Зоология - бірклеткалылар патшалық тармағы (protozoa)
жалпы сипаттама
Бірклеткалы ағзалар денесі бір ғана клеткадан тұрады. Тип 28000-дай түрді біріктіреді. Бірклеткалыларға тірі ағзалардың барлық қасиеттері тғн: қоректену, зат алмасу, зғр шығару, тітіркену, сыртқы ортаға жауап қайыру, қозғалу, өсу, көбею жғне өлу.
Бір клеткалы ағзалардың негізгі қызметтерін органоидтар атқарады. Клетканың басты оргоноиды-ядро. Клетка іші цитоплазма сұйықтығына толы жғне оның сыртын мембрана қоршап жатыр. Цитополазмада ғртүрлі органеллалар, қаңқа жэне жиырылу қызметін атқаратын элементтер жғне ғртүрлі қосындылар болады. Цитоплазма сұйық зат, оның тұтқырлығы ғр түрдің өкілдерінде ғртүрлі жғне ол жануардың жағдайына, қоршаған ортасына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін (температура, химиялық құрамы).
Цитоплазма көбінесе түссіз немесе ақшыл түсті болып келеді. Кейбір т‰рлерде ғана көгілдір, жасылдау болуы мүмкін (Stentor, Fabreo, Salina).
Ядроның негізгі құрамы белоктар жғне нуклейн қышқылдары, нуклеопротеидтер. Олардың жануар ағзасындағы маңызы өте үлкен, яғни ДНК (дезоксирибонуклеин қышқылы) ядродағы хромосома құрамына еніп, ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалау қасиетін тасымалдайды. РНК (рибонуклеин қышқылы) ядрода жғне цитоплазмада кездеседі де белок синтезіне қатысады.
Цитоплазмада кездесетін органикалық заттарға липидтер, көмірсулар (гликоген, перамин), ферменттер (белоктар), химиялық заттарға минералдық тұздардың ерітінділері жғне су жатады.
Бірклеткалылар ядросы көпклеткалылар ядросы сияқты хроматиннен, ядро шырынынан, ядрошықтан, ядро қабықшасынан тұрады. Көпшілік бірклеткалылар бір ядролы, бірақ кейде көпядролылары да кездеседі.
Бір клеткалылар хромосомасы басқа ағзалардағы сияқты тұрақты болады. Олар 2-4 -тен 100-125 дейін жетуі мүмкін жғне гаплоидты, диплоидты, полиплоидты болып кездеседі.
Ядроның бөлінуі митоз жолымен жүреді. Митоз кезінде хромосома материалы клетканың екі бөлігіне теңдей, біркелкі бөлінеді. Ол митоздың метафазасында хромосоманың ұзынынан екіге тарқалуының арқасында жүзеге асады да, пайда болған хромосомалар екі полюске ажырайды. Бірклеткалылардағы митоздың бөлінуі мен көпклеткалылардағы митоз процесінің ешқандай айырмашылығы жоқ.
Бірклеткалылардың қозғалу мүшелеріне жалған аяқтар, талшықтар, кірпікшелер жатады. Жалған аяқтар ағзаның қозғалыс уақытында ғана пайда болып, қозғалыс тоқтағанда жалған аяқ та жойылып отырады. Жалған аяқтар-қарапайым жануар денесінің уақытша плазмалық өсіндісі. Оның тұрақты пішіні болмайды. Жалған аяқтар саркодалыларда, талшықтылар мен споралылардың кейбір түрлерінде кездеседі.
Талшықтар мен кірпікшелер цитоплазманың сыртқы қабатының тұрақты өсінділері болып табылады. Электрондық микроскоптың көмегімен зерттеулер нғтижесінде талшық пен кірпікшенің құрылысы ұқсас екені дғлелденді. Олардың эктоплазмаға еніп тұрған бөлігі базальды дене немесе кинетопласт деп аталады. Талшық пен кірпікшенің аса жұқа кесіндісі олардың 11 фибрилладан тұратынын көрсетті. Оның екеуі ортасында, тоғызы жан-жағында шеңбер бойымен орналасқан. Ортадағы фибриллалар базальды денеге дейін жетпей аяқталады, ал шеткі фибриллалар базальды денеге терең енеді. Талшықтың мембранасы бірклеткалы ағзаның мембранасына жалғасып кетеді.
Талшық пен кірпікшенің ұқсастығына қарамай, олрадың қозғалу сипаты ғртүрлі. Егер талшық күрделі винт тғрізді қозғалыстар жасаса, кірпікше ескек тғрізді қарапайым қозғалыс жасайды.
Бірклеткалылар жарыққа сезімтал болып келеді. Ол қызметті атқаратын органелланы-көзше (стигма) деп атайды.
Әртүрлі қоректенуіне байланысты бірклеткалылардың ас қорыту мүшелері де ғртүрлі: ол қарапайым ас қорыту вакуолінен басталып, клеткалық ауыз, ауыз тесігі, ауыз ойысы, жұтқыншақ, қылаулатқыш мүшелеріне дейін күрделенеді.
Зғр шығару мүшесінің қызметін жиырылғыш вакуолі атқарады. Ол клеткадағы зғр қышқылдарын шығарып қана қоймай, өзінің жиырылуы арқылы клеткадағы артық су мөлшерін де сыртқа шығарып отырады. Сол арқылы ағзаның осмостық қысымы да реттеледі. Кейбір теңіз ағзалары жғне паразиттік бір клеткалылар жиырылғыш вакуолінен айырылған. Сол себепті олар артық су мөлшері мен сұйық зат алмасу өнімдерін бүкіл денесімен шығарып отыруға бейімделген.
Көптеген қарапайымдар (бір клеткалылар) қолайсыз жағдайларда (құрғақшылық, ыстық температура, суықтық, т.б.) циста жүзуге қабілетті. Яғни цитоплазмадағы артық су, қоректік заттың қалдықтары сыртқа шығарылады, талшық немесе кірпікшелері жойылады, жалған аяқтары тартылады да денесінің сыртынан екі қабаттан тұратын қорғаныштық қатты қабықша пайда болады. Жалпы зат алмасу процесі төмендейді. Циста жағдайында олар тіршілігін ұзақ уақыт сақтай алады. Мысалы: Oicomonos (Protomonodida) туысында ол 5 жылға, Halmatococcus pluvialis-та 8 жыл, ал Peridinium cinctum-да цистаның шыдамдылығы 16 жылға созылады.
Циста формасында бірклеткалылар жел арқылы алысқа таралады. Демек, циста тек қорғану қызметін ғана атқарып қоймай, жер шарында таралуына да мүмкіндік береді.
Жіктелуі. Бір клеткалылар патшалық тармағы мынадай типтерден түрады: І. Саркомастигофоралар (Sarcomastigophora); 2. Споралылыр (Sporozoa); 3. Книдоспоридиялар (Cnidosporidia); 4. Микроспоридиялар (Microsporidia); 5. Инфузориялар (Ciliophora); 6. Күнтғрізділер (Heliozoa); 7. Сғулелілер (Radiolariа).
Тамыраяқты-талшықтылар типі (Sarcomostigophora).
Саркодалылар класы. (Sarcodina)
Саркодылылар, яғни плазмалылар тамыраяқты-талшықтылар типінің ең саны көп класы - 11000- ға жуық түрлері бар. Олар өте алуан түрлі. Саркодалылар тұщы суларда, теңіздерде, топырақта, батпақта жғне орман төсеніштерінде тіршілік етеді. Еркін өмір сүретіндерімен салыстырғанда 1,3% - і ғана паразиттер.
Саркодалылар үнемі дене пішінін өзгертіп отырады. Сыртқы қабығы плазмалемма деп аталады. Цитоплазмасы екі қабат түзеді: сыртқы тығыз қабат - эктоплазма, ішкі сұйық қабат-эндоплазма. Бұл қабаттар бір-біріне еркін араласып, қайта қалпына келіп отырады. Плазмалемма да оңай бұзылып, қайта қалпына келуге қабілетті.
Көптеген саркодалылардың сыртында қорғаныштың жғне қаңқа қызметтерін атқаратын бақалшақтары болады.
Қозғалу мүшелері-жалған аяқтары. Ол арқылы қорегін де ұстайды.
Саркодалылар бактериялармен, балдырлармен, ғртүрлі бірклеткалы ағзалармен қоректенеді. Цитоплазмаға енген ас түйіршігін ас қорыту вакуолі қоршайды да, ферменттері арқылы ыдыратады. Қорытылған ас цитопазмаға тарай отырып сіңеді де, қорытылмаған ас қалдығы денесінің кез келген жерінен сыртқа шығарылады. Тұщы су саркодалыларында жиырылғыш вакуольдері болады.
Саркодалылардың негізгі отрядтары: І.Амебалар (Amoebidа). 2.Бақалшақты амеба (Tеstacea); З.Фораминифералар (Foraminifera).
Амебалар отряды (Amoebida).
Амебалар – тұщы суда, топырақта, теңіз суларында кездеседі. Тұщы суларда шіріген өсімдік қалдықтарынан, өсімдіктің су асты бөліктерінен табуға болады. Бұл отрядтың негізгі өкілі жалаңаш амебалар немесе кғдімгі амебалар (Amoebа proteus).
Амеба цитоплазмасы айқын екіге бөлінген. Экто- жғне эндоплазма.
Амебалардың қозғалуы дене цитоплазмасының бір орыннан екінші орынға жылжып ағуынан пайда болатын жалған аяқтары арқылы жүзеге асады, бұл процестің жүруі қарапайым көрінгенімен, осы уақытқа дейін нағыз механизмі ашылған жоқ. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, цитоплазма сұйық күйден (золь) қаттылау күйге (гель) ауысқанда амебалық қозғалыс жүреді. Былайша айтқанда, сүйық цитоплазма ағыны жұқа серпімді плазмалемманы ығыстырып, жалған аяқ пайда болады. Ол жердегі цитоплазма сыртқы ортаға жақындауы әсерінен желатин тғрізденіп қоюланады да плазмагельге айналады. Дененің басқа бөлігіндегі плазмогель қайтадан сұйылып, келесі жалған аяқ түзуге ұмтылады. Бірқатар ғалымдар бұдан да басқа механизмдер арқылы амебалар қозғалысын түсіндіруге тырысады.
Амебалардың қоректенуі асқорыту вакуолінің ас түйірлерінің жан-жағынан қоршап, ыдыратуы арқылы жүреді. Оларда арнайы ас қабылдау жғне қорытылмаған ас қалдығын шығару орыны жоқ.
Жиырылғыш вакуоль амебаларда ғр 1-5 мин аралығында ырғақты жиырылып отырады. Жиырылу жылдамдығы қоршаған орта жағдайларына байланысты. Ол диссимиляцияның сұйық өнімдері мен артық суды сыртқа шығарып отырады.
Көбеюі. Амебалар жыныссыз жолмен көбейеді. Жынысты көбею тек Amoeba diploideа түрінде ғана кездеседі. Жыныссыз көбею амеба денесінің екіге бөлінуі арқылы жүреді. Алғашқыда дененің ортасында сызат пайда болады да, ол тереңдеп, сызат түскен жер жіңішкере бастайды. Ақыры, екіге бөлініп, жаңа екі амеба пайда болады. Цитоплазманың бөлінуі ядроның митоздық бөлінуіне жалғасады. Бөлінер алдында кғдімгі амеба денесінде тиісінше морфологиялық өзгерістер жүреді, ол митоздың фазаларына дғл келеді. Пайда болған екі амеба өз беттерінше өмір сүреді.
Амебалар қолайсыз жағдайларда цистаға айналады.
Паразиттік түрлері. Амебалардыњ паразиттік түрінен дизентерия амебасын (Entamoeba histolytica) атауға болады. Ол адам мен жануарлардың ішек қуысында тіршілік етеді. Оның цистасы жуылмаған тағамнан ауыз қуысына, одан асқазанға түседі. Тоқішекке келгенде оның циста қабықшасы ериді де, ішінен майда, қозғалғыш, бір ядросы бар амебалар шығады. Дене мөлшері 15-20 мкм. Олар бірден көбейе бастайды. Әзірше бұлар паразит емес амебалар (комменсальді) болып табылады. Дизентерия амебалары өз бойынан протеолиттік ферменттер бөлуі арқылы тоқ ішектің қабырғасын теседі де, сол жердің ұлпасымен қоректене бастайды. Міне, осы кезде бұлар нағыз паразиттік күйге көшеді. Тоқ ішектің қабырғасын жараға айналдыра отырып, өздері 20-60 мкм-ге дейін өседі. Осы жерде тағы да қарқынды көбейе түседі де қанның құрамына өтеді. Қанның ағысы арқылы олар барлық ішкі мүшелерге таралуы мүмкін: бас миы, бауыр, өкпе, т.б.
Ішектің төменгі аймақтарында амебалар цистаға айналады да, қорытылмаған ас қалдығымен бірге сыртқа шығарылады. Мұндай амебалар ұзақ уақыт бойы, келесі жаңа иеге түскенше өміршеңдігін сақтайды.
Ауру адамның денесінен тғулігіне 300 млн циста бөлініп шығуы мүмкін (В.Б. Сеченовичтің мғліметі бойынша 600 млн дейін).
Дизентериямен ауырған адамдар міндетті түрінде дғрігерлік көмек алуы қажет.
Бақалшақты амебалар (Testaсеа)
Бақалшақты амебалар тек тұщы суларда мекендейді жғне батпақты қыналар арасында кездеседі.
Бақалшақты амебалар денесі жалаңаш амебалар дене құрылысымен бірдей, тек сырты бақалшақпен қапталған. Бақалшақ эктоплазмадан бөлініп шыққан хитин тғрізді заттардан тұрады. Кейбір түрлерінде бақалшақтары қатты: ол кремнезем тақташаларынан тұрады да оның негізін құм түйіршіктері қалайды. Бақалшақ барлық уақытта бір камерадан тұрады, оның пішіні қалпақ немесе құты тғрізді, астыңғы жағында тесігі бар. Ол жерден амебаның жалған аяқтары шығып тұрады.
Біздің су қоймаларында көптеп кездесетін Arcella, Difflugia Euglypha туыстарының түрлері. Арцелланың бақалшағы шатыр тғрізді, сарғыштау жғне органикалық заттан тұрады. Бақалшақ жасайтын кезінде амебалар құм түйіршіктерін белсенді жей бастайды, олар өз кезегінде амебаның сыртқы қабатына бөлініп шығады.
Бақалшақты амебалар екіге бөліну арқылы көбейеді. Митоздық жолмен бөлініп, шамамен жарты цитоплазма бір ядросы бар жас амеба тесік арқылы сыртқа шығады да жаңа бақалшақ түзеді.
Фораминифералар (Foraminifera)
Фораминифералар да теңіз түбінде мекендейтін бақалшақты амебалар.
Олардың бақалшақтары көп камералы болып келеді. Кейбіреулерінде жалғыз камералы болуы мүмкін, бірақ олардың пішіні алуан түрлі болып кездеседі. Бақалшақтары эктоплазмадан бөлініп шығатын хитинді заттардан жасалған. Бақалшақ жасау кезеңінде бұл амебалар да құм түйірлерін қарқынды жұтуға кіріседі. Оның үстіне, қосымша теңіз суына ізбесті кальций сіңіріліп, бақалшақты одан ғрі қатайтады.
Кейбір фораминифералардың бақалшақтарында жан-жаққа таралған инелері болады. Олардың қызметі - суда жүрген кезде дененің ауданын ұлғайтып, жүзуді жеңілдету.
Фораминифералардың дамуы денесінің сыртынан бір камералы бақалшақтың пайда болуынан басталады. Денесінің өсуіне байланысты, тесіктен шығып тұрған амеба денесінің сыртына екінші камера жасалынады, оның көлемі алғашқыдан үлкендеу болады да өз алдына тесігі пайда болады. Осылайша көптеген жаңа камералар жасалына береді. Камералар бір-бірімен тесік арқылы жалғасып отырады, ал тесіктерде жарғақ орналасқан.
Ең сыртқы камера тесік арқылы сыртқа ашылады да одан амебаның жалған аяқтары шығып тұрады. Амеба денесі барлық камералар ішінде созылып жатады. Көптеген фораминифералар бақалшақтарында поралары (саңылаулары) болады. Олардан да амебаның жалған аяқтары шығып түрады. Мұндай тесіктерінің болуы отрядтың осылай аталуына себеп болды. Латынша forаmen- тесік деген сөз.
Фораминифералар дене мөлшері ондаған микрометрден жүздеген микрометрге дейін жетеді. (Арктикалық Cornuspiroides - тің денесі бірнеше см).
Фораминифералардың жалған аяқтары жіңішке, ұзын, жіп тғрізді. Олар бір-бірімен анастомоздар деп аталатын байланыстырғыш жіпшелермен жалғасып, үлкен тор құрады. Оған түскен ұсақ ағзалар фораминифераларға қорек болып табылады. Сыртынан қарағанда, бұл жалған аяқтар ағаштың тамырларына ұқсайды, сол себепті оларды ризопозиялар (тамыр тғрізді жалғанаяқтар) деп атайды. Ризопозиялардың ұстаған жемтігі негізгі цитоплазмада қорытылмайды, ризопозиялар шоғында ас қорыту вакуольдері пайда болады, ас сол жерде қорытылып цитоплазма арқылы бүкіл денеге таралады.
Көбеюі. Фораминифералар жыныссыз, ғрі жынысты көбейеді, кейбір түрлерінде бұл екі көбею ғдісі бірінен кейін бірі қайталанады.
Көпкамералары Elphidium-нің жыныссыз көбеюі кезінде митоз жолымен бөліну арқылы көптеген ядролар пайда болады. Соңғы екі бөліну хромосома санының диплоидты жиынтығының гаплоидтыға, яғни екі есе азаюына алып келеді. Содан кейін клетка цитоплазмасы құрамында қанша ядро болса соншаға бөлінеді де көптеген ұсақ, бір ядролы ұрпақшалар (жас ағзалар) пайда болады. Олар аналық бақалшақты тастайды да, жалған аяқтарымен суға түсіп, сырттарымен жаңа бақалшақ түзуге кіріседі.
Мұндай көп ұрпақ бере жүретін бөліну шизогония деп аталады.
Шизогония жолымен пайда болған ұрпақтардың жаңа түзілген камерасы, аналық особь камерасынан ірі болады, оны макросфералық особь деп атайды. Ал кіші камералы аналық особь микросфералық деп аталады.
Макросфералық особь өсіп - жетіліп көпкамералы бақалшақ түзгеннен кейін тек жынысты жолмен көбейеді. Макросфералық формалар осылайша фораминифералардың жынысты ұрпағы болып саналса, микросфералықтар - жыныссыз.
Макросфералық особьтар ядросы митоз жолымен көп рет бөлінеді де цитоплазмасы ядро санына қарай ажырап, мыңдаған ұсақ клеткаларға айналады. Шизогониядан айырмашылығы, бұлар талшықтары бар жыныс клеткасы - гаметалар, олар гаплоидты.
Гаметалер бақалшақты тастап, басқа фораминифера гематасымен қосылады да зигота түзіледі. Қосылғанда тек ядролары ғана емес, цитоплазмалары да қосылады. Мұндай процесті копуляция деп атайды. Зигота - диплоидты хромосомалы, бір ядролы ағза. Ол талшығынан айырылады да бақалшақ түзеді. Өсе келе көпкамералы бақалшақты микросфералық ағзаға айналады. Яғни бұлар енді қайтадан шизогониялық көбеюге көшеді.
Осылайша, фораминифераларда шизогониялық жғне жыныстық көбею үнемі алмасып отырады.
Практикалық маңызы. Фораминифералар теңізде көптеп кездеседі. Теңіздің түбінде шөгінді ретінде осылардың бақалшақтарын кездестіруге болады. Бұл қалдықтар жылдар бойы жиналады да ізбесті жыныстар түзеді. Фораминифералар қалдықтарының орналасуына қарай мұнай қазба байлығының қорын болжауға болады.
Сәулелілер отряды. (Radiolаriа)
Теңіз саркодалыларының ішіндегі ең түрге бай тобы болып табылатын сғулелілер планктон түрінде тұздылығы жоғары теңіз суларында кезедеседі. Денесі шар тғрізді, жалған аяқтары күннің сғулелері сияқты жан-жаққа таралып орналасқан.
Денесінің ортаңғы бөлігі - эндоплазмада бір немесе бірнеше ядро болады. Ол өз бетінше орталық хитинді капсуламен қоршалған. Капсула ішіндегі цитоплазманы капсулярлық, ал оның сыртындағыны капсуладан тыс деп атайды. Капсуладан тыс плазмада пигменттер мен ғртүрлі секреттер болады. Орталық капсула тесігі арқылы сыртқы плазма мен ішкі плазманы байланыстырады. Капсуладан тыс плазмада вакуольдер өте көп, соның арқасында жануар планктондық тіршілікке бейімделген. Касуладан тыс плазмада бірклеткалы балдырлар–зоохлореллалар селбесіп тіршілік етеді. Олар сғулелілер клеткасындағы көмірқышқыл газыныњ қорын пайдаланып, оттегімен қамтамасыз етіп отырады. Радиоляриялар талшықтылармен, инфузориялармен, ұсақ балдырлармен қоректенеді. Ac қорыту вакуольдері ризоподиялар шоғының ішінде пайда болып отырады. Жиырылғыш вакульдері жоқ. Сғулелілердің капсуладан тыс плазмасында кремнеземді инелер кездеседі.
Сғулілер ғртүрлі тереңдікте (7000м) тіршілік етеді. Кейбіреулерінде судың ғртүрлі терендігіне жоғары көтеріліп жғне тµмен т‰суге мүмкіндік беретін арнайы құрылымдары бар.
Көбеюі. Сғулілер жынысты жғне жыныссыз жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбейгенде денесі екіге бөлінеді: алғаш митоз жолымен ядро бөлінеді, сосын орталық капсула мен минеральды қаңқасы, соңынан капсуладан тыс плазма. Капсуладан тыс плазманың бөлінуіне кедергілер ғсер еткенде немесе баяулағанда колония түзіледі. Онда қоймалжың сұйықтықтың ішінде көптеген орталық капсулалар болады. Колония жыныссыз көбею процесі аяқталмай қалғанда пайда болады.
Жынысты көбею кезіңде екі талшықты ұсақ гаметалар түзіліп, копуляция арқылы зигота пайда болады.
Практикалық маңызы. Сғулелілердің қаңқасы теңіз түбінде қабат-қабат шөгінді түзеді. Кремнеземнен тұратын қаңқа өте жақсы сақталады. Кейбір тау жыныстары түгелдей осындай қалдықтардан түзілген. Бұл жыныстар тау ұны (трепел) деп аталады да металл бұйымдарын өңдеу жэне басқа да техникалық мақсаттар үшін пайдаланылады.
Сғулелілер қаңқасы фораминифералар қаңқалары сияқты пайдалы қазбалар жасын анықтауға мүмкіндік береді.
Күнтәрізділер отряды (Heliozoa)
Күнтғрізділер - сәулелілерге өте ұқсас тұщы су жануарлары. Олардың дене пішіні шар тғрізді, радиус бойымен жан-жаққа таралған тік жалғанаяқтары күннен шашыраған сғулелерге ұқсайды.
Бізде күнтғрізділердің Actinosphalrium eichhorni түрі кездеседі, диаметрі 1 мм-ге жуық.
Сғулелілермен салыстырғанда күнтғрізділердің орталық капсуласы жоқ. Цитоплазмасы бір немесе бірнеше ядролары бар түйіршікті эндоплазмаға жғне көптеген ас қорыту вакуольдері бар мөлдір эктоплазмаға бөлінеді. Эктоплазмада бір немесе бірнеше жиырылғыш вакуольдері бар.
Жалған аяқтары эндоплазмадан басталып, бір-бірімен байланыспайды. Жалған аяқтарының ортасынан тығыз қатты жіп өтеді, оның жан-жағынан сұйық цитоплазма қоршайды. Мұндай жалған аяқтар аксоподиялар деп аталады. Соның арқасында олар ірі жемтіктерді ұстайды.
Күнтғрізділердің көпшілігінде қатты қаңқа болмайды, бірақ ұсақ кремнийлі инелері кездеседі.
Фитомастигиналар класс тармаѓы (Phytomastigina)
Өсімдіктер тғрізді қоректенетін талшықтылар-фитомастигиналар класс тармағына жатады. Олардың цитоплазмасында хлорофилл дғндері жғне пигменті бар хромотофора денешігі болады. Қоректенуі автоторфты жэне миксотрофты, кейде голозойлы. Паразиттік түрлері де бар. Негізгі отрядтары - эвгленалылар, панцирлілер, фитомонадалылар.
Эвгленалылар отряды (Euglenoіdea)
Денесінің алдыңғы бөлігінде бір талшығы бар, тұщы суды мекендейтін кішігірім отряд. Негізгі өкілі - жасыл эвглена, сыртқы клетка қабықшасы - пелликула.
Эвгленалыларда хромотофора болғандықтан голофитті қоректенеді. Кейбіреулері миксотрофты, қараңғыда жасыл түсін жоғалтып, сапрофитті қоректенеді. Барлық жасыл түрлерінің көзшесі бар, олар стигма деп аталады. Кейбір түссіз эвгленалылар жануарлар тғрізді қоректенеді. Олардың арнайы органеллалары бар - клетка ауызы-цитостом, жұтқыншақ, ас қорыту вакуолі. Клеткада бір жиырылғыш вакуоль болады.
Панцирлілер отряды (Dinoflagellаta)
Панцирлілер түгелдей теңізде тіршілік етеді. Олардың денесі целлюлозалық тақташадан құралған екі жақтаулы таңғажайып панцирьде орналасқан. Көпшілік түрлерінде сары-қошқыл, кейде жасыл хромотофоралы болады. Ондай түрлері голофитті қоректенеді. Ал кейбіреулері жануарлар сияқты қоректенеді. Оған түнгі жарқырауық (Noctiluca miliaris) мысал бола алады. Ол бірталшықты, кең ауыз маңы ойығы бар, диаметрі 2мм-дей болатын шартғрізді жануар. Түнгі жарқырауықтар жылы теңіз суларында кездеседі жғне жаздың аяғында жаппай көбейеді.
Түнгі жарқырауық өзінің аты айтып тұрғандай теңіздің бетінде жарқырап жанып тұрады. Яғни цитоплазмасындағы май тамшылары бос оттегінің қатысуымен жарық береді екен.
Фитомонадалылар
Көбінесе 2 талшықты, клечаткамен қапталған жасыл талшықтылар. Қоректенуі автотрофты. Колония түзіп тіршілік етеді. Негізгі өкілі вольвокс (Volvocidae тұқымдасы). Бұлар жынысты жолмен көбейеді.
Зоомастигиналар класс тармагы (Zoomastigina)
Бұл класс тармағының өкілдері хромотофоралары жоқ нағыз жануарлар. Қоректенуі-голозойлы немесе сапрофитті, паразиттік түрлері өте көп.
Зоомастигиналардың негізгі отрядтары: 1. Тамырлы талшықтылар (Rhizomastigidа); 2. Протомонадалылар (Protomonadida); З. Көп талшықтылар (Polуmastigidа); 4. Гипермастигиналар (Hypermastigidа); 5. Опалиндер (Opalinida).
Протомонадалылар отряды (Protomonadida)
Бұл отряд 1-3 талшығы бар, түссіз, гетеротрофты талшықтыларды біріктіреді.
Кейбір еркін тіршілік ететін протомонадалылар ұсақ амеба тғрізді жануарлар. Олар өте ластанған тоқтау суларда көптеп көбейеді де, бактерияларды жеп, судың тазалануына үлес қосады.
Көптеген еркін тіршілік ететін протомонадалылар тыңайтылған егістік топырақтарында кездеседі де бактериялармен қоректенеді. Бұл талшықтылардың топырақтағы маңызы ғлі анықталмаған.
Еркін тіршілік етуші протомонадалылардың бірі жағалы талшықтылар (Craspedomonadina тұқымдасы) отырықшы өмір сүреді немесе колониялы.
Паразитті тіршілік етуші протомонадалыларға трипоносомалар мен лейшманиялар жатады.
Трипоносомалар-адамдар мен жануарларда қауіпті ауру туғызушы паразиттер. Олар түссіз талшықтылар, пішіні ұршық тғрізді. Басқа талшықтылармен салыстырғанда трипоносомалардың талшығы ядро артындағы базальді денеден басталады да клетканың шетін бойлай алдыңғы бөлікке дейін келеді. Талшық пен дене арасы жұқа пердемен немесе жарғақпен жалғасқан. Былайша қарағанда, ол пелликуланың өсіндісі тғрізді көрінеді. Талшықтың ұшы бос, ол дененің алдына қарай бағытталады. Аборальді денемен қатар бұларда парабазальды дене немесе кинетопласт болады. Ол ДНК-сы бар ірі, сопақша дене. Оның қызметі зат жғне энергия алмасуға қатысады.
Қанда, ми сұйықтағанда, басқа мүшелерде тіршілік ете отырып трипоносомалар органикалық заттарды бүкіл денесімен сіңіріп алады да қанға улы зат (токсин) бөліп шығарады. Олар эритроцит клеткаларын бұзады.
Трипоносомалар тіршілік циклі өте күрделі. Орталық Африкада кездесетін қауіпті ұйқы ауруының қоздырғышы Tryponosoma gambiense-нің тіршілік циклінің бір бөлігі адам қаны мен ми сұйықтығында өтетін болса, екінші бөлігі қансорғыш цеце шыбынының денесінде өтеді. Адамда олар ұзына бойынан тең екіге бөлініп көбейеді, ал шыбында олар адам қанымен бірге қарынына түседі де көбейіп, сµл безіне өтеді.Онда трипоносомалар жұғуға дайындалып, инвазиялы сатыда болады. Цеце шыбыны трипоносомаларды тасымалдаушы.
Лейшманиялардың трипоносомалардын айырмашылығы олар клетка ішілік паразиттер. Адамдар мен жануарларда лейшманиоз, пендинка, шығыс жарасы ауруларын туғызады.
Лейшмания денесінің мөлшері 2-4мкм, талшығы жоқ, бірақ кинетопласт пен қысқа клетка ішілік жіпшесі бар.
Книдоспоридиялар (Cnidosporidia)
жалпы сипаттама
Книдоспоридиялар-паразиттік тіршілік ететін бірклеткалы жануарлар. Оларды ұзақ уақыт бойы споралылар типіне жатқызып келген болатын. Споралылардан айырмашылығы тіршілік циклі мен спораларының құрылысында. Книдоспоридиялар спорасы көпклеткалы. Спораның сыртқы қабықшасының өзі бірнеше клеткадан тұрады. Қабықша ішінде екі ядролы амеба тғрізді ұрық жғне спиральді оралған жіпшесі бар бірнеше атпа клеткалары орналасқан. Спора ұзақ уақыт бойы дамиды. Тіршілік циклі жануарлар ұлпасында паразиттік тіршілік ететін бір клеткалы амебатғрізді ағзадан басталады. Денесі өскен сайын ядросы да көп рет бөлініп, плазмодия деп аталатын көпядролы плазматикалық массаға айналады. Плазмодия эндоплазмасында ертеден-ақ споралар дамып-жетіле бастайды. Типтің негізгі класы-шырышты споралылар (Mixosporidia)- балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылардың бұлшық еттерінде, желбезектері мен миында, бүйректері мен қуықтарында паразиттік өмір сүреді.
Микроспоридиялар (Microsporidia)
Микроспоридиялар - балықтар, шаянтғрізділер жғне бунақденелілер клеткасының паразиттері. Олардың споралары өте ұсақ (2-4мкм), бір апта капсуласы мен екі ядролы ұрығы бар.
Nosema bombycis жібек көбелегі мен дернғсілінде ауру туғызады. Ол жібек көбелегінің барлық ұлпасы мен жұмыртқасын бүлдіреді. Дернғсілдер оны қоректік затпен бірге жұтады да қарынға түскенде спора қабығы жарылады. Екі ядросы қосылып, барлық ұрық ішектің қабырғасы арқылы өтіп, барлық мүшелерге таралады.
Клетка ішінде паразиттер өседі де жылдам бөліне бастайды. 4-5 күннен кейін споралар дамып жетіле бастайды. Споралар ішектің қуысына түсіп, қорытылмаған ас қалдығымен бірге сыртқы ортаға шығады да, жан-жағындағы басқа жануарларға жұғады. Ауырған дернғсілдің сыртын қошқыл дақтар басып кетеді де, көпшілігі өледі.
Француз жібек көбелегін өсірушілердің өтініші бойынша Луи Пастер осындай ауру қоздырғыштарын зерттеді.
Микроспоридиялардың бір түрі Nosema apis - бал араларын жаппай қырылуға ұшырататын ауру туғызады.
Инфузориялар типі - Сіlіорһога
Инфузориялардың 6000-ға жуық түрі бар. Бұлардың басты ерекшелігі - денесін қаптаған кірпікшелерінің болуы. Кірпікше-қозғалу мүшесі болып табылады. Инфузорияларда екі ядро болады: 1-үлкен макронуклеус, ол аналық жыныс клеткасы, сонымен бірге ол денедегі барлық процестерді басқарып, реттеп отырады. Ал 2-ші ядро-микронуклеус, жыныс клеткасы. Тек көбеюге қатысады.
Инфузориялардың жыныссыз көбеюі көлденеңінен екіге бөліну арқылы жүреді. Ал жынысты көбеюі коньюгация арқылы жүзеге асады.
Инфузориялар – тұщы суда мекендейді, кейбір түрлері теңіз суында да кездеседі. Инфузориялардың 1000-ға жуық түрі омыртқалы, омыртқасыз жануарлардың паразиттері. Инфузориялардың екі класы бар: 1) Кірпікшелі инфузориялар - Ciliata, 2) Сорғыш инфузориялар -Suctoria.
Кірпікшелі инфузориялар
Бұл класс өкілдері көп тараған жғне тіршілігі әртүрлі. Кейбіреулері жүзіп жүрсе, кейбіреулері су түбінде отырықшы тіршілік етеді. Кірпікшелі инфузориялар бактерия, балдырлармен қоректенеді. Ал жыртқыш инфузориялар болса, қарапайым бір клеткалылардың барлық түрімен қоректенеді, басқа инфузорияларды да жеп қояды.
Кірпікшелі инфузориялардың өкілі ретінде кғдімгі туфельканы-Paramecium caudatum-ды қарастырамыз. Оның денесі ұзынша сопақтау, пішіні табанға ұқсас. Ең ірісі 2мм-ге дейін жетеді. Денесі пелиикуламен қапталған. Бірақ ол серпінді, созылмалы, денесінің ары-бері жуандатып, жіңішкерте алады. Кірпікше қозғалу мүшесі, ол өте жіңішке, қысқа плазмалық түтіктер болып келеді. Электронды микроскоппен қарағанда, ультрақұрылысында кірпікше мен талшықтың ұқсастығы байқалған.
Туфелька кірпікшелері оның денесін біркелкі қаптаған, ал кейбір инфузорияларда денесінің бір жеріне ғана шоғырланады. Туфелькада 10000-15000-ға дейін кірпікше бар. Бөлме температурасында бір секундта кірпікшелер 30 рет қимыл жасай алады. Барлық кірпікшенің бір бағытта қимыл-қағыс жасауы арқасында инфузориялар қозғала алады. Туфелька өте жылдам қозғалады, оның жылдамдығы 2,5 мм/сек, яғни 1 секундта өз денесінен 10-15 есе асатын қашықтықты жүріп өтеді деген сөз.
Кірпікшелердің ауыз қуысына жақын орналасқандары ірі жғне үзындау болады. Оны мембранелла деп атайды.
Туфелька денесі де цитоплазмаға толы. Ол эктоплазма, эндоплазмаға бөлінеді. Эктоплазма құрылысы күрделі бірнеше органелладан түрады. Біріншіден, ол серпінді пелликула түзеді, екіншіден эктоплазмада кірпікшелер мен базальді денелер орналасқан, ‰шіншіден эктоплазмада трихоциста деп аталатын денешіктер-атқыш органоидтар болады. Инфузория денесіне жақындаған жауын немесе жемтігін трихоцистасы арқылы атып жансыздандырады. Трихоциста таяқша тғрізді дене атылғанда оның бойынан сұйық зат сыртқа шығады да, суға тиісімен жіпке айналады.
Инфузория эктоплазмасында көптеген жиырылғыш мионемалар болады. Олардың жиырылуы арқасында инфузория денесі қозғалып, майысады. Кейбір инфузориялардың эктоплазмасында тірек талшықтары болады. Ол жануарға қаңқа қызметін атқарады.
Инфузория эндоплазмасында ас қорыту вакуолясы, жиырылғыш вакуоля жғне ядролар орналасқан. Ac қорыту жүйесі инфузорияда ауыз қуысынан басталады. Ол денесінің ортасында орналасқан - цитостом деп аталады. Оның айналасы дене ойығын түзеді де, оны перистом деп атайды. Перистом ірі кірпікше-мембранелламен қоршалған. Олардың толқын тғрізді қозғалысы нғтижесінде, тамақ түйірлері перистомға түседі. Цитостом цитофаринкс деп аталатын жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншаққа ас қорыту вакуолясы талшық тәрізді ілініп түрады. Әр тамшы бойына тамақ түйірін сіңіріп, үзіліп эндоплазмаға терең сіңіп кете береді де, жұтқыншақта басқа ас қорыту вакуолясы пайда болады. Қорытылмаған ас қалдығы денесінің артқы жағында орналасқан порошица тесігі арқылы сыртқа шығады.
Жиырылғыш вакуоль 2 немесе 3 болады. Олар орталық вакуольден жғне ғкелгіш каналдардан тұрады. Дененің ғр бөлігінен каналшаларға сұйық зат қүйылып, вакуольге өтеді де, 20-25 секундта сыртқа пелликулаға апаратын канал арқылы шығарылып отырады.
Сезім мүшелерінің қызметін кірпікшелер мен мембранеллалар атқарады. Инфузориялар суда еріген оттегімен бүкіл денесі арқылы тыныс алады.
Инфузориялар бірнеше рет жыныссыз көбейгеннен кейін жынысты көбею процесі басталады. Туфелька тғулігіне 1-2 рет жыныссыз бөлінеді. Инфузориялардың жынысты көбеюі жұп түзу арқылы жүреді де оны коньюгация деп атайды.
Коньюгация кезінде екі туфелька ауыз апараты орналасқан жағынан тығыз жанасады да, сол жердің пелликулалары еріп, уақытша екі особь арасында плазмалық көпірше пайда болады. Осылайша қосарланған күйде екеуі жүзіп жүреді. Олардың макронуклеустері бөлініп, жойылып, цитоплазмаға сіңіп кетеді де, микрануклеус 2 рет бөлініп, 4 микронуклеус пайда болады. Оның 3-і жойылып, біреуі таѓы екіге бөлінеді. Бөлінген микронуклеус біреуі қозғалмайтын стационар ядро деп аталады да, біреуі жылдам қозғалатын миграциялы ядро деп аталады. Екі туфельканың миграциялы ядролары плазмалық көпіршеге жақындайды да, ядролар алмасуы жүреді. Бір туфельканың миграциялы ядросы екінші туфельканың стационар ядросына қосылады да синкорионға (қосылған ядроға) айналады.
Губкалар типі (Spongia)
Губкалар - көп клеткалы жануарлардың ең төменгі сатыдағы өкілдері жғне денесі ассиметриялы, кейде радиальды симметриялы. Типте 5000-дай түр бар. Көбіне теңіз бен мұхиттарда тіршілік етеді. Ересек губкалар қозғалмай отырықшы тіршілік етеді. Губкаларда жүйке, сезім, бұлшық ет клеткалары жғне ауыз қуысы жоқ. Оның денесін поралар қаптап жатады да су ол жерден еніп, дененің парагастраль қуысына түсіп, оскулум тесігі арқылы сыртқа шығады.
Губкалар денесі көп клеткадан тұрады. Бірақ, ол клеткалар белгілі бір қызмет атқаратын ұлпалар түзбейді. Губка денесінде мынадай клеткалар кездеседі:
1. Пинакоциттер-губканың сыртын жғне пораларын қаптап жатқан клеткалар. Олар жалпақ жғне жиырылуға қабілетті.
2. Хоаноциттер (жағалы-клеткалар)-цилиндр немесе шар тғрізді клеткалар. Губка денесінің ішкі қуысын қаптап жатыр. Бұл клеткалардың талшығы бар, ол плазмалық жағамен қоршалған. Хоаноциттер паргастраль қуысына енген суды талшықтарының қозғалысы арқылы жылжытып, оның қүрамынан қоректі заттарды ұстап, клетка ішіне енгізіп отырады. Хоаноциттер ас қорыту қызметін атқарады. Губкалардың ас қорытуы клетка ішінде жүреді. Қорытылмаған ас қалдығы ас қорыту вакуолінен сыртқа лақтырылады да, қуыстан оскулум тесігі арқылы сумен шығады.
3. Амебоциттер - ірі клеткалар, олар фагоцитозға қатысады жғне ас көбейгенде хоаноциттерге көмектесіп, ас қорытуға қатысады. Губкалар денесі сыртқы эктодерма, ішкі-эндодерма, ортаңғы-мезоглеядан тұрады. Мезоглея – сұйық масса. Амеббциттер осы жерде жылжып жүреді. Мезоглея сұйықтығы осы қабаттар клеткаларын байланыстырып отырады.
4. Колленциттер – жұлдызды клеткалар, өз ұштарымен бір-бірімен бірігіп, тірек қызметін атқарады.
5. Археоциттер - артық клеткалар жиынтығы, қай қабатта клетка тапшылығы пайда болса, сол қабат клеткасына мамандануға қабілетті.
6. Жыныс клеткалары - археоциттерден пайда болады да көбеюге қатысады.
Губкалар жануарларға ұқсамайды. XIX ғ. басына дейін оларды жануарлар мен өсімдіктердің шекаралық формасы деп санаған. Олардың пішіндері алуан түрлі: қап тғрізді, бокал тғрізді, цилиндрлі, бұтақталған өсімдік тғрізді т.б. Олар кеме астында, кез келген заттың үстінде, шаяндар мен кейбір теңіз жануарында мүк тғрізді жабысып өседі.
Губка денесі бірнеше миллиметрден 1,5м дейін ұзындықта кездеседі. Ал диаметрі 2м-ге жетеді. Теңіз губкалары ашық түсті болып келеді. Түсті мезоглеяда орналасқан пигмент клеткалары қамтамасыз етеді.
Губкалар өз бойынан жағымсыз иіс шығарады жғне өзі улы. У мезоглеяда метаболизм өнімдерінен жиналады. Улы болғандықтан ешбір жануарлар жей алмайды.
Губкалар денесі 3 түрлі ұйымдасқан: аскон, сикон, лейкон.
Аскон жас губкалар денесінің құрылысы. Олар құмыраға ұқсас, радиальді симметриялы, денесінің қабырғасы жұқа, сырты пинакоциттермен қапталған, ал ішінде хоаноцит клеткалары қабат түзе орналасқан. Екі қабат арасында мезоглея сұйықтығы бар. Поралар арқылы су үнемі ішке еніп, хоанациттерді шайып, оскулум тесігі арқылы сыртқа шығып отырады.
Бұдан күрделірек үйымдасқан губкалар түрі сикон деп аталады. Олардың дене қабырғасы қалыңдау, ішкі қуысқа қарай цилиндр тғрізді томпайған, хоаноциттер осы томпақтарды жағалай талшықты каналдар түзген. Сиконды құрылысты губкалардың парагастраль қуысын пинакоциттер?? қаптайды. Су клеткааралық поралардан пора каналдарына одан талшықты каналға барады да парагастраль қуысын шайып, оскулум тесігімен шығып кетеді.
Сиконнан күрделі құрылыс-лейкон болып табылады. Бұларда талшықты каналдар кішкене шар тғрізді талшықты камералар түзеді. Олар дененің қалың ортасында орналасады. Бұл каналдар дене сыртымен ғкелуші каналдар арқылы, ал дене қуысымен ғкетуші каналдар арқылы байланысқан. Талшықты камералардың көбеюі олардың сүзу қабілетін жоғарылатады. Мысалы: Leucandra cespera бір тғулікте 22,5 л суды сүзеді (биіктігі 7 см , диаметрі 1 см).
Губкалардың қоректенуі. Губкалар хоаноциттер мен амебоцит клеткаларының су құрамынан бактерия, бір клеткалы балдырларды жалған аяқтары жғне талшықтары арқылы ұстап, клетка ішіне енгізуі арқылы жүреді. Клетка ішінде ас қорыту вакуолі пайда болып, ферменттер арқылы қорытылады. Қорытылмаған ас қалдығы жағалы талшық түбінен сыртқа шығарылады. Ал ірі ас түйіршігі амебоциттер арқылы қорытылады да, солар арқылы бүкіл денеге таралады.
Губкалардың тыныс алуы мен зғр шығаруы диффузды жүреді. Яғни, еріген оттегіні бүкіл денесімен сіңіріп, СО2 мен сұйық өнімдерді амебоцит, хоаноцит клеткалары арқылы сыртқа шығарады.
Губкалардың сезім мүшелері нашар жетілген немесе тіпті жетілмеген. Егер губкаға қыздырылған инені тығатын болса, ол еш жауап қайтармайды. Кейде поралар тесігі әлсіз жабылады.
Қаңқасы. Губкалар денесінде қаңқа қызметін атқаратын кремний тғрізді, ізбесті, мүйізді инелер болады. Оларды спикула деп атайды. Спикула бір, үш, төрт-сғулелі болуы мүмкін. Мезоглеяда орналасқан мұндай көмірқышқылды кальций инелері сыртқа шығып тұруы мүмкін. Спикула склеробласт клеткаларынан пайда болады. Кейбір өте майда губкалар қаңқасынан айырылған.
Көбеюі. Губкалар жынысты жғне жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбею сыртқы жғне ішкі бүршіктену арқылы жүреді. Сыртқы бүршіктену губка денесінің сыртынан бүршік өсіп шығып, оскулум тесігі пайда болуы арқылы жүреді.
Ішкі бүршіктену-губканың археоцит клеткалары бір жерге жиналып, сыртынан хитинді қабықшамен қапталады да, губка денесінің ортаңғы сұйық қабатында орналасады. Оны геммула деп атайды. Күзде губка өліп, оның геммуласы ағыспен ағып, көктемге дейін өзіне жайлы орын тауып, қыстап шығады да көктемде жаңа губка өсіп шығады.
Жынысты көбеюі. Көбінесе гермафродиттер, кейбір бадягалар дара жынысты. Жыныс клеткалары археоциттерден пайда болады. Аналық жұмыртқа клетка мезоглеяда қозғалыссыз тұрады. Ал аталық клетка оскулумнан шығып көрші губкаларға барады да су арқылы хоаноцит клеткасына енеді. Мұндай хоаноцит амебоцитке айналып мезоглеяға түседі. Аналық жұмыртқа клеткаға кезіккен аталығы бар амебоцит ұрықтанып, зиготаға айналады. ¦рықтанған зиготаның ары қарайғы дамуы мен дернғсілдік стадиясы осы губканың денесінде жүреді. ¦рықтанған клетка бөліне бастайды да шар тғрізді бластула түзіледі. Бластуланың ірі клеткалары жоғары, майда хоаноциттері төмен орналасқан. Хоаноцит талшықтары ішке қараған ірі клеткалар центрден жылжып шетке ығысады да ортасында тесік пайда болады. Ол тесіктен майда клеткалардың үздіксіз көбейіп жатқаны байқалады. Дернғсілдіњ ішкі талшықты клеткалары ірі клеткалардың сыртына қарай ығысып, ірі клеткалар дернғсіл денесінің жартылай ішінде қалады. Мұндай дернғсілді амфибластула дейді. Амфибластула суда еркін жүзіп жүреді. Біраз уақыт жүзгеннен кейін субстратқа бекінеді де, дене клеткалары дифференциацияланады. Яғни талшықты майда клеткалар дене ішіне қарай кіріп, ірі клеткалар сыртқы қабат түзеді. Бұл - гаструла процесі. Осылайша, талшықты клеткалар дернғсілдіњ уақытша қозғалыс мүшесі қызметін атқарады.
Губкаларда нағыз экто-, эндодерма қабаттары жоқ және ұрықтық жапырақшалары да айқын емес.
Жіктелуі. Губкалар қаңқа құрылысына қарай мынадай кластарға бөлінеді:
1. ізбесті губка - Саlсагеа;
2. шыны губкалар-Hyalospongia;
3. кғдімгі губкалар-Demospongia;
4. кремнилі губка -Cornacuspongia.
Атқышсыздар немесе Ескектілер типі
Ctenophora н/е Acnidaria
Ескектілер түгелдей теңіз жануарлары. Дене пішіндері шар тғрізді, сопақша, таспа тғрізді, екі шеті сүйір ортасы жалпақ - ғртүрлі болып келеді. Денесі түссіз, мөлдір, еркін жүзетін, отырықшы, баяу жылжитын түрлері бар. Ескектілер типінің 80 түрі бар, олар бір ғана класқа біріктірілген.
Ішкі, сыртқы құрылысы. Құрылысы жөнінен ескектілер ішекқуыстыларға өте ұқсас. Жақынға дейін оларды ішекқуыстылар типінің бір тармағы деп қарастырып келген. Бірақ мынадай белгілері олардың жеке тип екендігіне дғлел бола алады:
1) Ескектілерде алғаш рет 3-ұрық жапырақшасы-мезодерма пайда болады.
2) Алғаш рет жеке бұлшық ет ұлпасы пайда болды.
3) Қозғалу мүшесі-меридиан бойымен орналасқан 8 қатарлы ескектері бар.
4) Атпа клеткалары жоқ, бірақ оның орнында желімді клеткалары бар.
5) Жүйке тамырларымен жалғасқан аборольді сезім мүшесі пайда болады.
6) ¦рықтық дамуында ғр бластомерден белгілі бір мүше дамып жетіледі.
Денесінің оральді полюсінде ауыз орналасқан, ал аборальді полюсінде тепе-тендікті сақтау мүшесі бар.
Екі бүйірінде 2 қармалауышы бар. Қармалауыштарының бүйір бұтақтары болады. Қармалауыш ерекше қалтада орналасқан. Ол ұзарып, жинала алады. Қармалауышта көптеген желімді клеткалар болады. Ол арқылы жемтігін ұстайды.
Ескектілер эктодермасында оральді полюстен аборальдіге ұзыннан созылып жатқан 8 қатар ескектердің орналасқандығын байқауға болады. Әр ескек пластинкасы ірі кірпікшелердің бірігуінен пайда болған. Олардың бірқалыпты қозғалысының нғтижесінде жануар қозғалады. Ескектілер денесі ішекқуыстылар сияқты эктодерма-, энтодерма, мезоглеядан тұрады. Ішкі гастраль қуысы гастроваскулярлық жүйе түзеді. Ескектілердің түссіз болуы медоглеясындағы толып тұрған түйіршікті сұйықтығына байланысты. Мезоглеяда бұлшық ет талшықтары орналасқан. Олар ескек пластинкалары мен қармалауыштарды қозғалысқа келтіріп отырады.
Ac қорыту жүйесі. Дененің оральді полюсінде орналасқан аузы жұтқыншаққа жалғасқан. Жұтқыншақ қарынға ашылады. Қарыннан жан-жаққа 5 канал тарайды: екі тұйық аяқталатын жұтқыншақтың екі жағынан ауыз тесігіне дейін келетін каналдар; 1) жіңішке канал аборальді полюске дейін созылып, ол жерде 2 рет бұтақталады да 4 жұқа қысқа каналша түзеді, оның екеуі тұйық, ал екеуі пора арқылы сыртқа ашылады; енді екеуі қармалауыштың жазықтығы бойымен созылып барып, қормалауыштың түбіне баратын сыңар бұтақ жғне 2 жүп бұтаққа ажырайды. Екі жұп канал тағы екіге айырылып, 8 меридиан бойымен орналасқан ескек пластинкаларына барады. Ескектердің ішкі құрылысын зарттей отырып, оларда екі жазықтық бар екендігін байқауға болады:
жұтқыншақ бойымен орналасқан, қармалауыш бойымен орналасқан. Сол себепті олардың денесі көп сғулелі емес, 2 сғулелі симметриялы.
Жүйке жүйесі. Ауыз маңында эктодерма астында жүйке клеткаларының жиынтығы орналасқан. Және ғр ескек пластинкалары қатарында бір-бірден 8 жүйке клеткаларының жиынтығы болады. Олар жүйке талшықтары арқылы аборальді полюске келіп қосылады да, аборальді мүшені түзеді. Ол мүшеде статоцист орналасқан. Онда статолит тастары бар, ол тастар көмірқышқылды кальций түйіршіктерінен тұрады.
Көбеюі. Ескектілер түгелдей гермофродиттер. Тек жынысты жолмен көбейеді. Жыныс бездері аталық, аналық болып жұбымен энтодерма астында қарыннан тараған каналдарда орналасады. Пісіп жетілген жұмыртқа клетка мен сперматозоид қарынға түсіп, ауыз тесігінен сыртқа шығады. ¦рықтануы сырттай. Бластулада микро-, макромерлер түзіледі. Гаструлада екі экто-, энтодерма пайда болады. Эктодермадан бірнеше клеткалар үзіліп, бластоцель қуысына түседі де үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма түзіледі. Одан бұлшық ет ұлпасы мен мезоглея клеткалары пайда болады.
Түрлері. Венерия белбеуі (ұзындығы 1,5м), целоплан, ктеноплан (баяу жорғалайтын ескектілер).
Жарияланған-2015-02-25 19:59:42 Қаралды-13065
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану