Тақырыбы: АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ
Қытай. ХІІ-ХҮғғ.
1. Қытай халқының моңғол шапқыншылығына қарсы күресі.
2. Ел басқару жүйесіндегі өзгерістер
3. Минь империясының саясаты.
4. Шаруашылықтың дамуы. ХҮғ.
ХІІІ-ХІҮ гг. Азияның халықтары моңғол шапқыншылығына қарсы үздіксіз күрес жүргізді. Ұлт-азаттық көтеріліс нәтижесінде Қытай ХІҮғ. Аяғында моңғол езгісінен азат етілді.
Қытайда моңғол билігі орнағанымен, унь империясының басқару аппараты өзгерген жоқ еді. Моңғолдар елді әкімшілік аудандарға: 10 облысқа бөліп басқарды.
Хубылай басқарған жылдары(1260-1294) ауыл шаруашылығы саласында бірқатар игі шаралар жүргізілді. «Ауыл шаруашылық Басқармасы» құрылып, оның органдары провинцияларда құрылды. 1271 ж. «Ауыл шаруашылығы қауым туралы Ереже» шығарып, соған байланысты50 қауымды құрады.
Қытай шаруасы жер салығымен бірге әр еркектен салық алды. Шаруаға салынған ат салығы өте ауыр болды.
Моңғол шапқыншылығы сауда-қолөнер бірлестіктерінің дамуына бөгет бола алмады.(ХІІІғ. 15 қолөнер-сауда бірлестігі болды) Олар бар тауарларымен жаулап алушыларға тегін берілді.ХІҮғ. қарай Қытайдағы моңғол шапқыншылығы өкіметі әлсіреді. Моңғол империясының орнында 4 моңғол мемлекеті: Моңғолия, Маньчжурия, Қытай Тибет пайда болды. ХІҮғ. Тоғон-Темір тұсында қытай халқының моңғол хандарымен ашық күресі белең алды. Оған түрткі болған 1350-1351ж. Хуанхэ өзенінің тасуы болды. Қытай тарихында моңғол шапқыншылығына қарсы күресте «Қызыл таңбалылар» көтерілісінің маңызы болды. Оның ядросы «Ақ лотос» сектасының мүшелері болды.
1351 ж. Хань Шань-тун және Хань Линь –эр көтеріліске шықты. 1352ж. оған басқа көтерілішілер Го цзы-син қосылды. Оның отрядына Чжу Юань-чжан қосылды. Бірақ, ол 135ж. жеке отряд құрып, Цзиньлинді алды. ,өзін 1368ж. император деп жариялады. Сөйтіп, жаңа Мин динпстиясы пайда болды. Бірақ осы кезде жаңа император қол астында Қытайдың тек орталық бөлігі ғана еді, оңтүстігі болмаса, солтүстігінде моңғолдар билігінде еді. Енді Чжу Юань-чжан әскерлерін солтүстікке бағыттап, қытай халқының көмегімен Шаньдун, Хэнань провинцияларын алып, Янцзинді моңғолдардан азат етті. Тоғон Темір моңғол күштерімен ішке қарай Моңғолияға шегінді. Ол өлгеннен кейін, оның әскері Ішкі Моңғолияға ішкерілей кірді. 100ж. жауық қытай халқын езген моңғол езгісі осылай құлатылды.
Қайта қалпына келтірген Қытай мемлекетінде Чжу Юань-чжан (1368-1398) ірі феодалдармен есеп айырысты. Ол империяның азаматтық, әскери шенділеріне де жалақы тағайындады. 15ғ. аяғынан бастап, жалаұқы ақшалай төлене бастады.
Ол ұсақ феодалдарға арқа сүйеуге ұмтылып, лицзя жүйесін, яғни деревняны басқарудың жаңа формасын енгізді. Бұл жүйе бойынша әр 110 аула – жеке бірлікті-ли құрады.
Чжу юань Чжан өлгеннен соң, таққа талас басталды. Соның бірі-Чжу Ди 1403 жылы императорды тақтан түсіріп, тақты алды. Ол Яньцзиннен кеткен жоқ, оны «солтүстік астана», ал «оңтүстік астана» деп Нанкинді атады.
Өзінің басқарған жылдарын Чжу Ди «донлэ»- «мәңгілік қуаныш» деп атады. Чжу Ди есімімен Минь империясы сыртқы саясатында белсенді қимыл жүргізді. Моңғол хандарымен бірге күресті. 1410ж. Онон өзені бойындағы ұрыста моңғолдар жеңілді. Қытай әскерлері батысқа жылысып, Тула өзенінде шайқаста батыс моңғолдарға – ойраттарға соққы берді. Минь империясының экспансиясы үндіқытай жартыаралына ауа бастады.
ХҮғ.деревняны басқаруда өзгерістер ендірілді. Үкімет барлық жерлерді қазыналық және азаматтық деп екіге бөлді. Қазыналық жерлерге: император жерлері, император фамилиясы мүшелерінің жерлері, ақсүйектер(барлық өңделетін жердің 1/6) жерлері жатты. Осы жүйе арқылы үкімет феодалдарды өз бақылауына алды. «Қала феодалдарының» тобы қалыптасты, яғни өздері қалада тұрып, жерін шаруаға жалға берді.Мұндай Ереже деревняға сауда капиталының енуіне жағдай жасады.Қытай шаруаларының қанауға қарсы ғасырлық күрестері әртүрлі шаруа бірлестіктерінің шығуына алып келді. Шаруалар әділеттік үшін күрес қоғамын (доукаохуэй), бірнеше селолардың бірігіп әрекет ету үшін жангуан бірлестігін құра бастады. Қарулы шаруа отрядтары (тяньбин) пайда болды.
Нң ірі шаруа қозғалысы Дэн Мао-Ци 1448-1449ж. Фуцзянь провинциясында болды. Көтерілісті басқанымен күрес өз нәтижесін берді. Қорыта айтқанда, ХҮғ. Шаруалар қозғалысы деревнядағы тауарлы өндірісінің дамуына жағдай жасады.
100ж. бойы, ХІІІғ. 70ж. – ХІҮғ. 70ж. дейін Корея моңғол езгісінде болды. Корей халқы екі жақты езгіде – жергілікті феодал мен жатжерлік басқыншылардың қолында еді.
Корея. ХІІІ-ХҮғғ.
1.Кореядағы феодалдық қатынастардың дамуы.
2.Кореядағы моңғол шапқыншылығы
3.Ли династиясы. Ішкі жағдай.
4. Мәдениетінің дамуы.
Кореяда феодалдық қатынастардың дамуы елдің әртүрлі бөлігінде әрқалай, жай дамыды. Ол жартыаралдағы үш мемлекеттің: Когуре, Пэкче, Силла ұзақ күресімен жалғасын тауып отырды.
Когуре – 313ж.көне тайпалық одақтардан құралып, аралдың оңтүстік бөлігін алып жатты, Оңтүстік Маньчжурияның аудандарын алып жатты.
Пэкче – 346ж. құрылды, елдің оңтүстік-батыс бөлігін алып жатыр.
Силла – 356ж. құрылып, елдің оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатты.
Кореялықтар алғаш рет моңғолдармен қидандардың аралға басып кіруімен байланысты қақтығысты. 1125ж. Ляо қидан мемлекеті жойылып, чжурчжендердің Цзинь мемлекетіне қарады. Моңғолдардың чжурчжендердің мемлекетіне тегеурінінен 1115ж. әлсіреп, маньчжуриядағы өз иеліктерінен айырылды. Ляодунде тұратын қидандар Ляо мемлекетін қайта құрып, Да-Ляо – Ұлы Ляо деп атады. 1116ж. қидан отряды Ялу өзенінен өтіп, Коре королдығының солтүстік-батыс бөлігінен ене бастады. Коре королдығы басқарған – Цой Чхун Хэн қидандарға қрасы күресу үшін моңғолдардан көмек сұрады. Шыңғысхан мұны пайдаланып, аралға өз әскерлерін жіберді. Осы кезден бастап, Коре мемлекетінің ішкі ісіне моңғолдар араласа бастады. 1231жылы моңғол өкілінің өлтірілуі, моңғол әскерлерінің Моңғолияға шабуылына түрткі болды. Моңғол феодалдары Кореяны түгелдей бағындыруды ойлады. Келесі екі онжылдықта Кореяға 4 рет моңғолдар басып кірді. 1270ж. моңғолдар мен корольға қарсы халық көтерілісі шықты. Мұнымен шайқасу үшін король моңғол көмегіне сүйенді. Квельпарт аралына бекінген көтерілісшілер 1273 жылы 3 жыл бойы күресіп, жеңіліске ұшырады.
100 жыл бойы ХІІІғ. 70ж. – ХІҮғ. 70ж. дейін Корея моңғол езгісінде болды. Корей халқы екі жақты езгіде – жергілікті феодалдар мен жатжерлік басқыншылардың қолында болды.
1368 ж. Қытайда моңғол басқыншылығы құлаған кезде, ол Кореяда да өз көрінісін тапты. 1369 ж. корей королі Конмин Ұлы ханға тәуелділіктен бас тартты. Моңғолдарға тәуелділіктің жойылуы ішкі қайшылықтардың шиеленісуімен қатар жүрді. Конмин өз патшалығының ІІ-жартысында будда өкілінің ықпалына (Син У) түсіп, ол сарай төңкерісіне алып келді. Содан бастап, король сарайы екі онжылдық бойы саяси күрес аренасына айналды. Кореяда күрес ескі феодал-ақсүйектердің мүддесін білдірген «ескі партия» мен ұсақ,орта феодалдардың мүддесін білдірген «жаңа партия» арасында күрес күшейді. Бұл күрес мемлекеттегі билікке, жер байлығына, феодалдық тәуелді шаруалар үшін күресті.
1389жылы «жаңа партияның» басында тұрған Ли Сон Ге король тағына Коре династиясының соңғы өкілі Конъянды қойды. 1392 ж. сарай гвардиясы офицер төңкерісшілер тобының арқасында Конъян тақтан құлатылып, Ли Сон Ге король болып жарияланды. Содан бастап, Кореядағы Ли (И) династиясы билігі басталды. Бір жылдан соң, мемлекеттің аты өзгерді, енді бұрынғысынша Чосон деп аталды. 1396 жылдан бастап, оның астанасы Ханъян қаласы, қазіргі Сеул болды.Жаңа король ЛиСон Ге өз өкіметін сақтау үшін «жаңа партияның» талаптарын орындауға ұмтылды. Ол феодал ақсүйектердің ірі жер иеліктерін тәркілеп, ұсақ және орта поместьелік дворяндар арасында бөліске салды. Соның нәтижесінде жаңа патша елде үлкен ықпалға ие болып, Ли династиясы бекіді.
Жаңа династия әсіресе, оның үшінші королі Ли Хван Вона басқарған кезде күшейді. Ол қытай императорынан «Чосон королі» титулын грамотасын алды. Король басқару аппаратын қайта құрды.Орталық үкімет органы -6 палатадан, онда басқарудың әртүрлі салалары 6 палатадан тұрды. Жоғарғы мемлекеттік орган – мемлекеттік кеңес, оның 8 мүшесі болды. Ел 8 провинцияға бөлінді., оны наместниктер басқарды. Провинция уездерге бөлінді, оны уезд басшысы басқарды. Қызметке тұру үшін шенеуніктің «ғылыми дәрежесі» болуы керек. 1401 ж. жарлық бойынша будда монастырьларының жерлері алынды. Салық азайтылды.
Ли династиясының соңғы өкілі тұсында(Сечжо) корея деревнясына қатысты шаралар жүргізілді. Астық сақтау үшін қоймалар салынды. Мал басын көбейту, жібек өндірісі, суармалы құрал-жабдықтар жөндеу жұмыстары қолға алынды. Оқу ағарту саласы дамыды. Жұлдыздардың орналасуын қалыптастырған астрономиялық приборлар жасалды. Метеорологиялық прибор-«дождемер» пайда болды. Жауын-шашын мөлшерін анықтады. Корея халқының мәден өмірінде ұлттық жазуы пайда болды. «Онмун» - «жай халықтық хат» - бұл жазуды жасау үшін сарайда тілші комитеті(ұйғыр,моңғол,қидан,жапон,қытай,тибет,чжурчжен,үнді тілін білетін) құрылды. 1446 жылы алфавит жариялап, оны оқу ережесі «хунминчжонъым» шықты. Ұлттық жазудың арқасында ағарту ісі дамып, әдебиет дамыды.
Индия. ХІІІ-ХҮғғ.
1. Индияның саяси жағдайы. ХІІІ-ХҮғғ.
2. Дели сұлтанатының мемлекеттік құрылысы.
3.Сұлтанаттың сыртқы саясаты.
Солтүстік Индияда құрылған Дели сұлтанатының билеушісі – бұрынғы сұлтан наместнигі Кутб-ад-дин Айбек болды. Айбек өлгеннен соң, дели тағында 36 жыл ішінде 6 сұлтан ауысты. Моңғолдар Индия территориясына 1221 ж. Хорезм билеушісі Желаладдинді қуа отырып, басып кірді. Өз иеліктерін қорғау қажеттілігі феодалдарды дели сұлтаны Насир ад-дин Махмуд төңірегіне бірігуге мәжбүр етті.Ол әсіресе оның уәзірі Гиясаддин Балбан басшылығымен моңғол шапқыншылығынан мемлекетті қорғауға бар күшін салды.
Мемлекеттік құрылысы: Дели сұлтанатында Балбан тұсында сыртқы жаудан өз иеліктерін қорғау үшін, жаңа территоорияларды басып алу үшін күшті мемлекетттік аппарат пен ортаазиялық, ауған, иран жалдамалыларынан тұратын тұрақты армиясы болды. Сұлтан қолында үлкен билік болды. Ал оның көмекшісі Ұлы уәзір (әскери сала бойынша) бірнеше ведомстволардың жұмысын бақылап отырды. Дели сұлтанатының территориясы бірнеше облыстарға бөлінді, оны басқару үшін вали – жоғарғы мұсылман тобынан наместник сайланды. Мұсылман феодалдары жаулап алған жерлерінде өз позициясын нығайту үшін исламды қабылдаған индустарды марапаттап отырды. Әсіресе, исламға Батыс Пенджаб бөлігі тез өтті. Дели сұлтанатында жер иелену тәртібі бұрынғыдан өзгерді. Жаулап алушылар жеке феодалдық жер меншігін жойып, оны мемлекетке өткізді. Мемлекет енді феодалдық рентаны барлық өңделетін жерден алынатын салық түрінде алды. Дели сұлтаны өкіметінмойындап, жер салығын төлеуге келіскен кейбір феодал иеленушілердің жер иеліктері қалдырылды.
Кейбір аудандар мен сауда тораптарындағы аудандарында тауар-ақша қатынастары дамыды. Оброк ақшалай түрге ауысты. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен сұлтанатта феодалдық қанау өсіп, тап қайшылықтары шиеленісті. Жатжерлік шапқыншылықтың қанауы, үнді феодалдарының бірлігі дели деспотиясына қарсы шаруалар соғысына алып келді.
Дели сұлтанатының ішкі және сыртқы жағдайы: ХІІІғ. ІІ ж. дели сұлтаны моңғол қаупінен байланысты Индияның жаулап алынбаған территорияларына шабуылын тоқтатуға мэжбүр болды. Сұлтан сыртқы жаудан басқа ірі феодалдардан барлық уақытта күрес жүргізуге тура келді. Жалдамалы әскерді ұстау, көп қаржыны қажет етті, ол сұлтан қазынасын тұралатты. Қазынаны қажеттіліктен құтқару үшін, әскер жалақысын өсірді.
30ж. аяғында Солтүстік Пенджабтан оңтүстігі Майсурға дейінгі держава құлдырай бастады. 1339ж. Бенгалия, 1340ж. Маабар құлай бастады. 1351 ж. Гуджаратта көтеріліс кезінде Мухамед Туглук өлді. Оның ізбасары, туысқан інісі Фироз феодалдармен соғысудан бас тартты.Бенгалия мен Деканнан айырылғанын мойындады. Фироз өлген соң, Туглукидтер арасында таққа талас болды. Осыны пайдаланған кейбір наместниктер: Мальва, Гуджарат, Хандеш бөлініп шықты. Осы күресте Солтүстік Индияға Темір әскерлері басып кіріп, 1368ж. Делиді алып, тонады. Темір Орта Азияға қайтқанда қолөнершілерін алып кетті. 1413ж. Дели сұлтанаты құлады. Солтүстік Индия бірнеше княздықтарға бөлініп кетті.
Деканда екі мемлекет: оның солтүстігі Бахмани мемлекеті, онда мұсылмандар династиясы, Тунгабхарда өзенінің арғы беті –Виджаянагар, онда үнді билеушісі отырды.Бахмани мемлекеті декан иктадорларымен Дели сұлтанатының наместниктерінен құрылды. Мемлекет басында – Алааддин Бахмани отырды. 1490-1525жж. бұрынғы Бахмани мемлекетінің территориясында 5 дербес княздық: Ахмаднагар, Берар, Бидар, Биджапур, Голконда құрылды.
Жапония. ІІ-ХІІғғ.
1. Жапонияда ертефеодалдық мемлееттің пайда болуы.
2. Тайка реформалары.
3. Жапонияда феодалдық қатынастардың дамуы.
4. Жапония мәденитеі.
ІҮғ. ІІ жартысында Жапонияда ертефеодалдық мемлекет қалыптасты. Жапонияда құл иеленушілік қатынастардың дамуына көптеген факторлар кедергі болды. Шаруашылықтың басты саласы – егін шаруашылығы болса, ол қауымшылардың қолында болды. ҮІІғ. ІІ жартысынан бастап, Жапонияда феодалдық қатынастар билік ете бастады. Феодалдық қатынастардың орнығц процесі билікке ұмтылған жеке билеуші таптардың күресіне ұласты. ҮІІғ басында Ямато патшаның әулетінің ішінде өз өкіметін басқа ақсүйектердің өкіметінен жақсы деп есептейтін тенденциялар пайда болды. Осыған байланысты 605ж. принц-регент Умаядо (Сетоку тайси) «17 баптың заңдарын»- Ямато патшаның декларациясын жариялады.
«Тайка төңкерісі». 645ж. жыл атауына байланысты аталған «Тайка төңкерісі» болды. Принц Наканоэ өкіметтен патша әулетін ығыстырған Сога әулетін жойды. Бұл төңкерісте патша әулетін жапон дінінің мұрагер жрецтерінің әулеті болған Накатоми әулеті қолдады. Бірақ төңкерістің негізгі күшін табэ, томобэ, какибэ құрады. Төңкерістен соң, 646ж. табэ, кокибэ, томобэлердің азаттығы жарияланды. «Тайка төңкерісі» билеуші ретінде өндірістің феодалдық тәсілін бекітті. 646ж. манифесте барлық жеке иелеікте жойылып, жер мемлекеттің меншігіне өтті. Қытай, Кроеядағыдай, жапон ертефеодалдық мемлекеті жерге деген мемлекеттік феодалдық меншікке негізделді.
Жапонияда феодализмнің бекуі құл иеленушілік укладты жоя алмады. ҮІІІғ. Жапонияда жерге деген мемлекеттік меншіктің нығаюымен әйгіленсе, ал Хғ. ортасына қарай жерге феодалдық меншіктің жаңа түріне өту аяқталды. Деректерге қарағанда тау-кен кәсібінің дамығанынан мәлімет береді. Темір, мыс, алтын, күміс, өндірілді. Нара монархиясы тұсында сауда дамыды.Елдің маңызды пункттерінде: порттарда, байланыс бекеттерінде, будда монастырьларының жанында, жергілікті өкімет орналасқан поселкаларда орнықты. Оқу-ағарту саласы дамыды. Ақсүйек балалары үшін мектептер ашылды. Мектептерде қытай әдебиеті мен заң нормативтері оқытылды.
Хғ. ортасына қарай Жапонияда феодалдық меншіктің жаңа түрі бекіді. Мемлекеттегі маңызды орынды иеленген Фудзивар үйінің мүшелері өз қолдарына үлесті шоғырландырып, оны жеке поместьяларына (сеэн) айналдырып, елдегі ең ірі жер иеленушіге айналды. ІХғ. Жапон халқының мәдениетінің тарихында орасан маңызды нәрсе болды: жеке жазуы жасалды. Бұған дейін жапондар қытай иероглифтарымен жазатын еді. Өз жазбасының дамуы әдебиеттің дамуына, әсіресекөркем проза, халық аңыздарымен әңгімелерінің шығуына алып келді. Осындай шығармалардың авторлары феодалдық аристократияның өкілдері, оның ішінде әйлдер де болды. Сол ғасырдың маңдай алды шығармаларының бірі- «Гэндзи моногатари» және «Макура-но соси» болды. Әдебиетімен бірге, ІХ-ХІ ғ. өнері де дамыды. Оған мүсіндері, будда храмдары, қылқалам туындылары, қолданбалы өнер шығармалары дәлел бола алады.
Түркия. ХІІ-ХҮғғ.
1. Осман империясының құрылуы.
2.Феодалдық қатынастардың дамуы.
3.Мехмед ІІ ішкі және сыртқы саясаты.
4. Түрік мәдениеті.
Түрік халқы мен Оңтүстік-Шығыс Еуропаның тарихы үшін түрік (Осман) империясының құрылуының елеулі салдары болды. Осман мемлекеті Кіші Азия мен Балкан жартыаралындағы түрік феодалдарының әскери экспансиясы процесінде пайда болды.
ХІҮғ. Сельжуктердің Рум сұлтанаты 10 эмиратқа ыдырады, оның ішінде Осман эмираты да болды. Кіші Азияның солтүстік-батыс бөлігіндегі Византияның иеліктерін Эртогрул Осман І ізбасары, баласы жаулап алған еді, өзінің астанасы ретінде Бурсу қаласын алды. Осман өз атын династияға, эмиратқа берді. Енді Осман мемлекетінің құрамына кіретін кішіазиялық түріктер османдар деп атала бастады.
Феодалдық қатынастар: Түрік қоғамында феодализмнің даму процесі жүріп жатты. Кіші Азия мен Румелияны басқыншылар жаулап алды. Феодалдық жерге меншіктің 4 түрі: мемлекеттік жерлер (мири); сұлтан фамилияларының жерлері(хасс); мұсылман діни мекемелерінің жерлері(вакф); аллод типіндегі жеке иеленушілік жерлер болды. Бірақ мемлекеттік жерлердің басым бөлігі атты феодалдық жасақшыларға мұрагерлікпен шартты таратылды. Ұсақ лендер тимарлар, ірі- хиамет деп аталды. Лен-сипахилер өз иеліктерінде тұруға міндетті, сұлтан жарлығы бойынша санджак бейдің жасағында болуы керек.
Осман империясы әскери-феодалдық деспотия болды. Сұлтанның бірінші сановнигі ұлы уәзір.
Мұрат ІІ тұсында Осман державасы нығайып, басқыншылық саясатын қайта жандандыра бастады. 1430ж. ол Фессалониканы алды. Мұрат ІІ-нің ізбасары оның баласы Мехмед ІІ болды. Ол жақсы білім алып, 5 тілді білген. Мехмед ІІ 1476 ж. заңдар жинағын (Канун-наме( шығарды, онда мемлекеттік сановниктердің қызметі, олардың жалақысының көлемі, мұсылман суннит діни мекемесі, әскери лендердің режимі
жайында жазылды. Мехмед ІІ мұсылман емес діни қауымдардың, православиелік, армяндық патриархтардың, Константинопольдегі еврей раввинінің статутын орнатты. Барлық православиелік халықтар «грек қауымының» бірі рум-миллети қарастырылды.
Мехмед ІІ Кіші Азияда гректің Трапезунд патшалығын (1461) және барлық кішіазиялық эмираттарды жаулап алды. Осман басқыншылықтары балкан елдерінің дамуын тежеді.
ХІғ. Кіші Азияда бекінген түріктердің ат-бабалары-селжұктар ұзақ уақыт бойы Иран, Армения, Византияның ықпалында болды. Кішіазиялық қалаларда парсылар тұрғандықтан, жаңа парсы тілі ұзақ уақытқа дейін селжұқтық Кіші Азияның ресим әдеби тілі болды.Иран,Армения, Византияның өнер туындыларының негізінде Кіші Азияда «селжұқтық» архитектуралық стиль қалыптасты. Осы стильдегі ескерткіштерінің бірі – Эрзурумдегі (ХІІғ.) Чифтэ-минарэ медресесі болды және ХІІІғ. Коньедегі Қаратай медресесі, Сырчалы медресесі, мешіттер болды. ХҮғ. Түрік көркем әдебиеті дамыды. Оның көрнекті өкілдерінің бірі, түрік лиригі ақын Неджати(1460-1509). Лирикаларының тақырыптары: көктем, махаббат, сағыныш, айырылысу, өкініш болды. Талантты поэт Хамди Челеби «Ләйлә мен Мәжнүн» поэмасының т.б. шығармалардың авторы болды.
Жарияланған-2015-09-08 15:51:23 Қаралды-4972
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану