Орта және Жаңа патшалық дәуіріндегі Египет және Шумер, Аккад мемлекетер
Жоспар
1. Археологиялық ескерткіштер
2. Ғылым тарихы
3. Орта патшалық. Өтпелі кезең
4. Египеттің қайтадан бірігуі
5. ХІІ династия
6. Тигр және Евфрат алқабының табиғаттың жағдайы, халқы және өркениеттің қалыптасуы
7. Шумер-Аккад мемлекетінің тарихы және мәдениеті
8. Қосөзен өркениетінің мәдениеті
1. Археологялық ескерткіштер.
Жоғарыда айтып өткендей, Египетте көптеген ескрткіштер жер бетінде сақталған.
Бірақ та көптегенескерткіштерді құм басып қалған. Мұны ашу үшін қазба жұмыстарын жүргізу керек болды.
Бүтіндей қалалар және жартастардағы молалар қазылыпашылды. Әңгіме мынада еді: б.э.дейінгі ІІ мың жылдықтың ортасында Египет фараондарын көрініп тұратын, тонап кетүге жеңіл пирамидаларда жерлемеді, жартас араларынан ойып салынған жер астындағы, құпия жерлерде жерленді. Соның өзіде де осы тас үңгрердің көпшілігі тоналған. Соның ішінде, қазір бізге белгілі болып отырған бір ғана мола аман сақталған. Бұл – 1922 жылы ағылшын археологы Г. Картердің патшалар аңғарында табылған әлемге әйгілі Тутанхамонның моласы. Бұл моланың ішіндегі төрт камераның бірінде патшаның – 19 жасар аурулы жігіттің – мумиясы сақталған, ол тамаша ювелир жұмыспен безендірілген атын саркофагқа салынған, сол молаға қатарлап тағы жеті табыт қойылған, олар алтыннан, тастан, ағаштан жасалған. Табыттардың жанында сансыз көп құнды бұйымдар бар. Бұл жерге ауа кірмегендіктен веноктар мен гүлдер де 3300 жыл бойы шірімей сақталып жатқан. Қазір бұл байлықтың барлығы да АРЕ астанасы Каир қаласының музейінде сақтаулы.
Соңғы кездерде археологиялық қазба жұмыстарына Египет Араб республикасының өз отанының өткендігі тарихымен айналысушы жергілікті зерттеушілер де араласты. 1954 жылы М. З. Гонейм бір пирамиданы қазып, одан аты бұрын белгісіз Сехемхеттің ІІІ династиясының бір фараонын тапты.
Бұл фараонның алтынданған алебастрдан жасалған саркофағы, өкнішке орай, бос болып шықты, бірақ тоналған белгісі де білінбеді. Сірә фараонның мумиясын бұдан да басқа қауіпсіз бір жерге жерленген болуы керек.
Совет зерттеушілері Б. Б. Пиотровскийдің басшылығымен Асуан плотинасы аймағында сәтті аяқталған біраз археолгиялық қазбалар жүргізілді табылды. Египет Араб республикасының үкімет су астында қалып бара жатқан Асуанның оңтүстігіндегі бағалы ескерткіштерді сақтап қалуда біраз шаралар жүргізді. Қауіпсіз жерге көшіруге болмалтын ескерткіштер саудан сақтайтын етіліп жабылды.
2. Ғылым тарихы.
ХІХ және ХХ ғасырлардағы көптеген табыстар ежелгі Египеттің өткенін зерттеуде база жасап берді. Ең әуелі басты назар дінге, әдебиет пен өнерге және саяси өмірге аударылды. Әлеуметтік проблемаларға деген ықылас кем болды. Егерде ежелгі Вавилоннан капитализмнің белгілері ізделсе, ал Египетте крепостиктік провомен феодалдық бөлшектену болды деп жорамалданды.
Революцияға дейінгі орыстың Египетті зерттеуілерінің ішінде В. С. Голенищевті атап өтуге болады. Ол бірнеше құнды ескерткіштерге түсініктеме жазды. Сонымен қатар Египеттің діні мен әдебиеті тарихы жайында келелі еңбек қалдырған Б. А. Тураевты ерекше атап өткен жөн. Оның бұдан басқа да көптеген зерттеу еңбектері бар.
Советтік Египет зерттеушілері ежелгі Египеттегі әлеуметтік қатынастар мен таптық күрестің ерекшелік мәселесіне тоқталды. Ол да ежелгі Египеттің хронологиясы жайында еңбек жазды. Сонымен қатар Ю. Я. Перепелкиннің, В.И. Авдиевтің, М.А. Коростовтің, Т.Н. Савельеваның, Р.И. Рубинштейннің, Е.В. Черезованың, Н.С. Петровскийдің, О.Д. Берлеваның, И.С. Кацнельсонның, И.А. Стучевскийдің еңбектерін атап өткен де жөн.
3. Орта патшалық. Өтпелі кезең.
Египеттің саяси жағынан толық бөлшектенуі екі жүз жылға жуық уақытқа созылды. Өне бойы бақылап отыруды қажет ететін суландыру жүйелері тозып бітті. Каналдар ескеріп, ластанып, құнарлы жерлер қайтадан ми батпаққа айнала бастады. Осының салдарынан егіншілердің бірі бөлігі «жоғарғы алқаптарға» кете бастады, онда құдықтан су шығарып, жерді суаруға тура келді.Селостық қауым меншігінде болмаған тың жерлерді игеру жерді жеке иеленушіліктің өсуіне ықпал етті.
Елдің бөлшектенуі үлкен қиындықтар туғызды. Көрші елдермен байланыстар бұзылды, азиялық бәдеуилердің шабуылдары жайлы әңгімелер естіле бастады.
Қайтадан біріктіру қажеттігі барған сайын біліне түсті. Ежелгі патшалықтың басты орталығы – Мемфис құлдырап кетті, ондағы билік жүргізіп отырған VIII династия елді жаңадан біріктіру үшін күрес басқаруға қабілетсіз еді. Оның есесіне өзге орталықтары – Гераклеополь мен Фивы күшейе түсті.
Гераклеопольда ІХ және Х династиялар билік еткен кезде Египеттің үлкен бөлегі оның өкіметін мойындады. Гераклеополь патшасы ІІІ Ахтойдың баласы мен мұрагерлеріне арнап қалдырған өсиет сөзі бізге жеткен. Қартайған патша патшазадаға бекзадалармен тіл тауып тұрудың, оларды өлім жазасына кеспеудің қажеттігі жайлы кеңес береді.
Осы өсиеттен біз Гераклеополь династиясы атырауда берік ірге тепкенмен, елдің оңтүстік бөлегі оларға бағынышты болмағаның да білеміз. Мұнда ХІ династия билік құрды, ол өз қол астына сегіз номдарды және шағын тәуелсіз мемлекетті біріктірген еді. Бұл елдің астанасы Фивы қаласы болды, ол осы кезден бастап ел өмірінде басты роль атқара бастады.
4. Египеттің қайтадан бірігуі.
Өз ара байталас екі династия арасында бірқатар әсери қақтығыстар болып, ақыры олар Фивының жеңісімен аяқталады да, ол енді қайда біріккен Египеттің астанасына айналады.
Осы уақыттан Орта патшалық кезеңі басталады.
Бұл кезеңде Египет экономикасында елеулі алға басу байқалады. Соғылған мыстан жасалған құралдар да пайдаланыла бастайды. Өндірістің көп құралдары жетілдіріле түседі, әйнек бұйымдарын шығару дамиды.
Бүлік пен ыдырау кезінде құлдырап кеткен суландыру жүйесі енді қайтадан қалпына келтіріп қана қоймай, ұлғайтыла түседі. Әсіресе Фаюм оазисінде жемісті жұмыстар жүргізіледі. Оындағы көл тереңдетіліп, қолдан жасалған су қоймайсын айналдырылады, батпақты жағалаулары құрғатылады. Осының арқасында егістік алқап ұлғая түсті.
Сыртқы және ішкі сауда дамиды. Крит аралымен бұрынғы кездейсоқ теңіз қатнастары енді тұрақты қатнастарға айналып, Египетке криттік әшекейлі керамикалық бұйымдар әкеліне бастайды.
Бағаның негізгі өлшемі ретіндегі дәннің орнын алтын басады. Азия елдерінен барған сайын күміс көбірек әкеліне бастайды, сөйіп бұл кезеңнің аяғына таман күмістің бағасы Египетте алтынға қарағанда екі есе арзандайды.
Өндіргіш күштердің өсуі мен айырбастың кеңеюі мүліктік жіктелуді барған сайын рттыра береді. Шонжаралармен қатар халықтың орта топтары қарапайым адмдар арасында шыққан «күшті неджестер» («Неджес» деген египет сөзі «кіші» деген мағына береді) бөлектеліп шыға бастайды. Бұлар дерес шаруашылықтары бар, кейде құлдарды да сатып алатын, байып алған егіншіліклер мен қолөнершілер еді.
Орта патшалық дәуірінен, тас тақтаға ойылып жазылған жазулар біздерге тек қана бекзадалар мен чиновниктер арқылы жеткен жоқ, алтыннан бұйым жасайтын зергерлер, кебіс жасайтын шеберлер т.б. арқылы да жетті.
Күшейіп алған шонжаралар тізгін үзіп кетпес үшін фараодар осы жаңадан байыған топтарға арқа сүйей бастайды. Мемлекеттік қызметтерге кейде бабаларының жоғары шен – шекпені болмаған адамдары қалыптасады.
Екінші жағынан кедейлікке, толық қайыршылыққа ұшыраған егіншіле саны көбейе түседі. Олардың патшаға қызмет етуге жылданғандарын хему – несут деп атаған, бұлардың шын мәнісіндегі құлдардан айырмасы сол, олардың еңбегі тәртіптеліп, реттеліп отыратын. Олар қазына өндіріс құрал – жабдықтарының көмегімен жұмыс істеді, еңбегі үшін заттай өнімді пайдаланды және ішінара әскер қатарына да алынып отырды. Мұндай патша құлдарының кейбіреулері жеке адамдарға патшаныңсыйлығы ретінде де берілетін болған.
Бұл кезде соғыстарда қолға түскен немесе сатып алынған шын мәніндегі құлдар саны да көбейе түстеді. Кей документерден құлдардың 20 – 30 адамнан тұратын топтарының бір қолдан екінші қолға көшу жайлы деректер кездеседі. Құлдарды ең ауыр және қиын жұмыстарға пайдаланған. Мысалы, күң әйелдер тізерлеп тұрып, қол тиірменмен ұн тартқан.
5. ХІІ династия.
Орта патшалық ХІІ династия кезінде экономикалық және саяси жағынан ең жоғары гүлденіп – көркею дәрежесіне жетті. Оның негізін қалаушы І Аменемхет еді, ол елдің бірлігін нығайту үшін бірқатар шаралар қолданды. Мысалы, ол соның алдындағы аласапыран жылдарда бұзылған номдар арасындағы бұрынғы шекараларды қайтадан қалпына келтірді және өзі солтүстік облыстарды жақсырақ бақылап отыруы үшін ресми астана – Фивымен бірге Жоғары және Төмен Египеттің шекарасында Иттауи деп аталатын қамал салдырып, сонда барып тұрды.
Орталық патшалық фараондары сыртқы саясаттарын жандандыра түсті. І Аменемхеттің өзі Ливияға әскери тұтқындар мен мал айдап әкелу үшін тонаушылық жорықтар жасайды. ІІІ Сенусерт кезінде Нілдің бірінші және екінші шоңғалдары арасындағы жерлер игеріліп, жаңа шекараны қорғау үшін өзеннің екі жағынан да аса қуатты бекіністер салынды. Осы фараон тұсында Палестинаға жеңімпаз жорық жасалып, Египеттің бұл елге ықпалы арта түсті.
Қол жеткен табыстарға қарамастан ХІІ династия фараондары Ежелгі патшалықтың билігі шексіз әмірлерінің қуатындай билік пен қуатқа жете алмады. Олардың мемлекет қазынасының үлкен бөлігін өздерінің жеке бастарының қажетіне жұмсауға батылы жетпеді. Олар тұғыған пирамидалар қашалған тастан емес, неғұрлым арзан құрылыс материалдары – кірпіштен соғылып, бізге үйінді төбешіктер түрінде ғана жетті.
Орталық патшалық фараондары ел қайтадан біріктірілгеннен кейін өз байлықтары мен ықпалын едәуір мөлшерде сақтап қалған провинциялық шонжаралмен ті табуға тырысқан.
Номархтар өз жазбаларында фараонға шын беріле қызмет ететіндіктері жайлы айтқанмен, едәуір мөлшерде тәуелсіздіктерін сақтаған, тіпті олар жыл санауды да патшаның билік құрған уақтынан емес, өз әмірлері жүрген кезден бастайтын болған. Оардың әрқайсысының өз сарайы, гаремі, сондай – ақ әскері де болған, олар патша тағайындаған әкімдер емес, оның қол астындағы шағын патшалар еді. Патша мұнымен санасуға мәжбүр болды. Тіпті өз сарайларында да фараондар өздерін қауіпсізбіз деп санай алмаған. Патшаға қарсы заговорлар мен көтерілістер жайлы көп мәліметтер бар.
ХІІ династия билігінің билігінің ақырғы кезіне таман, ІІІ Аменемхеттің тұсында ғана орталықтану күшейіп, номархтардың артықшылықтарына күшті тежеу салынған. Дәл соның тұсында Фаюм оазисінде суландыру жөніндегі құрылыстар кең қанат жайып, барлық құдайларға арналған пантеон ретінде аса үлкен храм салынған. Бұл храмды гректер Лабиринт деп атап кеткен. Оның, өкінішке қарай, аз ғана қалдығы сақталып қалған.
1. Месопотамияның оңтүстік бөлігі Тигр мен Евфрат алып келген үйінділер Персия шығанағының толтыруынан барып, бірте-бірте пайда болды. Теңіз суы оңтүстікке қарай ығысып, мұның орнын батпақты жазық басты. Ежелгі тас ғасырында бұл елдің жерін түгелдей батпақ басыпты, маса мен шыбын-шіркей қара бұлттай қаптап жүріпті. Мұнда адам өмір сүруі мүмкін емес еді. Қосөзеннің негізгі байлығы, Персия шығанағын былай қойғанда, өзендер мен көлдерде толып жүретін балық және қамыс бұталарына үй салатын суда жүзуші құстар болды. Көршілес далалардан тағы өгіз, қара құйрық, жабайы есек, түйе құс және ұсақ құстар келіп кетіп жүрді. Мұндағы ең қатерлі жыртқыш арыстан еді. Ежелгі тұрғындардың негізгі кәсібі аңшылық, әсіресе балық аулау болды. Шағын жерде тесе егіншілігі дамыды, оны ойлап тапқан әйелдер еді. Батпақты жер мен өзен аралығындағы алақандай жерге дәнді дақылдар егілді. Қосөзеннің жеміс беретін негізгі ағашы құрма пальмасы тым ертеден ақ өсірілді. Дәнінен май сығып алынатын сезам, маңызды өсімдік болды. Сонымен қатар мал шаруашылығы өркендетілді. Үй жануарларын ет пен сүт үшін ғана өсірмеді, әуелі есекті, кейіннен өгізді соқаға жекті, сондай-ақ, астықты бастыруғада пайдаланды. Теселі егіншіліктен соқа пайдаланған егіншілікке көшу өндіргіш күштердің болды. Тұңғыш саз балшықтан жасалған кітап әріп белгілерін ойып түсірген саз тақта пайда болды, саз балшықтан тіпті конверт те жасалды. Батпақты құрғатып, егістік жерді Тигр мен Евраттың тасқынынан қазылып, бөгет жасалуы жасауға тура келді. Көптеген ауыл шаруашылық құралдарын да саз балшықтан жасады. Осы Қосөзенде, күн күйдіретін төбешіктерде құдық қазылуы қажет болды. Одан әрі, барған сайын егістікті суару тәсілі жетілдіріле түсті. Жергілікті орында балшық пен қамыс қана молшылық нуға тура келді (онда да өте үнемдеп ұстады), ал бал қарағай мен кипаристің қорын күшті бөренелерін алыстағы таулардан әкелді. Үлкен жасанды су қоймаларын пайдалану, ел дамуындағы едәуір ілгері басқандық болды. Егістік жерді көбірек игеруге мүмкіндік туды. Алайда бұл егістік жерді табиғаттан жеңіп алу керек еді.
Қосөзеннің халқы этникалық жағынан біркелкі емес еді. Өйткені елді қоныстану екі жақтан бірдей болды. Шығыстан Тигр мен Евфраттың жағалауына тіл топтарының ешқайсысына жатқызуға болмайтын тілде сөйлейтін шумерлер келді. Олар аласа бойлы, мығым денелі, дөңгелек бетті, үлкен мұрынды, сақал, мұрты жоқ болып келеді-бұның бәрі оларды көршілерінен айырып тұрады. Батыстан және солтүстік батыстан Қосөзенге семит тайпалары келіп енді.Олардың отаны барлық деректерге қарағанда Арабия түбегі мен солтүстік Африка болған, олар Палестинамен Сирия арқылы келген. Семит қоныс аударушыларының алғашқылары кейіннен аккадтықтар деп аталды. Сыртқы түрі бойынша аккадтар шумерлерден сымбатты бойлары, сопақша беттері, қаба сақалдары мен бакенбардтары арқылы айрылды.
2. Қосөзеннің ежелгі тұрғындары рулық құрылыста тұрды. Өндірісте Қорнекті ролъ атқарған әйелдер үлкен құрметке ие болды. Олар ру мен тайпаның жиналыстарына қатысты. Алайда матриархат сатысына тән бұл құбылыс жаңа қатынастарға өте ерте –ақ орын берді. Қоғамның негізгі ұясы патриархаттық семья болды,әке балаға да,әйелге де үстемдік жүргізіп ,семья мүлкінің иесіне айналды. Б.э.д.III мын жылдықтағы халық жиналысына тек қана еркектер қатысты. Алғашқы қауымнан селолық қауымға өтер кезеңде адамды адам қанауы шыға бастады,бұрын ,өндіргіш күштердің дәрежесі төмен кезеңде бұған жағдай тумағанды.Алғашқы аңшылар соғыс тұтқындарына зорлап еңбек еткізуден пайда таппады,өйткені оның тұтқындарына зорлап еңбек еткізуден пайда таппады,өйткені оның келтіретін пайдасы болмашы еді ,ал жер өңдеушілермен мал өсірушілер өзгенің еңбегімен жасалған қосымша өнімді иемденуге мүмкіндік алды.тайпалар арасындағы қақтығыста қолға түскен тұтқындар құлға айналдырылды.Құлды канал қазуға ,кірпіштен уй салуға зорлап көндірді,ал күң қол тиірменмен дән тартуға тиіс болды.Бірақ селолық қауымның еріктік мүшелерінің арасындада теңдік болмады.Ауыл шаруашылығы мен қолөнер өнімдерінің өсуі артып қалу мүмкіндігін туғызды.Сөйтіп,айырбас дамиды,әуелі натуралдық,кейіннен ақшалай айырбас басталды.
Сонымен билік пен байлықты қолына алған тайпа шонжарлары ерекшеленіп шықты,ал қауымның қарапайым қауымдастары кедейленіп,ауқаттылар билігі алдында бойсынуына тура келді.Алғашқы мемлекеттік өкіметтің пайда болуына алып келді.Алғашқы мемлекеттік құрылым әліде ру-тайпалық дәстүрді сақтады.Патша әзірге бұрыңғы тайпа көсеміне ұқсас еді.Маңызды мәселені шешу үшін әуелі қариялар кеңесін содан кейін қолына қару ұстауға қабілеттілердің бәрі қатысқан халық жиналысын шақырды.Елді біріктіру бірден бола қоймады.Қала бірі мен бірі бірігіп кеткен бірнеше селолық қауым болды,олар өзін-өзі басқаратын кварталдарды құрды.Әрбір кварталдың орталығында жергілікті құдайдыңхрамы болды.Оның айналасындағы ұсақ селениелер осы орталыққа бағындыда,оның билеушісі әрі әскери басшы,әрі бас абыз болып танылды.Қандайда бір қала күшейіп,екінші қаланы бағындырғанда оның билеушісі патша атағын алған.Бара бара мемлекет билігі күшейді,енді патшалар,шонжарлармен жоғары дін басылары абыздарға сүйеніп,қол астындағы қарапайым адамдармен санаспай қойды және оларға әр түрлі міндеткерліктерді атқартты.Ұзаққа созылған бұл дәуірдің негізгі кезеңдері шартты түрде былайша аталады:Эль-Обейд,Урук және Джемдет-Наср.Эль-Обейд мәдениетіне тастан,кейде саз балшықтан жасалған құралдар тән.Аңшылық пен балық аулаудан қарапайым егіншілік пен мал өсіруге көшу нышандары байқалады.Сыртына түрлі-түсті ою-өрнек,бейнелер салынған керамика ыдыстар көп кездеседі.Келесі Урук кезеңінде дүние жүзілік тарыхта тұңғыш рет дөңгелекті транспорт пайда болған.Сол сияқты өзен кемелері де қолданылған.Үлкен кірпіш үйлер,алғашқы баспалдақ мұнаралы храмдар пайда болды.Джемдет-наср кезегінде өндіріс пен мәдениетте үлкен жетістіктер байқалады.Бұл кезеңнің ескерткіштеріне тән нәрсе мыстың кеңінен қолданылуы қалардың салынуы,көрші елдермен байланысының күшеюі,жазу-сызудың,бейнелеу өнерінің жетілдіріле түсуі болды.
Солтүстік және Оңтүстік Қосөзеннің – Аккад пен Шумердің бірігуі. Солтүстік және Оңтүстік Қосөзеннің Саргон қол астына бірігуі екі елдіңде құл иеленуші шонжарларына тиімді болды.Едәір әскери күші бар,орталықтанған династияға халық бұқарасының наразылығын басу оңай болды.Екінші жағынан шағын мемлекет болып тұрғанда,мүмкін болмайтын өзгерістер кең байтақ державаның экономикасын едәір ілгерілетті.Ұлы өзендердің су жайылуын реттеп тұратын суландыру жүйесі бүкіл ел көлемінде жүргізіле бастады,бұның өзі мол өнім алуға көмектесті.Өлшеммен салмақтың мөлшері бір жүйеге келтіріліп,соның нәтижесінде мемлекет ішіндегі сауда байланысы күшейді.Саргон Орталық Евфраттағы Мари қаласын басып алып,одан әрі қарай Сирияға "Күміс тауларға"өтті.Аккад державасы Нарамсин тұсында Эламға сондай-ақ тау тайпасы Загрос луллубейлерге жорық жасап,Армян қыратына дейін барып,дамуының шарықтау щегіне жетті.Оңтүстікте Аккад патшалары Аравия түбегіндегі Маган мен Мелуххуға жорыққа аттанды және Египетпен байланыс жасауы мүмкін.5400 маман жауынгері бар тұрақты армия құрылды.Бұларды сыртқы жауға ғана емес,халық көтерілісін басуға да пайдалануға болды.Әлуметтік қайшылықтар барған сайын шиеленісе түсті.Селолық қауымдар тез ыдырай бастады.Аккад мемлекеті 120 жылға жуық өмір сүрді де б.э.дейінгі 2200жылдар шамасында Шығыстан келген жауынгер таулық гутеейлердің шабуылынан күйреді.Шапқыншылардың саны аз және рулық тайпалық ұйымды едәуір дәрежеде сақтаған ел болды.Гутеейлердің негізгі тірегі Шумердің Лагаш қаласы болды.Бұл қала Урукагиннің қиратылуынан кейін қайта қалпына келіп,Қосөзеннің оңтүстігінде басымдыққа ие болды.Б.э.д.ХХII ғасырдың екінші жартысында Лагашты гутеейлердің бас басшылығымен Гудеа есімді патеси биледі.Лагаш билеушілері гутеейлерге адал болып,олардан жәрдем әрі жеңілдік алып отырған кезде,өзге бағынышты қалалар шапқыншыларға қарсылық көрсетіп жатты.Б.э.д.ХХII ғ.аяғында Гутеейлерге қарсы бұрқ еткен көтерілістің батында Ур мен Урук қалалары болды.Б.э.д. 2108 жылы гутеейлер әбден жеңіліп,елден қуылды.Қосөзен қайтадан бірікті,бұл жолы Урдың III династиясы қол астына бірікті,бұл әулет б.э.д. III мың жылдықтың аяғына дейін билік жүргізді.Бұл династияның өкілдері өздерін Шумер мен Аккадтың патшасымыз деп атап,ал кейінірек тіпті "дүниенің төрт жағының патшасымыз"дегенді айтты.Кейде олар өздерін құдай деп те атады.Урдың III династиясының патшалары Батысқа және шығысқа бірнеше рет шабуыл жасады,ал солтүстікте Ашшурды өз ықпалына бағындырды.Ішкі және сыртқы сауда ісі өркендеді,мұнда басты роль атқарған патшаның агенттері-тамкарлар болды.Өндіргіш күштердің одан әрі дамуы байқалды,атап айтқанда бұрыңғы тас пен мыс құралдардың орнына қола құралдар көп пайдаланыла бастады.Әлеуметтік жіктеліс Аккад әулетіне қарағанда әлдеқайда тереңде жедел дамыды.Кедейленген қауымдастар жаппай еріктерінен айрылды.Ата-аналар борыштарын өтеу үшін өз балаларын берді,олардың жағдайынан айырмасы болмады.Урдың III династиясы кезінен ірі храмдар мен патша шаруашылықтарында істеген есепшілер құрастырған жүздеген мың іс қағаздары сақталып қалды.Бұдан қызметкерлер мен қызметші әйелдердің тізімін,сондай-ақ істелген жұмыстың есептері,сонымен қатар дүние жүзі тарихында тұңғыш рет еңбек күн есептеуге әрекет жасалған документтерді көреміз.Ірі поместьелер мен шеберханалар персоналының көпшілігі құлдар мен күндер болған.Оларға көмекші ретінде жұмысқа жалдамалылар да тартылған.Олар еңбекақысына құлдардың тамағының құнынан екі-үш есе қымбат тұратын ақыны заттай алған.Ураның III династиясы да,Аккад әулеті сияқты ұзаққа созылмады.Б.э.д.ХХI ғ.аяғында батыстан бір мазгілде лап қойған жаудың қысымына төтеп бере алмай ыдырап кетті.
3. Шумер-Аккад мәдениеті байырғы Месопотамиядағы (Тигр мен Ефрат өзендерінің арасы) өркениет, әлемдік мәдениеттердің бірі болып саналады. Атап айтқанда дәл осы Шумерде б.д. д. IV-мыңжылдықта қалалық типтегі жазба мәдениет алғашқы қауым мәдениетің тұрақты түрде ұштастыра бастады. Көне Месопотамияның қалалары-су артерияларының жағаларына орналасқан, егіншілікпен айналысатын қоныстанушылардан құралды. Ур, Вавилон, Ниневия сияқты қалалары болды. Сына жазулармен шимақталып жазылган мындаған таблицалар «Жерұйык заңдарын», әлем мен өмірдің құпия сырларын білу құлаш тілектері жырланады. Поэма басынан аяғына дейін пессимизмге бой алдырған. Болашақ өмір қайғы мен қасірет мекені ретінде суреттеледі. Керек болса батыр Гильгамеш мәңгі өмірге лайықты болмай шығады. Ал, ондай мәңгі жағдайлар діни өсиеттерді, абыздардың талаптарын, діни әдет ғұрыптарды орындағандардың ғана үлесі.
Бұл ежелгі мәдени шығармалардың барлығы шығыс елдерінде белгісіз сипаттарда жазылды. Өйткені суреткер арналған туындыларында өзінің авторлық позициясын айқын көрсетуте аса талпатанбады, тұлғаланған бастама көрсетілмеген. Қоғамдық ұжымдарда ғана қасиеттілік маңызға ие болды. Жазушы-суреткердің ең басты міндеті жалпыламаны
іс-жүзіне асыру болды. Көркем өнер шығармаларындағы іс-жүзіне асырылған әсемдік, суреткердің рухани және материалдық күш салуының
нәтижесі емес еді. Ол шығармашылық тұлғадан тәуелсіз өмір сүретін табиғаттың іс жүзіне асырылған өз әсемділігі. Ол кез-келген жеке адамның талап-талантына бейтарап. Табиғи әсемділігі суреткерге тек ғана бір жағдайда, былайша айтқанда адамның дін мен философияға сүйене отырып табиғатты сырттан қарап бақылау технологиясын игергенде ғана есігін айқара ашады.
Миф - бұл, ауыз әдебиетінің халық шығармашылығы тәжірибеде сақталған қоршаған ортаның мәнін түсіну, тіршілік әдіснамасы, ойлау, сөзу. Мифологиялық бейнелер сюжеттерді сәулеттік, живопись, мүсін сияқты сөз арқылы жүзіне асырмайтын өнердің түрлерінің өзінен де көріп тану емес. Шумердегі храмдар нақтылы адам тектес құдайлар емес, алғашқы шумерлік адамдардың мифтерін түріп көра формула сияқты құдайлардың тотемдерімен безендірді.
Шумерліктер адамзат тарихындағы ең ежелгі жазудың авторлары. Ол сына жазуы деген атқа ие болған. Бізге жүз мыңнан аса сына жазулық текстер жетіп отыр, олар негізінен саз балшықтан жасалған плиткаларда жазылған.
Шумерліктер математика мен астрономия саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Уақыт өлшемінде қолданылып келе жатқан сандардың алпыстық жүйесі ойлап табылды. Күн-ай күнтізбесі жасалынды. Медицинада үлкен жетістіктерге жетті. Қосөзен дәрігерлері адам көзіне қола пышақтармен операциялар жасаған.
Шумер-Аккад мәдениетін одан әрі жалғастырып, дамытқан Вавилон өркениеті. Вавилон сәулет өнерінің ескерткіштері, Египетке қарағанда, анағұрлым аз көлемде жетіп отыр. Дегенмен, қолда бар материалдарға қарағанда, Ежелгі Рим және Орта ғасырлық Европа сәулет өнері Вавилон сәулет өнерінен негіз алды деп айта аламыз.
Вавилонның ең тамаша құрылыстарына, сол замандағы әлемдегі ең үлкен, әрі әдемі қала Вавилон қаласының құрылыстары жатады. Вавилон мұнарасы және Әлемнің Жеті кереметінің бірі Симарамида аспалы бағы.
Вавилон бейнелеу өнеріне жануарларды бейнелеу тән болған, оның ішінде арыстан мен өгіз бейнелері. Сонымен қатар Тель-Асмардан табылған бір топ ер дамдардың мәрмәр мүсіндері тамаша бұйым болып табылады. Бұл мүсіндердің сипаттық ерекшелігі, Египеттен табылған мүсіндерге қарағанда бейненің дәл және шынайы берілуі.
Шумерліктердің ғылыми зерттеулерін одан әрі қарай жалғастырған вавилондықтар бір қатар жетістіктерге қол жеткізді. Олар жыл ұзақтығын дәл есептеп шығарды, 1 жыл 365 күн 6 сағат 15 минут 41 секундтан тұрады. Жеті күндік апта күнін де ойлап тапқан вавилондықтар, б.з.б. 700 ж.
Вавилон мәдениетін қабылдаған Ассириялықтар да Қосөзен мәдениетіне өз үлесін қосты. Ниневиядағы ассириялық патша Ашшурбанипал (б.з.б. VII ғ.) сарайының қирандыларынан өте үлкен кітапхана табылды. Ол кітапханада 10 мыңнан аса мәтіндер табылды. Оның ішінде шумер, аккад, вавилондық мәтіндер де көптеп сақталған.
Жарияланған-2015-05-04 19:38:56 Қаралды-10231
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану