Автомобиль және әуе транспорты
Қазіргі замандағы автомобиль транспортының техникалық базасының негізі болып: қозғалмалы құрам, жолдар, автотранспорттық кәсіпорындар болып саналады.
Қозғалмалы құрам- автомобильдер, тіркемелер, жартылай тіркемелер. Автомобильдер- өздігімен қозғала алатын, басқа элементтердің техникалық деңгейі мен экономикалық-эксплуатациялық мінездемелерін анықтайтын қозғалмалы құрамның күрделі бөлігі болып саналады. Тіркемелер мен жартылай тіркемелер- жүктер мен жолаушыларға арналған қозғалтқышсыз тасымалдау құралы болып саналады.
Автомобильдер өзінің негізгі арналуы бойынша: транспорттық, арнайы және спорттық болып бөлінеді. Өзінің аты айтып тұрғандай, транспорттық автомобильдер- жүк пен жолаушы тасымалдауға арналған, арнайы автомобильдер- әр түрлі техникалық функцияларды атқаруға арналған (крандар, компрессорлар, электр станциялары, прожекторлар, шеберханалар, өрт сөндіруші, жедел жәрдем т.б.) және спорттық автомобильдер- белгілі бір жылдамдық рекордтарына жету үшін арналған.
Транспорттық автомобильдер өз кезегінде 3 негізгі категорияға бөлінеді: жолаушылық- жеңіл автомобильдер мен автобустар, жүк автомобильдері- әр түрлі жүктерді тасуға арналған және ерлі (седельный) және балластты тартқыштар- өздерінің жүк артатын құрылғысы жоқ, тіркеме мен жартылай тіркемені буксирге алуға арналған автомобильдер. Жүк-жолаушы болып саналатын, жеңіл автомобиль базасында, кішкене жүк (200-500 кг) арта алатын автомобильдер (пикаптар) автомобильдердің бір тобын құрайды.
Тіркемемен немесе жартылай тіркемемен біріктірілген тартқыш, сондай-ақ тіркемемен біріктірілген автомобиль автопоезд деп аталады. Автопоезд активті бірліктен (тартқыш, автомобиль) және бірнеше тіркемелік бірліктен тұрады.
Әр автомобиль арнайы бір функцияны атқаруға арналған және сол типке тән параметрлер мен мінездемелерге сәйкес бағаланады.
Негізгі техникалық-эксплуатациялық көрсеткіштерге: сыйымдылық- жолаушы автомобильдерінде жолаушылар санымен, жүк автомобильдерінде көтеретін жүк санымен (тонна) есептеледі, шанақ (кузов) типі (жүк автомобильдері үшін), конструкциялық максималды жылдамдығы (км/сағ), қозғалтқыштың қуаты (ат күші), барлық және тартатын дөңгелектерінің саны, толық салмағы, жекелеген осьтерінің жолға түсіретін қысымы, өлшемдік ұзындығы, ені және биіктігі.
Автобустар үшін басты эксплуатациялық көрсеткіш болып сыйымдылық саналады. Бұл патаметр бойынша автобустар төмендегіше бөлінеді:
-ерекше аз сыйымдылықты, 10 орынға дейін, ұзындығы 5м-ге дейін;
-аз сыйымдылықты, 10-35 орын, ұзындығы 6,0-7,5м;
-орташа сыйымдылықты, 35-60 орын, ұзындығы 8,0-9,5м;
-үлкен сыйымдылықты, 60-100 орын, ұзындығы 10,5-12м;
-аса үлкен сыйымдылықты, 100-ден аса орын, ұзындығы 12-16,5м;
-буындалған (сочлененный),160-190 орын, ұзындығы 16,5м-ден аса.
Мақсаты мен қолдану сферасына байланысты автобустар: жалпы мақсаттағы тасымалдау үшін: қалалық, қоғамдық тасымалдау, кәсіпорындарға, санаториилерге, туристік бюроларға қызмет ету үшін және мамандандырылған – тасымалдаудың белгілі бір түріне ғана арналған болып бөлінеді.
Жүк автомобильдері бірнеше көрсеткіштер бойынша жіктеледі. Бірақ, негізгі көрсеткіш ретінде оның жүк көтергіштігі, шанақтың түрі және жүргіштігі саналады. Жүк көтергіштігі бойынша автомобильдер:
- ерекше аз көтергіш (0,5т-ға дейін);
- аз жүк көтергіш (0,5-2т);
- орташа (2-5т);
- үлкен (5-15т);
- аса үлкен (15т-дан жоғары) болып бөлінеді.
Шанақтың түріне байланысты автомобильдер: әмбебап (универсалды) , жалпы мақсаттағы бортты платформаларда (бортты автомобильдер) және мамандандырылған - белгілі бір жүк түрін тасымалдауға арналған шанақты: жүк аударғыш (самосвал), фургон, цистерна, рефрижератор, панельтасушы, контейнертасушы т.б.
Жүргіштігі бойынша автомобильдер: жолдық, жолсыз (вездеходтар) және карьерлік, яғни өзінің габариттік параметрлері бойынша немесе оське түсетін қысым көрсеткіштері бойынша жолға ерекше рұхсатсыз және сақтандырусыз шыға алмайтын автомобильдер болып бөлінеді.
Жолсыз (вездеход) автомобильдер тобы өз кезегінде: қалыпты, көтерілген және жоғары жүргіштікті болып бөлінеді. Дөңгелек формулалары: 4×2, 6×4, 4×4, 6×6 болып келеді.
Мемлекеттік стандарт бойынша барлық автомобильдер «А» және «Б» топтарына бөлінген. «А» тобына оське түсіретін максималды салмақ шамасы 10т.к. болатын, 1-ші және 2-ші категориялы, яғни капиталды төсеніші өте төзімді жолдарда ғана жүре алатын автомобильдер кіреді. «Б» тобына оське түсетін максималды салмақ шамасы 6т.к.-тен аспайтын барлық автомобиль жолдарымен жүре алатын автомобильдер кіреді.
Автомобильдердің жалпы салмағы мен габариттік өлшемдерінің шегі № табл. көрсетілген. Сонымен, ҚР-да қозғалмалы құрамның шекті салмағы- 40т., ал шекті ұзындығы- 24м. болып есептеледі.
Автомобильдердің негізгі параметрлеріне сондай-ақ қозғалтқыш қуаты мен максималды (конструкциялық) жылдамдығы да жатады.
№1- кесте
Автомобиль немесе автопоезд түрі. |
Толық салмағының щектеуі, т. |
Габариттік өлшемдері, м. |
|||
«А» тобы |
«Б» тобы |
ұзындығы |
ені |
Биіктігі |
|
2-осьті автомобиль немесе сүйреткіш. |
17,5 |
10,5 |
12 |
2,5 |
3,8 |
3-осьті автомобиль немесе сүйреткіш. |
25 |
15 |
12 |
2,5 |
3,8 |
3-осьті автопоезд (жартылай сүйреткіш-ті тягач). |
25 |
16 |
20 |
2,5 |
3,8 |
4-осьті автопоезд (сүйреткішті автомо-биль немесе жартылай сүйреткішті тягач). |
33 |
20 |
20 |
2,5 |
3,8 |
5-осьті автопоезд. |
40 |
30 |
24 |
2,5 |
3,8 |
Автомобиль жолдары төмендегіше бөлінеді:
- жалпыреспубликалық: астананы басты әкімшілік-өнеркәсіп орталықтарымен және облыс орталықтарымен байланыстырушы;
- облыстық: облыс орталығын аудан орталықтарымен байланыстырушы;
- аудандық: аудан орталығын ауданның негізгі пункттерімен байланыстырушы;
- ауылдық: аудандағы тұрғылықты мекендерді байланыстырушы.
Автомобиль жолдары 5 категорияға бөлінеді:
№2 -кесте
Жол параметрі |
Жол категориясы |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Автомобильдердің тәулік бойына екі бағытта қозғалысының қарқындылығы. |
6000-нан аса |
6000-3000 |
3000-1000 |
1000-200 |
200-ден аз |
Қозғалыстың есептік жылдамдығы, км/сағ. |
150 |
120 |
100 |
80 |
60 |
Жүру бөлігінің ені, м. |
15-тен аса |
7,5 |
7 |
6 |
4,5 |
Қозғалыс бөлігінің ені,м |
3,75 |
3,75 |
3,75 |
3 |
4,5 |
Жобадағы қисықтың ең кіші радиусы, м. |
1000 |
600 |
400 |
250 |
125 |
Автомобиль осьінен түсетін ең кіші қысымы,т. |
10 |
10 |
6 |
6 |
6 |
Жолдың қозғалушы бөлігіне арнайы бояулар немесе түсті бетондар (пластмассалар) арқылы жүргізушілерге жол бағыты туралы мағлұмат беретін жол таңбалары жасалады.Жолдар сигналдар, белгілер және бағыт берушілермен жарақталады. Таулы аймақтарда жолдар құз жағынан арнайы барьерлермен жарақталады. Жолдың өткізу мүмкіндігі жоғары (10.000 авт/тәу жоғары) бөліктері түнгі мезгілде, тұман, нөсер, қар жауған кезде стационарлық жарық беру қондырғыларымен жарақталады. Жол зоналарында жанар май бекттері, автопавильондар, жол қонақ үйлері (мотельдер), техникалық қызмет бекеті, телефон т.б. орналасқан.
Автотранспорт кәсіпорыны (АТК)- қозғалмалы құрамды ақаусыз және жұмыс істейтін қалыпта ұстауға, оны тиімді пайдалануға және мемлекттік тапсырыс немесе клиентура сұраныстарына сәйкес тасымалдау процессін ұйымдастыруға арналған автомобиль транспортының желілік бөлімі.
Автотранспорт кәсіпорындары:
- жүк, жолаушы, аралас жүк-жолаушы;
- транспорттық-экспедициялық, агенттік пен кеңсе (әр түрлі ұйымдар мен тұрғындардың жүктері мен жолаушыларын тасымалдауды ұйымдастыруға арналған);
- халықаралық тасымалдауды ұйымдастыруға арналған жүк бекеттері;
- жолаушыларды қалааралық және қала маңына тасымалдауды ұйымдастырушы жолаушы бекттері мен вокзалдары;
- өз техникасы мен адамдары көмегімен басқа АТК-мен келісім-шарт негізінде тиеу-түсіру жұмыстарын орындаушы жүк базалары.
Технология- көптеген процесстер кезегінен тұрады: қозғалмалы құрам мен автомобиль жолдарын, сондай-ақ жүктер мен жолаушыларды тасымалдау процессінің басында, аяғында және тікелей тасу кезінде әрекет ететін техникалық жабдық элементтерін өз қалпында ұстау, техникалық қызмет және жөндеу.
Автомобиль транспортының дамуы:
1928-1940 жылдары барлық категориядағы 170768 автомобиль шығарылған.
1978 жылы авомобиль транспортының айналымы соғысқа дейінгі 1940 жылмен салыстырғанда 44 есе өсіп, 395 млрд. ткм., ал жолаушы айналымы 36 млрд. жол.км.-ді құрады.
1950-1975 жылдары еңбек өнімділігі 3 есе өсті, асфальт төсенішті жолдардың ұзындығы 20 есеге өсті, көптеген автомобиль зауыттарына қайта жарақтандыру (реконструкция) жасалып, Тольятти қаласында әр 25 секунд сайын 1 автомобиль шығаратын автогигант салынды, КамАЗ құрылысы аяқталды. ЗиЛ-130 автлмлбилінің жүк көтергіштігі 6т., жартылай тіркемелі жүк көтергіштігі 20т. МАЗ-504В, фургонды жүк көтергіштігі 25т. МАЗ-515, Кременчуг автозауытының жүк көтергіштігі 25т. автопоездары, қосымша тіркемесі 8т. жүк ала алатын 16т.-лық автопоезд КамАЗ.Үлкен құрылыс объектілері мен ашық карьерлерде жұмыс істейтін жолсыз автомобиль- өзіаударғыштар, жүк көтергіштігі 27, 45 және 75т., 180 т.к. және 2000 а.к. қуатты қозғалқышты автомобильдер.
Автобус паркінің құрамын дамыту мәселелерін шешу үшін сыйымдылығы 80-200 адамдық ЛАЗ-696, ЛиАЗ-677 және 220 адамдық Икарус-260 автобустары.
1930 жылдары жүк автомобильдерінің конструкциялық жылдамдығы 30-60 км/сағ., ал жеңіл автомобильдікі 60-100 км/сағ. болған. Қазіргі заманғы жүк автомобильдері 80-160 км/сағ., жеңіл автомобильдер 100-180 км/сағ., ал жоғары класстағы автомобильдер 250 км/сағ. жылдамдықты үдете алады.
Дүние жүзінің автомобиль жолдарында қауіпсіздік мәселесі ең басты болып қалуда. Есептеулер бойынша дүние жүзінде жыл сайын шамамен 55 млн. жол апатвнда 250 мың адам қаза болып, 10 млн. адам жарақат алады екен. Оның ішінде АҚШ-та 50-60 мың адам қаза болып, 3 млн. адам жарақат алған. Жол апаты үлкен материалдық шығынға алып келеді. 1970 жылы АҚШ-та бұл көрсеткіш 6 млрд. долларға жеткен. Біздің жолдарда да жол апаты көп ұшырасады.
Қозғалыс қауіпсіздігі мәселесі үш бағытта: автомобиль, жол және жүргізущі тарапынан зерттелуде. Сонымен бірге апаттың алдын алушы және оның нәтежиесін жеңілдетуші активті және пассивті қауіпсіздік жүйелері жобалануда.
Активті қауіпсіздік шаралары ретінде автомобильдің тұрақтылығы мен басқарулығы қаралуда:
а) автомобильдің тұрақты басқарылуын көтеру;
б) тежегіштердің сенімділігін көтеру.
Пассивті қауіпсіздік шаралары: автомобиль шанағының және есіктерінің беріктігін көтеру, гидравликалық немесе пластикалық амортизаторлары бар күшті бамперлер, таңу белдіктері, үрілгіш «жастықтар», қауіпті үдеулер мен адамның шанаққа ұрылуынан сақтайтын басқа да құрылғылар.
Жолдарды, ерекше жағдайларда көп қатарлы қозғалыс қарастырылғын қазіргі заман автомобиль жолдарын жобалау кезінде қауіпсіздік талаптары маңызды болып саналады.
2. Әуе транспорты
Әуе транспортының техникалық негізі: ұщу аппараттары, аэропорттар (әуежай) және әуе жолдары болып саналады.
Ұшу аппараттары паркі негізінен ұшақтар мен тікұшақтардан тұрады және әуе транспортының негізгі буыны болып табылады.
Ұшақ- ауадан ауыр, қозғалтқыштарының күші және солардың көмегі арқылы пайда болатын қанатының көтергіш күші арқылы ұша алатын аппарат. Ұшақ: планерден, қозғалтқыштан, шассиден және ұшақтың барлық жүйелерінің жұмыс істеуі мен басқару үшін арналған агрегаттар мен приборлар кешенінен тұрады.
Тікұшақ- көтерілуі мен ұшуы вертикалды (тік) білікте орналасқан ауа винтінің көмегімен жүзеге асатын аппарат. Бір білікте бір-біріне қарама-қарсы айналатын екі винті бар, екі білікте винттері бар және горизонталды бағытта жылдамдығын үдету үшін реактивті қозғалтқыштары бар тікұшақ крнструкциялары кездеседі.
Арналуы мен пайдалану облысы бойынша ұшу аппараттары: жүк, жолаушы, аралас жүк-жолаушы және арнайы- ауыл шаруашылық, санитарлық, аэрофототүсіруші т.б., оқу-жаттығу болып бөлінеді.
Ұшу аппараттарының техникалық-эксплуатациялық параметрлері болып: сыйымдылық- жолаушы тасу үшін, жүк көтергіштік- жүк тасу үшін, жылдамдық және қонусыз ұшу ұзақтығы болып саналады.
Аэропорт (әуежай)- жолаушылар мен жүктердің ұшуы мен қонуын, транспорттық функциясын дұрыс роындау үшін ұшу аппараттарын жарақтандыру мен дайындауын жүргізуге арналған инженерлік құрылымдар кешені.
Аэропорттар: халықаралық, республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Жолдық ағым көлемі бойынша аэропорттар 5 классқа бөлінеді. Жылына 7 млн. жолаушыдан көпқызмет көрсететін аэропорттар класстан тыс, ал 25 мың жолаушыдан кем қызмет көрсететін аэропорттар классификацияланбайды. Қазіргі заман аэропорттары: аэродромнан, аэродром маңы территориясынан және әуе қозғалысы басқармасынан (ӘҚБ) тұрады.
Ұшақты қондыру жүйесі радиомаякты жүйе және жарық сигналды құрылғылар сияқты күрделі техникалар арқылы жүзеге асады. Кез-келген ауа-райы кезінде қондыру үшін қазіргі заман ЭЕМ (ЭВМ), радарлар және әр түрлі автоматтар негізіндегі күрделі аппаратура қолданылады.
Авиа жөндеу зауыттары- бір немесе бірнеше типтегі ұшақтар мен тікұшақтарды жөндеуден өткізуге арналған кәсіпорын.
Әуе транспортының пайда болу кезеңін 1923 жылғы ұзақтығы 420 км, ұшу уақыты 4 сағат болатын Москва-Горький тұрақты әуе қозғалысының ашылуынан бастап санайды.
Әуе транспортының жетістіктері:
№3 -кесте
Жолаушы ұшағының типі. |
Қозғалт-қышының саны мен типі |
Жылдам-дығы км/сағ. |
Ұшу ұзақ-тығы км. |
Жолаушы-лар сыйым-дылығы
|
Ұшу салмағы т. |
1-ші буын: поршенді ұшақтар. |
|||||
АН-24 |
1 ПВҚ |
180-215 |
650-855 |
10-12 |
5,2 |
Ли-2 |
2 ПВҚ |
240 |
450 |
28 |
11,5 |
Ил-12 |
2 ПВҚ |
300 |
1500 |
28 |
17,0 |
Ил-14 |
2 ПВҚ |
330 |
18500 |
28-36 |
17,5 |
2-ші буын: турбовинтті ұшақтар. |
|||||
Л-140 |
2 ТВҚ |
380 |
1000 |
15-19 |
5,4 |
Ан-24 |
2 ТВҚ |
450 |
900-2500 |
44-52 |
21,8 |
Ан-10 |
4 ТВҚ |
600-670 |
3000 |
85-100 |
64,0 |
Ил-18 |
4 ТВҚ |
600-680 |
5600-6500 |
84-100 |
173,5-182,0 |
Ту-114 |
4 ТВҚ |
750-850 |
8000-10000 |
170-200 |
61,2 |
3-ші буын: турбореактивті ұшақтар. |
|||||
Ту-104 |
2 ТРҚ |
850-900 |
4000 |
50-70 |
75,5 |
Ту-104Б |
2 ТРҚ |
850-900 |
2600-2900 |
100-115 |
78,0 |
Ту-124 |
2 ТРҚ |
850-900 |
2000 |
44-56 |
36,0 |
Ту-134 |
2 ТРҚ |
850-900 |
3200 |
64-80 |
47,0 |
Як-62 |
3 ТРҚ |
550-600 |
1500 |
24-33 |
16,1 |
Ту-154 |
3 ТРҚ |
550-600 |
7000 |
154-158 |
90,0 |
Ил-62 |
4 ТРҚ |
900-1000 |
9000-10000 |
186-198 |
161,5-165 |
№4 -кесте
Жүк ұшағының типі |
Қозғалт-қышының саны мен типі |
Крейсерлік жылдам-дығы, км/сағ. |
Жүк көтергіш-тігі, т. |
Ұшу ұзақтығы км. |
Ұшу салмағы т. |
Ан-26 |
2 ТВҚ |
450 |
5,5 |
2650 |
24 |
Ан-12 |
4 ТВҚ |
600 |
14,5 |
5000 |
54 |
Ан-22 |
4 ТВҚ |
650-700 |
80 |
10000 |
250 |
Ұшақ типі |
Қозғалт-қышының саны мен типі |
Жұмыс жылдам-дығы, км/сағ. |
Химикат-тар салмағы, кгк. |
Пайдалы ені, м. |
Ұшу салмағы, кгк. |
Ан-2 |
1 ПВҚ |
160 |
1400 |
22 |
5250 |
М-15 |
1 ТРҚ |
160 |
2200 |
50 |
5650 |
Тікұшақ типі |
Жылдамдығы |
Жолаушы сыйымдылығы |
Жүк көтергіштігі |
Ұшу ұзақтығы |
МИ-1 |
170 |
3 |
- |
225 |
МИ-2 |
180 |
6-8 |
- |
600 |
МИ-4 |
140 |
12-16 |
- |
475 |
МИ-6 |
225 |
- |
12000 |
620 |
МИ-8 |
225 |
24 |
4000 |
425 |
МИ-10 |
180 |
- |
12000 |
500 |
КА-15 |
130 |
1 |
220 |
260 |
КА-18 |
130 |
3 |
225 |
260 |
КА-26 |
150 |
7 |
900 |
400 |
Аэробус ИЛ-86: 350 орындық, кең фюзеляжды, екі палубалы ұшақ, көп қуатты 4 турбовентиляторлы қозғалтқыштарының тартуы 52 т., 900-1000 км/сағ. жылдамдықты үдете алады.
ИЛ-76: жүк ұшағы, 4 турботеактивті қозғалтқышы бар, жылдамдығы 850-900 км/сағ., ұшу салмағы 150 т.к., жүк көтергіштігі 40 т.
Тікұшақ В-12: 6500 а.к. 4 қозғалтқышы бар, жылдамдығы 240 км/сағ. Тікұшақ кабинасының ұзындығы- 28м., биіктігі- 4,4м. Бұл дүние жүзінде бірінші рет 40,204т. жүкті 2250 м. биіктікке көтерген тікұшақ.
Ұшу алаңы 3-4 км. орнына 300-500м., ал қону алаңы одан да кіші көтерілу қашықтығы қысқартылған немесе орынынан тік көтерілетін ұшақтар жасалуда.
Ұшу қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Ауа-райының, әсіресе төмен бұлттар мен тұмандардың ұшу қалыптылығы мен қауіпсіздігіне әсері мол. Егер тұман суық тұмандар категориясына жатса, әуежай үстіне құрғақ мұз шашу арқылы тұманды тамшы ретінде жаудырып құтылуға болады. Кей кездері жылы тұмандарды қымбат тұратын йодты күміс арқылы конденсаттауға болады. Осыған байланысты, күшті қозғалтқыштардың қалдық түтіндері арқылы тұмандарды жоятын басқа да термиялық тәсілдер зерттелуде.
Ең қиын және жауапкершілігі мол болғандықтан, қонудың автоматтан-дырылған жүйелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі заманның пилоттық жүйелері радиомаятниктерден ақпараттарды ала отырып, детекторлық прибор арқылы дайын командаларды пилотқа бере отырып, оны ұшу режимдерін таңдаудан босата алады. Бұл жағдайда пилот жұмысы тек қана есептелген траектория бойынша ұшақты ұстап отырумен ғана шектеледі.
Әуе транспортының дамуының басты бағытының бірі болып ұшу жылдамдығын көбейту болып табылады.
ТУ-144 ұшағы 2500 км/сағ. жылдамдықты үдете алады, ұшу биіктігі 20.000 м., ұзақтығы 6500 км., 121 жолаушы.
Жылдамдығы 28800 км/сағ. болатын орбиталды ұшақ-ракетаның жобасы жасалуда. Жылдамдықтың көбеюіне байланысты, ұшақтың қанаты мен алдыңғы бөлігі 8М жылдамдықта 1000˚С-қа дейін қызады, оның температурасын сұйық сутегі арқылы төмендету көзделуде.
Әуе транспортын басқаруды автоматтандыру проблемасы салалық БАЖ (АСУ) жасауға алып келеді. Өз кезегінде бұл жүйе бірнеше төменгі жүйелерге бөлінеді: Тасымалдауды жоспарлау (жолаушылар кестесін жасау, техникалық графиктер мен коммерциялық жұмыстар т.б.), техникалық қызмет пен жөндеу, материалды-техникалық жарақтау, бухгалтерлік-қаржылық есеп және саланы жетілдірудің перспективалық жобасы.
Жарияланған-2015-03-04 19:57:44 Қаралды-3602
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина