Қазақстандағы өлкетану жұмыстарының казіргі жай -күйі
Жоспар
1.Қазақстанда өлкетану жұмыстарының дамуы.
2.Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау.
3.Өткен заманның мәдени мұраларын зерттеу.
4.Өлкетану жұмыстарын дамыту міндеттері және келешегі.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау ісін жақсарту үшін, оның ішінде олардың жекелеген түрлерін құқықтық қорғаудың ең оқтайлы құралдарын қарастыруға мүмкіндік беретін ғылыми жіктеудің маңызы өте үлкен. Бұл жіктеу 1992 жыл 2-ші шілдедегі « Тарихи мәдени мұраны қорғау және пайдалану» (5.10.1995 жылы өзгертілген) тарих, археология, қала құрылысы, өнер ескерткіштері және құжатты ескерткіштер тізімімен Қазақстан Республикасы заңының 6-шы бабында бекітілген.
Келтірілген жіктеу тарих және мәдениет ескерткіштері болып танылатын тәртіпке келтірілген үлгі тізімі болып табылады. Бұл тізім аяқталмаған бағдар сипатында болады, әрі іс жүзінде қалыптасқан ескерткіштерді мемлекеттік есепке алудың формасын көрсетеді.
ҚР 1992 жыл 6-шы шілдедегі заңының 6-шы бабынан тікелей шығатын ескерткіштерді жылжитын және жылжымайтынға бөлу үлкен теориялық әрі практикалық қызығушылық тудырады. Бұндай бөлудің теориялық маңызы ескерткіштерді қорғау шеңберінен асып түседі, себебі мүліктердің жылжитын және жылжымайтын ретінде бөлудің жалпы өркениетті мәселесін қорғайды.
Белгілі болғандай, заттарды жылжитын және жылжымайтындарға бөлу қазіргі заманда көптеген құқықтық жүйелерінде, соның ішінде Қазақстан Республикасы өз тарихында сонау Рим құқынан бастау алады және азаматтық құқық объектілерінің табиғи өзінділіктеріне негізделген. Жылжымайтын заттар тұрақты бір жерде болады, олардың әрқашан өзіне тән белгілері және алмастыру мүмкін емес. Дәстүрлі жылжымайтындарға ( жылжымайтын мүлік ) жер, жер учаскілері, қазба орындары, жекелеген су объектілері және әдеттегідей одан ажыратуға болмайтын заттар, яғни жылжытқан кезде өз арнауына нұқсан келетін объектілер, соның ішінде құрылым , құрылыстар, көп жылғы ағаштар, орман тағы да басқа қалған басқа заттардың барлығы жалпы ереже бойынша жылжымалы болып есептелінеді, яғни басқа жерге ауыстырғанда өз шаруашылық арналуына нұқсан келмейді, әрі бүлінген жағдайда басқасына ауыстыруға болады.
Заттарды қаралып отырған бөлу тиімділігі тарих және мәдениет ескерткіштерін бөлінуінен айқын көрініп отыр. Жылжымайтын ескерткіштерге ғимараттар, құрылыстар немесе басқа да объектілер ансамбльдер мен комплекстер, бау-саябақ өнері, шығармашылығы, тарихи некрополдер, тарихи территориялар мен орындар және бірқатар басқа да объектілер әдеттегідей айнала қоршаған ортамен көптеген жағдайда олардың тарихи, ғылыми және көркемдік құндылығы анықталады. Бұндай ерекшелік бұл ескерткіштерді қорғау мен пайдаланудың спецификалық талабын белгілейді.
Олардың ең бастысы-ескерткіштер орналасқан территорияларды және солармен байланысты құрылыстар мен басқа да объектілерді тұтас бірегей ретінде сақтау, ескерткіштер қорғалатын айлағын бекіту, құрылыс салуды реттеу айлағы, ландшафты қорғау, ең құнды ансамбльдер мен комплекстер ескеркіштерін тарихи-мәдени қорықтар ретінде жариялау есебінен қамтамасыз етіледі.
Ал енді жылжитын еакерткіштерге келер болсақ, олардың тарихи, ғылыми басқа да мәдени маңызы ең алдымен олардың өзіне байланысты, әдеттегідей олардың құндылығына ,зиян келтірместен кеңістікке еркін орналастыруға болады. Соған сәйкес оларды есепке алу, қорғау және пайдалану ережесі де өзгеше.
Тарих және мәдениет ескерткіштері өз дәрежелері бойынша әлемдік, ұлттық және жергілікті маңызды ескерткіштер болып бөлінеді. Әлемдік маңызы бар ескерткіштер адамзат қоғамының дамуы мен қалыптасуының куәсі ретінде әмбебап сипатта немесе әлемдік мәдениеттің ғажайып туындысы ретінде болады. Бірегей халықаралық қорғау тәртібінде « Адамзаттың мәдени мұрасының құрамдас бөлігі болып табылатын ескерткіштердің шектеулі санын » жасау қажеттілігін ЮНЕСКО 1966 жылы-ақ мойындаған. Нәтижесінде 1972 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның бас конференциясы ұлттық жоспарда мәдени және табиғи мұраларды қорғау жөнінде ұсыныс және бүкіләлемдік мәдениет және табиғи мұраны қорғау жөнінде Конвенция қабылдады.
Көрсетілген құжаттар негізінде көрнекті мәдени құндылықтарды қорғау – бүкіл адамзаттық ісі деген идея жатыр. Соның ішінде конвенцияның жетекші органы 1972 жылы бүкіл әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау бойынша комитет- мүше елдердің ұсыныстарын қарап әрі ең ғажайып белгілі межелерге сәйкес келетін мәдени және табиғи құндылықтарын бүкіл әлемдік мұралар тізіміне ендіреді. Қазақстан 1974 жылдан сол конвенцияға қатысушы болғандықтан, ондағы ереже ескерткіштерді қорғаудың отандық теориясы мен практикасында ескертілуі қажет.
ҚР 1992 жыл 2-ші шілдедегі заңының 2-ші бабына сәйкес « Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану», « Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды тиімді ұйымдастыру және есепке алу мақсатына орай ескерткіштер халықаралық, республикалық және жергілікті маңызды болып бөлінеді ».
Республикалық маңызды ескерткіштерге сол елді мекендердің халықтың тарихы мен мәдениетін тануға өлшеусіз маңызы бар ескерткіштер жатады. Жергілікті маңызы барларға тарихи және мәдени құндылығы бар ескерткіштер жатады. Олардың ғылыми, көркемдік басқа да маңыздылығы сәйкес аймақтық сол жерді мекендейтін халықтар көмегімен шектеледі.
Республикалық маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштер тізімін ҚР-сы тарих және мәдени ескрткіштерді қорғау және пайдалану бойынша мемлекеттік органдардың ұсынысымен ҚР-ның үкіметі бекітеді. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін ҚР-сы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану бойынша мемлекеттік органдарымен келісіп, ескерткіштерді қорғау бойынша мемлекеттік территориялық және қоғамдық органдардың ұсынысымен жергілікті билік органдары бекітеді.
Республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінен объектілерді шығарып тастау тек ҚР-сы Үкіметінің шешімі арқылы ғана іске асырылады ( 27 бап ).
Ескерткіштер мүлік ретінде құқықтық қатынастар меншігі объектісі түрінде болады. Олар нақты кімге жататындығына орай мемлекеттік, ұжымдық және жекеменшік болып келеді. Ескерткіштердің басым бөлігі мемлекет меншігінде ҚР « Тарихи және мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы » заңына сәйкес ҚР-сы территориясындағы басқа субъектілердің меншігі болып табылмайтын тарих және мәдениеттің барлық ескерткіштері, заң бекіткен ережеге сәйкес ескерткіштері болып танылған тарихи-мәдени жер бедерлері тек Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады. Қазақстан Республикасы қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын құрайтын, тарихи-мәдени құндылығы бар болғандықтан олардың меншік иелерімен келісім арқылы тарих және мәдениет ескерткіштерін меншіктенуге құқысы бар ( 11 бап ).
Ескерткіштерді сақтауға өте маңызды роль атқаратын оларды пайдалануды дұрыс ұйымдастыру. Қазіргі жағдайда ескерткіштерді пайдалану мүмкіндіктеріне байланысты олар жекелеген топтарға бөлінеді. Бірінші кезекте көрсетілген арналуы – көп функционалды жылжымайтын ескерткіштерге қатысты. Ал енді жылжымалы объектілерге келетін болсақ, олардың көпшілігін пайдалану мүмкіндігі олардың тұтастай арналуымен байланысты ( өнер ескерткіштері, қолжазбалар, коллекциялар т.б. ) немесе тарихи -мәдени лайықтылығына байланысты ( көне қарулар, сирек музыкалық аспаптар, көне ғылыми приборлар және т.б. ).
Тарих және мәдениет ескерткіштерін кейде хрусталь құмырамен, ал кейде гүлмен салыстырады. Екеуі де мұқият қарауды қажет етеді.
Сонымен прогрестивті азамат, байқаусызда түсіп кеткен шашақтарына дейін мұқият жинап , бар мүмкіндікпен бұл гүлді қорғаштауға ұмтылады. Мемлекет ұзақ жылдар бойына мәдени құндылықтарды қорғау бойынша заңдылық актілер шығара отырып, жазба және материалды мәдениет ескерткіштердің мол қоры бар мұражай, кітапханалар, архивтер, қорық мұражайлар құрды.
Тарихи-мәдени құндылықтарды ескерткіштер ретінде тану, үкімет қаулысымен бекітілетін тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізіледі. Барлық тарих және мәдениет ескерткіштері кімнің меншігіне жатысына қарамастан, мемлекеттік есепке алынуы тиіс. ҚР және республика үкіметінің тізіміне ендіріліп, бекітілген ескерткіштер мемлекет қорғауында болады. Оларды дұрыс қолданбау, бүлдіру және қиратуда лауазым иелері мен азаматтар заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Ұлттық мәдени мұраларды қорғау маңыздылығына түсіністіктің артуы тарихи мұраларды сақтауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету және заңдылық базасын жетілдіруді қажет етеді.
Қазіргі күні Қазақстан территориясында қалған 30 мыңға жуық тарихи және мәдениет ескерткіштері жыл сайын шетінен құрылыс және басқа да себептермен бүлініп, жойылуда.
Бүгінгі күні мұраларды көбейту бойынша ұлттық стратегияны жаңартусыз және оны қоғам дамуының бағдарламасымен үйлестірмей, сауатты менеджментсіз, басты түйіні біздің мұражайлар, мавзолейлер, архитектуралық, тарихи және табиғи қорықтар болып табылатын туризм инфрақұрылымын әлемдік стандарттар деңгейіне көтере алмаймыз.
Елбасшысы Н.Ә. Назарбаев өткен жылғы халыққа дәстүрлі Жолдауында асыл мұраларымызды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту мәселелеріне мән беріп, үкіметке « Мәдени мұра » мемлекеттік бағдарламасын жасауды тапсырған болатын. Ал, қараша айында Астанада ҚР ұлттық кеңесінің үшінші мәжілісінде Президенттің қатысуымен бағдарламаның жобасы талқыланды. Бұл тарихи және мәдени ескрткіштерді жаңғырту жұмысындағы жүрекке қуаныш ұялатқан игілікті іс Оңтүстік өлкемізде, облыс бойынша 800-ден аса тарихи және мәдени ескерткіштер болса, әлі де толық зерттелмей жатқан мұралар көптеп саналады.
Қорытындылай айтқанда, өзіндік сыры мол тарихи қарашығындай сақтау әр адамның парызы.
Ортағасырлық дәуірде сауданың, қолөнердің өркендеп дамуы, көшпелілердің отырықшылыққа ден қоя бастауы қалалардың, құрылыс ісінің қанат жаюына ықпал етті. VІІІ-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда ислам дінінің кең таралуына байланысты мұсылмандық мәдениет қалыптасып, қалаларда мұсылман дініне негізделген архитектуралық ескерткіштер бой көтере бастады.
ІХ-Х ғасырларда Отырарда туған ұлы философ, Абу Насыр Әл-Фарабидің математикалық еңбектерінде көрсетілген архитектуралық формаларды салудың геометриялық әдістері Шығыс еліндегі құрылыс өнерінің негізін қалады.
Қазақстан аумағында орта ғасырлық мұсылмандық сәулет ескерткіштері көптеп саналады. Олардың көрсетілген тамаша құрылыс ескерткіштері-халықтық аса бай өнегелі өнері болып табылады. Ертедегі дәуірдің маңызды тарихи құбылыстардың куәгері сияқты мұндай ескерткіштер ғылыми, тарихи көзқарасты қалыптастырады. Мешіт, ғибадатхана, кесене ғимараттарында халық шеберлерінің көпғасырлық қолтаңба тәжірибелері, сонымен бірге елдің жақсылыққа деген ойлы өрнегі бар.
ҮІ ХІІІ ғасырлар аралығында қалалардың көбейе түсуі қала құрылыстары мен сәулет өнерінің дами түсуіне өз ықпалын тигізді. Шеберлер жаңа конструкцияларын, формаларын енгізіп, декоративті өрнек түрлерін салды. Осындай жетістіктердің нәтижесінде бұл дәстүр ХХ ғасырдың басына дейін сақталып келді. Орта дәуірдегі ХІІ-ХҮ ғасырлар аралығында салынған түрлі ғимараттардың осы кезге дейін жеткендері өте аз. Олардың бұзылуы , қайта раставрация жүргізуші жөнделуі ескерткіштердің бастапқы уақыттағы өзінің түр-сипатының көп өзгеріске ұшырауына әкеліп соқтырды. Дегенмен, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда салынған ескерткіштердің азда болса сақталған бөлігінің өзі-ақ жоғары шеберлікті көрсетеді.
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ХІҮ ғасырдың аяғы ХҮ ғасырдың басындағы сирек кездесетін бірден-бір архитектуралық ескерткіш. Кесене 1389-1397 жылдар аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Өзіндік орны бар бірнеше бөлмеден тұратын көлемі жағынан үлкен де сәулетті мемориалдық комплекс болып табылады. Кесене ғимараты портальді күмбезді құрылыс түріне жатады, ішкі және сыртқы формалары өз кезеңіне сай дәстүрлі өрнек түрлерімен безендірілген. Халық зиярат ететін орын, сонымен бірге еліміз мақтаныш тұтатын сәулет өнерінің үлкен жетістігі.
Сайрам ауданындағы Қарашаш ана мавзолей ХІХ ғасырда салынған. Жалпы көлемі 7х6,5 м, биіктігі 9,3 м. Аңыз бойынша ХІІ ғасырда Қожа Ахмет Яссауидің анасы Қарашаш ана бейітінің үстіне салынған, кейінгі уақытта қайта жөнделген. Республика деңгейдегі архитектуралық ескерткіш.
Ибрагим ата кесенесі ХІХ ғасырда қайта жөнделіп салынған жалпы көлемі 7х7 м, биіктігі 8,25 метр болатын республикалық деңгейдегі архитектуралық ескерткіш. Кесене кең таралған күмбезді үлгіде тұрғызылған.
Ежелгі Отырар қаласына (қараған орнына) жақын жердегі архитектуралық ескерткіштің бірі ХІ ғасырда өмір сүрген (делінетін) Арыстан баб бейітінің үстіне салынған жалпы көлемі 30х13 метр болатын Арыстан баб кесенесі. Аңыз бойынша бұл бабамыз Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы болған. Ескерткіштің бұзылуына байланысты бірнеше рет жөндеу жұмыстары жүргізілген мемлекеттік қорғауға алынған республикалық деңгейдегі сәулет ескерткіші.
Тараз қаласының батыс жағында 18 шақырым жердегі Айша бибі кесенесі-ХІІ ғасырда салынған архитектуралық ескерткіш. Құрылысты 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938-39 жылдары КСРО ҒА қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақ КСР ҒА экспедициясы жан-жақты зерттеген. Айша бибі мазары мемориалдық құрылыстардың орталық биіктігі типіне жатады. Ескерткіш қабырғаларының конструкциясы ерекше. Мұның шаршы пішінді қабырғалары бірнеше қабартардан тұрады. Кесененің ішінде күйдірілген кірпіштен салынып, қалаған шағып құлпытан салынған. Айша бибі күмізіндегі сан алуан ою-өрнек, нақыштар Қарахан дәуіріндегі сәулет өнерінің озық үлгілері саналады.
Әулие ата күмбезі – ХІ ғ-н сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс жағында. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Иса. Махмуд Буғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қыш мұрасы ХІХ ғасырдың 90 жылдарына шейін сақталған. 1905 ж. оның құлаған бөлігі түгелдей бұзылып алынып, орнына 1906 ж. жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент шипаны Сайд Бакханов қортыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Бергі беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұхарадағы ортағасырлық Ислам күмбезіне анық байқалады. Әулие ата кесенесі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Екі мұнарасы бар.
Жошы хан күмбезі – Жезқазған қаласынан солтүстік шығыс қарай 50 км жерде, Қаракеңгір өзенінің жағында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш. Мавзолей ХІІІ ғасырға жатады. Аңыз бойынша бұл ескерткіш Шыңғыс ханның үлкен ұлына арналып жасалған. Мавзолейдің құрылымы күмбезді, ауданы 7,25х9,52 м, биіктігі 7,9 м, күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Оның маңдай алдын сүйір арна түрінде шығарып, екі таң босағасын үстіңгі салмақты еркін көтеріп тұруы үшін берік етіп тұрғызған. Жақтаулар өрнекті кірпішпен өрнектелген. Өрнекке пайдаланған тоқта кірпіштің аузына 45х45 см. Бұл кірпіштерде өрнекпен бірге жазу да болған. Ж.Х. кесенесі республика маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
Асан ата күмбезі-қазақтың ақын философы Асан қайғыға арналып ХҮІ ғ. Салынған архитектуралық ескерткіш. Қызылорда облысы, Шиелі ауданында 16 км-жерде орналасқан. А.а.ан. порталды-күмбезді құрылысқа жатады. Шаршы тіліндес, ауд. 11,15х7,30 м, биіктігі 7,60 м күйдірген кірпіштен қаласқан. 1982 ж. республика маңызы бар тарих және мәдениеті ескерткіштер тізіміне енгізілді.
Шақпақ ата-Х-ХІХ ғ.ғ. аралығында іргесі қаланған қорым, архитектурасының ескерткіштер комплексі. Гурьев, қазіргі Атырау облысы Маңғыстау ауданындағы Таушық поелкесінен батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Комплекске сағатынан, құлпытас, сағана-қайтпас санды ескерткіштер мен жер асты мештінінен ( Шақпақ ата мешіті ) тұрады. Мешіттің жалпы жобасы крест пішінді болып келген. Орталық намаз залының ( 5,0х4,5 м ) төрт бұрышынан жұмыр бағаналар қашалып, олардың арасы сәнді қақпалармен байланысқан. Залдың ( күмбезінен ) шығарылған. Мешіттің қабырғаларында арнайы жиналған өрнек белгілері байқалмайды. Негізгі әшекей-өрнек бас кіре берістің босаға қабырғаларын нақыштауға ( жануарлар, қару жарақ, салт атты адам суреттері, жазулар т.б. ) жұмсалған.
Қарахан күмбезі – архитектуралық ескерткіш. ХІ ғ. Таразда билік еткен Қарахан әулеті хандарының бірі жерленген қабір үстіне салынған. Тараз қаласындағы «Ежелгі Тараз ескерткіштері » қырық музейі территориясында орналасқан. 1906 ж. қайта салынуына байланысты алғашқы архитектуралық ою-өрнегі сақталмаған. Күмбезі алғаш зерттеген архитектура ғалым Б.П. Денеме. Ескерткіш шаршы пішіндес болып келеді, порталді күмбезді құрылысқа жатады. Сырты осы күті күйдірілген кірпіштен, ішкі бет, терезе жақтаулары Қарахан дәуірінің кірпіштерінен өрілген. Орталық залы, 4-бұрышында күмбезді шатырға көтерілетін баспалдағы бар. Қазіргі Орталық залына ежелгі Тараз тарихы мен мәдениеті жайлы баяндайтын экспезиция қойылған.
Қазақстан жерінде осындай архитектура ескерткіші реставрациялау 1982 ж. Ахмет Яссауи мавзолейіне кейбір жөндеу шаралары жүргізіле бастаған кезден басталады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін тарих және мәдениет ескерткіштері қамқорлыққа алу әрі оларды Р-ң жедел қолға алынды. 1966 ж. республика ғылыми реставрация өндірістік шеберханасы ( кейін респ. ғылыми реставрация және жөндеу бірлестігі) ұйымдастырылды. Осы негізде аталған арх.ескерт.жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жасалды.
Ел басшысы Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылғы дәстүрлі халыққа жолдауында тарихи және мәдени ескерткіштерді жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау және дамыту мәселелеріне үлкен мән беріп, Үкіметке « Мәдени мұра » мемлекеттік бағдарламасын жасауда тапсырды. Ал қараша айында Астанада ҚР Ұлттық Кеңестің үшінші мәжілісінде « Мәдени мұра » бағдарламасының жобасы талқыланған болатын. Бұл ескерткіштерді жаңғырту жұмысындағы жүректе қуаныш ұялатқан іс. Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіштер бар екен, ал оның ішінде архитектуралық өнердің үздік белгісі болып саналатын кесене-ғимараттар реставрациялық жұмыстарды қажет етеді.
Халқымыздың мақтанышы Түркістандағы Қ.А. Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның Бас Ассамблеясында 27-ші сессиясында бүкіл әлемдік ескерткіштер қатарына кірді.
1.Қазақстанда өлкетану ісінің басталуы. Өлкетану бұл жаңа құбылыс емес, оның тамыры адамзат тарихының көне дәуірінен басталады. Бұл жұмыстар ХVІІІ-ғасырдың басталу кезеңі, сол кездегі қазақ халқының экономикасы мен мәдениетін, тарихын зерттеумен айналысқан орыс және жергілікті зиялылардың демократиялық бөлігінің прогрессивті ролінің күшейген кезеңі.
Қазақстандағы өлкетанудың пайда болуы – ХУII ғ. Өлкетану ХУ111 ғасырда әсіресе кең құлаш жайған. Географияның гүлденген уақыты деп аталады. Өлкетану зерттеулерінің нәтижесі жергілікті әкімшілік құжаттарында, губернатор «Есебінде»,губернияның «Топографиялық жазбаларында», Бас жер өлшеушілер материалдарында көрініс берді .
1834 ж. жергілікті статистикалық мәліметтерді жинау,өңдеу қажеттілігі, губерниялық статистикалық комитеттер құру қажеттігін айқындады. Олардың міндеті: жергілікті әкімшілік статистикасының толық нақты жазу, статистикалық экспедицияларды жабдықтау.
Өлкетану жұмысын өлкетану музейлер Х1Х- ғасырда кең жайдырды. ХХ-ғасырдың басында өлкені зерттеуші қоғамдар пайда бола бастады.
Ресейде губерниялық және уездік (болыстық) экономикалық кеңестер, жергілікті еңбек және қорғаныс кеңесін ашуға шешім қабылдады (СТО – Совет труда и обороны). 1917 жылы Халық-ағарту комиссариатының құрамында ғылыми бөлім құрылды. 1923 ж. өлкетану журналдары шыға бастады: «Өлкетану»,«Орталық өлкетану бюросының хабаршысы» (Известия ЦБК, 1925 ж.). 1930-1936 жж. «Кеңес өлкетану» деп аталды. Бүкілресейлік өлкетану конференциялар 1924, 1927, 1 Бүкілқазақстандық ғылыми-өлкетану съезі 6.04.1930 ж. өтті .
Өлкетану зерттеулер көп университеттер, ғылыми қоғамдардың бөлімшелер мен филиалдар: Еркін экономикалық, археологиялық, географиялық, Ресейдің бұрынғы тарихы, жаратылыстану қызығушылар, антропология және этнография қоғамдар, губерниялық архив комиссия, земстволар жүргізді.
2.Қазақстанда өлкетану жұмыстарының негізгі кезеңдері
1 кезең. Революциядан бұрыңғы кезең, патшалық Ресейдің қиыр алыс түкпірлерінде өлкетану үйірме, қоғамы мұражайлары пайда болды. Олар жергілікті мәдениет саласы халық тұрмысын жазып, жинау зерттеуде елеулі табыстарға жетті. Бұл кеңес дәуірі кезеңіндегі өлкетану қозғалысының кең өркендеуіне бастама болды.
2 кезең. Кеңес өлкетануының пайда болуы мен қалыптасуы 1917 жылдан 20 – жылдардың ортасына шейін. Онда өлкетану ғылыми – мәдени қозғалыс ретінде нығайды.
3 кезең. Көпшілік өлкетану қозғалысының гүлдену кезең. 20-шы жылдардың ортасынан 30-жылдардың ортасына шейін. Онда Кеңес тарихы өлкетануының негізгі тек орталықта ғана емес, Республикада да қаланды.
3.Орыс саяхатшылары мен тарихшыларының қазақ халқының тарихын зерттеудегі ролі
Х1Х ғ.соңы-ХХ ғ. басында, әсіресе қызығушылық тудырған басылымдар: жекелеген анықтама басылымдар, жол көрсеткіштері, өлкетану анықтамалары, монографиялар: губерниялық статкомитеті шығарған қоғамының еңбек жинақтары және жазбалары, Еркін экономикалық қоғам, жаратылыс, білім, антропология, этнография әуесқойлар қоғамы, Орыс географиялық қоғамы ежелгі Ресей және тарих қоғамы, университеттердің археологиялық қоғамы, губерниялық архив қоғамдары, жергілікті өлкетану қоғамдары (мысалы, «Костромалық байырғылар) ж.т.б мекемелер әрі жергілікті газет-журналдар, көптомды «Орыс өмірбаян сөздігі», «Татар дәуірі кезіндегі Солтүстік Ресейдің жекелеген ұлы князьдары», В.НТатищевтің«Лексиконы»(1793),А.А.Плюшардың 17 томдық «Энциклопедиялық лексиконы (1735-1747, әмбебап энциклопедиялардың ішінде айта кететіні: И.И.Березиннің 16 томдық «Орыс энциклопедиялық сөздігі» (1873-1879), Брокгауз және Эфронның «Энциклопедиялық сөздігі» (1-ші басылым 82 том және қосымша 4 том (1890-1907жж.), ағайынды Гранаттардың «Энциклопедиялық сөздігі» 7 басылым 1892 жылдағы шейін шығарылған және 21 том - кеңес дәуірінде). Әртүрлі анықтамалар мен сөздіктер: П.П.Семеновтың «Ресей империясының географиялық-статистикалық сөздігі» 5 томдық (1863-1885 жж.).,
В) Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңдегі өлкетанулық зерттеулерінің дамуы (ХVІІІ ғас.ІІ ширегі -ХІХ ғас. ортасы.): М.Тевкелев, И.К.Кирилов, В.И.Татищев, Г.Ф.Миллер еңбектеріндегі қазақ этнографиясы мәселелерін саралау.
Түрік тілді халықтардың әдет-ғұрып, құқы және наным туралы мәліметтер славян халқы ауыз шығармашылығында, жылнамаларда және тарихи баяндауларында кездеседі. Мысалы, Нестордың «Повесть временных лет» (1113) еңбегінде көптеген түркі тайпалары, Елді бойымен Азияға шығысқа жолы айтылады. Орыс үкіметі ХУ-ХУ1 ғасырдың өзінде-ақ қазақ халқына қызығыушылық танытып, ол туралы әртүрлі мәліметтер жинап, олар жазылып Мәскеу приказдарында, патша кеңселерінде сақталған. Осылайша 1575-1584 жылдардағы сақталған патша архивінің жазбалары көрсетілгендей, 38-жәшікте «Қасым ханның тұсындағы қазақтардың кітаптары мен тізімдері» (Актілер, археологиялық экспедициялар жинағы. Т.1- СПб, 1836, 289-339 бет). Орыс көпестерінің және саяхатшылардың сұрау салу хаттамасы, арнайы тыңшылардың, елші және қызмет адамдарының мәлімдемесі.
Австрия дипломаты Сигизмунд Герберштейін (1549) «Мәскеу істері туралы жазбалар» кітабы ХУ-ХУ1 ғ. басындағы қазақ даласының тұрғындары туралы (қазақ жерінің орналасқан орны, қазақтар тіршілігі, азығы, киімі, діні, әдет-ғұрыпы, орыстармен қарым-қатынасы) 1588 ж. Мәскеу қаласында тұрған қазақ Қадырғали Хошум Жалайри Б.Годуновтың өтініші бойынша қазақ-шағатай тілінде қызықты қолжазба түрінде «Джами-ат таварих» жылнамалар жинағын жазған. Автор қазақ хандары мен сұлтандары генеалогиясына басты көңіл бөлген. ХІУ-ХУІ ғасырдағы әскери жорықтарды, феодалдық құқықтарды, отбасы әдет-ғұрып, діни- нанымын суреттеген. Жалайыридің шығармаларында қазіргі кездегі біз білетін көптеген қазақтың мақал-мәтелдері, дала сөздіктері, басқа да фольклорлық материалдар кездесді.
ХУІІІ ғасыр бойында қазақ халқы туралы тарихи-этнографиялық материалдар молайған үстіне молая түсті. Орыс және Орта Азиялық елшіліктер өз кезектерінде қазақтар көшіне соғып, Ресейге қазақ халқының өмірі туралы мәліметтер жеткізіп тұрды. Бұл ең алдынмен сауда жүргізу қауіпсіздігіне қажет болды.
«Үлкен сызба кітабы» (1627) қазақтар жері, олардың көшуінің, өзендер, көлдер, керуен жолдары, қазақ және көрші халықтар жерлері арқылы өтуі.
Орыс шығыстанушысы П.С.Савельев «Орта Азия.-СПб, 1848; Карамзин Н.М. Ресей мемлекетінің тарихы. 9-т. - СПб,1842; Семен Мальцевтің мәлімдемесі (орыс елшісі Ноғай ордасында тұрып, қазақтар туралы мол мәліметтерді еркін алып, Мәскеуге беріп отырған. Ағылшын Антоний Дженкинсон «Московадан Орта Азияға 1558-1559 жж. саяхат жасаған.
Қазақстаннын революцияға дейінгі Ресейде жағрафиялық зерттелуін негізгі үш кезеңге бөлуге болады.
Біріншісі - ежелгі кезеңнен 1730 жылға дейін. Бұл уақыт - орыс мемлекетіндегі әр түрлі сипаттағы қазақ елі туралы мәліметтердің жинақталу кезеңі.
Екінші кезең - 1730 жылы Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруінен бастап - XIX ғ. 60 жж. Қазақ жерін толық жаулап алғанға дейінгі кезең. Бұл уақыт аралыгында қазақ елін толық озіне бағындырып алу үшін Ресей үкіметі бүл өңірді табиғи-жағрафиялык тұрғыдан жан-жақты зерттей бастады.
Үшінші кезеңде - XIX ғ. 60 жж. қазақ жерлері Ресейге толық қосылып, оның Ресей империясының ішкі отарына айналғаныннан кейін 1917 ж. дейін, жалпы бүткіл Қазақстанды және оның жекелеген аудандарын зерттеуге зор мүмкіншіліктер ашылды.
, ірі орыс тарихшы- этнограф Г.Ф.Миллер (1705-1783) «Ресей тарихына қатысы бар мақалалар», И.Г.Андреев жалғастырды, 1731жылы қазақ ауылдарынан патша үкіметі қазақтардан ант қабылдау үшін Мамет немесе Мұртаза (орысша Алексей Иванович Тевкелевті) жіберді. Тевкелев білімді адам болған, ол император кеңсесінде бағдарланушы тілдер аудармашысы болған. Оны Петр І-ші біліп аса құрметтеген. Ол қазақ ауылдарында 1,5 жылдай болған.
ХVІІІ-ғасырдың ортасында Ресей ғылымы қатты көтерілді. Бұл көтерілу Ұлы орыс ғалымы М.В.Ломоносовтың (1711-1765) атымен тығыз байланысты. Ол өзінің «Көне Ресей тарихы» (1758) және «Орыс халқын сақтау және көбейту» еңбектерінде тарихи-этнографиялық мәселелерімен айналысты. М.Ломоносов шығыс славян халықтары туралы өте құнды ойлар айтты, орыс емес ұлттардың жайын өмір салтының, тұрмысының, мәдениетінің тілінің өзгеруі туралы академиялық еңбегінде айтылады. М.Ломоносов Академияда ежелгі шығыс кафедрасын ашуға жақ болды.
ХҮ111 ғ. ортасы мен ХІХ ғ. 2-ші жартысында этнографиялық зерттеулердің даму: 1845-1861 жж. Орыс географиялық қоғамының қүрылды. Оның бөлімшелері: Орынбор (мүшелері-Т.Сейдалин,Н.М.БекчуринО.Г.Игнатьев,И.А.Киреевский,А.И.Оводов,Я.Н.Плотников,А.А.Тилло,оларға кейінірек Ы.Алтынсарин, Б.Дауылбаев, С.А.Жанторин кірді,1870 ж. бөлім өзінің баспа органы «Жазбаларды» жарыққа шығарды. Бірақ, ол төрт шығармашылығынан соң өзінің өмір сүруін тоқтатты (1870,1872,1875,1881).Онда Ы. Алтынсарин, Б.Даулбаев, С.Жанторин, В.Плотников, Т.Сейдалиннің этнографиялық еңбектері жарияланды), этнографиялық түрғыдан қазақтардың үй кәсібі мен қолөнерін зерттеп суреттеген П.Медведский, А.Н Тетеревниковтің еңбектері үлкен қызығушылық тудырады), Батыс-Сібір, Жетысұлық, Түркістандық.
Орынбор архивтерінде сақтаулы Орта Азия географиясы туралы материалдарды өңдеуге Я.В. Ханыковтың бастамасымен жалпы география бөлімінде қазақ даласының жаңа картасын шығаруға шешім қабылдады.Орыс географиялық қоғамында қазақтар туралы алғашқы жарияланған Я.В.Ханыков және М.И Иваниннің мақалары болды.
Я.В.Ханыков (1818-1862)-таланты орыс географы және картографы, 15 жыл бойы тек қазақ даласы мен Орта Азияның географиясын зерттеумен айналысады. 1839 ж. қазақ халқы туралы статистикалық және этнографиялық мәліметтерді қолданып түңғыш ғылым еңбегі «Орынбор өлкесін географиялық шолуды» жазды.
1850-1860 жж. Орынбор өлкесінде қазақ этнографы М.С.Бабажанов еңбек етті. Ол 1851 ж. Орынбор кадет корпусының Азиялық бөлімін бітіріп онбір жылға жуық Шекара комиссиясында қызмет етіп 1862 жылы отставкаға шыққан.
1870 ж. бөлім өзінің баспа органы «Жазбаларды» жарыққа шығарды. Бірақ, ол төрт шығармашылығынан соң өзінің өмір сүруін тоқтатты (1870,1872,1875,1881). Онда Ы. Алтынсарин, Б.Даулбаев, С.Жанторин, В.Плотников, Т.Сейдалиннің этнографиялық еңбектері жарияланды.
Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің қазақ халқын этнографиялық зерттеулегі көрнекті қайраткерлерінің бірі белгілі қазақ ағартушысы, педагог, жазушы-этнограф Ы.Алтынсарин болды (1841-1889). Орыс географиялық қоғамының (ОГҚ) құрылуы (1845-1926)
Дарынды орыс географы және картографы Я.В.Ханыков (1818-1862) он бес жыл бойы дерлік Қазак даласын, Жетісу мен Орта Азиялык Қос өзен бассейнінде жатқан елдерді зерттеумен айналысты. 1839 жылы ол "Орынбор өлкесінін жағрафиялық шолуы",- деп аталатын алғашкы ғылыми еңбегін жазды, онда автор қазактар туралы статистикалык және картографиялық мәліметтерді пайдаланды.
Бұдан кейінгі жылдары Ханыков көбінесе картографиялык және баспа жұмыстарымен айналысгы. Ол "Кіші және Ішкі орда қырғыздарының жерлерінің картасын" (1845) мен "Хиуа хандығы мен Арал теңізінің картасын" (1851) жасады. Екінші аталған картаға ол өте ерте кездегі хабарламалардан бастап, XIX ғасырдың ортасына дейінгі орыс адамдарының Арал теңізін зерттеу тарихының мәліметтері бойынша күрделі "Түсініктеме жазуларын жазды .
Я.Ханыков, М.Тевкелевтің, В.Гладышевтің, И.Муравиннің, М.Поспеловтың еңбектерін, сонымен қатар К.Миллердің картасын баспаға дайындап, алғысөз жазды. 1848ж. "Ресей империясының әскери-статистикалық шолуының" 14-ші томының бірінші және екінші бөлігінде әскери тарихшылар Г.Ф.Генс, В.М.Васильев және И.Ф.Баламбергтің редакциясымен Орынбор губерниясының шолуы жарияланды.
1848-1849 жж. Арал тенізін қағазға түсірген А.И.Бутаковтың (1816-1869) экспедициясы кызғылықты мәліметтер жинады. Бұл экспедицияны әскери мекеме үйымдастырғаны шындык, бірақ оның ғылыми нәтижелерін Орыс географиялық қоғамы жариялады.
А.И.Бутаковтың ғылыми қызметі айтарлықтай маңызды. Ол Арал теңізін суреттеп, дәл картасын жасады, Арал маңын табиғи-географиялық түрғыда зерттеді, Аралда пароход шаруашлығын негіздеді (1852), Сырдария мен Әмударияның навигациялық-гидрографиялық (1853-1863) суреттемесін жасады. Ғылым жолында Отанға шексіз беріліп қызмет етудің жарқын көрінісін көрсете отырып, ғалым-саяхатшы өз өмірінің он бес жылын Қазақ даласында өткізді.
XIXғ. 60 жж. Жетісуға Ресей офицерлері А.Ф.Голубев, М.И.Венюков, А.П.Проценко(1863), М.Путинцев(1865), В.А.Полторацкий (1867) саяхат жасады.XIX ғ. 60-жж. Қазақстанның Ресейге толық қосылуы аяқталып, Қазак жері Ресей империясының ішкі отарына айналды.
Орыс географиялық қоғамының ғылыми хатшысы М.И. Венюков (1832-1901) Оның, қүнды мақалалары: "Орта Азиядағы далалық жорықтар туралы естеліктер", "Азиядағы орыс шекараларының Әскери шолуына арналған материалдар. Жонғария" және т.б. мен іргелі монографиялары: "Азиядағы орыс шекараларының әскери шолуына арналған тәжірибе", "Ресей мен Индия аралығында жатқан елдердің саяси этнографиясының очерктері" Қазақстан тарихының тақырыптарына арналған.
Орыс Географиялық қоғамының Семей бөлімшесі (1902 жылы 13 сәуірде ашылған)
Қазақтың ұлы ақыны Абай өлкенің қоғамдық өмірінің тыныс-тіршілігімен тығыз байланыста болып, Санақ Комитетіне 1886ж.4 мамырында мүше болып тіркелген туралы Семей қаласы Абай атындағы кітапхананың сирек қорында сақтаулы «Памятная книжкалардың» 1897, 1900 жылғы басылымдарнда бағалы мәлімет бар (Семейдің Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы және өлкетану мұражайы 1883 жылдың қыркүйегінде ірге көтеруіне саяси жер аударылған демократтарға қарыздар).
1902 жылдың сәуірінде құрылған Орыс Императорлық Географиялық қоғамның Батыс-Сібір бөлімінің Санақ Комитеті негізін қалаған өлкені Е.П.Михаэлис,Н.Я.Коншин, Б.Г.Герасимов,ағайынды Белослюдовтар ж.б.ғылыми еңбектерінде зерттеген. Академиктер С.Ф.Шокальский, А.П.Карпинский, В.А.Обручев құрметті мүшелері болған. Семей Географиялық бөлімшесінің жұмысына орыстың атақты жиһангер ғалымдары Семенов Тянь-Шанский, Г.Н.Потанин, В.В.Сапожников, А.Н.Седельников үлес қосқан.
Ш.Уәлихановтың досы, қазақ халқының мәдениеті мен ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым, саяхатшы, фольклоршы Г.Н.Потанинің қазақ өлкесін зерттеуге қосқан үлесі зор. Ш.Уәлихановтың кеңесімен Орта жүз, Ұлы жүз қазақтарының және жоңғарлардыңРесеймен қарым-қатынасы жайлы тарихи деректермен, мұрағат құжаттарымен танысқан. 1875 жылы Г. Н. Потанин профессор К. А. Иностранцевтің Қырымға жасаған саяхатына қатысып, 1876 жылы ұзаққа созылған өз отаны Сібір өлкесі мен оған шекаралас Азия елдерін зерттеуге кіріседі. Ол Семей облысы Зайсан уезіне, тарбағатайға, Солтүстік Батыс Моңғолияға, Ішкі Қытай, Шығыс Тибетке өзінің әйгілі бірнеше ғылыми саяхатын жасайды. Бұл саяхаттар Г.Н. Потанин есімін Азияның әйгілі зерттеушілері қатарына жеткізді. География ғылымы Г.Н.Потаниндей бір ғылым саласы шеңберінде шектеліп қалмаған ірі ғалым-зерттеушіге ие болды.
1857 ж 27 ақпанда П.П.Семеновтың ұсынуымен 22 жасар Ш.Уәлиханов Императорлық Орыс Географиялық қоғамына мүшелікке сайланды. 1858-1859 жж. Ш.Уәлиханов Еуропа ғалымдары үшін есігі жабық Қашқарияға барып, бүкіл Алтышаһардың жағдайы туралы ғылыми құнды мәліметтер жинады.Ержүрек саяхатшы, әйгілі ғалым, шығыстанушы, географ, тарихшы, этнограф, фольклорист, патриот, қазақ халқының ардақты ұлы Ш.Уәлихановтың ғылымдағы орны ерекше.
Әдебиеттер тізімі:
1.Асфендияров С.Д. Қазақстан тарихы.(көне дәуірден)- Алматы, 1995.
2.Қазақтың көне тарихы. Алматы., 1993.
3.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 5 томдық. 1-2 томдар.- Алматы, 1996, 1998.
4.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).Очерктер Алматы., 1994.
5.История Казахстана: народы и культуры/ Масанов Н.Э. и др.- Алматы.,2000.
Жарияланған-2015-04-29 19:29:02 Қаралды-4444
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану