Тарих және мәдени ерекшеліктері
Жоспар:
1.Қазақстан территориясындағы тарихи ерекшеліктер
2.Архитектура (сәулет өнері) ерекшеліктері
3.Өлкетану жұмыстарындағы тарихи және мәдениет ескерткіштері
1.Қазақстан территориясындағы тарихи ерекшеліктер
Ескерткіш – 1) кең мағынасында – елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. 2) тар мағынасында – ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқығаларды есте қалдыру үшін орнатылған мүсіндік туындысыТарих және мәдениет ескерткіштері – тарихи немесе көркемдік қазына саналатын, адамдардың материалдық және рухани творчествосының объектілері. Олардың неғұрлым маңыздыларын мемлекет қорғайды. Ескерткіштер шартты түрде «қозғалатын» (ьейнелеу өнері шығармалары, қолжазбалар, архив материалдары т.б.) және «қозғалмайтын» (тарих, археология т.б.).Оның типологиялық топтары: тарих (рев қозғалыстың, тәуелсіздік жолындағы күрестін ескерткіштері, архитектуралық (мінәжат архит.,тұрғын үйлер т.б), археология, құжаттық (кинофотодокументтер, дыбыс жазбалары т.б.), монументтік өнер ескерткіштер (монументтік мүсін, сәндік өнер, хауыздар (қараймыз:.Қазақ Совет Энцикл. Тарих. 561 бет)
Áiçäiң қîғàìíûң áàé ìәäåíè ì½ðàñûí ñàқòàó æәíå ìîëàéòó, ìәäåíèåòòi ¼ðêåíäåòó ìәñåëåñiíiң á¾ãiíãi ê¾íi ìàңûçû ¼òå çîð. Мәдени мұраны игеру – халықтың тарихи жадының негізі, онсыз шынайы патриотизм болмайды. Тарихи мәңгүрттіктің осынау екпінін еңсеру жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу үшін айрықша маңызды.
Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі – тарихи-мәдени мұраны толығымен тізімдеу, тарихи-мәдени ескерткіштердің тізімін дайындау. Тізімдеу дегеніміз – ескерткіштерді сақтау және және зерттеу жұмыстарының барлық ірге тасы.
²àçàºñòàí õàëºûíûң ì½ðàñûíà êiðåòiíäåð: 25000-íàí àñà òàðèõ, àðõèòåêòóðà, àðõåîëîãèÿ åñêåðòêiøòåði; 100-äåí àñà ìåìëåêåòòiê ìузейлерде 2 ìëí. äàíà ì¸äåíè º½íäûëûºòàð ñàºòàóëû, 3066 êiòàïõàíàäà 66 ìëí. 840 ìûң òîì êiòàïòàð, ñèðåê ºîëæàçáàëàð ìåí áàñûëûìäàð æèíàºòàë¹àí. Á½ëàðäûң áàðëû¹û áîëàøຠ¾øií ºîð¹àó¹à, 콺èÿò ºîëäàíó¹à æ¸íå íàñèõàòòàó¹à æàòàäû. ̸äåíè ì½ðàíûң çàòòàé áëîãû õàëûºòûң ìàòåðèàëäû åñêåðòêiøòåðií º½ðàéäû. Á½ë áëîêòûң ìàңûçäû á¼ëiãií º½ðàéòûí ²àðõèòåêòóðàëûº æ¸íå àðõåîëîãèÿëûº ì¸äåíè ì½ðà².
Қазіргі күні Қазақстан территориясында қалған 30 мыңға жуық тарихи және мәдениет ескерткіштері жыл сайын шетінен құрылыс және басқа да себептермен бүлініп жойылуда.
Қазақстан аумағында орта ғасырлық мұсылмандық сәулет ескерткіштері (мешіт, ғибадатхана, кесене ғимараттары көптеп саналады.
ҮІ-ХІІІ ғасырлар аралығында қалалардың көбейе түсуі, қала құрылыстары мен сәулет өнерінің дами түсуіне өз ықпалын тигізді. Шеберлер жаңа конструкцияларын, формаларын енгізіп, декоративті өрнек түрлерін салды. Осындай жетістіктердің нәтижесінде бұл дәстүр ХХ ғасырдың басына дейін сақталып келді. Орта дәуірдегі ХІІ-ХҮ ғасырлар аралығында салынған түрлі ғимараттардың осы кезге дейін жеткендері өте аз. Олардың бұзылуы, қайта раставрация жүргізуші жөнделуі, ескерткіштердің бастапқы уақыттағы өзінің түр-сипатының көп өзгеріске ұшырауына әкеліп соқтырды. Дегенмен, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда салынған ескерткіштердің азда болса сақталған бөлігінің өзі-ақ жоғары шеберлікті көрсетеді.
"Мәдени-мұра" бағдарламасын, жүзеге асырудың бірінші кезеңінде мынадай жұмыстар аткарылды:
1. 35 тарих, археология жаңе сәулет ескерткіштері кайта жаңғыртылып, қалпына келтірілді;
2. 30-ға жуык қалашықтарда, қоныстарда және қорғандарда археологиялық зерттеулер жұзеге асырылды.
3. Казак халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты қолжазбаларды, кітаптар мен құжаттарды табу мен жинақтау мақсатында Қытай, Түркия, Монғолия, Ресей, Жапония, Египет, Өзбекістан, Армения. АҚШ, бірсыпыра Батыс Еуропа елдерінін мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Нәтижесінде бес мыңға жуық Қазақстанның өнері, тарихы, этнографиясы туралы қолжазбалар мен баспа басылымдары табылды.
4. Облыстар бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерін жаппай инвентаризациядан өткізіп, нақты Тізімін дайындап, энциклопедиялық анықтамалық томдар ретінде басып шығарту жұмыстары жүргізілді.
5. Ұлттык және әлемдік ғылыми ой-сана, мәдениет және әдебиет басылымдарының серияларын әзірлеу және басып шығару бағытындағы ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Үш жыл ішінде барлығы 218 аталым колемді кітап әзірленіп, жарыққа шықты.
6. ЮНЕСКО-ның Дұниежұзілік мұралар тізіміне Қожа Ахмет Йасауи кесенесі мен Тамғалы кешені енгізілді.
7. Тарихи-мәдени мұра саласындағы заңнаманы жетілдіру саласында 2007 жылы "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану» мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы" Заң қабылданды. Осының негізінде бүгінде министрлік осы саладагы түрлі мәселелерді реттейтін заңға қарасты 16 нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітті.
Қазақстан мен Сирия, Египет елдері арасыңда ұкіметаралық келісімге қол қойылды және Дамаск қаласыңдағы қазақ этномәдени орталығының, Әл-Фараби кесенесінің құрылысы, Каир қаласындағы Бейбарыс Сұлтан кесенесін қалпына келтіру жобаларын іске асыруға байланысты жұмыстар басталды.
2007 жылы Қазақстан аумағындағы 20 тарихи, мәдени маңызды ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, соның ішінде 9 нысан-мазарда, "Абылай ханның ордасы" кешеніңде, Семей қаласындағы бір және қос мұнаралы мешіттерде калпына келтіру жұмыстары аяқталды, 32 көне қалашық, қоныстар мен қорғаңдарда археологиялык зерттеулер жүргізілді.
Көне түркі жазбаларын зерттеу және ғылыми зерделеу мақсатында Моңғолияға ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, "Тоныкөк" және "Тариғат" руникалық жазуы бар екі балбал тастың көшірмелерін дайындау жұмысы атқарылды. Қазак халқының және Орталық Азия көшпелі халықтарының тарихы мен мәдениетіне арналған 8 қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары іске асырылды.
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жаңа Тізімін әзірлеу жұмыстары аякталды. 218 нысан енген аталмыш Тізім Үкімет қаулысымен бекітілді. Ұлттық және әлемдік ой-сана, әдебиет және мәдениет бойынша басылым дестелерін өзірлеу сериясы бойынша 74 атаулы кітап әзірленіп, шығарылды.
Мемлеқеттің оң имиджін калыптастыратын Қазақстанның тарихи және мәдени мұраларын шетелге кең таныстыру бағытында жұмыстар жүргізілді.АҚШ, Германия, Тәжікстан, Иран, Египет, Украина, Қытай және Белоруссияда кітап және сурет өнері көрмелері ұйымдастырылды.
Тарихи және мәдени ескерткіштерді туризмді дамыту ісіне белсенді пайдалану мақсатында мұражай кешендерінің жүйесін дамытуға көңіл бөлінді. Петропавл каласында "Абылай хан ордасы" мұражайландырылған кешені қайта жөндеуден кейін есігін ашты. "Есік қорғандары", "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайларын құру жұмыстары жұргізілді. Археологиялық және көне сәулет ескерткіштерін казақстандық және халықаралық туристік маршрут жүйесіне енгізу жұмысы қолға алынды. 2004-2007 жылдары елді мекендерге жақын орналасқан 40-қа жуық ескерткіш қайта жаңартылды. Олардың ішінде Айша Бибі, Арыстан баб, Есімхан кесенелері, Үшарал, Аккойлы медресе-мешіттері жөне т.б. бар.
2008 жылдың басынан бері мынадай жұмыстар жасалып жатыр: аса маңызды 22 тарихи және мәдени сәулет ескерткіштерін калпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде Қарағұл, Ботағай кесенелері, Ақкесене мұнарасы, Қарақожа мешіті, Орал қаласыңдағы бірінші әскери училише ғимараты, Қалжан Ахун мешіт-медресесі, Жүсіп Ата мешіті мен кесенесі бар; көне қалашыктарда, коныстарда және қорғандарда археологиялык зерттеулер жұмыстары жалғастырылуда; ғылымның әр түрлі салалары бойынша іргелі ғылыми басылымдар әзірлеу мен шығару жұмысы жалғасуда, 83 атаумен кітаптар шығару жоспарланып отыр; шетелдерде еліміздін мұражай корларынан алынған қолданбалы өнер бұйымдары көрмелерін ұйымдастыруға әзірліктер жасалуда. Соның ішінде, Санкт-Петербург қаласында, Лондонда қолданбалы өнер көрмесі өткізілмекші, Парижде, ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Шәкәрімнін 150 жылдык мерейтойына арналған көрме өткізілді..
"Мәдени мұра" бағларламасының екі кезеңінде атқарылған жұмыстардын нәтижесін қорытындылау мақсатында 2009 жылы әлемнің алты тілінде: орыс, ағылшын, француз, испан, қытай, араб тілдерінде, сондай-ак казак, тұрік, жапон және итальян тілдерінде Қазақстан мәдени мұрасы туралы кітап-альбом шығару жоспарланып отыр.
Бағдарламаны жүзеге асыру аясында алдағы уақытта күтілетін нәтижелер: 2009 жылы 14 тарихи-мәдени мұра нысанында қайта жаңғырту жұмыстары жұргізіледі; қазақ халқынын бай тарихын зерттеу және көпшілікке тарату жөніндегі 27 қолданбалы ғылыми-зерттеу жобасы іске асырылады; қазак әдебиетінің үздік шығармаларын шетел тілдеріне аудару және шығару жұмысы қолға алынады. 100 томдық "Бабалар сөзі", 100 томдык "Әлем әдебиеті кітапханасы", 20 томдық "Әлемдік философиялық мұра", 10 томдық "Әлемдік педагогикалық ой-сана" кітап серияларын шығару ісі аякталатын болады.
Сондай-ақ екінші кезеңде тарихи-мәдени қорық-мұражайлар құру жұмысы нақты ғылыми жүйеге түсіріліп, оларды туристік инфрақұрылымға еңгізу бағытында біраз нәтижелер кұтілмек. "Есік корғандары", "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайларының құрылысы жалғасын тауып, "Шілікті" корық-мұражайының құрылысын бастау көзделіп отыр.
2.Архитектура (сәулет өнері) ерекшеліктері
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ХІҮ ғасырдың аяғы-ХҮ ғасырдың басындағы сирек кездесетін бірден-бір архитектуралық ескерткіш. Кесене 1389-1397 жылдар аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Өзіндік орны бар бірнеше бөлмеден тұратын көлемі жағынан үлкен де сәулетті мемориалдық комплекс болып табылады. Кесене ғимараты портальді күмбезді құрылыс түріне жатады, ішкі және сыртқы формалары өз кезеңіне сай дәстүрлі өрнек түрлерімен безендірілген. Халық зиярат ететін орын, сонымен бірге еліміз мақтаныш тұтатын сәулет өнерінің үлкен жетістігі.
Сайрам ауданындағы Қарашаш ана мавзолей ХІХ ғасырда салынған. Жалпы көлемі 7х6,5 м, биіктігі 9,3 м. Аңыз бойынша ХІІ ғасырда Қожа Ахмет Яссауидің анасы Қарашаш ана бейітінің үстіне салынған, кейінгі уақытта қайта жөнделген. Республика деңгейдегі архитектуралық ескерткіш.
Ибрагим ата кесенесі ХІХ ғасырда қайта жөнделіп салынған жалпы көлемі 7х7 м, биіктігі 8,25 метр болатын республикалық деңгейдегі архитектуралық ескерткіш. Кесене кең таралған күмбезді үлгіде тұрғызылған.
Ежелгі Отырар қаласына жақын жердегі архитектуралық ескерткіштің бірі ХІ ғасырда өмір сүрген Арыстан баб кесенесі. Аңыз бойынша бұл бабамыз Қ.А.Яссауидің ұстазы болған. Ескерткіштің бұзылуына байланысты бірнеше рет жөндеу жұмыстары жүргізілген мемлекеттік қорғауға алынған республикалық деңгейдегі сәулет ескерткіші.
Тараз қаласының батыс жағында 18 шақырым жердегі Айша бибі кесенесі-ХІІ ғасырда салынған архитектуралық ескерткіш. Құрылысты 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938-39 жылдары КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақ КСР ҒА экспедициясы жан-жақты зерттеген. Айша бибі мазары мемориалдық құрылыстардың орталық биіктігі типіне жатады. Ескерткіш қабырғаларының конструкциясы ерекше. Кесененің ішінде күйдірілген кірпіштен салынып, қалаған шағып құлпытан салынған. Айша бибі күмізіндегі сан алуан ою-өрнек, нақыштар Қарахан дәуіріндегі сәулет өнерінің озық үлгілері саналады.
Әулие ата күмбезі – ХІ ғ-н сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс жағында. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Иса Махмуд Буғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қыш мұрасы ХІХ ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 ж. оның құлаған бөлігі түгелдей бұзылып алынып, орнына 1906 ж. жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент шипаны Сайд Бакханов қортыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Бергі беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұхарадағы ортағасырлық Ислам күмбезіне анық байқалады. Әулие ата кесенесі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Екі мұнарасы бар.
Жошы хан күмбезі – Жезқазған қаласынан солтүстік шығыс қарай 50 км жерде, Қаракеңгір өзенінің жағында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш. Мавзолей ХІІІ ғасырға жатады. Аңыз бойынша бұл ескерткіш Шыңғыс ханның үлкен ұлына арналып жасалған. Мавзолейдің құрылымы күмбезді, ауданы 7,25х9,52 м, биіктігі 7,9 м, күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Оның маңдай алдын сүйір арна түрінде шығарып, екі таң босағасын үстіңгі салмақты еркін көтеріп тұруы үшін берік етіп тұрғызған. Жақтаулар өрнекті кірпішпен өрнектелген. Өрнекке пайдаланған тоқта кірпіштің аузына 45х45 см. Бұл кірпіштерде өрнекпен бірге жазу да болған. Ж.Х. кесенесі республика маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
Асан ата күмбезі-қазақтың ақын философы Асан қайғыға арналып ХҮІ ғ. Салынған архитектуралық ескерткіш. Қызылорда облысы, Шиелі ауданында 16 км-жерде орналасқан. А.а.ан. порталды-күмбезді құрылысқа жатады. Шаршы тіліндес, ауд. 11,15х7,30 м, биіктігі 7,60 м күйдірген кірпіштен қаласқан. 1982 ж. республика маңызы бар тарих және мәдениеті ескерткіштер тізіміне енгізілді.
Шақпақ ата-Х-ХІХ ғғ. аралығында іргесі қаланған қорым, архитектурасының ескерткіштер комплексі. Гурьев, қазіргі Атырау облысы Маңғыстау ауданындағы Таушық поелкесінен батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Комплекске сағатынан, құлпытас, сағана-қайтпас санды ескерткіштер мен жер асты мештінінен ( Шақпақ ата мешіті ) тұрады. Мешіттің жалпы жобасы крест пішінді болып келген. Орталық намаз залының ( 5,0х4,5 м ) төрт бұрышынан жұмыр бағаналар қашалып, олардың арасы сәнді қақпалармен байланысқан. Залдың ( күмбезінен ) шығарылған. Мешіттің қабырғаларында арнайы жиналған өрнек белгілері байқалмайды. Негізгі әшекей-өрнек бас кіре берістің босаға қабырғаларын нақыштауға ( жануарлар, қару жарақ, салт атты адам суреттері, жазулар т.б. ) жұмсалған.
Қарахан күмбезі – архитектуралық ескерткіш. ХІ ғ. Таразда билік еткен Қарахан әулеті хандарының бірі жерленген қабір үстіне салынған. Тараз қаласындағы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қырық музейі территориясында орналасқан. 1906 ж. қайта салынуына байланысты алғашқы архитектуралық ою-өрнегі сақталмаған. Күмбезі алғаш зерттеген архитектура ғалым Б.П.Денеме. Ескерткіш шаршы пішіндес болып келеді, порталді күмбезді құрылысқа жатады. Сырты осы күті күйдірілген кірпіштен, ішкі бет, терезе жақтаулары Қарахан дәуірінің кірпіштерінен өрілген. Орталық залы, 4-бұрышында күмбезді шатырға көтерілетін баспалдағы бар. Қазіргі Орталық залына ежелгі Тараз тарихы мен мәдениеті жайлы баяндайтын экспезиция қойылған.
Қазақстан жерінде осындай архитектура ескерткіші реставрациялау 1982 ж. Ахмет Яссауи мавзолейіне кейбір жөндеу шаралары жүргізіле бастаған кезден басталады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін тарих және мәдениет ескерткіштері қамқорлыққа алу әрі оларды Р-ң жедел қолға алынды. 1966 ж. республика ғылыми реставрация өндірістік шеберханасы (кейін респ. ғылыми реставрация және жөндеу бірлестігі) ұйымдастырылды. Осы негізде аталған арх.ескерт.жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жасалды.
Ел басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2003 жылғы дәстүрлі халыққа Жолдауында тарихи және мәдени ескерткіштерді жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау және дамыту мәселелеріне үлкен мән беріп, Үкіметке «Мәдени мұра » мемлекеттік бағдарламасын жасауда тапсырды. Ал қараша айында Астанада ҚР Ұлттық Кеңестің үшінші мәжілісінде «Мәдени мұра» бағдарламасының жобасы талқыланған болатын. Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіштер бар екен, ал оның ішінде архитектуралық өнердің үздік белгісі болып саналатын кесене-ғимараттар реставрациялық жұмыстарды қажет етеді.
Халқымыздың мақтанышы Түркістандағы Қ.А. Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның Бас Ассамблеясында 27-ші сессиясында бүкіл әлемдік ескерткіштер қатарына кірді.
ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген ескерткіштер
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде 1994 жылы Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау Конвенциясына қосылды. 1998 жылы Министрлік ЮНЕСКО бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясы арналары бойынша бекітілген ережелер негізінде ЮНЕСКО Дүниежүзі Мұралары Орталығының қарауына 10 ұлттық мұра ескерткіштері туралы құжаттар ұсынды.
Олар: Қ.А.Яссауи архитектуралық кешені және Яссы-Түркістан қаласы, Тамғалы петроглифтері және археологиялық кешені, түріктердің қасиетті жері Мерке, Бегазы-Дандыбай мәдени мегалитикалық ескерткіші, Тасмола мәдениетінің тас қорғандары, Ешкі Өлмес петроглифтері, Арпа өзен петроглифтері, Қаратау палеолитикалық және геоморфологикалық кешені, Отырар ескерткіштері, Ұлытау тарихи-мәдени ландшафттары.
2003 жылғы 5 маусым мен 30 шілде аралығында Парижде өткен 27 сессияда Дұниежүзі мұралары Комитеті бір ауыздан ЮНЕСКО Дүниежүзі мұралары тізіміне Қ.А.Яссауи кесенесін енгізу туралы шешім қабылдады. Әйгілі қолбасшы Ақсақ Темір дәуірінде бой көтерген мәдени ескерткіш Дүниежүзі тарихи және мәдени ескерткіштері (Тадж Махал кесенесі, Ұлы Қытай қорғаны) қатарынан орын алды. 2004 жылы шілде айының аяғында Қытайда Дүниежүзі мұралары Комитетінің кезекті кеңесі өтті, Комитет шешімімен Тамғалы кешені ЮНЕСКО Дүниежүзі мұралары тізіміне енгізілді. Қазіргі кезде Ежелгі Отырар қалашығы бойынша менеджмент-жоспар дайындалып дайындалып жатыр. «Мәдени мұралар» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2005 жылы осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 8,0 млн.тенге бөлінді. Күн тәртібі бойынша келесі кезекте Орта Азияның табиғи-аралас құндылықтарының тізімін алдын ала дайындау және ұсыну тұр. Оның ішінде Қазақстанның құндылықтарын Дүниежүзі мұраларының тізіміне қосу.
Осыған байланысты Мемлекеттік бағдарлама іс-шаралар жоспарына сәйкес ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне қосылған мәдени және аралас мұралар аймағын қорғау, шекараларын айқындау бойынша 2004 жылы басталған жұмыс жалғастырылады. Министрліктің ғылыми-зерттеу мекемелері объектілерді қорғау картасын әзірледі, төлқұжат мәтіндерін дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар ЮНЕСКО-ның алдын ала тізімінде тұрған Дүниежүзі мұраларының әлеуеттік объектілерінің дерек базасын құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Деректер базасына енгізілетін материалдар түрлеріне іріктеу жүргізілді, деректер базасы мен сұраныс тізімінің құрылымы дайындалды, деректер базасын құру бағдарламасын құруға техникалық тапсырма дайындалуда.
Қазақстанның тарихи-сәулет ескерткіштері
Біздің заманымызға дейін сақталған құрылыстар арасында әсіресе кесенелер мен мазарларға (“өлілер тұрағы”) деген ықылас көңіл аудартады. Бұл арада кеңінен танымал болған Х-ХІ және ХІ-ХІІ ғасырларда тұрғызылған Бабажа қатын мен Айша бибі кесенелері; ХІІІ ғасырға жататын Жошы хан мен Алаша хан кесенелері (Жезқазғанға жақын); Сарысу мен Кеңгір өзендері бойындағы Жұбан ана, Қайып ата, Мәулімберді; Тараздағы Қарахан кесенесі және т.б. Бұлардың көпшілігі бүгінде ерекше сәулеттік құрылысымен таңғалдырады. Осы ғимараттарда түрлі пішінді кірпіштер мен құрылыс материалдарының жаңа түрлері қолданылған.
Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі төбеде екі керемет ескерткіш тұр. Оның бірі Бабажа қатын кесенесі ерекшеленіп, өзінің қарапайымдылығымен, монументалды сәулеттік құрылысымен көзге көрінеді. Оның қасында тағы ерекше сәулеттік-құрылысы мен өрнекі өнерімен айшықталып тұрған Айша бибі кесенесі орналасқан. Айша бибі кесенесі туралы бірқатар ғылыми және ғылыми-көпшілік жұмыстар жазылды. Сәулетші Т. Қасенов оны “Қазақстанның бар сәулет өнерінің қазынасын бойына жинаған өзіндік бір мұражай” деп те бағалаған. Айша бибі туралы да, оның тарихи аңызының өзі жатқан бір бөлек әңгіме.
Орталық қазақстандағы Ұлытау ауданы көшпелі тайпалар көсемінің ордасы болған мекен. Осы жерде Жошы хан мен оның ұлдарының ордасы орналасқан. Жошы хан кесенесі (1228-1230) Қаракеңгір өзенінің төбелі жағалауында орын тепкен. Бұл да өзіндік көлемді композициясымен көз тартатын, күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған күмбезді бір камералы ғимарат.
Орталық Қазақстандағы ескерткіштердің ішінде сәулеттік-көркемдік жағынан ерекшеленетін Алаша хан кесенесі (ХІІІ). Бір-бірімен қабаттаса үйлескен элементтер композициясының, сақталған сәлеттік келбетінің арқасында көз тартады.
Қазақтардың жеке басқа арнап салатын ғимараттары сантүрлі ерекшелікке ие. Қайтыс болған адамдарға арналған сондай ескерткіштердің бірі, Домбауыл кезеңінен бері келі жатқан, аты аңызға айналған Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары. Мұндай ескерткіштер қазақстанда аз емес. Оларды қазақтар “үйтас” немесе “дің” деп атаған.
Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары – Х-ХІ ғасырларға жататын сәулет ескерткіші. Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз өзенінің жағасында орналасқан. Оның биіктігі 11,65 м. 1856 жылы Ш.Уәлиханов мазардың суретін салып, жариялаған. Ескерткіш қыз бен жігіт арасындағы махаббаттың, адамдық қасиеттің символы болып қалыптасқан.
Мұндай жеке басқа арналған культтық ерекше құрылыстар Қазақстанның батысында кең тараған. Әсіресе, Маңғыстау, Үстірт пен Ембі өзені бойында көп кездеседі. Өйткені, ол жерлердегі алқызыл, сұр, сары түстес әдемі известі-ұлутастардың бай кен қазбаларын пайдалану арқылы тамаша құрылыстар салған. Мұндай зират ескерткіштердің негізінен сағана тамы, кереге тамы, құлыптасы, қойтасы, үштасы және сағана сияқты түрлері бар.
Осы өңірдегі мұндай тарихи ескеркіштердің үлкен тобына жерасты ғимараттарын жатқызуға болады. Соның ең көнесі – ІХ-Х ғасырларға жататын Шақпақ ата мешіті. Оның көлемі алты қанат киіз үйден үлкендеу. Осымен қатар Маңғыстауда қорған қала – Шерқала туралы айтылатын аңыздар да көп. Бұл қала ҮІІІ-ІХ ғасырларда араб шапқыншылығы кезінде де белгілі болған.
3.Өлкетану жұмыстарындағы тарихи және мәдениет ескерткіштері
Ортағасырдың белгілі сәулетшісі Аджеми өзі салған ғимаратқа мынандай сөздерді тасқа қашап жазған «Өмір мәңгілік...біз кетеміз – бұлар қалады».
Ұрпақ, экономикалық-әлеуметтік формация ауысады, ал тек архитектура мен сәулет өнері өмірдің жан-жақтылығын мен байлығын тас тілімен айтып отырады.
Тарих, архитектура, өнер ескерткіштерін әрі музей және басқа да қоғамның материалдық мәдениет құндылықтарын сақтау, адамды жан-жақты тәрбиелеу, адамдардың рухани мәдениетін дамытудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау бойынша конституциялық норма тек лауазымды адамдарға емес, республиканың әр азаматтарына да тиісті. Ескерткіштер бүкіл халықтың игілігі, әр азаматтың борышы – сақтап әрі халықтың тарихи және мәдени мұрасын келесі ұрпаққа жеткізу.
Қазақстан тәуелсіздік алысымен 1993 жылы Қазақстанның бүкіләлемдік мұраны қорғау бойынша конвенцияға қосылуы туралы құжаттар ЮНЕСКО-ға жіберілді. 1994 жылдан бастап ЮНЕСКО Қазақстанды Конвенцияға қосылды деп есептелді. ЮНЕСКО тізімі бойынша 10 объект. Оның тоғысы археологиялық ескерткіштер беруі архитектуралық.
Тізімді бірінші болып Қ.А.Яссауи архитектуралық комплексті тұр. Бұл объектінің ғажайыптылығы оған архитектура тарихи бойынша теңдесі жоқ. Қ.А.Яссауи кесенесі ислам архитектурасы кешенесінің көпкамералы, көпфункциональды шарықтау түрі. Тізімді екінші петроглифтердің Тамғалы атақты комплексі (жартастағы суреттер) Алматы облысы. Одан ары түркілердің биік таулары қасиетті орны (Мерке. Жамбыл облысы), Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениетінің мегалистік ескерткіштері, Тасмола мәдениетінің қорғандары, Ешкіөлмес петроглифтері (Алматы облысы), Тізімде жетінші палеолиттік тұрақтары бар Қаратау тау жоталары, Арпа Өзен петроглифтері (Оңтүстік Қазақстан), Отырар оазисі және Орталық Қазақстан Ұлытау мәдени ландшафтары.
ҚР тарих және мәдениет ескерткіштері халық игілігі және әлемдік мәдени мұра, өркениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Ескерткіштерді есепке алу, қорғау және пайдалану мемлекет және органдары, қоғамдық ұйымдар мен барлық азаматтардың маңызды міндеті. Табиғи климаттық факторлар әсіресе антропогендік әсер ету, өндірістік және азаматтық құрылыс, пайдалы қазбаларды өңдеу, ауылшаруашылық өндіріс, жеке меншік иелерінің жерді иемдену нәтижесінде бүкілхалықтық игілікті құрайтын ескерткіштерді бүлдіру мен құрыту іске асырылуда.
Қазақсанда 1992 жылы 2 шілдеде «Тарих және мәдени мұра ескерткіштерін қорғау мен пайдалану туралы» Заң қабылданған. 4-ші бөлім «Тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік есепке алу», 25 бап «Тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру» онда Қазақстан территориясындағы тарих және мәдениет ескерткіштері қай меншікке жатқанша қарамастан, мемлекеттік есепке алынуы тиіс деп жазылған.
Күрделі мәселелердің бірі материалдық құндылықтарды Қазақстаннан әкелу мен әкету. Мысал ретінде, Республикадан кітапханалық штампы бар сирек кітаптар республикадан әкетіліп букинистік магазиндер сөрелерінен ұшырасқан жағдайлар болған. Осындай жағдайлар архив материалдарында да кездеседі. Осыған орай халықаралық қорғау қажет, яғни тарих және мәдениет ескерткіштерін құтқару, қалпына келтіру және реставрациялау бойынша мемлекеттердің бірлескен қызметі. Осыған мысал ретінде ҚР Парламент Сенатының әдеби және көркемдік шығармаларды қорғау бойынша Қазақстанның Берн конвенциясында қосылуына қол қоюы болып табылады.
Қазақстанда мәдениет ескерткіштерін қорғау, реставрациялау және пайдалану блйынша арнайы ұйымдар құралған:
- Материалдық мәдениет ескерткіштерінің ғылыми-зерттеу және жобалау институты
- Қазреставрация трест
- Реставрациялық шеберханалар
- Мәдениет басқармалары жанындағы ескерткіштерді қорғау инспекциясы
- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің көшпелілердің мәдени мұрасы институты
«Қазқайтажаңғырту» республикалық мемлекеттік кәсіпорын 1972 ж. Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес алғаш бұл кәсіпорын «Казреставрация» республикалық прнпулы ғылыми жаңғырту өндірістік шеберханасы деген атпен құрылған. Негізгі міндеті – қазақ халқының тарихында ерекше орын алған тарих, мәдениет, сәулет және руханият ескерткіштеріне ғылыми-зерттеу, жобалау жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ сол мәдени мұраларға қатысты жөндеу, қайта қалпына келтіру, жаңғырту, музейлендіру.
Әдебиеттер тізімі:
1.«Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қарашадағы № 1016 қаулысымен мақұлданған //Егемен Қазақстан. - 2008. - 5 қараша (№336-337).
2.Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы: Қазақстан Республикасының Заңы. Қабылданған 2 шiлде 1992 ж.// Егемен Қазақстан.-1992. - 4 тамыз.-2 б.
3.2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: ҚР Президентінің 2004 жылғы 13 қантардағы № 1277 Жарлығымен бекітілген // Қазақ тарихы. - 2004. - № 2.- 4-7 б.
4.Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы: ҚР Укіметінің қаулысы 30 мамыр 2007 ж., №440//Егемен Қазақстан.-2007.-19 маусым.10 б.
5.Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2007 жылғы 6 қараша, №1044 // Егемен Қазақстан. - 2007.- 10 қараша.- 8 б.
6.Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2008 жылғы 21 наурыз, №279 // Егемен Қазақстан. - 2008.- 24 қазан.- 8 б.
7.«Көне Отырарды қалпына келтіру» 2005-2009 жылдарға арналған бағдарламасы: ҚР Үкіметінің қаулысы // Кітапхана, 2004, № 5-6, 48-58 б. 8.
Жарияланған-2015-04-20 19:28:40 Қаралды-36329
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану