UF

Республика дәуіріндегі Рим.

 

Жоспар

  1. Республиканың алғашқы кезеңіндегі экономикалық қатынастар
  2. Плебейлер мен патрицилер. Валерий-Гораций және Канулей заңдары. Римнің Апенин түбегін жаулауы.
  3. Рим карфаген қайшылықтары.
  4. Бірінші Пуни соғысы, себептері, салдары.
  5. Екінші Пуни соғысы, себептері, нәтижелері.

 

1. Республиканың алғашқы кезеңіндегі экономикалық қатынастар.

Б. э. дейінгі V—IV ғасырлар бойында партицийлік аристократиялық республика конституциясының бірте-бірте қалыптасып, даму процесі жүріп жатады. Тек патрицийлерден ғана сайланған  барлық  магистраттар (қызмет бабы адамдары) сенатқа бағынды. Ақсақалдар кеңесінен сенат бірте-бірте өзінін құрамы жағынан патрицийлік, үнемі жұмыс істейтін мемлекеттік органға айналады. Сөйтіп, кұрылып отырған республикада саяси өкіметтің барлық органдары патрийцийлердің қолында болып шығады. Рим
плебсі патша кезіндегідей экономикалық және саяси жағынан
правосыз болып қала береді. Патрицийлік құл иеленуші республиканың жариялануы қоғамдық құрылысты елеулі өзгерістерге жеткізбеді. Рим ерте республикалық кезеңде полис, яғни еркін құл иеленушілерден тұратын азаматтық қауым болып қалды. Құрамына туысқандық тораптармен байланысқан адамдар және құлдар кіретін семьялардың  Рим қауымының өміріне зор қоғамдық және шаруашылық маңызы болды.

Рим халқы егіншілікпен, мал шаруашылығымен және қод-өнермен шүғұлданды. Римдіктер астық дақылдарын, жүзімдерді, зәйтүндерді егіп өсірді, бақша шаруашылығымен шұғылданды. Диқаншылар темір еңбек қаруларын қолданды. Олар ірі және ұсақ қара мал, шошқалар өсірді. Патшалық басқару кезінің өзінде-ақ басталған қолөнердің ауыл шаруашылығының бөлінуі б. э. дейінгі V—IV ғасырларда жалғаса түсті. Музыканттардың, алтын істері шеберлерінің, құрылысшылардың, былғарышылардың, етікшілердің, жезшілердің, қышшылардың және   қолөнер коллегиялық   мекемелерінің құрылуы қолөнер дамуы туралы дәлелдейді. Сауданың дамуы қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуінің салдары еді. Форум — Римнің басты алаңы апта сайынғы
базар орнына айналды. Қалада мал және құлдар сататын арнаулы орындар пайда болды. Жыл сайын діни мерекелер күндерінде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.

Ақша системасы туды. Салмағы Рим фунтының беліктерше тең болып келетін мыстың, кейіңірек қоланың кесектері алғашқы ақша баламасы — малды ығыстырды. Біраз уақыттан кейін түрлі жануарлар бейнесі немесе металдың тазалығына кепілдік беретін белгілі бір таңбалары бар құйылған шомбалдар пайда болады. Күміс ақша соғып шығарудың басталуы б.э. дейінгі ІІІ ғасырдың орта кезінде жатады.  Плебейлер барған сайын көптеп шұғылдана түскен қолөнер мен сауданың дамуы Рим плебсінің жіктелуіне әкеп соқты. Плебейлер арасынан бай сауда-қолөнер шонжарлары шықты. Екінші жағынан, мүліксіз плебейлер саны өсті. Патрициан рулық ұйымдарынан тыс бола отырып плебейлер жеке меншік праволарында өте шағын жер учаскелерің иеленді. Соғыстар, егіннің шықпай қалуы, жаулап алған аймақ тұрғындарының бір бөлігінің Римге қоныстануы, Рим жер тапшылығы жағдайында халықтың табиғи өсімі жерсіз плебейлер саның өсіре түсті. Бұлардың көбі жерін алып сатарларға кепіл ретінде өткізді, бұл рулық аристократияға жиі тиісті болып келетін еді. Төлей алмайтын борышкер жерді меншіктену правосынан айрылады, ал   егер   кредитордың  ырқы   бойынша бұрынғы жер учаскесінде қала берсе, өзінің жеке басының еркіндігін кепілдік етіп арендаторретінде ғана болады. Патрицийлер, соңдай-ақ бай плебейлер өз борышкерлерін кіріптарлыққа түсірді. Олар бұларды Тибр сыртына, яғни Рим қауымынан тыс жерге құлдыққа сатуға праволы болды. Б.э. дейінгі V—IV ғасырдағы Рим плебсі бүкіл рим қауымына тиісті болып келген жердің қоғамдық танабын бөлуге, еркін кіруге рұқсат алуға ұмтылады. Сонымен, плебейлердің патрицийлермен экономикалық тұрғыдағы күресі жер үшін күрес болды. Бұл кедейленген плебей-істедің аграрлық мәселелерді борыштық кіріптарлығымен қоса жою талаптары арқылы қиындай түсті.

 

2. Плебейлер және патрицилер. Валерий-Гораций және Канулей заңдары. Римнің Апенин түбегін жаулауы.

Б.э.дейінгі V—IV ғасырларда плебейлер экономикалық және саяси қатынастарда патрицийлермен теңдік жолындағы ұзақ
күреске кірісті. Олар патрицийлер ие болып отырғандай азаматтқ праволарды: магистратураларды, сенаттан орын алу праваларын талап етті. Дәстүр бойынша плебейлердің патрицийлермен  күресінің басталуы б. э. дейінгі 494 жылға жатады. Эквалармен соғыс кезінде борыш ауыртпалығын тартқан плебейлер рим әскерлерінде қызмет етудең бас тартты, Римді тастап кетіп
Әулие тау үстіндегі лагерьде тұрды. Плебейлердің Рим армиясын
әлсіретіп, кетіп қалуынан шошынған патрицийлер кеңшілік етуге  бой ұрды. Плебейлердің дербес ұйымдасу правосы танылды. Олар өз ортасынан б. э. дейінгі 493 жылдан бастап жыл сайын екі лауазымды адам — халық трибундарын сайлай алды. Трибундар, плебстердің мүдделеріне қайшы келетін, сенат пен магистраттардың шешімдеріне тыйым  салу правосын алды.

Аграрлық мәселелерді шешуге жасалған плебейлердің алғашқы әрекеттері б. э. дейінгі V ғасырдың бірінші жартысына жатады. Б. э. дейінгі 486 жылы консул Спурий Кассий соғыс кезінде басылып алынған жерлерді плебейлер арасында бөлгісі келді. Патрицийлер консулды зорлыққа ұмтылды деп айыптады. Алайда  б. э. дейінгі 456 жылы халық трибуны Ицилий Авентин төбесіндегі жерлерді  жарлы-жақыбай  арасында  бөлу туралы
заң жүргізді. ХІІ таблица заңдарын қабылдау Рим плебсінің үлкен жеңісі болды. Патриции мен плебске ортақ заңдар плебейлерді патрициндердің жүгенсіздігінен қорғауға тиіс болды.

XII таблица тексінің түп нұсқасы сақталмаған. Текст цитат және неғұрлым кейініректегі авторлардың айтып беруі бойынша қалпына келтірілді Дегенмен б. э. дейінгі 451—450 жылдардың заң жобалары әлі де болса рулық құрылыс нормаларының табы жатқан ертеректегі Рим республикалық қоғамының әлеуметтік-экономикалық қатынастары туралы ұғым беретін бағалы түп дерек болып табылады. Жер меншігіне Қатынасты статьялардың ортақ сипаты б. э. дейінгі V ғасырдағы жерге ұсақ меншіктің басымдылығының кепілі болып табылады.

Б. э. дейінгі 445 жылы халық трибуны Канулей ұсынған заң қабылданды, бұл заң бойынша патрицийлер мен плебейлердің  асындағы ескі неке тыйымы-жойылды. Плебейлерге жоғары магистратура — консулдыққа жол берген Канулейдің екінші заң жобасы қабылданбай қалды. Бірақ б. э. дейінгі 444 жылдан бастап-ақ консульдік билігі бар әскери трибундар сайлана бастайды. Жана магистраттар тең коллегиялық билікке ие болады.Б. э. дейінгі V ғасыр аяғында IV ғасырдың басында плебеилердің патрицийлермен күресі біраз уақыт жітілігінен айрылды, өйткені Рйм этрускілерге, вольстерге, экваларға қарсы шабуыл соғыстар бастады. Б. э. дейінгі IV ғасырдың басында Римге орталық Италияны қаңыратып кеткен галлдардың шапқыншылығына төтеп беруге тура келді. Галлдар кеткеннен соң рймдіктер соғыс жолымен Лациумде және оңтүстік Этрурияда өзі ықпалын калпына келтірді.   Б. э. дейінгі III ғасырдың орта шеніне қарай Батыс Жерорта теңізінің ең күшті мемлекеттері баяғыдан осы жерде үстемдік еткен Қарфаген державасы мен жаңа ғана құрылған Рим құл иеленуші конфедерациясы болды.        

 

3.     Рим-Карфаген қайшылықтары.

Карфаген де, Рим де құл иеленущілік экономиканың сипатымен шарттасып келетін агрессияшыл сыртқы саясат жүргізді
ол үшін әскери экспансия оның дамуының қажетті шарты болды. Бұлардың әрқайсысы батыс Жерорта теңізі дүниесінің
гегемоны болуға тырысты. Б. э. дейінгі III ғасырдың орта шенінде бұлардың арасыңдағы қайшылықтар бірінші Пуни соғысының басталуына алып келді. Римдіктер карфагендерді пунийлер деп атады. Карфаген немесе Кар-Хадашт б. э. дейінгі IX ғасырдың аяғындаақ пайда болган ірі Финикия қаласы Тирдің отары болды. Б. э. дейінгі V ғасырдың орта шеніне қарай Карфаген өзінің құрамына солтүстік Африка жағалауының бөлігін (Тунис бұғазының жағалары) Сицилияның батыс бөлігін, Мальта, Сардиния, Корсика, Питиус, Балеар аралдарын енгізген байтақ державаның орталығы болады. Археологиялық матерал мен графиктер Атлантиканың шығыс жағалауын Карфагеннің отарлауға алуының дәлелі болып табылады.

Карфаген      державасында    да    Рим    конференциясының ерекшеліктері: оның құрамына кіретін қалалардың, аймақтарына, тайпалардың экономикалық және саяси жағдайларының бір тектілігі тән еді. Кейбір қалалар Карфагенмен тең праволы болды, екінші біреулері отар жағдайында тұрды, бұлар айналадағы жергілікті халықтарға Карфагеннің өкімет билігін орнықтырып, бағынышты халықтардың бірігіп бой көрсетуін болдырмауға тиіс еді. К. Маркс пен Ф. Энгельс  Карфагенді,  сондай-ақ  Тир мен Алксандрияны дүние жүзілік ежелгі сауда орталықтары ретінде қарастырды. Карфагеннің экономикалық хал-ахуалы үшін құл иелерінің құлдармен, товарлармен және шикізатпен делдал саудасының маңызы болды. Қарфаген көпестерінің Египетпен, Эгей теңізі бассейнімен,  сондай-ақ  Этруриямен,   Испаниямен, Африкамен сауда байланыстары болды. Карфаген  теңіз жүзушілері Гибралтар сыртында (Мелькарт бағаналары), Қиырдағы Британия жағаларында болады, ол жақтан қалайы жеткізді. Карфагеннің өзі де қолөнерінің орталығы болды. Сауданы қауырт гүлденуімен тартылған басқа елдердің қолөнершілері мен саудагерлері қалаға қоныс аударды. Сүйтіп Карфагенде этникалық әр текті, әр тілді халық қалыптасты. Толып жатқан шағын шеберханаларда құлдар иесімен бірге еңбек етті. Карфаген экономикасында ауыл шаруашылығының өте үлкені маңызы болды. Үнемі қалада тұрған  бай  карфагендер Баград өзенінің шұрайлы аңғарларында орналасқан имениелердің меншікті иелері болды. Орасан үлкен  пламтацияларда   мыңдаған құлдар жүзім өсірді. Ерікті егіншілердің саны онша көп емес еді.

 

4.     Бірінші Пуни соғысы, себептері, салдары.

Бірінші Пуни  соғысының себебі Сицилия үшін Рим мен Қарфагеннің күресі  болды, мұның үлкен бөлігі (батыс)  Қарфагеннің қолында болды,  ал   аралдың кіші (шығыс) бөлігіне сиракузы тираны Агафокл ие болды. Тек тар бұғаз  арқылы ғана Италиядан бөлінген арал, тарихшы Флордың сөзіне қарағанда римдіктердің көз алдында «қол астында тұрған, әрі кездейсоқ материктен үзіліп қалған қызығарлық олжа сияқты болып келетін еді. Бірінші Пуни соғысы басталды, бұл 23 жылға созылды (б. э. дейінгі 264—241 жылдар). Рим әскерлері алғашында үлкен табыстарға жетті. Сицилияға өтіп, олар көп кешікпей Мессананы басып алды, Акрагантты алды, содан соң II Гиеронмен одақтасады. Дұшпанды құрлықта жеңгенмен римдіктер теңіз шайқастарында үнемі жеңіліске ұшырап отырды, өйткені олардың флоты жоқ еді. Қарфаген кемелері Италия жағаларына шабуыл жасап, Сицилия мен Оңтүстік   Италияны   оқшаулап   тастады. Рим сенаты флот құру туралы шешім қабылдады. Римдіктер пентер (бес палубалы корабль) және 20 үш палубалы корабль жасады, олардың жабдықтарын жетілдіре түсті: кемелердің тұмсығына ұштарын және бүйір қанаттарын ілгектермен жабдықтаған «абордаждық мінбелер» (воронкалар) орнатты. Рим легйоншыларына бұрыннан дағдыға айналған қолма-қол  ұрыста мінбелер кемелердің  палубасына   асырыла  салынатын еді. Жеңіспен жігерленген римдіктер Карфаген территориясында соғысуға бел байлады. Б. э дейінгі 256 жылы екі консул басқарған 330 рим кемелері   Африка жағаларына   қарай  бет   алады. Жолда Экном мүйісінің маңында рим флоты карфаген флоты мен кездеседі де, оған ауыр зиян шектіреді. Римдктер Карфагенге таяу  жағалауға   сәтті  туседі  де,   құрлықта   дұшпанға бірқатар соққы береді. Табысқа   сенімді   болған   рим   сенат консулдардың біріне әскери бөліммен және тұтқындармен Римге қайтып оралуға бұйырады. Африкада қалған  консул  Марк Атилий Регул біраз   уақыт   жеңіске   жете береді.   Алайда   Рим әскерлері ұзақ ұрыстарға   әзірленбеген   еді.   Б. э.  дейінгі 25 , жылы Регул әскерін карфагеннің жалдамалы армиясы талқандайды. Консулдың өзі тұтқынға түсіп, сонда өледі. Әскерлердің  қалдығымен рим флоты Римге қайта оралған жолда дауыл кезінде түгелдей дерлік апат болуы арқылы Римнің жеңілісі тағы да қиындай түседі. Жиырма үш жылдық соғыс соғысушы жақтардың күштері сарықты. Сондықтан да бітім келіс сөздерін бастауға Карфаген  ұсынысын рим   сенаты қабыл   алады. Б. э. дейінгі   241 жылы бітім шарты бойынша Қарфаген 10 жыл   бойына   Римге   3200 талант мөлшерінде контрибуция төлеуге, тұтқындар беруге, өзінің армиясына Апеннин түбегі тайпаларынан жауынгерлер жалдамауға келісіп Сицилиядағы өз иеліктерін Рим билігіне беру тиіс болды.

 

5. Екінші Пуни соғысы, себептері, салдары.

Екінші Пуни соғысы (б.э. дейінгі  218—201 жылдары) өзінің көлемі, пәрмені және тарихи маңыз жағынан ежелгі дүниенің ең ірі соғыстарының бірі болды. Мұның сылтауы Иберияда, Ибер өзенінің оңтүстігін ала, теңіз маңына орналасқан Сагунт қаласымен байланысты оқиғалар болды. Сагунт Риммен одақ шарт жасады. Б. э. дейінгі 219 жылы Карфаген Ибериясының жаңа бас командашысы Ганнибал Саунтте қоршап, басып алады да тонайды, ал тұрғындарын құлдыққа сатады. Сагунтты талқандай Римге қозғау салу еді. Рим сенаты Рим  халқының одақтастарына   зорлық жасағаны үшін  Ганнибалды беруді талап етіп    Карфагенге елшілік жібереді.

Бас тартқан жағдайда  Рим  Карфагенге соғыс қаупін төндірмек еді. Ганнибал б. э. дейінгі 218 жылы ерте көктемде армиямен , және көптеген пілдермен Жаңа Қарфагеннен шығып Италияға беттейді. Ол Апеннин түбегінде күтпеген жерден қарфаген әскерлерінің пайда болуымен Рим конфедерацияеын ыдыратуды Ііздеді. Солтүстік Италияның галлдары оған көмек көрсетуге уәде берді.

Ганибал Родан (қазіргі Рона) өзеніне таяп келгенде Римге одақтас Массилияға (қазіргі Марсель) рим қолбасшысы Сциион келеді. Карфагендер ұрысты жалғастыруға ұйғарды. Олар өзен  ағысынан жоғары қарай көтерілді де, өздеріне бөгет жасауға ұмтылған галлдарды талқандап, басты күштерін Роданның сол жақ жағасына өткізіп әкетеді. Рим консулы дұшпанның ізіне түсуден бас тартады. Ол эскадраның бір бөлігін Иберияға жіберді, мұнда жеткілікті көп әскерге Ганнибалдың туысы Гасдрубал басшы етіп, өзі Италияға беттейді.  Ганнибал  Родан арқылы кешіп өткен соң шығысқа қарай бұрылып Альпі арқылы өзінің атақты 33 күндік асуын бастайды. Полибий, Карфаген армиясына жаумен де, қолайсыз жер жайларымен де бір мезетте күресуге тура келді, деп жазды. Әскерлер таулықтардың күтпеген жерден шабуыл жасауына ұшырай отырып, тар тік соқпақ жолдармен   жүріп отырды

Дхалиядағы алғашқы ұрыстарда карфагендер рим консулдар армияларын жеңіп шығады. Бұардың ең маңыздылары Солтүстік Италиядағы Требия өзені (Падус құйылысы) жанындағы ұрыс болды, мұнда Сципион мен Семпроний жеңіліске ұшырады.

Б. э. дейінгі 217 жылы консулға плебстің талап етуі бойынша батыл қимылдарды жақтаушы, халықтың сүйіктісі Гай Фламииий сайланады. Рим әскерлері солтүстіктен оңтүстікке қарай Ганнибалдың жолын торып Этруриядағы Арреций қаласы түбіне бекінеді. Алайда Ганнибал әскерлерімен римдіктер-алынбас позицияларын айналып өте бастайды. Оның әскерлері төрт күн бойы Арнус өзенінің тасуынан пайда болған суға бешесінен батып, өлген жануарлардың өлігі үстіне дем ала отырып, өтуге болмайтын батпақтармен жүріп отырады. Ганнибал көзінен айырылады. Ол мініп келе жатқан піл де өлнді. Б.э. дейінгі 216 жылы Ганнибал Римге соқпастан Апулия өтеді. Ол Карфагенмен   байланыс жасап, Италияның оңтүстігі халқының қолдауын алуға үміттенеді. Италияның оңтүстігінде  Апулияда, Канны жерінің маңында,  Ауфид өзенінің жағасын  б. э. дейінгі 216 жылы жазда ежелгі дүние тарихындағы ең маңызды ұрыстардың бірі болады. Рим әскерлерінде 80 мың жаяу 6 мың атты әскер бар еді. Карфагендерде   галл отрядтарымен бірге 40 мың жаяу әскерден сәл ғана асатын, бірақ оның есесіне 14 мың салт атты өте тамаша әскері болды. Ганнибал дөңес жағын дұшпанға қаратып, өзінің әскерін жарты ай түрінде шеңбеі сапқа тұрғызады. Оның ортасында сенімсіздеу — иберлер мен галл отрядтары, флангілерінде іріктелген карфаген әскерлер жаяу және атты әскер тұрады. Ганнибал әскерінің майдан линиясы, ортасында римдіктер қалып қойған, жарты ай түрінд иілген болып шықты. Римдіктердің Канны түбінде жеңілуі Римнен самниттердің, лукандардың, бруттилердің аулақтануын тудырды. Солтүстікте  Галлдардың көтерілісі етек алды. Ганнибал жағына бай Капуя, Сиракузы шығып кетті. Македония патшасы V Филипп те онымен одақ жасады. Ганнибалға карфагендер де көмектесті: Жиырма бес мың адамнан тұратын әскер Сицилияға келіп түсті.

Дегенмен, Ганнибалдың жағдайы өте ауыр еді. Үлкен территорияда ұсақ соғыс жүргізу, коммуникациялардың ұзын-сонарлылығы, әскерлерді, қажетті адам резервтерін   көне материалдық қаражаттарды жедел толықтырып отыруды талап етті. Римдіктер Канны түбіндегі ұрыста көп шығынға ұшырағаннан кейін 17 жастан бастап барлық еркектерді түгелдей әскерге  жинауды жариялады. Рим сенаты ақырғы шараға бел байлады: иелерінен құлдарды сатып алып, оларды армияға алды. Бір жауда болса да өлтіргендеріне еркіндік беруге уәде етілді. Римдіктер Фабий Максимнің тактикасын қолдана отырып, дұшпанның күштерін ұсақ қақтығыстармен қалжыратып, ірі шайқастардан қашқалақтады.Соғыстың барысы Рим пайдасына бетбұрыс болды. Рим легиондары Сирекузаны қоршаулады. Сицилияның ірі қаласының қорғанысына данышпан математик, әрі инженер Архимед бас шылық етті. Ол жасаған машиналар қоршаушыларға орасан зор снарядтар мен жебелерді лақтырып, корабльдердің тұмсығына қарпып, оларды тік тұрғызып, төңкеріп тастады. Қажытқан қоршаудан кейін б. э. дейінгі 211 жылы римдіктер Сиракузыны басып алады да, қаланы тонайды. Архимед өлтіріледі.

 

Рим империясының құлау тарихы. Рим өкімет орындары агонистиктермен күресте дәрменсіз болды, фискаль чиновниктері салықтарды да жинап ала алмады. Африкадағы халық қозғалыстарының діни идеалогиясы халық бұқарасын қоғамды қайта құрумен байланысты міндеттерді шешуден аулаққа алып кетіп, әлеуметтік наразылыққа төтенше бүлдіргіш күш береді.

         Галлиядағы багаудтар қозғалысы басқа сипатта болды. Бұл ІІІ ғасырда басталды да, V ғасырға дейін созылды. Бұл кезде тіпті үлкен жолдарға қауіп-қатер төнді. Багаутардың қаруланған отрядтары рим магистраттарын қуып шығады және онша романданбаған аймақтарда қауымдық ұйымды қалпына келтіріп, өзін-өзі басқару органдарын құрады. Қозғалыстың негізгі күші еркін шаруалар болады, бұған құлдар мен колондар жаппай келіп қосылады. Қауымдық тәртіптерді қайта тудыру жолындағы рим езгісіне қарсы бағытталған қозғалыс сепаратизмдік сипатқаие болады. Көтеріліс Испаниядағы ежелгі иберий қауымдарының қалдықтары сақталған ауданға ауысады.

         ІV ғасырдың 60-жылдарында Рим империясының шығыс аймақтарында да тап күресі күшейе түседі. 365 жылы Константинопльде жергілікті Киликий шонжарларының өкілі Прокопий өкіметті тартып алады. Бұл оқиға қала плебінің едәуір бөлігі алтын приискілерінде жұмыс істейтін колондар қатысқан Балкан және Кіші Азия провинцияларындағы кең әлеуметтік қозғалысқа сылтау болып табылды. Қозғалыс өте қаталдыпен басылып тасталды.

 ІV ғасырдың екінші жартысында Римде, Константинопльде, Антиохияда, Александрияда және империяның басқа да ірі қалаларында төменгі қала адамдарының толқулары жиі болып тұрды. Қала магистраттарының көбі өз істері жолында от жалында құртылған мүлкі мен өмірін салады. Рим өкімет орындары үшін азық-түлік жетімсіздігінен туған бой көрсетулер зор қауіп тудырды. Қала ұсақ меншігінің қысқаруы және егінші-куриалдардың жұтауы жергілікті рынокқа өнімдердің келіп түсуін азайтты, ал ірі жер иелері, қала шонжарлары мен саудагерлері бағаны шексіз арттыра береді.

Кейініректегі Рим империясындағы тап күресінің ерекшелігі егінші халықтың түрлі категорияларының жақындасуымен шарттасып келетін еркіндер мен құлдардың ынтымақтастығы болып табылды, мұнда қозғаушы күш еркін кіріптарланған қауымдастықтар мен колондар болды. ІV-V ғасырлардағы халық қозғалыстары империя езілген бұқараларының варварларымен одағын және Рим мемлекетінен бөлінуге ұмтылуын көрсетеді. Бұдан басқа, Рим империясының соғыс күштерін елеңдете отырып, олар мұны варварлардың жаулап алуын жеңілдете түсті.

ІV ғасырдың екінші жартысындағы саяси дағдарыс және варварлардың басып енуі. ІV ғасырдың 40-жылдарынан бастап империя ауыр саяси дағдарыс дәуіріне қайтадан аяқ басады. Император тағы өкімет билігі үшін кескілескен күрестің объектісіне айналады. Қосалқы әміршіні тағайындау да әскерлер шешіміне тәуелді етіліп қойылды. Императорлар өзіне сенімсіз болды, бәсекелестер мен узупаторлардан қорықты. Кейбіреулері үрейі ұшып билік жүргізуінің бас кезінде-ақ барлық туысқандарын қырып тастады. Император өкіметінің нашарлауы жөнінде провинциядағы сепартизмдік пиғылдардың өсуі кепіл еді. Император тағына үміткерлер Галлияда, Британияда, Иллирияда жиі шығып тұрды.

Басқарудың бюрократтық жүйесінің бар кемшіліктері ашылып қалды. Сарай маңындағы жауыздықтар жоғары қызмет адамдарының мемлекет мүдделеріне қарсы әрекет жасауына әкеп соқты. әскери бастықтар жеке өз басының даңқына ұмтылып, варварлармен соғысты дербес жүргізуге асығып, ауыр жеңілістерге ұшырап отырды.

Жоғары чиновниктер канцелярияларында қазына ұрлаушылық, парақорлық және билікті асыра пайдаланушылық өркен жасайды. Казначейлер жауынгерлерге жалақы төлеуге арналған орасан көп соманы иемденіп кетті, әрі армия үшін азық-түлік сұрап провинцияларды күйзелтті. Армия көбіне басып алған олжаларымен ризашылық етіп рим провинцияларының жергілікті халқын тонаудан да тайынбайды. Рим армиясында әскери тәртіп құлдырады. Құл иеленушілік моральдың дағдарысы Рим әскерінің адамгершілік бейнесіне әсер етті: «Әркім басқалар туралы ұмытып, өзі туралы ойлады. Балағат ұран орнына жауынгер варвар әндерін салып, жауынгерлер өздерінің қылышынан гөрі анағұрлым ауырырақ кубоктарды іздестірді, саз ыдыстардын ішуді ұят көріп, тек мәрмәр сарайларда ғана тұрғысы келді.».

Кейініректегі Рим империясындағы ішкі қайшылықтардың өсе түсуі, оның сыртқы қауіпті тойтару қабілетін нашарлатты. Парсылар шығыс провинцияларын кедергісіз дерлік тонады. Рейн сыртынан франктер мен алемандар, Дунайдан квадтар мен сарматтар, солтүстік Африкадан маврлар тайпасы шабуыл жасады. ІV ғасырдың екінші жартысында варвар тайпалары әскери белсенділігінің күшейе түсуі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының интенсивті процессі арқылы түсіндіріледі. Соғыс олжалары ретінде байлықтарды қолға түсіру варвар қоғамының аса маңызды функцияларының біріне айналды, ал тайпа одақтары мен бүтін халық топтарының құралуы олардың саяси консолидациясына жол ашты. Варварлардың басып ену қаупі Рим императорларын үнемі үркітіп, шиеленіс үстінде ұстады.

ІV ғасырдың аяғында бүкіл варвар дүниесі қозғалысқа келді. Империяның ең қауіпті жаулары готтар болды. Азия сахарасының түкпірінен келген гунидардың қысымымен б.э. ІІІ ғасырында Скандинавиядан Солтүстік Қара теңіз маңына қоныс аударған гот герман тайпалары Батысқа лап қойды. Остготтар делінетін гот тайпаларының бір бөлігін гунндар бағындырып алды, басқалары – вестготтар рим императоры Валентаның рұқсаты бойынша Мезия мен Фракияны алады. Бұл әдеттегі әскери жорық емес, бүкіл халықтың қоныс аударуы еді. Готтар күндіз-түні бүтін тобырларымен корабльдермен қайықтарға, ағаштан қашалған діндерге мініп Дунайды кешіп өтті. Корабльдер халыққа лық толып, су жағадан асып, көп халық суға кетті.

Вестготтардың негізгі көпшілігін корольдар сайлайтын атақты рулар, еркіндер, сот және діни функциялары бар әскери бастықтар құрайтын. Олардың дружиналарын римдіктер жалдамалы әскери күш ретінде пайдаланады.

Рим үкіметі вестготтардың жайланып қоныстануына, өздері алым төлеп, қосалқы отрядтарды беріп отыру шартымен мемлекеттік жерлерге варварлардың әдеттегідей қоныстануы ретінде алып қарады. Рим әкімшілігі салықты екілене жинай отырып, араларында аштық басталған варварларға уәде етілген азық-түлікті бермеді. өзінің жағдайын пайдалана отырып, рим әскери бастықтары азық-түліктерді ең жоғарғы нарықпен сатты, готтарға бағалы жихаздарға, құлдарға, тіпті балаларға айырбастады. Гот тарихшысы иордан, кез келген құлды бір кесек нанға немесе 10 фунт сиыр етіне сата берді, содан соң бір жұтым сұрқия шарапқа, бір кесек нанға готтар өзін құлдыққа сатуға мәжбүр болды. Готтардың ашу-ызасы Фритигерн мен Алавива бастаған көтеріліске ұласты. Көтеріліс жасаған готтарға құлдыққа сатылған өздерінің тайпаластары, жергілікті колондар, кен орны жұмысшылары бірден келіп қосылды. Олар бейтаныс жерлерде бастаушылар болды. Жасырын астық қоймаларын көрсетті жергілікті байлар мен олардың құпияларын ашып берді.

Ауыспалы табысты болған бірқатар шайқастардан кейін рим армиясының үздік бөлімімен император Валент көтеріліс жасаушыларға қарсы шығады. 378 жылы Адрианопль жанында ұрыс болады, мұнда рим әскерлері талқандалады, жауынгерлердің негізгі кадрлары, көптеген әскери бастықтар, 35 трибун және император Валенттің өзі қаза табады. Фритигерн варвар тайпаларынан үлкен бірлестіктер құрап алады және көшпелі тайпалар гунндар мен аландарды одаққа тартады. Оның армиясы бүкіл Балкан түбегін алады, Константинопльге тақап келеді. Осы уақытқа қарай герман тайпасы алемандар Галлияға басып кіреді. Император әскери бастық деп жариялаған Феодосий зор стратегиялық маңызы бар және Италияға кіру кілті болып табылатын Иллирияға мекендеуге, кеңшілік жасап готтармен бітіске келуге мәжбүр болады. Ал готтар рим армиясына әскери отрядтар беруге міндетті.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-06-01 19:14:20     Қаралды-14170

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »