Қызмет көрсетудің салалары, оның әлеуметтік экономикалық рөлі мен қоғам өміріндегі маңызы.
Жоспар:
1.Қызмет көрсету географиясы, тұрғындар географиясының дербес тарауы ретінде
2.Қызмет көрсетудің салалары , оның әлеуметтік экономикалық рөлі мен қоғам
өмірінің маңызы.
3.Халықтың қажетін өтеу қызметінің негізгі салалары мен құрамы, оның түрлері.
Қызмет көрсетудің жан-жақты түрлеріне тән тұтынудағы ерекшеліктер, осыған орай әртүрлі қызмет көрсету кәсіпорындарымен мекемелерін ұйымдастыру және орналастыру
4.Тұрғын үй және коммуналдық қызмет көрсету;
5. Бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру;
6.Тұрмыстық қызмет көрсету;
7.Балабақшалар мен жалпы білім беретін мектеп жүйесі;
8. Халықтың мәдени мұқтаждығын өтеу орындары.
Қызмет көрсету географиясы, тұрғындар географиясының дербес тарауы ретінде қалыптасып, қазіргі таңда экономикалық география пәндерінің жеке салалары-өнеркәсіп, ауылшаруашылық және көлік географиясы тәрізді осы географиялық ғылыми бағыттың негізгі курсына айналды.
Қызмет көрсету географиясы негізінен еңбектің аумақтық бөлінісі ықпалымен халықтың қажетін өтеу саласы мекемелерінің кеңістіктік жүйесінің (қызмет көрсету көлемін, сапасын және құныны есепке ала отырып,) дамуы мен қалыптасу заңдылықтарын оқытып-үйрету мәселесін қарастырады.
Қызмет көрсету географиясының мақсаты - әлемдік экономиканың болашағы зор және аса қарқынды әрі жан-жақты дамып келе жатқан халықтың қажетін өтеуші салаларды қамтитын қызмет көрсету географиясы жайлы жүйелі түрде түсінік беру. Егемен еліміздің шаруашылық субъектілерінің экономикалық дербестілігі жағдайы, бұл саланың серпінді дамуына себепші болды. Республикамыздың тұтыну базары нарқында бәсекелестік пайда болып, ол өз кезегінде біртіндеп қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың артуына әрі олардың халықтың қажетін өтеу бағытының көлемін көбейтуге және оның сан-салалы дамуына жағдай жасады.
Бұл бағдарлама пәннің мазмұнын ашу барысында тек қана қызмет көрсету салалары мен олардың шаруашылық іс-әрекетінің қазіргі жүйесі жайлы ғана емес, сол сияқты жалпы халықтың қажетін өтеу кәсіпорындары мен жеке тұлғалардың мінез-құлық өзгерістері мен дәлелді даму себептері туралы да білікті түсінік беруді қарастырады. Сонымен қатар «Қызмет көрсету географиясы» халықтың қажетін өтеу саласы бағытында студенттердің соңғы тұрғыда білім алып шығуына көмектеседі. Пән бағдарламасы негізінен жоғарғы курс студенттеріне арналып жасалған. Осы курстың шеңберінде – баршаға мәлім фактілер, идеялар, терминдер және теориялық түзілім жүйесімен қатар, қызмет көрмету салаларының құбылмалы өзгерістері туралы түсінік беріді алдын-ала қамтамасыз ету тұрғысындағы жаңа материалдар қарастырылады.
Бұдан басқа, қызмет көрсетуді материалдық және материалдық емес деп бөлуге болады. Біріншісі материалдық қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталады, мысалыға: халықтың тұрмыстық қызмет көрсету және көліктік қызмет көрсетулер, қоғамдық тамақтану; екіншісі материалдық емес – рухани қажеттілікті қанағаттандырады. Оған білім беру, консультация беру, мұражай мен театр, ақпарат көрсету, тарату, діни қажеттілікті қанағаттандыру жатады.
Стандартталған және шығармашылық қызмет көрсетулер олардың алгоритмизациясы дәрежесі бойынша бөлінеді. Стандарттық қызмет түрі қатаң ереже бойынша көрсетіледі. Шығармашылық қызмет көрсету тұтынушының жекелей талаптарына байланысты қалыптасуы және өзгеруі мүмкін. Мысалығ туристік бизнесте қызмет көрсетудің экзотикалық түрлері туындауы мүмкін. Айтар болсақ, турист – белгілі бір тарихи тұлғаға ұқсап киініп алған, боянған экскурсоводты жалдауы мүмкін.
Жеке және ұжымдық қызмет көрсетулер әр түрлі тұтынушыларға бағытталған. Қызмет көрсетудің бөлігі – мысалы репетитрлік пен дәрігерлік әрекет – олардың тек жеке тұлғалар үшін ғана пайдасы бар. Хирург бір ұжымға операция жасай алмайды. Басқалары, керісінше әрқашан арамдардың бүкіл ұжымына қызмет көрсетеді: бұл лектордың студенттер аудиториясындағы қызметі, қоғамдық тәртіпті мемлекеттің қамтамасыз етуі, қоғамдық көлікпен тасымалдау, бұқаралық коммуникация құралдарының жұмысы.
Өндірістік пен өндірістік емес қызмет көрсетулер қоғам әрекетінің көптеген салаларында іске асады. Өндірістік саласына жүк тасымалдау мен жабдықтардың техникалық қызметі, ал өндірістік емесіне – денсаулық сақтау, мәдениет, туризм, демалыс көрсетулер жатады.
Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет көрсетулер соңғы мақсатпен ерекшеленеді. Біріншіден пайда алу мақсатымен және коммерциялық тиімділік мақсатпен өндіріледі. Екіншісі, пайдалылыққа бағытталған. Оған қайырымдылық қорлары мен ұйымдары, бірқатар мемлекеттік қызмет көрсету (ел қорғанысы, қоғамдық тәртіпті реттеу, азаматтардың білімі мен денсаулығын қамтамасыз ету) түрлері жатады.
Қызмет көрсетуді ұйымдастыру формасы бойынша оны мемлекеттік пен мемлекеттік емес болып бөлінуі мүмкін. Олардың арасындағы айырмашылық сол – мемлекеттік қызмет көрсету тек мемлекет үшін ғана болады. Олар ел қорғанысы, қоғамдық қауіпсіздікті тұрақсыздандыру, азаматтар есебін жүргізу, көлік құралын тіркеу, т.б. Қоғамда туудың, өлімнің, некеге тұрудың, меншікке қатынастың мемлекеттік есебіне деген қажеттілік бар. Жеке фирма мемлекеттік қызмет көрсете алмайды, мысалы: некені немесе баланың тууына тіркей алмайды.
Қызмет көрсетудің жан-жақты түрлеріне тән тұтынудағы ерекшеліктер, осыған орай әртүрлі қызмет көрсету кәсіпорындарымен мекемелерін ұйымдастыру және орналастыру
Халыққа әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету деңгейі әлеуметтік ортаның, әлеуметтік саланың дамуымен тығыз байланысты. Бұл жұмыстар қоғамның рухани әлуетін арттыруға, білім мен белсенділігі жоғары, өнегелі тұлғалар қалыптастыруға бағытталады. Осыған байланысты ауыл халқына қызмет көрсету бағыттарын былайша айқындауға болады:
- жергілікті тұрғындар қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен осы аймақта тұратын басқа да халықтардың мәдениетін сақтау және дамыту;
- ауыл халқын, село тұрғындарын отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне тарту және бейімдеу;
- халықаралық мәдени ынтымақтастықты кеңейту және нығайту, әлемдік мәдени кеңістікпен бірігу;
- осы өңірдегі халықтың тарихи-мәдени мұраларын сақтап, оны дамыту;
- мәдени туындылар мен қызметтердің отандық рыногын қалыптастыру;
- елді-мекендердегі архитектуралық тарихи, табиғи ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету, оларды насихаттау.
Мәдени-тұрмыстық саланың тиімді жұмыс істеуін мәдени құндылықтарға қол жеткізудегі қолдың ашықтығы және белсенділігіне байланысты.
Мәдени-қызмет көрсету қол жеткізу республика азаматтарының кепілді құқығы болып табылады. Оны жүзеге асыруға барлық мәдениет мекемелері мен ұйымдар жұмылдырылған. Осы саланы мемлекеттік қаржыландыру көлемі жан басына шаққанда қазіргі кезде 275-300 т болып отыр. Сондықтан келешекте осы мақсатқа бюджеттік түсімдерден басқа одан тыс қаражат көздерін іздестіру қажет. Мысалы отандық, шетелдік инвесторлар қаражаттарын тарту, ол үшін осы саланың инвестициялық тартымдылығының концепциясын дайындау керек. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Орталық мемлекеттік мұражайы сияқтылардың шетелдік мақсаты гранттар алуға күш салғаны жөн.
ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің болашаққа арналған концептуалды бағдарламасында ауыл мәдениетін, ондағы әлеуметтік саланы көтеру үшін негізгі бюджеттен тыс қаражат көздері көрсетілген.
Отандық және шетел инвесторларының мақсатты шетелдік гранттарының қаражаттарынан басқа мәдениетті дамыту қорын елімізден сыртта жүрген қандастарымыздың «осы бағытты дамыту үшін» деп бөліп жүрген қаражаттарын да пайдалануға болады. Әлемнің әр түкпірінде 3 млн аса қандастарымыз бар. Олардың ішінде Қазақстан территориясындағы көркемдік, тарихи және этнографиялық маңызы бар объектілерді қорғау үшін қаражат ұсынып жүрген азаматтар баршылық.
Ал мұндай тарихи, көркемдік ескерткіштер біз зерттеп отырған Жетісу өңірінің шекаралық аудандарында жетерлік.
Шекаралық аудандардағы әлеуметтік тұрмыстыққызмет көрсету нәтижелері басқа салалармен, әсіресе басқа аудандармен салыстырғанда өте төмен. Сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары тізбегі арқылы ауыл тұрғындарының күнделікті және ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарларға, сондай-ақ тағамды жартылай фабрикаттар мен кулинарлық, конлитерлік бұйымдарға қажеттілік қанағаттандырылмайды. Осы мәселелерді шешу үшін аудандардағы бұрынғы сауда және тұрмыстық қызмет көрсету территориялық жүйелерін қалпына келтіру керек. Олар кәсіпорындарды жекешелендіру мен коммерцияландыру процестері және мемлекет меншігінен жеке меншікке өту барысында құлдырауға түскен болатын. Осы мақсатта тұтыну қоғамдарының негізгі ұйымдық-құқықтық бөлімшелерін сауықтырып, пай иелеріне бағалы қағаздар беру арқылы оларды нағыз меншік иелеріне айналдырған жөн.
Тұтыну кооперацияларының қазіргі стратегиялық міндеті қаусап тұрған сауда ғимараттарын ауысятырып, барлық елді-мекендерде стационарлық сауда пункттерін ашу болуға тиіс. Кішкене ауылдарда аралас кәсіпорындар құрып дүкен, дәмхана дайындау пункттерімен толықтыру керек. Ауылда қоғамдық тамақтандыру орындарын екі бағытта өрістеткен дұрыс: жабық типтегі пунктер – жұмыс орындарында және жабық немесе жалпыға бірдей тізбектер ұйымдастыру.
Ауыл өмірінің ерекшеліктерін ескере отырып тұрмыстық қызметтердің басты қажетті бағыттарын қайта қолға алу керек. Келешекте ауылды жерлерде тұрмыстық қызметтік ресурсты сақтау формаларын, әсіресе орталықтан алыс шекаралық аудандарда жеке бас еңбегіне негізделген түрлерін жандандырған жөн. Осының бәрі сайып келгенде шекаралық аудандарда тұратын халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Қосымша табыс қосылады, кедейшілікке қарсы күрестің пәрменді бағыттарын нәтижелі етеді.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев 2001ж. 30 қаңтарда өткен барлық деңгейдегі әкімдердің республикалық кеңесінде әлеуметтік салаға көп көңіл бөлген болатын. Онда тәуелсіздігіміздің он жылдығына орай барлық елді-мекендерде жұмыссыздық және кедейшілікпен күресті белсенді ету осы мақсатта шағын және орта бизнес үшін барлық жағдай жасап, қоғамдық жұмыстар мен шағын кредит практикасын кеңейту жөнінде нақтылы тапсырмалар берілген-ді. Республиканың басқа аймақтарындағы сияқты алматы облысын да «Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес» бағдарламасы іске қосылуда. Әрбір қалада, аудандарда жұмыссыздар саны анықталады.
Облыс көлеміндегі әлеуметтік бағдарлама өз жемісін бере бастады. Мәдениет мекемелерінің саны 2000 жылдан бастап арта түсті – «Мәдениетті қолдау жылы» өз нәтижесін беріп отырып бұрынғы жабылған 20 кітапхана, 1 мұражай қайта ашылды.
Халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғау жұмыстары да қолға алынуда. Әсіресе әлеуметтік бағдарламаларға деген қаражатта жергілікті бюджеттің рөлін өсіру ашық жоспарланған.
Экономикалық және әлеуметтік салалардың қазіргі жағдайын талдау Қазақстан халқының әлеуметтік тұрғыдағы қорғалуының кейінгі жылдарда төмендеп кеткенін көрсетеді. Мемлекеттің әлеуметтік атқарымдарын жанданғанынан және халықты қолдаудың әр түрлі шекараларының қабылдануына қарамастан әлеуметтік саладағы жағдайлар өте күрделі күйінде қалып отыр.
Денсаулық сақтау және медициналық жәрдем беру қызметі
Денсаулық сақтау – халықтың денсаулығын қорғауға, аурулардың алдын алу мен оларды емдеуге бағытталған қызмет көрсетудің маңызды түрі, мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық және медициналық шаралардың жүйесі. Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарта беру, аурулардың алдын алу, халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылыған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету – біздің тәуелсіз мемлекетіміздің және де дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының аса маңызды міндеттерінің бірі.
Денсаулық сақтауды жүйе ретінде қарастыра отырып, түрлі ұйымдардың, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдармен тұрғындардың денсаулығын сақтау мен нығайту ісіндегі бірлігін қамтамасыз ету керек болады.
Денсаулық сақтау және тұрғындардың денсаулығы – құрылымы, элементтері және қызметтері өзіне тән ерекшеліктерге ие болатын біртұтас көп өлшемдік серпінді жүйе. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің дамуы қазіргі кездегі деңгеймен қатар алғашқы дәрігерлік көмектің жекеменшілік негізінде дәрігерлік транспорттың дамуымен басқа елдерге шығаратын вакциналарды даярлайтын елімізде өндірістерде құрумен және де көптеген басқа түрлі кәсіпкерліктермен сипатталады. Бұл тұрғыда мемлекеттік денсаулық сақтау мен адамдардың денсаулығын нығайту саласындағы әлеуметтік саясат түрлі деңгейдегі басқаруды қоса алғанда, бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің іс-әрекетін түюегейлі түрде қайта құруды қажет етеді. Денсаулық сақтау саласына жалпы мемлекеттік кешендік мәселе ретінде қарау тұрғындардың денсаулығын сақтау бағдарын дәрігерлік іс-шаралардан әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық, дәрігерлік-әлеуметтік және денсаулық сақтау жүйесінің өзіндегі мәселелерді шешудің жаңа әдістерін түбегейлі түрде өзгертеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Колосов В.А. Территориально – политическая организация общества. – М., 1992.
2. Исаченко А.Г. Проблемы и перспективы интеграции географии. География в школе.
3. Родзевич Н.И. Воздействие транспорта на окружающую среду. 2002, №3
4. Сиротенко Н.Г. Менделеев В.А. , Малая энциклопедия стран, М. 2002
5.Холина В.Н. География человеческой деятельности. М. Просвещение 2000
6.Семивенний В.Н. Введение в экономическую географию. Ленинград 1986
Жарияланған-2015-03-11 19:44:57 Қаралды-23535
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина