UF

Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы

Зоология - жануарлар туралы ғылым (zoon-грек тілінен аударғанда жануар дегенді білдіреді, logos-ілім). Ол тірі табиғатты зерттейтін биология (bios-өмір) ғылымының бір саласы.

Барлық тірі ағзалар бес патшалыққа бөлінеді: вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар жэне өсімдіктер мен жануарлар. Осылардың ішінен жануарларды өсімдіктер патшалығымен салыстырып қарайтын болсақ, төмендегідей негізгі айырмашылықтарды байқауға болады: жануарлардың барлығына жуығы қозғалып өмір сүреді, ал өсімдіктер бекініп тіршілік етеді, жануарлар клеткасы мембранамен қоршалған, ал өсімдік клеткасы мембранамен қоса целлюлазалы қабықпен қоршалады; жанауарлардың мүшелері денесінің ішінде орналасады, ал өсімдіктер мүшелері сыртында жғне өсімдіктердің пішіні өзгермей, жануарлар дамудың белгілі бір кезеңіне дейін ғана өседі, ал өсімдіктер өмір бойы өсуін тоқтатпайды; жануарлар күрделі органикалық заттармен гетеротрофты қоректенеді, ал өсімдіктер ауадан көмірқышқыл газы мен суды, топырақтан бейорганикалық заттарды сіңіріп, жарықтың көмегімен хлорофилл пигменттерінде фотосинтез процесі арқылы органикалық зат жасап шығарады жғне оттегі бөлініп шығады. Өсімдіктердің мұндай қоректенуі автотрофты деп аталады.

Бүл аталған айырмашылықтар тек салыстырмалы түрде алынған. Кейбір өсімдіктер, мысалы бунақденелілермен қоректенетіндер гетеротрофты болып келеді де, ал кейбір жануарлар, мысалы қабықшалылар (Tunicata) клеткаларының қабырғасы целлюлозалы болады.Зоологияның негізгі міндеті жануарлардың сыртқы, ішкі құрылысын, тіршілік ғрекетін, жеке және тарихи дамуын, бір-бірімен қарым-қатынасын, қоршаған ортаның жануарларға ғсерін, географиялық таралуын, т.б. зерттеу.

Зоология ғылымының өзі бір-бірімен тығыз байланысқан бірнеше салалардан тұрады:

 көптірлілігін, олардың туыстық байланысын, филогенетикалық шығу тегін, таксономиялық категорияларын зерттеп, жіктейді. Систематика барлық жоғарыда аталған салалардың кемістігін жинақтап, жалпы қорытынды мғлімет береді.

 

Зоологияның ғылыми негізін алғаш рет қалаған ежелгі грек оқымыстысы Аристотель болды (б.э.д. 384-322 жж.). Ол жан-жақты білімді адам болған, өзінің "Жануарлар тарихы", "Жануарлар бөлімдері туралы", "Жануарлардың пайда болуы" деген еңбектерінде 454 түрлі жануарды зерттеп, сипаттаған. Салыстырмалы-анатомиялық сипаттамалармен қатар Аристотель еңбектерінде жануарлардың жыныстық ерекшеліктері, көбеюі, балықтар, құстар, сүткоректілердің эмбриональдық дамуы, бунақденелілердің метаморфозы туралы мғліметтер бар. Ол алғаш рет "Дененің біркелкі бөліктері", яғни ұлпалар мен "біркелкі емес құрамдық бөліктер", яғни мүшелер туралы, гомологиялық (құрылысының ұқсастығы) жғне аналогиялық (ұқсас қызмет атқаратын) мүшелер туралы түсінік берді.

Аристотель жануарлардың нағыз систематикасын жасамаса да, оларды екі топқа бөлді:

1) қаны бар жануарлар;

2) қаны жоқ жануарлар.

Бірінші топ омыртқалыларды білдірсе, екінші топ омыртқасыздарға дғл келеді.

Жануарларды жғне бүкіл тірі табиғатты зерттей келе, Аристотель оларды қарапайымнан күрделіге қарай жіктеп орналастырды. Аристотель бойынша "Табиғат баспалдағы" органикалық емес заттардан басталады да, одан кейін өсімдіктер, бекініп тіршілік ететін губкалар (Аристотель оларды зоофиттер "жануар-өсімдіктер" деп атады), төменгі сатыдағы жануарлар, жоғарғы сатыдағы жануарлар (ауамен тыныс алушы төртаяқтылар) жғне адам.

Аристотельдің жасаған жануарлар ғлемінің жүйесі 2000 жыл бойы өмір сүрді. Ғылымның дамуында болған ұзақ уақыттық тоқыраудан кейін ХV-ХVІ ғасырларда жаратылыстану ғылымдары қарқынды дами бастады. Жер шарының географиялық зерттеулері көптеген жаңа түрлердің ашылуына мүмкіндік берді. ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда жануарлар мен өсімдіктер ғлемін жіктеу, жүйелеу ісі қайта қолға алына бастады.

Жануарлар мен өсімдіктердің нағыз ғылыми классификациясының жасаған швед ғалымы Карл Линней (1707-1778) болды. К.Линней класс, отряд, туыс, түр деп аталатын систематикалық категорияларды енгізді. Түрді сипаттайтын қосалқы номенклатураның ғэр түр екі латын сөзімен белгіленеді. Біріншісі туыстық атын білдірсе, екіншісі түрді білдірді.

К.Линней 4200 жануарды сипаттап, анықтап жіктеді, оның 400-ге жуығы омыртқасыздар еді. Барлық жануарларды Линней 6 класқа бөлді: 1. сүтқоректілер; 2. құстар; 3. сұмпайылар; 4.балықтар; 5.бунақденелілер; 6. құрттар.

Бірақ Линней жүйесінің өзінде кемшіліктер мол еді. Ол денесінің құрт тғрізді пішініне қарай отырып, бір-бірінен өте алыс тұратын жануарларды бір класқа жатқызып қойды (гидра, басаяқты, былқылдақ денелілер, медузалар, голотурийлер т.б.).

Линней барлық түрді о баста жаратушы жаратты жғне ол қанша түр жаратылса, сонша болып өзгеріссіз қалады деп сенді.

Линней классификациясы жалпы систематикаға ғылым ретінде қарауға қызығушылық оятты. Оның қосарлы атау ғдісі қазіргі заманға дейін ғылымда қолданылып келе жатыр.

Линнейден кейінгі жануарлар систематикасына үлкен үлес қосқан ғылым Ж.Б.Ламорк (1744-1829) болды. Ол Аристотельдің бөлген жануарлар топтарын жаңғыртып, омыртқалылар жғне омыртқасыздар деген жаңа ат берді. Барлық омыртқасыздарды Ламарк 20 класқа жіктеді: 1. инфузориялар; 2. полиптер; 3. сғулелілер; 4. құрттар; 5. бунақденелілер; 6. өрмекшітғрізділер; 7. шаянтғрізділер; 8. буылтық құрттар; 9. мұртаяқтылар; 10. былқылдақденелілер. Ал омыртқалылар сол Линней бойынша қалдырылды: 1. балықтар; 2. бауырымен жорғалаушылар (қос мекенділермен бірге); 3. құстар; 4. сүтқоректілер.

Ламарк түрдің трақтылығы туралы пікірге қарсы шығып, жануарлар ғлемінің эволюциялық дамуы туралы теорияның жасалуына алғашқылардың бірі болып үлес қосты.

Француздың ұлы ғылымы Жорж Кювье (1769-1832) жануарлар систематикасына жоғарғы категория ретінде типті енгізді. Ал құрылысы ұқсас жануарлар кластарын бір типке біріктірді. Барлық жануарлар Кювье бойынша 4 типке бөлінді: I. Омыртқалылар (сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, балықтар кластары); II. Жұмсақденелілер (басаяқтылар, қанаттыаяқтылар, бассыздар, иықаяқтылар, бауыраяқтылар, мұртаяқтылар кластары); III. Бунақтылар (буылтық құрттар, шаянтәрізділер, өрмекшітғрізділер, бунақденелілер); ІV. Сғулелілер (тікентерілілер, құрттар, атқыштылар, полиптер, инфузориялар).

Кювье де түрдің тұрақтылығын жақтап, органикалық дүниенің эволюциялық даму теориясын қолданады.

XIX ғасырдың жартысына дейінгі ғылымның жетістігі салыстырмалы анатомия, эмбриология, тарихи геология, политология ғылымдарының нғтижелеріне сүйенсе, микроскоп пайда болғаннан кейін биология ғылымдарында үлкен секірістер болды.

1839 жылы Т.Г.Шванн клетка теориясын ұсынса, 1845ж. 3ибольд бірклеткалы жануарларды өз алдына типке біріктірді.

Чарльз Дарвиннің "Түрлердің пайда болуы" еңбегі жарыққа шыққаннан кейін органикалық дүниенің табиғи сұрыпталуы жғне барлық түрдің шығу тегінің бірлігі жануарларды жүйелеудің негізі болып саналады. Қазіргі уақытқа дейін Дарвиннің эволюциялық теориясы басшылыққа алынып, жануарлар ғлемі жіктеледі.

Эволюциялық ілім биологияның барлық басқа салаларына әсерін тигізді. Орыс ғалымдары А.О. Ковалевский (1840-1901) жғне И.И. Мечников (1845-1916) өз еңбектерінде барлық жануарлардың эмбриональдық дамуының ұқсастығын көрсетті.

Қазіргі уақытта жануарлар систематикасында негізгі 6 категория пайдаланылады: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түр. Сонымен бірге аралық топтар да болады: тип үсті, тип тармағы, класүсті, класс тармағы, отряд үсті, отряд тармағы т.б.

Бірклеткалылардың ашылуынан бастап, жануарлар патшалығы екі патшалық тармағына бөлінеді: 1. Бірклеткалылар (Protozoa); 2. Көпклеткалылар (Metazoa). Бірклеткалыларға саркомастигофоралар (Sarcomasfigophora), споралылар (Sporozoa), инфузориялар (Ciliophora), микроспоридиялар (Microsporidia) типтері жатады. Ал көп клеткалыларға қалған барлық типтер жатқызылады. Өз кезегінде көпклеткалы жануарлар екі бөлімге жіктеледі: 1. Сғулелі-симметриялы жануарлар (Radialia); 2. Екі жақты симметриялы жануарлар (Вilateria). Бірінші бөлімге губкалар, ішекқуыстылар, ескектілер жататын болса, екінші бөлімге барлық қалған типтер жатады. Ақырында, екі жақты симметриялы жануарлар бөлімі екі тармаққа бөлінеді: 1. Алғашқы ауыздылар (Protostomia); 2. Екінші реттік ауыздылар (Deuterostomia). Бұлай бөлуге себеп болған эмбриональдық дамуындағы ерекшеліктер.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-02-23 19:54:52     Қаралды-14356

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »