UF

БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

1. Мектеп жабдықтарының классификациясы. Биология сабақтарындағы оқыту құралдары.

2.  Ботаника пәнінен тірі табиғи нысандар олардың түрлері.  Бөлме өсімдіктерін, отырғызу, көркемдеу. Оларға күтім жасау. Бақ өсімдіктерінен гүлдестелер көркемдеу.

3. Жазғы танымжорықтар және олардың оқыту құралын дайындау барысындағы ролі. Өсімдіктерді гербарий үшін жинау.

4. Өсімдіктердің табиғи пішінін сақтау отырып кептіру. Шалғындық, орман және су өсімдіктері. Кептіруі қиын өсімдіктер. Кептіру түрлері.

5. Композиция негіздері. Композиция құрастырудағы қаңқалардың техникасы. Икебана негізі және принциптері. Өсімдіктерді орнықтыру.

6. Ботаника пәнінен көрнекіліктер. Коллекциялар және құрғақ препараттар. Дарвинизм негіздері бойынша көрнекіліктер.

7.  Ботаника курсы бойынша ылғалды препараттар. Бейне– таспа, баспа оқу құралдары, нақпішіндер, нобайлар.

8.  Зоология курсы бойынша оқыту құралдары. Омыртқасыздар зоологиясы  бойынша тірі және  өңделген табиғи нысандар. Зоологиялық коллекцияларды жинауға және дайындауға арналған құрал-саймандар.

9.  Жерді мекендейтін омыртқасыздарды жинау / жәндіктерден басқа/ ерекшеліктері. Оларды жансыздандыру, орнықтыру.

10.  Коллекция үшін жануарларды таңдау. Жинаған жәндіктерді түзету және сақтау. Жәндіктерді жұмсарту және түйреу.

11. Кермек су омыртқасыздары. Оларды жинау ерекшеліктері. Жерасты және су омыртқасыздарын жансыздандыру және сақтау.

12. Зоологиялық /омыртқасыздар/ коллекцияларды көркемдеу жолдары. Зоология курсы бойынша микропрепараттар.

13. Омыртқалылар зоологиясы бойынша тірі табиғи нысандар. Оларды лаборатриялық жағдайда орнықтыру тәсілдері.

14. Омыртқалылар зоологиясы бойынша , табиғи  препаратталған оқыту құралдары. Табиғи  препаратталған оқыту құралдарын өңдеу және сақтау.

15.  Омыртқалылар қаңқасы. Олардың түрлері мен дайындау жолдары. Омыртқалылар ішкі мүшелерінің ылғалды препараттары.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

 

Білім беру құрылымын жетілдіру, жалпы білім, еңбек және кәсіптік даярлық сапасын арттыру, оқытудың белсенді формалары мен әдістерін, техникалық құралдарды кеңінен қолдану бүгінгі күннің талабы.

Көптеген ғалымдардың психология-педагогикалық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне шолу жасайтын болсақ, оқыту құралдарының көмегімен өткізілетін сабақта білім алушылардың жалықпайтындығын, жаңа оқу материалдарын қабылдау процесіне олардың әр-түрлі сезім мүшелері барынша толық қатысатындығын, соның нәтижесінде оқушылардың оқуға қызығушылығы артып, түсіндірілген материалдарды олардың берік қабылдануына мүмкіндік туғызатындығы дәлелденді.

Дегенмен, оқыту құралдары мұғалімнің ролін атқара алмайды. Ол тек мұғалімге көмекші құрал ғана бола алады. Өйткені мұғалім оқушылар үшін білімнің көзі, оқу процесінің жетекшісі ғана емес, еліктейтін үлгісі де. Сондықтан педагогикалық процесте орын алатын мұғалім әлі де негізгі тұлға болып саналады.

Оқу-тәрбие жұмысында әр-түрлі оқыту құралдарын пайдалану, олардың дидактикалық мүмкіншіліктерін одан әрі жетілдіру үлкен мәселе.

 

1. Мектеп жабдықтарының классификациясы. Биология сабақтарындағы оқыту құралдары.

Оқыту құралдары – оқыту міндеттері мен мақсаттарына сәйкес оқыту әрекетінің пәменділігінің көтерілуіне әсер ететін әртүрлі заттар, құбылыстар, деректер және оқытушы бағдарламалары. Биологияны оқытудың сапасын арттыру үшін оған қолайлы жағдай туғызу қажет, ол дегеніміз оқытудың материялдық базасын ұйымдастыру биология кабинеті, оқу тәрбие алаңы және тірі табиғат мүйісі, бұлар бір-бірімен өте тығыз байланысты және оқыту мен тәрбие міндеттерін кешенді түрде жүзеге асыруда бірін-бірін өзара толықтырып отырады. Оқытудың негізгі түрі сабақ болғандықтан, ол негізінен сыныпта өтеді.

Биология кабинеті – биологиядан оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін арнайы жабдықталған бөлме. Биология пәнінің ерекшілігіне байланысты биология кабинеті де соған сай болуы тиіс. Пән мұғалімі үшін кабинет, тек қана сабақ өткізуге арналған немесе тек  жұмыс орны емес, ол әр-түрлі өсімдіктерді және жануарларды кездестіретін табиғаттың бір мүйісі болуы тиіс. Онда зертханалық, сарамандық сабақтар, тәжірибелер көрсету, тірі табиғат нысандарын бақылау, сыныптан тыс шаралар жүргізіледі.

Биология кабинетінің оқыту құралдарымен жабдықталуы ұстаз бен оқушының біріккен әрекетінің қаншалықты жетістікте болатынын анықтайды. Көпшілік жағдайда «нені оқыту?» және «қалай оқыту?» керек екенін біле тұра, қолыңда құрал жабдық болмаса мұғалім «жалаң қолмен» өз қызметін толық мәнді етіп, жоғары тиімділікте жүзеге асыра алмайды. Әйткенмен кабинеттің толық, дұрыс жабдықталуына қарамай, оның құрал жабдықтарының тиімді пайдалануы әр-түрлі болуы мүмкін. Әдістемелік әдебиеттерде негізгі көңіл, мұғалімнің жаңа материалдарды хабарлау үрдісі кезінде  кабинеттегі қайсы-бір оқыту құралдарын пайдалануға бөлінеді. Ұстаз сабақ барысында оқыту құралдарымен оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырған кезде, білім мен біліктілікті игеру еңбегі бала үшін шығармашылық еңбекке айналуы керек. Практика көрсеткендей, сабақтарда көпшілік жағдайда оқушылар тек енжарлы түрде тыңдаушы және пайымдаушы ғана, ал егер сабақта әр-түрлі білім көздерімен, мысалы, кабинетте бар құралдармен өзіндік жұмыс жүргізілсе оқыту үрдісінің пәрменділігі жоғары болады.

Кабинетті ұйымдастыруды оның сатылап даму жоспарын құрудан бастаған орынды. Жоспардағы алғашқы зертханалық жұмыстар және тәжірибелер жүргізу үшін материалдар  оқушылардың көмегімен табиғатқа танымжорықтар кезінде жиналады және жиналған материалдар жіктеліп,  осы материалдарды сабақта пайдалану үшін қажетті әдістемелік ақпараттар  (нұсқаушы карточкалар, тапсырмалар, сұрақтар) жасалады.

Биология кабинетін ұйымдастыруда негізгі көңіл бөлінетін жағдай оның эстетикалық және гигиеналық жоғары талапқа жауап беруі. Себебі, кабинет базасында үнемі оқу-тәрбие үрдісі ұйымдастырылады.

Кабинетті ұйымдастырғанда басты назарда болатын мәселе мектеп биологиясының барлық бөлімдері арқылы өтетін үш негізгі идея: эволюция, экология және табиғатты қорғау, систематика. Сондықтан кабинетті жабдықтағанда басты стендтер осы бағытты қамтыса орынды болады. Эволюциялық даму жалпы планетамыздың жалпы көрінісін береді, егер жасалынатын стенд Жердің, тіпті Күннің жүйесінің пайда болуынан бастап қамтыса, онда оқушыларға ғылыми әлем бейнесі қалыптасып, материалистік дүние танымы дамиды.

Оқыту мен тәрбиелеудің материалдық базасын жасау және ондағы жабдықтарды тиімді орналастыру көпшілік жағдайда білім мен біліктілікті игеруге және биология ғылымына деген танымдық қызығушылықтың  дамуына әсерін тигізеді.

Оқыту құралдарының үш түрін бөліп қарастыруға болады: табиғи нысандар, нақты нысандарды алмастырушы көрнекі белгілер /бейнелеуші/, сөздік немесе вебральды құралдар.

Осындай үш түрге бөлу таным теориясы тұжырымдамасына және ойлаудың даму сатысына сәйкес. Алғашқы кезеңде нақты нысандармен, нақтылы жағдайда тікелей практикалық әрекет жасау жүретін көрнекі - әрекеттік, практикалық ойлау жетекші болып саналады. Екінші кезеңде оқушылар тәжірибелермен жинақталған, нақты заттармен емес, түсініктер мен қабылдаулардың бейнелі түйсінуі арқылы міндеттерді шешу жүзеге асырылатын көрнекі – бейнелі ойлау. Үшінші, жоғары кезеңде ойлау әрекетінің жетекші ролі болып, абстакциялық – теориялық ойлау есептелінеді. Оқытудың барлық құралдары оқу танымдық әрекетін ұйымдастырудың және биология мазмұнының басқаша көрсетілуін береді.

Табиғи немесе нақты нысандар – оқушылар тікелей сабақ үстінде немесе топсеруен кезінде пайдаланатын және қарым –қатынаста болатын заттар. Олар а) тірі табиғи нысандар б) өңделген табиғи нысандар болып екі топқа бөлінеді.

Тірі табиғи нысандарға: арнайы таңдалған өсімдіктер – бөлме өсімдіктері, аквариум, террариум және тірі табиғат мүйісіндегі өсімдіктер мен жануарлар жатады.

Табиғи оқыту құралдарын сабақта қолдана отырып, мұғалім оқушылардың білімінің нақтылы бейнеден абстрактлы ойға шыңдалуына жәрдемдеседі.  Мұндай құралдардың көмегімен оқушылар заттың мөлшерін, формасын, түсін толық бақылап толық мәлімет ала отырып, олардың эстетикалық ұнату қабілеті де қалыптасады.

Өңделген табиғи нысандарға:

  • ботаника пәні бойынша – кеппе шөп, практикалық сабақтарға арналған өсімдіктердің бүтіндей (демонстрациялы) және және жеке мүшелерінің (таратпа) оқу құралы ретінде қолданылатын түрлері жатады;
  • зоология пәні бойынша жәндіктердің коллекциясы, жануарлардың дамуы бойынша ылғалды препараттар, әр-түрлі систематикалық топтағы омыртқалылардың қаңқасы мен тұлпы (демонстрациялы), жануарлардың жеке бөлімдері (таратпа) және сүйек, балық қабыршақтары, құс қауырсыны т.б.
  • анатомия, адам гигиенасы мен физиологиясы пәні бойынша адам қаңқасы (демонстрациялы), жеке сүйектер, микропепараттар.

Оқылатын нысандардың нақты қасиеттері тек қана көру арқылы ғана емес, иіс сезім, есту және сипап сезу мүшелерімен де қабылдана алады.

Бейнелеуші оқыту құралдарына таблицалар және әр курс бойынша сызба- нұсқалар мысалға; жасуша құрлысы, ағзалар экожүйелер, заттар айналымы жөніндегі суреттер, фотосуреттер, үрдістер мен нысандардың материалданған нобайлары; ДНҚ нобайы, жүрек жобасының нобайы, қазба жануарлардың нақпішіндері  жатады. Көрнекіліктің ерекше тобы болып компьтерлік мультимедиялық оқыту құралдары есептеледі.

Сөздік немесе вебральды құралдар – олар кітаптар, оның ішінде оқулық, мұғалімнің сөзі, кино немесе телекөрсетілімдерді түсіндіретін дикторлық мәтін, компьютермен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдар (бейнекадрлар, нобайлар) тестілер мен жұмыс дәптерлері. Оқушылардың нақты нысандарды немесе суреттерді тікелей бақылауын қамтамасыз ету бақылаулар мен практикалық әрекеттер түрінде болады.

 

2.  Ботаника пәнінен тірі табиғи нысандар олардың түрлері.  Бөлме өсімдіктерін, отырғызу, көркемдеу. Оларға күтім жасау. Бақ өсімдіктерінен гүлдестелер көркемдеу.

Ботаника курсы бойынша табиғи көрнекі құралдар болып арнайы таңдап алынған бөлме өсімдіктері, оқу тәжірибе алаңынан алынған немесе танымжорықтардан әкелінген, тірі табиғат мүйісіндегі, аквариумдегі, террариумдегі өсімдіктері жатады.

Оқушылар ботаника курсын нақты және терең білу үшін оларға өсімдік дүниесі объектілері мен құбылыстары жөнінде дұрыс түсінік беру керек, ол үшін оқыту процесінде білімнің алғашқы бұлағына—тірі табиғатты тікелей көруге көңіл аударылады, ол сабақты көрнекі оқыту арқылы  жүзеге асырылады. Ботаниканың әр сабағын тірі және арнайы әзірленген табиғи материалдармен қамтамасыз ету қиын емес, өйткені оны жинау, дайындау, сақтау іс жүзінде женіл, және оған әр мектептің мүмкіндігі бар.

Табиғи құралдарды сабақ үстінде көрсету үшін ғана емес, оқушылардың жұмыс істеуіне, яғни лабораториялық сабақта оқушыларға үлестіріліп беруге жететіндей болуы керек. Өсімдікті әр оқушыға беру қажеттігін мұғалім әрқашан да есінен шығармауы керек. Тірі объектілерді тікелей бақылау, олармен жұмыс істеу, эксперимент жасау оқушылардың толық және нақты түсінік алуына мүмкіндік жасайды. Бұның өзі өсімдік организмінің құрылысы мен тіршілік процестері туралы дұрыс және саналы түсінік қалыптасуын қамтамасыз етеді, бұл мектеп ботаника курсының алдындағы оқу тәрбиелік маңызды міндеттердің бірі.

Ботаника сабағында табиғи объектілерді, әдетте, басқа топтағы құралдармен бірге пайдаланады, өйткені осындай жағдайда ғана оқушылардың түрлі өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылыстарының және тіршілігінің, олардың систематикасының заңдылықтарын білуге ең қолайлы жағдай туады. Өйткені көрнекі құралдың әр түрінің оқушылардың білім алу әрекеті мен ынтасын арттыратын өзіндік дидактикалық мүмкіншіліктері бар. Сондықтан белгілі бір сабақта көрнекі құралдарды таңдауда ескерілетін жағдай: міндеттерді орындау үшін белгілі сабақтъң мақсаты, міндеті және материалына байланысты түрлі көрнекі құралдар педагогикалық тұрғыдан  дұрыс пайдалану керек.

Ботаника сабақтарының қажетті оқу жабдықтарымен  қамтамасыз етілуі ең алдымен мұғалімнің өзінің инициативасы мен белсенділігіне байланысты. Ботаниканы оқытуға қажетті көрнекі құралдарды мұғалім жоспарлы түрде жыл сайын жинайды, олардан көрнекі құралдар дайындайды. Сабақ үстінде көрсететін және оқушыларға үлестіріліп берілетін материалдарды дайындау маусым айына  байланыстылығын ескере отырып, мұғалім өсімдіктерді жинау және олардан көрнекі құралдар әзірлеудің календарлық жоспарын жасайды, жоспарда табиғи жағдайда табылатын, мектеп-тәжірибе учаскесінде, жергілікті колхоз егістігінде болатын материалдар, сондай-ақ оқушылардың, практикалық жұмыстарының, өсімдіктің дамуы мен өсуінің сатысы және фазасы бойынша жеке кезеңдерінде сұрыпталған объектілерге жасалған тәжірибелер нәтижесінде алынған материалдар ескеріледі. Оқушылар жазда болған жерлерінен көптеген қызықты материалдар жинап әкеледі. Мұғалім олардың сабаққа қажеттерін таңдап алады. Материалдар әзірлеу жоспары объекті тізімі тәрізді болады, әр объектіні карточкаға жазған қолайлы, содан кейін бұл карточкаларды жинау мерзіміне, жеке оқушыларға берілген тапсырмаға және т. б. сәйкес бөлу керек. Әр карточкаға, объектінің атынан басқа, оны дайындау жағдайы мен мерзімі, сақтауға, күтімге, тиісті сабаққа әзірлеуге және пайдалануға қойылатын талаптар көрсетіледі. Бірте-бірте ботаниканы оқытуға қажет барлық материалды көрсететін толық картотека жасалады. Көрнекі құралдарды мұғалімнің тікелей басшылығымен окушылар ретке келтірулері керек. Табиғи материалдарды ретке келтіру жұмысын кебінесе жас натуралистер үйірмесіне, не көрнекі құрал әзірлеу жөнінде арнайы үйірмеге біріккен оқушылар орындайды. Тірі табиғат материалдарына өсімдіктердің тұқымы, жемісі, жер беті, жер асты бөліктері, мектепке бір жолы пайдалану не кейбіреуін ұзақ сақтауға әкелінетін жабайы және мәдени өсімдіктер жатады. Бір жолы пайдалану үшін өсіп тұрған өсімдіктерді, әдетте,  күзде, ботаника пәнінің алғашқы сабақтарына, ал кейбір ерте көктем өсімдіктерін оның соңғы сабақтары үшін көктемде жинайды. Бұл мақсатқа арнап табиғаттан, учаскеден, колхоз егістігінен қандай өсімдіктер алынатындығын бағдарлама талабына сәйкес және жергілікті жер жағдайына қарап мұғалім белгілейді.

  Мектептер тәжірибесінде вегетация кезеңін түсіндіруде   әр түрлі жабайы және мәдени өсімдіктері қолданылады. Осы мақсатта жаз бойы қажетті өсімдіктер тұқымын екі үш рет себеді және көшетін отырғызады, осының барысында ботаника пәнінің алғашқы сабақтарына (қыркүйек, қараша) барлық органдары бар, вегетация процесіндегі өсімдіктер алынады. Көп өсімдіктерді топырағымен қазып алып, мектепке әкеліп жәшікке не гүл құмырасына отырғызуға және ұзақ сақтауға болады: мысалы, астра, хошиісті темекі, настурция, қойбүлдірген (жыл бойы гүлдейтін, бірнеше рет жеміс беретін, қыс бойы гулдейтін және жеміс беретіндері өте қызықты), ал жабайы өсімдіктерден — бақ-бақ, өгейшеп, папоротниктер және т. б.

Ылғал камерада шықшылдық, плаун, түрлі мүктер тәрізді өсімдіктерді ұстау оңай. Мектепте тұтас өсіп тұрған есімдіктермен қатар, тәжірибе жасауға, вегетативтік көбеюге материал болатын өсімдік бөліктері, жеке органдары (капуста кочаны, бақ-бақ тамыры, лалагүл мен бидайық тамырсабағы), гүл шоғын алуға мүмкін (басты пияздың, жауқазының, пиязшығы, сәбіз тамыры) болуы керек. Мәдени және кейбір жабайы өсімдіктердің, мысалы: бұршақ, астық, крест гүлділер тұкымдастарының жас тұқымдары да қажет бұлар түрлі демонстрациялық және үлестіліліп берілетін материалдар алу және тікелей танысу үшін қажет. Кейбір жағдайда тұқымды өндіру (мысалы шалқамның тамыр түкшелерімен танысу үшін), өскін алу, екінші бір жағдайда өсімдікті топырақта не тұздар ерітіндісінде өсіру жеткілікті. Әдетте өсіп тұрған өсімдікті тұқымынан не вегетативтік көбею органдарынан, бағдарламаның белгілі тақырыбына сай, белгілі мерзімде алу керек.

Өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылысы, олардың, тіршілігі жөніндегі мәселелермен танысу үшін біздің, кәдімгі бөлме өсімдіктеріміздің маңызы үлкен. Оларды мектепті безендірумен  қатар, ботаника  курсының белгілі тақырыптары мен жеке мәселелерін өткенде пайдалануға болатындай етіп өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылысымен, олардың биологиясымен танысу үшін, тәжірибе жасау,  бақылау жүргізу үшін, систематика топтарын анықтау үшін — таңдап алу керек. Бөлме өсімдіктерінің декоративтік және мөлшері жөніндегі сапасын да ескеру қажет. Мысалы, ірі фикустар, драцендер, барқытшөп, циперустар көп қиыншылық тудырады, өсімдіктердің аласа түрлері болғаны жақсы. Кейбір бөлме өсімдіктерін қалемшелеу жөніндегі практикалық жұмыстарда пайдалануға болады.

Бөлме өсімдіктерін қою үшін тіректер, кішкене столдар, аспалы ұстағыштар, тіреулер, трельяждар және т. б. қолданылады.

 

3. Жазғы танымжорықтар және олардың оқыту құралын дайындау барысындағы ролі. Өсімдіктерді гербарий үшін жинау.

Мектеп ботаника курсында өтілетін көптеген өсімдіктерді сабақ барысында табиғи тірі күйінде пайдалануға мүмкіндік  болмайды. Сондықтан оларды арнайы мекемелерде немесе  мектеп қабырғасында өңделген түрінде пайдаланады. Олар  өсімдіктердің табиғи пішінін сақтай немесе сақтамай кептірілетін тәсілдің түрлері. Соның бірі пресстің арасында кептіру әдісі қолданылатын - гербарийлер. Ботаника сабағында жиі қолданылатын бірнеше гербарийлерді қарастырайық.

VI     сынып ботаника курсы үшін гербарий үш бөлікке бөлінеді.
I  бөлігі — «Өсімдіктер органдары », гербарийдің бұл  бөлігі тамыр  жүйесінің  түрлі  типтері   көрсетілген   15   табақша;   мұнда тамыр  өсуіне  түптеудің, шырпудың,   жапырақтардың әр  түрлі пішіні   мен  олардың  сабаққа бекінуінің,  жапырақтың  орналасуы, сабақтың әр түрлілігі, жер асты өркендерінің әсері көрсетілген.

II       бөлік — «Ерте гүлдейтін өсімдіктер», жеті табақша гербарийде тал, жанғақ ағашы, терек, қазжуа,   желайдар,   балшытыр  суреті салынған.

III      бөлік — «Өсімдіктердің   көбеюі»,   мұнда   жеті   табақша
гербарий бар. Гербарийдің бұл бөлігінде вегетативтік көбеюдің әр түрлі әдістері, гүл  мен гүл шоғы құрылыстарының типтері, тозаңдануға   бейімділігі,   жемістердің   әр   түрлілігі,   жеміс   пен  тұқым таралуына бейімділігі көрсетілген.

Фабрикада жасалған гербарий үлгісіне сәйкес мектепте әр гербарий табақшасының 25 данасын дайындайды. Бұл жұмысты мұғалімнің басшылығымен көктемгі және күзгі танымжорық кезінде оқушылар орындауына болады, ал егер өсімдікті жазда ғана дайындауға болатын болса, оқушылар өздіктерінен орындайды.

Өсімдіктерді коллекция үшін жинау дала-таным жорықтарында жүзеге асырылады. Өсімдіктерді  жинау барысында бірнеше ережелерді білу қажет:

-өсімдіктерді бақтарда, саябақтарда жұлуға тыйым салынады;

-егер де өсімдіктің бір – екі ғана түрі өсіп тұрса, олардың одан ары көбейтіп дамуына мүмкіндік беру  қажет;

-өсімдіктерді  тек бір мақсатпен ғана жинау керек; яғни қоршаған ортаға зиян тигізбеу керек.

Өсімдіктерді қолдану мақсатына қарай кептірудің бірнеше тәсілдерін қолданады.

  1. Сабақ барысында таратпа немесе демонстрациялы құралдар дайындау;

2.  Әр-түрлі мақсатта дайындалатын гүлдестелер;

Өсімдіктерді жинау үшін қажетті құрал саймандар;

1. Ботанизирка - өсімдіктерді жинау үшін арналған, сонымен қатар өсімдіктерді жинауға кез – келген жәшік немесе сөмке пайдалынады.

2. Гербарийге арналған папка немесе пресс – ботанизиркаға қарағанда өте ыңғыйлы.

Гербарий үшін өсімдіктерді кептіру бірнеше күнге созылады.

 Қарапайым пресс  қалыңдығы 7мм екі тақтайшадан өлшемі 20см 45см жасалынады. Жиналған даналарды тақтайшаның арасына оншақты газет қағазын қойып, осы  қағаздардың арасыны салып тақтайшамен жабады. Тақтайшаларды белдікпен қатты тартып байлап қоямыз. Әрбір данаға газет қағазының арасына өсімдіктің атын, қай жерден , қай уақытта алынғанын білу үшін қағаздар салынады. Әр өсімдікті нөмерлеп, ол туралы  қағазға түсініктеме жазылады. Өсімдіктермен толтырылған гербарий папкасын түнге қарай сол күйінде қалдырып қояды. Жақсы кептірілу үшін арасындағы ескі қағазды  үнемі  ауыстырып отыру керек. Сонымен қатар бұл мақсатқа мықты рейкадан қағылған немесе жапсырылған арнайы жасалған сөмкелерді қолдануға болады.Өсімдіктерді кептіру үшін газеттің орнына арнайы қағаздарды қолданған өте тиімді. Өсімдіктер жинау барысында олардың тамырына, гүлі мен тұқымына ұқыпты қарау керек. Тамырды қазу үшін әр кез брезенттен жасалған қорапта кішігірім күрек алып жүру қажет.Тұқымды түссіз қағаздан жасалған қалталарда жинайды, сонымен қатар  онда айқын қолтаңба болу қажет. Орнықтыру барысында өсімдіктерді алдын жақсылап, престеп кептіру керек. Мысалы: оны бір үлкен және ауыр кітап секілді нәрсеге газет қағазбен  орап басып қояды. Жапырақтардың орнын күнделікті ауыстырып отыру керек. Жапырақтар толық кепкеннен соң,  альбом қағазға талапқа сай орнықтырылып , арнайы этикеткамен қамтамасыз етіледі. Өсімдіктердің гүлдерін кептіру аса ұқыптылықты қажет етеді. Олардың ұзақ уақыт сақталуы үшін , бетіне жұқа қатырма қағаздар  жапсырылады. Гербарийге арналған өсімдіктердің гүлі, сабағы, жапырақтары, жемістері, тұқымдары жақсы сақталған, зақымданбаған болуы керек.  Гербарий құрғақ жерде сақталу қажет.  Жиналған және кептірілген өсімдіктерді оқушылар тығыз ақ табақша қағаз бетіне, ал табиғи объектінің қалыңдығы 5 миллиметрден артық болса ағаш рамалы — картон тақтаға жапсырады. Гербарий табақшасының төменгі оң  бұрышына өсімдіктің аты және осы табиғи объекті туралы (гербарий не үшін жасалғанына қарай) этикетка (анықтама карточкасы бар гербарийлерден басқасына) жапсырылады. Әр гербарий табақшасына сол жағынан (өсімдікті түрлі заңыннан қорғау және өсімдік түсін жоймау үшін) жұқа қағаз парағын желімдеп жапсырады.

Мектепте гербарий табақшаларын ретке келтірген дұрыс. Оларды тақырыптарға сәйкес жеке құтыға не папкаға салады.

VI      класс үшін   анықтама   карточкасы  бар   гербарийлерде өсімдіктің қырық түрінің жүз данасы болуы керек. Әр тұқымдасқа 20 гербарий табақшасы болады. Гербарийге өсімдіктерді анықтау 20 нұсқауы және 100 анықтама карточка қоса беріледі. Осы карточкаларды пайдаланып, оқушылар өсімдіктерді анықтау жөнінде лабораториялық жұмыстар жүргізуді қамтамасыз етеді.Гербарийді пайдалану қолайлы болу үшін гербарий материалы бар барлық құтыларды не папкаларды нөмірлеу және олардың нөмірлерін карточкаға жазу керек. Гербарий материалын шаң баспау және оның түсі өзгермеу үшін гербарийді есігі жабық шкафтарда сақтау қажет. Гербарийлерді насекомдар зақымдамау үшін материалды жылына 1 —2 рет инсектицидтермен өңдеу керек.

 

4. Өсімдіктердің табиғи пішінін сақтау отырып кептіру. Шалғындық, орман және су өсімдіктері. Кептіруі қиын өсімдіктер. Кептіру түрлері.

Демонстрациялық және үлестіріліп берілетін материалдардың көпшілігі табиғи кептіріледі. Астық дақылдарының бауларын, кейбір жемістер мен тұқымдарды, ағашқұлақ-саңырауқұлақтың жеміс денесін, қыналарды және басқа ботаникалық  материалдарды құрғату қолайлы.

Астық дақылдарының табиғи жолмен кептірілген бауларын ағаш тірекке орналастыру арқылы сақтайды. Кептірілген тұқым мен жемістерден фабрика өндірісі үлгісіне сәйкес коллекция жасайды.

Құрғақ өсімдіктерден жасалған  гүлдестелерді бақ өсімдіктерімен қатар, шалғын, орман су өсімдіктерінде қолдануға болады. Шалғын және су өсімдіктерінен: қияқөлең, елек шөп (маймақ), қарапайым қамыс, өлең шөп, қоға. Қоға – екі рет жиналады, жаздың басында, гүлдері  қоңыр түске боялмай тұрып,  сабақтары жіңіщке кезінде; және жаздың ортасында масақтары қоңыр тартқанда. Егер қоғаны күзде алатын болса, онда жылы жерде ол  шашылып кетеді.

Гүлдердің көтеген түрлері  қараңғы, салқын жерлерде  жақсы кебеді. Гүлдердің түсін сақтау үшін оларды міндетті түрде тез кептіру керек, ол әрдайым  таза ауасы бар кеңістікте жүзеге асырылады. Жапырығы  жоқ гүлдерді  гүлдерін төмен қаратып алдын-ала бума күйінде байлап іліп қояды.

Егер гүл бумаларының бірнешесі кептірілетін болса, олардың ара қашықтығын  бір-бірінен 10см етіп, тартылған сымдарды орнықтырады.

Өсімдіктерді  ауада кептіруді  көлеңке жерлерде, жерге қағаз төсеу арқылы да жүзеге асыруға болады. Мұндай кептіру түрінде гүлдер түсін өзгертпей, сабақтары пішін сақтайды. Гүлдеу барысында кейбір бақ өсімдіктері өздігінен құрғап қалады, оларды (қызылқұлақ), кепкен сау жапырақтарын алып, сусыз заттарға салып немесе гүлдерін жоғары қаратып тігінен орнықтыру керек. Барлық шалғын, орман су өсімдіктері  суы жоқ вазаларға салып кептіреді. Бұл олардың сабақтары мен жапырақтарын сақтайды. Күнде қалып қойған өсімдіктер тез кеуіп, түсін өзгертіп жібереді.

Кейбір ботаникалық объектілер, олардың көлемдік түрін сақтай отырып  кептіруді қажет етеді. Бұл үшін құм немесе силикагель қолданылады (Н. И. Матвеевтің методы). Өсімдікті осылай кептіргенде табиғи объектінің бояуы мен пішіні сақталады. Бұл препараттарда гүл бөліктерінің және гүл шоғырында гүлдердің орналасуы жақсы көрінеді. Құмда не силикагельде кептірілген өсімдіктерді шынылы қоробқа не шыны қалпақ астына қойған қолайлы (органикалық шыныларды пайдалануға болады). Мұндай препараттардың түсі өзгермеу үшін тығыз жабылатын есігі бар шкафта сақтау керек.

 

5. Композиция негіздері. Композиция құрастырудағы қаңқалардың техникасы. Икебана негізі және принциптері. Өсімдіктерді орнықтыру.

Алуан түрлі гүлдерден неше түрлі композиция жасауға болады. Осыған орай бұрын кездеспеген фитодизайнер, флорист, аронжирлеуші деген жаңа мамандар пайда болып жатыр. Фитодизайн ежелден келе жатқанымен, бізде 10-15 жылдың айналасында пайда болған ағым. Сөзбе-сөз айтқанда фитокомпозиция – гүлдесте. Яғни, фитокомпозиция өсімдіктерден құралып, жасалатын шығармашылық туынды. Гүлдесте әр түрлі өсімдіктердің гүлді бұтақтарын, жасыл жапырақтарын, жемістерін қолдана отырып жасайтын композиция. Бір қарағанда гүлдесте жай ғана бір құшақ гүлдердің жиынтығы сияқты болып көрінеді. Гүлдестенің сыртқы пішіні, көлемі, үйлесім тауып тұрған бояулары және аронжировкасы да белгілі бір заңдылықты орындағанда ғана шығады. Адамға фитокомпозицияның көлемділігі емес, оның үйлесушілік бітімі үлкен әсер етеді.

Фитокомпозицияны 7 стильде жасауға болады:

Көлемді стиль – өзінің атауы айқындап тұрғандай көлемді болады. Бұл стильде форма құрайтын негізгі қаңқа болады да, оны толықтыратын көмекші материалдары бітіреді. Композицияның орталық тік өсі және бірнеше бүйірлері болуы мүмкін, бірақ ашық жері болмайды.

Бидермейер стилі – дөңгелек, ыдысқа қойылатын, дөңгелектеніп жасалынатын композиция. Қойылатын гүлдер басы бір биіктікте дөңгелене қойылады да, сыртқы жиегі жасыл жапырақпен көлденеңінен көмкеріледі. Бұл композицияда гүлдер сабағы көрінбейді, гүлдесте дөңгелек ыдыстың аузынан көп жасалған жоғары орналаспайды. Бидермейер стилінде жасалған композиция әр түрлі жаздық гүлдерден және раушан гүлінің бір түстісінен де жасалады. Көктемде гүлдейтін геофиттерден, дөңгелек вазаның ернеуінен ең жоғары орналастырылған композиция өте әдемі көрінеді. Вазаның жайпақ болуы қажет.

Аралас стиль – көлемді стильді және әртүрлі сызықты стильді де араластыра отырып жасалатын фитокомпозиция. Симметриялық үшбұрышты композиция аралас стилді туынды болады. Аралас стильге – гүлдердің өзімен шеңбер, қабырғаға ілініп қойылатын әшекейленген гүл тізбесі де жатады. Сырт пішіні ағаш өсімдігін бейнелейтін кішкене божай стилімен жанасатын композицияның ағаш діңгегін әсем иілген бұтақ немесе тік, қабығы аршылмаған жас талдың өсінен алу керек. Қойылатын ыдысқа ағаш діңгегін жақсылап орнықтырып цементпен ұстатады. Божай композициясына кептірілген гүл, жасанды бұтақтар да қолданылады. Ағаш ұшына кептірілген гүлдерді қадау үшін, қалың пенопластан кесілген немесе сары губканың бөлігі желіммен бекітіледі, қимылдамастай етіп байланады. Осы жұмыр пенопласт немесе оазис губкалы жан-жағынан кептірілген гүлдермен ашық жер қалдырмай қапталады. Кептірілген гүлдерден шар тәрізді жасалатын форма бойынша сыртқы формалы толтырыла береді. Бұл композицияға материал көп кетеді, кептірілген жидектерді де араластыруға болады.

Абстракты стиль – ешқандай белгілі ерекшелік ережесі жоқ, бірақ барлық бітімі белгілі бір ой туғызатын, жақсы әсер қалдыратын, әдемі көлемді етіп жасалған композиция. Жоғарыда жазылған стильдердің өзіндік ерекшеліктері бар болса, абстракты стильде ол жоқ. Ешқандай стильді білмейтін адам, әйтеуір бір композиция жасадым дегенімен, оның барлығы абстракты жұмыс болып шықпайды. Сонымен қатар еркін стиль,  екеуі өте ұқсас. Бірақ мұндай стильді композицияны шебердің шебері, композициялық шығармашылығы өте жоғары, білімді, нағыз маман адам жасай алады.

Модерн немесе авонгарды стилі соңғы кезде пайда болған. Бұл стильде жасалатын композицияға әдемі тірі гүлдермен қатар, материалдар да қолданылады: шыны, жалтырақ, темір түтіктер, әр түрлі синтетикалық түрлі-түсті моншақтар, капрон жіптермен жасалған тор көз материалдар формасын сақтайтын теңіз жәндіктері, құс қанаты, керамикадан жасалған бұйымдар, көбелек, қоңыз, кішкентай мүсіндер мен алуан түрлі маскалар және т.б. сәндік материалдар. Гүл түсінің бояуы ашық, қанық, қою болуы мүмкін. Гүлдің бір ғана түрінен немесе бір гүл іріктемесінен жасалған гүлдесте монохроматикалық композиция болады. Мысалы, сары түсті раушангүл іріктемесін Глория Дей өсімдігінен жасалған гүлдесте. Аналогиялық гүлдесте үйлесімділік табатын бірнеше өсімдіктерден тұрады. Мысалы, сары түсті лалагүлі, қалампыр гүлі, баршынгүл, нарғызгүл, барқытгүл, сары шырыш, күнбағыс композицияда сары түсті болғанымен, әр өсімдік өз ерекшелігімен құнды.

Византикалық конус стилі – көбінесе бұл стилді кептірілген гүлдерден және жасанды гүлдерден жасау тиімді. Сырт пішіні конус түзетіндей етіп, қолданылатын гүлдер орталық діңгекке қолданады. Конустың өсі түп жағынан жақсылап тұрып қойылатын ыдысқа бекітіледі. Жаңа кесілген гүлдерден де жасауға болады, ол жағдайда «оазис» сияқты ең сорғыш губкамен консутың өзі тұрғызылады да, оның өн бойына қысқа сабақты гүлдер қадалады. Қолданылатын гүлдер түрі конустың бас-аяғына дейін бірнеше рет қайталана беруіне болады. Көлемді стильге қарама-қарсы бір жазықтықта жасалатын стиль де жатады. Бұл композицияның әр түрлі деңгейде ашық жерлері, шекаралары, сырт көзбен қарағанда бөліктері болады. Негізгі қаңқасын ұзын бұтақтан немесе биік өскен гүлден, жапырақтан түзуге болады. Бұл стильді жасау үшін қолданылатын өсімдіктер: тәжігүл, ұзын сабақты раушангүл, баршынгүл, қызылкүрең, алтын шыбық, шамшат, т.б. Осы стильге жататын жапондықтардан тараған Икебана стилі.

Икебана деген сөз – «гүлдерге жан бітіру» деген мағына береді. Икебананың негізгі үш бағыты болады. Ең ұзыны – аспанды меңзейтін тік сызық, екіншісі адамды бейнелейтін бөлік – өс көлбең орнатылады, үшіншісі жердің символы – жерге параллель орналастырылады. Осы үш сызық бір нүктеден шығуы тиіс. Икебанада осы үш бағыт анық көрінуі керек. Икебана стилі рикка, нагейра, морибана деп бөлінеді. Рикка – үлкен залдарға қойылатын, биіктігі 3 метрге дейін жететін композиция. Нагейра – өте қарапайым өсімдіктерді қолдана отырып жасалынатын композиция. Морибана – жайпақ вазалар мен кішкентай табақшаларға кензан арқылы бекітілген композиция. Морибана стилімен жеке бір гүлдің әсемдік ерекшелігін тамашалауға болады. Мысалы, бір ғана гүлжаһан гүлін тамашалау үшін, бір нүктеден қосымша тілдей жапырақ немесе өсі ашыла қоймаған, көлемі кішілеу осы гүл бүршігін шығару арқылы кенфиум гүлінің әдемілігін ерекше көрсету.

 

6. Ботаника пәнінен көрнекіліктер. Коллекциялар және құрғақ препараттар. Дарвинизм негіздері бойынша көрнекіліктер.

Оқушыларды табиғи объектілермен таныстырудың бір әдісі тұқымдардың, жемістердің тыңайтқыштардың және т. б. әр түрлі коллекцияларын дайындау. Коллекциялардың көпшілігі үлестіріліп берілетін материал ретінде қолданылады. Сондықтан мектеп оларды 20 данадан сатып алады. Мысалы, мәдени өсімдіктер тұқымы мен жемістері коллекциялары картон бетіне жасалған дөңгелек ұяға салынған табиғи объектілер. Коллекцияның бетіне шыны жабылған және жиектеріне мата ұсталған. Барлық материал үш бөлікке: жеміс-жидек дақылдардың жемісі мен тұқымы; астық дақылдарының жемісі мен тұқымы; техникалық және бұршақ тәрізді өсімдіктердің жемісі мен тұқымы деп бөлінген. Коллекцияны да, басқа кептірілген ботаникалық материалдар сияқты  сақтайды.

Демонстрация үшін пайдаланылатын көптеген табиғи объектілерді гербарий таблицалары түрінде жасаған дұрыс. Бұл жағдайда объектілерді жұқа тақтайға не картонға жапсырады, оның шет-шеті гербарий таблицаларын сақтау кезінде зақымданудан қорғау үшін, жұқа тақтаймен көмкеріледі. Мұндай таблицаға көбіне схема, сызу, диаграмма және сурет түрінде негізгі мәліметтер жазылады; бұлар негізгі мәселені толық шешуге көмектеседі. Мысалы, картоп түсіміне түптеудің маңызын көрсететін гербарий таблицасында түптеген және түптелмеген жағдайдағы жер асты тамырының өсу дәрежесі мен онда түйнек түзілуін көрсетумен қатар, түсімнің салыстырмалы артуы мен мөлшерінің абсолют сандарын диаграмма түрінде беруге болады.

Мектеп жұмыстары практикасында ботаникадан оқу таблицалары кең қолданылады. Бұлар өсімдіктердің  олардың органдарының және клеткалык құрылысының көп бояулы бейнесі. Кейбір таблицаларда тірі объекті өсетін орта көрсетілген. Табиғи объектілердің таблицадағы бейнесі сыныпта демонстрациялауға нақты объекті жоқ болса, соның орнын толтырады Олар ағаш және бұтаны, тропик өсімдіктерін, өсімдік бірлестіктерін көрсету үшін өте қажет. Тіпті сабақта үлестіріліп берілетін материал жеткілікті болған жағдайда да, оқу таблицалары  өзінің маңызын жоймайды.  Көркемділігі жасалған көп бояулы таблица оқушылардың нақты объекті жөніндегі  білімдерін толықтырады   және   көмекші   роль   атқарады. Қорытынды жасағанда және салыстыру кезінде таблицаның маңызы үлкен. Мұндай жағдайда бірден бірнеше таблицаны пайдалануға болады. Оқушылардың білімін тексеру және бакылау кезінде де,  таблицаның маңызы зор.  Мұғалім оқушылардың өздерінің жауабында сурет, таблица қолдануды үйретуі керек.

Оқу таблицаларын лабораториялық және оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстары кезінде нұсқау ретінде пайдаланады. Мысалы, бөліктері жеке көрсетілген гүл таблицасы табиғи объектінің құрылысымен танысуды жеңілдетеді.

Дегенмен, таблицаны пайдаланудың осындай толып жатқан тиімділігіне қарамай, олар сабақтан табиғи объектілерді ығыстырып шықпауы керек. Оқу таблицасы материалды жақсы түсінуге көмектесіп, оның түсінікті болуын қамтамасыз етуі керек. Оқу таблицаларын пайдалана отырып мұғалім таблицалардын оқу құрал жабдықтары қатарында қандай орын  алатыны, таблицаны қайда және қалай табиғи объектілермен, басқа оқу құрал-жабдықтарымен   ұштастырып   пайдаланылатынын    анық  білуі керек. Таблицаның әр сериясының нұсқауы бар, онда оның сипаттамасы және оларды найдалану методикасы жазылған. Жоғарыда аталған таблицалардың бәрі жұқа ақ қағазға басылған және  оларды  демонстрациялағанда тез жыртылып, тозады. Мұғалім таблицаларды картонға не матаға желімдеп жапсыруды бақылауы керек. Оқу таблицаларын қабырғасы ашылатын шкафтың төменгі секциясына салып сақтаған жақсы. Әр таблицаға нөмір жапсырылады және ол нөмірді карточкаға жазады. Шкафқа таблицаларды нөмір ретімен салады, бұл сабаққа дайындық жұмысын жеңлдетеді. Сабақтың жеке тақырыптарында  пайдаланылатын таблицаларды сынып тақтасының төменгі жағындағы жәшікке салады. Таблицаны тақтаға іліп қою үшін заводтан шығарылатын арнайы ұстағыштар қолданылады. Баспадан шыққан таблицалар мен қатар ботаника пәнін оқыту практикасында колдан жасалған түрлі таблицалар кең колданылады. Жақсы көркемделген және методикалық дұрыс болса мұндай таблицалардың оқу-тәрбиелік маңызы үлкен. Өйткені қолдан жасалған таблицада мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі, оның нақты табиғи және өндірістік жағдайда оқыту практикасы, сабақта белгілі табиғи объектіні пайдалану тәжірибесі айқын білінеді. Оқушылардың өздері жасайтын таблицалары олардың мектеп оқу -  тәжірибе учаскесінде және ауыл шаруашылығы өндірісінде жүргізген тәжірибе-практикалық жұмыстары нәтижесінің графика арқылы көрсетілуі; ал қарапайым түрде оқулықтан және арнайы кітаптап алып үлкейтілген суреті, кейде диапозитивтер мен диафильмнен көшіріп алған сурет болады.

 

7.  Ботаника курсы бойынша ылғалды препараттар. Бейне– таспа, баспа оқу құралдары, нақпішіндер, нобайлар.

Ылғал препараттар дегеніміз шыныға жапсырылған және консервілеуші сұйық (спирт, формалин және т. б.) құйылған шыны цилиндрге батырылған табиғи объекті. Шыны цилиндр резина желімі жағылған шынымен тығындалған. Ылғал препаратпен жұмыс істеу тиімді болу үшін әр оқушы табиғи объектінің барлық бөліктерін айқын қарай алатын болу керек. Мысалы, «Бұршақ тәрізді өсімдіктер тамырындағы түйнектер» препаратынан оқушылар бұршақ тұқымдас өсімдіктер тамырының бір бөлігін, түйнектерді жақсы көруі керек.

Ылғал препараттардың сақталуы жөнінде алдын ала шаралар қолдану қажет. Табиғи объекті ұқыпты жабылмаған  жағдайда, уақыт өте консервілеуші сұйықтықтардың  бірқатары буланады. Препараттарды тексеру және қажеттігіне қарай консервілеуші сұйықты үстеп құю және тығынын тығыз жабу керек. Ылғал препараттарды тығыз жабылатын есігі бар шкафтарға қояды, өйткені күн сәулесі тисе олардың түсі өзгереді.

Мектепте уақытша және тұрақты пайдаланатын препараттар дайындауға болады. Ол үшін табиғи объектілерді формалинге, сирек те болса спиртке, ас тұзы ерітіндісіне, қант сиропы және т. б.салады. Шырынды жемістерді, кейбір тамырсабақтарды және тұтас өсімдіктерді, өсімдік гүлдерін, қалпақты саңырауқұлақ жеміс денелерін осылай сақтауға болады.

Уақытша пайдаланылатын ылғал препараттар дегеніміз — консервілеуші сұйық жалпы ыдыста сақталатын және сол түрінде пайдаланылатын объектілер. Оларды препарат жасау үшін қолданады.

Тұрақты ылғал препараттар шыны ыдысқа салынады және сан рет пайдаланылады. Шыны цилиндрді табу қиын сондықтан мектептерде темірден жасалған қақпақпен (үйде консервілеу әдісі бойынша) жабылған шыны банканы пайдаланады.

Мектепте үнемі пайдаланылатын жалпақ қабырғалы ылғал препарат жасауға да болады (И. В. Козырь методы бойынша). Мұндай препараттар қолдануға өте қолайлы, өйткені объектінің пішінін өзгертпейді, және кажетіне қарай қол не, препарат лупасын қолдануға болады. Сонымен қатар мұндай препараттар сақтау барысында  аз орын алады.

Ботаникадан өте қажетті оқу жабдықтарының бірі микроскоптық препараттар. Микроскоптық препараттардың оқушыларды клетка және өсімдіктердің клеткалық құрылысымен таныстыруда үлкен маңызы бар. Микропрепараттар жиынтығы екі вариантта шығарылады: бір түрлі микропрепараттар жиынтығы (5 бір түрлі зең саңырауқұлақ — мукор микропрепараты) және әр түрлі микропрепараттар жиынтығы («Өсімдіктер сабағы құрылысының әр түрлі типтері» — 16 әр түрлі микропрепараттар жиынтығы).

Микропепараттарды көбіне түрлі анатомиялық және физиологиялық құрылысы анық көріну үшін арнайы бояумен бояйды. Мұндай бояу микропрепараттарды көрнекі етеді. Микропрепараттармен жұмыс істей бастағанда оқушыларға өсімдік препараты құрылысының бұл бояуы табиғи түсі емес екенін ескерту керек. Микропрепараттар жиынтығы негізінде жоғары оқу орындарына арналған дегенмен, микропрепараттардың барлығын орта мектепте қолдануға болады. Мысалы, «Өсімдіктердің көбею типтері» жиынтығынан II микропрепарат қолданылады. Лабораториялық жұмыстар үшін әр тақырыптан 20 бір түрлі микропрепарат (жалпы орта білім беретін мектептерге оқу көрнекі құралдар және оқу жабдықтары тізіміне сәйкес мектепте болатын микроскоп санына қарай) болуы керек. Бұдан басқа әр тақырыптан 3—5 артық микропрепараттар болғаны жақсы, өйткені жұмыс процесінде оқушылар жабын шынысын сындырып алуы мүмкін. Оқушылар микрообъектілермен алғаш танысқанда өсімдіктің түрлі құрылыстарын ажыратуда қателеседі. Объектіні қате түсінуге жол бермеу үшін сабақты микрообъектілерді көрсету және олардың құрылысымен танысудан бастаған дұрыс. Бұл мақсатта микропроектор — микропрепараттың проекциясын экранға түсіретін прибор қолданылады.

Мұғалім көрсеткішпен көрсетіп препарат құрылысын жақсы түсіндіреді, содан кейін оқушылардың мектеп микроскоптары арқылы өздері микропрепараттармен танысуына мүмкіндік береді. Микропроекция лабораториялық  жұмыс кезінде ғана емес, өзінше бөлек те пайдаланылады. Егер мұғалімде 2—3 микропрепарат болса, немесе қаралатын препараттар күрделі болса не оқушылар өздіктерінен танысуға қажеті болмаса, ол микропрепаратты экранда түсіріп түсіндіру, бірлесіп талқылаумен шектелуге болады. Дегенмен микропроектор арқылы көрсету лабораториялық жұмыстың орнын алмауы қажет. Оқушылар микропрепараттарды және өздері қарағанда ғана микроскоппен жұмыс істеуге дағдыланады.

Микропрепараттарды жылу приборынан алыс жерде сақтайды, өйткені микропрепараттарды жасағанда қолданылатын, канада не майқарағай бальзамы жылы жерде жұмсарып кетеді. Жабын шынысы төмен түспеуі үшін микропрепараттарды горизонталь қалпында қою керек. Микропрепараттарды арнайы сөреде сақтау қолайлы, оны жұқа тақтайдан не пластикадан жасайды. Әр сөреге 20 микропрепарат орналастырылады. Бұл сабаққа дайындық уақытын біраз үнемдейді және материал үлестіру кезінде мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді. Сөрені қақпағы бар және бір бүйірінен ашылатын қорапқа немесе шкафқа қоюға болады. Мектеп жағдайында пайдаланылатын микропрепараттар дайындау үшін мектепте ботаникалық объектілер, оның ішінде өсіп тұрған өсімдіктер, бөлме және жабайы өсімдіктер, мысалы қабығынан препарат жасау үшін шалқан пияз, клеткада цитоплазманың қозғалысымен танысу үшін элодея, өсімдіктің устьице аппаратымен тынысқанда жапырақ қабығы препаратын жасау үшін амариллис және басқа өсімдіктер болуы керек.

Уақытша пайдаланылатын микропрепараттардың маңызы үлкен, өйткені оқушыларды өздері дайындайтындықтан оқып зерттеу үшін материал болумен қатар, микропрепараттар дайындауға үйретеді. Мұнымен қатар оқушылар өздері микропрепараттар дайындайтын табиғи объектіні көреді. Бұл өте маңызды, өйткені оқып зерттелетін объектінің құрылысы туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Егер микропрепарат дайындайтын материалды табу қиын болса, одан ұзақ уақыт пайдаланылатын микропрепарат дайындау тиімді.

Мектеп жұмысы практикасында экрандық құрал: оқу көркемфильмдері, кинофрагменттер, кино-кольцовка, диафильмдер, диапозитивтер және кодоскоп, интерактивті тақта кең қолданылуда. Экрандық құрал биология сабағында, әсіресе ботаника сабағында ерекше манызы бар. Фильм керсету өсімдік дүниесінің көп түрлілігін, өсімдіктердің қоршаған ортамен - өзара қатысын, өсімдік организмінде болатын процестерді демонстрациялауға мүмкіндік жасайды. Оқу киносы көмегімен оқушыларды, өздері болмаған аудандар мен облыстардың өсімдік дүниесімен таныстыруға болады.

Баяу түсірудің арнайы  түрі жай көзбен бақылауға болмайтын, баяу жүретін    процестерді — өсімдік    сабағы мен тамырының өсуі, даму және көбею, гүл жаруы, өсімдіктің жарыққа бұрылуы және т. б.—көрсетуге мүмкіндік береді. Микрокино түсіру нәзік структурамен қоса, тіпті онда жүретін процестерді бақылауға жағдай жасайды. Мультипликация көмегімен өсімдік органдары құрылысы схемасын көрсетуге және сөйтіп, ең манызды белгілер жөнінде қорытынды жасауға және абстрактауға болады. Шартты түрде белгілеу жылжып аққан сұйық ағысын, газдар қозғалысын, көбею жеке даму процестерін, жеке физиологиялық құбылыстарды және т. б. көрсетеді.

Оқу фильмдері ғылыми лабораториялардың сырын  ашуға және биологиялық эксперимент жасау мен оның жүрісін бақылауға мүмкіндік жасайды. Экрандық құрал мұғалім жаңа материалды түсіндіргенде сабақта жаңа хабар көзі, өткен материалды қорыту оқушылардың білімін бағалағанда пайдаланылады. Экрандық құрал қолданғанда, мұғалім  басқа оқу құралдарды қолданып түсіндіргеніне қарағанда, белгілі уақыт өлшемінде әлдеқайда көп хабар береді. Дегенмен фильммен жұмыс істегенде жоғары педагогикалық тәжірибеге  қол жету үшін мұғалімнің арнайы дайындығы болу керек. Фильмді биология кабинетінде демонстрациялау керек, өйткені фильм басқа оқу құрал-жабдықтарымен бірге пайдаланылуы және сабақтың үздіксіз бір бөлігі   болуы   қажет.   Осыған   байланысты биология кабинетін қараңғылайды.

Оқу фильмі — дыбысты экрандық құрал. Өсімдік организмінің өсуі мен жетілуін, организмдер арасындағы өзара байланысын  көрсету қажет болған жағдайда фильм орнына бір қалыпты қана көрсететін экрандық көмекші құрал пайдалануға болмайды. Фильмде материал белгілі жылдамдықпен беріледі және стоп-кадрлардың болмауы оқушылардың назарын белгілі бір құбылысқа аударуға мүмкіндік бермейді. Сонымен катар педагогикалық әдісте объектіні қозғалмай тұрғанда мұқият қарап және анализ жасау қажет.

Оқыту ісінде ботаника сабағында диафильмдер мен диапозитивтерді пайдалану кең мүмкіндік жасайды, диафильмдер 30—50 кадрлар болатын лента. Кадрлардың орналасу реті диафильмді қолдану методикасын анықтайды. Кадрдағы әр суретке түсінік берілген.

Сонғы жылдары шығарылған кейбір диафильмдерде материалды өтуде проблемалық әдіс қолданылған. Диафильмге сабақ үстінде проблемалық жағдайлар жасайтын оқу материалдары жалғасқан. Бұл оқушылар білімін кеңейтетін және тереңдете түсетін, тіршілікпен байланыс түзетін хабар материалдары. Кейбір кадрлар сұрақ ретінде келтірілген, бұларға оқушылар фильммен жұмыс кезінде өздігінен жауап қайтарулары керек. Бұл диафильмді пайдаланудың педагогикалық мүмкіншілігін әлдеқайда кеңейте түседі және оны тек хабар кезі ретінде ғана емес, оқушылардың материалды қалай түсінгендерін бақылауға пайдалануға мүмкіндік жасайды, Мұндай диафильмдер: «Дара жарнақты өсімдіктер», «Қос жарнақты өсімдіктер», «Саңырауқұлақтар» және басқалар.

Диапозитивтер - белгілі тақырыпқа арналған жеке кадрлар сериясы. Диапозитивтердің диафильмдерден айырмашылығы: диапозитив сериясынан кадрларды көрсету ретін мұғалімнің өзі белгілейді және кадрдағы бейнелерге кадр ішілік түсінік жазылмаған.  Бұл диапозитивтерді жаңа  материалды түсіндіруде де, оқушылардың білімін бақылау үшін де пайдалануға мүмкіндік береді. Диапозитивтердің, әр сериясына жеке кітапша түрінде түсіндірме нұсқау қосылған. Диафильмдерді арнайы сөреге салып шкафқа сақтау керек. Сөре жылжымалы тартпа, оған диафильм қабының диаметріне сәйкес ойық жасалған. Қабына салынған диафильм сөренің ойығына қойылады. Қабының қақпағына, картотекадағы нөміріне сәйкес келетін, нөмір жапсырылады.

Диапозитивтерді, олар сатуға  түскендегі  қораптарда сақтайды, қорап нөмірі картотека нөміріне сәйкес болады. Оқулық кино, диафильм және диапозитивтер көрсету үшін мектепте қажетті проекциялы аппараттар болу керек. Оқытудың ен маңызды техникалық құралы жаңа проекциялық аппарат— кодоскоп; кодоскоп арқылы жарық бөлмеде де демонстрациялауға болады. Ол мөлдір объектілерді (оның, ішінде көлемдік объектіні де) және диапозитивтерді демонстрациялауға арналған. Сонымен қатар кодоскоптың мөлдір ленталы қайта орайтын тетігі бар. Осы лентаға мұғалім сабақ кезінде қажетті жазу жазады, сурет салады, оларды сол экраннан көрсетеді.

Кодоскоп диапозитивтері — мөлдір пленка кадрлар сериясы, оның әрқайсысында жалпы суреттің бір бөлімі ғана бейнеленген, кадрларды ретімен бірінің үстіне бірін келтіру арқылы экранға объектінің тұтас бейнесі түсіріледі. Бұл объектінің жеке бөліктерін ретімен көрсетуге, өсу циклінде әрбір сатыға талдау жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, гүл құрылысын өткенде мұғалім алдымен гүл тостағаншасын, күлтесін, аталықты, аналықты, содан кейін тұтас гүлді көрсете алады. Кодоскоп диапозитивтерінің кейбіреулерінде жазуды жауып тұратын қара перде болады. Бұл оқушылар білімін бақылауға қосымша мүмкіндік береді. Диапозитивтердің әр сериясы, оны қолдану методикасы жөнінде нұсқау берілген.

Ботаника курсының бірқатар мәселелерін оқып үйренгенде көлемдік бейне — муляж бен модель пайдаланылады. Муляж — табиғи   объектінің    көшірмесі,    мұнда   объектінің мөлшері, пішіні және реңі дәл көрсетіледі. Өнеркәсіп муляждар жиынтығын және әр түрлі жемістердің, калпақты саңырауқұлақ жеміс денесінің муляждарын шығарады.

Муляждар сабақты табиғи объектілермен қамтамасыз етуге мүмкіндік болған жағдайда пайдаланылады. Көбінесе муляждарды стеарин массасынан жасайды. Пайдаланған кезде мұқият, жемістерді сағағынан көтеруге болмайды және  оларды қолданғанда аса ұқыпты болу керек. Муляждарды мақтаға орап жылытқыш приборлар алыс жерде картон қорапта сақтайды, өйткені температура жоғары болса олар пішінін өзгертеді.

Модельдерде муляж сияқты,  көлемдік бейнелеу,   бірақ  муляждан айырмашылығы   объектіні дәл бейнелемейді, оны схема түрінде көрсетеді. Схема түрінде көрсетудің  мәні — оқушылардың назарын аударуы қажет маңызды белгілерін айқын көрсету. Олар табиғи объектінің үлкейтіп схема түрінде берілген бейнесі. Мұндай модельдерде VI класс ботаника курсында өтілетін тұқымдастарға тән белгілер айқын көрсетіледі. Көрнекі болу үшін гүлдің кейбір бөліктері жеке бейнеленеді. Мысалы, капуста гүлінде мұндай бөлік желек, екі аталық (біреуі үлкен, біреуі кіші) және аналық болады.

Модельдерді сәйкес табиғи объектілермен бірге пайдалану керек. Модельдердің өздерін ғана пайдалану оқушыларға табиғи объектілердің құрылысы  жөнінде теріс ұғым тудыруы мүмкін. Модельдерді пайдаланғанда және сақтағанда олардың оңай сынатын материалдан (папье-маше) дайындалатынын, сондықтан ұқыпты болу керек екенін ескеру қажет. Модельдерді шкафта бөлшектенген күйде, картон қорапта сақтайды. Модельдерді демонстрациялаған кезде приборларды демонстрациялағандай,

 

8.  Зоология курсы бойынша оқыту құралдары. Омыртқасыздар зоологиясы  бойынша тірі және  өңделген табиғи нысандар. Зоологиялық коллекцияларды жинауға және дайындауға арналған құрал-саймандар.

Омыртқасыздар зоологиясы  бойынша тірі табиғи нысан ретінде: өрмекшінің тұрағын шыны ванналарда немесе аквариумдерде жасауға болады. Сонымен қатар, өрмегін құратын станок Шербаков станогын жасау қиындық тудырмайды. Оны рейкалардан немесе фанерден жасайды. Барлық құрылғыларын құмы бар бутылкаға бекітеді. Бутылканы ішінде суы бар ыдысқа салады. Ені ыдыстың диаметірінен бірдей болуы тиіс, сондықтан оны жан-жағын су қоршап жатқандықтан, өрмекші ешқайда кете алмайды. Суды 2-3 күнде ауыстырып тұрады. Бірнеше күннен соң станокта өрмекшінің өрнегі пайда болады. Өрмекшілердің түрлеріне қарай станоктар әртүрлі болуы тиіс. Шаршылы өрмекшіге Т не бүйірімен жатқан П әрпіне ұқсас станок, ал үй өрмекшісіне бұрышы картоннан жасалған станок ыңғайлы.

Көптеген  шыбын -  шіркейлер  үшін  жарық  тамаша  тұзақ  болып  келеді.  Коллекция үшін  алтыаяқтыларды  аулаудың ең ыңғайлы түрі жарық аулары. Ол үшін аулау  уақыты  тура, дұрыс  таңдалу керек. Мысалы : көбелекті  аулау  үшін  ақ  бөздің  бөлігін , жерге  қағылған  қадаға  іліп, шамды  матаның  арт жағынан  қоямыз. Шыбын – шіркейлерді,  аулау  үшін  жарық түскен  терезенің көмегімен де жүзеге асырылады.  Бұл әдістердің  жетістігі,  өте қарапайым, кемшілігі :  шыбын  -  шіркейлерді  жинау, үнемі қадағалану керек. Оларға:

Металдық  құйғыны   электір  шамының   астына іліп,  оның аузына  спирті  немесе   бензині  бар  стаканды  бекітеміз. Шыбын -  шіркейлер құйғыға  құлап, қабырғамен төмен сырғып   стаканға түседі.

Әмбебап  жарық  аулары   ағаш  жиектермен  тартылған  матадан  тұратын   есігі, жоғары  бөлігінде   шамамен  3-см  саңылаулар  бар жәшік. Онда шыбын – шіркейлер жәшікте жасырылған  шамның көмегімен қабырғаларына   қонып, саңылауға енеді.  Оларды  кірген  жолмен  шығады  деп қауіптенудің  қажеті  жоқ. Іш  жағынан  саңылау  қара  болып  көрінетіндіктен, шыбын – шіркей  оған  жетуге  ұмтылмайды. Майда  жәндіктер аудың төменгі бөліміне түседі. Оларды жинауды  жеңілдету  үшін   аудың  түбін  жылжымалы   ретінде  жасайды. Жарық  торлары  үшін   қуатты  шамдар  қолданылады. Егер  электр   шамдары   қолданылса,  қуаты   100 – 150 ваттан  төмен  болмауы  керек. Далалық  тәжірибеде  жарық ауы ретінде  автокөліктің  жарығын, немесе   арнайы  сынап – кварцтық    шамдар  қолданылады. Ал   жаңбырлы   ауада    жарықтың  еш  қажеті  жоқ.  Сан  түрлі  шыбын – шіркейлердің, әр – түрлі  жәндіктердің  өмірлері  осыған  байланысты, болғандықтан, олармен  таныс болу керек.  Бұл  шыбын – шіркейлер,  өлшемі  бойынша кіші  және  көзге  байқала  бермейді.

Қи шыбындар  мен  қоңыздадың қөрегі, көбейю орны. Көп  ұзамай қи  қабықпен   жабылады.  Егер  оны  түртетін  болсақ   көптеген  қоңыз   жолдарын, шыбын  личинкаларын  көреміз. Апта өткеннен кейін олар қуыршақтанады, уақыт өте жер  бетіне шыбын – шіркейлермен қатар түрлі  жәндіктер  шыға   бастайды. Қижегіштер мен  өліжегіштерді жинау  әдісі  ұқсас. Оған  металдан  жасалған  күрекше, пышақ, морилка   қажет. Қи  мекендеуіштерін жинауда  мынадай  тәртіпті  ұстану  керек. Сіздің  көлеңкеңіз  тез және  сақ    ұшатындарды  үркітпес үшін,   қи  үйіндісіне  мідеттті  түрде  күнге  қарсы   жақындау .Шыбындарды  жылдам және  тез  сачокпен  аулайды. Марилкадан    оларды  суға тастау  арқылы , жуады. Тездету  үшін  судағы  насекомдарды  қыл  қаламмен  немесе   таяқшамен  қозғауға  болады.

Топырақтағы   насекомдарды  жинау  үшін  жерді  30 – 40см  қазу  керек. Зерттеу  барысында    топырақтың  қай бетінен  қандай  насекомдарды  тапқан  жайында  жазып  отырған   жөн. Коллекция үшін насекомдарды  алдымен   жуып, сонан соң жансыздандыру  керек.  

Кептіру   кезінде   кейбір  жәндіктер  өз  табиғи түсін   өзгертіп, қурайды. Мысалы; хан  қызының қызыл түсі  өзгеріп, қоңыздар мен шегірткелерді  кептірген  кезде  қою  қара  түске айналады,  ал  инеліктің  көк  сызықтары  мен  дақтары  жойылады. Дақтар әр жәндікті тану тәсілі сияқты амал. Сондықтан, ханқызына  эфир мен хлорофордың орныны  шылым исімен жансыздандырса, олар өз  түстерін қатты  өзгерпейді.  Инеліктің бүйіріндегі ашық бояуларды сақтап қалу үшін ,  оларға ақэтан қолданады. Жәндіктерді жансыздандырғаннан соң, оны  қанатынан  ұстап, ақэтанға  басқы бөліміне жеткізбей , тек денесін батырмыз. Ақэтанда  жәндікті 2сағат, сонан соң 1 сағат эфирде  ұстап мақталы матрасқа орластырамыз.

 

9.  Жерді мекендейтін омыртқасыздарды жинау / жәндіктерден басқа/ ерекшеліктері. Оларды жансыздандыру, орнықтыру.

Басқа  бунақденелілер  сияқты  денесі үш  бөліктен емес  екі  баскөкірек  және  құрсақтан  тұрады.  Өрмекші тәрізділердің  хитінді  жабыны  басқа жәндіктердікі  секілді  мықты емес. Өрмекшітәрізділерден  басқа бұл бөлімге  пішеншалғылар,  кенелер  жатады. Өрмекшітәрізділер  басқа бунақденелілермен  салыстырғанда аз зерттелген.  Бұл  бунақденелілерді  өсіруге қызығушылар да аз. Олар барлық жерде тіршілік етеді. Егісте, бақшада, бөлмелерде яғни кездеспейтін жері жоқ.    Өрмекшілердің ішінде улы және қауіптілері де бар. Улы өрмекшілерді ешқашан қолмен ұстауға болмайды. Оларды ұстау ұзын пинцеттермен немесе марилкамен жүзеге асырылады.

Өрмекшіні аулаудың негізгі әдісі - қолмен жинау. Өрмекшілер аулағанда сочокты қолдану ыңғайсыз. Ең дұрысы өрмекшіні пробиркаға салып, оған анықтама қағазын жапсырып мақтамен бекіту. Олардың денесі майда түкшелерден тұрады. Осы себептен де бір пробиркаға бір түрге жатса да,  және бір жерден тапсаң, да бірнеше өрмекшілерді салуға болмайды. Аталық өрмекшілерден аналық өрмекшілер кіші болады және жиі кездеседі. Майда өрмекшілер өте шапшаң, оларды тез  сочокпен алу керек. Бұлардың көбі тастың астында, қабықтардың тесігінде тіршілік етеді. Бұларды аулау, жасырын тіршілік ететін жәндіктерді жинау барысында қолданылатын тәсілі арқылы жүзеге асырылады. 

Інде тіршілік ететін трантулды ұстау әдісі ерекше. Әдетте інді, егесі шыққанша сумен толтырады. Осы кезде оны пинцетпен ұстап алу немесе кішкене сочокпен ұстап, арнайы приборға салу қажет. Трантулды ұстаудың басқа жолы – қармақпен ұстау. Қармақтың рөлін смоланың жапысқақ бөлігі атқарады, оны қалың жіпке қадап інге салады.

Бұлардан басқа өрмекшілерден өзіне тән ұзын аяқтарымен және білінбейтін құрсағымен ерекшеленетін - шөп шалғыштар. Шөп шалғыштарды бұлай атау себебі оларды ұстаған кезде, олар өз аяқтарын үзіп тастайды. Бұл шөпшалғыштың өзіне тән қорғану тәсілі - екі не бір аяғын кейін пайда болмаса да жоғалту. Сегізаяқты шөпшалғыштар көп кездеспейді. Көбіне бес, алты, жеті аяқты шөпшалғыштарды көреміз. Шөпшалғыштар - жасырын тіршілік етеді. Олардың мекен ортасы - ағаштың қабығының, ескі құрылыс ағаштарының және тастың асты. Оны сочокпен аулауға болмайды, шөпшалғышты бүтін қолға түсіру үшін, үстінен банкамен жауып, кейін төңкереміз. Банкадан арнайы приборкаға салып аузын мақтамен бекітеміз. Бунақденелі концервантты сұйықтыққа салмас бұрын оны пинцетпен ұстауға ыңғайлы болуы үшін хлороформға батырылған мақтаны ішіне салып қатырады.

Сарышаяндар басқа өрмекшітәріздішлерден өзіне тән сыртқы құрылысымен ерекшеленеді. Біздің ТМД да сарышаяндар Қрымда, Закавказда,  Қазақстанның оңтүстігі мен Орталық Азияда кездеседі. Сарышаяндар - түнде тіршілік ететін жыртқыш жәндік. Күндіз оны дымқыл тастардың астынан, қабырғалардың жарылған жерінен, қоқыстардан табамыз. Бұлардың барлығы улы болғандықтан бұларды жинауда сақ болған жөн. Өрмекшілерден айырмашылығы бұлардың кейбіреулерінің жақтары улы және құрсағының соңғы бөліміндегі құйрық деп аталатын бөлігінен шағады. Уы өте қауіпті болады.Оларды ұстаған жерде үстіне 70% спиртке салып жансыздандыру қажет.

Жалған құршаяндар- ұсақ өрмекшітәрізділер, сарышаяндарды еске түсіреді. Олар қабық астында, кітап парағының арасында, кейбір кемірушілердің інінде, ара ұяларында кездеседі. Бұлар аз қозғалатын усыз жәндіктер, сондықтан бұларды жинау қиынға соқпайды. Сольпугалар (фланга) ТМД да Оңтүстікте ғана кездеседі. Жәндіктің сыртқы құрылысы басқа өрмекшітәрізділерден, сыртқы түктерімен және жақтарымен ерекшеленеді. Сольпугалардың улы бездері жоқ, бірақ олардың шаққаны қауіпті. Сольпугаларды жинауда, бір пробиркаға екі сольпуганы салмаңыз - олар умаждалып, түктері түсіп қалады.

Өрмекші тәрізділер сияқты көпаяқтылар да аз зерттелген. Ең ірі көпаяқтылар тропикалық ормандарда кездеседі. Біздің елімізде Солтүстікке қарағанда, Оңтүстікте жиі кездеседі. Бұлар өздерінің үлкен емес өлшемдерімен және жасырын тіршілік етуімен ерекшеленіп, өздеріне назар аудартпайды. Оларды жинау үшін тіршілік мекенін білуіміз қажет. Олардың сыртқы құрылысы ерекше: денесі ұзын, көптеген бөліктерге бөлінбеген, аяқтары көп. Көпаяқтылар құрғақ жерлерде, тас астында тіршілік етеді. Бұлардың арасында күшті жақтарымен қаруланғандары да бар. Оңтүстік аймақта тіршілік ететін сколопендердің  шаққан уы ауыр болады. Солтүстік және Орталықта тіршілік ететін көпаяқтылар қауіп тудырмайды. Бірақ оларды қолмен емес, пинцетпен алып, бір пробиркаға бір ғана жәндікті салған дұрыс. Үлкен көпаяқтылар мен кіші көпаяқтыларды, бір-біріне қатты зиян келтіргендіктен бірге салмаған жөн.

Есекқұрттар құрлықта тіршілік етуге бейімделген шаянтәрізділерге жатады. Бірақ құрғақ жерлерде есекқұрттар сирек кездеседі. Оларды тастың астында, жапырақтар арасында жиі қаранғы және дымқыл жерлерде кездестіреміз. Есекқұрттарды қолмен жинаймыз. Олардың терісі қатты, құрғақ панцермен қапталған, сондықтан оларды еш сақтықсыз бір пробиркаға бірнешеуін сала беруімізге болады.

Жауын құрты - ең көп таралған және бәріне белгілі жәндік. Ол жайлы кез-келген зоология кітабында жазылған  және бұларды жылы жазғы түнде, жер бетіне шыққанда жинаған ыңғайлы. Оларды жарықтың көмегімен жинау қиын емес. Жақсы жауыннан кейін жауын құрттардың көп санын бақша мен ашық жерлерден кездестіреміз. Ең ыңғайлысы жауыннан кейін жер бетіне шыққан жауын құрты таза болатындықтан, оларды жуудың қажеті жоқ.

Ұлулардың бақалшағы ертеден табиғатқа қызығушыларды өзіне қызықтырған. Оларды тек қана мамандар ғана емес, табиғатты қызығушылар да жинайды. Ұлуларға мұндай қызығушылық кездейсоқ емес, себебі ұлуларды жинау және сақтау басқа жәндіктерге қарағанда оңай. «Моллюска» қазақша былықылдақ денелі деген мағына білдіреді. Жәндіктердің бұлай аталу себебі олардың денесі жұмсақ, былқылдақ денелі және көбінесе бақалшақпен қапталған. Көптеген ұлулар теңіздерде және тұщы суларда тіршілік ететін жануарлар, олардың жерде тіршілік ететіндері аз. Жерде тіршілік ететін ұлулар құрсақаяқтылар тобына жатады және олар ауамен тыныс алады. Жер ұлуларын шөптермен және жапырақтармен қоректенетіндіктен өсімдіктерге бай жерлерден іздеген жөн. Олардың көбі топырақ немесе шіріген жапырақтың арасында болады. Күн ысыған сайын ұлулар көлеңке мен дымқыл іздеп төмен түседі. Сондықтан ашық күндері бұталар, ағаштың бұрыштарын, жапырақтардың астын ұқыпты қараған жөн. Ұлуларды жаңбырдан кейін және ерте таң атпай жинаған  ыңғайлы. Бұл уақытта былқылдақденелілерді жапырақтардан және өсімдіктердің сабағынан кездестіруіміз қиын емес. Күн ыстық күндері ұлуларды шөптерден, төсемдердің астынан, тастардың астынан іздеген жөн. Ұлуларға бақалшағын түзу үшін көмірқышқыл, кальций керек. Мұны олар сыртқы ортадан алатын тамақтың құрамынан алады, сондықтан  олар өсімдіктердің ұлпалары кальций тұздарына бай топырақтарда тіршілік етеді. Кей-кездері бұлардың көптеген санын әктасты жартастарда  кездестіруімізге болады. Кейбір жер ұлуларының бақалшақтары толығымен жойылған:  шырышты немесе жалаңаш ұлулар.

Ұлуларды коллекциялауда олардың бақалшағын теңіз жағалауынан жинау қиынға соқпайды. Ұлулардың жақсы коллекциясы тек мектеп экспонанты емес, өлкелік музей үшін де құнды әрі қызықты экспонант болады. Бірақ, көптеген ұлулар- ауыл шаруашылығының зиянкестері. Көбіне олардан  оңтүстіктегі жүзім бақтары зиян шегеді, себебі кей кездері ұлулар жүздеген гектар жүзім бақтарының жапырақтарын жеп қояды. Көбінесе су ұлулары-үй және жабайы жануарлар үшін қауіпті аурулар тасымалдаушы болып табылады. Оларды қолмен кез-келген өлшемдегі пробиркаға, коропқа, банкаларға көлеміне қарай салып жинаймыз. Ұлулармен бірге олардың мекен ортасынан табылған өсімдіктерді де алған жөн. Егер сіз оны шалғында анықтай алмасаңыз үйге әкеліп анықтауға болады. Анықтама қағазына олардың қоректенетін өсімдігін де жазған жөн. Суреттер, фотосуреттер және ұлулардың кемірген жапырақтарының гербарилері үлкен қызығушылыққа ие. Мұндай өсімдіктерді алу үшін ұлуларды бірнеше уақыт тірідей ұстауға тура келеді. Басқа жәндіктерге қарағанда ұлулар ылғалды көп қажет етеді. Сондықтан бақшаның жоғарғы жағы булануды тоқтататын  дәкемен емес, шынымен жабылған жөн. Өсімдікті сумен бүркеп және екі – үш күнде суын ауыстырып тұрады. Бақша күн сәулесі жақсы түсетін жылы жерде тұруы керек.    

 

10.  Коллекция үшін жануарларды таңдау. Жинаған жәндіктерді түзету және сақтау. Жәндіктерді жұмсарту және түйреу.

Көптеген бунақ денелілерді, әсіресе көбелектерді орнықтыру алдында табиғи кейпін сақтау үшін  түзетіп  алуды қажет етеді. Бұл жұмыс үшін арнай түзеткіштер немесе қарапайым қолдан жасалған түзеткіштер қолданылады.

Ол үшін екі кішкене тақтайша алынып, арасынан 1 см саңылау қалдырылады.

Төмен саңлаулардың шетінен қатты ағаш желіммен шөлмек тығындарының пластинкалары немесе жұмсақ картонның кесіндісі желімделеді. Саңлау науа тәріздес көрініс береді.  Бұл науаның тығын немесе картон түбіне түйреуішпен түйреп, көбелектің денесін салу керек, ал оның қанаттарын тақтайшаға жабыстырады. Тақтайшаларды түйреуіштер оңай кіретін жұмсақ ағаштан жөке немесе көктеректен жасау керек.

Морилкалардан алынған жансызданған жәндіктерді орнықтыру алдын жұмсартуды қажет етеді. Жәндіктер жұмсақ кейпінде қалу үшін оларды ылғалмен қанықтырылған жабық ыдыстарға орнықтырылады.  Осы мақсатты толық қамтамасыз ететін ыдыстар эксикаторлар болып есептеледі.

Эксикатор түбіне қалыңдығы 1-2 см таза өзен құмы салынады. Құмда ешқандай бактериялар болмау үшін оны алдын, 15-20 рет суын ауыстыру арқылы жуып аламыз. Сосын  консеві банкасына салу арқылы құмды кептіріп, эсикатор түбіне бірдей қалыңдықта салып, қайнаған су құйямыз.  Суды барынша көбірек , бірақ құмның бетіне қақ болмайтындай етіп есептеп құйу керек.  Егер судың мөлшері жеткіліксіз болса, онда жәндіктер қажетті жағдайда жұмсармауы мүмкін, сондықтан уақыт өте эксикаторға су құйып тұру керек болады да, ол эксикатордың ішінде қалыпты ылғалдықты сақтауға мүмкіндік бермейді.

Құмның үстінен 2-3 қабаттап фильтірлі қағаз төселеді. Эксикатордың түбіне бактериалар бомас үшін тимол немесе карбон қышқылының бірнеше түйірін саламыз. Жұмсартуға арналған ыдыс әр уақытта тығыз жабылуы керек.  Тек қажет жағдайда, жәндіктерді алу немесе салу үшін ғана ашылу керек.  Эксикаторларда жәндіктердің жұмсару уақытын нақты айту мүмкін емес, себебі біз ондағы ылғалдылықты тұрақты бір қалыпта сақтай алмаймыз. Ал, жәндіктердің жұмсарғанын анықтау, пинцет немесе түйреуіштер арқылы түртіп көру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар жәндіктердің эксикаторларда шамадан тыс болуы, олардың тіптен жұмсап, түзету барысын қиындатуы мүмкін. Жәндіктерді эксикаторлардан алған соң оларды түйреу керек болады.

Түйреу арнайы энтомологиялық түйреуіштерде жүзеге асырылады.  Энтомологиялық түйреуіштер болат сымдардан, үстінен қара лак жағу арқылы  жасалады.  Олар үлкен емес басшалардан аяқталады. Барлық түйреуіштер бірдей ұзындықта жасалады: 38-40 мм, бірақ жуандықтары әр-түрлі болып келеді. Қалыңдықтарына байланысты олар әр-түрлі нөмірленеді;

000; 00; 0; 1; 2; 3; 4; 5. Түйреуіш қалың болған сайын оның нөмірі жоғарылайды. № 00 жіңішке, №3 жуан түйреуіштер сирек қолданылады.

Ірі жәндіктер үшін (ірі қоңыз, тікқанаттылар, инелік, көбелектер) № 3, кейде онанда жуандау түйреуіштер қолданылады.

Жәндіктерді түйреуге қысқа және қалың конселярлық инелерді қолдануға болмайды. Қажет жағдайда тігін машинасының инелерін қолдануға болады.  Жәндіктерді түйреу алдын, түйреуішті сыртқы парафин қабатынан тазалап алу керек. Тазалау бірнеше қабаттап алынған матаға түйреу арқылы жүзеге асырылады.

 

11. Кермек су омыртқасыздары. Оларды жинау ерекшеліктері. Жерасты және су омыртқасыздарын жансыздандыру және сақтау.

Сулы орта жәндіктерінің тіршілік жағдайлары тіптен өзгеше, сондықтан құрлық жәндіктерінің тіршілік жағдайларынан бірден ажыратуға болады. Суды мекендеушілерде әр-түрлі бейімдеушіліктер қалыптасқан, сондықтан құрлықты мекендеушілерді гидробионттардан сыртқы пішіндеріне қарап бірден ажыратуға болады.

Таспа су фаунасы -  суды мекендеушілердің арасында қарапайымдардан бастап омыртқасыздардың арасында біршама біріккен насекомдармен аяқталатын омыртқасыз жәндіктердің әртүрлі систематикалық топтары бар. Суды мекендеуші жәндіктер суаттардың әтүрлі бөлімдерінде ілініп тұрады және олардың мінез-құлығы мен мекен ету ортасының ерекшелігіне байланысты экскурсия кезінде оларды аулау тәсілі әртүрлі болады. Көптеген жәндіктер судың түбінде тіршілік етсе, кейбіреулері тіпті топыраққа көміліп жатады (су шаяндары, қосқанаттылар дәрнәсілдері, суқұйғыштар дәрнәсілдері, сүліктер).  Мұндай жәндіктерді үздіксіз бақылау қиын: оларды судан тек аулағыш тордың көмегімен аулауға болады. Көптеген жәндіктер өздеріне мекен және қорек таба алатын су өсімдіктерінің  қопасында тіршілік етеді. Макрофитке бай су қоймаларының учаскесі ашық жер учаскесіне қарағанда әрқашан жануарлар әлеміне бай болып келеді. Қопаны мекендеушілерді аулағыш тордың көмегімен аулаймыз, сонымен қатар судан алынған өсімдіктердің сабағына, жапырағына, тамырына үздіксіз қарау арқылы табамыз. Өсімдіктерде әсірісе судың беткі бөлімінде қалқып жүрген жапырақтардың астынғы жағынан әртүрлі жәндіктердің жұмыртқалары кездесуі мүмкін, оларды сол жапырақ бөлімімен бірге жинайды. Үлкен шалшық немесе аздаған батпақ сияқты уақытша суқоймалар су мекендеушілеріне бай келеді. Көктемде және жаздың алғашқы айларында мұндай суларда өзгеше шаянтәрізділер- желбізек тыныстылар және қалқаншалар көбейеді. Олар әдетте жақсы жарық түсетін жерлерде болады.

Ағынды сулардың аса маңызды факторы ағыстар болып табылады. Жәндіктерді мекен ету орныннан алып кететін алып механикалық күш ретінде ағыстар оларда ағысқа төтеп беретін морфологиялық факторларға бейімдеушіліктің пайда болуына әкеледі. Ағынды суларда ағыстар-үлкен маңызы бар фактор. Ол ерекше кейіп бере отырып фаунаны жасайды және жәндіктердің мекен ету ортасы бойынша таралуына үлкен роль атқарады. Гидробионттардың тіршілігіндегі ағыстардың рөліне байланысты тұнуы су жәндіктерін екі экологиялық топға бөледі - реофилдер немесе тезағысты су мекендеушілері және миофилдер немесе жайағысты және тоспа суларды мекендеушілер. Өзен ағысы бойлай жүре отырып, судың беткі қабатында жүзіп жүрген жәндіктерге көңіл аударуға болады – олар су өлшегіштер (водомерки) және айнамалар (вертячки). Өзен жағасына жақын өскен құрлық өсімдіктерінің сабағында және су өсімдіктерінің судан шығып тұрған сабақтарынан амфибиотикалық жәндіктердің соңғы түлеу кезіндегі түскен хитинді қабатын (экзувий) жиі кездестіруге болады. Су өсімдіктерінің сабағы мен жапырағында суқұйғыштардың дернәсілдері тіршілік етеді. Бүл жерде су қандалалары мен қоңыздар, сонымен қатар бауыраяқты  моллюскаларды кездестіруге болады.

Өзеннің ағысы төмен құмды жерлерінен қосжақтаулы моллюскаларды – перловиц, айқұлақ, шаровок  және горошин, сонымен қатар ручейник және басқа насекомдардың әсіресе қосқанаттылардың дернәсілдерін кездестіруге болады. Одан басқа бұл жерде волосатиктер, жуан құрты, су шаяндарды, көптеген острокодалар мекендейді. Түбі тасты тез ағысты өзендердің жәндіктері құрамы мен бейімдеушілігіне байланысты өзгеше болып келеді. Бұл биотоп әдетте өзеннің тұңғиығында болады және реофилдерге тән орныққан, көпшілігі тастың астынғы жағында тіршілік етеді.

Жануарларды, жәндіктерді консервленген сұйықтарда сақтау барысында олардың өлшемдері мен пішіндері сақталғанымен, табиғи түстері мүлдем өзгереді. Кейбір жануарларды (жұмсақ денелілер) консервлеуші ерітінділерге салсақ, қатты жиырылып, оларға тән дене пішінін жоғалтады. Мысалы: сүлік, жауын құртты. Ұлулар басқы және аяқ бөлімдерін бақалшықтарына жинап жансызданады. Мұндай құбылыстарды болдырмау  үшін, олар алдын ала анестезацияланады, яғни сезімсіз қалыпқа келтіру, бұлшық ет талшықтары әлсізденгенде, дене жазылып, жануар тітіркендіруге жауап беруді тоқтатады.  Әлсіз жануар консервлеу сұйықтығына орнықтыруда жиырылмайды.

Анестезациялау заттарының ең көп тараған түрі хлоралгидрат және ағылшын тұзы. Жануар орнықтырылған ыдысқа, осы заттардың түйіршіктерін бірнеше сағат бойында біртіндеп қосады. Әр қосқан сайын суда олардың концентрациясы жоғарылап, жануар сезімталдығын жоғалтады. Кейде спирт, формалин тамызу арқылы жүзеге асырылады. Анестезациялау барысында улы затты біртіндеп қосу керек.

Консервілеу сұйықтықтары ретінде көбіне 70% спирт и 4% формалин қолданылады.  Сатылатын спирт күштілігі 96 о  ал, жануарларды фиксациялау үшін оларды 70о дейін сумен сұйылтады. Өте күшті спирттерде жануарларды сақтауға болмайды, себебі оларды қатты әрі сынғыш күйге түсіреді.  Жануарларды сақтауда 65о төмен спирттерді қолдануға болмайды, өйткені өте әлсіз ерітінділерде олар  шіри бастайды. Спиртті дистилденген немесе қайнатылған сумен сұйылтады. Қарапайым су тұнба түзетін минералды қоспаларды құрайды. Қажетті концентрацияға сәйкес 96о спирттен қажетті көлем өлшеніп алынады да, 96мл дейін су құйылады. Жануар спиртке орнықтырылған соң, оның концентрациясы  жануар ұлпасы құрамындағы судың есебінен  өзгереді. Сондықтан, орнықтыру барысында жануар өлшеміне сай, спирт  3-4 күннен соң жаңадан ауыстырылып отырады.  Жануарлар өз  қалпында сақталу үшін, спирт жануар көлемінен 3 есе артық болған жөн. Сондай-ақ, жұмыс барысында 4%- тік формалин қолданылады. Формалинде жәндіктердің түссізденуі спиртке қарағанда төмен. Сонда да омыртқасыздарды  консервілеуде формалинге қарағанда, спирт жиі қолданылады. Себебі формалиннің бірқатар кемшіліктері де бар:

  1. Формалиннің спиртке қарағанда улылық  дәрежесі жоғары. Сондықтан жұмыс жасау барысында аса ұқыптылық қажет, ол  қолды құрғатып, оның буы көзді жасауратып, басты ауыртады.
  2. Спирттен айырмашылығы, формалин суықта қойылып, 0о төмен градуста қатады.
  3. Кальций тұзын еріту мүмкіндігі жоғары.

Денесінің құрамында СаСО3 бар жануарларды формалинде сақтауға болмайды. Сатып алынған формалинді қолданар алдын 9:1 қатынасындай сумен сұйылтады. Сұйылту үшін: формалинді плиткада ақ-түсті тұнбаның жоғалғанынша қыздырып, тұнба еріген соң, су қосып ерітінді қайнатуға дейін жеткізеді.

Консервлеу сұйықтығының ең қарапайым түрі – ас тұзының қаныққан ерітіндісі. Тұзды жылы суда, ерімейтін тұнба түскенше араластырады. Оның түсуі қаныққан ерітіндіні білдіреді. Ерітіндіні сүзіп, суытады. Көптеген майда омыртқасыздарды  тұз ерітіндісінде бірнеше ай ғана сақтап, соңында спирт немесе формалинге орнықтырады. Жануарларды арнайы спирт, формалин толтырылған приборларға орнықтырып,  этикет- калькаға тушпен жазылу арқылы жүзеге асырылады. Этикетті жақсылап кептіріп, приборға, банкаға таңбаны оны алмай-ақ оқи алатындай етіп орнықтырады. Пробиркаларды мүмкіндігінше банкада тығыз қатармен , қимылдамау үшін олардың арасына  мақталы марастармен толтыру арқылы орнықтырады. Төменгі қатарды банканың бетіне тікелей салмай, оған мақта матрасын төсейді. Мұндай мақталар әр қатардың арасына да орналастырылады. Жоғарыға дейін банканы спиртпен толтырып, қақпағымен ең жоғарғы пробиркалардың арасына мақта матрасын салады.  Жақсы орнықтырылған банкаларда ауа көпіршіктері болмау керек. Банканы сілкігенде, олардың бір-біріне соғылғаны естілмеу керек. Банка аузы кең , биіктігі онша үлкен емес, түбіне пинцетпен жететіндей болу керек. Пропканың диаметрі аузының диаметрінен біршама үлкендеу болса, ол тығыз жабылады. Алдын пропканы ыстық суда буландыру, оны еркін жабылуына мүмкіндік береді. Егер қақпағы пласмасс болса, оған қосымша резинкалы прокладка жасалынады. Өлшемін қақпақпен бірдей етіп қырқып , қақпақтың ішіне желімденеді. Спирт немесе формилин сұйықтықтарын ашпай, ұзақ уақыт сақтайтын болса (1 айдан көп), қақпақты немесе пропканы парафин  талшықтарымен немесе арнайы заттармен желімдейді. Сақталу барысында оларды үнемі қадағалап, қажет болған жағдайда спирт, формалинмен  толтырылып, егер сұйықтық сарғылт тартып, тұнба түзсе, күңгірт тартса, жаңалау керек.

 

12. Зоологиялық /омыртқасыздар/ коллекцияларды көркемдеу жолдары. Зоология курсы бойынша микропрепараттар.

Омыртқасыздар коллекциясын  көркемдеу екі түрде жүзеге асырылады: ылғалды және құрғақ күйінде. Яғни жәндіктердің және басқа да жануарлардың систематикалық коллекциясын құрғақ күйінде сақтау тиімді болып келеді.

Энтомологиялық қорап - жәндіктердің коллекциясын сақтауға және экспозицияны дайындауға қажетті құрал. Жәндіктерді түйреуге арналған қорапттар әдетте дайын күйінде пайдаланылады, қажет жағдайда қолдан жасалады. Қорапты ағаш немесе қатты картоннан жасауға болады. Ағаштан жасалған қорап мықты болғанмен, оны жасау күрделі және  уақытты көп қажет етеді. Картоннан жасау, уақыты үнемдеуге тиімді.  Дұрыс жасалған қақпақ қораптың төменгі бөлігіне тура келісуі  керек. Қораптың берік болуы үшін желімделген бұрыштары сирек болу керек. Қорап түбінің қақпақ кигізетін жоғарғы бөлігіне жіңішке фанель жабыстыруға болады. Бұл жағдайда қорап қақпағы жақсы жабылып, жәндіктердің жақсы сақталынуын қамтамасыз етеді. Түбіне бір қабат пенопласт, фенополиэтилен, престелген торф, немесе сол сияқты басқа да материалдар 10-20 мм қалыңдықта төселінеді. Қорап ішінен бойлай бекітілген ені 4 см қағаз жолақ жапсырылады да, оның бір бөлігі қабырғаға, екінші бөлігі пенопластқа бекітілуі қажет. Қорапқа насекомдарды, арнайы түйреуіштер арқылы бекітіп, бұрышына нафтолин  пакеттін  жабыстырамыз.     Көп жағдайда қораптың түсін қаралау қағазбен және коленкормен желімдейміз. Жәндіктерден басқа объектілерге арналған шыны қораптардың  дайындалу тәсілі жоғарығыдай, бірақ  оның түбіне тығыз төсеніштер салу шарт емес.

Этикеттерді энтомологиялық қорапқа  түйреуішпен түйреу арқылы бекітеміз.  Бұл – коллекцияларды қайта өңдеуге,  орнықтыруға және де экземплярларды ауыстыруғы ыңғайлы болып келеді. Қораптың жоғарғы жағына, көбінесе ортасына таман коллекцияның тақырыбы туралы мәлімет  орналастырылады. Жәндіктерді бірдей қатарға, бірдей ара қашықтықта орнықтырамыз.

Этикет – әр жануарға сәйкес орналастылады. Коллекцияны кім және қашан жасағаны туралы мәлімет жазу керек. Мұндай жазуды әр қораптың төменгі және жоғарғы оң жағынан көруге болады. Бір қорапқа шамамен бірдей көлемдегі экземплярлар түйіреледі, себебі, оқушылардың назарына тек үлкен және ашық түсті жануарлар түседі де , ал майда жәндіктер көрінбей қалады. Мысалы, бір қораптың ішіне ірі көбелектер, инелектер және де майда өрмекшілер  орналастыру тиімсіз. Егер бір қораптың ішінде әр түрлі систематикалық топқа жататын жануарлар көрсетілсе, олардың үлкендігіне қарамастан бір туысқа жататын жануарлар түрін орналастырамыз да  әр топтың түрін, түсін, туысын білдіретін ортақ жазумен қамтамысыз етеміз.   

Қораптағы коллекцияға қарағанда, жайма тақтадағы коллекциялар туралы  мәлімет берудің мүмкіндігі көп. Жайма тақтада олардың әртүрлі пішіндерін  көрсетуге болады, сонымен қатар, оны көркемдеуге оңай болып келеді. Оған суреттер, кептірілген жануарларды, ылғалды препаратты да орнықтыруға  болады. Жайма тақтаны фанерден немесе қалың картоннан жасаймыз. Фанердің іш жағынан рейкамен рама қағып, ал бет жағын қағазбен жабамыз. Жайма тақтаны көркемдегенде ашық түстен алшақ болуымыз керек, себебі мұндай түстер оқушының  назарын басқаға аударып, көздің жанарын алады. Ашық түсті фонды тек майда жәндіктерде және шағын суреттерде қолданамыз. Жазудың шрифты қойылатын объектінің өлшеміне сай болуы керек. Ірі әріптер майда жануарлардың жанында  немесе майда әріптер үлкен  жануарлардың жанында орналасса, бүкіл коллекцияның сәнін құртады. Әріптер қарапайым шрифтермен, этикеттер арнайы қалам немесе тушь арқылы қолтаңбамен жазылады. Коллекцияны орнықтыру алдында, оған эскиз жасау керек, ол алғашқыда шағын, ал кейіннен үлкендеу болады. Материалдың жайма тақтада мықты орналасқанын қадағалау керек, себебі оларды қайта бекіту,  егер коллекцияны – шыны каропқа  жасаса, қиынға соқпайды, фанерлі жайма тақтада жасау мүмкін емес.

Суреттерді, этикет және жазбаларды қағазға немесе картонға сұйық столярлы желіммен жабыстырамыз. Желімді қағаздың артқы бетіне тура және жұқа етіп жағамыз. Артынша суреттерді щитке қоямыз, бетін газетпен  немесе түрлі жұқа қағазбен жабамыз. Кейде суреттердің  бұрышы мен шетін желімдейміз. Майда жануарларды, өсімдіктерді жайма тақтаның  жоғарғы жағына,  жайма тақта мен объектінің арасына мақта қойып, столярлық желіммен жабыстырамыз.

Ірі жануарларды орнықтыру барысында,  үлкен және ауыр объектілер үшін, арнайы таяқша жасап, жайма тақтаға сол арқылы бекітеміз.

Жәндіктердің даму коллекциясы үшін, личинканың  формасын, түсін қалыпты көрінісін сақтап өз қалпында  қатыру керек.

1. Тәсіл ; олардың денесін парафинмен толтыру жолы қолданылады.

2. Тәсіл; құрттарды мумификациялау - Мумификация  жасау  ұзақ  уақыты  қажет   етеді.  Сондықтан  мүмкіндігінше ересек, ақ  түсті  жәндіктерді  қолданамыз. Жұмысты  жасау  үшін  60, 75, 85, 96  спирт, ксилол,  кішкене пенцет, шыны  ыдыстар  қажет.

3. Тәсіл; құрттарды  үрлеу. Құрттарды  сақтаудың  кең  тараған  түрі  -  үрлеу. Үрлеу  үшін құрттарды тәулік  бойы  аш қалдыру керек. Бұл мүмкіндік көбіне  бояуы  анық ірі  құрттарға арналған.

 

13. Омыртқалылар зоологиясы бойынша тірі табиғи нысандар. Оларды лаборатриялық жағдайда орнықтыру тәсілдері.

Мектеп жанындағы оқу-тәжірбие алаңы да биоглогияны  сапалы оқытуда маңызды материалдық базаның бір құрам бөлігі. Биологияны оқыту практикасында мектептің оқу-тәжірбие алаңының рөлі аса зор. Тәжірбие алаңында оқушылар биология сабақтарында игерген теориялық білімдерін тереңдетіп өз қолдарымен практикалық жұмыстар жасайды. Сол себепті жануарларды күту, баптаудың практикалық біліктілігін игереді, бақылау дағдылары қалыптасады. Мектептің оқу-тәжірбие алаңын жасауды тыңғылықты педагогикалық ойланылған жоспар құрудан бастау қажет. Оқу-тәжірбие алаңы мектеп ғимаратында жақын орнласуы тиіс.     Оқу-тәжірбие алаңы биология пәнінің зертханалық және практикалық жұмыстарының бөлімшесі ретінде болғандықтан онда биология пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес жануарларды  оқытуда және сабақтан  тыс, сыныптан тыс жұмыстарда жан-жақты пайдалануға болады. Террариумдар жасап онда қосмекенділерді, жорғалаушыларды(суық кездері тірі табиғат мүйісіне  ауыстыруға болады), ұсақ сүт қоректілерді ұстау мүмкіндігі бар.

Тірі табиғат мүйісі  арнайы  бөлмеде (реті келсе) немесе биология  кабинетінде орналасатырылады. Табиғат мүйісінде жануарлар мен өсімдіктер  ғана сақталмайды, ол-сабақта және сыныптан тыс, сабақтан тыс жұмыстарда бақылау мен тәжірибелер  жүргізілетін орын.  Бұнда оқушылардың пәнге  деген  қызығушылыған , танымдық қызығушылығын  арттыру , балалардың ой - өрісін кеңейту мүмкіндігінің зор екендігі сөзсіз. Кез  келген мектепте  тірі табиғат  мүйісінің болуы оқушылардың мәдинетіне, әсемдік дамуларына және оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін шешуде ықпалы зор. Табиғат мүйісін жасауда бірінші мәселе-оқу үрдісінде пайдаланатын тірі нысандар орналастыру. Оқушылар бұл жерде бағдарламаға сәйкес бақылаулар жүргізіп, тірі нысандармен тәжірибе жасайды. Оқу тәжірибе алаңы сияқты бұл жерде  де жануарлармен өсімдіктерді  ұзақ бақылау зерттеушілік біліктіліктің дамуына ықпал етіп, сарамандық жұмыстың ыңғайындағысын игеріп, тірі табиғаттың көптүрлілігінің куәсі болады. Биология кабинеті  мен оқу тәжірибе алаңын ұйымдастырған тәрізді тірі табиғат мүйісін жасауда да оқушылардың ат салысып, белсене араласқаны жөн. Жануарлардың орналыстырылуы және оларды ұстау биологиялық , санитарлық-гигиеналық ережелерге сай болуы тиіс. Ұстаздың кеңесімен балалар жануарларды күту және бақылаудың күнделігін құрып, кесте  жасайды. Тірі нысандармен  жұмыс істеу барысында оқушылардың еңбек мәдениеті , біліктілігімен дағдылары қалыптасып, табиғатқа деген аяушылық және қамқорлық сезімдері оянып көзқарастарына әсер етеді. Жануарлады орналыстырғанда олардың жарыққа, ылғалға, торпаққа , жылуға деген талаптары ескерілуі керек. Осыған байланысты, ылғалды жердің, құрғақ ауданның қоңыржай белдіктің деп топтарға біріктіріліп орналыстырлады. Аквариумде балықтар, моллюскаларды және су өсімдіктері, террариумде жануарлардан басқа мүктермен ылғалды жер өсімдіктері болады. Тірі табиғат мүйісіндегі барлық нысандар құжаттар мен этикеткалар әрбір тірі нысанның жанына – бекітіледі.  Құжаттарда мекндейтін ареалдары, қазіргі ұстаудағы орны, жасы жөнінде мәліметтер беріледі. Тірі нысандарды алып келмес бұрын оларды ұстайтын орын (аквариумдер , терраруимдар, торлар ) және қоректерін дайындап алу керек. Әртүрлі аквариумдер мысалында су жануарларының   әртүрлерін үйлесімді ұстау мүмкіндігін көрсетуге болады.    Бунақденелерді ұстау және  бақылау үшін тірі табиғат мүйісінде инсектариум болу керек. Онда бунақденелердің даму үрдісіндегі түрленуді бақылау қолайлы. Жауын құрттарын ұстауға, әртүрлі бақылаулар  жасауға арналған қамбаны қолдан жасауға болады .

Террариумдарда  жорғалаушылар мен қос мекенділерді ұстау тиімді. Оны жабдықтағанда сонда ұсталатын жануардың мекен ету ортасын ескеру қажет. Қосымша жылу қажет болса оны электр лампасы көмегімен беріп, ылғалдылықты арнайы пластик ыдысқа ылғал құм салу арқылы қамтамасыз етуге болады .

Құстар мен  ұсақ сүт қоректілерді  әртүрлі көлемді торларда немесе вольерлерде орналастыру керек . Онда торларды арнайы жем қалталармен астаулармен жабдықтайды. Құстар үшін құс торының кергіші (қонақтау орны) және сүт қоректілер үшін олар тығыла алатын арнайы үйшік ойластырылады, үйшіктермен жем қалталар және астаулар қалыптары жануарларды қолға ұстаудың белгілі талаптарына сәйкес болуы шарт.

Жануарларды қатар –үлдірлік –сөрелермен ағзаның жарықпен жылу талабын ескере отырып орналастырылған орынды. Құстар, жорғалаушылар  және бір қатар омырытқасыздарды жарығы  молырақ жерлерге қарай , ал қос мекенділер мен жасырын тіршілік ететін бунақ денелілерді жарығы өткір емес, шамалы жерлерге  орыналыстыру керек. Көпшілік жануарларды қоректендіру кезінде шартты рефлекстердің  қалыптасуын қадағалауға арналған тәжірбиелерге  және олардың даму  ерекшеліктерін ұзақ бақылауға  пайдалануға  болады.  Жануарлардың әртүрлі  қоректің қайсысын таңдап алатынын , оладың  ұрықтану  кезеңіндегі  күйлеулерін (көбею кезіндегі мінез - қылықтарын) бақылауға және шартты рефлекстермен байланысты  тәжірбиелерге және т.б. бақылуға болады. Тірі табиғат мүйісінде  әртүрлі  көлемдегі  тірі нысандырды  ұстау, ұстаздан  осы жұмыстарды тыңғылықты ұйымдастыруды талап етеді. Жануарларды  ұстауда, оларға  алдын-ала қорек дайындау қажет.

Сонымен тірі табиғат мүйісінің  құрамы  және  онда атқарылатын жұмыс, тірі табиғат  нысандары  жөніндегі оқушылар білімінің жетілуіне себеп  болады, оларды дамытады,  бақылауды үйретеді,  танымдық қызығушылық  және әсемдік  (эстетикалық) талғам қалыптастырады, биологиялық мамандықты таңдауға бағдарлайды, тірі нысандарды күтіп баптаудың  еріктік  сапалары мен еңбек  дағдысын  шынықтырады, топтасып, ұжымдасып еңбек етудің ыңғай- дағдысына  тәрбиелейді.

 

14. Омыртқалылар зоологиясы бойынша , табиғи  препаратталған оқыту құралдары. Табиғи  препаратталған оқыту құралдарын өңдеу және сақтау.

Таксидермологиялық жұмыстар өте ежелден белгілі: археологиялық зерттеулер мен көркем әдебиеттерде әртүрлі жануарлардың табиғи бейнелері сипатталады. Белгілі ғалымдар К.Е.Воробьева, И.Залесский, Н.Н. Плавильщиков, В.В.Мальцев, И.А.Тупиченко, М.А.Заславский, С.С.Туровтардың еңбектерінің арқасында химиялық, физикалық және механиалық тәсілдермен қатар, таксидермологиялық әдістер дами түсті. Бұл ғылыми әдіс жануарлар мен жәндіктерді көп уақытқа дейін табиғи түрінде сақтауға үлкен әсерін тигізеді. Жасалынатын тұлыптардың сапалы болуы көбіне ұсталған құстардың өмір сүрген ортасына, қолданылған химиялық ашытқылар мен басқа да компоненттерге байланысты.       

Құс тұлпын дайындаудан бұрын олардың былғанған қауырсындарын жылы сабын сумен жақсылап жуып, мақтамен құрғатып тазарту керек. Қуырсынды гипспен араластырылған картоп ұнымен құрағатады (50% ұн, 50% гипс). Тұмсығы мен клоакасын мақтамен бітеп, майысқан қауырсындарын бірнеше секунтқа ыстық суға малып алады да, оларға қалыпты күйін береді. Теріге қауырсындары түспес үшін сулаудың қажеті жоқ. Алдын ала өңдеуден кейін құсты төрт бағыт бойынша өлшеп, көзінің, қауысынының  түсін және басқа да ерешеліктерін жазып алу керек, ол  оның түрін анықтау барысында қажет. Тұмсығын жарты метрлі ұзындықта мықты жіппен , астыңғы тұмсығымен қоса мықтап байлайды. Осы жіптің көмегімен терісін сыпырған соң басын кері тартады.

Тұмсығы мен клоакасын былғанған мақтадан қайта тазарту керек. Сонан соң кеудесіндегі қауырсындарын аша отырып, ортасынан қанатының ортаңғы бөлімінен клоакасына дейін кеседі. Кесінді жасаған соң оның терісін скальпелдің тұтқасымен немесе үлкен саусақтың көмегімен төмен қарай сыпырған жөн. Жұмыстың басынан соңына дейін , қауырсындардың былғанбауы мен жапыспас үшін оған картоп ұны немесе еленген ағаш үгінділерін үнемі сеуіп отыру қажет.

Арты аяқтарын тізе бынынан не жамбас буынынан қайшымен кесіп, теріні сыпыруды тырнақпен жүргізе отырып, басына қарай мес етіп сыпырамыз. Қанатқа келгенде оны иық буынынан кеседі. Онан әрі теріні мойны мен бастан ажырату үшін орташа ірі құстарда (басының үлкендігі мен мойнының ұзындығына қарай) теріні бас пен мойнының жалғасар жерінде желкесінен не алқымынан (тіккенде білінбейтіндей жағынан ) ұзынша бас сиятындай етіп тіледі. Басты теріден ажыратқан кезде есту мүшелерінен  қалталарын пинцеттің көмегімен шығарып,  көздің айналасын (қабағын ) өткір кішкене қайшымен айналдыра кеседі. Тері тұмсыққа дейін сыпырған соң, оны мойнынан бастың негізінде кеседі.

Теріні майдан бензиннің көмегімен тазартып, аталған әдіс бойынша қауысындары түзетіледі. Қанаттары мен аяқтары еттен тазартылады, басы төменгі жақ пен жоғары жақтың байланысын бұзбай , тілін, басқа да жұмсақ ұлпаларын сылып алып, көз алмасын алып тастайды. Миды екі жолмен тазартады: біріншісі қарақұс арқылы, екіншісі мисауыты негізінде сүйектерді ою арқылы.

Тазартылған көз алмасы мен бұлшық еттерден тазартылған бос орындар мақта немесе папье-маше қоймалжыңымен толтырылады.

Негізгі тірек сым жалпы құс ұзындығынан 1,5 еседей ұзын болады, себебі сымның екі ұшы ұшталады, қанат пен аяқтарға жіберілетін сымдарды бекіту үшін мойын негізінен жамбас шұқырына дейінгі өлшемге сәйкес сымды екі жерден сақиналайды.  Мойынның ұзындығы мен жуандығына байланысты алдынғы сақинаның алдынан мақта, жөкені жіппен орап жасанды мойын жасайды. Тазартылған бастағы көз шарасына жасанды көз орналастырады. Егер ондай мүмкіндік болмаса көз шарасын гипс , алебастер не иленген сазбен толтырып моншақты батырады. Балықтың қабыршығының жиектерін тіліп, кеппеген «көзге» кигізеді. Бас қаңқасының басқа ой - шұңқырларын мақтамен толтырып, бастың өзін мақта қабатымен орап, улы ерітіндімен тағы бір өңдеп теріге кигізеді.

Бұдан әрі қанаттың сүйектерін бойлай ұшталған жіңішкелеу сым өткізіп, оның ұшын қанаттың ішкі жағынан шығарады да, сымды сүйектерімен қоса бұлшық ет мөлшеріндей етіп мақта, жөке орайды да теріге кигізеді. Аяққа салынатын сым жуандау, қуыс денесін ұстап тұратындай болу керек. Сымның өткір ұшын табанынан шығарады. Сымдарды, ораманы, теріні улы ерітінділермен өңдеп отыру керек, әрі тері оңай кигізіледі, тері өңделеді. Осылардың бәрі дайын болған соң жасанды мойынды басқа бекітеміз. Ол үшін мойын терісін қайта теріс айналдырып, сымның өткір ұшын ми сауытының ортасынан тесіп өткіземіз, теріні абайлап мойынға кигіземіз. Ескертетін жағдай тірек сымдағы сақиналар құстың бауыр жағына бағытталуы қажет. Көз айналасын, қауырсындарын табиғи қалыпқа теріні ине, пинцет т.б. қозғау арқылы келтіреді. Осы жұмыстар атқарылған соң, құстың қауырсындары майыспау үшін жұмсақ төсеніш (мақта, жөке ) үстіне жатқызып, қанатын аяқтың сымдарына сәйкес сақиналарға өткізіп, қозғалмайтындай етіп бекітеді. Бұдан әрі терінің ішін толтыру басталады. Сымдарды ұшынан тартып әр буындарда иіндер жасайды. Терінің ішін мақтамен не жөкемен аз-аздап толтыра береді. Ірі-ірі  тығылса, тері біркелкі керілмейді. Біртіндеп толтырып, қолмен сипап, жөндеп, табиғи мөлшеріне келген соң теріні тігеміз. Тігуді ара қашықтығын 1 см етіп айқастырып тіккен дұрыс. Тігіс ортада болу керек, қатты болса тері жыртылады. Мақта орнына ағаш үгіндісін ,  күріш т.б. қауыздарын қолдануға болады. Толтырылған материалдарға нафталин, хлорофос 2-5 гр.  араластырып, қосса зиянды жәндіктерден қорғайды. Қандай затпен толтырылса да құстың табиғи пішінін сақтауға тырысу керек. Дайын тұлыпты тұғырға отырғызу үшін оның қанаттарын, басын, аяғын белгілі жағдайларға келтіруді алдын ала қойған мақсатқа сәйкестендіру қажет. Жұмсақ тірек сымдар алғашқы кезде (тері кепкенге дейін) құстың табиғи отыру бейнесін келтіруге оңай көнеді. Тұғырлар әр түрлі болуы мүмкін – тақтайша, бұтақ, ұя. Тұрғыларды аяқтың алшақтығына байланысты сымға сәйкес бұрғымен тесіп, сымды өткізіп бекітеді.

 

15.  Омыртқалылар қаңқасы. Олардың түрлері мен дайындау жолдары. Омыртқалылар ішкі мүшелерінің ылғалды препараттары.

Омыртқалы жануарлардың қаңқасы екі түрге бөлінеді

  1. толық, барлық элементтерімен бірге
  2.  тірек қаңқа, омыртқа жотасы бас сүйегімен

Толық қаңқа дайындау үшін ірі балық алынады  (1-2кг), тұқы балық  тұқымдасынан болса, өте жақсы (тұқы балық, алабұға, тобан балық), себебі олардың сүйектері біршама ірі және берік. Балықты столға қойып, құрсақ қуысын кесіп, ішкі органдарынан  тазартады. Сонаң соң арқа бөлімінен тігінен кеседі ( құйрығына дейін). Терісін сыпырып, омыртқа жотасын бұлшық еттерден тазалау кезекпен,  қабырға мен құйрығын алдымен бір жағынан, сосын келесі жағынан тазартылады.

Басын алдынғы белдеуден және құрсақ жүзбеқанаттарынан кеседі. Сосын сүйектерді бұлшық ет қалдықтарынан жақсылап тазалайды. Ол үшін қаңқаны бірнеше секундқа қайнаған суға батырады да, сосын скальпель немесе қатты тіс щеткасының көмегімен бұлшық еттерден тазалайды. Омыртқа жотасы мен қабырғаларды біріктіріп тұрған, байланыстарды бұзып алмау үшін, қабырғаларды тазалау аса ұқыптылықты қажет етеді. Қайнаған суда қаңқаның қабырғалары босап кетуі мүмкін, сондықтан онда қаңқаны көп ұстамау керек. Тазалау барысында қайнаған суға қаңқаны ұзақ уақыт салғаннан гөрі, аз уақытқа бірнеше рет малып алған  жөн. Ірі балықтарда, жұмысты тездету үшін, құйрық омыртқасын бөліп алады. Басты алдымен желбезектерден, көздері мен ірі бұлшық еттерден тазартып, сонаң соң балықтың бас сүйегін 20-30 секундқа қайнаған суға салады да тағы да тіс щеткасымен тазартады. Тазаланған қаңқаны тәулік бойы суға батырып, 3% л сутегінің  асқын тотығымен толтырады. Оттегінің бөліну процессін тездету үшін, ерітіндіге аздап тазартылған сода себеді. Сонда көпіршіктердің үлкен мөлшері сүйекке отырады да, ағару процессі жоғарылайды.  Сүйектер ерітіндіде толығымен ағарғанша жатып, соңында кептіріледі. Жұлынмен бірге қаңқаның барлық ұзыңдығы бойынша құйрығына дейін арқа омыртқа жотасы арқылы сұр түске боялған сым өткізеді. Сымның алдыңғы ұшына басын кигізіп, артық сымды кесіп тастаймыз. Төменгі құйрық омыртқа жотасынан иненің көмегімен қызыл (артериялық түтікше) және көк бау (парсыз құйрық венасы) өткізіледі. Баудың орнына жалпақ түрлі-түрлі жіптер алуға болады. Құрсақ жүзбеқанаттарын омыртқа жотасына сымдар мен қабырғалардың ұштарымен бірдей биіктікте , 5-6 омыртқа жотасының арасына ілеміз. Кепкен желбезектерді тістерімен бірге бастың  астына тақтайға жабыстырады да, қаңқаны қондырғыға орнықтырады.

Алабұға тірек қаңқасы үшін барлық жүзбе қанаттары мен басын денесінен кесіп, сүйектерін тазалау жұмыстарын жүргізеді. Қондырғыға қабырғалары мен бірге омыртқа жотасын және бас сүйегін орнықтырады. Жүзбеқанаттары мен желбезектерін қаңқа астына тақтайға жабыстырады. Жүзбеқанаттар алдын ала түзетіліп, кептіріледі. Қаңқаны шаңнан, сынып қалудан сақтаудың алдын алу, деманстрациялауда оңай алынатын шыны қақпақтармен жабады.

Құс қаңқасын дайындау үшін өлшемі қаздай ірі құс алған жөн, себебі ірі құстармен жұмыс  жеңілдеу болады. Құсты алдын ала қауырсыны мен ішкі органдарынан тазартады. Сосын терісін сыпырып, төс, аяқ, қанаттарындағы бұлшық еттерін кеседі. Жанбас бөксе суставтарынан аяғын, иық белдерінен ажыратады. Басын, мойнын, құйрық омыртқасын, бөксе сүйектерін жеке, сонымен қатар төс сүйектерін қабырғаларынан және төс омыртқасын бөлудің  қажеті жоқ. Сүйектерін бұлшық еттерден скальпель  және қисық пышақтардың көмегімен тазартады.

Мойыннан бұлшық еттердің тазалануы  қиындық тудырады, сондықтан тіс щеткасымен тазалау барысында бірнеше рет  қайнаған суға салып алады. Егер мойнын қайнаған суда ұзағырақ ұстайтын болсақ, омыртқа жоталары бір-бірінен еркін бөлінеді. Тазаланған соң омыртқа жоталары белгілі реттілікпен сымға орнықтырылады. Басын бірнеше минутқа қайнаған суға батырып, артқы бөлімінен тесік арқылы,  иілген сымның көмегімен  мидан тазартылады. Иық белдеуінің сүйектерін тазалау барысында сүйектерді біріктіруші байланыстарды бұзып алмау қажет. Аяқ саусақтарының тазалауда, сіңірлерін сақтау шарт. Себебі, ол саусақтарын шашырап кетуден сақтайды.

«Тыныс алу мүшесі» препаратын дайындау үшін, көлемі бір литр биік және ұзын  шыны банка алынады, оның ішіне  еркін енетіндей шыны кесіп аламыз. Банканың биіктігі объектінің биіктігіне сай болу керек, орташа үлкендіктегі балықтың желбезегін жүрегімен қосып, шыны ыдыста сыйымды болатын есеппен алады. Келесі балықтан  бір желбезек доғасын күлтелері және аталықтарымен бірге ,  ал келесі доғаны тек аталықтарымен бөліп аламыз.  Желбезек күлтешелерін бөлек өңдейді.  Бұл төрт объектіні; желбізектері бүтіндей, аталық және күлтешелерімен бірге доға, доға күлтесіз және бөлек күлтешелерін – ақ жіппен шыныға бекітеді, олармен шыныны айналдырып орап, қабырғасына байлап қояды.  Жіптерді кесіп кетпеу үшін,  оның астына шынылырдың қырына  ақ қағаздан төрт бұрыштап қағаз қояды  немесе  егеу арқылы шының қырларын дөңгелетеді. Желбезек доғаларын, күлтешелерін  және таңбаларымен этикеттерді шыныға желатиннің көмегімен бекітеді. Ол үшін шыныны шамалап қыздырып, нысанды бекітетін орынға тамшы формалин тамызып, щеткамен ыстық желатин алып, оны тез арада шыныға жағылған формалинмен араластырады да тез арада нысананы  жайлап  басу арқылы шыныға орнықтырады.  Осы қоспамен шыныға препараттың астына этикетті желімдейді. Желатинмен жұмыс жүргізу барысында келесідей шартты орындау қажет; нысынаны дұрыс және тез желімдеу; шыны және нысана құрғақ болу; формалинді желатинге мүмкіндігінше аз қосу керек. Шартты орындамаған жағдайда, шыны банкаға орнықтыру барысында желімі ажырап, нысана түсіп қалады. Нысананы шыныға желімдегеннен   10-15 минут соң, оны 3% формалинге саламыз.  Шыны мықты бекіну үшін банканың аузы мен қабырғаларының арасына резина тығындардың кесіндісін бекіту керек. Ақ түсті нысандарды қара фонда орнықтырамыз.  Ол үшін бірдей өлшемде екі шыны алып арасына сондай өлшемде қара түсті қағаз орнықтырамыз.  Шынылар ажырап кетпеу үшін, оларды жоғары және төменгі жағынан қара түсті жіппен байлаймыз

«Балықтың ас қорыту жүйесі» препаратын дайындау үшін ұзындығы 15 см кем емес балық алынады. Іш перде қуысын кесіп, ішкі органдарын және басын қысқа өңешімен бөліп аламыз. Асқазан және ішектерін майдан тазартады.  Препаратталған ас қорыту жүйесін басымен бірге шыныға жіппен байлайды.  Басын өлшемі сай келетін шыныға байлап, ішектерін артқы тегісігінің маңына бекітеді.

        

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. А.Мырзабаев. Биологияны оқыту әдістемесі. Қарағанды.
  2. А.М.Розенштейн, Н.А. Пугал, Использование средств обучения на уроках биологий,  М., «Просвещение», 1989 г.
  3. Э. Сергеева, Мир цветов, Ростов-на-дану, Феникс, 2006
  4. А.Мозговая, Каркасные букеты, Изд.дом., Ниола 21-й век
  5. С.А.Кивотов, Изготовление наглядных пособий по ботанике и основами дарвинизма. М., 1954 г.
  6. С.А.Павлович, Сомодельные коллекций по ботанике,М., 1961
  7. Н.М.Верзилин, Общая методика преподавание биологий                                                                       
  8. М.Козлов, Е. Нинбург, Ваша коллекция, Сбор и изготовление зоологических коллекций,  М., «Просвещение», 1971 г.
  9. В.М.Душенков, К.В.Макаров,  Летняя   полевая   практика по зоологии беспозвоночных.
  10.  В.Ф.Шалаев, В.Б.Богорад, А.И.Никишов, Е.Т.Бравкина, Методика обучения зологии. Пособие для учитей. М, Просвешение, 1972
  11.  В.И.Круковер, Аквариум и террариум, Этрол, Лада, 2004
  12.   И.С.Житников, Самодельные наглядные пособия по зоологии позвоночных,  Учпедгиз, 1954 г.
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-05 20:51:59     Қаралды-15664

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »