жол  күндерімен,  кішілері жебенің  немесе найзаның ұшуымен, одан да кішірегі нақтылы заттардың ұзындығымен, көбінесе адам денесінің  түрлі  бөліктерімен;   табан,   шынтақ, саусақ, тырнақпен өлшенді. Осыдан келіп көптеген тілдерде  көне заманғы ұзындық өлшеулерінің сақталған аттарының сарқыншақтары: орыстарда шынтақ пен өкше, ағылшындарда фут, немісте элле т. б. бар. Уақыт не аспан   денелерінің   жағдайымен (күн, ай),  не табиғат-шаруашылық маусымдарымен (жаңбыр жауу кезі, құс жұмыртқаларын жинау маусымы) байланысты тек салыстырмалы   үлкен   аралықпен ұзақ   есептелді.

Австралия аборигендерінде сурет жазудың пиктографияның бастамалары, яғни есте сақтау немесе ойды жеткізу үшін тұрпайы бейнелерді салу пайда болғанымен жазу-сызудың мүлде болмағаны түсінікті. Пиктографияда пайдалы білімдер саласы рухани мәдениеттің басқа саласымен — мәдениетпен ұштасып келеді, мұның сан алуан түрлері рулық қауым дамуының өте ертедегі кезеңдерінде кеңінен байқалады.

Алғашқы тұрмыстық өнер де генетикалық жағынан адамның еңбек қызметімен байланысты. Бұл қауымның ұжымдық тәжірибесін бейнеледі де күрделі, эстетикалық өткелдік формада оның бекуіне, жетіле түсуіне, ұрпаққа берілуіне жол ашты. Осыдан келіп, алғашқы тұрмыстық графиканың, мүсіннің, фольклордың, музыканың, бидің ертедегі образдарының тамаша нақтылығы мен шынайылығы шығады.

 

Әдебиеттер:

1. Першиц А., Монгаит А., Алексеев В. - Алғашқы қоғам тарихы. А, 1974.

2. Першиц А., Алексеев В. - История первобытного общества. М., 1990.

3. Всемирная история в 24-х томах. Авторский коллектив. Бадак А.Н.

и другие. Минск-М., 2000  т. 1. Каменный век.

4. Першиц А., Алексеев В. - История первобытного общества. М, 2004.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-08 16:48:55     Қаралды-3860

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »