UF

Этнология, оның туған өлке тарихын оқып-білудегі ролі

Жоспар

1.Этнология және оның әдістері

2.Этнологияның Қазақстанда дамуы

3.Этнология бойынша мағұламттардың өлкетануда пайдалануыТақырып: Этнология, оның туған өлке тарихын оқып-білудегі ролі 

4.Этнология және оның әдістері

5.Этнологияның Қазақстанда дамуы

6.Этнология бойынша мағлұматтардың өлкетануда пайдалануы

 

 

     1. Этнология және оның әдістері

Этнология ғылыми пән ретігде халықтардың (этностардың) пайда болуын, этностың ерекше нышандарын – тілін, материалдық және рухани мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, діни сенімдерін, әлем халықтарының өзіне тән отбасы мен неке тұру рәсімдерін, тұрғын-ұй жайларын, ұлттық киімдерін т.б. зерттейді. Ежелгі гректің «этнос» деген сөздің 10 шақты мағынасы болды: тайпа, топ, адамдар тобы, адамдар класы, табын, ру тәрізді. Соңғы уақытта Л.Н.Гумилевтің этностар – биологиялық бірліктер, популяциялар немесе небір мутация салдарынан пайда болатын жүйелер деген пікірі көпшілікке белгілі болды.

     ЭТНОС дегеніміз – белгілі аумаққта тарихи қалыптасқан, тілінде, мәдениетінде, психикасында, сана-сезімінде тұрақты ерекшеліктері бар адамдар жиынтығы.

     Ең алдымен мынаған назар аударамыз: кез келген этнос (тайпа, жұрт, халық, ұлт) өзінің атын біледі. Атсыз, атаусыз этнос жоқ және болған емес. Бұл атау ғылым тілінде этноним (халықтар атауының жиынтығы) термині арқылы белгіленеді.

     Этнология тарихқа, философияға, лингвистикаға, археологияға ж.б.ғылымдарға сүйене отырып, осылардың бәрін қамти білуге үйретеді.

     Этнология ғылымы батыс дүниетанымының Х1Х ғасырдағы тарихынан бастау алады. Осы ғасырдың 1-жартысында теология – дін туралы ғылымның ықпалына байланысты «Табиғаттың мүлде өзгермейтіндігі» жөнінде көзқарас басым болатын.

     Этнос теориясы мынандай ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты тұжырымдалды:

1.Бромлей Ю.В. Этнос теориясының очерктері. – М., 1983.

2.Токарев С.А. Проблема типов этнических лбщностей//Вопросы философии. 1964.-№11.

3.Чебоксаров Н.Н. Проблемы типологии этнических общностей в трудах советских ученых//Сов.этнография.-1967.-№4.

4. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. –М., 1993.

 

 2.Этнологияның Қазақстанда дамуы. Қазақстанның этнография мектебі (Х1Х-ХХ ғғ.):

1.Ш.Уәлиханов (1835-1865) –саяхатшы, этнограф, фольклоршы. Шығыс Түркістан, Қазақстан және Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетің зерттеуші ғұлама ғалым. 1856-1857 жылдары Ш.Уәлиханов Алакөл көлінен Орталық Тян-Шаньға, одан Ыстыққөл мен Құлжаға дейінгі жолдарды қамтитын кең көлемдегі экспедицияға қатысты.Ол қазақ халқының құқығы, салт-санасы, діні, тарихы туралы құнды материалдар жинады. 1857 жылы Қырғызстанға екінші рет барғанда, ол қырғыз халқының «Манас» эпосын жазып алып, сүбелі бір үзігін орыс тіліне аударды.

     Шоқанның «Ыстыққөл күнделіктері», «Қытай империясының Батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» сынды ғылыми еңбектері Орыс жағрапиялық қоғамының назарын аударды.

     Шоқанның ұлы саяхаттарының бірі оның 1858-1859 жылдары Қашғарияға жасаған сапары болды. Оның негізгі нәтижесі «Алтышаһардың жай-күй немесе Қытай провинциясы Нан-Лудың шығыстағы алты қаласы туралы» атты іргелі еңбегіне арқау болды. Бұл еңбекте негізінен Шығыс Түркістан халықтарының әлеуметтік құрылысы, жағрапиясы, тарихы суреттелген.

     2. ХХ ғасырда қазақтардың этнографисын зерттеу мақсатымен 20-жылдары СИ.Руденконың басшылығымен этнографиялық экспедиция ұйымдастырылды. Оның құрамында жас ғалым Ә.Х.Марғұлан да болды. Бұл экспедиция «Қазақстар» деген атпен бірнеше жинақтар шығарды.

     3.Ә.А.Диваев (1856-1933) – аса көрнекті ғалым, фольклоршы әрі этнограф қазақ халық әдебиетітің асыл мұраларын жинап, жаряилап, зерттеу ісіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Ол жинаған жолклорлық мұралар бүгінгі күні баға жетпес рухани байлығымызға айналуда.Ә.Диваев 1895 жылы қараша айында Түркістандағы Қ.А.Йассауи ғимаратындағы жазулардың көшірмесін және оған өзінің жазған түсініктемесі мен ғимараттағы дүние-мүліктер жайлы деректерді Қазан императорлық университетінің жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамына жібереді. Қазан қаласындағы ғалым П.Н.Ахмеров  (Сахиб Герей Ахмеров) Диваев жіберген бұл жазбаларға түсініктеме жазып, оның еңбегін аса жоғары бағалаған.

     1918 жылдың 21 сәуірінде Түркістан халық университеті ашылғанда Ә.Диваев осы университетке тұнғыш шығыстанушы-ғалым ретінде оқытушылық қызметке шақырылады.Ол мұнда лекция оқумен қатар, фольклорлық мұраларды жүйелеп талдап, зерттеумен дәйекті түрде айналысты. Нақ осы жылдары ол Түркістан өлкелік мұражайында археология және этнография бөлімінің меңгерушісі міндетін де қоса атқарған еді. 1923 жылы Орта Азияның бас мұражайында қазақ этнография бөлімі ашылып, ол Ә.Диваев атындағы қазақ этнографиялық бөлімі деп аталады. Диваев жинаған мұраның дені және көлемдемесі – халық поэзиясының үлгілері. Ел аузынан жазылып алынған «Алпамыс», «Қамбар батыр» жырлар, «Тазша бала» туралы ертегі, қазақтың көне жұмбақтары, халық поэзиясы (ғалым бұл саланы «Айтыстар, мысал өлендер, тақпақ-жаңылтпаштар, сал өлендері» деп топтап, баспаға әзірлейді. Олардың ішінде Базар, Бұдабай, Күдері, Жанақ, Толғамбай, Түбек, Сүйімбай сияқты қазақ жұртына танымал ақындардың шығармалары болған. «Тарту» жинағын құрастырған М.Жұмабаев болатын. Диваевтың негізгі еңбектері: «Этнографиялық материалдар. 1910-1915 жж.», «Казахские пословицы» (Ташкент, 1927), «»Материалы по казаховедению.-Алма-Ата, 1964) ж.т.б.

     4. А.Байтұрсынұлы (1873-1938)-ірі ғалым-лингвист, қазақ әдебиеті мен сөз өнерінің дамуына айрықша еңбек сіңірді. 1909 жәен 1911 жж. оңың көпке белгілі «Қырық мысал» және «Маса» жинақтары жарыққа шықты, жарияланған «Ер Сайын» эпостық жырына кіріспе мақала және түсіндірме жазды, «Жоқтау» деп аталатын жинақ (1926), «Эдебиет танытқыш» атты оқу құралын шығарды.

     5. М.Жұмабаев (1893-1938) – қазақтың ұлы ақыны, әдебиет зерттеушісі, ағартушы және аудармашы. Ол Ақан сері, Базар жырау, Ә.Диваев туралы ғылыми еңбектер жазады, «Педагогика» (1923) оқу құралы.

 

 

ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген ескерткіштер

 

     Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде 1994 жылы Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау Конвенциясына қосылды. 1998 жылы Министрлік ЮНЕСКО бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясы арналары бойынша бекітілген ережелер негізінде ЮНЕСКО Дүниежүзі Мұралары Орталығының қарауына 10 ұлттық мұра ескерткіштері туралы құжаттар ұсынды.
     Олар: Қ.А.Яссауи архитектуралық кешені және Яссы-Түркістан қаласы, Тамғалы петроглифтері  және археологиялық кешені, түріктердің қасиетті жері Мерке, Бегазы-Дандыбай мәдени мегалитикалық ескерткіші, Тасмола мәдениетінің тас қорғандары, Ешкі Өлмес петроглифтері, Арпа өзен петроглифтері, Қаратау палеолитикалық және геоморфологикалық кешені, Отырар ескерткіштері, Ұлытау тарихи-мәдени ландшафттары.
     2003 жылғы 5 маусым мен 30 шілде аралығында Парижде өткен 27 сессияда Дұниежүзі мұралары Комитеті бір ауыздан ЮНЕСКО Дүниежүзі мұралары тізіміне Қ.А.Яссауи кесенесін енгізу туралы шешім қабылдады. Әйгілі қолбасшы Ақсақ Темір дәуірінде бой көтерген мәдени ескерткіш Дүниежүзі тарихи және мәдени ескерткіштері (Тадж Махал кесенесі, Ұлы Қытай қорғаны) қатарынан орын алды. 2004 жылы шілде айының аяғында Қытайда Дүниежүзі мұралары Комитетінің кезекті кеңесі өтті, Комитет шешімімен Тамғалы кешені ЮНЕСКО Дүниежүзі мұралары тізіміне енгізілді. Қазіргі кезде Ежелгі Отырар қалашығы бойынша менеджмент-жоспар дайындалып дайындалып жатыр. «Мәдени мұралар» мемлекеттік бағдарламасы  шеңберінде 2005 жылы осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 8,0 млн.тенге бөлінді. Күн тәртібі бойынша келесі кезекте Орта Азияның табиғи-аралас құндылықтарының тізімін алдын ала дайындау және ұсыну тұр. Оның ішінде Қазақстанның құндылықтарын Дүниежүзі мұраларының тізіміне қосу.
Осыған байланысты Мемлекеттік бағдарлама іс-шаралар жоспарына сәйкес ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне қосылған мәдени және аралас мұралар аймағын қорғау, шекараларын айқындау бойынша 2004 жылы басталған жұмыс жалғастырылады. Министрліктің ғылыми-зерттеу мекемелері объектілерді қорғау картасын әзірледі, төлқұжат мәтіндерін дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
     Сонымен қатар ЮНЕСКО-ның алдын ала тізімінде тұрған Дүниежүзі мұраларының әлеуеттік объектілерінің дерек базасын құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Деректер базасына енгізілетін материалдар түрлеріне іріктеу жүргізілді, деректер базасы мен сұраныс тізімінің құрылымы дайындалды, деректер базасын құру бағдарламасын құруға техникалық тапсырма дайындалуда.

 


 Қазақстанның тарихи-сәулет ескерткіштері

 

     Біздің заманымызға дейін сақталған құрылыстар арасында әсіресе кесенелер мен мазарларға (“өлілер тұрағы”) деген ықылас көңіл аудартады. Бұл арада кеңінен танымал болған Х-ХІ және ХІ-ХІІ ғасырларда тұрғызылған Бабажа қатын мен Айша бибі кесенелері; ХІІІ ғасырға жататын Жошы хан мен Алаша хан кесенелері (Жезқазғанға жақын); Сарысу мен Кеңгір өзендері бойындағы Жұбан ана, Қайып ата, Мәулімберді; Тараздағы Қарахан кесенесі және т.б. Бұлардың көпшілігі бүгінде ерекше сәулеттік құрылысымен таңғалдырады. Осы ғимараттарда түрлі пішінді кірпіштер мен құрылыс материалдарының жаңа түрлері қолданылған.
Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі төбеде екі керемет ескерткіш тұр. Оның бірі Бабажа қатын кесенесі ерекшеленіп, өзінің қарапайымдылығымен, монументалды сәулеттік құрылысымен көзге көрінеді.
Оның қасында тағы ерекше сәулеттік-құрылысы мен өрнекі өнерімен айшықталып тұрған Айша бибі кесенесі орналасқан. Айша бибі кесенесі туралы бірқатар ғылыми және ғылыми-көпшілік жұмыстар жазылды. Сәулетші Т. Қасенов оны “Қазақстанның бар сәулет өнерінің қазынасын бойына жинаған өзіндік бір мұражай” деп те бағалаған. Айша бибі туралы да, оның тарихи аңызының өзі жатқан бір бөлек әңгіме.
Орталық қазақстандағы Ұлытау ауданы көшпелі тайпалар көсемінің ордасы болған мекен. Осы жерде Жошы хан мен оның ұлдарының ордасы орналасқан. Жошы хан кесенесі (1228-1230) Қаракеңгір өзенінің төбелі жағалауында орын тепкен. Бұл да өзіндік көлемді композициясымен көз тартатын, күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған күмбезді бір камералы ғимарат.
      Орталық Қазақстандағы ескерткіштердің ішінде сәулеттік-көркемдік жағынан ерекшеленетін Алаша хан кесенесі (ХІІІ). Бір-бірімен қабаттаса үйлескен элементтер композициясының, сақталған сәлеттік келбетінің арқасында көз тартады.
Қазақтардың жеке басқа арнап салатын ғимараттары сантүрлі ерекшелікке ие. Қайтыс болған адамдарға арналған сондай ескерткіштердің бірі, Домбауыл кезеңінен бері келі жатқан, аты аңызға айналған Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары. Мұндай ескерткіштер қазақстанда аз емес. Оларды қазақтар “үйтас” немесе “дің” деп атаған.
Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары – Х-ХІ ғасырларға жататын сәулет ескерткіші. Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз өзенінің жағасында орналасқан. Оның биіктігі 11,65 м. 1856 жылы Ш.Уәлиханов мазардың суретін салып, жариялаған. Ескерткіш қыз бен жігіт арасындағы махаббаттың, адамдық қасиеттің символы болып қалыптасқан.
Мұндай жеке басқа арналған культтық ерекше құрылыстар Қазақстанның батысында кең тараған. Әсіресе, Маңғыстау, Үстірт пен Ембі өзені бойында көп кездеседі. Өйткені, ол жерлердегі алқызыл, сұр, сары түстес әдемі известі-ұлутастардың бай кен қазбаларын пайдалану арқылы тамаша құрылыстар салған.
Мұндай зират ескерткіштердің негізінен сағана тамы, кереге тамы, құлыптасы, қойтасы, үштасы және сағана сияқты түрлері бар.
Осы өңірдегі мұндай тарихи ескеркіштердің үлкен тобына жерасты ғимараттарын жатқызуға болады. Соның ең көнесі – ІХ-Х ғасырларға жататын Шақпақ ата мешіті. Оның көлемі алты қанат киіз үйден үлкендеу.
Осымен қатар Маңғыстауда қорған қала – Шерқала туралы айтылатын аңыздар да көп. Бұл қала ҮІІІ-ІХ ғасырларда араб шапқыншылығы кезінде де белгілі болған.

 

     1. Этнология және оның әдістері

Этнология ғылыми пән ретігде халықтардың (этностардың) пайда болуын, этностың ерекше нышандарын – тілін, материалдық және рухани мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, діни сенімдерін, әлем халықтарының өзіне тән отбасы мен неке тұру рәсімдерін, тұрғын-ұй жайларын, ұлттық киімдерін т.б. зерттейді. Ежелгі гректің «этнос» деген сөздің 10 шақты мағынасы болды: тайпа, топ, адамдар тобы, адамдар класы, табын, ру тәрізді. Соңғы уақытта Л.Н.Гумилевтің этностар – биологиялық бірліктер, популяциялар немесе небір мутация салдарынан пайда болатын жүйелер деген пікірі көпшілікке белгілі болды.

     ЭТНОС дегеніміз – белгілі аумаққта тарихи қалыптасқан, тілінде, мәдениетінде, психикасында, сана-сезімінде тұрақты ерекшеліктері бар адамдар жиынтығы.

     Ең алдымен мынаған назар аударамыз: кез келген этнос (тайпа, жұрт, халық, ұлт) өзінің атын біледі. Атсыз, атаусыз этнос жоқ және болған емес. Бұл атау ғылым тілінде этноним (халықтар атауының жиынтығы) термині арқылы белгіленеді.

     Этнология тарихқа, философияға, лингвистикаға, археологияға ж.б.ғылымдарға сүйене отырып, осылардың бәрін қамти білуге үйретеді.

     Этнология ғылымы батыс дүниетанымының Х1Х ғасырдағы тарихынан бастау алады. Осы ғасырдың 1-жартысында теология – дін туралы ғылымның ықпалына байланысты «Табиғаттың мүлде өзгермейтіндігі» жөнінде көзқарас басым болатын.

     Этнос теориясы мынандай ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты тұжырымдалды: Бромлей Ю.В.,Токарев С.А.,Чебоксаров Н.Н.,Гумилев Л.Н.

 

 2.Этнологияның Қазақстанда дамуы. Қазақстанның этнография мектебі (Х1Х-ХХ ғғ.):

1.Ш.Уәлиханов (1835-1865) –саяхатшы, этнограф, фольклоршы. Шығыс Түркістан, Қазақстан және Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетің зерттеуші ғұлама ғалым. 1856-1857 жылдары Ш.Уәлиханов Алакөл көлінен Орталық Тян-Шаньға, одан Ыстыққөл мен Құлжаға дейінгі жолдарды қамтитын кең көлемдегі экспедицияға қатысты.Ол қазақ халқының құқығы, салт-санасы, діні, тарихы туралы құнды материалдар жинады. 1857 жылы Қырғызстанға екінші рет барғанда, ол қырғыз халқының «Манас» эпосын жазып алып, сүбелі бір үзігін орыс тіліне аударды.

     Шоқанның «Ыстыққөл күнделіктері», «Қытай империясының Батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» сынды ғылыми еңбектері Орыс жағрапиялық қоғамының назарын аударды.

     Шоқанның ұлы саяхаттарының бірі оның 1858-1859 жылдары Қашғарияға жасаған сапары болды. Оның негізгі нәтижесі «Алтышаһардың жай-күй немесе Қытай провинциясы Нан-Лудың шығыстағы алты қаласы туралы» атты іргелі еңбегіне арқау болды. Бұл еңбекте негізінен Шығыс Түркістан халықтарының әлеуметтік құрылысы, жағрапиясы, тарихы суреттелген.

     2. ХХ ғасырда қазақтардың этнографисын зерттеу мақсатымен 20-жылдары СИ.Руденконың басшылығымен этнографиялық экспедиция ұйымдастырылды. Оның құрамында жас ғалым Ә.Х.Марғұлан да болды. Бұл экспедиция «Қазақстар» деген атпен бірнеше жинақтар шығарды.

     3.Ә.А.Диваев (1856-1933) – аса көрнекті ғалым, фольклоршы әрі этнограф қазақ халық әдебиетітің асыл мұраларын жинап, жаряилап, зерттеу ісіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Ол жинаған жолклорлық мұралар бүгінгі күні баға жетпес рухани байлығымызға айналуда.Ә.Диваев 1895 жылы қараша айында Түркістандағы Қ.А.Йассауи ғимаратындағы жазулардың көшірмесін және оған өзінің жазған түсініктемесі мен ғимараттағы дүние-мүліктер жайлы деректерді Қазан императорлық университетінің жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамына жібереді. Қазан қаласындағы ғалым П.Н.Ахмеров  (Сахиб Герей Ахмеров) Диваев жіберген бұл жазбаларға түсініктеме жазып, оның еңбегін аса жоғары бағалаған.

     1918 жылдың 21 сәуірінде Түркістан халық университеті ашылғанда Ә.Диваев осы университетке тұнғыш шығыстанушы-ғалым ретінде оқытушылық қызметке шақырылады.Ол мұнда лекция оқумен қатар, фольклорлық мұраларды жүйелеп талдап, зерттеумен дәйекті түрде айналысты. Нақ осы жылдары ол Түркістан өлкелік мұражайында археология және этнография бөлімінің меңгерушісі міндетін де қоса атқарған еді. 1923 жылы Орта Азияның бас мұражайында қазақ этнография бөлімі ашылып, ол Ә.Диваев атындағы қазақ этнографиялық бөлімі деп аталады. Диваев жинаған мұраның дені және көлемдемесі – халық поэзиясының үлгілері. Ел аузынан жазылып алынған «Алпамыс», «Қамбар батыр» жырлар, «Тазша бала» туралы ертегі, қазақтың көне жұмбақтары, халық поэзиясы (ғалым бұл саланы «Айтыстар, мысал өлендер, тақпақ-жаңылтпаштар, сал өлендері» деп топтап, баспаға әзірлейді. Олардың ішінде Базар, Бұдабай, Күдері, Жанақ, Толғамбай, Түбек, Сүйімбай сияқты қазақ жұртына танымал ақындардың шығармалары болған. «Тарту» жинағын құрастырған М.Жұмабаев болатын. Диваевтың негізгі еңбектері: «Этнографиялық материалдар. 1910-1915 жж.», «Казахские пословицы» (Ташкент, 1927), «»Материалы по казаховедению.-Алма-Ата, 1964) ж.т.б.

     4. А.Байтұрсынұлы (1873-1938)-ірі ғалым-лингвист, қазақ әдебиеті мен сөз өнерінің дамуына айрықша еңбек сіңірді. 1909 жәен 1911 жж. оңың көпке белгілі «Қырық мысал» және «Маса» жинақтары жарыққа шықты, жарияланған «Ер Сайын» эпостық жырына кіріспе мақала және түсіндірме жазды, «Жоқтау» деп аталатын жинақ (1926), «Эдебиет танытқыш» атты оқу құралын шығарды.

     5. М.Жұмабаев (1893-1938) – қазақтың ұлы ақыны, әдебиет зерттеушісі, ағартушы және аудармашы. Ол Ақан сері, Базар жырау, Ә.Диваев туралы ғылыми еңбектер жазады, «Педагогика» (1923) оқу құралы.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.Бабажанов С. Этнографиялық мақалалар.-Алматы: Қазақстан, 1993. - 80 б ет.

1.Бромлей Ю.В. Этнос теориясының очерктері. – М., 1983.

2.Токарев С.А. Проблема типов этнических лбщностей//Вопросы философии. 1964.-№11.

3.Чебоксаров Н.Н. Проблемы типологии этнических общностей в трудах советских ученых//Сов.этнография.-1967.-№4.

4. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. –М., 1993.

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-04-15 22:54:15     Қаралды-7042

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »